Әлем
Қазақстандағы сертификаттау ережелері жетілдірілуде 28.10.2025
025 жылдың 15 қыркүйегіндегі №263-НҚ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы №433-НҚ «Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы бекітілді. Бұйрық 2025 жылғы 6 желтоқсанда күшіне енеді. Негізгі жаңалықтар: – сәйкестікті растау кезінде декларациялау схемалары әзірленді; – міндетті түрде сәйкестікті растауға (сертификаттауға) жататын нысандарды сәйкестендіру тәртібі актімен рәсімделе отырып реттелді; – табиғи тастан жасалған бұйымдарға берілетін сертификаттарда қосымша мәліметтерді (кен орны, сарапшы-аудитордың болуы, кен жынысының беріктігі және т.б.) көрсету нормалары көзделген; – сынақ хаттамалары техникалық реттеу тізілімінде толық нұсқасымен тіркелетін болады; – өнімге сәйкестікті бағалауды өткізбестен сертификат немесе сәйкестік туралы декларацияны қайта рәсімдеу негіздері кеңейтіледі. «Ұсынылған шаралар сәйкестікті бағалау рәсіміне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінде. Сондай-ақ, техникалық реттеу саласында Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасы нормаларымен үйлестіру, соның ішінде органикалық және Халал өнімдері өндірісінің дамуын ескере отырып, сәйкестік сертификаты нысанын бейімдеу көзделген. Аталған түзетулерді қабылдау оң әсерін тигізіп, сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіруге және бизнес пен аккредитация субъектілері арасындағы өзара тиімді өзара іс-қимылды құруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1094414?lang=kk
Үйлер, мектептер және өндіріс орындары: Алматы облысында инфрақұрылым қарқынды жаңарып жатыр 28.10.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды нысандардың құрылысымен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында ол су жүйелерінен бастап тұрғын үйлер мен мектеп, сондай-ақ жануарларға арналған жем өндірісіне дейінгі жобаларды аралап көрді. Әр нысанда мерзім, сапа және нақты нәтижелер талқыланды.Талғардағы магистральды су құбыры – өңірдің маңызды жобасыСапардың алғашқы нысаны – Талғар қаласындағы селден қорғау бөгетінен №2 учаскеге дейін тартылып жатқан магистральды су құбыры болды. Оның ұзындығы – 22,5 шақырым, жалпы құны – 4,6 млрд теңге, бүгінде шамамен 1,3 млрд теңге игерілген.Қазір магистральдық құбырларды монтаждау және резервуарларды гидрооқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын. Алайда соңғы кезеңді толық бітіру үшін қосымша қаржы қажет. Тексеру барысында ішкі инженерлік желілерді қосу және зертханалық жабдықтар жеткізу мәселесі талқыланды.“Су – өмірдің негізі. Бұл жобаны дер кезінде және сапалы аяқтау өте маңызды”, – деді Марат Сұлтанғазиев.Жаңа тұрғын үйлер – Талғарлықтар үшін көптен күткен баспанаКелесі нысан – Талғар қаласында бой көтерген жаңа тоғыз қабатты тұрғын үйлер. Үш үйдің құрылысы толық аяқталған, пәтерлер қоныстануға дайын: әр үйде ішкі әрлеу, сантехника мен жылыту жүйелері орнатылған. Тағы екі үйдің құрылысы соңғы сатыда жүріп жатыр.Бұл жоба көптеген тұрғындар үшін өз баспанасына қол жеткізу мүмкіндігін бермек.Еңбекшіқазақ ауданындағы өндіріс: отандық жем өндірісі дамып келедіСапар барысында облыс әкімі Еңбекшіқазақ ауданының Қойшыбек ауылындағы Asia Pets зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын Mascot брендімен үй жануарларына арналған жем өндіреді. Зауытта 25 адам еңбек етуде.Өндіріс неміс технологиясы негізінде ет қалдықтарын өңдеуге және кептіруге бағытталған, бұл дайын өнімнің пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.“Біз әдетте кәдеге жарамайтын шикізатқа екінші өмір береміз. Ал біздің өнім мыңдаған үй жануарының денсаулығына пайдасын тигізеді. Болашақта қызметтік иттерге арналған жем шығаруды да жоспарлап отырмыз”, – деді зауыт директоры Руслан Іргебаев.Есік қаласында жаңа тұрғын үй кешені салынып жатырКелесі нысан – Есік қаласындағы жаңа тұрғын үй кешені. Мұнда үш 60 пәтерлі және бір 40 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны – 3 млрд теңге, оның екіден үш бөлігі игерілген. Құрылыс 2026 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.⸻Абылай хан атындағы мектепке – жаңа тынысСапардың соңғы нүктесі – Есік қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектеп болды. 1938 жылы салынған бұл тарихи ғимарат алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта жұмыстардың 90%-ы аяқталған, ал кешігу тек рұқсат құжаттарының рәсімделуіне байланысты болған.Мектепті жыл соңына дейін толық ашу жоспарланып отыр. Әкім оқу сыныптары мен спорт залын аралап, аула аумағында қосымша волейбол және баскетбол алаңдарын салуды ұсынды.Нәтиже мен жоспарӘр нысанда қаржыландыру көздері, субсидия қажеттілігі және келісімшарттарды жеделдету мәселелері қаралды.“Басты назар – нақты жұмыс пен нәтиже. Әр тиынның қайда жұмсалып жатқанын көріп, нысандардың дер кезінде пайдалануға берілуін қадағалау қажет”, – деп түйіндеді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.Сапар қорытындысы бойынша нақты міндеттер белгіленді:• тұрғын үйлердегі әрлеу жұмыстарын аяқтау;• мектеп пен су құбырына арналған жабдықтарды уақытылы жеткізу;• барлық нысандардың іске қосылу кестесін нақтылау.Алматы облысында жүзеге асып жатқан бұл жобалар өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1094334?lang=kk
