Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Далалық лагерьде әскери парадқа қатысушыларға арналған тренинг өткізілді 28.04.2025
Демалыс күні Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің өкілдері далалық лагерьде болып, шеруге қатысушы қыз-келіншектермен кездесті. 7 мамыр – Отан қорғаушы күнінде 200-ден астам әскери қызметші әйел Қазақ елі монументінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында салтанатты сап түзейді. Олардың қатарында көп балалы аналар, әскери әулеттердің өкілдері, орден иегерлері, дәрігерлер, спортшылар, десантшылар, теңізшілер, танкистер, мергендер және ауыр техника жүргізушілері бар.Шеруге қатысушылар 18 әскери гарнизонда мұқият іріктеуден өтті. Олардың жасы қырықтан аспайды, моральдық-іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, психологиялық тұрақтылығы және антропометриялық деректері  бойынша бойы 165 см-ден жоғары. – Парадқа қатысушы әйелдермен психологиялық тренинг өткізуге шешім қабылдадық. Оларды күнделікті жаттығудан аздап алшақтаттық, – деп түсіндірді Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тәттігүл Смағұлова.Күйзеліске төзімділікті, өзіне деген сенімділікті және ұжымды біріктіруге бағытталған тренингті психолог Айман Ізтілеуова жүргізді.Сабақ барысында әйелдер практикалық тапсырмаларды орындап, оң көзқарасты бағдарламалады және қажетті нәтижеге назар аударды.Өткізілген тренинг туралы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшісі кіші сержант Айым Исламжанова өз әсерін ортаға салды. Бүгінде оның есебінде суға және құрлыққа 12 парашютпен секіру бар. – 44013 әскери бөлімінде қызмет етемін. Шеруге алғаш рет қатысып отырмын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Жеті сағатқа созылатын қарқынды жаттығуларға үйреніп алдық. Күніне шамамен 30-40 мың қадам жүріп өтеміз. Әрине, біз одан шаршамаймыз, – деді десантшы.Іс-шараның шарықтау шегі аспанға әуе шарларын ұшыру рәсімі болды. Оған шеруге қатысушылар арман-тілектерін салды. Жарқын сәт бірліктің, болашаққа деген сенімнің және кәсіби өсуге деген ұмтылыстың символына айналды. Кездесу соңында әскери қызметші әйелдер тренингті ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/984906?lang=kk
"Бала тәрбиесі-ұлт тәрбиесі " тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті 28.04.2025
Аудан әкім Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен «Бала тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға Сырдария ауданының прокуроры Абай Әлімбаев, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мақсат Беркімбаев, ардагерлер және қоғамдық кеңестерінің төрағалары, әйелдер кеңестерінің төрайымдары, аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, ата-аналар комитеті, зиялы қауым өкілдері, білім, мәдениет және медицина саласының қызметкерлері қатысты. Аудан әкімі қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттың рухани тұтастығын сақтау үшін тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны терең болуы қажет екендігін атап өтті. – Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы мәселе қазіргі таңда көкейкесті жағдайлардың біріне айналып отыр. Мемлекет басшысы Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайда «Мектеп – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің де ордасы. Баланың бойына біліммен қатар адамгершілік құндылықтарын сіңіру – ұстаздардың міндеті» деген болатын. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев бала тәрбиесіне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Сондықтан біз балалардың тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарауымыз керек. Балаға тәлімді тәрбие мен лайықты білім беруде баршамыздың ұстанымымыз бір, мүддеміз ортақ. Ол – туған елін шексіз сүйетін, өз ісіне адал, еңбекқор, ізгі ұрпақ тәрбиелеу, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Бүгінгі күні білім ошақтарында тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізілу үстінде. Тәрбиеге қатысты ауданда арнайы жұмысшы тобы құрылып, барлық мектептердегі жоғары сынып оқушыларына тәрбие, ұлттық құндылықтар, еліміздің патриоты болу, салауатты өмір салтын ұстану, бос уақытын тиімді пайдалану және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың жауапкершілігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жасөспірімдердің беймезгіл уақытта жүрмеуін тұрақты түрде бақылау мақсатында апта сайын және мереке күндері зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, ата-ана, полиция қызметкерлерімен бірлесіп, түнгі рейдтер ұйымдастырылуда. Мәжілісте ауданда орын алған құқық бұзушылық, қылмыс жағдайлары және оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Асанұлы және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып хабарлама жасады. Хабарламашылар оқушыларға құқық бұзушылықтардың жауапкершілігі, тәрбиелік мақсаттағы іс-шаралар өткізіліп жатқанын жеткізді.