Enbekshi QazaQ

Саясат

Ақтөбеліктер татулықтың нышанына айналған Алғыс айту күнін атап өтті 04.03.2025
Ақтөбеде Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. ҚХА ғимаратында өткен «Алғыс бәріңе» атты мәдени шараға облыс әкімі, түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен өңір тұрғындары қатысты.30 жыл бұрын 1 наурызда еліміздеҚазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы жылдар ішінде ҚХА елдегі этносаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарды және қоғам мен мемлекет арасындағы диалог үшін бірегей алаңға айналды.Шарада өңір басшысы Асхат Шахаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, онда Ассамблеяның ұлттық бірлікті нығайтуға, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға қосқан зор үлесі жайлы атап өтілді.Облыс әкімі ақтөбеліктерді атаулы күн менжәне Алғыс айту күнімен құттықтап, оның мейірімділіктің, бейбітшілік пен келісімнің символы екенін тілге тиек етті. Ол өңірдің барша тұрғындарына облыстың дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, денсаулық, амандық және табыс тіледі.«Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келген көктемнің шуақты мерекесі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесімі тапқан күні. Алғыс айту күні деген қиын сәттерде бізді қолдағандарға жылы сөздер айтуға ғана емес, сонымен бірге бейбітшілік пен келісімге деген адалдығымызды қайта дәлелдеуге мүмкіндік беретін ерекше сәт. Баршаңызды ынтымағы мен бірлігі жарасқан өңіріміздің нығаюына және өсіп-өркендеуіне, көркейюіне, тұрақты дамуына қосқан үлестеріңіз, сіңірген қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Әр отбасыға амандық, бақ-береке және татулық тілеймін», - деп Асхат Шахаров тілегін жеткізді.Осыдан кейін облыс әкімі Ассамблеяның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан өңірдегі ҚХА ардагерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың қатарында Хабиба Саркулова, Константин Цхай, Хасан Сагаев, Роза Болдагарина және Еркін Құрманбеков бар.Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтаржылы» аясында облыс әкімінің алғыс хаттарымен әртүрлі сала өкілдері марапатталды, олар күнделікті өмірдеқажырлы еңбектерімен аймақтың өркендеуіне үлес қосып келеді.Алғысхат «Neo plus» ЖШС қызметкері Айкенже Намазбаеваға табысталды. Айкенже кәсіпорында 21 жылдан бері жұмыс істейді, өз міндеттерін адал атқарып жүр. Оның күш-жігерінің арқасында қалада тазалық пен тәртіп қамтамасыз етілуде.Сондай-ақ, «Qala Trans» ЖШС автобус жүргізушісі Сергей Храмов өмірінің 37 жылынқоғамдық көлік саласына арнады, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күнделікті жұмысы үшін олалғыс хатқа ие болды.Облыс әкімінің Алғыс хатымен Ақтөбе хром қосындылары зауытының жөндеу-механикалық цехының кран машинисі Гүлуся Рабежа марапатталды. Еңбек өтілі – 46 жыл, ол өзін әркез бастамашыл және жауапты маманретінде көрсетіп келеді.Марапаттау рәсімінен кейін іс-шара этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертпен жалғасты. Бағдарламада «Шатлық», «Достық» ансамбльдері, «Zhana.kz» және басқа да хореографиялық және вокалдық нөмірлеркөрермен назарына ұсынылды.Мереке Қазақстан халқының достығы мен бірлігінің маңызын тағы бір айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948873
Еңбек адамы: Бозгулов Марат Ержігітұлы су шаруашылығы саласының тәжірибелі маманы 04.03.2025
Марат Ержігітұлы 46 жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман, оның 23 жылын су шаруашылығына арнаған.Еңбек жолын 1974 жылы «Союзгипрорис» институтының Қызылорда бөлімшесінде техник болып бастаған.1982 жылы Жамбыл гидромелиортивтік-құрылыс институтын аяқтап, «Кызылордаводстрой» трестінде шебер, прораб, аға шебер болып 10 жылға жуық жұмыс істеді.1987–1990 жылдары ПМК-29 ұйымында, Жаңақорған – Шиелі күріш массивіндегі мекемелерде, Сырдария ауданындағы «Амангелді» совхозында егістік жерлерді инженерлік жүйеге келтіру жұмыстарына басшылық етті.1990 жылдан бері Арал теңізін құтқару Қорының бастамасымен Сарышығанақ каналын қазуға, және Қамбаш пен Райым ауылдарына баратын Арал – Сарыбұлақ су құбырларының насос станциалын салуға өз үлесін қосқан қызметкер.Марат Ержігітұлы су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан су ресурстарын тиімді басқару мен инженерлік жүйелерді жетілдіруде жоғары нәтижелерге қол жеткізген тұлға. Еңбегі елеулі, білімі терең, саланың қыр-сырын жетік меңгерген беделді маман.2020 жылы Қазақстан су шаруашылығы қауымдастының «Су шаруашылығының үздігі белгісімен», 2022 жылы «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен, Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы Дирекциясының «Арал теңізін құтқаруға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/948867
