Enbekshi QazaQ

Қоғам

Б.Римова атындағы драма театры 50 жылдық мерейтойын тойлады 15.09.2025
Осы күні «BIKEN FEST ІІІ» театр фестивалі де мерейтойлық шарамен ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртістері Нұржұман Ықтымбаев, Лидия Каденова, Досқан Жолжақсынов және басқа да өнер қайраткерлері, сол сияқты фестивальға таяу шетелдерден және еліміздің өзге де өңірлерінен арнайы келген театр ұжымдары қатысты.Мерекелік шара прологпен басталып, театрлар шеруімен жалғасты.  Әзербайжаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Грузиядан, сондай-ақ Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан келген театр өнерпаздарын көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды. Жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Бейбіт Исабаев Бикен Римова атындағы драма театрының мерейтойына алыстан арнайы келген құрметті қонақтарға жылы лебізін білдіріп, бұл Жетісудың ғана емес, ұлт руханиятының ортақ тойы екенін жеткізді. Сол сияқты театрға академиялық мәртебе беру туралы Мемлекет басшысының бастама көтеруі өнер ұжымына көрсетілген зор сенім екенін де атап өтті.– Биыл Бикен Римова атындағы драма театрының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Осы құтты шаңырақтан елу жылда қаншама  өнерпаздар өсіп-жетіліп, тәрбиеленіп шықты. Өнер ұжымының жарты ғасырлық қажырлы қызметінің арқасында театр халықтың жүрегіне жол тауып, өзінің лайықты орнын қалыптастырды. Үлкен руханият мектебіне, ұлттық өнердің алтын діңгегіне айналды. Сонымен қатар Жетісу облысында «BIKEN FEST» халықаралық фестивалі осымен үшінші жыл қатарынан өтуде. Фестиваль тәжірибе алмасу алаңына айналып, өнерде шекара жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Жарты ғасырлық мерейлі белеске абыроймен жеткен театр ұжымына алдағы уақытта жаңа жетістіктер, биік белестер, халықаралық фестивальдің жұмысына табыс тілеймін, – деген Бейбіт Исабаев театр ұжымына жүк көлігінің кілтін сыйға тартты.Мұнан соң сахнада ҚР Парламенті  Сенатының  Төрағасы Маулен Әшімбаевтің және ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның  құттықтау хаттары оқылды. Бұл құттықтауларда Бикен Римова атындағы тетардың ұлт мәдениетін өркендетуге қосқан үлесі, осы ұжымның замауани театр өнерін дамыту жолындағы қажырлы еңбегі атап өтілді.Салтанатты жиын бұдан әрі мерекелік концертпен жалғасып, MEZZO тобы, эстрада әншісі Әсет Есжан, сол сияқты Д.Рақышев атындағы облыстық филармония әртістері өнер көрсетті.Осы күні қонақтар театр фойесіне қойылған өнер ордасының тарихына арналған көрмені тамашалады. Атап өтсек, «BIKEN FEST» халықаралық фестивалі 13-17 қыркүйек аралығында өтеді. Осы күндері шетелдік және еліміздегі 9 театр, нақтырақ айтқанда Өзбекстанның Бұхара мемлекеттік музыкалық драма театры, Токтоболот Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры, Әзірбайжанның М. театры, Грузияның Георгий Ратиани атындағы Сухуми жастар театры, Абай атындағы Абай облыстық қазақ музыкалық драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық драма және опера театры, Шымкент қалалық академиялық драма театры, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық драма театры, Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры өз қойылымдарын жетісулық көрермендерге ұсынбақшы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1068033?lang=kk
АҢДАТПА! «Салық кодексіне мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары бойынша өзгерістер енгізу туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді 15.09.2025
2025 жылғы 16 қырқүйекте сағат 16:00-де mkd_aqmol  Instagram парақшасында «Салық кодексіне мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары бойынша өзгерістер енгізу туралы» тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер - Зарина Ельтаева Берешектермен жұмыс басқармасының  бас маманы  Модератор – Айнұр Елікбаева түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1068038?lang=kk
Мерейтойлық Mining & Metals Central Asia және Kazcomak 2025 көрмелері Алматыда 30 елден 500-ден астам компанияны біріктіреді 15.09.2025
