Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

2017 ЖЫЛЫ 600 МЫҢНАН АСТАМ ТРАНЗИТТІК ӘУЕ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ 15.04.2025
Соңғы 8 жылда қазақстандық әуе компаниялардың транзиттік жолаушылар саны 30 есеге артып, жылына 20 мыңнан 620 мың жолаушыға дейін өсті. Қазақстан арқылы өтетін негізгі транзиттік жолаушылар ағыны Қытайдан Еуропаға, Түркияға, Ресей мен Украинаға, Еуропа мен Оңтүстік Корея арасына, Украинадан Өзбекстан мен Үндістанға, және Түркия мен Өзбекстан бағыттарында байқалады»,-деп атап өтті азаматтық авиацияны дамыту мәселелеріне арналған Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.2017 жылы қазақстандық әуе компаниялар 620 мың транзиттік әуе жолаушыларын тасымалдады. 2018 жылы 900 мың транзиттік жолаушы тасымалданады, деп күтілуде.«Биыл қазақстандық әуе компаниялармен Астана-Тюмень, Астана - Краснодар, Астанадан Вильнюс,Томск,Челябинск, Сочи, Батуми, Душанбе қалаларына тұрақты рейстер ашу жоспарланып отыр. Ал, шетел әуе компанияларымен (Air Baltic, Emirates, Fly Dubai, Ангара, Аэрофлот) Рига – Алматы, Дубаи – Алматы, Дубаи – Актау, Красноярск – Алматы, Мәскеу – Кызылорда бағыттары бойынша тұрақты рейстер ашылмақ»,-деді министр.Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде Үкіметтің қаулысымен 2017 жылдың 7 маусымынан бастап пилоттық режимде қазақстандық әуе компанияларымен Астана және Алматы әуежайлары арқылы транзитпен өтетін ҚХР азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілген болатын.  Жақында ол 2018 жылдың аяғына дейін ұзартылды.Транзиттік әлеуетті одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, Үндістанның және басқа елдердің транзиттік азаматтарына арналған балама режим туралы мәселе қарастырылуда.Жеңіс Қасымбектің айтуы бойынша, географиялық орналасуының арқасында Қазақстан транзиттік ұшып өту үшін тартымды болып тұр.  Қазақстан территориясында ұзақтығы 84 166 шақырым болатын 92 әуе жолы бар. Одан тәулігіне 700 әуе кемесі ұшып өтеді.Транзиттік тасымалдаулардың 80%-ы Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны жалғайтын 12 негізгі бағыт бойынша еліміздің территориясы арқылы өтеді.2017 жылы 301,3 млн. ұшақ-шақырым орындалып,  өсім 5,9%-ды құрады. 2017 жылы транзиттік әуе ұшулар 175,2 миллионға жуық ұшақ шақырымды құрап, 2016 жылдың көрсеткішінен 4%-ға артқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25952?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА БІРҚАТАР БАҒЫТ БОЙЫНША ТЕМІРЖОЛ БИЛЕТТЕРІН 25% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ 15.04.2025
Соған сәйкес, сатып алған күніне және пойыздардың жүктемесіне байланысты билет бағасының өзгеруін қарастыратын динамикалық тарифтік бағаны белгілеу енгізілді. Бірінші кезеңде динамикалық бағаны белгілеу пилоттық режимі екі облысаралық және қала маңына қатынайтын бағыттарға енгізілді. Олар Алматы –Астана – Нұрлы жол №3/4, Астана 1- Сарыағаш №085/086 бағыттары. Ал, 8 наурыздан бастап Астана-Қарағанды №853/854 бағытына енгізілмек. Кейін жаңа тәртіп  әлеуметтік маңызы бар барлық қатынастар бойынша жүретін пойыздарды қамтитын болады.   Аталған пойыздарда «-25%» және  «+25%» дәлізінде динамикалық баға белгілеуді қамтитын тарифтік бағалар кестесі енгізілді. Осылайша, билетті ертерек сатып алатын  жолаушының оны базалық бағадан төрт есе төмен бағада сатып алу мүмкіндігі бар. Пойыздың жүретін күні жақындағанда және белгілі бір бағытқа сұраныс артқан кезде билет құны өсетін болады. Жоғарыда көрсетілген пойыздарға билеттерді 2018 жылдың 23 қаңтарынан бастап сатып алуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25947?lang=kk
2017 ЖЫЛЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 778 КМ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІ САЛЫНЫП ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ 15.04.2025
Шараға ҚР инвестиция және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарушы директоры Руслан Кулов және  ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы Әзімбек Нәлібаев қатысты.Шара барысында Мархабат Жайымбетов 2015-2018 жылдар аралығында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 695 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту желісі, 21 қазандық, 70 сорғы станциясы, кәріз жүйесі мен су тазарту қондырғылары және басқа да нысандар салынғанын айтты.Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы желінің тозуы 63% -дан 60% -ға дейін төмендеді. Ал биыл бұл көрсеткішті тағы да 3-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Себебі, 2018 жылы 800 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту инженерлік желісі салынбақ. «2017 жылы бөлінген 48 млрд. теңгеге 103 инвестициялық жоба іріктелді. Енді 1185 шақырым желі мен 5 қазандық салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда табиғи монополиялар субъектілері игерген қаржының сомасы 36,1 млрд. теңгені немесе жалпы соманың 77% -ын құрайды. Қалған қаражат 2018 жылдың аяғына дейін толық игеріледі (несие механизміне сәйкес уақыт - 2 жыл) », - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бюджеттік кредиттеу мәселелері бойынша сенім білдірілген өкілі және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында субсидиялау мәселелері бойынша оператор ретінде бағдарламаға қатысатын жобаларды іріктеумен айналысады.Осылайша, 2017 жылы 35,7 млрд.теңге сомасындағы 72 жоба қаржыландырылды. 2018 жылы бөлінген 33,4 млрд.теңгеге 49 жоба іріктелді, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша 27 жоба, сумен жабдықтау бойынша 15 жоба және су бұру бойынша 7 жоба іріктелді. Шамамен 250,6 км жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін, оның ішінде 156,2 км сумен жабдықтау желілері, 69,1 км су бұру желілері бойынша салу және реконструкциялау жоспарланып отыр», - деп хабарлады «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарушы директоры Руслан Кулов. Сонымен бірге, субсидиялар бойынша оператор ретінде ТКШ ҚазОрталығы 2017 жылы 4,4 млрд.теңге сомасына 8 инвестициялық жобаны қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 28,8 км желі салынды және реконструкцияланды, оның ішінде: жылумен жабдықтау желілері 16,2 км, сумен жабдықтау желілері 12,6 км, 1 КОС кеңейтуге арналған жер жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы алдын ала жасалған тізім бойынша 3,5 млрд.теңге сомасына 9 жоба іріктелді. 28,4 км жылу желілерін, 12 блоктық жылу бекеттерін салу және реконструкциялау жоспарланып отыр.ҚазОрталығы биыл инвестжобаларды бюджеттік кредиттеу және субсидиялау бойынша, сонымен бірге жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау мен жаңғырту бойынша жобаларды субидиялауға  екінші деңгейлі банктерді тарту жұмыстарын жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25945?lang=kk
ПОЛЬШАЛЫҚ ИНВЕСТОР «ХИМФАРМҒА» ҚОСЫМША 37 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫН САЛАДЫ 15.04.2025
Қазіргі таңда Қазақстанда «Индустрия 4.0» элементтерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өндірісте цифрлық технологияларды енгізу қазақстандық кәсіпорындардың табысты факторларының бірі болады және өндірістік үдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.«SANTO» компаниясы, «Польфарма» (Польша) халықаралық фармацевтикалық тобының бір бөлігі бола отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында «Химфарм» АҚ қолданыстағы фармацевтикалық өндірісін cGMP (ағылш. GoodManufacturingPractice;Тиісті өндірістік практика) халықаралық стандарттарына сәйкес жаңғырту бойынша саладағы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырады.2018-2022 жылдар аралығында «Химфарм» АҚ дәрі-дәрмек өндірісі бойынша ірі қазақстандық зауытты жаңғыртудың төртінші кезеңі шеңберінде жаңа зертхананың құрылысы салынатын, инфрақұрылымы жаңғыртылатын, логистикалық объектілері модернизацияланатын, зерттеулер мен әзірлемелерге арналған жабдықтар жаңғыртылатын болады. Ал, 2018 жылдың наурыз айында зарарсыздандырылмаған ерітінділердің жаңа учаскесі іске қосылатын болады.Айтарлықтай қаржы құралдарын негізгі және қосалқы өндірістік үдерістерді автоматтандыруға, диджиталдандыруға жұмсау жоспарлануда: кадрлық іс жүргізудегі инновациялық ІТ-шешім – «Бұлтты HR»; өндірістік алаңдардағы қоймаларды басқарудың «ақылды» жүйесі, қызмет көрсету, жөндеу бойынша регламенттік жұмыстарды жоспарлауды және есепке алуды автоматтандыру жүйесі; адами және материалдық ресурстарды жоспарлау; өндірістегі сапаны қамтамасыз етуді автоматтандыру және басқару және басқалары.Польшалық инвесторлар 2018-2022 жылдарға есептелінген «Химфарм» АҚ төртінші технологиялық модернизациясына шамамен 37 млн. АҚШ долларын  салуды жоспарлап отыр.