Қоғам
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады 28.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды.Марат Сұлтанғазиев соңғы 3 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе артып, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге өскенін айтты. Биылғы қаңтар – қазан айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 пайызды құрады. Халықаралық компаниялардың қатысуымен тағам өнеркәсібі, логистика және металлургия салаларында жалпы сомасы 470 миллиард теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба іске асырылуда.Президентке биылғы тоғыз айда өңдеу өнеркәсібінің экспорты 28,5 пайыз ұлғайып, 618,5 миллион долларға жеткені жөнінде мәлімет берілді. Бұл ретте экспорттың 90 пайызы жоғары деңгейде қайта өңделген өнімге тиесілі.Мемлекет басшысына Алматы облысы ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдаланатын жетекші өңірлердің бірі екені айтылды: яғни бір теңге субсидияға 17 теңгеге дейін ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Тауарлы сүт фермаларының саны 11-ге дейін көбейді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстың әлеуметтік дамуы туралы ақпарат ұсынылды. Биылғы он айда 950 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған. Үш ауысымды мектептер саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.Сонымен қатар Президентке Қапшағай су қоймасы мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы туризм кластерінің даму барысы таныстырылды. Облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға артық.Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкіміне өңірдің өнеркәсіп және аграрлық әлеуетін нығайту, логистика, туризм салаларын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді кешенді түрде шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. www.akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1116701?lang=kk
Алматыда ТМД-ға мүше елдердің Әуе қорғанысы жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды 28.04.2025
Армия үйінде Достастықтың Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің 60-шы жұмыс отырысы өтті.Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан Қарулы Күштерінің әуе-ғарыштық, әскери-әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшылары (бас қолбасшылары), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық органдары мен қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері қатысты.Отырысқа қатысушыларға Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов сөз сөйледі.– Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелерді пайдалану қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың ажырамас элементіне айналды, сондықтан біз бір қадам алда болуымыз керек. Бұл біздің елдердің күш-қуатын үйлестірумен қатар, электронды зақымдау құралдарын анықтап, оларды үнемі жаңартып отыруды талап етеді, – деді ол.Отырыста Достастықтың біріккен әуе қорғанысы жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері және одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары да қаралды. Одан бөлек, биыл тамыз – қыркүйек айларына «Сарышаған» полигонында жоспарланған «Жауынгерлік достастық-2025» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу тәртібі мен идеясы талқыланды.Іс-шаралар шеңберінде 97617 және 78639 әскери бөлімдерінің базасында ТМД елдерінің әуе-ғарыштық, әскери-әуе күштері және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшыларының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Сол жиында қарсыластың диверсиялық-барлау топтарының қарсы іс-қимылы кезіндегі С-300ПС зениттік зымыран дивизионының позициясын өзгерту шаралары пысықталды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері командалық пунктінің кезекші ауысымы жауынгерлік міндеттерді ойдағыдай орындап шықты. Достастық елдерінің өкілдері 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Армия үйіндегі Әскери-тарихи музейдің филиалына барды. Шетелдік қонақтар бұдан басқа, «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы» ЖШС қызметімен танысты.Өткен іс-шара ТМД ӘШҚҚ біріккен жүйесін құрудың 30 жылдық мерейтойы аясында ерекше маңызға ие. Үйлестіру комитетінің отырысы мен оқу-әдістемелік жиын Достастыққа мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ұмтылысын көрсетті, бұл өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/985103?lang=kk
2025 жылғы 25 сәуірде Өрнек ауылында аудандық мәслихат депутаты М.А. Усов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. 28.04.2025
2025 жылғы 25 сәуірде Өрнек ауылында аудандық мәслихат депутаты М.А. Усов азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Тұрғындар Өрнек ауылына дейінгі жолды грейдинг мәселесі бойынша жүгінді.Жеке қабылдау барысында қажетті түсініктемелер берілді.Азаматтарды қабылдау туралы кент тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/985154?lang=kk
