Әлем
«Хадж-2025» автоэкспедициясына қатысқан қазақстандықтар ұлы қажылық рәсімдерін сәтті аяқтап, Қазақстанға оралуда 10.06.2025
Жидда, 2025 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулдығында «Хадж-2025» қазақстандық автоэкспедициясының қатысушыларын жылы қабылданды. Қажылық сапарын аяқтаған қажылар Ержан Слямбеков, Айдар Кұрманов, Қанат Саимов және Леонид Паязитов ҚР-ның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспановпен және дипломаттармен кездесті.Қазақстандық қажылар Семей қаласынан бастап, Астана, Ақтөбе, Атырау қалалары, әрі қарай Ресей Федерациясы, Грузия, Түркия, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері арқылы өтіп, Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядтан қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына жеткен, ұзындығы шамамен 10 мың шақырым болатын сапарлары жайлы әсерлерімен бөлісті.Олар аталған мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктерге сапарларын ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін ерекше алғыстарын білдірді.Өз кезегінде Бас консулдықтың дипломаттары бұл бастаманы жоғары бағалап, қатысушылардың төзімділігі мен рухын ерекше атап өтіп, отанына аман-есен оралуға тілек білдірді.Бас консул Руслан Қоспановтың айтуынша, мұндай бастамалардың маңызы зор, себебі олар рухани құндылықтардың нығаюына және мәдениетаралық диалогтың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл экспедицияның сәтті өтуі шетелде Қазақстанның оң имиджін ілгерілетуге өз үлесін қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1014203?lang=kk
Қазақстан Прагада өткен Елшіліктер фестивалінде өз мәдениетін таныстырды 10.06.2025
Прага, 2025 жылғы 7 маусым – Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі Прагада өткен 8-ші Елшіліктер фестиваліне қатысты. Биыл бұл ірі халықаралық шараға 56 елдің дипломатиялық өкілдіктері қатысып, өз халқының мәдени дәстүрлерін, қолөнер бұйымдары мен аспаздық мұрасын ұсынды.Фестивальдің ресми ашылу салтанатына Чехия Сыртқы істер министрі Ян Липавский, Прага қаласының мэрі Богуслав Свобода, Прага 6 муниципалдық ауданының мэрі Якуб Старек, шет мемлекеттердің елшілері мен іскерлік қауым өкілдері қатысты.Қазақстан екінші жыл қатарынан дәстүрлі киіз үй тігіп, фестиваль қонақтарының басты назарын аударды. Күні бойы көптеген қонақтар оның ішкі көрінісі мен ұлттық нақыштағы безендірілуін тамашалап, қазақ халқының көшпелі мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.Іс-шараның құрметті қонақтары – Сыртқы істер министрі Я.Липавский мен Прага 6 мэрі Я.Старек қазақ дастарқанының қадірлі меймандары болып, ұлттық тағамдардан дәм татты.Прагадағы «Алматы» дүкенінің қолдауымен фестиваль қонақтары қазақ қонақжайлығының атмосферасын сезініп, ұлттық тағамдардың алуан түрінен дәм татты. Үлкен қазанда дәстүрлі палау дайындалып, ыстық күйінде ұсынылды. Сондай-ақ қонақтарға жаңа піскен мәнті, дәстүрлі нан өнімдері мен түрлі тәттілер ұсынылды. Қазақ асханасына тән сусындар – қымыз бен айран чех қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.Прага 6 муниципалдық ауданы мен «Фермерлік базарлар қауымдастығы» бірлесіп ұйымдастырған фестиваль чех бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, жергілікті қоғам тарапынан оң бағасын алды. Шара шетелде қазақ мәдениетін ілгерілетуге және екіжақты гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған тағы бір жарқын үлес болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1014207?lang=kk
Делиде қазақ-үнді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды 09.06.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 6 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Үндістанға жасаған ресми сапары аясында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Үндістанның ірі компанияларының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.«Reliance Industries Limited» компаниясының халықаралық директоры Тапас Мондалмен өткен келіссөздер барысында Қазақстан аумағындағы стратегиялық бастамаларға компанияның қатысу мүмкіндіктері қаралды. Тараптар бірлескен жобаларды қолдауға арналған инвестициялық қор құру перспективасын және «Reliance» компаниясының Орталық Азиядағы ең ірі арнаулы экономикалық аймақ – Алатау қаласын дамытуға қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан тарапы барынша қолайлы жағдай мен мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға дайын екенін жеткізді.