Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігі басты назарға алынды 15.04.2025
Құтқарушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.Төтенше жағдайлар департаментінің және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі жандарға және мекеме қызметкерлеріне сабақтар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында жеке құрамға өрт, жану белгілері анықталған кезде алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану және мүгедектігі бар адамдарға алғашқы көмек көрсету бойынша шұғыл іс-әрекеттер түсіндірілді.Түркістан облысы ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/972536?lang=kk
Қолөнер туындылары тамашаланды 15.04.2025
Қолөнер туындылары тамашаландыЕлімізде 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі өтуде.16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, насихаттау бағытында аталмыш мерекелік күнге орай Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің фоесіндегі Қаратөбе балалар шығармашылық үйі ұйымдастырған көрмені өнер сүйер жұртшылық үлкен ықыласпен тамашалады.Аталмыш көрмегеҚаратөбе балалар шығармашылық үйінің, «Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының" тәлімгерлері мен үйірмелерге қатысушы мектеп оқушыларының туындалары қойылды.Мерекелік көрмеге қойылған туындылармен аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы танысты.Көрмедегі көз тартатын түрлі жанрдағы суреттер мен қолөнер шеберлерінің қолынан жасалып шыққан бұйымдардың мән- маңызымен балалар шығармашылық ұйымының тәлімгерлері Гүл Боранбаева мен Гүлдана Имашева таныстырды.Көрмеде, тұрмыс- салт жанры бойынша «Әже мен немеренің» әңгімесі тақырыбындағы Нұртас Бисенғожиннің, Гүл Боранбаеваның "Қаратөбе - ән мен жырдың ордасы" тақырыбындағы, Айнагүл Ахметованың «Ата толғауы» - атты, ұлттық нақыштағы интерьер жанры бойынша «Ұлттық киіз үй» тақырыбындағы Иса Ермектің, «Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясынан «Ер қанаты - ат» тақырыбындағы Серік Әсеттің, саз балшықтан жасалған Қасымхан Оңғаровтың құмыра және басқа да түрлі ыдыстары, сонымен қатар көрмеде тағы да басқа көптеген қолөнер шеберлерінің керемет туындылары көрініс тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/971608?lang=kk
Армысың Әз Наурыз! 15.04.2025
Наурыз мерекесі құтты болсын.Жаңатұрмыс ауылында әр жылы Наурыз мерекесі Ұлан асыр той мерекесі ретінде тойланады.Жаңатұрмыс ауылы халқының ауызбіршілігі,еңбекқорлығы, бірлігі осы Наурыз мерекесінде айқын көрінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-zhanaturmys/press/news/details/969034?lang=kk
2025 жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындық және алдын алу жұмыстары 15.04.2025
Қарағанды облысы ТЖД Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі басқармасының аумағындағы жер телімінде өртті ерте анықтау жүйесіне тексеру жүргізілді.Оқу-жаттығу аясында интеллектуалды камералардың көмегімен ормандардағы түтінді анықтау және ескерту жүйесінің жұмысы тексерілді. Нақты уақыт режимінде бақылау жүргізіліп, өрттің координаттарын анықтау шаралары қабылданды. Жаттығу нәтижесінде камералар қалыпты жұмыс істеді.Сондай-ақ, облыс аумағындағы қамыс пен құрғақ өсімдіктерді шабумен қатар, орман екпелері бойында минералданған жолақтарды жасау жұмыстары жүргізілді.Қарағанды облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/968735?lang=kk
«Атамекен Агро — Тимирязево» ЖШС директорымен меморандумға қол қою 15.04.2025
Әлеуметтік әріптестік және табысты өзара іс-қимылды жалғастыру аясында аудан әкімі Е.Қ. Жаров «Атамекен Агро —Тимирязево» ЖШС директорымен меморандумға қол қойды.Бірлескен күш  жігермен біз маңызды жобаны — Докучаево ауылында көпфункционалды спорт алаңын орнатуды жүзеге асырудамыз. Бұл тұрғындардың белсенді және салауатты өмір салты үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын спорттық инфрақұрылымды дамытудағы елеулі үлес. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/968516?lang=kk
27 наурызда Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінде Қарағанды облысының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Мамандық сабақтарында оқушылардың техникалық дағдыларын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 15.04.2025