17-19 қыркүйек аралығында «Атакент» ҚІЫО-да 30-шы мерейтойлық Орталық Азиялық Халықаралық «Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту» - Mining & Metals Central Asia 2025 көрмесі және 21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» - Kazcomak 2025 көрмесі өтеді.Биылғы жылы іс-шаралар 30 елден 515 компанияны біріктіреді, олардың ішінде Австралия, Австрия, Бельгия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Кипр, Қырғызстан, Нидерланды, Жаңа Зеландия, БАӘ, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Оңтүстік Корея және ОАР бар. Австрия, Ұлыбритания, Германия, Иран, Қытай, Ресей, Түркияның ұлттық стендтері Қазақстан көрме алаңындағы халықаралық қатысудың өсуін айқын көрсетеді. 68 жаңа экспоненттер (жалпы санның 13%) дебютанттар болады, бұл көрменің жаңа ойыншылар үшін стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.Көрменің мазмұнды іскерлік бағдарламасын мемлекеттік органдардың өкілдері, тәжірибелі сарапшылар, ірі салалық қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері арасынан ондаған спикерлер қамтамасыз етеді. 17 қыркүйекте «ГМК-ның басты мәселелері: қазақстандық мазмұн, инвестициялар, технологиялар, логистика, халықаралық серіктестік» тақырыбында Пленарлық отырыс өтеді, онда қатысушылар Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, кәсіпорындарды цифрландыру және технологиялық жаңғырту, қазақстандық мазмұнды дамыту, жаңа логистикалық маршруттар мен жеткізу тізбектерін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты талқылайды. Бұдан басқа, Kcell компаниясы (AI аймағының серіктесі) Almaty Hub-пен бірлесіп Demo Day өткізеді — стартаптар мен әзірлеушілер үшін бірегей алаң, онда олар өз шешімдерін индустрия көшбасшыларына тікелей ұсына алады және пилоттық жобаларды іске қоса алады. Сондай-ақ, көрменің бірінші күнінің мазмұнына практикалық семинарлар кіреді: CiDRA Minerals Processing Inc (Испания), NLT EUROPE (ОАР), Epiroc, Proftec және Қазақстандық Тау-кен палатасының Дөңгелек үстелі.18 қыркүйекте «ГМК-ның заманауи сын-қатерлеріне арналған жасанды интеллект негізіндегі шешімдер» тақырыбында Панельдік кейс-сессия өтеді. Composit компаниясы «Кен орындарындағы абразивті тозуға қарсы тиімді шешімдер» тақырыбында арнайы жабық семинар өткізеді. Көрменің іскерлік бағдарламасын Герман Ассоциациясының Симпозиумы және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың жобаларын таныстыру сессиясы аяқтайды.Mining & Metals Central Asia және Kazcomak көрмелері жаңа серіктестіктерді қалыптастыруға, инновациялық шешімдерді енгізуге және тау-кен саласының негізгі міндеттерін шешуге ықпал ете отырып, саланың маңызды оқиғасы болып қала береді.Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен», РҚБ «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» (ТМКҚ).Семинар аймағының серіктесі - Composit компаниясы, AI аймағының серіктесі - Kcell компаниясы, Vip Lounge серіктесі - Cemeq Asia компаниясы, Гала қабылдау серіктесі - WR Logistics компаниясыІс-шараның ұйымдастырушысы - Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.Көрмелер туралы толық ақпаратты ресми сайттардан алуға болады: www.miningworld.kz , www.kazcomak.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1068043?lang=kk
Кездесу 15.09.2025
Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж.Сүйіндіков пен Рудный қаласы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Т.С. Сақтағановтың қатысуымен Қашар кентіне шығу барысында қоғам  белсенділері, сарапшылар қоғамдастығымен кездесу өтті.Қашар кентінің өзекті мәселелерді халықтың сұраныстарына проактивті түрде ден қою және қоғам талап ететін нәтижелерді айқындау үшін жария талқылаулар өтті.Тұрғындар Ашық және Халық үніне құлақ асатың мемлекет қағидаттары, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы, әдеп стандарттары және сыбайлас жемқорлық нормалары, кері байланыс арналары жұмысы туралы хабардар болды.Кездесуге қатысушылар бір қатар мәселерді көтерді.Соның ішінде: аумақтарды абаттандыру, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, педагогикалық, медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, инфрақұрылымды дамыту бюджетін өсіру, қанғыбас иттер мәселесі, мамандар үшін тұрғын үй, еңбек ақының ең төменгі көрсеткіші,  Рудный қаласында Қашар кенті тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасы.Қашар кентінің әкімі М.Қ. Раймбековаға аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1068013?lang=kk
