Әлем
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында @TazaQazBot ыңғайлы телеграм-чат-боты арқылы жергілікті мекеннің және экология мәселелері туралы өтінімдер берудің жаңа сервисін әзірледі.Бұл елдің әрбір қамқор тұрғынына проблемалық жерлерді бірден суретке түсіруге немесе галереядан суреттерді жүктеуге, орналасқан жерін көрсетуге және мәселені егжей-тегжейлі сипаттауға мүмкіндік береді.Өтінім түріндегі барлық ақпарат операторға жергілікті атқарушы органнан келіп түседі, ол оны жүктейді және орындаушыны тағайындайды.Сонымен қатар, тұрғындар жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің, жарықтандырудың, абаттандырудың және қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты көптеген мәселелер туралы хабарлай алады. Өтінім санатына байланысты орындаушы тапсырманы орындауы тиіс уақыт автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін Орындаушы фотосуретті және қажет болған жағдайда түсініктеме береді.Кері байланыс ретінде пайдаланушылар орындаушыны тағайындау және жұмысты аяқтау туралы хабарламаларды тікелей Телеграм-ботта алады. Өтінімді орындағаннан кейін олар орындалған жұмыстың сапасын бағалап, барлық өтінімдерін қарай алады.«Таза Қазақстан» сервисі әрбір азаматқа тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға мүмкіндік бере отырып, еліміздегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.Бірлескен күш-жігердің арқасында біздің кең еліміздің әрбір елді мекені таза әрі экологиялық қауіпсіз болады деп сенеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek/press/news/details/965691?lang=kk
Қызметкердің құқықтары мен міндеттері 15.04.2025
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары қызметкердің құқықтары мен оның міндеттерінің болуын меңзейді.Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттерін ҚР ЕК 22-бабы көрсетілген. Алдымен, еңбек қатынастарының субъектілері ретінде қызметкердің еңбек міндеттері мен құқықтарын қарастырып алайық.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - ҚР ЕК) сәйкес еңбек қатынастары дегеніміз - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде туындайтын қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы қатынастар.ҚР еңбек заңнамасында көрсетілгендей, еңбекпен тікелей байланысты қатынастар - еңбекті ұйымдастыру және басқару, жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және арттыру бойынша қалыптасатын қатынастар, сондай-ақ, жұмыскерлердің кәсіби біліктілігін, әлеуметтік әріптестікті тану, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу, жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) ҚР ЕК-де көзделген жағдайларда еңбек жағдайларын белгілеуге қатысуы, еңбек дауларын шешу және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау болып табылады.Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе оған қандай да бір кемсітушілік пен мәжбүрлеусіз еркін түрде еңбекке келісуге құқығы бар, өзінің еңбек ету қабілетіне билік етуге, кәсібі мен қызмет түрін таңдауға құқығы бар.ҚР ЕК 22-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкер:осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға;2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне құқылы; ҚР Еңбек кодексінің 22 - бабының 2-тармағына сәйкес.Қызметкер міндетті:1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;2) еңбек тәртібін сақтауға;3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;7) келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.Қызметкердің еңбек міндеттері туралы мәселе ішкі еңбек тәртібі ережелерінде, еңбек шартында толық шешіледі, онда жұмыс уақыты режимі, белгілі бір ұйым қызметінің ерекшелігімен белгіленген белгілі бір ережелерді сақтау жағдайында еңбек функциясының орындалуы анықталады.Еңбек міндеттерін орындамағаны үшін қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.Басқа қызметкерге келтірілген залалды өтеу тәртібі ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.ҚР ЕК 22-бабының 1-тармағында қызметкердің негізгі құқықтары айқындалған. Негізгілерінің қатарына ҚР Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және шарттарда еңбек шартын жасау, өзгерту, толықтыру және бұзу құқығы жатады.Еңбек шарты - бұл еңбек қатынастарының пайда болуының негізі, оған сәйкес қызметкердің жалақыға, демалысқа және т. б. сияқты құқықтары жүзеге асырылады.ҚР Конституциясымен бекітілген Еңбек бостандығы (24-бап) қызметкердің ҚР еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылатын еңбек шартын жасасу ғана емес, өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу құқығын айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozsp-timirazevo/press/news/details/965687?lang=kk