Қарағанды облысының қосымша білім беру педагогтары қауымдастығының жұмысы аясында 27 наурызда Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінде Қарағанды облысының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Мамандық сабақтарында оқушылардың техникалық дағдыларын дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.Іс-шараны Қарағанды облысының қосымша білім беру педагогтары қауымдастығының төрағасы А.В. Морева және Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдіскері С.С. Сагадиева ашты.Шеберлік сабақтарын Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінің, Қарағанды қаласының мамандандырылған музыка мектеп-интернатының, Саран қаласының балалар өнер мектебінің педагогтары өткізді.Семинарда қатысушылар тәжірибе алмасып, оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын үйренді. Іс-шара нәтижелі, тиімді және тәрбиелік мәні зор болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/968183?lang=kk
ТЖМ құтқарушылары мен әскери қызметшілері Қостанай облысында су тасқынына қарсы күресті жалғастыруда 15.04.2025
Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Амангелді ауданында ТЖД құтқарушылары мен М. Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері тобы жұмыс істейді. Жұмыстар штаттық режимде өтуде, жағдай бақылауда қалады. Құтқарушылардың іс-қимылын үйлестіруді азаматтық қорғау майоры Нұрсұлтан Бекетов және Амангелді ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Серік Төлебай жүзеге асырады.Нұрсұлтан Бекетов-азаматтық қорғау жүйесінде 11 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі маман. Өткен жылы ол Қарасу ауданындағы су тасқынының салдарын жоюға қатысты, онда оның сауатты шешімдері элементтердің зақымдануын азайтуға көмектесті. Қазір Амангелді ауданындағы топты басқара отырып, ол барлық қажетті жұмыстарды ұйымдастырады: жағалау сызықтарын нығайту, өзен арналарын тазарту, су айдау және жергілікті тұрғындарға көмек көрсету.Онымен бірге аймақтың қауіпсіздігін азаматтық қорғау подполковнигі қамтамасыз етедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/962326?lang=kk
Акция "Таза Қазақстан" 15.04.2025
Экологиялық"Таза Қазақстан" бағдарламасы өттіакция"Әрқашан болсынтаза болады", Фрунзенское ауылының жаппай демалыс орындарын, аула алаңдарын (балалар, спорт)абаттандыру және жинау жалғасуда. Су тасқыны кезеңіне дайындық басталды, су өткізгіш құбырларды тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Барлығын шақырамызауылдық округ тұрғындарына қосылубұл акция жақсартуға бағытталғанэкологиялық ахуал және деңгейін арттырутуған ауылындағы тазалық. Тек бірлескенкүш салу арқылы біз округімізді таза және таза етемізәдемі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-krasnoarmeisk/press/news/details/959851?lang=kk
ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АЙТЫП ӨТТІ 15.04.2025
Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдарда 5,2 триллион теңгені құрайтын 1060 жоба іске қосылды. Соның арқасында 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама іске асырылғаннан бері жүзеге асқан жобалар 8 триллион теңгенің өнімін берді. Бұл – еліміз үшін аса маңызды жетістік. Біз бұған дейін өндірілмеген өнімнің 500 түрін шығарамыз, – деді Елбасы.Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижелеріне назар аударды.2010 жылдан бері республикалық маңызы бар 5 мың шақырым жолдың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға дейін тағы 4500 шақырым жол іске қосылады. Қазір республикалық автомобиль жолдарының 85 пайызы жақсы күйде. Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасы және Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Бейнеу – Шетпе, Көкшетау – Петропавл бағыттары бойынша жолдар пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ертіс өзені арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ірі көпір салынды. Осы жобаларды іске асыруға 75 мың адам тартылды. Бұл ретте, барлық құрылыс материалдарының 90 пайызы Қазақстанда жасалған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Сонымен бірге, Қазақстан Президенті «Құрық» теңіз порты мен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының экономикалық маңыздылығын атап өтті.Бұдан бөлек, Елбасы «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу нәтижелеріне тоқталып, оның аясында 10 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынғанын айтты.9 облыста тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық бағдарламалар халықтың тұрмысын жақсартуға арналған. Жинақтағанымыздың бәрін қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағыттадық, – деді Мемлекет басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Президенті министрліктің басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін жекелеген мәселелерге тоқталды.Индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әлі де экономикамыздың әртараптығын қамтамасыз ете алмай отыр. Өңдеу өнеркәсібінің ішкі жалпы өнімдегі үлесі айтарлықтай өзгерген жоқ. Жалпы, қойылған міндеттерді орындауға қажетті барлық жағдай бар. Сіз экономикалық және әлеуметтік басымдықтарды іске асыруға толық жауаптысыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Мемлекет басшысы елімізді одан әрі дамытып, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.Ақпарат көзі: Akorda.kz  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27144?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ФОРУМЫНДА «ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ» ҰСЫНДЫ 15.04.2025
Форум халықаралық қауымдастыққа Қазақстандағы инвестициялық климатты реформалау бойынша қабылданған табысты шаралар туралы және «Ұлттық инвестициялық стратегия» аясында жоспарланған алдағы реформаларды мәлімдеуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Форум алаңында вице-министр Ерлан Хаировтың шет елдердің және халықаралық ұйым өкілдерімен екі жақты кездесуі өтті.ЮНИДО-ның саясат және қолдау бағдарламалары дирекциясының басқарушы директоры Фату Хайдармен кездесті. Кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру, ЮНИДО-ның қазақстандық бағдарламаларын сараптау, болашақта атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.Австрияның Австрия Федералды экономикалық палатасымен кездесуде пікір алмасты. Қазақстандық вице-министр инвесторларды, қабылданған инвестициялық стратегияны, жекешелендіру жоспарларын, МЖӘ пен АХҚО-ң ашылуы туралы хабардар етті.Австрия тарапы австриялық компаниялардың технологияларымен таныстырды. Көлік инфрақұрылымын дамыту, ақылды қалаларды дамыту, сондай-ақ, жаңа технологиялар саласындағы өз қызметтерін ұсынды.Сонымен қатар, Мьянма, Кения, Тунис, Гана, Грузия және Моңғолия өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді. Оның барысында ЭЫДҰ тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, шетелдік делегаттарға Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27114?lang=kk
KAZAKH INVEST ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ 15.04.2025
Форумға АЭА-ның барлық өкілдері қатысты. Онда Алматы, Қарағанды, Шымкент және Павлодардың арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) таныстырылды. АЭА басқарушы компанияларының басшылары іс-шара қонақтарын АЭА-ның ерекшеліктерімен, табысты іске асырылған жобалармен таныстырды. Сондай-ақ, даму тәжірибелерімен және болашақтағы жоспарларымен бөлісті.«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев аталмыш іс-шараның мақсаты мен негізгі міндеттері туралы айтты.«Бүгінгі іс-шара ҚР АЭА-ның басқарушы компанияларының, АЭА-ның резиденттерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуетті отандық және шетелдік инвесторлардың тікелей келіссөздер жүргізу алаңы болып отыр. Бұл өз кезегінде елдегі арнайы экономикалық аймақтардың қызметін жетілдіруді жалғастыруға мүмкіндік береді»,-деді Біржан Канешев.Управляющий директор Департамента развития СЭЗ АО «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Даму департаментінің басқарушы директоры Еркежан Амирханова «Қарағандының «Сарыарқа» АЭА базасындағы ҚР АЭА электронды интерактивті картасының тесттік нұсқасын таныстырды.  Ол АЭА көрсеткіштерін, жер учаскелерін, фирма байланыстарын нығайтуға мақсатында әзірленген. Интерактивті база инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәртебесін және инфрақұрылым құрылысының кезеңдерін көруге мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Форум аясында «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағындағы табысты іске асырылған жобалардың бірі - ескі автокөліктерді қайта өңдеу арқылы болат, алюминий және түсті металдарды өндіру жөніндегі зауыт - «Recycling Company» компаниясы таныстырылды.Іс-шараға қызығушылық танытқан Жапониядан келген қонақтар мен Қазақстандағы ірі халықаралық компаниялардың өкілдері отандық компаниялармен іскерлік байланыстар орнатып, одан әрі ынтымақтасу ниетін білдірді.Сондай-ақ, форум аясында АЭА-н басқаратын компаниялармен заң жобасын және АЭА дамытудың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.Айта кетейік, өңірлердің қарқынды дамуы, инвестиция тарту, технологияларды тарту, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті өндірістер құру мақсатында Мемплекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында 11 арнайы экономикалық аймақ құрылған болатын. Өңірлердің кластерлік дамуын қамтамасыз ету мақсатында АЭА түрлі салалық бағытта жұмыс істейді.Мысалы, «Оңтүстік» АЭА тоқыма өнеркәсібі, химия, мұнай химиясы, «ИТП» АЭА ақпараттық технологиялар бойынша, Павлодар АЭА химия және мұнай химиясы бойынша, «Сарыарқа» АЭА металлургия және ауыр машина жасау салалары бойынша маманданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26915?lang=kk
