Enbekshi QazaQ

Әлем

Қазақстан теңізге шыға алмайтын елдердің тұрақты дамуын қолдауда азаматтық авиацияның рөлі жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогқа қатысып, сөз сөйледі 14.10.2025
2025 жылғы 23 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері.Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында «Теңізге шыға алмайтын елдердің (LLDCs) тұрақты дамуын қолдауда азаматтық авиацияның өмірлік маңызы бар рөлі» тақырыбында жоғары деңгейдегі диалог өтті.Іс-шараны ИКАО-ның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырза ашты. Сессияны ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантика өңірлік бюросының директоры Николя Ралло мырза жүргізді. Талқылауға теңізге шыға алмайтын елдердің өкілдері, сондай-ақ азаматтық авиация саласының, халықаралық және қаржы ұйымдарының басшылары қатысты.Қазақстан Республикасынан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым сөз сөйлеп, Қазақстан – теңізге шыға алмайтын ең ірі мемлекет ретінде азаматтық авиацияны географиялық шектеулерді еңсерудің және өңірлік пен жаһандық байланыстылықты нығайтудың стратегиялық құралы ретінде қарастыратынын атап өтті.Қазақстан тарапы елдің авиациялық байланыстылығын дамытудағы үш негізгі бағытты айқындады: 1) инфрақұрылым мен инновацияларға инвестициялар; 2) халықаралық байланыстылықты кеңейту; 3) Халықаралық ынтымақтастық пен ынтымақтастық рухы.Қорытынды пікірталас барысында Салтанат Томпиева ханым теңізге шыға алмайтын елдердің қажеттіліктерін талдау авиациялық нарықты ырықтандыруға, ұшу қауіпсіздігі саласындағы қадағалау әлеуетін арттыруға, экологиялық тұрақты технологияларды қолдана отырып инфрақұрылымды жаңғыртуға және қаржы көздеріне қолжетімділікті кеңейтуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.Оның айтуынша, өңірлік және жаһандық серіктестіктер инвестицияларды жұмылдыруда, тәжірибе алмасуда және инновацияларды енгізуде шешуші рөл атқарады. Бұл теңізге шыға алмайтын елдерге өздерінің географиялық шектеулерін жаңа мүмкіндіктерге айналдырып, жаһандық авиациялық жүйенің толыққанды қатысушыларына айналуға мүмкіндік береді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1083241?lang=kk
АҚШ FAA әкімшісінің орынбасарымен кездесу 14.10.2025
2025 жылғы 25 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері.Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы (FAA) әкімшісінің орынбасары Крис Рошело мырзамен кездесті.Кездесуде ұшу қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру шаралары, сондай-ақ Қазақстанда алдағы FAA IASA аудитіне дайындық және АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашуға мүмкіндік беретін 1-санатқа (Category 1) қол жеткізу мәселелері талқыланды.Салтанат Томпиева FAA-мен серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, оның үздік халықаралық тәжірибелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтты.Крис Рошело еліміздің азаматтық авиация саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, техникалық реттеу мен ИКАО стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету бағыттарында бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті.Кездесу барысында екі елдің авиациялық билік өкілдері кадрлық әлеуетті дамыту, соның ішінде инспекторлар мен авиациялық оқиғаларды тергеу мамандары үшін оқыту және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтастықтың мәселелерін қарастырды.Келіссөздер достық және өзара сенім атмосферасында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1083242?lang=kk
Ұшу қауіпсіздігі қорының Президентімен кездесу 14.10.2025
2025 жылғы 24 қыркүйек, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-сессиясы аясында Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым мен ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Ұшу қауіпсіздігі қорының (Flight Safety Foundation) Президенті және бас атқарушы директоры Хассан Шахиди мырзамен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында тараптар ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру, халықаралық стандарттарды іске асыру және азаматтық авиация саласында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында Қазақстан мен аталған Қор арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға өзара қызығушылық білдірілді.Анықтама: Ұшу қауіпсіздігі қоры (Flight Safety Foundation) – 1947 жылы құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым. Қор ұшу қауіпсіздігі саласындағы озық тәжірибелер мен стандарттарды ілгерілетуге, авиациялық оқиғаларды талдауға және тәуекелдерді азайту мақсатында білім мен тәжірибені таратуға бағытталған қызмет атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1083245?lang=kk
