Әлем
Таиландта қазақ мәдениетінің керемет гала-концерті өтті 28.05.2025
Бангкок, 2025 жылғы 17 мамыр – Таммасат университетінің Puey Ungphakorn Centenary Hall концерт залында Таиланд тарихындағы алғашқы қазақ мәдениетінің гала-концерті «Kazakhstan: Rhythm of the Steppe» өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Таиландтағы Елшілігі мен «Катюша» халық би ансамблі бірлесіп ұйымдастырды.Бұл ауқымды мәдени оқиғаға 500-ден астам көрермен жиналды. Қонақтар қатарында дипломатиялық корпустың өкілдері, халықаралық компаниялар, студенттер және тай азаматтары. Сахнада 200 жас әртіс қазақтың ұлттық билерін орындап, көрермендерді хореографияның сұлулығымен, сахналық бейнелердің көркемдігімен, костюмдердің әртүрлілігімен және дәстүрлерге деген құрметімен тәнті етті. Кештің шынайы безендірілуі ретінде қазақтың домбырасының тірі орындауы ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, Таммасат университетінің студенттері дәстүрлі тай биін ұсынып, қос халық арасындағы мәдени үнқатысудың жарқын көрінісіне айналды.Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов өз құттықтау сөзінде:«Бүгінгі кеш - Қазақстан үшін ерекше әрі маңызды. Біз мәдениетіміздің бір бөлшегін - музыка, би, ұлттық киімдер және Ұлы Дала рухын сіздерге ұсынуға мүмкіндік алдық. Бүгін біз саясат пен экономикамен ғана емес, ең жылы әрі адами жолмен - мәдениет арқылы да көпірлер саламыз», - деп атап өтті.«Катюша» ансамблі - Таиландтағы жалғыз халық би ұжымы, онда 500-ден астам тайлық бала өнерге баулып келеді. Академия 15 жылдан астам уақыт бойы елдің маңызды мәдени іс-шараларына қатысып келеді және билік пен мэрияның қолдауына ие. Оқыту бағдарламасының маңызды бағыты - қазақ халық биі. Бүгінгі таңда бұл бағытпен 150-ден астам оқушы айналысады.Оқыту тек би техникасымен шектелмей, мәдени ортаға терең бойлауды қамтиды: тарих, дәстүр, фольклор, ән мәтіндерінің мазмұны мен ұлттық ою-өрнектерді зерттеу. Барлық сахналық костюмдер мен дәстүрлі бас киімдер (сәукеле) тайлық шеберлердің қолымен этнографиялық дәлдікпен жасалған.Гала-концерт бағдарламасына ондаған би қойылымы енді. Олардың ішінде көптеген тайлық қыздарға шабыт берген, нәзіктігі мен поэтикалық бейнесімен ерекшеленетін «Аққу» биі бар. Сонымен қатар, «Арулар», «Sylkydak», «Кербез сұлу», «Қара жорға» сияқты қазақ халық би өнерінің сұлулығы мен алуан түрлілігін көрсететін қойылымдар орындалды.Бұл кеш халықтар арасындағы достық пен мәдениеттің нағыз мерекесіне айналды. Концерт Қазақстанның бай мұрасымен таныстырып қана қоймай, өнер тілі - жастығына, ұлтына не еліне қарамастан әр адамға түсінікті екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/999234?lang=kk
Атыс пен Қазақстандық сержанттар АҚШ-тағы Best warrior байқауында сәтті өнер көрсетті 28.05.2025
Астана халықаралық әуежайында Америка Құрама Штаттарынан ұшып келген 54835-А әскери бөлімінің батальон сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі парашюттық-десанттық ротасының сержанты 2-сыныпты гвардия сержанты Рауаны Тоқтарбековті салтанатты жағдайда қарсы алды. Әскери қызметшілер Аризона штатының Ұлттық гвардиясы ең жақсы әскери қызметшілерді анықтау мақсатында сержанттар құрамы үшін ұйымдастыратын жыл сайынғы Best warrior байқауына қатысты.Навахо әскери базасында өткен жарысқа АҚШ-тың жеті штатынан, сондай-ақ Фиджи, Гуама, Тонги және Филиппин мемлекеттерінен келген әскери қызметшілер қатысты. Конкурс армиялық жауынгерлік фитнес сынағынан, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндері бойынша нормативтер тапсырудан, топ құрамындағы тактикалық дайындықтан, топографиядан, жергілікті жерді патрульдеуден, тактикалық медицинадан, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан атудан және 12 кг жүкпен толық жабдықта 28 шақырымға марш жасаудан тұрды. – Жоғары бәсекелестікке, АҚШ армиясының қару-жарақ үлгілері мен құрылғыларында жаттығулардың орындалуына қарамастан, біздің әскери қызметшілер жауынгерлік қасиеттерін көрсетіп, жарыстың үш түрінде үздік атанды, – деп атап өтті ҚР Қарулы күштері Бас штабының сержанттық құрамымен жұмыс басқармасының аға нұсқаушы-сержанты штаб-сержант Беглан Бейсалиев.