"Қосылған құн салығын қайтару" бойынша семинар 15.09.2025
15.09.2025 жылы Күршім ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы "қосылған құн салығын қайтару" тақырыбында семинар өткізді, спикер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына түсініктемелер мен жауаптар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1067999?lang=kk
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясындажас отандастарымыз 19,04 млн АҚШ долларын пайдаланды 15.09.2025
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап(2025 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша) 19,04 млнАҚШ долларына 139 774 өтініш орындалды(өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартумақсатында 12,25 млнАҚШ долларына 87 841 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 6,79 млн АҚШ долларына 51 933 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (11,98 млнАҚШ долларына 85 735 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 92,13 мың АҚШ долларына 700 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 62,27 мың АҚШ долларына 514 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (6,08 млнАҚШ долларына 45 901 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (499,07 мың АҚШ долларына 4 309 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (174,03 мың АҚШ долларына 1 411 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді.2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ долларымөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OMсілтемесі бойынша көруге болады.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1067972?lang=kk
ШЫМКЕНТ: ТАЛАПТЫ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ХАКАТОН ӨТУДЕ 15.09.2025
Еліміздің 20 өңірінде бір уақытта жасанды интеллект бойынша «Decentrathon 4.0» атты хакатон өтіп жатыр. Бұл - ауқымды іс-шара. IT саласындағы талапты жастардың басын қосатын сайыс. Shymkent Hub орталығында да дарынды жастар бас қосып, бағын сынауда.Шымкент хабтың аймақтық менеджері Құрманғазы Мұратовтың айтуынша, кезекті хакатонға IT саласына қызығушылығы бар 171 команда қатысып жатыр. Олар жасанды интеллект, блокчейн тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындап, жаңа жоба жасап шығуы керек. Қатысушылар өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін, инновациялық идеялар ұсынуы тиіс.Хакатонның жалпы жүлде қоры - 50 мың АҚШ доллары.Бұған дейін Шымкентте Орта Азияда алғаш рет әлемдік блокчейн индустриясының ең ірі хакатондарының бірі – Decentrathon 2 өткен еді. Одан бері де қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен түрлі іс-шаралар, форумдар өткізілуде. Кезекті хакатон сайысы да IT саласын дамытуға өз септігін тигізбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1067944?lang=kk
Қазақстан мен Қырғызстан үшін атыс қаруы мен жеңіл қару бойынша ұлттық оқыту 15.09.2025
       2025 жылғы 15-19 қыркүйек аралығында Астана қаласында Орталық Азия мен Кавказдағы қауіпсіздік бағдарламасы (CCASP) аясында ұлттық тренинг басталды.      Аталған бағдарлама Дүниежүзілік кеден ұйымының бастамасымен және Жапония Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда.     Тренингке Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетіне қарасты Мемлекеттік кеден қызметінің өкілдері қатысуда.     Іс-шараның мақсаты - кеден органдарының әлеуетін арттыру, атыс қаруы мен жеңіл қарудың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары мен 3D-басып шығару сияқты жаңа технологияларды қолданумен байланысты қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылды күшейту.     Тренингте дәріс оқушылар:     * Адам Вас - ДКҰ CCASP жобасының жетекші жаттықтырушысы;    * Весна Врачар - ДКҰ CCASP жобасының сарапшы-нұсқаушысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1067945?lang=kk
