Әлем
Өзара мүдделілік және стратегиялық диалог: Қазақстан Елшісінің «MVM EGI» компаниясымен кездесуі 18.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 14 қараша - Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы «MVM EGI Zrt» компаниясының кеңсесіне барып, оның Бас директоры Петер Карпатимен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен «MVM EGI» арасындағы стратегиялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Елші компанияның екіжақты энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызығушылығына ризашылығын білдіріп, Қазақстанның кәсіби диалогты әрі қарай дамытуға ашық екенін атап өтті.Тараптар сондай-ақ жылу электр станцияларын жаңғырту, газ генерациясын дамыту, гидроэнергетика, заманауи инженерлік шешімдерді енгізу және энергетикалық жүйелерді цифрландыру сияқты бағыттар бойынша серіктестікті кеңейту перспективаларын қарастырды.Елші «MVM Group» компаниясын Қазақстандағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін зерделеуге шақырып, шетелдік әріптестерге қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге дайын екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытып, келесі қадамдарды айқындау мақсатында жұмыс барысындағы диалогты жалғастыру жөнінде келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1107317?lang=kk
Қазақстан ДДСҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 11-сессиясына қатысуда 18.11.2025
Женева, 2025 жылғы 17 қараша – Женевадағы БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі, Елші Е.Қазыхан бастаған ҚР делегациясы 2025 жылғы 17-22 қараша аралығында Женевада өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 11-ші сессиясына қатысып жатыр.Қазақстан жалпы пікірталас аясында Конвенцияның мақсаттарына адалдығын растап, оны іске асырудағы еліміздің елеулі жетістіктерімен бөлісті. Баяндамада ұлттық заңнаманың негізгі шаралары атап өтілді: қоғамдық орындарда темекі шегуге жалпыұлттық тыйым салу, темекінің зияны туралы ескертулер, акциздердің айтарлықтай өсуі, сондай-ақ 2020 жылы қабылданған құрамында никотин бар барлық жаңа өнімдерді дәстүрлі темекіге теңестірген және темекі мен никотин өнімдерін сату жасын 21-ге дейін арттырған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс.ҚР делегациясы темекісіз әлем құрудың ортақ мақсатына қол жеткізу үшін ДДСҰ және Конвенцияға қатысушы мемлекеттермен одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.Тұрақты өкілдіктің сайтында делегация сөзінің мәтінімен танысуға болады ( Kazakhstan Statement General Debate WHO FCTC). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1107324?lang=kk
Қазақстан әлемдегі Топ-100 суперкомпьютер қатарына енді 18.11.2025
Ұлттық суперкомпьютер «Alem.Cloud» әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық рейтингі TOP500 тізімінде 86 орынды иеленді. Бұл рейтингке тек HPL (High-Performance Linpack) стандарты бойынша тәуелсіз тестілеуден өткен, яғни әлемдік деңгейде мойындалған есептеу өнімділігіне ие кластерлер ғана енгізіледі.«Alem.Cloud» ұлттық суперкомпьютер кластері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инфрақұрылымының негізінде құрылған болатын. Суперкомпьютер жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және үлкен деректерді талдау бағыттарындағы жобаларды іске асыруға арналған. Кластердің архитектурасы жоғары тығыздықтағы бірыңғай GPU-кешеніне біріктірілген 64 HPE Cray серверінің базасында іске қосылған. Әрбір есептеу торабы жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін NVIDIA H200-бен жабдықталған.Alem.Cloud суперкомпьютері жобасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 тобына кіретін Presight халықаралық технологиялық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Presight жоғары өнімді есептеу кластерлерін жобалау мен AI экожүйесін дамытуға техникалық қолдау көрсетіп, әлемдік үздік тәжірибелерді Қазақстанның қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік берді.Жүйе жоғары петафлопс диапазонында өнімділікті қамтамасыз етеді және Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы ең қуатты есептеу платформасы болып саналады. Суперкомпьютер бағдарламалық жасақтамасы SUSE Harvester (виртуализация және таратылған есептеулерге арналған жаңа буын гипервизоры), SUSE Rancher (Kubernetes пен AI-жүктемелерін орталықтан басқару платформасы) технологияларын қамтиды. Кластердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін SUSE NeuVector (контейнерлік қауіпсіздік, желілік бақылау және рантайм-қорғау жүйесі), Palo Alto Networks желілік сегментация және киберқауіпсіздік шешімдері, сондай-ақ Thales криптографиялық және аппараттық шифрлау құралдары қолданылады.Бұған дейін «ҰАТ» АҚ техникалық мамандары халықаралық серіктестермен бірлесіп, HPL (Linpack) әдістемесі бойынша кешенді тестілеу жүргізді. Мақсаты - жүйенің нақты есептеу өнімділігін өлшеу және оның TOP500 рейтингінде тіркеуге дайын екенін растау. Нәтижесінде суперкомпьютер қажетті көрсеткіштерге жетіп, Қазақстанның жаһандық TOP500 рейтингіне ресми түрде өтінім беруіне мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1107339?lang=kk
Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосылды 18.11.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты басқосуға құқық қорғау органдарының, жауапты департамент, басқармалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары жиналды.Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, шағандықтарды құттықтады.«Жақында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келгенде әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарында болды. Сапар кезінде Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын баяндадым.Президентіміз Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатындығын жеткізді. Бұл бастаманы жерлестеріміз зор қуанышпен қабылдауда. Мемлекет басшымыз алға қойған жоспарларды уақытылы әрі сапалы іске асырудың маңызын атап өтті. Аймақта инвестициялық климатты жақсарту, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Президентіміздің Сыр өңірінің даму қарқынына, атқарылған жұмыстарға берген оң бағасы бәріміз үшін зор мәртебе.Биыл өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Соңғы үш жылда өңір экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңге құйылса, осы жылы 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. 2025-2028 жылдары 2 трлн. теңгеден астам қаржыға 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен облысымыздың бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды.Баршаңызды Шаған ауылына табиғи газ қосылуымен құттықтаймын! Бұл – бәріміздің ортақ қуанышымыз! Көгілдір отын тұрмыс-тіршілігіміздің тынысын ашып, отбасының жылуын, Отанымыздың қуатын арттыра берсін!», – деді Н.Нәлібаев.Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тынымсыз еңбегімен үлес қосқан ардагерлер мен газдандыру жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қоғам қайраткері Әріп Хожбанов жиналған қауымға бата берді.Аймақ басшысы газ қосу рәсімінен кейін ауыл тұрғындарымен кездесіп, ой-пікір алмасты, өтініш-тілектерін тыңдады. Облыс аумағында атқарылған, қолға алынған, жоспарланған жұмыстардың бағыты туралы айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-seifullin/press/news/details/1109145?lang=kk
Сырдария ауданының азаматтарын жеке қабылдады 18.11.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі «Руханият орталығында» құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Бүгінде халықпен кездесудің осындай форматының жұртшылыққа тиімділігі айқындалып келеді. «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында.Қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй, жұмыспен қамту және жер үлесі мәселелерін көтерді.Тереңөзек кентінің тұрғыны баласын тұрақты жұмысқа орналастыру жайын қозғаса, зейнеткер Қызылорда қаласынан тұрғын үй беруді сұрады. Ал, Қалжан ахун ауылының тұрғыны құқық қорғау органдарының шешіміне келіспейтінін жеткізді.Облыс әкімі әрбір мәселені сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын айтты. Тұрғындардың сұрақтары бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырма берді. Құқық қорғау органдарының басшыларына өз мәселесін жеткізген сырдариялықтар заң аясында тиісті түсіндірме алды.Ашықтық қағидасына негізделген қабылдауда жалпы саны 50-ден астам азаматтың өтініші қаралды. Ал, облыс әкіміне 20-ға жуық тұрғын өз сұрақтарымен келді.Қабылдаудан кейін облыс әкімі «Руханият орталығына» жиналған аудан ардагерлерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы маңызды мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-seifullin/press/news/details/1109151?lang=kk
"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ бас бухгалтердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік 18.11.2025
