Enbekshi QazaQ

Әлем

ШҚО кәсіпкерлеріне жаңа Салық кодексінің нормалары түсіндірілді 10.02.2026
2026 жылғы 6 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, "Зерде" оқу орталығы мен Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінің Бірыңғай операторы өкілдерінің қатысуымен жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинар өтті.Кіріспе сөзімен ШҚО бойынша МКД, Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жибітаев сөз сөйлеп, қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер, оның ішінде ҚҚС мөлшерлемелері, ҚҚС бойынша есепке қою тәртібі, ҚҚС-тың асып түсу сомасын қайтару, сондай-ақ акциздерді әкімшілендіру мәселелері туралы баяндады.Бірыңғай оператор тарапынан сыра және сыра сусындарын таңбалау жобасының жетекшісі Лейла Мустафина және бас бизнес-талдаушы Галина Гильманова сөз сөйледі.Семинар барысында спикерлер қатысушыларға сыра және сыра сусындарын міндетті таңбалау саласындағы заңнама талаптарын жеткізіп, таңбалау ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу тәртібін түсіндірді, сондай-ақ бөлшек саудамен айналысатын субъектілерде туындайтын практикалық мәселелерді талқылады.ШҚО бойынша МКД, Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысушыларды салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен, арнаулы салық режимдерімен және жаңа Салық кодексінің өтпелі ережелерімен таныстырды.Қазақстан Республикасының 1-санаттағы сертификатталған кәсіби бухгалтері және салық кеңесшісі Гүлнар Галямова арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгіленген режимге көшу тәртібі, сондай-ақ жалпыға бірдей салық салу режимін қолдану кезінде бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу ерекшеліктері туралы айтып өтті.Іс-шара соңында қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлерден тиісті түсіндірмелер алу мүмкіндігі берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1158062?lang=kk
ҚАӘ-де INAD мәселелері және API/PNR жүйелерін пайдалану бойынша ұлттық әуе тасымалдаушыларға арналған брифинг өтті 10.02.2026
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағалығымен отандық әуе тасымалдаушыларға арналған, кіруге рұқсат етілмеген жолаушыларды (INAD) басқару және жолаушылар туралы алдын ала ақпарат (API), сондай-ақ жолаушылардың аты-жөнін тіркеу деректерін (PNR) пайдалану мәселелеріне арналған брифинг өтті.Іс-шара Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) (Қазақстандағы және Түркиядағы елдегі өкілдіктері, Венадағы Аймақтық кеңсесі және т.б.) және БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің қатысуымен және бастамасымен ұйымдастырылды. Кездесу синхронды аудармамен қамтамасыз етілген гибридті форматта өтті.Брифингті ашқан Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Жанибек Шарипбаев INAD тақырыбының өзектілігіне тоқталып, көші-қон процестерін басқару тиімділігін арттыру және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен цифрлық шешімдердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) өкілдері сөз сөйледі.Өзінің алғы сөзінде Қазақстандағы IOM кеңсесінің басшысы Серхан Актопрак ұйымның елде қабылданып жатқан шараларды, атап айтқанда, кіруге рұқсат етілмеген жолаушыларды басқару жүйесін одан әрі нығайтуға және API/PNR тетіктерін жетілдіруге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Ол авиация саласындағы ілгерілеу тек мемлекеттік органдар, әуе тасымалдаушылар және халықаралық серіктестер арасындағы жүйелі ынтымақтастық арқылы ғана мүмкін екендігін айтты.«Біздің мақсатымыз – қолданыстағы жүйелерді алмастыру емес, ұлттық органдармен және әуе компанияларымен бірлесе отырып, мәселелерді дер кезінде анықтау және шекараны басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретін тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеу. Бұл өз кезегінде барлық жолаушылар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы сапарларды қамтамасыз етеді», – деді IOM өкілі брифинг барысында. Брифинг аясында IOM өкілдері INAD сервистік процестерін басқарудағы халықаралық тәжірибемен, соның ішінде Түркияда қолданылатын тәжірибемен бөлісті. Ерекше назар кіруге рұқсат етілмеген жолаушыларға гуманитарлық тұрғыдан қарау мәселелеріне, сондай-ақ күту және репатриация кезеңдерінде олардың құқықтарын сақтау мен лайықты жағдайларды қамтамасыз етудегі әуе тасымалдаушылардың рөліне аударылды.БҰҰ-ның Контртеррористік басқармасы (UNOCT) API/PNR деректерін тиімді пайдалану арқылы шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз, оның ішінде террористік мақсаттағы сапарлардың алдын алуға бағытталған «CT Travel» жаһандық бастамасын таныстырды. Қатысушыларға бірқатар мемлекеттерде бағдарламаны табысты іске асырудың мысалдары ұсынылып, дербес деректерді қорғау және гуманизм қағидаттарын сақтай отырып, қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңыздылығы атап өтілді.Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері API/PNR жүйесін енгізудің ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ оны қолданудың құқықтық және операциялық аспектілері туралы ақпарат берді. IOM Қазақстанмен бірлесіп «Қазақстан Республикасында жолаушылар деректерін өңдеу арқылы шекара қауіпсіздігін нығайту» жобасының тұжырымдамасы ұсынылды, оның ішінде жобаның кезеңдері, күтілетін нәтижелері және халықаралық стандарттарға сәйкестігі қамтылды.