Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді. 15.04.2025
Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.Қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;«Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдау керек;«№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау қажет;өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-kuibyshev/press/news/details/975518?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті 15.04.2025
Қала аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.Сенбіліктің басты мақсаты – қала тазалығын жақсарту және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Жұмыс барысында қала көшелері мен аула аумақтары, жұмыс орындарының аумақтары, сондай-ақ орман-саябақ аймағы және т.б. тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975511?lang=kk
Шахтинск қалалық СЭББ-да мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті 15.04.2025
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев және бөлім басшысы Дмитрий Арнт мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көшпелі кеңес өткізді.Басқарма мамандарымен қызметтік этика нормаларының сақталуы, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында ұжымда анонимді сауалнама жүргізілді. Мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар толығымен берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/975510?lang=kk
Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады 15.04.2025
Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады«Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», – Қ.К. Тоқаев, IV Ұлттық құрылтай, 14 наурыз 2025 жыл, Бурабай.2024–2025 жылғы жылумен жабдықтау бойынша күзгі-қысқы маусым күрделі ақауларсыз өтті, бұл Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шараларының нәтижелі болғанын көрсетеді.Маусымға дайындық 10 энергетикалық блоктың, 55 қазандықтың және 45 турбинаның күрделі жөндеуін қамтып, ЖЭО және жылу желілеріндегі жоғары тозуды азайту процесін бастауға мүмкіндік берді. Электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 27%-ға (1 070-тен 782 жағдайға) азайса, ал температуралық графиктің сақтамау жағдайлары 3,3 есеге (215-тен 65 жағдайға) қысқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/975486?lang=kk
Қазақстанда спорт саласын дамыту: жүйелі реформалар, инфрақұрылым, бұқаралық спорт және чемпиондар даярлау. 15.04.2025
Қазақстанда дене шынықтыру сабақтарынан бастап халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға дейін тең қолжетімділікті құру бойынша спорт саласын дамытуда дәйекті жұмыс жүргізілуде. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін насихаттау, инфрақұрылымды жаңғырту және жаттықтырушылар құрамын қолдау басымдыққа ие болып қала береді.Бүгінгі таңда спортпен және дене шынықтырумен 8 миллионнан астам қазақстандық шұғылданады. Бұл ел халқының 41,4% құрайды. Мемлекет бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50% - ға жеткізуді көздейді. Қазірдің өзінде тұрақты шұғылданушы балалар мен жасөспірімдердің үлесі 30% - дан асады. Мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасының ауқымы кеңеюде: 4 жастан 17 жасқа дейінгі 240 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секцияларына тегін барады.Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/975305?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/975484?lang=kk
Ағаш отырғызу 15.04.2025
Ағаш отырғызуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-qamystybas/press/news/details/975481?lang=kk
Қарабалық ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы 15.04.2025
Ү.ж. 15 сәуір күні сағ. 15:00 – 18:00 аралығында Қарабалық ауданы Қарабалық аулында, Қарабалық аудандық терроризмге қарсы жедел штабы «Қарабалық-Терроризмге қарсы-2025» жедел-тактикалық антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізедіІс-шараның мақсаты  құқық қорғау және арнайы органдардың түрлі террористік сипаттағы қауіптерді жою жөніндегі күштер мен құралдардың дайындық деңгейін тексеру.Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Терроризмге қарсы күрес жөніндегіҚарабалық аудандық жедел штабыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/975474?lang=kk
