Қоғам
Тағы бір «Агроқала» ашылмақ 10.04.2025
Бүгін облыс әкімі Болат Бақауов Павлодар облысында жұмыс істеуге және аймақ экономикасын дамытуға қаражат құюға ниет білдірген инвестор «Агроқала» ЖШС бас директоры Николай Карташевпен кездесу өткізді.Жобаның бастамашысы атап айтқандай, басты мақсат – Қазақстан нарығында тұтынуға арналған сұранысқа ие, сондай-ақ жуық маңдағы Ресей мен Қытайға экспорттауға арналған азық-түлік өндіру. Бүгінгі таңда Польшаның қаржы институттарымен және Польша мен Ресей Федерациясының серіктестерімен келісімге қол жеткізілді. Жобаның жалпы құны – 144 млрд. теңге, оның 80 пайызын Польшаның инвестициясы құрайды.– Бағдарламаның басты мәні – Қазақстанға польшалық озық технологияларды, құрал-жабдықты, техниканы, мамандарды тарту. 55 000 гектар жерді суаруды қалпына келтіру жоспарланған, бұл жер жайлы Республика Қазсушаруашылығымен және Сәтбаев арнасының басшылығымен келісілген. Бұл алаңда азықтық дақылдарды, қант қызылшасын, көкөніс, күнбағыс, бақша дақылдарын және жеміс-жидек өсіру жоспарланып отыр. Инвестор болашақта «Агроқала» салуды көздеп отыр. Онда қойма, тоңазытқыштар және газды ортасы реттелмелі тоңазытқыштар, қант пен май, ет өнімдерін, кептірілген және мұздатылған көкөністер мен жемістер, түйіршіктелген азықтар және қаптама шығаратын зауыттар болады, – деп хабарлады аймақ басшысына Николай Карташев.Жоба бастамашысы болашақта Польша мен Павлодар облысы салалық оқу орындарында орта және жоғары басқару буыны мамандарын, жұмысшы мамандарын даярлайтын және қайта даярлайтын оператор ретіндегі білім беру орталығын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.Кездесуде облыс әкімі Болат Бақауов мемлекеттік бағдарламалар аясында инвесторға жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты.– Біздің әр ауданымызда аграрлық колледждер бар, солардың біреуін сенімді басқаруға бере аламыз. Оның негізінде еуропалық үлгідегі диплом алатын мамандарды даярлау процесі басталады.Аймақ басшысы орынбасарларына инвестордың жоспарын іске асыру үшін бұл жобаны жан-жақты зерделеуді тапсырды. Жобаның алғашқы кезеңі Екібастұзда басталмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/11886?lang=kk
Өмір сапасының стратегиясы 10.04.2025
Павлодар облысының әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде өңірдің 2030 жылға дейінгі Стратегиясында белгіленген негізгі даму бағыттарды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Облыс әкімі экономикалық саясат тиімді құрылса, кез келген өңірдің дамуы сәтті болатынын атап өтті. – Өткен жылдың желтоқсан айында мен Стратегияның негізінде алдағы үш жылға облыстың және әр ауданның кешенді даму жоспарын құрастыруды тапсырған болатынмын, – деді Болат Бақауов. – Қазір, біз бағытымызды айқындап, белгіленген басымдықтарға сәйкес келе жатырмыз ба, кешенді жоспардың шеңберінде қандай жұмыстар атқарылғанын және қай тұстарды жетілдіру керектігін түсінуіміз керек.Жоспардың жүзеге асырылуы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев баяндап берді. – Павлодар облысының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы 2015 жылдың наурыз айынан бастап жүзеге асырылып келеді, – деді ол. – Стратегияны жүзеге асыру шеңберінде облыста 8 институт пен ұйымдар құрылды. Олар: инвестицияларды тарту бойынша Агенттік, инвесторлар кеңесі («бизнес-періштелер» клубы), С. Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы өңірлік StartUp Академия, ИнЕУ-дің жанындағы өңірлік ғылыми-технологиялық орталықтың базасындағы бизнес-акселератор және өңірлік технологияларды коммерциализациялау орталығы, экологиялық технологиялар бойынша құзыреттіліктер орталығы; медициналық кардиология орталығы. Сонымен қатар, Стратегия негізінде 5 концепция, 21 жоспар, «Ақылды аялдама» жобасының эскизі, «Ақылды үй» концепциясы шеңберінде «Достық» шағын ауданындағы жаңа үйлердің ЖСҚ-ын құрастыруға арналған техникалық сипаттамалардың жобасы, қалалар мен аудандардың туристік төлқұжаттары құрастырылды.Облыс әкімі Экологиялық технологиялар бойынша құзыреттіліктер орталығын қаржыландыру мәселесі туралы сауал қойды. Жақында ғана Ақсу қаласының тұрғындары күлдің астында қалды. Алайда, Құзыреттіктер орталығы осы жағдайдағы күлдің шоғырлануының шектеулі шамасы сақталды деп сендірген еді. – Стратегия аймақ тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталуы керек, – деді аймақ басшысы. – Кеешнді жоспарға тұрғын үйлер мен экобекеттер, жылытылатын аялдамалар салу, аулаларды абаттандыру, интеллектуалды көлік жүйесі, бала бақшалармен қамту мәселлері енуі керек. Облыс орталығына салынып жатқан инвестициялар 1,7 есеге артты. Тек қана жолдарды жөндеуге және абаттандыру жұмыстарына 3 миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Біз барлық күшімізді тұрғындардың өмірін жайлы етуге жұмсап, халыққа қызмет етуіміз керек.Сонымен бірге, Болат Бақауов туристік кластерді дамыту бойынша ескерту жасады. Жасыбай демалыс аймағы мен Маралды көлі қалпына келтірілгенімен, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Облыс әкімі аудандардың туристік карталары әлі күнге жоқ екендігін және облыс орталығындағы такси қызметінің сапасыздығын еске салды. Стратегияны жүзеге асыру жөніндегі Жоспарды өзектендіру мақсатында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы салалық басқармалармен бірлесіп, Павлодар облысы дамуының алдағы үш жылға арналған Кешенді жоспарын құрастырады. Аймақ басшысы 1-ші тамызға дейін кешенді жоспарды қайта қарап, толықтыруды және ұзақ мерзім ішінде қол жеткізуге болатын көрсеткіштерді анықтауды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/11877?lang=kk