Брифинг шеңберінде авиакомпаниялармен жеке талқылау сессиясы өткізіліп, оның барысында қатысушылар пікір алмасып, сұрақтар қойып, жобаның тұжырымдамасын одан әрі жетілдіруді қоса алғанда, ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.Брифинг қорытындысы бойынша қатысушылар API/PNR жүйелерін одан әрі дамыту және интеграциялау INAD жағдайларының санын азайтудың, әуе компанияларының шығындарын оңтайландырудың және шекаралық әрі көші-қон бақылауының тиімділігін арттырудың маңызды құралы екенін растады. Осы бағытта ведомствоаралық және халықаралық өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша алдағы нақты қадамдар, оның ішінде шетелдік әуе тасымалдаушыларды тарту мүмкіндігі айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1158051?lang=kk
2026 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну туралы 10.02.2026
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2026 жылы 270.00 нысаны бойынша 2025 жылға ұсынады:1) мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;2) заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент жұбайлары;3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталдағы үлесінің (акционерлік қоғамдардың акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;5) жеке практикамен айналысатын адамдар;6) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салық кезеңі үшін жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірісін алған тұлғалар;7) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасы бар тұлғалар жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада;8) шетелде мүлкі бар адамдар;9) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;10) есепті салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасында және (немесе) одан тыс жерлерде құны 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлікті (жылжымайтын мүлікті) сатып алған тұлғалар; механикалық көлік құралдары мен тіркемелер; заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; бағалы қағаздар; туынды қаржы құралдары; тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері; инвестициялық алтын);11) салық агентіне басқа шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар (01.01.2026 ж. бастап – 2025 ж.өтініштері бойынша).Декларацияларды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.Декларацияны электронды түрде "САЛЫҚ төлеушінің ISNA Кабинеті", "Электрондық үкімет" веб-порталдары, "e-salyqAzamat", Halyk, Bank Centercredit, kaspi мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы, ХҚКО арқылы не келу тәртібімен мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынуға құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1157993?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады 10.02.2026
Бангкок, 2026 жылғы 9 ақпан - Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан БҰҰ АзТМЭӘК Бас хатшысының серіктестік және үйлестіру мәселелері жөніндегі орынбасары Шомби Шарппен кездесуін өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен БҰҰ АзТМЭӘК арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, Азия–Тынық мұхиты өңіріндегі ең беделді өңірлік ұйымдардың бірімен серіктестікті одан әрі нығайтудың перспективаларын қарастырды.Айрықша назар Қазақстанның Алматы қаласында БҰҰ АзТМЭӘК-ның Тұрақты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі бастамасына аударылды. Бұл Орталық тұрақты даму мүддесінде мемлекеттер арасында тәжірибе, озық практикалар және цифрлық технологиялар алмасуын ілгерілетуге бағытталған жаңа өңірлік БҰҰ институты болады деп күтіледі.Елші Баймұхан Шомби Шарпты Қазақстанның қазіргі және жоспарланған әлеуметтік-экономикалық бастамалары туралы хабардар етті. Сонымен қатар әңгіме барысында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтармен диалогты күшейтуге және инклюзивті әрі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған елдегі конституциялық реформалар қозғалды.Анықтама үшін: БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) — өңірдегі ең ауқымды үкіметаралық платформа. Штаб-пәтері Бангкок қаласында орналасқан Комиссия 53 мүше мемлекет пен 9 қауымдастырылған мүшенің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы ынтымақтастығына жәрдемдеседі. БҰҰ АзТМЭӘК — Біріккен Ұлттар Ұйымының бес өңірлік комиссиясының бірі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1157982?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады 10.02.2026
Астана, 2026 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Үндістан Республикасының Елшісі Сайлас Тангалды қабылдады.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК-ті қоса алғанда, көпжақты алаңдар аясында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.«Орталық Азия – Үндістан» диалогын өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды платформа ретінде одан әрі ілгерілетудің маңыздылығы аталып өтті.Министр Үндістанды Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктес ретінде атап өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың ерекше маңыздылығын айтты. Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың басымдығына, көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен туризмді нығайтуға ерекше назар аударды.Өз кезегінде Елші кездесу үшін алғысын білдіріп, Нью-Делидің Қазақстанмен көпформатты ынтымақтастықты белсендетуге қызығушылығын растады.Кездесу қорытындысы бойынша сұхбатттастар екіжақты және көпжақты өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыста болуға уағдаласты.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1157958?lang=kk