Қала қазынасын ұлғайту жөніндегі қосымша шаралар туралы 15.04.2025
Қала бюджетін толықтыру құрылымы ерекше. Қалада 185 мың ШОБ субъектісі бар. Халықтың үштен бірі кәсіпкерлік салада жұмыс істейді. ШОБ кірістері қаланың ЖӨӨ-нің 40%-ын құрайды, бюджеттің 60%-ы ШОБ-тен түсетін түсімдер есебінен қалыптасады. Яғни, қаланың әлеуметтік қолдауының экономикалық базасын ШОБ құрайды.Мемлекет басшысы К.-Ж.Тоқаевтың шешіміне сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШОБ-тан түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджеттерге беріледі. Бұл дегеніміз ШОБ көп болған сайын қала бюджетіне түсетін түсімдер соғұрлым көп болады.Демек бұл шешім "Шетсіз қала" қағидасы бойынша аудандардың тең дамуы үшін ресурстық базасын құрайды. Әкімдіктің негізгі ұстанымы барлық аудан тұрғындары үшін тең жағдайда өмір сүру сапасын жақсарту. Осыған орай қала әкімдігі ШОБ-ты барынша ауқымды дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Ол үшін қосымша резервтер мен өсу нүктелері анықталды.«АЛМАТЫ – 2020» бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі болып «Бизнес пен жеке капиталға арналған қала» саналады.Бағдарлама аясында мына бір шаралар топтамасы іске асырылмақ:• «Алматы» ӘКК жұмыс істейді; • «Almaty Invest» инвестициялар тарту орталығы құрылды; • Қаланың 6 ауданында бөлімшелері бар «Qoldaý»кәсіпкерлік орталығы құрылды; • «Almaty Finance» қаржылық компаниясы және «Almaty» микронесие ұйымы құрылды. Бұлар пайыздық мөлшерлеменің сараланған саясатын жүргізеді. Қаланың орталық бөлігінде ШОБ үшін 7%, шеткі аймаққа 2%. Несиелеу аясында 2019 жылдың соңына дейін 2 млрд.теңге, ал 2020 жылы 10 млрд.теңге бөлінеді;• ШОБ-ты қаржылық қолдау көлемін 3 есеге ұлғайту (10,5 млрд.теңгеден 31 млрд.теңгеге дейін);• «Алматы Бизнес 2025» бағдарламасы аясында жыл сайын 20 мың кәсіпкерді оқыту.Бұл ретте кәсіпкерлер ШОБ-тің дамуына кедергі келтіретін бірқатар факторларды атап өтті. Олар:-                     Сұраныстың төмендеуі;-                     Бизнесті құру және дамыту үшін әкімшілік кедергілер; - Қызмет көрсету мен сауда жүргізу үшін қолжетімді инфрақұрылымның жоқтығы; - ШОК субъектілерінің, әсіресе ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің сауаттылығының төмендігі.Мысалы, кәсіпкерлердің мәліметінше, Қонаев пен Байтұрсынов көшелерінің екі жағына веложолдарды енгізу осы көшелерде орналасқан ШОБ кәсіпорындарының жағдайына кері әсерін тигізеді. Олардың қатарына сауда, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау және т.б. кәсіпорындар кіреді. Келетін клиенттердің саны төмендеп, түсім көрсеткіші қысқарған. Бұл өз кезегінде ШОБ кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Алматылық кәсіпкерлердің айтуынша, веложолдардың кесірінен клиенттердің көлігін қоюға жер жоқ. Сол себепті олардың келуі де азайған. Велосипедке арналған жолақ жолдың екі жақ шетінде орналасқан. Бұл – көлік тұрағына үлкен кедергі келтіреді.Қонаев көшесінде 392 нысан орналасқан. Шығыс жағында 115 нысан, батыс жағында – 277. Соның ішінде бүгінгі күні 11 нысан («ArtDFlowers» гүлдер дүкені, «Jewelmer» зергерлік бұйымдар салоны, «Визит» сұлулық салоны, «Милана» киім бутигі) және т.б. жабылды. «Дом Одежды Восход» сауда үйінде барлығы 99 бутик бар. Бүгінде 49 бутик жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап 50-ге жуық бутиктер (балалар және әйелдер киімі бутигі, ыдыс пен төсек-орын бутиктері) жабылды.Мысалы, сусындардың көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын «SAB TRADE COMPANY» ЖШС-нің кірісі (Қонаев көшесі, 153 Шевченко көш.қиылысында орналасқан «TOIMART» ЖШС) 3 есе төмендеген. Демек салық аударымдары да 3 есеге қысқарды (2016 жылы – 233 762 900 теңге. 2017 жылы – 164 851 700 теңге. 2018 жылы – 62 447 800 теңге). «Grand Hotel Tien Shan» қонақ үйінің табысы 2 есеге, 2017 жылы – 22 955 500 теңге, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында – 4 572 200 теңгеге түсті. Сондай-ақ, «Dolcetto» мейрамханасының табысы («Хан» ЖК, Қонаев көшесі, 114) 3 есе төмендеді (айналым айына 15-18 млн.