Қоғам
«Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы ТОП-5 сұрақ 13.07.2026
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңының қолданылу саласы?Жауап: Осы Заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады.Ал, кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауына байланысты дара кәсіпкерлерде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасынмен реттеледі.Осы Заң азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің қандай түрлерін көздейді?Жауап: Заңға сәйкес азаматтардың банкроттықты қолдану рәсімдерінің үш түрі көзделген:Соттан тыс банкроттық;Сот банкроттығы;Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі.Борышкерге қатысты банкроттық рәсімдеріне кім бастамашылық жасай алады?Жауап: Барлық үш рәсімді тек борышкердің өзі ғана бастамашылық (инициировать) ете алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты аталған рәсімдерді бастамашылық жасауға құқығы жоқ.Азаматтар соттан тыс банкроттықты қандай жағдайда қолдана алады?банктер,микроқаржыұйымдарыжәнеколлекторларалдындағыборыш5,5млн. теңгеден(1600АЕК)аспайтын кезде;банктер,микроқаржыұйымдары,коллекторларалдындағыміндеттемелер бойынша өтініш берілген күні қатарынан 12айішіндеөтеужоқ кезде;тіркелгенмүлік,оныңішіндеортақменшіктегі мүлік жоқ; 4. мерзімі өткен берешектібанкпенреттеужүргізілген кезде;банкроттық7жылбойықолданылмаған кезде.Сонымен қатар, заң жобасында ерекше жағдайлар қарастырылған: - АӘК алушылар 6 ай ішінде;- берешегі бес жылдан артық өтелмейтін азаматтар.Қандай табыс болған жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сотта қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді (5 жылға дейін)? тұрақты табыс болған жағдайда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1261309?lang=ru
Әскери жоғары оқу орнының 160-тан астам түлегі офицерлік қызметке кіріседі 13.07.2026
Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында жас офицерлердің салтанатты оқу бітіру рәсімі өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, институт басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам, Қарулы күштер ардагерлері, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.Жас лейтенанттарды Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Асан Жүсіпов құттықтап, оларға Отанға адал қызмет ету, әскери антқа берік болу және Қазақстан армиясының үздік дәстүрлерін жалғастыру міндетін жүктеді.Салтанатты рәсім барысында 163 түлекке алғашқы офицерлік погон табысталды. Олардың ішінде ҰҚШҰ желісі бойынша білім алған үш түлек оқуын аяқтаған соң Қырғыз Республикасының Қарулы күштерінде қызметін жалғастырады.Биылғы жылдан бастап заңнамаға сәйкес, үздік бітірген түлектерге «аға лейтенант» әскери шені беріледі. Бұл атаққа Құрлық әскерлері әскери институтының үш түлегі – Ернар Әшімханов, Нұрдәулет Мұрат және Арман Ұндасынов ие болды. Оларға погондарды Астанада өткен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шарада Президент табыстады.Шараның көркін 100 домбырашыдан құралған ансамбльдің орындауындағы ұлттық күйлер аша түсті. Ал жас түлектердің офицерлік вальсі салтанатқа ерекше көңіл-күй сыйлады.Алдағы уақытта әскери институт түлектері Қазақстан Қарулы күштерінің бөлімдерінде қызмет атқарып, бөлімшелерді басқарып, жеке құрамды даярлау және жауынгерлік дайындықты жетілдіру ісіне өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1250784?lang=ru
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы жаңартылды: салықтық міндеттемелер - салық органына бармай-ақ 13.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын жаңа Салық кодексіне сәйкес жаңартты. Енді дара кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар барлық негізгі салықтық рәсімдерді қашықтықтан телефон арқылы, кезексіз және артық құжаттарсыз орындай алады.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бәрі қарапайым, ДК ретінде тіркелудің және салықтық есептілікті тапсырудың қажеті жоқ. Әрбір алған кірісі бойынша «E-Salyq Business» қосымшасында чек қалыптастыру жеткілікті.Әр айдың қорытындысы бойынша қосымша автоматты түрде кірістер тізілімін қалыптастырып, әлеуметтік төлемдерді есептейді. Төлемдер банктік қосымша арқылы жалпы 4% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі (міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) - 1%, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС) - 1%, әлеуметтік аударымдар (ӘА) - 1%, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) - 1%).Дара кәсіпкерлер үшін барлық кезеңдер бір қосымшада. «E-Salyq Business» арқылы:- ДК ретінде тіркелуге;- арнаулы салық режимін таңдауға;- чектерді қалыптастыруға және кірістерді есепке алуға;- 910.00-нысан бойынша салықтық декларацияны тапсыруға болады.Барлық іс-қимыл - мемлекеттік органдарға бармай-ақ.Жаңартудың мақсаты - салықтық міндеттемелерді орындауды оңайлату, қағаз құжат айналымын азайту және мемлекеттік қызметтердің электрондық форматта қолжетімділігін кеңейту.Арнаулы салық режимін қолданудың егжей-тегжейлі шарттары - ҚР Салық кодексінің 16-бөлімінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1252889?lang=ru
