Enbekshi QazaQ

Қоғам

Заң мен әлеуметтік әділеттіліктің сақшылары 10.07.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының базасында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған қорытынды кеңес өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мен жалақы деңгейін арттыру мәселелері болды.Кеңес жұмысына ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаменті, Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы мен тиісті құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты. Жиын барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік салада жиі ұшырасатын өзекті мәселелері талқыланып, оларды заңнамалық деңгейде шешу жолдары қарастырылды.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов атап өтті:— Әскери қызметшілердің өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Ұландықтар – күнделікті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген азаматтар. Біз оларға лайықты қызмет жағдайы мен әлеуметтік қолдау көрсетуіміз қажет. Бүгін біз тек есеп беріп қана қоймай, алдағы уақытқа нақты бағыт-бағдар айқындап отырмыз, – деді ол.Кеңес қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан өкілдері, заңгерлер және салалық мемлекеттік органдар қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылатын болды. Оның басты мақсаты – әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және еңбекақысын арттыруға бағытталған нақты заңнамалық ұсыныстар әзірлеу.Әскери департамент қызметкерлері әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігіне, сондай-ақ жалақыны төлеудің әділ жүйесі мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалардың маңыздылығына назар аударды.Кеңесте көтерілген маңызды бастамалардың бірі – әскери қызметке түсетін қосымша жүктеме үшін ақшалай үстемақы енгізу туралы ұсыныс болды. Кеңеске қатысушылардың пікірінше, бұл – жеке құрамды ынталандыру мен әскери ортадағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың нақты қадамы болмақ.Бұл бағыттағы жұмыс жыл соңына дейін жалғасады және ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдар деңгейінде қаралатын болады.#ЗАҢМЕНТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1032523?lang=kk
2025 жылғы 10 шілдеден бастап хабарламалар бойынша түсініктемелер тек СӘАЖ СТК арқылы ұсынылады 10.07.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асырады.Осыған байланысты, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап камералдық бақылау хабарламаларын (бұдан әрі – Хабарламалар) орындау, түсініктеме беру арқылы, тек СӘАЖ СТК-де келесі сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://knp.kgd.gov.kz.Бұл ретте, хабарламаларды орындау шеңберінде салық есептілігінің қосымша нысанын (ҚСЕН) ұсыну жөніндегі функционал ескі салық төлеуші кабинетінде қалады – https://cabinet.kgd.gov.kz – СЕН СӘАЖ СТК-ға толық ауысқанға дейін.СӘАЖ салық төлеуші кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі бейненұсқаулық Мемлекеттік кірістер комитетінің YouTube арнасында жарияланған: https://youtu.be/zqNI6w5NJpw?feature=shared.Құжаттармен және функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтар Қолдау → Көмек → Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.Сұрақтар туындаған жағдайда Қолдау қызметіне хабарласуыңызға болады:1. Жаңа СТК-де тіркеу бойынша: 8 (7172) 73 55 11, +7 (705) 956 53 71;2. Функционал бойынша: СӘАЖ СТК Қолдау → Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысаны арқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1032387?lang=kk
Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда 10.07.2025
Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде. Бұл орталық – елдегі жетекші перинаталдық мекемелердің бірі. Бағдарлама акушер-гинекологтар мен неонатологтарға арналған, оның мақсаты – тәжірибе алмасу, заманауи емдеу әдістерін меңгеру және жүктілік пен жаңа туған сәбилерге көмек көрсетуде халықаралық стандарттарымен танысу.Оқыту бағдарламасының маңызды бағыттары:•Орталықтың жұмысымен және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысу.Курсқа жүкті әйелдердегі экстрагениталдық патология бөлімі меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Литвинюк Ольга Валерьевна жетекшілік етті. Сонымен қатар күнделіктіпалаталық тексерулер, клиникалық талқылаулар мен дәрігерлік консилиумдарға қатысу, интерактивті платформада клиникалық жағдайларды талдау арқылы оқыту,күрделі жүктілік жағдайында, оның ішінде плацента мен экстрагениталдық патологиялар кезінде кесар тілігін жасауға ассистент ретінде көмек көрсетіп, тәжірибе жинақтады.