Әлем
Астанада 125 сарбаз Отан алдында ант берді 04.08.2025
Елордадағы Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметке жаңадан шақырылған жас сарбаздардың салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл — олардың әскери өміріндегі алғашқы маңызды кезең ғана емес, сондай-ақ Отанды қорғау жолындағы жоғары жауапкершіліктің символына айналды.Биыл әскери бөлімге Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Қостанай және Павлодар облыстарынан 125 жас сарбаз келіп қосылды. Мемлекеттік Әнұран үнімен ата-аналарының, ардагерлер мен командирлердің алдында олар әскери борышын адал атқаруға салтанатты түрде ант берді.Әскери бөлім командирі, полковник Ерлан Буранбаев өз сөзінде әскери анттың Отан қорғаушы болуға бастайтын қасиетті жол екенін атап өтті:— Бүгіннен бастап сіздер — Ұлттық ұланның сарбаздарысыздар. Сіздер халық, ата-ана және ар-ұждан алдында адал болуға ант бердіңіздер. Тәртіп, адалдық пен ерлік — бұл жай ғана сөздер емес, бұл — сіздердің қызметтеріңіздің мәні.Қатардағы Расул Сапарбек шырқаған «Ана» әні ерекше әсерге бөледі. Әсіресе баласын әскерге шығарып салған аналардың жүрегін тербеді.— Құқықтық тәртіп әскеріндегі қызмет — бұл өмір мектебі. Әрқайсыңыздың өзін тек жақсы жағынан көрсетіп, нағыз жауынгер ретінде шыңдалып шығатыныңызға сенемін, — деді оқу пунктінің бастығы подполковник Бахтияр Әубәкіров.Салтанатты шарада 6636 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы подполковник Феликс Дульский мен запастағы майор Инсафитдин Гареев сөз сөйлеп, жас сарбаздарға рух биіктігін, төзімділік пен әскери антқа адал болуларын тіледі.Мемлекеттік күзет қызметінің полковнигі, таулы Қарабахтағы ұрыстардың қатысушысы Евгений Лавренюк жас сарбаздарға арнаған сөзінде әскердегі қызметтің маңызын атап өтіп, өз жауынгерлік тәжірибесімен бөлісті. Ол әскерде ең маңыздысы — бірлік, өзара қолдау мен өз күшіңе сену екенін айтты. Ұлттық ұландағы қызмет жас сарбаздар үшін ерлік пен өмір мектебі боларына сенім білдірді.Жас сарбаздардың бірінің әжесі — Зақыт Калямова ата-аналар мен туыстар атынан сөз сөйлеп, жасөспірімдердің азаматтық жолға аяқ басқанына мақтаныш білдіріп, сарбаздарға мықты денсаулық, табысты қызмет пен абыроймен елге оралуын тіледі.Шара соңында 2025 жылдың 1-шақырылымындағы сарбаздар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінен көрсетілім өткізді. Сонымен қатар, Ұлттық ұланның Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесі ерекше атап өтуге тұрарлық. Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін сарбаздар мен ата-аналар естелік суретке түсті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1044915?lang=kk
КӘСІПОДАҚТАР ҮЙІНДЕГІ КЕҢЕС: ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҮШІН ДИАЛОГ 04.08.2025
2025 жылғы 1 тамызда Кәсіподақтар үйінде бірлескен кеңес өтті, оның жұмысына: Департамент басшысы Темірхан Еран Темірханұлы, Аронова Ирина Петровна "Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы" ТОП төрағасы, Сюндиков Қайрат Жанділдіұлы – "Қостанай облысы бойынша әкім аппараты" ММ Әдеп жөніндегі уәкілі, Ахметқали Арман Уәлиханұлы-Директор қатысты республикалық ғылыми-зерттеу филиалының еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының өкілдері; салалық және жергілікті кәсіподақтардың өкілдері.Кездесудің мақсаты-еңбек заңнамасын сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау, инспекция мен кәсіподақтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын бірлесіп қорғау тетіктерін әзірлеу.Кездесу соңында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жалақыны уақтылы төлеу, еңбекті қорғау сапасын арттыру және цифрлық бақылау құралдарын енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар әрбір қызметкер үшін лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға және өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1044855?lang=kk
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен келіссөз жүргізді 04.08.2025
Алматы, 2025 жылғы 3 тамыз - Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келген Бас хатшыға ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы қарсаңындағы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан мәртебелі мейманның Алматыға арнайы келгенін атап өтті. Бұл сапардың еліміз үшін мәні зор әрі Ұйымның орнықты даму күн тәртібіне бейілдігін көрсетеді.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азияда орнықты даму мақсаттарына арналған алғашқы орталықтың ашылуы – бүкіл аймақ үшін айтулы жетістік.– Осы бастаманы қолдағаныңыз үшін Сізге және Сіздің ұжымыңызға өзімнің, сондай-ақ Қазақстан халқының атынан алғыс айтамын. Сіздің дер кезінде қолға алған әрі келешекті ойлаған UN80 бастамаңызды жоғары бағалаймын. Қазақстан ұйымды реформалау жолындағы іс-әрекеттеріңізді толық қолдайды. Осы ретте еліміздің Ұйым қызметінің негізінде жатқан мультилатерализм, дипломатия және ынтымақтастық қағидаттарына әрдайым бейіл екенін тағы да растаймын, – деді Президент.Антониу Гутерриш қонақжайлық танытқаны үшін ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесіне ерекше тоқталды.– Қазақстан – бейбітшілік пен диалог символы, халықтар арасындағы алтын көпір әрі көптеген жағдайда әділ мәмілегер екенін көрсетіп келеді. Бұған осыдан ондаған жыл бұрын ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешім негіз қалады. Бұл шын мәнінде бүкіл әлем үшін өнегелі іс болды. Өркениеттердің қақтығысы туралы сөз қозғалғанда, Қазақстан өз тәжірибесі арқылы түрлі діндер және мәдениет өкілдері арасында диалог пен ынтымақтастық орнату мүмкін екенін дәлелдеді. Бұл Сіздің бастамаларыңыздан анық байқалады. Сіздер әрдайым әлемді ауызбіршілік пен бауырластыққа үндеп келесіздер, – деді Бас хатшы.Кездесуде БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы қызметінің перспективасы, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі, халықаралық және өңірлік күн тәртібі, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1044856?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды 04.08.2025