Біз 3-сыныпты сержант Дархан Асланның 800 метр қашықтықты 2 минут 5 секундта жүгіріп өтіп, байқау тарихында рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз.Бұдан бөлек біздің жігіттер 12 килограмдық жүкпен 28 шақырымға 3 сағат 39 минуттық марш жасап, үздік нәтиже көрсетті. Жауынгерлер керемет төзімділік танытып, Қазақстан туымен мәреге жетті.Жауынгерлік дайындық және АҚШ Қарулы күштерінің әртүрлі қару үлгілерінен ату нормативтерін орындау кезінде 2-сыныпты сержант Рауан Тоқтарбеков те жақсы нәтижеге қол жеткізіп, «Үздік атқыш» сертификатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/999236?lang=kk
Тобыл қаласында мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша семинар өтті 28.05.2025
Бүгін Тобыл қаласында Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Қостанай ауданының мемлекеттік мекемелерінің басшыларына арналған семинар өткізілді.Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңының талаптарын сақтау және орындау мәселелері талқыланды. Қатысушылар мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану тәртібі мен оларды насихаттаудың маңыздылығы туралы ақпарат алды.🔹 Мемлекеттік рәміздер – елдің егемендігі мен бірлігін білдіретін басты құндылықтар. Оларды құрметтеу – әрбір азамат пен мемлекеттік қызметкердің азаматтық міндеті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/999242?lang=kk
Өз командаңызды жинап, алға бастаңыз! 28.05.2025
Сіз баскетболды жақсы көресіз бе? Бұл ойынды оқудан немесе жұмыстан бос уақытта ойнауды ұнатасыз ба? Онда бұл ақпарат Сізге арналған! Жақында Қарағандыда стритболдың жазғы маусымы ашылады. Дәлірек айтсақ, 14 маусым күні Аула баскетбол лигасының бірінші туры өтеді. Барлығыңызды қатысуға шақырамыз! Өз командаңызды жинаңыз да, алға бастаңыз! Толығырақ https://www.instagram.com/p/DJrF_z0TgjW/. Байланыс телефоны +7 700 997 2358. Бұл күшті емес пе!Айтпақшы, Қарағанды облысында баскетболға деген қызығушылықтың өсуі айқын байқалады. Статистикаға сәйкес, бұл командалық ойын футбол, волейбол және футзалдан кейін біздің аймақтағы спорт түрлерінің танымалдығы бойынша төртінші орында тұр. Онымен 23562 адам (ауылдық жерлерде – 5707) айналысады.Бұл күндері Қарағандыда «GGG» спорт кешенінің залында 2012 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында облыс чемпионаты өтуде, оған қалалар мен аудан командалары қатысуда. Дәл осындай жарыстарда үздіктер таңдалып, өңірлік құрама құрылады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қаңтарында біздің ойыншылар командасы 2012 жылы туған Қазақстан чемпионатында үшінші орынға ие болды. Қарағандылық Жандос Әубәкіров ел біріншілігінің үздік ойыншысы атанды.Аймақ құрамасында барлығы 12 ойыншы болды. Оның алтауы Шахтинск қаласының тумалары, екеуі Абайдан және төртеуі қарағандылықтар.- Өткен жылы біз өте жақсы нәтиже көрсеттік. Барлық аймақтың жаттықтырушыларын біріктіріп, әр жас санатына өз тәлімгері бекітілген жүйені құра алдық. Мұндай жүйе жұмысты нәтижелі етеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деп, түсіндірді Қарағанды облысының баскетболдан аға жаттықтырушысы Дастан Аяпбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/999244?lang=kk
