Қоғам
TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығы: Конституциялық өзгерістерді түсіндіруге арналған жиын өтті 18.02.2026
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығында Жаңа Ата Заң жобасын түсіндіруге арналған жиын ұйымдастырылды. Іс-шараға орталықтың еңбек ұжымы мен қызмет алушылары қатысып, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер мен толықтырулар жөнінде жан-жақты мәлімет алды.Жиын барысында Орталық Азия Инновациялар университеті Заң кафедрасының доценті Серік Жорабеков баяндама жасап, жаңа заң жобасының негізгі бағыттарына тоқталды.Баяндамашының айтуынша, құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ қоғам мен билік арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері басты назарға алынған. Сонымен қатар адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту және заң үстемдігін қамтамасыз ету бағыттары кеңінен қамтылған.– Жаңа редакция құқықтық мемлекеттің қағидаттарын нығайтып, әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады. Конституциялық өзгерістер азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, елдің құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге жол ашады, – деді Серік Жорабеков.Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Заңгер жаңа баптардың мазмұнын қарапайым тілмен түсіндіріп, алдағы референдумның маңыздылығына ерекше тоқталды. Жиын қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдірді.
Шымкент университеті: Жаңа Ата Заң – жаңғырудың жаршысы 18.02.2026
Шымкент университетінде Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған тағылымды жиын өтті. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, мазмұнды баяндама жасады. Жиынды университет ректоры Нұрлыбек Сейтқұлов жүргізді.Іс-шараның негізгі мақсаты – Жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызын саралау, оның қоғам дамуындағы рөлін түсіндіру. Жиынға профессор-оқытушылар құрамы, құқық қорғау органдарының өкілдері мен студент жастар қатысты.Университеттің аға оқытушысы, құқықтанушы Ермек Төленұлы Бекбосынов өз сөзінде Жаңа Конституцияның 3-бабына ерекше тоқталып, адами капиталды дамыту мәселесін көтерді. Оның айтуынша, адами капитал – тек кәсіби біліктілік емес, ең алдымен адамгершілік пен ізгілік қасиеттердің жиынтығы.– Жақсы маман болу жеткіліксіз, ең бастысы – жақсы адам болу. Ғалым болып жүріп залым болуға болмайды. Конституция – құқықтық нормалар жиынтығы ғана емес, ол – рухани бағдар, – деді ол.Сондай-ақ спикер Жаңа Ата Заңның 8-бабында егемендік пен тәуелсіздікті қорғауға басымдық берілуі – уақыт талабы екенін атап өтті. Мемлекеттің тұтастығы мен дербестігін сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екені айтылды.Тарихшы, ғалым Мұхан Орынбаев алдағы 15 наурызда өтетін референдумның маңыздылығына тоқталып, Конституциялық реформаның жаңашылдығын түсіндірді. Оның айтуынша, Жаңа Конституцияда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер қарастырылған. Атап айтқанда, Ұлттық Құрылтай институты енгізіліп, қоғам өкілдерінің қатысу мүмкіндігі кеңейтілген. Сонымен қатар денсаулық сақтау, ғылым және білім салаларына басымдық берілген. Цифрландыру бағытында әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету көзделген.Жиында сөз алған Шымкент қаласы прокуратурасы өкілінің көмекшісі Нариман Базарбаев Жаңа Конституцияда адам құқықтарының қорғалуы нақты айқындалғанын жеткізді. Оның айтуынша, «Миранда ережесінің» енгізілуі азаматтардың құқықтық қорғалу кепілдіктерін күшейтеді. Яғни, күдікке ілінген тұлғаға оның құқықтары ұсталған сәттен бастап түсіндіріледі, қорғаушысыз жауап бермеу құқығы қамтамасыз етіледі.Студенттер де өз пікірлерін білдіріп, Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері нақтыланғанын атап өтті.Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өз сөзінде:– Егер Конституцияға 50 пайыздан астам өзгеріс енгізілсе, ол жаңа Конституция болып саналады. Қазіргі редакцияға 84 пайыз өзгеріс енгізіліп отыр. Бұл – қоғамды дамыту мен жаңғыртуға бағытталған қадам, – деді.Оның айтуынша, Жаңа Конституцияда орта білім мен медициналық көмектің ақысыз көрсетілуі нақты бекітілген. Сонымен қатар Ұлттық Құрылтай құрамында депутаттық орындардың 30 пайызы әйелдер мен жастарға берілуі – қоғамның барлық қабатының үнін ескеруге бағытталған шешім.Құжатта неке – ер мен әйелдің тең және ерікті одағы ретінде айқындалған. Қос азаматтыққа жол берілмейді. Бұл нормалар ұлттық мүдде мен мемлекеттің тұтастығын қорғауға бағытталған.Қатысушылар «Жаңа Конституция – идеологиялық әрі стратегиялық маңызы бар құжат» деген ортақ пікірге келді. Заң үстемдігі, адам құқықтарын қорғау, ұлттық құндылықтарды сақтау және білім мен ғылымға басымдық беру – елдің орнықты дамуына негіз болмақ.Жаңа Ата Заң – тәуелсіздіктің тұғыры, бірліктің байрағы және ұлттың рухани жаңғыруының айғағы. Елдің ертеңі – заңның беріктігінде, ал заңның беріктігі – халықтың бірлігінде.