Smart Data Finance АЖ-салықтық әкімшілендіруді цифрлық трансформациялаудың жаңа кезеңі 13.07.2026
Smart Data Finance (SDF) ақпараттық жүйесі – салықтық және кедендік деректерді шоғырландыруға, өңдеуге және талдауға арналған мемлекеттік кірістер органдарының бірыңғай талдамалық платформасы.Жоба шеңберінде 13 функционалдық кіші жүйе, ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелермен 107 интеграциялық өзара іс-қимыл, сондай-ақ мәліметтерді беру бойынша 12 сервис іске асырылды. Аталған сервистерге 36 мемлекеттік орган, екінші деңгейдегі банктер және өзге де ұйымдар қосылған. Өңделетін деректердің жалпы көлемі 2,3 петабайттан асады.Платформаның негізінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді шоғырландыруды, өңдеуді, сақтауды және талдауды қамтамасыз ететін Big Data технологиялары қолданылады. Осы деректер негізінде жеке және заңды тұлғалар үшін салық төлеушінің бірыңғай цифрлық бейіні қалыптастырылады. Бұл экономикалық қызмет туралы кешенді ақпарат алуға, салықтық тәуекелдерді басқаруды жетілдіруге және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Big Data технологияларын пайдалану тәуекелге бағдарланған тәсілді дамытуға ықпал етеді. Бұл ретте бақылау тәуекелі жоғары операцияларға шоғырландырылады. Аталған тәсіл адал салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және салық міндеттемелерін ерікті түрде орындау деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.Платформаны практикалық қолданудың негізгі бағыттарының бірі ретінде экспорттаушыларға қосылған құн салығын қайтару кезінде цифрлық теңгені пайдалана отырып жүзеге асырылатын «Цифрлық ҚҚС» пилоттық жобасы іске асырылды. Ақпараттық жүйеде пилоттық жобаға қатысушылардың өзара іс-қимылын автоматтандыруды, ҚҚС қайтару мерзімін 10 жұмыс күніне дейін қысқартуды (бұрын – 55 күн), сондай-ақ пилоттық жобаны 2026 жылдың соңына дейін ұзартуды көздейтін заңнамадағы өзгерістерді қолдауды қамтамасыз ететін функционал іске асырылған.Салықтық, кедендік және өзге де мемлекеттік деректерді бірыңғай талдамалық платформада шоғырландыру салықтық тәуекелдерді айқындаудың жаңа тәсілдерін қолдануға мүмкіндік берді. Әртүрлі ақпараттық жүйелердің мәліметтерін салыстыру нәтижесінде бұрын қолжетімсіз болған салық төлеушілер қызметін бағалаудың қосымша талдамалық өлшемшарттары қалыптастырылды. Бұл түсімдерді төмендетіп көрсету және кассалық тәртіпті сақтамау фактілерін анықтауға, салықтық әкімшілендіру шараларын уақтылы қабылдауға және мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдердің түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Жобаны іске асыру барысында ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Smart Data Finance ақпараттық жүйесі ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша Мемлекеттік техникалық қызметтің сынақтарынан сәтті өтіп, ақпаратты қорғау жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкестігін және пайдалануға дайын екенін растады.Smart Data Finance мемлекеттік кірістер органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылын дамытуды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрлық трансформациялауды қамтамасыз ететін заманауи технологиялық негізді қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1250757?lang=ru
Гаджеттерді әкелудің жаңа тәртібі: декларациялау кезінде IMEI-кодты көрсету міндетті 13.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мобильді құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізу ережелерінің өзгергені туралы хабарлайды.2026 жылғы 19 сәуірден бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 34 Шешімімен бекітілген өзгерістер өз күшіне енді. Бұдан былай жеке пайдалану үшін девайстарды әкелетін жеке тұлғалар кедендік құжаттарда олардың бірегей халықаралық идентификаторын тіркеуге міндетті.Азаматтар нені білуі керек?Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру кезінде ұялы байланыс құрылғыларына қатысты «Тауардың атауы және оның сипаттамасы» деген бағанда IMEI-код міндетті түрде көрсетілуі тиіс.Бұл талап гаджеттердің келесі санаттарына қолданылады:Смартфондар мен ұялы телефондар;Ұялы байланыс қолдауы бар планшеттер;Жылжымалы байланыс желілерін пайдаланатын және жеке IMEI-коды бар кез келген басқа да құрылғылар.Бірегей кодты көрсету байланыс және кедендік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техниканы кейіннен сәйкестендіру және тексеру (верификациялау) үшін қажет.Тәуекелдер мен жауапкершілікКедендік декларациялау кезінде толық емес немесе анық емес мәліметтерді ұсыну ЕАЭО мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілік шараларына әкеп соғатынына назар аударамыз.Шекарада кідірістерді болдырмау үшін азаматтарға әкелінетін гаджеттің IMEI-кодын (ол қорапта, корпуста немесе құрылғының баптауларында көрсетіледі) алдын ала біліп алу және оның жолаушылар кедендік декларациясына дәл енгізілуін қамтамасыз ету ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1250736?lang=ru
Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері талқыланды 13.07.2026
2026 жылғы 30 маусымда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп Mybuh.kz "халық бухгалтері" ақпараттық-түсіндіру акциясы аясында бизнес өкілдері, бухгалтерлік қоғамдастық және салық төлеушілер үшін ашық семинар өткізді. Іс-шара Мемлекеттік кірістер органдары мен кәсіпкерлер арасындағы ашық диалогтың кезекті алаңына айналды. Оның негізгі міндеті-салық төлеушілерге салық заңнамасының жаңалықтарын түсінуге көмектесу, жаңа Салық кодексін қолданудың ең өзекті сұрақтарына практикалық түсініктемелер мен жауаптар алу. Семинар барысында қатысушыларға салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және Мемлекеттік кірістер комитетінің заманауи цифрлық құралдары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Электрондық сервистерді дамытуға, салық төлеуші кабинетінің жаңа мүмкіндіктеріне, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге және салық есептілігін автоматтандыруға бағытталған цифрлық шешімдерге ерекше назар аударылды. Семинардың тәжірибелік бөлігі ашық талқылау форматында өтті, онда қатысушылар кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында туындайтын нақты жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, мемлекеттік кірістер органдарының мамандары мен шақырылған сарапшылардан қажетті түсініктемелер алды. Мұндай іс-шараларды өткізу салық сауаттылығын арттыруға, жаңа Салық кодексінің нормаларын біркелкі түсінуді қалыптастыруға және мемлекет пен бизнес арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1250720?lang=ru
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды 13.07.2026
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық және қоғамдық қызмет салаларында жемісті еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ спортта жоғары нәтижелер көрсеткен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.Мемлекеттік сыйлыққа халықаралық және республикалық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген басқа да заңды тұлғалар іріктейді. Үміткерлер мынадай құжаттарды қағаз және электронды түрде жіберуі қажет:1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі;3) өтінішхат пен сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;4) марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);6) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;7) кандидаттың жетістіктерін растайтын материалдар (болған жағдайда).Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі. Мемлекеттік сыйлық иегерлері дипломмен, төсбелгімен, сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 380-дан астам азамат иеленген болатын.Конкурсқа қатысуға құжат 2026 жылғы 17 маусымнан 17 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) қабылданады. Құжаттың қағаз нұсқасын мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісі. Электронды нұсқа daryn2026kz@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1250698?lang=ru
Францияда қазақстандық жауынгерлердің жерленген орындарын іздестіру жұмыстары жалғастырылды 13.07.2026
Страсбург, Нанси, Мец, 2026 жылғы 28-29 маусым – Франция өңірлеріне жұмыс сапары аясында Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Академиялық пальма орденінің кавалері Гульнара Мендикулова Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Францияны азат ету жолында қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың тағдыры мен жерленген орындарын анықтауға бағытталған кешенді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді.Жұмыс, Страсбург қаласының Оңтүстік зиратында басталып, онда Қазақстан тумалары болуы ықтимал екі кеңестік сарбаз жерленген орындары анықталды.Зерттеудің келесі кезеңі Нанси қаласындағы Мёрт және Мозель департаменттік мұрағаттарында жүргізілді. Профессор Г.Мендикулова Франция аумағында қаза тапқан Қазақ КСР әскерлердің мұрағат қорларын, картотекаларын және жеке істерін зерттеді. Мұрағаттық құжаттарды талдау қазақстандық жауынгерлердің жерленген орындары туралы деректерді нақтылауға, сондай-ақ іздестіру жұмыстарының бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.Жұмыс соңында профессор Г.