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қалалық мәслихат депутаттары 2025 жылдың 25 сәуірінде  сағат 17.00- ден 18.00-ге дейін қала тұрғындарының жеке мәселелері бойынша «Ашық есік» күнін өткізеді. Өтетін орны:  Балқаш көшесі 5- үйдің 2 қабатында ораналасқан мәслихат ғимараты.Анықтама және жазылу 8(71039) 5-33-16 телефоны арқылы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/975464?lang=kk
ӘЛЕУМЕТТІК КЛИМАТТЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ 15.04.2025
Халықтың кері байланысын алу (пікір, шағым мен тілектер) құралы ретінде, қала тұрғындары тарапынан берілген ұсыныстар мен ескертулерді іске асыруға бағытталған жүйе ретінде Experience бағдарламасының QR-кодтарын ұсынамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/975462?lang=kk
✨Бүгін ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. 15.04.2025
✨Мемлекеттік мекемелер мен мекемелер қызметкерлері белгіленген орындарда қоқыстарды шығару және тазалау жұмыстарын жүргізді.✨Сенбілікке аудан тұрғындары да белсене атсалысты.✨Аймақты абаттандыруға қатысып, қолдау көрсеткен барша жерлестеріме алғыс айтамын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uspenka/press/news/details/975458?lang=kk
«Балалық шақ әлемі – үйлесімділік әлемі» қалалық педагогикалық шеберлік байқауы 15.04.2025
Өскемен қаласының білім бөлімі №17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайы КМҚК  базасында  «Балалық шақ әлемі – үйлесімділік әлемі» педагогикалық шеберлік байқауының үшінші, соңғы кезеңін өткізді.   Қазылар алқасының құрамында:  Өскемен қаласы білім бөлімінің ҚӘК әдіскері Нугумарова А. Д., педагог-психологтар  Гализина Е. А. (№17 «Ручеек» балабақшасы), Олейник А. Н. (№11 «Айгөлек» балабақшасы), Погребнякова С. В. («Шуақ» балабақшасы), Сергиенко О. А. (№70 балабақша-ясли) педагог-психологтардың, логопедтердің, дефектологтардың, педагог-ассистенттердің  және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үздік әзірлемелері атап өтілді. «Ең креативті сабақ – стандарттан тыс әдістер мен тәсілдерді қолдану», «Көрермендер көзайымы», «Интеграция», «Шығармашылық тәсіл» номинациялары бойынша  жеңімпаздар шеберлік сыныптармен , педагогикалық әдістермен, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзете-дамыта жұмыс жүргізу техникасымен бөлісті.Қатысушылар білім бөліміне алғыстарын білдіріп, өткізілген конкурстың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/975430?lang=kk
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді көрсету аспектілері 15.04.2025
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жолаушылар тасымалы жөніндегі «Солтүстік» аймақтық филиалы Қарағанды телімінің қызметкерлері арасында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі аспектілері талқыланды.Іс-шараның негізгі мақсаты-көлік қызметкерлерінің хабардар болу деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық білімді одан әрі тәжірибеде пайдалану.Семинар соңында қатысушылар арасында пікір алмасып, жадынамалар, лифлеттер таратылды. Барлық қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/975411?lang=kk
Өскемен қаласында ауқымды тазалық жұмыстары жалғасуда 15.04.2025
Өскеменде кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Көше, аула және іргелес аумақтарды тазалауға тұрғындар, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, коммуналдық қызметтер, кәсіпкерлер мен жекеменшік компаниялардың қызметкерлері атсалысты.Жалпы, шараға 2757 адам қатысты. Шығарылған қоқыс көлемі 719 текше метрден асты.Бұл жолы аулалар, саябақтар, демалыс орындары және ұйымдарға бекітілген аумақтарды тазалауға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар қураған жапырақтар мен қоқысты жинап, бұтақтарды кесіп, жиектастар мен тротуарларды тазалады. Қалдықтарды уақтылы шығару үшін техника күшейтілген режимде жұмыс істеді.Сенбіліктің жарқын оқиғаларының бірі — «Таза ойындар» экологиялық акциясының өтуі болды. Бұл — тек қалалық аумақты тазартуға ғана емес, сонымен қатар жастар мен ересектер арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған командалық сайыс.Іс-шараға 21 команда қатысты — барлығы 80 белсенді және бейжай қарамайтын қатысушы. Олар қоқыс жинаудағы жылдамдықпен қатар оны сұрыптап, саналы көзқарас танытуда да бақ сынады. Нәтижесінде 280 қап қоқыс, 186 келі ірі көлемді қалдық, 265 келі ескі шина жиналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/975409?lang=kk