СЭС қызметкерлері күнімен 15.09.2025
Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Қоғамның денсаулығын қорғап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.Күнделікті жұмыстарыңызда үлкен жауапкершілік пен табандылық танытып, ел игілігі үшін атқарып жатқан қызметтеріңізге алғыс білдіреміз.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс пен табыс тілейміз!Әр күніңіз сәттілікке, әр ісіңіз абыройға толы болсын!Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1067933?lang=kk
«Altai Invest–2025» 15.09.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады. «Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумыныңБАҒДАРЛАМАСЫ 2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8 2025 жылғы 26 қыркүйек  08.00-09.00Тіркеу/Кәсіпорындардың көрмесі – 1-қабат.09.00-09.45Салтанатты ашылу. 3-қабат.09:45 – 11:00Пленарлық отырыс. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан облысын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы» Тақырып: 2030 жылға дейін ШҚО дамыту стратегиясының негізгі бағыттары Тақырып: «Өнеркәсіп – ШҚО экономикасының негізі» Тақырып: «Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының 500 ірі компаниясы картасында» Тақырып: ШҚО-ның инвестициялық артықшылықтары мен перспективалары11:00 – 11:15Кофе-брейк. 11:15 – 12:30№ 1 панельдік пікірталас. ШҚО іскерлік кеңесі. 3-қабат.Тақырып: «ШҚО дамуына жергілікті бизнес көшбасшыларының көзқарасы» Пікірталас қатысушылары:-«Қазцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры – Лазарев Андрей Павлович-«AITAS» компаниясының өкілі-«Шығыс-Сүт» ЖШС-нің бас директоры – Сайлаубаев Сейілжан Жіренұлы-«Эмиль» ЖШС-нің басшысы – Аберле Анна Эрвинқызы-«Бес жұлдыз» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы – Тойбазаров Мұхтар Серікұлы- ЕДҚБ / IFC / Eurobak өкілі14.00 – 14.102023–2024 жж. «ШҚО-дағы үздік инвестициялық жоба» жеңімпаздарын ШҚО әкімінің марапаттау рәсімі.14.10-14.25Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі. 3-қабат.14:30 – 15:15№ 2 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан — тұрақты өсім аймағы» Тақырып: ШҚО-ның өңірлік ерекшеліктері мен артықшылықтары Тақырып: Аймақтың перспективалық инвестициялық жобалары Тақырып: Май және майлы өнімдер саласының инвестициялық мүмкіндіктері Тақырып: «Шетелдік қатысуы бар компанияларға преференциялар»15:15 – 15:30Кофе – брейк. 15:30 – 16:45 № 3 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: Аймақтың болашақ өсуінің практикалық мәселелері Панель қатысушылары: CRC, жергілікті бизнес, университет/сарапшы, СПК Ертіс АҚ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік центрі  Инвестиция тарту құралдары мен әдістері. Мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар: қатынасы, басымдықтары мен маңызы. ШҚО еңбек ресурстары: мүмкіндіктері мен тәуекелдері. Шағын бизнес: аймақ дамудағы маңызы мен рөлі.15:30 – 16:45№ 4 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: Шығыс Қазақстанның салалық басымдықтары Тақырып: Майды терең өңдеудің перспективалары. Тақырып: Гастротуризм және элиталық туризм. Шаңғы туризмі мүмкіндіктері. Тақырып: ШҚО су және орман ресурстары – өсу мүмкіндіктері ретінде. Тақырып: Шетелдік қонақтың көзқарасымен күтулер мен мүмкіндіктер.15:30 – 16:45B2B кездесулер. 3-қабат.17:00 – 17:15Қорытынды сөз. Форум нәтижелері.  Форумның демеушілері Медиа серіктестіктерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1067936?lang=kk
Аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасында "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау"тақырыбында кездесу 15.09.2025