«BAYAN» КОМПАНИЯСЫНДА БОЛДЫ 10.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Жезқазған бөлімінің қызметкерлері 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген «BAYAN компаниясы» ЖШС болып қайтты.BAYAN компаниясы 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сәтті жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде 7000 шаршы метрден астам аумақты қамтитын дамыған инфрақұрылымы бар жаңа қуатты өндірістік базасы құрылды. Компания қышқыл сүтті, шырын өнімдерін, жүгері таяқшаларын, қатырлақ, сусындар, йогурттар, сүзбелер шығарады. Осылар үшін өндірістік және технологиялық тізбектерді үнемі жетілдіре түсетіндіктен, олар технологияның қарқынды дамып келе жатқан темпіне орай инновациялық әзірлемелерді қолданады.Барудың шеңберінде қызметкерлер «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын орындау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау қажеттілігі туралы Заңдардың мақсаты мен міндеттері жеткізілді.Кездесудің қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері техникалық реттеу және метрология жөніндегі нормативтік құжаттар бөлігіндегі сұрақтарға жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11864?lang=kk
«ҚИДИ» АҚ САРАПШЫЛАРЫ «ИННОПРОМ-2017» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ 10.04.2025
Ресейдің Екатеринбург қаласында 10-13 шілде аралығында өткен ірі халықаралық өнеркәсіптік көрмелердің бірі «Иннопром-2017» көрмесі өз жұмысын аяқтады. Биыл көрмеде «ҚИДИ» АҚ индустриалды саясат Орталық директорының өкілі Салтанат Жұмабекова мен Орталықтың бас сарапшысы Алмат Расиль «Қазақстан индустрия даму институты» акционерлік қоғамының өкілі ретінде қатысты. ЕЭҚ өндірістік ынтымақтастығының тиімді шарттары бойынша дөңгелек үстел жұмысы барысында ЦИП АҚ «ҚИДИ» директоры Салтанат Жумабекова «ЕЭҚ-нда өндірістік ынтымақтастық: болашағы мен мүмкіндіктері (кооперация, әлеуеті, ынталандыру механизмдері, пайда)» тақырыбында баяндама жасады.Ол өз баяндамасында ЕЭҚ мәселелері мен болашақ даму аспектілерін атап өтті, ал бұл экономика дамуының, өндірістік кешендерінің тең еместігі, ЕЭҚ мүше - елдердің өндірістік құрылымдарының әртүрлілігі, сонымен қатар, Еуразия даму банкінің рөлі туралы территориялық кластерлердің даму маңыздылығы және шекаралық ынтымақтастық пен«Индустрия 4.0» элементтерін енгізу туралы айтты.Баяндамашының айтуынша, логистика өндірістік ынтымақастықты дамытудың маңызды элементі болып табылады. Ал, кластерлік саясат ЕЭҚ интеграциялық үдерістерінің драйвері бола алады. - Егер бұрын интеграциялық бірлестіктерді құрудағы мақсат тек тауар айналымын ұлғайтуды ғана көздеген болса, қазіргі уақытта интеграция арқылы толыққанды өндірістік-сауда кешендерін құруға талпыныс жасайды. Осы кешендер қосымша құн тізбектер жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады,- деп атап өтті орталық директоры.Сонымен қатар, ол өз баяндамасында кооперацияны дамыту элементтерінің бірі шекаралық ынтымақтастықты дамыту екендігін атап өтті. Қолайлы георграфиялық орналасуы және жолға салынған көлік жолдары есебінен шекаралас аймақтар жеткізілім мүмкіндіктерін қарастыру тұрғысынан және бірлескен кооперциялық жобаларды жолға қою орынды болып табылады. Осы кооперациялар аясында бизнес дамуының аймақаралық сәйкестігін пайдалана отыра, дамуда кластерлік тәсілдердің тізілуі мүмкін. Мысалы, Қазақстан мен РФ шекаралас аудандарын қарастырсақ, барлығы 12 экспорттық әлеуеттің жоғары шоғырлануы байқалады, ол ресейге шығарылатын экспорттың тек жартысын құрайды. Екі жақтағы шаруашылық субьектілерінің өзара қарым-қатынасының, олардың арасындағы кеден кедергілерін алып тастауды қамтамасыз ететін жаңа шарттары аталған аудандарға жеткізілімді ұлғайтуға және кооперациялық өзара қатынасты дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Даму мен Индустрии 4.0 имплементциясына қатысты тұжырымдама Қазақстанда да, ЕЭҚ да экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды міндеттері болып табылады. 4.0 концепциясын жүзеге асырудың негізі ұлттық шаралары мен механизмдері болады. Сондықтан, С.Жұмабекова Қазақстанның қазіргі жағдайы туралы баяндап берді. Сонымен, оның берген ақпараты бойынша, Қазақстан Индустрия 4.0 элементтерін енгізу және дамыту бойынша іс-шаралар қабылданды: нормативті –құқықтық база әзірленуде, төртінші өндірістік революция элементтері енген 2025 жылға дейін базалық өндіріс салаларын қайта техникалық қаруландыру бойынша шаралар кешенінбекіту жоспарланған. Қазақстанның өндіріс секторларының қайта өңдеу кәсіпорындарында сандық технологияны енгізуді ынталандыру шаралары мен нақты бағыттарын анықтау жоспарланған және осыған орай ЕЭҚ аясында синергетикалық эффектіге максималды қол жеткізу және өндірісті сандық технология көшіру бойынша тығыз ынтымақсатыстықта жұмыс жасау қажеттілігін атап өтті.Жалпы, қазақстандық скипердің пікірше, ЕЭҚ аясында өзара тиімді ынтымақтастық тәжірибесін ұлғайту, өңірлік және әлемдік нарықта тауар, қызмет көрсету, технологияны экспорттауға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге көмектеседі.Үш күндік жұмыс іссапары барысында «ҚИДИ» АҚ сарапшылары бірқатар дөңгелек үстел жұмысына қатысты, онда өндірістік саясаттың құралы ретінде арнайы инвестициялық жобалардың қажеттілігі, индустрияны автоматттандыру мәселелері, өндірісті роботтандыру, сонымен қатар энергия құралдарын импорт алмастыру бойынша ынтымақастық жобалары, жаңартылған энергия көздері және т.б. мәселелер қарастырылды. 20 мемлекеттен келген 600-ден астам өндіріс компаниялары өз өнімдерін көрмеге ұсынды. Көрмені өткізудің сегізінші жылы әлемдік технологиялық көшбасшы ретінде серіктес мемлекет Жапония болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11862?lang=kk
ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН МҚІЖСЖҚА АРАСЫНДА АШЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ 10.04.2025
ҚР ИДМ Техникалық ретту және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті 2018 жылы 19шілдеде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент өкілімен семинар өткізді.Семинардың мақсаты мамандардың білімін жоғарлату, жаңа заңнама талаптарын оларды тәжірибеге қолдану, оның ішінде мемлекеттік бақылауда, жемқорлыққа қарсы ортаны ұжымда ғана емес қоғамда да құру мүмкіндіктері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берудің себептері мен оларды анықтап жою мүмкіндіктер болып табылады.Семинар барысында, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент өкілі Д.Раимбаев сыбайлас жемқорлық тәуекелінің түрлерін, сыбайлас жемқорлық қарсы шаралар, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысын, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мәселелерін атап өтті.Сонымен қоса, Д. Раимбаев қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймылға тез арада әрекет жасауын және қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды.Семинар қорытындысы бойынша, өзекті пікір алмасулар болып, қатысушылардың барлық сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11824?lang=kk
БИЫЛ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАТЫН 60 МЫҢ ЖЕР УЧАСКЕСІН ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖЕЛІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРЛАНУДА 10.04.2025
Мемлекеттік бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау» деп аталатын екінші бағытын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй салатын 60 мың жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық желімен қамтамасыз ету жоспарлануда.«Тиісті желілер тартылған ең көп жер учаскелерін беруді Маңғыстау (15759 учаске) және Ақтөбе (11732 учаске) облыстарының әкімдіктері жоспарлап отыр. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 23,5 мың учаске инженерлік желімен қамтамасыз етілді. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді желілермен қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың сомасы 45,5 млрд. теңгені құрайды»,-деп атап өтті министр.Осы бағыттың аясында биыл 4 облыс орталығында бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды. Алаңы 136,9 мың шаршы метр 1193 үй салу жоспарланған.Ақтөбе облысында – 423 үй (2017 жылы - 194, 2018 жылы - 229); Қостанай облысында - 270 үй (2017 жылы - 100, 2018 жылы - 170); Солтүстік Қазақстан облысында - 200 үй (2017 жылы - 72, 2018 жылы – 128); Жамбыл облысында – 300 үй (2018 жылы іске қосылады).Министрлік осындай тұрғын үйлерді салу үшін 6 үлгілік жоба әзірлеп, оны қолдану үшін өңірлерге ұсынды.Фото мұрағаттан алынды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11807?lang=kk
Павлодар облысында Бақытжан Сағынтаев әлемдегі ең ірі тау-кен байыту комбинатын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты 10.04.2025
Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Бозшакөл тау-кен байыту комбинатын аралады.Бақытжан Сағынтаев кәсіпорынды жобалық қуаттылығына шығару бойынша жұмыс кестесімен танысты. «Kaz Minerals PLC» басқарма төрағасы О. Новачук 2017 жылы жобалық қуаттылығына шыққаннан кейін Бозшакөл ТБК-да жыл сайын катодты эквивалентте 100 мың тонна мыс өндірілетінін баяндады.Жобаны іске асыру аясында 1500 жұмыс орны құрылды. Жоспарланған жұмыс орындарының көлемі болған жағдайда өнімділік Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған мыс өндіретін кәсіпорындарға қарағанда 15 есе жоғары. Өндірісте озық жабдықтар мен технологиялар пайдаланылды, бұл саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес автоматтандыру мен цифрландырудың жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.Жобаны кеңейту Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы технологиялық жаңғырту, жаңа технологиялар трансфері және бәсекеге қабілеттіліктің өсуі арқылы еңбек өнімділігін арттыру бойынша міндеттеріне сай келеді.Анықтама:Павлодар облысы Төрт-Құдық ауылына жақын жерде орналасқан Бозшакөл мыс кен орны – әлемдегі игерілмеген ірі кен орындарының бірі. Кеніштің құрылысы 2012 жылы басталды. 2015 жылғы 11 желтоқсанда Бозшакөлде іске қосу мен жөндеу жұмыстары басталды. 2016 жылғы ақпанда бірінші мыс концентраты өндірілді.Жыл сайынғы кенді қайта өңдеу 30 млн тоннаны құрайды. Орта есеппен алғанда қырық жыл бойы жыл сайынғы концентраттағы мыс өндіру көлемі 75 мың тоннаны құрайды. Бозшакөл кен орнының кен денесі бағалы ілеспе өнім – 5,26 млн унция алтынға (өндіріс көлемі – жылына 120 мың унция) және 57 мың тонна молибденге ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/11792?lang=kk
ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНДЕ АУКЦИОН ӨТТІ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде Шығыс Қазақстан облысында орналасқан М-45-97-Б (42,43,56,57,58,59) блоктары бойынша көмір және ураннан басқа қатты пайдалы қазбаны барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты конкурс өтті.Көрсетілген жер қойнауы учаскесін құзіретті орган айқындап, барлауға арналған оңайлатылған тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығын алу, яғни, «Бірінші келген-бірінші алады» қағидасы бойынша аз зерттелген және жер қойнауы учаскелері тізбесіне қосылған. Аталған жер қойнауын пайдалану құқығын алу қағидасын Министрлік 2015 жылы аз зерттелген жер қойнауы учаскелеріне австралиялық модель негіздемесі арқылы енгізді. Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес, егер құзыретті органның ресми интернет-ресурсында берілген өтінім туралы мәліметтер орналастырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сұралып отырған учаскеге біреуден артық өтінім қосымша берілген жағдайда, онда мұндай учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы осы Заңда аукцион үшін көзделген тәртіппен беріледі.Осыған сәйкес аталған блокка біреуден артық өтініш келіп түсті, сондықтан көрсетілген жер қойнауы учаскесі оңайлатылған тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығын алу тізбесінен алынып, аукцион жарияланды.Жер қойнауын пайдалану құқығын аукцион тәртібінде беру кезінде жеңімпазды анықтаудың негізгі және жалпы критериі ретінде қол қойылған бонустың неғұрлым үлкен көлемі болып табылады. Өзгеде критерийлер бәсекелестік сауда саттық жүргізу үшін хабарламада бекітілген. Ол барлық қатысушыларға бірдей. Көрсетілгендер мемлекетке инвестиция тартуға, аукционға қатысушылардан қол қойылған бонусқа қатысты қаражат алуға және соманы жоғарылатуға және де жеңімпазды таңдау кезінде максималды түрде ашықтықты қамтамасыз етеді.Аукцион нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында орналасқан М-45-97-Б (42,43,56,57,58,59) блоктары бойынша «KGOLD» ЖШС компаниясы жеңімпаз атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20300?lang=kk
Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жобалар бекітілді 10.04.2025
Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылының солтүстігіне, Б.Момышұлы көшесінің шығысына қарай салынатын 13 жеті қабатты үйдің жобасы бекітілді, мұнда аула кеңістігінде көлік тұрағы, коммерциялық бөлмелер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі болады. Су қорғау аймағы балалар және ойын алаңдары ретінде пайдаланылады. Құрылысты жүргізуші бала бақша мен мектеп салынатын жер учаскесін коммуналды меншікке өткізеді.Бостандық ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойындағы бір қабатты өндірістік нысанды екі қабатты ғимарат етіп қайта жасау, оны халыққа қызмет көрсететін ғимаратқа айландыру жобасы да бекітілді. Оның 1-ші қабатына шоурум, тамақтану аймағы, қызмет көрсету бөлмелері бар автосалон, техникалық қызмет көрсету станциясы, шиномонтаж, көлік жуу, техникалық бөлмелер орналасады. 2-ші қабатында сауда алаңдары, кафетерий, әкімшілік бөлмелер болады. Абаттандырылатын аймаққа газондар,тротуарлар жасалып, ағаш пен бұтаұқтар отрығызылады, жарық көздері орнатылады.Айта кетерлігі, жобаларды бекіту барысында энерготиімділікке, сыртқы әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға, фасадттарды түнгі жарықтандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуына, алаңды жасылдандыруға, көлік легінің жүктемесіне, аулаларды абаттандыруға және басқаларына айрықша назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11725?lang=kk
ТДҰА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ 10.04.2025
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ) ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірігіп инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске асыруға кіріседі. Бұл жайында «ТДҰА» АҚ-ның басқарма бастығы Марат Омаров ОКҚ-нің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Инновациялық гранттарға өтінім 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қағаз түрінде қабылданады, сондай-ақ «ҰТДА» АҚ-ның www.natd.gov.kz. ресми сайтында да беруге болады.«Біз бизнес үдерістердің реинжинирингісін өткіздік және гранттар беру шарттарын жетілдірдік. Егер бұрын көбінесе бизнеске арналған және соңғы өнім шығарылымын ұйғармайтын 9 түрлі грант түрлері көзделген болса, қазір олар қаржыландыру шектерін арттырумен 3 түрге топтастырылды» - деп «ТДҰА» АҚ-ның басшысы Марат Омаров ескертіп өтті.Қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған грант берудің жаңа ережелері бойынша грант сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелді шығындардың 70%-ына дейінгі және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 400 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант кәсіпорынның технологиялық деңгейін алдыңғы қатарлы/заманауи отандық және шетел технологияларын трансферттеу арқылы арттыруға бағытталған.Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттың және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі және технологиялық құзыреттерді арттырудың дәлелді шығындарының 85%-ына дейінгі, ақшалай түрде 500 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант негізінен қолданыстағы салаларды алдыңғы қатарлы шетел технологияларын, тәжірибелерін, білімдерін және дағдыларын трансферлеу арқылы дамытуға бағытталған.