тг-ден 5-6 млн.тг-ге дейін), жұмыс орындары 33-тен 19 адамға қысқарды.Байтұрсынов көшесінде 255 нысан орналасқан:– қарама-қарсы бетте – 107 нысан, атап айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың мұражайы үйі, Никольский соборы, Никольский базары, гүл базары, Алматы технологиялық университеті, Depo Evolution.– батыс жағында – 118. Олар: Алматы қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы, Шет тілдер педагогикалық колледжі, Қазақ спорт және туризм академиясы. Бұл жерде 2 нысан (Мастер донер мен дәріхана) жабылды. Байтұрсынов к-сі, 16 мекен-жайындағы әкімшілік ғимаратта (шығыс жағы) веложол жолағы енгізілгенге дейін 20 жалдаушы болса, бүгінгі күні 9 жалдаушы қалды. 2018 жылдан бастап 11 жалға алушы жалдау шартын бұзды. (2 тіс емханасы, «Логистик центр» ЖШС, «Вольфрам» ЖШС, оқу орталығы және т.б.). Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «SprintR» ЖШС де келісім-шартты бұзады (жұмыс орны – 30).Мысалы «Manga sushi» мейрамханасының (Байтұрсынов, 78 шығыс жағы) салық аударымдары 27,9% төмендеген. (2017 жылдың 1 жартыжылдығында – 3,2 млн.тг, 2019 жылдың 1 жартыжылдығында – 2,3 млн.тг.) келушілердің саны 9 654 адамнан 8 429 адамға дейін қысқарып, 12 қызметкер жұмыстан босатылды (бұрын 34 адам болса, қазір 22).«ЖанЕр.Д» кафесінің (Байтұрсынов көшесі, 44, шығыс жағы) салық аударымдары 2017 жылы 26,6 млн.тг, 2018 жылы 17,4 млн.тг қысқарды. «Oriental» асханасының (Байтұрсынов, 89) салық аударымдары 2017 жылы – 1,7 млн.тг, 2018 жылы – 1,1 млн.тг.Осыған байланысты Алматының Қоғамдық кеңесі Қонаев пен Байтұрсынов көшелеріндегі веложолды Шевченко көшесіндегідей екі жаққа бағытталатындай етіп көшенің бір жағына орналастыруды ұсынуда. Ал көшенің екінші бетіне көлік тұрағын қарастыруды жөн деп отыр. Бұл шара кәсіпкерлер үшін де, велоәуесқойлар үшін де тиімді болмақ. Сондай-ақ, тұрақ орындары қалпына келтірілсе, Қонаев көшесі бойында 300-ге жуық, ал Байтұрсынов көшесі бойында 150-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылуы мүмкін деп болжануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26719?lang=kk
Алматы әкімі мұғалімнің мәртебесін көтеру және оларға қолдау көрсету шаралары туралы айтты 15.04.2025
Форумда мұғалім мамандығының маңызы және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеудегі педагогтың ерекше миссиясы туралы сөз қозғалды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруді жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды.«Мектеп – жеке тұлғаны және олардың бойында туған еліне деген шынайы сүйіспеншілікті қалыптастыратын киелі орын. Білім ошағында дәріс алатын оқушылардың болашағы зор әрі олар бақытты болулары тиіс», - деді Бақытжан Сағынтаев қаланың мұғалімдер қауымдастығы алдында сөйлеген сөзінде.Әкім өзінің сөзінде педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерді бітіріп, Алматының мемлекеттік мектептерінде еңбек жолдарын енді бастайтын барлық жас мамандарға бірреттік материалдық көмек беру жөнінде шешім қабылданғанын айтты. Биылғы жылы 700 жас мұғалім бюджеттік қаржының есебінен 20 айлық есептегі көрсеткіш көлемінде грант алатын болады.«Бұл шағын көмек, дегенмен осынау алғашқы қадамның қаланың педагогикалық қауымдастығына қолдау көрсетудің маңызды символы болатындығына мен сенімдімін», - деп атап өтті Алматы әкімі.Сонымен қатар, үздік білім ұйымдарын 800 айлық есептік көрсеткіш бойынша жыл сайынғы дәстүрлі марапаттау жалғасады. Ал, бүгін жеңімпаз 24 миллион теңге көлемінде жүлде алатын болады.Айта кетерлігі, қаланың үздік педагогикалық ұжымдарына жыл сайын ақшалай сыйлықтар беріледі.2020 жылдан бастап қала әкімінің шешімі бойынша мегаполистің ерен еңбек етіп, сапалы білім берген үздік педагогтарына Алматы әкімінің арнайы гранты тапсырылады. Оның Ережесін, номинациясын, критерийлерін әзірлеу және кімге берілуі тиіс екенін анықтау оқытушылардың өздері жүктеледі.Мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру үшін қалада ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылады, оның барысында БАҚ шаһардың үздік педагогтары, үздік оқу практикалары мен кейстері туралы жазатын болады. Бұл шара қоғам үшін білім жүйесін дамытудың дұрыс векторын қалыптастыруға ықпал етеді.Алматы әкімі жаңадан қолға алынатын әрі жыл сайын өтетін «Úzdіk ustaz» («Лучший педагог») байқауы және оның қорытындысы 2020 жылдан бастап Мұғалім күні қарсаңында шығатыны туралы хабардар етті. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлығы ретінде пәтер, автомобиль және басқа да бағалы сыйлықтар беріледі.«Мұғалім – білім саласындағы басты тұлға, сондықтан қоғам үшін аса маңызды мамандықтың мәртебесін көтеруге тиіспіз», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.Қазіргі кезде Алматыда 32 мыңға жуық мұғалім бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26709?lang=kk