"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" КЕАҚ бас бухгалтердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік. Біліктілік талаптары:* жоғары білімнің болуы;* біліктілігі ҚР Кәсіби бухгалтері;* бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау жұмысы саласында немесе жоғары орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы 5 жыл жұмыс өтілі;* бухгалтерлік және салықтық есепті ұйымдастыру және жүргізу;* есептілікті (бухгалтерлік, салықтық, статистикалық)қалыптастыру және тапсыру;* заңнаманың және төлем тәртібінің сақталуын қаржылық талдау және бақылау;*салық есептілігі 200.00,300.00,100.00,700.00, 701.00;* есеп және салық саясатын құру тәжірибесі;* ҚР-дағы салық, бухгалтерлік, кадр заңнамасын білу;* компьютердің сенімді пайдаланушысы (Microsoft Office), Excel білімі, 1С 8.3.Жауапкершілік, орындаушылық, стресске төзімділік, жүйелілік.Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың соңғы мерзімі-2025 жылғы 25 желтоқсан.Түйіндемені электрондық мекенжайға жіберіңіз – office@kazaid.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1107195?lang=kk
Тауарлардың заңдылығын тексеруге арналған қосымша — Naqty Onim көмегімен жалған өнімнен қорғану сіздің қолыңызда! 18.11.2025
Цифрландыру дәуірінде әрбір тұтынушы не сатып алып жатқанын білуге құқылы. Темекі өнімдері нарығында, оның ішінде темекі, кальян темекісі және сигаралар бойынша контрафактілік және заңсыз өнім мәселесі әсіресе өзекті болып отыр.Қазақстанда көлеңкелі айналыммен күресу үшін қуатты және қолжетімді құрал — сіздің смартфоныңызды өнімнің түпнұсқалығын тексеретін жеке сканерге айналдыратын Naqty Onim (Нақты Өнім) мобильді қосымшасы жасалған!🔎 Naqty Onim: Контрафактіге қарсы сіздің жеке көмекшіңізNaqty Onim мобильді қосымшасы тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі аясында әзірленген және соңғы тұтынушы үшін мүлдем тегін. Оның негізгі міндеті — нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету және сатып алушыны қорғау.Жұмыс істеу принципі өте қарапайым:Кодты сканерлеу: Сіз қосымшаны ашып, темекі өнімінің қорабына салынған арнайы таңбалау кодын (Data Matrix) сканерлейсіз.Лезде тексеру: Қосымша нақты уақыт режимінде «Тауарларды таңбалау және қадағалау» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) сұрау жібереді.Нәтиже экранда: Сіз өнімнің түпнұсқалығы, оны өндіруші, құрамы және шығарылған күні туралы ақпаратты дереу аласыз.❗️ Неліктен бұл темекі өнімдері үшін өте маңызды?2020-2021 жылдардан бастап Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе импортталатын темекі өнімдері міндетті цифрлық таңбалауға жатады. Әрбір Data Matrix коды өнімнің бірегей «цифрлық паспорты» болып табылады және оның зауыттан дүкен сөресіне дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.Naqty Onim қолданбасын пайдалану арқылы сіз:Түпнұсқалыққа кепілдік бересіз: Сіздің сапа стандарттарын бұза отырып жасалған қауіпті жалған өнімді емес, заңды тауарды сатып алып жатқаныңызға сенімді бола аласыз.Денсаулықты қорғайсыз: Контрафактілік өнімдер көбінесе сапа талаптарына сәйкес келмейді және денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.Заңды сақтайсыз: Сіздің саналы тұтынуыңыз мемлекетке заңсыз айналымды ығыстырып шығаруға көмектеседі, осылайша ашық және тұрақты нарық қалыптасады.📢 Егер тауар заңсыз болып шықса не істеу керек?Егер сканерлеу кезінде Naqty Onim тауардың сәйкестендіруден өтпегенін немесе контрафактілік белгілері бар екенін көрсетсе, сіз қосымшаны пайдаланып, тиісті мемлекеттік органдарға бұзушылық туралы хабарлай аласыз. Сканерлеу нәтижелерін мемлекеттік кіріс органдарының мессенджерлеріне лезде жіберуге болады, бұл заңсыз өнімді нарықтан шығаруға тікелей қадам болып табылады.📲 Naqty Onim қолданбасын қалай қолдануға болады?Қосымшаны пайдалану үшін сізге тек смартфоныңыз қажет.Қосымшаны жүктеңіз Naqty Onim-ді AppStore немесе PlayMarket-тен.Темекі, стиктер немесе басқа да темекі өнімдерінің қаптамасындағы Data Matrix кодын сканерлеңіз.Ақпаратты алыңыз және саналы таңдау жасаңыз!Naqty Onim — бұл жай ғана сканер емес, бұл сізге сатып алуларыңыздың сапасы мен заңдылығын бақылауға мүмкіндік беретін саналы тұтыну құралы. Қосымшаны бүгін жүктеп алыңыз және өзіңізді контрафактіленген өнімнен қорғаңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1237692?lang=ru
«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫ САЛЫНУДА 18.11.2025
«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫ САЛЫНУДАШымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында теміржол тұйығы салынуда. Жобаны Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен «INTEGRA Construction KZ» мердігер мекемесі жүзеге асырып жатыр. Нәтижесінде өндіріс орындары Текесу станциясы арқылы теміржол желісіне тұрақты қосыла алады. Жоба бойынша теміржол тұйығы 5 жолақтан тұрады, жалпы ұзындығы — 5 шақырым. Құрылыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, жыл соңына дейін толық пайдалануға беру жоспарланған. Жобаның іске асырылуы индустриалды аймақтағы кәсіпорындарға логистикалық қызмет көрсетуді айтарлықтай жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің индустриалдық әлеуетін арттыруға және өндірістік процестерді тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1107131?lang=kk