Риддер қ. әкімдігінің ШЖҚ «Водоканал» КМК профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері 15.04.2025
ҚР ТЖМ ШҚО бойынша ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізді.Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі су құбыры және кәріз желілері мен құрылыстарына қызмет көрсету және жөндеу, өнеркәсіптік объектілер мен қала тұрғындарына шаруашылық ауыз суды жеткізу және сату, қаланың тұрғын аудандарынан және өнеркәсіптік объектілерден келетін шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту болып табылады.Профилактикалық бақылау барысында 3 объект (өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, химиялық зертхана және қолда бар қауіпті техникалық құрылғылар) зерттелді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 16 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: "өнеркәсіптің химия саласының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары"түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/975402?lang=kk
Авторлық материалдар негізінде вебинар 15.04.2025
Шемонаиха ауданының педагогтары 2025 жылғы 10 сәуірде облыстық педагогтердің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған авторлық материалдар негізінде тәжірибемен бөлісу мақсатында онлайн режимінде Марқакөл ауданы, Алтай ауданы және Өскемен қаласының педагогтеріне арналған вебинар өткізді.Вебинарға ауданның тоғыз мектебінен "педагог - сарапшы", "педагог - зерттеуші" біліктілік санаттары бар он тоғыз мұғалім қатысты. вебинарды ұйымдастыру келесі қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік берді: - оқу процесінде әдістемелік басылымдарды пайдалану бойынша оқытушылардың кәсібилігін арттыру;- авторлық әдістемелік жарияланымдарды пайдаланудың табысты жолдарын анықтау;- мұғалімдерді өздерінің әдістемелік басылымдарын әзірлеуге ынталандыру.Іс-шараға қатысушылар білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие процесінде Шемонаиха ауданының педагогтары әзірлеген және пайдаланатын авторлық бағдарламалар мен оқу – әдістемелік құралдармен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/975395?lang=kk
Маңғыстау облысында ең «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды 15.04.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың ұсынысымен өңірлегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты нығайту мақсатында ең «Көпэтносты отбасы» байқауы жарияланды.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы аясында ұйымдастырылатын «Көпэтносты отбасы» байқауыныңЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ереже1. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы аясында ұйымдастырылатын «Көпэтносты отбасы» байқауын (бұдан әрі — Байқау) Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып, өткізеді.2. Байқау мақсаты: Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен татулықты нығайту; Көпэтносты отбасылардың мәдениетіне, салт-дәстүріне, бірлігіне құрмет көрсету; Отбасы құндылығын дәріптеу.3. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу3.1. Байқауды Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып, жүзеге асырады.3.2. Ұйымдастыру алқасы байқаудың өткізілу шарттары мен Ережесін бекітеді.3.3. Байқауға қазылар алқасы төрелік етеді.3.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау үшін жүлде қорымен қамтамасыз етеді.4. Байқаудың өткізілу мерзімі4.1. Байқау облыс көлемінде онлайн түрде өтеді.5. Байқауға қатысушылар5.1. Маңғыстау облысының тұрғындары (көпэтносты отбасылар)5.2. Байқауға қатысу үшін, 2025 жылдың 18 сәуіріне дейін Көпэтносты отбасылар (отбасы құрамында 5 түрлі этностан кем болмауы, сонымен қатар туыстықты анықтайтын құжаттарды Ank.konkurs@mail.ru почтасына 18 сәуірге дейін жолдаулауы тиіс. Келіп түскен (фото, видео ұзақтығы 3 минут) материалдар әлеуметтік желілерде жарияланады.6. Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары6.1.