Әлем
ШҚО су айдындарындағы түнгі рейдтер 15.04.2025
ТЖД құтқарушылары мұздағы рейдтерді тәулік бойы күшейтті, әсіресе түнде. Мұздың еруі кезінде мұндай алдын-алу іс-шаралары қажет. Құтқарушылар балықшыларға қауіпсіздік шаралары мен жұқа мұздың қауіптілігін түсіндіреді."Жыл сайын жұқа мұзға шығу салдарынан ондаған адам қаза табады. Олардың арасында жолды қысқартуды ұнататындар ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі балықшылар да бар. Сүйікті хоббиі үшін олар тәуекелге баруға дайын. Қазір мұзға шығу өте қауіпті, әсіресе ауа температурасы көтерілгенде. Толқуларға ұмтылу қайғылы жағдайға айналуы мүмкін", - деп атап өтті ТЖД.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/965526?lang=kk
Қосшы қалалық мәслихатының депутатын сайлау бойынша №3 бір мандатты аумақтық сайлау округінде дауыс беру басталды 15.04.2025
№742 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Барлығы 1662 сайлаушы тіркелген. Депутаттыққа 3 кандидат тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/965525?lang=kk
Округ әкімінің Ораза айт мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті Жанама ауылдық округінің тұрғындары!Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірімділік пен бауырмалдықтың, бірлік пен берекенің символы. Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз қабыл болып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін!Ораза айт – тек қана мереке емес, адамдардың бір-біріне жақсылық жасап, реніштерін кешіріп, қуаныш пен ізгілік сыйлайтын ерекше күн. Осы ұлық мейрамда әр отбасыға молшылық, амандық, денсаулық тілеймін!Айт мүбәрак болсын! Жанама ауылдық округінің әкімі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/965523?lang=kk
Облыс әкімі Асайын Байхановтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!Бүгін өңіріміздің барша мұсылман қауымы мәртебесі биік, ұлық мейрам Ораза айт күнін қарсы алады. Баршаңызды Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Қасиетті Рамазан айында облысымызда бірқатар қайырымдылық шаралары өтті. Аталған шараларға жұдырықтай жұмылған барша жұртшылыққа ерекше алғысымды білдіремін. Әрбір жасалған жақсылық сауаптан жазылсын!Берекенің бастауы болған бұл күн жақындарыңызбен қауышуға, ақ тілек пен жылы сөз айтуға себеп болсын.Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Дұға-тілектеріміз қабыл болсын! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, еңселі еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!Ораза Айт мейрамы құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/965522?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды 15.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Медеу» мұз айдынын аралап көріп, тау шатқалында орналасқан бірегей нысанның тарихынан сыр шертетін фотокөрмемен танысты.Мұз айдынының әлемдік спорт тарихындағы орны ерекше. Президенттерге 1972-1991 жылдары мұнда әйелдер мен ерлер арасында өткен жарыстарда барлық қашықтық бойынша 247 рет рекорд орнатылғаны жөнінде айтылды. «Медеу» әлі күнге Қазақстанның ең танымал туристік нысандарының санатына кіреді. 2024-2025 жылғы маусымда мұз айдынына 460 мың адам келген.Мемлекеттер басшыларына «Медеуді» орнықты туризм моделі бар әлемдік деңгейдегі орталыққа айналдыруды көздейтін жаңа даму жобасы таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев алматылық спортшы Евгений Кошкинмен әңгімелесті. Ол биыл Әлем кубогінің соңғы екі кезеңінде жеңімпаз атанып, Азия ойындарында жүлделі орыннан көрінген болатын. Жуырда өткен Қазақстан спартакиадасында спортшы айқын жеңіске жетіп, 100 метр қашықтықта бейресми әлем рекордын жаңартты (9,31 секунд).Бұдан кейін мемлекеттер басшылары мәнерлеп сырғанау шеберлерінің өнерін тамашалады.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/965508?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты 15.04.2025
