Экономика
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады 04.02.2026
Парижде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі Континенттік Еуропа департаментінің директоры Брис Рокфейдің қатысуымен қазақ-француз саяси консультацияларының 11-ші раунды өтті.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті бағыттарын талқылады.А.Исетов Қазақстан мен Франция арасындағы саяси диалогтың тұрақты әрі сенімді сипатқа ие екенін және оның мемлекеттер басшылары деңгейіндегі жүйелі байланыстар арқылы қолдау табуда екенін атап өтті.Экономикалық бағыттағы мәселелерді талқылау барысында А.Исетов Францияның Қазақстанның жетекші еуропалық сауда-инвестициялық серіктестерінің бірі ретіндегі рөлін атап өтті. Францияның Қазақстан экономикасына салған жалпы инвестиция көлемі шамамен 21 млрд АҚШ долларын құрайды. Француз компаниялары энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, орнықты даму және денсаулық сақтау сынды Қазақстан үшін басым салалардың дамуына елеулі үлес қосуда.Гуманитарлық салада білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік расталды.Тараптар көпжақты күн тәртібіндегі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне қатысты ұстанымдардың сәйкестігін, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділікті атап өтті.Экологиялық және климаттық күн тәртібі аясында қазақ тарапы 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Қазақстанда өтетін БҰҰ-ның Өңірлік экологиялық саммитіне қатысты француздық серіктестердің белсенді ұстаным білідіретіндіктеріне үміт білдірді. Француз делегациясының қатысуы 2024 жылғы желтоқсанда Эр-Рияд қаласында Қазақстан мен Франция президенттерінің төрағалығымен өткен One Water Summit бастамасының логикалық жалғасы болмақ.Өз кезегінде Б.Рокфей Францияның Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін тағы да растай отырып, мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асырудың маңыздылығына назар аударды.Сонымен қатар А.Исетов Парижге сапары аясында Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі Саяси және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бас директоры Фредерик Мондолонимен кездесті. Оның барысында екіжақты, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1154178?lang=kk
Цифрлық даму және Жасанды интеллект: Қостанай облысы жүйелі трансформацияға көшуде 03.02.2026
Қостанай облысында цифрлық даму және жасанды интеллектіні енгізу саласында белсенді жұмыс жүргізілуде. Өңір басшысы Құмар Аксақаловтың қатысуымен өткен отырыста алдағы кезеңдегі негізгі басымдықтар анықталды. Олар жеке цифрлық шешімдерден өңірдің экономикасына, мемлекеттік басқарудың тиімділігіне және тұрғындардың қажеттіліктеріне бағытталған кешенді цифрлық трансформацияға көшуге бағытталған.2026 жылды Мемлекет басшысы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Бұл кезең деректерге негізделген басқаруға және ЖИ-ді практикалық қолдануға өту үшін маңызды болып саналады. Негізгі назар нақты экономиканың цифрландыруына аударылды – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ әлеуметтік сала – денсаулық сақтау және білім беру. Басты мақсат – цифрлық технологияларды енгізу арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету және өңірде біртұтас цифрлық экожүйеге көшу.«2025 жылы өңірдегі автокөлік зауыттарында, тау-кен өндіру және машина жасау кәсіпорындарында 101 өнеркәсіптік робот орнатылып, қазіргі таңда жалпы саны 145 робот пайдаланылуда. 44 елді мекенде антенна-мачталық құрылыстар салынды. Соның нәтижесінде шамамен 14 мың ауыл тұрғыны 4G мобильді интернетіне қол жеткізді. Соңғы 3 жылда біз барлық 440 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге қол жеткіздік. 2025 жылғы қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша Қостанай облысы үшінші орынды иеленді, ал электрондық форматта қызмет көрсету бойынша екінші орынға шықты», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Аксақалов.Бүгінгі күні өңірде тұрақты IT-экожүйе қалыптасып келеді. Қостанай облысында шамамен 340 IT-компания жұмыс істейді. 2025 жылғы қорытынды бойынша олардың қызметінен түскен салық түсімдері шамамен 650 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Сонымен қатар, IT-қызметтер экспорты өсіп келеді – өңірлік компаниялар өздерінің цифрлық өнімдері мен шешімдерін сыртқы нарықтарға шығарып жатыр.Цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Ауылдық елді мекендерді 4G интернетпен қамтылуы тұрақты өсу көрсеткішін көрсетеді: 2022 жылы бұл көрсеткіш 60% болса, 2025 жылы 76%-ға жетті. Білім беру саласындағы цифрлық алшақтық айтарлықтай қысқартылды: 2022 жылы жылдамдығы 20 Мбит/с жоғары интернет тек 88 мектепте (19,4%) болса, 2025 жылы барлық 440 мектепке жоғары жылдамдықты интернет жеткізілді.