Байқау бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі.6.2. Байқау форматы: ОнлайнШарттары:6.3. Отбасының құрамымен, этностарымен және тарихымен таныстыру (видео немесе фотослайд-шоу)6.4. Мәдени мұра (әр отбасы өз этносының бір салт-дәстүрін, ұлттық тағамын, биін, немесе әнін таныстырады.) (Бейнеролик, фотоколлаж немесе сахналық қойылым ретінде)6.5 Шығармашылық жұмыс (балалар немесе бүкіл отбасы бірігіп шығарма, өлең, сурет немесе қолөнер бұйымын ұсынады).7. Жеңімпаздарды анықтау7.1.Байқау бойынша барлық жинақталған материалдар(фото, видео) әлеуметтік желілерге жарияланып, қазылар алқасының шешімімен және әлеуметтік желідегі дауыс беру арқылы жеңімпаз отбасылар анықталады.8. Тәртіптік ережелер8.1.Байқауға қатысушылар қажетті материалдарды бекітілген ережеге сәйкес ұсынуға міндетті.9. Марапаттау9.1. алқасының шешіміне сәйкес, жеңімпаз отбасылар арнайы шығармашылық пен өзіндік ерекшелік, мәдениетті терең таныстыру, бірлік пен достық идеяларын жеткізу критерийлерімен анықталады және «Ең көпэтносты отбасы», «Өнерлі отбасы», «Шебер отбасы», «Көрермен көзайымы» номинацияларымен марапатталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/975381?lang=kk
Әр өрттің өзіндік ізі бар 15.04.2025
Өрт бойынша анықтау, тергеудегі күрделі және мұқият бағыттардың бірі болып табылады. Сондықтан, анықтаушы өрт жағдайындағы құрылыс құрылымдарының негіздерінен бастап және болған оқиғаның бейнесін анықтауға көмектесетін әртүрлі тергеу теорияларынан бастап арнайы білім мен дағдыларға ие болуы керек, өйткені көбінесе жалын із қалдырмай және мүмкін болатын дәлелдерді қалдырмай, өз жолындағы барлық нәрсені жояды.ШҚО ТЖД анықтау бөлімінің мамандары 2024 жылы 22 және 2025 жылдың басынан бері 6 қылмыстық іс қозғады. Олардың негізгі пайызы азаматтардың өліміне әкеп соқтырған және үлкен материалдық шығын әкелген өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзумен байланысты.Мамандарға жауап алу, оқиға орнынан дәлелдемелер жинау және терең талдау жүргізу, сондай-ақ бастамашылық жасалған өрт сөндіру, электротехникалық, сот-медициналық, тауарлық сараптамалар арқылы өрттің себептері мен оның кінәлісі туралы қорытынды жасауға болады.ШҚО ТЖД анықтаушылары атап өткендей, әр санның артында үлкен жұмыс тұр. Өрттен шыққан күл сияқты көрінетін нәрсе тәжірибелі маман үшін шешілуі керек міндет. Анықтаушы көмір мен өрт қалдықтарын қолмен тырмалайды, өртенген техниканы жинайды, өрт температурасының әсерінен материалдардың деформациясын талдайды және болған өрттің дәлелдерін табады.ШҚО ТЖД анықтаушыларының есебінде көптеген тергеулер бар. Көтерме базарды сақтау қоймаларындағы ірі өрттердің бірі және сауда орталығының өртенуі мен көптеген материалдарды "күрекпен" алып, күлден дәлелді негіз табуға тура келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/975317?lang=kk
«Таза Қазақстан» 15.04.2025
100 мыңнан астам қостанайлық «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты Қостанай облысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен өткен ауқымды республикалық экологиялық акцияға телемост форматында қосылды. Бұл бастама елдің заманауи экологиялық күн тәртібін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылуда. Тікелей қосылым барысында Мемлекет басшысы жобаның стратегиялық маңызын айқындап, оның қос бағыттылығын атап өтті — аумақтарды практикалық тұрғыда абаттандыру және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Президенттің айтуынша, елді мекендерді көгалдандыру — ұлт денсаулығына және тұрақты болашаққа бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция. Өңірдегі акцияның орталық алаңы Қостанай қаласындағы Триатлон-парк болды — бұл қалалық ортадағы тартымды нүктелердің бірі ретінде экологиялық бастаманың кең қоғамдық ауқым алуына мүмкіндік берді. Мұнда ағаш отырғызу жұмыстарына билік өкілдері, бизнес қауымдастығы, еріктілер қозғалысы және қала тұрғындары қатысты. Жұмыстарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов басқарды. Қатысушылар қатарында өнеркәсіп секторының өкілдері, соның ішінде автомобиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері болды. «Президент тапсырмасы бойынша біз өңірде тек акция өткізумен шектелмей, жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. «Таза Қазақстан» біз үшін — нақты нәтиже: таза көшелер, жаңа