Әлем
ҚР Көлік министрі мен Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло арасында кездесу өтті 18.05.2025
Кездесу барысында тараптар саланы дамытудың негізгі мәселелерін, атап айтқанда ұлттық жоспарда көзделген бірлескен СО2 шығарындыларын азайту және тұрақты авиациялық отынға (SAF) біртіндеп көшу жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін жоспарлау және дамыту жөніндегі бас-жоспарды әзірлеуді талқылады.EUR/NAT ИКАО бюросының басшысы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін және халықаралық стандарттарды іске асырудағы жұмысын ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ бірлескен бастамалар мен бағдарламалар аясында ИКАО одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/951791
Үкіметте газ өнеркәсібі жобалары мен Ақтөбе облысының инвестициялық-экономикалық дамуы қаралды 18.05.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында газ өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалар мен Ақтөбе облысының инвестициялық дамуы талқыланды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ ақпараты бойынша, жобадағы мерзімі 2026 жылы белгіленген «Талдықорған–Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысын биыл аяқтау жоспарлануда. Бұл құны 123 млрд теңге болатын жоба 2025 жылдың өзінде-ақ газ саласының қосылған құнына өз үлесін қосуы тиіс дегенді білдіреді. 2027 жылы «КС-14–Қостанай» жаңа магистралды газ құбырының құрылысы аяқталады. 2029 жылға дейін Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыты құрылысының екі кезеңі және «Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісі аяқталмақ. Штаб отырысында жобаларды дамытудың барлық түйткілдері мен олардың орындалу мерзімін ұзартатын кедергілерді жою мүмкіндігі талқыланды.Ақтөбе облысында өнеркәсіптік және инвестициялық өсімнің айтарлықтай жоғары қарқыны байқалады. Өткен жылғы қорытынды бойынша өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,5%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгеге жетті (2023 жылы 2,5 трлн). 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 901,1 млрд теңгені құрады. Оның 78%-ы жеке, 22%-ы – бюджеттік. 53%-ы тау-кен өнеркәсібіне, 42%-ы өңдеу өнеркәсібіне салынған. 2024 жылғы 9 айда тікелей шетелдік инвестиция көлемі $337,4 млн-ды құрады. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің айтуынша, бүгінде өңірде 74 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2025 жылы 460 млрд теңгелік 10 жоба бойынша 1,2 мың жұмыс орны ашылған. Олардың қатарында «ПЗТМ Ltd» ЖШС рельс дәнекерлеу кәсіпорны, Лиманное кен орнын игеру, «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының екінші кезегі, «KAZFELTEC» ЖШС жүн өңдеу және тоқыма емес материалдар өндірісі, «Хромтау 1» жел электр стансасы құрылысы бар.Облыста Ақтөбе облысының инвестициялық бағдарламасы әзірленген. 46 іс-шарадан тұратын инвестиция тарту бойынша кешенді іс-қимыл жоспары жасалған. Инвестицияларға тапсырыс беру үшін тауашалық жоба анықталып, 265 млрд теңгеге 13 инвестициялық ұсыныс берілген. Олардың қатарында тау-кен техникасы, санфаянс, аяқ киім, балық өнімдері, құс фабрикасы, мұнара фермалары және басқалары бар.2026-2028 жылдарға жоспарланған негізгі жобалардың қатарында инвестиция көлемі 207 млрд теңгені құрайтын «AltynEx Company» ЖШС алтын құрамды кендерді өңдеу бойынша байыту фабрикасын салу, «Қазпошта» АҚ көлік-логистикалық хабы (25 млрд теңге), «Batys Bitum» ЖШС битум зауыты (111 млрд теңге) және басқалары бар. Аммиак пен карбамид, шыны ыдыстар өндіру, диатомит шикізатын өңдеу жобалары пысықталуда.Штаб отырысында өңірді газбен және сумен жабдықтау, ТЖ шеңберінде білім беру объектілері мен автожолдарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Вице-премьер облыс әкімдігіне «Бәйтерек» холдингі арқылы ұсынылатын шағын және ірі бизнес үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы өңірдің бизнес-ортасын хабардар етуді ұсынды. Осылайша олар өз жобаларын қаржыландыруға тезірек өтінім бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/952543
Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды 18.05.2025