Келелі басқосуда аудандық білім саласының ардагері Алтын Нұртаева және Сырдария ауданының «Құрметті» азаматы, еңбек ардагері Марат Омаров бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі, мұғалімнің және қоғамның ынтымақтастығы жөнінде пікірлерін білдірді. Тәрбие мәселесін тек ұстаздарға артып қоймай, бүгінде ата-ананың жауапкершілігін қарауды атап көрсетті.Кеңейтілген мәжіліс барысында оқушылар арасында жаман әдеттерге әуестену, өз-өзіне қол жұмсау, ерте жүктілік, ойынқұмарлық, топтық төбелестер мен әлімжеттік жағдайлары жиі көрініс беріп жатқаны, ұрпақ тәрбиесіне гаджеттер мен әлеуметтік желілердің кері ықпалы айтылды.Мәжіліс соңында аудан әкімі Берік Сәрменбаев тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырлар берді. Атап айтқанда, оқушылардың әлеуметтік-мәдени ортасымен байланысы, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-аналармен серіктестік орнату, психологиялық қолдау көрсету, мектеп пен отбасы арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары жөніндегі нақты тапсырмаларды атап көрсетті. Сонымен қатар, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты түрде бақылауда болатынын ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/984919?lang=kk
«Чекті талап етіп жүлде ұтып ал!» акциясы 28.04.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының жалғасатынын хабарлайды. Бұл акция аясында кез келген азамат тауар сатып алып немесе ақылы қызмет алып, ақшалай және бағалы жүлделерді ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.❇️Акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем жасалған чектерді тіркеу жеткілікті. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар онлайн-ККМ арқылы берілген фискалды чектер қатысады.💠2024 жылы акция нәтижесінде келесі жүлделер табысталды:- 4 iPhone смартфоны- 13 Redmi 13 смартфоны- 8 бағалы жүлде- 220 000 теңге көлеміндегі 40 «100% кэшбэк»Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың белсенділігін арттыру, тұтынушы ретінде өз құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін азайту.«Amian» қосымшасын App Store және Play Market дүкендерінен тегін жүктеуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1018616?lang=kk
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді 28.04.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты. Сенбілік барысында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалады.Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады. Аудан тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1097675?lang=kk
Сотталғандар шаш сәндеу бойынша шеберлік сыныбына қатысты 28.04.2025
Петропавл әйелдер колониясында сотталғандарды кәсіптік оқыту және табысты қайта әлеуметтендіру шеңберінде СҚО бойынша ҚАЖ департаментімен "Сәндеу өнері: классикадан трендтерге дейін" тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер - класс өткізуге 10 жылдан астам тәжірибесі бар әмбебап шаштараз Екатерина Виль шақырылды. Көрнекі мысал үшін модель ретінде екі сотталған таңдалды.Бірнеше сағат бойы тәжірибелі шаштараз өзінің білімі мен дағдыларымен бөлісті. Мастер-класс барысында әйелдерге олардың даралығын баса көрсету және бет әлпетін ерекшелеу үшін шашты дұрыс сәндеуді үйретті. Сотталғандарға бюджеттік, бірақ сонымен бірге косметикалық өнімдер мен электр құралдарының сапалы ассортименті ұсынылды.Сонымен қатар, әйелдер шашты сәндеудің әртүрлі әдістерін зерттеді. Мысалы: бұйра әдіс, қысқышпен, шаш кептіргішпен, бұйралағыш үтікпен сәндеу және басқалар. Мастер-класс қатысушылары қажетті нәтижеге жету үшін шашқа қалай дұрыс күтім жасау керектігін және құралдар мен сәндеу өнімдерін қолдануды үйренді. Іс-шараға қатыса отырып, сотталғандар өзгеруге мүмкіндік алды. Іс-шараның соңында барлық қатысушылар сертификаттар алды.Бірақ бұл мастер-класстағы ең маңыздысы- сыртқы келбетті өзгерту ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың өзін-өзі бағалауы мен сенімділігін арттыру. Тіпті темір тордың артында болса да, олардың әдемі болып көрінуі және әйелдік күшін көрсетуі мүмкін екенін білу, олар үшін жақсы болашаққа деген үмітті сақтауға көмектесетін нағыз жетістік болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/984962?lang=kk