“Cыбайлас жемқорлық- теріс құбылыс” 15.04.2025
Қабанбай ауылдық мәдениет үйі №2 “Қуаныш” балабақшасында “Cыбайлас жемқорлық- теріс құбылыс” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың теріс құбылысын түсіндіру және алдын алу болды.Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы өз пікірлерін білдіріп, ашық әңгіме жүргізілді. Әр адам сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын талқылап, оны болдырмаудың жолдарын қарастырды. Дөңгелек үстелге қатысып бұл мәселеге назар аударып, келешекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/965667?lang=kk
2025 жылғы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына қосу үшін аккредиттеуден өткізді.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу құқығын тану үшін аккредиттеу туралы куәліктер (үш жыл мерзімге):- «ҚазАлкоТемекі» Қазақстанның алкоголь және темекі өнімдерін адал өндірушілері, импорттаушылары мен сатушыларының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне;- «Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің Ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/969221?lang=kk
Көктемгі дала жұмыстарын әзірлеу және өткізу мәселесі бойынша жиын 15.04.2025
Таврия ауылында көктемгі дала жұмыстарын әзірлеу және өткізу мәселесі бойынша жиын өтті. Жиынға ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, Аграрлық кредиттік корпорациясы, «Продкорпорация» және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.Жиын барысында егіс алаңдарын әртараптандыру, сапалы тұқыммен қамтамасыз ету, минералды тыңайтқыштарды қолдану, жерді суару және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттары түсіндірілді.Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің директорының орынбасары айтып, аймақта ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлау жайлы баяндады. Жиынға қатысушылар көктемгі дала жұмыстарын сәтті өткізу үшін пікір алмасып, ұсыныстар айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/965661?lang=kk
🌿 Мәртөк ауданында екі айлық тазалық науқаны басталды! 15.04.2025
📍 29 наурыз – 31 мамыр аралығында аудан аумағында абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгіннен бастап “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық маусымы ресми түрде басталды.🔹 Тазалық жұмыстарының негізгі бағыттары:✅ Республикалық маңызы бар жол бойларын тазалау; ✅ Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру; ✅ Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардың маңын абаттандыру; ✅ Аулалар мен көшелерді қоқыстан тазарту, стихиялық қоқыс орындарын жою; ✅ Көгалдандыру жұмыстары: ағаштарды санитарлық кесу, жас көшеттер отырғызу.🌱 Екі айлық аясында аудан тұрғындары мен мекеме ұжымдары бірлесіп сенбіліктерге шықты. Ауылдар мен елді мекендерде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, жол бойындағы, су айдындары мен орман алқаптарының маңындағы тазалық жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.Құрметті аудан тұрғындары! Тазалық – жайлылық пен тәртіптің кепілі! Әрбір адамның өз ауласын, көшесін таза ұстауы – ортақ игілікке қосқан үлесі. Сенбіліктерге белсене қатысып, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық!🌍 Ауданның тазалығына үлес қосқан барша жанашыр тұрғындарға алғыс білдіреміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/965655?lang=kk
КЕНТАУДА КӨШЕ ЖОЛДАРЫН ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 15.04.2025
Қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, қаланың орталық көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары бастау алды.Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов құрылыс жұмыстары барысын бақылап, жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында атқарылуын тиянақтады.Жыл соңына дейін шамамен 4000 ш.м құрайтын бұзылған асфальт жабындылары қайта қалпына келтірілетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/965653?lang=kk