Қазақстан мен Сербия сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті 10.02.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сербия Республикасының халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі министрі Ненад Поповичпен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Сербия қатынастарының тұрақты дамуын және саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтті. Серік Жұманғарин Сербияның Балқан өңіріндегі Қазақстанның жақын әрі сенімді серіктесі, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық әріптесі екенін атап өтті.Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылдың оң әрі орнықты серпіні екіжақты қатынастардың нығаюын айқын көрсетеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $107,7 млн құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,6%-ға өсті (2024 жылы – $100,1 млн). Іскерлік және гуманитарлық байланыстарды дамытудың қосымша факторы ретінде 2025 жылғы қарашадан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы жүзеге асыратын Астана – Белград бағытындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы аталды.«Орта мерзімді перспективада біз Сербия Республикасына сауда-экономикалық миссия ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл кәсіпкерлер арасында тікелей байланыстар орнатуға, сондай-ақ қазақстандық өнімдер мен инвестициялық әлеуетті Сербия нарығында ілгерілетуге қосымша серпін беруге мүмкіндік береді», — деді вице-премьер.Кездесу барысында 2026–2027 жылдарға арналған, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған бірлескен Жол картасын әзірлеу мүмкіндігі де талқыланды. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне, оның ішінде қазақстандық тараптың қатысуымен Белград қаласында көпфункционалды қонақ үй кешенін салу жобасына ерекше назар аударылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады және екі елдің мүдделеріне сай нақты бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған жүйелі диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1157959?lang=kk
Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі АМҰ Бас хатшысымен кездесті 10.02.2026
Вашингтон, Колумбия аумағы, 2026 жылғы 9 ақпан – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов Америка мемлекеттері ұйымының (АМҰ) Бас хатшысы Альберт Рамдинмен кездесті.Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Елшіні Қазақстанның АМҰ жанындағы Тұрақты байқаушысы ретінде аккредиттеу туралы вербалды нотасының көшірмесі тапсырылды. Тараптар ұйымымен өзара әрекеттестіктің қазіргі ахуалы мен даму келешегін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.М.Ілиясов Бас хатшыны Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарымен, оның ішінде көпжақты алаңдар аясындағы ұстанымдарымен таныстырды.Өз кезегінде А.Рамдин бейбітшілікті ілгерілету жолындағы бірлескен күш-жігерді нығайту мақсатында Қазақстан мен АМҰ арасындағы диалогты жандандыруға, сондай-ақ Латын Америка елдерімен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге қызығушылық білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1157973?lang=kk
Қазақстан-Cербия ынтымақтастығының перспективалары ҚР СІМ-де талқыланды 09.02.2026
 Астана, 2026 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Сербия Республикасы үкіметінің халықаралық экономика мәселелеріне жауапты министрі Ненад Поповичпен кездесу өткізді.Кездесу барысында саяси ынтымақтастық және сауда-экономикалық ықпалдастықты қоса алғанда кең ауқымды мәселелер талқыланып, 2026 жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен сапарлардың күнтізбесі қарастырылды.«Сербия – Балқан өңіріндегі біздің ең маңызды серіктестеріміздің бірі. Біз аса жоғары және жоғары деңгейлердегі тұрақты саяси диалогты, екі ел парламенттеріндегі достық топтарының өзара іс-қимылын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын қамтитын тиімді институционалдық ынтымақтастық архитектурасын қалыптастырдық», – деп атап өтті Ә.Қуантыров.Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 18-19 қарашада Сербияға жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ 2025 жылғы 8 тамызда Алматы қаласында өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 4-отырысының шешімдерін іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Астана мен Белград арасындағы тікелей әуе қатынасының іске қосылуына қанағаттанушылық білдіріліп, бұл қадам екі ел халықтары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететіні аталып өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара сенім мен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде қазақ-серб қатынастарын одан әрі дамытуға ниетті екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1157937?lang=kk
Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда 09.02.2026
