Саясат
Астанада «Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 04.03.2025
Астанада «Баланың бақытты мекені – отбасы» тақырыбында Ұлттық бала асырап алу агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, пікір алмасу.«Кәсіби қабылдаушы ата-анаға үміткерлер баланы отбасына қабылдамас бұрын терең психологиялық диагностикадан өтеді. Біз үміткерлер мен олардың жақын туыстарына психологиялық талдау жүргіземіз, сондай-ақ наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есебі мен соттылығының болмауын тексереміз. Сонымен қатар, қамқоршылық органдары алдын ала ескертусіз кәсіби қабылдаушы отбасыларға баруға құқылы болады», – деп толықтырды Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.Дәстүрлі қабылдаушы отбасыдан айырмашылығы, кәсіби қабылдаушы ата-аналар өз рөлін кәсіби негізде орындайды, сонымен қатар терең психологиялық дайындықтан, оқытудан және сертификаттаудан өтеді. Жүйе мұндай отбасыларды мемлекет тарапынан қаржыландыруды және қолдауды көздейді.Жаңашылдыққа сәйкес, мұндай ата-аналар бір адамға 15 шаршы метр жеке тұрғын үйі бар 30 жастан 63 жасқа дейінгі қазақстандықтар бола алады. Әр ата-анаға ай сайын тәрбиешінің қызметі үшін 70 АЕК және баланы асырауға 10 АЕК төленеді.Алдын ала отбасымен келісімшарт жасалып, баланы тәрбиелеу шарттары жазылады. Алты айда бір рет ата-аналар қамқоршылық органдарына денсаулық, бала тәрбиесі және қаражат жұмсау туралы есеп береді. Қамқоршылық органдары алдын ала ескертусіз кәсіби қабылдаушы отбасыларға баруға құқылы.Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік органдарға Кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы мен мәні егжей-тегжейлі баяндалды.Айта кетейік, қазақстандық бизнесмендердің жобасы болып саналатын «Ана Үйі» ҚҚ 12 жылдан астам уақыт бойы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жыл сайын балалар үйіне түсетін балалар санын азайту мақсатында өз қызметін жүзеге асырып келе жатыр. Ұлттық бала асырап алу агенттігінің миссиясы – қазақстандық қоғамда бала асырап алу мәдениетін дамыту, қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеу және кәсіби даярлау.Қазақстанның 20 қаласында балалар үйлері мен сәби үйлерінен балаларды өз отбасыларына қабылдағысы келетін азаматтарға (отбасыларға) мамандар кеңес беретін консультациялық кабинеттер жұмыс істейді. Психологтар Қабылдаушы ата-аналар мектептерінде әлеуетті асырап алушыларды дайындайды. Бүгінгі таңда Ұлттық бала асырап алу агенттігінің көмегімен 1318 қазақстандық отбасына 1966 бала орналастырылды. Барлығы 18112 азаматқа кеңес берілді, олардың 6048-і Қабылдаушы ата-аналар мектебінен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948771
Жетісу облысында NEET санатындағы 50 жас әскери-техникалық мектепте оқу-дайындықтан өтеді 04.03.2025
Биыл Жетісу облысында NEET санатындағы 50 жас Талдықорған қаласындағы әскери-техникалық мектеп базасында бір жарым айлық әскери оқу-дайындығынан өткізіліп одан әрі жұмысқа тұруына жағдай жасалды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жалпы осы жылы облыс әкімдігі мен облыстық прокуратура бірлесіп «Жастар тәрбиесі – болашақ тірегі» атауымен Жетісу облысындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасады. Жоспарда жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жұмыссыз және NEET санатындағы, пробация қызметінде тұрған жастармен жұмыс жүргізуге, сол сияқтырадикалды діни бағыттардан сақтандыруға басымдық берілген.Аталған жоспарды іске асыру мәселесі облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтің төрағалығымен өткен жиында талқыланып, оған облыс прокуратурасы, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты.Жиында айтылғандай, Жетісу облысындағы жастардың ішінде еңбекке қабілетті жастағы 113,5 мың адамның 96%-ы экономиканың түрлі салаларында еңбек етіп жүр. Былтыр жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған 27,8 мың адамның 9,2 мыңы жастарды құраған. Өткен жылы кәсіптік даярлауға жолданған адамның 40% - жастар.Олар автоэлектрик, дәнекерлеуші, есепші, тігінші, аспаз, шаштараз, кондитер, наубайшы мамандықтарына ие болды. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарға, «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты» жобаларына да белсенді тартылды. Кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бағытында 57 жас жалпы сомасы 84,2 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, өз ісін бастады. Ал биыл жұмыспен қамтудың белсенді шараларына8 мың жасты қамту жоспарланып отыр.Сол сияқты «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында 5 бағытта әр жобаға 3 млн. теңгеден жыл сайын 30 млн. теңге бөлінеді. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары гранттар конкурсына ауыл жастарын көптеп қатыстыруға ықпал ету қажеттігін айтты.- «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының ережесіне өзгерістер енгізіп, ауыл жастарына арналған бағыттарды ұйымдастыру керек. Жалпы жастарға арналған облыс әкімінің, кәсіпорындардың, басқа да мекемелердің гранттары туралы, қайта даярлау мен оқыту жайлы ақпараттарды жастар арасында кеңінен таратудың маңызы зор. Сол сияқты жергілікті жерлерде жұмыс беруші кәсіпорындармен келісімдер жасасып, олардағы бос жұмыс орындарының тізімін қалыптастыру керек. Бұл әсіресе NEET санатындағы жастарды қажетті кәсіпке оқытуға, жұмыспен қамтуға үлкен ықпалын тигізетін шаралар, - деді Д.Есдәулетов.Жиын барысындаNEET санатындағы жастарға психологиялық көмек көрсету, патриоттық тәрбие бағытында Сарыөзектегі әскери бөлімдер базасында «Жас сарбаз» әскери-спорттық ойындар жарысын ұйымдастыру, отбасы рөлін нығайтужәне оған қолдау көрсету сияқты профилактикалық шараларды кеңінен атқару туралы шешім қабылданды. Сол сияқты жастардың қоғамға бейімделуіне кедергі келтіретін жайттардың себебін зерттеуге баса назар аударылады. Оған қоса «Жасыл ел» жасақтарының саны екі есеге арттырылады.Кездесу қорытындысында аудан-қалаларда 2025-2026 жылдары жастарға қызмет көрсету орталықтарын ашу, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, гранттар, жобалар туралы ақпараттарды кеңінен тарату т.б. маңызды бірқатар тапсырмалар берілді.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948764
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды 04.03.2025
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Сахиев Серік Қанатұлы негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.Серік Қанатұлы – Ақмола облысы, Степногорск қаласының Қырық Құдық ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-биохимик» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.Еңбек жолын 2007 жылы Зеренді аудандық емханасында дәрігер-биохимик ретінде бастады. Әр жылдары Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және денсаулық сақтау салаларында басшылық қызметтер атқарды.Осы тағайындауға дейін «Красный Яр ауылының бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» ШЖҚ КМК директоры қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/948600
Ақмола облысының аудандары мен қалаларының әкімдіктеріне инвестициялар бойынша жеткізілген KPI-ды орындау тапсырылды 04.03.2025
Ақмола облысының аудандары мен қалаларының әкімдіктеріне инвестициялар бойынша жеткізілген KPI-ды орындау тапсырылды Облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен Ақмола облысы әкімдігінің отырысында инвестицияларды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер қаралды.Инвестицияларды тарту бойынша ағымдағы жағдай және олардың тиімділігі туралы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының м.а. Бақытжан Сапар және «Ақмола Инвест» инвестицияларды дамыту орталығы» КММ директоры Айдос Жүргінов баяндады.Бақытжан Сапардың ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 562,8 млрд теңгені құрады. Жеке меншік үлесі инвестициялардың жалпы көлемінің 59,6% құрады.Бүгінгі таңда өңірде инвестиция тарту үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Әр өңірдің үлесіне қарай 3 жылдағы орташа жылдық динамиканың болжамын ескере отырып, KPI-ге қол жеткізу үшін өңірлер бөлінісінде есептеу жүргізілді. 2025 жылы ШОБ саласын қоса алғанда, барлық салаларда 2,7 мың жұмыс орнын құра отырып, 279,3 млрд теңгеге 221 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың ішінде Аршалы ауданында забутовка кірпішін өндіру, Зеренді ауданында Алексеев кен орнының каолин базасында тау-кен байыту комбинатын салу және т.б. жобалар бар. 2025 жылдан кейінгі инвестициялық жобалар пулына 720 млрд теңге сомасына «Dalian Hesheng Holdings» ЖШС қуаттылығы 1 млн тонна натрий глутаматын өндіретін астықты терең өңдеу өндірістік кешенін салу, Көкшетау қаласында 180 млрд. теңге сомасына «Ренэлл Көкшетау» ЖШС 630 орындық көпбейінді облыстық аурухана салу және басқа да жобалар кіреді. «Aqmola» республикалық аймағын дамытумен қатар облыста Целиноград ауданында және Көкшетау қаласында өңірлік индустриалдық аймақтар құрылуда. Бүгінде облыс орталығының әкімдігі болашақта Орта Азиядағы ең ірі мұнай сығынды зауытын салу үшін индустриялық аймақ шегінде жер белгіледі.Сондай-ақ, Ақмола облысының өңірлік инвестициялық бағдарламасы әзірленді, ол барлық шетелдік елшіліктерге таргеттелетін болады. Оған қоса облыста Өңірлік инвестициялық штаб құрылды.