Enbekshi QazaQ

Әлем

Алматыда спорттық резервті ғылыми қолдау бағдарламасы басталды 11.07.2026
Алматы қаласының Спорт басқармасы спорттық резерв спортшыларын функционалдық диагностикадан өткізу және ғылыми-медициналық қолдау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды бастады.Бүгінде спортшыны даярлау тек жаттығу мен жарысқа қатысумен шектелмейді. Спортшы ағзасының жүктемені қалай қабылдайтынын, қалпына келу деңгейін және шамадан тыс шаршау мен жарақат алу қаупінің бар-жоғын анықтау да аса маңызды. Сондықтан спорт ғылымының заманауи жетістіктері әлемдік тәжірибеде спортшыларды даярлаудың ажырамас бөлігіне айналып отыр.Бағдарлама аясында спортшылар спорттық медицина мен функционалдық диагностиканың озық әдістерін пайдалана отырып, кешенді тексеруден өтеді. Зерттеу барысында мамандар жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін, тыныс алу жүйесінің жай-күйін, төзімділік деңгейін және ағзаның физикалық жүктемеден кейінгі қалпына келу қабілетін бағалайды. Ол үшін InBody аппараты арқылы дене құрамын талдау, электроэнцефалография (ЭЭГ), сондай-ақ нақты уақыт режимінде сымсыз электрокардиографиялық бақылаумен жүргізілетін эргоспирометриялық тестілеу сияқты заманауи диагностикалық технологиялар қолданылады.Жоба Trinity Corp спорттық медицина және диагностика орталығының базасында жүзеге асырылуда. Қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде алматылық спортшылар кешенді медициналық тексеруден арнайы шарттар негізінде өту мүмкіндігіне ие болды. Диагностика спортшылардың функционалдық мүмкіндіктерін объективті бағалауға арналған арнайы жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.Бағдарламаның алғашқы қатысушылары спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері болды. Қазіргі уақытта 133 жас спортшы тереңдетілген диагностикалық тексеруден өтуде. Жыл соңына дейін жоба аясында республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын Алматының спорттық резервіндегі 200-ден астам спортшы тексеруден өтеді.Спорттық медицина дәрігерінің айтуынша, мұндай диагностиканың басты артықшылығы спортшының қазіргі физикалық дайындығын бағалаумен ғана шектелмейді.«Заманауи спорттық диагностика ағзаның шамадан тыс шаршаудың, қалпына келудің жеткіліксіздігін және спорттық нәтижелердің төмендеуіне не жарақатқа әкелуі мүмкін қауіп-қатерлерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер жаттықтырушылар мен мамандарға жаттығу үдерісін неғұрлым тиімді жоспарлап, жүктемені әр спортшының ерекшелігіне сай реттеуге және оның жағдайын даярлықтың барлық кезеңінде бақылауда ұстауға көмектеседі», – дейді маман.Жоба аяқталғаннан кейін оның нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізіліп, Алматы қаласының спорттық резерв спортшыларын ғылыми қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру бағыттары қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1246335?lang=ru
Қазақстан мен Марокко минералды тыңайтқыштар саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуда 11.07.2026
2026 жылғы 19 маусымда Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Касабланкадағы OCP Group штаб-пәтерінде OCP Nutricorps компаниясының Бас директоры Фарис Дерриджмен кездесті.Ф.Дерридж соңғы 4-5 жыл ішінде Қазақстан мен Марокконың белсенді саяси және сауда-экономикалық диалог орнатып, Орталық Азия мен Солтүстік Африка арасындағы байланыстарды нығайтуға ұмтылып жатқанын атап өтті. Қазақстан OCP Group-тің шикізатпен қамтамасыз етілуінде маңызды рөл атқаратын компанияның негізгі күкірт жеткізушілерінің бірі болып табылатынына назар аударды.Елші С.Сайлауқызы, өз кзегінде, табиғи ресурстар, өнеркәсіп және аграрлық сектор салалары бойынша Қазақстанның экономикалық әлеуетімен таныстырды.Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Ф.Дерриджді осы жылдың шілде айында Корольдікке Қазақстанның өкілетті іскерлік делегациясының алдағы сапары туралы хабарлап, оның аясында Касабланкада бірқатар ірі қазақстандық компаниялар мен ведомстволардың қатысуымен Қазақстан-Марокко Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтетінін жеткізді.