Алматы, 2025 жылғы 3 тамыз - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі осы айтулы іс-шараға қатысқаны үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке ризашылығын білдірді.Президент бүгінгі іс-шараның Қазақстан ғана емес, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де елеулі сипатқа ие екенін атап өтті. Бұл оқиға дүниежүзілік картада өте салмақты акторға айналып келе жатқан Орталық Азияның маңызы жөнінде халықаралық қоғамдастыққа айқын белгі бергенін жеткізді.Мемлекет басшысының айтуынша, қол қойылған келісім арқылы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталықтың құрылуы ресми түрде бекітілді. Бұл – Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықтың маңызды кезеңі.– Геосаяси дүрбелеңдер мен қақтығыстар белең алып, климаттық өзгерістер күрделенген және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген шақта Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда басты рөл атқаруға тиіс. Қазақстан үшін БҰҰ халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала береді. Еліміз Ұйымға кірген сәттен бастап, 33 жыл бойы халықаралық қоғамдастықтың жауапты, белсенді әрі бейбітсүйгіш мүшесі екенін жан-жақты танытып келеді, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.– Бүгінде Орталық Азия бірлігі бекем және тату көршілік пен ортақ прогресс қағидаттарына бейіл өңір екенін паш етіп келеді. Аймақ елдері саяси және әлеуметтік реформалар жүргізіп, экономиканы әртараптандыру бойынша батыл шаралар қабылдап жатыр. Адам капиталын дамытуға күш салып, анағұрлым инклюзивті институттар құруды қолға алды. Біз халықаралық өзекті мәселелерді шешуге белсенді араласатын мәмілегер ретінде Орталық Азияның әлеуетін ашуға және жаһандық аренада конструктивті әрі келешекті көздеген күн тәртібін дәйекті түрде ілгерілетуге ұмтыламыз. Осы орайда Алматы қаласында БҰҰ өңірлік орталығын ашу уақтылы және стратегиялық тұрғыдан маңызды қадам болып отыр, – деді Мемлекет басшысы.Президент Орталық аймақтағы елдер экономикасының орнықтылығы мен қарқынын күшейтуге, өңірлік инновацияны дамытуға және ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған үйлесімді іс-қимылдар катализаторы болады деп пайымдайды.– Аталған Орталықтың құзыреті мен функциялары аймақтағы немесе одан тысқары жерлердегі басқа ұйымдардың қызметін қайталамайды. Керісінше, Орталық аймақ халқының нақты сұранысына назар аударудың арқасында қабылданып жатқан шараларды толықтырып, оның мән-мазмұнын арттыра түседі. Арал теңізіндегі экологиялық дағдарыс пен Каспий теңізінің тартылуы сияқты Орталық Азия проблемалары баршаға белгілі. Бұл түйткілдердің тиімді шешімін табу үшін өңірлік ықпалдастықты нығайтып, оған Біріккен Ұлттар Ұйымын белсенді түрде тарту қажет. Осы ретте Қазақстан келесі жылдың сәуір айында Астанада БҰҰ агенттіктерімен бірге Өңірлік экологиялық саммит өткізеді, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ауғанстанның бейбіт өмірі мен орнықты дамуы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызға ие.– Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, сауда-саттықты жандандыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бастамалар арқылы ауған халқына қолдау көрсетуді жалғастырады. Екі ел арасындағы сауда көлемі ұдайы өсіп келеді. Біз Ауғанстанның бейбіт тіршілігі мен дамуы қатар жүруі керек деп санаймыз. Адамның қадір-қасиеті мен халықаралық құқық бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды қамтамасыз етуге күш жұмылдырмайынша, тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін емес, – деді Президент.Мемлекет басшысы Қазақстан Орнықты даму мақсаттарын өзінің ұлттық стратегиясының басымдықтары ретінде қарастыратынын айтты.– Жетістіктеріміз көп. Алайда біз экономикалық дамуды жеделдетуге және азаматтарымыздың құқықтық қажеттіліктерін өтеуге қатысты жоспарларымызды қалайда іске асыруымыз керек. Мақсатымыз – жан-жақты экономикалық реформа жүргізу, заң мен тәртіп үстемдігіне негізделген қоғам құру ісінде Қазақстанның аймақтағы жетекші рөлін сақтап қалу. Біз адамның негізгі құқықтарын қамтамасыз ететін, жоғары экологиялық стандарттарды сақтайтын Әділетті мемлекет құрғымыз келеді. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні одан әрі дамытуға баса мән береміз. Сондай-ақ Қазақстанды халықаралық жүк тасымалы бойынша еуразиялық хабқа айналдыру үшін әртараптандырылған көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға күш саламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент ортақ игілікке қол жеткізу үшін үкіметті, азаматтық қоғамды және жеке секторды бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Тек соның арқасында Орталық Азия шын мәнінде тұрақтылықтың, мүмкіндіктер мен орнықты өсімнің мекені ретінде дами алады.Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, осындай қилы кезеңде жоғары дипломатия мен көшбасшылық үлгісін көрсетіп келе жатқан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке алғыс айтты. Президент еліміздің Ұйым Бас хатшысының бастамаларына алдағы уақытта да қолдау білдіретінін жеткізді.