Қоғам
Мұнайшы: Ел экономикасының жүрегі 05.09.2025
Мұнайшы мамандығы — еліміздің энергетикалық саласының негізі, экономикамыздың қозғаушы күштерінің бірі. Бұл кәсіп иелері өз еңбектерімен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, болашақта да мемлекеттің өркендеуіне үлес қосады. Мұнайшылар тек қазба байлықтарын жер астынан шығарып қана қоймай, олардың тиімді және қауіпсіз пайдаланылуын да қамтамасыз етеді.Мұнай өнеркәсібі — технологиялық дамудың, үздіксіз білім мен тәжірибе жинақтаудың нәтижесінде ғана жоғары деңгейге жетеді. Мұнайшы болу үшін тек техникалық білім қажет емес, сонымен қатар шешім қабылдау қабілеті, командада жұмыс істеу, және жоғары жауапкершілік керек.Қазіргі таңда мұнайшының кәсібі әртүрлі инновациялармен, жаңа технологиялармен толықтырылып, экологиялық мәселелерге де үлкен көңіл бөлініп жатыр. Мұнай өндіру — тек өндіріс емес, табиғатты сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қорғау деген сөз.Мұнайшы мамандығы — тек жұмыс емес, елімізге қызмет ету, жаңа мүмкіндіктерді ашу, болашақ ұрпақтың әл-ауқаты үшін еңбек ету. Бұл мамандықтың абыройы мен маңызды рөлі ешқашан төмендемейді, ол әрдайым қазақстандықтардың мақтанышы болып қала береді.
Ынтымақ пен татулық – елдіктің тұғыры 05.09.2025
Қазақ халқының бай тарихына зер салсақ, елдің іргесін бекітіп, болашағын айқындаған ең қымбат қазына – ынтымақ пен татулық екенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген халық даналығы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, қоғамды біріктірген өмірлік ұстанымға айналды.Кең байтақ қазақ жері талай қилы кезеңді бастан кешті. Тағдырдың тәлкегімен сан түрлі этнос өкілдері осы даладан пана тапты. Сол кезде қазақ халқы кең жүрегімен баршаны бауырына басып, мейірім мен қамқорлық танытты. Бұл ізгі дәстүрдің арқасында халықтар арасында сенімге негізделген достық пен өзара құрмет орнады. Ол бүгінгі күнге дейін жалғасып, еліміздегі бірліктің берік іргетасына айналып отыр.Қазіргі Қазақстан – жүзден астам этнос өкілі бейбіт ғұмыр кешіп жатқан ортақ шаңырақ. Әрбір халық өз тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтап қана қоймай, ортақ Отанымыздың өркендеуіне үлес қосып келеді. Бұл – халқымыздың кең пейілінің, мемлекетіміздің сарабдал саясатының жемісі.Татулық пен сенім – ел дамуының басты кепілі. Ынтымақ үстем болған жерде қоғамда өзара сыйластық орнығып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу жеңілдейді. Ал тұрақтылық бар жерде экономика өсіп, мәдениет пен білім саласы жаңғыра түседі.Қазақстан бүгінде әлемге бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп отыр. Ел ішіндегі береке-бірлік – халықаралық аренадағы беделіміздің негізі. Достық – халықтарды жақындастыратын алтын көпір, ал татулық – мемлекет тұрақтылығының тірегі.Сондықтан ынтымақ пен татулықты сақтау – тек мемлекет деңгейіндегі саясат емес, әрбір азаматтың борышы. Бұл – келешек ұрпаққа аманат етер асыл мұрамыз, елдіктің мәңгілік тұғыры. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK
Самар ауданында күзгі әскерге шақыруға дайындық мәселелері талқыланды 05.09.2025
Самар ауданында күзгі әскерге шақыруға дайындық мәселелері талқыландыСамар ауданында күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық жөнінде жиын өтті.Оған Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы Рауан Жампеиcов, Күршім, Самар және Марқакөл аудандарының бойынша біріктірілген қорғаныс істері бөлімнің бастығы Данияр Бикадамов, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.Жиында шақыру науқанының дайындық барысы, жастармен жұмыс жүргізу, жергілікті атқарушы органдардың әскер қатарына жасақтау жоспарын орындаудағы жауапкершілігі қаралды. Әсіресе халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мен шақыру үдерісінің ашықтығына баса назар аударылды.Айта кетсек, науқанның табысты өтуі барлық қызметтердің үйлесімді жұмысына және аудан тұрғындарымен тығыз байланысына тікелей байланысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1062565?lang=kk
Ұлттық ұланда бес түркі тілдерін меңгерген сарбаз қызмет етуде 05.09.2025