Іле аудандық орталық ауруханасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі директордың орынбасары Рауан Бақытжанқызы Азимқұлованың айтуынша:«Беларусь мамандарының ұйымдастырушылық деңгейі мен науқастарға деген көзқарасы өте жоғары. Әсіресе талдау нәтижелерін жылдам жеткізуге арналған пневмопошта жүйесі ұнады».Неонатологтар жаңа туған нәрестелердің денсаулығын ьақылып, олардың жағдайын тұрақтандыру әдістерін үйреніп, науқастың төсегінің жанында клиникалық жағдайларды талқылады. Сондай-ақ, перинатология саласындағы жаңа ғылыми әзірлемелермен танысуда.Бұл бағдарлама кәсіби білімді тереңдетуге және екі елдің медициналық мекемелері арасындағы берік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1032358?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін 99 жасқа келуімен құттықтады 10.07.2025
Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Ербол Өтебаев ғасыр жасап қалған Геннадий Иванович Ивановты құттықтап барды.Ол майдангерге Қазақстан Қорғаныс министрінің құттықтауы мен естелік сыйлықтар табыс етті.Онда: «Қарулы күштердің жеке құрамы және өз атымнан Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Сіздің өмір жолыңыз – Отанға деген шынайы патриотизм мен риясыз қызмет етудің үлгісі», – деп жазылған.Геннадий Иванов 1926 жылы 8 шілдеде Кемерово облысы, Яшкин ауданында дүниеге келген. 1943 жылы қарашада 17 жасында Кемерово педагогикалық мектебін бітіргеннен кейін бірден Қызыл армияға шақырылды. Ол Красноярск өлкесінің Мантис қаласындағы 43-ші атқыштар бригадасында жас жауынгер курсынан өтіп, майданға жіберілді.1944 жылдың қарашасынан бастап Геннадий Иванов 1-ші Украина майданында 13-ші армияның 350-ші атқыштар дивизиясының 917-ші зеңбірек-артиллериялық полкінің құрамында шайқасты. Аға сержант шенінде ол 120 мм минометінің есептоп командирі, содан кейін командир ретінде қызмет етті. Геннадий Иванович өз полкінің құрамында Берлинге жетіп, 1945 жылы маусымда соғыстан оралды.Жеңістен кейін ол Борович әскери жалпы әскери училищесін бітіріп, лейтенант атағын алды. Армияда рота командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болып қызметін жалғастырды. 1956 жылы қыркүйекте 10 жылдан астам қызмет еткеннен кейін ол запасқа шығып, Жамбыл қаласына (қазіргі Тараз) көшіп келіп, педагогикалық институтты оқып бітірді. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жергілікті мектептерде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Ардагер қызы Натальямен бірге тұрады. Майдангерге немерелері мен шөберелері, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері жиі келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1032380?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 маусымдағы инвестициялық портфеліне шолу 10.07.2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 маусымдағы инвестициялық портфеліне шолу    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 23 314,57 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 834,90 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 417,28 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,39 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 маусымға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 44,48%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,15%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,27%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,62%, МҚҰ - 1,25%.2025 жылғы 1 маусым МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,37%, АҚШ долларымен – 40,63%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 751,3 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 4,33 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы маусымнан  бастап 2025 жылғы мамырды қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,60 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 13,08%, инфляция мөлшері - 11,30%.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.2025 жылғы 1 маусымындағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 89,77%, РЕПО операциялары – 7,21%, ҚРҰБ депозиттері – 2,74%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 11,39% көрсетті. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,39 млрд теңгеден асады.01.06.