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Шалқар Болатұлы Амантұров цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Шалқар Болатұлы 1982 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжін «Есептеу техникасы мен автоматтық жүйелерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету», Алматы экономика және статистика институтын «Қаржы және несие», Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы болып бастаған. 2006-2009 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, басқарма бастығы, 2009-2013 жылдары ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» РМК Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының CERT қызметінің жетекші маманы, «Электрондық үкімет қауіпсіздігі мониторингі орталығы» бөлімінің жетекші инженері, 2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Эксплуатация басқармасы техникалық қолдау қызметінің басшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық қолдау және талдау орталығы» ШЖҚ РМК Эксплуатация басқармасының Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, директоры, 2017-2018 жылдары Астана қаласындағы «Транстелеком» АҚ Орталық аппаратының «Желілерді жаңғырту және дамыту» бағытының басшысы, 2018-2019 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ның Архитектураны дамыту департаменті Цифрлық трансформация бөлімінің басшысы, 2019-2021 жылдары Астана қаласындағы «Электрондық қаржыландыру орталығы» АҚ Кірістерді цифрландыру, есепке алу және бақылау департаментінің директоры, 2021-2022 жылдары «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Жобаларды басқару департаментінің директоры, директорының орынбасары, 2022 жылы Астана қаласындағы «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарында жұмыс істеді. 2022 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласындағы «Аграрлық сектордағы экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/952599
Қарағанды облысында оқушылар арасында қазақ тілін үздік білетіндер анықталды 18.05.2025
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 7–11 (12) сынып оқушылары арасында өңірдің қазақ тілді және қазақ тілді емес мектептерінің 158 оқушысы қатысты. Олардың оны жеңімпаз атанды.Олимпиада бес пән бойынша өткізілді:1. «Бейнелеушілер».2. «Білгірлер бәйгесі».3. «Жас қаламгер».4. «Сөз шеберлері».5. «Әнші-бұлбұлдар».«Сөз шеберлері» номинациясында № 4 Теміртау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шұғыла Үсен (қазақ тобы) және Осакаров ауданы № 9 гимназиясының базасындағы тірек мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы Камила Доминова жеңімпаз атанды.«Жас қаламгер» санатында С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының он бірінші сынып оқушылары Аружан Бөкенова (қазақ тобы) мен Қарағанды № 2 лицейінің оқушысы Даная Корытникова үздік деп танылды.Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 11-сынып оқушысы Набисалық Ержанат (қазақ тобы) және № 1 «BILIM-INNOVATION» лицейінің тоғызыншы сынып оқушысы Саид Ибрагимов халық ауыз әдебиетін білетіндер арасында жеңімпаз атанды.Суретші-иллюстраторлар арасында ең үздіктер – Осакаров ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 10-сынып оқушысы Азамат Мұратұлы (қазақ тобы) және Қарағанды қаласындағы № 1 гимназияның сегізінші сынып оқушысы София Тумаева.«Әнші-бұлбұлдар» номинациясында Шет ауданы Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушысы Еркеназ Талғатова (қазақ тобы) және № 2 «BILIM-INNOVATION» лицейінің оныншы сынып оқушысы Мария Тен жеңіске жетті.Барлық жеңімпаздар биыл мамыр айында Астанада өтетін «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінде Қарағанды облысының атынан өнер көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/951809
Халықаралық әйелдер күніне орай су саласының 21 маманы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды 18.05.2025