Инвестордың құқықтарын қорғау туралы 18.11.2025
Қостанай қаласының прокуратурасы қаладағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тұрақты мониторинг пен белсенді қолдау көрсетеді.Инвесторлардың бірі қолданыстағы заңнама мен жасалған шарт талаптарына қарамастан, жиһаз цехын салу үшін жер учаскесін өтеусіз негізде ресімдеу барысында қиындықтарға тап болды.Кәсіпкер туындаған мәселе туралы мобильді топқа хабарлады. Тексеру оның талаптарының негізділігін растады.Қостанай қаласы прокурорының ұсынуы бойынша жер қатынастары бөлімі жасалған келісім шарттарын қайта қарады. Нәтижесінде инвесторға кәсіп ашуға арналған жер учаскесіні тегін пайдалану құқығы берілді.Қабылданған шаралар инвестордың заңды құқықтарын қалпына келтіруге және инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етті.Қостанай облысының прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1107139?lang=kk
Қазақстанда азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгеріп жатыр 18.11.2025
2025 жылғы 24 қарашадан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсіміне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Қызмет тек онлайн форматта – eGov.kz электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.Тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркеуден өту үшін пайдаланушыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және оның жеке кабинетіне тіркелген телефон нөмірі (МАБ) қажет. Процедура толық автоматтандырылған және онлайн түрде жүзеге асырылады, бұл қызмет алу уақытын айтарлықтай қысқартады. Сондай-ақ азаматтар бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында онлайн рәсімдей алады.Қызмет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:Қазақстан Республикасының азаматтарына, оның ішінде тұрғын үй иелеріне;сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі болып танылған 18 жастан асқан азаматтардың қорғаншылары мен заңды өкілдеріне;14-16 жас аралығындағы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне.14 жасқа дейінгі балалар жеке тіркеуге тұрмайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес, он төрт жасқа толмаған баланың тұрғылықты жері оның ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып табылады.14 пен 16 жас аралығындағы балаларды ата-аналары немесе заңды өкілдері тіркейді. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған 18 жастан асқан азаматтарды да олардың қорғаншылары eGov.kz порталы арқылы жаңа мекенжайға тіркей алады.Мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйде тұратын азаматтарға қатысты да жаңартулар енгізілді. Енді мұндай үйдің жалға алушысы шартта көрсетілген тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тіркей алады. Егер өтініш беруші жалдау шартындағы тізімде болмаса, жүйе өтінішті автоматты түрде қайтарады.Мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйге тіркеу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, тұрғын үй орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға жүгінген жөн.Маңызды: Егер өтініш беруші өзіне тиесілі емес мекенжайға тіркелуге өтініш берсе, жүйе үй иесіне 1414 нөмірінен SMS-код жібереді. Тұрғын үйдің иесі хабарлама алынған сәттен бастап бір сағат ішінде келісімін растауы қажет.eGov.kz порталы арқылы қызметті қалай алуға болады:Порталда авторизациядан өтіңіз және мына бөлімге кіріңіз:Азаматтарға → Азаматтық, миграция және иммиграция → Тұрғылықты жері бойынша тіркеу.«Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.Электрондық өтінімді толтырып, ЭЦҚ немесе бір реттік SMS-код арқылы қол қойыңыз.Қызмет нәтижесін жеке кабинеттен көруге болады. Өтінімнің өңделу мәртебесі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде көрсетіледі.eGov Mobile арқылы тіркеуден өту тәртібі:eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіңіз.«Жылжымайтын мүлік және ТКШ» бөлімінен «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» қызметін таңдаңыз.Қажетті деректерді енгізіп, тіркеу себебін көрсетіңіз.Қызметке қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірін пайдаланыңыз.Өтінім мәртебесін «Хабарламалар» → «Жеке кабинет тарихы» бөлімінен тексеруге болады.Ерекше жағдай: меншік иелері немесе үлескерлері кәмелетке толмаған балалар, сондай-ақ сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар болып табылатын тұрғын үй мекенжайы бойынша тіркеу тек офлайн – Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі.Онлайн форматқа көшу оң статистикамен расталып отыр. 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша онлайн-тіркеу қызметін шамамен 750 мың адам пайдаланды, бұл көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 70 пайыздан астамын құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/1118035?lang=kk
