Қоғам
Жылу маусымына дайындық және тазалық жұмыстары талқыланды 18.08.2026
Бүгінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен елді мекендерде қысқы кезеңде қолайлы жағдай қалыптастыру – аудан әкімінің тұрақты бақылауында. Осыған байланысты бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, Қармақшы ауданындағы әлеуметтік нысандардың 2026-2027 жылдардағы жылу маусымына дайындығы қаралды.Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес өткізілген жиында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытбек Жылтыров жылу маусымына дайындық барысын баяндады.Бұдан бөлек электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі де толық талқыланды. Әлеуметтік нысандарды қысқы кезеңде тұрақты электр қуатымен қамту бойынша жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берілді.Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде қолға алынған тазалық жұмыстары аясында ауданымызда абаттандыру және санитарлық тазалық шаралары күнделікті жүргізіліп келеді. Мәжілісте осы жұмыстардың жүйелілігін қамтамасыз етіп, әлеуметтік нысандар мен мекеме аумақтарының тазалығы, айналасын абаттандыру және санитарлық талаптардың сақталуы аясында мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Самат Қыдырбекұлы барлық салада анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою қажеттігін айтып, берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауда болатынын және жауапты сала басшыларына жылу маусымына қажетті шараларды жасауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1275554?lang=ru
Әуе қорғанысы күштері: бейбіт аспан күзетінде – 28 жыл 18.08.2026
18 тамыз – Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғап, әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге отыз жылға таяу сенімді үлес қосып келе жатқан Әуе қорғанысы күштерінің күні.Әуе қорғанысы күштерінің құрамына Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері кіреді. Олардың басты міндеті елдің әуе кеңістігін тәулік бойы қорғау, стратегиялық маңызды нысандар мен әскери топтарды бүркемелеу, сондай-ақ Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектеріне, басқа да әскерлеріне авиациялық қолдау көрсету болып табылады.Қару-жарақ құрамында заманауи авиациялық және зениттік-зымырандық кешендер, радиолокациялық станциялар, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер бар. Автоматтандырылған басқару жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп, жауынгерлік даярлық әдістері жетілдірілуде, қару-жарақ пен әскери техника паркі жаңартылуда.Кәсіби кадрларды даярлау басты назарда. Ұшу және инженерлік-техникалық құрамды Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты даярлайды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен байланысқа арналған инженерлік кадрлар Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында оқытылады.Әскери қызметшілер өздерінің жоғары шеберлігін әскер түрлері арасындағы және халықаралық оқу-жаттығулар барысында дәлелдеп, кез келген жағдайда міндеттерді орындауға дайындығын ұдайы көрсетіп келеді. Армия авиациясының экипаждары бірнеше рет халыққа көмек көрсетуге және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жұмылды. Сонымен қатар Абай облысындағы ауқымды орман өрттерін сөндіруге де қатысты.Бүгінде Әуе қорғанысы күштері – заманауи қару-жарақпен жабдықталған, жоғары технологиялы, аса ұтқыр әрі білікті мамандармен жасақталған Қарулы күштердің маңызды құрамдас бөлігі. Олар жауынгерлік кезекшілікте, практикалық сабақтар мен оқу-жаттығулар барысында өздерінің кәсіби шеберлігі жоғары екенін дәлелдеп жүр.Әрбір ұшудың, жауынгерлік кезекшіліктің және оқу-жаттығудың артында әуе кеңістігін қорғауға және ел қауіпсіздігін көздің қарашығындай сақтауға әркез дайын әскери қызметшілердің күнделікті еңбегі тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1275532?lang=ru
Қазақстандағы саяси жаңғыру бельгиялық парламентариймен кездесудің басты назарында 17.08.2026
Брюссель, 2026 жылғы 17 тамыз – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Бельгия Федералдық Парламенті Өкілдер палатасының депутаты, Халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі Катрин Ван Риетпен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға, жаңа Конституцияны іске асыруға және 23 тамызда өтетін жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауына басты назар аударылды.Елші сұхбаттасын 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда мақұлданған конституциялық реформаның негізгі қорытындыларымен таныстырып, алдағы сайлаудың елдегі саяси жаңғырудың маңызды кезеңі екенін атап өтті.К.Ван Риет Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға беріп, демократиялық институттарды, заң үстемдігін нығайтудың және сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.К.Ван Риеттің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар миссиясы құрамында Қазақстанға алдағы сапарына жеке назар аударылды. Тараптар сондай-ақ Қазақстан-Бельгия парламентаралық өзара іс-қимылын одан әрі нығайту және Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1275478?lang=ru