Сұхбаттастар минералды тыңайтқыштар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын да талқылап, өзара іс-қимылдың ықтимал форматтары туралы пікір алмасты және ұзақмерзімді серіктестікті дамытуға екіжақты мүдделіліктерін растады.Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың оң серпіні де ерекше атап өтілді, оған сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 460 млн. долл. асып, екіжақты ынтымақтастықтың тарихында рекордтық деңгейге жетті. Тараптар мұндай әсерлі нәтиже екі мемлекет іскерлік ортасының өзара мүдделігінің тұрақты өсіп жатқандығын айқын дәлелдейтінін және Марокконың Қазақстанның Африка құрлығындағы ең ірі сауда серіктесі мәртебесін бекітетінін атап өтті.Анықтама: OCP Group – Марокко Корольдігінің ең ірі мемлекеттік компаниясы және фосфатты шикізатты өндіру, фосфор қышқылы мен минералды тыңайтқыштар өндіру саласындағы жетекші әлемдік ойыншылардың бірі. Компания дүниежүзілік фосфатты шикізат қорының шамамен 70% қол жеткізуді бақылайды және фосфорлы тыңайтқыштардың жаһандық нарығында үстем жағдайды иеленіп, 85 елге өнім жеткізеді. Компания Азия мен Африка нарықтарындағы позицияларды нығайту және төмен көміртекті өндірісті дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялық бағдарлама іске асыруда. OCP Nutricorps – халықаралық нарықтарда тыңайтқыштарды жылжыту және өткізуге маманданған OCP Group-тің еншілес құрылымы.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1246318?lang=ru
Робототехника, интеллект және спорт: «Айбын-2026» жиынында байқау сынақтары басталды 11.07.2026
 ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің «Амандық» полигонында өтіп жатқан «Айбын-2026» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны аясындағы жарыстарға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген мыңға жуық ұл-қыз қатысып жатыр.Жиынға қатысушылар далалық лагерьге бейімделіп, жарыс шарттарымен танысып үлгерді. Барлығы әскери тәртіпке келтірілген. Жас патриоттар керней үнімен оянып, таңғы дене шынықтыру жаттығулары жасайды. Одан соң таңғы ас ішіп, байқауларға, қызықты кездесулер мен мәдени-демалыс іс-шараларына қатысады.Жарыстар шет мемлекеттердің командалары, өңірлердегі әскери-патриоттық клубтар, күштік құрылымдардың командалары және әскери оқу орындарының командалары секілді төрт санат бойынша ұйымдастырылған.Smart Sarbaz байқауы аясында жас бағдарламашылар робототехника, ақпараттық технологиялар және ұшқышсыз жүйелер салалары бойынша авторлық жобаларын ұсынды. Мысалы, «Жас теңізшілер» командасы төтенше жағдайлар кезінде адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауға арналған роботтандырылған техниканы таныстырды. Робот-эвакуатор салмағы 100 келіге дейінгі зардап шеккен адамды көтеріп, тасымалдай алады. Сонымен бірге адам өміріне қауіпті аймақтарда барлау жүргізуге және миналарды іздеуге арналған автоматтандырылған кешендер де қазылар алқасының ерекше қызығушылығын тудырды. «Айбын дарыны» зияткерлік ойынына қатысушылар да тест тапсырмаларын, ребустар мен логикалық есептерді шешу барысында өздерінің білімділігі мен тапқырлығын көрсете білді.Ал ұлдар арасында белтемірге тартылуда, сондай-ақ қыздар арасында шалқалай жатып денені көтеру жаттығуларын орындау кезінде тартысты әрі қызықты бәсекелестік өрбіді.– «Айбын» жиынына үшінші рет қатысып отырмын. Жыл сайын алдыма сайыста ең жоғары нәтиже көрсету мақсатын қоямын. Өткен жылы бұл жаттығуды 67 рет орындаған едім, ал бүгін өз көрсеткішімді жаңартып отырмын. Шалқалай жатып, денені көтеруді 83 рет қайталап, жеке рекордымды орнаттым. Әрине, бұл жетістіктің артында айлар бойы жүргізілген тынымсыз жаттығулар, орасан зор еңбек пен темірдей тәртіп жатыр. Тәлімгерлерімнің үмітін ақтағаныма қуаныштымын, – деді «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Нұрдана Ерғазы. «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында еліміздің әр өңірінен келген әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері өздерінің таланттары мен қабілеттерін паш етті.Жарыстар жалғасуда. Алда жас патриоттарға төзімділігін, тапқырлығын және командамен жұмыс істеу қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа сынақтар күтіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1246312?lang=ru
Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халық ойындарындағы спорттық жетістіктер 11.07.2026
    2026 жылғы 17–22 мамыр аралығында Семей қаласында Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған халық ойындары өтіп, өңірдің үздік спортшыларын бір арнаға тоғыстырды. Жарыс бағдарламасына әртүрлі спорт түрлері енгізіліп, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, қайсарлық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.Жарыста Курчатов қаласының спортшылары бірнеше спорт түрінен жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтиже көрсетті.Армрестлингтен команда жаттықтырушысы Альмұхамбетова Галина Ивановна +65 кг салмақ дәрежесінде I орынды жеңіп алып, жоғары шеберлігі мен мықты физикалық дайындығын дәлелдеді.Гір спорты бойынша 78 кг салмақ дәрежесінде Колбасин Артём Владимирович II орынды иеленіп, жарыс барысында төзімділігі мен тұрақты нәтижесін көрсетті.Қазақ күресінен де Курчатов қаласының спортшылары жақсы нәтижелерге қол жеткізді: 82 кг салмақ дәрежесінде Құрманбай Бекзат Саянұлы III орынға ие болды; 100 кг салмақ дәрежесінде Нурекенов Ернар Айбекович III орын иеленді.Жарыс қорытындысы бойынша Курчатов қаласының әкімі Б. Әбдіралиев спортшылар мен жаттықтырушыларды табысты өнер көрсетулерімен құттықтап, олардың спортты дамытуға, ұлттық күрес түрлері мен күштік спорттарды насихаттауға қосқан үлесін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1246299?lang=ru
ЕСЕПТІЛІКТІ ҰСЫНУДЫҢ ЖАҢА СЕРВИСІ ТУРАЛЫ 11.07.2026
Салық төлеуші кабинетінде «Ұсынылатын салық есептілігі нысандары» атты жаңа сервис іске қосылды.Яғни, жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушілер сервис арқылы салық органына ұсынуды жоспарлап отырған салық есептілігі нысандарын көрсетуі қажет.Ақпараттық жүйенің бұл функциясы салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, декларацияның нөлдік нысанын автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.Егер кәсіпкердің салық салу объектілері және есептілікте көрсетуге жататын мәліметтері болса, онда жүйеде автоматты түрде қалыптастырылған «алғашқы немесе кезекті – нөлдік» есептілік болғандықтан, оған «қосымша» салық есептілігін ұсыну қажет.«Ұсынылатын салық есептілігі нысандары» сервисіне деректер енгізу үшін Салық төлеуші кабинетінде авторизациядан өтіп, профиль мәзіріндегі «Ұсынылатын салық есептілігі нысандары» бөліміне кіру қажет.- «Қосу» батырмасын басып, тізімнен қажетті нысанды таңдап;- Міндетті деректемелерді толтырып;- Мәліметтердің дұрыстығын растап, қол қою және деректерді жіберу қажет.Әртүрлі нысандар үшін толтыру талаптарының өзгеше болуына назар аударыңыз: таңдалған есептілікке байланысты жүйе жылды, тоқсанды, келісімшарт нөмірін немесе мемлекеттік кірістер органының кодын көрсетуді сұрайды.Сонымен қатар, қызмет түрі өзгерген жағдайда есептілікті ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін сервистегі нысандар тізімін жаңарту қажет.Мемлекеттік кірістер департаменті нөлдік есептілікті автоматты түрде қалыптастыру сервисін пайдалануға кеңес береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1246287?lang=ru
«Заң мен тәртіп» идеологиясы тақырыбында дөңгелек үстел өтті 11.07.2026
Бүгін «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында басқармада дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға құрылыс басқармасының қызметкерлері қатысты.Дөңгелек үстел аясында пікір алмасу жүргізіліп, басқарма ұжымы өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әрбір азаматтың рөлі ерекше екені атап өтілді.Іс-шара қорытындысында заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу, құқықтық мәдениетті дамыту және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды. «Заң мен тәртіп» идеологиясы - әділетті, қауіпсіз және дамыған қоғам құрудың басты негіздерінің бірі екені ерекше атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1246281?lang=ru
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғыс хаттары табыс етілді 11.07.2026