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алғыс айту күнімен қатар келген қасиетті Рамазан айымен құттықтады! 04.03.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алғыс айту күнімен қатар келген қасиетті Рамазан айымен құттықтады!Толығырақ: https://t.me/Nurzhan_Nurzhigitov/1556Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/948884
ӨЗАРА ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ 04.03.2025
Жетісу облысының әкіміБейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың1 Наурыз – Алғыс айтукүнімен құттықтауы Құрметті жетісулықтар!Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайта отырып, халқымыздың мейірімділік пен жанашырлық, бір-біріне жәрдем етіп, қамқор болу сияқты ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртып, санамызға берік орнықтыра түседі.Жер жаннаты Жетісу тарих толқынында тағдыр тоғыстырған жетпістен астам ұлт пен ұлысқа құтты мекен болып отыр. Бүгінде Жетісу халқыөзара сыйластығының арқасында өңірімізде татулықты нығайту мен тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.Осы ретте облыс тұрғындарына адал еңбегі менел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғаусыз алғысымды білдіремін.Көктемнің алғашқы күнінде сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948821
РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 04.03.2025
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы Құрметті қауым! Қасиетті Рамазан айының басталуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!Барша мұсылмандар үшін маңызы ерекше бұл айда сабырлық, қанағатшылдық, мейірім мен қамқорлық сияқты сауабы мол құндылықтар кеңінен паш етіледі. Көпшілік ауыз бекітіп, салауат айтылып, жастарға имандылық қағидаттары дәріптеледі. Осы орайда Рамазан айының ел бірлігін нығайтудағы, халықтың бір-біріне деген өзара көмек пен жанашырлық қасиеттерін арттырудағы рөлі зор. Әрдайым еліміздің бақ-берекесі арта берсін!Ұстаған оразаларыңыз, жасаған ниет-тілектеріңіз, сауапты істеріңізқабыл болсын.Баршаларыңызға денсаулық, отбасыларыңызға игілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948844
Талдықорғандағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды 04.03.2025
Бүгін Талдықорған қаласындағы Достық үйінде республикалық форум аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, облыстық ҚХА мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, депутаттық топ мүшелері мен жастар қатысты,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мерекелік кездесу барысында өңір басшысы алдымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған құттықтауын оқыды.Өз құттықтау хатында Президент ҚХА-ның жылдар бойы халқымыздың ынтымағын нығайтуға, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді сақтауға өлшеусіз үлес қосқанын айта келе, осы ұйымның белсенді қызметі арқылы еліміздегі барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйлесімді дамытуға, сондай-ақ қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеруге жол ашылғанын атап өтті.«Ассамблея ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, отаншылдық пен ынтымақтастық, жасампаздық пен жауапкершілік сияқты басты құндылықтарды дәріптеу жолында айрықша рөл атқарады», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.Мұнан соң облыс әкімі Жетісуда тарихы ортақ, тағдыры бір 70-тен астам ұлт пен ұлыс бар екенін, өңірде 21этномәдени бірлестік жұмыс істейтінін жеткізді. Ассамблеяның құрылу тарихына тоқталып:- Осы ретте біздің өңіріміз үшін маңызды естелікті келтіре кетсем. Талдықорған қаласында 1991 жылы алғаш рет Жетісу халқының жиналысы өтіп, онда «ұлттық мәдени орталықтар қауымдастығы» құрылды. Еліміздегі алғашқы Достық үйі де Талдықорғанда ашылды, - дей келе Бейбіт Исабаев облыстық Ассамблея ардагерлеріне бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, марапаттау рәсімін атқарды.ҚХА ардагерлеріне, Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері менэтномәдени бірлестіктердіңөкілдеріне – жалпы саны 20-ға жуық адамғаоблыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етілді.Бұдан соң «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шарада мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.Ассамблея мүшелері мерекеге орай өз тілектерін білдірді. Облыстық ҚХА жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің жетекшісі, ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшесі Светлана Гаитова:- Алғыс айту мерекесінде барша жетісулық жерлестеріме өзім секілді аналардың атынан ризашылығымды білдіремін. Ассамблеяның құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осы 30 жыл ішінде біз достықта, берекелі ғұмыр кештік. Бұдан былай да бірлігімізді нығайтуға әрқайсымыз атсалысамыз деп сенеміз, - деді.