Қоғам
Қазақстанның елшісі Граубюнден кантонына барды 12.07.2026
2026 жылғы 25 маусым, Кур - Өңірлік ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцарияның ең ірі кантоны - Граубюнден кантонына жұмыс сапарымен барды. Бұл кантон аумағында жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық форум өтетін әлемге әйгілі Давос қаласы орналасқан.Кантон Үкіметінің төрағасы Мартин Бюлермен өткен кездесуде Қазақстан мен Швейцария арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, экономика, ғылым-білім және мәдениет салаларындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері қаралды. Тараптар аумақтарды дамыту, инфрақұрылым, туризм, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және мәдени мұраны сақтау салаларында тәжірибе алмасуға өзара қызығушылық танытты.Елші Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін және сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың тұрақты дамуын атап өтіп, елде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпарат берді. Ерекше назар «Әділетті Қазақстан» бағыты аясындағы конституциялық реформаларға аударылды. Бұл реформалар демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталған.Мартин Бюлер Қазақстанға әрі қарай да өркендеу, тұрақты даму және жүргізіліп жатқан реформаларды табысты іске асыруды тіледі, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және ұлттық әрі өңірлік деңгейлерде жаңа бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін растады.внях.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1248252?lang=ru
Қазақстан Кувейттің жаңа агроөнеркәсіптік арнайы экономикалық аймағы үшін өндірістік база болуды ұсынды 12.07.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 25 маусым – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Тұрақты даму мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Рим Әл-Фулайджпен кездесті.Кездесу барысында тараптар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қазақстандық-кувейттік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Қазақстан Елшісі еліміздің өңірдегі жетекші ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бірі ретіндегі әлеуетін атап өтіп, Қазақстанның Кувейттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сенімді әрі ұзақ мерзімді серіктес болуға дайын екенін жеткізді. Атап айтқанда, қазақстандық бидай, сиыр еті, қой еті, өсімдік майлары және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан аумағында заманауи өндірістік және қайта өңдеу кәсіпорындарын құруға кувейттік инвестицияларды тарту әлеуеті таныстырылды.Кувейттің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған мамандандырылған арнайы экономикалық аймақ құру жоспарларына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты қазақстандық тарап Қазақстанның Кувейттің болашақ қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен және дайын өніммен қамтамасыз ететін сенімді өндірістік база ретінде қарастырылуын ұсынды.Сондай-ақ тараптар салынып жатқан «Gulf Railway» өңірлік теміржол желісін Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерімен, ең алдымен «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізімен ықпалдастыру перспективаларын талқылады. Мұндай байланыс болашақта Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Парсы шығанағы елдеріне жеткізудің тиімді логистикалық тізбектерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Өз кезегінде Рим Әл-Фулайдж азық-түлік қауіпсіздігі Кувейттің негізгі мемлекеттік басымдықтарының бірі екенін растады. Ол Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тартуға, бірлескен өндірістерді дамытуға және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің Кувейт нарығына ұзақ мерзімді жеткізілімдерін ұлғайтуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1248243?lang=ru
Қытайдан Еуропаға құрлықпен жөнелтілетін барлық жүк тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді 12.07.2026
IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінің аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесу өткізді. Келіссөз барысында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.Серік Жұманғарин Үрімші қаласындағы IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінің технологиялық деңгейіне жоғары баға берді. Ол ЭКСПО-ға ұсынылған озық әзірлемелер екі елдің өнеркәсіптік кооперациясы үшін түбегейлі жаңа бағыт ашатынын атап өтті.«Бүгінгі көрмеде агрохимия мен дрон өндірісіндегі озық үлгілер ұсынылған. Біз осы өндірушілер мен инвесторларды Қазақстанға шақырғымыз келеді. Оларға өндірісті локализациялау үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайынбыз», — деді Серік Жұманғарин.