Әлем
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ ақшалай деректерді фискалдық деректер операторларының серверіне беру жөніндегі Протокол 2.0.3 нұсқасына көшуге қатысты 14.10.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «Бақылау-кассалық машиналарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 2025 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардан (бұдан әрі – БКМ) фискалдық деректер операторларының (бұдан әрі – ФДО) серверіне деректерді беру жөніндегі 2.0.3 нұсқасындағы (бұдан әрі – 2.0.3 нұсқасы Протоколы) Протоколды әзірледі.2025 жылғы 20 маусымда 2.0.3 нұсқасы Протоколы Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.2.0.3 нұсқасы Протоколында БКМ-ді ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосу және БКМ-нің нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО тарапынан геолокацияны айқындау сервисі көзделген.Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті 2.0.3 нұсқасы Протоколына көшу мерзімін белгілейді:– аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ қолданатын салық төлеушілер БКМ функцияларын 2025 жылғы 15 қазанға дейін 2.0.3 нұсқасы Протоколына сәйкес қайта бағдарламалауы қажет;– деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы (темір касса) түріндегі БКМ қолданатын салық төлеушілерге 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қайта бағдарламалау қажет.2025 жылғы 17 қарашадан бастап ФДО-ның 2.0.2 нұсқасы Протоколын ажырату жоспарлануда екенін қосымша хабарлаймыз.Бүгінгі күні ФДО тізімінде 10 заңды тұлға бар: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Kaspi Bank» АҚ, «IT ANALYTICS» ЖШС, «Бухта.кз» ЖШС, «Smartcontract» ЖШС, «Jusan Mobile» АҚ, «Comrun» ЖШС, «Вайпоинг» ЖШС.Мемлекеттік тізілімге 174 БКМ енгізілген, оның ішінде 118 онлайн БКМ, тіркелген онлайн БКМ саны – 1 105 мың.Сонымен қатар, аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ-нің жаңартылуы техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей-ақ автоматты түрде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1080433?lang=kk
Қазақстан мен Швеция Тұрақты Ауыл Шаруашылығы және Аграрлық Инновациялар Саласындағы Әріптестікті Жандандыруда 14.10.2025
Стокгольм қ., 2025 ж. 2 қазан – 2025 жылғы 1-2 қазан аралығында Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Е.Тасжүреков бастаған қазақстандық делегацияның Швецияға жұмыс сапары өтті. Делегация құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігінің, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің, сондай-ақ Қазақ ауыл шаруашылығы және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өкілдері кірді.Сапар аясында вице-министр Швецияның Ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Даниэль Лильебергпен келіссөздер жүргізді. Тараптар өзара сауданы кеңейту, ғылыми ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ Қазақстанның АӨК-ін цифрландыру мен жаңғыртуда швед тәжірибесін қолдану мәселелерін талқылады.Сапардың бағдарламасында Швецияның жетекші ғылыми-зерттеу және технологиялық орталықтарымен тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды. Қазақстандық делегация Уппсаладағы Швеция ауыл шаруашылығы ғылымдары университетінде (SLU) болып, онда озық білім беру және зерттеу бағдарламаларымен, сондай-ақ тұрақты және экологиялық бағдарланған ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық шешімдермен танысты. Екі елдің бейінді жоғары оқу орындары арасында бірлескен білім беру бастамаларын іске қосу және академиялық ұтқырлықты кеңейту перспективалары талқыланды.Сонымен бірге, сапар аясында Қазақстаннан келген делегация SLU агроэкологиялық далалық эксперименттер полигонына шығу, сондай-ақ мал шаруашылығындағы процестерді автоматтандыруға маманданған Envirologic AB компаниясының өндірістік алаңына барды.Сапардың басты іс-шарасы Швеция Корольдік ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы академиясының тарихи ғимаратында өткен қазақ-швед дөңгелек үстеліне қатысу болды. Дөңгелек үстелдің жұмысында мемлекеттік құрылымдардың, Еуразия елдері бойынша швед сауда-өнеркәсіп палатасының, сондай-ақ швед компанияларының өкілдері қатысты. Өз сөзінде вице-министр Е.