Ассамблея ардагерлерінің бірі Раиса Чофучина да өз құттықтауын айтты:- Ассамблея – көп этносты халықты біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдырып отырған аса маңызды құрылым. Біз мұнда бір-бірімізді танып біліп, бір-біріміздің салт-дәстүрімізге құрмет көрсетеміз. Мен қазақ тілін үйреніп, қазақ халқының әдет-ғұрпы жайы кеңірек біле бастадым. Бүгінгідей мереке бәрімізді біріктіре түседі. Барша жетісулықтарға зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін. Еліміз өсіп-өркендей берсін, - деді ол.Атап өтсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Жетісу облысында көп этностыөңірдің мәдениеті мен облыстық Ассамблеяның жұмысын паш ететін 70-тен астам кешенді іс-шаралар өткізу жоспарланған.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/948857
Азаматтық қорғау органдарының қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы (ТЖМ) 04.03.2025
2025 жылғы 28 Ақпанда азаматтық қорғау органдарының (ТЖМ) қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. ОтырыстаАзаматтыққорғауоргандарықызметініңмәселелеріжөніндегіҚоғамдықкеңестің2024жылыатқарылғанжұмыстуралыесептерітыңдалып, ҚазақстанРеспубликасыТөтенше жағдайлар министрлігінің2024жылғыжұмыснәтижелеріжәнеағымдағыжылғаарналғаналдағыміндеттер туралы есебіқабылданды. Тыңдау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948868
Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлік пен татулықтың кепілі 04.03.2025
2025 жыл – еліміз үшін ұлттық мәдени мұраны сақтау, дамыту және қолдау ісінде айрықша мәнге ие жыл. Бұл – барша отандастарымыз үшін маңызды кезең, себебі біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осынау бірегей қоғамдық институт ұлтаралық келісімді нығайтуда және түрлі этностарды Қазақстан халқының біртұтас қауымдастығы етіп біріктіруде маңызды рөл атқарып келеді.Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан халқы – біртұтас ұлт» қағидасын дамыту жолындағы басты ұйымға айналды. Осы ретте маңызды өңірлердің бірі – Шығыс Қазақстан. Біздің өңір көпэтностық мәдениеттің тыныштық пен келісім жағдайында өркендеуінің жарқын бір үлгісі болып отыр. 1992 жылы Шығыс өңірінде еліміздегі алғашқы Достық үйі ашылған еді. Содан бері Шығыс Қазақстан этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлерін құру ісінде көшбасшы аймақ саналады.Бүгінде Достық үйінде мәдени, ғылыми және өзге де қоғамдық маңызы зор жобалар жүзеге асуда. Олардың қатарында алғашқы этноауыл, «Достық керуені» жобасы, Тілдер мектебі және Қазақстан халқы Ассамблеясының мұражайы бар. Бұл бастамалар түрлі этностардың төл мәдениетін насихаттауға ғана емес, этносаралық өзара қарым-қатынастың тиімді алаңын қалыптастыруға да ықпал етіп отыр.Шығыс Қазақстанның Достық үйі өңір халқының тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуда айырықша рөл атқарады. Отыз жылдан астам уақыт бойы бұл мекеме түрлі этнос өкілдерінің бір мақсатта бірігіп, ел игілігі үшін қызмет етуіне мүмкіндік беретін бірегей орталыққа айналды. Соңғы жылдары Достық үйі жастар үшін, жергілікті қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін маңызды алаң болып, қоғамдық кездесулерді, пікір алмасуларды, әлеуметтік және мәдени жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасап келеді.Ассамблеядағы қоғамдық құрылымдардың табысты жұмысы – сөзіміздің айқын дәлелі. Бүгінгі таңда облыста 115 Ақсақалдар кеңесі, 114 Аналар кеңесі, Медиация орталығы және «Ассамблея жастары» ұйымы белсенді түрде қызмет атқаруда. Бұл құрылымдар жергілікті деңгейдегі өзара іс-қимылдарды өрістетіп, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді нығайтуға ықпал етіп келеді.Жастардың игі бастамаларын қолдау – Достық үйлерінің басым бағыттарының бірі. 2022 жылы Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінде Жастар коворкинг-орталығы ашылған еді. Бұл орталық азаматтық белсенділер үшін, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктері үшін шығармашылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын алаңға айналды.Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар театры жұмыс істеп тұр. Онда көпбалалы отбасылардың жеткіншектері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетеді. 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Қонақжай отбасы» жобасы балаларды қазақи тілдік ортаға бейімдеуге бағытталған. Бұл бастама балаларға қазақ тілін күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларды ұлттық мәдениетпен тереңірек таныстырады, сондай-ақ этносаралық қарым-қатынасты да күшейте түседі.