СӘИЖ СТК 17.08.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 17 тамызда сағат 16:00-ден бастап Салық төлеушінің кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық есептілігін ұсыну сервистерінің мерзімді түрде қолжетімсіз болғанын хабарлайды. Сервистің тұрақты жұмысын қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта салық есептілігін қабылдау штаттық режимде жүзеге асырылуда.Бұл ретте ұсынылған салық есептілігінің барлық нысандары жіберілген күнімен қабылданып, өңделетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1275479?lang=ru
Словения Республикасының Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 17.08.2026
Астана, 2026 жылғы 17 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Словения Республикасының Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі Бранко Раковецтен (резиденциясы Люблянада) сенім грамотасының көшірмеcін қабылдады.А. Исетов Елшіні жаңа қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Астана мен Любляна арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Тараптар Қазақстанның Люблянадағы Елшілігінің 2024 жылы ашылуы және Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың 2025 жылы Қазақстанға жасаған ресми сапары екіжақты байланыстардың нығая түскенін және екі елдің өзара қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ ұмтылысын айқын көрсеткенін атап өтті.Ең жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия қызметінің маңызына жеке назар аударылды.Елші Б. Раковец жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға күш-жігерін салатынын жеткізді.Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1275461?lang=ru
Үкіметте инфляция динамикасы және бағаның өсуіне жол бермеу шаралары талқыланды 17.08.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте түрлі нарықтағы қазіргі баға ахуалы, болжамдау мен одан әрі ден қою шаралары егжей-тегжейлі қаралды.Жылдық инфляция 10,2% деңгейінде болып тұрған кезде жекелеген өңірлерде оның қарқыны орташа республикалық деңгейден жоғары болып қалып отыр.Жиында реттелетін тауарлар мен қызметтер тарифінің ықтимал өсуі ескеріле отырып, инфляцияның одан арғы серпінінің бірнеше сценарийі қаралды. Серік Жұманғарин Табиғи монополияларды реттеу комитетіне олардың инфляцияға ықтимал үлесін есептей келіп, тарифтердің алдағы өсу параметріне түзету енгізуді тапсырды.Жеті айда ақылы қызметтердің ішінде (2026 жылғы шілде мен 2025 жылғы желтоқсанға дейін) денсаулық сақтау (110,1%) және байланыс (105,5%) саласында өсім тіркелді.Шілдеде азық-түлік тауарының айлық инфляциясы 0,4% болып, маусыммен салыстырғанда 0,2 п.т. бәсеңдеді. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары дефляциясы – 0,3%. Бұл оның баға индексін жыл басынан бері 1,6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, министрлік азық-түлік инфляциясын орташа есеппен 0,2 п.т. бәсеңдету міндетін қойып отыр.Қант нарығындағы жағдай да қарастырылды. Қазақстанда қант қызылшасын өңдеудің жалпы тәуліктік қуаты 8,7 мың тонна. 2,4 мың тонна қамыс шикізатын өңдейтін төрт зауыт жұмыс істейді. 2026 жылғы қаңтар-маусымда 77 мың тонна қант өндірілсе, оның 9 мың тоннасы қызылша, 68 мың тоннасы қамыс қанты.Қант импортына тәуелділікті ескере отырып, мемлекет биыл 100 мың тонна шикі қантты бажсыз әкелу шарасын қабылдады. Талқылаудың соңында Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қант саласының өкілдерімен жеке кеңес өткізіп, бағаны тұрақтандырудың қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды.Шілдеде сүт өндіру нарығында орташа баға іс жүзінде өзгерген. Ал маусымда 0,7% өсім тіркелді. Вице-премьер АШМ-ге шикі сүт өндірушілермен кеңес өткізуді және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторларды егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.Жыл басынан бері нан-тоқаш өніміне бағаның өсуі болжамды деңгейден төмен. Бұған әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті, оның ішінде, нан өндірушілерге арзандатылған электр энергиясын беру шарасы ықпал етті. Қоғамдық маңызы бар нарықтағы баға ережесіне өзгерістер шілде айының соңында күшіне енді. Енді Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жақын арада нан өндірушілермен қарсы міндеттемелерді көздейтін меморандумдар жасасуды жоспарлап отыр.Кеңесте көтерілген тағы бір мәселе – реттелмейтін нарықтағы ақылы қызметтер. Шілдеде өсу қарқыны маусымдағы 1,1%-ға қарағанда 0,7%-ға дейін төмендеуіне қарамастан, сегменттегі баға қысымы сақталуда. Жылдық мәнде ақылы қызмет құны 9,2%-ға өсті. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова баға динамикасына сегіз бағытта талдау жасады. Ең жоғары қарқын денсаулық сақтау, көлік, білім беру, туризм мен спорт салаларында байқалды.Серік Жұманғарин салалық мемлекеттік органдарға тиісті нарықтағы жай-күйді талдап, қызмет құнының негізгі өсу себебін айқындауды, бағаны ұстап тұру жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.Дәрі-дәрмекке ерекше назар аударылуда. Енді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарыққа талдау жүргізіп, баға белгілеуге әсер ететін факторларды зерделемек.Инфляция орташа республикалық деңгейден жоғары өңірлерге жекелеген тапсырмалар берілді. Бір апта ішінде әкімдіктер негізгі азық-түлік тауарын жеткізушілермен кездесу өткізіп, бағаны тұрақтандыру шарасын қабылдауы қажет.«Бүгін біз инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды егжей-тегжейлі талдадық. Бұлардың біразына нақты жауап та бар. Қазір инфляция орташа республикалық деңгейден асатын өңірлерде бағаның өсуіне жол бермеу өте маңызды. Қазірде бұл факторлардың едәуір бөлігі жекелеген тауарлар мен өңірлік нарықта қалыптасқандықтан, әрқайсысымен жұмыс атқару қажет. Апта сайын қалыптасқан ахуалды барлап, қабылданған шаралардың нәтижесін талдайтын боламыз», — деді Серік Жұманғарин.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1275442?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1276623?lang=ru