Рига, 2026 жылғы 9 ақпан – Рига қаласында Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Латвия стиведор компаниялар қауымдастығы мен Латвия темір жолы бірлесіп ұйымдастырған “Латвия-Қазақстан” бизнес конференциясы өтті.Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріпов Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша негізгі халықаралық “торап” ретіндегі Қазақстанның транзиттік және көліктік әлеуетінің тұрақты дамуы туралы хабардар етті. Ол Қазақстанда жаңа темір және автокөлік жолдарын пайдалануға беру, заманауи көлік-логистикалық орталықтарды салу және тиімді цифрлық экожүйе құру бойынша қабылданып жатқан шаралардың дер кезінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Қазақстандық дипломат “Бұл Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарын кеңейту және тереңдету үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасайды” деп атап өтті.Латвия Көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андулис Жидковс елдің дамыған порт және теміржол инфрақұрылымы негізінде көлік және логистика саласындағы екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екенін растады. Ол Үкіметтің халықаралық жүк транзитінің көлемін арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді. Андулис Жидковс “олардың ішінде қазақстандық өнімдердің үлесі айтарлықтай” деп атап өтті. Осыған байланысты ол мультимодальды логистикалық бағыттарды дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.Іс-шараға қатысушылар көлік саласындағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іс-жүзінде жүзеге асыру бойынша пікір алмасып, жаңа бірлескен жобалардың перспективаларын талқылады.Конференцияға Латвия Республикасы Көлік министрлігі мен Кеден қызметінің басшылығы, сондай-ақ екі елдің бизнес және салалық қауымдастықтары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1157932?lang=kk
Проактивті жоспар: Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі артты 09.02.2026
Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 24 миллиард текше метрге жетті. Бұл жоспарланған нәтижеден жоғары. Бұл көрсеткіштерге үш жылда қол жеткізілді. Бастапқыда су деңгейін 20,5 миллиард текше метрге жеткізу жоспарланған болатын. Бұл туралы 24KZ-ке сілтеме жасап, өнеркәсіп министрлігі хабарлады.20 жыл бойы жүргізілген жүйелі қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде Солтүстік Арал теңізінің ауданы 36 пайызға ұлғайып, су көлемі дерлік екі есе артты, ал минералданған деңгейі жартысына дейін төмендеді.Министрлік Арал теңізі аймағының тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткізеді. Күн тәртібінде Солтүстік Арал теңізін одан әрі қалпына келтіру нұсқалары қарастырылуда. Нәтижесінде бар Кокарал бөгетін кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемін бес жылға дейін толтыру мерзімімен 34 текше километрге дейін арттырады деп күтілуде. Жобаның техникалық нұсқасы қазіргі уақытта ведомствоаралық сарапшылар комиссиясының қарауында.Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Президент Арал теңізі мәселесін тағы да көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселелерге жүйелі және халықаралық тәсіл қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, тәуекел тек Арал теңізінің тағдырымен шектелмейді. Қазақстанға көршілес мемлекеттермен басқа да стратегиялық су айдындары – Каспий теңізі, Ертіс пен Балқаш көлі бойынша келісімдер жасау қажет болады.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:- Қазақстандағы ірі өзендердің көпшілігі көршілес мемлекеттерден бастау алады. Сырдарияның теңізге құятын су көлемі өзеннің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттердің су саясатына байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан көптеген мәселелердің шешімі шебер су дипломатиясына байланысты. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің барлығымен су ресурстарын бірлесіп пайдалану туралы келісімдер жасалды.Сәуірде Астанада халықаралық экологиялық саммит өтеді. Онда Арал теңізін құтқару халықаралық қорының құрамына кіретін мемлекет басшылары теңіздің мәселелерін талқылайды.Дереккөзі: https://24.kz/ru/news/ekologiya/750693-plan-na-operezhenie-v-severnom-arale-uvelichili-obem-vodyАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1157912?lang=kk
ШҚО-да «Халық бухгалтері» акциясы аясында жаңа Салық кодексінің нормалары түсіндірілуде 09.02.2026
2026 жылғы 6 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары «Учёт.kz» КБҰ кәсіби бухгалтерімен бірлесіп салық төлеушілерге жаңа Салық кодексінің нормалары, салық есептілігін тапсыру тәртібі, арнаулы салық режимдері, ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетті.Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Консультациялар тұрақты түрде өткізіледі: қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.Мекенжайы: Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат.Облыстың басқа қалалары мен аудандарының тұрғындары үшін бейнебайланыс арқылы мамандардан кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған: 8 771 123 80 84.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1157841?lang=kk
Қазақстан Жидда қаласында өткен қайырымдылық фестиваліне қатысты 09.02.2026