Қазақ тілін сақтау мен дамыту ісіне ерекше назар аударылуда. Былтыр өңірдегі 11 Тілдер мектебінің базасында «Кел, сөйлесейік» атты қазақ тілін үйрететін 25 клуб ашылды. Олардың мақсаты – қазақ тілінде еркін сөйлесу дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар ауылдарда 74 Қазақ тілін оқыту орталығы жұмыс істейді, алдағы уақытта олардың санын 100-ге дейін көбейту көзделіп отыр.Бұдан бөлек, облыста «Мектепішілік кіші Ассамблея» жобасы жүзеге асуда. Бұл бастама өңірдегі 64 мектепті қамтып, оқушылар арасында этносаралық диалог орнатуға ықпал етіп отыр. 2019 жылдан бері іске қосылған «Мектептік медиация қызметі» бүгінгі таңда 174 мектепте жұмыс істеп, жасөспірімдер арасындағы даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге және әлеуметтік бірлікті бекемдеуге көмектесуде.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Достық үйлерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, этномәдени бірлестіктерді қолдау басты міндеттердің бірі болып отыр. Жалақыны көтеру, түрлі іс-шаралар өткізу және инфрақұрылымды жақсарту үшін бөлінген қосымша қаржыландыру Достық үйлерінің қызметін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек.Достық үйлерінің елдегі тұрақтылықты сақтау және түрлі этностарды біртұтас ұлт ретінде қалыптастырудағы рөлі ерекше. Бүгінгі таңда қоғамдық бірегейлікті қалыптастыру, отансүйгіштік пен этностық сан алуандықты құрметтеу идеологиясын ілгерілету аса маңызды.Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл бойы елімізді үлкен жетістіктерге жетелеп, этносаралық келісімді нығайту мен әл-ауқатымыздың артуына негіз қалады. Достық үйлерінің базасында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бастамалар әрбір этностың өз орнын тауып, Қазақстанның көпмәдениетті, біртұтас ұлт ретінде дамуына жағдай жасап отыр.Нұрымбет САҚТАҒАНОВ,Шығыс Қазақстан облысының әкіміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/948839
Астанада асық атудан қалалық чемпионат өтті 04.03.2025
Aspan спорт кешенінде асық ату спортынан Астана қаласының чемпионаты өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын біріншілікке 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер қатысып, «Шеңбер» және «Бес табан» ойыны бойынша бақ сынасты.«Астана қаласының ашық біріншілігіне 11 команда, барлығы 47 ойыншы қатысып отыр. Чемпионатқа қатысуға қаламыздағы спорт кешендерінен бөлек, ағылшынша білім беретін оқу ордаларының бірі – «Қуанту» мектебі де қызығушылық танытты. Осы жарыстан жеңгендер республикалық біріншілікке жолдама алады», - деді жарыстың бас төрешісі Дулат Омаров.Жарысқа қатысушы, елордадағы №84 мектептің оқушысы Нұралхан Сағындық бұл жарыс түріне үш жылдан бері қатысып келеді, жетістіктері де аз емес.«Мен 4-cыныптан бастап асық ойнай бастадым. Ұлттық спортқа досымның шақыруымен келдім. Қазақтың ұлттық ойыны бойынша қалалық жарыстарға екі рет қатысып, екеуінде де 1-орынды жеңіп алдым. Сондай-ақ ұлттық лигада 1-орын, ал республикалық чемпионатта 3-орын иелендім», - деген ол алғашында танымал болмаған бұл спорт түрі кейін жастар арасында кең тарай бастағанын айтты.Аталған жарысқа қатысушылар арасында спорт шеберіне үміткерлер де бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948811
1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні 04.03.2025
Жыл сайын 1 наурызда Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) бастамасымен түрлі елдерде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл күн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруге, сондай-ақ халық пен азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын арттыруға бағытталған және жыл сайын әртүрлі ұрандармен өткізіледі. Жыл сайын Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының шешімімен бұл күн жаңа ұранмен өтеді. Биылғы жылы іс-шаралар «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен өтуде. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс айлығының жоспарын бекітті, ол тек мереке күні ғана емес, бүкіл наурыз айында халықты барынша қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іс-шараларды қамтиды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау саласында халықты ақпараттандыру және оқыту мәселелеріне ерекше назар аударады. Азаматтық қорғаныс жөніндегі дүниежүзілік күн аясында елдің барлық өңірлерінде тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар, дайындық тренингтері, тақырыптық дәрістер мен ашық сабақтар, сондай-ақ ақпараттық және оқыту материалдарын тарату арқылы профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Бұл жұмыс халықтың төтенше жағдайлардағы әрекет ету дайындығын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948783
