Қоғам
Целиноград ауданында патрульдеушілер құжатсыз екі шетелдік азаматты анықтады, олардың біреуі шығарып жіберу ісі бойынша, екінш ісі алимент төлемегені үшін іздеуде болған 15.04.2025
Целиноград ауданындағы «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1225 шақырымында автожолды патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері "Шевролет Кобальт"маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер автомобиль салонындағы шетел азаматтарына назар аударды. Оларда өзімен құжаттар болмағаны белігілі болып шықты.Патрульдеушілер азаматтарды дереу полицияның учаскелік пунктіне әрі қарай тексеру үшін жеткізді. Бұл бекер емес болып шықты. Учаскелік полиция инспекторларытексеру барысында, олардың біреуін елордалық құқық қорғау органдары шығарып жіберу туралы іс бойынша іздеуде, ал екіншісін Қостанай облысының полициясы алимент төлемегені үшін іздеуде жүргенін анықтады. Осыдан кейін полиция іздестіру бастамашыларына хабарлап, жазаның бұл тартпастығы үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.Полицейлер шетел азаматтарын Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ көші-қон заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/972192?lang=kk
«Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметі туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі Бас прокуратураны үйлестіру кезінде тұтыну кооперативі ретінде жасырылған "Asar Baspana" қаржы пирамидасының қызметіне жол бермеді.Тергеу барысында Н.М.Туғанбаев бастаған пирамиданы ұйымдастырушылар 86 мың азаматты 12,4 млрд.теңгеге тартып, ай сайын 30% - ға дейін табыс әкелетіні анықталды. Шындығында, нақты бизнес болған жоқ, төлемдер жаңа қатысушылардың инвестициялары есебінен жүргізілді.Нәтижесінде 3,8 млрд. теңгені Туғанбаев пен оның серіктестері берді.Күдіктілер Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы, тұрмыстық және медициналық техника зауыты жүзеге асырылып жатыр деп, салымшыларды жаңылыстырды. Шын мәнінде, өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынды және "Asar Baspana"логотипімен жасырылды. 2024 жылдың желтоқсанынан бастап, пирамидаға деген сенім төмендей бастаған кезде, ұйымдастырушылар автокөлік дүкендерін іске қосу және дилерлермен ынтымақтастық туралы жалған мәліметтерді таратты. Іс жүзінде автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып, Туғанбаевтың туыстарына ресімделді. Пирамиданың ашылуы сөзсіз болған кезде, 2025 жылдың 8 ақпанында Туғанбаев қылмыстық әрекеттің іздерін жасыру мақсатында "Asar Baspana" сайтын техникалық режимге қоюды тапсырды. Тергеу барысында Серверлік деректер қалпына келтірілді. "Gold" деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының біреуіне ғана пәтер берілгені анықталды. "Platina" бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің ішінен машина да бір салымшыға бұйырды.2025 жылғы 9 ақпанда 49 кеңседе және тұрғылықты жері бойынша 81 фигурантты тінту жүргізілді.Нәтижелері бойынша Туғанбаевқа және оның жақындарына ресімделген Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 қоса алғанда, 1,1 млрд.теңге, 10 премиум-класты автомобиль тәркіленді.Бұдан басқа, Ақтау қаласында ағасы Н.М. Туғанбаевтан 945 млн.теңге қолма-қол тәркіленді, олар кооперативтің шоттарында болуы тиіс еді.1,2 млрд. теңгеден астам сомаға шоттар қамауға алынды және шектелді.2025 жылғы 11 ақпанда Сот н.М. Туғанбаев пен Н. Байтасовқа қатысты 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.Аталған жағдайларға қарамастан, бірқатар белсенділер, соның ішінде Қостанай облысы бойынша да мессенджерлер арқылы "Asar Baspana" қатысушыларын ұйым заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырды деп қате сеніп, өтініштерден бас тартуға шақырады.Жоғарыда айтылған негізінде Сіздерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-1-бабы және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 150-бабы бойынша қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/press/news/details/972188?lang=kk
БОКСТАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2 СПОРШЫСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ 15.04.2025
✔️Бразилияда World Boxing әлем кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен түркістандық боксшылар 2 қола медальға қол жеткізді.✔️Атап айтқанда, 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек, +90 келіде Даниял Сапарбай үшінші орынға ие болды. Бұл спортшыларды Шыңғыс Демеуов пен Ербол Ахантаев баптады. Жүлдегер боксшылар «Түркістан» кәсіпқой бокс клубының шәкірттері.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/972185?lang=kk