«Бірлік пен командалық рух: Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті» 17.08.2026
2026 жылғы 14 тамызда Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында спорттық және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.Спорттық жарыстар кіші футбол, шахмат және үстел теннисі бойынша өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, командалық ойындар барысында ұйымшылдық пен өзара қолдаудың үлгісін көрсетті.Спартакиада қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, командалық рухты нығайтуға, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыруға және өзара ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік берді.Іс-шара мемлекеттік кірістер саласында қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегін атап өтуге, сондай-ақ ұжымның ауызбіршілігі мен өзара түсіністігін нығайтуға арналды.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1275405?lang=ru
«Қазақстан Республикасының резиденттігін растау» мемлекеттік қызметін көрсету. 17.08.2026
Бұл мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдары (Департаменттері) Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көрсетеді.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 11 қарашадағы №689 «Резиденттікті растауға және мемлекеттік кірістер органдарының ресми құжаттарына апостиль қоюға байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрығымен реттеледі. Аталған бұйрықпен мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілген.Резиденттікті растауды алуға құқылы тұлғалар:жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары;шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар– Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар адамдар;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 224-бабына сәйкес резиденттікті растайтын құжатты салық органы қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі өзге де мақсаттарды қолдану үшін береді.2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында салықтық шегерімдерді немесе төмендетілген мөлшерлемелерді қолдану үшін резиденттік сертификаты талап етілмейді. Резидент мәртебесін салық агенті (жұмыс беруші) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 222-бабы негізінде дербес айқындайды.Резиденттікті растау үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:-резиденттікті растау туралы салықтық өтініш;- жеке басын куәландыратын құжат не сәйкестендіру үшін цифрлыққұжаттар сервисіндегі электрондық құжат;- заңды тұлғалар үшін – тіркеуді және тиімді басқару орнын растайтын құжаттар;- резидент болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін – тұлғаның сәйкестендіру деректері және Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен күндері туралы мәліметтер көрсетілген шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің беттерінің нотариат куәландырған көшірмелері;- Қазақстан Республикасында болу мерзімін растайтын құжат (Қазақстан Республикасында болған және Қазақстан Республикасынан кеткен күндері көрсетілген визалар немесе өзге де құжаттар). Мұндай құжаттың түпнұсқасы ұсынылған жағдайда нотариаттық куәландыру талап етілмейді;- «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденттері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін – Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасы.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қызмет алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 2 жұмыс күнін құрайды.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының резиденттігін растау туралы сертификатты беру не Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім шығару.Мемлекеттік қызмет электрондық форматта электрондық үкімет порталы және Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері арқылы қолжетімді. (1. Онлайн: Egov.kz порталы немесе ЭЦҚ пайдалана отырып, Салық төлеушінің кабинеті knp.kgd.gov.kz арқылы. 2. Офлайн: Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) / «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес Акционерлік қоғамы» (КЕАҚ) арқылы). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1275371?lang=ru
Қазақстан құрамасы самбодан әскери қызметшілер арасындағы халықаралық турнирде екінші орын алды 17.08.2026
Мәскеу қаласында 18 елдің өкілдерін біріктірген әскери қызметшілер арасындағы самбодан алғашқы халықаралық турнир мәресіне жетті.Қазақстан құрамасы сапында 11 спортшы өнер көрсетті. Олардың жетеуі – ерлер, төртеуі – әйелдер. Құрама сапына Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен Ұлттық ұланның спортшысы кірді.Жарыстың командалық есебінде бірінші орынды Ресей, екінші орынды Қазақстан құрамасы, үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері өз салмақ дәрежелерінде алтын медальдарға ие болды:58 келіге дейін – қатардағы жауынгер Жасұлан Нариманов;64 келіге дейін – кіші сержант Жандос Бейсенбаев;71 келіге дейін – ефрейтор Арнұр Қуатай.Күміс жүлдегер атанғандар:79 келіге дейін – ефрейтор Нұрсейіт Санжар;88 келіге дейін – қатардағы жауынгер Мұхаметжан Жұман;98 келіден жоғары – қатардағы жауынгер Болат Сапар;әйелдер арасында 50 келіге дейін – лейтенант Айжан Жылқыбаева;әйелдер арасында 54 келіге дейін – лейтенант Санат Байғараева;әйелдер арасында 72 келіге дейін – лейтенант Роза Нысантайқызы;әйелдер арасында 80 келіге дейін – капитан Зәмзәгүл Файзолланова.Қазақстан құрамасының өнер көрсетуі әскери қызметшілер арасындағы самбодан өткен алғашқы халықаралық турнирдегі лайықты нәтиже болды. Спортшылар жоғары деңгейдегі даярлығын көрсетіп, үш алтын және жеті күміс медаль жеңіп алды.Қазақстандық самбошыларды сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік спорттық жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1275347?lang=ru