«Lilavati Hospital & Research Centre» өкілі Прашант Мехтамен кездесу барысында Қазақстанда көпсалалы аурухана салу жобасы талқыланды. Үнді тарапы жалпы инвестиция көлемі 30 млн АҚШ долларына дейін жететін, 100 төсек-орынға арналған заманауи медициналық орталық құруға қызығушылық танытты. Бұл жоба елдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын едәуір күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жер телімдерін бөлу, салықтық жеңілдіктер мен инвесторлық визалар сияқты мемлекеттік қолдау тетіктері талқыланды.«Ashok Leyland» компаниясының басшылығымен өткен кездесуде тараптар Қазақстанда автобустар мен жүк көліктерінің өндірісін жергіліктендіру мүмкіндіктерін талқылады. Орталық Азия мен ТМД нарықтарына экспорт әлеуеті бар құрастыру кәсіпорнын ашу жобасы ерекше қызығушылық тудырды. Үнді тарапы машина жасау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін растады.Кездесулердің қорытындысы бойынша пікір білдірген Ғ.Оспанқұлов: «Үндістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Біз өзара қарым-қатынастарымызды саудадан бірлескен индустрияландыруға қарай жаңа деңгейге шығаруға мүдделіміз. Бүгін талқыланған жобалар денсаулық сақтау, көлік, энергетика және жаңа қалаларды дамыту сияқты аса маңызды салаларды қамтиды. ҚР СІМ Инвестициялар комитеті жобалаудан бастап іске қосу мен ауқымдауға дейінгі кезеңдерде инвесторларды толық сүйемелдеуге дайын», – деп атап өтті.Қазақ тарапы көрсетілген қызығушылық үшін алғыс айтып, талқыланған бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған конструктивті диалогты жалғастыруға әзірлік растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1014246?lang=kk
Қазақстан СІМ-де испан сенаторлары қабылданды 09.06.2025
Астана, 2025 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Испания Парламенті Сенатының Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Хосе Игнасио Ландалусе бастаған Испания Парламенті Сенатының делегациясымен кездесті.Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайту перспективаларын, саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.Сұхбаттастар Астана мен Мадрид арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға ықпал ететін биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың маңыздылығын атап өтті.Р.Василенко Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды серіктестерінің бірі Испаниямен ынтымақтастықтың кең әлеуетін атап өтті. Оның пікірінше, Испания депутаттарының сапары парламентаралық байланыстарды дамытудың жаңа тарауын ашады.Өз кезегінде Х.Ландалусе Қазақстан-Испания қарым-қатынастарының стратегиялық сипатын қуаттап, алдағы уақытта Қазақстанмен ынтымақтастықты ілгерілетуге көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.Анықтама: 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 731,3 млн АҚШ долларын (экспорт – 584,7 млн, импорт – 146,5 млн) құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті. Қазақстанда испан капиталының қатысуымен 60 компания тіркелген. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына Испаниядан 333,5 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1014181?lang=kk
Талдықорғанда «BIG BAND» оркестрінің 1990–2000 жылдардағы хит әндер концерті өтті! 09.06.2025
Талдықорған қаласындағы Жастар саябағында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының III маусымының жабылуына арналған ерекше концерт өтті. «Big Band» эстрада-үрлемелі аспаптар оркестрі 1990–2000 жылдардағы отандық және шетелдік танымал хит әндерді жанды дауыста орындады. Филармонияның ең жарқын ұжымдарының бірі үрлемелі аспаптар оркестрі біздің облыста толық ұжымды, репертуарға бай, өзіндік даңқты дәстүрі бар ұжым.Концерт алғашқы дыбыстардан-ақ көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт барысында келесі әндер орындалды:- «Знаешь ли ты»- «Жаулап алды махаббат»- «Тамшылар»- «Перекрёсток»- «Мадонна»- «Тополинный пух»- «Кукушка»- «Өкінбе сен»- «Ханшайым»- «Фантазёр»Бұл әндер көрермендерге ерекше әсер қалдырып, сол жылдардың естеліктерін жаңғыртты.Кешке келген Талдықорған тұрғындары мен қала қонақтары оркестрдің кәсіби шеберлігіне тәнті болып, орындалған әндерге бірге қосылып, шын жүректен қол соқты. Кештің атмосферасы жылы әрі достық көңіл күйде өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1014155?lang=kk
