Қоғам
Өскемендегі колонияда шина өңдеу цехы ашылды 15.09.2025
Өскемендегі колонияда шина өңдеу цехы ашылдыӨскемен қаласында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №17 мекемесінде автомобиль шиналарын өңдейтін жаңа цех іске қосылды.Енді сотталғандар жаңа мамандықты игеріп, резеңке плитка мен брусчатка жасауға қажетті шикізат өндіре алады.Жеке кәсіпкерлікпен бірлесіп жүзеге асырылған бұл жоба сотталғандарды жұмыспен қамтып қана қоймай, ескі шиналарды қайта өңдеу арқылы аймақ экологиясына да үлес қосады.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мұндай өндірістердің сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті."Жұмыс оларға өздерін қажетті сезінуге көмектеседі және бостандыққа шыққандағы өмірге дайындайды", — деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Дастан Санбаев.Бүгінгі таңда ШҚО мекемелерінің өндірістік аймақтарында шағын және орта бизнестің 33 субъектісі жұмыс істейді, мұнда еңбекке қабілетті сотталғандардың шамамен 55,7%-ы жұмыспен қамтылған.Жаңа цехта өндіріс процесі толығымен жолға қойылған. Қайта өңделген шиналардан резеңке ұнтағы алынады, ол кейін брусчатка, тротуар плиталары, балалар және спорт алаңдарына арналған жабындар жасау үшін қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1067784?lang=kk
Кәсіпкерлерге салық заңнамасы түсіндірілді 15.09.2025
«Орталық», «Car City Vostok» сауда орталықтарында және «Алтай» базарында 1 тамыз бен 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен «Қазақстан халық банкі» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының өкілдері салық заңнамасын, соның ішінде бақылау-кассалық машиналар мен POST-терминалдарды қолдану мәселелерін түсіндіру бойынша бірлескен жұмыс жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1067739?lang=kk
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын талқылау өтті 15.09.2025
Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауын талқылау бойынша жиын өтті. Іс-шараға «Amanat» партиясының өкілдері мен мәслихат қызметкерлері қатысты.Жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауда айқындалған негізгі басымдықтары жан-жақты талқыланып, ел дамуының стратегиялық бағыттары қарастырылды. Қатысушылар Жолдауда көрсетілген әлеуметтік-экономикалық міндеттердің халықтың әл-ауқатын арттыруға, саяси жүйені одан әрі демократияландыруға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.Сонымен қатар жиынға қатысушылар Президент бастамаларын іске асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екендігін ерекше атап өтіп, «Amanat» партиясы мен мәслихат тарапынан қойылған міндеттерді жүзеге асыруға толық дайын екендіктерін жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1067743?lang=kk
Салықтарды кейінге қалдыр 15.09.2025
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің мүлікті (жылжымалы, жылжымайтын) немесе банктік кепілдікті кепілге салықтар бойынша кейінге қалдыруға немесе бөліп төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды.- кейінге қалдыру салықты төлеу мерзімін 6 айға дейін ауыстыруға, ал бөліп төлеу қарызды кезең-кезеңімен 3 жылға дейін төлеуге мүмкіндік береді.Уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған салық төлеушілер кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу құқығын ала аладыСондай-ақ, 2025 жылғы 18 шілдедегі Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру мақсатында 2026 жылдан бастап кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік беретін жоба әзірленгенін хабарлаймыз.Қандай өзгерістер бар?* 1500 АЕК дейінгі берешегі бар салық төлеушілер үшін мүлік кепілінсіз және банктік кепілдіксіз бөліп төлеу мүмкіндігі* Кепіл мүлкіне міндетті бағалау жүргізу және оны сақтандыру алынып тасталады.* Өтініштерді қарау және бөліп төлеу мерзімдерін қысқарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1067636?lang=kk
«Sergek» зияткерлік жүйесі өңірде іске қосылды 15.09.2025
Облыста қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды «Sergek» зияткерлік жүйесін енгізу жобасы басталды.Бүгінгі таңда жүйе толықтай іске қосылған: барлық камералар тәулік бойы жұмыс істейді, бұл өңір аумағындағы жағдайды үнемі бақылауға мүмкіндік береді.Жоба аясында:• 325 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды,• автомобиль жолдарын, аула аумақтарын және қоғамдық кеңістіктерді қамтитын 9 000-нан астам бейнебақылау камерасы орнатылды,• бұрын бейнебақылау болмаған 32 шалғай елді мекенге жүйе енгізілді.Жүйені енгізуден күтілетін нәтижелер:🔹 қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейін 40%-ға дейін төмендету,🔹 жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім санын 50%-дан астам қысқарту.«Sergek» — заманауи бейнебақылау технологияларын және жасанды интеллектіні біріктіретін жүйе. Ол нақты уақыт режимінде жағдайды бақылауға және кез келген оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, бұл өңірдегі қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1067656?lang=kk