Қазақстан ЕАЭО елдері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ең төмен бағалардың бірін сақтап отыр 18.02.2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 8,6% болды. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында аталған санаттағы тауарлар бойынша ең төмен бағалардың бірін сақтап келеді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Бұл нәтижеге сауда үстемелеріне бақылауды күшейту, өңірлік комиссиялар мен тұрақтандыру қорларының белсенді жұмысы, маусымаралық кезеңде нарықты толықтыру шаралары, сондай-ақ сауда акциялары мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу себеп болды. Инфляциялық жағдайды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі уақытша 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Жаңартылған тізбе бойынша ТОП-800 сауда нысаны айқындалып, мәліметтер жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Тауар нарығын талдау және жекелеген позициялардың инфляция құрылымына әсерін бағалау негізінде тоғыз басым тауар айқындалды. Олардың қатарына қырыққабат, сәбіз, картоп, пияз, күнбағыс майы, ұн, сиыр еті, күріш және макарон өнімдері енгізілді. Аталған тауарлар бойынша маусымаралық кезеңінде басым реттеу шаралары қолданылады. Министрлік халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен маусымдық факторларға тәуелсіз тұрақты қамтамасыз етудің жаңа моделін әзірледі. Модель тіркелген бағаларды белгілеуді, делдалдық құрылымдардың негізсіз жоғары маржасын болдырмауды және әкімдіктердің ресурстарын шоғырландыру арқылы нарыққа үйлестірілген ықпал етуді көздейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бағаларды тікелей мемлекеттік реттеуден 15% мөлшеріндегі шекті сауда үстемесіне бақылауды күшейтуге және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға атаулы қолдау көрсетуге көшу жүзеге асырылуда. Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында азық-түлік ваучерлерін енгізу бойынша пилоттық жобалар тетіктің тиімділігін көрсетті. Жыл соңына дейін жобаны еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен кеңейту жоспарланып отыр. 2025 жылы шекті сауда үстемесінің сақталуын мемлекеттік бақылау аясында 2 913 әкімшілік қаулы қабылданды. Оның ішінде 57,1 млн теңге сомасына 1 743 айыппұл салынды және 1 170 ескерту берілді. Делдалдық схемаларды тергеп-тексеру бойынша өңірлік комиссиялардың 1 179 отырысы өтті. Нәтижесінде 3 268 тиімсіз делдал және сауда үстемесін асыру фактілері анықталды. 2 758 жағдай бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, 510 жағдайда делдалдар жеткізу тізбегінен шығарылды. Қосымша 11 236 электрондық шот-фактура тізбегі талданды. Қазақстан Республикасының сауда, салық және монополияға қарсы заңнамасын бұзу тәуекелдерінің 1 056-дан астам дерегі анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1164656?lang=kk
Қазақстан отандық өндірушілерді қолдауды күшейтіп, экономикалық өсімге бағытталған стандарттарды дамытып келеді 18.02.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қазақстандық тауар өндірушілерді қорғау және олардың өнімдерін ішкі нарықта ілгерілету мәселесіне басымдық берілуде. 2025 жылғы мамырда тауардың шығу елін айқындау тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданды. Сонымен қатар қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі енгізілуде. СТ-KZ және индустриялық сертификаттардың күшін жою отандық өнімнің шығу тегін растау рәсімін жеңілдетіп, оны анағұрлым ашық әрі тиімді етті. Сауда және интеграция министрлігі Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ахуалдық штаб аясында 14 тауар тобы бойынша жүйелі бақылау жүргізіп келеді. Тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуда. Нәтижесінде бірқатар салада өндіріс көлемі артты. Атап айтқанда, цемент өндірісі 15 пайызға, гранит бордюрлері мен плиталар 30 пайызға, жылыту құрылғылары 55 пайызға, автокөлік жасау саласы 18 пайызға өсті. 2025 жылы отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған маңызды стандарттар әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Олардың қатарында жылыту құрылғыларына арналған СТ РК 4025-2025 стандарты бар, бұл жылына 10 миллион секцияға дейін өнім өндіруге мүмкіндік береді. Құрылыс әйнегіне арналған СТ РК ISO 12543-1-2025 және СТ РК ISO 12543-2-2025 стандарттары қабылданды. Сондай-ақ гипсокартон, цемент және құбыр өнімдеріне қатысты стандарттар жаңартылды. Бұл құжаттар отандық өндірушілерді жосықсыз бәсекеден қорғап, өнім сапасын арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге жағдай жасайды. 2026 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары бекітілді. Жоспар экономиканың стратегиялық бағыттары бойынша 50 тақырыпты қамтиды. Басымдық берілген салалардың қатарында жасанды интеллект, цифрландыру, энергетика, металлургия, құрылыс материалдары өндірісі, тамақ өнеркәсібі және отандық өндірушілерді қолдау бар. Тамақ өнеркәсібінде HASSP менеджмент жүйесін енгізу, жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және өндірісте заманауи технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылған. Қабылданған стандарттарды іске асыру сапасыз импорттың алдын алуға, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, инновациялық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект пен деректерді цифрлық қорғау шешімдерін енгізуге, сондай-ақ тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің сөзінше, стандарттау және отандық өндірушілерді қолдау бағытындағы жүйелі жұмыс экономиканың тұрақты өсуіне негіз қалайды, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және өнеркәсіп пен ішкі нарықты дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1164665?lang=kk