Золотой Кубок Шахрезады – 2025 09.06.2025
Ағымдағы жылдың 7 маусымында Өзбекстан республикасының астанасы Ташкентте өткен “Золотой Кубок Шахрезады 2025” атты байқауына “Балалар өнер мектебінің” хореография бөлімінің үлкен және кіші топтары, вокал бөлімі қатысып, жүлделі орындарға ие бола отырып, ақшалай 100000 сум қаржылай марапатталды. Сонымен қатар “Халықаралық ең үздік оқытушы” медалімен марапатталды. Үлкен хореографиялық “Еркетай” тобы -бас жүлде;Орта хореографиялық “Еркетай” тобы -бас жүлде оқытушысы Байжанова Гулбану Маркабаевна;Еркінқызы Аружан 11-13 жас санаты бойынша бас жүлде иегері атанды, оқытушысы Аманбала Сержан. Жеңімпаз оқушыларымызбен талапшыл оқытушыларымыз көп болғай! Жеңістеріңіз құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1014139?lang=kk
Ауыз суды уақытша өшіру 09.06.2025
Су құбыры желілерінде жапқыш арматураны жоспарлы ауыстыруға байланысты 2026 жылғы 28 қаңтар күні, сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша ауыз су беру уақытша тоқтатылады.Су беру тоқтатылатын мекенжайлар:Тұрғын үйлер:— Қайырбеков көшесі, 353/1— Киевская көшесі, 7МКК «Қостанай-Су» келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1148215?lang=kk
Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшісі самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды 09.06.2025
Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасы материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының өрттен қорғау және құтқару жұмыстары командасының өрт сөндіруші-құтқарушысы аға матрос Асылхан Әдиев Ақтауда өткен чемпионатта күміс медаль еншіледі.Әскери теңізші Асылхан Әдиев 23 жасқа дейінгі жастар арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлде олжалап, теңдессіз балуан Саламатұлы Қаралда атындағы жүлденің иегері атанды.Боз кілемдегі жекпе-жекте еліміздің бар өңірінің атынан 200 спортшы шықты. Аға матрос Асылхан Әдиев өнер көрсеткен 71 келіге дейінгі салмақта 25 спортшы бағын сынады.– Спорт – нағыз Отан қорғаушы тәрбиелеудің маңызды элементі, – деп атап өтті А. Әдиев. – Менің міндетім самбоны насихаттау ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның Әскери-теңіз күштерін халықаралық аренада таныту деп білемін.Спорт шеберіне үміткер Асылхан Әдиев 7 жасында дзюдо мен самбомен айналысқанын айта кетелік. Отбасында спортқа деген қызығушылық бұрыннан бар: атасы Әдиет қазақ күресімен айналысқан, ағасы Әлихан дзюдо мен самбодан жарыстарға қатысып жүр.Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық және жауынгерлік самбодан өткен жастар біріншілігі – елімізде спорттың осы түрін дамыту кезеңі. Ақтаудағы жарыстар біздің спортшыларымыздың халықаралық деңгейдегі болашақ жеңістерінің басы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1014094?lang=kk
Қазақстан мен Литва архивтік ынтымақтастықты кеңейтеді 09.06.2025
Вильнюс, 2025 жылғы 9 маусым – Халықаралық архивтер күніне орай Вильнюс қаласында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архиві мен Литваның Орталық мемлекеттік архиві арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Бұл оқиға Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Құжаттың мақсаты – тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және архив саласындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамыту.Салтанатты рәсім аясында «XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы қазақ даласының мәдениетіндегі әйел рөлі» атты фотокөрменің ашылуы өтті. Экспозиция Қазақстан тарапынан дайындалып, ұсынылды, ал оның техникалық ресімделуі мен көрсетілуі литвалық әріптестердің қолдауымен жүзеге асты.Салтанатты бөлімде Литваның Орталық мемлекеттік архивінің директоры Далиус Жижис пен Елшісі Тимур Оразаев құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан архивінің қызметі мен халықаралық жобалары туралы архив директорының орынбасары Сауле Сатаева баяндама жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1014081?lang=kk