2025 жылғы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қойшинов Қ.К. Өскемен, Риддер қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының, Глубокое, Шемонаиха, Самар аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды тұлғаларымен онлайн-кеңес өткізді.Кеңес барысында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы іс-шаралар талқыланды.Қойшинов Қ.К. мемлекеттік қызметшілер қоғамға үлгі болуы тиіс екенін, заң талаптарын бұзбауы, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы және салауатты өмір салтын ұстануы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол құмар ойындарына қатысуға, қоғамдық орындарда және көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқаруға тыйым салынатынын еске салды.Кеңес қорытындысы бойынша Қойшинов Қ.К. жоғарыда айтылған талаптарды тұрақты сақтау, тәртіпті нығайту және мемлекеттік органдарда заңдылық пен жауапкершілік атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1115301?lang=kk
«Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумы 15.09.2025
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек«Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.Форумның мақсаты:Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.Форумның міндеттері:Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады. «Altai Invest-2025» Халықаралық инвестициялық форумыныңБАҒДАРЛАМАСЫ 2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8 2025 жылғы 26 қыркүйек  08.00-09.00Тіркеу/Кәсіпорындардың көрмесі – 1-қабат.09.00-09.45Салтанатты ашылу. 3-қабат.09:45 – 11:00Пленарлық отырыс. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан облысын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы» Тақырып: 2030 жылға дейін ШҚО дамыту стратегиясының негізгі бағыттары Тақырып: «Өнеркәсіп – ШҚО экономикасының негізі» Тақырып: «Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының 500 ірі компаниясы картасында» Тақырып: ШҚО-ның инвестициялық артықшылықтары мен перспективалары11:00 – 11:15Кофе-брейк. 11:15 – 12:30№ 1 панельдік пікірталас. ШҚО іскерлік кеңесі. 3-қабат.Тақырып: «ШҚО дамуына жергілікті бизнес көшбасшыларының көзқарасы» Пікірталас қатысушылары:-«Қазцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры – Лазарев Андрей Павлович-«AITAS» компаниясының өкілі-«Шығыс-Сүт» ЖШС-нің бас директоры – Сайлаубаев Сейілжан Жіренұлы-«Эмиль» ЖШС-нің басшысы – Аберле Анна Эрвинқызы-«Бес жұлдыз» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы – Тойбазаров Мұхтар Серікұлы- ЕДҚБ / IFC / Eurobak өкілі14.00 – 14.102023–2024 жж. «ШҚО-дағы үздік инвестициялық жоба» жеңімпаздарын ШҚО әкімінің марапаттау рәсімі.14.10-14.25Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі. 3-қабат.14:30 – 15:15№ 2 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: «Шығыс Қазақстан — тұрақты өсім аймағы» Тақырып: ШҚО-ның өңірлік ерекшеліктері мен артықшылықтары Тақырып: Аймақтың перспективалық инвестициялық жобалары Тақырып: Май және майлы өнімдер саласының инвестициялық мүмкіндіктері Тақырып: «Шетелдік қатысуы бар компанияларға преференциялар»15:15 – 15:30Кофе – брейк. 15:30 – 16:45 № 3 панельдік сессия. 3-қабат. Тақырып: Аймақтың болашақ өсуінің практикалық мәселелері Панель қатысушылары: CRC, жергілікті бизнес, университет/сарапшы, СПК Ертіс АҚ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік центрі  Инвестиция тарту құралдары мен әдістері. Мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар: қатынасы, басымдықтары мен маңызы. ШҚО еңбек ресурстары: мүмкіндіктері мен тәуекелдері. Шағын бизнес: аймақ дамудағы маңызы мен рөлі.15:30 – 16:45№ 4 панельдік сессия. 3-қабат.Тақырып: Шығыс Қазақстанның салалық басымдықтары Тақырып: Майды терең өңдеудің перспективалары. Тақырып: Гастротуризм және элиталық туризм. Шаңғы туризмі мүмкіндіктері. Тақырып: ШҚО су және орман ресурстары – өсу мүмкіндіктері ретінде. Тақырып: Шетелдік қонақтың көзқарасымен күтулер мен мүмкіндіктер.15:30 – 16:45B2B кездесулер. 3-қабат.17:00 – 17:15Қорытынды сөз. Форум нәтижелері.  Форумның демеушілері                      Медиа серіктестіктер                            Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1068874?lang=kk