Халықаралық анимация күні: Ұлттық ұлан сарбазы әскери мультфильм жасап шықты 28.10.2025
Қатаң тәртіп пен нақты күн тәртібі үстемдік ететін әскери өмірде де шығармашылыққа орын бар. Мұның жарқын үлгісі – 5573 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Айдын Рахымов. Ол әскери қызметін өтей жүріп, мультфильм арқылы патриотизм мен достықты бейнелеуде. Бұл еңбегі 28 қазан – Халықаралық анимация күнімен үндесіп, жастарға рух береді.Ақмола облысының тумасы Айдын Отанға қызмет ете жүріп, анимациялық фильмдер жасауда. Сол арқылы әскер өмірінің шынайы сәттерін өнер тілімен жеткізуде. Ол жуырда «АЛЖИР» музейіне барған сарбаздар туралы алғашқы мультфильмін жасап шығарды. Бұл туынды көрермендердің ықыласына бөленуде.Айдын үшін анимация – тек хобби емес, патриоттық сезім мен рухани құндылықты дәріптейтін құрал. Қаруластары оның жобаларына атсалысып, кейіпкерлерді дыбыстауға, идея ұсынуға көмектеседі. Ал командирлері сарбаздың шығармашылығын қолдап, мұндай бастамалар әскери рухты көтеріп, ұжымның бірлігін арттыратынын атап өтті.— При создании мультфильма я старался максимально проработать визуальную часть, использовал современные программы для анимации и монтажа. Это позволило сделать работу более выразительной, реалистичной и современной. Но есть ещё моменты, которые хотелось бы доработать, — поделился Айдын.Қызмет пен шығармашылықты қатар алып жүру оңай емес. Дегенмен Айдын бұл тепе-теңдікті сақтай біледі. Сөзінше, әскердегі міндет әрқашан бірінші орында, бірақ бос уақыт табыла қалса, ол шығармашылыққа көңіл бөлуге тырысады.Айдын Рахымовтың еңбегі – Халықаралық анимация күні қарсаңында жастарға үлгі боларлық бастама. Ол, осылайша, патриотизм мен өнерді үйлестіріп, әскери қызметтің жаңа қырын көрсетіп жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1094337?lang=kk
2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсыны 28.10.2025
2025 жылғы 23 қазанда 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңін өткізілді.Конкурсқа 12 секция бойынша 29 бала қатысып, жобаларын қорғады.Байқау қорытындысы бойынша:Секция: Иформатика, работотехника, STEM инженерия1-орын Апсаликов Искандер, Бочков Егор «Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебі»КММСекция: Математика, қосымша математика2 – орын Жольмырз Назира «Қоянбай орта мектебі»КММ3-орын Кадыркулова Аиша «Семеновка орта мектебі»КММСекция: Физика, космос3– орын Айтбекова Айзейнеп «Бөдене орта мектебі” КММСекция: Химия, биология2– орын Мергембаева Амиля «Долон негізгі мектебі” КММ2– орын Елемесов Алемхан, Елемесов Асылхан «Сосновка орта мектебі” КММСекция: Қазақ тілі мен әдебиеті3 – орын Саматқызы Дария “№1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММСекция: Орыс тілі мен әдебиеті2 – место Жолудев Даниил, Сысоев Андрей “Глуховка орта мектебі” КММ3 – орын Мырзалы Мадина “№1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММСекция: Тарих, өлкетану3 – орын Мантаев Қыдырхан, Мантаева Айару «Канонерка орта мектебі»КММСекция: Этномәдениеттану3 – орын Жақсылықова Ақерке, Болатова Жанайым «Канонерка орта мектебі»КММСекция: Туризм және спорт2 – орын Байдюсенова Айзере “№1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММБақбер Саян “№1 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ және Шаймарданова Азель Н.Баймұратов атындағы орта мектебі КММ оқушылары белсінді қатысқан ұшін мадақтама қағазымен марапатталды.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1094317?lang=kk
Ернұр Жәутікбаев Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды 28.10.2025