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,78 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,81%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 18,26%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,88%, РЕПО – 14,28%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,63%, МҚҰ - 6,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,39%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,54%. Атап кетейік, портфельдің 66,71% теңгемен, 31,89% - АҚШ долларымен, 1,40% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,65% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.06.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,54 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 29,90%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,77%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,65%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,73%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 8,78%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,60%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,58%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 6,09%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,64%,Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,71%, АҚШ долларымен 30,29% тең.2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,85% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.06.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,32 млрд теңге.  Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 25,37%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 17,97%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 17,06%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 13,28%, РЕПО – 11,42%, ҚР ҚМ МБҚ – 8,18%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 74,27%, АҚШ долларымен 25,73%.2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,50% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.06.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,40 млрд теңге.ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 22,67%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 20,43%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,19%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,33%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 6,27%, РЕПО – 2,50%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,26% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 67,65%, АҚШ долларында – 32,35% инвестицияланды.2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,58% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 маусымындағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 36,35 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,26%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,90%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,41%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,04%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,55%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,90%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,88%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 58,41%, АҚШ долларында – 41,59% инвестицияланды.2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,06% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).       [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1032308?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 23,34 трлн теңгеге жетті, бір жылдағы өсім – 21,3% 10.07.2025
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  23,34 трлн теңгеге жетті. 12 айда 4,10 трлн теңгеге немесе 21,3%-ға артты.2025 жылдың 1 маусымында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 22,25 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,9%.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 666,33 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,7%. Өткен бір жыл ішінде ең үлкен өсімді (37,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша көлемі 8,45 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 маусымына 418,45 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 301,01 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 20,4%-ға (немесе 220,26 млрд теңгеге) артық.Жыл басынан бері МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың 1 маусымына1 070,38 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 12,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 57,24 млрд теңге (өсім –21,1%), ЕЗЖ – 1,21 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 5 айында ЖМЗЖ 172,18млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың 5 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 646,05млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 75,9%немесе 278,68 млрд теңгеге көп.Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 374,68 млрд теңге. Бұл ретте баламалы мақсаттарға төленетін төлемдер көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 41,25%-ға ұлғайды.Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 22,21% ұлғайып, 01.06.2025ж. 98,08 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 668 теңге. Жыл басынан бері 01.06.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 28,96 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 15,24 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,32 млрд теңге, жерлеуге – 4,48 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 123,29 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,59 млн. бірлік (12 айдағы өсім–1,45 млн бірлік немесе 9%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 маусымына 12,56 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,17 млн- МЗЖ бойынша, 736,94 мыңы - МКЗЖ бойынша, 450,31 мыңы – ЕЗЖесептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,04 млн бірлік.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1038097?lang=kk
Салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу жүзеге асырылады 10.07.2025
Құрметті салық төлеушілер!Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті салық әкімшілігінің ақпараттық жүйесін (СӘАЖ), оның ішінде СӘАЖ салық төлеуші кабинетін (СӘАЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүзеге асыратынын хабарлайды.Осыған байланысты, 2025 жылғы 10 шілдеден бастап камералдық бақылау хабарламаларын (бұдан әрі – Хабарламалар) орындау түсініктеме беру арқылы тек СӘАЖ СТК-да сілтеме бойынша қолжетімді болады https://knp.kgd.gov.kz.Бұл ретте хабарламаларды орындау шеңберінде салық есептілігінің қосымша нысанын (ҚСЕН)  ұсыну жөніндегі функционал салық төлеушінің ескі кабинетінде қалады (https://cabinet.kgd.gov.kz) СЕН СӘАЖ СТК-ға толық ауысқанға дейін.СӘАЖ СТК-де тіркелу және жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулықтар Комитеттің youtube каналында сілтеме бойынша орналастырылған https://youtu.be/zqNI6w5NJpw?feature=shared.СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне хабарласа аласыз:жаңа СТК-де тіркеу бойынша 8 (7172) 73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы;СӘИЖ СТК-нің функционалымен жұмыс істеу бойынша СӘИЖ СТК-нің Қолдау – Кері байланыс бөліміндегі өтініш нысанын пайдалана отырып.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1032281?lang=kk
Қонаев қаласындағы алдын ала дайындық орталығы – қазақстандық еңбек мигранттарын қолдаудың жаңа алаңы 10.07.2025
Алматы облысында шетелде жұмыс істеуді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарын кешенді түрде дайындауға бағытталған Алдын ала дайындық орталығы (Pre-departure Orientation Centre, PDO) өз жұмысын бастады. Жаңа орталық өңірлік Еңбек мобильділігі орталығының базасында құрылды.Бұл бастама Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) «Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны бағдарламасы (1-фаза)» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаны қаржыландыруды Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі (SDC) қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға Алматы облысының әкімдігі мен өңірлік Еңбек мобильділігі орталығы қатысуда.Орталықтың басты мақсаты – еңбек миграциясына дайындалып жатқан азаматтарға шетелде заңды, қауіпсіз және табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті білім мен дағдыларды үйрету. Бағдарлама аясында құқықтық және қаржылық сауаттылық, психологиялық бейімделу, еңбек құқықтарын түсіну, жұмысқа орналасуға өтінім беру тетіктері мен мәдениетаралық коммуникация негіздері қамтылады.Орталық, сондай-ақ, Ұлыбританиядағы маусымдық жұмыспен қамту сияқты халықаралық бағдарламаларға қатысушыларды қолдауға бағытталған. Осыған орай арнайы оқыту модульдері әзірленуде.Қонаев қаласында Еңбек мобильділігі орталығының мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Ұлыбритания Елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі бөлімі жетекшісі Кэти Коттрелл, елшіліктің экономисі Бибігүл Жұмағужина, ХКҰ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Светлана Бекмамбетова қатысты.Семинарда қазақстандықтарды маусымдық жұмыс бағдарламасына қалай дайындау, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және шетелге шығу мен жұмысқа орналасу барысында ескерілетін маңызды мәселелер талқыланды.