Қарақия ауданында кең көлемде сенбілік жұмыстары жүргізілді 15.04.2025
⚜️29 наурыз күні Қарақия ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында елді мекендерде абаттандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға ерекше мән берілді.⚜️Құрық ауылында Абай көшесіндегі ғимараттар толықтай әктеліп, мектептер мен балабақшалар аумағында сенбілік жұмыстары өтті. Сонымен қатар, 5 ескі қора-жай бұзылды.⚜️Мұнайшы ауылында саябақтар мен ауыл маңы тазартылып, 8 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен бірге, акция аясында 120 түп туя ағашы отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.⚜️Құланды ауылында 1200 гектардан астам жер тазартылып, 7 текше метр қоқыс жиналды. Саябақтағы барлық ағаштар түптеліп, әктелді.⚜️Жетібай ауылында тарихи қалдықтарды жою жұмыстары жалғасуда. Бостан және Сенек ауылдық округтерінде ағаш түптері қопсытылып, көгалдандыру шаралары жүргізілді.⚜️Жалпы сенбілікке 200-ге жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен тазалық саласының мамандары белсенді түрде атсалысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты.⚜️Акция аясында аудан көлемінде 300-ге жуық ағаш отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұған қоса, 20-дан астам ескі қора-жай бұзылып, 15 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.⚜️Қоршаған ортаны қорғау және көркейту бағытында қолға алынған бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/965649?lang=kk
КЕНТАУДА ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ 15.04.2025
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, профессор, Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлының құрметіне арналған дзюдо күресінен VІІI Республикалық турнир өтуде. Жарыс 2007-2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында ұйымдастырылуда.Республикалық турнирдің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов, Жарылқасын Керімбекұлының спорт саласына жасап келе жатқан еңбегі жайында атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Жарысқа әр өңірден Шымкент, Тараз, Түркістан облысынан жалпы 250-ден астам жас палуандар ала кілемде күш сынаспақ.Жарылқасын Оңалбек 1973-1991 жылдары «Қайрат» ерікті спорт қоғамында дзюдо, самбо күресінен аға жаттықтырушы, Кентау қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық самбо және қазақ күресінен аға жаттықтырушысы, облыстық «Қазақ күресі» федерациясының президенті, Кентау қалалық спорт комитетінің бастығы қызметтерін атқарған.1991-1996 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, 1996-1998 жылдары ректор көмекшісі, 1998-2000 жылдары сырттай оқу факультетінің деканы, 2000-2003 жылдары спорт факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 2003 жылдан бері ХҚТУ Кентау институтының директоры. Оңалбек Жарылқасын Керімбекұлы өз еңбек жолында көптеген шәкірттерді баптап-тәрбиелеп, ұлағатты ұстаз атанған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/965633?lang=kk
🔹️Қаратаусай ауылы бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізді! 15.04.2025
Қаратаусай ауылының тұрғындары ауыл тазалығын сақтау мақсатында жаппай сенбілікке шықты. Тұрғындар бірлескен күш-жігерімен қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.Атқарылған жұмыстар:✅ Қураған ағаштар кесіліп, жас көшеттер күтіп-бапталды; ✅ Аулалар мен көшелер тазартылып, жиналған қоқыстар тегін шығарылды; ✅ Кәсіпкерлік нысандардың аумақтары ретке келтірілді; ✅ Ауыл ішіндегі және маңындағы стихиялық қоқыс орындары жойылды.🌱 Тұрғындар сенбіліктің маңыздылығын атап өтіп, барша ауылдастарды тазалықты сақтауға шақырды.Бірлескен еңбектің арқасында ауыл көркейіп, әлдеқайда жайлы бола түсті.Туған жеріміздің тазалығы – ортақ жауапкершілік!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/965630?lang=kk
Қазақстанда 60-қа жуық басым спорт түрі анықталады 15.04.2025