А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетпен бірлесіп, алдағы бір ай ішінде Tomorrow School (Франция) халықаралық жасанды интеллект мектебінің ашылуы аяқталатын болады.Информациялық жүйелерді біріктіруге де ерекше назар аударылуда. 2026 жылы жүйелерді консолидациялау және ұлттық үлкен деректер платформасына интеграциялау жоспарлануда. Бұл аналитика мен жасанды интеллектіні басқаруда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.Мемлекеттік қызметтер саласында Қостанай облысы көшбасшы болып отыр: онлайн-мониторинг бойынша бірінші орын, электрондық қызметтердің сапасы бойынша екінші орын, екі зерттеу қорытындысы бойынша агрегаттық рейтингте үшінші орын. Тұрғындардың қызметке қанағаттану деңгейі жоғары сақталуда. Алдағы кезеңде ең сұранысты 80%-дан кем емес қызметтер проактивті және мобильді форматқа, сонымен қатар жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып көшіріледі.Цифрландыру өңірде басқарудың тиімділігін арттыру, экономиканы дамыту және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту үшін маңызды құралға айналуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1153871?lang=kk
Қозғалысты қайта қалпына келтірген ота: Қонаевта МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық нейрохирургиялық ота сәтті өткізілді 03.02.2026
Бірнеше жыл бұрын спинальды стеноз диагнозы қойылған науқас ірі медициналық орталықтарға жүгінуге мәжбүр болатын. Бүгінде осындай жоғары технологиялық операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында сәтті жүргізілуде.58 жастағы науқас қатты бел ауруымен және қозғалыстың шектелуімен ауруханаға түсті. Әр қадам ауырлық тудырып, күнделікті өмірі тек бірнеше метрге дейін ғана ауырсынусыз жүруге дейін қысқарған. Аурухана мамандары жүргізген кешенді диагностикалық тексерулер спинальды стенозды анықтады - омыртқа арнасының тарылуы салдарынан жұлын мен жүйке тамырлары қысылған. Уақытылы хирургиялық араласусыз бұл жағдай ауыр неврологиялық асқынуларға және мүгедектікке әкелуі мүмкін еді.Шешім дереу қабылданды. МӘМС шеңберінде науқасқа омыртқа арнасының микрохирургиялық декомпрессиясы және гипертрофияланған байламды алу отасы жасалды - күрделі, бірақ өте тиімді араласу.Отаны орындаған - жоғары білікті нейрохирург Гизатуллин Марат Римұлы, омыртқа патологияларын емдеудің заманауи микрохирургиялық әдістеріне терең маманданған дәрігер. Операцияның қауіпсіз өтуі мен науқастың тұрақты физиологиялық жағдайын қамтамасыз еткен - реаниматолог - анестезиолог дәрігері Бакриев Рият Айсамжанұлы, ол наркоз жүргізу және науқастың ота кезіндегі жағдайын кәсіби деңгейде бақылады. Дәрігерлердің бірлескен жұмысы ота жасауды қауіпсіз етіп, асқынулар қаупін азайтып, қалпына келу мерзімін қысқартты.Операция сәтті өтті. Бірнеше күннен соң науқас ауырсынудың айтарлықтай азайғанын және жалпы жағдайының жақсарғанын байқады. Қазіргі уақытта ол дәрігерлерге ерекше алғыс білдіреді, өтйкені ақ халаттылар науқасты "аяққа тұрғызды".-Осындай күрделі операцияның Қонаевта жүзеге асырылатынын күтпедім. Марат Римұлына, Рият Айсамжанұлына және аурухананың барлық ұжымына кәсібилік, ілтипаттылық және науқастарға деген қарым-қатынастары үшін үлкен алғыс айтамын, - дейді науқас.Бұл оқиға өңірлік медицинаның дамуының нақты мысалы болып табылады. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, жоғары білікті кадрлармен және жоғары технологиялық медициналық көмекті көрсету мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етілген. Бұрын мұндай көмек тек республикалық орталықтарда ғана қолжетімді болған.Алматы облысының тұрғындары үшін бұл сапалы медициналық көмек өз тұрғылықты жерінде қолжетімді және ұзақ күтуге, басқа қалаларға қымбат сапарларға шығуға қажеттілік жоқ, науқастар өз жерінде жоғары деңгейлі мамандарға сенім арта алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1153538?lang=kk
«Qonaev Media»: Алматыда заманауи студиясы бар жаңа өңірлік телеарна іске қосылды 03.02.2026