ӨКІЛ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ "QYZYLORDA OBLYSY KÁSІPODAQTAR ORTALYĞY" АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 15.04.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы бірлестігінің төрағасы Максут Налибаевпен және облыстағы кәсіподақ ұйымның төрағаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылап, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Құжат Өкіл институты мен өңірлік Кәсіподақ ұйымдары арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға бағытталған. Меморандум аясында тараптар бірнеше маңызды бағыт бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге келісті: еңбеккерлердің ҚР Конституциясында кепілдік берілген құқықтарын қорғау бойынша бірлескен жұмысшы топтар құру, жұмыс берушілердің қызметкерлерге өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алатын қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау құқығын сақтауына, қазіргі заманғы еңбек қауіпсіздігі құралдарын енгізуіне мониторинг жасау, ұсынымдар енгізу, түрлі мәселелер бойынша зерделеулер жүргізу, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, шағымдар бойынша жедел ақпарат алмасу, адам құқықтары жөнінде дөңгелек үстелдер мен білім беру іс-шараларын өткізу.Максут Налибаев азаматтардың құқықтарын бұзатын мәселелерді тиімді шешуде бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ, тараптар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ағарту іс-шараларын өткізу қажеттілігін талқылады. Омбудсмен өз кеңсесінің басты міндеттерінің бірі ретінде халық арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізуге айрықша назар аударатынын мәлімдеді.Меморандумға қол қою өңірде адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту мен азаматтар, мемлекеттік органдар және кәсіподақ ұйымдары арасындағы тиімді өзара әрекеттесу арналарын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/972179?lang=kk
«Birlik» ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» фестивалінде ерекше өнер көрсетті 15.04.2025
Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «Birlik» ән-би ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» халықаралық фестивалінің сахнасында өнер көрсетті.Әртістер белгілі қазақ биі «Қара жорғаны» орындады. Көрермен де бұл өнерді қолдап, бишілермен бірге биледі.«Birlik» ансамблімен бірге фестивальге тағы сегіз шығармашылық ұжым қатысты. Олар – өз саласының кәсіби мамандары, әр ұлттың рухы мен дәстүрін сахнада бейнелейтін өнерге адал жандар.Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев атап өткендей, бұл фестиваль – тәжірибе алмасу мен шабыттануға, ортақ мәдени құндылықтарды бөлісуге мүмкіндік берген ерекше алаң болды. Іс-шара биыл Ақтауға берліген «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі аясында өтті.Айта кетейік, «Birlik» ансамблі 2024 жылдың 1 наурызында құрылған болатын. Ұжым құрамына кастинг нәтижесі бойынша іріктелген 20 үздік биші мен музыкант енді. Шығармашылық топтың басты мақсаты – әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі музыка мен биді көпшілікке таныту. Ансамбльге халықаралық байқаулардың лауреаты Анель Марабаева жетекшілік етеді. Сонымен қатар, қойылымдар мен хореографиялық композициялар дайындау барысында тәжірибе алмасу үшін жақын шетелдерден танымал хореографтар шақырылады.Биыл Ақтауда 30-дан астам халықаралық мәдени және шығармашылық бастамалар өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, фестивальдер, ғылыми конференциялар, көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылады. Аталмыш іс-шаралар түркі әлемі елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/972170?lang=kk
Сход 15.04.2025
Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округте тұрғындармен жиналыс өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar-k-zhubanov/press/news/details/972168?lang=kk
🔹Тазалыққа тұрғындар да жауапты 15.04.2025
📌Бүгін аудан әкімі М. Ысқақов аппараттық мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша бірқатар маңызды тапсырмалар берді:1. Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жандандыру.2. Жүк көліктері мен ауыр техникалардың ауылішілік жолдармен жүруіне тыйым салу үшін тиісті жұмыстарды атқару.3. Әскерге шақыру науқаны аясында жүйелі жұмыс жүргізу және 11 ауылдық округ мамандарына сөгіс жариялау.4. Бюджеттік қаржыны уақытылы игеру және жасалған жұмыс сапасына мән беру.5. Өздерінің ғимараттары мен оған тиесілі аумақтарында тазалық жұмыстарын жасамаған мекемелер мен жеке нысан иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту.Аудан әкімі ауыл тазалығына әкімшілікпен бірге әрбір тұрғынның жауапты екенін ерекше атап өтті. Тазалық – баршаға ортақ іс!Әрбір азаматтың белсенді қатысуы мен жауапкершілігі маңызды!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-akkudyk/press/news/details/974249?lang=kk
Е.М. Абулхатин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында азамат Д. А. Лябухинмен жеке қабылдау өткізді 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.К. Жақыпованың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а. Е.М. Абулхатин Солтүстік Қазақстан облысына барды. Жұмыс сапары барысында азамат Д.А. Лябухинмен жеке қабылдау өткізілді.Жеке қабылдау нәтижелері бойынша Д.А. Лябухинге заң нормаларын өзгерту қызметі шеңберінде одан әрі жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атына жазбаша түрде жүгіну ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit/press/news/details/972128?lang=kk