ҚР ИИДМ СУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН КҮШЕЙТУДЕ 15.04.2025
Қазіргі уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторында сауда флотының 12 кемесі, жүк көтергіштігі 5-13 мың тоннаны құрайтын және мұнай кен орындарын игеру үшін теңіз операцияларын қолдау флотын қоса алғанда, қазақстан туын көтеріп жүзетін 300-ден астам кеме жұмыс істейді. Бұдан басқа, тұрақты негізде қазақстандық порттарға басқа Каспий маңы мемлекеттерінің 60-қа жуық кемелері кіреді.Каспий теңізінің қазақстандық секторында кемелерді пайдаланудың қарқындылығын және тасымалданатын мұнай мен отынның көлемін ескере отырып, еліміздің аумақтық теңіздерінде кемелерден ластану және соған сәйкес орны толмас залал келтіру қаупі өте жоғары. Осыған байланысты, теңіз кемелерінен "нөлдік" сарқынды суларды шығаруды қамтамасыз ету үшін ҚР ИИДМ басшысының бұйрығымен оларды болдырмау жөніндегі ережелер бекітілді. Олар кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі халықаралық конвенцияның (МАРПОЛ конвенциясы) техникалық талаптарын іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, теңіздің ластануына алып келетін кеме бортында операциялар жүргізу тәртібі анықталады, мысалы, кемеге отын құю, жүк бөліктерін жуу, теңізге ағызылған шаруашылық мақсаттарында жұмсалған сарқынды суларды сүзу және шығару.Бұдан басқа, теңізге мұнай, сұйық химиялық заттарды, сарқынды сулар мен қоқыстарды шығаруды болдырмауға арналған кемелерде арнайы жабдықтар мен жүйелердің болуы және олардың атқаратын жұмысы бойынша талаптар белгіленеді.Бұл ережелер теңіздің кемелерден ластану тәуекелін азайту жөніндегі біріздендірілген халықаралық талаптардың сақталуын және тиісінше шетелдік порттарда отандық кемелердің оларды бұзғаны үшін кідіруін болдырмауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ кеме иесі тарапынан теңіз ортасын ластау салдарын жоюға арналған шығындардың ықтималдығын төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26689?lang=kk
Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді 15.04.2025
Шаһар басшысы қаладағы барлық ауруханалар мен емханаларға аудит жүргізілгенін мәлімдеді. Бұдан өзге шеткі аудандардың 6000-нан астам тұрғынын қамтитын денсаулық айлығы басталды. Мегаполистің шалғай аудандарында медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік пункттер мен амбулаториялар ашылуда.Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес аулалар мен жарығы жоқ учаскелерге баса назар аударылып, патрульдеу тәртібі қайта қарастырылды. Жаяу патрульдеудің маңыздылығын тілге тиек еткен қала әкімі кездесуде Әуезов ауданының тұрғындарына өтініш айтты. "Патрульдер аулаларға кіруі керек! Бұл бекітілген тәртіп. Егер аулаға кірмей кеткен полицейді байқасаңыз, маған хабар беріңіздер. Жаяу патруль аулаларды қамтуы тиіс", - деді ол.Сондай-ақ, қала әкімі кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі жобалар туралы айтты. Аталған жоба аясында шеткі ауданның тұрғындары жеке бизнесін ашуға 2%-бен, ал орталықтың тұрғындары 7%-бен несие ала алады. Әркім өз бизнесін ашып, аяққа тұрып, қарызын қайтаруға мүмкіндік алмақ.Бұл ретте шаһар басшысы Б. Сағынтаев әйелдер кәсіпкерлігінің тақырыбына жеке тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, қала басшысының тапсырмасы бойынша әр ауданда "Бақытты отбасы" дейтін көпбалалы аналарды қолдау орталықтары ашылуда. Орталықтың жұмысы аясында "Іскер ана" бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама түрлі мәселелер бойынша, атап айтқанда, құжат жинау мен кеңес алу, тегін үйрету курстарынан өту бойынша көмек көрсетеді.Кездесу үш сағатқа созылды. Күн тәртібіндегі мәселелер тұрғын үй шаруашылық, аулаларды абаттандыру мен жарықтандыру, аулалардағы қоғамдық қауіпсіздік пен ұрлық, қоқыс жинау, арық жүйесінің жұмысы, кәріз, қаңғырған иттер және т.б. болды.Жалпы күнделікті мәселелерге қатысты 150-ге жуық сұрақтар қойылды. Қала әкімі жауапты тұлғаларға қала тұрғындары қойған әрбір мәселеге нақты жауаптар беруді тапсырды.Апта сайын әр дүйсенбі де аудан және басқарма басшыларының тұрғындармен болған кездесулерде көтерілген сұрақтар мен өтініштердің қалай шешіліп жатқаны туралы есептері тыңдалмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26232?lang=kk