Тараптар екіжақты қатынаста тұрақты оң динамика барын атап өтті. Мәселен, 2025 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тауар айналымы рекордтық $48,7 млрд-қа жеткен. Ал 2026 жылғы алғашқы бес айда сауда көлемі $22 млрд болды, яғни өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 27%-ға өсті. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш $50 млрд-тан асуы мүмкін.Жиында атап өтілгендей, екіжақты жалпы сауда көлемінің жартысынан көбі Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына тиесілі. Ол екі мемлекеттің экономикалық өзара іс-қимылының негізгі аймағы болып қала береді.«Біздің басты міндетіміз, жақын арада $100 млрд көлеміндегі өзара тауар айналымына қол жеткізу. Ол үшін Қазақстан мен Қытайдың 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастығының бағдарламасы мен Жол картасын келісуді жеделдету қажет», — деді Серік Жұманғарин.Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстан экономикасына $30 млрд-қа жуық тікелей шетелдік инвестиция құйып, еліміздегі ірі инвесторлардың біріне айналды.Қазақстандық тарап қытай бизнесін қосылған құны жоғары өнім жасауға арналған жобаларға қатысуға шақырды. Басым бағыттардың қатарында бидай мен жүгері секілді ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, толық циклді металлургиялық өндірісті дамыту, сондай-ақ агрохимия және пилотсыз ұшу аппараттарын өндіру саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру бар.Екі ел арасындағы агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің сауда көлемі $2 млрд-қа жеткені де атап өтілді. Қазіргі уақытта Қытай тарапы Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімінің 34 түрін импорттауға келісім берді. Салқындатылған ет секілді тағы 9 тауар позициясы келісу сатысында тұр.Келіссөздердің маңызды бір парасы – «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту. Бүгінде Қытайдан Еуропаға құрлықпен жөнелтілетін барлық жүк тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.Осыған орай, Қазақстан өткізу пункттерін кеңейтуде. «Бақты-Аягөз» бағытындағы жаңа үшінші өткелдің құрылысын есептегенде, үш пункттің өткізу қабілеті жылына 100 млн тонна жүкті құрайды. Қытай тарапы қазақстан-қытай шекарасында үшінші теміржол өткелін салу жобасын бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Бұл халықаралық көлік бағытының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.Дин Сюэсян Қытай тарапының Қазақстанмен цифрлық экономика, жасанды интеллект, энергетика мен навигациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілі екенін жеткізді. Ол сондай-ақ қазақстандық компанияларды өз өнімдерін қытай нарығында ілгерілетуі үшін «Қытай-Еуразия» көрмесінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, өзара сауда мен инвестицияны арттыруға, сондай-ақ БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1248226?lang=ru
Аяқ киім өнімдерін таңбалауға және қадағалауға қатысты талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 12.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау саласындағы қолданыстағы реттеу құралдарын қайта қарау мәселесі бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізеді. Жария талқылау 2026 жылғы 30 маусымда сағат 10:30-да өтеді. Жария тыңдауларға мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады. Жария тыңдауларға қатысуға өтінімдер t.smankulov@kgd.gov.kz электрондық поштасына өтініш жолдау арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1248229?lang=ru
Аумақтық сайлау комиссиясының 160 мүшесі оқытудан өтті 12.07.2026
24–25 маусым күндері Орталық сайлау комиссиясы онлайн-семинар форматында еліміздің барлық өңірлерлегі аумақтық сайлау комиссиясының 160 мүшесіне арналған оқыту курсын өткізді.Курс бағдарламасы сайлауды дайындау мен өткізудің кең ауқымды практикалық мәселелерін қамтыды. Қатысушылар сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістер мен жаңшылдықтарды, сондай-ақ ақпараттандыру, сайлау алдындағы үгіт-насихат және бақылау тәртібін талқылады.Оқыту барысында практикалық дағдыларды шыңдауға ерекше назар аударылды: өткен сайлау науқандарының кейстері талданды, аумақтық комиссиялардағы сайлау науқанын жоспарлау — күнтізбе, үйлестіру және учаскелік комиссиялармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері қаралды. Екінші күннің қорытынды бөлігі сайлау процесіндегі коммуникациялар бойынша практикалық тренингке арналды.Бағдарламаның айтарлықтай бөлігі интерактивті форматқа негізделді: қатысушылар шағын топтарда жұмыс істеп, тәжірибеден алынған бейнежағдайларды талдады, кейстердің шешімдерін дайындап, оларды кейіннен сараптамалық талқылаумен таныстырды. Мұндай тәсіл теориялық нормаларды талдап қана қоймай, комиссия мүшелерінің іс-қимыл алгоритмдерін бекітуге де мүмкіндік берді.Курс қорытындысы бойынша қатысушылар кері байланыс сауалнамасын толтырып, электрондық сертификаттарға ие болды.Аталған оқыту курсы Орталық сайлау комиссиясының барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының жалғасы болып табылады. Оның негізгі мақсаты – сайлау процесін сапалы ұйымдастыру үшін қажетті практикалық дағдыларды нығайту және жетілдіруАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1248192?lang=ru