Біріккен Корольдіктің азаматтық авиация билігі басшылығымен кездесу өтті 14.10.2025
2025 жылғы 25 қыркүйек, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация жөніндегі ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 42-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Біріккен Корольдіктің делегациясын басқарған Ұлыбритания Азаматтық авиация басқармасының (CAA UK) бас директоры Ранния Леонтариди ханыммен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы әуе рейстерінің жиілігін арттыру және «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану мәселелерін талқылады.Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%, авиациялық қауіпсіздік бойынша – 83% құрайды.Салтанат Томпиева ханым Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы әріптестікті жоғары бағалайтынын және азаматтық авиация саласындағы жаңа бірлескен бастамаларға ашық екенін атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1083247?lang=kk
Аймақ басшысы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданының құрметті азаматы Сұлтанбек Оразымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтады. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, басқарма басшылары қатысты.Аймақ басшысы мерейтой иесіне құттықтауын жеткізіп, үлкенге құрмет көрсетудің, адал еңбекті бағалаудың маңызын атап өтті. «Дана халқымыз «Қадірлей білгенге құт қонады, құрметтей білгенге бақ тұрақтайды» деген. Өңіріміздің өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына бар күш-жігерін жұмсап, елдің қошеметіне бөленген аға буын өкілдеріне лайықты құрмет көрсету біздің игі дәстүрімізге айналған. Бүгінгі ресми жиынымыз адал еңбегімен халықтың ықыласына бөленген, өнегелі істердің ұйытқысы болған ардақты ағамыз Сұлтанбек Оразымбетовке арналады.Сыр жұртшылығы Сіздің елеулі еңбегіңізді, өнегелі өмір жолыңызды жақсы біледі, құрмет тұтады. Парасатқа толы ғұмырыңыздағы іргелі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі.Жерлестеріңіз аймақтың дамуына зор үлес қосып, елдің ілтипатына бөленген Өзіңіздей жандармен мақтанады. Ақадал ниетті азаматтардың атынан бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен тағы да құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Тойыңыз тойға ұласа бергей!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Сұлтанбек Қойшыбайұлы еңбек жолын Қызылту елді мекенінде қарапайым жұмысшылықтан бастап, әр жылдары комсомол ұйымының хатшысы, өндіріс бригадирі, Шиелі аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Гигант колхозында партия комитетінің хатшысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық партия комитеті хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 1994-2012 жылдары Шиелі аудандық мәслихатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымының хатшысы болды.Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Мемлекет және қоғам қайраткерлері Ибрагим Әбибуллаев, Бекмырза Еламанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, ел ағасы Қалдыбай Сүгірбаев сөз сөйлеп, ізгі тілек білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1083282?lang=kk
Исламабадта ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың реформалары мен сыртқы саяси бағадары талқыланды 14.10.2025
Исламабад, 2025 жылғы 7 қазан  – Пәкістанның беделді талдамалық орталықтарының біріне жататын  Исламабад Саяси зерттеулер институтында (Islamabad Policy Research Institute, IPRI) «Болашақты бірге құру - Қазақстан Президентінің алдағы сапары алдында қазақстандық-пәкістандық қарым-қатынастарды дамыту болашағы» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.Аталған іс шараға талдамалық орталықтардың, Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің,  Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар министрлігінің басшылары,  озық БАҚ және т.б. қатысты.Іс шараның Құрметті қонағы ретінде Пәкістанның Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар Федералдық министрі Шаза Фатима Хаваджа,  сондай-ақ Пәкістанның бұрынғы Ақпараттық және телерадио хабарларын тарату министрі, ПИР  Парламенті Сенатының Қорғаныс комитетінің бұрынғы төрағасы Мушахид Хусейн Сайед сөз сөйледі.Қазақстандық тараптан іс-шараға онлайн форматта қатысу үшін ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының,   ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының,   сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталықтың талдаушылары шақырылды.   Пәкістан тарапынан спикерлер ретінде Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, Халықаралық қатынастарды ілгерілету институтының (IPRI) және Біртұтас тағдыр қауымдастығы зерттеу орталығының (PRCCSF) басшылығы қатысты.