««Іс жүзінде қазір Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ зауытында барлық негізгі өндірістердің және қосымша логистикалық алаңдардың құрылысын салу және модернизациялау аяқталған. Енді инвестициялық бағдарлама өндірістік және қосымша үдерістерді автоматтандыруға және диджиталдандыру саласындағы жаңа жобаларға, сонымен қатар сапаны бақылау және басқару жүйесі саласындағы жобаларға бағытталатын болады.2009 жылдан бастап Қазақстанда отандық өндірушілермен денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктеріне арналған дәрі-дәрмек құралдарын бірегей дистрибьютор арқылы жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісім-шарт жүйесі жұмыс істейді. Тек, «Химфарм» Ақ өзінде қазіргі таңда 5 қол қойылған келісім-шарт бар. Оларға сәйкес, бізде Қазақстан Республикасының емдеу мекемелеріне арналған кепілдендірілген жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Ұзақ мерзімді келісім-шарттар инвесторларға келісім-шартталған сатылымдар мөлшерін алуға мүмкіндік береді. Бұл заманауи және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өндірістерді құруға ынталандырады. Инвесторлар сонымен қатар, Инвестициялар және даму министрлігінен инвестициялық келісім-шарттар есебінен преференциялар ала алады, отандық өнім берушілердің Қазақстанның Даму банкінен жеңілдікпен несие алу мүмкіндіктері бар. Қазақстанда отандық өндірушілер мен инвесторларды қолдаудың әртүрлі құралдары мен механизмдері әзірленген. «Химфарм» АҚ аталмыш құралдарды мүмкіндігінше тиімді пайдаланады», - деді «Химфарм» АҚ зауытының директоры Рустам Байгарин.Қазіргі таңда кәсіпорында 1200-ден астам білікті қызметкер еңбек етеді. Олардың бір бөлігі «Польфарма» тобының шетелдік кәсіпорындарында және фармацевтикалық сала бойынша әлемдік көшбасшысы елдерде (жабдықтарды өндірушілер) оқып келді. Компания 12 фармакологиялық топтарға жататын 115 препаратты тіркеуден өткізген. Осылайша, парентералды үлгідегі (инъекциялар және инфузиялар), қатты үлгідегі (таблеткалар, капсулалар, саше ұнтақтары), антибиотиктердің асептикалық ұнтақтары, зарарсыздандырылмаған ерітінділер және сироптар өнімдері шығарылады.«Біз «Polpharmagroup» өндіріске инновациялық технологияларды енгізе отырып, өзінің қазақстандық фармацевтикалық нарықтағы ауқымын кеңейтіп отырғанына қуаныштымыз. Бұл республикадағы ең ежелгі фармацевтикалық кәсіпорын болып табылатын, «Химфарм» АҚ модернизациялаудың төртінші толқыны.  Өндірісте «Индустрии 4.0» элементтері енгізіледі. Қосалқы реинвестициялардың арқасында Отүстік Қазақстан облысында жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», - деді «KazakhInvest» АҚ ОҚО бойынша аймақтық директоры Даулетқожа Мамыров.Анықтама үшін: POLPHARMAGroupкомпаниялар тобы Польшаның фармацевтикалық нарығының көшбасшысы болып табылады. 6 өндірістік зауыттары, 6 ғылыми орталығы, 7300 астам қызметкерлері бар. Әлемдегі 20 жетекші генерикалық препараттарды өндірушілердің бірі болып табылады. Сатылымдар көлемі жылына 1 млрд. АҚШ долларынан астам. Компанияның портфелін – 600 астам препарат құрайды, әзірлеу кезеңінде 230 астам препарат бар.Елбасының тапсырмасын орындау шеңберінде «KazakhInvest»Дүниежүзілік Банкпен бірлесе отырып, 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны әзірледі. Жұмыстар үш бағыт бойынша жүргізілетін болады: тиімді операциялық шараларды жүзеге асыру және инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу;  жекешелендіру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік. Ұлттық стратегияда шетелдік инвестицияларды тартуға арналған басымдықты салалар (АӨК, машина құрастыру, химия және мұнай химиясы, инфрақұрылым, тау-кен металлургиялық кешені, сауда) және үлестеріне әлемдегі инвестициялардың 80 % тиесілі 11 басымдықты ел  (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ) анықталған. 2022 жылға қарай, ТШИ жалпы ағыны 1,26 есеге артады; 2022 жылы жалпы ТШИ көлемінің ЖІӨ арақатынасы 19% дейін ұлғаяды; тиімділікті арттыруға бағытталған ТШИ 1,5 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 1,46 есеге ұлғаяды; экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған сыртқы инвестициялар көлемі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25873?lang=kk
ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ KAUKO INTERNATIONAL ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСАДЫ 15.04.2025