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Алғыс айту күнімен құттықтауы 04.03.2025
Құрметті ақмолалықтар!Сіздерді шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын!Бұл - бірегейлік пен бірліктің қазақстандық үлгісін нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге және тарихи жадты сақтауға ықпал ететін маңызды мереке.Бір-бірімізге ризашылық пен құрмет көрсете отырып, біз достық, мейірімділік және ынтымақтастық сияқты негізгі құндылықтарды насихаттаймыз.Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі ретіндегі өзінің маңызын іс жүзінде растайтын бірегей бейбітшілік және келісім институты өзіне жүктелген миссияны лайықты орындауда.«Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың» деген дана өсиетке сай, өзінің кәсіби және азаматтық борышын адал атқарып жүрген барлық ақмолалықтарға, Қазақстан Республикасының дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысымды білдіремін.Әр отбасына бақыт, амандық, бейбітшілік тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/948784
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаттарының үшінші күні қорытыланды 04.03.2025
Бүгін әйелдер мен жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионаттарының үшінші күні өтті. Спортшылардан кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту дисциплинасында бақ сынады. Үшінші күннің қорытындысы бойынша командалық есепте нәтижелер келесідей бөлінді: Әйелдер арасында:1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы2 орын - Алматы қаласы ТЖД құрама командасы3 орын - Түркістан облысы ТЖД құрама командасы Жасөспірім ұлдар арасында:1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы2 орын - Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы3 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы Жеке біріншіліктегі орындар: Әйелдер арасында:1 орын - 16,82 секунд нәтижесімен Печатнова Любовь, Астана қаласы2 орын - 17,32 секунд нәтижесімен Салмина Валентина, Шымкент қаласы3 орын - 17,37 секунд нәтижесімен Серикханова Алла, Астана қаласы Орта топ жасөспірім ұлдар арасында (15-16 жас):1 орын - 16,99 секунд нәтижесімен Боков Никита, Шығыс-Қазақстан облысы2 орын - 18,23 секунд нәтижесімен Амангелды Алишер, Астана қаласы3 орын - 18,56 секунд нәтижесімен Шевцов Кинилл, Шымкент қаласы Кіші топ жасөспірім ұлдар арасында (14 жас және одан кіші):1 орын - 18,60 секунд нәтижесімен Ефремов Назар, Астана қаласы2 орын - 19,13 секунд нәтижесімен Рыбалкин Дмитрий, Ақмола облысы3 орын - 19,79 секунд нәтижесімен Ребенок Владислав, Батыс-Қазақстан облысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948780
Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаттары аяқталды 04.03.2025
Астанада ХХХІІI - ерлер, ХI - әйелдер, Х- жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы Чемпионаттардың жабылуы өтті. 26-28 ақпан аралығында еліміздің әр өңірінен келген төрт жүзден астам өрт сөндіруші-құтқарушы біріншілік үшін күресті. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төраға орынбасары Қанат Доспаев қысқы Чемпионаттардың салтанатты жабылуына қатысты.Ол жеңімпаз спортшыларды марапаттап, олардың маңызды нәтижелерін атап өтті. Қорытынды бойынша жалпы командалық есепте келесі командалар Чемпион атанды: Ерлер арасында1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы2 орын – Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы3 орын – Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасы Әйелдер арасында:1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы2 орын - Алматы қаласы ТЖД құрама командасы3 орын - Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы Жасөспірім ұлдар арасында:1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы2 орын - Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы3 орын - Ақьөбе облысы ТЖД құрама командасы Жеке біріншіліктегі қоссайыс бойынша орындар: Ерлер арасында:1 орын - 30,09 секунд нәтижесімен Ануарбеков Назарбек, Астана қаласы2 орын - 30,11 секунд нәтижесімен Снегирев Дмитрий, Астана қаласы3 орын - 30,32 секунд нәтижесімен Текенов Бауыржан, Қарағанды облысы Әйелдер арасында:1 орын - 24,73 секунд нәтижесімен Дзолба Оксана, Алматы қаласы2 орын - 24,76 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы3 орын - 24,80 секунд нәтижесімен Печатнова Любовь, Астана қаласы Жеке және командалық сынақтардағы жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Чемпион командаларға жеңімпаздар кубогы табысталды. Жеке жарыста жүз метрлік жолақтан өтуде үздік нәтиже көрсеткендер Чемпионатта «Алтын бұранды» номинациясымен марапатталды. «Алтын бұранды» номинациясының жеңімпаздары Ерлер арасында16,13 сек нәтижесімен Шәріпханов Ержан, Абай облысы Әйелдер арасында16,67 сек нәтижесімен Печатнова Любовь, Астана қаласы Үздік спортшылар 2025 жылғы 15-18 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» кубогына қатысу үшін іріктеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948781