Қала әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы «Медеу» селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты. Сонымен қатар шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қала әкімінің еліміздегі ең ірі «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады. Қазіргі кезде мұнда 5 аспалы жол жұмыс істеп тұр. Ал шаңғы тебуге арналған трассаның жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайды. Былтыр Шымбұлаққа 1,4 миллион адам келген.Мемлекеттер басшылары Алматының туристік әлеуетіне жоғары баға берді. Олардың пікірінше, әсем табиғат аясында орналасқан және дамыған инфрақұрылымы, сапалы жолы бар тау шаңғысы курорты – Орталық Азиядағы қысқы және жазғы демалысқа лайық ең тартымды орындардың бірі.Президенттерге Алматы тау кластерін одан әрі дамыту перспективасы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Шымбұлақтың» қазіргі тау шаңғысы трассасын 56 шақырымға дейін ұзарту және жаңадан 65 шақырым инфрақұрылым салу жоспарланып отыр.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/965505?lang=kk
Облыс орталығында өрт сөндірілді 15.04.2025
Өскемен қаласында, Промышленная көшесінде ағаштан жасалынған шаруашылық құрылысы өртенді. Құтқарушылар келген сәттеөрт құрылысты қатты шарпыған болды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерімен жалын 165 шаршы метр аумаққа оқшауланды. Өрт аймағынан өрт сөндірушілер екі газ баллонын шығарды.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.Шаруашылық құрылыстарында өрт қауіпті материалдарды жинауға жол бермеу керек.Өрт болған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/965485?lang=kk
Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар мәселелері жөнінде республикалық семинар өтті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті геральдикалық жұмыс басқармасы мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті.Екі күндік семинарға еліміздің барлық өңірлерінен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты.Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық наградалар геральдикасын талқылау, оларды насихаттау, ұлттық стандарттар мен заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ адал еңбек иелерін марапаттау рәсімін біріздендіру.Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда геральдика мәселесіне бірнеше мәрте тоқталып өткен болатын. Мәселен, Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өңірлік нышандарды жүйелеу мәселесін көтерсе, таяуда Бурабайда өткен жиында ведомстволық марапаттарды ретке келтіруді тапсырды.Жиын барысында өңірлік нышандарды заң талаптарына сәйкес бекіту және оларды біріздендіру, мемлекеттік рәміздерге қатысты құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен ұлттық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу мәселелері талқыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/965473?lang=kk
Еңбек адамы: Цой Зинаида Владимировна – өз ісіне адал гидротехник 15.04.2025
Цой Зинаида Владимировна 26 жылын су шаруашылығына арнап, Жетісу облысындағы ирригациялық жүйелердің дамуына елеулі үлес қосып келеді.Саладағы еңбек жолын 1998 жылы «Қараталирригация» мекемесінде қойма меңгерушісі болып бастады. 2024 жылдан Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалына қарасты «Күшік-Кәлпе» магистральді каналында инженер-гидротехник қызметін атқаруда.Ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, өз ісіне деген шынайы махаббатының арқасында ол тек жоғары білікті маман ғана емес, өз саласының нағыз шебері ретінде танылды.Кәсіби тәжірибесі өзінен кейінгі жас мамандарға үлгі болып, әрдайым сапалы жұмыстың нәтижесінде 2023 жылы Жетісу облысының «Құрмет грамотасымен» және «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.Зинаида Владимировнаға үлкен жетістіктер мен мол табыс тілейміз! Әрбір күн жаңа мүмкіндіктер, қуанышты сәттер сыйлайсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/965471?lang=kk
ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ... 15.04.2025