ЖАУАПТЫ ХАТШЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ 15.04.2025
Өңірде Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары өз қызметін жүргізуде, олар өңірлерде министрліктің өкілдері ретінде жалпы мақсаттарды іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасауы тиіс. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жауапты хатшысы Мереке Пішембаев 2019 жылдың 15-16 тамызында Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында хабарлады.Жұмыс сапары аясында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың, ҚР МҚІА облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Берік Ахметовтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро басшысының орынбасары Ерік Есеновтің қатысуымен министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында облыс бойынша Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры Байкен Жұмабаев және басқа да басшылар кадрлық қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет көрсету және заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.Сонымен қатар, М. Пішембаев Көлік комитетінің Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына, сондай–ақ "Теміртау– Қарағанды", "Қарағанды – Балқаш", "Балқаш-Бурылбайтал" автожолдарын қайта жаңарту құрылыс алаңына және "Қарағандының Шығыс айналма жолы" және "Қарағандының солтүстік айналма жолы" жобаларының құрылысына барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26227?lang=kk
Қала тұрғындарына қауіп жоқ 15.04.2025
Соңғы авиабақылау ақпараты бойынша №1 өзенде су деңгейі 6-7 метрге төмендеген, аққан су массасының көлемі 20-25 мың м 3. Сел қаупі маусымы басталғалы жүргізілген сақтандыру жұмыстарының нәтижесінде 2019 жылдың 14 тамызында болған селдің әсерінен өзендегі су көлемі 42 мың м3 төмендеген.«Қазселденқорғау» МК мамандары бұл оқиғаға «сел тасқыны» деген сипаттама берді, сондықтан мұнда селге қатысты (тас, лай, құлаған ағаштар) болған жоқ. Өзеннің ішкі арналары мен канал бойымен судың ағуы тоқтады, каналдың бойына шағын тоқтау су жиналған. Өзеннің төменгі ағысында су едәуір тазарған.Мониторинг пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарында бұрынғы күш құрылымдары мен инженерлік техника кезекшілік ететін болады.Қалаға келетін қауіп жоқ, Қарғалы өзеніндегі су қалыпты жағдайда. Өзен және плотина маңына «Қазселденқорғау» МК гидропостары, ал плотинадан төмен Алатау ауданына дейінгі аумаққа ТЖД мониторинг жүргізуде. Сел қаупі бар учаскелер бақылауға алынған.Аулаларды, көшелер мен объектілерді су басу фактілері тіркелмеген.Алматы қаласы әкімінің келісімімен жедел Штабтың жұмысы тоқтатылды, жағдайды Алматының ТЖД өз бақылауына алған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/26156?lang=kk
КҮН БАТАРДА АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН ҮЙЛЕРДІҢ САНЫ 7 МЫҢҒА ЖЕТЕДІ 15.04.2025
Қалпына келтіру жұмыстары Қарағанды облысының әкімдігіне бекітілген № 5 секторда толығымен аяқталды. Осы учаскеде барлығы 83 үй, оның ішінде 11 көпқабатты үй жөнделді.Жұмыстар Маңғыстау (98 %), Ақмола (98 %), Солтүстік Қазақстан (98 %), Жамбыл (97 %), Қызылорда (96 %), Батыс Қазақстан (96 %), Ақтөбе (96 %) және Павлодар облыстары (95%) секторларында жақсы қарқынмен жүргізілуде.Аса қираған Арыс қаласын қалына келтірушілердің секторлары арасында артта қалушылар: Нұр-Сұлтан қ. секторы (21 %), Атырау облысының секторы (60 %), Шымкент қ. секторы (61 %) және Алматы облысының секторы (73%) бар. Жалпы алғанда, аталмыш учаскелердегі бұзылуға жататын Арыстың барлық үйлерінің 50%-ы немесе 200-ден астам саман тұрғын үйлер, оның ішінде жарылыс толқынына төтеп бере алмаған ескі үйлер апатты деп танылды. Қалада барлығы 429 үй қайта тұрғызылуда. Негізгі күштер оларды тұрғызуға бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, қалада қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бірінші кезеңде құрылысшылар кезек тәртібімен, шатырларды ауыстырады, содан кейін терезелер мен есіктерді орнатады. Одан кейін кезек тәртібі бойынша тұрғын үйлерде әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіру барысы тұрақты бақылауда тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26152?lang=kk