Алматыда «Qonaev Media» телеарнасының жаңа кеңсесі мен заманауи студиясының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев арнайы қатысып, телеарнаның жұмыс барысымен танысты.Жаңа телеарна 2025 жылдың қыркүйек айында көрерменге жол тартып, қазіргі уақытта Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларын қамти отырып, республикалық деңгейде хабар таратып отыр.Салтанатты шара барысында телеарнаның техникалық мүмкіндіктері, жаңа студиялары мен жұмыстың атқарылу барысы таныстырылды. Өңір басшысы өз сөзінде жаңа телеарнаның ашылуы облыс үшін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.- “Бүгін біз өңіріміз үшін маңызды, тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Өңірлік жаңа телеарнаның ашылуы – бұл тек бір медиа алаңның іске қосылуы емес, бұл – қоғамдық сананы қалыптастыруға, ашық диалог орнатуға және өңірдің дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Жаңа арнаның басты ұстанымы – шынайылық, жауапкершілік және халық мүддесіне адал қызмет болуы керек. Ақпараттық саясатта тепе-теңдік пен кәсібилікті сақтай отырып, көрерменге пайдалы әрі сапалы контент ұсынады деп сенемін.”– деді, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.Сондай-ақ цифрландыру дәуірінде «Qonaev Media» телеарнасы «Digital Sana» жобасы аясында жасанды интеллект технологияларын енгізіп, отандық медиа кеңістігіндегі озық әрі жаңашыл арналардың қатарына қосылуды мақсат етіп отыр.Өз кезегінде «Qonaev media» телеарнасының бас директоры Қымбат Хангельдина шынайы алғысын білдіре отырып, телеарна тарапынан өңірдің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған сапалы контенттер алдағы уақытта да жалғасатынын айтты: «Облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіремін. Ұжым мүшелері өңірдің дамуына өз үлестерін қосып ғана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдарынан облысымыздың оң имиджін қалыптастыруды мақсат етуде. Одан бөлек, телеарна ұжымы сапалы әрі заманауи телевизиялық өнім әзірлеуге бағытталған ұзақ мерзімді жұмысты жалғастыруға ниетті», - деді, телеарна директоры.Айта кетейік, телеарна эфирлік, кабельдік, Smart TV және онлайн платформалар арқылы хабар таратып, өңір тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді контент ұсынуға толық мүмкіндікке ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1153475?lang=kk
Конституциялық реформа – Қазақстанның болашақ даму бағдарын айқындайтын нақты қадам 02.02.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылау жөніндегі аймақ активінің отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат төрағасы, облыстық басқармалардың, аумақтық департаменттердің басшылары, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.Ұлттық Құрылтайдың V отырысында Мемлекет Басшысы Конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы өз көзқарасын ұсынған болатын. Өңір басшысы бұл конституциялық реформа – Қазақстанның болашақ даму моделін айқындайтын, қоғамның құндылықтық бағдарын нақтылайтын стратегиялық идеологиялық қадам екенін атап өтті.«Ата Заң жобасы жарты жылға жуық әзірленіп, қазіргі заманғы қоғамдық сұраныстар мен елде болып жатқан нақты өзгерістерді ескере отырып дайындалған. Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері, ең алдымен, мемлекеттің адамға бағдарлануын күшейтуге, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ республиканың саяси институттары құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа Преамбулада алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде адам құқықтары мен бостандықтары жарияланды және адамға деген құрмет, жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттары қойылып отыр. «Адам – мемлекет үшін емес, мемлекет – адам үшін» деген ұстаным мемлекеттің барлық саясатының өзегіне айналуда. Бұл – әлеуметтік әділдікке, тең мүмкіндіктерге, заң алдындағы теңдікке негізделген жаңа қоғамдық келісім», – деді Құмар Ақсақалов.Президент бастамашы болған «Заң және тәртіп» идеологиясының Конституцияда нақты нормалармен бекітілуі – қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің берік іргетасы. Заңды құрметтеу, жауапкершілікті сезіну, қоғамдық тәртіпке нөлдік төзімділік қағидаты – дамыған және қауіпсіз мемлекеттің басты шарты.Жаңа Конституцияда ұлттық бірегейлікті сақтау мен заманауи құндылықтарды үйлестіру идеясы айқындалды. Бірлік, келісім, толеранттылық – көпэтносты Қазақстан қоғамының басты артықшылығы ретінде танылып, мемлекеттіліктің мызғымас негізі ретінде бекітілді.Қостанай облысының әкімі жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістердің мәні мен маңызын аймағымыздың әрбір тұрғынына жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу – ортақ міндет екенін жеткізді. Ал бұл реформа елдің жарқын болашағын қамтамасыз етуге, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған маңызды әрі ауқымды бастама екендігіне кәміл сенетінін айтты.Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов бұл реформа шын мәнінде қоғамның қазіргі сұранысы мен талаптарына жауап беретін мемлекеттік және қоғамдық құрылымның жаңа моделін қалыптастырып отырғанын жеткізді.«Конституция жобасы қолданыстағы мәтінді жаңартып қана қоймай, мемлекеттің жаңа құқықтық, институционалдық және әлеуметтік архитектурасын қалыптастырады. Ол қазіргі заманғы сын-қатерлерге бағытталған, адамның құқығы мен бостандығын нығайтады, азаматтық қоғамның рөлін кеңейтеді және саяси жүйенің тұрақтылығын арттырады», – деді Сайлаубек Ещанов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1153131?lang=kk