Технологияларды коммерцияландыруға бағытталған гранттың мөлшері жаряланған дәлелді шығындардың 50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 200 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант меншікті өндірістегі ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жетілдіруге бағытталған.Грант қайтарымсыз негізде беріледі. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 12,2 млрд. теңге болатын 328 шарт, соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын 66 шарт жасалды.Жалпы алғанда, гранттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық серпінді көрсететінін айта кеткен жөн. Сонда, 2014 жылдан бастап 2017 жылдың 1-ші жартысына дейін, грант алушылардың ақпараттарына сәйкес, инновациялық гранттарды іске асыру нәтижесінде 2 773 жұмыс орындары құрылды, 7,6 млрд. теңгеден артық салық қаражаттары төленді, жалпы сомасы 131,4 млрд.теңге өнім шығарылды.Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үлестірумен қамтамасыз етуде жәрдемдесу үшін және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну үшін құрылған.ТДҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11698?lang=kk
Алматы әкімі Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісімен кездесті 10.04.2025
Мегаполис әкімі Ұлыбританияның иноовациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен мен Манчестердің үлгісі бойынша Алматыда «Smart city» жобасын жүзеге асырудың тиімді екенін атап өтті. Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оң динамика қалыптасқан, 2017 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн. АҚШ долларын құраған.Өз кезегінде Майкл Гиффорд өзара ынтымақтастықты нығайту барысында тараптар арасында үлкен мүмкіндіктердің бар екенін айтты.«Мен Қазақстан Президентіне Сенім грамотасын өткен айда тапсырған едім, өзімнің алғашқы жұмыс сапарым бойынша өңірдің жедел дамып келе жатқан мегаполисі ретінде Алматыны таңдадым. Қолға алынған бастамалардың барлығы қаланы жоғары деңгейге көтеретіндігіне сенімдімін және өз тарапымнан екі ел компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың дамуына, білім және мәдени бағдарламалардың қанат жаюына қажетті мүмкіндіктердің барлығын жұмсаймын», - деді Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі.Кездесу барысында шетелдік делегацияға инвесторларға «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтың,Индустриалды аймақтың, АЭА «Инновациялық технологиялар паркінің» әлеуеті көрсетілді.Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдың қатысуымен сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс және басқа салаларда 114 кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/11672?lang=kk
Егістік күні 10.04.2025
Ақтоғай ауданында дәстүрлі Егістік күнін атап өтті. Мереке шеңберінде «Ақтоғай-Агро» ЖШС-ің базасында облыстың ірі шаруа қожалықтары бас қосқан жиын өтіп, ауыл шаруашылық жәрмекесі ұйымдастырылды. Көрмеде егіншілерге “Ростсельмаш”, “Кировец”, “John Deere” зауыттарының ауыл шаруашылық техникасы көрсетілді. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қазіргі кезде шаура қожалықтары машина паркін жоспарлы түрде жаңартып жатқанын әрі мемлекет оларға қолдау көрсететінін айтты. – Біздің фермерлердің алдында таңдау бар, – деді аймақ басшысы. – Көрмеде орналасқан техниканың кей түрін олар осы жерден сатып алатынына сенімдімін. Біз фермерлерге инженерлік коммуникациялар тартуға да жәрдемдесеміз. Мәселен, «Ақтоғай-Агро» ЖШС-нің суармалы алқаптарына қажетті инфрақұрылым тартылатын болады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның суармалы егістік көлемін 2,5 мың гектарға дейін ұлғайтып, 1200 бас малға арналған сүт фермасын ашуға мүмкіндік береді.Көрмеде «Ақтоғай-Агро» ЖШС-ің басшылығы өздері өсіретін картоп пен жүгерінің жаңа сұрыптарын көрсетті. Қазіргі кезде кәсіпорында картоптың голландтық сұрыптарымен қатар қазақстандық түрі де өсіріледі. Сонымен бірге, аграрийлер жүгерінің гибридті сұрыптарын өсірумен де айналысады.– Бұрын біз жүгерінің ұзақ уақыт пісіп-жетілуіне байланысты оны өсіре алмайтынбыз. Үйткені, ол қауыз жарып, дәні толысқанша ауа райы суытып кететін еді, – дейді ЖШС-ің басшысы Игорь Головашов. – Қазір жүгерінің түрлі сұрыптарын тәлімдеп, солтүстік өлкенің ауа райына төзімді әрі тез өсетін түрін шығардық. Былтыр түскен өніммен «Победа» ЖШС-ін қамтамасыз етсек, биыл өз қажеттілігімізді де өтей аламыз. Сонымен бірге, көрмеде арамшөпке қарсы препараттар, биолгиялық тыңайтқыштар, ауыл шаруашылық техникасын басқаруға арналған құрылғылар таныстырылды. Анықталғандай, олардың біразы біздің облыста жасап шығарылады екен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/11615?lang=kk