«Ақмола Инвест» инвестицияларды дамыту орталығы» КММ директоры Айдос Жүргінов облысқа инвесторларды тарту бойынша атқарылған жұмыстарды егжей-тегжейлі таныстырды. Атап айтқанда, инвестицияларды тарту орталығы облыстың инвестициялық тартымдылығын жеке және дербес дамытатын осындай жалғыз орталық болып табылады.«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканың барлық секторларына инвестиция тартудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда сіз көрсеткен барлық инвестициялар әлі іске кіріспеді, нақты экономиканың дамуы жоқ. Инвестиция - бұл жай ғана қол жеткізу керек көрсеткіш емес, бәрі нәтижеге бағытталуы шарт. Инвестициялар бойынша беталысты түбегейлі өзгерту қажет. Қазір тез әрі батыл әрекет ету керек», - деп атап өтті өңір басшысы. Облыс әкімі инвестициялық белсенділік облыс дамуының, оның қазақстандық және шетелдік бизнес үшін тартымдылығының индикаторы екенін атап өтті.Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына аудандар, қалалар әкімдіктерімен, салалық басқармалармен бірлесіп, негізгі капиталға инвестициялар бойынша жеткізілген KPI орындалуын, жер учаскесін алу кезеңінен бастап жобалық қуатқа шығуға дейін барлық инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруды және оларды сүйемелдеуді, 2025 жылға мәлімделген жалпыұлттық пулдың жобаларын пайдалануға беруді қамтамасыз ету, «Ақмола Инвест» орталығының толыққанды жұмысын қамтамасыз ету, басым секторларға инвесторларды тарту, өңірлерде жұмыс істеп тұрған бизнестің ірі субъектілерінің жаңа инвестициялық бастамаларын іске асыру тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/948735
Қобда қазақ орта мектебін қайта жаңғырту жұмыстары оқу процесін едәуір жақсартқан 04.03.2025
Ауданға жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Қобда ауылында орналасқан қазақ орта мектебіне барды.Білім ордасы тірек мектептер қатарына жатады. 2008 жылы бой көтерген. Былтыр білім ошағына 98,3 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.Мектеп директоры Сания Срымованың айтуынша, облыстағы шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту бойынша пилоттық жоба аясында цифрлық технологияларды пайдалана отырып, аталған оқу орны заманауи әмбебап кабинеттермен жабдықталған. Қаражат «Қазақстан халқына»қорынан бөлінді. Бұл жаңғыртулар оқу процесін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Мектеп заманауи техникалық құралдармен жабдықталған 24 оқу кабинеті бар екі қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Оқушылар үшін арнайы шеберханалар – қыздарға арналған тігін сыныбы және ұлдарға арналған металл және ағаш өңдеу шеберханасы бар. Сонымен қатар, жасөспірімдерге ғылым саласындағы білімдері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін STEM зертханасын ашты. Заманауи технологиялардың арқасында мектепте робототехника оқытыла бастады. Сондай-ақ, мұнда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға сенсорлық кабинет ашылып, инклюзивті білім беру процесі енгізілді.Оқу кабинеттерін көріп шыққан облыс әкімі балалармен жасанды интеллектінің мүмкіндіктері туралы әңгімелесті. Мектеп жасындағы балалардың жасанды интеллект сияқты инновациялармен танысуы маңызды екенін, бұл оларға сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал ететінін айтып, ал, бұл үшін олар білім алып жатқан мектепте барлық мүмкіндіктер бар екенін жеткізді.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық мектептерде жаңа технологиялар енгізіліп, инфрақұрылым мейлінше жақсартылып жатыр. Білім алу үшін ең қолайлы жағдайлар жасалуда. Әсіресе ауылдық жерлерде оқу орындарын заманауи жабдықтау, олардың әлеуетін дамытуда шешуші рөл атқарады. Біз әр балаға сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып олардың толыққанды дамуына мол мүмкіндіктер беру үшін мектептерді жаңғыртуды әлі де жалғастырамыз», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948761
Облыс әкімі Қобдада азаматтарды қабылдады 04.03.2025