KazAID Еуразиядағы көші-қон процестері бойынша сарапшылық вебинар өткізді 12.07.2026
2026 жылғы 25 маусымда «KazAID» КЕАҚ Kazakhstan Cooperation Programme (KCP) бағдарламасы аясында Еуразиядағы заманауи көші-қон процестеріне және Қазақстанның рөліне арналған вебинар өткізді. Шара Орталық Азия мен шетелдің мемлекеттік органдарының, эксперттік және академиялық ортасының өкілдерінің басын қосты.Вебинар барысында көші-қон бағыттары, аймақтық интеграция және заманауи сын-қатерлер жағдайындағы мемлекеттердің өзара іс-қимылы қаралды. Еңбек көші-қоны мен өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.Вебинардағы басты спикер халықаралық қатынастар саласындағы PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) ұлттық консультанты Лейла Деловарова болды. Ол қазіргі процестерге талдау жасап, босқындар, азаматтығы жоқ адамдар мәселелерін және тұрақты даму тақырыптарын қамтыды.Өткізілген вебинар халықаралық аудитория арасында үлкен қызығушылық тудырды. Тыңдаушылардың негізгі бөлігін Қазақстан Республикасы (53,8%), Өзбекстан Республикасы (28,7%) және Қырғыз Республикасының (10%) өкілдері құрады. Сонымен қатар іс-шараға аймақтағы және шетелдік басқа да мемлекеттердің, соның ішінде Түрікменстан, Тәжікстан Республикасы, Ауғанстан, Венесуэла және Ресей өкілдері белсенді қатысты. Онлайн-вебинарды сұрақ-жауап сессия аяқтады, қатысушыларға электронды сертификаттар берілді. KazAID KCP бағдарламасы аясында халықаралық сарапшылық диалогты және өңірлік іс-қимылды әрі қарай дамытуды жоспарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1248185?lang=ru
«ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АКТИВТЕРДІ ҚАЙТАРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА» 12.07.2026
25 июня 2026 года Генеральной прокуратурой проведен семинар с участием представителей Генеральной прокуратуры Республики Узбекистан на тему «Международное сотрудничество в сфере выявления, ареста и возврата незаконно приобретенных активов».2026 жылғы 25 маусымда Бас прокуратурамен Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдерінің қатысуымен «Заңсыз иемденілген активтерді анықтау, оларға тыйым салу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында семинар өткізілді.Іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан Бас Прокурорлары қол қойған Ынтымақтастық туралы меморандумды және 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.Семинар барысында заңсыз иемденілген активтерді іздестіру, оларға тыйым салу, тәркілеу және қайтару саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.Қазақстан Республикасының «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңын қолдану практикасына, азаматтық тәркілеу институтын пайдалануға, қайтарылған активтерді басқару мәселелеріне, сондай-ақ цифрлық активтерге байланысты қылмыстарды тергеп-тексеруге ерекше назар аударылды.Қатысушылар практикалық тәжірибеменалмасып, қаржылық қылмыстардың трансұлттық сипатымен байланысты заманауи сын-қатерлерді қарастырды және активтерді қайтару саласындағы өзара іс-қимылдың одан арғы бағыттарын талқылады.Семинар қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және заңсыз иемденілген активтерді анықтау, оларға тыйым салу және қайтару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделілігін растады.Осындай іс-шараларды өткізу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1248173?lang=ru
Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұры туралы не білеу қажет? 12.07.2026
Банктік шоттар (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда:- салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешекті өтемеген;- салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама орындалмаған;- салық органының лауазымды адамдарының осы Кодексте белгіленген салықтық тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа, олар салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге және зерттеп-қарауға жіберілмеген;- камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама орындалмаған;- дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама орындалмаған;- тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарлама орындалмаған жағдайларда жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1248171?lang=ru
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Егеменді Әскери Мальта Орденін ұлттық күнімен құттықтады 12.07.2026