Қазақстандағы сауданың цифрлық трансформациясы: ашықтық, таңбалау және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер 18.02.2026
Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов Қазақстандағы сауданы цифрландыру бойынша негізгі жобалар туралы баяндады. Ол министрлік жұмысының басты бағыттарының бірі сауданы жасырын экономикадан шығару және нарықтың ашықтығын арттыру екенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердің жалпы жіктеуіші мен Ұлттық тауарлар каталогы енгізілуде, сондай-ақ таңбаланатын тауарлар тізбесі кеңейтілуде. 2025 жылы ОКТРУ-ды жүргізу тәртібі мен ҰТК-ны міндетті қолдануды бекітетін заңнамалық нормалар қабылданды. Вице-министрдің айтуынша, цифрлық жобалар тауарларды сәйкестендірудің бірыңғай архитектурасын қалыптастырады. Бұл бастамалар сауданың ашықтығын арттыруға, отандық тауарларды сөрелерде ілгерілетуге және экспортты дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта Ұлттық тауарлар каталогын толықтыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Күн сайын бірнеше жүз мың тауар карточкасы енгізіледі. Жасанды интеллект негізіндегі жүйе деректерді қайталану фактілерін тексеріп, ақпараттың толықтығы мен сапасын бағалайды. Талдау нәтижесінде бірыңғай «алтын жазбалар» қоры қалыптастырылады. Бұл жұмыс Электрондық қаржы орталығымен, Қаржы министрлігімен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Министрлік цифрлық құралдарды үйлесімді енгізу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ҰТК-ны қолдану әдіснамасы жөніндегі штаб қызметін регламенттеді. Таңбаланатын тауарлар тізбесін кеңейту жоспарлануда. Цифрлық таңбалау жүйесін енгізу кезең-кезеңімен және ашық түрде жүзеге асырылады. Болжам бойынша, қабылданған шаралар жасырын айналым көлемін 1 трлн теңгеден астам қысқартуға мүмкіндік береді. Министрлік е-КТРМ жүйесін QazTech платформасына көшіру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда тестілік орта іске қосылды, жүйелерді біріктіру және желілік үйлесімділікті тексеру жүргізілуде. Платформада 150 мыңнан астам пайдаланушы және 170 мың бизнес субъектісі тіркелген. 31 бизнес-процесс автоматтандырылып, 5 мыңнан астам өтініш өңделді. Е-КТРМ ЕАЭО-ның Бірыңғай тізілімімен интеграцияланған. Технологиялық серіктес ретінде халықаралық IT-компания EPAM тартылған. Киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, SIEM, PAM және DLP құралдары енгізілді, пентесттер жүргізілуде. Цифрлық трансформация аясында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп AgroTrade электрондық сауда алаңы әзірленуде. Министрлік жасанды интеллект негізіндегі сервистерді де сынақтан өткізуде. Олардың қатарында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі виртуалды көмекші және бизнеске техникалық реттеу жүйесімен өзара іс-қимылды жеңілдететін зертханаларды іріктеу көмекшісі бар. Сонымен қатар тиісті цифрлық сервисті іске қосу үшін ұлттық стандарттардың дерекқоры қалыптастырылуда. Сауда ағындарын талдау құралы әзірленуде. Бұл құрал нарықтар, сауда нысандары және баға ахуалы бойынша аналитикасы бар бірыңғай цифрлық терезе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған шешім азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, баға және инфляциялық үдерістерге талдау жүргізуді жетілдіруге, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға бағытталған.Вице-министр Әсет Нүсіпов сауданың цифрлық трансформациясы заңнаманы, заманауи технологияларды және талдау құралдарын біріктіретінін атап өтті. Бұл болжамды әрі ашық нарық қалыптастыруға, тұтынушыларды қорғауға, отандық өндірушілерді қолдауға және Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1164673?lang=kk
Жұмыс жәрмеңкесі 18.02.2026
2026 жылғы 18 ақпанда аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі, "Меңдіқара ауданының Мансап орталығы" филиалы мен ауданның Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелердің өкілдері, белсенді жұмыс іздеушілер және Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжінің түлектері мен студенттері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1164680?lang=kk
Сауда-экономикалық миссиялар аясында қазақстандық компаниялар 478 млн доллар сомасына экспорттық келісімдер жасасты 18.02.2026
2025 жылы Қазақстан отандық тауарлар мен қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілетуге басымдық берді. Елдің экспорттық саясаты жеткізу географиясын кеңейтуге, экспорттаушыларды қаржылай қолдауды күшейтуге және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталды. Сауда және интеграция министрлігі ЕАЭО елдерімен, Еуропа мемлекеттерімен, Орталық Азия және Таяу Шығыс өңірлерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Өткен жылы Иранда, Венгрияда, Ауғанстанда, Қытайда, оның ішінде Сиань, Чунцин және Гуанчжоу қалаларына, Малайзияда, Өзбекстанда, Беларусьте және Пәкістанда 10 сауда-экономикалық миссия ұйымдастырылды. Оларға 300-ден астам қазақстандық компания қатысты. Миссияқорытындысы бойынша 477,8 млн АҚШ доллары сомасына экспорттық келісімшарттар жасалды. Сонымен қатар 109 компанияның 6,26 млрд теңге көлеміндегі шығындары өтелді. Сыртқы инфрақұрылымдық бағыттар да дамуда. Uz-Qaztrade кеңсесі, Qaztrade-тің Тәжікстандағы, Дубайдағы, Термездегі, Будапешттегі, Тегерандағы, Үрімшідегі және Нанкиндегі өкілдіктері жұмыс істейді. Қазақстан Gulfood көрмесі, China Import Expo, Берлиндегі Жасыл апта, GITEX және Шанхайдағы көрмелерді қоса алғанда сегіз ірі халықаралық көрмеге қатысты. Экспорттаушыларды Экспорттық-кредиттік агенттік арқылы қаржылай қолдау көлемі 653,7 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге артты. Сауда және экспорт алдындағы қаржыландыру 92,2 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда үш есеге өсті. 121 экспорттаушыға қолдау көрсетілді. Агенттік 50 млрд теңгеге докапитализацияланды, сондай-ақ 250 млрд теңге көлемінде мемлекеттік кепілдіктер берілді. 