Салық органдарының хабарлама жіберу және салық берешегін өндіріп алу шаралары туралы 28.04.2025
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге салықтар мен төлемдерді төлеу бөлігінде өзінің салық міндеттемелері орындалмаған жағдайда қолданылатын негізгі тәсілдер мен шаралар туралы хабарлайды.Хабарлама – салық төлеушіге салық міндеттемелерін уақытылы орындау, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу қажеттілігі туралы салық органдарының заңды құжаты. Хабарлама Салық төлеушінің кабинеті арқылы, пошта қызметі арқылы немесе қолма-қол алынған сәттен бастап тапсырылды деп есептеледі.Дербес шотта салық берешегі қалыптасқан жағдайда салық органы 5 жұмыс күні ішінде салық төлеушінің атына хабарлама жібереді. Салықты уақытылы төлемеген кезде кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл пайда болады. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге қатысты берешекті өндіріп алуЕгер берешек өтелмеген болса және 6 АЕК-тен асса, салық төлеушілердің банктік шоттарының шығыс операциялары бұғатталады:тәуекел деңгейі жоғары болса – 1 жұмыс күнінен кейін;тәуекел деңгейі орташа болса – 10 жұмыс күнінен кейін.Сондай-ақ, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру және салық төлеушінің мүлкіне билік етуді шектеу қолданылады. Берешек төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда салық органы салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алады. Соманы өндіріп алу инкассалық өкім негізінде жүргізіледі.Егер заңды тұлғалардың және дара кәсіпкердің банктік шоттарында қаражат жеткіліксіз болса, өндіріп алу шаралары дебиторлардың есебінен немесе салық төлеушінің мүлкін сату есебінен қолданылады. Жеке тұлғаларға қатысты берешекті өндіріп алуЕгер дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға болып табылмайтын жеке тұлға салықтық берешек туралы хабарлама алғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде салық төлемесе және қарыз 1 АЕК-тен асса, салық органы салық бұйрығын шығарады. Бұдан әрі бұл бұйрықты жеке тұлғаға Салық төлеушінің кабинеті арқылы 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.Егер бұйрықты алғаннан кейін борыш өтелмесе, салық органы 5 жұмыс күні ішінде бұл бұйрықты мәжбүрлеп орындауға әділет органдарына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен шоттардың бұғатталуын алдын алу мақсатында Департамент салық төлеушілерге алынған хабарламаларға жедел әрекет етуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/984982?lang=kk
2024 жылы үй шаруашылықтарының азық-түлік өнімдерін тұтынуы туралы 28.04.2025
Бюро тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығы арасында жүргізілген іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген азық-түлік өнімдерін тұтыну деректерін жариялады.2024 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда нан өнімдері және жарма өнімдері тобынан басқа барлық азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің өскені байқалды. Азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтыну халықтың жан басына шаққанда 2024 жылы айына орташа алғанда келесідей болды: картоп – 3,8 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,3 кг, сиыр еті – 2,1 кг, алма - 1,5 кг, құмшекер - 1,4 кг, күріш – 1,3 кг, шикі сүт – 1 л, айран – 1 л, жұмыртқа – 17,2 дана, макарон – 0,8 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,7 кг, қара шай – 0,1 кг. Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну –қарастырылып отырған уақыт ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/984987?lang=kk
«Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» және «Бәйге» акциялар өткізілуде 28.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде мынадай акциялардың өткізілгені туралы хабарлайды:«Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясы барысында әрбір азамат сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады. Акция еліміздің барлық аумағында 2025 жылғы 3 сәуірден 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізіледі.«Бәйге» жаңа акциясы. Науқан шеңберінде белгіленген кезеңде фискалдық чектердің ең көп санын тіркеген жеке тұлғалар 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады. Акция бүкіл ел бойынша 2025 жылдың 1 мамырынан 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізіледі.Әр тоқсанның қорытындысы бойынша оператор фискалдық чектердің ең көп санын сканерлейтін әр өңірден бір жеңімпазды (барлығы 20 жеңімпаз — әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір) анықтайды. Жеңімпаздарға 100 000 теңге көлемінде сыйлық төленеді.Акция тоқсан сайын өткізілетін болады: 1 кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін; 2 кезең: үшінші тоқсанда; 3 кезең: төртінші тоқсанда. Аталған акцияларға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/984988?lang=kk