2026 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ және Егеменді Әскери Мальта Ордені жанындағы Елшісі Т.Пірімбетов Егеменді Әскери Мальта Орденінің ұлттық мерекесі – Әулие Иоанн шоқындыру күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараларға қатысты.Қазақстан дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті.Орденнің Ұлы Магистрі құттықтау үшін алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасы мен Егеменді Әскери Мальта Ордені арасындағы гуманитарлық, мәдени және дінаралық салалардағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1248125?lang=ru
Қазақстанда кедендік есептілікті тапсырудың жаңа қағидалары енгізіледі: СЭҚ қатысушылары нені білуі керек? 12.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы аумағында күшіне енетін есепке алуды жүргізу және мерзімдік есептілікті ұсыну қағидаларындағы ауқымды өзгерістер туралы хабарлайды. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жаңа талаптары қолданысқа енгізіледі.Негізгі өзгеріс: «e-Otinish» платформасының күшін жою және электрондық поштаға көшуЕң маңызды практикалық жаңашылдық құжаттарды жолдау арналарына қатысты. Кедендік есептілікті жалпыазаматтық «e-Otinish» порталы арқылы қабылдау бүкіл ел бойынша толық тоқтатылды. «Keden» бейінді жүйесіндегі процестер толық автоматтандырылғанға дейін есептер арнайы электрондық пошта жәшіктері арқылы қабылданады.Алматы өңірінің кәсіпкерлері мен компаниялары үшін:Құжаттарды қабылдау енді Департаменттің арнайы электрондық мекенжайына тікелей жүзеге асырылады: Otchety.Keden_Almaty@kgd.gov.kzБұл өзгерістер кімдерге қатысты?Жаңа тәртіп кедендік тізілімдерде тіркелген барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады: уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ), кедендік және еркін қоймалардың, бажсыз сауда дүкендерінің (Duty Free) иелері, кедендік тасымалдаушылар, кедендік брокерлер (өкілдер) және уәкілетті экономикалық операторлар.Есептерді жолдау тәртібіҚұжаттардың сәтті тіркелуі және жалпы хаттар ағынында жоғалып кетпеуі үшін жіберушілер келесі үш талапты қатаң сақтауы қажет:1. Ілеспе хатты қоса беру – тіркемеде ұйымның шығыс нөмірі, күні, орындаушының аты-жөні және байланыс деректері (телефон және e-mail) көрсетілген хат болуы тиіс.2. Хат тақырыбын нақты көрсету – белгіленген үлгі бойынша. Мысалы: «2026 жылдың I тоқсаны үшін «Алатау» ЖШС УСҚ есебі».3. Файлды дұрыс атау – есеп қоса берілген файлдың атауы электрондық хаттың тақырыбымен толық сәйкес келуі тиіс.12 шілдеден бастап енгізілетін қосымша өзгерістер«Цифрлық жүйелерге» көшу: ҚР жаңа Цифрлық кодексі аясында «ақпараттық жүйе» ұғымы барлық жерде «цифрлық жүйе» ұғымымен ауыстырылады.Бланкілерді жаңарту: статистикалық есептілік нысандарының титулдық парақтары мен оларды толтыру қағидаларына түзетулер енгізілді. Сақтау мерзімдерін бақылау: нормативтік деңгейде компаниялардың есепке алу кітаптары мен тапсырылған есептерді сақтау мерзімдері нақты бекітілді.Өтпелі кезең үшін маңызды ақпаратЖаңа қағидалардың енгізілуіне қарамастан, 2026 жылғы II тоқсан бойынша тауарлар мен көлік құралдарының есебі, сондай-ақ 2026 жылғы II тоқсан және I жартыжылдық үшін есептілік 2026 жылғы 12 шілдеге дейін қолданыста болған редакциядағы ескі нысандар бойынша тапсырылуы тиіс.Департамент Алматы қаласының СЭҚ қатысушыларын есептілікті тапсыру кезінде бұзушылықтар мен кідірістерге жол бермеу үшін құжаттарды жолдау тәртібін алдын ала қайта қарауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1248110?lang=ru
Салық берешегі: уақтылы төленбеген жағдайда қандай шаралар қолданылады? 12.07.2026
Салық берешегі: уақтылы төленбеген жағдайда қандай шаралар қолданылады?Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді уақытында төлемеу өсімпұлдың есептелуіне ғана емес, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өндіріп алу шараларының қолданылуына да әкелуі мүмкін.Бірінші кезең – хабарлама жіберуБерешек туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары оны өтеу қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды. Кәсіпкерлік субъектілері үшін салық берешегі 20 АЕК-тен, ал әлеуметтік төлемдер бойынша берешек 6 АЕК-тен асқан кезде хабарлама жіберіледі. Берешекті ерікті түрде өтеуге 10 жұмыс күні беріледі.Шектеу шараларыЕгер берешек белгіленген мерзімде өтелмесе, салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында келесі шаралар қолданылуы мүмкін:▪ банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;▪ касса бойынша шығыс операцияларын шектеу;▪ екінші деңгейдегі банктерге инкассалық өкімдер жолдау.Шетелге шығуды уақытша шектеуЗаңды тұлғалардың басшылары мен жеке кәсіпкерлердің үш айдан астам уақыт өтелмеген берешегі болған жағдайда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.