Мендикулова Мёрт және Мозель департаменттік мұрағаттарының директоры Савье Лоран және мұрағатшы Жюли Денанмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Г.Мендикулова зерттеу жұмыстарына көрсеткен қолғабыс пен тарихи құжаттарға қол жеткізу мүмкіндігі үшін француз әріптестеріне алғыс білдірді. Тараптар қазақстандық әскери қызметшілердің тағдырларын анықтау және Францияны азат ету жолында қаза тапқан жауынгерлердің есімін ұлықтау бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделі екендіктерін растады. Зерттеу жұмысы сондай-ақ, Мец қаласындағы (Мозель департаменті) Шамбьер әскери қорымда жалғасты, мұнда кеңестік әскери жерленімдер орналасқан. Атап айтқанда, ү.ж. мамыр айында ҚР Франциядағы Елшісі Г.Арыстанкулова бастаған қазақстандық делегация бұл жерде кеңестік бауырлас зираттарда жерленген қазақстандық жауынгерлерді еске алып, олардың рухына тағзым еткен болатын.Сапар барысында профессор Г.Мендикулова Ле-Петан әскери қорымға барып, Францияның Ардагерлер істері және соғыс құрбандары жөніндегі ұлттық басқармасымен (ONaCVG) ынтымақтастық нәтижесінде қазақстандық азаматтардың жерленген орындары туралы деректерді нақтылау жұмыстарын жалғастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1250688?lang=ru
Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі Қытайда өткен турнирде қола жүлдеге ие болды 13.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі лейтенант Аян Тұрсын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасында ушу-саньдадан өткен халықаралық турнирде қола жүлдені жеңіп алды. Жарыс Қытай Халық Республикасының Аньлу қаласында өтті.Турнир қорытындысы бойынша лейтенант Аян Тұрсын үшінші орынға ие болып, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің намысын лайықты қорғап, қазақстандық әскери спортшылардың жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.Аян Тұрсын спорттық жолын олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде таэквондомен айналысудан бастады. Кейін аралас жекпе-жекке ауысып, өз мүмкіндігін толықтай жүзеге асыра білді.Лейтенант Аян Тұрсын – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлегі. Спорттық мансабы барысында республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.Оның жетістіктері қатарында әуесқойлар арасындағы ММА бойынша Қазақстанның VI чемпионатындағы жеңісі, ММА-дан Азия чемпионатының күміс жүлдесі, ушу-саньдадан Қазақстанның екі дүркін чемпионы және татамиден бес дүркін Қазақстан чемпионы атақтары бар. Сонымен қатар, ол таэквондо, ушу және жекпе-жек түрлері бойынша спорт шебері.Он жылдан астам уақытқа созылған спорттық мансабында Аян Тұрсын түрлі деңгейдегі 56 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 25 алтын, 16 күміс және 15 қола медаль бар. Бұл жетістіктер – көп жылғы табанды еңбектің, жоғары тәртіптің және спорт пен әскери борышқа деген адалдықтың нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1250674?lang=ru
Үкіметаралық комиссияның отырысын өткізуді дайындау 13.07.2026
Қазақстан–Израиль Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының қызметін жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың 8 маусымында Комиссияның тең төрағалары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Израиль Мемлекеті Қаржы министрлігінің министрі Зеэв Элькиннің онлайн кездесуі өтті.Кездесудің негізгі тақырыбы биыл Израильде, алдын ала қараша айына жоспарланған Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелері болды.Тараптар екіжақты байланыстардың жоғары қарқыны мен мазмұнды сипатын атап өтті. Атап айтқанда, Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың өкілді бизнес-делегациямен бірге Астанаға жасаған жуырдағы сапары, сондай-ақ инновациялар, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект салаларындағы жетекші мемлекеттік агенттіктер мен компаниялардың басшыларын бастап келген Израиль Президенті Ицхак Герцогтың сапары ерекше аталып өтті.Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту, сондай-ақ цифрландыру, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және басқа да басым бағыттардағы бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар Үкіметаралық комиссия екіжақты күн тәртібін ілгерілетудің негізгі тетіктерінің бірі болып табылатыны жөнінде ортақ пікірге келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1250679?lang=ru
