Enbekshi QazaQ

Әлем

Электрондық шот-фактуралар бойынша өзгерістер туралы 27.01.2026
Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактуралар бөлігінде мынадай негізгі өзгерістер күшіне енеді:Түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған ЭШФ алушының міндетті растауы:      Түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған ЭШФ ЭШФ АЖ-де алушы – ҚҚС төлеуші міндетті растауға жатады, бұл ретте түзетілген және қосымша ЭШФ осындай ЭШФ алушысынан растау болған кезде жазып берілген, ал кері қайтарып алынған – кері қайтарып алынған болып есептеледі.ҚҚС төлеуші болып табылмайтын алушылар үшін реакция болмаған кезде белгіленген мерзім өткеннен кейін автоматты растау көзделген.ЭШФ жазуға міндетті субъектілер шеңберін кеңейту, оның ішінде:     – ҚҚС төлеушілер:      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, егер өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы деп танылса, салық төлеуші бейрезидент үшін ЭШФ жазып беруге міндетті;     – ҚҚС төлемеушілер:      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;      Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша – салық төлеуші;      адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша адвокаттық осындай кеңсені дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат көрсеткен заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе.        Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде құны айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ЭШФ жазып беру міндеттемесі бойынша норма алынып тасталғанын атап өтеміз.Биометриялық сәйкестендіруден өту:     – ЭШФ АЖ-нің қатысушысын ЭШФ АЖ-де тіркеу кезінде;    – ЭШФ куәландырылған кезде – салық төлеушіге қатысты ЭШФ Салық кодексінің 93-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тәуекел анықталған жағдайларда.       Бұл ретте биометриядан өтудің жалпы саны 3 (үш) табысты растаумен шектеледі, содан кейін салық төлеушіге биометриядан өтпей ЭШФ одан әрі жазып беру мүмкіндігі беріледі.«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда Ұлттық каталогына сәйкес тауар кодын көрсету.ҚҚС сомасын есепке жатқызу.      ЭШФ АЖ-де есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы танылған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күні келетін кезеңді көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларация ұсынылғанға дейін осындай тану туралы белгі қойылады.Комиссионерлердің, экспедиторлардың сыйақы сомасын бөлек жолмен бөлініп көрсетуі.     Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарт бойынша, сондай-ақ көлік экспедициясы шарты бойынша шот-фактураны жазып берген кезде шот-фактурадағы сыйақы сомасы бөлек жолмен бөлініп көрсетіледі.«Жеткізушінің деректемелері» В бөлімінде «ҚҚС төлеушінің тіркеу есебіне қою күні» деген 9-жол қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1150149?lang=kk
Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар 27.01.2026
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-o-vredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту.Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.Дереккөз: ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/1148742?lang=kk
Салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндіріліді 27.01.2026
Көкшетауда «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының бастамасымен дөңгелек үстел өтті.Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты.Департаменттің өндірістік емес төлемдердің басқармасының басшының міңдетін атқарушы Әлібек Ашуов 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді, оның ішінде жеке табыс және әлеуметтік салықтарға, көлік салықтарына және басқа да жаңалықтарға енгізілген өзгерістермен таныстырды.Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетуді көздейді. Өткізілетін есеп түрлері азайып, цифрлы сервистер енгізілді. Бұл ашық және тиімді жұмыс істеу арқылы кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталды. «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек. Акция 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі практикалық түсіндірмелер ала алады. Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау. Қаңтар–ақпан айларында консультациялар аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Наурыздан бастап консультациялар аптасына 2 рет жүргізіледі. Акция аясында консультацияларды кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының ең тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді. Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 21А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтуде.Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1148642?lang=kk
Ведомствоаралық комиссия 2025 жылды қорытындылып, техникалық реттеу саласындағы стратегиялық міндеттерді айқындады 27.01.2026
23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның биылғы алғашқы отырысы өтті. Отырыста 2025 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үдерістерді ескере отырып, еліміздегі техникалық реттеу жүйесін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары қаралды. Техникалық реттеу шаралары ішкі нарықты қауіпсіз емес және «көлеңкелі» импорттан қорғаудың, сондай-ақ отандық өндірушілер үшін тең әрі ашық бәсекелестік орта қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі екені аталды. Осы бағытта Техникалық реттеу және метрология комитеті салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп ұлттық техникалық регламенттерді қабылдау және өзектендіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, 2025 жылы көмірге және жоғары кернеулі жабдыққа қатысты ұлттық техникалық регламенттер қабылданып, алкоголь өнімдеріне арналған техникалық регламент қолданысқа енгізілді. Көмір және оны қайта өңдеу өнімдеріне арналған жаңартылған регламентте көмірдің маркалары нақтыланып, сәйкестікті бағалау тетіктері егжей-тегжей айқындалып, талаптар мен көрсеткіштер жүйеленді. Сондай-ақ алғаш рет электр энергиясын өндіру, бөлу және жеткізу барысында қолданылатын жоғары кернеулі жабдықтың қауіпсіздігіне арналған техникалық регламент қабылданды. Бұл құжат