Мәжбүрлеп өндіріп алуБерешек ерікті түрде өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары келесі қосымша өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы:▪ берешекті банк шоттарынан өндіріп алу;▪ дебиторлық берешек есебінен өндіріп алу;▪ мүлікке билік ету құқығын шектеу және оны заңнамада белгіленген тәртіппен өткізу.Жеке тұлғалар үшінСалық берешегі 1 АЕК-тен асқан жағдайда салық бұйрығы шығарылып, ол заңнамаға сәйкес орындау үшін сот орындаушыларына жіберіледі.Борышкерлер туралы мәліметтерді жариялауБюджет алдында берешегі бар салық төлеушілер туралы ақпарат заңнамада белгіленген тәртіппен ашық қолжетімді дереккөздерде орналастырылады.Жағымсыз салдардың алдын алу үшін:салық міндеттемелерін уақытылы орындаңыз;• берешектің бар-жоғын тұрақты түрде тексеріңіз;• өсімпұлдардың есептелуін бақылаңыз;• бюджетпен есеп айырысу туралы өзекті ақпарат алу үшін «e-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» сервистерін пайдаланыңыз.Уақтылы төленген салықтар – мемлекет алдындағы міндетті орындау ғана емес, қаржылық және әкімшілік шектеулердің алдын алудың кепілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1248065?lang=ru
Алматы облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру жалғасуда 12.07.2026
Алматы облысында «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Жобаның негізгі мақсаты – инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, желілердің тозу деңгейін төмендету, коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.Бүгінгі таңда облыс бойынша 25 жоба әзірленіп, оның 15-і МЭКС электрондық платформасына орналастырылды.Жобалар коммуналдық инфрақұрылымның негізгі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда:– сумен жабдықтау;– су бұру;– жылумен жабдықтау.Аталған бағыттар аясында қолданыстағы инженерлік желілерді қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары көзделген. Бұл коммуналдық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жобаларды сүйемелдеу, табиғи монополия субъектілерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қажетті материалдарды МЭКС платформасына уақтылы орналастыру жұмыстарын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1247965?lang=ru
Қостанайда көше және сәулеттік жарықтандыру жүйесі қарқынды дамып келеді 12.07.2026
Жұмыс сапары барысында қаланың көше жарығы мен ғимараттардың сәулеттік жарықтандырылу жағдайына мониторинг жүргізілді.Қостанай қаласында сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстары 2023 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатқа 4,5 млрд теңге бөлінген.Нәтижесінде 2023 жылы қаланың 274 көшесі немесе жалпы көшелердің 65%-ы жарықтандырылған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 402 көшеге немесе 95%-ға жетті.2026 жылдың соңына дейін қаладағы жарық шамдарының саны 19 623-ке дейін ұлғайтылады. Оның 68%-ын жарық деңгейін тәулік уақытына, ауа райы жағдайына және көлік қозғалысының қарқындылығына қарай автоматты түрде реттейтін заманауи энергия үнемдейтін диммерлі шамдар құрайды.Сонымен қатар қалада ғимараттардың сәулеттік жарықтандырылуын дамыту жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі уақытта 188 көпқабатты тұрғын үй мен бизнес нысаны сәулеттік жарықпен жабдықталған. Бұл қаланың эстетикалық келбетін жақсартып, түнгі уақытта тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.Қостанайды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Негізгі мақсат – тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз және заманауи қалалық орта қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1247944?lang=ru
«Айбын-2026» жиынында арқан тарту, эстафета және жүзуден үздіктер анықталды 11.07.2026
Ақмола облысындағы «Амандық» полигонында XII Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиыны жалғасып жатыр.Жарыс барысында қатысушылар өздерінің күш-қуатын, төзімділігі мен жылдамдығын көрсетіп, нағыз қайсар мінез танытты. Ең тартысты кезеңдердің бірі арқан тарту сайысы болды. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жарыста жеңіске жету үшін бір қара күш жеткіліксіз. Мұнда командалық үйлесім, бірлік пен дұрыс тактика шешуші рөл атқарады.Халықаралық санаттағы финалдық бәсекеде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Тартысқа толы шешуші сайыста Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледждің кадеттері жеңіске жетті.– Бұған дейінгі «Айбын» жиындарында біз осы сайыс түрінен тұрақты түрде екінші немесе үшінші орын алып жүрдік. Ал бүгін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Біз үшін Қазақстанның абыройын асқақтатып, әскери-патриоттық клубтардың жас тәрбиеленушілеріне үлгі көрсету маңызды болды, – деді жеңістен кейін эмоциясын жасыра алмаған ұлттық құраманың капитаны Сағынай Сағанбек.