Ұлттық ұланда қару-жарақ пен әскери техниканың дайындығы тексерілді 13.07.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде қару-жарақ пен әскери техниканы байқау аяқталды. Іс-шара ағымдағы жылға арналған жауынгерлік және жедел дайындық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.Бірнеше күн бойы мамандар броньды техника мен арнайы автокөліктердің техникалық жай-күйін бағалап, олардың толық жарақталуын, сыртқы жағдайын және қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Сондай-ақ пайдалану құжаттамасының болуы мен оның талапқа сай жүргізілуіне ерекше назар аударылды.Құқықтық тәртіп әскерлері үшін қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жарамдылығы айрықша маңызға ие. Себебі бұл бөлімшелердің жедел қимылдау қабілетіне, қойылған міндеттердің уақытылы орындалуына және әскери қызметшілердің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.Техникалық байқау барысында мамандар әрбір техника бірлігінің жай-күйін мұқият зерделеп, оны пайдалану және техникалық қызмет көрсету талаптарының сақталуын жан-жақты тексерді. Мұндай жүйелі бақылау ықтимал кемшіліктерді дер кезінде анықтап, оларды жоюға, сондай-ақ техниканың тұрақты әзірлік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Тұрақты өткізілетін техникалық тексерулер қару-жарақ пен әскери техниканың сенімді әрі жарамды күйде сақталуына ықпал етіп, жеке құрамның сеніп тапсырылған мүлікке деген жауапкершілігін арттырады және әскери тәртіптің нығаюына негіз болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1250671?lang=ru
Зейнетақы жинақтарының көлемі одан әрі ұлғаюда:12 айдағы өсім – 4,33 трлн теңге 13.07.2026
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 маусымына27,67 трлн теңгеден асты.12 айдағы өсім –4,33 трлн теңге(немесе 18,6%).Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігін көлемі 25,81 трлн теңгеге жеткен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған қаражат құрайды. 12 айда олар 3,93 трлн теңгеге (немесе 18,0%) өсті.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 13,3%-ға ұлғайып, 754,69 млрд теңгеге жетті. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 маусымға оның көлемі10,13 млрд теңгеболып, 12 айда 19,8%өсім көрсетті.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 маусымына 1097,48 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 5 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 487,96 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,4%-ға (немесе 186,95 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін 1 143,82млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 6,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 63,14 млрд теңге (өсім – 10,3%), ЕЗЖ – 815,51 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 280,19 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.06.2026ж. жағдай бойынша834,86 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 693,53 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 115,37млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 890 теңге. 2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 307,75млрд теңге, мұрагерлік бойынша 47,55 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 17,54 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,48 млрд теңге, жерлеуге – 3,93 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 199,91 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,68 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,09 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 маусымында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,34 млн - МЗЖ бойынша, 781,88 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,21 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,34 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,90 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1250650?lang=ru
Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі Ватикандағы салтанатты іс-шараларға қатысты 13.07.2026
2026 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігі Ватикандағы Әулие Петр Базиликасында Рим қаласының және Рим епархиясының қамқоршылары – қасиетті апостолдар Петр мен Павел мерекесіне орай өткен салтанатты қасиетті құлшылық ету (месса) рәсіміне қатысты.Қасиетті мессаны Рим Папасы XIV Лев басқарды. Рәсім барысында жаңадан тағайындалған митрополит-архиепископтарға паллийлерді табыстаудың дәстүрлі рәсімі өтті.Өз уағызында Рим Папасы XIV Лев бірлік, өзара құрмет, ынтымақтастық, диалог және ортақ игілікке қол жеткізу жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударып, қазіргі әлемде бейбітшілік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1250643?lang=ru
Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль Тани Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиевті оның елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады. 13.07.2026
Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль Тани Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиевті оның елдегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.Кездесу барысында Әмір екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі үшін Елші А. Исағалиевке алғыс айтып, оны Қатар Мемлекетінің жоғары марапаттарының бірі – «Әл-Уажба» орденімен марапаттады және алдағы қызметіне табыс тіледі.Өз кезегінде Елші жоғары марапат үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Қатар басшылығына миссиясын атқару кезеңінде көрсеткен қолдауы мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.Тараптар Қазақстан мен Катар арасындағы байланыстардың стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткенін қанағаттанушылықпен атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты түрлі салаларда одан әрі тереңдетуге бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1250616?lang=ru
Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің құрамына сайланды 13.07.2026
2026 жылғы 25 - 27 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде өткен Ұйым Кеңесінің 147-ші және 148-ші сессияларына қатысты. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев басқарды. Сессиялар барысында ДКҰ-ға мүше мемлекеттер халықаралық кедендік ынтымақтастықты дамыту, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, кеден қызметтерін цифрлық трансформациялау, заңды халықаралық саудаға жәрдемдесу, жаһандық жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырды. Сессиялар аясында Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерспен, Ұйым Хатшылығының басшылығымен, сондай-ақ Болгария, Мажарстан, Польша, Түркия, Корея Республикасы, Эстония және Жапония кеден әкімшіліктерінің басшылары мен өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, кедендік әкімшілендіру, тәуекелдерді басқару, кадрлар даярлау салаларындағы тәжірибе алмасу мәселелерін, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымы аясындағы бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыруды талқылады. Қазақстанның ДКҰ Кеңесінің жұмысына қатысуы еліміздің халықаралық кедендік ынтымақтастықты нығайтуға және шетелдік кеден әкімшіліктерімен практикалық өзара іс-қимылды дамытуға деген берік ұстанымының кезекті дәлелі болды. Сессияның маңызды қорытындыларының бірі - Қазақстан Республикасының 2026 - 2027 қаржы жылына арналған Дүниежүзілік кеден ұйымының Кірістер комитетінің құрамына сайлануы болды. Бұл шешім Еуропа өңірінің «Шығыс» кіші тобына мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген жоғары сенімін білдіреді және еліміздің Дүниежүзілік кеден ұйымы қызметіне белсенді қатысуының мойындалғанын көрсетеді. Қазақстанның Кірістер комитетінің құрамына енуі елімізге Ұйымның бюджеттік саясаты, қаржы ресурстарын бөлу және оның қызмет тетіктерін жетілдіру мәселелерін қарауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның халықаралық кедендік ынтымақтастықты дамытудағы рөлін одан әрі күшейтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1250603?lang=ru
29.06.2026 жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. 13.07.2026
29.06.2026 жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.Кездесу барысында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер қарастырылып, оларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарын қолдану тәжірибесіне қатысты қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылды.Кездесу барысында көтерілген мәселелер қолданыстағы заңнама шеңберінде пысықталып, олар бойынша тиісті жұмыстар жалғастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1250595?lang=ru
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті 13.07.2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қамтамасыз ете отырып, елдің зейнетақы жүйесінде шешуші рөл атқарады. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.01.01.2026ж. мен 31.05.2026ж. аралығындағы 5 айда Қор салымшыларға 24,7 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 14,3 млн-ы электрондық форматта, 9,9 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,7%-ын құрады. Салымшыларға 322,1 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 313,4 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 891,7 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 15,0 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 13.3 млн-ы – электрондық, ал 1,5 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 38,7 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.Есепті кезең ішінде деректемелерді өзгертуге 46,7 мың өтініш қабылданды. Оның 44,0 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 25,1 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 505,1 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 17,0 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 192,5 мың өтініш түсті.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1250537?lang=ru
БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады 13.07.2026