«Ресоциализация кабинеті» пилоттық жобасы аясындағы кеңес 28.04.2025
   2025 жылдың 24 сәуірінде «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі»филиалының басшысы Райхан Тлеубаева Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Республикалық №38 мекемесінде өткен «Ресоциализация кабинеті» пилоттық жобасы аясындағы кеңеске қатысты.   Жобаның мақсаты - мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы арқылы сотталғандарға әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу және қайта қылмыс жасау қаупін төмендету. Осы бағытта мемлекеттік орган өкілдері түзеу мекемелеріне барып, сотталғандарға қажетті қолдау көрсетеді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/985026?lang=kk
Жеке қабылдау өткізілді 28.04.2025
   2025 жылдың 25 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.О. Нажикановтың қатысуымен азаматтың өтініші бойынша жеке қабылдау өткізілді.   Қабылдау барысында сот орындаушысының әрекеттеріне және атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты қойылған барлық сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.   Жеке қабылдаулар «еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтардың өтініштеріне дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/985027?lang=kk
«Жұмыс беруші күні» 28.04.2025
   2025 жылдың 25 сәуірінде Әділет департаментінің жетекші маманы В.Н. Фрик Қостанай гуманитарлық колледжінде өткен «Жұмыс беруші күні» шарасына қатысты. Іс-шараға мемлекеттік органдар, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.   «Жұмыс беруші күні» - жұмыс берушілермен кадрлар даярлау және колледж түлектерін жұмыспен қамту бойынша ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ұйымдастырылады.   Екіжақты ынтымақтастықтың арқасында білім алушылар теорияны практикамен ұштастырып, таңдаған мамандығын тікелей өндірісте меңгереді.Осылайша, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар өздеріне қажетті кадрларды даярлап, үздік студенттерді жұмысқа қабылдауға мүмкіндік алады. Ал студенттер өз кәсібіне біртіндеп бейімделіп, еңбек қызметіне қажетті дағдыларды игереді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/985028?lang=kk
Федоров ауданында азаматтарды қабылдау 28.04.2025
  2025 жылдың 25 сәуірінде «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» Федоров ауданының азаматтарын қабылдады.   Бұл кездесу азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге бағытталған. Қабылдау барысында азамат меншік құқығын белгілеу, мұраны рәсімдеу, алимент өндіріп алу бойынша сұрақтарға толық жауаптар берілді.   Ауылдық округ азаматтарымен көшпелі кездесу халықпен кері байланысты күшейтуге және азаматтардың сауалдарына уақытылы ден қоюға көмектеседі. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/985029?lang=kk
«Заң мен тәртіп» құндылығы атты дөңгелек үстел 28.04.2025
28 сәуір күні Бастаушы ауылдық кітапханасында «Заң мен тәртіп» құндылығы атты дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстелге Абай атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты. «Заң мен тәртіп» өмірінде өте маңызды рөл атқарады, себебі ол жеке тұлғаның дамуына, қоғаммен үйлесімді өмір сүруіне және өзара құрметке негіз болады. «Заң мен тәртіп» құндылығы оқушылардың тек құқықтық білімін емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік, моральдық тәртіп, әділеттілік және жалпы қоғамға құрметпен қарау сияқты маңызды қасиеттерді де дамытуға көмектеседі. Бұл олардың жеке тұлғалық дамуына, қоғамда тұрақты әрі жауапкершілікті азамат болып қалыптасуына негіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/985030?lang=kk
Ағаш көшеттерін отырғызу акциясы 28.04.2025
   2025 жылдың 26 сәуірінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелері қарсаңында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері ағаш көшеттерін отырғызу акциясына қатысты.   Іс-шараның мақсаты - өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, сондай-ақ өскелең ұрпақ пен жалпы қоғам арасында табиғатқа ұқыпты және жауапты көзқарасты қалыптастыру. Қостанай облысыӘділет департаментінің Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/985033?lang=kk