Ағымдағы жылдың 23 маусымында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Халық бухгалтері»  акциясына қатысушыларға Кәсіпкерлерді қолдау орталығының өкілдері Ризагүл Галадий мен Ризагүл Соғымбаева Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғыс хаттарын табыс етті.Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 5 қаңтардан 30 маусымға дейін «Халық бухгалтері» республикалық акциясын өткізді.«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілді.Шара барысында 840-тан астам кәсіпкер бухгалтерлік есеп, салық есептілігі, ақпараттық жүйелер бойынша нақты және практикалық түсіндірмелер алды.Акция халықтың қаржылық және сауаттылығын  арттыруда, азаматтармен ашық диалог мәдениетін нығайтуда және салық міндеттемелерін адал орындау қағадиттарын дамытуда аса маныхды рөл атқарды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1246272?lang=ru
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді 11.07.2026
Көпшілік асыға күтетін «Қымызмұрындық – 2026» мерекесі 27 маусым күні Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында өтеді. Аталмыш шара абыз баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен қатар ұйымдастырылмақ. Мерекеге елімізден, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы және өзге мемлекеттерден 35 мыңға жуық қонақ келеді деп жоспарланып отыр.Қымызмұрындық – қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл – қонақжайлылықты, жомарттықты, ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін мереке. Аталмыш шараның туризмді дамытуға да ықпалы мол болмақ.Қарқара жайлауында бұл мереке бұған дейін төрт рет ұйымдастырылған. Өткен жылы шараға 8 мыңнан астам адам қатысып, 40 киіз үй тігілген. Сондай-ақ 250-ге жуық шағын бизнес өкілдері тартылған болатын. Ал биыл 80-нен астам киіз үй тігіліп, келушілер саны бірнеше есеге артады деп күтілуде.«Қамызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық іс-шарасы аясында ұлттық дәстүрлер мен ойындар паш етіліп, қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Атап айтқанда, ат бәйгесі, қазақ күресі, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, қой көтеру сынды сайыстар өтеді. Сонымен бірге «Топжарған» этно-өнер орталығының шоу бағдарламасы, «Толағай» өнер орталығының қойылымдары, облыс өнерпаздары мен танымал эстрада жұлдыздарының концерті көпшілік назарына ұсынылады. Жастар үшін алтыбақан, арқан тартыс, қол күрес және ұлттық ойындар ұйымдастырылса, балаларға арналған арнайы аймақта аттракциондар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу, шахмат және тоғызқұмалақ жарыстары өткізіледі.Қазіргі таңда Қарқара жайлауында дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Ұйымдастырушылар бәйге алаңын ретке келтіріп, көрермендерге арналған орындарды әзірлеген. Қонақтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық ұйымдастыру шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1246247?lang=ru
Атырауда кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер түсіндірілді 11.07.2026
       23 маусым күні Қазақстанның мұнайлы астанасы - Атырау қаласында, шағын және орта бизнес субъектілері өңірдегі ірі кәсіпорындармен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын өңірде, «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК арасындағы ашық диалог» жобасы аясындағы кезекті семинар өтті.     Іс-шараға MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өкілдері, кәсіби бухгалтерлер, салық консультанттары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары қатысты.    Кездесу барысында кәсіпкерлерге салық заңнамасының негізгі мәселелері бойынша, оның ішінде Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтар, салық міндеттемелерін орындау тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің ерекшеліктері, арнаулы салық режимдерін қолдану және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистерін пайдалану мәселелері жан-жақты түсіндірілді.   Сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.     Электрондық сервистерді дамыту мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осы орайда, 2026 жылдың қаңтар - мамыр айлары аралығында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен барлығы 178 421 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде 177 944 қызмет немесе 99,7%-ы электрондық форматта ұсынылды.    Семинар ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, салық заңнамасын қолданудың практикалық аспектілерін талқылауға және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтуға мүмкіндік алды.    «Халық бухгалтері 2026» жобасы кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, бизнес пен мемлекет арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға, сондай-ақ салық міндеттемелерін ерікті әрі адал орындау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1246187?lang=ru