Дін істері комитетінің төрағасын Кембридждегі «Вульф» институтының жұмысымен танысуға шақырды 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев Британдық қоғамдық өмір Дін және сенім жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Вульф институтының директоры Эдвард Кесслермен кездесті.Кездесу барысында дінаралық диалог пен келісімді нығайтудағы көпжақты ынтымақтастық, сондай-ақ діни салада тәжірибе алмасу, оның ішінде діни радикализмнің алдын алу мәселелері талқыланды.Дін істері комитетінің төрағасы Е.Оңғарбаев елдегі діни ахуал мен діни қызмет туралы жаңа заң жобасының негізгі нормалары туралы хабардар етті.Айта кетейік, Вульф институты өкілдерінің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы және Вульф институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.Е.Оңғарбаевтың айтуынша, бұл меморандум жүйелі негізде ақпарат алмасу, зерттеу жұмыстары мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ діни салада өзекті мәселелер бойынша консультациялар, бірлескен іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, комитет басшысы Вульф Институтының бастамасымен қолға алынып отырған «Қазақстан мен Ұлыбританиядағы диалог және инклюзивтілік» жобасын қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Аталған жоба Қазақстан мен Ұлыбританияның мұсылман мәдениетін және ислам әдет-ғұрыптарын салыстырмалы зерттеуге арналған.Эдвард Кесслер этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы қазақстандық тәжірибені зерттеуге ерекше қызығушылық танытты. Ол Дін істері комитетінің төрағасын мұсылмандар, христиандар және иудейлер арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін Кембридждегі Вульф институтына келіп, оның жұмысымен танысуға шақырды. Кездесу соңында тараптар тәжірибе алмасу және діни саладағы өзара іс-қимыл жөніндегі сындарлы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/11586?lang=kk
Қостанай облысында «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды. 10.04.2025
Қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік мекемелеріне бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында өңірде «Protecting business and investments» кеңсесі ашылды.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің, сондай-ақ Сыртқы істер, инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде, ел экономикасына инвестиция салу процесін жеңілдету, сондай-ақ бюрократиялық рәсімдер мен жемқорлық фактілерін жою мақсатында мұндай кеңселер желісі республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс атқаруда.Заңгерлік және басқа да көмек қажет болса, Әл-Фараби көшесі, 95, 1010 кабинет, тел. 522-520, 391-120 немесе электрондық пошта арқылы protectinvestment.kostanay@gmail.com өтініш білдіре аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/11568?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕТРОЛОГТАР КЕҢЕСІНІҢ 9-ШЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ 10.04.2025
6 сәуірде Маңгыстау облысының Актау қаласында қаланы құрушы кәсіпорындар - «МАЭК-Казатомпром» ЖШС және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ негізінде Қазақстан Республикасының Метрологтар кеңесінің 9-ші отырысы өтті.Метрологтар кеңесі Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің бұйрығымен, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жетілдіру жөніндегі ұсыныстар және нұсқауларды шығару үшін құрылған.Осы отырысты Ақтау қаласында өткізу кездейсоқ емес. Маңғыстау өңірі республикамыздың экономикасы үшін маңызды стратегиялық плацдармалардың бірі болып саналады. Бүгінгі таңда өңір Қазақстанның жалпы экономикалық өсуіне әсер ететін инвестициялық және өндірістік белсенділіктің өсімін көрсетті. Таңдалған стратегияға және рейтингтік агенттіктердің оңтайлы болжамдардың арқасында, ірі шетел компаниялары Батыс Қазақстанға өз инвестициялық жобаларын кеңейтуге және инвестициялық үлесімдерін арттыруға шешімдерін растады.Облыс басшылары өз кезегінде, жеке инновациялық желісін құрып жатыр, бұл өз кезегінде азаматтардың өмірін жақсартуда. Өңірдің негіздік стратегиялық дамуында ерекше орынды «Морпорт Актау» арнайы экономикалық аумағы алады. Облыста, ел бойынша Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы іске асыруда.Отырыс ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Б.Б.Қанешевтың басшылығымен өткізілді.Отырыста Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әміржанов Р.М., өңір әкімдігінің басқарма басшылары, ҚР Энергетика министрлігі, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан метрология институты», «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС, сондай-ақ республиканың 17 метрологиялық қызметтерінің мамандары қатысты.Отырыста бүгінгі күнде өзекті мәселелер талқыланды, оның ішінде:- «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер және толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы;- мұнайгазды және энергетикалық салалардың кәсіпорындарында өлшем бірлігін калибрлеу сұрақтары;- «МАЭК-Казатомпром» ЖШС және мұнайгазды саласының кәсіпорындарын метрологиялық қамтамасыз ету;- «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидаларды және талаптарды бекіту туралы» 27.06.2015ж № 484 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы туралы;- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай өнімдерін метрологиялық есебінің сұрақтары және т.б.Отырыс аяқталған соң нақты шешімдерден тұратын хаттама ресімделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11562?lang=kk
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА «КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ. 10.04.2025