Талдықорғанда Ұлттық ұлан сержанты қайғылы жағдайдың алдын алды 28.05.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, кіші сержант Серікжан Оралдың жедел және кәсіби әрекеті Жетісу облысы Ескелді ауданы Өтенай кентіндегі қайғылы оқиғаның алдын алуға себепші болды.Жер үйлердің жанынан өтіп бара жатқан әскери қызметші ауладағы нысандардың бірі жанып жатқанын және сол жерден үрейлі ер адамды көреді. Күйзеліс күйінде тұрған азамат жанып жатқан нысан ішінде әйелі болуы мүмкін екенін айтады. Орал бір секунд та уақыт жоғалтпай, бірден түтінге оранған үйге кіріп кетеді. Алайда үй-жай ішінен адам таппай, сыртқа шығып әлгі азаматқа әйеліне қоңырау шалуды бұйырады. Қуанышқа орай, жұбайы үйден тыс жерде екен.Дегенмен, қауіп мұнымен аяқталған жоқ. Үй иесі сондай-аш іште газ баллоны бар екенін хабарлайды. Жағдайдың ауырлығын түсінген кіші сержант іштей қауіптенсе де, жанып жатқан нысанға қайта кіріп, баллонды жылдам алып шығады. Өзінің табандылығы мен шапшаңдығының арқасында ол жарылыс пен одан келер ауыр салдардың алдын алды.— Менің орнымда кез келген ер азамат қолдан келгенше осылай көмектесер еді деп ойлаймын, - дейді Серікжан нық сеніммен.Серікжан Орал — төрт ұлдың әкесі. Ол балаларының әке ізімен, Отан қорғаушы болғандарын армандайды.— Ұлдарымның мені мақтан тұтқанын және ел қорғау ісін таңдап, жолымды жалғағанын қалаймын. Себебі, бұл жай ғана мамандық емес — бұл елжандылық қасиет!", - дейді бейбіт күннің батыры.Дәл осындай адамдар күн сайын, әскери қызметтің — халыққа риясыз қызмет ету және кез-келген сәтте көмекке келуге дайын болу екенін көрсетуде. Оралдың әрекеті —батылдық пен шынайы азаматтық жауапкершіліктің жарқын дәлелі. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/999248?lang=kk
Музей түні – 2025 28.05.2025
Жыл сайын 18 мамырда әлем елдерінің музей қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі Халықаралық музейлер күнін атап өтеді. 1992 жылдан бері мереке жыл сайын музей жұмысының ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір тақырыппен өткізіліп келеді. 2025 жылғы музейлер күнінің тақырыбы – «Жылдам өзгеретін қауымдастықтағы музейлердің болашағы».Қала тұрғындары мен қонақтары 16 мамыр күні сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін «Музей түні - 2025» интерактивті акциясына белсене қатысты. Мерекелік кеште қостанайлықтарға түрлі бағдарламалар ұсынылды: қызықты көрмелер мен шеберлік сабақтары, шығармашылық викториналар, музыкалық бағдарламалар және т.б.Түнгі музей экспозицияларының арасында: – «Көктем. Жеңіс. Естелік» – Жеңістің 80 жылдығына арналған Қостанай суретшілерінің көрмесі, «Шағын экзотариум» – экзотикалық жануарлар көрмесі, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі және «Бал дүкені» – бал көрме-жәрмеңкесі жұмыс жасады.Балалар мен ересектерге арналған «Қолмен ұстап көр» – интерактивті жобасы және суреттердің иллюстрациялары бар пазл-ойындары, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің мерейтойына арналған «Музейге 110 қадам» – интерактивті акциясы, «NAPOKAZ» модельдік агенттігінің дефилесі ерекше орын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/999249?lang=kk
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Архив құжаттарындағы музей тарихы» - музей оқулары 28.05.2025
2025 жылы 19 мамырда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына орай «Архив құжаттарындағы музей тарихы» атты музей оқулары өтті.Атаулы іс-шараға “Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы” ММ-нің архив жұмысы бөлімінің бас маманы Кадырменова Әсемгүл Кенжетайқызы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жүсіпов Руслан Батырханұлы, Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысыТынымбай Айжан қатысып, баяндама оқыды.Музей оқулары барысында архив құжаттарында жазылған музейдің тарихы, кеңес уақыты кезіндегі облыстық музейдің әлеуметтік-мәдени мәртебесі және қызметі талқыланды.Сондай-ақ шараға музей қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/999250?lang=kk
«Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы 10 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты 28.05.2025