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл мереке халықтар арасындағы достық пен татулықтың, тіл байлығының маңызын айшықтайды. Осындай құндылықтарды бойына сіңірген, бес түркі тілдерін жетік меңгерген қатардағы Владимир Копылов ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімі сапында қызмет етіп жүр. Ұлты – орыс болса да, Владимир қазақ тілін жетік біліп қана қоймай, өзбек, қырғыз, ұйғыр және татар тілдерінде еркін сөйлейді. Ұлттық ұлан қатарына Шымкент қаласынан шақырылған Владимирдің тіл білуге деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Ол түркі әлемінің тілдерін меңгеруді мақсат тұтқан. «Арманым – барша түркі тілдерінде сөйлеп, ұлттар арасындағы достықты нығайту», – дейді өзі.Айта кетсек, Владимир түркі тілдерінің ішіндегі сирек қолданылатын қарашай, қарақалпақ және ноғай тілдерінде сөйлей алады.Тіл білудің пайдасын ұландық күнделікті қызмет барысында сезінеді. Ол үшін патрульдік қызметте Алматы шаһары тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету де, түрлі ұлт өкілдерімен тіл табысу да еш кедергі келтірмейді. Қазаққа – қазақша, өзбекке – өзбекше, ұйғырға – ұйғырша жауап беріп тұрған Владимирді көргенде, қаруластары да таңдай қағады.Тек тіл білімімен ғана емес, өнерімен де ерекшеленетін Владимир ротадағы ең белсенді, әскери қызметтің үздік сарбаздарының бірі. Қаруластары шашын қидырғысы келсе, Владимирге барады, себебі ол нағыз шебер шаштараз. Одан бөлек әскери бөлімнің мобилографы. Күнделікті қызметті, жауынгерлік өмірдің қызықты сәттерін бейнеге түсіріп, әскери бөлімнің әлеуметтік желідегі имиджін қалыптастырып жүр.Ұлттық ұлан бүгінде нағыз таланттар ордасына айналып үлгерді. Құқықтық тәртіп әскерінің әр бөлімінде осындай сегіз қырлы, бір сырлы сарбаздар сақшылармен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1062555?lang=kk
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 10 күн қалды! 05.09.2025
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберде декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 10 күн қалды! 15 қыркүйекте Жалпыға бірдей декларациялаудың шеңбердедекларацияны тапсыру мерзімі аяқталады! Салық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін алдын ала декларация тапсыруын сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1062536?lang=kk
Бөлім басшысы М.Томас СҚО әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді. 05.09.2025
Цифрлық дәуірдегі зияткерлік меншік саласындағы мәселелер талқыланды: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер.Анықталған мәселелерді шешу бойынша нақты мысалдар мен практикалық ұсыныстар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1062504?lang=kk
15 қыркүйекке дейін келесі декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталатынын Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) 05.09.2025
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 15 қыркүйекке дейін келесі декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салады.- Активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан)- Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан)Декларациялар тұрғылықты жері бойынша тапсырылады.2025 жылдан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны келесі тұлғалар тапсыруға міндетті:1. 2024 жылы 31 желтоқсанда шетелде мүлкі барлар Қазақстан Республикасының азаматтары және резиденттері.2.Сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары;3. Мыналардың ірі қатысушысы мәртебесіне үміткер тұлғалар: банктер, бағалы қағаздар нарығы және сақтандыру ұйымдары, сондай-ақ олардың жұбайлары;4.Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);5.Цифрлық активтері бар ҚР азаматтары және резиденттері.2025 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны: 1. ҚР азаматтары, жеке тұлғалар - резиденттер есепті салық кезеңі ішінде мынадай шарттардың біріне сәйкес келген кезде:- мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;- басшылар; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғамдар акцияларының) 10% -нан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);- дербес салық салуға жататын табыс алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен табыс; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен операциялардан түсетін кірістер; ДК-дан түсетін табыстарды қоспағанда, салық төлем көзінен ұсталмаған өзге де табыстар);- шетелдік банктердің шоттарында ақша қаражаты бар тұлғалар, егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын болса;- шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ПФЗ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі; тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);- меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;- есепті салық кезеңі ішінде құны 20 000 еселенген АЕК артық мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде ҚР тыс жерлерде (мысалы: 2024 жылы - 73 840 000 теңге, 2025 жылы - 78 640 000 теңге);- салық агентіне басқа да шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.2. Бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар мынадай шарттардың бірі болған жағдайда:1) есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерді алған;2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген адамдар болып табылса, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады.Тапсыру тәсілдері:Электрондық түрде: Салық төлеуші кабинеті (cabinet.salyk.kz) – Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталында; Электронды үкімет порталы egov.kz; Мобильді қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGov mobile, moldir.qoldau.kz, HALYKBank (HALYK), ЦентрКредитБанк (bcc.kz).Қағаз түрінде: Мемлекеттік кірістер органдарына өзі келу тәртібімен; ХҚКО арқылы; Пошта арқылы (тапсырылған хатпен).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1062506?lang=kk
Алматы облысында жол жөндеу маусымы аяқталуда: 2025 жылы 870 шақырымнан астам автожол жаңартылуда 05.09.2025
Алматы облысында көлік жүйесі мен логистикалық инфрақұрылымды дамыту маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді. Бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында белгіленген міндеттер аясында жүргізілуде. Өңірде автомобиль жолдарын жөндеу мен жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы қарқынды іске асырылып жатыр.Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 5 714 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 808 шақырым, жергілікті маңызы бар жолдар – 3 906 шақырым. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 94%-ға жетті.2025 жылы жол жөндеу жұмыстары облыстың барлық аудандарын қамтиды. Жоспарда – 872,9 шақырым автожолды жаңарту, оның ішінде 53,2 шақырымына күрделі жөндеу, 135,5 шақырымына орташа жөндеу жүргізу қарастырылған. Ерекше назар елді мекен ішілік жолдарға аударылып отыр: 142 ауылда жалпы ұзындығы 684,2 шақырым болатын учаскелерде жөндеу жұмыстары атқарылуда.Жыл басынан бері 72 шақырым автожол жөнделіп, қалған учаскелер әртүрлі кезеңдерде іске асырылуда. Жұмыстар жоспарлы түрде жалғасып жатыр.«Біз жол жөндеу маусымының соңғы кезеңіне шықтық. Көптеген учаскелерде жұмыс белсенді түрде аяқталуда, кейбірі пайдалануға берілді. Біздің міндетіміз – тек жолға асфальт төсеу емес, ауылдар, аудандар мен қалалар арасындағы тұрақты көлік байланысын қамтамасыз ету», – деп атап өтті Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов.Оның айтуынша, назар тек магистральдік трассаларға ғана емес, сондай-ақ ауылішілік және кіреберіс жолдарға да аударылуда. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етеді.Жол-көлік желісін дамыту логистиканы жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ экономикалық белсенділік пен ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1062465?lang=kk
4 қыркйек күні Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Ж. Мекеева кезекті азаматтарды қабылдауды өткізді 05.09.2025
4 қыркйек күні Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы Ж. Мекеева кезекті азаматтарды қабылдауды өткізді. Қабылдау барысында дін саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша, соның ішінде «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/press/news/details/1062381?lang=kk
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ 05.09.2025