Ернұр Бөкенбайұлы Жәутікбаев ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің бұйрығымен Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол осыған дейін Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Ернұр Жәутікбаев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығын, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. ХҚКО жүйесінде үш жылдан астам қызмет етіп, Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО директорының орынбасары қызметіне дейін жеткен. 2011 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратына жұмысқа ауысып, Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы болып ауысты. 2012 жылы Алматы қаласы аумақтық жер инспекциясының мемлекеттік инспекторы. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде Персоналды басқару қызметінің бас сарапшысы болды. 2014 -2016 жылдары – Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы. 2016-2018 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Кадрлық ресурстарды дамыту басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары. 2019-2021 жылдары - Павлодар облысы әкімінің орынбасары. 2021-2023 жылдары - Павлодар облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысы.2023 жылдан осы уақытқа дейін ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1094325?lang=kk
Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр. Аймақта жаңа мектептер, тұрғын үйлер мен өндіріс орындары салынып, мыңдаған жұмыс орны ашылуда 28.10.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Іле және Қарасай аудандарындағы құрылыс нысандарын аралап, өңірдегі инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты. Сапар барысында аймақ басшысы жаңа мектептердің, тұрғын үйлердің және өндіріс алаңдарының құрылысын тексерді.Іле ауданында жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақынАлғашқы нысан – Іле ауданы Н.Тлендиев ауылында 900 орындық жаңа мектеп. Білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекованың айтуынша, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін облыстағы үш ауысымды мектептер саны 53-тен 23-ке дейін азаяды.– Іле ауданында бүгінде 18 үш ауысымды мектеп бар. Н.Тлендиев ауылындағы мектеп 600 балаға арналғанымен, онда 1800-ден астам оқушы оқиды. Жаңа мектеп ашылған соң бұл мәселе шешіледі. Ғимарат заманауи стандарттарға сай салынып жатыр: кең сыныптар, зертханалар, акт және спорт залдары, 250 орындық асхана қарастырылған, – деді ол.Құрылыс учаскесінің бастығы Жалын Ынтықбаевтың мәліметінше, нысанның жалпы аумағы 5 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыста 140 адам еңбек етуде. Мектептің құрылысы 2023 жылғы қыркүйекте басталып, биыл қараша айының соңында аяқталады деп жоспарланған.Әкім Марат Сұлтанғазиев құрылыс барысын тексеріп, «Самұрық-Қазына» қоры мен мердігер компания Qazaq Stroy-мен сапа және мерзім мәселесін талқылау бойынша кеңес өткізуді тапсырды.Әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салынып жатырКелесі нысан – Қараой ауылында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған екі пәтерлі үйлердің құрылысы. Жоба жеке инвестор есебінен жүзеге асуда. Маусым айында басталған құрылыс аясында барлығы 114 үй бой көтереді. Әр үйде екі- төрт бөлмелі пәтер болады, әрқайсысының жер телімі – 4 сотықтан.Жеке инвестор Ұлан Сұлтанбековтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр, инженерлік желілер жүргізілген, фасадтық және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған. Үйлер жылу мен дыбыс оқшаулауы жоғары сапалы материалдардан салынуда.Аудан әкімдігі өкілдері қазіргі таңда 30 үйдің 50%-ы төленгенін, жобаны жалғастыру үшін келер жылы қосымша қаржыландыру қажет болатынын айтты. Инвестор әлеуметтік жауапкершілікті де назардан тыс қалдырмаған – жергілікті мешітке автокөлік сыйлап, балалар алаңын өз қаражаты есебінен салуды жоспарлап отыр.Қарасай ауданында жаңа өндірістік аймақ қалыптасудаЕлтай ауылдық округінде индустриялық-логистикалық аймақ пен үш зауыттың құрылысы басталды. Мұнда сэндвич-панельдер, алюминий бұйымдары және кабель-өткізгіш өнімдері өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ ірі көтерме-тарату орталығы салынады.Жобаның жалпы құны – 50 млрд теңге, іске асыру мерзімі – 2025–2027 жылдар. Іске қосылған соң мұнда 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өндірістік кластер өңірдің логистикасы мен өнеркәсібін дамытып, ішкі нарыққа және ТМД мен Қытай бағытындағы саудаға серпін бермек.Тағы бір жаңа мектеп – Қарасай ауданындаСапар соңында облыс әкімі Қарасай ауданындағы Бұлақ ауылында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылысымен танысты. Бұл да «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында іске асуда.Нысанда 110 адам екі ауысыммен еңбек етуде. Құрылыстың негізгі бөлігі аяқталған, тек электр желісіне қосылу мәселесі қалды. Бұл трансформаторлық подстанцияны көшіруге байланысты.– Мұндай жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Марат Сұлтанғазиев. Ол жауапты қызметтерге электрмен жабдықтау мәселесін жедел шешуді тапсырды.Аймақ дамуы – жүйелі жоспардың нәтижесіЖұмыс сапары Алматы облысында инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетті. Жаңа мектептер, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп нысандары бой көтеріп, өңірдің экономикалық және әлеуметтік әлеуеті артып келеді.«Келешек мектептері» ұлттық жобасы білім беру жүйесін жаңғыртудың басты тетігіне айналса, жаңа нысандар – өңірдің тұрақты дамуы мен тұрғындарға тең мүмкіндік жасаудың кепілі болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1094264?lang=kk