АСТАНА – ПАВЛОДАР УЧАСКЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2018 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ 15.04.2025
ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевтың айтуынша, биыл Қарағадыны айналып өтетін жолды қосқанда Орталық-Оңтүстік жобасының Теміртау-Қарағанды учаскесінде құрылыс жалғасуда. Сондай-ақ, Орталық-Шығыс жобасы бойынша Астана-Павлодар-Семей-Қалбатау учаскелерінде және  Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл, Орал-Қаменка учаскелеріндегі жалпы ұзақтығы 1,2 мың шақырым болатын автожолдарда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.Өтпелі жобалармен қатар, бюджеттік қаражат есебінен ұзақтығы 511 шақырым болатын Бейнеу-Ақжігіт, Щучинск-Зеренді, Таскескен-Бақты, Үшарал-Достық, Осиновский асуы, Қостанай-Денисовка сияқты 6 жобаны іске асыру қолға алынды.«2018-2019 жылдары республикалық маңызы бар 6,2 мың шақырым автожолға жөндей жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде орташа жөндеуден өткізу үшін 4,4 мың шақырым жолды реконструкциялау және 800 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», - деді М.Пішембаев.Келесі жылы Орталық-Шығыс дәлізінің Астана-Павлодар учаскесін, Теміртау-Қарағанды учаскесін, Саратовқа шығатын Орал-Қаменка автожолын және Таскескен-Бақты учаскелерін аяқтау жоспарланып отыр.Биыл Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас учаскелерінде ақылы жол жүйесін құру жұмысы басталды. Оның жоспарланған жылдық жинағы 4 млрд. теңгені құрайтын болады.2020 жылға қарай ақылы жолдан түсетін жыл сайынғы жиынтық қаржы 30 млрд. теңгеге жетеді, деген жоспар бар. Жалпы алғанда, жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 90% -ын жақсарту, І және ІІ-техникалық санаттағы автомобиль жолдарының үлесін 50% -ға дейін арттыру көзделген. Бұл жүк тасымалын 2 есеге арттыруға және жолға кететін уақытты 1,5 есеге азайтуға мүмкіндік береді.ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потловтың айтуынша, 2017 жылғы қарашада Алматы-Шу учаскесінде жалпы ұзақтығы 112,37 км болатын екінші жолды салу жұмысы аяқталды. Жобаны жүзеге асыру учаскенің өткізу мүмкіндігін күніне 17-ден 68 жұп пойызға дейін арттырды және пойыздың жол жүру уақытын 1,5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді.2016 жылдың желтоқсан айында Құрық портында - жылына 4 млн. тонна жүк тасымалдайтын теміржол паром терминалы іске қосылды. Операциялар басталған кезден бері (ағымдағы жылдың наурызынан бастап) шамамен 1,3 миллион тонна жүк өңделді. Қазіргі уақытта жылына 2 млн. тонна жүкті өңдейтін жобаның екінші кезеңін іске асыру жалғасуда.Биыл 6 желтоқсанда өткен индустрияландыру күні аясында Құрық портындағы автокөлік паром терминалын сынақтан өткізілді. 2018 жылы 2-ші кезең нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жалпы алғанда, жобаны аяқтағаннан кейін Каспий теңізіндегі теңіз порттарының өткізу мүмкіндіктері жылына 26 млн. тоннаға дейін жеткізіледі.2017 жылдың 30 мамырында жаңа «Нұрлы жол» вокзал кешені іске қосылды. Жаңа вокзал кешені 52 пойызға қызмет көрсетеді. Олардың ішінде 16 жоғары жылдамдықты «Тұлпар-Тальго», 22 және 14 қала маңындағы электрлік пойыздар бар.Орташа алғанда, тәулігіне 16 жұп, ал демалыс күндері 20 жұп пойыз өтеді. Жалпы, жаңа вокзалдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне 35 мың жолаушыға дейін жетеді. Екі вокзал тәулігіне 47 мың жолаушыға қызмет көрсете алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26070?lang=kk
2018 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА БІРҚАТАР БАҒЫТТАР БОЙЫНША ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТ ТАРИФІ ӨЗГЕРЕДІ 15.04.2025
Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен асып кетпейді.Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі, деп күтілуде. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.Бұл бірнеше тасымалдаушының конкурсқа берген өтінімдеріне байланысты жасалып отыр. Ал, тасымалдаушы осы бағыттар бойынша кірістің азайып қалу тәуекелдеріне жауапты болады.Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты.Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал, автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды.Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% -ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады.Осылайша, алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Cурет ашық ақпарат көзінен алындыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26064?lang=kk