Тасжуреков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында ел халқына Жолдауында белгіленген Қазақстанның аграрлық саясатының басымдықтарын ұсынды. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенді ұлттық дамудың стратегиялық драйверлерінің бірі ретінде атап өтіп, жасанды интеллект, спутниктік мониторинг және цифрлық платформаларды фермерлік шаруашылықтарды басқару мен өнімділікті болжауға енгізу қажеттілігіне назар аударды.Сондай-ақ, вице-министрдің Швеция ауыл шаруашылығы министрінің саяси кеңесшісі А.Дроттьямен, Väderstad (ауыл шаруашылығы техникасының жетекші еуропалық өндірушілерінің бірі) компаниясының басшылығымен, Қазақстанда ThermoSeed® тұқымдарын өңдеудің озық технологиясын енгізетін, елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін Acanova және Trade Scandinavia басшылығымен екіжақты кездесулері өтті.Швецияға сапар тараптардың аграрлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген өзара қызығушылығын растады және одан әрі практикалық өзара іс-қимылдың берік негізін қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1080437?lang=kk
Қорғаныс министрі және Бас әскери прокурор «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің өкілдерімен кездесті 14.10.2025
Қорғаныс министрлігінде авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов пен Бас әскери прокурор әділет генерал-майоры Дастан Секенов «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің РҚБ төрайымы Лилия Хайруллинамен және ұйымның аймақтық филиалдарының өкілдерімен кездесті.Кездесуде бірлескен жұмыстың қорытындылары мен әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау және мерзімді қызметтің жағдайын жақсарту бойынша жаңа қадамдар талқыланды.Қорғаныс министрі сарбаздардың тұрмыстық жағдайын, тәрбиелік жұмыстарын және психологиялық сүйемелдеуін жақсарту мәселелерін шешу үшін мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктердің ресурстарын біріктіру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты ол Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі мен «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитеті арасында тығыз өзара іс-қимылды жолға қоюды ұсынды.«Талдау көрсетіп отырғандай, екі құрылымның да мақсаттары ұқсас және бір-бірін толықтыратын мықты жақтары бар. Күш-жігерді біріктіру жекелеген бастамалардан бірлескен қызметтің тұрақты моделіне көшуге мүмкіндік береді. Бұл Мемлекет басшысы бастамашылық еткен „Халық үніне құлақ асатын мемлекет“ қағидаттарына сай келеді», – деді авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов. Сондай-ақ ол Комитет өкілдерінің кез келген уақытта әскери бөлімдерге алдын ала хабарламай-ақ бара алатынын атап өтті.Бас әскери прокурор Дастан Секенов қатысушыларды Қарулы күштерде «Әскерде заң және тәртіп» және «Цифрлық профилактика» бағдарламаларының жүзеге асырылуымен таныстырды. «Бұл бағдарламалар жеке құраммен оқытудың жаңа түрлерін және түсіндіру жұмыстарын енгізуге, әскери қызметшілердің құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейтуге, жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйелерін жетілдіруге, сондай-ақ өтініш беруге және құқықтық кеңес алуға арналған цифрлық сервистер құруға бағытталған», – деп атап өтті қадағалау органының басшысы.Комитет төрайымы Лилия Хайруллина Қорғаныс министрлігі мен әскери прокуратура органдарының қоғаммен диалог орнату және әскери қызметшілерді қолдау жөніндегі әлеуметтік бастамаларын оң бағалады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға уағдаласып, армиядағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мен Қарулы күштердің оң имиджін қалыптастыру бағытындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтті.Сол күні Сарбаздар аналары комитетінің өкілдері Астанадағы Бас әскери клиникалық госпитальге барып, әскери қызметшілерді емдеу және оңалту жағдайларымен де танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1080444?lang=kk
4 500 жұмыс орны және 70 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында ең ірі логистикалық парк ашылды 14.10.2025