Өңір басшысының қабылдауына келген тұрғындар ауданның әлеуметтік инфрақұрылымы мен дамуына қатысты мәселелерді көтерді.Аймақ басшысына жеке сұрағымен келген төрт тұрғынның бірі - Светлана Ашенова. Ол аудан орталығында орналасқан «Шұғыла» балабақшасын басқа жерге көшіруге рұқсат сұрады. Ал, Нұрлыбек Кереймағанбетов аудан орталығында айналма жол салу мәселесін көтерді. Бұл көлік жүктемесін азайтып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ауданның инфрақұрылымын жақсартуға көмектесетіндігін алға тартты. Ауыл тұрғыны Мақсат Бисембаев Жиренқопа бағытында 6 ауылдық округ пен 6 елді мекенді қамтитын газ құбырын салу туралы ұсыныс білдіріп, көгілдір отын мәселесін қаузады. Ауылдарды газбен қамтамасыз ету жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайын едәуір жақсартатынын сөз етті.Облыс әкімі азаматтардың өтініштерін тыңдап, жауапты басқармаларға тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар аталған мәселелердің барлығы Қобда ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын іске асыру аясында қаралатынын айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948762
Жетісу облысының әкімі Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті 04.03.2025
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Женишбек Асанкуловпен кездесті. Тараптар кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ресми делегацияны жылы қабылдаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өз сөзінде екі елдің арасындағы туыстық қарым-қатынасты тілге тиек ете келе, Жетісу облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталды.- Алатаудың арғы беті мен бергі бетін жайлаған туысқан қазақ-қырғыз халқының салт-дәстүрі де, көзқарастары да ортақ. Көрші елдермен достық қарым-қатынасты нығайтуға біз де мүдделіміз. Жетісу облысында қазіргі кезде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өндірісі, жасыл энергитика, туризм, көлік-логистика салаларына басымдық беріледі, - деген өңір басшысы Алакөл мен Балқаш көлдерін дамытуға, шекаралық аймақтарды өркендетуге көп көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Өндіріс саласының әлеуетіне де тоқталып, қырғыз кәсіпкерлерінің бизнес жобалары болса, бірлесіп қарастыруға дайын екенін жеткізді.Өз кезегінде Қырғыз елінің ресми өкілі Женишбек Асанкулов келген сапарының мақсатына тоқталып, екі ел президенттерінің уағдаластығына байланысты өзара ынтымақтастықты дамытуда бірқатар ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, бизнес форумдарды бірлесіп өткізу, туристік бағыттарды дамыту, сол сияқты мәдениет және білім беру салаларында өзара тәжірибе алмасуы жайлы сөз етті. Соның ішінде Жетісу облысы мен Қырғыз Республикасының Нарын облысының арасында нақты жобаларды қолға алу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.Кездесу қорытындысында облыс басшысы Бейбіт Исабаев Бас консул тарапынан айтылған ұсыныс-тілектерді қолдайтынын және оларды бірлесіп атқаруға, нақты жобаларды қарастыруға дайын екенін жеткізді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фототілші: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948690
Астанада қалалық кәсіпорындардың қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтіп жатыр 04.03.2025
Астанада қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир басталды. Шара «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өткізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Турнир Астана қаласы әкімдігінің кәсіптік-техникалық колледжінде өтуде.Жарыста төрт команда бақ сынайды: «Базис Астана» ЖШС, «Астана Тазалық» ЖШС, «Әскерилендірілген Темір жол Күзет» ЖШС және «ҚТЖ ҰК» республикалық темір жол көлігін басқару орталығының филиалы.Ұйымдастырушылар қонақтарға түрлі іс-шаралар, сыйлықтар мен сертификаттар дайындады.«Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біз әрқашан осындай жарыстарды қолдап, белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуға тырысамыз. Бұл турнир қала мен жастар үшін бірден бірнеше маңызды мәселелерді шешеді. Осылайша оны одан да маңызды етеді», - деп атап өтті «Базис Астана» командасының капитаны Кенже Жапаров.Іс-шараның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және жұмысшы мамандарды дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Турнир сондай-ақ жұмысшы жастар арасында спорттық командаларды дамыту, қала кәсіпорындарының қызметкерлері арасында үздік футболшыларды анықтау, осы жылдың сәуір айында өтетін қала әкімінің кубогы үшін турнирге қатысатын спортшыларды іріктеу арқылы байланысты нығайтуға ықпал етеді.Спорттық шараны «Ali Group» компаниясы Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» мемлекеттік мекемесімен және қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.«Біздің міндетіміз – есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясында жас қызметкерлердің басын қосу ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күні кәсіподақтар алдында тұрған еңбек ұжымдарының өзекті мәселелерін шешу. Біз тек турнирлер өткізуге ғана емес, сонымен қатар еңбек мәселелерін шешуде консультативтік көмек көрсетуге ұмтыламыз. Кәсіпорындар мен ұйымдарда болашақ кадрлық резерв қалыптастырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау – басты мақсатымыз», – дейді «Ali Group» компаниясының басшысы Салтанат Әли.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948110