Некені тіркеуге өтініш саны артты: Маңғыстауда 26 маусымға 134 жұп тіркелуге ниет білдірді 11.07.2026
Некені тіркеуге өтініш саны артты: Маңғыстауда 26 маусымға 134 жұп тіркелуге ниет білдірді  Цифрлық үйлесімі ерекше 2026 жылғы 26 маусым күні болашақ отбасылар арасында айрықша қызығушылық тудырды. Маңғыстау облысында аталған мерзімге некені мемлекеттік тіркеуге 134 өтініш қабылданған. Оның 105-і Ақтау қаласының тұрғындарынан түскен. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының мәліметінше, есте сақтауға оңай әрі мәні ерекше уақыт межелері жұптар тарапынан жиі таңдалады. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл көрсеткіш қалыпты күндермен салыстырғанда едәуір жоғары. Әдетте Маңғыстау облысында бір тәулікте орта есеппен 10-25 неке тіркеледі. Ал бұған дейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш шамамен 45-55 неке аралығын құраған. Мұндай белсенділік болашақ ерлі-зайыптылардың маңызды сәттерін айрықша әрі есте қалатын кезеңдермен байланыстыруға ұмтылатынын көрсетеді. Айта кету керек, неке қиюды мемлекеттік тіркеу белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. АХАТ бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс – 12:30-дан 14:00-ге дейін.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1246327?lang=ru
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Солтүстік Американың ең биік шыңына Қазақстан туын тікті 11.07.2026
Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Американың ең биік шыңы – Деналиді бағындырды.6190 метр биіктікте әскери қызметшілер салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Арнайы операциялар күштерінің туын көтерді.Сәтті аяқталған экспедиция қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рух күшін айқын көрсетті. Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындыру олардың тамаша дене және психологиялық дайындығымен қатар, олардың отансүйгіштік, ерлік, табандылық қасиеттерін тағы бір паш етті.Еске сала кетейік, аңызға айналған Денали шыңы Алясканың орталық бөлігінің оңтүстігінде орналасқан және жергілікті ұлттық парк пен қорықтың құрамына кіреді. Денали сөзі үндістердің атабаска тілінен аударғанда «Ұлы» деген мағынаны білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1246128?lang=ru
Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді 11.07.2026
    Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзбен қала әкімі Б. Абдралиев жүгінді. Өз сөзінде ол мемлекеттік қызметшілердің қала дамуына қосып отырған зор үлесін атап өтіп, олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мемлекет пен қоғамға қызмет ету жолындағы берік ұстанымы үшін алғысын білдірді.Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге атқарған еңбектегі жетістіктері, жұмысқа деген жауапкершілігі және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.Мерекелік іс-шараның сәнін қалалық мәдениет мекемелерінің әртістері дайындаған концерттік бағдарлама келтірді. Көрермендерге ұсынылған өнерпаздардың орындауындағы шығармашылық нөмірлер мерекелік көңіл күй сыйлап, салтанатты жиынның жарқын қорытындысына айналды.Мемлекеттік қызметші күні — бұл қоғам игілігі үшін күнделікті еңбек етіп, мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына және азаматтардың өмір сапасын арттыруға үлес қосатын жандардың мерекесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1246104?lang=ru
БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады 11.07.2026