Қазақстанда 60-қа жуық басым спорт түрі анықталадыСоңғы жылдары бюджет ресурстарын қайта бөлу үрдісі байқалады. Бұқаралық және жастар спортын дамытуға басты назар аударылады. Осыған байланысты кәсіби спорт клубтарын қаржыландырудың шекті деңгейі белгіленеді. Негізгі жаңалықтардың бірі 60-қа жуық басым спорт түрін анықтау болды. Бұл тізімге Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазия ойындарының бағдарламаларына кіретін пәндер, сондай-ақ Азия және Параазия ойындарында ұсынылған олимпиадалық емес спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері кіреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/971181?lang=kk
Назар аударыңыз 15.04.2025
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландырудың жаңа форматы енгізілді2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне негізделген қаржыландырудың жаңа форматына көшті. Бұл АӘҚ алуға мұқтаж азаматтарды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/971175?lang=kk
Таза Қазақстан 15.04.2025
Құрметті жерлестер!Ауа райының жылынуына және санитарлық тазарту мен аумақтарды абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты экологиялық акциялар мен сенбілік жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай ұстанымын түсіндіру қажет деп санаймын.Ең алдымен, мұндай іс-шараларға қатысу тек қана ерікті түрде жүзеге асырылатынын атап өтемін.Сонымен қатар, негізгі назар тұрғындардың өз үйлері мен аулаларына іргелес аумақтарды тазалауға бағытталуы тиіс, бұл әрбір шығысқазақстандықтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі болып табылады.Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері қала көшелері мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына тек өз еркімен ғана қатысуы қажет. Мұндай жұмыстарға мәжбүрлеудің кез келген түріне жол берілмейді.Әрбір азаматтың демалуға және жеке уақытына толық құқығы бар, бұл құқық мүлтіксіз сақталуы тиіс.Сенбілік, өз кезегінде, өз өңірінің тазалығы мен дамуына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенді ұстанымының көрінісі болып табылады.Біздің ортақ мақсатымыз “Таза Қазақстан” бастамасының міндеттері мен қағидаттарына негізделеді. Себебі, бұл бір реттік науқан емес, ұзақ мерзімді стратегиялық бағыт болып табылады.Барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтей отырып, тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз абаттандыру, санитарлық жағдайды жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізе аламыз.Барша тұрғындарды осы игі іске жеке атсалысуға шақырамын.Құрметпен,Нұрымбет СақтағановАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1192488?lang=kk
Облысымыздың шәкірттері жеңіспен оралды 15.04.2025
⚡Қарағанды қаласында 27-29 наурыз аралығында өткен «Х Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне» Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі-интернаты оқушылары қатысты. Қазақстанның барлық өңірлерінен және әлемнің түрлі елдерінен командалар қатысқан бұл жаңа идеялар полигонында 3D прототипирование санаты бойынша Қабиболла Дәурен мен Ғалымжан Жасмина жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл- толассыз еңбек пен қажырлылықтың жемісі. 👏Әр сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін жүлдегер оқушылар мен «Техникалық модельдеу» үйірмесінің жетекшісі Махимов Әділхан Мерекеұлын шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/965601?lang=kk
Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! 15.04.2025
️ ️ ⚜️Сіздерді қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!🔹️Бұл мейрам – мейірім мен кешірімнің, ізгілік пен бірліктің, қуаныш пен жақсылықтың мерекесі. Рамазан айында жасаған құлшылықтарыңыз, ізгі амалдарыңыз, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Алла тағала әрбір үйге құт-береке, ырыс-несібе, амандық пен шаттық нәсіп етсін!🔹️Бауырмалдық пен сыйластық арта берсін, әр отбасының шаңырағы биік, керегесі кең болсын! Тілеген дұға-тілектеріңіз орындалып, жүректеріңіз ізгілікке толы болсын!Ораза айт құтты болсын!Ойыл ауданының әкімі;А.ҚазыбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/965585?lang=kk
«НЕФТЕСТРОЙСЕРВИС ЛТД» ЖШС 15.04.2025