Бұл Орталықтың құрылуы Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген Ұлттық көші-қон саясатының міндеттерімен үйлеседі. Атап айтқанда, онда азаматтардың құқықтарын шетелде қорғау, шетелдегі қазақстандықтарды мемлекеттік қолдау тетіктерін дамыту, сондай-ақ халықаралық аренада ұлттық мүдделерді ілгерілету маңыздылығы айтылған.Қонаевтағы орталықтың ашылуы мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды.Ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Көші-қон комитетінің өкілдері, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы, сондай-ақ ХКҰ-ның Қазақстандағы миссия жетекшісі Серхан Актопрак пен ХКҰ-ның еңбек көші-қоны жөніндегі субөңірлік маманы Герелтогтох Ганбат қатысты.Шара барысында олар бұл жобаның Орталық Азия өңірі үшін маңыздылығын атап өтіп, осындай алаңдардың Қазақстанның басқа да өңірлерінде құрылуы қажеттігін айтты.Қонаев қаласындағы Алдын ала дайындық орталығы еңбек мигранттарын қолдауға бағытталған инфрақұрылымның маңызды буынына айналып, еңбек көші-қонының қауіпсіз және тұрақты тетігін қалыптастыруға ықпал етпек.Азаматтарды сапалы даярлықтан өткізу арқылы бұл орталық еңбек миграциясымен байланысты тәуекелдерді азайтуға және қазақстандықтардың халықаралық еңбек нарығына тиімді бейімделуіне септігін тигізеді. Алдағы уақытта оқыту бағдарламаларын кеңейту, жаңа халықаралық серіктестерді тарту және мигранттарды сүйемелдеудің цифрлық құралдарын дамыту жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1032205?lang=kk
Салық берешегі: Қай жерден және қалай тексеруге болады? Толық нұсқаулық! 10.07.2025
Әркімде мезгіл-мезгіл туындайтын сұрақ: "Салық бойынша берешегім бар-жоғын қалай білуге болады?". Сіз әрқашан хабардар болуыңыз үшін барлық жолдарын түсіндіреміз! 👇 ❓ Салық берешегін қай жерден қарауға болады?✅ Жауап: Ыңғайлы және жылдам бірнеше тәсіл бар:    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы (kgd.gov.kz): «Электрондық сервистер» бөліміне кіріп, «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қосымша бетін таңдаңыз. Бәрі қарапайым және түсінікті!    E-SalykAzamat мобильді қосымшасы: Оны App Store немесе PlayMarket-тен жүктеп алыңыз. Сіздің салық кабинетіңіз әрқашан қолыңызда!    Telegram-дағы SalyqBot: Егер сіз Telegram-ды белсенді қолдансаңыз, бұл бот қажетті ақпаратты тез алуға көмектеседі.    Egov.kz электрондық үкімет порталы: Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған ең танымал ресурстардың бірі.    Банктердің мобильді қосымшалары: Көптеген банктер салық берешегін тексеру функциясын өз қосымшаларына біріктірген. Ыңғайлы!Міндеттемелеріңіз туралы хабардар болып, өсімпұлдардан аулақ болу үшін осы ресурстарды пайдаланыңыз!  #СалықБерешегі #СалықТексеру #EgovKZ #ҚРМКК #МобильдіҚосымша #ҚаржылықСауаттылықАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1032126?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бетін жауып тұрған киім кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. 10.07.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бетін жауып тұрған киім кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Енді мұндай заттарды киюге ресми түрде тыйым салынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.Адамды жасыратын киім киюге тыйым салу туралы Норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласындағы артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы" заңға енді іс"."Қазақстан Республикасы заңдарының, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерінің талаптарын орындау үшін, медициналық мақсатта, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдар үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, бетті тануға кедергі келтіретін киім заттарын қоғамдық орындарда киюге тыйым салынады және мәдени-бұқаралық іс - шараларда", - делінген заң мәтінінде.Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Сенат қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салуды көздейтін түзетуді ұсынды.ІІМ басшысы Ержан Сәденов депутаттардың ұсынысын қолдады."Депутаттардың бұл бастамасы. Біз жалпы қолдаймыз. Себебі бұл бірінші кезекте қауіпсіздікке бағытталған. Егер жасыратын ештеңе болмаса, неге бетті жабу керек?"- деп сұрады министр.Ол сондай-ақ тиісті ұсыныс Министрдің орынбасарлары мен ІІМ-нің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткен бейінді комитет отырыстарында бірнеше рет талқыланғанын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-druzhba/press/news/details/1032120?lang=kk