«Бос орындар жәрмеңкесі» 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Әділет министрі мен Жамбыл облыстық әкімімен, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында Жамбыл облысы Әділет департаменті, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Тараз қаласының Прокуратурасының қатысумен Тараз қаласы бойынша «Мансап орталығымен» бірлесіп, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 27 мекен-жайында орналасқан «Март» сауда орталығында 2025 жылдың 16 сәуірінде сағ 15.00 де, «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізіледі.Қатысушылардың Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаты болуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/972111?lang=kk
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын табуда 15.04.2025
Өңірде облыс тұрғындарының қатысуымен бірқатар тазалық акциялары өткізілді.Атап айтқанда, Тараз қаласы Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ұйымдастырып, саябақты қоқыстардан тазартты.- Облыста «Жасыл ел» бағдарламасы 2025 жылдан бастап табысты жүзеге асып келеді. Еңбек жасақтары студенттерді маусымдық жұмыспен қамтумен қатар, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға атсалысуда. Қатысушылар айналаны көгалдандыруға, спорттық кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға үлес қосуда» - деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры А. Қадралиев.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Тараз қаласы Жібек Жолы ауданы №13 шағын ауданында, «Қарахан» кесенесінің аумағында, Сарысу ауданы Жаңатас қаласының орталық саябағында және Мойынқұм ауданында өткізілді.Айта кетейік, облыс бойынша наурыз айынан басталған көктемгі екі айлық абаттандыру жұмыстары аясында «Таза қала», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Жасыл қала», «Болашақты бірге отырғызамыз» «Жер сағаты» және т.б. акциялары ұйымдастырылуда.Жамбыл облысында акция аясында 818 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 125 мың тұрғын үй аулалары мен 4,5 мың шақырым көшелер тазаланып, 12 мың тонна қоқыс шығарылды. Биыл егілетін 195 мың талдың бүгінге 70 мыңға жуығы отырғызылып, 2,4 мың ағаш бұталанды. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумақтары тұрақты қоқыстардан тазалануда. Бұл жұмыстарға 910 бірлік техника жұмылдырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/972109?lang=kk
Алматы кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әдеби сағат өтті 15.04.2025
Тарихи тағылым Алматы қаласының №4 кітапханасында ұйымдастырылған әдеби сағатта болды. «Ұлы Жеңіске — мәңгілік даңқ!» атты шара оқырмандарды жинап, батырларымыздың ерліктеріне толы өткенімізге тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қаһармандық жолын бейнелейтін шығармалармен танысып, сонымен қатар ардагерлермен жеке сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.Өздерінің естеліктерімен Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов пен еңбек ардагері Серік Ахмедов бөлісті. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтар мен майданда ерлік көрсеткен жолдастары туралы айтып берді. Қарулы қақтығыстар ардагері Оңғарбек Сыдықбеков 1969 жылғы Даманск аралындағы оқиғаларды еске түсірсе, Дуандар Умаров пен Роман Юн Ауған соғысы тақырыбын қозғады.Колледж студенттері мен мектеп оқушылары үшін бұл кездесу тек тарихи мәліметтермен танысу ғана емес, сондай-ақ ерлік пен патриотизмді дәріптейтін маңызды сабақ болды. Бұл кездесулер жастарға өткенімізді ұмытпай, оны қадірлеу және ата-бабалардың ерліктерімен мақтану қажеттігін терең ұғындырды.Іс-шара барысында оқу залында «Ұлы Жеңіс — ұрпақтарға үндеу» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ «Отты жылдардың жаңғырығы» атты тарихи-білім беру викторинасы өткізілді. Викторина жеңімпаздарына құнды кітаптар сыйға берілді.«Ұлы Отан соғысы — тарихымыздағы ең қайғылы әрі қаһармандық кезеңдердің бірі, бұл соғыс миллиондаған адамның тағдырын өзгертіп, үлкен сынақ болды. Майданда және тылда жасалған ерліктер Отанға деген сүйіспеншілік пен ерлікті, қайсарлықты білдіреді. Ұлы Жеңіс — бұл тек қана дата емес, ол азаттық пен тәуелсіздіктің символы болып табылады, ол үшін орасан зор құрбандықтар төленді. Біздің басты мақсатымыз — тарихи жадыны сақтап, жастардың патриоттық санасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті және өткенге құрметпен қарауды тәрбиелеу» , — деп атап өтті Алматы қаласының №4 филиал кітапханасының меңгерушісі Әлия Іңкәрбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-madeniet/press/news/details/972087?lang=kk
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: тиімді тетіктер мен болашаққа бағдар 15.04.2025