тарату құрылғыларын, трансформаторларды, электр машиналары мен конденсаторларды қамтиды. Құрылыс саласында ұлттық техникалық реттеуді іске асырудың оң тәжірибесі ерекше аталып өтті. 2023 жылы бекітілген құрылыс өнімдеріне арналған техникалық регламентті енгізу отандық және импорттық өндірушілер үшін сертификаттау талаптарын теңестіріп, қазақстандық компанияларға қатысты кемсітушілікті жоюға мүмкіндік берді. Техникалық регламенттерді іске асыру мақсатында қабылданған ұлттық стандарттар (СТ РК) мемлекеттің мүддесін қорғау мен экспорттық әлеуетті кеңейтудің тиімді құралына айналып отыр. Мәселен, цемент саласында СТ РК 3361-2022 стандартының қабылдануы цемент өндірісін 14,4 млн тоннаға дейін арттыруға, ал граниттен жасалған жиектастар мен төсеме тақталар өндірісін 30 пайызға ұлғайтуға жол ашты. Жинақталған оң тәжірибені ескере отырып, жоғары кернеулі жабдық пен көмірге арналған ұлттық техникалық регламенттер бойынша техникалық реттеудің толыққанды экожүйесін қалыптастыруға бағытталған ұқсас даму алгоритмін қолдану ұсынылды. Жалпы алғанда, техникалық регламенттерді қабылдау, енгізу және іске асыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табады. Отырыста стандарттау мәселелеріне де айрықша назар аударылды. Қолданыстағы 4 мыңнан астам ұлттық стандарт экономиканың түрлі салаларының дамуына бағытталған. 2025 жылы Ұлттық стандарттау жоспары аясында 61 стандарт бекітіліп, 274 мемлекетаралық стандарт ұлттық стандарт ретінде қабылданды. Бизнес бастамасымен 23 СТ РК әзірленді. Бұл құжаттар жасанды интеллект, ақпараттық қауіпсіздік, зияткерлік энергия жүйелері, түсті металлургия, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік және басқа да бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар ведомствоаралық комиссия отырысында ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ахуал мен өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша жүргізілген функционалдық талдаудың қорытындылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1148660?lang=kk
МӘМС азаматтарға заманауи технологиялық медициналық көмекті тегін алуға мүмкіндік беретін тиімді әлеуметтік механизмге айналды 27.01.2026
Мұның айқын дәлелі - Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында ем қабылдаған 24 жастағы науқастың клиникалық жағдайы.Науқас ауруханаға сол жақ бүйректің II–III дәрежелі гидронефрозы диагнозымен түсті. Аталған патология бүйрек астаушасы мен несепағар түйіскен аймақтың тарылуы және қосымша бүйрек артериясының несепағарды қысуы салдарынан, созылмалы пиелонефриттің асқынуы аясында дамыған. Яғни, зәрдің бүйректен табиғи жолмен ағуы бұзылып, оның жиналуы органның біртіндеп кеңеюіне, қатты ұстамалы ауырсынулар мен қабыну үдерісінің өршуіне әкелген. Уақтылы әрі дұрыс ем көрсетілмегенде бұл жағдай бүйрек қызметінің айтарлықтай төмендеуіне, тіпті толық жоғалуына себеп болуы мүмкін еді.Бұған дейін науқасқа жедел медициналық көмек көрсетіліп, бүйрек шаншуы себебімен несепағарға стент-катетер орнатылған болатын. Бұл шара зәрдің уақытша ағуын қалпына келтіріп, науқастың жалпы жағдайын тұрақтандырғанымен, аурудың түпкі себебін жоймайтыны белгілі. Уролог дәрігердің жоспарлы кеңесінен кейін патологияның негізгі себебін түбегейлі жою мақсатында хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылданды.Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирургия бөлімшесінде уролог дәрігер Сабаев Айдар Жанбатырұлы, хирург Сабаев Серік Жанбатырұлы және анестезиолог - реаниматолог Хайленко Юрий Александровичтің қатысуымен түбекше-несепағар сегментінің лапароскопиялық пластикасы сәтті орындалды. Ота құрсақ қабырғасында бірнеше шағын тілік арқылы, ірі кесусіз жүргізілді.Бейнебақылау жағдайында тарылған аймақ дәл анықталып, қосымша бүйрек артериясының несепағарға түсірген қысымы жойылды, сондай-ақ бүйрек астаушасы мен несепағар арасында жаңа анатомиялық байланыс қалыптастырылды. Тігістердің қауіпсіз жазылуын және зәрдің еркін ағуын қамтамасыз ету үшін ішкі стент-катетер орнатылды.Аталған аз инвазивті әдіс операциялық жарақаттылықты айтарлықтай төмендетіп, операциядан кейінгі ауырсынуды азайтуға және науқастың қалпына келу кезеңін қысқартуға мүмкіндік береді.Айта кетейік, мұндай лапароскопиялық араласулар жоғары технологиялы және техникалық тұрғыдан күрделі операциялар санатына жатады. Хирургтер шектеулі кеңістікте, тек бейнекамера көмегімен бағдар алып, аса жоғары дәлдікпен жұмыс атқарады. Әсіресе, ірі қан тамырларына, оның ішінде қосымша бүйрек артериясына жақын орналасуы отаның күрделілігін арттыра түседі. Бұл жағдайда несепағарды қысу себебін жойып қана қоймай, бүйректің қанмен қамтамасыз етілуін толық сақтау басты міндет болды.Сонымен қатар, операцияны жоспарлау барысында науқастың жеке анатомиялық ерекшеліктері, бүйректің кеңею дәрежесі және қабыну үдерісінің айқындылығы жан-жақты ескерілді. Мұндай күрделі хирургиялық араласулар тек тәжірибелі мамандар командасының, заманауи медициналық жабдықтың және медициналық ұйымның жоғары деңгейдегі дайындығының арқасында ғана мүмкін.Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Ауырсыну синдромы мен қабыну белгілері толық жойылып, науқас қанағаттанарлық жағдайда амбулаториялық бақылауға шығарылды.Аталған клиникалық жағдай МӘМС аясында азаматтардың басқа аудандарға шықпай-ақ, қаржылық жүктемесіз, күрделі әрі жоғары технологиялы медициналық көмекті тегін ала алатынын айқын көрсетеді. Операцияның сәтті өтуі дәрігерлердің кәсіби шеберлігіне, хирургиялық және анестезиологиялық қызметтердің үйлесімді жұмысына, сондай-ақ Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының заманауи материалдық - техникалық базасына тікелей байланысты.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өз әлеуметтік маңызын тағы бір мәрте дәлелдеп, халықтың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға қызмет етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1148560?lang=kk
ПРЕЗИДЕНТ БАС ПРОКУРАТУРАДА ЖИЫН ӨТКІЗДІ 27.01.2026