2026 жылдың соңына қарай сақтандыру сыйымдылығын 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 2025 жылы Қазақстан преференциялық сауда келісімдерінің желісін кеңейтті. ЕАЭО мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында экономикалық әріптестік туралы келісімге, Моңғолиямен уақытша сауда келісіміне және Индонезиямен еркін сауда туралы келісімге қол қойылды. Біріккен Араб Әмірліктерімен қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісім жасасу жұмыстары аяқталуға жақын. Үндістанмен келіссөздердің алғашқы кезеңі өтті. Халықаралық ынтымақтастық көпжақты алаңдар арқылы да ілгерілетілуде. Мамыр айында Астанада «Орталық Азия – Қытай» форматындағы экономика және сауда министрлерінің екінші кездесуі өтті, оның қорытындысы бойынша меморандум мен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Маусым айында Астанада Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауда конфигурациясындағы ынтымақтастық комитетінің сегізінші отырысы өтті. Отандық өндірушілерді қорғау және ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында кедендік-тарифтік реттеу шаралары қабылданды. 2025 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия импорттық баж мөлшерлемелерін өзгертуге қатысты 15 шешім қабылдады. 2028 жылғы 31 мамырға дейін терілерді экспорттауға салынатын баж салығы алынып тасталды. Жекелеген тауарлар импортына отандық өндірушілерді қорғау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер енгізілді. Сонымен қатар төрт демпингке қарсы шара қабылданып, жекелеген өнім түрлері бойынша он жаңа тергеу басталды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, экспорттық саясатты кеңейту, компанияларды қаржылай қолдау және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту бойынша кешенді жұмыс қазақстандық экспорттың тұрақты өсуіне негіз қалайды, отандық өндірушілердің халықаралық нарықтардағы позициясын нығайтады және елдің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1164682?lang=kk
Баға тұрақтылығынан жаһандық нарыққа дейін: 2026 жылы Сауда министрлігі нені жоспарлап отыр 18.02.2026
2025 жылы Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізіп, Мемлекет басшысы мен Үкімет тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етті. 2026 жылы министрлік ішкі нарықтағы инфляцияны төмендетуге және баға тұрақтылығын сақтауға басымдық береді. Бұл бағытта ішкі нарықты тауармен толықтыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына бақылауды күшейту, көтерме сауда мен экспортты реттеу, сондай-ақ тиімсіз делдалдарды жою бойынша кешенді шаралар қабылданады. Арман Шаққалиевтің сөзінше, халықаралық және интеграциялық бірлестіктер аясында отандық өндірушілерді қорғау мәселесіне ерекше назар аударылады. Отандық тауар өндірушілер үшін сауда сөрелерінің қолжетімділігі пысықталады. Стартаптарға арналған санаттар мен «жасыл сөрелерді» енгізу, сондай-ақ тауарларды сауда желілеріне өткізудің ашық тетіктері қарастырылады. Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес шикізаттық емес экспортты ілгерілетудің жаңа тәсілдері енгізіледі. Министрліктің стратегиялық бағыты шикізаттық емес экспорттың құрылымы мен географиясын әртараптандыруға, қолдау және ынталандырудың жаңа құралдарын іске қосуға бағытталған. Бұл ретте өнеркәсіптік тауарлар экспортына басымдық беріледі. Арман Шаққалиев 2026 жылы жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында сауданы цифрлық трансформациялауға айрықша көңіл бөлінетінін атап өтті. Ұлттық тауарлар каталогы мен таңбалау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл шаралар нарықтың ашықтығын арттыруға, тұтынушылар мен бизнес үшін ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетуге және тауар ағындарын цифрлық бақылауға мүмкіндік береді. Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етеді. Бұл халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады. Министрлік Президенттің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына жолдауында белгіленген негізгі бағыттарды іске асыруға назар аударады. Олардың қатарында жасанды интеллектті дамыту, цифрландыру және кедергісіз сауданы қалыптастыру бар. Сонымен қатар Одақ шеңберінде жоспарланған іс-шараларды өткізу қамтамасыз етіледі. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев барлық тапсырмалар жеке бақылауында екенін және олардың сапалы орындалатынын атап өтті. Министрлік жұмысы жүйелі әрі дәйекті түрде жалғасады. Бұл ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтауға, отандық өндірушілерді қолдауға және Қазақстанның сыртқы нарықтардағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1164687?lang=kk