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту, заманауи агрохабтар мен логистикалық орталықтар құрудың стратегиялық маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгін Алматы облысында осы міндеттердің нақты іске асуына айқын үлгі болған маңызды оқиға орын алды – Focus Logistics (BAZIS компаниялар тобы) компаниясының «Focus Aksengir» логистикалық паркі ашылды.Жобаға жалпы инвестиция көлемі 70 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 2024 жылы 13 млрд теңге игерілді. Бірінші кезекте Ozon компаниясы үшін 40 775 шаршы метрді қамтитын заманауи фулфилмент-орталық салынды. Бұл бағытта оффтейк-келісім жасалған.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа парк өңірдің экономикалық өсуіне серпін беретініне назар аударды: «Алматы облысы өзінің географиялық орналасуына байланысты еуразиялық көлік жүйесінің негізгі торабына айналуда. Бұл парк жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етіп, өңірдің инвестициялық имиджін нығайтады».Бүгінгі күні жалпы аумағы 64 545 шаршы метр қоймалар пайдалануға берілді. Ал 2025 жылдың IV тоқсанында тағы 26 000 шаршы метр қойма іске қосылады. Болашақта А+ санатындағы 300 000 шаршы метрге дейін қойма орындарын және қуаттылығы 100 мың TEU болатын контейнер терминалын салу жоспарланған.Жоба тікелей жұмыспен қамтуға және салық түсімдеріне әсер етеді. Тек Ozon компаниясымен серіктестіктің өзі 4 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ал өңір бюджетіне жыл сайынғы қосымша түсім 5 млрд теңгеден асады.«Бұл нысанды біз жай ғана қойма кешені емес, сауда, инвестиция және бизнестің жаңа мүмкіндіктері шоғырланатын орталық ретінде қарастырамыз. Мұнда мемлекет те, инвесторлар да, жергілікті кәсіпкерлер де ұтады», – деді «Focus Logistics» ЖШС Бас директоры Диас Ғалиев.Логистикалық парк БАКАД, Аксенгир теміржол стансасы және Қытай, Ресей мен Орталық Азия елдеріне шығатын халықаралық көлік дәліздерімен интеграцияланған.Сонымен қатар, BAZIS компаниясы 50 000 шаршы метр аумақтағы көтерме-тарату азық-түлік орталығын салуды, сондай-ақ 300 гектардан астам индустриялық аймақты жолдармен, инженерлік коммуникациялармен, жатақханалармен және жеке сұрыптау стансасымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080445?lang=kk
Оқушыларды медициналық сыныпқа қабылдау 14.10.2025
Жаңа 2025-2026 оқу жылының басында Әлихан Бөкейхан атындағы КГУ «Тірек мектеп (РЦ)» базасында медициналық сыныпқа қабылданған оқушыларға куәліктерді салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұл шараға медицина саласына қызығушылық танытып, болашақ мамандығын таңдауға ниет білдірген 9, 10 және 11-сынып оқушылары қатысты.Іс-шара аясында жалпы тәжірибе дәрігері, жоғары санатты маман Шейнкнехт Наталья Яковлевна оқушылармен танымдық әңгіме жүргізді. Дәрігер өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, медициналық мамандықтың маңыздылығы, дәрігердің адам өмірі мен денсаулығы алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ медициналық білім берудің болашағы туралы баяндады.Осындай кездесулер жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарын қалыптастыруға, медицина ғылымына деген қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1080455?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ әскери ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады 14.10.2025
Абу Даби, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Қорғаныс министрінің қорғаныс саясаты және байланыс жөніндегі орынбасары Али Абдулла Мұхаммед әл-Ахмадпен кездесу өткізді.Сұхбаттасу барысында БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак әл-Мазруидің Қазақстанға жақында жасаған сапарының нәтижелі болғанына назар аударылды.Қазақстан дипломаты аталған сапардың екі ел арасындағы қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті.Сонымен қатар тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру үшін бірлесіп күш-жігер жұмсауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1080461?lang=kk
«Колесные ряды» ауданын су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда 14.10.2025