Халықаралық сауда-өндірістік «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы 10 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына 10 заманауи жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты.– «Біздің ойымызша, денсаулық сақтау саласы – елдегі ең маңызды салалардың бірі. Сондықтан жедел жәрдем көліктерін сыйлау – өңірдің әлеуметтік қамтамасыз етілуіне қосқан үлесіміз деп білеміз», – деді компанияның басқарушы директоры Алексей Сердюков.– «Сіздер өндірілетін өнімнің сапасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік арқылы да халық игілігі үшін барлық салада, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесін қолдау бағытында еңбек етіп жатқандарыңызды дәлелдедіңіздер.Бұл сіздердің компанияларыңыздың осы саладағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнестің халықпен қарым-қатынаста қалай әрекет етуі керектігінің жарқын үлгісі деп санаймын. Осыған орай, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, облыс әкімдігі және өңір тұрғындарының атынан көрсеткен қолдауларыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Өз кезегінде басқа да ірі бизнес өкілдері де сіздерден үлгі алады деп сенемін», – деді Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.Компания 2015 жылы Қазақстанда тіркеліп, 2018 жылы Қонаев қаласының маңында заманауи өндірістік-логистикалық кешен ашылды.«Маревен Фуд Тянь-Шань» Қазақстандағы жетекші азық-түлік өндіруші компаниялардың ТОП-10 қатарына кіреді.Айта кету керек, компания негізінен жергілікті шикізатты пайдаланады, ал өндірілетін өнімдер ҚР заңнамасының талаптары мен регламенттеріне қатаң сай келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/999252?lang=kk
Референдиаттың онлайн курсы: Сот төрелігі академиясы кәсіптік оқытуды дамытуды жалғастыруда 28.05.2025
Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен Сот төрелігі академиясының базасында «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбында референдиаттың онлайн-курсы өтті.Оқу бағдарламасына еліміздің 10 өңірінен 32 маман қатысты. Тыңдаушылар арасында адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, заң кеңесшілері, сондай-ақ полиция, прокуратура, сот жүйесі және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар.Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылар курстың мазмұнын да, оның ұйымдастырылуын да жоғары бағалады. Оқудың практикалық бағыты мен көтерілген тақырыптардың өзектілігі ерекше атап өтілді. Тыңдаушылардың көпшілігі оқуды жалғастыруға қызығушылық білдірді.Жоғары қызығушылық пен оң пікірлерді ескере отырып, Сот төрелігі академиясы референдиат курстарын одан әрі өткізуді, аудиторияны кеңейтуді және құқықтың әртүрлі салаларында мамандардың кәсіби дайындығын тереңдетуді жоспарлауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/999263?lang=kk
Құрметті келушілер! 28.05.2025
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) пайдалана отырып жеткізу әрекеттері қатаң тыйым салынады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.Тыйым салынған заттарға мыналар жатады:– ұялы телефондар мен SIM-карталар,– есірткі және психотроптық заттар,– алкогольдік ішімдіктер,– ақшалай қаражат және түзету мекемелерінің аумағына алып өтуге болмайтын өзге де заттар.Егер мекеме аумағында дрон ұшырылғаны анықталса, бұл туралы ақпарат дереу құқық қорғау органдарына беріледі, ал кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.ЕСКЕРТЕМІЗ:Тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет жасау — құқық бұзушылық, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.2025 жылдың басынан бері тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті кезінде тәркіленді:– 229 ұялы телефон;– 53,33 литр алкогольдік ішімдік;– 8,59 кг есірткі заттары;– 534 750 теңге ақшалай қаражат.Жауапкершілік:– Тыйым салынған заттарды беруге әрекет жасағаны үшін 129 азамат ұсталды;– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша 69 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 32 іс сот қарауында;– ҚР ҚК-нің 296 және 297-баптары бойынша 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.Заң талаптарын сақтау — әр азаматтың міндеті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1004640?lang=kk