Тараптар Қазақстанның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенінің (ИТК) энергия тиімділігін арттыру және ресурстарды үнемдеу технологияларын ілгерілету мәселелерін талқылады және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Меморандумға сәйкес, компания бірнеше бағыттар бойынша өзара әрекеттеседі және ИТК секторындағы цифрлық технологияларды енгізу жобаларына жинақталады. Оның ішінде, Интернет заттары мен телекоммуникациялық индустрия және PISARA саласында алдыңғы қатардағы жаңашыл, инновациялық шешімдерді және инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешеніне арналған технологияларды жеткізіп берушісі болып табылатын UROS фин компаниясымен ынтымақтасу жоспарланып отыр. Компания өз мүмкіндіктері пайдалана отырып, су ресурстарын басқарудың цифрландыру тұжырымдамасын әзірледі. «SMART-технологияларды трансферттеу және су ресурстарын басқарудағы Интернет заттардың болашағы маңызды болып табылады. Бұл SMART жүйесін су циклдеріне, орталықтандырылған жылыту жүйелеріндегі шығындарды цифрландыру және онлайн режимінде мониторингілеу, қалалар мен ауылдарда құйылатын судың сапасы мен деңгейін қадағалау үшін интернетті орнату. Мұндай ресурстарды басқару жүйесі басқа секторларда, оның ішінде жылу, қуат және қалдықтарды басқару саласында сәтті қолданылған », - деді UROS компаниясының Басқармасы Төрағасы Юрки Халликайнен.Өз кезегінде, ТКШ ҚазОрталығы компания мамандарының әзірлеген инфрақұрылымды-тұрғын үй кешеніндегі «цифрлық экономика» құралдарын енгізу арқылы E-SHANYRAQ зияткерлік ақпараттық жүйесін құру тұжырымдамасымен таныстырды. Жүйе саланың ашықтығын және ИТК субъектілерінің толық қамтуды қамтамасыз етеді. Финляндиядан келген мамандар аталған жобаны жоғары деңгейде бағалады және Қазақстан үшін оны іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі үлкен маңызға ие болады.«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Джиенбаев финдік компаниямен ынтымақтасу екі тарапқа да ұзақмерзімді пайда әкелетініне нық сенім білдірді.«Қазіргі кезде, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бірнеше жаңа жобалармен, оның ішінде ИТК цифрландыру бойынша жұмыс істей бастады. Финляндияның цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерін енгізу тәжірибесінің көптігі мен сәттілігін ескере отырып, саланы жаңғырту және дамытуда бірлесіп жемісті жұмыс атқаруда тығыз ынтымақтастық орнатамыз деген сенімдеміз», -  деді Басқарма Төрағасы.  Еске сала кетейік, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның инфрақұрылымы мен тұрғын үй кешені секторындағы инновацияларды енгізудің оңтайлы нұсқаларын табу үшін белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Компания мамандары Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттік емес инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мақсатында шетелдік және халықаралық қаржы ұйымдарымен кездесулер өткізеді, ең озық және тиімді технологияларды талдайды.Анықтама үшін:«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.«Kauko International»Халықаралық компаниясы(Финляндия) өнеркәсіп, энергетика, инновациялар, «жасыл» мехнологиялар салаларындағы жобаларды орындауға мамандандырылған. Компания 100 аса алдыңғы қатарлы еуропалық өндірушілерді ұсынады, іске асырылған және іске асырылмаған қомақты жобалары бар. Қосымша ақпарат үшін компанияның баспасөз қызметіне мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7-7172-999449 (ішкі 1229) (Кәрібжанова Алтынай), email a.karibzhanova@zhkh.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25871?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ГРЕКИЯ ҮШІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ СЕРІКТЕС 15.04.2025
Форум аясында FREZYDERMS.A. (фармацевтикалық өнімдер өндіру), «R&Dкосметикадепартаменті» (FREZYDERM), VIOHALCO S.A. (Еуропада металл өңдеуші компаниялардың жетекші холдингілік тобы), Upstream (нарықта сауданы жылдамдататын ықшам коммерция платформасы), PHARMEX S.A. (түрлі зерттеулер өткізеді және инновациялық өнімдерді әзірлеу бағыты бойынша жұмыс істейді), VK Premium (жеке және мемлекеттік секторларда консультациялық қызметтер көрсетеді), ADELCO S.A. (ірі грекиялық фармацевтикалық компания), METKA (EPC (Engineering-Procurement-Construction) ірі көлемді жобалар құрылысы, SABO SΑ (кірпіш–жабынқыш өнеркәсібі) сияқты компаниялармен екіжақты кездесулер өтті.Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов іс-шараның негізгі міндеттері мен мақсаттарына тоқталды.«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында көрсетілген экономиканың барлық саласына жаңа технологияларды енгізу және цифрландыру, бірінші кезекте еңбек өнімділігі жоғары машинажасау, химия, мұнай-химия, мұнай өңдеу, мұнай-газ, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі сияқты салаларға жаңа технологияларды енгізуге қатысты айтылған мәселелерді атап өткім келеді»,-деді ҚР ИДМ вице-министрі.Форум барысында қатысушыларға Қазақстан мен Грекияның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен олардың даму перспективалары талқыланды.