ALTAY INVEST 2025 15.09.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады. «Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумыныңБАҒДАРЛАМАСЫ 2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8 2025 жылғы 26 қыркүйек 08.00-09.00Тіркеу/Кәсіпорындардың көрмесі – 1-қабат.09.00-09.45Салтанатты ашылу. 3-қабат.09:45 – 11:00Пленарлық отырыс. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан облысын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы» Тақырып: 2030 жылға дейін ШҚО дамыту стратегиясының негізгі бағыттары Тақырып: «Өнеркәсіп – ШҚО экономикасының негізі» Тақырып: «Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының 500 ірі компаниясы картасында» Тақырып: ШҚО-ның инвестициялық артықшылықтары мен перспективалары11:00 – 11:15Кофе-брейк. 11:15 – 12:30№ 1 панельдік пікірталас. ШҚО іскерлік кеңесі. 3-қабат.Тақырып: «ШҚО дамуына жергілікті бизнес көшбасшыларының көзқарасы» Пікірталас қатысушылары:-«Қазцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры – Лазарев Андрей Павлович-«AITAS» компаниясының өкілі-«Шығыс-Сүт» ЖШС-нің бас директоры – Сайлаубаев Сейілжан Жіренұлы-«Эмиль» ЖШС-нің басшысы – Аберле Анна Эрвинқызы-«Бес жұлдыз» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы – Тойбазаров Мұхтар Серікұлы- ЕДҚБ / IFC / Eurobak өкілі14.00 – 14.102023–2024 жж. «ШҚО-дағы үздік инвестициялық жоба» жеңімпаздарын ШҚО әкімінің марапаттау рәсімі.14.10-14.25Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі. 3-қабат.14:30 – 15:15№ 2 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан — тұрақты өсім аймағы» Тақырып: ШҚО-ның өңірлік ерекшеліктері мен артықшылықтары Тақырып: Аймақтың перспективалық инвестициялық жобалары Тақырып: Май және майлы өнімдер саласының инвестициялық мүмкіндіктері Тақырып: «Шетелдік қатысуы бар компанияларға преференциялар»15:15 – 15:30Кофе – брейк. 15:30 – 16:45 № 3 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: Аймақтың болашақ өсуінің практикалық мәселелері Панель қатысушылары: CRC, жергілікті бизнес, университет/сарапшы, СПК Ертіс АҚ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік центрі Инвестиция тарту құралдары мен әдістері. Мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар: қатынасы, басымдықтары мен маңызы. ШҚО еңбек ресурстары: мүмкіндіктері мен тәуекелдері. Шағын бизнес: аймақ дамудағы маңызы мен рөлі.15:30 – 16:45№ 4 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: Шығыс Қазақстанның салалық басымдықтары Тақырып: Майды терең өңдеудің перспективалары. Тақырып: Гастротуризм және элиталық туризм. Шаңғы туризмі мүмкіндіктері. Тақырып: ШҚО су және орман ресурстары – өсу мүмкіндіктері ретінде. Тақырып: Шетелдік қонақтың көзқарасымен күтулер мен мүмкіндіктер.15:30 – 16:45B2B кездесулер. 3-қабат.17:00 – 17:15Қорытынды сөз. Форум нәтижелері. Форумның демеушілері Медиа серіктестіктер Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/1067591?lang=kk
Amian қатысушысы Halyk Bank-тен 100 000 бонусқа сертификат ұтып алды! 15.09.2025
Amian платформасының жеңімпазын құттықтаймыз! Ол Halyk Bank-тен 100 000 теңгелік сертификаттың иегері атанды! Бұл — әркімге де сәттілік серік бола алатынының жарқын үлгісі.Еске саламыз, Amian қосымшасында Акциялар жалғасуда:«Чектіталапет — жүлде ұтып ал»«Бәйге»пилоттықжоба «Салық-кэшбек»жәнеHalykBank-тен арнайы акциялар Amian қосымшасы — пайдаланушыларға чектерді сақтауға мүмкіндік беретін цифрлық көмекші.Қосымша App Store және Play Market арқылы тегін жүктеп алуға қолжетімді.Маңызды:Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: фискалдық чекті талап ету — бұл тек жүлде ұтып алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау, есеп айырысудың ашықтығына үлес қосу және адал кәсіпкерлікті дамыту жолы. Келесі жеңімпаз болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1067528?lang=kk
«Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форум 15.09.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек«Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-transport/press/news/details/1067530?lang=kk