Іс шара барысында тараптар ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2025 жылдың 8  қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауының ережелерін, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII сезінің қорытындыларын, сондай-ақ қазақстандық-пәкістандық екі жақты қарым қатынастарды дамыту қарқынын талдады.Елші Е.Қыстафин өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушыларды екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттарымен, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытумен таныстырып, өткен және 2025 жылға жоспарланған іс-шараларға тоқталды.Өз кезегінде спикерлер Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға беріп, елдің жасанды интеллектті дамытуға, сондай-ақ мемлекетті өңірлік көлік-логистикалық хабқа айналдыруға бағытталған ұмтылыстарын ерекше атап өтті. Осы тұрғыда Пәкістанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы да атап өтілді.Дәлірек, Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия бойынша бас директоры Хасан Али Зайгам Қазақстан Пәкістан үшін аймақтағы стратегиялық әріптес екенін атап өтіп, Исламабадтың Қазақстан-Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан бағыты бойынша теміржол салу бастамасын табанды түрде қолдайтынын айтып, ел басшылығы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді.Астанада өткен діни саммитке келсек, Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын білдіріп, жалғасып жатқан конфессияаралық қақтығыстар жағдайында қазіргі халықаралық аренадағы ахуал кезіндегі оның  өзектілігіне тоқталды.Қазақстанның сыртқы саясаты туралы айта отырып, спикерлер оның шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сындарлы, өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға бағытталған прагматикалық және теңгерімді сипатын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1083302?lang=kk
Конституциялық Сот жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексереді 14.10.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша азаматтың Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.Дауланып отырған норма квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу мүмкіндігін көздейді.Осы негіз бойынша электровоз машинисі қызметінен бұрын босатылған өтініш беруші бұл ереже оның еңбек бостандығы мен қызмет пен кәсіп түрін таңдау еркіндігіне конституциялық құқықтарын шектейді деп санайды. Оның пікірінше, норма орындалатын жұмыстың сипатын ескермей кеңінен қолданылады және басқарушылық функцияларды жүзеге асыруға байланысты және байланысты емес лауазымдарды сараламайды.Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1083324?lang=kk
Қызылордада 320 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді 14.10.2025
Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 320 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Кейінгі жылдары ерекше қарқынмен дамыған сол жағалау сәулетті тұрғын үйлермен толыға түсті. Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясат нәтижелі іске асырылуда. Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен облысымызда 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ға жуық пәтер табысталды. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан дайын 3 800 пәтерді сатып алуға 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі.Қызылорда қаласының өзінде соңғы үш жылда 5 600 пәтер жерлестеріміздің игілігіне айналды. Өткен айда 280 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар қоныстанды. Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бастап қаламызда заманауи жаңа дизайнмен 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.Бүгін – мемлекет қолдауымен баспаналы болған әр отбасы үшін ерекше қуанышты күн! Жаңа баспаналарыңыздың іргетасы берік, қабырғасы мығым, әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Іс-шарада жаңа тұрғын үйді салған құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Өмірбек Шәменов құттықтау сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1083347?lang=kk
ЭШФ АЖ-нің пошта қызметі қалыпты режимде жұмыс істеуде 14.10.2025
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫҚұрметті салық төлеушілер!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) кейбір пайдаланушыларда тіркеу және құпиясөзді өзгерту кезінде электрондық поштаға сілтемелердің жеткізілуіне байланысты қиындықтар туындағанын хабарлайды.Қазіргі уақытта ЭШФ АЖ-нің пошта қызметі қалыпты режимде жұмыс істеуде.Сонымен қатар, тіркеу немесе құпия сөзді өзгерту барысында ЭШФ АЖ пайдаланушы нұсқаулығын (3-бөлім Пайдаланушыларды тіркеу) https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 сілтеме бойынша қолдану ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1083359?lang=kk