Хабарландыру БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады 2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.Іс-шараның мақсаты - салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады.Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.        Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 26 маусымда сағат 09:30, 11:00, 14:00 онлайн форматта өтеді.Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажетEvent-совещание/Event- жиналыс/Event meeting:Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Адрес совещания для регистрации/Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration:https://enpf.webex.com/weblink/register/re532be292a6e5a8abb5a8808d2e38c8bhttps://enpf.webex.com/weblink/register/reec18696df40f018ebd7d8b7b29a6ad2https://enpf.webex.com/weblink/register/rcc2d1e23ebcc9f8eb85d72f61545b15dДата и время/Күні мен уақыты/Date and time:09:30 - 10:30 пятница, 26 июня 2026 г. (UTC+05:00) Астана11:00 – 12:00 жұма,   26 маусым 2026 ж. (UTC+05:00) Астана14:00 – 15:00 пятница,26 июня 2026 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number:2512 657 64402517 224 17642519 850 5069Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі/ Event meeting password:1267443453889548832 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!              Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1247788?lang=ru
Полиция қызметкерлеріне 94 қызметтік көлік табысталды 11.07.2026
Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі күні Қызылорда қаласының орталық алаңында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен полиция қызметкерлеріне 94 арнайы автокөліктің кілтін табыстау рәсімі өтті.Бүгінде өңірде құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және оны ашу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Осы жауапты міндеттерді атқаруда полиция қызметкерлерінің еңбегі ерекше.Құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін полиция департаментінің жедел-салалық қызметтерінің материалдық-техникалық базасы заманауи техникалармен толықтырылды. Жаңа қызметтік көліктер тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, табиғат қорғау, көші-қон және өзге де бөлімшелердің қызметтік міндеттерін жедел орындауына мүмкіндік береді.Аймақ басшысы тәртіп сақшыларының қоғам алдындағы жауапкершілігіне, ел тыныштығы жолындағы еселі еңбегіне тоқталды.«Президентіміз «Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету – айрықша маңызды міндет» деп атап өтті. Бұл тәртіп сақшыларының күнделікті қызметіндегі басты бағдары болуы тиіс!Жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдары бірлесіп, үйлесімді жұмыс атқаруда. Кейінгі жылдары құқықбұзушылық азайып, өңірдегі қауіпсіздік пен жедел әрекет ету қызметтерінің жұмысы оң нәтиже берді.Егемен еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауда, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыруда аянбай еңбек етіп, Өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен орындай беріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Айта кетейік, сәуір айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен полицияның патрульдік қызметкерлеріне 100 жаңа автокөлік табысталған болатын. Бүгінгі бастама құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін бұрынғыдан да нығайта түсті.Рәсімде ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Тастемір Рахимов, облыстық полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетов әріптестерін мерекемен құттықтап, ізгі тілек білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1246083?lang=ru
Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз! 11.07.2026
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз!Бұл кеш – өнер мен шабыттың, әсем әуен мен жарқын әсердің мерекесі. Филармония өнерпаздары сіздерге маусымның ең таңдаулы шығармаларын тарту етеді.24 маусым 2026 жыл, Сағат 19:00, Қаратал жағажайыКеремет көңіл-күй мен ұмытылмас музыкалық кеште жүздескенше! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1246000?lang=ru