Алматыда Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады 28.04.2025
28 сәуірде Ұлы Отан соғысының ардагері отставкадағы полковник Николай Александрович Таратунин жүз екі жасқа келді.Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Түрксіб аудандық басқармасының, ҰҚК Шекара қызметі департаментінің өкілдері және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері ғасырдан аса жасаған қарияны туған күнімен құттықтап барды. Қорғаныс министрінің атынан Николай Александровичке құттықтау хаты мен сыйлықтар табысталды.Николай Таратунин 1923 жылы Ярославль облысының Починки ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың қарашасында екі үлкен ағасына ұқсап, ол да өз еркімен майданға аттанды. Шымырлығының арқасында барлау қызметіне қабылданды. Барлауда жүріп ол бірнеше рет жау тылында тапсырмаларды орындап, құнды мәліметтер жеткізді. Кейде офицерлерді де тұтқынға түсіріп жүрді. Осындай рейдтердің бірінде немістің азық-түлік тиелген жүк көлігін басып алады, жан-жақтан оқ жауып жатқанына қарамастан, батыл барлаушы көлікті айдап бөлімге кіргізді.Николай Александрович бірнеше рет жарақат алған. Ол 1943 жылы Донды күшейту кезінде ауыр жарақат алды. Жиырма жастағы ауыр жарақаты бар сарбазды бәрі қаза тапты деп ойлаған. Түнімен дымқыл жертөледе жатып, таңертең жерлейін деп жатқанда жауынгер көзін ашады. Мұны көрген дәрігер: «Ұзақ жасайды екенсің, балам! Мен сені емдеп, аяққа тұрғызамын» дейді.Соғыстан кейін Николай Таратунин Алматыдағы жаяу әскер училищесін бітіріп, шекара әскерлерінде қызметін жалғастырды. Түркия, Иран, Қытай және Жапониямен шекарада қызмет еткен.Иван Николаевич – І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз және «Құрмет» орденінің иегері. Бүгінде майдангер ұлымен бірге тұрады. Оның үш немересі мен шөбересі бар. Жыл сайын 9 мамырда бұл отбасы ардагерді жеңіс күнімен құттықтау үшін бас қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/985155?lang=kk
«WORLD ROBOT OLYMPIAD» РОБОТОТЕХНИКА ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ 28.04.2025
Олимпиаданың өңірлік кезеңі Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жоғары деңгейде өтті. Аталмыш сайысқа облысымыздан 30-ға жуық команда қатысуға өтінім берді. Жарыс барысында оқушылар өздерінің техникалық білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және топта жұмыс істеу дағдыларын паш етті. Олимпиаданың ашылу салтанатында мектептің директоры Түсіпжанов Айдын Елеусізұлы сөз сөйлеп, бүгінгі жас ұрпақтың инженерлік ойлауы мен заманауи технологияларға қызығушылығы – еліміздің жарқын болашағының кепілі және аталған жарыс балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, оларды болашақтағы үлкен жетістіктері екенін және робототехника мен инновациялық технологиялардың маңыздылығы туралы ерекше атап өтті. Жарыста жеңімпаздар белгілі бір категориялар бойынша анықталды. «Robosports» категориясы бойынша 1 орынды Мақтаралдық «RoboRangers» тобы жеңіп алса, «Robomission|Junior» категориясы бойынша Кентаулық «KentauRobotics» тобы 1 орынды еншіледі. WORLD ROBOT OLYMPIAD – бұл жәй ғана жарыс емес, бұл болашақ инженерлер мен жаңашылдардың алғашқы қадамдары.еров и новаторовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/985183?lang=kk
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы Қазақстан бойынша ағаш отырғызу күнінің шеңберінде ауқымды көгалдандыру акциясы өтті 28.04.2025
Ағаш отырғызу жұмыстары бір мезетте қаланың бірнеше жерінде — Жастар бульвары маңындағы Салтанат сарайы аумағынан бастап, қаланың әртүрлі бөліктеріндегі аллеялар мен Триатлон паркіне дейін жүргізілді. Акцияға мемлекеттік қызметшілер, түрлі мемлекеттік органдардың қызметкерлері, коммуналдық кәсіпорындардың және мердігер ұйымдардың жұмысшылары барлығы мыңнан астам адам қатысты. Іс-шара барысында 300-ден астам ағаш отырғызылды.Жалпы алғанда, биыл Қостанайда жаңа саябақтар мен жасыл аймақтардың құрылуын ескере отырып, 5000-нан астам ағаш отырғызу жоспарлануда.Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда 31 наурыз бен 1 мамыр аралығында санитарлық тазарту айлығы өткізілуде — бұл науқан аяқталуға жақын. Сонымен бірге, жыл бойы қаланың көріктендіру жұмыстары жалғасын табатын болады.Барлық қостанайлықтарды — қала тұрғындарын, бизнес өкілдерін, ПКСК, ОСИ ұйымдарын және бейжай қарамайтын азаматтарды Қостанай қаласын таза, жасыл және жайлы ету үшін белсенді атсалысуға шақырамыз. Бірлескен күш-жігерімізбен біз қаламызды одан да жақсырақ ете аламызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/985194?lang=kk
Мини-футбол: Маңғыстау ҚАЖ департаменттері арасындағы жарыста қола жүлдеге ие болды 28.04.2025