Қазақстан Елшісі Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 17.08.2026
Белград, 2026 жылғы 17 тамыз – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын тапсырды.Сербия Президенті А. Вучич Астанаға жасаған жуырдағы сапарын жылы лебізбен еске алып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді. Ол Сербия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды бірлесіп іске асыруға берік бейілділігін растады.Қазақстандық дипломат Астананың екі ел арасындағы өзара сенімге негізделген әріптестікті сақтауға және тереңдетуге, сондай-ақ көпқырлы қазақ-серб ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған ұстанымын растады.Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Биылғы жыл Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен ерекшеленетінін атап өтіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру және құрылыс салаларындағы, сондай-ақ мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, білім беру және туризм бағыттарындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға назар аударды. Бұл ретте екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасының болуы да атап өтілді.Кездесу соңында А. Вучич Қазақстанның Белградта өтетін EXPO 2027 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын құптап, Елші Б. Иманбаевқа Сербиядағы дипломатиялық қызметіне табыс және жемісті жұмыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1275338?lang=ru
Демографический портрет Казахстана по итогам 2025 года и прогнозы на будущее 17.08.2026
По состоянию на 1 января 2026 года численность населения Казахстана составила около 20,5 млн человек: из них в возрасте до 25 лет - 8,79 млн чел. (42,9%), от 25 до 65 лет – 9,73 млн чел. (47,5%), старше 65 лет – 1,98 млн чел. (9,6%)[1]. Согласно демографическим прогнозам к 2050 году она увеличится до 26,5 млн человек.Наряду с ростом численности населения Казахстана меняется его возрастная структура: увеличивается продолжительность жизни, снижается рождаемость, растет доля граждан старшего возраста и сокращается соотношение трудоспособного населения к числу пенсионеров. Данные изменения оказывают все более ощутимое влияние на социально-экономическую систему страны, в том числе на пенсионную систему.С учетом глобальных тенденций в демографии и на рынке труда Главой государства в своем послании поставлена задача «принять меры для укрепления финансовой устойчивости пенсионной системы, обеспечения долгосрочного баланса и достойного уровня пенсий». Продолжительность жизни и доля пожилых людейОжидаемая продолжительность жизни (ОПЖ)[2] после снижения в 2020 - 2021 годах, вызванного пандемией COVID-19, увеличилась с 70,23 в 2021 году до 75,97 лет в 2025 году.Подобная тенденция наблюдается и в глобальном масштабе: по оценкам ВОЗ среднемировое значение ОПЖ, снизившееся на фоне пандемии до 71,4 лет, к 2025 году вернулась к допандемийному уровню и составила в среднем 73,8 года. Таким образом, Казахстан движется в русле общемирового тренда по росту показателей ОПЖ (см. таблицу): Год20152016201720182019202020212022202320242025Все население (лет)71,9772,4172,9573,1573,1871,3770,2374,4475,0975,4475,97Мужчины (лет)67,4967,9968,7268,8468,8267,0966,3370,2670,9971,3372,91Женщины (лет)76,2676,6176,9277,1977,375,5374,0378,4179,0679,4279,8 При этом прогнозируется существенное увеличение доли населения пожилого возраста. Согласно прогнозам ЕНПФ и ООН к 2050 году доля граждан в возрасте 60 лет и старшедостигнет 18,8% от общего объема населения в Казахстане, что по международной классификации уже соответствует показателю «очень высокий уровень демографической старости». Иными словами, уже к середине века в среднем каждый шестой казахстанец будет в возрасте 60 лет и старше. Факт и прогноз доли людей в возрасте 60 лет и старше в общем объеме населенияСуммарный коэффициент рождаемости Значительное влияние на структуру населения оказывает суммарный коэффициент рождаемости (СКР), который показывает, сколько в среднем родила бы одна женщина на протяжении всего репродуктивного периода (т. е. примерно от 15 до 50 лет).