Құрметті салық төлеушілер! Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру және салық төлемдерін төлеу мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз. САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША 15 қыркүйек:250.00 нысаны – 2024 жылғы 31 желтоқсандағыжағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация;270.00 нысаны – 2024 жылға кірістер мен мүлік туралы декларация;400.00 және 421.00 нысандары – шілде айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп. 22 қыркүйек:саны – тамыз айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША 22 қыркүйек:Тамыз айына ЕАЭО-да ҚҚC;Тамыз айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда. 25 қыркүйек:270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияға сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС);Қыркүйек айына КТС бойынша аванстық төлемдер;Тамыз айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;Тамыз айында төленген табыстардан КТС, ЖТС;Тамыз айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС;Радиожиілік спектрін пайдалану, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;Тамыз айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1062376?lang=kk
KazAID қызметкерлері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Уэльс матчын тамашалап, ұлттық құраманы қолдады 05.09.2025
2025 жылғы 4 қыркүйек, Астана қ. – KazAID қызметкерлері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Уэльс матчын тамашалап, ұлттық құраманы қолдады. «Астана Аренада» 30 200 орынның 28 219-ы толып, стадионда нағыз ерекше атмосфера орнады. Ұлттық құрамаға жанкүйер болу бізді халықаралық жобалардағы жұмысымыз секілді шабыттандырады — бәрі серіктестік пен бірліктен басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1062334?lang=kk
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні БҰҰ Қазақстанның көшбасшылығын жоғары бағалады 05.09.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күннің он бес жылдығына арналған жоғары деңгейлі пленарлық отырыс өтті. Биылғы күн ерекше мәнге ие болып, алғашқы ядролық жарылыстың және БҰҰ құрылуының 80 жылдығымен тұспа-тұс келді. Ұйым мінберінен сөйлеген қатысушылар Қазақстанға бұл форумды жыл сайын өткізу бастамасы және қарусыздану мен таратпау режимін нығайтуға қосқан тұрақты үлесі үшін ризашылықтарын білдірді.БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Филемон Янг 1945 пен 1996 жылдар аралығында әлемде екі мыңнан астам ядролық сынақ жүргізілгенін еске салды. Бұл сынақтар адамдардың денсаулығына ауыр зардап тигізіп, қоршаған ортаны ұзақ мерзімге ластағанын атап өтті. Сондай-ақ ол 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстанның Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешімі жаһандық деңгейде сынақтар жарысын тоқтатуға бағытталған күш-жігердегі бетбұрыс сәт болғанын айтты.БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Изуми Накамицу Бас хатшының атынан сөйлеген сөзінде Қазақстанның бастамасымен жарияланған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн тек еске алу күні ғана емес, сонымен бірге ядролық сынақтардан азат әлемге ілгерілеуге арналған пәрменді халықаралық платформа екенін атап өтті. Ол Қазақстанның өз үлгісі арқылы, соның ішінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың негізгі сессияларына төрағалық ету арқылы, ядролық сынақтарға тыйым салу техникалық мәселе ғана емес, моральдық әрі стратегиялық қажеттілік екенін айқын көрсетіп отырғанын жеткізді.Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Роберт Флойд бұл Шарт ядролық сынақтарды тоқтатуға арналған жалғыз әмбебап әрі заңды күші бар құрал болып қала беретінін атап өтті. Оның арқасында ядролық жарылыстарды жүргізу тәжірибесін тоқтатып, 300-ден астам сертификатталған нысаннан тұратын бірегей жаһандық верификация жүйесін құруға мүмкіндік туды, олардың бесеуі Қазақстанда орналасқан. Бұған дейін, 29 тамызда, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен бірлескен мәлімдеме жасап, онда тараптар Шарттың күшіне енуіне қол жеткізу және оның верификация режимін одан әрі нығайтуға бейілділігін растады, сондай-ақ мемлекеттерді сынақтарға мораторийді сақтауға және ратификация процесін жеделдетуге шақырды.БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздерін келтіріп, Семей полигонының қасіреті қайталанбауы тиіс екенін және болашақ ұрпақ үшін бейбітшілікті нығайту, халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету және ядролық сынақтарға толық тыйым салуға қол жеткізу қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ бұл саясаттың нақты көрінісі ретінде Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы Семей шартын және Қазақстан мен Кирибатидің бірлескен бастамасы – ядролық сынақтардан зардап шеккендерді қолдау мен қоршаған ортаны қалпына келтіруге арналған Халықаралық сенімгерлік қорын құру жөніндегі бастаманы еске салды.Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге орай БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ұйымдастырған дәстүрлі қабылдауға БҰҰ Хатшылығының басшылары, мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері, сондай-ақ сарапшылық қауымдастық пен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Өз сөздерінде мәртебелі қонақтар Изуми Накамицу мен Роберт Флойд бұл күннің ядролық сынақтардан және олардың қайта басталу қаупінен азат бейбітшілік үшін күш-жігерді біріктіретін беделді халықаралық платформа ретінде орныққанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1062338?lang=kk
Астанада күзде шақырылғандардың алғашқы легін Шекара қызметіне шығарып салды 05.09.2025
Елордада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарына күзгі әскерге шақырылушылардың бірінші легін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің жинау пунктінде өтті. Оған атқарушы биліктің, Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері, ардагерлер, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскерге алынғандардың туыстары мен жақындары қатысты.Бұл күні Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасына мерзімді әскери қызмет өткеруге елорданың 22 тұрғыны жіберілді.Азаматтар қызмет ететін әскери бөлімнің жүз жылдан астам тарихы бар және мемлекеттік шекараның негізгі тіректерінің бірі болып саналады. Бұл бөлімдегі қызмет – үлкен абырой және жауапкершілік.Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов әскерге шақырылушыларға арнап сөз сөйледі.– 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны шеңберінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 22 мыңнан астам қазақстандық, оның ішінде Астанадан 1 200-ден астам жас жіберіледі. Әскердегі қызмет – нағыз батылдық, патриотизм, тәртіп және командалық рух мектебі. Бұл шынығу ғана емес, рухты да қатайтатын, жас жігітте өз елінің игілігі үшін қызмет етуге жауапкершілік пен дайындықты қалыптастыратын жол, – деп атап өтті ол.Іс-шараның салтанатты атмосферасын Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің және ҰҚК Шекара қызметі әскери ансамблі солистерінің көрсеткен өнерлерімен толықты. Бұл күн болашақ Отан қорғаушылар өміріндегі жаңа әрі жауапты кезеңнің бастауы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1062342?lang=kk
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады 04.09.2025
Астана- 2025 жылғы 4 қыркүйекҚасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты.Жеделхатта былай делінген: "Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Португалия халқына көңіл айтамын.Қасіретті оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабырлық, ал зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін."Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1062323?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады 04.09.2025
Астана, 2025 жылғы 4 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Моңғолия Ұлы мемлекеттік хуралының төрағасы Дашзэгвий Амарбайсгалан бастаған моңғол парламенттік және іскерлік делегациясымен кездесті.Тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Ерекше назар инвестицияларды тарту тәжірибесімен алмасуға және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға аударылды.Келіссөздер барысында Қазақстан мен Моңғолияның сауда, көлік-логистика инфрақұрылымы, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен бастамаларды дамытуға мүдделі екені аталып өтті. Өндірісті жергіліктендіру, жаңа кооперациялық тізбектерді қалыптастыру және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қаралды.«Бүгінгі кездесу – Қазақстан мен Моңғолия арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудегі маңызды қадам. Біз шикізаттық емес секторларда серіктестікті кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз және инвесторларға толық қолдау көрсетуге дайынбыз. Сонымен қатар бірқатар қазақстандық компаниялар да өндірістер ашу және сауданы дамыту арқылы Моңғолия нарығына шығуға қызығушылық танытуда», – деді Ә.Қуантыров.«Біздің мемлекеттер басшылары екіжақты тауар айналымын 500 млн АҚШ долларына жеткізу жөнінде өршіл мақсат қойды. Өз кезегінде, Моңғолия қазақстандық инвесторларды белсенді тартуды көздейді, өйткені елдеріміз ауыл шаруашылығы, сауда және өнеркәсіп салаларында бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыру үшін өзара толықтыратын мүмкіндіктерге ие», – деп айтты Д.