Кейптаунда Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық талқыланды 18.02.2026
Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі Еркін Ахинжанов елдің заң шығарушы астанасы Кейптаун қаласына жұмыс сапары аясында ОАР Президенті Сирил Рамафосаның халыққа жыл сайынғы жолдауына және осыған байланысты бірқатар ресми іс-шараларға қатысты.Сапар аясында атқарушы органдардың, инвестициялық құрылымдардың басшыларымен, өңірлік бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.Батыс Кейп провинциясының Премьер-министрі Алан Виндемен, провинция қалаларының әкімдері: Кейптаун – Джордин Хилл-Льюис, Джордж – Олдерман Брауэн Джонсон, Моссел-бей – Дирк Коце, Найзна – Тандо Матикамен, сондай-ақ провинцияның Мобильділік істері министрі Исаак Мбулело Силекумен мазмұнды әңгіме барысында аймақаралық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуді қоса алғанда, ақылды қалаларды, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту, цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм де басым салалар ретінде белгіленді.Сапарды жалғастыра отырып, Елші Батыс Кейптің туризм, сауда және инвестицияларды дамыту жөніндегі ресми агенттігі Wesgro өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Тараптар экспорттаушылар мен инвесторлар үшін бизнес мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ өңірлік және муниципалды деңгейде ынтымақтастық тетіктерін дамыту мәселелерін талқылады.FSPS-Partners компаниясының директоры және Teplo-Hol Manufacturing & Applications басқарушы директоры Мариус Ван Логгенбергпен кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік қуаттылықтарымен және технологиялық жобаларымен танысты. Компания басшылығы Қазақстанда тосқауыл жабындарын өндіруді оқшаулау мүмкіндігін қарастыруға қызығушылық білдірді. Тараптар ел аумағында өндірісті одан әрі өрістету перспективасымен әлеуетті әріптестерді іздеу мәселесін пысықтауға келісті.Туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. FEDHASA компнаиясының төрағасы және тиісті қалалық органдардың өкілі Ли-Энн Сингермен кездесу аясында тараптар қонақжайлылық және сервис стандарттары саласындағы тәжірибе алмасуды, B2B-байланыстарды нығайтуды және Қазақстан мен ОАР салалық бірлестіктері арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуді талқылады.Сапар қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және Қазақстан мен ОАР арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды практикалық тұрғыдан пысықтауға мүдделіліктерін растады.Кейптаун - Оңтүстік Африканың заң шығарушы астанасы және Батыс Кейп провинциясының әкімшілік орталығы, сонымен қатар елдің негізгі туристік және іскерлік орталықтарының бірі. Провинция ОАР-дың экономикалық дамыған аймақтарының бірі болып табылады, заманауи инфрақұрылыммен, дамыған порт логистикасымен және инвестициялық тартымдылықтың тұрақты көрсеткіштерімен ерекшеленеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1164691?lang=kk
2025 жылы сауда ел экономикасының 26% өсіміне үлес қосты 18.02.2026
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа отырысында 2025 жылдың қорытындысына тоқталып, 2026 жылға арналған басым бағыттарды атап өтті. Министрдің айтуынша, өткен жыл саланың сенімді өсуі мен сауданың ел экономикасындағы рөлін нығайту кезеңі болды. 2025 жылы сауданың нақты көлем индексі 108,9% болып, жалпы экономикалық өсімге 26% үлес қосты. Ішкі тауар айналымы 14,6% өсіп, 80 трлн теңгеге жетті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 69,7 трлн теңге болған. Негізгі өсімді көтерме сауда қамтамасыз етті, оның көлемі 53,5 трлн теңгені құрады, ал бөлшек сауда сегменті 26,4 трлн теңгеге жетті. «Соңғы үш жылдың ішінде алғаш рет салалық инвестициял тұрақты өсімді көрсетті», - деді министр. Инвестициялар көлемі бірден 42% артып, 1 229 млрд теңгеге жетті. Бұл бизнестің сауда секторына сенімінің артуын және жаңа өсу нүктелерінің қалыптасқанын көрсетеді. Әлемдік сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы сауда да оң динамика көрсетті. Сыртқы тауар айналымы 1,3% өсіп, 143,9 млрд долларға жетті, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 142,1 млрд доллар болған. Шикізаттық емес экспорт көлемі 1,2% өсіп, 41 млрд долларға жетті. Қызмет көрсету экспорты айтарлықтай өсімкөрсетіп, 3,7% арттып, 12,3 млрд долларға жетті. 2024 жылы бұл көрсеткіш 11,8 млрд доллар болған. Жыл қорытындысы бойынша сыртқы сауда балансында оң сальдо 14,2 млрд доллардеңгейінде сақталды. Арман Шаққалиевтің сөзінше, қол жеткен нәтижелер сауданы әрі қарай әртараптандыруға, шикізаттық емес экспортты кеңейтуге және 2026 жылы интеграциялық процестерді күшейтуге берік негіз қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1164649?lang=kk
Ішкі сауда саласындағы 460 кәсіпорын 4,3 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алды 18.02.2026