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 27 630,11 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 424,41 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 1 095,72 млрд. теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 105,88 млрд теңгені құрады.ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 маусымда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,38%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,18%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,57%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,07%, ҚРҰБ депозиттері – 3,12%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,62%, МҚҰ – 1,13%.Активтердің 37,65%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,94%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,06%.Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 928,70 млрд теңгені, бағамдық қайта бағалаудан түскен кірістер 42,48 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 9,76 млрд теңгені, өзге кірістер 2,90 млрд теңгені құрады.Шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.2025 жылғы маусымнан бастап 2026 жылғы мамырға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,71 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 11,46%-ды құрады.2026 жылғы 1 маусымдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 87,69%, "РЕПО" операциялары – 10,52%, ҚРҰБ депозиттері – 1,78%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 55,62 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,95 млрд теңге кіріс әкелді.2025 жылғы маусымнан бастап соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 115,29 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 17,12%.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 109,98 млрд теңге.01.06.2026 жылғы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 17,53 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,90%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 15,45%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 11,99%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,74%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,93%, РЕПО – 3,31%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,03%, МҚҰ – 3,18%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,11%.Атап кетейік, портфельдің 48,89% теңгемен, 50,14% АҚШ долларымен, 0,98% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы маусымнан 2026 жылғы мамырды қоса алғанда соңғы 12 айдағы кірістілігі – 15,14%."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.06.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14,07 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 22,56%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,32%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,03%, РЕПО – 8,13%, ҚРрезидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,96%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,95%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,17%, ҚР эмитент-резиденттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 7,37%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 65,84%-ын, АҚШ долларымен 34,16%-ын құрайды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы маусымнан 2026 жылғы мамырға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,10%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.06.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets"[1] АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 7,25 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 24,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,00%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 5,27%, ҚРҰБ ноттары – 10,04%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,84%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,58%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 5,06%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,80%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,49%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 65,56%-на, АҚШ долларымен 34,44%-на тең.Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,57%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.06.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 61,69 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 3,57%, ҚР ЕДБ облигациялары – 22,69%, ҚРҰБ ноттары – 8,49%, ҚР ҚМ МБҚ – 8,52%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 10,51%, МҚҰ – 10,52%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,42%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 12,89%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 6,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,13%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 64,97%, АҚШ долларында – 35,03% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы маусымнан 2026 жылғы мамырға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,82%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.06.