Астана кафелерінде кальян шеккен тағы бес адам жазаланды 04.03.2025
Астанада кезекті рет кальян шегушілерді анықтау мақсатында түнгі рейд жүргізілді. Сарайшық ауданындағы ойын-сауық мекемелерінде тексеру өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Рейдті аудан әкімдігі мен полиция басқармасының өкілдері жүргізді. Олар қоғамдық орындарда кальянды пайдаланудың алдын алу мақсатында 6 ойын-сауық мекемесін тексерді.«Екі мекемеде заң бұзушылықтар анықталды. Мекемеге келген 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 294 900 теңгені құрады», - деп хабарлады Сарайшық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.Тыйым салынған орындарда кальян пайдаланғаны үшін ойын-сауық мекемелерінің тұтынушыларына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес айыппұлдар өндірілді.Рейдтік іс-шаралар «Заң және тәртіп» аясында өткізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948282
Астанада «Esil Run» жүгіру іс-шарасы өтеді 04.03.2025
Астана қаласында 2 наурыз күні «Астана – есірткісіз қала» ұранымен «Esil Run» жүгіру іс-шарасы өткізiледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара Ботаникалық саябақта өтеді. Жарыстың жалпы қашықтығы – 1300 метр.Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды 16 жасқа дейнігі балалар қатыса алады. Барлық қатысушыларға естелік медальдар беріледі. Қатысушылар лимиті – 500 адам.Барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын бұқаралық шаңғы жүгірісіне қатысуға шақырамыз!Іс-шара 2 наурыз күні сағат 10:00-де басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948743
Уран өндіру және машина құру зауыттары, мектептер мен ауруханалар: елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қалай өтті 04.03.2025
Елордада бір алаңда түрлі салалардан 100 жұмыс берушіні жинаған кең ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтті. 1500 үміткер 500-ден астам жұмыс орнына сұхбат өтуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Ниет білдірушілерге мұғалім, бухгалтер, кенші, электрик, арнайы техника жүргізушісі, механик, инженер, байланысшы, санитар, заңгер, мобилограф, маркетолог және тағы да басқа жұмыс орындары ұсынылды.«Жәрмеңке қала тұрғындарына әр түрлі деңгейдегі жұмыс орындары мен еңбек жағдайлары туралы білуге мүмкіндік берді. Жалақының орташа деңгейі лауазымға байланысты өзгереді, бірақ көптеген позиция жұмыс тәжірибесінсіз де қолжетімді. Жұмыс іздеушілердің қызығушылығын ыңғайлы кестесі мен карьералық өсу мүмкіндігі бар бос орындар тудырды», - деді Астана қаласы Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов.Қызметкерлерді іздеуге мемлекеттік органдар, уран өндіру, машина құру зауыттары, коммуналдық мердігерлік ұйымдар, банктер, супермаркеттер, бөлшек сауда дүкендері, емханалар, балабақшалар мен мектептер қатысты.«Біз тіпті тәжірибесі жоқ, карьерасын жаңадан бастағандарға да жұмыс ұсынуға дайынбыз. Кейбір орындар үшін тәжірибе қажет емес. Бастысы – оқуға деген ұмтылыс. Мысалы, біздің бөлшек сауда саласында тағылымдама қарастырылған. Біз қазірдің өзінде бірнеше сұхбат жүргіздік және әлеуетті қызметкерлерді өзімізге қарастырдық. Жақын арада оларды іріктеудің соңғы кезеңіне шақырамыз», - деді елорданың ірі кәсібінің өкілі Нұржан Сардаров.Жәрмеңкеге 20-50 жас аралығындағы тұрғындар келді.«Мен биыл университетті бітіремін. Бүгін жәрмеңкеге мамандық бойынша жұмыс табу үшін келдім. Өзіме бірнеше қызықты ұсынысты қарап, сұхбаттасуды жоспарлап отырмын», — деп бөлісті іс-шараға қатысушылардың бірі Арман Досжанов.Бос орындар жәрмеңкесі сұранысқа ие мамандықтарды насихаттауға және халықты жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті. Іс-шараны Нұра ауданының әкімдігі мен Астана әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948745
Қобда ауданында екі бөгет жөндеуден өткізіліп, үшінші бөгетке су бұру арнасы салынды 04.03.2025