Қазақстан – зайырлы мемлекет 18.11.2025
12 қарашада республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Даурен Тойматаев және Діни мәселерді зертттеу орталығының өкілі Серали Каримовтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша вебинар өтті.Қатысушыларға әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни араздықты қоздыру, дін қызметі туралы заңнаманы бұзу үшін қылмыстық, әкімшілік жауаптылығы туралы ақпарат берілді.Сарапшы деструктивті діни нанымдары белгілері және солардың теріс ықпалынан өзін және отбасын қалай сақтап қалу жолдары туралы баяндады. Облыстық дін істері басқармасы дін мәселері бойынша жадынама ұсынды. Әдеп жөніндегі уәкіл Қ. СюндиковАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1121259?lang=kk
Алматыда Қарулы күштер дене шынықтыру дайындығы мамандарының оқу-әдістемелік жиыны қорытындыланды 18.11.2025
Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде Қазақстан Қарулы күштерінің дене шынықтыру және спорт бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды. Іс-шараға әскерлерде дене шынықтыруды ұйымдастыруға жауапты 50-ден аса маман қатысты.Жиын бағдарламасы мазмұнды болды. Жеңіл атлетика, қоян-қолтық ұрыс, таңертеңгілік жаттығулар, спорттық жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік сабақтар. Қатысушылар сонымен қатар шетелдік тәжірибені зерделеп, теориялық, әдістемелік және практикалық сынақтардан өтті.Марапаттау рәсімі Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуовтың басшылығымен өтті. Ол өз сөзінде нұсқаушылардың кәсіби жұмысы бөлімшелердің жауынгерлік дайындығына және армияның спорттық дәстүрлерінің дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.Сынақ қорытындысы бойынша Әуе қорғанысы күштері әскери институтының офицерә майор Дархан Кесікбаев Қарулы күштердің дене шынықтыру дайындығының үздік маманы болып танылды. Екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицері лейтенант Бектөре Назашов, үшінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының өкілі майор Ақылбек Сәбитов иеленді.Бұдан басқа дене шынықтыру бойынша байқау-конкурстың қорытындысы шығарылды. Әскери бөлімдер арасында 12881, 28903, 35950, 32039 әскери бөлімдері, Ұлттық қорғаныс университеті және Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы жеңімпаз атанды.Қарулы күштердің XXII Спартакиадасы аясында ерлер арасында Бекнұр Нұрақынов, әйелдер арасында Елена Леонова үздік спортшы болып танылды. Жеңімпаздарға спорттық сағаттар, рюкзактар мен грамоталар табыс етілді.Жеке құрамды даярлауға қосқан жоғары үлесі үшін Десанттық-шабуылдау әскерлері дене шынықтыру даярлығының бастығы майор Марат Ағамбаев спорттық сағатпен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1107070?lang=kk
Қазақстан аймақтық әріптестікті нығайту, орнықты даму құндылықтарын ілгерілетуді жалғастыруда 18.11.2025
2025 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Мәскеуде өткізілген Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) орнықты даму жөніндегі форумына қатысты. Іс–шара ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында өткізілді. Оны ШЫҰ Хатшылығының қолдауымен Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін Ресей Федерациясы Президентінің Халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі арнайы өкілінің аппараты ұйымдастырды.ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев және Ресей Федерациясы Президентінің ОДМ-ға қол жеткізу үшін халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі арнайы өкілі Борис Титов форум қатысушыларына арнап, сөз сөйледі.Форум барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп, олардың мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеудің ұлттық тетіктеріне интеграцияланғанын атап өтті. Ол ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдету тұрақты экономикалық өсуді жеделдету, практикалық шешімдер алмасу және аймақтық дамудың жаңа моделін қалыптастыру үшін қосымша мүмкіндік туғызатынын атап өтті.Форум мемлекеттік органдардың, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтың, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің іскер топтары мен қоғамдық ұйымдарының, сондай-ақ диалог бойынша бақылаушы және әріптес елдер өкілдерін біріктірді. Қатысушылардың көп болуы ұйымның аймақтық күн тәртібіндегі орнықты даму тақырыбының барған сайынғы маңыздылығын растайды.Іс-шара бағдарламасы 2030 жылға дейінгі Орнықты дамудың күн тәртібін іске асырудың негізгі аспектісін талқылауға және озық ұлттық тәжірибелерді алмасуға арналды. Пікірталас шеңберінде ОДМ-2030-ға қол жеткізудің әлемдік прогресіне шолу, ШЫҰ елдерінде ОДМ-ны ілгерілету туралы баяндамалар ұсынылып, сондай-ақ әлеуметтік жауапты бизнес мәселесі, ESG-тәсілдерді дамыту мен олардың экономиканың тұрақты трансформациясын жеделдету рөлі талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1107030?lang=kk