Халықаралық әйелдер күніне орай су саласының 21 маманы мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы «Шу» өндірістік бөлімшесінің инженері Тілеукүл Әбдірайымоваға «Құрмет» орденін табыстады.Президент атынан Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» кәсіпорынының Қ.Сәтбаев атындағы канал филиалының Павлодар пайдалану басқармасының инженер-гидрологы Татьяна Авдееваға «Құрмет» орденіін табыстады. «Құрмет» орденімен Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас экономисі Цой Роза марапатталды.«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазсушар» кәсіпорынының «Оңтүстікауызсу» филиалы өндірістік бөлімінің басшысы Әлия Құлжабаева және Батыс Қазақстан филиалы «Камен» өндірістік учаскесінің зертхана меңгерушісі Светлана Түменова марапатталды.Бұдан бөлек, 4 қызметкер «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен, 12 маман Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапатталды.Қазақстанда су саласында екі жарым мыңға жуық әйел жұмыс істейді. Оның ішінде 2258 адам «Қазсушар» кәсіпорнында, 142 маман Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Комитеттерде және 119 әйел бассейндік инспекцияларда қызмет атқарады.«Су саласында еңбек етіп жүрген барша аруларымызды «Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге қажырлы және адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Қызметте де, жеке өмірде де мол табыс, зор денсаулық және бақыт тілеймін. Еліміздің су ресурстарын сақтау және қорғау бағытындағы ортақ мақсатқа сіздердің білім-тәжірибелеріңіз, күш-жігерсіз қол жеткізу мүмкін емес. Дәл осы ажарлы күнде гүлдей жайнап, ерекше құлпырып жүре беріңіздер. Отбасында жылылық пен махаббат ұялап, жақын адамдарыңыз әрдайым жаныңызда болсын», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/953193
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ІС-ШАРАЛАРЫ 18.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймалары салынып жатырАқтөбе су қоймасын реконструкциялау аяқталдыБиыл 4 жаңа су қоймасының құрылысы басталады. Ақмола, Қалғұты (Жамбыл облысы), Қараөзек (Қызылорда облысы) және Үлкен Өзен (БҚО)Жеке инвестиция есебінен Жетісу облысында Покатилов су қоймасын салу мәселесі пысықталуда6 облыста 12 су қоймасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр (Ақмола, БҚО, Жетісу, Түркістан, Ақтөбе, ШҚО)Жыл соңына дейін топтық су құбырын салу бойынша 12 жоба аяқталады. Нәтижесінде 423 мың тұрғыны бар 153 ауыл сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі және 52 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосыладыСу ресурстары және ирригация министрлігі Ақтөбе облысындағы «Көкжиде» жерасты суы орнынан Атырау және Маңғыстау облыстарының елді мекендеріне дейін топтық су құбырын салу мүмкіндігін пысықтап жатырҚ.Сәтбаев атындағы каналдың 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын ауыстыру жұмысы басталды. 17 трансформаторды жеткізуге келісімшарт жасалды, 9 бірлік жиынтықтаушы жабдық сатып алындыСу тасқынына дайындық аясында 74 гидротехникалық нысан жөнделді2024 жылы 84 гидротехникалық нысанға көп факторлы зерттеу жүргізілді. Биыл 105 коммуналдық және 29 республикалық нысан зерттеледіБылтыр 158 мың гектар жерде жаңбырлатып және тамшылатып суару, лазерлік тегістеу қолданылды. Бұл 30%-ға дейін су үнемдеуге мүмкіндік берді2024 жылы Министрлік суды заңсыз пайдаланудың 268 фактісін анықтады. Құқық бұзушылар жауапқа тартылдыӨткен жылы трансшекаралық су мәселелері бойынша 66 іс-шара өтті. Биыл 48 бірлескен комиссия отырысы жоспарланғанСу ресурстары және ирригация министрлігі су саласы мамандарының еңбекақысын 50%-ға дейін ұлғайту үшін жұмыс жасауда. Ведомство сушылардың айлығын электр және жылу энергетикасы салалары қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін сәйкестендіруге ниетті«Қазсушар» филиалдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында 150 бірлік арнайы техника сатып алынды16 облыста коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларға жауапты мамандандырылған ұйымдар құрылып, олардың иелігіне 809 нысан берілдіҚызылорда облысында су бекеттерін реконструкциялау және жалпы ұзындығы 232 шақырым болатын 5 каналда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орнату жобасы іске асырылудаБұдан бөлек, жалпы ұзындығы 2600 шақырымнан асатын 16 магистральдық және шаруашылықаралық каналдарды автоматтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Түркістан облысында Қызылқұм магистральдық каналын автоматтандыру жоспарланып отырАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/952984