После умеренного роста СКР в 2020 - 2021 годахфиксируется устойчивое снижениеСКР: с 3,32 в 2021 году до 3,06 в 2022 году и до 2,57 в 2025 году. Согласно долгосрочному прогнозу ООН к 2050 году в Казахстане ожидается снижение СКР до уровня 2,39 ребенка на одну женщину. Фактические значения СКР в Казахстане за 2015 - 2025 годы представлены в таблице ниже: Год201520162017201820192020202120222023 20242025СКР2,742,772,752,842,903,133,323,062,97 2,802,57 Снижение рождаемости является общемировым трендом. В сочетании с увеличением продолжительности жизни оно ведет к сокращению доли населения трудоспособного возраста, вследствие чего возрастает демографическая нагрузка на экономически активное население. Сальдо миграции[3]Представительство UNFPA (Фонд ООН в области народонаселения) в Казахстане в отчете «Анализ положения в области народонаселения Республики Казахстан» прогнозирует постепенное достижение нулевого сальдо миграции (0 на 1000 человек) к 2050 году. Этот прогноз основан на экономическом развитии республики, сопровождаемом высоким спросом на рабочую силу, постепенным исчерпанием потенциала этнической эмиграции, а также быстрым ростом населения в странах к югу от Казахстана.Ниже приведено количество иммигрантов и эмигрантов за 2021 - 2025 годы: Год2 0212 0222 0232 0242 025Прибыло11 03917 42525 38729 28223 761Выбыло32 25624 14716 09412 7327 608Сальдо миграции-21 217-6 7229 29316 55016 153 Таким образом, после пандемии ежегодная численность прибывающих в Казахстан с 2021 года выросла в 2,15 раз, тогда как число выбывших снизилось в 4,24 раза. Коэффициент потенциальной поддержки Коэффициент потенциальной поддержки (КПП),рассчитываемый в мире как количество людей трудоспособного возраста (от 25 до 64 лет), поделенное на количество людей в возрасте 65 лет и старше, продолжает тенденцию снижения.Соотношение людей трудоспособного возраста (25-64 лет) к людям пожилого возраста (65+ лет) снизилось с 7,68 в 2012 году до 4,95 в 2025 году. Ожидаемый рост численности пожилого населения в сочетании с сокращением доли населения в возрасте от 25 до 64 лет (см. диаграмму), означает, что согласно прогнозам (как ЕНПФ, так и ООН), в Казахстане за период 2025 - 2050 годыКПП снизится в более, чем 1,4 раза: на 1 человека в возрасте 65+ будет приходится лишь 3,42 человека трудоспособного возраста. Факт и прогноз коэффициента потенциальной поддержкиТаким образом, также, как и в мире, демографические изменения в Казахстане будут усиливать социальную нагрузку на бюджет страны. В этих условиях возрастает значение накопительной пенсионной системы, в котором будущая пенсияформируется за счет взносовработника и работодателя, не формируя долгосрочные отложенные обязательства для бюджета, обеспечивая сбалансированность и финансовую устойчивость пенсионной системы, снижая ее зависимость от демографических факторов.Личное пенсионное планирование в условиях демографических измененийВ условиях демографических изменений (старение населения, рост продолжительности жизни, снижение рождаемости)повышается роль личного пенсионного планирования.Накопительная пенсионная система позволяет гражданам самостоятельно влиять на свой будущий пенсионный доход за счет регулярных взносов и инвестиционного дохода.Дополнительные возможности для управления пенсионными накоплениями предоставляют изменения в Социальный кодекс Республики Казахстан, вступающие в силу с 7 сентября 2026 года. Вкладчики ЕНПФ смогут передавать в доверительное управление управляющим инвестиционным портфелем (УИП) до 100% своих пенсионных накоплений. Кроме того, каждый УИП сможет предложить до трех инвестиционных портфелей (консервативный, умеренный и рискованный), отличающихся уровнем риска, ожидаемой доходностью и структурой инвестиций. Это позволит вкладчикам выбирать инвестиционную стратегию, соответствующую их финансовым целям.Получить полную информацию о результатах инвестирования НБРК и УИП можно на специальном портале ЕНПФ invest.enpf.kz. Для прогнозирования и планирования пенсии ЕНПФ предлагает два удобных сервиса: «Пенсионный калькулятор» и «Персональный пенсионный план». Они доступны на сайте и в мобильном приложении ЕНПФ. С их помощью можно рассчитать будущую пенсию и определить возможные способы увеличения будущего пенсионного дохода. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1275540?lang=ru
Қостанайдағы спорттық серпін: «Тобыл» матчы мен жаңа стадион құрылысы 17.08.2026
Қостанайда УЕФА Конференция лигасы аясында «Тобыл» мен белградтық «Партизан» командалары арасында кездесу өтті. Аталмыш спорттық шараға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Энтони Манн арнайы қатысты.Шара барысында мәртебелі қонаққа өңірде бой көтеріп жатқан жаңа стадионның құрылыс барысы мен болашақ жобасы таныстырылды. Заманауи спорт нысанының концепциясы ҚФФ бас хатшысы тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Жоба аясында стадионның ең басты артықшылығы – оның қаланың барлық тұрғындары үшін толықтай қолжетімді болатындығы атап өтілді.Сонымен қатар, жаңа нысанды Қазақстан футбол федерациясының бірінші санаты бойынша сертификаттауға ұсыну жоспарланып отыр. Бұл болашақта мұнда балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық әрі ауқымды футбол жарыстарын жоғары деңгейде өткізуге кең мүмкіндік береді.Жаңа стадион шаһар тұрғындары үшін тағы бір тартымды орынға айналып, Қостанайдың спорттық инфрақұрылымын өркендетуге елеулі үлес қосады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1275305?lang=ru
Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кіріс органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай спорттық жарыс өткізді 17.08.2026