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 9,33 млрд теңге.[1] 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-нан 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы алынған хабарлама негізінде зейнетақы жинақтарын «Halyk Global Markets» АҚ-на аударуға өтініштер қабылдамайды.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 21,24%, РЕПО – 3,28%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 23,31%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 13,94%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 7,15%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,22%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 6,78%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 5,01%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,62% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,59%-ы, АҚШ долларында 31,41%-ы инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы маусымнан 2026 жылғы мамырға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 18,28%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.06.2026ж. жағдай бойынша «Tansar Capital» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 0,11 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: РЕПО – 63,56%, пайлар (негізгі қор индекстеріндегі ETF) – 21,68%, ҚР ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 13,87%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 78,11%, АҚШ долларында – 21,89% инвестицияланды.«Tansar Capital» АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылдың 8 сәуірінде бастады. Содан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,34%-ды құрады.«Tansar Capital» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.Сондай-ақ, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1253447?lang=ru
Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде жүргізуші куәліктерін айырбастаудың жаңа тәртібі туралы 13.07.2026
2026 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ішкі істер министрлігі арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы меморандумға қол қойылды.Құжаттың мақсаты – басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтар үшін жүргізуші куәліктерін өзара тану және оларды айырбастау кезіндегі әкімшілік рәсімдерді жеңілдету.Назар аударыңыз, жеңілдетілген тәртіп тек мына санаттарға қолданылады:«B» санаты (жеңіл автомобильдер);«B1» кіші санаты (үш және төрт дөңгелекті жеңіл көлік құралдары) – екі мемлекеттің заңнамасында көзделген баламалы санаттарға сәйкес.Біріккен Араб Әмірліктерінде алғаш рет жүргізуші куәлігін алған Қазақстан Республикасының азаматтары оны Қазақстанда ұлттық жүргізуші куәлігіне айырбастай алады. Бұл ретте қайтадан автомектепте оқудың және практикалық жүргізу емтиханын тапсырудың қажеті жоқ – тек теориялық емтихан тапсыру жеткілікті.Меморандум белгіленбеген мерзімге жасалған және оған қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 25 шілдеде күшіне енеді.Жүргізуші куәлігін айырбастау үшін қажет:жарамды тұруға ықтиярхаттың болуы;жарамды жүргізуші куәлігін ұсыну;жас талаптарына сәйкес болу (18 жастан төмен емес);жүргізуші куәлігінің нотариалды немесе ресми куәландырылған аудармасын ұсыну;медициналық тексеруден өтіп, медициналық анықтама алу (көру қабілетін тексеру нәтижесі/Eye Test);қабылдаушы мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де талаптарды орындау.Айырбастаудан кейін азамат өзінің ұлттық жүргізуші куәлігін сақтап қалады.Маңызды: Меморандум ережелерін іс жүзінде қолдану тек оның ресми түрде күшіне енгеннен кейін, яғни 2026 жылғы 25 шілдеден басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1250530?lang=ru
Будапештте құрылыс және дизайн саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 13.07.2026
Будапешт, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы «Tapétagyár Kft.» компаниясының Президенті Андраш Надьпен және осы компанияның өкілі Ирина Сечьпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар құрылыс, интерьер дизайны және әрлеу материалдары салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Мажар компанияның өкілдері Қазақстан нарығына қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті екендерін білдірді. Бұған қоса, Қазақстандағы құрылыс және дизайн саласының даму әлеуеті, заманауи интерьерлік шешімдерді енгізу мүмкіндіктері, сондай-ақ осы бағытта тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара байланысты жалғастыруға және ықтимал ынтымақтастық бағыттарын одан әрі пысықтауға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1250532?lang=ru