Қостанай облысының Оперативтік штабы су тасқыны кезеңіне дайындықты үйлестіруде 18.05.2025
Қостанай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі Оперативтік штабтың отырысы өтті. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, көктемгі су тасқынына дейін уақыт аз қалды, ал «Қазгидромет» болжамына сәйкес, биылғы көктем жылы және жауын-шашынды болады, бұл өз кезегінде су тасқыны қаупін күшейтеді.«Алдын ала болжам бойынша, көктем жылы және жауын-шашынды болады. Аймақтарда су тасқыны жағдайына толық дайындық әлі қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты, су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою бойынша шараларды үйлестіру үшін Оперативтік штаб құру туралы шешім қабылданды», – деді Құмар Ақсақалов.Оперативтік штабтың міндеттеріҚұрылған штаб азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша негізгі міндеттерді орындайды. Оның негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:• су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;• су тасқынына қарсы күреске қажетті күштер мен құралдарды орналастыру;• су тасқынына қарсы шаралардың орындалуын бақылау;• тұрғындарды өміріне және денсаулығына қауіп төнген жағдайда көшіруді ұйымдастыру;• зардап шеккен аудандардағы инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үйлерді қалпына келтіру;• су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.Дайындық жұмыстарын күшейту қажетОблыс әкімі су тасқыны кезеңіне дайындықты бүгіннен бастап күшейту қажет екенін атап өтті. Әрбір елді мекенде қар шығару, жолдарды кеңейту, су өткізу арналары мен су өткізу құбырларын тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуі тиіс. Су басу қаупі жоғары аудандарда ауыр техника мен мотопомпалар алдын ала орналастырылуы қажет.Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының да бұл жұмыстарға белсенді қатысуы қажет екенін айтты:«Агроқұрылымдардың басшылары сырт қалмауы тиіс. Халыққа жан-жақты көмек көрсетіп, қар тазалау жұмыстарын күшейту қажет, еріген судың алдын алу шараларын ертерек қолға алу маңызды».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/953286
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Ақмола облысында келді 18.05.2025
Көкшетауда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев және Ақмола облысының әкімінің орынбасары Алтынай Әмренованың төрағалығымен босандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің республикалық көшпелі отырысы өтті.Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Елена Иванова облыстағы босандыру қызметін ұйымдастыру туралы баяндады. Ол 2024 жылы облыстағы перзентханаларға 90 бірлік құрал-жабдық сатып алынғанын атап өтті. 2024 жылдың тамыз айында «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылды, онда жүкті әйелдер бір күн ішінде «бір терезе» принципі бойынша пренатальды диагностиканың барлық түрінен өтіп, тез әрі нақты тест нәтижелерін ала алады. Өткен мерзімде 1867 жүкті әйел акушер-гинекологтардың қарауынан өтті.Акушерлік көмекке кешенді көзқарасты қамтамасыз ету үшін 2025-2026 жылдарға арналған ана өлімін азайту жоспарының жобасы әзірленді. Ол тек мамандармен қамту мен жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуды ғана емес, сонымен қатар акушерлік қызметте органдарды сақтау операциялары бойынша үздіксіз кәсіби біліктілігін арттыруды көздейді.Ержан Нұрлыбаев әйелдер денсаулығы – ұлт саулығы, адами ресурстардан бастап техникалық ресурстарға дейін әйелдер денсаулығын сақтау мен жақсарту мәселелерін шешуге, сондай-ақ профилактикалық шараларға бағытталуы керектігін атап өтті.Келген мамандар медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қатысты сұрақтар қойды. Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы, сондай-ақ ана өлімін азайтудағы республикалық орталықтың рөлі талқыланды.Бүгінде 7300 ақмолалық әйел сәби күтуде.Денсаулық сақтау вице-министрі Көкшетауға сапары барысында перинаталдық орталықта болып, «Бір күндік клиника» консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің қызметімен танысты; реанимация және жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімдері, сондай-ақ жағдай орталығының жұмысы. Басты назар тәуекелдерді азайтуға және халықтың медициналық көмектің уақтылы және сапалы көлеміне қанағаттануын арттыруға мүмкіндік беретін осы мониторинг жүйесін жетілдіру қажеттілігіне аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/953560