Петропавл каласында 2016 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы және «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ бірлесіп «Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбында өңірлік семинарды ұйымдастырып өткізіді.Семинардың мақсаты: 2015 – 2019 жж. Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын, 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру кешенді жоспарын, 2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру щеңберінде менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуге насихаттау жұмыстарын жүргізу, атап айтқанда ISO 14001-2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдануға арналған талаптары мен басшылығы» және ISO 22004-2014 «Азық-түлік қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ISO 22000 қолдануға арналған басшылығы» стандарттарының негізгі ережелерімен таныстыру.Семинарды Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Чепухин В.И. ашты. Семинардың бірінші бөлігі қолданыстағы экологиялық менеджмент жүйесін дамытуға тырысатын, немесе ISO 14001 стандарттын енгізуге шешім кабылдаған, қайта сертификаттауға өтуге дайындық үстіндегі, немесе басқа басқару жүйелеріне экологиялық менеджмент жүйесін біріктіру қажеттілігі туындаған кәсіпорындар үшін пайдалы болды.Дәріскер, СМЖ эксперт-аудиторы Исина Р.А. экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігінің, кәсіпорынның экологиялық ортаға ықтимал әсер факторларын (экологиялық аспектілері) анықтау, талдау және бағалау туралы егжей-тегжейлі таныстырды.Семинардың екінші бөлігінде дәріскер HACCP – ISO 22004:2014 «Азық-түлік қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ISO 22000 қолдануға арналған басшылығы» халықаралық стандарттын негізгі ережелерін ашып айтты.Cолтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындары мен ұйымдарының мамандары үшін семинардың өтуі, жоғары білікті сарапшы-аудиторлардан ақпаратты қабылдау, отандық кәсіпорындарға менеджмент жүйелерін енгізу бойынша отандық және шетелдік нарықтарға әкімшілік кедергілерді азайтуга, отандық өндірушілерінің бәсекелестігінің жоғарылатуына, сондай-ақ қолданыстағы менеджмент жүйелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Аталған іс-шараға облысымыздың 70 кәсіпорын түрлерінің өкілдері қатысты, сонымен қатар «СҚО Кәсіпкерлікті қолдау Картасына кіретін» Кахалонг ЖШС, «Bartec Kazakhstan» ЖШС, «РимКазАгро» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар қатысты. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға қолдарына сертификаттар тапсырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11550?lang=kk
«ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ (КО ТР 018/2011) ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ 10.04.2025
2016 жылдың 31 наурызында Алматы қаласында «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) Қолдану тәжірибесі. Проблемалық сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология Комитетінің демеуімен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-мен ұйымдастырылды. Іс-шараға Еуропалық экономикалық комиссия өкілдері, Қырғыз Республикасының мемлекеттік басқару органдары, Қазақстан Республикасы (ҚР ИДМ, ҚР ІІМ, ҚР ҚМ), Белорусь Республикасының стандарттау бойынша мемлекеттік комитеті, КО ТР 018/2011 әзірлеуші - ФМБК «НАМИ» РФ МҒИ, ҚР «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, ҚР көлік және коммуникация ғылыми зерттеу институты өкілдері, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекет-мүшелерінің бизнес-қауымдастықтары (бұдан әрі – мүше-мемлекет), ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомстволық бағынышты мекемелері Алматы қаласы бойынша ТРМКД, «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК және «ҰСО» ЖШС өкілдері қатысты.Іс – шара барысында мемлекет-мүшелерінің өкілдері дөңгелек үстел қатысушыларына техникалық регламентерді қолдану бойынша және жүзеге асыру кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар бойынша ақпарат берді. Панелді пікірталас форматында көлік құралдарына жедел оперативті қызметін шақыру жүйесін (құрылғысын) орнатудың мерзімен байланысты, автокөлік құралдарына берілетін ұлттық сәйкестік сертификатының мерзімін ұзарту мәселелері, КО ТР 018/2011 техникалық реттеу нысандарына арналған бөлек қосымша талаптар және шет елдік әзірлеушілердің шешімімен әр мүше-мемлекетте мақылдау процедурасын өткізу мүмкіндігін болдырмау жөніндегі мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар КО ТР 018/2011 тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету техникалық регламентті қолдану бойынша бірыңғай позициясын жасап шығару, ақпарат беру бойынша және бизнес-қауымдастыққа кеңестік демеу көрсету бойынша, сонымен қатар КО ТР 018/2011 тәжірибелік қолдану мәселелері бойынша мемлекет-мүшелерінің мүдделі мемлекеттік билік органдарымен ынтымақтастықты дамыту үшін мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдарымен күш салу координациясы болып табылатындығын есепке алды Мамандарды жақ барлық ынталы адам регламенттiң бiр мезгiлде техникалық талаптарының мүлтiксiз орындауымен техникалық регламенттiң өткiзуiнiң жанында айқындалған жеке сұрақтарын кешендi шешiм сызып көрсеттi, шығарылатын өнiмнiң сапасын жоғарылаудың пәрмендi құралын болып көрiнедi.Дөңгелек үстелді «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және «Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11507?lang=kk
«ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНДАРТТАР, ӨНІМДЕРДІҢ, ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ СТАНДАРТТАРЫ» 18 СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ «ЖАСЫЛ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ НОРМАЛАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ» ШАҒЫН КОМИТЕТІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ 10.04.2025