Қарағанды колониясына тыйым салынған заттарды кроссовка ішіне жасырып кіргізбек болған 28.05.2025
Қарағанды облысындағы №29 түзету мекемесінде тыйым салынған заттарды заңсыз жолмен жеткізу әрекеті дер кезінде әшкереленді.Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген тексеру барысында күдік тудырған сәлемдеме мұқият қаралды. Нәтижесінде спорттық аяқ киімнің ішінен смартфон, қуаттағыш құрылғы, бірнеше SIM-карта және 19 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.Сәлемдеменің сыртқы орамасының күмән тудыруы қызметкерлердің жіті назарын аударып, тексеруді күшейтуге себеп болған.Аталған дерек бойынша тиісті процессуалдық шаралар қабылдануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/999279?lang=kk
Астанада VІ Республикалық имамдар форумы өтті 28.05.2025
Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумы өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы хат жолдап, ҚМДБ-ның 35 жылдығымен құттықтады. Аталған форумға Самар ауданының бас имамы Бекболат қажы Калебай қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/999286?lang=kk
Астанада қазақстандық өндірушілердің ауқымды «Ulttyq ónim» көрмесі өтті 28.05.2025
16-18 мамыр күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында отандық тауар өндірушілердің “Ulttyq ónim” атты VIII дәстүрлі кең ауқымды көрмесі өтті. Іс-шараға Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері де қатысты. Көрмеде Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 350 отандық өндіруші өз өнімдерін ұсынды. Шараға келген астана тұрғындары мен қонақтары үкіметтің қолдауымен, “Даму” қорының бағдарламалары арқылы өндірілген сапалы отандық өнімдермен танысып, оларды сатып алуға мүмкіндік алды. Көрмеде азық-түлік, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрал-жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейінгі әртүрлі өнімдер ұсынылды. Аталған көрмеге қатысқан танымал брендтердің қатарында:•«Гормолзавод»,•ұлттық тәттілер өндірушісі “Aq Dam”,•Galamilk сүт өнімдері,•Altay Outwear (туризм мен белсенді демалысқа арналған киімдер мен жабдықтар),•“Balausa Jewelry” зергерлік бұйымдары,•аккумулятор батареяларын өндіруші “Қайнар АКБ” ЖШС,•Қазақстанда толықтай жасалған алғашқы ирригациялық машинаның өндірушісі “Su bereke”,•дезинфекциялық, косметикалық және жуғыш заттар шығаратын “Аврора”,•тұрмыстық техника өндіретін “Almaty Turmystyq Tehnika Zavody” ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар бар. Көрме аясында отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессиялар өтті. Оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысып, еліміздегі бизнестің өзекті мәселелері, заманауи трендтері мен мүмкіндіктері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/999292?lang=kk
Қостанай облысында өтіп жатқан WorldSkills Kostanay-2025 өңірлік чемпионатында 300-ден астам жас мамандар арасынан үздіктердің үздігі анықталады 28.05.2025