Шымкентте 54,7 гектар жер учаскесін заңсыз беру тоқтатылды 18.05.2025
Сот жер учаскесінің жеке меншікке берілуін заңсыз деп танып, оны мемлекет меншігіне қайтарды.Жер учаскесі мұнай өңдеу зауытын қайта құру аясында мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынуы жоспарланған болатын. Алайда, ҚР АШМ ЖРБК Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексеруі ҚР Жер кодексінің 48-бабын бұзу арқылы жер учаскесі жеке меншікке берілгенін анықтады. Аталған бапқа сәйкес, жер учаскелерін мемлекет тарапынан беру тек бәсекелестік негізде, яғни аукциондар мен конкурстар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.Бұл жағдайда жер учаскесі қажетті рәсімдер өткізілмей берілген, бұл заңнаманы тікелей бұзу болып табылады.Департаменттің талабын Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қанағаттандырды. Шешім заңды күшіне енді.Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында тек заңдылықты қалпына келтіріп қана қоймай, мемлекеттік бюджеттен 164,2 млн теңге көлемінде негізсіз шығындардың алдын алу мүмкін болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/954021
Қарағандының Станиславский театрында актриса Ирина Егорованың мерейтойы атап өтіледі 18.05.2025
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрында 21 наурызда Ирина Егорованың мерейтойы «Баба Шанель» спектаклімен атап өтіледі. Актриса бұл күні өзінің 50 жылдығын және шығармашылық қызметінің басталғанына 30 жыл толуын атап өтеді.Николай Коляданың «Баба Шанель» спектаклінде Ирина Егорова басты кейіпкерлердің бірі – Тамара Ивановна рөлін сомдайды. Басталуы – 17:00.Станиславский театрында актриса 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Оның есебінде ересектердің спектакльдерінде 40-қа жуық және балалардың спектакльдерінде 30-ға жуық рөлдер бар.Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: (8-7212) 30-12-82.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/954208
Қазақстан СІМ басшысының АҚШ Мемлекеттік хатшысымен телефон арқылы сөйлесуі туралы 18.05.2025
Астана, 2025 жылғы 12 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу болды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/954995
Қазақстан технологиялар, энергетика және денсаулық сақтау салаларында АҚШ-тың жетекші компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуда 18.05.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 6-7 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының АҚШ-тағы шетелдік өкілі Марат Бірімжанның қатысуымен технологиялық шешімдер, өнеркәсіп, денсаулық сақтау және энергетика салаларындағы ірі америкалық компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізілді. Аталған кездесулерде Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, технологиялық алмасу және өндірісті жергіліктендіру мәселелері талқыланды.Маңызды кездесулердің алғашқысы «Honeywell Technology Experience Center» орталығының өкілдерімен өткізілді. Кездесу барысында өнеркәсіптік автоматтандырудағы инновациялық шешімдер, баламалы авиаотын өндіру, өндірісті цифрландыру және Қазақстанда озық технологияларды енгізу мәселелері талқыға салынды.Әлемдегі жетекші агроөнеркәсіптік «Archer Daniels Midland» корпорациясымен өткен келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, агросекторға озық технологияларды енгізу және экспорттық жеткізілімдерді кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Бұл кездесуде қазақстандық тарап астықты қайта өңдеу және өсімдік майын өндіру бойынша әлеуетті жобаларды таныстырып, осы салалардағы өндірісті Қазақстанда жергіліктендіруге қолайлығы туралы атап өтті.