Қала әкімі бүгін 2024 жылдың көктемінде су тасқынынан зардап шеккен «Дөңгелек қатарлар» ауданындағы тұрғын үйлерді бұзу барысымен танысты. Барлығы шамамен 170 үй су астында қалып, оның 146-сы тұрғындарға жарамсыз деп танылған.Қазіргі таңда 112 үй иесінің 98-іне өтемақы төленіп, «Қонай» шағын ауданында 14 жаңа үй салынды. 15 қазанға дейін тағы 30 үйді бұзу және утилизациялау жоспарланған.Красный Кузнец көшесінен төмен орналасқан аумақ толық абаттандырылып, Триатлон паркпен және «Шағала» жағалауымен біріктіріледі. Мұнда қала тұрғындары үшін біртұтас рекреациялық аймақ құрылады.Инфрақұрылымы сақталған бірнеше сапалы үйлерді әлеуметтік қажеттіліктерге пайдалану жоспарлануда. Осы аумақта заманауи спорт және ойын алаңдары, шығармашылық пен демалыс орындары, сондай-ақ аула клубтары жұмыс істейтін балалар лагері ұйымдастырылады.Қаланың білім бөліміне осы аумақты тиімді пайдалану бойынша нақты ұсыныстар дайындау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1080479?lang=kk
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесу 14.10.2025
2025 жылғы 3 қазан Пресновка ауылы Солтүстік Қазақстан облысы, 2025 жылғы 3 қазан-Жамбыл ауданының аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіруге арналған халықпен кездесу өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында Департамент мамандары салық төлеушілерді заңнамадағы негізгі өзгерістермен, соның ішінде корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы бойынша нормалармен, сондай-ақ салықтық тексерулер, салық есептілігін қысқарту және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мәселелері бойынша жаңалықтармен таныстырды.Азаматтардың қызығушылығын тудырған мәселелерге ерекше назар аударылды:- Салық салудың оңайлатылған жүйесінде ЖК-мен бәсекелес өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың қызметін бақылау әдістері;- Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізіле ме;- ЖК-нің Мемлекеттік сатып алуларға оңайлатуға қатысу мүмкіндігі.- Салық шегерімдерін дұрыс қолдану үшін ЖК-ға қатысты оңайлатылған жүйеде ЖК мәртебесін айқындау;- Оңайлатылғандардың белгіленген шектен асқан кезде ҚҚС-қа көшу міндеті;- Тұзшы су балық шаруашылығын және кәсіптік-техникалық білім беру қызметін қоса алғанда, қызмет түрлерінің алдын ала тыйым салу тізімін осы мәселені қайта қарау және аталған түрлерді оңайлатылған жүйеде қалдыру ұсынысымен талқылау.Ресми сөз сөйлегеннен кейін белсенді сұрақ-жауап сессиясы өтті. Қатысушылар жаңа нормаларды қолданудың, жаңартылған мөлшерлемелер бойынша салықтарды есептеудің және салық саласында цифрлық сервистерді пайдаланудың практикалық аспектілеріне үлкен қызығушылық танытты.Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.Мемлекеттік кірістер департаменті халықтың салық сауаттылығын арттыру және өңірдің бизнесін қолдау үшін осындай кездесулер өткізуді жалғастырады. ҚР ҚМ МККСҚОбойынша Мемлекеттік кірістер департаментіБаспасөзқызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1080486?lang=kk
Шетелдік БАҚ Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәжірибесімен танысты 14.10.2025
Digital Bridge 2025 халықаралық IT-форумы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алыс-жақын шетелдік журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырды. Астаналық халыққа қызмет көрсету орталығында қонақтар мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы Қазақстан тәжірибесін зерттеп, енгізіліп жатқан цифрлық шешімдерді бағалады.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында қонақтарға қызмет көрсету бөлімінің жұмысы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, қызмет көрсетуде қолданылып жатқан заманауи шешімдер таныстырылды. Журналистерге «ЦОН» мобильді қосымшасы және «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процестері көрсетілді. Осылайша, шетелдік қонақтар жоғары деңгейдегі автоматтандыруды, интерфейстердің ыңғайлылығын және қызметтерді алу жылдамдығын атап өтті.«Қазір мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде көрсетіледі. Бұл – еліміздің цифрлық трансформациядағы маңызды жетістігі. Ол қабылданған шаралардың тиімділігін дәлелдеп, Қазақстандағы цифрландырудың тұрақты дамуын көрсетеді. Біз алдағы уақытта да жаңа технологияларды енгізіп, қызмет көрсету үдерістерін жетілдіре береміз. Негізгі мақсатымыз – халыққа заманауи талаптарға толық сай қызмет ұсыну», – деп атап өтті Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.