Мемлекет басшысы елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізу, мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты. Сонымен қатар жаңа дәуірде барлық салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні жаппай енгізу жұмысымен белсенді түрде айналысу қажет екенін атап өтті.– Қоғамымызға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәртіп мықтылығы ауадай қажет. Кейбір шет елдерде болып жатқан қазіргі өте күрделі ахуалды көріп, бұл саясатымыздың дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетіп отыр, оған ешқандай күмән жоқ. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қабылдануы керек, бұл қағидатты жаңа Конституциямызға міндетті түрде енгізу қажет деп санаймын. Себебі бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, өміршең қағидат екені даусыз. Бас прокуратураның осы саладағы рөлі аса маңызды. Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау жүйесін цифрландыру үдерісі біркелкі емес, яғни әр жерде әрқалай жүргізіліп жатқанына назар аударды.– Әр мекеме цифрлық жүйесін өз бетімен дамытуда. Бұл шаруа жүйесіз жүргізіліп жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істеуде. Ал кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ. Үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімдерді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырамын. Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс, –деді Мемлекет басшысы.Президент азаматтардың дербес деректерін қорғау қажет екенін айтты.– Ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректері жарияланып кеткені туралы хабар жиі шығып жатады. Дербес деректерді барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы киберқылмыспен күрес мәселесіне тоқталды.– Әлемде киберқылмыс өршіп барады. Жыл сайын мыңдаған азаматымыз соның құрбаны болып жатыр. Қазір интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифрлық қатерге төтеп беру үшін құқық қорғау органдары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қалмаудың амалын табу қажет, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыруды өте өзекті мәселе ретінде атады.– Көші-қон үдерістерін жаппай цифрландыру керек. Бұл – өте өзекті мәселе. Баяғыдан бері талқылап жатырмыз, дұрыс, оң нәтиже аз. Қазір әлемде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Дүние жүзінде кең ауқымды көші-қон жүріп жатыр десек, қате болмайды. Қоныс аударғысы келетін шетелдіктер үшін Қазақстан – басқа елдерге өтуге де, тұрақтап қалуға да қолайлы мемлекет. Елге келген шетел азаматтарын уақтылы есепке алып, олардың жүріс-тұрысын бақылайтын техникалық құралдарды жетілдіру – аса маңызды міндет. Үкіметке Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, осы жұмысты тездетуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.Президент әлеуметтік желіде ақпарат таратуда заң талаптары ескерілуі қажет екенін айтты.– Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет. Азаматтарға деструктивті контентті таратудың құқықтық салдары жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайтынын атап өтті.– Ұлттық құрылтай отырысында мен отаншылдық ұғымы туралы пікірімді айттым. Отаншылдық, бұл жай ұран емес, отаншылдық дегеніміз – қасиетті сезім, мұның әсіреұлтшылдыққа еш қатысы жоқ. Қазақстанда біз отаншылдық ұғымына жауапкершілік және жасампаздық тұрғысынан қарауымыз керек, яғни отаншыл азамат ең алдымен жауапкершілігі жоғары және жасампаз азамат болуға тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік – саяси ұпай жинау немесе қызметтік мансап жасау емес, бұл – Отаныңа жақсылық жасау, еліңе пайда әкелу деген сөз, – деді Президент.Сонымен қатар жиында Бас прокурор Берік Асылов, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов сөз сөйледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт: әрбір мемлекеттік қызметші нені білуі тиіс? 27.01.2026
Адалдық, принципшілдік және ашықтық — бұл жай ғана сөздер емес, азаматтардың мемлекетке деген сенімінің негізі. Бүгінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жаңа деңгейге шықты: біз тек фактілерді тіркеуден терең алдын алу мен қатаң жауапкершілікке көштік.📚 Құқықтық негізӘрбір қызметшінің қызметі нақты нормативтік базамен реттеледі. Біз келесі құжаттарға сүйенеміз:ҚР Конституциясы (заң үстемдігі).«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдар.Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер.🛡 Жауапкершілік түрлері: әдептен заңға дейінҚазақстанда көпдеңгейлі бақылау жүйесі енгізілген:Тәртіптік жауапкершілік: Әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзғаны үшін қолданылады. Тіпті «ұсақ» теріс қылықтың өзі теріс себептермен жұмыстан шығаруға әкеп соғуы мүмкін, бұл мемлекеттік қызметке қайта оралу жолын мәңгілікке жабады.Әкімшілік жауапкершілік: Заңсыз сыйлықтар немесе қызметтер алғаны үшін, сондай-ақ декларация тапсырмағаны үшін қолданылады.Маңызды: құны 2 АЕК-тен асатын сыйлық алу ірі айыппұлға ғана емес, сонымен қатар қызметтен дереу босатуға әкеп соғады.Қылмыстық жауапкершілік (ең қатаң шара):Айыппұлдар: пара сомасының 30-дан 80 еселенген мөлшеріне дейін.Мерзімдер: ауыр қылмыстар үшін 5-тен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.Өмір бойына тыйым салу: жемқорлық үшін сотталғандар мемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан мәңгілікке айырылады.🚫 «Мүлдем төзбеушілік» қағидатыЗаманауи саясат «мәжбүрлі жемқорлық» деген түсінікті жоққа шығарады. Жауапкершілікті бәрі арқалайды: пара алушы да, пара беруші де, делдал да. Қызметтік өкілеттікті жеке мақсатта пайдалану — бүкіл елдің беделіне нұқсан келтіру.🤝 Алдын алу және жеке үлгіСыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әрқайсымыздан басталады. Әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысы туралы уақтылы хабарлау және шешімдердің ашықтығы — құқық бұзушылықтардан қорғаудың ең жақсы жолы.Сыбайлас жемқорлық — бұл тығырыққа тірейтін жол. Біздің ортақ міндетіміз — халық игілігі үшін әділ әрі тиімді қызметті қамтамасыз ету. Таза қол мен адал ниет — Қазақстанның заманауи мемлекеттік қызметшісінің басты стандарты. 🇰🇿 #АнтикорРК #ЗаңЖәнеТәртіп #МемлекеттікҚызмет #Қазақстан2026 #ЖемқорлыққаЖолЖоқ #ҚызметтікӘдепАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1148543?lang=kk