Алматы облысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды 02.02.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өңір активімен кездесу өтіп, онда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы кеңінен талқыланды. Жиынға қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен азаматтық қоғам мүшелері қатысты.Кездесуді ашқан облыс әкімі негізгі мақсат – Ата Заң жобасында көзделген өзгерістерді жан-жақты талқылау екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды конституциялық реформа барысынан хабардар етіп, азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.Жиын барысында ағымдағы жылдың қаңтар айында еліміздің әр өңірі мен түрлі әлеуметтік топ өкілдерінен құралған 130 адамдық Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылғаны айтылды. Комиссия азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды зерделеп, жаңа Конституцияның жобасын әзірлеген.Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Қуат Байғожаев реформаның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына негізделгенін жеткізді. Оның айтуынша, бірпалаталы Парламент құру идеясы Президенттің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көтеріліп, саяси жүйені кешенді жаңғыртуға және жасанды интеллект дәуіріндегі әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беруге бағытталған.Сондай-ақ аталған бастамаларды іске асыру мақсатында ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысқан жұмыс тобы құрылғаны айтылды. Азаматтар e-Otinish және eGov порталдары арқылы екі мыңнан астам ұсыныс жолдаған. 2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы өзгерістердің негізгі бағыттарын айқындады.Қуат Байғожаевтың сөзінше, Комиссия Конституцияның барлық бөлімін қамтитын 77 бапқа өзгеріс енгізуді қарастырған. Бұл құжат мәтінінің 84 пайызын құрайды. Өзгерістер адамға бағдарланған мемлекеттік саясатты күшейтуге, қоғамдық құндылықтарды нығайтуға және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітіледі. Ел бірлігі, ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, егемендік пен аумақтық тұтастық негізгі құндылықтар ретінде айқындалған. Сондай-ақ әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері қамтылып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде танылады.Құжатта білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияны, цифрландыруды дамыту және азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау басты бағыттар ретінде көрсетілген. Мемлекет пен дін арасындағы қатынастар нақты айқындалып, білім беру жүйесінің зайырлы сипаты сақталады. Неке ер мен әйелдің тең құқықты, ерікті одағы ретінде белгіленген.Негізгі жаңашылдықтардың қатарында 145 депутаттан тұратын, пропорционалды жүйе бойынша бес жыл мерзімге сайланатын бірпалаталы Парламент – Құрылтай құру, заң шығару бастамасы құқығы бар жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайтын Вице-президент институтын енгізу бар.Сонымен қатар Конституцияда алғаш рет адвокаттық қызмет пен зияткерлік меншікті қорғауға қатысты жеке нормалар бекітіліп, азаматтардың құқықтық кепілдіктері күшейтіледі. Атап айтқанда, бір құқықбұзушылық үшін қайта жауапқа тартуға тыйым салу, кінәсіздік презумпциясын сақтау және ұстау кезінде құқықтарды міндетті түрде түсіндіру («Миранда ережесі») енгізіледі.Жиынды қорытындылаған Қуат Байғожаев жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқарудың заманауи қағидаттарына сай келетінін, Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, адами капиталды, білім мен ғылымды дамытуға басымдық беретінін атап өтті. Құжаттың жаңа редакциясы жалпыұлттық референдумға шығарылып, Комиссия жұмысы жалғасады.Кездесу соңында облыс әкімі ішкі саясат басқармасына, қала және аудан әкімдеріне, барлық басқарма мен департамент басшыларына кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Халықпен кездесулер, еңбек ұжымдарындағы ашық диалогтар, Қоғамдық кеңестер мен азаматтық қоғам алаңдары ұсынылған өзгерістердің мәні мен олардың күнделікті өмірге әсерін терең түсіндіруге бағытталуы тиіс.«Ақпараттық жұмыс мазмұнды әрі тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйенуі керек. Бұқаралық жалған пікірлер мен бұрмаланған ақпараттарға жедел жауап беріп, кәсіби сарапшылар мен заңгерлерді тарту маңызды. Осындай жүйелі жұмыс қана азаматтардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Марат Сұлтанғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1152901?lang=kk