Шетелдік дипломдарды тану: ХҚКО арқылы құжаттарды қалай рәсімдеуге болады 28.04.2025
Қазақстанда шетелде білім алған азаматтардың саны артуда. Шетелдік білім беру ұйымдарында берілген дипломдар мен аттестаттарды ел аумағында пайдалану үшін оларды тану рәсімінен өткізу қажет.Білім туралы құжатты тану – бұл шетелдік білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар немесе зертханалар берген құжаттардың түпнұсқалағын және шынайылығын ресми түрде растау процесі болып табылады. Қазақстанға шетелдік білім туралы құжаттармен оралған азаматтар оларды тану үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО)  немесе электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы өтініш бере алады.Өтініш беру үшін келесі құжаттар талап етіледі:Өтініш берушінің жеке куәлігі;Мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;Білім туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымшалар, сондай-ақ олардың көшірмелері.   Егер білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалар шет тілінде ресімделген болса, олардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылуы тиіс. Аудармада құжат мәтінімен қатар құжатта кездесетін мөрлер мен таңбалар да қамтылуы қажет.  Құжаттар түпнұсқа күйінде немесе нотариалды расталған көшірме түрінде қабылданады.  Өтінішті қарау мерзімі тапсыру тәсіліне және құжаттардың түріне байланысты.  Айта кету қажет, тану рәсімі шетелдік білім туралы құжаттарды ресми түрде еңбек қызметіне орналасу, оқуын жалғастыру немесе мемлекеттік лауазымдарға арналған конкурстарға қатысу мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, азаматтардың қолайлылығы үшін аталған мемлекеттік қызметті онлайнтүрде алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл өтініш берушілердің уақытын үнемдеуге және қызметке қол жеткізуді жеңілдетуге септігін тигізеді.      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/985723?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу туралы ақпарат 28.04.2025
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрғасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ бекітілген кестеге сәйкес, «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бөлімдерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу жоспарлануда.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу кезеңі -  2024 жылғы маусым - 2025 жылғы мамыр.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу мерзімі -  2025 жылғы 12 мамырдан 10 маусымға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1007915?lang=kk
Әскери дәрігерлердің соғыс жылдарындағы жанқияр еңбегі жайлы халықаралық конференцияда айтылды 28.04.2025
Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина қызметкерлерінің ерлігі» атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Дәстүр бойынша оған қатысқандар 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіз тұрып еске алды. Батырларға құрмет көрсете отырып, үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан-Ресей медициналық университеті әскери кафедрасының студенттері Даңқ Мемориалының жанындағы алаңда салтанатты маршпен адымдап өтті.Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Қарулы күштердің ардагерлері запастағы генерал-майорлар Владимир Тузиков, Айтқали Есенғұлов және «Әскери медицина ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы медицина қызметінің полковнигі Найман Оқапов шақырылды.ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының басшысы полковник Тимур Ошақбаев баяндама жасады.– Әскери дәрігерлердің ерлігі алдыңғы шепте ғана емес, тылдағы, эвакуациялық госпитальдар мен зертханалардағы қажырлы еңбектерінен көрінді. Олардың еңбегі миллиондаған адамның өмірін аман алып қалды, – деп атап өтті Т. Ошақбаев.Халықаралық конференция қорғаныс, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдерін, оқу орындарының оқытушыларын, жас ғалымдар мен студенттерді, соның ішінде шетелдік студенттерді жинады. Оның жұмысына Новосибирск мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Игорь Маринкин және Мәскеу облысының «Баланы ғылыми-зерттеу клиникалық институты» денсаулық сақтау мекемесінің директоры Нисо Одинаева қатысты. Іс-шара батырларды еске алып, ұмытпау үшін ғана емес, әскери дәрігерлердің ерлігі қазіргі заманғы адамгершілік мамандық өкілдерінің және болашақ медицина мамандарын жігерлендірудің үлгісі ретінде өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/985084?lang=kk