Анықтамалық:2017 жылы елдер арасында сыртқы сауда айналысы 2016 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда10%-ға ұлғайып 980 млн. АҚШ долл. құрады.Қазақстанға Грекиядан импорт 25,0% артып, 16,5 млн. АҚШ долл. құрады (2016 жыл - 13 млн. АҚШ долл.).Импорттың негізгі тауарлары:дәрілік құралдар 5,3 млн.АҚШ долл. (34,8%), темекі 1 млн. АҚШ долл.(6,6%), алюминий жұқалтыр 1 млн. АҚШ долл. (6,4%), киімзаттары 0,9 млн. АҚШ долл. (6,1%), жекетазалыққұралдары 0,8 млн.АҚШ долл. (5,1%) джем, пасталар 0,7 млн. АҚШ долл. (4,4%), мыс құбырлар0,6 млн. АҚШ долл. (3,8%), жаңаауланғаннемесесалқындатылғанбалық 0,5 млн. АҚШ долл. (3,4%), пластикыдысаяқ 0,5 млн. АҚШ долл. (3,1%), лифттер мен скиптікөтергіштер 0,4 млн. АҚШдолл. (2,6%), киви 0,3 млн. АҚШ долл. (2,1%) жәнебасқалары.Қазақстанның Грекияға экспорты 963,5 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2016 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда алюминий жеткізудің артуы есебінен 10% артық болды (871 млн. АҚШ долл.).Экспорттың 80%-ын мұнай алады, бұл тағам мен ауыр өнеркәсіпті қоса басқа салаларда өзара сауданың іске асырылмаған үлкен әлеуетін көрсетеді.Экспорттынң негізгі тауралары:шикі мұнай 712,6 млн. АҚШ долл. (81,8%), алюминий 111,6 млн. АҚШдолл. (12,8%), буксирлер мен итергіш кемелер (уақытша әкету/әкелу) 29 млн. АҚШ долл.(3,3%), қалқыма маяктар (уақытша әкету/әкелу) 15,9 млн. АҚШ долл. (1,8%), іштен жану қозғалтқыштары 1,1 млн. АҚШ долл. (0,1%) және т.с.с.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25863?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫН ҚАРАДЫ 15.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек техникалық реттеу және стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау, сондай-ақ, мемлекеттік бақылау саласындағы бағыттардан тұратын қазіргі заманғы сапа инфрақұрылымы жүйесін таныстырды.Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жұмысы 2 кезеңнен тұрады. 2018 жылы министрлік стандарттау, метрология, аккредиттеу жүйесін жетілдіруді жоспарлап отыр.Екінші кезең ретінде 2018-2020 жылдары мемлекеттік бақылау және сәйкестікті бағалау саласын жетілдіру қарастырылады.«Стандарттау жүйесін жетілдіру мақсатында «Стандарттау туралы» жаңа заң әзірленді. Аталмыш Заң аясында стандарттау жөніндегі ұлттық орган - автоматтандырылған жүйелер арқылы жұмыс істейтін стандарттау процестерінің бірыңғай операторы айқындалады. Жаңа тәсілдегі орталық рөл стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге - «мемлекет-бизнес-тұтынушы» қағидаты бойынша ұлттық стандарттарды талқылау үшін диалогтық алаңдарға беріледі»,-деді Жеңіс Қасымбек.Министр сондай-ақ, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға түзетулер енгізу арқылы метрология саласында стандарттарды және өлшеу құралдарын калибрлеуді, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жаңа тәсілдерді енгізуді тексеруден өткізу қарастырылатынын хабарлады.2018 жылы бірыңғай нарықтық қадағалау жүйесін құру үшін «Техникалық реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы дайындалады.Бұдан бөлек, Жеңіс Қасымбек Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеудің өзара байланысты элементтерінің құрылымдық жүйесі туралы айтты. Онда барлық өнімнің 85% -ын реттейтін Одақтың 46 техникалық регламентінде бірыңғай міндетті талаптар белгіленген.Еске сала кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті ЕАЭО сәйкестігін растау жөніндегі құжаттардың Бірыңғай тізілімін ұлттық шлюз арқылы қалыптастыру үшін ЕуразЭО-пен ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.  Сондай-ақ министр техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды сақтау үшін өнімдерді мемлекеттік бақылау мәселесінің өзекті екенін атап өтті.Фото мұрағаттан алындыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25861?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН АШЫҚ ТЕҢІЗДЕГІ КЕМЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН КҮШЕЙТЕДІ 15.04.2025
Хаттама террористік деп танылатын әрекеттердің тізімін кеңейтеді. Сондай-ақ, құжат террористік акт жасау мақсатында материалдарды, террористерді тасымалдау үшін кемені пайдалану қылмыс деп танылатынын хабарлайды.Хаттама террорлық акт жасағаны үшін жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде елдерді шара қабылдауға шақырады.Хаттаманың ережелеріне сәйкес, әрбір тарап басқа мемлекеттердің суларында жүрген кезінде террористік актіні болдырмауға бағытталған көмекке сенім арталады.Бұл тармақ Қара теңіз бен Жерорта теңізінде жұмысты белсенді түрде бастап кеткен қазақстандық кемелер үшін аса өзекті.Бүгінгі таңда бұл құжатқа 40-тан астам мемлекет қосылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25849?lang=kk