Әлеуметтік және спорттық нысандар – облыс әкімінің тікелей бақылауында 09.07.2025
Қостанай облысында инклюзивті қоғамды және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жалғасуда. Әсіресе ерекше білім беру және медициналық қажеттіліктері бар балалардың толыққанды өмір сүруі мен дамуына жағдай жасауға басымдық берілуде.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік маңызды нысандардың құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.Бұрында резиденция болған нысан – енді ерекше балаларға арналған орталықНегізгі нысандардың бірі – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы. Бұл орталық Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұрынғы облыстық резиденция базасында құрылуда.– «Бұл ғимаратты ерекше балалардың қажетіне беру – әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім. Бұрынғы әкімшілік нысанның орнында енді мыңдаған балаға қалпына келуге және дамуға мүмкіндік беретін заманауи орталық ашылады», – деді Құмар Ақсақалов нысанды аралау барысында.Жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метр болатын ғимаратты жаңғыртуға 352,4 млн теңге бөлінді. Орталық 60 төсек-орынға есептелген.Жоба 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды толық қамтуды көздейді. Реабилитация курсының ұзақтығы 14 күннен 21 күнге дейін ұзарады. Бұл орталықтың жылына 1300 балаға дейін қабылдауына мүмкіндік береді. Қазір жұмыс істеп тұрған жалғыз орталықта тек 400 бала ғана ем-шарадан өте алады.– «Бүгінде облысымызда 3808 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Біз олардың ешқайсысын назардан тыс қалдыруға хақымыз жоқ. Сондықтан кәсіби әрі сапалы оңалту ортасын құрып жатырмыз», – деп атап өтті облыс әкімі.Орталық «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 1 млрд теңгеден астам сомаға медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталады. Қор сонымен қатар 3 спорт алаңын да салып береді.Ал облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлініп, жиһаз, жұмсақ мүкәммал және ыдыс-аяқпен қамтамасыз етіледі.Ғимарат мүгедектігі бар азаматтар үшін бейімделуде: пандустар орнатылды, есік ойықтары кеңейтілді, арнайы санитарлық тораптар мен душ кабиналары жабдықталды, көтергіш құрылғылар орнатылуда.Сондай-ақ, балаларға заңды өкілдерімен немесе еріп жүруші тұлғалармен бірге тұруға мүмкіндік жасалады. Орталықта реабилитолог, травматолог, психиатр, педиатр, логопед, дефектолог, психолог, массаж жасаушы, емдік дене шынықтыру және су терапиясы мамандары қызмет көрсететін болады.Орталықты ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосу жоспарланған.Келесі нысан – спортты серік еткен жастарға арналғанӘкімнің келесі барған нысаны – Қостанай қаласында салынып жатқан үстел теннисі орталығы.– «Президент бізге бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жастарды дене белсенділігіне тарту жөнінде нақты міндет қойды. Біз заманауи, қолжетімді және ынталандыратын инфрақұрылым қалыптастыруымыз керек», – деді Құмар Ақсақалов.Ауданы 2,6 мың шаршы метр болатын орталықта 12 теннис үстелі бар спорт залы, 100 орындық көрермен трибуналары және әкімшілік-тұрмыстық блок қарастырылған.Орталық 150 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда спортшылар жаттығып қана қоймай, республикалық және халықаралық жарыстар да өткізіледі.Нысан мүгедектігі бар адамдар үшін де қолжетімді болады.Орталықты 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беру көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1032043?lang=kk
«ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНЕ САЯХАТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ 09.07.2025
2025 жылғы 20 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда өткен экспедиция аясында делегация Шымкент қаласына арнайы ат басын бұрып, қаланың туристік, мәдени және инновациялық әлеуетімен танысты.Іс-шара барысында қатысушыларға экологиялық бастамалар мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, қаладағы тарихи-мәдени нысандарды аралап, өңірдің ерекшеліктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.Бұл бастама Шымкенттің халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттырып, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға өз үлесін қосады.🔷Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1031960?lang=kk
СИАНЬ ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 09.07.2025