"БЖЗҚ" АҚ-дағыашықесіккүні:зейнетақыжүйесіндегіқұқықтаржәнеалаяқтықтан қорғану жолдарытуралыайтамыз 09.06.2025
"БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 11 маусымда "Сіздің зейнетақыжүйесіндегіқұқықтарыңыз: алаяқтардыңқұрбаныболмаужолдары" тақырыбында өткізілетін"Ашықесіккүні"онлайн-кездесуіне шақырады. Қатысуға ниетті барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін қуана күтеміз. Онлайн-кездесуде халықтың зейнетақы жинақтары саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтан қорғану тәсілдері туралы хабардар болу мәселелері көтеріледі.Қор мамандары зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Ақпаратты тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алудың маңыздылығын, қызмет көрсету бойынша заңды түрде жасалатын ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатынын, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді.Сондай-ақ, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы хабардар етеді.Қонақтардың кездесу тақырыбы аясында ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері бар. Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mac5a974ec1de4cbfc571c8aba010ccd2бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 663 5277және event-кеңестің паролін 1234 енгізу қажет. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1014084?lang=kk
Қостанай облысында «жасыл» алюминий өндіру жөніндегі ауқымды жобаны іске асыру мәселесі талқылануда 09.06.2025
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қытайдың East Hope Group корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобаның перспективалары талқыланды. Жиынға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.Жоба аясында Қостанай облысында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып, циркулярлы экономика қағидаттарына негізделген толық циклді алюминий өндіретін индустриялық парк салу көзделіп отыр. Жобаны іске асыру 2025–2029 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Өңірге тартылатын инвестиция көлемі шамамен 3 миллиард АҚШ долларын құрайды.Бірінші кезеңде:жылына 6 миллион тоннаға дейін боксит өңдейтін тау-кен байыту комбинатының құрылысы;глинозем өндірісін іске қосу;барлық қажетті инженерлік инфрақұрылымды салу жоспарланып отыр.Қостанай облысы сумен, газбен, электр энергиясымен қамту желілеріне, сондай-ақ теміржол мен автокөлік жолына жақын орналасқан 800 гектар жер телімін ұсынуда. Сонымен қатар, салықтық және әкімшілік жеңілдіктерді қарастыратын арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Облыс әкімінің ұстанымы:«Қостанай облысында алюминий өндіру жобасын іске асыру — стратегиялық маңызды қадам. Бізде барлық қажетті алғышарттар бар: табиғи ресурстар, инфрақұрылым, логистика және барлық деңгейде қолдау бар. Біз өндірістік кешенді толық орналастыруға және инвесторларға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», — деді Құмар Ақсақалов.Аталған жоба Мемлекет басшысы алға қойған – әртараптандырылған, технологиялық және экологиялық тұрғыдан орнықты экономиканы қалыптастыру жөніндегі негізгі міндеттерге толық сәйкес келеді. Оның іске асырылуы Қостанай облысы мен бүкіл солтүстік өңірдің өнеркәсіптік дамуына қуатты серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1014041?lang=kk
Қаражар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды 09.06.2025
Қаражар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды! 2025 жылдың 6 маусымы күні Бәйтерек ауданына қарасты Қаражар ауылында жаңадан бой көтерген медициналық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Ауыл тұрғындары көптен күткен бұл әлеуметтік нысан – медицина саласын жетілдіру, алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және ауыл халқына қолжетімді қызмет ұсыну жолындағы үлкен қадам.Жаңа медициналық пункт заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған;Білікті медицина қызметкерлері қызмет көрсетуге дайын;Ауыл ішіндегі тұрғындарға жақын әрі қолайлы орналасқан;Алғашқы көмек, профилактикалық тексерулер және тұрақты ем-дом шаралары жүргізілетін болады.Ашылу салтанатына аудан басшылығы, медицина саласының қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында жаңа нысанның ауыл дамуына қосар үлесі ерекше атап өтілді.Бұл – ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты істердің бірі. Ауыл тұрғындарының игілігіне арналған нысан бәрімізге ортақ қуаныш!«Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, осындай игі істер жалғасын таба берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1014022?lang=kk