Мемлекеттік қызметшінің әдебі жөніндегі ЖАДЫНАМА 15.09.2025
Әдеп – мемлекеттік қызметшінің кәсіби болмысының айнасы. Ол халықтың сенімін нығайтып, мемлекеттік органның абыройын көтереді.Мемлекеттік қызметшінің басты әдеп қағидалары:Адалдық пен әділдік – әрбір іс-әрекетте заңға және ар-ожданға сай болу.Сыпайылық пен құрмет – әріптестерге, азаматтарға және серіктестерге ілтипатпен қарау.Жауапкершілік – қызметтік міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындау.Қоғам алдындағы үлгі – сыртқы келбет пен мінез-құлықта мәдениетті болу.Сенімге ие болу – азаматтармен қарым-қатынаста ашықтық пен түсіністік таныту.Әдеп нормаларын сақтау – дауыс көтермеу, дөрекі сөз қолданбау, қақтығыстарға жол бермеу.Ынтымақтастық – ұжымда қолдау көрсету, бір-біріне көмектесу, сыйластық таныту.Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – заңсыз сыйақыдан, мүдделер қақтығысынан бас тарту. «Мәдениет пен әдеп – әрбір азаматтың, әр отбасының өзінен басталуы тиіс» (Қ. Тоқаев, 2025 жылғы Жолдау). Бұл қағида мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше маңызды. Себебі әрбір мемлекеттік қызметші – елдің бейнесі, халық алдындағы сенім мен құрметтің иесі.Есте сақтаңыз:Әр мемлекеттік қызметші – мемлекеттің өкілі.Әрбір сөзіңіз бен ісіңіз – ел абыройына әсер етеді.Әдептілік – халыққа құрметтің, мемлекетке адалдықтың көрінісі. Әдепті ұстанған қызметкер – абыройлы азамат, халық сеніміне лайық тұлға. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1067534?lang=kk
ҚР-ның ПИР-дағы Елшісінің Гуджранвал қаласының бизнес-қоғамдастығымен кездесуіне қатысты 15.09.2025
Исламабад, 2025 жылғы 10 қыркүйек - ҚР-ның ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Гуджранвала ірі индустриалды қаласының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында Е.Қыстафин Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу бастаған Қазақстан Республикасы делегациясының Исламабад қаласына ресми сапарының қорытындылары, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде халықаралық көлік дәліздерін жолға қою және бизнес-байланыстарды кеңейту жөніндегі қол жеткізілген келісімдер туралы хабардар етті.Елші Қазақстанның орта мерзімді перспективаға арналған жоспарларымен бөлісті, өсіп келе жатқан тауар айналымын, біздің елдеріміздің іскер қоғамдастықтарының қызығушылығын әртүрлі бағыттар бойынша: ауыл шаруашылығы, IT-индустрия, тоқыма өнеркәсібі және т. б. өзара іс-қимылды нығайтуға атап өтті.Елші Қазақстанның орта мерзімді жоспарларымен бөлісіп, өсіп келе жатқан тауар айналымын атап өтті, сондай-ақ екі елдің іскерлік қауымдастықтарының ауыл шаруашылығы, IT индустриясы, тоқыма өнеркәсібі және басқа да түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға деген қызығушылығын жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша Гужранвалқаласының өкілдері делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1067494?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан Мини-футбол федерациялары арасындағы ынтымақтастық 15.09.2025
Ташкент қ. 2025 ж. 11 қыркүйек- Ташкент қ. Мини-футболдан халықаралық турнир өтті.Осы турнирге 8 команда қатысты, оның ішінде Қазақстан мен Пәкістаннан.Турнир барысында екі елдің мини-футбол федерациялары арасында келіссөздер жүргізілді, оның қорытындысы бойынша ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын, екіжақты турнирлерді ұйымдастыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған меморандумға қол қойылды.Қазақстан мини-футболдан мықты көшбасшы орынға ие және ФИФА рейтингі бойынша әлемнің үздік 10 командасының қатарына кіреді.Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі екі елдің федерацияларын ынтымақтастықтың жолға қойылуымен құттықтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1067499?lang=kk
Сеулде Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды 15.09.2025