Қазақстан ТЖМ бірінші әмбебап құтқару бөлімшесі Теміртауда ашылды 04.03.2025
  Қарағанды облысында алғашқы әмбебап құтқару бөлімшесінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және өнеркәсіп секторының өкілдері қатысты.  Жаңа бөлімше заманауи үш қабатты өрт сөндіру депосының негізінде құрылды және шұғыл әрекет ету жүйесінің маңызды элементіне айналады. Оның басты ерекшелігі — құтқарушылар өртті сөндірумен ғана емес, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізумен, сондай-ақ стратегиялық маңызды объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылаумен де айналысатын болады.  Депоны салу үшін оған арналған орынды таңдау барысында барлық мәселелер ойластырылды. Аталмыш объект тұрғын аудандар және әлеуметтік нысандармен қатар, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды да қамтитындай етіп орналастырылған. Өңірдегі жетекші метталлургиялық кешеннің бірі «Qarmet» АҚ-ның «Болат департаментіне» жақындығына ерекше назар аударылды. Себебі мұнда техногендік авариялардың туындау қаупі жоғары болғандықтан, құтқарушылардың жедел әрекеті талап етіледі.  Қызметкерлер үшін қызмет өткеру үшін барлық жағдайлар жасалған: «Batyr team» ведомстволық спорт клубының заманауи жаттығу залы, психологиялық көмек көрсету бөлмесі, душ, асхана, әкімшілік кабинеттер және техникасы бар кең ангар орналасқан. Бөлімше құрамында Теміртау ТЖ басқармасының, өнеркәсіптік қауіпсіздік және авариялық-құтқару қызметтері бөлімінің қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ әмбебап бөлімше базасында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының филиалын құру жоспарлануда.  Рәсім барысында министр Шыңғыс Аринов құтқарушыларды әлеуметтік қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, қызметтік пәтерлердің кілттерін табыс етті.  Ведомство басшысы жобаны іске асыруға көрсеткен қолдауы үшін жергілікті атқарушы органдарға алғысын білдірді.«Әмбебап құтқару бөлімшесін ашу – Теміртау мен оның өнеркәсіптік нысандарының қауіпсіздігін күшейтудің стратегиялық қадамы. Біздің қызметкерлеріміздің кәсібилігі мен заманауи техниканың арқасында біз кез келген қауіп — қатерге тиімді жауап бере аламыз», - деп атап өтті министр.  Ашылу аясында бөлімшеге мамандандырылған техника берілді. Бұл оның ұтқырлығы мен техникалық жабдықталуын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.  Әмбебап құтқару бөлімшесін құру төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартып қана қоймай, ықтимал қауіптер мен залалдарды азайтады.  Қазақстан ТЖМ елдегі қауіпсіздік деңгейін біртіндеп арттыра отырып, азаматтық қорғау қызметін нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948713
Облыс әкімі су тасқынына дайындықты қатаң бақылауға алуды тапсырды 04.03.2025
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен алғашқы әкімдік отырысы өтті. Жиында су тасқынына дайындық барысы, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының іске асырылуы, инклюзивті білімді дамыту, бұқаралық спорт түрлері мен спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жайы талқыланды.Қазіргі таңда облыстың жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4656 шақырымды құрайды (облыстық – 1593 шақырым, аудандық – 3063 шақырым). Осы жолдардың бойында 130 көпір мен 2102 су өткізу құбыры орналасқан. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталған су өткізу құбырларының 68 пайызы тазартылған.Аймақ басшысы облыста көктемгі су тасқынына қарсы шаралар жоспары бекітілгенін, жұмыстың барлығы соған сәйкес мерзімінде әрі сапалы жүргізілуі қажеттігін атап өтті. Өңірдің барлық су қоймаларындағы су деңгейін жіті бақылап, су өткізу арналары, арықтар мен көпірлердің уақтылы тазалануын, су тасқыны қаупі бар аймақтардағы дамбалардың, инерттік материалдардың дайын болуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.«Көктем ерте шығады деген болжам бар. Сондықтан су тасқынына дайындықты қатаң бақылауға алыңыздар. Біздің басты мақсатымыз - тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Төтенше жағдай туындаған уақытта тез арада жедел шаралар қабылдауға дайын болуымыз керек» деді облыс әкімі.