Әскер спортшысы бокстан әлем чемпионатының алтынын олжалады 15.09.2025
Қарулы күштердің қызметшісі Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, бокстан әлем чемпионы атанды.51 келіге дейінгі салмақта финалдық сында қазақстандық спортшы Түркия өкілі Буссе Наз Чакыроғлыны сенімді жеңіп, тамаша техникалық шеберлігін, тактикалық ұтымдылығын және нағыз жауынгерлік мінезін көрсетті.Бұл Балқыбекованың әлемдік деңгейдегі екінші алтын медалі. 2025 жылдың наурызында ол өз салмағындағы ғаламның ең мықты спортшысы екенін дәлелдеп, әлем чемпионы атанды.Әскер спортшысының жеңісі Қазақстандағы әйелдер боксының мықты дамып келе жатқанын, сонымен қоса ҚР Қарулы Күштерінің спорт клубтарында спортшылардың кәсіби даярлығының тағы бір дәлелі болды.Әскери басшылық Алуа Балқыбекованы спорттық жетістіктерімен құттықтайды және әскердегілердің халықаралық аренада әлі талай көк туды желбірететіндеріне сенімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1067822?lang=kk
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Маңғыстау облысының жылу желілерін жөндеу нысандарын аралады 15.09.2025
Алдағы жылыту кезеңіне дайындықты бақылау аясында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Маңғыстау облысының жылу желілерін жөндеу нысандарын аралады.Негізгі назар магистральдық жылу желісін ауыстыру жобасына аударылды. «Магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» жобасы аясында 2024 жылдан бастап «МАЭК» ЖШС магистральдық жылу желілерін жаңғырту жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 11,5 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды.Биылғы жылы 9,9 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдар іргелес аумақты абаттандыру бойынша соңғы іс-шараларды жүргізуде. Жобаны іске асыру жылумен жабдықтау сенімділігін едәуір арттыруға және жылу шығынын азайтуға мүмкіндік береді, бұл қала тұрғындары үшін үздіксіз және сапалы жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.Комитеттің аумақтық департаментіне жылу желілері мен жылу және электрмен жабдықтау объектілерінің негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізу тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1067829?lang=kk
«Мәтібұлақ» полигонында танк бөлімшелерінің штаттық атыстары өтті 15.09.2025
Гвардейск гарнизонындағы «Мәтібұлақ» оқу полигонында Т-72 танкі қаруынан жоспарлы штаттық атыстар өтті. Оған 1-ші және 3-ші танк батальондарының әскери қызметшілері қатысты.Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру, штаттық қарудан оқ атудағы практикалық дағдыларды пысықтау, сондай-ақ ұрыс жағдайына жақын ортада экипаждардың үйлесімділігін дамыту болды.Атысқа дайындық барысында әскери қызметшілер қару-жарақтың материалдық бөлігін зерделеп, қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулықтар алды. Атыс даярлығы нормативтерін орындады.Сабақтар барысында экипаждар түрлі қашықтықтардан қозғалыс кезінде нысаналарды жою жаттығуларын орындап, танктерді оқ-дәрілермен жасақтады және қаруды ұрыс жағдайына келтірді.– Штаттық атыстар – танк бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығының негізгі элементі. Полигонда бәрі көз алдыңда өтеді. Техниканы меңгеру шеберлігі, дәлдік, төзімділік пен батылдық. Әрбір оқ – экипаждың жауынгерлік тапсырманы орындауға дайындығының дәлелі, – деп атап өтті танк бригадасының командирі подполковник Асхат Шайкенов.Атыс қорытындысы бойынша барлық экипаждар оқу нормативтерін сәтті орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. 1-ші танк батальонының жауынгері лейтенант Ернұр Қаналбай басқаратын 3-ші танк ротасы ең үздік деп танылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1067831?lang=kk