Сонымен қатар, мобильді қосымшаның бейнеқоңырау арқылы кеңес алу, әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған онлайн-калькулятор, автокөлік тарихын тексеру және көлікті сатып алу-сату шартын тікелей смартфоннан рәсімдеу сияқты инновациялық сервистері ерекше қызығушылық тудырды. Қонақтар құжаттандыру терминалдарына да назар аударды. Олардың көмегімен азаматтар бірнеше минут ішінде паспорт немесе жеке куәлікке өтініш бере алады.Делегацияға компьютерлермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы да таныстырылды. Мұнда арнайы құрылғысы жоқ азаматтар мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қатысуынсыз қызметтерді электронды форматта рәсімдей алады.Сапарды қорытындылай келе, шетелдік БАҚ өкілдері қызмет көрсету орталығының жұмысын жоғары бағалап, Қазақстан тәжірибесі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласында басқа елдерге үлгі бола алатынын атап өтті.Айта кетейік, пресс-тур Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы аясында өтті. Оған Оңтүстік Корея, Таиланд, Қытай, Малайзия, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің журналистері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1082109?lang=kk
«Жаңа Салық кодексінің нормалары» тақырыбында семинар 14.10.2025
2025 жылғы 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында «Жаңа Салық кодексінің нормалары» тақырыбында семинар өтті.Семинарда келесі спикерлер баяндама жасады:-Гүлмира Сабралимова — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жеке табыс салығы, мөлшерлемелер, шегерімдер, әлеуметтік салық және арнайы салық режимдері бойынша өзгерістер туралы;-Гүлмира Карибаева — корпоративтік табыс салығындағы жаңалықтар туралы;-Асхат Жибитаев — қосылған құн салығына қатысты өзгерістер, оның ішінде мөлшерлемелер, тіркеу тәртібі және артық соманы қайтару мәселелері туралы;-Азамат Жакиянов — берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары, сондай-ақ салықтарды төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу туралы;-Гүлжанат Беркутова — камералдық бақылау мәселелері жөнінде.Семинар барысында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері, салықтық әкімшілендірудегі өзгерістер, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік қызметке қатысты практикалық мәселелер талқыланды.Семинардың соңында Департамент өкілдері салық төлеушілер қойған сұрақтарға жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1080497?lang=kk
Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» тақырыбы бойынша коучинг-тренинг 14.10.2025
2025 жылдың 30 қыркүйектен 2 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті базасында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы аясында аралас форматта коучинг-тренинг өткізді. Іс-шараға МКД басқарма басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары мен орынбасарлары, МКБ басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ кеден бекеттерінің басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты. Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізгі басқарушылық құзыреттерін дамыту. Бағдарлама стратегиялық жоспарлау, басқарушылық қасиеттерді дамыту, қызметкерлерді ынталандыру, көшбасшылық әлеуетті ашу, тиімді коммуникацияны қолдану бағыттарын қамтыды. Күтілетін нәтиже – басқарушылық қызмет сапасын арттыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізу. Коучинг-тренинг спикерлері:Абдыкерова С. Ж. – ҚР ҚМ МКК КӘД Тауарларды жіктеу және шығарылған жері басқарма басшысы;Омарова М. Е. – ҚР ҚМ МКК ӘД Кедендік әдіснама басқармасының бас сарапшысы;Кобекаева И.А. – ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы. Тренинг барысында қатысушылар:заманауи жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау әдістерін меңгерді;персоналды ынталандыру тәсілдерін және көшбасшылық әлеуетті дамыту жолдарын үйренді;басқарудағы коммуникациялық дағдыларды және коучинг элементтерін тиімді қолдануға машықтанды;заманауи басқарушылық модельдерді тәжірибеде қолданды және ұжымдағы өзара іс-қимылдың тиімді дағдыларын қалыптастыруды үйренді. Тренингтің ерекше бөлігі – «МКД/МКБ/КБ-нің 5 жылдан кейінгі көрінісі» тақырыбында жоба қорғау болды. Қатысушылар өз жобаларында стратегиялық даму бағыттарын айқындап, коучинг тәсілінің ұзақ мерзімді мақсаттарға жетудегі маңыздылығын атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар қорытынды сауалнама толтырып, «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарын алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1080540?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысында Солтүстік Қазақстан облыстық соты, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет Департаменті , Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары Институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 14.10.2025
Құжат азаматтық істер бойынша Сот сараптамаларын жүргізу кезінде бюджетке жұмсалған шығыстарды өтеу мәселелерінде тараптар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған. Енді сот, сарапшылар мен сот орындаушылары арасындағы жұмыс үйлестірілген болады.Бұл соттардың шешімдерін тезірек және ашық орындауға көмектеседі , әсіресе сараптамаға жұмсалған қаражатты қайтаруға қатысты.Келісім шарттары бойынша тараптар келісті:- атқарушылық құжаттар бойынша тұрақты салыстырып тексерулер жүргізу;- сараптама шығындарының қайтарылуын бақылау ;- бірлескен жұмыс кездесулері мен іс-шараларды өткізу.Мұндай ынтымақтастық ашық және әділ сот жүйесіне маңызды қадам болып табылады, онда барлық шығындар ескеріліп, шешімдер тиімді және уақытылы орындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1080331?lang=kk
Бос орындар жәрмеңкесі 14.10.2025
2025 жылғы 3 қазанда М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ базасында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.Бүгінде мұндай іс-шараларға сұраныс жоғары, себебі жастарды жұмысқа орналастыру — маңызды әлеуметтік мәселе.Студенттерге мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі мен оның артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ үміткерлерге Департамент қызметі туралы ақпараттық буклеттер таратылды.Департамент студенттермен тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1080131?lang=kk
Аппараттық кеңес өтті 14.10.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 2 қазанында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылекованың төрағалығымен аумақтық Әділет органдары басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.Кеңес барысында ағымдағы жылдың тоғыз айындағы Әділет органдарының қызметінің қорытындылары шығарылып, қол жеткізілген нәтижелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.Атқарылған жұмыс жөнінде Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова баяндама жасап, негізгі көрсеткіштерді баяндап, іске асырылған іс-шаралар туралы хабарлап, алдағы жұмыстың басым бағыттарын белгіледі. Қостанай облысыӘділет департаментінің Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1080138?lang=kk
Заң клиникасының салтанатты ашылу рәсімі 14.10.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 2 қазанында Қостанай облысы Әділет департаменті заң қоғамдастығымен бірлесіп, Челябі мемлекеттік университеті филиалының базасында заң клиникасын ашты.Заң клиникасының ашылуы - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тегін заң көмегін қолжетімді етуге және азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар, студенттер үшін бұл алаң практикалық тәжірибе жинақтаудың тиімді мүмкіндігі болмақ.Іс-шара барысында Қостанай облысы Әділет департаменті мен Челябі мемлекеттік университеті филиалы арасында заң клиникасының жұмысына қатысты Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өзара ынтымақтастықты нығайтып, қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жетілдіруге ықпал етеді. Қостанай облысыӘділет департаментінің Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1080142?lang=kk
Ысқақовтар әулеті: ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ұстаздық дәстүр 14.10.2025