2026 жылы энергокешенді цифрландыру бойынша қандай жұмыстар атқарылады? 27.01.2026
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің негізгі процестеріне жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізіп келеді.Министрліктің тәсілі эксперименттік әзірлемелерге емес, инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, апаттылықты төмендетуге және шығындарды оңтайландыруға бағытталған қолданбалы пилоттық жобаларды іске асыруға негізделген.Қазіргі уақытта салада үш негізгі практикалық кейс жүзеге асуда: Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, электр беру әуе желілерін ЖИ-дефектоскопиялау. Компьютерлік көру және машиналық оқыту технологиялары 4K-камералар, жылу анықтау және лидар жүйелерінен алынған деректер негізінде тірек конструкциялары мен сымдардағы ақауларды, қызып кетулерді, деформацияларды және басқа да жасырын тәуекелдерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жоба шығындарды қысқарту есебінен 2,5 млрд.теңге көлемінде экономикалық тиімділік береді деп күтілудеАкустикалық резонанс технологиясына негізделген жылу желілерінің роботтандырылған құбырішілік диагностикасы. Бұл шешім жүйені ашпай-ақ және тоқтатпай-ақ құбырлардың жай-күйін нүктелік бағалауды қамтамасыз етеді. Бұл шешім жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлау арқылы 42 млрд теңге көлемінде экономикалық нәтиже бермек.Газ саласына арналған ЖИ-ассистент, ол мобильді қосымшада түсірілген фотосурет арқылы газ есептегіштердің көрсеткіштерін автоматты түрде таниды. Бұл адам факторын азайтып, есепке алудың дәлдігін арттырады.Аталған шешімдердің барлығы пилоттық режимде апробациядан өтіп, жоғары тиімділігін көрсетті: диагностика уақыты жеделдеді, апаттылық деңгейі төмендеді және ресурстарды үнемдеу айтарлықтай артты. Президент қойған міндеттерге сәйкес, 2026 жылы Энергетика министрлігі электр және жылумен жабдықтау салаларында ЖИ-шешімдерді пилоттық кезеңнен ауқымды енгізуге көшіруді жоспарлап отыр.Басым бағыттардың қатарында: ЖИ-дефектоскопиядағы ақаулар классификаторларын кеңейту, магистральдық құбыржолдарда құбырішілік диагностика технологияларын енгізу, сондай-ақ газ саласындағы цифрлық сервистерді одан әрі дамыту бар.Сонымен қатар, Министрлік жасанды интеллект технологияларын әзірлейтін отандық ІТ-компаниялармен қол қойылған меморандумдар аясында жүйелі ынтымақтастықты жалғастырады.2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануы озық технологияларды жедел енгізуге және Қазақстан энергетикасын орнықты, цифрлық әрі технологиялық тұрғыдан тәуелсіз салаға айналдыруға қуатты серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/1148494?lang=kk
Қазақстан Елшісінің жыл сайынғы дипломатиялық қабылдауға қатысуы туралы 27.01.2026
Охрид, 2026 жылғы 20 қаңтар – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкованың атынан дипломатиялық корпус үшін Охрид қаласында ұйымдастырылған жыл сайынғы қабылдауға қатысты.Дәстүрлі іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламенттің, СІМ, бизнестің, БАҚ, жұртшылықтың өкілдері, сондай-ақ шет мемлекеттердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың миссия басшылары қатысты.Президент Г.Силяновска-Давкова өз сөзінде дипломатияның бейбітшілік, диалог және сенім құралы ретіндегі шешуші рөлін атап өтті. Мемлекет басшысы шетелдік дипломаттарға күрделі халықаралық мәселелерді шешудегі әріптестігі үшін терең ризашылығын білдіріп, олардың келіссөздер мен өзара түсіністік іздеуге бейілділігін атап өтті.Баяндамада елдің еуропалық перспективасына ерекше назар аударылды: Президент Солтүстік Македонияның ұлттық бірегейлігі оның күші және Еуропалық Одақтың әртүрлілігіне қосқан құнды үлесі екенін айтты. Соңында ол бүкіл дипломатиялық қоғамдастыққа бейбіт болашақты нығайтуға бағытталған жемісті жыл тіледі.Қабылдаудағы бейресми қарым-қатынас барысында Солтүстік Македонияның Президенті Г.Силяновска-Давкова өткен жылдың мамыр айында болған сапарлар екіжақты қарым-қатынастардың дамуындағы маңызды кезең болғанын атап өтіп, 2025 жылы Қазақстанға сапары туралы жылы лебізін білдірді. Қазақстанның Елшісі С.Бұршақовқа арнаған сөзінде ол сапардан алған жарқын әсерлерін атап өтіп, оның қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың ағымдағы барысына қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1148336?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды 27.01.2026
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 30 желтоқсанда инвестициялық портфельді басқарушы – «Halyk Global Markets» АҚ-дан (Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы) (бұдан әрі – ИПБ) 2021 жылғы 18 ақпанда жасалған № 17/6/18-02-21/П зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) ИПБ-ның бастамасы бойынша бұзу жоспарланғаны туралы мәлімдеме алынғанын хабарлайды.Аталған хабарлама заңнама талаптарына сәйкес жолданған. Заңнамаға сәйкес, ИПБ Шартты оны жасасқан күннен бастап кемінде бір толық күнтізбелік жыл өткеннен кейін өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Бұл ретте толық күнтізбелік жыл деп 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең[1] түсініледі.ИПБ Шартты өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда, оның жоспарланған бұзылу күнінен кемінде бір күнтізбелік жыл бұрын уәкілетті органды, БЖЗҚ-ны және зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтауды жүзеге асыратын кастодианды хабардар етуге, сондай-ақ өзінің корпоративтік интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды орналастыруға міндетті. Осындай хабарлама болған жағдайда БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру туралы жаңа өтініштер қабылдамайды[2]ИПБ өз сенімгерлік басқаруындағы ақша түріндегі зейнетақы активтерін толық көлемде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруға қайтарады. Сонымен қатар, егер ИПБ алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен ИПБ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы, яғни бұл жағдайда 2027 жылғы 1 қаңтардағы ең төменгі мән арасындағы теріс айырма туындаған болса, ИПБ оны толық көлемде өтеуге міндетті[3].