2024 жылға арналған 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі 2025 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады 15.09.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің декларацияларды ұсыну жағдайларын қоспағанда, активтер мен міндеттемелер туралы (250.00-нысан), кірістер мен мүлік туралы  (270.00-нысан) декларацияларды ұсыну мерзімі ұзартылмайтынын хабарлайды (Салық кодексінің 212-бабының 1-тармағы).Еске саламыз, 2024 жылға арналған активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімі 2025 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1067797?lang=kk
Alatau City-де K Park мәдени-іскерлік орталығының іргетасы қаланды 15.09.2025
Жаңа Alatau City қаласында K Park мәдени-іскерлік орталығының алғашқы іргетасы қаланды. Жоба Қазақстандағы корейлердің қоныстанғанына 90 жыл толуына орай қолға алынып, достық пен алғыс, мәдени ынтымақтастықтың символына айналмақ.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтті:«Бүгін біз архитектура мен табиғатты, естелік пен құрметті тоғыстыратын кеңістіктің негізін қаладық. Бұл орталық жаңа мегаполистің дамуының бір бөлігі болып, жайлы қала ортасы мен ашықтықты үйлестірмек. K Park тұрғындар мен қонақтар үшін тартымды орынға айналып, қоғамдағы үйлесім мен өзара құрметті нығайтады», — деді ол.K Park жеке инвестиция есебінен Golden District аймағында бой көтереді. 10 гектар аумақты қамтитын кешенде демалыс аймақтары, этномәдени кеңістіктер, кітапхана, мұражай, балалар алаңдары, жазғы кинотеатр, қысқы мұз айдыны және спорттық жолдар қарастырылған. Негізгі нысан – Монумент алғыс, ол қазақ халқының тарихи кезеңдерде қоныс аударушыларға көрсеткен қолдауының белгісіне айналмақ.Сонымен қатар, тарихи реконструкция аймағында дәстүрлі корей үйі – ханок қайта тұрғызылып, «Коре сарам» интерактивті алаңы арқылы қонақтар корей қауымының тарихы мен мәдениетімен таныса алады.Мамандардың болжамынша, парк жылына 3,5 миллионға дейін келушіні қабылдай алады. Инфрақұрылымында автотұрақ, фудкорттар, электромобильдерге арналған қуаттау бекеттері мен намаз оқитын орындар қарастырылады. Ал архитектуралық шешімдердің дәстүрге сай болуын Оңтүстік Кореядан келген зерттеу тобы қадағалайды.Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов та жобаның мәнін ерекше атап өтті:«Бүгін біз адамдардың, мәдениеттердің және ұрпақтардың бірлігін бейнелейтін іргетас қаладық. Бұл парк тарихи тамыр мен өзара құрметтің маңызын еске салып тұрады», — деді ол.K Park-тың ашылуы 2027 жылдың күзіне жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1067811?lang=kk
Кеген орман шаруашылығының жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді 15.09.2025
Алматы облысында Кеген орман шаруашылығының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, сала қызметкерлері мен аудан тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтады.Өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экология саласында қойған міндеттері орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл – елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі бағыттардың бірі.«Бүгінгі шара – тек ғимараттың ашылуы ғана емес, қоршаған ортаны қорғау жолындағы нақты қадам. Бұл еліміздің орман шаруашылығын жаңа деңгейге шығарады. Кеген орман шаруашылығының тарихы бай. 1946 жылдан бері ұжым ормандарды қорғау, сақтау және көбейту ісінде аянбай еңбек етіп келеді. Жаңа әкімшілік ғимарат – мемлекеттің қолдауының айқын мысалы. Заманауи ғимарат мамандарға кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл табиғатты қорғау саласындағы жаңа бастамаларға жол ашады», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Кеген орман шаруашылығы 1946 жылы құрылған. Бүгінде оның қызметкерлері ормандарды қорғау, қалпына келтіру және көбейту жұмыстарымен айналысады. Ұжымда 109 адам еңбек етеді. Жаңа екі қабатты ғимараттың аумағы – 440,1 шаршы метр, жобаның құны – 414,4 млн теңге.Орман шаруашылығы қызметкерлері атынан алғысын Қарқара орманшылығының орманшысы Ренат Алпысбаев білдірді. Ол орманшылар жасыл желектердің көлемін арттыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.Сала ардагері Кенжебек Досайбеков те әріптестерін құттықтап:«Бүгін ескі ғимараттың орнында сәулеті жарасқан еңселі ғимарат бой көтерді. Осы шаңырақта көптеген ізгі бастамалар туындайтынына, орман өсіру мен орман қорғау саласында жаңа идеялар жүзеге асатынына сенімдімін. Еңбектеріңіз жемісті болып, жаңа ғимараттарыңыз құтты болсын», – деді.Облыстық басқарманың мәліметінше, бүгінде өңірде орман шаруашылықтарының қарамағында шамамен 89 мың гектар жер бар, оның 27 мың гектарын орман алқабы құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1067791?lang=kk