Жамбыл ауданында Ысқақовтар әулеті ерекше орынға ие. Оларды көпшілік нағыз ұстаздар әулеті деп атайды. Себебі бірнеше буын өкілдері өмірін өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруге арнаған. Кәсібіне адалдығы мен мектеп білімін дамытудағы зор еңбегі үшін халық арасында Ысқақовтарды «ұстаздар әулеті» деп құрметтейді.Ысқақовтар әулетінің педагогикалық дәстүрі өткен ғасырдың орта шенінде бастау алды. Нұржан Жораханұлы Ысқақовтың атасы Сейдахмет ауылдағы алғашқы мектептің негізін қалаушылардың бірі болса, әкесі Жорахан Ысқақов ұзақ жылдар бойы бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп, бүкіл ғұмырын балалар тәрбиесіне арнады.Бұл дәстүрді лайықты жалғастырған Нұржан Жораханұлы 1959 жылдың 3 ақпанында дүниеге келген. Алматы қаласындағы №9 интернатты аяқтап, Мәскеу қаласында әскер қатарында борышын өтегеннен кейін, Қазақ дене шынықтыру институтына түсіп, оны 1983 жылы үздік бітірді. Еңбек жолын туған ауылындағы мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беруден бастады.1985–2002 жылдар аралығында ол мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, осы кезеңде білім ошағы елеулі табыстарға қол жеткізді. Кейіннен қайтадан ұстаздыққа оралып, 2023 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін дене шынықтыру пәнінен дәріс берді.Нұржан Жораханұлы өмірлік серігі Бибігүл Аспандиярқызымен Қазақ дене шынықтыру институтында танысып, 1983 жылы шаңырақ көтерді. Ерлі-зайыптылар төрт баланы тәрбиелеп өсірді.Бүгінде олардың үш баласы ата-анасының жолын жалғап, педагогикалық дәстүрді өрбітіп отыр. Үлкен ұлы Думан Алматы қаласында тарих пәнінен сабақ береді, қызы Айгүл Арайымқызы Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагог-психолог болып еңбек етеді. Кенже ұлы Елдар Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдап, Сұраншы батыр ауылындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ортаншы ұлы Дастан энергетика саласында қызмет атқарып жүр, дегенмен отбасының еңбекқорлық пен қоғамға адал қызмет ету дәстүрін жалғастыруда.Ұзақ жылғы еңбегі үшін Нұржан Жораханұлы мемлекеттік марапаттарға ие болып, әріптестерінің құрметіне, шәкірттерінің алғысына бөленді. Зейнет демалысына шықса да, ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастарға бағыт-бағдар беріп келеді.Ысқақовтар әулеті – Жамбыл ауданының мақтанышы. Бұл әулеттің өнегелі тарихы ұстаздық мамандыққа адалдықтың және білім саласындағы ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080151?lang=kk
Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинді қабылдады 14.10.2025
Кездесуде Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағы арасында цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар бағытындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев Дорин Богдан-Мартинді Халықаралық электр байланысы одағының 160 жылдығымен құттықтап, ұйым цифрлық технологиялар саласындағы жаһандық ынтымақтастықта маңызды рөл атқаратынын айтты.Президент заманауи цифрлық экожүйе мен дамыған инфрақұрылым қалыптастыру мәселесіне айрықша мән берді. Осы орайда Қазақстанның OneWeb, Starlink, Amazon Kuiper және Shanghai Spacecom Satellite Technology сияқты төмен орбиталы жер серіктері жүйесі жобаларына белсенді түрде қатысатынын атап өтті.Бас хатшы Дорин Богдан-Мартин еліміздің цифрлық индустрияны дамытуға және жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Қазақстанмен серіктестікті одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды кеңейтуге дайын екенін жеткізді.Дереккөз: akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1080153?lang=kk
Ағылшын тілін рэп арқылы үйреткен ұстаз 14.10.2025