«Шымкент – Сиань» бағытында жаңадан ашылған тікелей халықаралық әуе рейсі аясында Шымкент қаласының арнайы делегациясы Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырды.Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараларда екі қала арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мазмұнды B2B форматындағы кездесулер өтті.Мәселен, CITS Сиань шығу туризмі орталығының өкілімен туризм саласын дамыту және туристерді тарту мәселелері талқыланды.Аталған шара барысында Шымкент қаласының туристік әлеуеті жан-жақты таныстырылды. Сонымен қатар, Сиань қаласының Сыртқы байланыстар, Мәдениет және туризм басқармаларымен және Shaanxi China Travel Service компания өкілдерімен бірлесе отырып, Шымкентке туристер тарту мақсатында туроператорлармен ынтымақтастық орнату бойынша келіссөздер жүргізілді.Сондай-ақ, кездесу барысында Сиань-Алматы халықаралық туристік пойызын Ұлы жібек жолы туристік пойызымен байланыстыру мәселесі де назардан тыс қалмай, Қытайлық әріптестер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.Бұл маңызды қадам – екі қала арасындағы туристік бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жаңа белестерге көтеруге септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1031963?lang=kk
Хронометраждық бақылау 09.07.2025
ХРОНОМЕТРАЖДЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕГЕН НЕ?Бұл – салық органдары кәсіпкердің нақты қызметін тікелей бақылап, табыстарының шынайылығын бағалайтын әдіс.Жоспарлы немесе жоспардан тыс түрде жүргізіледі. МАҚСАТЫ: Құжатпен расталмаған кірісті анықтау Нақты табысты есептегі деректермен салыстыру Есеп жүргізудегі бұзушылықтарды анықтауСалықтық тексеріс кезінде қосымша салықтар салуға негіз дайындауҚАЛАЙ ӨТЕДІ:ұйғарым шығарыладыСалық төлеушіге хабарланады1–30 жұмыс күні аралығында бақылау жасаладыБарлық операциялар тіркеледіАкт толтырылып, қорытынды жасалады МЫСАЛЫ:Кафеде бақылау жүргізіліп,Келушілер саныОрташа чекТүскен табысесептеме деректерімен салыстырылады.ТӘУЕКЕЛДЕР:Салықтарды қосымша есептеу (ҚҚС, КТС)Айыппұл, өсімпұл Жоспардан тыс тексерісӘкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікСАЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ: Алдын ала ескерту алу Бақылау кезінде қатысу Түсініктеме беру Әрекеттерге шағымдану ҚАЛАЙ ДАЙЫН БОЛУҒА БОЛАДЫ: Кірістер мен шығыстарды нақты есепке алу Құжаттарды сақтау Есепті уақытылы тапсыру Салық кодексін сақтау Есіңізде болсын:Хронометраж — бақылау емес, кәсіптің шынайы табысын бағалауға арналған құрал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1031969?lang=kk
Көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі 09.07.2025
Ағымдағы жылғы 23 маусымдағы құқыққорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысындағы Мемлекетбасшысының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің әлеуетін қолдана отырып қылмыстық қатерлерді болжау мен оған қарсы күрес жүйесінжандандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында, ведомствомен қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қатерлерді ерте анықтау мен алдын-алуға бағытталған Комитеттіболжамдық-талдамалық орталығына трансформациялау бойынша кешенді шаралар қалыптастырылды. Оның басты міндеті – қылмыстық қауіптерді анықтайтын және алдын алатынзаманауи жүйені қалыптастыру. Осы мақсатта, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша ведомствода пилоттық режимде Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы құрылды. Алғашқы қадамдардың бірі ретінде а.ж.9 шілдеде Астана қаласында «көшедегі қылмысты болжаудың ЖИ-моделі» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба Ішкі істер Министрлігімен бірлесіп іске асырылуда, көшедегі қылмыстаржасалатын жерлерді алдын ала анықтап, уәкілетті органның сол аймақта алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған. Жүйе жаңа технологиялар мен үлкен деректер базасында жұмыс жасауда. Олқылмыс туралы мәліметтерді, яғни құқық бұзушылықтардың қашан және қай жерде жасалғанын талдайды. Елордада соңғы он жылда жасалған қылмыстар туралы деректер негізіндежүйе жасанды интеллект элементтері арқылы нақты аумақта қандай да бір қылмыстардың жасалуын болжайды. Бұл қауіпті аудандарды анықтап, алдын алушараларын қолдануға өз септігін тигізеді. Осы мәліметтердің негізінде полиция патрульдік бағыттарын тиімді жоспарлап, орын алуы мүмкін ықтимал құқық бұзушылықтарға жылдам ықпал етуге, ал жергіліктіатқарушы органдарға – қалалық инфраструктураны жақсартуға мүмкіндік береді (бейнебақылау камераларын, жарық шамдарын орнату және т.б.). Пилоттық жоба Астанада сәтті тестілеуден өткеннен соң, басқа да үлкен қалалардажүргізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1031979?lang=kk