Теріс айырма өтелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (егер мұндай айырма болған жағдайда) инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде ҚРҰБ-тағы БЖЗҚ-ның кастодиандық шотына қайтарады[4].Осылайша, қолданыстағы тәртіп салымшылардың зейнетақы жинақтарының сақталуына, олардың ҚРҰБ басқаруына қайтарылуына кепілдік береді және зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін кез келген қаржылық тәуекелдерді болдырмайды. Бұл ретте, бұған дейін ИПБ басқаруына берілген барлық зейнетақы жинақтары олар ҚРҰБ басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттар бойынша «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді.               ИПБ Шарт тоқтатылғанға дейін өзінің барлық міндеттемелерін, оның ішінде бекітілген инвестициялық стратегияны сақтау, активтердің сақталуын қамтамасыз ету және есептілік талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерін толық көлемде орындауға міндетті.Сонымен қатар, салымшылар зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына немесе инвестициялық портфелін қалыптастыру өлшемшарты салымшының жасына сәйкес келетін басқа инвестициялық портфельді басқарушыға беруге құқылы екенін хабарлаймыз.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).[1]Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 7-3-тармағы2Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру Қағидаларының 58-тармағы3Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 59-тармағы 4Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 60-тармағы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1149901?lang=kk
eGov Mobile қосымшасында мүлікті ерікті сақтандыру сервисі іске қосылды 26.01.2026
eGov Mobile мобильді қосымшасында мүлікті және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандырудың жаңа цифрлық сервисі қолжетімді болды. Жоба «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Tumar» сақтандыру брокері» ЖШС бірлесіп іске асырды және азаматтарға арналған цифрлық сервистер аясын кеңейтуге бағытталған.Жаңа өнім пайдаланушыларға тұрғын үй жылжымайтын мүлкін және көршілер алдындағы жауапкершілікті толықтай онлайн форматта сақтандыруға мүмкіндік береді. Сервис тұрмыста жиі кездесетін негізгі тәуекелдерді, соның ішінде өртті, жарылысты және су басу салдарынан келтірілген залалды қамтиды. Рәсімдеу ай сайынғы жазылу форматы бойынша жүзеге асырылады, бұл қызметті икемді әрі қолжетімді етеді.«Tumar Home» сервисі енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, осылайша азаматтар өз мүлкінің қорғалуын өздері қамтамасыз ете алады. Сақтандыруды рәсімдеу туралы шешім пайдаланушының өз еркінде, ал «ҰАТ» АҚ командасы серіктестермен бірлесіп сервистің мобильді қосымша экожүйесіне ыңғайлы әрі қауіпсіз интеграциялануын қамтамасыз етті», – деді «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Даулет Бекманов.«Tumar Home» сервисін қалай пайдалануға болады. Сақтандыру полисін рәсімдеу үшін пайдаланушыға:eGov Mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өту қажет;«Хабарламалар» – «Хабарландырулар» бөліміне өту керек;«Tumar Home» сақтандыруы туралы хабарландыруды таңдап, сервисті ашу;дербес деректерді өңдеуге келісім беру;полисті рәсімдеуге қажетті мәліметтерді толтыру;сақтандыру жарнасын төлеу қажет.Сақтандыруға жазылу құны айына 1 500 теңгені құрайды. Төлемдердің жалпы сомасы 500 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Оның ішінде 250 000 теңгеге дейін мүлікке келтірілген залалды өтеуге, ал 250 000 теңгеге дейін үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеуге бағытталады.Сақтандыру өнімін іске асыруға үш сақтандыру компаниясы қатысады: Freedom Insurance, Basel және Alatau City Garant. Таңдалған сақтандыру компаниясына қарамастан, пайдаланушылар үшін сақтандыру шарттары мен полис құны бірдей.«Біз сақтандыруды цифрлық ыңғайлылықтың жаңа деңгейіне шығарғанымызға қуаныштымыз. “Tumar Home” – ең жиі кездесетін тұрмыстық тәуекелдерді қамтитын қарапайым, қолжетімді әрі тиімді өнім. eGov Mobile-мен интеграция пайдаланушылардың кең ауқымын қамтуға және сақтандыруды бірнеше қадам арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Tumar» сақтандыру брокері» ЖШС өкілдері.Қазіргі кезеңде сервис жылжымайтын мүлікті енді рәсімдеген пайдаланушыларға қолжетімді. Меншік құқығын тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін олар eGov Mobile қосымшасында сақтандыруды рәсімдеу туралы ұсынысы бар хабарландыру алады. Полисті рәсімдеу небәрі бірнеше минутты алады және толықтай цифрлық форматта, яғни қағаз құжаттарсыз жүзеге асырылады, бұл процестің қарапайымдылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сервис мемлекеттік электрондық қызметтер экожүйесіне интеграцияланған, бұл азаматтарға бір қосымша арқылы мүліктік және әкімшілік мәселелерді қатар басқаруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1148305?lang=kk
Будапештте құқық саласындағы ынтымақтастық талқыланды 26.01.2026
Будапешт, 2026 жылғы 13 қаңтар – Мажарстаның Бас прокуратурасында Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Мажарстанның Бас прокуроры Габор Балинт Надь мырза арасында кездесу өтті.Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Мажарстанның прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселелері талқыланды. Екі елде де өзара құқықтық көмек көрсету мәселелеріне ерекше маңыз берілетіні атап өтілді.Елші А.Сапарбекұлы сұхбатшыны Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау барысы туралы жан-жақты хабардар етті. Атап айтқанда, «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» қағидаттары аясында, әсіресе прокуратура жүйесінде превентивті құқықтық қадағалауды күшейтуге, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған шараларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ екі ел арасындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді.Өз кезегінде Мажарстанның Бас прокуроры Қазақстандағы ішкі саяси реформаларды, әсіресе заңнамалық және құқықтық салалардағы өзгерістерді жоғары бағалады. Ол 2025 жылғы 4 қарашада Қазақстанның Жоғарғы сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Будапештке жасаған сапары барысында аталған реформалар туралы жан-жақты ақпарат алғанын атап өтті. Осы орайда екі елдің прокуратура органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың, соның ішінде құқықтық және гуманитарлық салаларда тәжірибе алмасудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.Сонымен қатар, талқылау барысында Габор Балинт Надь мырза Қазақстан мен Мажарстан прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастықтың тиімді әрі сындарлы сипатқа ие екенін атап өтті. Ол Мажарстан прокуратурасының қызметіне цифрлық технологияларды енгізу жөнінде ақпарат беріп, цифрландыру саласында, соның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдану бағытында Қазақстанмен тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі мен Мажарстанның Бас прокуратурасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға және оны одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1148307?lang=kk