Б.Римова театры 50-ші маусымын «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» қойылымымен ашты 15.09.2025
Қазақ халық поэзиясының асыл жауһары, ғасырлар қойнауынан жеткен мәңгілік махаббат жыры – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» трагедиясы жарты ғасырдан соң қайтадан сахна төріне оралды. Қойылымның қоюшы-режиссері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы-суретші – Ерлан Тұяқов. Композитор – Гүлнұр Нұрасыл, Музыкамен көркемдеген: Арнай Азанбаев, Сазды өңдеуші – Медет Есбергенов, Балетмейстер – «Ерен еңбегі үшін медалінің иегері» Салтанат Сұңғат, Сахна шайқасын қоюшы – Ернар Мекебаев.Түркі дүниесіне ортақ рухани қазына болып саналатын бұл туынды алғаш рет театрдың іргетасы қаланған кезеңде көрерменге жол тартқан еді. Енді, міне, уақыт пен кеңістіктің сынағынан сүрінбей өткен Қозы мен Баянның тағдырлы махаббат тарихы бүгінгі ұрпаққа тағы бір мәрте сыр шертті.Махаббат пен адалдықтың символына айналған қойылымда риясыз сезім, достық пен шынайылық, қатігездік пен қастандық сияқты адамдық қасиеттер терең бейнеленген. Шығарманың идеялық өзегі – сол дәуір жастарының  сүйіспеншілікке  адалдықпен қол жеткізуге деген арман-мұраты.Жаңа қойылымда ұлттық болмыс пен эпикалық драматургияның өзара үндестігі сақталып, классикалық туындының бүгінгі көрерменмен рухани сабақтастығы жаңаша қырынан ашылды.Қойылымның соңында әртістерге ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің ықылас гүлі, ҚР Парламент Сенаты депутаттарының Ықылас гүлі, Жетісу облысы әкімінің Ықылас гүлі табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1068036?lang=kk
«Оймаша» полигонында теңіз жаяу әскерлері Т-72 танктерінен атыс жүргізді 15.09.2025
Маңғыстау облысының «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының танк экипаждары Т-72 танктерінен штаттық атыстарға қатысты.Әр түрлі шартты нысандарға оқ ату кезінде экипаждар атыс жаттығуларын орындады. Танкистер қарсыластың шартты танктерін 1600 метрге дейінгі қашықтыққа танкке қарсы қол граната атқыштарын және 900 метрге дейінгі қашықтыққа автомобиль қаруын, сондай-ақ 700 метр қашықтыққа танкке қарсы қол граната атқыштарын ату кезінде барынша дәлдікті көрсетті.Атыс міндеттерінен басқа, әскери қызметшілер оқ-дәрілерді танкке салу, қару-жарақ пен экипажды жорық жағдайынан ұрыс жағдайға ауыстыру және керісінше іс-қимыл нормативтерін практикада ойдағыдай пысықтады.– Іс-шаралар атысты басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруге, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын дамытуға, олардың штаттық қару-жарақтан ату дағдылары мен машықтарын жетілдіруге бағытталған, – деп атап өтті танк батальонының командирі капитан Бексұлтан Алдаберген.Рота экипаждары барлық нормативтерді сапалы және белгіленген мерзімде орындап, діттеген мақсаттарға қол жеткізді және өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті. Атыстарды ұйымдастыру және нәтижелері бойынша аға лейтенант Сунатулла Раджаповтың басшылығымен 2-ші танк ротасы үздік деп танылды. Жеке есепте экипаж әрекеттерінің дәлдігі мен үйлесімділігі бойынша ең жақсы нәтижелерді танк командирі гвардия аға лейтенантв Асұлан Сабыр көрсетті.Естеріңізге сала кетсек, танктің негізгі қару-жарағын қолданатын штаттық атыс жылына екі рет өткізіледі. Жауынгерлік дайындықтың маңызды бөлігі болып саналатын атыс барысында жеке құрам техникалық дағдыларды жетілдіріп қана қоймай, ұрысқа барынша жақын жағдайда техникамен жұмыс және атысты басқарудың маңызды практикалық тәжірибесін алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1067770?lang=kk