ШҚО-да пробация қызметінің есебінде тұрған және электронды білезік (браслет) таққан есепте тұрған тұлғаның тәртіп режимін бұзудың өрескел оқиғасы тіркелді 14.10.2025
Қазақстандықтың әйелі шындықты жасырмады, содан кейін ол колонияға түстіШығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған және электронды білезік (браслет) таққан есепте тұрған тұлғаның тәртіп режимін бұзудың өрескел оқиғасы тіркелді.Электрондық бақылау құралы тағайындалған есептегі тұлға жүйені алдап өтемін деп шешкен.Тәртіп бұзушының жоспары қарапайым қоңырау шалу және қарсы тексеруден кейін күйреді: пробация қызметінің қызметкері бақылау мониторынан сотталған адамның тұрғылықты жерінде екеніне көз жеткізіп, тексеру кезінде сотталған адамның інісіне оның қонаққа кеткенін айтқан.- Сонымен қатар, мобильді қосымша бұл сәтте сотталғанның үйде екенін көрсетті. Алайда, оқиға орнына келген инспектор: білезік орнында болғанымен, есептегі тұлғаның өзі үйде болмағанын анықтады, - деп атап өтті ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің өкілі Әйгерім Нұрғазина.Әңгімелесу барысында тәртіп бұзушының жұбайы шындықты жасырмады. Ол күйеуінің білезікті өз бетінше шешіп, түнде бірге қонаққа барғанын, сондай-ақ достарымен де шығып кеткенін мойындады.Жазаны өтеу тәртібін өрескел бұзғаны үшін сотталған адам бас бостандығынан айыру орындарына (колонияға) жіберілді.Бірақ бұл әлі біткен жоқ. Электронды білезікті шешу кезінде оның шешу әрекеттері нәтижесінде зақымдалғаны анықталды. Осыған байланысты тәртіп бұзушыға қатысты мемлекеттік мүлікті бүлдіргені үшін келтірілген шығынды өтеу туралы материал сотқа жолданды.- Пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған тұлғаларды кешенді түрде бақылайды. Электронды бақылау жүйесін алдау және ЭБҚ-ны (электронды бақылау құралын) зақымдау әрекеттері жазаны дереу қатаңдатуға және қаржылық жауапкершілікке әкеп соғады, - деп түйіндеді Әйгерім Нұрғазина.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1083401?lang=kk
Атырау облысында орман-дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша сабақ өткізілді 14.10.2025
Атырау облысында орман-дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша сабақ өткізілді ҚР ТЖМ тапсырмасына сәйкес, Департамент бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ә. Баякеевтің төрағалығымен орта және аға басшы құрамға сабақ өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғи өрттерге ден қою алгоритмдерін пысықтау.Сабақ барысында орман-дала өрттерін сөндірудің тактикалық тәсілдері, басқару органдары мен күштердің өзара іс-қимыл тәртібі, қауіпсіздік шараларын сақтау талаптары жан-жақты қарастырылды.Мұндай оқытулар басшы құрамның дайындық деңгейін арттыруға және қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1083411?lang=kk
Салық төлеушілермен кездесу 14.10.2025
Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс шеңберінде 2025 жылғы 9 қазанда Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен семинар өтті.Семинардың мақсаты - кәсіпкерлік қоғамдастыққа жаңа Салық кодексінде көзделген салықтық әкімшілендірудегі негізгі өзгерістерді жеткізу, алдағы инновациялардың мәні мен маңыздылығы, сондай-ақ олардың бизнеске және тұтастай алғанда экономиканың тұрақты дамуына әсері туралы жалпы түсінік қалыптастыру.Басқарма өкілдері өз сөздерінде жаңа Салық кодексіне енгізілген тұжырымдамалық тәсілдерді егжей-тегжейлі таныстырып, келесі мәселелерге назар аударды:* қосылған құн салығын әкімшілендіру тәртібін жетілдіру;* корпоративтік табыс салығы мен ҚҚС-тың сараланған ставкаларын енгізу;* салық рәсімдерін цифрландыру және аналитикалық құралдарды күшейту;* есеп беру және салықтық жеңілдіктер жүйесін оңтайландыру;* арнайы салық режимдерін қысқарту;Талқыланатын өзгерістер салық жүйесінің ашықтығын, тиімділігі мен әділдігін арттыруға, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1083466?lang=kk
«Тауар белгісі бизнес құралы ретінде: идеядан қорғауға дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 14.10.2025
Бөлім басшысы ЖШС қызметкерлерімен «Тауар белгісі бизнес құралы ретінде: идеядан қорғауға дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу сауда белгісінің бизнес стратегиясының негізгі элементі ретіндегі маңыздылығына арналды. Бұдан басқа, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың жұмысы және олармен шарттар жасасу қажеттілігі туралы айтылды.Іс-шара қорытындысы бойынша сындарлы диалог өтті. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1083428?lang=kk
Қармақшыда қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді 14.10.2025