Қазақстан мен Моңғолия сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуда 11.07.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 18 маусым – «QazExportPromotion» АҚ мен моңғолиялық «MAКС Group» компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Құжат Моңғолияда Серіктестік кеңсесін құруды көздейді. Бұл кеңсе қазақстандық экспортты ілгерілетуге, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған тұрақты алаңға айналады.Кеңсе қазақстандық тауарларды ілгерілетуге, сенімді серіктестерді іздеуге, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге, салалық көрмелер мен таныстырылымдарды ұйымдастыруға, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.Ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Моңғолия нарықтарына шығуға мүдделі компанияларға практикалық қолдау көрсетуге, өзекті іскерлік ақпарат алмасуға, сауданың перспективалы бағыттарын айқындауға және бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.Меморандумға қол қою қазақстан-моңғол экономикалық әріптестігін дамытудағы маңызды қадам болды және тараптардың сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1245969?lang=ru
Қазақстанның Тұрақты өкілі +7 телефон коды бойынша жаңа келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша GSMA-мен келіссөздер жүргізді 11.07.2026
Женева, 2026 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев GSM қауымдастығының (GSMA) өкілдерімен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында Тұрақты өкіл Қазақстанның Халықаралық электр байланысы одағымен (ХЭО) халықаралық +7 телефон кодын пайдалану мәселелері бойынша бірлескен жұмысты аяқтағаны туралы хабардар етті. Осыған байланысты ақпараттың ХЭО-ның 2026 жылғы 1 маусымдағы №1341 Операциялық бюллетенінде ресми түрде жарияланғаны және оған сәйкес Қазақстанға +7 0, +7 6 және +7 7 нөмірлік ресурстары бекітілгені атап өтілді.Қазақстан тарапы халықаралық байланыс операторлары, телекоммуникациялық қызмет көрсетушілер, цифрлық платформалар және жаһандық мобильді экожүйенің өзге де қатысушылары тарапынан қазақстандық нөмірлік ресурстардың дұрыс сәйкестендірілуін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Тұрақты өкіл Төребаев К. GSMA-дан салалық қатысушыларды ақпараттандыруға және Қазақстанның нөмірлік ресурстарының халықаралық деңгейде бірізді танылуын қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуді сұрады.Тараптар жаңа келісімдерді практикалық іске асырудың келесі қадамдарын талқылап, халықаралық телекоммуникациялық инфрақұрылым мен цифрлық байланыс мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1245942?lang=ru
Нұрия Жақсылықова “Мемлекеттік қызмет ардагері” төсбелгісімен марапатталды 11.07.2026
Бүгін Мемлекеттік қызметші күніне орай, әріптесіміз -  Мемлекеттік қазынашылық комитеті Жиынтық қаржы жоспары басқармасының бас сарапшысы Жақсылықова Нұрия Хабибуллақызы мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі үшін “Мемлекеттік қызмет ардагері” төсбелгісімен марапатталды.Марапатты Қаржы министрілігінің Аппарат басшысы Эрнар Ержанов табыстады.Әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1245943?lang=ru
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 11.07.2026
Құрметті әріптестер!Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Мемлекеттік қызмет – елге адал қызмет етудің, жоғары жауапкершілік пен кәсібиліктің жарқын үлгісі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз мемлекетіміздің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және қоғамның сенімін нығайтуға зор үлес қосуда.Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1245938?lang=ru
Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды 11.07.2026
Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалдыЖаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Мұқаш қала активіне Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған Абишаев Расул Жұмабекұлын таныстырды. Абишаев Расул Жұмабекұлы 1987 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Аймақтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» ММ жетекші маман қызметінен бастаған. Сондай-ақ, «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы, «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Қызылсай ауылының әкімі қызметтерін атқарған.2023 жылдан бастап «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарған.2026 жылғы 22 маусымнан бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1245914?lang=ru