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша Өкілі Амангелді Абдолов Құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына қатысты.Атырау облысы әкімі орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен өткен жиналысқа Атырау білім басқармасы, Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Атырау облысы Полиция департаменті, Сыбайлас жемқоррлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы, Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылары қатынасты. Отырыста Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасын жақсарту жөнінде және сотталғандарға әлеуметтік және басқа да көмек бойынша проблемалық мәселелер пысықталған болатын. Осы сұрақ бойынша Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменінің бастығы А.Ізтілеуовтің жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды. Бұл жердегі көтерілген проблемалардың бірі – ол бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру. Отырыс барысында осы бағытта жұмысты жолға қою үшін пробация қызметінің есебіндегі жұмыссыз жүрген сотталғандарға арналған жәрменкелер ұйымдастырылып, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, әрі квота пайызын көтеру жайлы тапсырма берілді. Омбудсменнің Өкілі А.Абдолов осы мәселенің өзектілігін алға тартып, жалпы мемлекеттік органдармен бірлескен арнайы жиын өткізу қажеттілігін ұсынды.Сонымен бірге, комиссия күн тәртібімен жасөспірімдер арасындағы топтасқан төбелесу, бұзақылықтардың алдын-алу бағытындағы атқарылған шаралар, өңірдегі құрылысы ұзаққа созылған объектілер және оларға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі туралы мәселелерді талқылады. Жиын соңында қарастырылған сұрақтар бойынша тисті шешімдер қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/965460?lang=kk
Су тасқынына дайындық аясында Қостанай облысындағы ірі су қоймаларында жөндеу жұмыстары жүргізілді 15.04.2025
Су тасқынына дайындық аясында Қостанай облысының «Қазсушар» филиалы Жоғарғы-Тобыл, Қаратомар және Амангелді су қоймаларында жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Дәурен Әбдіхамитов мәлімдеді.Қазіргі таңда Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Жоғарғы-Тобыл су қоймасы мен Албарбөгет бөгетін ауқымды реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.20 наурыздан Жоғарғы-Тобыл қоймасына тасқын суы келіп түсе бастады. Бүгінде 42 млн текше метр су жиналды. Су қоймасы 76%-ға толы.Қаратомар су қоймасына 39 млн текше метр су келіп түсті. Нысан 57%-ға толы. Суару маусымы басталар алдында шаруалардың сұранысына сай секундына 6-8 текше метр көлемінде су жіберу жоспарланып отыр.«Бүгінде Албарбөгет бөгеті маңындағы Қабырға өзенінің су деңгейінің төмендегені байқалады. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы «Қазсушар» филиалының нысандарындағы жағдай тұрақты және тұрақты бақылауда», – деді филиал директоры Дәурен Әбдіхамитов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/965440?lang=kk
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы 2-ші дәрежелі ескерту № 43 28.03.2025ж. 15.04.2025
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы2-ші дәрежелі ескерту № 43 28.03.2025ж.28 наурыздың сағат 20.00-ден 29 наурыздың сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965370?lang=kk
Тұрақты комиссия ақпараты 15.04.2025
Қорғалжын аудандық мәслихатында аудандық мәслихаттың экономикалық сала жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды. Отырыста төмендегі мәселелер қаралды:Қорғалжын ауылында 200 га алаңда жүргізілетін масалар, москиттер, соқырлар, мошкалармен күрес шараларын ұйымдастыру жұмыстары туралы.Ақпарат беруші Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Н. ДуанбековҚорғалжын ауданының ветеринариялық станциясының жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы.Ақпарат беруші Қорғалжын ауданының ветеринариялық станциясының басшысы А. Джакупов Бірінші сұрақ бойынша Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Дуанбеков Нұрсұлтан Қайыркелдіұлы ақпарат берді. Шыбын-шіркейді залалсыздандырумен айналысатын мекеме өкілдері өз жұмыстарымен таныстырып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша Қорғалжын ауданының ветеринариялық станциясының басшысы Джакупов Азамат Қайроллаұлы баяндама жасады. Депутаттардың ауылдық округтер бойынша қойған сұрақтарына жауап берді. Отырысты комиссия төрағасы зулханов Аблайхан Валиханұлы жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/965365?lang=kk
«Priority Oil&Gas» ЖШС 15.04.2025