Қазіргі заманғы Қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты болып саналады. Бұл құбылыс елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, азаматтардың билікке деген сенімін төмендетіп, құқық үстемдігін әлсіретеді. Осыған орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру – уақыт талабы.Бірінші, институционалдық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді саясат жүргізу қажет. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен бағалау жүйесін жетілдіру маңызды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің ішкі процестерін саралап, жемқорлыққа бейім салаларды дер кезінде анықтауы тиіс.Екінші, қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру керек. Бұл үшін азаматтардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру, жастар арасында адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау – басты міндеттердің бірі.Үшінші, мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету маңызды. Электрондық қызметтерді енгізу, ашық бюджеттер мен мемлекеттік сатып алулар порталдарын дамыту – бұл бағытта қол жеткізілген оң нәтижелердің мысалы бола алады.Төртінші, қоғамдық бақылау механизмдерін белсенді пайдалану қажет. Үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ, еріктілер мен белсенді азаматтар мемлекеттік басқару процесіне тартылуы тиіс. Ашықтық пен есептілік – сенімді арттыратын негізгі факторлар.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек заңнамалық немесе әкімшілік шаралармен шектелмейтін, жан-жақты тәсілді қажет ететін күрделі үдеріс. Бұл ретте мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы шешуші рөл атқарады. Ортақ жауапкершілік пен бірлескен әрекеттер ғана елімізде адал, әділ және парасатты қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді.Тулегенов Манар АманжолұлыҚарақия ауданы әкімінің орынбасары Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/972072?lang=kk
Теміртау – біздің үйіміз, оны бірге көркейтейік! 15.04.2025
🌱 Құрметті қала тұрғындары! 🌱12 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз. Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет!Өзіміз тұратын көшелер мен аулаларды таза әрі әдемі ету үшін барлығымыздың үлесіміз маңызды.✨ Теміртау – біздің үйіміз, оны бірге көркейтейік! ✨Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-temirtau/press/news/details/972065?lang=kk
Құтқарушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шықты 15.04.2025
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қосылды.Олар құрғақ жапырақтарды алып тастап, көгалдарды ретке келтірді, ағаштардың айналасындағы топырақты қопсытып, департамент аумағындағы және Құтқарушылар аллеясындағы бордюрлердің көрінісін жаңартты.Ерлік пен қызметтің жадында қалған аллея тағы да көрікті де ұқыпты келбетке ие болды.Мұндай іс-шараларға қатысу құтқарушылардың қауіпсіз, таза және жақсы күтімді ортаны құру бойынша күнделікті жұмысының бір бөлігі болып табылады.Табиғатты аялау, туған жерді құрметтеу қарапайым істерден басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/972035?lang=kk
«Матен Петролеум» АҚ 15.04.2025
Орналастыру күніХабарландыру08.04.2025 «Матен Петролеум» АҚ-і Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес 2025 жылдың 8 мамырында сағат 11.00 - де Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауыл округі, Жамансор ауылында, 39А көшесінде КММ "Жамансор бастауыш мектебінде" "Техникалық колоннадағы" терезені"кесу бойынша ұңғыманы реконструкциялауға және Матин кен орнындағы №347 ұңғымада көлбеу бағытталған бүйірлік ұңғыманы бұрғылауға арналған жеке техникалық жоба" ҚОҚ бөліміне қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталында https://ecoportal.kz/ , сондай-ақ ЖАО Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat?lang=kk танысуға болады.Барлық ескертулер және (немесе) ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ ga.arystanova@atyrau.gov.kz поштасына қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қабылданады.Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме:https://us06web.zoom.us/j/89131218035?pwd=p11lf4fJUj6vdj5g2eyl81nMubYmz8.1Конференция идентификаторы: 891 3121 8035 кіру коды: 605111Қосымша ақпаратты мына эл. мекенжай бойынша алуға болады: derbessolutionsllp@gmail.com және +77012885920 телефон номерімен.Жоба тапсырушы: «Матен Петролеум» АҚ-і, БСН 100940002277, телефон +77015220930 e-mail: g.esenkulova@matenpetroleum.kz Жобаны әзірлеуші: «Дербес Солюшенс» ЖШС-і, БСН 090140008064, телефон +77015257379 e-mail: derbessolutionsllp@gmail.com. Жоба Жоба Жоба Жоба ЖобаЖоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптарықоғамдық тыңдаулар хаттамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/972028?lang=kk
Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы 15.04.2025
Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.Тұрақты комиссия отырысына А.Салимов төрағалық етті.Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Ә.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Т.Қозбеков, Б.Тәжібаев, тұрақты комиссия мүшелері - Ғ.Елшібай, Қ.Жантөреева, Қ.Салыбек, Б.Байғараев, Б.Басымбек, М.Манапов, Х.Әшірбеков, Ж.Құрақбаев, Т.Садуов, Б.Сүлейменов, күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады.Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселені сессияның қарауына енгізуді ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/972024?lang=kk
«Таза Қазақстан»: «Таза су айдындары» акциясы жалғасуда 15.04.2025