"ЖАСЫЛ ЕЛ" ЖАСАҚТАРЫ. 09.06.2025
Бастаушы ауылдық округіндегі «Жасыл ел» жасағы қызу жұмысқа кірісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1013979?lang=kk
"Жасыл ел" 09.06.2025
Мариногор ауылдық округінде жоғары сынып оқушылары «Жасыл ел» жастар тәжірибесінде жұмыс жасауда. Олар гүлзарларды аршып, суаруда, сонымен қатар балалар ойын алаңын да сырлап қойған. Жұмыс әлі де жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1013998?lang=kk
2025 жылдың маусым айына арналған салық күнтізбесі 09.06.2025
Құрметті салық төлеушілер!Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз.Назар аударыңыз16-маусымға дейін:400.00 және 421.00 нысандары 2025 жылдың ақпанына арналған-акциздер бойынша декларация және салық салумен байланысты құрлымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есеп.20-маусымға дейін:328.00 форма үшін тауарларды әкелу жіне жанама салықтарды төлеу туралы өтініш20-маусымға дейін төлеу:- Акциз- ЕАЭО-дан импорт бойынша корпоративтік табыс салығы25-маусымға дейін төлеу:ЖТС, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары әлеуметтік төлемдер;Бірыңғай жалақы төлем;КТС бойынша аванстық төлемдер;Төлем көзіндегі КТССыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1013954?lang=kk
Қарағанды облысының әкімі жас теннисшілерді құттықтап, марапаттады 09.06.2025
Қарағандыда үстел теннисінен 11 және одан кіші жастағы спортшылар арасында Қазақстан біріншілігі өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам жас спортшы қатысты. Олар медаль үшін алты күн бойы күресті. Қаншама эмоция болды десеңізші! Себебі, бұл өз сезімдерін жасыруды білмейтін, ол жоғалған жағдайда көз жасын ұстауды әлі үйренбеген балалар…Сөз жоқ, мықтылар жеңді. Қарағандылық спортшыларға келетін болсақ, қыздар үздік нәтиже көрсетті. Командалық есепте біздің құрама бірінші орынды иеленді! Стадник Злата, Тілегенова Жансая, Қосубаева Адия, Балтабай Жасмин және Колячкина Милана Қазақстан чемпиондары атанды. Командалық жарыста екінші орынды Шымкент, үшінші орынды Қызылорда және Ақтөбе облыстары иеленді.Сонымен қатар, Стадник пен Тлегенова жұбы «күміс» медаль жеңіп алды, ал Злата аралас дуэтте екінші болды. Жарайсыңдар қыздар!Қарағанды облысының ұлдар құрамасы командалық есепте «қола» медаль жеңіп алды, бұл да жақсы нәтиже.Осы жетістіктермен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев біздің спортшыларымызды ғана емес, Чемпионаттың барлық жүлдегерлерін де жеке құттықтап, марапаттады. «Біз чемпионаттың Қарағандыда, еліміздегі ең үздік теннис орталығында жоғары деңгейде өткенін мақтан тұтамыз. Оның қатысушыларының арасында болашақ әлем чемпиондары бар екеніне сенімдімін», - деді аймақ басшысы. Айтпақшы, Қарағанды облысында үстел теннисімен 13 мыңнан астам тұрғын айналысады, оның төрт мыңға жуығы ауылдық жерлерде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1013957?lang=kk
Алға! 09.06.2025
5-7 маусым аралығында Бұқар жырау ауданының Құрылыс ауылында көкпар, бәйге, аударыспақ, асық ату, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ және теңге ілу сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Онда біздің аймағымыздың қалалары мен аудандарынан қатысқан 400-ден астам өкіл жеңіс үшін күресті.Біріншіліктің салтанатты ашылуы мен марапаттау рәсімі облыстық мәслихат төрағасы, Қарағанды өңірінің ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Нүркен Қобжановтың қатысуымен өтті. Спортшылар мен қонақтарды ДШжСБ басшысы Серік Сәпиев қарсы алды. - Бұл жарыс-маусымның ашылуы. Шілдеде Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтеді, тамызда тағы бір іс-шара бар. Ал, қыркүйек айында біз маусымның жабылуын ауқымды түрде өткіземіз,-деп түсіндірді, Қауымдастықтың вице-президенті Нұржан Шайхин, - Барлық жарыстар Қарағанды маңындағы Құрылыс ауылында ұйымдастырылады. Себебі, бұл орын қатысушылар үшін де, көрермен ретінде жарыстарға қатысқысы келетіндер үшін де ыңғайлы. Турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін ақшалай сыйлықтар қарастырылғанын атап өткім келеді. Сондықтан хабарландыруларды қадағалаңыздар және біздің ұлттық спорт мерекелерімізге келіңіздер!