Орналастыру күніХабарландыру10.04.2025«НЕФТЕСТРОЙСЕРВИС ЛТД» ЖШС «№4 өндірістік базаны кеңейту, құю цехының ғимараты» қоршаған ортаның жай күйіне ықтимал әсерлер туралы есептің жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өткізу туралы хабарлайды.Жоба бастамашысы: «НЕФТЕСТРОЙСЕРВИС ЛТД» ЖШС, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 48, БИН 010740001502, тел: 8-712-295-0001Нысанның орналасқан жері: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кенті.Әсер ету аймағы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кенті.Алаңның географиялық координаттары:[46.374522, 53.471871][46.374522, 53.474189][46.373290, 53.473610][46.373423, 53.471550]Тындаулар өтеді: 16.05.2025 сағат 15.00, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылы, Қарашүнгіл көшесі 4 (ауылдық Мәдениет үйі), онлайн қосылу: https://us04web.zoom.us/j/8613431471?pwd=UXZ5SzU0a0hHRUJZSU5YR3F3UjlQUT09&omn=78756375793Идентификатор конференции: 861 343 1471Код доступа: 123456zoomҚоршаған ортаның жай күйіне ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын әзірлеуші: «ABC Engineering» ЖШС, abc_engineering@inbox.ru; 8 705 576-46-87.Құжаттама порталда орналасқан https://ecoportal.kz/ және интернет-ресурс https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat?lang=ruЕскертулер мен ұсыныстар қабылданады: «Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Атырау қаласы, Әйтеке би 77; atr.priroda@atyrau.gov.kz Жоба ЖобаЖоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптарықоғамдық тыңдаулар хаттамасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-tabigat/press/news/details/973281?lang=kk
Шемонаиха ауданында ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасын жою бойынша жаттығулар өтті 15.04.2025
Шемонаиха ауданында ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасын жою бойынша жаттығулар өттіАңыз бойынша, шаруашылықтардың бірінде қой өлімі тіркелген. Зертханалық зерттеулер ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың оба вирусының — аса қауіпті және тез таралатын аурудың болуын растады.Оқу-жаттығуға ветеринарлық мамандар, аумақтық инспекциялар, полиция, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және денсаулық сақтау қызметкерлері қатысты. Инфекцияның өршуі кезіндегі іс-шаралар: диагностика, ошақты оқшаулау, қолайсыз пункттің шекараларын белгілеу, қауіпті аймақта дезинфекция және алдын алу.Қорытындысы бойынша ветеринариялық қызметтің жедел әрекет етуге және басқа құрылымдармен тиімді өзара іс қимыл жасауға дайындығы расталдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-razin/press/news/details/967524?lang=kk
ШҚО су айдындарындағы түнгі рейдтер 15.04.2025
ТЖД құтқарушылары мұздағы рейдтерді тәулік бойы күшейтті, әсіресе түнде. Мұздың еруі кезінде мұндай алдын-алу іс-шаралары қажет. Құтқарушылар балықшыларға қауіпсіздік шаралары мен жұқа мұздың қауіптілігін түсіндіреді."Жыл сайын жұқа мұзға шығу салдарынан ондаған адам қаза табады. Олардың арасында жолды қысқартуды ұнататындар ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі балықшылар да бар. Сүйікті хоббиі үшін олар тәуекелге баруға дайын. Қазір мұзға шығу өте қауіпті, әсіресе ауа температурасы көтерілгенде. Толқуларға ұмтылу қайғылы жағдайға айналуы мүмкін", - деп атап өтті ТЖД.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/965526?lang=kk
Қосшы қалалық мәслихатының депутатын сайлау бойынша №3 бір мандатты аумақтық сайлау округінде дауыс беру басталды 15.04.2025
№742 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Барлығы 1662 сайлаушы тіркелген. Депутаттыққа 3 кандидат тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/965525?lang=kk
Округ әкімінің Ораза айт мерекесімен құттықтауы 15.04.2025
Құрметті Жанама ауылдық округінің тұрғындары!Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірімділік пен бауырмалдықтың, бірлік пен берекенің символы. Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз қабыл болып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін!Ораза айт – тек қана мереке емес, адамдардың бір-біріне жақсылық жасап, реніштерін кешіріп, қуаныш пен ізгілік сыйлайтын ерекше күн. Осы ұлық мейрамда әр отбасыға молшылық, амандық, денсаулық тілеймін!Айт мүбәрак болсын! Жанама ауылдық округінің әкімі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/965523?lang=kk