2016 жылғы 29 наурызда Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының алаңшасында «Ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық стандарттар, өнімдердің, процестердің және қызметтердің стандарттары» 18 стандарттау жөніндегі Техникалық комитетінің «Жасыл құрылыстағы нормалау және сертификаттау» шағын комитетің бірінші отырысы өтті.Кездесуде елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, адам тіршілік ортасының жайлылығын және энергетикалық және су ресурстарын үнемдеуін жақсартуға бағытталған мемлекеттік міндеттерді шешуге ықпал ететін жасыл ғимараттарды салуға арналған нормативтік-құқықтық қорын қамтамасыздандыру өзекті мәселелері қаралды. Қазақстан жасыл құрылыс кеңесінің директоры (KazGBC) Данияр Әзімханов Қазақстандағы осы өнеркәсібтің қазіргі дамуы туралы ақпаратпен бөлісті. Astana Innovations бас талдаушысы Александр Чуприн, энерготиімді және экологиялық таза ғимараттар ақылды қала ажырамас бөлігі болып табылады, деп атап өтті. «Стройдевелопмент» ЖШС компаниясының өкілдері жобалау сатысында BIM технологиясын (ғимаратарды ақпараттық модельдеу) пайдалану айтарлықтай, құрылыс үшін ресурстарды құнын төмендетуге дамыту уақыты бағалаулар мен нысандар пайдалануға сенімділігін арттыруға болады деп атап өтті.Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты жасыл ғимараттар құрылысын нормалау жөніндегі ұлттық стандартың жобасын жұмыс тобының мүшелеріне таныстырды. Қолданыстағы экологиялық және құрылыс заң шығару саласында нормативтік құжаттарды есепке ала отырып, жоба ең танымал жасыл ғимараттарды BREEAM және LEED жүйелерінде бағалау негізінде әзірленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11504?lang=kk
28 МАРТА 2016 ГОДА В Г. КОСТАНАЙ СОСТОЯЛСЯ РЕГИОНАЛЬНЫЙ ОБУЧАЮЩИЙ СЕМИНАР ПО ТЕМЕ: «ВНЕДРЕНИЕ СИСТЕМ МЕНЕДЖМЕНТА НА ПРЕДПРИЯТИЯХ» 10.04.2025
28 марта 2016 года в г. Костанай состоялся региональный обучающий семинар по теме: «Внедрение систем менеджмента на предприятиях».Организаторы:- Комитет технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;- РГП «Казахстанский институт стандартизации и сертификации».Цель семинара: Реализация Плана мероприятий по реализации Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015 – 2019 годы, Комплексного плана по совершенствованию системы технического регулирования и метрологии до 2020 года, Стратегического плана Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан на 2014-2018 годы.На семинаре рассмотрены актуальные темы по разъяснению международных стандартов по системам менеджмента. В ходе регионального обучающего семинара рассмотрены международные стандарты:- ISO 14001-2015 «Системы экологического менеджмента. Требования и руководство по применению»;- ISO 22004:2014 «Системы менеджмента безопасности пищевых продуктов. Руководство по применению ИСО 22000».Лектор в лице Исиной Р.А. – ведущего специалиста Павлодарского филиала РГП «КазИнСт», эксперта-аудитора по подтверждению соответствия систем менеджмента качества, эксперта-аудитора по подтверждению соответствия энергетического менеджмента, менеджера по качеству Европейской Организации Качества на высоком профессиональном уровне.Слушателям был предоставлен раздаточный материал, по окончании семинара слушателям вручены сертификаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11491?lang=kk
АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 10.04.2025
Бүгін Құрылысшылар күні қарсаңында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев барлық автожол саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.Ол өз сөзінде барлық автожол саласы қызметкерлерінің еңбегімен жеткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы автожол саласының даму жетістіктеріне тоқталды.Айталық, Тәуелсіздік жылдарында республикалық маңыздағы 10 мың шақырым автожол реконструкцияланған. Алғашқы Астана-Щучинск (221 км) автобаны салынды. Астана-Қостанай-Челябинск, Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы, Көкшетау – Петропавл, Павлодар – Омбы және Атырау-Бейнеу автомобиль жолдары реконструкцияланды.2009-2016 жылдар кезеңінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (2 452 км) халықаралық транзиттік дәлізі мега-жобасы сылынды.2013 жылдан бері Астананы еліміздің барлық өңірімен байланыстыратын Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.Мінсіз жұмысымен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне байланысты «Еңбек ардагері» медалімен «Госэкспертиза» РМК сектор басшысы Александр Соколов, «Госэкспертиза» РМК сектор сарапшысы Наталия Заиченко марапатталды.Сонымен қатар, «Госэкспертиза» РМК бөлім бастығы Елена Рихтер, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Қасымқұмар Ибраимов, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Галина Шарапова, «Ирмаст-А» ЖШС директоры Айдар Жүнісов, «Жан-Бота Транс Сервис» ЖШС директоры Жаныспай Сәрсенов «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапатталды.Ал, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ департаментінің директоры Дмитрий Бессоновке Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрмет грамотасы берілді. «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Әдемі Қонаева, «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Қанат Қалменов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас маманы Мұрат Мықтыбаев төрағаның Құрмет грамотасымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11414?lang=kk