2025 жылғы 21–23 сәуір аралығында Щучинск қаласында ҚАЖ Комитетінің облыстық департаменттері арасында мини-футболдан республикалық турнир өтті. Додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 команда, жалпы саны 150 қызметкер бақ сынады.Аталған турнирде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы табанды ойын көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.Топтық кезеңде бірінші орынмен плей-оффқа шыққан команда ширек финалда Шымкент командасымен тартысты ойында жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Ақтөбе құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында жолдамаға таласты. Үшінші орын үшін өткен ойында Маңғыстау құрамасы Қарағанды командасын 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің жүлдегері атанды.“Үздік қақпашы” номинациясы бойынша Маңғыстау облысының командасынан Мұхит Төлепов марапатталды. Оның сенімді ойыны мен алаңдағы жанқиярлығы команданың жалпы жетістігіне елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/985206?lang=kk
Қазақстан мен Моңғолия инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 28.04.2025
Астана, 2025 жылғы 28 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолия Премьер-министрі орынбасарының инвестициялар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сайран Қадырұлымен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.М.Нұртілеу Моңғолияның Азиядағы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі екенін және екі ел арасындағы достық рухында дамып келе жатқан тығыз қатынастардың орнағанын атап өтті.Ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика және білім беру сияқты салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша өзара күш-жігерді жалғастыруға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/985208?lang=kk
ҚАЖД мекемесінде сотталғандардың құқықтары қаралды 28.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №43 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Сансызбай Аминовтың төрағалығымен сотталғандармен кездесу өтті. Іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі өңірлік өкілі Аслан Кужиев пен облыстық Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Ролан Абкадыров қатысты.Кездесу барысында жазасын өтеушілердің құқықтарының сақталуы, тұрмыс және еңбек жағдайлары талқыланды. Сотталғандар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Қонақтар тарапынан құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мұндай іс-шаралар ҚАЖ жүйесіндегі ашықтықты арттыруға және сотталған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/985222?lang=kk
«Ұлы дала жорығы» марафонына дайындық 28.04.2025
Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күренбековтың төрағалығымен «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесін ұйымдастыруға байланысты көшпелі жиын өтті. Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары мен тиісті департамент өкілдері қатысты.Қатысушылар жарыстың жоспарланған маршрутымен жүріп өтіп, дайындық барысын пысықтады. Жиын қорытындысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес нақты тапсырмалар жүктелді.Айта кетейік, “Ұлы дала жорығы” жобасы 2022 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Алғашқы жорық сол жылы елордамыз Астанадан бастау алып, Түркістан қаласына 1200 шақырымды құрайтын маршрутпен жүріп өтті. Жобаның авторы - Бақытжан Тұрлыбеков. Алматы облысында “Ұлы дала жорығы” 2025 жылғы 9 - 14 мамыр күндері өтеді. Бұл марафон-бәйге халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, бірқатар елдің шабандоздарының басын біріктіреді. «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі 500 шақырым қашықтықта Алматы облысында өткізілуі жоспарланып отыр. Марафон-бәйгеге қатысуға 15-ке жуық мемлекет қатысады деп күтілуде, олар Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және т.б.Бұл шара ұлттық спортты дамытуға және халықаралық деңгейде танытуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/985238?lang=kk
Маңғыстау ҚАЖ департаменті «Таза Қазақстан» акциясын қолдады 28.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен мекемелердің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді.Шара барысында департамент пен мекемелер ғимаратының аумағында 20 түп ағаш отырғызылып, жасыл желектер әктелді. Сонымен қатар аумақтардан 30 қап қоқыс шығарылып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер аумақты өз қолдарымен тазалап, экологиялық мәдениетті арттыруға үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/985250?lang=kk
"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 28.04.2025