Ұлттық ұлан факультетіне – 15 жыл 18.11.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы факультеті оперативтік-тактикалық деңгейдегі мамандарды даярлайтын негізгі орталық ретінде өз орнын нығайтып келеді. 2010 жылдың 17 қарашасындағы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған бұл бөлімше Ұлттық ұлан менеджменті бағыты бойынша бес біліктілік аясында офицерлер даярлап, әскерлердің ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыруға үлес қосып отыр.Факультетке жасаған сапары барысында Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков кадрлық әлеуетті толықтырудың маңыздылығын атап өтті. Ол құқықтық тәртіп әскерлеріне ғылыми дәрежесі бар офицерлер даярлау қажеттігіне баса назар аударды. 2025 жылы 15 жылдық мерейтойын атап өтетін Ұлттық қорғаныс университетіндегі факультет әскери білім беру жүйесі үшін маңызды орынға ие.Факультет құрамына оперативтік өнер мен тактика кафедрасы және қызметтік-жауынгерлік қамтамасыз ету кафедрасы кіреді. Мұнда оқу, әдістемелік және ғылыми жұмыстар жүргізіледі, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы сақталады. Одан бөлек қауіпсіздіктің заманауи сын-қатерлерін ескере отырып, білім беру бағдарламалары жетілдірілуде.Оқу орнында жылына үш рет Ұлттық ұлан офицерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өтеді. 2014 жылдан бері осы факультетте Бас қолбасшылық, өңірлік қолбасшылықтар, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, тыл, техника және қару-жарақ қызметтерінің 385 әскери қызметшісі әртүрлі бағыттар бойынша оқудан өтті.Факультеттің жеке құрамы университеттің, қаланың және әскерлердің қоғамдық, спорттық және мәдени шараларына белсенді қатысып, тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болуда.2024–2025 оқу жылдарының қорытындысы бойынша үздіктер:Үздік әдіскер — оперативтік өнер және тактика кафедрасының доценті полковник Шалқар Мыңбаев;Үздік оқытушы — қызметтік-жауынгерлік қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы полковник Талғат Сәрсебаев.Магистранттар арасында жоғары нәтижелерге қол жеткізгендер: подполковниктер - Нұрбек Қарабалин, Мақсұт Жүсіпбеков, Даурен Ахметбеков, сондай-ақ майор Дамир Изембаев.ҚР Қарулы күштері өкілдерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде Ұлттық қорғаныс университетінде әскери ғылымды дамытуға айрықша серпін берілді. Магистрлік және докторлық диссертациялардың тақырыптары қазіргі қақтығыстардың талдауы мен әскерлер алдында тұрған өзекті міндеттердің негізінде қалыптасады.ҚР ІІМ Ұлттық ұланы факультет оқытушыларын және магистранттарын мерейлі 15 жылдықпен шын жүректен құттықтайды және Отан игілігі жолындағы қызмет пен ғылыми ізденістерде толағай табыс тілейді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1107024?lang=kk
Алматыда Малайзия бизнес өкілдерімен B2B-сессия өтті 18.11.2025
14 қарашада Алматы қаласындағы «Атамекен» ҰКП өңірлік офисінде Қазақстан мен Малайзия бизнес қауымдастықтары өкілдерінің кездесуі өтті. Малайзия делегациясын Malaysian Consortium of Mid-Tier Companies (MCMTC) президенті Мартин Анг бастап келді.Делегация құрамына электроника, HoReCa және тамақ өнеркәсібі, инжиниринг, құрылыс, логистика, цифрлық маркетинг және дистрибуция салаларындағы жетекші малайзиялық компаниялар – Marrybrown, Julie’s Manufacturing, Christee Holding, Tesomac, Cape EMS, BodiBasixs және басқа да ұйымдар кірді.Кездесудің модераторы, ҚР Сыртқы сауда палатасының АСЕАН елдеріндегі арнайы өкілі Серік Әміров атап өткендей, MCMTC жылдық айналымы 20–50 млн-нан 500 млн малайзиялық ринггитке дейінгі орта деңгейлі компанияларды біріктіреді. Олар Малайзиядағы тіркелген кәсіпорындардың небәрі 1%-ын құрағанымен, елдің ЖІӨ-нің шамамен 40%-ын және жұмыс күшінің 16%-ын қамтамасыз етеді, сондай-ақ малайзиялық технологияларды әлемдік нарыққа белсенді түрде ілгерілетеді.MCMTC президенті Мартин Анг Орталық Азияның малайзиялық бизнес үшін жоғары әлеуетке ие екенін атап өтіп, Қазақстанмен ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделілік білдірді.«Атамекен» өңірлік офисі директорының орынбасары Олег Руденко Қазақстанға инвестициялар мен технологияларды тарту, іскерлік байланыстарды орнату бағытындағы қолдау мүмкіндіктерін таныстырды.B2B-сессия қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастық, бірлескен жобаларды іске асыру, Қазақстанда өкілдіктер ашу және MCMTC қолдауымен отандық бизнестің Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығуын кеңейту жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1106980?lang=kk