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады 28.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды.Марат Сұлтанғазиев соңғы 3 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе артып, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге өскенін айтты. Биылғы қаңтар – қазан айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 пайызды құрады. Халықаралық компаниялардың қатысуымен тағам өнеркәсібі, логистика және металлургия салаларында жалпы сомасы 470 миллиард теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба іске асырылуда.Президентке биылғы тоғыз айда өңдеу өнеркәсібінің экспорты 28,5 пайыз ұлғайып, 618,5 миллион долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Бұл ретте экспорттың 90 пайызы жоғары деңгейде қайта өңделген өнімге тиесілі.Мемлекет басшысына Алматы облысы ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдаланатын жетекші өңірлердің бірі екені айтылды: яғни бір теңге субсидияға 17 теңгеге дейін ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Тауарлы сүт фермаларының саны 11-ге дейін көбейді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік дамуы туралы ақпарат ұсынылды. Биылғы он айда 950 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған. Үш ауысымды мектептер саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.Сонымен қатар Президентке Қапшағай су қоймасы мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы туризм кластерінің даму барысы таныстырылды. Облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға артық.Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне өңірдің өнеркәсіп және аграрлық әлеуетін нығайту, логистика, туризм салаларын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді кешенді түрде шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. www.akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1116701?lang=kk
Алматыда ТМД-ға мүше елдердің Әуе қорғанысы жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды 28.04.2025
Армия үйінде Достастықтың Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің 60-шы жұмыс отырысы өтті.Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан Қарулы Күштерінің әуе-ғарыштық, әскери-әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшылары (бас қолбасшылары), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық органдары мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері қатысты.Отырысқа қатысушыларға Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов сөз сөйледі.– Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді пайдалану қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың ажырамас элементіне айналды, сондықтан біз бір қадам алда болуымыз керек. Бұл біздің елдердің күш-қуатын үйлестірумен қатар, электронды зақымдау құралдарын анықтап, оларды үнемі жаңартып отыруды талап етеді, – деді ол.Отырыста Достастықтың біріккен әуе қорғанысы жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері және одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары да қаралды. Одан бөлек, биыл тамыз – қыркүйек айларына «Сарышаған» полигонында жоспарланған «Жауынгерлік достастық-2025» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу тәртібі мен идеясы талқыланды.Іс-шаралар шеңберінде 97617 және 78639 әскери бөлімдерінің базасында ТМД елдерінің әуе-ғарыштық, әскери-әуе күштері және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшыларының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Сол жиында қарсыластың диверсиялық-барлау топтарының қарсы іс-қимылы кезіндегі С-300ПС зениттік зымыран дивизионының позициясын өзгерту шаралары пысықталды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері командалық пунктінің кезекші ауысымы жауынгерлік міндеттерді ойдағыдай орындап шықты.    Достастық елдерінің өкілдері 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Армия үйіндегі Әскери-тарихи музейдің филиалына барды. Шетелдік қонақтар бұдан басқа, «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы» ЖШС қызметімен танысты.Өткен іс-шара ТМД ӘШҚҚ біріккен жүйесін құрудың 30 жылдық мерейтойы аясында ерекше маңызға ие. Үйлестіру комитетінің отырысы мен оқу-әдістемелік жиын Достастыққа мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ұмтылысын көрсетті, бұл өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/985103?lang=kk