Әскери қызмет және жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі 28.10.2025
Патриотизмді қалыптастыру, жастардың әскери қызметке және әскери оқу орындарына түсуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қарулы күштердің ардагері запастағы подполковник Д. Досов, Қостанай облысы әкімінің көмекшісі полковник А. Қарақұзиев, жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Е.Мусин және лейтенант Т. Майхайдаровтан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы Қостанай индустриялық- педагогикалық колледжінің оқушыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094269?lang=kk
Қазақстанның Бас консулы Медина қаласындағы САК СІМ бөлімшесінің басшылығымен өзара іс-қимылды талқылады 28.10.2025
Медина, 2025 жылғы 26 қазан – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов Медина қаласындағы Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрлігі бөлімшесінің Бас директоры Ибрахим Әл-Субхимен кездесті.Кездесу барысында сауда-экономикалық, туристік және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Консулдық өзара іс-қимылға, сондай-ақ Медина қаласында тұратын және оқып жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.Бас консул Медина Ислам университетінде білім алып жүрген қазақстандық студенттердің, қажылардың және әртүрлі себептермен күрделі жағдайға тап болатын жекелеген азаматтардың жағдайына байланысты бірқатар мәселелерді атап өтті.Өз кезегінде саудиялық дипломат екі ел арасындағы қарым-қатынастардың оң даму серпінін атап өтіп, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың нығая түскенін атап көрсетті. Ибрахим әл-Субхи қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, әрі қарай да конструктивті ынтымақтастық жалғасады деген үмітін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1094296?lang=kk
«Ақберен» 28.10.2025
«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі табысты өтті! «Көркем сөз оқу» номинациясында 2 орын – Әлема Шаймарданова, «Жыланды негізгі мектебі» КММ.«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясында 2 орын – Асанәлі Мейірханов, «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММЖас таланттарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!Олардың өнер жолындағы жетістіктері жалғаса берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1094301?lang=kk
Қазақстанның әскери жоғары оқу орындары академиялық ұтқырлық пен қос дипломды бағдарламаларды енгізуде 28.10.2025
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаевтың қатысуымен 2025 жылғы оқуға қабылдау науқанының қорытындылары мен әскери білім беру жүйесінің дамуына арналған брифинг өтті.Спикердің айтуынша, әскери білім ұлттық қауіпсіздіктің негізгі элементі болып табылады. Қорғаныс министрлігі құрылымында тоғыз әскери оқу орны жұмыс істейді. Оның ішінде үш әскери институт, Ұлттық қорғаныс университеті және бес әскери колледж бар. Дайындық 20 мамандық және 43 біліктілік бойынша жүргізіледі. Оқу үдерісі әскердің жауынгерлік даярлығымен ұштасқан. Курсанттар «Айбалта», «Жауынгерлік достастық», «Қаратау» және «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуларына қатысады.– Армияның қажеттіліктерін ескере отырып, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, радиоэлектрондық барлау және күрес, ақпаратты қорғау, криптология, логистика және әскери құрылыс секілді жаңа бағыттар ашылды. Азаматтық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық кеңейіп келеді. Соның арқасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Логистика және көлік академиясы, Қазақ спорт және туризм академиясы және басқа серіктестермен қос дипломды бағдарламалар жүзеге асырылуда, — деп атап өтті полковник Мұрат Олжабаев.2020-2025 жылдар аралығында Астана, Шымкент, Алматы және Қарағанды қалаларындағы төрт республикалық «Жас ұлан» мектебі әскери колледждерге айналды. Сержанттарды даярлау бес мамандық және 11 біліктілік бойынша жүргізіледі. Олардың ішінде «Әскери істегі дене мәдениеті және спорт», «Барлау және десанттық-шабуылдаушы бөлімшелерді басқару" секілді жаңа бағыттар бар.2025 жылы әскери институттар мен колледждерге 3 899 талапкер құжат тапсырды. Нәтижесінде 1 761 талапкер оқуға қабылданды. Оның ішінде 837 адам институттардың, 924 адам колледждердің курсанты атанды. Қабылдау науқаны алғаш рет мемлекеттік қызметтер порталы арқылы цифрлық форматта өткізілді. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, делдалдықты жойды. Іріктеу кезеңіне медициналық тексеріс, дене дайындығы нормативтері және психологиялық тестілеу енгізілді.Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытуда. Қазақстандық әскери оқу орындарында Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның әскери қызметшілері білім алуда. Ал 400-ден астам қазақстандық курсант шетелдік әскери жоғары оқу орындарында оқып жүр.Мерзімді әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауға да ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға білім гранттарын беру жобасы іске асырылуда. Екі жыл ішінде 8 100 грант, оның ішінде 2025 жылы 2 710 грант бөлінді. Таңдау «Sarbaz 2.0» 118 мың әскери қызметшіні қамтитын ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Жүйе гранттарды рейтинг нәтижесі бойынша автоматты түрде бөледі. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.Полковник Мұрат Олжабаевтың айтуынша, әскери жоғары оқу орындарының түлектері тек сұранысқа ие мамандық қана емес, сонымен қатар кепілді жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау және тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие. Қорғаныс министрлігі кадр даярлау жүйесін жетілдіруді, оқыту сапасын арттыруды және әскери мамандықтың беделін көтеруді жалғастыра береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1094248?lang=kk
Шал ақын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. 28.10.2025
Шал ақын ауданы бойынша МКБ алаңында бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.Семинарға ауданның ірі агроқұрылымдары, орта және шағын бизнес өкілдері қатысты.Кездесу барысында корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы, салықтық тексерулер, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, тәуекелдерді басқару жүйесі, арнайы салық режимдері және т.б. бойынша қабылданған нормалар талқыланды.Салықтөлеушілер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды, мысалы:- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдіктерді сақтау;- Оңайлатылған режим үшін қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді ме;- ЕАЭО-ға тауарлар импорты бойынша қызмет үшін салық салу өзгерді ме;- салық төлеушінің ескі кабинетін қанша уақыт фнкциялау керек;- 2026 жылғы ЖШС құрылтайшылары үшін ЖТС есептеу тәртібі.- арнаулы салық режимдерін қолдану шарттары;Спикерлер: СҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Мейрамов С.Ж., аудит басқармасы басшысы Кұрмашев Е.Ж., түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқарма басшысы Некрасова Н.В., өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысы Қоспаев С.А., қосылған құн салығы әкімшілендіру бөлім басшысы Белоусов А.О.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1094253?lang=kk
Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатыстық 28.10.2025
2025 жылғы 24 қазанда Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатыстық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094260?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН АРАЛ ТЕҢІЗІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ КАСПИЙ ТЕҢІЗІН САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА. 28.10.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында Қазақстан Арал трагедиясынан терең сабақ алғанын және жиырма жылдан астам уақыт бойы оны қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Осы шаралардың арқасында Солтүстік Арал теңізі сақталды: оның беті 36%-ға ұлғайды, су көлемі екі есеге жуық артты, бұл минералдану деңгейін төмендетті. Мемлекет басшысы Арал теңізінің су деңгейін көтеру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Елбасы Каспий теңізінің тағдыры бір елдің емес, бүкіл өңірдің ісі екенін атап өтті. Осы орайда ол әріптес елдермен тығыз ынтымақтастықта Каспийдің су ресурстарын сақтаудың мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. #Қазақстан #ПрезидентЖолдау #ҚасымЖомартТоқаев #Арал #Каспий #Экология #СуРесурстар #ТұрақтыДаму #ТабиғаттыҚорғау
Digital Shield: қорғалатын аймақ 28.10.2025
2025 жылғы 23 қазанда Digital Shield: қорғалған аймақ іс-шарасына қатыстық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094175?lang=kk
Кәсіпкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді 28.10.2025
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасының алаңында кәсіпкерлермен бизнес объектілерін терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094179?lang=kk
ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Д.У. Мұсалиевтің Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі өтті 28.10.2025
2025 жылғы 23 қазанда ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Д.У. Мұсалиевтің Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1094181?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу: 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 28.10.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 716,69 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 047,64 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 594,85 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 74,20 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,08%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,33%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,66%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,95%, МҚҰ - 1,23%, ҚРҰБ депозиттері – 0,87%. 2025 жылғы 1 қазандағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 56,75%, АҚШ долларымен – 43,25%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 450,29 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс – 235,62 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен – 661,64 млрд теңге, өзге кірістер - 5,30 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды. 2024 жылдың қазанынан бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 3,11 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 14,11%, инфляция мөлшері – 12,90%.2025 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 98,53%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,86%, ҚРҰБ депозиттері – 0,61%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 8,44% көрсетті.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 74,20 млрд теңгеден асады.01.10.2025ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 13,29 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 16,60%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 15,87%, РЕПО – 13,15%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,01%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,99%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,99%, МҚҰ – 5,75%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,75%. Атап кетейік, портфельдің 75,31% теңгемен, 23,27% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 11,99% болды."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,98 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 42,57%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,99%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,13%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,13%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,30%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,90%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,64%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 77,54%, АҚШ долларымен 22,46% тең.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,02% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.10.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 8,51 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,69%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,63%, РЕПО – 14,44%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,04%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,81%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,74%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,04%, АҚШ долларымен 24,96%.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,22% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.10.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 3,33 млрд теңге.ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 17,40%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,20%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,73%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 14,43%, РЕПО – 13,78%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,45%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 3,35%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 3,30% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 68,34%, АҚШ долларында – 31,66% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 18,19% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 42,09 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 21,39%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 21,38%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,07%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,95%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,64%, МҚҰ – 7,50%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,14%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,03%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 2,38%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,80%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,92%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,62%, АҚШ долларында – 38,38% инвестицияланды.2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,81% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1106816?lang=kk
"Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстаным"атты мерекелік іс шара. 28.10.2025
2025ж 24 қазан күні Бастаушы ауылдық округінің клуб үйінде 25 қазан Республика күніне орай "Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстаным"атты мерекелік іс шара өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1094163?lang=kk
Роттердам қаласында Республика күніне арналған мерекенің символына айналған Alma-Ata мейрамханасының таныстырылымы 28.10.2025
Қазақстан Республикасының Елшілігі Роттердам қаласында ұлттық тағамдар ұсынатын ерекше Alma-Ata мейрамханасының салтанатты ашылуына шақыруды ризашылықпен қабыл алды. Іс-шара Қазақстанның басты мерекесі - Республика күніне, сондай-ақ халықтың мемлекеттік егемендікке, бірлік пен ұлттық жаңғыруға жол ашқан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай өткізілді.Жобаның бастамашылары Нидерландтағы қазақ диаспорасының белсенділері Жанна Адамбекова мен Алейна Буянқара болды. Олар ұлттық дәстүрлерді, заманауи стильді және ашық мәдени диалог рухын үйлестірген pop-up мейрамхана тұжырымдамасын жүзеге асырды. Көшпелі қонақжайлық дәстүріне сай мейірімді иелер қонақтарға бауырсақ пен бешбармақты қоса алғанда, қазақ асханасының бірегейлігі мен алуан түрлілігін бейнелейтін кеңінен танымал тағамдардан, тіскебасарлар мен десерттерден дәм татуға мүмкіндік ұсынды. Залдың атмосферасын Ұлы дала елінің халықтарына тән фольклорлық музыка мен ұлттық киімдер айшықтай түсті.Іс-шара қатысушыларына жаңа ашылған Нидерландтың Fenix Museum of Migration залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылып, этностар мен дін өкілдерінің өзара толеранттылық пен бейбіт қатар өмір сүруі ерекше бағаланатын көпқырлы қоғамдардың қалыптасу жолдары көрсетілді.Қазіргі уақытта мейрамхана Роттердамда өтіп жатқан әлем халықтары асханасы айлығының аясында уақытша режімде жұмыс істеуде. Өз идеяларын табысты жүзеге асырып, Қазақстан мен Нидерланд арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға сүбелі үлес қосып жүрген отандастарымызға зор табыс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1094164?lang=kk
Қазақстан мен Корея арасындағы парламентаралық байланыстар тереңдеуде 28.10.2025
Сеул, 2025 жылғы 27 қазан — Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың келешегін талқылады.Сұхбат Кореяның ұлттық батыры, генерал Хон Бом Доның рухына арналған іс-шара және оның өмірі мен мұрасына арналған деректі фильмнің тұсаукесері аясында өтті.Іс-шара барысында Елші Арыстанов генерал Хон Бом До тұлғасының символдық мәнін атап өтіп, оны Қазақстан мен Корея халықтары арасындағы достықтың тарихи көпірі ретінде сипаттады. Сондай-ақ, ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы Сеулге жасаған мемлекеттік сапары кезінде генералдың сүйегін Оңтүстік Кореяға тапсыру туралы саяси шешімінің маңыздылығын атап өтті.Қазақ дипломаты парламентаралық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстан мен Корея депутаттық достық топтарының белсенді өзара іс-қимылын және түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге зор әлеует бар екенін атап өтті. Ол Ұлттық Ассамблея Төрағасы У Вон Шик пен Қазақстан–Корея парламентаралық достық тобының Төрағасы Пак Хон Гынге екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін ризашылығын білдірді.Өз кезегінде Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шик Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді.Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан Samsung Electronics компаниясының Президенті Пак Сын Хи Қазақстанда смарт-теледидарлар мен кір жуғыш машиналарды шығаратын жаңа зауыттың табысты іске қосылғанын атап өтті. Бұл жоба екі ел арасындағы өнеркәсіптік және технологиялық серіктестікті нығайтудың маңызды қадамына айналды.Тараптар парламентаралық дипломатияны дамыту, гуманитарлық және іскерлік байланыстарды кеңейту арқылы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.Бұл іс-шара Қазақстан мен Корея арасындағы өзара табысты ынтымақтастықтың кезекті дәлелі болып, екі халықтың игілігі жолындағы жемісті серіктестікке жаңа мүмкіндіктер ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1094166?lang=kk