Өткен жылы ішкі сауда саласында екінші деңгейлі банктер арқылы несиелерді субсидиялау және кепілдендіру тетіктеріне негізделген кешенді мемлекеттік қолдау шаралары іске қосылды. Бағдарлама өңірлерде сауданың заманауи форматтарын дамытуға және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. Бағдарламаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары және сауда ойын-сауық орталықтары қатыспайды. Облыс орталықтарында жүзеге асырылатын жобалар үшін кредит сомасы 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде бұл шек 1,5 млрд теңгені құрайды. Субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі 10,75% деңгейінде белгіленген. Инвестициялық мақсаттарға субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін, ал айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін қарастырылған. Министр мемлекеттік қолдау көрсету кәсіпкерлердің қарсы міндеттемелерді орындаумен қатар жүретінін атап өтті. Мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сауда сөрелеріне орналастыруы қажет. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша үлес кемінде 20%, ал азық-түлік тауарлары бойынша 50% болуы қажет. Оның 30%-ы қолданыстағы Ішкі сауда қағидалары аясында, қосымша 20%-ы мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде қарастырылған. Қазіргі уақытта министрлік қазақстандық өндірушілердің басымдығын күшейтуге бағытталған өзгерістерді пысықтауда. Айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру алған жағдайда тиісті тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерден тауар, шикізат және материалдар сатып алу талабы енгізіледі. Сондай-ақ тіркелгеніне үш жылдан аспаған бастаушы қазақстандық өндірушілердің өнімін олардың жазбаша өтінімі негізінде кемінде үш ай мерзімге сауда алаңдарына тегін орналастыру міндеті көзделеді. Бұдан бөлек, субсидиялау немесе кепілдендіру шарттары жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде жалдау ақысының мөлшерін өзгертуге тыйым салынады. Кәсіпкерлерге statgov.kz цифрлық жүйесі арқылы Ұлттық статистика бюросына есептілікті уақтылы тапсыру міндеті жүктеледі. Өткен жылы мемлекеттік қолдауға шамамен 4,3 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде екінші деңгейлі банктер арқылы республика бойынша 460 жоба қаржыландырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1164653?lang=kk
Найробиде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту бойынша бизнес-форум өтті 18.02.2026
Найроби, 2026 жылғы 17 ақпан – Қазақстан Республикасының Елшілігі Кения Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша бизнес-форум ұйымдастырды. Іс-шараға Кенияның Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрінің орынбасары С.Исабоке мырза, Сауда-өнеркәсіп палатасының ұлттық директоры К. Ондитти, Кения Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық істер және коммерциялық дипломатия департаментінің директоры Э.Матура, «KenInvest» ұлттық компаниясы департаментінің директоры П.Ротич, сондай-ақ 25-тен астам кениялық бизнестің басшылары мен өкілдері қатысты.«QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Қазақ экспорттық несие агенттігі» АҚ, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, NS Art Venture Labs және TransAsia Logistics сияқты қазақстандық тараптың өкілдері онлайн режимінде қатысып, өз ұйымдарының қызметін таныстырып, Қазақстанмен екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы өз бағаларымен бөлісті.Елші Б.Садықов өз сөзінде қатысушыларды Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, ұлттық экономиканы дамыту жоспарлары және Кениямен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, АКТ, ғарыш, энергетика, туризм, құрылыс және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары туралы хабардар етті.Кенияның Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрінің орынбасары С.Исабоке Кенияның Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге мүдделі екенін, сондай-ақ жоғары дамыған инфрақұрылымға, жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайларға және экономиканың әртүрлі салаларындағы білікті мамандарға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ, Кенияның құрлықтағы қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі, өңірлік логистикалық хаб және Шығыс Африка елдерімен сауданы дамытудың теңіз қақпасы екенін атап өтті. Қазақстанның цифрлық трансформациядағы жетістіктерін жоғары бағалап, екі елдің электрондық үкімет жүйелері, қаржылық технологиялар, киберқауіпсіздік және стартап-инкубация салаларында тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырды.Форумның нәтижесі бойынша Кения Сауда-өнеркәсіп палатасы екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін негіздемелік бағдарлама дайындауды, сондай-ақ кениялық бизнесмендерден тұратын делегацияны іскерлік кездесулер өткізу және екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылау үшін олларды Қазақстанға жіберу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, Кения Сауда палатасы Қазақстандағы кениялық экспорттаушылар үшін өнімді сертификаттау талаптары, реттеуші және сәйкестік бойынша нұсқаулық, логистика және жеткізу тізбегі бойынша кеңестері енгізілген нарыққа кіру туралы ақпараттық парақша дайындайтын болады.Бизнес-форум аясында кофе, шай, гүлдер және цитрус жемістерін экспорттауға маманданған бірқатар кениялық компаниялардың өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, Кенияның іскерлік қауымдастығының өкілдері арасында Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары бойынша қызу пікір алмасу болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1164569?lang=kk
Қазақ тілінің тегін онлайн курсына тіркелу ашық 18.02.2026