Оған қоса «Pfizer» компаниясымен өткен кездесудің басты тақырыбы Қазақстандағы фармацевтика саласын дамыту, заманауи биотехнологияларды енгізу және дәрілік заттар өндірісін жергіліктендіру мәселелері жайлы болды.Сондай-ақ технологиялар, қауіпсіздік және цифрлық шешімдер саласындағы ірі америкалық компания «Leidos»-пен келіссөздер өтті. Бұл кездесуде интеллектуалды көлік жүйелері үшін технологиялық шешімдерді дамыту, маңызды инфрақұрылым мен өнеркәсіпті қорғау, Қазақстанда озық киберқауіпсіздік жүйелерін енгізу мүмкіндіктері талқыланды.Бұдан былай қазақстандық делегация өкілдері АҚШ-тың су технологиялары саласындағы жетекші компаниясы «Xylem»-мен кездесу өткізді. Аталған кездесу су ресурстарын басқару, су тазарту және сапасын бақылаудың инновациялық жүйелерін енгізу бойынша бірлескен бастамаларды талқылауға арналды. Қазақ тарапы сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жаңғырту үшін «Xylem» компаниясының озық шешімдерін пайдалануға мүдделілік танытты.Кездесулердің қорытындысы бойынша Ғ.Оспанкұлов америкалық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын растап, америкалық тарапқа негізгі салаларда жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар мен тиімді қолдау тетіктерін ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/954704
Түпқараған ауданында 100 отбасыға арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді 18.05.2025
Бүгін, 12 наурызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында 100 отбасыға арналған тұрғын жайдың ашылу рәсіміне қатысты. Бұл пәтерлер әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлеріне қолжетімді баспана ұсыну мақсатында салынған.Жалпы аумағы 2,6 гектарды құрайтын жаңа нысан екі қабатты жатақханадан тұрады. Мұнда бір және екі бөлмелі 100 пәтер қарастырылған. Оның 84-і бір бөлмелі, 16-сы екі бөлмелі. Сонымен қатар, жатақханада балалар ойын алаңы, спорт алаңы және автотұрақ бар.Облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, бұл игілікті істің жүзеге асуына демеушілік жасаған компанияға алғысын айтты.- Мемлекет басшысының шешімімен елімізде биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға, сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл жаңа жатақханада жас әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлерінің жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Осы іске мұрындық болған азаматтарға алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта ауданды дамытуға қатысты жүйелі жоспарлар бар. Бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады, – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, аталған жоба NCOC компаниясының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/955324
Қарағанды облысында онкологиялық қызмет жаңа жабдықтармен толықтырылды 18.05.2025
Қарағанды облысында онкологиялық көмекті жақсарту жалғасуда. № 3 көпбейінді ауруханада (облыстық онкодиспансер) «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен сәулелік терапияның заманауи орталығы жабдықталды. Ол ең жаңа аппараттармен жабдықталған - желілік жылдамдатқыш және ісіктерді егжей-тегжейлі визуализациялауға мүмкіндік беретін компьютерлік томограф.Пациенттерде өмірлік маңызды терапияға қолжетімділік артты. Медициналық көмек кепілдендірілген көлемде тегін көрсетіледі.Жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. Жабдықтардың тұсаукесеріне «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов қатысты.– Өткен жылы біз еуропалық стандарттарға сай келетін химиотерапиялық орталық аштық. Онкологиялық қызметті жабдықтау одан әрі жалғасуда. «Қазақстан халқына» қоры арқылы өте жоғары деңгейдегі жабдықтар алынды. Біздің облыстың ғана емес, көрші Ұлытау облысының тұрғындарына да көмек көрсетілуде. 400-ге жуық адам жаңа аппаратта сәулелік терапия курсынан өтті. 600-ден астам адам компьютерлік томографтан тексерілді. Бұл жұмысты жалғастырамыз. Біз «Қазақстан халқымен» тығыз байланыстамыз. Өздеріңіз білесіздер, бұл қор ел Президентінің бастамасымен құрылған және біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ләззат Шыңғысбаева Қарағанды облысындағы онкологиялық қызметті жарақтандырудың екінші кезеңі қаралып жатқанын хабарлады.