Антониу Гутерриш барлық қатысушыға ықылас танытып, аталған Орталықты ашу арқылы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өңір үшін жаңа кезеңнің басталғанын айтты.– Бұл ортақ басымдықтар мен бірлескен шешімдерге негізделген Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірін білдіреді. Аталған Орталық аймақ көшбасшылары арасындағы берік байланыстардың жан-жақты экономикалық интеграцияға қалай ұласатынын көрсететіндей әлеуетке ие. Мен Президент Тоқаевтың сарабдал саясаты мен көшбасшылығын жоғары бағалаймын. Оның бастамалары әлемдік тәртіпте рөлі артып келе жатқан Орталық Азияның жаңа келбетін қалыптастыруға ықпал етуде, – деді Бас хатшы.Сондай-ақ Антониу Гутерриш Түркіменстанда өтетін теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясы қарсаңында Алматыға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.– Орталық осындай мемлекеттер үшін іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруда жаңашыл тәсіл ұсына алады. Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды. Біз мұны сенімді түрде айта аламыз. Автокөлік және темір жол дәліздері, талшықты-оптикалық желілері арқасында Қазақстан жаһандық сауда жүйесінің, әлемдік логистиканың, көлік және телекоммуникацияның орталығына айналды. Сіздердің елдеріңіз шын мәнінде Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы көпір болып отыр, – деді Антониу Гутерриш.Бас хатшы сөзінің соңында Қазақстанның ішкі саяси бағдары мен сыртқы саясатына жоғары баға берді.– Қазақстанға шын жүректен тәнтімін. Мен үшін Қазақстан –даналықтың символы, халықтар арасына дәнекер болып, бейбітшілікке үндейтін ел. Бұл – түрлі этнос пен дін өкілдері бас қосып, ортақ келешекке апаратын жолды бірге іздейтін мекен. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын ешқашан ұмытпаймын. Осы шешімнің нәтижесінде Сіздердің елдеріңіз бейбітшілік пен қарусызданудың символына айналды. Бүгінгі таңда бұл өте өзекті. Қазақстан әрдайым парасаттылық танытқан әрі сол биігінде қалады. Өкінішке қарай, қазіргі әлемге осындай байыпты ұстаным жетпей тұр, – деді Антониу Гутерриш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1044857?lang=kk
Ұлттық ұланның курсант қыздары әскери дәрігер мамандығын таңдады 03.08.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан Академиясында салтанатты түрде 30-дан астам курсант әскери ант берді. Олар Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының әскери оқу орындарына оқуға қабылданған. Барлығы халықаралық келісімдер аясында конкурс арқылы іріктелді.Биылғы шарада ерекше назарға іліккен қос ару да қатардағы курсанттармен бірге ант қабылдады. Олар – құқықтық тәртіп әскері қатарынан әскери-медициналық бағыт бойынша оқуға жіберілген төртінші лектің өкілдері. Алда оларды Санкт-Петербургте бірнеше жылдық оқу күтіп тұр. Бұл – әскери дәрігер болуды таңдаған олардың кәсіби бағыты. Бұл таңдау Қазақстан қыздарының да ер азаматтармен тең дәрежеде абыроймен қызмет атқаруға, маңызды да патриоттық мамандықтарды таңдауға дайын екендігін дәлелдейді.Салтанатты жиында Академия бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Ерден Балғымбаев бірінші курс курсанттарына құттықтау сөз арнады. Ол өз сөзінде бұл сәттің маңыздылығын атап өтті.– Ант қабылдау арқылы сіздер Ұлттық ұланның толыққанды жеке құрамы қатарына қосылдыңыздар. Сіздерге шет мемлекеттерде Қазақстан атынан білім алу мәртебесі бұйырды. Сіздердің оқудағы белсенділіктеріңіз бен күнделікті тәртіптеріңіз арқылы өзге елдер біздің мемлекетіміз туралы пікір қалыптастырады, – деді Ерден Балғымбаев.Сондай-ақ, Петропавл қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Тәтваев та жас сарбаздарға ақ жол тіледі.– Әскери ант – әрқайсыңыз үшін өмір бойы моральдық және адамгершілік бағдар болуы тиіс. Оны курсанттық кезеңде де, кейін офицер болғанда да адал ұстану қажет. Әскери антқа адал болыңыздар, Қазақстан халқының бейбіт еңбегін қорғау жолындағы борыштарыңызды абыроймен орындаңыздар. Офицер болу – арман ғана емес, ол – мәртебелі әрі абзал міндет. Бұл – нағыз отаншыл, ержүрек адамдардың кәсібі, – деді И. Тәтваев.Жас курсанттар атынан Азамат Тұрсынханов сөз сөйлеп, көрсетілген сенім үшін алғыс білдірді. Ол шетелдік оқу орындарында Қазақстанның абыройын лайықты қорғауға уәде берді.Осылайша, бұл күн болашақ офицерлер үшін маңызды жолдың бастамасы болды. Ант олар үшін тек ресми рәсім ғана емес, нақты әрекетке итермелейтін бағыт, моральдық бағдар және Отанға адалдықтың белгісі болмақ. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1044807?lang=kk
Ұландық сарбаздар ҚР ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды 03.08.2025
2025 жылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында спорттық самбодан жарыстар өтті. Шараны ФСО «Динамо» орталық спорт қоғамы ұйымдастырды. Бүкіл ел бойынша 150-ден астам спортшыдан құралған 25 команда қатысты.Ұлттық ұлан құрамасы алғаш рет тарихта айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын алды. Олар ІІМ командасын (2-орын) және ФСО «Динамо» командасын (3-орын) артта қалдырды.Ұлттық ұлан сарбаздарының жекелей нәтижелері:58 келі – 1 орын📍қатардағы жауынгер Әділет Елемесов (5451 әскери бөлім);64 келі – 1 орын📍қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Нүрсейітов (6654 әскери бөлім);71 келі – 3 орын📍қатардағы жауынгер Махамбет Қонысбаев (3660 әскери бөлім);79 келі – 1 орын📍 қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынов (5573 әскери бөлім);88 келі – 2 орын📍 қатардағы жауынгер Азат Қуанов (6655 әскери бөлім);98 келі – 1 орын📍 қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев (6636 әскери бөлім);+98 келі – 1 орын📍қатардағы жауынгер Санжар Жабборов (5573 әскери бөлім). Бұл жеңіс – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары физикалық дайындығының, жауынгерлік рухы мен кәсіби шеберлігінің жарқын дәлелі. Олар беделді жарыстарда Ішкі істер министрлігін абыройын асқақтатып жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1044808?lang=kk
Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты 03.08.2025
Шолпан-Ата, 2025 жылғы 2 тамыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті, ол саяси диалогтың тұрақты нығаюымен және жан-жақты өзара іс-қимылдың кеңеюімен сипатталады.ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың жаңа сапалы деңгейіне көтерілгенін атап өтті.«Қазақстан бауырлас Қырғызстанмен өзара құрмет, сенім және мүдделерді ескеру қағидаттарына негізделген одақтастық қатынастарды тереңдетуге берік бейілді. Біз ұзақ мерзімді серіктестікті құруда осы мақсаттарды басшылыққа аламыз», – деді М.Нұртілеу.Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары соңғы жылдары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын жан-жақты талқылады, сондай-ақ парламентаралық, үкіметаралық және өңіраралық байланыстарды нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапарына және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің жетінші отырысын өткізуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің перспективалары жеке қаралды. Қазақстан Қырғызстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарына тұрақты түрде кіреді.Мемлекет басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында министрлер экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге, өзара сауда көлемін 3 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға жан-жақты жәрдемдесуге уағдаласты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд АҚШ долларын құрады.2026 жылы қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен жобасының іске қосылуы, бірлескен инвестициялық жобаларды пысықтау маңызды екені аталып өтті.Министрлер ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап, энергетика, көлік, логистика, су қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларында өзара тиімді іс-қимылды дамытуға дайын екенін білдірді.Екі мемлекет арасындағы берік және ұзақ мерзімді қатынастардың негізі – мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері жеке қаралды. Өткен жылы Қазақстанда Қырғызстан мәдениетінің күндері және ауқымды іс-шаралар сәтті өтті.Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының Қырғызстанға ресми сапары қарсаңында Қазақстан киносы күндерін, үшінші қазақ-қырғыз жастар форумын өткізу, сондай-ақ Бішкекте «Алтын достық көпірі» ескерткішін салтанатты ашу жоспарланып отыр.Кездесу барысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді». БҰҰ аясындағы тығыз өзара іс-қимылға, сондай-ақ екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілетуде өзара қолдау көрсетуге бейілділік расталды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары Жоғары мемлекетаралық кеңестің жетінші отырысының «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кешенді жоспарын бекіту туралы» шешімін және Ынтымақтастықтың кешенді жоспарын дәйектеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1044812?lang=kk
Жаңаөзенде қала әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті 03.08.2025
Бүгін, 1 тамыз күні Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өткізілді.Кеңес барысында қала мен облыс әкімінің әртүрлі жиналыстарында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы мен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен депутаттық сауалдардың қаралу жайы қаралды.Кеңесте Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Молдабеков пен құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Орынбеков баяндама жасап, өз салалары бойынша есеп берді.Аппараттық кеңес барысында қала басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Taza Qazaqstan» телеграм-ботын тұрғындар арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, халық арасындағы тазалық мәдениетін арттыру – тек тұрғындардың емес, барлық мекемелер мен ұйымдардың ортақ міндеті екенін атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстардың мардымсыз жүргізілуіне байланысты тиісті мекеме басшыларына қатаң ескерту жасалды.Қала әкімі Рахат ауылындағы санитарлық жағдайдың төмендігін атап өтіп, тазалық жұмыстарының жүйесіз жүргізілуіне байланысты Рахат ауылының әкімі Райымбек Сырымовқа сөгіс жариялады. Ауыл аумағындағы тазалықты күшейтіп, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.Жансейіт Қайнарбаев бақылауда тұрған тапсырмалардың орындалу барысына назар аударып, барлық жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне хаттамалық тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындауды, көтерілген мәселелерге ерекше мән беруді және тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1044813?lang=kk
«Абай мұрасы – халық ұлағаты: сөз өнері мен рухтың үндестігі» 03.08.2025
Қостанай облыстық Л. Н. Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты ашық микрофон кеші өтті.Бұл іс-шара ұлы ойшылдың мерейтойына арналған онкүндік аясында ұйымдастырылып, ақын шығармашылығына бейжай қарамайтын қостанайлықтар мен қонақтарды бір арнаға тоғыстырды. Кеш барысында «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты кең көлемді кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Онда Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сирек кездесетін және заманауи басылымдар қойылды.Әдеби кештің әсерлі сәттерінің бірі — «Қазына» және «Өркен» клубтарының мүшелері дайындаған «Оқудан қайтқан Абай» атты әдеби-музыкалық композиция болды. Көрермендер Абайдың терең ойға толы өлеңдерін, «Қара сөздерінен» үзінділерді тыңдап, сонымен қатар «Желсіз түнде жарық ай» мен «Көзімнің қарасы» сынды жүректерге жол тапқан әндерін тамашалады.Ашық микрофон алаңында Абай мұрасына құрметпен қарайтын кез келген қатысушы өз өнерін ортаға салды. Ақынға арналған өлеңдер оқылып, Абай дүниетанымының бүгінгі күнмен үндестігі жайлы ойлар айтылды. Жеке естеліктер мен шабытты сөздер кештің шынайы әрі жылы атмосферасын қалыптастырды.Бұл кеш тек Абайдың рухына тағзым ғана емес, сонымен қатар оның адамгершілік, білімге құштарлық және рухани кемелдік жайлы ойларының қазіргі қоғамда да өзектілігін айқындап берді. Абай мұрасы — ұлттың ұлағаты, өшпес өнегесі екені тағы бір мәрте дәлелденді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1044821?lang=kk
Тарихта таңбаланған ерлік: Бітімгерлік операциялар орталығында капитан Құдабаевқа арналған ескерткіш ашылды 03.08.2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында бейбітшілік пен қауіпсіздік жолында өмірін қиған офицер капитан Қайрат Құдабаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Монумент Алматы облысындағы Нұрғиса Тілендиев ауылы маңында орналасқан «Бітімгер» оқу орталығының аумағына орнатылды. Капитан Құдабаев – Ирактағы бітімгерлік миссияны орындау кезінде қаза тапқан қазақстандық жалғыз әскери қызметші.2005 жылғы 9 қаңтарда Васит провинциясында оқ-дәрілерді эвакуациялау операциясы барысында жарылыс болды. Ол өз өмірін құрбан етіп, қарулас достарын аман алып қалды. Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін оған I дәрежелі «Айбын» ордені (қайтыс болғаннан кейін) және бірқатар халықаралық марапаттар берілді.Салтанатты рәсімге Бітімгерлік операциялар орталығының басшылығы, Қазақстан Республикасы жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлері одағының өкілдері, әріптестері мен Қайраттың туыстары қатысты. Қатысушылар батырдың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.Салтанатты бөлімнен кейін қонақтар Бітімгер музейіне барды. Онда капитан Қайрат Құдабаевқа арналған арнайы экспозициялық бұрыш жасалған. Мұнда оның жеке заттары, фотосуреттері, марапаттары, қызметі мен ерлігі жайлы баяндайтын мұрағаттық материалдар жинақталған.– Бүгін Қайрат арамыздан кеткеніне тура 20 жыл толып отыр. Біз оның күлімсіреген жүзін, мейірімділігін, айналасына сыйлаған жылулығын ұмытпаймыз. Оның бұл дүниеден кетуі – отбасымыз үшін, әсіресе анамыз үшін ауыр соққы болды. Қаһарманды құрметтеп, оның ерлігін ұмыт қалдырмағаны үшін Жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлері одағы мен Орталық басшылығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз, – деді батырдың ағасы Бауыржан Құдабаев.Салтанатты шара барысында ескерткіштің орнатылуына белсенді атсалысқан Орталықтың әскери қызметшілеріне Ардагерлер одағы атынан естелік медальдар табысталды.Капитан Қайрат Құдабаевтың есімі – ерлік, ар-намыс пен антына адалдықтың символы ретінде қазақстандық бітімгерлік тарихына мәңгілікке жазылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1044822?lang=kk
LAYS чипстеріне арналған картоп Райымбек ауданында өсіріледі 03.08.2025
Райымбек ауданының аңғарында енді LAYS чипстерін өндіруге арналған арнайы картоп өсірілмек. Бұл жұмыспен 2023 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен сервистік орталық ретінде құрылған «Алтын Дән» ЖШС айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын өңірдегі аграрлық саланың дамуына жаңа серпін беріп отыр.Бүгінде серіктестік 150 гектар алқапқа картоп егіп, суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару технологиясын қолдануда. Сонымен қатар, Қарой жазығында 1500 гектар жерге дәнді дақылдар себілген.Кәсіпорында 20-дан астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Егіс науқаны кезінде жұмыс орындарының саны арта түседі.Маңызды жетістіктердің бірі — халықаралық PEPSICO компаниясымен әріптестік орнатылып, чипске арналған арнайы тұқымдарды сынақтан өткізу. Бұл тұқымдар шетелден жеткізіліп, Райымбек ауданының аңғарында өсіріледі. Өнім сапасы білікті агрономдар мен сала мамандарының тұрақты бақылауында.Картоп пен дәнді дақылдарды өңдеуге арналған заманауи 20-ға жуық техника іске қосылған. Өнім Алматы облысы мен Алматы қаласына жеткізіледі, ал арнайы тұқымнан алынған картоп PEPSICO компаниясына жөнелтіледі.Жалпы, Райымбек ауданында биыл 13 200 гектар жерге дәнді дақылдар, 2 500 гектарға картоп егу жоспарланған.Бұл – өңір ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық нарыққа шығуға бағытталған нақты қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044825?lang=kk
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Белозеровтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті 03.08.2025
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Дмитриевич Белозеровты 100 жасқа толуымен салтанатты жағдайда құттықтады. Бұл айтулы күн тек отбасы үшін ғана емес, бүкіл офицерлік қауымдастық үшін де маңызды оқиға болды.Ардагерді мерейтойымен құттықтау үшін оның үйіне Бостандық аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың әскери қызметшілері, полковник Арман Тұрғанбаевтың жетекшілігімен келді. Оларға Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың өкілдері қосылды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан ардагерге құттықтау хаты табысталды. Сондай-ақ, әскери оркестр соғыс жылдарының әуендерін орындап, мерейтой иесіне ерекше әсер сыйлады.Владимир Дмитриевич 1925 жылы 3 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол теміржол училищесінде оқып жүрген. 1943 жылы, небәрі 17 жасында, әскер қатарына шақырылып, Барнауыл жаяу әскер училищесіне түскен. Алайда оқуын аяқтамай, майданға жіберіледі. Ол 3-Украин майданының 92-гвардиялық дивизиясына қарасты 280-атқыштар полкінің құрамында шайқасты. Алғашқы ұрыстарын Украина жерінде бастан кешіріп, ең ауыр сынақтардың бірі – Днепр өзенінен өту кезінде басынан ауыр жарақат алған. Ұзақ емделуден кейін денсаулығына байланысты әскерден босатылады.Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Владимир Белозеров «Қызыл Жұлдыз» және екінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. Соғыстан кейін Мәскеу индустриалдық институтын тәмамдап, Алматыдағы құрылыс материалдары комбинатында цех бастығы болып ширек ғасырдан астам еңбек етті.Бүгінде мерейтой иесі белсенді өмір сүруде: күнделікті дене шынықтырумен айналысады, жиі серуендеп, шахмат ойнайды, ақыл-ойы сергек, рухы мықты. Әскери қызметшілер мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері Владимир Дмитриевичке тұрақты түрде келіп, оның Жеңіске қосқан үлесі мен Отанға адалдығына алғыс білдіріп отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1044833?lang=kk
Балқаш ауданында 3,4 мың тоннадан астам астық жиналды 02.08.2025
Балқаш ауданының диқандары 1900 гектарға жуық астық алқабын орып бітірді. Орташа өнімділік — гектарынан 18 центнер. Бүгінгі таңда 3400 тоннадан астам астық жиналып, бұл өңір үшін жақсы нәтиже саналады.«Биыл алғаш рет тыңайтқыш шашуға дрон қолдандық — бірден әсері білінді», — деп бөлісті ауданның бас агрономы Бекболат Қалдыбаев.Аудан заманауи агротехнологияларға басымдық беріп отыр. Қазірдің өзінде өнімділікті арттырып, климатқа төзімділікті күшейту үшін цифрлық шешімдерді кеңейту мәселесі қарастырылуда.Қысқа 6 мың тоннаға жуық шөп дайындалдыБалқаш ауданында мал азығын дайындау қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда шамамен 6 мың тонна шөп жиналған. Биыл мал азығы дақылдарына 16 мың гектар жер бөлінді — бұл егістік көлемінің жартысынан астамы.«Қыс маусымын қиындықсыз өткізу үшін бәрін алдын ала есептеп, жоспарлаймыз», — деді аудан әкімінің орынбасары Алмас Есенов.Қысқа дайындық — ауыл тұрғындары үшін басты міндеттердің бірі. Билік өкілдері фермерлерге субсидия мен техника арқылы қолдау көрсетілетінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044790?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті 02.08.2025
2025 жылғы 2 тамызда Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларын қамтып, қоршаған ортаны қорғау ісіне бейжай қарамайтын мыңдаған азаматты біріктірді.Сенбілікке барлығы 28 977 адам қатысты. Оның ішінде 5 437 мемлекеттік қызметші, 8 006 ерікті және 15 534 жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 28 арнайы техника бірлігі тартылды.Экологиялық акция барысында қатысушылар 95 гектар аумақты тазалап, 108 тонна қоқыс жинады. Барлық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды.Аталған шара халықтың экологиялық мәдениетінің жоғары екенін және жергілікті билік, еріктілер мен тұрғындардың үйлесімді әрекет етуінің тиімділігін көрсетті. Мұндай сенбіліктер тек аумақтың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, табиғатқа деген жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына да оң әсерін тигізеді.Алдағы уақытта да Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жалғасып, бұл іске одан да көп тұрғындар мен ұйымдар тартылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044785?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің әскери колледждеріне құжаттарды қабылдау басталды 02.08.2025
ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылатын бес білім беру мекемесі бар.Бұлар – Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж, Шымкент қаласындағы Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж, Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж, Қарағанды қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж және Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі.Онда 9 сынып базасында оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Денсаулық жағдайы бойынша жарамды үміткерлер колледжге 1-5 тамыз аралығында құжаттарды тапсыру үшін келеді. Қабылдау 5-20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.Осы кезеңде өтініш берушілер кәсіби-психологиялық іріктеуден, түпкілікті медициналық куәландырудан, нормативтер бойынша дене дайындығын тексеруден өтеді. Соңғы кезең конкурстық іріктеу мен қабылдауды қамтиды.Аттестаттың орташа балы кемінде 3 болатын білімі туралы құжаты бар, емханада медициналық тексеруден өткен оқуға түсушілер оқу орнына 30 шілдеге дейін келеді.Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі 11 сынып базасында кәсіби сержанттар дайындайды. Бұл жағдайда оқу бір жыл 10 айға созылады.Конкурстан тыс қабылдау құқығын әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру кезінде хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары, «Алтын белгі» белгісімен марапатталған кандидаттар, соңғы үш жылдағы халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға қатысушылар және спорттық жарыстардың жеңімпаздары пайдаланады.Әскери колледжге қабылдау конкурсын өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, әскери даярлық жөніндегі қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының түлектеріне басымдық беріледі. «Дене шынықтыру және әскери істегі спорт» мамандығы бойынша әскери-спорт колледжіне оқуға түсу кезінде спорт шебері, спорт шеберіне кандидат спорттық атақтары, соңғы үш жылда олимпиадалар мен спартакиадалардың чемпионы атанған жастарға артықшылық беріледі.Қабылдау кезеңінде талапкерлер оқу орнының аумағына орналасады және тамақпен қамтамасыз етіледі. Әскери колледжге қабылданғандар оқуға 29 тамызға дейін келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1044784?lang=kk
Қоғамдық қорғаушы тергеу изоляторында отырған ұлына тыйым салынған затты бермек болғаны үшін әшкереленді 02.08.2025
Астаналық тұрғынды зорлады деген күдікке іліккен адамның анасы, яғни қоғамдық қорғаушы, тергеу изоляторында отырған ұлына келуге келген. Кездесу барысында ол ұялы телефонды аяқ киімінің табанына жасырып, оны ұлына беруге тырысқан. Бұл құқықбұзушылық бейнебақылау камералары арқылы тіркелді.Аталған азаматшаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде ескерту жасалып келе жатқанына қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды режимдік нысандар аумағына өткізбек болып, заң бұзушылықтарға жол беруді жалғастыруда.Мәселен, Павлодар қаласындағы тергеу изоляторында қызметкерлер ұялы телефон, қуаттағыш құрылғы мен құлаққапты өткізу әрекетінің жолын кесті. 39 жастағы тергеудегі азаматқа арналған сәлемдемені тексеру кезінде техникалық құрылғылар торттың ішіне жасырып қойылғаны анықталды. Сәлемдеме әкелген Павлодар тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.Осыған ұқсас оқиға Қызылорда қаласында да тіркелді: сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлер кір сабынның ішіне жасырылған ұялы телефонды тапты.– Кездесуге келетін барлық азаматтарға тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттері үшін жауапкершілік қарастырылғаны түсіндіріледі. Мекемелерде орнатылған рентген-аппараттар арқылы ұялы телефон, есірткі және психотроптық заттарды жылдам анықтауға болады. Барлық азаматтар міндетті түрде тексеріледі, – деді ҚАЖК режим, қадағалау және күзет басқармасының бастығы Берік Байкенов.Осы жылдың басынан бері ҚАЖ қызметкерлері ұялы телефонды өткізуге бағытталған 346 әрекеттің жолын кесті, 58 литрден астам алкоголь өнімі, 10 килограмнан астам есірткі тәркіленді. Әкімшілік жауапкершілікке 128 азамат тартылды, олардың арасында қоғамдық қорғаушылар мен адвокаттар да бар. Тағы 20-дан астам іс сот қарауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1044768?lang=kk
Ұлттық ұлан сарбазы Абайдың 50 өлеңін жатқа біледі 02.08.2025
Абай күні қарсаңында Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаздар рухани мұраны ұлықтауды ұмыт қалдырған жоқ. Мегаполистің тыныштығын күзетіп жүрген қатардағы жауынгерлердің арасында Абай шығармашылығына жастайынан құмар болып өскен жігіттер бар. Солардың бірі – қатардағы Бақытжан Артықбай.Бала күнінен әдебиетке әуес болған Бақытжан бастауыш сыныптан бастап Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жаттап өскен. Кейін республикалық Абай оқуларына қатысып, бас жүлдені қанжығалаған. Бүгінде ол Абайдың 50-ден астам өлеңін жатқа біледі.– Абайдың сөзі – адамгершілік пен парасаттың мектебі. Қатарыммен сап түзеп, ел тыныштығын күзетіп жүргеніммен, бос уақытымда Абай өлеңдерін қайталап, ішкі жан-дүниемді тәрбиелеуге тырысамын. Оның әр жолынан рухани тереңдік, тәрбие мен тағылым сезіледі, – дейді ұландық.Ұлттық ұлан сапында Абай мұрасын қадір тұтатын тағы бір сарбаз – қатардағы Жұлдызбек Ромашев. Ол да Абай оқуларының республикалық деңгейдегі жүлдегері. Анасы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан, бала кезінен Абайдың өлеңдеріне қанық болып өскен.Бүгінде қос сарбаз тек әскери міндетпен шектелмей, руханиятқа да үлес қосып жүр. Абайдың асыл сөзін құрбы-құрдастары арасында дәріптеп, өлеңдерін жатқа айтып, елге ой салуда.Айта кетейік, биыл ұлы ақынның туғанына 180 жыл толады. Осы орайда Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде дәстүрлі Абай апталығы мен поэзия кештері ұйымдастырылады. #АБАЙКҮНІ#ДЕНЬАБАЯ ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1044765?lang=kk
Қазақстан делегациясы Хельсинки Қорытынды актісінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық конференцияға қатысты 02.08.2025
Хельсинки, 2025 жылғы 31 шілде–1 тамыз – ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Еркін Тұқымов бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) негізгі құжаты болып табылатын Хельсинки Қорытынды актісінің қабылданғанына елу жыл толуына арналған "Хельсинки+50" жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты.Финляндияның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымен ұйымдастырылған мерейтойлық іс-шараға қатысушы мемлекеттердің, ынтымақтастық жөніндегі әріптестердің, Ұйымның атқарушы құрылымдары мен Парламенттік Ассамблеясының, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың 1000-нан астам өкілдері, оның ішінде қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері қатысты."Мұраны құрметтеу, болашаққа дайындалу" ұранымен өткен Конференция азаматтық қоғамның рөліне ерекше назар аудара отырып, жан-жақты қауіпсіздіктің барлық аспектілері бойынша өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінің мұрасына құрмет көрсетті және маңызды геосаяси сын-қатерлер кезінде оның принциптерінің тұрақты өзектілігін растады.Конференцияны ашқан ЕҚЫҰ-ның Іс-басындағы төрайымы, Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтонен Ұйымның алдында тұрған қиындықтарға қарамастан, Хельсинки принциптері бұзылмайтынын атап өтті. Хельсинки Қорытынды актісінің мұрасы 1990 жылғы Жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясында, 1999 жылғы Стамбул еуропалық қауіпсіздік Хартиясында және 2010 жылғы Астана мерейтойлық декларациясында бекітілген тарихи міндеттемелерде өмір сүруді жалғастыруда."Сенімділікті нығайту шараларын ертерек қабылдаудан бастап, өз институттары мен далалық операциялардың жұмысына дейін ЕҚЫҰ қақтығыстардың алдын алуға, демократиялық дамуға, адам құқықтарын сақтауға және жанжалдан кейінгі татуласуға айтарлықтай үлес қосты", - деп атап өтті министр Валтонен.Іс-басындағы төрайым ЕҚЫҰ-ны неғұрлым функционалды және тұрақты ұйым ретінде қамтамасыз етуге шақырды. Осыған байланысты, іс-шара барысында Министр ЕҚЫҰ-ның ерікті қаржыландыруын пайдалануды жақсартуға бағытталған "Хельсинки+50" Қорының іске қосылатынын жариялады.Финляндия президенті Александр Стубб өз сөзінде адамдар, ынтымақтастық және диалог болашақта да еуропалық қауіпсіздіктің орталығында болады деп үміттенді. Ол бұл конференция мен әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың кең өкілдігі Финляндияның әртүрлі деңгейлерде еуропалық қауіпсіздікті нығайтуға деген ұмтылысын айғақтайтынын атап өтті.Конференция аясында Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ-ның болашағы туралы "Хельсинки+50" пікірталастарына қатысты, оның барысында қатысушылар ұйымның функционалдығын жақсарту жөніндегі бастамалар мен ұсыныстарды, сондай-ақ оны дамыту және Хельсинки Қорытынды актісінде белгіленген негізгі қағидаттарға бейілділігін сақтау перспективаларын талқылады.Жалпы, Конференцияға қатысушылар аймақтағы қиын геосаяси жағдайға қарамастан, ЕҚЫҰ инклюзивті диалог пен ұйым кеңістігіндегі дағдарыстық жағдайларды шешу үшін бірегей алаң болып қала беретінімен және қатысушы мемлекеттер арасындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін кең құралдар жиынтығына ие екендігімен бірауыздан келісті.Іс-шара аясында ҚР Президентінің арнайы өкілі Еркін Тұқымов бірқатар кездесулер, соның ішінде ЕҚЫҰ Бас хатшысы Фиридун Синирлиоглумен келісөздер өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1044731?lang=kk
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Білім министрі Наранбаяр Пүрэвсүрэнмен келіссөздері туралы 02.08.2025
Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 1 тамыз – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақыновтың Моңғолияның Білім министрі Наранбаяр Пүрэвсүрэнмен кездесуі өтті.Келіссөздер барысында А.Сейтақынов Қазақстанда білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар, ел аумағында жұмыс істеп жатқан жетекші шетелдік жоғары оқу орындары, сондай-ақ шетелдік студенттерге гранттар беру шаралары туралы ақпарат берді. Әңгіме барысында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде, Н.Пүрэвсүрэн Қазақстан Үкіметіне моңғол азаматтарына жыл сайын білім беру гранттарын ұсынғаны үшін алғысын білдіріп, бұл бастама адами капиталды дамытуға және екіжақты қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, тараптар бұл бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар белсенді диалогты жалғастырып, серіктестікті тереңдетуге, сондай-ақ білім беру саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар, форумдар, көрмелер, семинарлар мен басқа да бастамаларды өткізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1044732?lang=kk
Алматы облысы шетелдік БАҚ арасында тұрақты қызығушылық тудыруда 01.08.2025
Тек 2025 жылдың шілдесінде ғана аймаққа Ресей, Италия және Оңтүстік Кореяның түсірілім топтары келді. Журналистер мен тележүргізушілер Шарын каньоны, Қайыңды көлі, Көлсай көлдері, "Nomad" этноорталығы және "Oi-Qaragai" барлық маусымдық курорты сияқты жерлерде жұмыс істеді. Барлық сапарлар Мұқият ұйымдастырылды: көлік, эскорт, логистика және туристік орындарға қол жетімділік қамтамасыз етілді.Түсірілім топтары ұйымның деңгейіне толығымен риза болды. Аймақ туралы эпизодтар осы күзде және қыста Ресейде, Италияда және Оңтүстік Кореяда көрсетіледі, бұл Алматы облысының туристік әлеуетін халықаралық ілгерілетуге ықпал ететіні сөзсіз, — деп хабарлады өңірдің Туризм басқармасы.Оңтүстік Кореяның түсірілім тобы Алматы облысының ең көрікті жерлерін аралады. Екі күннің ішінде команда каньондардан өтіп, тауларға көтеріліп, ауыл өмірінің атмосферасына түсті. Мұның бәрі Оңтүстік Кореяның миллиондаған көрермендері осы күзде көретін танымал реалити-шоудың бөлігі.2025 жылғы 26-27 шілдеде Channel s телеарнасының түсірілім тобы Алматы облысында болды, онда "достарының көмегінсіз өз есебінен сапар" жобасының эпизодтарын түсірді. Шоуға қатысушылар Шарын каньонына, Көлсай көлдеріне, Қайыңды көліне және Саты ауылына барып, көрермендерге қазақстандық табиғаттың барлық күші мен сұлулығын көрсетті.Түсірілімге Оңтүстік Кореяның режиссері, операторы, үйлестірушісі және актерлері қатысты. Қонақтарды қабылдау және маршрутты ұйымдастыру жоғары деңгейде болды: өңірдің туристік ақпараттық орталығы ыңғайлы көлік, сүйемелдеу және толық логистикалық қолдау көрсетті. Сапардың барлық кезеңдері кесте бойынша өтті.Түсірілім Шарын қаласындағы Қамал алқабында серуендеуден басталды, содан кейін команда Саты ауылында түнеп, жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен дәстүрлерімен танысты. Келесі күні қонақтар Көлсай мен Қайыңдыға барып, бірегей табиғи ландшафттар мен туристік инфрақұрылымды түсірді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, Оңтүстік Корея жағы сапарға толығымен риза болды. Кадрлар 2025 жылдың күзінде Channel s арнасында көрсетіледі. Қазақстандық табиғатты шетелде миллиондаған көрермендер көреді-бұл Алматы облысын халықаралық экологиялық және этномәдени туризм орталығы ретінде ілгерілетудегі маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1044699?lang=kk