«Аттила» халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты 26.01.2026
Будапешт, 2026 ж. 22 қаңтар - Мажар Ұлттық музейінде Мажар мәдениеті күні аясында ұйымдастырылған «Аттила» атты халықаралық көрмесінің қонағы ретінде елімізден ҚР Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы, «Ә.Марғұлан» Археология институтының директоры Ахан Оңғарұлы, сондай-ақ институттың жетекші ғалымдары қатысты.Ашылу салтанатына Мажарстан Мәдениет және инновациялар министрі Балаш Ханко, ҚР Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, «TÜRKSOY» Бас хатшысы Сұлтан Раев, Мажар Ұлттық музейінің президенті Габор Жигмонд, «Мажар-Тұран» қорының президенті Андраш Жолт Биро, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия сынды бірқатар елдердің музей басшылары мен ғалымдары қатысты.Халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде ұйымдастырылған көрмеде 13 елдің 64 музейінен жиналған 400-ден астам бірегей тарихи жәдігер ұсынылған. Экспозиция ғұн дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі шамамен 1600 жылдық тарихи кезеңді қамтып, Аттиланың тұлғасы мен Ғұндар мұрасы паш етілуде. Осы ретте, көрме аясында Қазақстанда табылған ғұн дәуірінің археологиялық жәдігерлері де қойылды.Көрме аясында «Еуропалық ғұндар және далалық археологияның соңғы жетістіктері» атты халықаралық ғылыми конференция өткізіліп, оған Қазақстан, Мажарстан, Түркі мемлекеттері және Моңғолиядан келген жетекші археологтар мен зерттеушілер қатысты.«Аттила» көрмесі 2026 жылғы 23 қаңтар мен 12 шілде аралығында Мажар Ұлттық музейінде көпшілік назарына ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1148310?lang=kk
Түркі академиясының Мажарстанның ғылыми құрылымдарымен ынтымақтастығы талқыланды 26.01.2026
Будапешт, 2026 жылғы 23 қаңтар - Түркі академиясының Президенті, академик Шаһин Мұстафаев Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлымен кездесті.Кездесу барысында Елші Абзал Сапарбекұлы Түркі академиясының қызметіне қызығушылық танытып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен ғылыми бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.Өз кезегінде Шаһин Мұстафаев Түркі Академиясының қызметі мен стратегиялық басымдықтары, жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалары жөнінде кеңінен баяндап, Мажарстан мен Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтары мен ғалымдарымен тығыз және жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп отырғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1148312?lang=kk
Румыния Қазақстанның конституциялық реформаларының құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті 26.01.2026
Құқықтық мәселелер жөніндегі парламенттік комитеттердің 3-ші форумы барысында (23-25 қаңтар 2026 ж., Моисей қ.) Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Е.Әли форумға қатысушыларды еліміздегі адам құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы ахуалы туралы хабардар етіп, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.Аталған мәселе Қазақстанның мемлекеттік органдарының назарында, заңнаманы жетілдіру, зардап шеккендерді қорғаудың институционалдық тетіктерін күшейту, сондай-ақ профилактикалық және әлеуметтік бағдарламаларды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдануда.Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Елшісі елде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар, оның ішінде парламенттік жүйенің өзгеруі және мемлекеттің конституциялық-құқықтық архитектурасындағы өзгерістер туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.Талқылау барысында Қазақстанның Президенті Қ.Тоқаев бастамашылық еткен және Ұлттық Құрылтайда талқыланған конституциялық және парламенттік реформалар кешенін қамтитын саяси жаңғыртудың жаңа кезеңіне өткені атап өтілді.Ұлттық Құрылтай азаматтарды мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және саяси тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін стратегиялық реформалар мен заңнамалық бастамаларды талқылауға тартатын қоғамдық диалогтың тиімді алаңы ретінде белгіленді.Қазақстандық тарапының баяндамасы форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырып, құқықтық даму, парламенттік реформалар және адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық саласындағы тәжірибе алмасуға үлес қосты.Анықтама: жыл сайынғы 3-ші Форум Румыния, Молдова, Украина және Албания парламенттік заң комиссияларының делегацияларын, сондай-ақ шақырылған қонақтар ретінде Әзірбайжан, Қазақстан және Грузия өкілдерін жинады.Форум жұмысы пленарлық отырыстар мен тақырыптық панельдік пікірталастар форматында өтіп, қатысушыларға ұлттық тәжірибе алмасуға және өзекті құқықтық сын-қатерлерге ортақ тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың құқықтық мемлекет қағидаттарына және парламентаралық сындарлы диалогты жалғастыруға беріктілігі расталды.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1148316?lang=kk
Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды 26.01.2026
Варшава, 2026 жылғы 26 қаңтар - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Войцех Зайончковский кездесті.Тараптар Қазақстан-Польша ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өткізіп, оның ішінде ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады. Саяси және сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, құқықтық-құжаттық базаны кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі өзара міндеттемелер расталды.Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Польша тарапына Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда жариялаған даму басымдықтары туралы ақпарат берілді.Сонымен қатар, Қазақстанның дипломатиялық миссиясының басшысы еліміздің әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты ұстанымын таныстырды.Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның Варшаваның Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси басымдықтарында айрықша орын алатынын атап көрсетіп, Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты алдағы уақытта да дамытуға берік ұстанымын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1148317?lang=kk
Қазақстанда шетелдіктерге арналған «QazETA» цифрлық платформасы пилоттық режимде іске қосылды 26.01.2026
Шетелдіктерге арналған «QazETA» цифрлық платформасыQazETA - шетелдіктердің «бір терезе» қағидаты бойынша негізгі көші-қон және ілеспе қызметтерге ыңғайлы, ашық және қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттік цифрлықплатформа.Жоба шетелдіктердің Қазақстанның мемлекеттік органдарымен заманауи және жайлы өзара іс-қимылын қалыптастыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.QazETA платформасы мыналарға бағытталған:- шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келу, болу рәсімдерін оңайлату;- елге кіруден бастап күнделікті қызметтерге дейін шетелдіктің мемлекеттік сервистермен дәйекті өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық кіру нүктесін құру;- процестердің ашықтығын арттыру, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту;- базалық көші-қон рәсімдерін цифрлық және мобильді форматқа көшіру;                                                                                                            Қазіргі уақытта QazETA пилоттық режимде жұмыс істейді, оны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда келесі қызметтер қол жетімді:- электрондық визалар беру (e-Visa);- электрондық кіруге рұқсат (Electronic Travel Authorization,ETA) ресімдеу;- Қазақстан Республикасының электрондық резиденті (e-Residency) мәртебесін алу;- шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама алуы (оның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI верификациялау мақсаттары үшін).Платформаның негізгі қызметтері: 1. Электрондық виза (e-Visa) Электрондық виза - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза беру бойынша мемлекеттік қызметтің цифрлық нысаны.104 елдің азаматтары (тізім қоса беріледі) мынадай санаттар үшін бір реттік электрондық визаны ресімдей алады: «А3» (қызметтік), «А5» (инвесторлық), «В1», «В2», «В3» (іскерлік), «В9-1» (Digital Nomad Visa), «В10» (жеке іссапар), «В12» (туристік сапар), «С12» (емделу үшін).Электрондық виза электрондық ресімделген шақыру негізінде беріледі (шақыру ҚР ІІМ аумақтық полиция органдарында ресімделеді) және виза алушы үшін ғана қолданылады және ілесіп жүретін адамдарға қолданылмайды.Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына келіп, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларының өткізу пункттері арқылы ғана жарамды электрондық визаны пайдалана отырып, Қазақстан Республикасыныңаумағынан шыға алады.2. Электрондық кіруге рұқсат (ETA)         ETA Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босатылған елдердің азаматтарына арналған. Рұқсат электронды түрде ресімделеді.         Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отырған шетелдіктер сапарға дейін 72 сағаттан кешіктірмей мобильді қосымша арқылы ETA алуға өтінім береді.         ETA мерзімі - 180 күн.         Шетелдіктердің Қазақстанда болуының нақты мерзімі қолданыстағы көші-қон заңнамасына сәйкес реттеледі.         Бұл ретте,берілген ETA рұқсаты ҚР аумағына кіруге кепілдік бермейді. Елге жіберу туралы түпкілікті шешімді шекаралық бақылаудан өту кезінде ҚР уәкілетті мемлекеттік органы қабылдайды.         ETA алу қажеттілігінен мыналар босатылады:- дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;- ресми делегациялардың мүшелері;- ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері.Пилоттық кезеңде Қазақстан Республикасының визалық талаптарынан босатылған елдердің азаматтары үшін ETA алу ұсынымдық сипатта болады. Ол аяқталғаннан кейін азаматтардыңаталған санаттары үшін міндетті ETA алуды кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.3. Электрондық резиденттік (e-Residency).E-Residency ҚР-дан тыс жерлердегі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға цифрлық мемлекеттік және коммерциялық сервистерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін инновациялық құрал «Астана халықаралық қаржы орталығының» (АХҚО) юрисдикциясы шеңберінде. Электрондық резиденттік АХҚО юрисдикциясы шеңберінде іске асырылады және мыналарды көздейді:- жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қашықтан алу;- банктік шоттар мен төлем карталарын ашу;- e-sim рәсімдеу;- компанияларды қашықтықтан тіркеу және бизнес жүргізу.4. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтама алуы (оның ішінде мобильді құрылғылардың IMEI верификациялау мақсаттары үшін).Бұдан әрі медициналық сақтандыруды ресімдеуді, ETA иелері үшін шекаралық бақылаудан жедел өту мүмкіндігін, сервистік алымды төлеуді,басқада цифрлық сервистерді қоса алғанда,функционалдылықты кеңейту жоспарлануда.          QazETA мобильді қосымшасын PlayMarket және Appstore арқылы жүктеуге болады.         Жоба аясында техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Өтініштер мен ұсыныстар электрондық пошта арқылы қабылданадыsupport@qazeta.kz.