Қосымша тағы бір жиынтық сатып алынуы мүмкін – желілік үдеткіш және компьютерлік томограф.– Екі облыстың пациенттері емделіп жатқанын ескерсек, жүктеме үлкен. Біз әр жабдықтың, тіпті заманауи жабдықтың да жобалық қуаты бар екенін түсінеміз. Сондықтан жарақтандырудың екінші кезеңін қарастырамыз. Жабдықтарды орнатудан басқа, персоналды оқыту жүріп жатыр. Бұл біздің қор қатысатын онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі үкіметтік жоспар. Жалпы, онкология қызметі жаңа деңгейге шығады деп үміттенеміз, – дейді Ләззат Шыңғысбаева.№ 3 көпсалалы аурухананың директоры Гамаль Тоқсамбаевтың айтуынша, жылына 1000-ға дейін пациент сәулелік терапия ала алады. Алдыңғы қатарлы әдістеме жанама әсерлерді азайтуға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.– Жабдықтар моральдық жағынан ескірген, физикалық жағынан тозған. Емделушілер сапалы көмек алу үшін шетелге кетеді. Ал қазір біз Еуропа, Америка клиникаларында тұрған аппараттарға ие болып отырмыз. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Гамаль Тоқсамбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955131
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды 18.05.2025
2025 жылғы 3 наурыз – 5 сәуір аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді.Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18–27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес, орта мектеп, колледж немесе университет бітірген, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді.КР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарының әрі қарай кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң олар өз қалауы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқара алады.ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7-776-800-27-28 телефон нөміріне хабарласып, білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955053
Қазақстан мен АҚШ энергетикалық әріптестікті нығайтуда: CERAWeek 2025 кездесуінің қорытындылары 18.05.2025
Хьюстон, 2025 жылғы 12 наурыз - Халықаралық CERAWeek 2025 энергетикалық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Энергетика министрі Крис Райтпен кездесті.Кездесудің негізгі тақырыптары мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, екі ел арасындағы Стратегиялық энергетикалық диалогты (СЭД) дамыту, энергия ресурстарын жеткізуді әртараптандыру және «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері болды.Министрлер Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ жобаларының іске асырылу барысын жан-жақты талқылады. Қазақстандық тарап бұл жобаларға америкалық инвестициялар мен технологияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.СЭД аясында тараптар парниктік газдар шығарындыларын азайту, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту, бейбіт атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимыл және стратегиялық маңызы бар материалдарды өндіру сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Қазақстан шағын модульдік реакторларды (SMR) әзірлеу және пайдалану бойынша АҚШ тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді.Кездесуде Қазақстан мұнайын тасымалдау маршруттарын әртараптандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Министр Сәтқалиев Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңыздылығын атап өтіп, оның дамуына АҚШ-тың қолдау көрсететініне сенім білдірді.Тараптар, сондай-ақ, санкциялық шектеулердің қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа тұрақты жеткізуге әсер ету мәселелерін талқылады.«Қазақстан мен АҚШ энергетика саласында стратегиялық серіктестер болып табылады. Біз өзара ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және оны одан әрі кеңейту үшін, әсіресе “жасыл” энергетика және жаңа технологиялар саласында, зор әлеует көріп отырмыз. Ортақ күш-жігеріміз жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тұрақты дамуға елеулі үлес қосады деп сенемін», – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/955639
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ҚАТАРЫНДАҒЫ МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ 18.05.2025