Су үнемдеу, күріш егісін шектеу және су қоймаларының құрылысын бақылау: Қанат Бозымбаев Алматы облысын аралады 31.01.2026
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысында су ресурстарын тиімді пайдалану және ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Ұлттық экономика министрлігінің және «AMANAT» партиясының өкілдері, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.Кеңесте вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізу, егістік құрылымын әртараптандыру, су ресурстарын есепке алу мен бөлуді цифрландыру, тарифтік саясатты жетілдіру және суды заңсыз алудың жолын кесу шаралары талқыланды.Су ресурстары және ирригация министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп судың «қара нарығымен» күрес жөніндегі жол картасын әзірледі. Жол картасы аясында республикалық және өңірлік деңгейде ведомствоаралық жұмыс топтары құрылады. Құжатта анықталған заңбұзушылықтарды талдау, цифрлық мониторинг құралдарын енгізу, тексерулер мен рейдтер ұйымдастыру, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен су шаруашылығы ұйымдары жасайтын құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қарастырылған.Вице-премьер Күрті су қоймасынан суды заңсыз алудың жолын кесуге ерекше назар аударуды тапсырды.Суару маусымында тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру шаралары көзделген. 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, Алматы облысында күріш егісінің жалпы аумағы 5,8 мың гектардан аспауы тиіс.Белгіленген лимиттерді сақтау мақсатында суды меншікті нормадан артық тұтынған, өсірілетін дақылдарды өз бетінше ауыстырған және тиісті келісімшартсыз су алған жағдайда тарифтерді ұлғайтуды көздейтін суармалы суды пайдалану қағидалары қабылданды.«Суармалы судың тапшылығы ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мәселесі аса өзекті. Әкімдік дақылдар құрылымын әртараптандыруға және құрғақшылыққа төзімді дақылдарды енгізуге ерекше назар аударуы тиіс. Күріш дақылдарының ауданын Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен индикаторларға сәйкес келтіру қажет. Былтырғы күрделі жағдайға қарамастан, вегетация кезеңінің салыстырмалы түрде жеңіл өтуіне су үнемдеу технологияларын енгізу ықпал етті. Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында атап өткендей, су ресурстарының 50%-дан астамы жерге сіңіп кетеді. Бұл заманауи жүйелерді қолданатын көрші елдермен трансшекаралық суды бөлу жөніндегі келіссөздерді қиындатады. Алдағы 3-4 жылда бұл мәселемен жүйелі түрде айналысу қажет», — деп атап өтті Қанат Бозымбаев.2030 жылға дейін Қазақстандағы 1,3 млн гектар суармалы жерді су үнемдеу жүйелерімен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде Алматы облысы бойынша көрсеткіш – 186,6 мың гектар. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2026-2028 жылдары республика бойынша жалпы сипаттағы трансферттер аясында су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға және суару суының құнын субсидиялауға 228,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл алдыңғы үш жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Оның ішінде Алматы облысына 27,6 млрд теңге бекітілген. 2028 жылға дейінгі су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Бартоғай су қоймасын реконструкциялау жобасын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 270 шақырым болатын топтық су құбыры мен төрт магистральдық канал салу жоспарланған. Үлкен Алматы каналының учаскелерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар биыл толық аяқталады. Жергілікті атқарушы органдар «Сұңқар» және «Тегермен» су қоймаларын салуға арналған жобалау-сметалық құжат дайындап жатыр. Сонымен қатар төрт су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 74 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізу көзделген. Вице-премьер облыс әкімдігіне осы жобалардың жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алуды және нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.