Орналастыру күніХабарландыру28.03.2025 «Priority Oil&Gas» ЖШС-і Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 96-бабының талаптарына сәйкес 2025 жылдың 28 сәуірінде сағат 11.00 - де Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылы, Мәдениет үйі, Қамыскөл көшесі, 79-ғимарат, акт залында «Пустынное кен орнында № Р-4Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба», «Пустынное кен орнында № Р-5Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба», «Пустынное кен орнында № Р-6Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба», «Пустынное кен орнында № Р-7Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба», «Пустынное кен орнында № Р-8Н көлденен өндіру ұңғымасын салу бойынша жеке техникалық жоба» ҚОҚ бөлімдеріне қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталында https://ecoportal.kz/ , сондай-ақ ЖАО Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat?lang=kk танысуға болады.Барлық ескертулер және (немесе) ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ ga.arystanova@atyrau.gov.kz поштасына қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қабылданады.Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайда, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимде өткізіледі. Белсенді сілтеме:https://us06web.zoom.us/j/84369157885?pwd=3w1ytjW9VPXZGLlXBa1BMWDaR1iXHk.1Конференцияның идентификаторы: 843 6915 7885, Кіру коды: 908279Қосымша ақпаратты мына эл. мекенжай бойынша алуға болады: derbessolutionsllp@gmail.com және +77012885920 телефон номері.Жоба тапсырушы: «Priority Oil&Gas» ЖШС-і, 060010, г.Атырау, Құлманов көшесі 105, БИН 230440005120, Директорі ЧЖАН БИЦИН , +77015220930. Жобаны әзірлеуші: «Дербес Солюшенс» ЖШС-і, 060011 Атырау қ., Құлманов к. 154, БСН 090140008064, телефон +77015257379. Директорі Конисов А.Б.Пустынное учаскесінің координаттары - широта - 46°28'34", долгота - 53°10'6", широта - 46°29'31", долгота - 53°10'16", широта - 46°30'20", долгота - 53°11'54", широта - 46°30'24", долгота - 53°12'58" Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба Жоба ЖобаЖоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптарықоғамдық тыңдаулар хаттамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/965344?lang=kk
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті 15.04.2025
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, әлеуметтік нысандардың құрылысы және экономиканың дамуы Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының негізгі тақырыптары болды. Депутаттар мектептерді күрделі жөндеу, медициналық мекемелерді салу, индустриялық аймақтарды дамыту, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, туризм және кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін қарады.Білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов 2027 жылға дейін 91 мектепте күрделі жөндеу жүргізілетінін хабарлады. Бірінші кезеңде бағдарламаға 20 нысан енгізіліп, оларға 26,8 млрд теңге бөлінді. Тоғыз мектеп пайдалануға берілді, тағы он бір мектептің жөндеу жұмыстары жалғасуда.Құрылыс басқармасының басшысы Жасұлан Оналбаев биыл төрт денсаулық сақтау нысаны қаржыландырылып, оның екеуі аяқталғанын атап өтті. Шілде айының соңына дейін Тескенсу ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Нарынқол ауылындағы емхананы тапсыру жоспарлануда. Сондай-ақ тағы 13 медициналық нысанның құрылыс жобалары дайындалды.Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асыл Мұқанәлі «Қайрат» индустриялық аймағының инженерлік инфрақұрылымы құрылысының аяқталғанын және «Қазыбек бек» индустриялық аймағының дамуы жалғасып жатқанын хабарлады.Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Айдын Әуесбай құрылыс сапасын қамтамасыз ету шаралары туралы айтты. Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында төрт заңсыз нысан бұзылып, үлестік құрылыс саласында бұзушылықтар анықталды.Туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы туристік инфрақұрылымды дамыту және қауіпсіздікті арттыру жалғасып жатқанын хабарлады. Бес ай ішінде облыстың ұлттық парктеріне 743 мың адам келді.«Даму» қоры өңірлік филиалы директорының орынбасары Аслан Слямов депутаттарды шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар қаралған барлық жобалардың іске асырылуы облыстық мәслихаттың тұрақты бақылауында екенін және Алматы облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1255557?lang=ru