Кегенауданыәкімініңаппараты"сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015жылғы18қарашадағыҚазақстанРеспубликасыЗаңының8-бабының5-тармағына,"сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінеішкіталдаужүргізудіңүлгілікқағидаларынбекітутуралы"ҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікқызметістеріжәнесыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіТөрағасының2016жылғы19қазандағы№12 бұйрығына сәйкес28сәуірденбастапағымдағыжылдың15мамырына дейін "ішкісаясатбөлімі","мәдениет,тілдердідамыту,денешынықтыружәне спорт бөлімі","құрылысбөлімі"ММ, "Сәулетжәнеқала құрылысы бөлімі" сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінеішкіталдаужүргізеді.Туындаған мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының 8(72777)21055 телефоны бойынша хабарласуға боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-kegen/press/news/details/985252?lang=kk
Аудандық мәслихаттың жұмыс тобы тұрғын-үй инспекция бөлімінің жұмысымен танысты 28.04.2025
Аудандық мәслихаттың жұмыс тобы тұрғын-үй инспекция бөлімінің жұмысымен танысты Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Бөрлі аудандық мәслихаттарынан құрылған уақытша комиссия «Ақсай жылу қуат» МКК директоры Ж.Курманкулов және аудандық тұрғын үй инспекциясының басшысы А.Есбулатовпен бірге 5 ықшам аудандағы «Ақжол» пәтер иелері кооперативінің төрағасымен, 4 ықшам ауданындағы «Еңбек», «Интеграл» пәтер иелері кооперативтерімен, 10 ықшам ауданының 11 үйінің меншік иелері бірлестігі, Ақсай қаласындағы 10 шағын ауданның 24 үйіндегі «Ақ қайың» пәтер иелері кооперативінің өкілдерімен, тұрғындармен кездесті. Кездесудің мақсаты пәтер иелері кооперативінің жұмысымен танысып, тұрғындардың өзекті мәселелерін жеткізу болатын. Кездесу барысында депутаттар жылу маусымының қалай өткендігі,өртке қарсы қауіпсіздік, су құбырлары, әр подъезде өртке қарсы құрал- саймандардың болуы сонымен қатар кооператив иелерінің тұрғындардың алдында есеп беруі қажеттігін ескертті.Депутаттар пәтер иелері кооперативі өкілдерінің ұсыныстарын, пікірлерін тыңдап назарға алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/985275?lang=kk
«Контрафактіге бірге қарсымыз» 28.04.2025
2025 жылдың 28 сәуірінде «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында 14 пен 18 жас аралығындағы балалар арасында «Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырыбында өткізілген аймақтық фото байқауының нәтижелері шығарылды. Аймақтық конкурс комиссиясының шешімімен байқау жұмыстары бойынша:1 орын - Юрина Карина Сергеевна;2 орын - Минин Александр Шавлович;3 орын - Машенко Яна Сергеевна. Юрина Карина Сергеевна жұмысын республикалық конкурсқа екінші кезеңге қатысу үшін ұсынды. Республикалық кезеңнің жеңімпаздарын анықтау 2025 жылдың 5-8 мамыр аралығында екі номинация бойынша өтеді:«Көрермендер таңдауы» - Instagram желісінде ең көп лайк жинаған сурет;«Кадр шебері» - конкурс комиссиясының шешімімен. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/985284?lang=kk
Дубай қ. Білім және адами даму басқармасының Бас директоры Айша Миранмен кездесу. 28.04.2025
Дубай қаласының Білім және адами даму басқармасының Бас директоры Айша Миран ханыммен білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен болашағы талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/985287?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы 28.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ҮББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2025 жылғы 5 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.Барлық мүдделі тұлғалардан осы іс-шараға 2025 жылғы 5 мамыр сағат 10:00-де Петропавл қ., К. Сүтішев к-сі, 56 (акт залы) мекенжайы бойынша немесе ZOOM арқылы қатысуды сұраймыз.Қатысқысы келетіндер, сондай-ақ ZOOM сілтемесін алу үшін 8-7152-46-33-29 телефоны арқылы хабарласа алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/984495?lang=kk
Бас консул Түркі әлемі мәдениетінің форумы мен «Жаңа Өзбекстандағы бахши өнері: заманауи зерттеулер мен перспективалары» конференциясына қатысты 28.04.2025
2025 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов пен Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі Сержан Сәрсенбаев Хиуа қаласында өтіп жатқан Түркі әлемі мәдениетінің II форумы мен "Жаңа Өзбекстандағы бахши өнері: заманауи зерттеулер мен перспективалар" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға, сондай-ақ бахши өнерінің IV Халықаралық фестивалінің ашылу салтанатына қатысты.Конференцияға қатысушылар эпосты орындаудың бірегей дәстүрін жас ұрпаққа үйрету және оны оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, сондай-ақ осы салада жоғары білікті кадрларды даярлауды жетілдіру мәселелерін талқылады. Шығыс мәдениеті мен фольклорын дамытудағы бахши-ақындары мен жыршылардың рөліне ерекше назар аударылды.Өзбекстан Мәдениет министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараларға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және басқа мемлекеттерден (40-тан астам ел) белгілі фольклортанушы ғалымдар, бахши және мәдениет қайраткерлері қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/984498?lang=kk
Абай гарнизонында ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады 28.04.2025