Ислам даму банкімен ынтымақтастық аясында Еңбекшіқазақ, Балқаш, Ұйғыр және Райымбек аудандарында суару желілерін реконструкциялау жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нысандардың жалпы ұзындығы 550 шақырымнан асады. Нәтижесінде 34 мың гектардан аса ауыл шаруашылығы жері тұрақты сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және оның климаттық тұрақтылығын арттыруға елеулі үлес қосады.Кеңесте «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы да қаралды. Биыл Алматы облысында ауыл кәсіпкерлігін дамытуға 10,8 млрд теңге бөлінеді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, бағдарлама қазірдің өзінде айқын әлеуметтік-экономикалық нәтиже көрсетіп отыр. Ауыл тұрғындарының орташа табысы 23%-ға артқан, ал кейбір кәсіпкерлердің өнімдері басқа өңірлерге және экспорттық нарықтарға шығарылып жатыр. Соңғы үш жылда бағдарлама аясында 1436 жоба қаржыландырылып, 90 кооператив құрылды және 1616 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда Алматы облысы халқының 81%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Қанат Бозымбаев ауылда тұрақты табыс көздерін, жұмыс орындарын және шағын бизнесті дамытуға қажетті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасының сапалы орындалуын бақылау Ұлттық экономика министрлігіне жүктелді. primeminister.kz #Ауыл шаруашылығы #су ресурстары #Қанат Бозымбаев #ӨңірлерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1151898?lang=kk
Қазақстан мен Иран сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын 31.01.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Иран Ислам Республикасының Елшісі Али Акбар Джоукармен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан-Иран сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері, өзара сауданың ағымдағы жай-күйі мен серпіні, сондай-ақ логистика, транзит және инвестициялық ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 430,2 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 26,4%-ға артқан. Бұл ретте Қазақстаннан экспорт көлемі 239,3 млн АҚШ долларына жетіп, шамамен екі есеге өсті.Тараптар Иран Президенті М.Пезешкианның 2025 жылғы 10-11 желтоқсанда Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары деңгейінде екіжақты тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі стратегиялық мақсат айқындалғанын атап өтті. Осы тұрғыда шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі үшін орнықты жағдайлар қалыптастырудың, көлік-логистикалық бағыттарды дамытудың және екі елдің бейінді ведомстволары мен іскер топтары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығы көрсетілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кезең-кезеңімен дамытуға және Қазақстан мен Иран Ислам арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сындарлы диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1152029?lang=kk
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті 31.01.2026
Астана, 2026 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты күн тәртібінің ағымдағы мәселелерін талқылап, дәстүрлі достық пен серіктестікке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға деген өзара мүдделілікті растады.Қазақстан СІМ басшысы екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты орнаған байланыстарға қанағаттанушылық білдіріп, сімаралық саяси консультациялар мен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тетіктері екенін атап өтті.Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты («Орта дәліз») аясындағы жобалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің тұтас кешені бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1152033?lang=kk
Қостанайда «Жас Қолдаушы» жастар форумы өтті 30.01.2026
Қостанайда аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен «Жас Қолдаушы» жастар форумы өтті.Облыс әкімі 2022 жылы облыс аумағында 6859 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, соңғы 3 жылда өңір тұрғындарының, соның ішінде жастардың тәртіпке қатаң көзқарасын қалыптастыру үшін бірқатар шаралар қабылданғанын жеткізді. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың арқасында қылмыстардың жалпы саны 28,2%-ке азайды.«Осындай оң көрсеткішке жастарды әлеуметтік жағынан қолдау шараларының тиімді жұмыс істеуі де айтарлықтай әсер етіп отыр. Қостанайда заманауи талаптарға сай ашылып жатқан зауыттар мен өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың 55-60% – жастар! Облыста «Қостанай жастары» бағдарламасы арқасында 344 отбасы қоныс тойын атап өтті. Биыл да 60 жас отбасы жаңа баспанаға ие болады. Соңғы 3 жылда аймақ тұрғындары үшін 27 білім беру, 35 спорт, 37 денсаулық сақтау және 6 мәдениет нысаны пайдалануға берілді. Бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береміз», – деді аймақ басшысы.Бүгінде өңір жастарының республикалық және халықаралық деңгейде биіктерден көрініп жүргенін мақтанышпен айта аламыз.«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген нақыл сөз біздің алдымызда тұрған міндеттің мәнін терең ашады. Азаматтық ұстаным мен бірлескен күш-жігер арқылы ғана Қостанай облысын қауіпсіз, тұрақты және дамыған өңірге айналдыра аламыз. Ел Президенті айтқандай, біз үйлесімді, әділетті әрі тұрақты қоғам құру ісін жалғастыра береміз. Тәртіп пен әділдік – сенімді болашақтың негізі. Ал қауіпсіз қоғам – ортақ мақсатымыз!», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1151611?lang=kk