Тұрғындар тілегі – басты назарда 15.04.2025
Тараз қаласы, «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Данаев №1 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесті.№43 орта мектепте өткен жиында әуелі округтің бас инспекторы Мақсат Рахымбекұлы жүзеге асырылған жүйелі жұмыстарға кеңінен тоқталды.– Өткен жылы округке қарасты «Арай» алқабындағы 600 орындық, «Бәйтерек» шағын ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 1200 орындық және 200 орындық жекеменшік «Вангард» инновациялық бастауыш мектебі ел игілігіне берілді. Сондай-ақ Ы.Дүкенұлы, Әшімбаев көшелеріне және Саңырақ батыр көшесінің Ы.Дүкенұлы мен Қыпшақбаев көшелерінің аралығында жаяу жүргіншілер жолы салынды. Саңырақ батыр көшесі қайта жаңғыртудан, Қыпшақбаев көшесі орташа жөндеуден өтті. Сонымен қатар Абишев көшесі мен бұрылыстарында, Фресно көшесінің бұрылыстарында, Ы.Дүкенұлы, Ашимбаев, Қойгелді, Гоголь, Нұрмағамбетов көшелерінде ағымы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Алатау», «Бәйтерек», «Арай-2» шағын аудандарында аула жолдары толығымен жаңғыртылды. Бұған қоса Айша бибі көшесінің бойындағы оңтүстік дренаж каналы мен Әшімбаев көшесінің бойындағы «Қарасу-2» каналын тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса «Бәйтерек» шағын ауданы, №7, 8 үйлердің ауласында кіші футбол алаңшасы салынды, – деген Мақсат Рахымбекұлы алда тұрған жоба-жоспарларды да баяндады.Оның айтуы бойынша, биыл Жалаңтөс батыр, М.Өзтүрік, С.Юлаев, Студенческая, Елібаев, Кармелюк, Западный көшелері, Жаңабаев өткелі, Менделеев көшесінің 2, 3, 4-бұрылыстары, 2-Элеваторная көшесі, Элеваторный көшесінің 5-бұрылысы, 2, 3 Элеваторный көшелерінің бұрылыстары, Ақмолда батыр басы, көшесінің 1, 2-бұрылыстары, Октябрь көшесінің 1, 2-бұрылысы, Степан Разин көшесінің 1, 2, 3, 4-бұрылыстары, Ташкент көшесінің 5-бұрылысы, Смоленский көшесінің 2-бұрылысы, Комратов көшесінің бұрылысы жарықтандырылады. Бұдан бөлек, Лермонтов, Комратов, Майлықожа, Братский, Смоленский, Қамбаров, Дулати көшелерін орташа жөндеу, Смоленский көшесінің 2-бұрылысы, Ташкент көшесінің 5-бұрылысы, Лермонтов, Байзақ батыр, Абишев, Каллаур Әкім, Домалақ ана, Бәйдібек баба, Дулати көшелерінде және Фресно көшесінің 4-бұрылысында жаяу жүргіншілер жолы салынады.Тұрғындар да өз кезегінде қоқыстарды уақытылы алып шығару, ойын және футбол алаңшаларын орнату, құлағалы тұрған талдарды кесу секілді өзекті мәселелерді көтерді.Жиынды қорытындылаған Ержан Әлімжанұлы тұрғындар тілегі тыңдаусыз қалмайтынын және сол бойынша нақты тапсырмалар жүктелетінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/965325?lang=kk
Әулиеата тұрғындарының мәселесі тыңдалды 15.04.2025
Тараз қаласы, Әулиеата ауданы әкімінің міндетін атқарушы Медет Нұрмаханов №1 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесті.№32 орта мектебінде өткен басқосу барысында округтің бас инспекторы Нышанәлі Телеуов атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.– Былтыр округ аумағына қатынайтын №11, 17, 28, 44, 55 бағыттардағы автобустар толығымен жаңартылып, 5 жаңа аялдама орнатылды. Сондай-ақ 4 көшеге түнгі жарық шамдары жүргізілсе, «Астана» (12) шағын ауданындағы №20 үйдің ауласындағы кіші футбол алаңшасы ағымды жөндеуден өтті. Сонымен қатар Төле би даңғылы, №116 үй жаңаша кейіпке еніп, аталмыш даңғылда орналасқан №98 үйдің тозығы жеткен лифтісі ауыстырылды. Санитарлық-тазалықты қадағалау бойынша да ілкімді істер қолға алынып, құрылыс материалдарын көше бойына және жол жиегіне тастаған, заңсыз жабайы сауда жүргізген тұлғаларға учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 182 жеке тұлғаға хаттамалық ескерту және 19 адамға айыппұл салынды, – деген Нышанәлі Болатұлы биыл жүзеге асырылатын жұмыстарды да тілге тиек етті.Келесі кезекте тұрғындар тарапынан Махамбет батыр, Ұлбике ақын, Сүлейменов көшесінің 4-ші бұрылысы, Ниетқалиев көшелеріне ағымы жөндеу жұмыстарын жүргізу, Төле би даңғылы, №76, 116 үйлер және Аппасов көшесі, №30 үйдің ауласын абаттандыру, Рахимов көшесі, №47 үйдің ауласына кіші футбол алаңшасын салу, «Астана» шағын ауданы, №8, 10, 14, 21, 23, 37 көппәтерлі тұрғын үйлердің маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған алаңшаларды жаңарту секілді маңызды мәселелер көтерілді.Жиынды қорытындылаған Медет Сәбитұлы барлық мәселе жіті назарға алынып, сол бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/965318?lang=kk