Жидда қ., 2026 жылғы 8 ақпан – Қазақстан ү.ж. 5–7 ақпан аралығында Жидда қаласында өткен «Ізгі іс жолындағы бір кесе» (A Cup for a Good Cause) атты жыл сайынғы қайырымдылық фестиваліне қатысты.Жидда қаласының Бірінші Әйелдер Қайырымдылық Қауымдастығы (Jeddah First Women's Charity Association) ұйымдастырған іс-шараға түрлі елдерден келген 100-ден астам қатысушы, оның ішінде 13 мемлекеттің Бас консулдықтар қатысып, өз елдерінің мәдени және ұлттық көрмелерін таныстырды. Фестиваль барысында жиналған қаражат аз қамтылған отбасылар мен балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.Аталған іс-шараға Қазақстанның қатысуы Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулдығының белсенді қолдауымен қамтамасыз етіліп, Сауд Арабиясы Корольдігімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс аясында жүзеге асырылды.Жидда қаласында тұратын қазақ диаспорасының әйелдері өздерінің жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Қазақстандық әйелдер ұлттық стендтің дайындалуына белсенді қатысып, келушілерді қонақжай қарсы алып, баурсақ, қазы, буйрек, чак-чак, самса, ірімшік, қытырлақ, тары қосылған чизкейк, шай және, әрине, танымал қазақстандық шоколад сияқты ұлттық тағамдармен таныстырды.Қазақстанның ұлттық экспозициясы фестивальге келушілер мен халықаралық қоғамдастық өкілдері тарапынан зор қызығушылық тудырды. Фестиваль шеңберінде іс-шара қонақтары еліміздің мәдениетімен, ұлттық дәстүрлерімен, дәстүрлі тұрмыс элементтерімен, сондай-ақ қазақ ұлттық асханасының ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Ұсынылған материалдар мен экспозициялар қазақ халқының бай тарихи-мәдени мұрасы туралы түсінікті кеңейтуге ықпал етті.Сонымен қатар, іс-шара қонақтарына Қазақстанның мәдени және танымдық туристік маршруттары ұсынылды. Оларға тарихи қалалар, сәулет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары және этнотуристік бағыттар кіріп, халқымыздың дәстүрлері мен тұрмысын таныстыруға мүмкіндік берді.Сонымен қатар, іс-шара қонақтарына Қазақстанның мәдени және танымдық туристік маршруттары ұсынылды, оған тарихи қалалар, сәулет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары және этнотуристік орындар кіріп, халқымыздың дәстүрлері мен тұрмысын таныстыруға мүмкіндік берді. Жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтар ел табиғатының сан қырлығын – көркем каньондар мен шексіз далалардан бастап, таулы ландшафттар мен көлдерге дейін – жан-жақты танысу мүмкіндігіне ие болды.Үш күндік мәдени іс-шараның қорытындысы бойынша фестиваль қатысушылары естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен қазақстандық диаспора «Өз Елінің мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттаудағы белсенді қатысуы үшін» арнайы естелік сыйлықпен марапатталды.Іс-шара ұйымдастырушылары — Жидданың Бірінші Әйелдер Қайырымдылық Қауымдастығы (Jeddah First Women's Charity Association) және Қауымдастықтың Басқарма төрайымы Др. Хала Али Хасан қазақ диаспорасына ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді лайықты дәрежеде танытқаны үшін алғыс білдіріп, мәдени өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспанов фестивальдегі Қазақстанның сәтті нәтижесіне Жиддадағы қазақ диаспорасының белсенді қатысуы мен үйлесімді командалық жұмыстың ықпал еткенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1157796?lang=kk
Жаңа Конятитуция: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына ерекше маңыз берілуде 09.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны өтті. Іс-шараға оқу орнының оқытушылары мен магистрлер қатысып, еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудағы негізгі басымдықтар жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады.Жиын барысында заң ғылымдарының магистрі Аяулым Төленбекова жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, бұл құжат Қазақстанның болашаққа бағытталған стратегиялық даму бағытын құқықтық тұрғыда бекітетінін атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заң жобасы отбасы мен неке секілді дәстүрлі құндылықтарды қорғауға, ұлттық бірлікті сақтауға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз етуге бағытталған нақты құқықтық негіз қалыптастырады.– Жаңа Конституция Қазақстанды халықаралық қауымдастық алдында адам құқықтары мен заң үстемдігін басты құндылық ретінде ұстанатын, білім мен ғылымға негізделген, өркениетті әрі тарихи жауапкершілігі жоғары мемлекет ретінде танытатын маңызды қадам болмақ. Бұл құжат әрбір азаматқа, әсіресе жас ұрпаққа, ел болашағын қалыптастырудағы өз жауапкершілігін сезінуге, ұлттық мақтаныш пен ортақ тарихи миссияны терең ұғынуға мүмкіндік береді, – деді А.Төленбекова.Сонымен қатар, баяндамашы жаңа редакциядағы Конституцияда Конституциялық соттың мәртебесі күшейтіліп, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі артатынын атап өтті. Енді әрбір азамат өзінің конституциялық құқықтары бұзылған жағдайда Конституциялық сотқа тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болады.Жиын барысында жаңа Конституция жобасында заң үстемдігі қағидатын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мән берілгені айтылды. Бұл өзгерістер құқықтық мемлекетті қалыптастыруға және қоғамдағы әділеттілік пен сенімді арттыруға бағытталған.Іс-шара соңында қатысушыларға Жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Аталған жиынға қатысушылар еліміздің жаңа Конституциясы жобасына қолда білдірді.