Қостанай облысының орман шаруашылықтары 79 бірлік арнайы техникамен толықты 30.01.2026
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғи өрттердің алдын алу жүйесін жаңғырту және орман саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің орман мекемелеріне 79 бірлік арнайы өртке қарсы техниканы табыстады. Орман шаруашылықтарының қарамағына 36 орман-өрт кешені, 17 трактор және 26 жеңіл патрульдік автокөлік берілді. Бұл техника өрт ошақтарына жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп, өрт қауіпті кезеңде алдын алу жұмыстарын күшейтуге септігін тигізеді.«Соңғы үш жылда орман мекемелерін жарақтандыруға 8 млрд теңге бағытталды. Осы кезеңде 26 өрт сөндіру көлігі, 86 трактор, 39 орман өртін сөндіру кешені және 78 автокөлік сатып алынды.Биыл қосымша 25 өрт сөндіру көлігі мен 9 трактор жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайта түседі», – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі.Техниканы жаңартумен қатар, өңірде кадрлық әлеуетті күшейту жұмыстары да жүргізілуде. Орман күзеті қызметкерлерінің штаты бір жарым есеге артты, ал жалақысы 100 пайызға ұлғайтылды. Бұл орман қорғау жүйесінің тұрақтылығы мен қызметкерлердің ынтасын арттыруға ықпал етеді.«Біз бүгін 17 бірлік арнайы техниканы қабылдап алдық. Бұл – орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға қосылған үлкен үлес. Ең бастысы, бұл техника қызметкерлеріміз бен елді мекендердің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырады», – деп «Үзынкөл орман шаруашылығы мекемесі» КММ басшысының орынбасары Валентина Андрейчук өз әсерімен бөлісті.Қостанай облысының әкімі материалдық-техникалық базаны жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын, сонымен қатар кадр даярлау, цифрландыру және өрттің алдын алу бағыттарына баса назар аударылатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1151517?lang=kk
Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 1,26 млн гектар жер анықталды 29.01.2026
Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен жер ресурстарын тиімді пайдалану және заңсыздықтарға тосқауыл қою мәселелері талқцланған жиын өтті.Ккеңестің күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар қатарында облыста пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру деректері және мемлекеттік тапсырмалардың формалды орындалуы болған.Жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Әбдірахмановтың мәліметінше, 2022–2025 жылдар аралығында облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,26 млн гектар пайдаланылмай жатқан жер анықталған. Оның ішінде:• 517,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған,• тек 2025 жылдың өзінде 91,1 мың гектар жер қайта алынған.Қазіргі таңда 323 мың гектар жер қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген. Сонымен қатар:• 9,4 мың гектар жер сот өндірісінде қаралып жатыр,• 2,1 мың гектар жер иесіз мүлік ретінде тіркелген,• 272,6 мың гектарға қатысты жер салығын өсіру туралы ұйғарым берілген.Сондай-ақ ол, жергілікті атқарушы органдар қазіргі уақытта сенімсіз жер пайдаланушылармен келісімшарттарды бұзу мақсатында 1 059 жер учаскесіне (136 мың гектар) қатысты құжаттарды әзірлеп жатқанын айтты.«Біздің міндет – жерді қайтару ғана емес, оны экономикаға нақты енгізу. Биыл қосымша 40 мың гектар жерді мемлекетке қайтаруды, бес инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды және Алматы маңында үш индустриялық аймақ құруды жоспарлап отырмыз», – деді Аманжол Әбдірахманов.Мемлекет меншігіне өткен жерлердің ішінде 322,9 мың гектар қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген. Оның ішінде:• 165,9 мың гектар – конкурс арқылы таратылған;• 138,5 мың гектар – жергілікті тұрғындардың мал жаюына берілген;• 18,5 мың гектар – инвестициялық жобалар үшін бөлінген.2025 жылы бірқатар аудандар мен Қонаев қаласында сәулет және жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізілген. Негізгі заңбұзушылықтар жер учаскелерін беру және олардың мақсатты бағытын бас жоспарға қайшы өзгерту деректерімен байланысты болған.