ағаштар, абаттандырылған аулалар. Біз Қостанай облысының тұрғындары бұл өзгерістерді күн сайын көріп, өздері де осы үдерістің бір бөлігіне айналғанын қалаймыз», — деп атап өтті өңір басшысы. Облыс тұрғындары экологиялық бастамаларды қолдап, нақты өзгерістерді атап өтуде. «Қала шынымен де таза әрі жайлы болып келеді. Жұмыс бір реттік емес, тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын көруге болады: жаңа ағаштар отырғызылып, аулалар абаттандырылуда. Біз де жасалып жатқан дүниеге ұқыпты қарауымыз керек», — деді Қостанай қаласының тұрғыны Дана Тоқжанова. Акцияның символдық әрі практикалық нәтижесі ретінде бір күннің ішінде шамамен 12 мың ағаш отырғызылды. Сонымен қатар өңір деңгейінде негізгі басымдық тек отырғызу көлеміне ғана емес, жасыл желектерге жүйелі күтім жасауды қамтамасыз етуге де беріліп отыр. Жалпы алғанда, өңірдегі экологиялық трансформация нақты нәтижелер көрсетуде. 2024–2025 жылдары салалық жобаларды іске асыруға 40,3 млрд теңге бағытталды. Осы кезеңде 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 250-ден астам балалар және спорт алаңы салынды, 600-ге жуық заңсыз қоқыс орындары жойылып, 1 250-ден астам апатты нысан бұзылды. Сонымен қатар 277 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 1,3 мың гектар аумақ тазартылып, шамамен 50 мың тонна қалдық шығарылды. Сапалы қалалық ортаның маңызды элементі ретінде қоғамдық кеңістіктерді дамытуға ерекше назар аударылуда. Бүгінде өңірде 80 осындай нысан қалыптасқан, ал 2026 жылы тағы 25 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соңғы үш жылда қосымша 94 парк пен сквер салынды, бұл тұрғындардың демалыс және бос уақыт инфрақұрылымын едәуір кеңейтті. Кешенді жаңғырту тұрғын үй қорын да қамтыды. Облыста 180 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбеті жөнделді. Алдағы жоспарларда тағы 77 мың көшет отырғызу, 63 тұрғын үйдің шатыры мен қасбетін жөндеу, 31 жаңа балалар және спорт алаңын орнату, сондай-ақ ескі тұрғын үйлерді бұзу жұмыстарын жалғастыру көзделген. Халық пен бизнестің жоғары белсенділігі қалыптасып келе жатқан экологиялық мәдениеттің тұрақтылығын көрсетеді: санитарлық іс-шараларға 105 мыңнан астам адам және шамамен 1,9 мың кәсіпорын қатысты. Осылайша, Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жекелеген акциялар шеңберінен шығып, аумақты дамытудың жүйелі тәсіліне айналуда. Бұл тек экологиялық өзгерістер ғана емес, сонымен қатар қалалық ортаны жаңғырту, өмір сапасын арттыру және өңірдің ұзақ мерзімді инвестициялық тартымдылығын нығайтуға бағытталған кешенді үрдіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1209042?lang=kk
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы 15.04.2025
Қалалық мәслихат депутаттары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілікке қатысып, саябақ пен гүлзарларды күл-қоқыстан тазартуға және аумақтарды абаттандыруға үлес қосты.⠀«Таза Қазақстан» акциясы азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қалалар мен ауылдардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында бүкіл ел бойынша өткізіледі.⠀Биыл сенбілікке тек билік өкілдері ғана емес, белсенділер, оқушылар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар да қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/975287?lang=kk
Заңсыз МҚҰ ұйымдастырушыларының 32 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды 15.04.2025
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Прокуратураның үйлестіруімен «Creditum» МҚҰ, «Sofi Finance» МҚҰ, «Hava Finance» МҚҰ, «SF Offline» МҚҰ, «POS Credit» МҚҰ, «Сәлем Кредит» МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда.Бұған дейін хабарланғандай, аталған МҚҰ-дардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шекті, оларға келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңгені құрайды. Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған.Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған.Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған.Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды.МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды.Тергеу жалғасуда. ҚР ҚМА баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/975261?lang=kk