2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай Спартакиада өтті. Спорттық шараға Мемлекеттік кірістер комитеті мен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің 400-ге жуық қызметкері қатысты. Спартакиаданың ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы әрі қоғам қайраткері Серік Сәпиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі және қатысушыларға сәтті өнер көрсетуді, командалық рух пен жаңа спорттық жеңістер тіледі. Ашылу салтанатына «Жеңіс» клубының капитаны әрі Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, қазақстандық футболшы Қуат Исламбек те қатысты. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев те құттықтау сөз сөйледі. Ол қызметкерлерді мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуымен құттықтап, мұндай іс-шаралардың ұжымдық рухты нығайтуда, өзара қарым-қатынасты дамытуда және біртұтас команда қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. «Бүгін мұнда еліміздің барлық өңірінен қызметкерлер жиналды. Бұл – бәсекелестік рухты көрсетуге ғана емес, сонымен қатар біртұтас команда екенімізді сезінуге таптырмас мүмкіндік. Соңғы 12 жыл ішінде мемлекеттік кірістер органдары үлкен жолдан өтті, ал бүгінде біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр», – деп атап өтті Жандос Дүйсембиев. Спартакиаданың басты мақсаты – Мемлекеттік кірістер комитеті жүйесінде дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ командалық өзара іс-қимылды нығайту және ұжымдық бірлікті қалыптастыру. Жарыстар алты спорт түрі мен дисциплинаны қамтыды: футбол, шахмат, волейбол, үстел теннисі, Counter-Strike және Dota. Нәтижелер негізінде командалық жарыстардың жеңімпаздары мен үздік жеке ойыншылар анықталды.⚽ ФутболI орын - МККII орын - Түркестан облысы бойынша МКДIII орын - Алматы қаласы бойынша МКД♟Шахмат I орын - МККII орын - Шымкент қаласы бойынша МКДIII орын - Жетісу облысы бойынша МКД🏐 ВолейболI орын - «DSR Company» ЖШСII орын - Ақмола облысы бойынша МКДIII орын - Алматы қаласы бойынша МКД🏓 Үстел теннисіI орын – Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД II орын - МККIII орын - Ақтөбе облысы бойынша МКД 🎮 «Counter-Strike» I орын – Астана қаласы бойынша МКДII орын – Абай облысы бойынша МКДIII орын – Алматы қаласы бойынша МКД 🎮 «Dota»I орын - Астана қаласы бойынша МКДII орын - Шымкент қаласы бойынша МКДIII орын - Жетісу облысы бойынша МКД Командалық жалпы нәтижелер:I орын – МКК (2 алтын, 1 күміс)II орын – Астана (2 алтын)III орын – Шығыс Қазақстан облысы және DSRC (1 алтыннан)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1275415?lang=ru
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері туының желбірегеніне – 30 жыл 17.08.2026
Ақтау қаласында Қазақстанның Әскери-теңіз туының алғаш көтерілгеніне 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. 1996 жылғы 17 тамызда Әскери-теңіз туы әскери кемелерде алғаш рет көтерілді. Ал Қазақстанның Әскери-теңіз күштері 1993 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды.Салтанатты рәсімге Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің ардагерлері және қоғам өкілдері қатысты. Әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық элементтерін көрсетті. Қонақтар заманауи теңіз техникасымен, қару-жарақпен және жарақтандыру құралдарымен танысты.«Бүгін біз Қазақстанның Каспий теңізі секторында ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ететін Әскери-теңіз күштерінің қалыптасуына негіз болған маңызды оқиғаны атап өтіп жатырмыз. Әскери қызметшілердің қазіргі буыны алғашқы теңізшілер қалыптастырған дәстүрлерді бағалайды, Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді», – деді Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, 1-сыныпты капитан Қанат Ниязбеков.Бүгінде Әскери-теңіз күштері – Қазақстан Қарулы күштерінің дербес әскері. Ол Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауап береді. Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің кемелері теңіз шекарасын, порттарды, аса маңызды инфрақұрылым нысандарын күзетіп, суасты диверсияларына қарсы іс-қимыл жүргізеді.Әскери-теңіз күштерінің судағы құрамының негізін «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымырандық-артиллериялық кемелері құрайды. Олардың барлығы Қазақстанда Орал қаласындағы «Зенит» зауытында жасалған.Кемелер теңізүсті нысандарын жоюға арналған және Каспий теңізінде дербес түрде 10 тәулікке дейін әрекет ете алады.Флот құрамында миналарды және басқа да суасты қауіптерін анықтап, залалсыздандыру міндеттерін орындайтын «Алатау» рейдтік тралы да бар. Навигациялық және гидрографиялық қамтамасыз ету үшін арнайы кемелер, оның ішінде «Жайық» кемесі пайдаланылады.Қазақстан өз әскери корабльдерін жасауды одан әрі дамытып келеді. Негізгі өндірістік алаң – Орал қаласындағы «Зенит» зауыты. Мұнда 1990 жылдардан бері патрульдік және жауынгерлік катерлер мен кемелер жасалады.Әскери-теңіз күштері Каспий маңы мемлекеттерімен бірлесіп халықаралық оқу-жаттығуларға қатысады. Оның негізгі мақсаты – қауіп-қатерлерге бірлесіп ден қою, теңіз инфрақұрылымын қорғау және жауынгерлік әзірлікті арттыру.Соңғы отыз жылда Қазақстанның әскери флоты алғашқы бөлімшелердің қалыптасу кезеңінен бастап Қарулы күштердің дербес әскер түріне дейінгі даму жолынан өтті. Бүгінде ол Каспий теңізінің акваториясы мен Қазақстанның теңіз шекарасын сенімді қорғауға қабілетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1275277?lang=ru