Ауданға жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы «Батыс», «Сауқайың» және «Орал-Ойыл» бөгеттерінің жағдайын көрді.Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереевтің айтуынша, екі гидроқұрылысқа да жөндеу жұмыстарын «Авторитет құрылыс компаниясы» ЖШС жүргізген.Бұдан бөлек, аталған құрылыс компаниясы ұзындығы 4,9 шақырымды құрайтын «Орал-Ойыл» бөгетінде су бұру арнасын салды. Үш жоба бойынша жүргізілген жұмыстарға жалпы көлемі 900 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Стратегиялық маңызды үш нысан да техникалық және авторлық бақылаудан өтеді.Жалпы ұзындығы 9,2 шақырым гидротехникалық құрылымдар көктемгі су тасқыны кезінде су ағындарын тиімді реттеуге мүмкіндік береді және аудан орталығын су басудан қорғайды.Бөгеттердің жай-күйін қарап шыққаннан кейін облыс әкімі су тасқыны кезеңінде олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін су бұру арналары мен бөгеттердің пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Аудан әкіміне елді мекендерді су тасқынынан қорғау және су бұруды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948606
Таза Қазақстан: Атырау облысына экологиялық сананы қалыптастырудың маңызы 04.03.2025
28 ақпанда қала мектептерінде облыстағы оқушыларға арналған ашық сабақ өткізілді, онда өскелең ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырудың маңызы талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы ашылды. Бұл шараның мақсаты – әрбір қазақстандықтың экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысуын қамтамасыз ету.Бағдарламаға Абай орталығының оқушылары да белсене қатысуда. Дәстүрлі түрде өтетін «Таза жағалау» шарасы аясында сәуір айының соңында көгалдандыру жұмыстары басталмақ.- Біздің орталықтың №3 бірлестігінде сәуір-мамыр айларында өсімдіктердің көшеттерін отырғызу қолға алынады. Биылғы оқу жылында жоспарланған көгалдандыру жұмыстарының алғашқы кезеңі 2024 жылғы сәуірде «Табиғат – балалар көзімен» атты сурет көрмесімен басталды. Онда оқушылардың экология тақырыбына арналған шығармашылықтары ұсынылған. Туындыларда табиғат пен экологияның маңыздылығын айқындайтын бейнелер көрсетілген,- деді Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығы директорының орынбасары Самал Мұратқалиева.Екінші кезеңде шәкірттерге «Таза Қазақстан» бағдарламасы туралы ақпарат беріліп, көгалдандыру жұмыстары жалғасты. Білім алушылар біржылдық және көпжылдық сәндік аула гүлдерінің, көкөніс дақылдарының тұқымдарын отырғызды. Олар барқытгүл, циния, баялды, тәтті бұрыш, қызанақ және арша, бозарша сияқты өсімдіктердің көшеттерін екті.- Бұл шараға қаңтар айынан бастап қатысып келемін. Сабақта тұқымдарды, түрлі жемістерді егеміз. Топырақ салып, егінімізді егіп, үстіне су шашамыз. Осылайша, табиғатты аялауға аздаған болса да үлесімізді қосамыз,-деді оқушы Амина Абат.Шара соңында шәкірттер «Табиғат және біз» тақырыбында табиғат қорғауға арналған жыр жолдары мен әндерді орындап, акцияны қорытындылады.«Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту және жас ұрпақтың экологиялық білімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Педагогтардың сөзінше, орталық оқушыларының бұл шараға белсене қатысуы еліміздің болашағына деген жауапкершілік пен қамқорлықтың белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/948419
Әділет министрлігі заң консультанттарының қызметін реттеуді талқылауды жалғастыруда 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Кәсіпкерлік кодексінің 83-бабына сәйкес заң консультанттарының қызметін реттеудің реттеушілік ықпалын талдауды жалғастыруда.Кеше Әділет министрлігінің алаңында заң консультанттарының қызметін реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Жиын барысында жаңа ұсыныстар қаралып, заң консультанттары институтын одан әрі дамыту жолдары талқыланды.Жұмыс тобы реттеу тетіктерін жан-жақты қарастырып, кәсіби қоғамдастықтың мүдделері мен азаматтардың қажеттіліктерін ескеруге баса назар аударуда. Әділет министрлігі ашық диалог жүргізуге дайын және барлық мүдделі тараптарды талқылауға қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/948706
ҚР Әділет министрлігі авторлық құқықты ұжымдық басқару реформасын талқылады 04.03.2025
2025 жылғы 28 ақпанда, Алматы – Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Әділет министрлігінің авторлармен, құқық иеленушілермен және ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті. Талқылаудың басты тақырыбы - құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін жетілдіру, өтемақы қызметінің ашықтығын және авторлық сыйақыны әділ бөлуді қамтамасыз ету болды.Талқылауға ҚР Парламентінің депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғаудың қазіргі жай-күйіне алаңдаған қоғам қайраткерлері қатысты.Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Б. Ш. Жақселекова: «Шығармашылық - бұл елдің мәдени дамуының негізі және ол сенімді құқықтық қорғауды қажет етеді. Бүгінгі кездесу тек пікірталас емес, авторлар мен орындаушыларға лайықты сыйақы алуға көмектесетін нақты механизмдерді іздеу».