ҚЫТАЙДА ТРАНСКАСПИЙ САУДА-ТРАНЗИТТІК ДӘЛІЗІНІҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Сондай-ақ Конференцияда Әзірбайжан, Грузия, Түркия өкілдері және ҚХР Сауда министрлігінің өкілдері баяндама жасады.Конференцияның мақсаты Транскаспий дәлізінің перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылау. Конференция барысында интеграцияланған аймақтық транзиттік-логистикалық инфрақұрылымның мәселелері, сондай-ақ бағыт бойындағы елдермен бірлескен шешімдерді талап ететін мәселелер көтерілді.Бұл сұхбат алаңы еуразиялық континент елдерінің мүдделерін жақындатуға және достық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ мультимодальды тасымалды дамыту үшін өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастырудың оңтайлы жолдарын іздестіруге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25847?lang=kk
ХАЛЫҚТЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН БИЫЛ 67,9 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ 15.04.2025
Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.Кездесу барысында Мархабат Жайымбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік жоспарланған көрсеткіштен асып, қалаларда 93,8% (белгіленген жоспар 90%), ауылдарда 57,4%-ды (белгіленген жоспар 55% болатын) құрағанын айтты.Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының 80,7% -ы орталықтандырылған сумен жабдықталған (7,7 млн. адамның 6,2 млн. адамы). Бұл көрсеткіш су тарту жұмыстары ең алдымен халық саны көп елді мекендерде жүргізілетіндігін көрсетеді.«2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша диспропорцияны азайту мақсатында қаржыландыру көлемі 21,7% -ға артып, 67,9 млрд. теңгені (193 жоба) құрады. Қаржыландыру көбінесе қолжетімділігі төмен өңірлерге бағытталған. Биыл қалалық жерлерді сумен қамтамасыз ету және су тарту жұмыстарына 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Бұл сомаға 40 жоба іске асырылатын болады. Ал, ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту үшін 45,2 млрд. теңгенің 153 жобасы жүзеге асрылады.Бұл жұмыстардың нәтижелері бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті елді мекендерде 59%-ға дейін, ал қалаларда 94%-ға дейін арттыру көзделіп отыр», - деді комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25812?lang=kk
2017 ЖЫЛЫ ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІ 1 МЛРД. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРДІ 15.04.2025
Яғни, автомобильмен 3,3 млрд. тонна жүк, теміржолмен  – 272,1 млн. тонна, су көлігімен – 4,2 млн. тонна жүк тасымалданды.Сонымен қатар, транзитті тасымал 20%-ға немесе 3,7 млн. тоннаға өсті. Жалпы транзит көлемі 18,1 млн. тонна деңгейінде қалыптасты, соның ішінде автомобиль көлігімен – 2,1 млн. тонна, теміржол көлігімен – 16 млн. тонна, су көлігімен – 1 тоннаға дейін жүк тасымалданған. Осылайша, тасымал көлемі бойынша жоспарланған барлық көрсеткіштер орындалды. Көлік комитетінің аумақтық органдарының жұмыс қорытындылары бойынша 193 мыңнан астам ауыр жүк көлігі (2016 жылмен салыстырғанда 9 %-ға артық); 15 мыңнан астам теміржол жылжымалы құрамы (2016 жылдың көрсеткішінен 3 есе артық); 875 жолаушылар пойызы (былтырғы көрсеткіштен 3,5 есе артық) тексерілді. Анықталған заң бұзушылықтар саны 2016 жылмен салыстырғанда 28%-ға өскен (92 254 және 127 252 сәйкесінше). Салынған айыппұл сомасы 1,009 млрд. теңгені құрады. Яғни, бір жылда 4%-ға өскен.Алқа отырысында ауыр салмақты автомобиль құралдарының жүріп-өтуіне бақылауды күшейту қажеттілігіне мән берілді. Осы мақсатта 2018 жылы көлік мәселелері жөнінде заң қабылдау жоспарланған. Бұл заң аясында автокөлік құралдарын тоқтатудың нақты себебін көрсететін автоматтандырылған бақылау енгізіледі. Сонымен бірге, автомобильдің салмақ параметрлерін арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын (ААӨҚ) кеңінен пайдалану бойынша жұмыстар жалғасады. Аталмыш жүйелердің 2013-2014 жылдардағы жұмысын ескере отырып, ААӨҚ тек қайта өлшеу бақылау тұрғысында қолданылады. Жалпы жыл соңына дейін іске қосылған ААӨҚ санын 20-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.2017 жылы халықаралық тасымалдар нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі алғашқы рет 52%-ға өсті. Бұл көрсеткішке жету үшін көлікті бақылау органдары келесі шараларды өткізді: тексерілген шетел автокөлік құралдарының саны 7,3%-ға, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасынан келген хабарламаларды 95%-ға жабу  және 2016 жылмен салыстырғанда қазақстандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат құжаттарын беру көлемі 12,8 %-ға ұлғайту. Биыл көлік саласындағы бизнес-процесстерді оңтайландырып,  қызмет көрсету мерзімі мен жеке рұқсаттамаларды электронды форматқа көшіру арқылы мемлекеттік қызметтер санын 35-тен 14-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр.Теміржол саласында түбегейлі жүйелі шаралар қабылдау қажет. Мысалы, тасымалдау үрдісіне қатысушылардың жауапкершілігін белгілейтін, олардың өзара қарым-қатынасын реттейтін, жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын енгізетін теміржол көлігі туралы жаңа Заң дайндалуда.Биыл су көлігіндегі бақылауды оңтайландыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, заңнамаға тұзетулерді енгізу арқылы шағын көлемді кемелерге жүргізілетін  техникалық бақылау алынып тасталады және оларды тексеру тәртібі реттеледі, теңіз кемелерін тексеру мерзімі белгіленеді. Яғни, енді жарты жылда бір рет тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға бақылау жүргізу функциясы жойылады. Күн тәртібінде жеке Комитет пен оның аумақтық органдарының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселесі белгіленді. Комитет 2017 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Нәтижелерін ескере отырып, автомобиль көлігі саласында халықаралық тасымалдаушылар көлік құралдарының жүруіне алдын-ала онлайн тіркеу жасауды  енгізу жоспарланып отыр; жүріп келе жатқан көлік кұралдарына автоматтандырылған өлшеу жүйелерін орнату; автокөлік құралын тоқтату негіздемесі туралы заңнамалық түзетулер қабылдау, қағаз рұқсаттамаларын алып тастау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25808?lang=kk
Қала әкімі қалалық металды өңдеу цехын аралады. 15.04.2025
Қаламызда қатты тұрмыстық қалдықтар жиналатын орындарды біркелкі әрі жабық үлгіге келтіру жоспарда бар. Бұл — қала келбеті мен санитариялық жағдайды жақсартудың маңызды бөлігі.Осы бағытта жергілікті кәсіпкерлерді қолдау – басты назарда. Қала әкімі металл өңдеумен айналысатын жергілікті цехқа барып, олардың дайындаған бұйымдарымен таныстым.Контейнерлік алаңдарды орнату жұмыстарын биыл толық аяқтауды көздеп отырмыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975542?lang=kk
Қала әкімі қаланың аумағын аралап, аулаларды ішінара абаттандыруды жоспарлау мақсатында тексеріс жүргізді. 15.04.2025
Қала әкімі аумағын аралап, аулаларды ішінара абаттандыруды жоспарлау мақсатында жағдаймен таныстым.Тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадым. Аулаларды жайлы әрі қауіпсіз ету үшін бірқатар ойлармен бөлістік. Халықтың пікірі — басты бағдар.Алдағы уақытта тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, аулаларды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975539?lang=kk
Ұлттық қор -балаларға бағдарламасы аясында БЖЗҚ 9 миллионнан аса АҚШ долларын аударды 15.04.2025
Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында БЖЗҚ 9 миллионнан аса АҚШ долларын аударды2025 жылдың 1 сәуіріне дейін «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында «БЖЗҚ» АҚ 83 937 өтінішті орындап, жалпы сомасы 9,30 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны уәкілетті операторлар арқылы өтініш берушілердің банктік шоттарына аударды.📌 Қаражат қайда бағытталды?🏠 Тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 5,37 миллион доллар (48 626 өтініш):▪️ 5,24 миллион доллар – тұрғын үй құрылыс жинақтарын толықтыруға (47 358 өтініш).▪️ 42,48 мың доллар – ипотекалық несиенің бастапқы жарнасы ретінде (398 өтініш).▪️ 35,71 мың доллар – азаматтық-құқықтық мәмілелермен тұрғын үй сатып алуға (345 өтініш).🎓 Білім алу үшін – 3,93 миллион доллар (35 311 өтініш):▪️ 3,42 миллион доллар – Қазақстандағы оқу ақысын төлеуге (30 521 өтініш).▪️ 383,6 мың доллар – білім беру жинақ шотын толықтыруға (3 616 өтініш).▪️ 106,04 мың доллар – шетелде оқу ақысын төлеуге (1 015 өтініш).💡 Еске сала кетейік, биыл еліміздің барлық балаларына Ұлттық қордан екінші рет қаражат есептелді. Жиналған қаражатты толық немесе ішінара пайдалануға болады, ал пайдаланылмаған сома мақсатты жинақ шотында (МЖШ) қалады.📲 Кәмілет жасына толған балалар өздерінің МЖШ шотын БЖЗҚ сайтында жеке кабинетке немесе eGov ұялы қосымшасына кіріп, тексере алады, содан кейін операторға онлайн өтініш бере алады.📌 Бағдарлама туралы толық ақпарат kids.enpf.kz сайтында.📺 Видео нұсқаулықты БЖЗҚ YouTube арнасынан көре аласызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-marinov/press/news/details/975537?lang=kk