Амарбайсгалан.Қазіргі уақытта екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты динамиканы көрсетіп отыр: 2024 жылы ол 123,9 млн АҚШ долларын құрады. Мемлекет басшыларының және парламент делегацияларының сапарлары барысында жоғары деңгейдегі саяси диалог пен парламентаралық ынтымақтастық расталды.Өз баяндамасында Ғ.Оспанқұлов Қазақстандағы инвестицияларды тарту жүйесі туралы жан-жақты айтты. Ол елде инвесторларды сүйемелдеудің үш деңгейлі моделі жұмыс істейтінін, «бір терезе» қағидаты, ірі шетелдік компанияларды тартудың таргеттелген тәсілі және аймақтық және салалық даму басымдықтарына сәйкес жобаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін «инвестициялық тапсырыс» тетігі бар екенін атап өтті.Кездесу қорытындысында сұрақ-жауап сессиясы өтті. Моңғол делегациясының мүшелері «бір терезе» қағидатының жұмысы, «инвестициялық тапсырыс» тетігі және жобаларды сүйемелдеудің практикалық құралдарына қызығушылық танытып, сұрақтар қойды. Қазақ тарапы инвесторлардың мақсатты тізімдерін қалыптастыру, әкімшілік кедергілерді азайту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1063089?lang=kk
Құқық бұзушылықтарды болжау және ерте алдын алу мәселелері бойынша Консультативтік-сараптамалық кеңестің бірінші отырысы 04.09.2025
Мемлекет басшысының Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметін қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтарды болжау және ерте алдын алу мәселелері бойынша Консультативтік-сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті.Кеңес тәжірибе, білім және идеялар алмасу, халықаралық тәжірибені талдау, цифрлық қызметтер мен құқықтық бастамаларды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау алаңы болып табылады.Кеңес Төрағасы - Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімов болып табылады. Құрамына Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, мемлекеттік органдардың, ғылыми және IT-қауымдастықтардың өкілдері кіреді.Отырыста жоба үйлестірушісі Серікжан Мырзалы қылмыстық қауіптерді болжау жобаларын және Комитетті одан әрі трансформациялау бойынша көзқарасты ұсынды.Трансформация шеңберінде Комитет қызметтің жаңа бағыттарын енгізуде. Олардың ішінде: құқық бұзушылықтың алдын алуды цифрлық үйлестіру, құқық қорғау саласындағы ІТ-шешімдерді үйлестіру, қылмыстық қауіптерді талдау және болжау, құқықтық көмек көрсету және бірыңғай цифрлық платформада «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау. Кеңес мүшелері Комитеттің бастамаларын қолдады және Комитет енгізіп жатқан болжау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің басқа да ұсынылған құралдарын айтты. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1062315?lang=kk
Мерейтоймен құттықтау! 04.09.2025
Мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы талдау және тәуекелдер басқармасының бас маманы Ақбөкен Есімсағиеваны 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.30 жылдан астам Ақбөкен Маданьятқызы кеден және салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, жауапты лауазымдарда жұмыс атқаруда.Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бағаланған.Әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, еңбекте табыс, отбасына құт-береке тілейміз. Құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1182280?lang=kk
Бүгін Қарабалық аудандық мәслихатының кезекті ХI сессиясы өтті, оған аудан әкімі Р.Б. Халықов, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. 04.09.2025
Бүгін Қарабалық аудандық мәслихатының кезекті ХI сессиясы өтті, оған аудан әкімі Р.Б. Халықов, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.Аудандықмәслихаттыңжұмысжоспарынасәйкессессиядаекімәселеқаралды:Ауданәкімініңөзіне жүктелген функцияларменміндеттердіңорындалуытуралыесебі;Қарабалық ауданында спортты дамыту туралы.Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша аудан әкімі Р.Б. Халықов баяндама жасап, депутаттар мен сессияға қатысушыларға ауданның барлық тіршілік салаларының жай-күйі, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жүргізілген жұмыстың қорытындылары және даму перспективалары туралы толық мәлімет берді.