Қала әкімдігі «Менің Ақтөбем» байқауы жариялады 15.04.2025
🔹Құрметті ақтөбеліктер!♻️Қаламызда «Менің Ақтөбем» байқауы жарияланды.Байқауға ауласын көгалдандырған, абаттандырған кез келген тұрғын қатыса алады.Байқаудың мақсаты - Ақтөбе қаласын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын әрі қарай жақсарту, сондай-ақ қала аудандарында абаттандыру саласындағы оң тәжірибені насихаттау.Байқау жүлдегерлерін марапаттау үшін демеушілік қолдау тартылды. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:1. «Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік ауласы»:1-орын – 1 млн. теңге;2-орын – 500 мың теңге;3-орын – 300 мың теңге.2. «Аумағы абаттандырылған ең үздік кәсіпорын мен ұйым»:1-орын – 300 мың теңге;2-орын – 200 мың теңге;3-орын – 100 мың теңге.3. «Үздік аула сыпырушы»:1-орын – 300 мың теңге;2-орын – 200 мың теңге;3-орын – 100 мың теңге.4. «Үздік көрікті, абаттандырылған жеке үй»:1-орын – 300 мың теңге;2-орын – 200 мың теңге;3-орын – 100 мың теңге.5. «Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік басқарушысы»:1-орын – 300 мың теңге;2-орын – 200 мың теңге;3-орын – 100 мың теңге.Конкурс екі кезең бойынша өтеді:1) алдын ала (аудандық) кезең 2025 жылдың 1 сәуірі мен 20 шілдесі аралығында өтеді;2) негізгі (қалалық) кезең 2025 жылдың 15-30 тамызы аралығында өтеді.📌Байқауға қатысу үшін 31 наурыздан бастап өзіңіздің мекен жайыңыз бойынша аудан әкімдіктеріне барып өтінім бере аласыз:- Астана ауданының әкімдігі (Сәңкібай батыр даңғылы, 145 Б). ☎️ 41-64-65- Алматы ауданының әкімдігі (Сарыжайлау көшесі, 70 Б (ЭКСПО ғимараты). ☎️ 41-62-65Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-almaty/press/news/details/968375?lang=kk
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 15.04.2025
2026 жылғы 27 наурызда Үлкен Нарын ауылында, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында Үлкен Нарын ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, Үлкен Нарын ауданы ТЖБ-ның аға инженері Теміржанова Жадра Нуралбековна, Ново-Хайрузов, Солоновка, Алтынбель және Ново-Поляков ауылдық округтерінің әкімдері, сондай-ақ Үлкен Нарын ауданының «НарынКомХозСервис» КМК басшысы Сүлейменов Марат Ахметқалиевич қатысты.Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:🔹 су тасқынының алдын алу және оның салдарын төмендету бойынша қабылданған шаралар;🔹 ауылдық округтер шекаралары көрсеткіштерінің абаттандырылуы және санитарлық жай-күйі;🔹 Үлкен Нарын ауылындағы жылыту маусымының өту барысы және тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету сапасы.Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес тарапынан тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету сапасын арттыруға, ауылдық округтердегі санитарлық жағдайды және абаттандыру жұмыстарын жақсартуға, сондай-ақ коммуналдық қызметтер бойынша берешегі бар тұлғалармен жұмысты күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1191783?lang=kk
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Назарымбетов жеке құрам қызметкерлермен жиналыс өткізді. 15.04.2025
Уполномоченный по этике Департамента К. Назарымбетов провел совещание с сотрудниками личного состава. В ходе совещания была проведена разъяснительная работа о соблюдении требований, указанных в законе «О противодействии коррупции». Кроме того, в преддверии праздников поручены соблюдения норм Этического кодекса государственными служащими, недопущении нарушений служебной дисциплины и недопущению фактов коррупции.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/965305?lang=kk