Сеул, 2025 жылғы 14 қыркүйек – Корея Республикасының астанасында Елші Нұрғали Арыстановтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты ҚР халқына Жолдауына арналған дәрісі өтті.Іс-шара Орталық Азия – Корея Республикасы ынтымақтастық Форумы Хатшылығының қолдауымен ұйымдастырылды. Қатысушылар қатарында академиялық және іскер топтардың өкілдері, халықаралық ұйым қызметкерлері мен студенттер болды.Өз сөзінде Елші Арыстанов Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, Мемлекет басшысының бір палаталы Парламентке көшу, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру, сондай-ақ ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымды және логистиканы дамытуға озық технологияларды енгізу бастамаларын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол Alatau City жобасы, «ақылды қалаларды» дамыту, жасыл бастамалар және туризмді ілгерілету мәселелеріне назар аударды.Қазақ дипломаты бұл бағыттардың Оңтүстік Корея тәжірибесімен және басымдықтарымен үйлесетінін айтып, цифрландыру, инновациялар, жасыл энергетика және урбанистика салаларындағы бірлескен жобаларға кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Сондай-ақ, екі елдің күш-жігерін біріктіру ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.Іс-шара аясында қонақтарға қазақстандық қоғамдағы толеранттылық пен этносаралық келісім дәстүрлерін айқын бейнелейтін «Менің үлкен қазақ отбасым» көркем фильмі көрсетілді. Көрсетілімді корей көрермендері жылы қабылдады.Бағдарламаның мәдени-ағартушылық бөлігі ерекше қызығушылық танытты. Елші Нұрғали Арыстанов балалар мен ата-аналарға қазақ тілінде «Батыр қоян» атты ертегісін оқып берді (авторы Мейіржан Жылқыбай) және оның корей тіліндегі нұсқасы кәсіби дауыстау актрисасының орындауында ұсынылды. Бұл бастама Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени алмасудың және достықты нығайтудың жарқын үлгісіне айналды.Сонымен қатар Елші Орталық Азия – Корея Республикасы ынтымақтастық форумы Хатшылығының Атқарушы директоры Ли Чон Гукпен кездесті. Тараптар Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, Қазақстан Президентінің Жолдауында айқындалған бағыттар тұрғысынан саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1067451?lang=kk
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында кәсіпкерлермен кездесу өтті 15.09.2025
2025 жылғы 8 тамыз күні Өскемен қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры алаңында мемлекеттік қолдау шараларына, соның ішінде салық заңнамасын түсіндіруге арналған кездесу өтті.Іс-шараға Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Сабралимова Гүлмира Камильевна және Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Адамбаева Жазира Төлеуғалиевна қатысты.Спикерлер қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі аспектілері мен тәртібін жан-жақты түсіндірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1067478?lang=kk
ҚР-ның ПИР-дағы Елшісінің KIT Халықаралық кәсіпкерлер қауымдастығымен онлайн кездесуіне қатысты 15.09.2025
Исламабад, 2025 жылғы 10 қыркүйек – ҚР-ның ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Д.Бимов бастаған KIT Халықаралық кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.Іс-шараға сондай-ақ ҚР-дың ПИР-дағы Сыртқы сауда палатасының өкілі Д.Альтаев қатысты. Кездесу барысында Е.Қыстафин Пәкістанның экономикалық әлеуеті, негізгі экономикалық салалары және олардың көрсеткіштері, сондай-ақ жыл ішінде жоспарланған, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жөнінде хабардар етті.Кездесу қорытындысы бойынша KIT қазақстандық делегациясының Пәкістанға сапарын ұйымдастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1067487?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 1 күн қалды! 15.09.2025
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 1 күн қалды! 15 қыркүйекте Жалпыға бірдей декларациялаудың шеңбердедекларацияны тапсыру мерзімі аяқталады! Салық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін алдын ала декларация тапсыруын сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1067410?lang=kk
«Зияткерлік меншік құқықтарын соттарда қорғау: халықаралық және ұлттық тәжірибе» атты халықаралық семинар 15.09.2025
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруды қолдау аясында 2025 жылдың 12 қыркүйегінде Әділет министрлігі «Зияткерлік меншік құқықтарын соттарда қорғау: халықаралық және ұлттық тәжірибе» атты халықаралық семинар өткізді. Аталған іс-шараға Департамент басшысы Алия Аманжулова және зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова қатысты.Халықаралық спикерлер Еуропалық одақтағы зияткерлік меншік жөніндегі мамандандырылған соттарды құру тәжірибесімен, дауларды шешудің баламалы тәсілдерімен және Еуропалық одақтың зияткерлік меншік бойынша сот практикасы мысалдарымен бөлісті.Семинарға қатысу тәжірибе алмасуға, құқықтық білім деңгейін арттыруға және құқық иеленушілердің құқықтарын сот тәртібімен қорғаудың тиімді тетіктерін талқылауға мүмкіндік берді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1067376?lang=kk
ШҚО-ның әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады 15.09.2025