Уақыт алмасқанымен, ұрпақтың үлкенге деген құрметі ешқашан ескірмек емес. «Қариясын қадірлеген ел – қазыналы ел». Өткеннің аманатын арқалап, бүгінге тағылым қалдырған қариялар – қоғамның басты байлығы.Осы орайда Халықаралық Қарттар күні аясында Қармақшы ауданында ардагерлерге арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырылып, аудан ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымызға «Мәлике ана» мейрамханасында құрмет көрсетілді.Мерекелік шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз алып, ұзақ жылдар бойы ауданның өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге алғыс білдіріп, жылы лебізін жеткізді:«Бүгінгі бейбіт өмір, тұрақтылық пен дамудың негізі – осы ардақты аға буынның маңдай тері мен табанды еңбегі», – деп ардагерлерге көрсетілетін қолдау шараларына да тоқталды.Салтанатты жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, құрылыс саласының ардагері Қаршыға Есдәулетов, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, сондай-ақ Ерболат Ұзақбаев ардагерлерге ақжарма лебізін арнап, мерейлі мерекемен құттықтады.Сонымен қатар, Қармақшы және Жаңажол ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағалары Мұхтар Таңбаев пен Бақытбек Тәуекелов те ізгі тілектерін білдіріп, ардагерлер қауымына деген құрметтің маңызына тоқталды.Ардагерлерге арналған бұл жиында тағылымды сөздермен қатар, рухани кеш те болды. Ауданның өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ақсақалдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ардагерлерге деген құрмет – ұрпақ санасындағы тәрбиенің ең асылы. Қариясы бар ел – рухы биік ел. Ал Қармақшы – сол рухты қадірлей білетін аудан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1083430?lang=kk
Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын бақылады 14.10.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентінде жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.Сапар аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінен басталды. Қазіргі уақытта мұнда сыртқы абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып, бетон жолақ құйылып, тас төселген. Ішкі әрлеу бағытында – ішкі есіктер орнатылып, электр желілерін тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Дзюдо залының еденіне спорттық линолеум төсеу жоспарлануда. Алдағы уақытта 320 орындық көрермен орны жаңартылып, толық жаңадан ауыстырылатын болады.Одан кейін аудан басшысы Келменбет батыр көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Қазіргі таңда бұл аумақта қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Алдағы уақытта асфальт жабындысын төсеу жоспарланып отыр. Алайда, жұмыс қарқынының баяулығы мен құрылыс мерзімінің кешіктірілуіне байланысты, аудан әкімі мердігер мекемеге қатаң ескерту жасады. Ол жол сапасына жіті назар аударуды тапсыра отырып, аталған нысанды ағымдағы айдың соңына дейін толық аяқтауды талап етті.Сонымен қатар Тәуелсіздік ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысы тексерілді. Мұнда екі мердігер мекеме – «Аман-Құрылыс» ЖШС және «Интегрострой» ЖШС жалпы саны 25 жеке тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Барлық үйлердің кірпіш қалау, шатыр жабу, электр желілерін тарту жұмыстары негізінен аяқталған. Еденді тегістеу және санитарлық тораптарға кафель төсеу жұмыстары үйлердің дайындық деңгейіне қарай кезең-кезеңімен орындалуда. Тұрғын үйлерді талапқа сай жылыту, жарықпен қамту және ішкі әрлеу жұмыстары да қатар жүруде.Аралау барысында Жандос Еркінбек әрбір нысан бойынша нақты тапсырмалар беріп, белгіленген мерзімде ел игілігіне тапсыру қажеттігін қатаң ескертті.“Басты мақсат – сапалы әрі қауіпсіз баспанамен халықты қамтамасыз ету. Бұл – ел алдындағы жауапкершілік”, – деді аудан басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1083434?lang=kk
Марал ишан мұрасы- басты назарда 14.10.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Марал Ишан мен Қалқай Ишан бабалардың рухани мұрасын дәріптеу бағытында арнайы ауданға келген зиялы қауым өкілдерін қабылдады.Қабылдауға «Президент саясаты» мен жолдауларын ақпараттық насихаттайтын басылымның Бас редакторы Қанат Сапарбай, «Қазақ» радиосының редакторы Қойшығұл Мұстафа, Қызылорда облыстық тарихи мұраларды қорғау орталығының директоры Ерғазы Алданазаров, “Марал Нұр” ЖШС төрағасы Мұрат Тоқпанұлы, Марал ишан бабаның ұрпағы Мұхаммеджан Омаров қатысты.Кездесуде сөз алған азаматтар Марал Ишан мен Қалқай Ишан бабалардың халқымыздың рухани тарихындағы орнына ерекше тоқталып, қазіргі таңда зиярат орындарының абаттандырылуы, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі мен сол аумақта жүргізілетін құрылыс жұмыстарының жай-күйі жайлы пікірлерін ортаға салды.Аудан әкімі Жандос Еркінбек бабалар мұрасын ұлықтау – ұрпақ алдындағы аманат екенін атап өтіп, киелі тұлғалар жатқан орындардың тарихи-рухани маңызына мән берілетінін, сондай-ақ инфрақұрылым тарту, құрылыс пен абаттандыру бағытында нақты шаралар қолға алынып жатқандығын жеткізді.Қоғам қайраткерлері аудан басшылығына қабылдау мен қолдауға ризашылықтарын білдіріп, тарихи тұлғаларға көрсетілетін құрметтің тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1083436?lang=kk