Қазіргі цифрландыру дәуірінде және ақпарат ағыны мол заманда мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тың әдістерді қолдануы қажет.Осындай жаңашыл ұстаздардың бірі – әлеуметтік желілерде «Мистер Омирбек» атымен танымал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Өмірбек Жанқуатов. Жас педагог TikTok желісінде жариялаған бейнероликтері арқылы кеңінен танымал болды. Ол бейнематериалдарда мектеп оқушыларын ағылшын тілін музыкалық композициялар арқылы үйретеді.34 жастағы Өмірбек Жанқуатов бұған дейін Алматы облысы Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясында еңбек еткен. Қазіргі таңда ол Іле ауданы Қосөзен ауылындағы мектепте сабақ береді. Оның оқыту тәсілі шығармашылыққа негізделген: сабақ барысында оқушылар ағылшын сөздері мен сөз тіркестерін рэп ырғақтарына қосып жаттайды. Мұндай әдіс білім алу процесін қызықты әрі жеңіл етеді.Өмірбек Жанқуатовтың кәсіби жетістіктері өңірлік деңгейде де жоғары бағаланды. Ол «Қазақстанның үздік мұғалімі» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанды. Жақын арада ұстаз жаңа авторлық бағдарламасын ұсынбақ, оны оқушылар асыға күтуде.Ұстаздық – үздіксіз ізденісті, кәсіби дамуды талап ететін абыройлы мамандық. Өмірбек Жанқуатовтың тәжірибесі шығармашылық пен кәсібилікті ұштастыру арқылы заманауи білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға болатынын дәлелдеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080154?lang=kk
Алматы облысында робототехниканы дамытқан жаңашыл ұстаз 14.10.2025
Алматы облысының мектептерінде заманауи білім беру әдістері сәтті жүзеге асырылуда. Соның жарқын үлгісінің бірі – педагог Даулешьяр Бақытәлінің еңбегі. Ол арнайы жабдықтары жоқ мектепте өз күшімен робототехника кабинетін ашып, оқушыларды ғылымға баулыды.Ұстаздың бастамасымен «Өнертапқыштар әлемі» клубы құрылды. Клубтың алғашқы ірі жобаларының бірі – ерекше қажеттіліктері бар оқушыға қол протезін жасау болды. Кейіннен бірнеше қол және аяқ протездерінің үлгілері дайындалды.Білім беру саласындағы белсенді еңбегі үшін Даулешьяр Бақытәлі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен марапатқа ие болды.Оқушылардың шығармашылық ізденістері нәтижесінде көптеген бірегей жобалар дүниеге келді. Атап айтқанда: «Автоматты қоқыс жинағыш», «Еден жууға арналған робот», «Робо-күнбағыс», «Көрмейтіндерге арналған көзілдірік», «Бөтелке қайта өңдеу құрылғысы», «Жеткізу дроны», «Робо-дәрігер», «Қазақы стильдегі автокөлік макеті» және басқа да жобалар жасалды.Сонымен қатар, педагог мектептен тыс үйірмелерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеп, мұғалімдер мен оқушыларға арналған физика пәні бойынша мобильді қосымша ойлап тапты. Балалармен бірлесіп жасалған жобалар әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, тек өңірде ғана емес, бүкіл ел көлемінде оң пікірге ие болды.Мұндай бастамалар оқушылардың әлеуетін ашуға, олардың ғылыми ізденістерге құштарлығын арттыруға және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың ата-аналары да педагогтың еңбегін жоғары бағалап, оның білімді қызықты әрі түсінікті түрде жеткізе білетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080159?lang=kk
Құрметті педагогтар, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім беру саласының қызметкерлері! 14.10.2025
Сіздерді кәсіби мереке — Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!Бұл күні сіздерге игі еңбегтеріңіз, жоғары жауапкершілік және өз ісіңізге деген шынайы сүйіспеншілік үшін алғыс, ризашылық және құрмет сөздерін білдіргім келеді. Мұғалім болу - бұл жай ғана мамандық емес, ол даналықты, шыдамдылықты, берілгендікті және үлкен рухани жомарттықты қажет ететін нағыз кәсіп.Өз өмірін жастарды оқытуға және тәрбиелеуге арнаған педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше алғыс сөздерін айтамын. Сіздердің білім беруді дамытуға қосқан үлестеріңіз баға жетпес және Сіздердің даналығыңыз әлі де жас тәрбиешілер үшін нұсқаулық болып табылады.Білім беру жүйесінде өзгерістер, жаңғырту және жаңа тәсілдерді енгізу жағдайында әрбір мұғалімнің кәсібилігі, шығармашылық бастамасы мен адалдығы жас ұрпақты қазіргі әлемдегі өмірге қаншалықты сәтті дайындай алатынымыз байланысты.Құрметті мұғалімдер! Зор денсаулық, бақыт, рухани жылулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер туралы шынайы тілектерді қабыл алыңыздар. Оқушылардың ризашылығы, әріптестердің құрметі, туыстардың қолдауы және өз қабілеттеріне деген сенімділік күн сайын сіздермен бірге болсын, ал әрбір сабақ өзінің қиын, бірақ осындай маңызды жұмысы үшін қуаныш, шабыт және мақтаныш әкелсін. Құрметпен,Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1080160?lang=kk