Талқылау барысында шығармашылық қоғамдастық өкілдері ұжымдық басқару жүйесін реформалауға әртүрлі көзқарастарын білдірді.Композитор М. Құсайынов аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының қатысушылары өз шығармаларын пайдаланғаны үшін төлем алмайтынын атап өтті. Ол авторлық құқықты орталықтан басқаратын және бақылау үшін цифрлық құралдарды енгізетін біртұтас мемлекеттік ұйым құруды ұсына отырып, Қазақстандағы ҚҰБҰ көптігін және олардың тиімсіздігін сынға алды.Кейбір қатысушылар, атап айтқанда «Қазақстандық авторлар қоғамы» РҚБ өкілдері ұжымдық басқарудың қолданыстағы жүйесін қолдады. Алайда, ақын және композитор Б.Т. Аширбаев цифрландыру қажеттілігімен келісіп, ҚҰБҰ мен авторлар арасындағы есептеулердің ашықтығының маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ нақты реттеуді қажет ететін теле және радио компанияларының авторлық сыйақы төлеу мәселесіне назар аударды.Автор, журналист Ш.У. Алджамбаев өз сөзінде қайтыс болған авторлардың мұрагерлеріне сыйақы төлеуге баса назар аудара отырып, ҚҰБҰ-ның көптігі, пайдаланушыларға рұқсат берудің заңдылығы мәселесіне тоқталды.Депутаттар Е.Д. Стамбеков пен Б.Ж. Базарбек ҚҰБҰ қызметінде ашықтықтың жоқтығын атап өтіп, ұжымдық басқару жүйесін цифрландыруға бағытталған бірқатар заңнамалық түзетулерді ұсынды.Кездесуде цифрлық шешімдерді енгізу авторларға өз туындыларын пайдалану процесін онлайн режимінде – шарттар жасасудан бастап сыйақыларды есептеу мен төлеуге дейін бақылауға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұл авторлар мен ҚҰБҰ арасындағы өзара әрекеттесуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар кірістердің әділ бөлінуін қамтамасыз етеді.Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін реформалау өзекті деген пікірге келісті. ҚҰБҰ жұмысының ашықтығы тиімсіз басқару тәуекелдерін азайтады және авторлар мен құқық иеленушілердің сенімін арттырады.Қатысушылар депутаттардың ұжымдық басқару саласын цифрландыру туралы ұсыныстарын қолдап, өзекті деп таныды. ҚҰБҰ қызметін бақылау авторлар мен құқық иелері тарапынан да, мемлекет тарапынан да күшейтілуі керек.ҚР Әділет министрлігі шығармашылық қоғамдастықты қолдау үшін жаңа тетіктер мен бастамаларды әзірлеуді қоса алғанда, авторлық құқықты қорғау жүйесін жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/948710
Ерболат Досаев Конгресс орталықтың құрылысы және Таулы қыраттағы жерді сатып алу туралы айтты 04.03.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Таулы қырат шағын ауданында, әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасатын Конгресс орталықтың құрылысы жөнінде пікір білдірді.«Қаланың жаңа Конгресс орталығы мемлекеттік меншікте болады. Қала бюджетінен инженерлік инфрақұрылым мен көркейтуге қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке демеушілердің қаражаты тартылады», – деді қала басшысы халықпен кездесуде.Ерболат Досаев жер телімдерін сатып алу барлық заң талабына сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.«Жер телімдерін сатып алу белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Ұсынылған бағаға келіспегендер сотқа жүгіне алады. Кейбір жер иелерімен қажетті келісімдер жасалып, төлемдер жүргізілді. Ең бастысы, жер телімдерінің негізгі бөлігі қазірдің өзінде қаланың меншігінде. Біз тұрғындардың құқығын ешқандай жағдайда бұзбаймыз», – деді әкім.Қала басшысы Алматыда қазіргі уақытта Конгресс орталықтың жоқ екенін айтты.«Біздің қаламызда Конгресс орталық жоқ, сондықтан біз оны саламыз. Кейбір жалған ақпараттар тарап, бұл аумақта коммерциялық жылжымайтын мүлік бой көтереді деген қауесет тарады. Қаланың барлық тұрғынын сендіргім келеді: коммерциялық жылжымайтын мүлік салынбайды, тек Конгресс орталық болады. Кеңес Одағынан бері Республика сарайынан басқа мұндай нысандар салынған жоқ», – деді Ерболат Досаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/947609