ҚР ҰҚК Шекара қызметін жас толықтырумен толықтыру қорытындысы бойынша кеңес 14.10.2025
2025 жылғы 7 қазанда Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде 2025 жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін Жас толықтырумен жасақтау қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1082437?lang=kk
Сауд Арабиясында туризм саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды 14.10.2025
Рияд, 2025 жылғы 7 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Fursan Travel Group» компаниясының төрағасы Наиф Әл-Раджхимен келіссөздер өткізді.Сұхбат барысында туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанды сауд туристері үшін тартымды бағыт ретінде ілгерілету перспективалары қарастырылды.Наиф Әл-Раджхи Қазақстанның туристік әлеуеті мен қолайлы іскерлік ахуалын жоғары бағалап, қазақстандық тараппен әріптестік орнатуға қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әрекеттесуді дамытуға мүдделілік танытып, диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1082442?lang=kk
Маңғыстау облысы мен Констанца уезі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 14.10.2025
Маңғыстау облысы мен Констанца уезі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Бүгін, 7 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мэдэлина Лупу және Констанца уезі кеңесінің төрағасы Флорин Митрой бастаған делегациямен кездесті.Кездесу барысында тараптар аймақаралық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту, мәдени және туристік бағыттағы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Флорин Митрой Румыния мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың әлеуеті жоғары екенін айтып, Констанца уезінің Маңғыстаумен өзара тиімді әріптестік орнатуға мүдделі екенін жеткізді.Өз кезегінде аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай румыниялық серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.– Маңғыстау өңірінің инвестициялық мүмкіндігі зор. Біз жаңа жобаларды іске асыруға, өзара тиімді серіктестікке және шетелдік инвестиция тартуға әрқашан ашықпыз. Румыниямен байланыс екі өңірдің дамуына серпін береді деп сенеміз, – деді облыс әкімі.Кездесу қорытындысында Маңғыстау облысы мен Констанца уезі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат экономикалық, мәдени және әлеуметтік бағыттар бойынша әріптестік байланыстарды нығайтуға, жаңа жобаларды іске асыруға жол ашады.Қазіргі таңда Маңғыстау облысында Румыния капиталының қатысуымен экономиканың түрлі салаларында 5 кәсіпорын жұмыс істейді. 2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығындағы екіжақты сауда айналымы 378,2 млн АҚШ долларын құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uiir/press/news/details/1082459?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Габалада ТМҰ Саммиті аясында Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрімен кездесуді өткізді 14.10.2025
Габала, 2025 жылғы 7 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммиті аясында Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен екіжақты кездесуді өткізді.Мажарстан сыртқы саяси ведомствосының басшысымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашадағы Мажарстанға мемлекеттік сапарының, сондай-ақ Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок пен Парламент Спикері Ласло Кевердің 2025 жылғы қыркүйек-қазанда Қазақстанға жасаған сапарларының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.Сұхбаттастар ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды кеңейту мәселелеріне тоқталды. Жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог екі ел арасындағы сенімді нығайтуға және стратегиялық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ықпал ететіні аталып өтті.Қазақстанның IT және цифрландыру саласындағы жетістіктерін ескере отырып, Е.Көшербаев елдер арасындағы серіктестікті осы перспективалық бағытта, оның ішінде «Alem.AI» халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында кеңейтуді ұсынды.Сонымен қатар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар көпжақты құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз ынтымақтастыққа бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1082461?lang=kk