Аймақ басшысы сондай-ақ ветеринария басқармасына, қала және аудан әкімдеріне мал қорымдарының санитарлық, техникалық жағдайын тексеруді тапсырды.Отырыста «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде облыста салынған медициналық-санитарлық нысандардың қазіргі жәй-күйі талқыланды. Облыс әкімі Құрылыс басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп медициналық нысандардағы абаттандыру және инженерлік инфрақұрылым жұмысын толық аяқтауды міндеттеді.«Аудан әкімдері жаңадан салынған медициналық нысандарды қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге көңіл бөліңіздер. Қызметтік пәтер беру кезінде денсаулық сақтау саласындағы жас мамандарға басымдық беру қажет. Өйткені, қазіргі таңда қала-аудандарда 80 дәрігер жетіспейді» деді аймақ басшысы.Отырыста тиісті басқарма өкілдері облыс әкіміне өңірде инклюзивті білімді дамыту, бұқаралық спорт түрлері мен спорттық инфрақұрылымды жаңғырту туралы баяндады. Аймақ басшысы Білім басқармасына ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамның толыққанды мүшесі сезінуі үшін барлық жағдайды жасауды тапсырдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/948726
Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады 04.03.2025
Абай облысының әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Оған қала, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты.Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, көшелерді жарықтандыру, электр желісін тарту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін ғимарат салу, мәдени нысандар санын көбейту мәселесін көтерді.Семей қаласының тұрғыны Құсмілия Нұрқасым Үржар ауылында өлкетану музейін салу жоспарланып, жобаның тоқтап қалғанын жеткізіп, көмек көрсетуді өтінді. Аягөз ауданының тұрғыны Рауза Керімова Аягөз қаласында жеке қор есебінен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап салынып жатқан ғимарат құрылысын аяқтауға жәрдемдесуді сұрады. Семей қаласының тұрғыны шаһарда кезекте тұрған көп балалы аналарға бөлінетін пәтерлер санын көбейту туралы ұсынысын алға тартты.Қабылдауға келген азаматтардың барлығына түсініктеме берілді. Облыс әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/948772
Алғыс айту эстафетасы: елордалық мәдени мекемелер ерекше іс-шара өткізді 04.03.2025
Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты мәдени мекемелер ұжымы Алғыс айту күніне орай алғыс айту эстафетасын жалғастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы әкімдігінің Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов әріптестерін Алғыс айту күнімен құттықтады.— Құрметті өнерсүйер қауым! Баршаңызды Алғыс айту мерекесімен құттықтаймын. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бейбітшілік болсын! — деген әнші эстафетаны Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының ұжымына жолдады.— Алғыс айту күні – өзара ризашылық пен құрметтің мерекесі. Осы тамаша күні сүйікті көрерменімізге, әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз, — деген Әзірбайжан Мәмбетов театрының актерлері алғыс айту эстафетасын «Наз» мемлекеттік би театрына жолдады.Өз кезегінде Алғыс айту күнімен құттықтаған «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымы эстафетаны Астана қаласы әкімдігінің «Қанаттылар» инклюзивті театрына жолдады.— Құрметті әріптестер! Өнер мен мәдениеттің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген актерлерімізге алғысымды айтамын, — деген «Қанаттылар» инклюзивті театрының басшысы Арнұр Қайнарбекұлы эстафетаны «Жастар театрына» жолдады.«Жастар театрының» жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Ернар Жұматаев та өзінің құттықтауын жеткізді.— Алғыс айту адамға қашан да жылулық сыйлайды. Адамға алғыс айта білу – ішкі мәдениеттің жоғарылығы деп білемін. Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! — деді ол.Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қалқаман Сарин де жылы лебізін білдірді.— Бүгін – ерекше мереке, Алғыс айту күні. Бұл күн бізге жақсылықты бағалап, ризашылық білдірудің қаншалықты маңызды екенін еске салады. Ең әуелі, мен мәртебелі мамандық иелері – кітапханашыларға алғысымды айтқым келеді. Кітап – біздің рухани байлығымыз, жан азығымыз. Ал кітапхана – білім мен ғылымның, ақыл мен ойдың, даналықтың қазынасы. Кітапханашылар осы байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін жандар. Сондықтан ең алдымен оларға, содан кейін кітапқа алғыс айтуымыз керек деп ойлаймын, — деді ол.Сонымен қатар, Алғыс айту күніне орай «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай мен танымал журналист, тележүргізуші Мая Бекбаева халықты мерекемен құттықтап, өз жылы лебіздерін жолдады.Сондай-ақ әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Құрмаш Махан да құттықтау сөзін арнады.— 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Баршаңызға мың алғыс! Ел аман, заман тыныш болсын! Бір-бірлеріңізге алғыс айтып жүріңіздер. Алғыс – жақсылық, бір-бірімізге деген мейірбандық. Бұл өмір мейірімге толы болса, онда, әлбетте, біз бақыттымыз, — деді ол. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948751