Шымкентте Жаңа Конституция жобасы кітапханашылар қатысуымен талқыланды 09.02.2026
Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана бүгінде тек кітап пен білімнің ғана емес, қоғамдық ой мен азаматтық пікірдің ашық алаңына айналып келеді. Мұнда әдеби-мәдени іс-шаралармен қатар, ел өміріндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталған бастамалар жүзеге асуда.Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі ретінде кітапхана қабырғасында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған келелі кеңес өтті. Жиынға кітапхана ұжымы қатысып, ел болашағын айқындайтын басты құжатқа қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.Руханият ордасында өткен басқосуда айтылған әрбір пікірдің салмағы бөлек болды. Мемлекет тағдыры мен ұлттың ертеңі сөз болған жиында кітапханашылардың азаматтық ұстанымы айқын көрінді.Кітапхана директоры Анар Жаппарқұлова өз сөзінде Ата Заңның тарихи маңызына тоқталып, жаңа Конституцияның басты ерекшеліктерін атап өтті.– Конституциямыздың ана тілімізде жазылуы – үлкен рухани жетістік. Ең бастысы, бұл құжат халықтың тікелей қатысуымен талқыланып, ел болып қабылдануда. Әр азаматтың ұсынысы ескеріліп, пікірі тыңдалуы – шынайы демократиялық үдерістің көрінісі, – деді ол.Сондай-ақ, жаңартылған Ата Заңның тек құқықтық нормалар жиынтығы емес, мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат екенін атап өтті. Осыған орай, оны талқылауға қоғамның барлық өкілінің белсенді қатысуы аса маңызды екеніне назар аударды.Жиын барысында Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар қолданыстағы нұсқамен салыстырыла отырып таныстырылды. Мемлекеттің дамуына негіз болатын мызғымас қағидаттар мен құндылықтардың нақты айқындалғаны айтылды. Әсіресе, егемендік пен тәуелсіздікті қорғау мәселесіне ерекше мән берілді.Кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Алпысбаева Конституциядағы өзгерістер қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталғанын жеткізді.– Тәуелсіздікті қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы. Жаңа Конституция осы жауапкершілікті заңдық деңгейде бекітіп отыр. Бұл мемлекет пен халық арасындағы сенімді арттыратын маңызды қадам, – деді ол.Пікірталас барысында көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының маманы Мейіржан Жақып та сөз алып, Ата Заңның ағартушылық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Конституция азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамның саяси белсенділігін күшейтуге ықпал етеді.– Конституция – әр азамат білуге тиіс, күнделікті өмірде басшылыққа алатын басты құжат. Жаңа Ата Заңды тек заңгерлердің ісі деп емес, халықпен бірге талқылау – оны шынайы халықтық құжатқа айналдырады, – деді ол.Сарапшылардың пікірінше, 2026 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның тәуелсіздігін сақтау мен нығайтуға бағытталған құқықтық тетіктерді жүйелеп, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды. Жаңартылған Конституция елдің орнықты дамуын, ұлттық бірегейлігі мен мемлекеттік тұтастығын қорғауға қызмет ететін стратегиялық бағдар болмақ.Кітапхана қабырғасында өткен бұл жиын бір шындықты айқын көрсетті: Ата Заң – тек мемлекеттік биліктің құжаты емес, бүкіл халықтың ортақ келісімінің нәтижесі. Ал оны талқылау – азаматтық сананың, ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
ЖАНДЫ ДЫБЫС SOUNDTRACK КОНЦЕРТІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ! 09.02.2026
Құрметті өнерсүйер қауым!Сіздерді әлемге әйгілі фильмдер мен композициялардың керемет әуендеріне толы Soundtrack концертіне шақырамыз!13 ақпан18:30 Өтетін орны: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы(Абылай хан көшесі, 153) Орындаушылар:Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестріЖанды дыбыста Билет бағасы: 2000 тенгеБайланыс телефондары:8-747-787-88-818-701-567-48-07Музыканың сиқырлы әлеміне бірге саяхаттайық!Сіздерді асыға күтеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1157708?lang=kk
Қатар Мемлекетінде Қазақстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтті 09.02.2026
Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Ауқымды мәдени іс-шараның өтуі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың нәтижесінде жүзеге асырылды.Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Мәдениет күндері аясында Премьер-Министрдің орынбасары Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі шейх Әбдірахман бен Хамад бен Джасим Әл Тәнимен екіжақты кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар мәдениет пен өнер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.«Қазақстан Республикасының Мәдениет күндерінің Қатар Мемлекетінде өтуі біз үшін зор мәртебе. Қазақстан мен Қатар халықтарын жақындастыратын ортақ тарихи және рухани құндылықтар бар. Екі ел де бай көшпелі өркениет мұрасын сақтап, дәстүрлі мәдениетті қадірлеуге айрықша мән береді. Осы ортақ құндылықтар алдағы уақытта да халықтарымызды одан әрі жақындастырып, жаңа бірлескен мәдени жобаларды іске асыруға берік негіз болады деп сенемін», – деді Аида Балаева.Өз кезегінде Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрі шейх Әбдірахман бен Хамад бен Джасим Әл Тәни екі ел қарым-қатынастарының даму әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, бірлескен мәдени жобалар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің берік негізіне айналатынына сенім білдірді.Кездесу барысында креативті сектордағы өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды. Аида Балаева Қатар Мемлекетінде креативті индустриялардың қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстанда да бұл бағыттың басымдыққа ие екенін атап өтті. Республикада Креативті индустрияларды дамыту қоры құрылған. Осыған байланысты қазақстандық тарап бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және аталған салада практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.Сонымен қатар өзара ықпалдастықтың өзге де перспективалы бағыттары айқындалды. Атап айтқанда, бірлескен кітаптар шығару, екі ел авторларының шығармаларын қазақ және араб тілдеріне аудару, сондай-ақ суретшілерді қолдау тетіктері бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.Практикалық қадам ретінде аталған бағыттардың барлығын қамтитын Ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына қол қою ұсынылды.Кездесу соңында делегация басшылары Қазақстан өнер шеберлерінің мерекелік гала-концертін тамашалады. Концерт бағдарламасында қазақ халқының классикалық музыкалық мұраларынан бастап, халық күйлері мен әндері, симфониялық өңдеудегі заманауи туындылар, сондай-ақ араб әндері орындалды.Сондай-ақ делегация басшылары Мәдениет күндерінің негізгі іс-шаралары өтіп жатқан Доха қаласындағы «Дарб Аль-Саги» мәдени-тарихи орталығына барды. Мұнда тақырыптық концерттер, сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, ұлттық нақышты заманауи үлгіде танытатын дизайнерлердің туындылары ұсынылған.Бағдарламада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі дайындаған экспозицияға ерекше орын берілді. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауға айрықша мән беріліп, оның ішінде дәстүрлі садақ ату өнері, саятшылық, сондай-ақ тазы итпен аң аулау түрлері таныстырылды.Айта кетейік, Қазақстанның мәдениет күндерінің төрт күндік бағдарламасы Қазақстан – Қатар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға және елдің ұлттық мәдениетін халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстанда Қатар Мемлекетінің мәдениет күндері өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1157722?lang=kk
Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС бойынша шегерім қолдану тетігі анықталды 09.02.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің төртінші отырысында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырған ұйымдардың өтініші қаралды. Көтерілген мәселе – жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты осындай қызметкерлерге салық салу тәртібі.Парламенттегі салық реформасын талқылау барысында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыратын барлық ұйымдардағы тең жағдайды қамтамасыз ету тәсілі өзгертілді. Атап айтқанда, депутаттардың ұсынысы бойынша, корпоративтік табыс салығы бойынша салық жеңілдігін қолдану мақсатында 2026 жылдан бастап мүгедектігі бар қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорының 51% бірыңғай үлесі  қолданылады. Яғни, есту, сөйлеу, көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда бұрын қолданылған 35%-дық үлес нормасы өзгерді. Қабылданған норма салық төлеушілерге ішінара таңдау тәсілін жойып, жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысанға қарамастан, мүгедек адамды жұмыспен қамту мүмкіндігін арттырады. Бұл ретте мүгедектігі бар қызметкерлердің өздері үшін жеке табыс салығы бойынша жеңілдік толықтай сақталады. Норманың негізгі мақсаты – жұмыс берушіні жұмыс орнын құруға және сақтауға ынталандыру.Сонымен қатар алғаш рет Салық кодексіне мүгедектік тобына байланысты ЖТС бойынша әлеуметтік салық шегерімін саралау нормасы енгізілді. Егер бұрын жұмыс істейтін мүгедектігі бар адам үшін шегерімнің жалпы шегі 882 АЕК болса, жаңа түзетуде бұл шама үшінші топтағы мүгедектік үшін сақталған. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкер үшін шегерім мөлшері 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.Сонымен бірге мемлекеттік органдарға осы норманы қолдану бойынша өтініштер түсе бастаған. Атап айтқанда, егер күнтізбелік жыл ішінде қызметкердің денсаулық жағдайы нашарласа, үшінші топтағы мүгедектік бірінші немесе екінші болып өзгерсе немесе мүгедектік тобы төмендеген жағдайда бір жылға ЖТС есептеу тәртібі мәселесі туындайды. Салық кодексінің 404-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуметтік салық шегерімі үшін негіздеме туындаған немесе бұрын болған күнтізбелік жыл қолданылады. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1157723?lang=kk