Сол күні полигонда әскери эстафета да өтті. Қарқынды жарыс қатысушылардан жоғары деңгейлі шоғырлану, жылдам әрекет ету мен командалық үйлесімді талап етті.Жарыс шарты бойынша әр командадан бес қатысушы кезекпен 25 метрлік қашықтықты еңсерді. Әрқайсысы автоматты бөлшектеу және жинақтау, әскери жарақты кию, салмағы 15 келі болатын оқ-дәрі жәшігін тасымалдау, тікенекті сым астымен еңбектеп өту және садақ ату секілді тапсырмаларды орындады.Күннің екінші жартысында спорттық тартыс Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлық орталығында жалғасты. Мұнда жүзу жарыстары өтті. Өз командаларының намысын қорғаған қатысушылар әр секунд үшін күресті. Бұл сайыста дұрыс тыныс алу, жүзу техникасы және эстафетаны жоғары жылдамдықпен тапсыру шеберлігі маңызды рөл атқарды.Ауқымды шара өз мәресіне жақындап келеді. Дегенмен ұйымдастырушылардың басты жетістігі ретінде қатысушылар арасында қалыптасқан достық, өзара құрмет пен сауатты бәсекелестік атмосферасын атауға болады.– «Айбын» жиынына қатысу үшін Қазақстанға алғаш келуім. Әсерім өте жақсы. Мұнда ерекше достық пен өзара сыйластықты сездім. Бірнеше күннің ішінде әртүрлі елден келген жастармен достасып үлгердік. Эстафета біз үшін қиын болған жоқ. Себебі өз елімізде осындай кедергілер жолағынан өтуді мұқият жаттықтырдық. Сондықтан жарыс барысында өзімізді сенімді сезініп, жақсы нәтиже көрсеттік, – деді Қырғыз ұлттық әскери лицейінің тәрбиеленушісі Әжібек Рысқұлов.Айта кетейік, қатысушылардың шеберлігін сынайтын басты кезең – «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны болады. Алайда қазірдің өзінде бұл жиынның ең маңызды нәтижесі кубоктар мен медальдар ғана емес, ортақ сынақтар мен адал бәсекеде шыңдалған берік достық екені анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1247903?lang=ru
Шомылу маусымындағы қауіпсіздік ерекше бақылауда 11.07.2026
Қостанай облысында тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымында құтқару қызметтерінің жұмысы күшейтіліп, ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.Облыс аумағында 8 мыңнан астам су айдыны бар. Оның ішінде шомылуға рұқсат етілмеген 226 орын анықталған. Өңір әкімінің қаулысына сәйкес тұрғындардың қауіпсіз демалысы үшін 25 ресми шомылу орны белгіленген. Оның алтауы коммуналдық, ал 19-ы жекеменшік жағажай болып табылады.Шомылу маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында 120 құтқарушы, 35 техника, 21 жүзу құралы және арнайы сүңгуірлік жабдықтар тәулік бойы дайындықта тұр. Сонымен қатар суға түсуге арналмаған аумақтарда жағалау сызығын патрульдеу ұйымдастырылып, моторлы қайықтармен жабдықталған алты мобильді құтқару бекеті жұмыс істеуде.Қазіргі таңда Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті халық арасында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, білім беру ұйымдарының өкілдері мен еріктілер тартылған. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында қосымша патрульдеу шаралары ұйымдастырылып, тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптары кеңінен түсіндірілуде.Мамандар тұрғындарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін суға түспеуге шақырады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1247906?lang=ru
2026 жылы салықтық берешек: уақытылы төлемеген жағдайда не болады? 11.07.2026
Салықтарды немесе әлеуметтік төлемдерді төлеуді ұмытып кеттіңіз бе? Қазақстанда өндіріп алу жүйесі нақты және автоматты түрде жұмыс істейді. Мемлекеттің борышкерлерге қолданатын шаралар тізбегі туралы айтып береміз. Хабарлама — бірінші ескерту 🔔 Егер сізде берешек туындаса, салық органы оны өтеу туралы хабарлама жібереді. Бизнес (ЖК және ЖШС) үшін бұл берешек 20 АЕК-тен, ал әлеуметтік төлемдер бойынша — 6 АЕК-тен асқанда орын алады. Сізде ерікті түрде өтеу үшін 10 жұмыс күні бар. Шоттар мен кассаны бұғаттау 🚫 Егер хабарлама ескерусіз қалса:Банктегі шоттар: Жалақы, алимент және салықтардың өзін төлеуден басқа барлық шығыс операциялары 1 жұмыс күні ішінде тоқтатылады.Касса: Егер борыш көлемі үлкен болса, салық органы кассадан қолма-қол ақша алуға тыйым салады — барлық қаражат бюджетке бағытталуы тиіс. Елден шығуға тыйым салу ✈️ Бұл компания басшылары мен ЖК үшін ең жағымсыз шара. Егер борыш шекті мөлшерден асып, 3 айдан астам уақыт бойы өтелмесе, салық органы сот арқылы Қазақстаннан шығуға уақытша шектеу қояды. Мәжбүрлеп өндіріп алу 🔨 Егер шоттар бұғатталып, ақша болмаса, қатаң шаралар қолданылады:Инкассолық өкімдер: Банк шотқа ақша түскен бойда оны өзі есептен шығарады.Дебиторларыңыздан өндіріп алу: Салық органы сізге қарыз тұлғалардан ақша талап ете алады.