Семей қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында әскери қызметшілер майдангерлер Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов пен Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров ардагерлерге Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.Олардың қатарында жауынгер – артиллерист Халық қаһарманы Әбдіғали Қаймолдин, Польша мен Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысқан Иван Шевцов бар.Әбдіғали Қаймолдин 1921 жылы Семей облысының Абралы ауылында дүниеге келген. Жиырма жасында өз еркімен майданға аттанған. Ол Сталинград, 1-ші Украин, 1-ші Беларусь және 3-ші Балтық майдандарындағы шайқастарға қатысты. «Қызыл Жұлдыз», I дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі марапатталды.Иван Шевцов 1926 жылы дүниеге келген. 18 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Еуропаның бірқатар елдерін азат етуге қатысты. Майдандағы ерлігі үшін ардагер II дәрежелі Отан соғысы және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталды. Соғыстан кейін Иван Романович «Қазэлектромонтаж» кәсіпорнында учаске бастығы болып жұмыс істеп, сол жерден зейнетке шықты.Әскери қызметшілер майдангерлермен әңгімелесіп, оларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етіп, амандық тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/984512?lang=kk
Қорғаныс министрлігі әскери институтының курсанттары қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирдің чемпионы атанды 28.04.2025
Алматыдағы Балуан шолақ атындағы Спорт сарайында қоян-қолтық ұрыстан жыл сайынғы республикалық турнир өтті. Беделді жарыста курсант Мәди Жақанов пен Амантай Тілек жеке біріншілікте алтын медаль жеңіп алды.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрама командасы жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.Жеке есепте курсанттар Мәди Жақанов (62 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) және Амантай Тілек (97 келіден жоғары салмақ дәрежесі) алтын медаль жеңіп алды. Курсанттар Жасұлан Ерғалиев (88 келіге дейін), Жасұлан Оразбаев (57 келіге дейін) және Ерлан Андиров (97 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрамасы командалық есепте үшінші орынға ие болды.- Курсанттарымды мақтан тұтамын. Олардың табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысы өз нәтижесін берді. Әр медаль - қажырлы еңбек пен жоғары дайындық деңгейінің нәтижесі. Біз шеберлікті жетілдіру үшін жаттығуды жалғастыра береміз, - деп атап өтті дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы майор Данияр Буданов.Айта кетейік, мұндай жарыстарға қатысу курсанттардың күш-қуат тұрғысынан дамуына оң ықпал етіп қана қоймай, жауынгерлік рухты оятып, нағыз Отан қорғаушыларды қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/984516?lang=kk
Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді 28.04.2025
Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar компаниясының зауыты салынуы мүмкін. Жобаны жүзеге асыру мәселелері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры, шейх Джамаль Аль Гурайр арасындағы кездесуде талқыланды.“Алматы облысы аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Дамуды жалғастыру үшін бізге заманауи технологиялар мен сенімді серіктестер қажет. Бүгінгі кездесу – өңір экономикасы үшін маңызды қадам”, – деді Марат Сұлтанғазиев.Кездесу барысында зауыттың орнын таңдау, қант қызылшасы үшін егістік алқаптарды ұйымдастыру және оларды сумен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ логистикалық тұрғыдан тиімді деп танылды. Алайда су мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр – егістіктерді суару үшін баламалы су көздері іздестірілуде.“Біз үшін егістік алқаптарды сенімді әрі жеткілікті су көздерімен қамтамасыз ету өте маңызды. Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін гидрология саласындағы үздік мамандарды тартамыз”, – деді шейх Джамаль Аль Гурайр.Инвесторлар зауытты толықтай автономды ету мақсатында жел электр станцияларын салу мүмкіндігін де қарастыруда.“Біздің мақсатымыз – толықтай дербес кәсіпорын құру. Қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қоршаған ортаға әсерді азайтып, зауыттың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді”, – деп қосты шейх Аль Гурайр.Al Khaleej Sugar – әлемдегі ең ірі автономды және энергия үнемдейтін қант зауыты. Компания әлемдік тазартылған қант нарығының шамамен 3 пайызын қамтиды. Шейх Аль Гурайр қант өнеркәсібінен бөлек, фарфор, құрылыс материалдары, жылжымайтын мүлік және көлік салаларында да табысты жобаларды жүзеге асырып келеді.Кездесу қорытындысында тараптар өңірдің гидрологиялық ресурстарын жан-жақты зерттеу үшін кәсіби консультанттар мен мамандандырылған ұйымдарды тартуға уағдаласты. Бұл шешім суару мәселесін тиімді шешіп, инвестициялық жобаны сәтті іске асыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/984528?lang=kk