Құрметті отандастар!«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау: – Барлық сабақтарды толық өту; – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру: – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет; Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі.Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽Орыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз.Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1: https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2 https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6 WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың наурыз айынан басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1164748?lang=kk
Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы 18.02.2026
Сарандa еңбек қауіпсіздігі және жұмысшы мамандықтарының беделі мәселелері талқыланды 👷♂️🏗️Әкімнің орынбасары С. Бейскеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:🔹 Қауіпсіздік басты назарда: QazTehna, Silk Road Electronics, Tengri Tyres және басқа да ірі кәсіпорындарда Өндірістік кеңестер құру мәселесі талқыланды. Мақсат - өндірістік жарақаттануды нөлге дейін төмендету және кәсіптік аурулардың алдын алу.🔹 Жұмысшы мамандықтары жылының (2025) қорытындысы: Білім бөлімдері, колледждер және Мансап орталығының басшылары жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бойынша атқарылған шаралар туралы есеп берді. Еңбек адамының кәсібі - басым бағытта!🔹 Келісімдердің орындалуын бақылау: 2024–2026 жылдарға арналған Үшжақты келісімнің орындалу қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.Барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, қала тұрғындарының еңбек жағдайларын жақсарту үшін ұсыныстар берілді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1164566?lang=kk
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды 18.02.2026
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің терроризмге қарсы комиссиясының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бас маманы;«Риддер қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы (уақытша бос).«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджетті жоспарлау және атқару секторының бас маманы.«Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы.Хабарландырудың толық мәтіні eqyzmet.gov.kz жүйесінің ашық порталында жарияланды.Толық ақпарат алу үшін «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ, Семенова көшесі,19, 5 кабинетке жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1164462?lang=kk
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша БСК 18.02.2026
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем Бюджет кодексіне сәйкес арнайы түсімдерге жатады.Осыған байланысты оны заңнамаға сәйкестендіру мақсатында Қаржы министрлігі бюджеттік сыныптама кодын 105316-дан 401101-ге өзгертті.Салық есептілігі нысаны 870.00 декларациясы бойынша төлемдерді бөлуге қатысты жаңарту 2026 жылғы 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.Осыған орай, төлемдердің бюджетке дұрыс есептелуі үшін төлемді 401101 БСК бойынша жүзеге асыру қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1164433?lang=kk
Шетелдегі отандастарға арналған қазақ тілін тегін қашықтықтан үйрету курстары туралы 18.02.2026
Құрметті отандастар!«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау: – Барлық сабақтарды толық өту; – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру: – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет; Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі.Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽Орыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз.Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1: https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2 https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6 WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың наурыз айынан басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1164449?lang=kk
Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарға психологиялық тренинг өткізді. 18.02.2026
Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері сотталғандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған психологиялық тренинг өткізді. Іс-шара сотталғандардың эмоционалды өзін-өзі реттеу, стресске төзімділік және дағдарыстық өмірлік жағдайлардан сындарлы шығу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушыларға психологиялық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді, сондай-ақ мазасыз күйлер мен жағымсыз ойларды тану әдістері үйретілді. Іс-шараға барлығы 50-ден астам сотталушы қатысты. Мекеменің психологы өзіне деген сенімділікті, ішкі шиеленісті жеңе білуге және қиын жағдайларда қолдау табуға бағытталған практикалық жаттығулар өткізді. — Мен 10 жылға сотталғаннан кейін өмір тоқтап қалғандай болдым. Мен ата-анам мен жұбайымның сенімін ақтадым. Менің ата-анам кішкентай ауылда тұрады, онда бәрі бір-бірін біледі, мен олардың ұлының колонияда болғаны үшін сөгіспен қарап тұрғанын үнемі елестететінмін. Мен бір жыл бұрын ғана отбасын құрдым және жұбайыма ұсыныс жасай отырып, оның ата-анасына қыздары мен үшін ешқашан жыламайды деп уәде бердім. Бұл ойлар мені ұзақ уақыт азаптады, көбінесе менсіз бәрі оңай болар еді деген сезім пайда болды. Тренингтен кейін өзің туралы айту оңайырақ болды. Өзімнің жалғыз емес екеніңді түсінесің, тіпті қиын жағдайдан шығудың жолы бар екен, — деп бөлісті сотталған. — Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу-біздің жұмысымыздың маңызды міндеті. Біз мекемеде әрбір сотталған адам уақтылы психологиялық көмек пен қолдау ала алатын атмосфера құруға тырысамыз, — деп атап өтті мекеме бастығы Аслан Нурбеков. Мекеме қызметкерлері мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетінін және тәрбие мен профилактикалық жұмыстың кешенді жүйесінің бөлігі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1164362?lang=kk