Мүлікті қамауға алу және сату: Сіздің мүлкіңізге билік ету шектеліп, ол сауда-саттыққа шығарылуы мүмкін. Жеке тұлғалар үшін салықтық бұйрық 👤 Қарапайым азаматтар үшін процедура одан да оңай: берешек 1 АЕК-тен асқанда салықтық бұйрық шығарылып, ол бірден мүлікті және шоттарды қамауға алу үшін сот орындаушыларына беріледі. Репутациялық тәуекелдер 📉 Берешегі бар тұлғалардың тізімдері тоқсан сайын ашық дереккөздерде жарияланады. Бұл сіздің банктермен және серіктестермен қарым-қатынасыңызға нұқсан келтіруі мүмкін.💡 Мәселелерді қалай болдырмауға болады?Өсімпілді қадағалаңыз (ол мерзімі өткен әрбір күн үшін Ұлттық Банк ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі).«e-Salyq Azamat» немесе «e-Salyq Business» қосымшаларындағы жеке кабинетіңізді үнемі тексеріп тұрыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1247857?lang=ru
2025 жылға арналған 270.00 ф.ұсыну туралы еске салу 11.07.2026
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылға міндеттемелер болған жағдайда, 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 270.00 нысандағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну қажеттігін еске салады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 36-37-69 нөмірі бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1247861?lang=ru
Салық төлеушінің дербес шоты: қандай жағдайларда және қалай беріледі 11.07.2026
Салық төлеушінің дербес шоты: қандай жағдайларда және қалай беріледі?Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары арасында беру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:Жеке тұлғаның тұрғылықты жері (уақытша болатын жері) өзгерген кезде;Орналасқан жері өзгерген кезде:• жеке кәсіпкердің;• жеке практикамен айналысатын тұлғаның;• заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшелерінің;• Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттің;• бейрезиденттің тұрақты мекемесі болып танылатын тәуелді агенттің;• салық агенті болып табылатын бейрезиденттің.Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде;Бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығын төлеудің және Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелер тобы бойынша декларацияны бір тұрақты мекеме арқылы ұсынудың тәртібіне көшкен кезде;Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қате төленген жағдайда;Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі есептен шығарылып, оның дербес шоты заңды тұлғаның дербес шотына берілген кезде.Дербес шотты беру оған негіз болған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.Салық заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша тіркелген жеріңіздегі мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңызға болады.#ҚостанайМКД #СалықТөлеуші #ДербесШот #МемлекеттікКірістер #СалықЗаңнамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1247844?lang=ru
Қазақстан «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінде экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды 11.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үрімші қаласында «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.«Қытай – Еуразия» көрмесі дәстүрлі түрде Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын Батыс Қытай орталығының ең ірі көлік-логистикалық және сауда хабы ретінде Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) мәртебесін нығайтатын, «Белдеу және жол» бастамасының негізгі халықаралық алаңының бірі.Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған қытай тарапына алғысын білдірді. Ол көрменің сауда-экономикалық ынтымақтастық пен іскерлік байланысты нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды іске қосуда беделді алаңға айналғанын атап өтті. Вице-премьер екі мемлекеттің көшбасшылары – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің стратегиялық өзара іс-қимылы мен жеке сенімі арқасында қазақстан-қытай қатынасы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне жеткенін атап өтті. Бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болса, ШҰАА-мен шекара маңындағы ынтымақтастық екіжақты сауданың негізгі драйверінің бірі.«Қазақстан үшін ШҰАА – бұл жақын көрші ғана емес, сонымен қатар Қытайдың миллиондаған долларлық нарығына шығатын негізгі көлік-логистикалық торап. Шыңжаң арқылы негізгі көлік артериялары өтеді. Біз сапалы және экологиялық таза қазақстандық өнімдердің: ауыл шаруашылығы, тамақ, металлургия және химия өнімдерінің экспортын арттыруға дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Вице-премьердің айтуынша, Үрімші қаласындағы ЭКСПО алаңы биылғы жылы өнеркәсіптік кооперацияға, өзара инвестициялар мен өндірістік тізбектерді дамытуға қосымша серпін беретін жаңа бірлескен жобалар үшін бастапқы нүкте болады. Ашылу салтанатында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсян халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, мәдени алмасуларды дамытудың және технологиялық инновацияларды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Қытай ғылым, білім және жасанды интеллект саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, жаһандық сын-қатерді бірлесіп шешуге және орнықты дамуға жәрдемдесуге ниетті.