Депутаттар аудан әкімі мен оның басшылығындағы әкімдіктің бүкіл қызметі әлеуметтік саланы және экономикалық қатынастарды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қоғамдық-саяси өмірдегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.Есеп сессия шешімімен бірауыздан бекітілді.Қарабалық ауданында спортты дамыту туралы «Қарабалық ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі - Спорт бөлімі) басшысы Л.Ю. Храпованы тыңдады.Ауданда барлығы 43 дене шынықтыру ұжымы жұмыс істейді, оларда 10 628 адам қамтылған, бұл аудан халқының 44,7% құрайды. Ауданда 88 спорт нысаны бар.Тек 2025 жылдың өзінде 396 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оған 8041 адам қатысты. Жыл сайын спорт бөлімі футбол, баскетбол, волейбол, күрес, қазақша күрес, дзюдо, президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика және басқа да 50-ден астам спорт түрінен (оның ішінде 14-і – олимпиадалық) аудан біріншіліктерін өткізеді.Спорт бөлімі басшысының есебі назарға алынып, ұсыныстар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/1062191?lang=kk
ХИТУ: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашты 04.09.2025
ХИТУ: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашты4 қыркүйекте Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Қазақстан мен Италияның жетекші ғалымдарын, академиялық қауымдастық өкілдері мен инженерлік мектептерін біріктірген «Академиялық және зерттеу ынтымақтастығын дамыту» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.Семинар жұмысына ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Бахытжан Жұмағұлов қатысты. Сондай-ақ семинарға Механизмдер мен машиналар теориясы жөніндегі Халықаралық федерацияның өкілдері – федерацияның Құрметті президенті, Римдегі «Тор Вергата» университетінің профессоры Марко Чеккарелли және Қазақстандағы IFToMM төрағасы, ҚР ҰИА вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі Амандық Төлешов қатысты. Олардың қатысуы іс-шараға ерекше мәртебе беріп, отандық инженерлік ғылымның халықаралық кәсіби қауымдастыққа интеграциялануының маңыздылығын айқындады.Кездесу ашық диалог аясында өтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа буын инженерлік кадрларын даярлауға арналған тиімді алаңға айналды.Іс-шара барысында нақты келісімдерге қол жеткізілді: академиялық ұтқырлықты дамыту – студенттер мен профессор-оқытушылар құрамын алмасу; екі бірлескен қос дипломды бағдарлама ашу; инженерия, робототехника және қолданбалы зерттеулер саласында университеттер мен ғылыми институттар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту.ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі Бақытжан Жұмағұлов өз сөзінде:«Цифрландыру дәуірінде Мемлекет басшысы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі инженерлік кадрларды даярлауға ерекше назар аударып отырған кезеңде еліміздегі санаулы инженерлік университеттердің бірі – ХИТУ қабырғасында осындай семинар өткізу айрықша маңызды. Бұл ғылыми ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, отандық инженерлік мектептің дамуына берік негіз қалайды», – атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1062205?lang=kk
Бүгін аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті. 04.09.2025
Бүгін аудандық қоғамдық кеңес отырысы Б.Макеевтің төрағалығымен өтті. Отырысқа аудан әкімі Е.Ихсанов, мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.Отырыста «2025-2027 жылдарға арналған Бөрлі ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «2025-2027 жылдарға арналған Ақсай қаласы мен ауылдық округтер бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова баяндады.Бұдан соң Қанай, Қарағанды, Қарақұдық ауылдық округі әкімі аппараттарының атқарған жұмыстары мен көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы мәселелер тыңдалды.Келесі Бөрлі ауданы әкімі және аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қаулы және шешім жобаларына қоғамдық кеңес ұсыным берді.Қоғамдық кеңес мүшелері А.Идгеева, М.Ергалиев, Д.Акмамбетов, Т.Казжанов, А.Ашурматов өздерінің көкейтесті мәселелерін көтеріп, сұрақтар қойып жауаптар алды.Отырыс соңында қоғамдық кеңес мүшелігіне резерв тізімінен С.Есенов аудандық қоғамдық кеңес құрамына енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1062157?lang=kk