2025 жылғы 3 наурыз - 5 сәуір аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді. Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес, орта мектеп, колледж немесе университет бітірген, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу, ҚР Мемлекеттік Туы мен ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы эталондарын күзету секілді айрықша міндеттерді атқарады.ҚР МКҚ әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет атқару барысында жас сарбаздар тәжірибелі нұсқаушылық құрамның жетекшілігімен әскери іске үйренеді, жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарында әскери мамандықтарды меңгереді. ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздарының әрі қарай кадрлық тұрғыдан өсуге мүмкіндігі бар. Мерзімді қызмет аяқталған соң олар өз қалауы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыра алады, одан әрі арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және офицері болып, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқара алады.ҚР МКҚ мерзімді қызмет сарбаздары үшін Қазақстан Республикасында мерзімді әскери қызмет атқарған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша белгіленген барлық жеңілдіктер қолданылады.Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 776 800 27 28 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/955403
Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынының алдын алу үшін мұз бұрғылау жұмыстары жүргізілуде 18.05.2025
Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Нұра өзенінде Бұқар жырау ауданының Ғ. Мұстафин атындағы кентінде мұз бұрғылана бастады. Бұл шара мұз кептелісі болмауы үшін қажет. Мұз бұрғылау мұз жүру кезінде өзендердің толып кетпеуіне мүмкіндік береді.Ғарыш мониторингінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда облыс аумағының 75% қар басқан.Өңірдің ірі су қоймаларынан – Самарқанд, Ынтымақ және Шерубай-Нұрадан секундына 10-нан 15 текше метрге дейінгі көлемде төгінділер жүргізілуде. Бұл өзен арналарын жуу және тасқын суларды қабылдау үшін бос сыйымдылық дайындауға қажет.Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/955930
Құрметті Алматы облысының тұрғындары! 18.05.2025
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!Көрісу күні – халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрін дәріптейтін, береке мен бірлікті, мейірім мен ізгілікті ту еткен мейрам. Бұл күні адамдар бір-біріне жылы лебізін білдіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетеді.Алматы облысы – ынтымағы жарасқан, ырысы мол өңір. Ортақ шаңырағымыздағы татулық пен бірлік одан әрі нығайып, әр отбасыға құт-береке, бақ-дәулет әкелсін!Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/956741
Қазақстан ТЖМ әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерін игереді 18.05.2025
2025 жылды жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялаған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігі әскери қызметшілерді қажетті мамандықтарға оқытуды жалғастыруда. Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімі, Ж. Жабаев атындағы кәсіптік колледжі және Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты арасында жасалған меморандум негізінде мерзімді әскери қызметшілер, аспазшы, автомеханик, слесарь, шаштараз, газ дәнекерлеуші, электрик сияқты мамандықтар бойынша оқудан өтеді. Мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер біліктілік туралы куәлік алады, бұл оларға мансаптарын сенімді құруға және қазіргі еңбек нарығының талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді. «Біз жастарды әскери қызметке дайындап қана қоймаймыз, сондай-ақ оларға болашақ үшін берік негіз болатын білім мен дағдыларды үйретеміз. Бұл олардың армиядан кейінгі кәсіби қалыптасуы мен табысты өміріне қосылатын маңызды үлес», — деп төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов атап өтті. Қазақстан ТЖМ бастамасы жастарды қолдауға және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, олардың одан әрі кәсіби өсуі мен өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/956550