ШҚО-ның әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Мерейлі отбасы» байқауының Самар аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады.Құрметті атаққа Ақтілеу мен Альбина Райханның әулеті ие болды. Олардың өнегелі өмір жолы – мықты отбасылық құндылықтардың, өзара түсіністік пен балаларды сыйластық пен бірлік рухында тәрбиелеудің жарқын үлгісі.«Мерейлі отбасы» байқауы жыл сайын Шығыс Қазақстанның ынтымақты да үлгілі отбасыларын біріктіріп, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1067377?lang=kk
«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды 15.09.2025
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды.Салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар, бапкерлер және спорт сүйер қауым жиналды. Биылғы ойындар он күнге созылып, ауылдық жерлерден шыққан дарынды спортшыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ақ бидай» турнирінің басты мақсаты – ауыл жастары арасынан үздіктерді іріктеп, олардың кәсіби спортқа жол табуына ықпал ету. Жарыс бағдарламасына 20 спорт түрі енгізілген.Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым да қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының ел болашағы үшін маңызын атап өтті.«Баршаңызды республикалық VIII «Ақ бидай – 2025» ауыл спорт ойындарының ашылуымен құттықтаймын! «Ақ бидай» – ауыл спортының дамуына серпін беретін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашатын ерекше мүмкіндік. Биылғы жарысқа еліміздің барлық өңірінен 18 жастан асқан үш мыңға жуық ауыл спортшысы қатысып отыр. Бұл дода тек спорттық шеберлікті шыңдап қана қоймай, ынтымақ пен достықты нығайтуға қызмет етеді», – деді ол.Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға қатысты тапсырмаларын атап өтіп, Алматы облысында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Өңірде 25 мыңнан астам спортшы 67 спорт түрімен айналысады. Тек биылдың өзінде жергілікті спортшылар халықаралық және республикалық жарыстарда 1336 медаль жеңіп алған.Айта кетейік, «Ақ бидай – 2025» ойындары өңірлер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтып, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1067387?lang=kk
Құрметті қала тұрғындары! 14.09.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің 15-20 қыркүйек аралығында өтетін көшпелі кездесу кестесін назарларыңызға ұсынамыз.Кездесуге кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Алдын ала жазылудың қажеті жоқ.
Еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз 14.09.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы ел тағдырына тың серпін беретін, айқын мақсаттар мен нақты міндеттерге толы тарихи құжат болды. Әсіресе, жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның орны туралы айтылған ойлар мені ерекше тебірентті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады» – деп нақты әрі батыл үн қатты.Шынында да, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бүгінгі әлемнің қалыптасу заңдылықтарын түбегейлі өзгертуде. Біз осы беталыстан қалып қоймай, керісінше білім мен тәжірибені, технологиялық жаңалықтарды үйлестіріп, еліміздің әлеуетін жаңа биікке көтеруге міндеттіміз.Президенттің «Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет» деген бастамасы заман талабынан туған аса маңызды қадам деп білемін. Бұл министрлік мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, жастарымыздың жаңа технологияларды еркін меңгеруіне жаңа мүмкіндіктер ашады.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынған бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастама еліміздің саяси жүйесін жаңғыртып, қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталған маңызды реформа болмақ. Бұл жайлы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді... Егер ортақ келісімге келсек, ондай Парламентті тек партиялық тізім бойынша сайлаған дұрыс» – деді.Бұл елдің саяси болмысын өзгертіп, жаңа кезеңге аяқ басуымызға серпін беретін шешім. Президент бұл бастаманы ашық талқылау арқылы, халықтың келісімімен, 2027 жылы жалпыұлттық референдумда жүзеге асыруды ұсынды.Менің ойымша, бүгінгі Жолдаудағы екі маңызды бағыт, яғни технологиялық жаңғыру мен саяси реформалар – еліміздің болашақ дамуының негізін қалайды. Болашаққа сеніммен қарап, жаңа биіктерді бағындыруда бізге дәл осындай батыл әрі тың қадамдар ауадай қажет. Ал, оны жүзеге асыру баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз деп білемін.Мұрат ЖОЛДЫХОЖАЕВ,«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы