Enbekshi QazaQ

Әлем

Облыстық құлақтандыру жүйесін тексеру. 28.05.2025
 Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!  Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 22 мамырда сағат 09.00-де облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылатынын хабарлайды. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.Сонымен қатар Жетісу облысының ТЖД Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алғанда жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:- радио және теледидарды қосыңыз;- шұғыл хабарды тыңдаңыз;- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:- көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/999786?lang=kk
Алматылықтар әскерге шақырылушыларды салтанатты жағдайда шығарып салды 28.05.2025
Көктемгі әскерге шақырылған елу алматылық Қарағанды облысындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінде қызмет ететін болады. Жастарды әскерге қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, туыстары мен жақындары шығарып салды.– Қызмет барысында өз бойларыңдағы табандылық, төзімділік сияқты маңызды қасиеттерді дамыта аласыздар. Әскерде тәртіпке үйреніп, дене дайындығы тұрғысынан шыңдалып шығасыздар. Армия өмірге бейімделуге үйретеді, – деді Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Талғат Өзехан.Мерзімді әскери қызметке жіберілмес бұрын әскерге шақырылушылар үш күн бойы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қалалық жинақтау пунктінде болды. Олар медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден өтті. Әскери бөлімдердің өкілдерімен әңгімелесті.– Ұлым Радион әскери қызметін өтеуге еш ойланбастан келді. Бұл жерде алғашқы күннен жылы шырайлы қарым-қатынасты сезіндік. Кездесулер мен әңгімелдесуледің бәрі түсіністік жағдайында өтті. Ұлым үшін алаңдауға еш негіз жоқ, – деді шақырылушының анасы Ирина Кисель.Естеріңізге сала кетейік, осы көктемде әскерге 1500-ден астам алматылық шақырылады. Бүгінгі таңда 1000-нан астам жас мерзімді қызмет өткеру үшін әскери бөлімдерге жіберілді.Әскерге шақырылушылар Қорғаныс министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдерінде қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/999812?lang=kk
Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жеткізілді 28.05.2025
Оның өнімділігі шамамен 2 экзафлопсты құрайды. Бұл – Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде жинақталған.Суперкомпьютерді орнату және іске қосу оның үздіксіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Tier III сенімділік деңгейіндегі ЦДИАӨМ-тің жаңа деректер орталығында жүзеге асырылады. Бұл Президенттің өзінің цифрлық инфрақұрылымын құру және ұлттық AI-экожүйесін дамыту жөніндегі Жолдауын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам.Бұл бастама тек мамандар шеңберіне ғана емес, бүкіл елдің цифрлық экожүйесін дамытуға бағытталған. Мұндай қуаттылық бүгінде денсаулық сақтау, энергетика, білім беру және мемлекеттік қызметтер сияқты барлық салаларда қолданыс табуда.Ең бастысы — суперкомпьютер ресурстары баршаға қолжетімді болады. Оларға нейрондық желілерді оқыту үшін есептеу қуаты қажет стартаптар, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін университеттер, сондай-ақ жасанды интеллектті бизнес-процестерге енгізіп жатқан ғылыми орталықтар мен компаниялар қосыла алады.Суперкомпьютердің жеткізілуі Қазақстанда жоғары өнімді есептеулер экожүйесін дамытуға жол ашты. Айта кету керек, осының аясында Қазақстан алғаш рет жоғары технологиялық жабдықты кедендік баж бен ҚҚС-тан босату механизмін құрды. Бұл елімізді халықаралық IT-компаниялар мен деректер орталығы операторлары үшін әлдеқайда тартымды етеді.Айта кеткен жөн, Әбу-Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Зайд әл Нахаянның Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада Presight (G42) компаниясының шетелдік кеңсесінің ашылуы өтті. Сапар барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Presight компаниясы арасында елімізде суперкомпьютерлік кластер құру жөнінде келісімге қол қойылды.«Бұл — елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызы бар қадам. Ол Қазақстанның цифрлық егемендігін және ЖИ технологияларын дамыту мен жаһандық IT ойыншыларын тарту бағытындағы өңірлік көшбасшылығын нығайтады», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Бұл жоба — 2029 жылға дейінгі жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың маңызды элементі әрі Қазақстанның заманауи IT-инфрақұрылымын қалыптастыру жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.ДЕРЕККӨЗ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/998147?lang=kk  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/999584?lang=kk
«Музейдегі түн-2025» 28.05.2025
2025 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Музейдегі түн-2025» Халықаралық музейлік акция өтті. «Тағдырға айналған кәсіп» атты акцияның тақырыбы Жұмысшы мамандықтарының жылына орайластырылған, осыған байланысты музей-қорық облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына ауқымды мәдени-танымдық жобаны ұсынды. Акция аясында мерекелік концерт өтті, оған облыстық филармония, драма және оперетта театрының солистері, сондай-ақ, Достық үйінің солистері қатысты. Келушілер қолөнершілік пен киімдерді қалпына келтіру және тоқымашылық бойынша шеберлік дәрістерге, сондай-ақ, көрме-жәрмеңкеге, квест ойындары мен ұлттық ойындарға қатысты. Отбасылық демалыс үшін «Көңілді демалыс өткізу» қарастырылды, онда балалар ойнап, сурет салумен қатар, халықтың еңбек құралдарымен таныса алды. Сондай-ақ, келушілер үшін сауда қатарлары мен тантамарескалар, яғни суретке түсуге арналған стендтер орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/999596?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағына мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы 28.05.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 184-н/қ бұйрығына сәйкес хабарлайда. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 мамырда №36068 болып тіркелді. Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/999644?lang=kk
Үкімет экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын бекітті 28.05.2025
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.«Таза Қазақстан» тұжырымдамасында экологиялық мәдениетті дамытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қамтитын кешенді тәсіл көзделген. Негізгі бағыттарға экологиялық ойлау, жауапты мінез-құлық, оның ішінде оны ынталандыру шаралары, экологиялық білім беру және ақпараттандыру кіреді.Тұжырымдаманы іске асыру азаматтардың экология туралы хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.Нысаналы индикаторларға сәйкес, 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеуді 25% - дан 38% - ға дейін, ал экологиялық тәрбиені нығайту жөніндегі іс-шараларға тартылған білім алушылардың үлесін 15% - дан 40% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ азаматтардың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі 55,8% - дан 64,7% - ға дейін өседі деп күтілуде.Тұжырымдаманы іске асыру қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау үшін инфрақұрылымды дамытуды, экологиялық қауіпсіз тәжірибелерді енгізуді және қоршаған ортаның ластануына «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруды көздейді.Сондай-ақ, құжат тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/999651?lang=kk
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жалғасуда және эко іс-шаралар апта сайын өткізіледі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей. 28.05.2025
- «Бұл жасампаз әрекет азаматтарды біріктірді. Бірнеше айдың ішінде акцияға үш миллионға жуық адам қатысып, жүздеген мың аулаларды тәртіпке келтіріп, бір миллион тоннадан астам қоқыс жинады. Осындай бастамалардың арқасында елде жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика тамыр жайып келеді. Бұл шынайы патриотизм және Отанға қамқорлық деп айтуға болады. Осындай істер арқылы ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда».Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл уақытша акция емес, бұл жоба жыл бойы жалғасуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/999659?lang=kk
🔹 «Таза Қазақстан»: халық үшін өтінім берудің ыңғайлы сервисі 28.05.2025
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамның әлеуметтік желілерді жаппай пайдалануына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап қызмет ететін TazaQazBot Телеграм-чат-ботының негізінде халықтан өтінім алудың жаңа сервисі әзірленіп, пайдалануға берілді.Чат-бот азаматтардың назарын аударды және оның ел тұрғындары арасында танымалдылығының табысты басталғанын сеніммен айтуға болады.✅Үрдіс барынша оңайлатылған: авторизация жүргізу, проблемалық жердің фотосуреті, мекенжайды көрсету және проблемаға түсінік беру мүмкіндігі қажет.➡️Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/999669?lang=kk
Қостанай облысында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда 28.05.2025
Мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттардың бірі – бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Президент тапсырмасына сәйкес Қостанай облысында заманауи және қолжетімді спорт инфрақұрылымын құру, түрлі жастағы тұрғындарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.ИнфрақұрылымСоңғы екі жылда өңірде 17 жаңа спорт нысаны салынды:10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК),4 хоккей корты,2 ангар типіндегі спорт залы,1 ат спортына арналған арена.Спортқа тең қолжетімділікке ерекше мән берілуде. Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында заманауи ДШСК ашылып, онда қала тұрғындары волейбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисімен айналысып, жаттығу залында тегін спортпен шұғылдана алады. Кешен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Осы санаттағы азаматтар үшін бөлек дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы шешім қабылданды.Бұқаралық спорт және қадамдық қолжетімділікҚалаларда, ауылдар мен кенттерде әр жастағы тұрғындарға қолжетімді 53 көпфункционалды спорт және воркаут алаңы орнатылды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзімен:«Спорт алаңдары тек қалалар мен аудан орталықтарында ғана емес, әр ауылда болуы керек. Бұл – тең мүмкіндіктер мен жергілікті тұрғындарға деген құрмет мәселесі».Кәсіби спортБүгінде Қостанай облысының 793 спортшысы әртүрлі спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар қатарында.2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында өңір атынан 10 спортшы қатысып, олардың жетеуі Қазақстан құрамасының медаль қоржынын толықтырды.Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бағытында футбол және хоккей академиялары ашылды, «Еңбек резервтері» спорт кешені қайта жаңғыртылуда, үстел теннисі орталығы мен күрес залының құрылысы жүргізілуде.Жүйелі тәсіл және басқаруСпорт нысандарының тиімді жұмыс істеуі мен секциялық жұмыстың нәтижелілігін арттыру үшін келесі тапсырмалар берілді:•әр спорт нысаны мен басшы жұмысының тиімділігін талдау,•спорт түрлері бойынша мекемелер мен секцияларды басқаруда KPI тәсілін енгізу,•барлық жаңа және жұмыс істеп тұрған нысандарда аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп секциялық жұмысты ұйымдастыру.Жаңа бағыттар – жаңа мүмкіндіктер«Еңбек резервтері» спорт кешенінің бассейнінде суға секіруге арналған мұнаралар орнатылды. Бұл өңірде жаңа олимпиадалық спорт түрінің дамуына жол ашады. Спорт басқармасына суға секіру жаттықтырушыларын тарту тапсырылды.Қостанай облысында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту жұмыстары жалғасын табады. Бұл – салауатты ұрпақты тәрбиелеуге, спорт резервін нығайтуға және өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді мақсат.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/999723?lang=kk
1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады 28.05.2025
2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады✓ Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.✓ Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады.Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.САЙТҚА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛЕДІ?Ағымдағы жылдың 1 – 30 маусым аралығында қатысушы ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы сайтта тіркеуден өтуі қажет.Кандидаттың жасы тексерілгеннен кейін оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беріледі.ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ?Сайтқа тіркелу үшін келесі құжаттардың көшірмелерін жүктеу қажет:жоғары білім туралы дипломеңбек қызметін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес)мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын әрі жарамды QAZAQ RESMI TEST немесе KAZTEST сертификатыПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІСондай-ақ, тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:1. Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;2. Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;3. Сыртқы саясат және инвестициялар;4. Экономикалық және қаржылық саясат;5. Цифрландыру;6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы жарамды мерзімі бар сертификат болмаған жағдайда кандидатқа берілген промокод арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК-да мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша сертификаттық тестілеуден немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «www.qrt.kz» QAZAQ RESMI TEST тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден бір рет тегін өту мүмкіндігі беріледі.QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ-те тестілеуден өту үшін ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс.КЕРІ БАЙЛАНЫСТіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда кандидат https://pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/999730?lang=kk
Судағы қауіпсіздік 28.05.2025
Жаз - демалыс үшін жақсы кезең. Су жағасында өзің және өз денсаулығың үшін пайдасымен демалу үшін суда жүзу, суда өзің-өзі ұстау ережелерін сақтауды үйрену керек.Көне заманнан адамдар суға шомылу мен сумен шынықтырудың  ғажайып күшін біліп, «суда жүзуге жүруге дейін үйрену» қағидасын сақтады.Суда ұзақ уақыт бойы жүзуге болмайды - оңай суық тиюі мүмкін. Егер Сіз қалтырауды сезсеңіз, сол уақытта судан шығып, жағалау бойымен қысқа, бірақ та белсенді  қимыл жасаңыз. Суға түсудің ұзақтығы ауа мен судың температурасынан, ауаның ылғалдылығы мен жел күшіне байланысты.  Суда жүзудің  аса жағымды шарттары - ашық желсіз ауа райы, ауаның температурасы +25 С және одан да жоғары. Суға түсуді +18 С су температурасынан бастау қажет. Тамақтанудан кейін 1,5 сағат өткеннен кейін суға түсу ұсынылады. Ең жақсысы балалар жағажайларында суға түсу, олар жақсы жабдықталып, оқыс оқиғаларды алдын алуға қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Балаларға тек қана қастарында ересек адамдар болған кезінде суға түсуге болатынын ұмытпаңдар.Есте сақтаңыздар:Тек қана рұқсат етілген жерлерде және ересек адамдар болған кезде суға түсу;Таныс емес жерлерде сүңгігуге болмайды - түбінде батып кеткен бөренелер, тастар және тырбиған ағаштар болуы мүмкін;Батпақ, балдырлар бар орындарда суға түсуге болмайды;Үрмелі матрастарда, автокөлік камераларда және үрмелі ойыншықтарда суда жүзуге болмайды - көмекші құрал ақаулы болып, жыртылуы мүмкін, адам кенеттен суда болып қалуы мүмкін, ал ол тіпті жақсы суда жүзетін адамдарға да қауіпті болуы мүмкін.Кемелерге жармасуға, навигациялық құралдардың таңбалардың үстіне  шығуға болмайды (бакендер, буй және т. б.);Өтіп жатқан кемелердің қасына келуге, жүзудің шекарасын көрсететін буйлардың шегінен шығуға, фарватерге жүзіп шығуға болмайды;Дауыл ауа райы кезінде және қатты соқпа толқындар бар орындарда суға шомылуға болмайды;Егер Сіз қатты ағымға түсіп қалсаңыз, оған қарсы жүзуге тырыспаңыз, ондай жағдайда ағыммен келе-келе жағалауға жақындап жүзу қажет;Егер Сіз иірімге түсіп қалсаңыз, қорықпаңыз, көбірек ауа жұтып, кенет одан басқа жаққа бұрылуға тырысыңыз;Егер Сіздің бұлшықетіңіз түйіліп қалса, арқаға жатып, жағалауға қарай жүзуңіз, ол кезеде түйіліп қалған бұлшықетіңізді ысқылауға тырысыңыз;Достарыңызды, ересек адамдарды көмекке шақыруға ұялмаңыз;Жалған үрей айқайлауға болмайды.Суда жүзуді білу- суда өзің-өзі сақтаудың тәсілі. Жүзу- тіршілік қажетті машық. Жақсы жүзе білу- судағы оқыс-оқиғалардың кепілі.  Абай облысының ТЖД Бесқарағай ауданының ТЖБАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1017990?lang=kk
Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы «Менің елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық байқауының облыстық кезеңі 28.05.2025
19 мамыр 2025 жылы ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің жылдық жоспарына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Менің елім – менің бақытты балалық шағым» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес байқауға облысымыздың 11 аудан/қалаларынан келіп түскен 18 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:Бас жүлде (орта топ) – ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК;Бас жүлде (ересек топ) – ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК;1-орын (орта топ) - Зайсан ауданы «Алтай-Шың» бөбекжай-балабақшасы ЖШС филиалы;1-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Аленушка» балабақшасы» КМҚК, ШҚО ББ «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айжұлдыз» бөбекжайы» КМҚК және ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК;1-орын (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Катюша» бөбекжайы» КМҚК;2-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КМКҚ;2-орын (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ;3-орын (орта топ) - ШҚО ББ «Самар ауданы боыйнша білім бөлімінің «Дәншік» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;3-орын (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Аленушка» балабақшасы» КМҚК, ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі» КММ және ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ;Аталымдар:«Үздік би ұжымы» - ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі» КММ;«Үздік балалар биі» - ШҚО ББ «Самар ауданы боыйнша білім бөлімінің «Дәншік» бөбекжай-балабақшасы» КМКҚ;«Шығармашыл бишілер» - ШҚО ББ «Самар ауданы боыйнша білім бөлімінің «Дәншік» бөбекжай-балақшасы» КМҚ.«Өнерлі бишілер» - ШҚО ББ «Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Қазақстан негізгі орта мектебі» КММ;«Үздік костюм» - ШҚО ББ «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Верх-Уба негізгі орта мектебі» КММ.Жеңімпаздар: ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК (орта топ) және ШҚО ББ «Өскемен қаласы №15 «Рахат» балабақша» КМҚК (ересек топ) жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.  Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/999735?lang=kk
«Әділет кеңес береді» 28.05.2025
   Азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында 2025 жылдың 20 мамырында Арқалық қаласында Әділет департаменті жеке сот орындаушыларымен, нотариуспен және адвокатпен бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.   Кездесу барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, тараптардың құқықтары мен міндеттерін сақтау, сондай-ақ құқықтық қорғаудың ықтимал шаралары мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.   Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/999741?lang=kk
Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізген кезде құн өсімінен түсетін кіріс 28.05.2025
Жеке тұлға мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті өткізген кезде туындайды:1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары, жеке қосалқы шаруашылық объектілері;2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер учаскелері және жер үлестері;3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер учаскелері және жер үлестері;4) Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық алтын;5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын, бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдары және тіркемелер;6) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген цифрлық активтер, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1003228?lang=kk
2025 жылғы 21 мамырдан бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа жұмыс режимі 28.05.2025
Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 21 мамырдан бастап жаңа жұмыс режимі туралы хабарлайды.ҚР ҚМ 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 197 бұйрығымен бекітілген ҚР ҚМ еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес Комитеттің барлық аумақтық бөлімшелері (кезекші бекеттерді, кеден бекеттерін, бақылау өткізу пункттерін және тәулік бойы не ауысымдық жұмыс кестесін ұйымдастыру талап етілетін өзге де мамандандырылған бөлімшелерді қоспағанда) үшін мынадай жұмыс режимі белгіленеді:- жұмыстың басталуы: 8 сағат 30 минутта; - жұмыстың аяқталуы: сағат 18.00-де;- түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30 минутқа дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/999578?lang=kk
Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды 28.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2025 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен Тасқын Тұрағалдыұлы Ақбаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне тағайындалды.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1000651?lang=kk
ҚАЖ қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары ҚР Ұлттық ұланының академиясы базасында өтуде 28.05.2025
19–24 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының базасында қызметтік және дене шынықтыру даярлығына жауапты қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтуде. Оқыту бағдарламасы:«Қызметтік даярлық аясында жеке құраммен сабақтарды ұйымдастыру» Курстың мақсаттары:•Мамандардың теориялық және практикалық даярлық деңгейін арттыру;•Сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуге бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру;•Нұсқаушылар құрамының кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Мұндай курстарды ұйымдастыру ҚАЖ мекемелерінің персоналын сапалы даярлауға, тиімді оқыту әдістемелерін енгізуге және қызметтік тәртіпті, физикалық даярлықты, сондай-ақ қызметтік міндеттерді жоғары деңгейде орындауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/999428?lang=kk
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады 28.05.2025
Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:* Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;* Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;* Экономикалық және қаржылық саясат;* Цифрландыру;* Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;* Сыртқы саясат және инвестициялар.Тіркеу кезінде кандидат Резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Бұл ретте, кандидаттардың әр бағыт бойынша біркелкі санын ұстап тұру мақсатында Резервке іріктеудің барлық кезеңдерінде пропорционалды іріктеу қамтамасыз етіледі.Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:* Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;* Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;* Ситуациялық тапсырмаларды шешу;* Құзыреттерді бағалау;* Сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;* Ұлттық комиссияның отырысы.Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады. Резервке алу туралы шешімді жариялау ағымдағы жылдың 25 қазанынан кейін жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke-oital/press/news/details/1007410?lang=kk
Таиландта қазақ мәдениетінің керемет гала-концерті өтті 28.05.2025
Бангкок, 2025 жылғы 17 мамыр – Таммасат университетінің Puey Ungphakorn Centenary Hall концерт залында Таиланд тарихындағы алғашқы қазақ мәдениетінің гала-концерті «Kazakhstan: Rhythm of the Steppe» өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Таиландтағы Елшілігі мен «Катюша» халық би ансамблі бірлесіп ұйымдастырды.Бұл ауқымды мәдени оқиғаға 500-ден астам көрермен жиналды. Қонақтар қатарында дипломатиялық корпустың өкілдері, халықаралық компаниялар, студенттер және тай азаматтары. Сахнада 200 жас әртіс қазақтың ұлттық билерін орындап, көрермендерді хореографияның сұлулығымен, сахналық бейнелердің көркемдігімен, костюмдердің әртүрлілігімен және дәстүрлерге деген құрметімен тәнті етті. Кештің шынайы безендірілуі ретінде қазақтың домбырасының тірі орындауы ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, Таммасат университетінің студенттері дәстүрлі тай биін ұсынып, қос халық арасындағы мәдени үнқатысудың жарқын көрінісіне айналды.Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов өз құттықтау сөзінде:«Бүгінгі кеш - Қазақстан үшін ерекше әрі маңызды. Біз мәдениетіміздің бір бөлшегін - музыка, би, ұлттық киімдер және Ұлы Дала рухын сіздерге ұсынуға мүмкіндік алдық. Бүгін біз саясат пен экономикамен ғана емес, ең жылы әрі адами жолмен - мәдениет арқылы да көпірлер саламыз», - деп атап өтті.«Катюша» ансамблі - Таиландтағы жалғыз халық би ұжымы, онда 500-ден астам тайлық бала өнерге баулып келеді. Академия 15 жылдан астам уақыт бойы елдің маңызды мәдени іс-шараларына қатысып келеді және билік пен мэрияның қолдауына ие. Оқыту бағдарламасының маңызды бағыты - қазақ халық биі. Бүгінгі таңда бұл бағытпен 150-ден астам оқушы айналысады.Оқыту тек би техникасымен шектелмей, мәдени ортаға терең бойлауды қамтиды: тарих, дәстүр, фольклор, ән мәтіндерінің мазмұны мен ұлттық ою-өрнектерді зерттеу. Барлық сахналық костюмдер мен дәстүрлі бас киімдер (сәукеле) тайлық шеберлердің қолымен этнографиялық дәлдікпен жасалған.Гала-концерт бағдарламасына ондаған би қойылымы енді. Олардың ішінде көптеген тайлық қыздарға шабыт берген, нәзіктігі мен поэтикалық бейнесімен ерекшеленетін «Аққу» биі бар. Сонымен қатар, «Арулар», «Sylkydak», «Кербез сұлу», «Қара жорға» сияқты қазақ халық би өнерінің сұлулығы мен алуан түрлілігін көрсететін қойылымдар орындалды.Бұл кеш халықтар арасындағы достық пен мәдениеттің нағыз мерекесіне айналды. Концерт Қазақстанның бай мұрасымен таныстырып қана қоймай, өнер тілі - жастығына, ұлтына не еліне қарамастан әр адамға түсінікті екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/999234?lang=kk
Атыс пен Қазақстандық сержанттар АҚШ-тағы Best warrior байқауында сәтті өнер көрсетті 28.05.2025
Астана халықаралық әуежайында Америка Құрама Штаттарынан ұшып келген 54835-А әскери бөлімінің батальон сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі парашюттық-десанттық ротасының сержанты 2-сыныпты гвардия сержанты Рауаны Тоқтарбековті салтанатты жағдайда қарсы алды.  Әскери қызметшілер Аризона штатының Ұлттық гвардиясы ең жақсы әскери қызметшілерді анықтау мақсатында сержанттар құрамы үшін ұйымдастыратын жыл сайынғы Best warrior байқауына қатысты.Навахо әскери базасында өткен жарысқа АҚШ-тың жеті штатынан, сондай-ақ Фиджи, Гуама, Тонги және Филиппин мемлекеттерінен келген әскери қызметшілер қатысты.  Конкурс армиялық жауынгерлік фитнес сынағынан, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндері бойынша нормативтер тапсырудан, топ құрамындағы тактикалық дайындықтан, топографиядан, жергілікті жерді патрульдеуден, тактикалық медицинадан, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан атудан және 12 кг жүкпен толық жабдықта 28 шақырымға марш жасаудан тұрды. – Жоғары бәсекелестікке, АҚШ армиясының қару-жарақ үлгілері мен құрылғыларында жаттығулардың орындалуына қарамастан, біздің әскери қызметшілер жауынгерлік қасиеттерін көрсетіп, жарыстың үш түрінде үздік атанды, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Бас штабының сержанттық құрамымен жұмыс басқармасының аға нұсқаушы-сержанты штаб-сержант Беглан Бейсалиев.Біз 3-сыныпты сержант Дархан Асланның 800 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта жүгіріп өтіп, байқау тарихында рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз.Бұдан бөлек біздің жігіттер 12 килограмдық жүкпен 28 шақырымға 3 сағат 39 минуттық марш жасап, үздік нәтиже көрсетті. Жауынгерлер керемет төзімділік танытып, Қазақстан туымен мәреге жетті.Жауынгерлік дайындық және АҚШ Қарулы күштерінің әртүрлі қару үлгілерінен ату нормативтерін орындау кезінде 2-сыныпты сержант Рауан Тоқтарбеков те жақсы нәтижеге қол жеткізіп, «Үздік атқыш» сертификатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/999236?lang=kk