2026 жылы салықтық тексерулер жүргізу тәртібі 18.02.2026
2026 жылы салықтық тексерулер жүргізу тәртібі Салықтық тексерудің негізгі принциптері Бұрынғы режимнен айырмашылығы, жоспарлы (тұрақты) салықтық тексерулер жойылды. Салық органдары алдын-ала бекітілген кестелер бойынша тексерулер тағайындауға құқылы емес. Тексеру Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көрсетілген нақты шарттар негізінде ғана бастама жасалуы мүмкін. Бұдан басқа, тексеру барысында салық төлеушінің қызметін тоқтата тұру қағидатына назар аударылады: оны жүргізу заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қалыпты кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірмеуі тиіс. Салықтық тексеруді тағайындау үшін негіздер Жаңа тәсілге сәйкес тексеру тек келесі жағдайларда тағайындалуы мүмкін:Салық төлеушінің немесе салық агентінің өтініші (бастамасы) бойынша. Салық төлеуші, мысалы, есептеулердің дұрыстығын растау немесе даулы мәселелерді жою үшін өз қалауы бойынша тексеру жүргізуге өтініш жасауға құқылы.ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер болған жағдайда. Бұл болжамды салық қылмыстары фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша тексеру болуы мүмкін.Белгілі бір келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, мысалы, жер қойнауын пайдалану шарттары және заңнамада қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тексеру көзделген өзге де шарттар.Тәуекелдерді талдау және салық заңнамасын анықталған бұзушылықтар негізінде қабылданатын салық органының шешімі бойынша. Мұндай шешім бекітілген ережелерге сәйкес ресімделеді және белгіленген нысанда тіркеледі.3. Тәуекелге бағытталған тәсіл. ҚР жаңа СК тексеру туралы шешім қабылдау критерийлерінің бірі ретінде салық жүктемесін бағалауды (СЖК) енгізеді. Егер салық төлеушінің салық жүктемесінің коэффициенті аймақ бойынша орташа салалық деңгейден 90% немесе одан көп болса.4. Салықтық тексерулердің нысандары мен түрлеріЖоспарлы тексерулердің күшін жойғанына қарамастан, заңнама жаңа жағдайларға бейімделген бақылау рәсімдерінің бірнеше түрін сақтайды:Кешенді салықтық тексеру-салықтар мен міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын қамтиды.Тақырыптық тексеру-салық салудың жекелеген аспектілерін немесе салықтардың жекелеген түрлерін тексеруге бағытталған.Қарсы тексеру-тағайындалған тексеру шеңберінде салық төлеушінің контрагенттеріне қатысты жүргізіледі.Хронометраждық тексеру-салық төлеушінің жергілікті жердегі нақты қызметін талдауға бағытталған бақылау іс-шарасының нысаны. Тексеруге жататын кезең салық кодексінде белгіленген ескіру мерзімінен аспауға тиіс, сондай-ақ бұрын жүргізілген аудиттермен қамтылмауға тиіс.Салықтық тексеруді тағайындау және жүргізу тәртібіТексеру процедурасы бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды: Тексеру туралы шешім қабылдау Салық органдары ақпаратты (салық есептілігін, басқа мемлекеттік органдардан алынған деректерді, ықтимал бұзушылықтар туралы мәліметтерді) алдын ала талдағаннан кейін ғана тексеру туралы шешім қабылдайды. Бұл тексеру ресми процедура ретінде емес, нақты тәуекелдерге жауап беру шарасы ретінде қарастырылатынын растайды. Тексеру жүргізу Белгіленген мерзім ішінде салық органдарының мамандары салық төлеушінің құжаттарын, мәліметтері мен түсіндірмелерін жинайды және талдайды. Тексеру мерзімі салық төлеушілердің әртүрлі санаттары үшін бөлек анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1164372?lang=kk
Қара өлең саңлағы: жас ақынның шабыты Ұлттық ұланда оянды 18.02.2026
Ақынға шабыт түрлі жағдайда келеді. Бірі оны махаббаттан тапса, енді біріне өлең жазу үшін ерекше орта қажет. Осындай шығармашылық серпілісті Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Ерік Ысқақ бастан өткерді. Оның ақындық шабыты дәл осы әскери ортада оянды.Ұландық патриоттық жанрда өлең жазу дағдысын қалыптастыру үшін Отан алдындағы борышын өтеуге арнайы келген.«Әке көрген – оқ жонар» демекші Алматы облысының тумасы, 25 жастағы ұландықтың ақындық өнері әкесінен дарыған. Еріктің әкесі Ескермес Сәрсембаев - Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы.Атадан балаға мұра болып қалған өнер тек ақындықпен шектелмейді. Қатардағы Ысқақ – қолөнер шебері, зергер. Бұл атакәсіпті Алматыдағы Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде меңгерген.Ал ақындық оның шығармашылық әлеуетін аша түсетіндей. Бұл жолда Ерік Ұлттық ұлан қатарын толықтырғанына дән риза. Себебі ол «ерлік», «батырлық», «патриоттық сезім», «Антына адал болу» секілді ұғымдардың терең мағынасын дәл осы құқықтық тәртіп әскері сапында білді.Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ете жүріп, ол әрбір ұландықтың күн сайынғы жауынгерлік қызметте көрсеткен ерлігін дәріптеуді шешті.Осылайша, қатардағы Ысқақтың қойын дәптерінде өзіне жат болған патриоттық жанрда жазылған өлеңдер тола бастады. Ұлттық ұлан – таланттар ордасы. Құқықтық тәртіп әскері сапында әр ұландық Отан қорғаумен қатар, өзіне беймәлім қырларын аша бастайды. Немесе қатардағы Ысқақ секілді мерзімді әскери қызметтің ұтымды тұстарын пайдаланып, өз таланттарын шыңдайды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1164395?lang=kk