«QazETA» цифрлық платформасы қосымшасын жүктеу нұсқаулығыE-residency мобильдік қосымшасын жүктеу нұсқаулығыАзаматтарына бір реттік электрондық виза (e-Visa) ресімделетін елдердің тізімі:Алжир Халық Демократиялық РеспубликасыАнгола РеспубликасыАндорра КняздігіАнтигуа және БарбудаАрубаБагам аралдары ДостастығыБарбадосБелиз РеспубликасыБенин РеспубликасыБіріккен Танзания РеспубликасыБоливияның Көпұлтты МемлекетіБосния және ГерцеговинаБотсвана РеспубликасыБруней-Даруссалам МемлекетіБуркина-ФасоБурунди РеспубликасыБутан ПатшалығыВануату РеспубликасыБоливария Венесуэла РеспубликасыГабон РеспубликасыГайана Кооперативтік РеспубликасыГаити РеспубликасыГамбия РеспубликасыГватемала РеспубликасыГвинея РеспубликасыГвинея-БисауГондурас РеспубликасыГренадаДжибути РеспубликасыДоминик ДостастығыДоминикан РеспубликасыЕгипет Араб РеспубликасыЗамбия РеспубликасыЗимбабве РеспубликасыИран Ислам РеспубликасыКамбоджа КорольдігіКамерун РеспубликасыКения РеспубликасыКирибати РеспубликасыКорея Халықтық Демократиялық РеспубликасыҚытай Халық Республикасы (Гонконг, Макао, Тайвань)Комор аралдарыКонго РеспубликасыКоста-Рика РеспубликасыКот-д' Ивуар РеспубликасыКуба РеспубликасыЛаос Халықтық Демократиялық РеспубликасыЛесото КорольдігіЛиберия РеспубликасыЛиван РеспубликасыМаврикий РеспубликасыМавритания Ислам РеспубликасыМадагаскар РеспубликасыМалави РеспубликасыМали РеспубликасыМальдив РеспубликасыМарокко КорольдігіМаршалл Аралдары РеспубликасыМикронезияМозамбик РеспубликасыМьянма Одағы РеспубликасыНамибия РеспубликасыНауру РеспубликасыНепал Федеративтік Демократиялық РеспубликасыНигер РеспубликасыНикарагуа РеспубликасыОңтүстік Африка РеспубликасыОрталық Африка РеспубликасыПалау РеспубликасыПанама РеспубликасыПапуа-Жаңа Гвинеяның Тәуелсіз МемлекетіПарагвай РеспубликасыПеру РеспубликасыРуанда РеспубликасыСамоаСан-Марино РеспубликасыСан-Томе және ПринсипиСейшел Аралдары РеспубликасыСенегал РеспубликасыСент-Винсент және ГренадиндерСент-Китс және Невис ФедерациясыСент-ЛюсияСолтүстік Македония РеспубликасыСуринам РеспубликасыСьерра-Леоне РеспубликасыТого РеспубликасыТонга КорольдігіТринидад Республикасы және ТобагоТувалуТунис РеспубликасыТүрікменстанУганда РеспубликасыҮндістан РеспубликасыФарер аралдарыФиджи РеспубликасыЧад РеспубликасыЧерногорияШри-Ланка Демократиялық Социалистік РеспубликасыШығыс Уругвай РеспубликасыЭль-Сальвадор РеспубликасыЭритрея МемлекетіЭсватини ПатшалығыЭфиопия Федеративтік Демократиялық РеспубликасыЯмайкаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-istanbul/press/news/details/1148319?lang=kk
Қазақстанда Өңірлік экологиялық саммит өтеді 26.01.2026
2026 жылдың 22-24 сәуірі аралығында Қазақстан астанасында қоршаған орта мен су ресурстары проблемаларын талқылау және өзекті мәселелер бойынша келісімдерге қол жеткізу үшін мемлекет басшыларын, сарапшылар және халықаралық ұйымдардың жетекшілерін бір алаңда біріктіретін алғашқы Өңірлік экологиялық саммит өтеді.Іс-шара мақсаты - қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешудің бірлескен практикалық шешімдерін шығару үшін ашық халықаралық платформа құру.Орталық Азия елдерінен, Еуропалық Одақтан, ШЫҰ-нан және Таяу Шығыстан шамамен 1500 қатысушы ағымдағы мәселелерді талқылау және мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізу үшін саммитке қатысады деп күтілуде.Саммитте негізгі 8 тақырып бойынша мәселелер талқыланады. Олар:Экологиялық жəне табиғи тəуекелдерге бейімделу жəне экономикалық орнықтылық;Азық-түлік қауіпсіздігі жəне өңір экожүйесіТабиғи ресурстарды орнықты басқару;Атмосфералық ауаның ластануымен күрес жəне қалдықтарды басқару;Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері;Əділетті жəне инклюзивті өтпелі кезең;Экологиялық жəне цифрлық құзыреттер;Климаттық өтуді қолдау.Саммит аясында Орталық Азия мемлекет басшылары тарапынан ортақ декларация қабылдау жоспарлануда.2026 жылы БҰҰ-мен серіктестікте Өңірлік экологиялық саммитті (ӨЭС 2026) өткізу ұсынысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында жариялаған болатын.Саммиттің халықаралық серіктестері: БҰҰ, ЭЫДҰ, ХЭА, ХЖЭА, АДБ, ДБ, ЕҚҚДБ, IWMI, SWITCH-Asia.Толық ақпарат https://res2026.kz/ веб-сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1150198?lang=kk
Облыстық кәсіпкерлермен онлайн кездесу 26.01.2026
Ақмола облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы алаңында аймақтық кәсіпкерлерге арналған онлайн форматтағы дөңгелек үстел өткізді.Іс-шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының саудасын мемлекеттік бақылау және реттеу мәселелеріне арналды.Дөңгелек үстелдің модераторы «AMANAT» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақманат Әлімбетова болды. Талқылауға мәслихат депутаттары, бизнес өкілдері, сондай-ақ Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің төрағасы Сәдбек Ахмадиев пен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерлан Капаров қатысты.Ақмола облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерлан Әубәкіров әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын мемлекеттік реттеу тетіктері, соның ішінде 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілген жаңартылған тізім бойынша түсіндірме берді.Қатысушылар сауда үстемеақыларының шекті мөлшерін сақтау, міндетті баға белгілерінің болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1148238?lang=kk
KazAID және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры 26.01.2026
KazAID және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы А. Арыстанов түркі мәдениеті және мұрасы қорының жобаларын іске асыру бөлімінің директоры Н. Ақсумен кездесті.Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту жолдарын және түркі әлеміндегі мүдделі серіктестермен бірге техникалық көмек саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады. Қос тарап мәдени және гуманитарлық серіктестік пен бірлескен бастамалар шеңберінде тәжірибе алмасуға ерекше назар аударды.Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының директоры Қазақстанның бай мәдениеті мен сан-қырлы тарихына және оның түркі әлемінде алатын маңызды орнына баса назар аударды. Бұл фактор бірлескен жобаларды іске асырудың бастамасы бола алатынын атап өтті.Қорытындылай келе, қос тарап ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізіп, серіктестіктің бағыттарын пысықтау мақсатында байланыста болуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1148197?lang=kk