Жұмысшы мамандықтары жылында мектепке дейінгі білім алушылардан бастап колледж студенттері мен жас мамандарға дейін мамандықтары бойынша үздіктерді біріктіретін WorldSkills Kostanay-2025 өңірлік чемпионаты басталды.22 жасқа дейінгі 300-ден астам жас мамандар 45 негізгі құзыреттілік бойынша жарысқа түседі. Оқушылар үшін жарыс процесі JuniorSkills 7 құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылған. Мектепке дейінгі жастағы ең жас қатысушылар 5 BabySkills құзыреті бойынша өз күштерін сынап көреді. Ал ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар қатысушылар үшін Абилимпикс жарысы 2 құзырет бойынша өтеді. Жас мамандар өнерлерін ProfySkills құзыретінде көрсетеді.ЖарысҚостанай,Рудный,Лисаковск,Жітіқара,Тобылқалаларында14жарысалаңындаөтеді.Байқауға қатысушыларды өзісініңнағызшеберлері400-гежуықсарапшыбағалайды.Кәсіптік бағдар беру жұмысыаясындачемпионатқамектепоқушылары, колледжстуденттері, кәсіпорынқызметкерлеріжәнеоблыстыңтехникалықжәнекәсіптікбілім беру ұйымдарыныңпедагогтары қатысады.Оқушыларөңірдегісұранысқа ие мамандықтарментанысып,мамандардыңтәжірибелікжұмысынкөреаладыжәнесүйікті ісі туралы тереңірек ақпарат алады.Жастарды халықаралық деңгейдегі жаңа формация маманын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын WorldSkills қозғалысына белсенді қатысуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/999339?lang=kk
Конституциялық Сот: Азаматтық кодекстің талап қою нормаларын қолдану тәжірибесін бағалау соттардың құзыретіне жатады 28.05.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Азамат 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодекстің (жалпы бөлім) 177 және 178-баптарының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы Конституциялық Сотқа жүгінді.Өтініш беруші бұған дейін 2004 жылы әкесіне берілген мұрагерлік құқығы туралы куәліктің жарамдылығына қарсы шығып, мұраны қабылдағанын мойындауды өтінген. Алайда оған Азаматтық кодекстің көрсетілген нормаларына сілтеме жасай отырып, талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды.Конституциялық Сот Азаматтық кодекстің талап қоюды реттейтін аталған нормаларының сот арқылы қорғауына қатысы бар екенін және оларды іс жүзінде қолданудың заңдылығын бағалау соттардың айрықша құзыретіне жататынын көрсетті. Өтініш берушінің дәлелдері оның қатысуымен азаматтық істегі нақты мән-жайларға қатысты болады және Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін негіз ретінде қаралуы мүмкін емес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/999349?lang=kk
Егер жүргізуші ЖКО-ға кінәлі болса, ол сақтандыру төлемін ала ма? 28.05.2025
Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) кінәлі болған жүргізуші едәуір қаржылық шығындарға тап болуы мүмкін. Бұл ретте заңнамаға сәйкес әрбір автокөлік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі (МАҚЖ) болуға міндетті. МАҚЖ полисі ЖКО-ның басқа қатысушыларына келтірілген залалды өтейді, бірақ кінәлінің өз көлігінің зақымдануын өтемейді.Ықтимал шығыстарды азайту және жеке көлік құралын қалпына келтіруге сақтандыру төлемін алу үшін ерікті автосақтандыру полисін (КАСКО) ресімдеуге болады.КАСКО полисін ресімдеу алдында оның талаптарымен міндетті түрде танысу керек, себебі шартта төлем алуға әсер ететін ерекше жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, бұл франшиза (автокөлік иесі төлейтін шығынның бір бөлігі), аумақтық шектеулер немесе жүргізушінің қасақана немесе заңсыз әрекеттері нәтижесінде көлік құралына зиян келтіру болуы мүмкін.Маңызды: КАСКО апат кезінде жарамды болуы тиіс, құжаттар дұрыс ресімделуі керек және сақтандыру компаниясын ЖКО туралы жедел хабардар ету қажет. Қате көрсетілген немесе толық емес деректер төлеуден бас тартуға негіз бола алады.Бұл әсіресе жаңа немесе қымбат көліктердің иелеріне қатысты, себебі ЖКО орын алған жағдайда оларды жөндеу құны жоғары болуы мүмкін.Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтынан таныса аласыздар. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/999372?lang=kk
«Жас құтқарушы» сыныбы ашылды 28.05.2025