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын және қызметтік тәртіпті сақтау туралы "Кеген ауылдық округі әкімімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесінің қызметшілеріне түсіндірме жұмыстары өтті. 17.08.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1275142?lang=ru
Алматы облысындағы онкологиялық қызмет: ерте диагностика, заманауи ем және жаңа мүмкіндіктер 17.08.2026
Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында онкологиялық ауруларды ерте анықтау және заманауи емдеу мүмкіндіктеріне арналған көшпелі баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шара аясында өкпе обырының алдын алу және ерте анықтауға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылып, тұрғындарға мамандардың кеңесі мен қажетті медициналық тексерулерден өту мүмкіндігі берілді.Қазіргі таңда Алматы облысында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға бағытталған үш скринингтік бағдарлама жүзеге асырылады. Олар – жатыр мойны, сүт безі және тоқ ішек обырын анықтау скринингтері. Барлық тексерулер тегін жүргізіледі және алғашқы тесттен бастап, көрсеткіш бойынша тереңдетілген диагностика мен морфологиялық зерттеуге дейінгі медициналық көмекті қамтиды.2026 жылдың алғашқы жеті айында облыста онкологиялық скринингпен 178 464 адам қамтылды. Оның ішінде жатыр мойны обыры бойынша – 46 820, сүт безі обыры бойынша – 59 724, тоқ ішек обыры бойынша 71 920 ер және әйел азамат тексерілді. Нәтижесінде жатыр мойны обырының 20, сүт безі обырының 64 және колоректалдық обырдың 13 жағдайы анықталды. Анықталған жағдайлардың 40 пайыздан астамы бірінші сатыда тіркелген. Сонымен қатар, обыр алды жағдайлар мен басқа да созылмалы аурулар анықталып, пациенттер әрі қарай емделуге және динамикалық бақылауға жіберілді.«Онкологиялық ауруларды емдеуде ең маңызды факторлардың бірі – уақыт. Ауру неғұрлым ерте анықталса, емнің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Сондықтан скринингке қатысу, алғашқы белгілерге мән беру және профилактикалық тексеруден уақытылы өту – онкологиялық аурулардан болатын асқынулар мен өлім-жітімді төмендетудің негізгі жолдарының бірі. Біздің міндетіміз – заманауи диагностика мен емдеу әдістерін өңір тұрғындарына қолжетімді етіп, медициналық көмектің сапасын тұрақты арттыру», – деді Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы директорының орынбасары Бауыржан Аджибаев.Клиникада онкологиялық көмекті жетілдіру диагностикадан бастап хирургиялық, дәрілік және сәулелік емге дейінгі кешенді тәсілге негізделген. Медициналық ұйымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хирургия кафедрасы, сондай-ақ онкология, урология, маммология және химиотерапия бағыттары бойынша оқу базалары жұмыс істейді. Бұл мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және заманауи клиникалық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.Онкогинекология саласында лапароскопиялық хирургия, гистероскопия, ICG технологиясы арқылы лимфа түйіндерінің картографиясы және көрсеткіш бойынша сентинелдік лимфа түйіндерін анықтау әдістері қолданылуда. Эндометрий обыры кезінде молекулалық диагностика жүргізіліп, MMR және p53 маркерлері зерттеледі. Бұл ісіктің ерекшелігін нақты бағалап, пациентке жеке емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік береді.Сүт безі обыры бойынша да ерте диагностикаға ерекше мән берілуде. Клиника мамандары скринингтің маңыздылығы тек ауруды анықтаумен шектелмейтінін, оның бастапқы кезеңде емді уақытылы бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті.«Сүт безі обыры ерте анықталған жағдайда емдеу нәтижесі айтарлықтай жоғары болады. Сондықтан әйелдердің скринингке уақытылы қатысуы өте маңызды. Кез келген күмәнді өзгеріс анықталған жағдайда пациентті қосымша тексеруге бағыттап, диагнозды нақтылау қажет», – деді онкомаммолог Дәулет Айдаров.2025 жылғы көрсеткіштер де онкологиялық қызметті одан әрі дамыту қажеттігін көрсетеді. Жатыр мойны, жатыр денесі және аналық без обыры бойынша жаңа жағдайлар саны 240-тан 252-ге дейін өскен. Осы үш нозология бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттер саны 2177-ден 2307 адамға артқан.Алдағы кезеңде онкологиялық ауруларды ерте анықтауды күшейту, молекулалық диагностиканы кеңейту, аз инвазивті хирургияны дамыту, заманауи дәрілік емдеу әдістерін енгізу және медициналық кадрлардың практикалық біліктілігін арттыру басты бағыттардың бірі болмақ.Сонымен қатар, өкпе обырының скринингін келесі жылдан бастап енгізу жоспарлануда. Бұл бағыттың маңызы жоғары, өйткені өкпе обыры онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім құрылымында бірінші орында тұр.Алматы облысының онкологиялық қызметі үшін негізгі мақсат – ауруды мүмкіндігінше ерте анықтап, заманауи технологиялар мен мамандардың тәжірибесін біріктіре отырып, әр пациентке сапалы әрі жекелендірілген медициналық көмек көрсету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1275122?lang=ru
Қазақстан Республикасының Елшілігі автокөлік құралын сатып алу бойынша аукционға қатысуға мүдделі тұлғаларды шақырады 17.08.2026