2026 жылы 250.00 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім ұсынады? 09.02.2026
1)"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық Заңына және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы"ҚР заңдарына сәйкес осындай декларацияны ұсыну міндеті жүктелген адамдар;2) кәмелетке толған азаматтар, ҚР резиденттері ҚР шегінен тыс жерде меншік (талап) құқығында мынадай мүлік болған жағдайда:құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті;есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болған барлық банк салымдары бойынша АЕК-тің 1000 еселенген мөлшерінен жиынтығында асатын сомадағы шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша;инвестициялық алтын;Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;эмитенттері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген Бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері;Салық кодексінің 423-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс басқа тұлғалар алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);Салық кодексінің 423-бабының 3-тармағында көрсетілген басқа да мүліктер. Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация тұрғылықты жері бойынша ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынылады.Декларацияны электронды түрде "САЛЫҚ төлеушінің ISNA Кабинеті", "Электрондық үкімет" веб-порталдары, "e-salyqAzamat", Halyk, Bank Centercredit, kaspi мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы, ХҚКО арқылы не келу тәртібімен мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынуға құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1157661?lang=kk
Облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша полиция департаментімен бірлескен кеңейтілген кеңес өтті 09.02.2026
2026 жылғы 9 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша полиция департаментімен бірлескен кеңейтілген кеңес өтті.Кеңеске құқық қорғау органдарының өкілдері, білім бөлімдерінің басшылары, мектептер мен колледждердің директорлары қатысты.Іс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылық пен қараусыз қалудың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілік алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылға, білім беру ұйымдарының оқушылардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Заң мен тәртіп — қауіпсіз және әділ қоғамның негізі» деген сөзі кеңестің басты бағытын айқындай түсті.Кеңес қорытындысы бойынша профильдік ведомстволарға және білім беру ұйымдарының басшыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1157637?lang=kk
Риддер қаласында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері әзірлеген студенттер мен жоғары сынып оқушылары арасында Болашақ сайлаушылар үшін тестілеу ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, саналы азаматтық ұстаным мен сайлау процесіне қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған. «Сайлау құқығы лабиринттерінде» зияткерлік ойынының командалары — «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ «Риддер колледжі» КМҚК студенттері қатысты. Сонымен қатар, тестілеуге Риддер колледжінің 2-3 курс студенттері қатысты. Іс-шара сайлау құқығы саласындағы білімді тексеруге және елдің қоғамдық өміріне белсенді және саналы түрде қатысуға тағы бір сенімді қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды. 09.02.2026
Риддер қаласында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері әзірлеген студенттер мен жоғары сынып оқушылары арасында Болашақ сайлаушылар үшін тестілеу ұйымдастырылды. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, саналы азаматтық ұстаным мен сайлау процесіне қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.«Сайлау құқығы лабиринттерінде» зияткерлік ойынының командалары — «№1 мектеп-лицей» КММ, «№5 орта мектеп» КММ, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ «Риддер колледжі» КМҚК студенттері қатысты. Сонымен қатар, тестілеуге Риддер колледжінің 2-3 курс студенттері қатысты.Іс-шара сайлау құқығы саласындағы білімді тексеруге және елдің қоғамдық өміріне белсенді және саналы түрде қатысуға тағы бір сенімді қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1157639?lang=kk