Маусымның ашылуында тек қатысушылар ғана емес, жанкүйерлер де көп болды. Сондықтан бастау сәтті болды.Көкпардан 2008-2010 ж. т. жасөспірімдер арасында Қарағанды облысының чемпионаты өтіп, оның нәтижесі мынадай болды:1 орын-Қарқаралы ауданы;2 орын-Шет ауданы;3 орын-Нұра және Ақтоғай аудандары.Үздік ойыншылардан құрама құрылып, тамыз айында Алматы облысында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1013961?lang=kk
«Заң мен тәртіп басты назарда: Өскеменде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту шаралары талқыланды» 09.06.2025
Өскеменде «Заң және тәртіп: өзара іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту басымдықтары» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Денис Шакенов қатысты.Кеңес жұмысына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, облыс прокуроры Алмат Байшұлақов, құқық қорғау органдарының басшылары, ЖОО ректорлары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Отырыста сөз сөйлеген Денис Шакенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті мемлекеттік және жеке құрылымдарда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша мақсатты жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тек сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес жүргізумен шектелмей, қоғамда оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.«Біз жазалау шараларынан қарағанда жүйелі профилактикаға басымдылық береміз, оның негізінде қоғамдық сананың өзгеруі, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген түрін қабылдамауы жатыр. Алдын алу шараларына зор мән берілуде», — деп атап өтті Денис Шакенов.Отырыс барысында ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік», «Бизнеске жол» жобалары сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың іске асырылуы туралы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің қызметі туралы айтты.Өз сөзінің соңында Денис Шакенов сыбайлас жемқорлықты жою ісінде азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті бұдан былай да заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған жүйелі, дәйекті және кешенді жұмыс жүргізеді. Біз жемқорылыққа қарсы сауаттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп, жұртшылықпен әріптестікті кеңейтуді және практикалық бастамаларды іске асыруды жалғастырамыз», — деп атап өтті ол.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1013913?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінің 200-ден аса түлегі магистр дипломын алды 09.06.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде жедел-тактикалық және жедел-стратегиялық басқару деңгейлері мамандарының оқуды аяқтауына байланысты салтанатты шара өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы, оқытушылар, магистранттар, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты. ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштердің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов әскери басшылардың жаңа буынын құттықтай отырып, бұл оқиғаның елдің Қарулы күштері мен қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Ол жоғары білікті әскери кадр даярлау жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосатын профессорлық-оқытушылар құрамына, сондай-ақ әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне моральдық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Ол жаңа заманға сәтті бейімделуге мүмкіндік беретін өзекті білімнің маңыздылығын атап өтті.