Кез келген мәселенің шешімі – Smart Qostanai! 09.07.2025
Қаладағы проблеманы — сынған орындықты, жолдағы шұңқырды немесе жарықтың бұзылуын көресіз бе? Енді хат жазудың және қайда бару керектігін іздеудің қажеті жоқ. Smart Qostanay қосымшасын ашып, мәселені бірнеше рет басу арқылы шешіңіз!"Апелляция" бөліміне өтіп, I Komek санатын таңдап, мәселенің суретін немесе сипаттамасын жіберіңіз.Сіздің өтінішіңіз жедел және ашық түрде өңделеді және сіз оның күйін нақты уақыт режимінде бақылай аласыз.Smart Qostanai-бұл біздің қаланы таза, қауіпсіз және ыңғайлы етудің оңай жолы.Сіздің қатысуыңыз-туған Қостанайдың дамуына маңызды үлес! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1031990?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бетін жауып тұрған киім кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Енді мұндай заттарды киюге ресми түрде тыйым салынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 09.07.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бетін жауып тұрған киім кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Енді мұндай заттарды киюге ресми түрде тыйым салынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.Адамды жасыратын киім киюге тыйым салу туралы Норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласындағы артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы" заңға енді іс"."Қазақстан Республикасы заңдарының, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерінің талаптарын орындау үшін, медициналық мақсатта, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдар үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, бетті тануға кедергі келтіретін киім заттарын қоғамдық орындарда киюге тыйым салынады және мәдени-бұқаралық іс - шараларда", - делінген заң мәтінінде.Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Сенат қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салуды көздейтін түзетуді ұсынды.ІІМ басшысы Ержан Сәденов депутаттардың ұсынысын қолдады."Депутаттардың бұл бастамасы. Біз жалпы қолдаймыз. Себебі бұл бірінші кезекте қауіпсіздікке бағытталған. Егер жасыратын ештеңе болмаса, неге бетті жабу керек?"- деп сұрады министр.Ол сондай-ақ тиісті ұсыныс Министрдің орынбасарлары мен ІІМ-нің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткен бейінді комитет отырыстарында бірнеше рет талқыланғанын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1031893?lang=kk
Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты және оған қарасты барлық дербес бөлімдер мен ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау басталды 09.07.2025
Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.Бұл талдау:• Ішкі процестердің ашықтығын арттыру,• Тиімді басқару тетіктерін жетілдіру,• Әділеттілік пен заңдылық қағидаттарын нығайту үшін қолға алынды.✉️ Қоғам белсенділері мен қала тұрғындары тарапынан да ұсыныстар мен пікірлер қабылданады.Біз бірге ашық қоғамды қалыптастыра аламыз!#Жаңаөзен #СыбайласЖемқорлықҚарсы #АшықӘкімдік #AntikorАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1031912?lang=kk
2025 жылғы 09 Шілдеде Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті 09.07.2025
2025 жылғы 9 шілдеде Алтай ауданының Қоғамдық кеңесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында жастарды жұмыспен қамту, «Алтай қаласы әкімінің аппараты» ММ-не келіп түскен өтініштерді талдау, сондай-ақ «Алтай қаласының Жылусуорталық» ШЖҚ КМК-ның жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша қарыздарды болдырмау жөніндегі жұмысы қаралды.Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, жеке тұлғалардан берешектерді өндіру мәселесін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Бұл мәселені қайта қарау алдында мекеме басшыларына ресми сұрау жіберіп, кейін оларды Алтай ауданы мәслихаты жанындағы қоғамдық кеңесте тыңдау ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1031879?lang=kk
Мәслихат депутаттары Алтай ауданындағы өрт сөндіру бекеттерінің жағдайын қарастырды 09.07.2025
Мәслихат депутаттары Алтай ауданындағы өрт сөндіру бекеттерінің жағдайын қарастырды. Бірлескен комиссия отырысы барысында аудандық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы мен өрт сөндіру бекеттері орналасқан ауылдық округтердің әкімдерінің ұсыныстары тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, соның ішінде Мәжіліске депутаттық сауал жолдау туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1031719?lang=kk