Қала әкімі ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткіштің жөндеу жұмыстарын тексерді 15.04.2025
Әкім Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын тексердім. Батырларымыздың ерлігі — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.Тиісті қызметтер мен мердігер ұйымға жұмысты жеделдетіп, сапа талаптарын қатаң сақтауды тапсырдым. Жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтаймыз. Бақылау — жеке қадағалауымда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975535?lang=kk
Қала әкімі спорт кешенінің құрылысы барысын тексерді 15.04.2025
Қазақстан халқына қорының қаржысына қаламызда салынып жатқан жабық спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Әкім нысан басына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстым.Құрылыс барысын мұқият қарап шықтым. Сапаға қатысты бірқатар ескертулер жасалды. Бұл — болашақта тұрғындар игілігіне қызмет ететін маңызды әлеуметтік нысан. Сондықтан әрбір деталь назарда.Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975532?lang=kk
Қазақстанның зейнетақы жүйесі үздіктер қатарында 15.04.2025
Қазақстанның зейнетақы жүйесі қаншалықты тұрақты?Жуырда Allianz компаниясы жаңартылған жаһандық зейнетақы есебін жариялады, онда Қазақстан 71 елдің ішінде 26-орынға ие болып, 2023 жылмен салыстырғанда өз позициясын айтарлықтай жақсартты (75 елдің ішінде 34-орын болған). Қазақстан Австрия, Сингапур, Гонконг, Қытай, Испания, Чили сынды елдерді басып озды. Allianz рейтингі кешендегі жүйелерін үш қосалқы индекс бойынша бағалайды. Қазақстанның жалпы көрсеткіші 3,6 балды құрады (1-ден 7-ге дейінгі шкала бойынша, мұнда 1 – ең жақсы нәтиже). Көрсеткіштердің бірі – зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы.Бұл нені білдіреді? Бұл – елдің зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді перспективада тиімді және үздіксіз жұмыс істеу қабілеті.Тұрақтылықтың маңызды аспектілері:1. Қаржылық тұрақтылық: болашақта зейнетақы төлеуге жеткілікті қаражаттың болуы.2. Жинақтау тетіктерінің сенімділігі: азаматтардың шоттарындағы қаражат инфляцияны ескере отырып өсуі үшін зейнетақы қорларын тиімді басқару.3. Демографиялық өзгерістерге бейімделу: жүйенің жарналарды төлейтін жұмыс істейтін азаматтар саны мен төлемдер алатын зейнеткерлер саны арасындағы тепе-теңдікті сақтау мүмкіндігі.4. Әлеуметтік әділдік: зейнетке шығу мәселесінде барлық азаматтар үшін тең жағдайды қамтамасыз ету. Егер зейнетақы жүйесі тұрақты болса, ол экономикалық дағдарыстарға, халықтың қартаюы сияқты демографиялық өзгерістерге төтеп беріп, зейнеткерлер үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 3,6 балл жинады. Бұл нәтиже көптеген экономикасы озық деген Норвегия (4,0), Швейцария (4,2), Сингапур, Испания (әрқайсысы 4,4), Малайзия (5,4) секілді елдердің көрсеткішінен жоғары. Толық есеппен бірінші түсініктемедегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.enpf.kz/ru/indicators/obzory-mezhdunarodnykh-ekspertov/mezhdunarodnye-reitingi/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar-marinov/press/news/details/975529?lang=kk
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды. Аталған бұйрық жобасы   https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15510185   сілтемесі бойынша  қол жетімді.Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/975528?lang=kk
Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді. 15.04.2025
Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын. eGov.kz порталында қызмет іске қосылғаннан кейін бұл процесс айтарлықтай жеңілдеді – пайдаланушылар медициналық тексеруден өтіп, электрондық үкімет порталында өтінім берген соң анықтаманы электронды форматта рәсімдей алатын болды. Енді құжатты алу одан да оңай – eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану жеткілікті.Қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;«Қызметтер» - «Денсаулық сақтау» бөлімін таңдау керек;«№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау қажет;өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-kuibyshev/press/news/details/975518?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті 15.04.2025
Қала аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.Сенбіліктің басты мақсаты – қала тазалығын жақсарту және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Жұмыс барысында қала көшелері мен аула аумақтары, жұмыс орындарының аумақтары, сондай-ақ орман-саябақ аймағы және т.б. тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/975511?lang=kk