Қорғаныс министрінің орынбасары іс-сапармен Ақтау гарнизонына барды 18.11.2025
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев әскери басқарудың тиімділігін арттыру, тәртіпті нығайту және әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайларын жақсарту бағытында бірқатар іс-шаралар өткізді.Теңіз жаяу әскерлері бригадасының мәдени-демалыс орталығында вице-адмирал Борамбаев Ақтау гарнизонының барлық әскери бөлімдерінің офицерлері және сержанттарымен кездесті. Іс-шараға одан өзге «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов, Ақтау гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Саян Акиров, «Отбасы банк» қызметкерлері және әскери бөлім командирлері қатысты.Кездесу барысында әлеуметтік қолдау, тұрғын үй бағдарламаларының жүзеге асырылуы, әскери инфрақұрылымның сапасы, жеке құрамның кәсіби өсу перспективалары, сондай-ақ «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.Әскери қызметшілер Қорғаныс министрлігі басшылығына тікелей сұрақтар қойып, қызмет пен тұрмыс жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстарын айтты.Ақтауда вице-адмирал Серік Борамбаев Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне де барды. Онда ол шақыру науқанының барысын тексеріп, комиссия жұмысының ұйымдастырылуымен танысты, әскери қызметшілермен және шақырылушылармен сөйлесті. Тексеру қорытындысы бойынша ол шақыру комиссияларының жұмыс сапасы мен ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.Жаңаөзен қаласында ол әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жеке радиолокациялық ротасында болып, әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайларын көрді. Министрдің орынбасары казарманы, асхананы, оқу сыныптарын қарап, мерзімді қызмет атқаратын сарбаздармен әңгімелесті. Бөлімшенің техникалық жарақтандырылуына, жеке құрамның дайындық деңгейіне және қызметті толыққанды атқаруға жасалатын жағдаймен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106976?lang=kk
Мажарстандағы Қазақстан Елшілігінің «14th Diplomatic Charity Fair» дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысуы туралы 18.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 16 қараша – Мажарстан Президентінің жұбайы Жужанна Надьтың қамқорлығымен және «Diplomatic Spouses of Budapest» бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне Қазақстан да қатысты.Бұл шара еліміздің қайырымдылық бастамаларды қолдауға, жақсылық пен ынтымақты нығайтуға деген ұмтылысын көрсететін маңызды платформа болды.Ұлттық стендте қазақтың қолданбалы өнер бұйымдары, кәдесыйлары, ұлттық тағамдары және қазақ мәдениетін танытатын экспозициялар ұсынылды.Қайырымдылық - жүректер мен мәдениеттерді жақындастыратын күш. Қазақта «Жақсылық қылсаң - қайтып оралар» деген сөз бар. Осындай іс-шаралар елдер арасындағы достықты тереңдетіп, мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Елшілік стендін дайындаған барлық қызметкерлерге алғыс білдіреді.Жәрмеңке сәнді әрі мерекелік атмосферада өтті. Қазақстан стенді көптеген қонақтардың қызығушылығын тудырып, ұсынылған барлық өнімдер жоғары бағаланды және толық сатылды. Жиналған қаражат Мажарстанның әлеуметтік жобаларын қолдайтын қайырымдылық қорларына бағытталды.Сонымен қатар, Елшілік Қазақстанды жаһандық бизнес, инвестиция, туризм және мәдени алмасу үшін сенімді әрі тартымды бағыт ретінде танытатын «Born Bold» кампаниясын ұсынды.Анықтама: Дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесі жыл сайын өткізіліп, 2025 жылы 14-рет ұйымдастырылды. Шара барысында әр ел ұлттық тағамдарын, бұйымдарын, өнерін және мәдени өнімдерін ұсынады, сондай-ақ мәдени перформанстар өткізеді.Игелікті шарадан түскен қаржы мажарлық қайырымдылық ұйымдарына беріледі. 2025 ж. қолдау көрсетілген ұйымдар:«Egymásért Gemma Sportegyesület» (Сегед) - ақыл-ой қабілеті шектеулі жастарды мәдени және спорттық өмірге тарту;«Dévai Szent Ferenc Alapítvány» - қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау;«Szolnoki Kézműves Körért és a Tisza-mente Népművészetéért Alapítvány» – Тиса өңірінің қолөнерін және мәдени мұрасын сақтау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1106958?lang=kk
Қазақстан-Мажарстан ғылым, білім саласындағы ынтымақтастық арта түспек 18.11.2025