Бесқарағай ауданының Глуховка орта мектебінде «Жас құтқарушы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету мен құтқару ісінің негіздерін меңгеру арқылы қауіпсіздік мәдениетін дамыту.Ашылу рәсіміне Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов, аудан әкімі Азамат Орымбаев, білім басқармасы басшысының орынбасары Әсем Нускенова, ТЖ қызметкерлері және әскери-патриоттық бағыттағы ұйымдардың өкілдері қатысты.✅ Шара барысында:– «Жас Ұлан» мектебі тәрбиеленушілері мен жас құтқарушылар концерттік бағдарлама ұсынып, ант қабылдады;– 14 оқушыға «Жас құтқарушы» куәлігі табысталды;– Мектеп базасында арнайы оқу кабинеті жабдықталып, өрт сөндіру және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді;– Оқушылар арнайы формамен қамтылды.🔸 Бұл бастама өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/999416?lang=kk
Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпарат 28.05.2025
Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша ақпарат Президенттік Жастар кадрлық резерві – Мемлекет басшысының талантты жастар үшін әлеуметтік лифт болып табылатын жария бастамаларының бірі. 2025 жылы Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін.Іріктеуге: В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген жоғары білімі және жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.Резервке іріктеу келесі кезеңдерден тұрады: 1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау; 2) мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; 3) ситуациялық есептерді шешу; 4) құзыреттілікті бағалау; 5) резервке іріктеу жөніндегі сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу; 6) Ұлттық комиссия отырысында сараптама комиссиясы ұсынған кандидаттарды қарау.Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) білім туралы құжаттың көшірмесі; 3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 4) мемлекеттік тілден емтихан тапсыру туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/999028?lang=kk
Жаңа жұмыс кестесі 28.05.2025
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініңЖаңа жұмыс кестесі«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Еңбек ережесінің қағидаларына» сәйкес бекітілгенҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі No 197 бұйрығымен барлық аумақтықКомитеттің бөлімшелері (кезекші посттарды, кеденпосттар, бақылау-өткізу пункттері және басқа мамандандырылғантәулік бойы немесе ауысымдық жұмысты ұйымдастыру қажет бөлімдержұмыс кестесін қоспағанда), келесі жұмыс режимі белгіленеді:Басталуы: 08:30Соңы: 18:00Түскі үзіліс: 13:00 – 14:30 (90 минут)Жұмыс аптасының ұзақтығы: 5 күн (40 сағат).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/999498?lang=kk
Бауржан Түленов жаңа мектеппен және білім жүйесінің жай-күйімен танысты 28.05.2025
Бүгін Абай облысы білім басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Бауржан Алтайұлы Түленов Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол аудан орталығында ашылған "Жайлы мектептің" жұмысымен танысып, білім беру мекемелерін аралады.Жаңа мектептің материалдық-техникалық базасына жоғары баға берген басқарма басшысы оның заманауи инфрақұрылымы оқушылардың сапалы білім алуына мол мүмкіндік беретінін атап өтті. – Бұл мектеп – болашаққа салынған инвестиция. Балаларға сапалы орта қалыптастыру – біздің басты міндетіміз, – деді Бауржан Түленов.Сапар барысында басқарма басшысы аудандағы басқа да білім беру мекемелерін аралап, олардың жағдайымен танысты. Ол білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды нығайту және жүйелі жобаларды іске асыру бағытында нақты ұсыныстарын білдірді. Басқарма басшысын аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұңғат Назаров және Бесқарағай ауданы білім бөлімінің басшысы Кәдірбеков Медет қарсы алып, жаңа жобалардың жүзеге асу барысын таныстырды.Сонымен қатар, ол білім саласындағы проблемалық мәселелер мен оларды шешуге бағытталған алдағы жобалар туралы баяндады. Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/999035?lang=kk