«Бұл мен үшін принципті мәселе»: Ерболат Досаев – Медеу ауданындағы 50 мың тұрғынның сумен қамту мәселесі қалай шешілді 04.03.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде инфрақұрылым мәселесін шешу, алыс орналасқан шағын аудандарды сумен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету туралы айтты.«Бұрын көтерілген көптеген мәселе бүгінде шешімін тапты. Былтыр Каменск үстірті бойынша қаншалықты дүрлікпе болғанын бәрі ұмытты. Қазір ауданның 50 мың тұрғыны тұрақты сумен қамтылды, бұл мәселе қайта көтерілмейді. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Биыл біз ауданның батыс бөлігінде жұмыс жүргіземіз, ал келесі жылы шығыс бөлігіне, оның ішінде су бұру жүйелері мен желілердің құрылысын қолға аламыз. Себебі тұрғындар септиктерді пайдаланғандықтан, таулардың жылжуына қауіп төнеді. Бұл мәселе мен үшін аса маңызды», – деді қала басшысы.Еске салсақ, Медеу ауданындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында бұрын су және кәріз жүйесі болмаған алыс шағын аудандар қамтылды. Осылайша, биыл наурызда «Каменск үстірті» шағын ауданының батыс бөлігінде 7 мың тұрғынды сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін 50 км тарату желілерінің құрылысы басталады. Жұмыс 2026 жылдың қыркүйегінде аяқталады.Сондай-ақ, биыл Музтау, Сұлусай, Атырау, Алатау, Кіші Станица және Таулы қырат шағын аудандарында тағы 100 км су құбыры және кәріз желілері салынады.Маңызды жобалардың бірі – 2024 жылдың шілдесінде резервтік сумен жабдықтау жүйесінің іске қосылуы болды. Бүгінде бұл жүйе Талғар жерасты су көздерінен тәулігіне 32 мың текше метр су жеткізіп, Самал, Көктөбе және Таулы қырат шағын аудандарының 50 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/947611
Ерболат Досаев – Алматыдағы жаңа Конгресс-орталық мемлекеттік меншікте болады 04.03.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жаңа Конгресс-орталықтың құрылысы туралы айтып берді.Қала басшысы Алматыда мұндай көрнекті нысандар кеңес заманынан бері салынбағанын атап өтті.«Болжамды жаңа Конгресс- орталығы мемлекеттік меншікте болады. Қала бюджетінен қаражат инженерлік инфрақұрылым мен абаттандыруға бөлінеді. Сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке демеушілік қаражат тартылады», - деді Ерболат Досаев.Сондай-ақ, Алматы әкімі белсенді тұрғындарға қала дамуына көңіл бөлгені үшін алғысын білдіріп, жобаның Алматыға пайда әкелетініне сенім білдірді.«Біздің қала дамуы тиіс. Алматыда еркін мемлекеттік жер қоры жоқ, сондықтан біз жолдарды ұзарту, әлеуметтік инфрақұрылымды, қоғамдық кеңістіктерді дамыту үшін жер сатып алуға мәжбүрміз. Біз мұның бәрін тек заң жүзінде ғана жасаймыз», - деді қала басшысы.Ерболат Досаев жоспарланған Конгресс-орталықтың орнында коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысының алынып тасталғанына сендірді.«Бюджеттік ақшаға сатып алынған жердің бірде - бір жер кодексі бойынша біз жеке меншік иелеріне бере алмаймыз. Бұл мәселені жадымыздан мүлдем шығарып тастау қажеті», - деп қорытындылады сөзін қала басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/947613
«Бюджет қаржысына сатып алынған бір сотық жер де жекеменшікке өтпейді» – Ерболат Досаев 04.03.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мемлекеттік қажеттілік үшін жерді сатып алу тетігін түсіндірді.«Жерді сатып алу үшін берілетін өтемақы сомасы халықтың барлық қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз деп айтылып жатыр. Бағалаудың заңнамамен белгіленген нақты механизмдері бар, бірақ егер сот заңға сәйкес көбірек өтемақы тағайындаса, қала оны төлейді. Қажетті қаражатты табамыз, үнемдейміз. Ең бастысы, қаланың дамуы қажет. Қала әкімі ретінде менде шаһарды дамыту үшін жеткілікті мемлекеттік жер қоры жоқ», – деді Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуде.Қала басшысы 2022 жылы тағайындалғаннан бері әкімдік жерді жол салу, әлеуметтік инфрақұрылым мен қоғамдық кеңістіктерді дамыту мақсатында ғана сатып алып жатқанын және мұның бәрі заң аясында жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.«Бюджет қаражатына сатып алынған бір сотық жерді де Жер кодексіне сәйкес жекеменшікке бере алмаймыз. Бұл мәселені бірден нақтылап айтқым келеді, әкімдік жерді сатып алып, оны біреуге бере алады деген ой болмауы керек. Бұл Жер кодексімен қатаң түрде тыйым салынған, бізде мұндай әрекетке баруға құқығымыз жоқ», – деді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/947615
Алматыда заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылады 04.03.2025
Сот шешімі бойынша Медеу ауданындағы 3-ші көше, 12-учаске бойына салынған нысанды бұзу басталды, деп хабарлайды Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы.Құрылысқа рұқсат беру құжаттарының пакеті жоқ, ол жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.Нәтижесінде меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданды.Меншік иесі нұсқаманың талаптарын орындамағандықтан, бұзу туралы талап арыз аудандық сотқа жіберілді.2024 жылғы 7 ақпанда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.Нысанды бұзу бүгін қаланың Әділет департаментінің қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 67 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/947618