Су айдындарын иесіз, тасталған балық аулау торларынан және жағалау аумақтарын тазартуға бағытталған жыл сайынғы «Таза су айдындары» акциясы еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде өтуде.Аталмыш іс-шаралар өңірлердің климаттық ерекшеліктері мен ауа райы жағдайларын ескере отырып, 15 наурыздан 24 сәуірге дейін жалғасады.Естеріңізге сала кетейік, «Таза су айдындары» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуды.Барлық қазақстандықтарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.Акция қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/972017?lang=kk
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары 15.04.2025
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» бірлескен бұйрықтарымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033681#z1678).3. Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.Мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілмейді.10. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беру туралы қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.Мыналар:1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);2) жаңа жұмыс орындарын құру;3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.11. Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдаланады:1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;2) материалдық емес активтерді сатып алу;3) технологияны сатып алу;4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.Бұл ретте, егер іске асырудың көрсетілген мерзімі ішінде кәсіпкер қызметін жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал іске асырылса және бизнес-жобаны іске асыру және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.21. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);2) Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну қағидалары шеңберінде кәсіпкердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе әлеуметтік кәсіпкерлікке оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік; 4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл-бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-opredshivet/press/news/details/972015?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м. а. сапары 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Е.М. Әбілхатин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында және жұмысшы кәсіптер жылы аясында өндірістік жарақат алу жағдайлары болған «Қызылжар су» ЖШС, «Петропавл қаласындағы Маслодел» ЖШС филиалына және «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС сияқты кәсіпорындарға барды.Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсартуға қатысты іс-шаралар жоспарымен танысты. Сондай-ақ, өндірістік учаскелерді аралап, жоғарыда аталған кәсіпорындардың ұжымдарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіндегі өзгерістер туралы хабардар етті.Қазақстанда жұмысшы кәсіптерінің қарқынды дамуын ескере отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету басым міндеттердің біріне айналуда. Сол себепті «ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ-ға жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауына бақылауды күшейту туралы тапсырма берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/972011?lang=kk
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығы. Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін:2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын белгіленсін.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын.Қоса беріліп отырған: 1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері; 2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2008 жылғы 23 қаңтардағыN 523 Жарлығыменбекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері 1-тарау. Жалпы ережелер Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурсты өткізудің мақсаттары: 1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру; 2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату. Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі. Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай: 1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі. Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.07.22 N 123 Жарлығымен. Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс. Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді. Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс. 2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады. Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. 4-1. Конкурс жыл сайын осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады. Ескерту. Ережелер 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 5. Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады. Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. 6. Конкурсқа катысуға: 1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын; 2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған; 3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ; 4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ; 5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын; 6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі. Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 7. Ұйымдастырушылар: 1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды; 2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын; 3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.Конкурсты өткізу мерзімдері: 1) қаңтар – конкурстың басталуы туралы хабарлау; 2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы; 3) жыл сайын 1 қазанға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі; 4) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау. Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911; 01.06.2019 № 57; 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 9. Жергілікті атқарушы орган: 1) конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді; 2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады; 3) конкурсты өткізу тәртібі туралы ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастырады; 4) конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттайды. Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 10. Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда: 1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім; 2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады; Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат; 3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар); 4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс. Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2014 № 911; 01.06.2019 № 57 Жарлықтарымен. 11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды. 11-1. Жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік органдардан конкурсқа қатысуға өтінімдерде үміткерлер көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін растайтын ақпаратты сұратады және үміткерлерді осы ережелердің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған ретте конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданбағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіледі. Ескерту. Ережелер 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 11-2. Сараптамалық жұмыс топтары осы ережелердің 11-тармағында көрсетілген критерийлердің негізінде үміткерлердің өтінімдерін бағалауды жүргізеді және сараптамалық қорытындылар дайындайды. Ескерту. Ережелер 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың комиссиялары сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытынды жасайды және конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын айқындайды. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын, үміткерлердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді. Ескерту. Ережелер 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 12. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны үміткерлердің материалдарымен бірге Комиссияның қарауына ұсынады. Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. 13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды: 1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады; 2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын". Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады; 3) "Үздік ұжымдық шарт". Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады; 4) "Экологияға қосқан үлесі үшін". Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады. Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі. Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады. Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 13-1. Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі. Гран-при "Ірі кәсіпкерлік субъектісі" және "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында беріледі. Ескерту. Ереже 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 14. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі.Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын, салтанатты жағдайда өткізіледі.Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның үміткерлерінің әлеуметтік мәселелерді шешудегі жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімдерін, сондай-ақ лауреаттардың тізімін жариялау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. 16-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді. Ескерту. Ережелер 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 16-2. Ұйымдастырушылар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісінде әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибесін таратуды ұйымдастырады. Ескерту. Ережелер 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. 17. Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді. Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2008 жылғы 23 қаңтардағы№ 523 Жарлығыменбекітілген Бизнестің әлеуметтікжауапкершілігі жөніндегі"Парыз" конкурсынөткізу ережелерінеҚОСЫМША Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі"Парыз" конкурсына қатысушының өтінімі Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). Тіркеу нөмірі __________Заңды (жеке) тұлғаның атауы _______________________________________________ __________________________________________________________________________ БСН/ЖСН ________________________________________________________________ Тіркелген жері бойынша мекенжайы __________________________________________ Орналасқан жері бойынша мекенжайы _________________________________________Ұйымның басшысы _______________________________________________________ (тегі, аты, бар болса, әкесінің аты) ЖСН (шетелдік азамат үшін паспорт нөмірі) ____________________________________Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы және факс нөмірі) _______________________________________________________________Құжаттар мынадай номинацияға ұсынылады (астын сызыңыз): "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын"; "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын"; "Үздік ұжымдық шарт"; "Экологияға қосқан үлесі үшін".Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)Сала ____________________________________________________________________Қызметкерлерінің саны ____________________________________________________Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен айналысады) __________________________________________________________________________Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары ____________________________________Өтінімге ____ парақта сауалнама және қосымшалар қоса берілгенҰсынылған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс Қолы Күні Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2008 жылғы 23 қаңтардағыN 523 Жарлығыменбекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі"Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беружөніндегі комиссия туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) орталық мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің басшылары қатарынан құрылады. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.07.22 N 123 Жарлығымен. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).Комиссияның міндеттері: 1) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) материалдарын қарау; 2) үміткерлерді бағалауды жүргізу және іріктеу; 3) конкурстың жеңімпаздарын (бұдан әрі - конкурс лауреаттары) анықтау болып табылады.Комиссияның: 1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға; 2) Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті қосымша материалдарды конкурсты ұйымдастырушылардан сұратуға және алуға құқығы; 3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар. 3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).Комиссия құрамына: 1) Комиссияның төрағасы; 2) Комиссия төрағасының орынбасары; 3) Комиссияның хатшысы; 4) Комиссияның мүшелері кіреді.Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. Конкурста көзделген эмблеманы, диплом мен айрықшалық белгісін (мүсінше) Комиссияның төрағасы бекітеді.Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар: 1) конкурстар өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың веб-сайттары арқылы хабардар ету; 2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарау, түпкілікті қорытынды жасау, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсыну; 3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру; 4) конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру; 5) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу жүктеледі. Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2014 № 911; 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.Жұмыс органы конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын жыл сайын айқындайды және бекітеді. Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.05.2016 N 261 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінд е бір рет өткізіледі. Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде оның отырысы заңды деп есептеледі.Лауреаттар атақтарын беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және ол үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Шешім отырыс хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады әрі оларды үміткерді бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жазбаша келісімінсіз пайдалануға болмайды.Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2008 жылғы 23 қаңтардағыN 523 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз"конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияныңлауазымдық құрамы Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.07.22 N 123 Жарлығымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284; 12.02.2014 N 750; 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2014 № 911; 14.03.2017 № 446; 26.02.2019 № 862; 01.06.2019 № 57; 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. Қазақстан Республикасының Президенті - төраға Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты - төрағаның орынбасары әлеуметтік қорғау министрі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты - Комиссия хатшысы әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Комиссия мүшелері: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан кәсіпкерлері форумының президенті (келісім бойынша) Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті (келісім бойынша)© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМКАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/972005?lang=kk