Сапар шеңберінде Қазақстан вице-премьері жалпы ауданы 140 мың шаршы метрді құрайтын ауқымды экспозициямен танысты. Барлығы алты мамандандырылған аймақ құрылған: инвестициялық ынтымақтастық, жаңа сападағы өндірістік күштер, өзіне тән артықшылықтары бар салалар, «Жасыл» даму, мәдениет пен туризм интеграциясы, сондай-ақ Жібек жолы шеңберіндегі ынтымақтастық. Осы көрменің ауқымы мен қатысу деңгейі жаңа рекордтық көрсеткішке қол жеткізді – оған 49 ел мен өңірдің, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Сауда, инвестиция, тұтыну және инновацияны дамытуға бағытталған іскерлік бағдарлама шеңберінде 80-нен астам іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында – «Қытайға экспорт» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның мамандандырылған сессиясы бар.Орталық орынды «Қазақстан» ұлттық павильоны иеленді. Онда 30-дан астам отандық компания өз өнімін ұсынды. Көрменің жұмысы 29 маусымға дейін жалғасады. Қазақстандық экспозиция отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін айқын көрсетеді. Мұнда агроөнеркәсіптік кешен, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, алкогольсіз сусындар, парфюмерлік-косметикалық тауарлар және жоғары өңделген өнімдер ұсынылған. Инновациялық сүт өнімдері, соның ішінде түйе ұнтағы сүті, сондай-ақ халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін ет және балық өнімдері келушілердің назарын аударуда.Анықтама:«Қытай – Еуразия» халықаралық көрмесі (China–Eurasia Expo) 2011 жылдан бастап Үрімші қаласында өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар – ҚХР Сауда министрлігі, ҚХР СІМ, Қытайдың халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті және ШҰАА халық үкіметі. Қазақстан дәстүрлі түрде көрменің басты шетелдік қатысушысының бірі. Еске салсақ, 2024 жылы өткен VIII «Қытай – Еуразия» көрмесінде Қазақстан шет мемлекеттер арасында көлемі 260 шаршы метр болатын ең ірі экспозицияны орналастыра отырып, құрметті қонақ мәртебесіне ие болған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1247830?lang=ru
Қазақстан мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы парламентаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылады 11.07.2026
Страсбург, 22-24 маусым 2026 жылғы – Сенатор Евгений Больгерт Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) жазғы сессиясына қатысты.Сапар барысында Е.Больгерт Ассамблея Президенті Петра Байрмен (Австрия) келіссөздер жүргізді. Тараптар Қазақстан мен ЕКПА арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады. Жаңа Конституцияның қабылдануы аясында Қазақстандағы алдағы саяси өзгерістер жеке сөз болды. П.Байрға Құрылтайға алдағы сайлауға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.Өз кезегінде, ЕКПА Төрайымы Ассамблея депутаттарының Қазақстанның жаңа Парламентіне сайлауды бақылауға қатысуға деген қызығушылығының артқанын атап өтті.Қазақстандық депутаттың «Еуропалық консерваторлар, патриоттар және одақтастар» фракциясының Төрағасы Жольт Неметпен, «Еуропалық халық партиясы» фракциясының Төрағасы Пабло Испанмен, «Еуропа үшін либералдар мен демократтар одағы» фракциясының Төрағасы Юлиан Булаймен, «Социалистер, демократтар және жасылдар» фракциясының Төрағасы Франк Швабемен, ЕКПА-дағы Германия ұлттық делегациясының Жетекшісі Кнут Абрахаммен, сондай-ақ ЕКПА депутаттар корпусының дуайені Эмануэлис Зингериспен екіжақты кездесулері өтті.Е.Больгерт әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық үдерістер, бір палаталы Парламентке көшуді қоса алғанда, саяси жүйені жаңғырту туралы хабардар етті.Бұдан басқа, Құрылтай сайлауын бақылауға қатысуды жоспарлап отырған Ассамблея депутаттары тобымен, оның ішінде ЕКПА-ның болашақ миссиясының Басшысы С.Челенкпен кездесу өтті. Алдағы парламенттік сайлау талқыланды, еуропалық депутаттар Қазақстанның қазіргі саяси-партиялық ландшафты туралы ақпараттандырылды.Өз кезегінде, ЕКПА депутаттары Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістердің ерекшелігін және олардың серпінді сипатын атап өтті.Ағымдағы сапар барысында Е.Больгерт Құқықтық мәселелер және адам құқықтары комитетінің отырысында сөз сөйледі. Бұл іс-шарада халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың кейбір аспектілері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1247836?lang=ru