Аукцион 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінде (Бангкок қ.) өтеді. Сауда-саттықтың нысаны мен әдісі:Бағаны көтеру әдісімен өткізілетін аукцион. Сату объектісі:2013 жылғы 28 қарашада шығарылған, ақ түсті «Toyota Ventury» қызметтік шағын автобусы. Ауыртпалықтар жоқ. Бастапқы баға:8 066,44 АҚШ доллары (Сегіз мың алпыс алты АҚШ доллары 44 цент). Кепілдік жарна (15%):1 209,97 АҚШ доллары (Бір мың екі жүз тоғыз АҚШ доллары 97 цент).Кепілдік жарна 2026 жылғы 31 тамызды қоса алғандағы мерзімде міндетті түрде төленуі тиіс. Банк деректемелері туралы ақпарат қосымша ұсынылады. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны:2026 жылғы 31 тамыз, сағат 09:30-дан 13:00-ге дейін.Қатысу үшін ұйымдастырушының мекенжайына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:Белгіленген нысандағы өтінім.Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және Таиланд Корольдігінің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі. 6.Аукционды өткізу және жеңімпазды анықтау тәртібі:Аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Сату объектісі үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.Жеңімпаз аукцион өткізілгеннен кейін 5 күнтізбелік күн ішінде сатып алу-сату шартына қол қоюға міндетті. Кепілдік жарна сатып алу құнының төлеміне есептеледі. Анықтама алу және автокөлікті қарап-тексеру үшін байланыс деректері:Тел.: +66 63 268 99 02WhatsApp: +66 63 268 99 02Email: kazconsulbangkok@gmail.comМекенжайы: P23 Building, 20 floor, 11/2 Soi Sukhumvit 23, Khlong Toei Nuea, Watthana District, Bangkok 10330 Қосымша шарттар:Автокөлік өзінің ағымдағы техникалық күйінде («бар күйінде», as is) сатылады.Сауда-саттыққа қатысушылар кепілдік жарнаны төлеуге және өтінім беруге дейін осы хабарландырумен, сатып алу-сату шартының жобасымен мұқият танысуға, сондай-ақ автокөліктің техникалық жағдайын қарап-тексеруге міндетті.Қатысушылар автокөлікті қандай да бір жақсартуды, түзетуді немесе жөндеуді талап ете алмайды, сондай-ақ қандай да бір салықтар мен алымдарды және автокөлікті қайта тіркеуге немесе меншік құқығын қайта рәсімдеуге байланысты өзге де шығыстарды төлеуден босатуды талап ете алмайды.Жеңімпаз шартқа қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде автокөлік құнының қалған бөлігін толық көлемде және барлық салықтарды төлеуге міндетті. ҚҚС, кедендік баждар және қайта рәсімдеуге байланысты шығыстарды Сатып алушы төлейді.Егер аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде шарт талаптарын орындамаса, ол автокөлікті сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі және оның енгізген барлық төлемдері, оның ішінде кепілдік жарнасы да қайтарылмайды.Кепілдік жарнаны аудару кезінде ұсталған банк комиссиясы сауда-саттыққа қатысушыларға қайтарылмайды.Сауда-саттық кезінде сөз байласуға (bid rigging) және заңсыз араласудың кез келген өзге де нысандарына қатаң тыйым салынады.Мүдделі тұлғалар автокөлікті Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінде 2026 жылғы 17-30 тамыз аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, тек алдын ала жазылу арқылы қарап-тексере алады.Автокөлікті қарап-тексеруге жазылу туралы өтініштерді және барлық сұрақтарды Елшілікке мына телефон нөмірі арқылы жолдауға болады: +66 63 268 9902.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1275123?lang=ru
«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданымызда кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастамаға аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, аудан әкімінің орынбасары Кеңес Күнесбайұлы, аудан әкімінің аппарат басшысы Қанат Әуесханұлы, мекеме басшылары мен еріктілер белсене қатысты. Сенбілік барысында Жастар саябағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақ қоқыстан тазартылды. Осындай ортақ іске әр азаматтың үлес қосуы – туған жерге деген жанашырлықтың айқын көрінісі. 17.08.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1275102?lang=ru
Бейрезиденттің алынған аванстар (алдын ала төлемдер) бойынша кірісін тану тәртібі туралы 17.08.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бейрезиденттің алынған аванстар (алдын ала төлемдер) бойынша міндеттемелерін кіріс ретінде тану мерзімдерін қолдану тәртібін түсіндіреді.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық заңнамасына сәйкес бейрезиденттің алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша, аванс төленген күннен бастап 24 ай ішінде орындалмаған міндеттемелері Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірісі болып танылды.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексі 679-бабының 1-тармағымен көрсетілген мерзім 24 айдан 12 айға дейін қысқартылды.Осылайша:- бейрезидентке 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін төленген аванстарға (алдын ала төлемдерге) қатысты аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап 24 айлық мерзім қолданылады;- бейрезидентке 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген аванстарға (алдын ала төлемдерге) қатысты аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап 12 айлық мерзім қолданылады.Тиісінше, егер бейрезидент алынған аванс бойынша міндеттемелерді белгіленген мерзім ішінде орындамаса, мұндай орындалмаған міндеттемелердің сомасы салық заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірісі болып танылады.Мысал. Егер бейрезидентке аванс 2025 жылғы шілдеде төленген болса, кірісті тану мақсатында 24 айлық мерзім қолданылады. Егер аванс 2026 жылғы шілдеде төленсе, 12 айлық мерзім қолданылады.Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарын қолданылатын мерзімді айқындау кезінде аванстың (алдын ала төлемнің) төленген күнін ескеру қажеттілігіне аударады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1276556?lang=ru