Астанада «Бірлігі бекем ел озар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 04.03.2025
Елордадағы Достық үйінде «Мәміле» пікірталас қазақ тілі клубы «Бірлігі бекем ел озар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай өткен дөңгелек үстел отырысында қазақ тілін үйреніп жүрген этнос өкілдері алдымен қазақ халқына алғыс айтып, қазақ тілінің Қазақстан халқын біріктірудегі рөлі мен маңызына тоқталды.Модератор Сағым Естемесова қазақ ұлтының тілі мен мәдениетіне қатысты қызықты және маңызды мазмұндарды бөлісе отырып, тақырып аясында қатысушылармен пікір алмасты. Сонымен қатар оларға қазақтың береке-бірлігіне қатысты мақал-мәтелдерді үйретті.«Біз бұл жерде қазақ тілін үйретіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да таныстырамыз. Сондай-ақ әр этнос өкілдері өз мәдениетін насихаттап, өзара үйренеді. Кейде әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап әкелетін кездері болады. Осы клубта сабақ беріп жүргеніме 5-6 жылдан асты. Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтетін үйрену курсына қазақ тілін үйренгісі келетін жас балалардан бастап 80 жастағы әжелерге дейін қатысады. Бір ауыз сөзбен айтқанда, бұл клубтың қазақ тілі мен мәдениетін насихаттаудағы рөлі ерекше», – деді Сағым Барлықбайқызы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948767
Астанада зейнеткерлер «Жүректен – жүрекке» акциясын өткізді 04.03.2025
Астананың Нұра ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен Ботаникалық бақта «Жүректен – жүрекке» атты акция өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылған іс-шарада 80-ге жуық зейнеткер еңбек адамдарына ыстық шай мен бауырсақ тараттыАкция аясында скандинавиялық жүріспен айналысатын зейнеткерлер коммуналдық қызмет мамандарын Алғыс айту күнімен әрі көктемнің келуімен құттықтап, жадыраңқы көңіл-күй сыйлады.«Жұмысшы мамандықтары жылы» ұйымдастырылған «Жүректен – жүрекке» акциясы жақсы дәстүрге айналып, қаланың басқа да аудандарында жалғасады деп сенемін. Мұндай бастамалар коммуналдық қызметкерлер еңбегінің маңызын айқындап, өзара бірлікті нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті скандинавиялық серуен үйірмесінің жетекшісі Толғанай Үсенбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948769
Елордада көпқабатты үйлерге инвентаризация жүргізіліп жатыр 04.03.2025
Астана қаласында Есіл ауданының тұрғындарына инвентаризация не үшін қажет және оны қалай өткізу керектігін «Өркен қала» ЖШС өкілдері кездесуде айтып берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.«Өркен қала» ЖШС директорының орынбасары Гүлвира Әбетова жергілікті атқарушы органдар кондоминиум объектілерін түгендеу және жыл сайын өзектендіру бойынша іс-шаралар өткізуді және талаптардың орындалуын сақтауды қамтамасыз ететінін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде есепке алуды және деректерді орталықтандырылған жинауды жүргізетінін айтты. Алайда, түгендеу жүргізуге және деректерді беруге тікелей кондоминиум объектілерін басқару органдары жауапты болып саналады.«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жататын барлық бөліктер есепке алынуға жатады – бұл қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, залдар, дәліздер, баспалдақтар, лифтілер, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы үй инженерлік жүйелері мен жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы жер учаскесі және үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және басқа да ортақ пайдаланылатын мүлік. Оларды есепке алу сізге үйді күтіп ұстауды жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді, өйткені басқару объектісі неден тұратынын білсеңіз, шешім қабылдаудың ашықтығын құру оңайырақ болады», – деп жауап берді спикер.Гүлвира Әбетова түгендеу қалай жүргізілетіні және оның қандай кезеңдерден тұратыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сондай-ақ лифтілерді, шатырларды, жылу пункттерін, өртке қарсы жүйелерді күрделі ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға КТК қатысу мәселесіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948770