Будапешт, 2025 жылғы 17 қараша - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне Қазақ-түрік үкіметаралық Қ.А.Яссауи атындағы университеттің делегациясы келді. Университет Өкілетті кеңесінің төрағасы Проф.Др Мухиттин Шимшек басшылығындағы делегация еліміздің Елшісі А.Сапарбекұлымен университеттің Мажарстанмен ынтымақтастық жобаларымен ой бөлісті. Атап айтқанда;- Университеттер арасындағы академиялық тәжірибе бөлісу, ортақ жобалар жүргізу; - Мажар жастарын университетте білім алуға шақыру;-Түркі әлемі мен Мажарстан арасында ТМҰ шеңберінде өзара ынтымақтастыққа үлес қосу.Сұхбат соңында Елші Абзал Сапарбекұлы Университет басшылығының бұдан бұрынғы сапары нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру қадамдарына шынайы ризашылығын білдірді. Университет басшылығының Будапешт сапары барысында ғалымдар арасында жиын өткізіліп, өзара ынтымақтастық уағдаластықтарға қол қойылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1106959?lang=kk
Қазақстан мен Жапония парламентаралық диалог пен стратегиялық серіктестікті нығайтуда 18.11.2025
Токио, 2025 жылғы 17 қарашада – Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапония Парламенті Кеңесшілер палатасының Президенті Масаказу Сэкигучимен келіссөздер жүргізіп, оның барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.Елші Қазақстанмен Жапония арасындағы «Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті» жандандыруға бағытталған Қазақстан тарапының негізгі бастамалары туралы егжей-тегжейлі таныстырып, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласына сәйкес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің саяси жүйесін жаңғырту бойынша күш-жігері жөнінде сұхбаттасушыны хабардар етті.Өз кезегінде М.Сэкигучи Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді рөлін жоғары бағалады. Ол екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы сенімді диалогты нығайту үшін Жапонияның Қазақстанмен және Орталық Азиямен Достық парламенттік лигалары қызметінің маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, жапон саясаткері өзара қызығушылық тудыратын негізгі салаларда қазақ-жапон ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2026 жылы парламенттік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1106969?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Амазония штатына барды 18.11.2025
Манаус қ., 2025 жылғы 17 қараша – Бразилияның COP30 климаттың өзгеруі конференциясына төрағалығы аясында Амазония штаты үкіметінің шақыруымен Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Манаус қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты.Астанаға сапары барысында Болат Нүсіпов штат астанасында экономикалық даму, технологиялар және инновациялар жөніндегі хатшы мырза Густаво Игрежас, депутат және туризм жөніндегі хатшы мырза Марсель да Силва, сондай-ақ Манаус еркін сауда аймағын басқаруға жауапты федералдық агенттік SUFRAMA-ның директоры мырза Боско Сарайвамен келіссөздер жүргізді. Қазақстан Елшісін штаттың федералдық полициясының басшысы мырза Джеф МакДональд қарсы алды.Тараптар, Қазақстан мен Амазония штаты арасында сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ академиялық алмасулар мен туризм саласындағы ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктері мен жолдарын талқылады. Бразилиялық тарап, бизнес үшін озық технологияларды пайдаланатын Манаус еркін сауда аймағын таныстырды.Кездесуде Амазонка штатының Қазақстан аймақтарының бірімен серіктестігін орнату, сондай-ақ болашақта Манаус қаласында біздің еліміздің Құрметті консулдығын ашу мәселесі талқыланды.Анықтамалық: Бразилияның Амазонка штаты - Бразилияның аумағы бойынша ең ірі штаты, Амазонка өзені бассейнінің ең аз дамыған бөлігінде орналасып, ел аумағының 18%-дан астамын алып жатыр. Штаттың астанасы Манаус, Амазонка аймағының дамуын жеделдетуге бағытталған еркін экономикалық аймақ деп жарияланған. Ол штаттың өнеркәсіптік өнімінің шамамен 98% құрайды. Бұл өнімнің жартысынан көбісі ұялы телефондар, компьютерлер мен перифериялық құрылғылар, аудио және бейне және кеңсе жабдықтарын қоса алғанда, электр және электроника өнеркәсібінде өндіріледі. Сонымен қатар, Манауста мотоцикл, сағат, балалар ойыншықтары, термопластикалық бұйымдар, тұрмыстық химия мен металлургия өндірісі дамыған.Манауста Амазонка аймағындағы жалғыз мұнай өңдеу зауыты орналасқан. Амазонас штатында тау-кен өнеркәсібі (қалайы, алюминий, тантал мен темір кендері өндіріледі, пирит, қорғасын, мыс, хром және марганец қорлары барланған, алтын мен бағалы тастар өндіріледі), мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық аулау дамыған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1106972?lang=kk