- Қарулы күштерді болып жатқан өзгерістерге бейімдеу, басқару жүйесін жаңғырту және Ұлттық қорғаныс университетінде жаңа технологияларды енгізу бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы қойған міндеттерді ескере отырып, әскерлердің қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламалары үнемі жетілдіріліп отырады. Университетте әскери құрылыстың, елдің қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерінің кең спектрі бойынша ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті ол. ҰҚШҰ елдері Қарулы күштерінің түлектеріне арнаған сөзінде генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов алған білімдері оларға өздерінің қарулы күштерінің міндеттерін лайықты шешуге және біздің достас мемлекеттеріміздің әскери қауіпсіздігін нығайту ісіне үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. - Университет басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамға бізге іс жүзінде пайдалы болатын іргелі, әрі мамандандырылған білім үшін алғыс білдіреміз. Барлық магистранттарға оларды қызметте табысты қолдануын тілеймін, - деп бөлісті "Қарулы күштер Бас штабының академиясы" факультетінің түлегі полковник Айбол Жүсіпов. Биыл мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен 217 түлекке магистр дәрежесі берілді. Оның ішінде Ұлттық ұланның 19, ҰҚК Шекара қызметінің 12, Төтенше жағдайлар министрлігінің 6 әскери қызметшісі бар. Сонымен бірге Қырғызстан Қарулы күштерінің 5 және Тәжікстан Қарулы Күштерінің 11 өкілі оқуды аяқтап шықты. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша оларға ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі дәрежесі берілді. Оқудың барлық кезеңінде емтихандарды және қорытынды аттестаттауды "өте жақсы" бағасына тапсырған магистранттарға төсбелгі берілді. Олардың аты-жөні оқу орнының Құрмет тақтасына енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1013898?lang=kk
CarGoRuqsat тұрақты жұмыс істейді: Ресей Федерациясымен шекарадағы ағымдағы жағдайды түсіндіру 09.06.2025
Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте қазақстан-ресей шекарасындағы, атап айтқанда, «Жайсан» автомобиль өткізу пунктіндегі кезек белсенді талқылануда. Кейбір басылымдар жүк көліктерінің жиналуын cargoruqsat электронды кезек жүйесінің жұмысымен қате байланыстырды.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кептелістің негізгі себебі 2025 жылғы 13 мамырда басталған "Жайсан" өткізу пунктінің алдындағы «Самара – Шымкент» республикалық тасжолы учаскесіндегі уақытша жол жұмыстары болып табылатынын, бұл жұмыстың аяқталуы шамамен 2025 жылғы 7 маусымға жоспарланғанын хабарлайды. Жөндеу шеңберінде көлік қозғалысы уақытша бағдаршам мен құрылыс шлагбаумын қолданумен шектеледі, бұл жолдың өткізу мүмкіндігін төмендетеді.Ресей тарапынан «Сагарчин» өткізу пунктінде тек екі жолақ жұмыс істейді, ал Қазақстан тарапынан "Жайсан" өткізу пунктінде төрт жолақ жұмыс істейді. Бұл өткізу мүмкіндігінің теңгерімсіздігін тудырады және кезектің пайда болуына ықпал етеді.Qoldau.kz цифрлық платформа базасында жұмыс істейтін CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесі мемлекеттік шекараны цифрландырудың тиімді құралы болып табылады. 2023 жылы үшінші елдермен шекарада енгізілгеннен бері өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігі 61%-ға ұлғайды. ЕАЭО елдерімен шекарада жүйе арқылы 230 мыңнан астам жүк автомашинасы өтті.CARGORUQSAT ЭКЖ тасымалдаушыларға шекарадан өту уақытын алдын ала брондау мүмкіндігін, брондаудың ашық және тең шарттарын, берешектердің болуы немесе құжаттарды ресімдеу қажеттілігі туралы автоматты хабарламаны, сондай-ақ қажет болған жағдайда жеке тариф бойынша жеделдетіп өтуді ұсынады.Жалпы, ЭКЖ көлік ағындарын тиімді реттеуге мүмкіндік береді, шекарадан өту процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, адам факторының ықпалын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады, осыған байланысты жиналып қалудың себебі болып табылмайды.Ағымдағы жағдайды ескере отырып, тасымалдаушыларға ұсынылады:- шекарадан өту уақытын алдын ала брондау және таңдалған уақытта өткізу пунктіне келу;- жол жағдайы және жүру жолындағы ықтимал шектеулер туралы ақпаратты уақтылы қадағалау;- өткізу пунктінде кептелісті болдырмау мақсатында Комитет тасымалдаушылар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды CarGoRuqsat жүйесінде электрондық кезекті брондауға және келу күнін қатаң сақтауға шақырады;- әлеуметтік желілердегі тәртіпті бұзуды көздейтін арандатушылыққа және жалған ақпаратқа сенбеу, сондай-ақ бағдарлама- боттарды және жүйені айналып өтудің өзге де схемаларын пайдаланудан бас тарту – мұндай әрекеттер бақыланады және жолы кесіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1013867?lang=kk