Алдын алу мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері қабылданып, мониторинг күшейтілді. Нәтижесінде 2025 жылы бұзушылықтар саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайған.Кеңесте жер қойнауын пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Манасбаеваның айтуынша, Алматы облысында шамамен 296 карьер жұмыс істейді, ал облыстың шикізат қоры өңір мен Алматы қаласының қажеттілігін толық өтейді.«2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалы қазба өндіру көлемі 13 пайызға артты. Ал 2025 жылы бюджетке түскен түсім 18,2 млрд теңгені құрады», – деді Айгүл Манасбаева.Алайда заңсыз өндіру мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. 2025 жылы:• 18 заңсыз өндіру фактісі анықталған,• келтірілген алдын ала шығын 15,1 млрд теңгені құраған,• қылмыстық істер қозғалған.Әсіресе Еңбекшіқазақ ауданындағы бір ауылдық округте жылдың басынан бері бір учаскеде 25 рет қайталанған заңсыз өндіру дерегі тіркелген.Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бұған дейін берілген тапсырмалар толық орындалмағанын атап өтті.«Жер мен жер қойнауын заңсыз пайдалану экономикаға да, экологияға да тікелей зиян келтіреді. Тапсырмалар формалды емес, толық орындалуы тиіс. Заңсыз шешімдер жойылып, жер мемлекет меншігіне қайтарылуы қажет», – деді өңір басшысы.Әкім жерді қайтару бойынша сот жұмыстары мен тексерістерді күшейтуді, аумақтарды толық зонирлеуді, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын аяқтауды және Алматы агломерациясында ауыл шаруашылығы жерлерін бөлшектеу тәжірибесін тоқтатуды тапсырды.Сонымен қатар, заңсыз қазба өндіру ошақтарына бақылау бекеттерін орнату және ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейту жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1151089?lang=kk
Алматы әуежайының инвестициялық жоспарларын іске асыру мәселелері Қазақстан СІМ-де қаралды 29.01.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Гөкер Косемен кездесу өткізді, оның барысында елдегі ең ірі авиациялық хабты дамытуға бағытталған инвестициялық жоспарларды іске асыру мәселелері қаралды.Тараптар әуежай инфрақұрылымын кеңейтуге, өткізу қабілетін арттыруға және жолаушылар мен жүк ағындарына қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жобалардың қазіргі ахуалын талқылады. Алматы халықаралық әуежайын басқаратын «TAV Airports» компаниясының Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысына бақылаушы мәртебесінде қатысатыны аталып өтті.Кездесу аясында Алматы әуежайының халықаралық және өңірлік әуе тасымалдарының негізгі торабы ретіндегі стратегиялық басымдықтары туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу барысында Гөкер Косе Алматы халықаралық әуежайын дамытудың қазіргі көрінісін таныстырып, инвестициялық бағдарламаның негізгі кезеңдерін айқындады, сондай-ақ жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруға, инфрақұрылымдық жүктемеге және қуаттарды одан әрі кеңейтуге қатысты практикалық мәселелерге тоқталды. Жолаушылар және жүк тасымалдарының орнықты өсімін қамтамасыз ету және әуежайдың операциялық тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ә.Қуантыров авиациялық инфрақұрылым саласындағы жобалар елдің ұзақ мерзімді көлік басымдықтарын, инвесторлардың мүдделерін және қалалық ортаның орнықты дамуын ескере отырып, теңгерімді тәсілді талап ететінін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет мұндай бастамаларды бәсекеге қабілетті көлік жүйесін қалыптастырудың маңызды элементі ретінде қарастырады және инвестициялық шешімдерді іске асыру үшін болжамды жағдайлар жасауға байланысты мәселелер бойынша одан әрі диалогқа дайын.Талқылау қорытындысы бойынша тараптар Алматы әуежайының инвестициялық бастамаларын сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимылды және әрекеттерді үйлестіруді одан әрі жалғастыруға мүдделілігін растады. Авиациялық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырудың, іскерлік белсенділіктің өсуінің және елдің халықаралық логистикалық және туристік бағыттарға интеграциялануының негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылатыны аталып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1151087?lang=kk
Қазақстан СІМ-де халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды 29.01.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Орталық Азиядағы Өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевичті қабылдады.Б.Милошевич ХҚКК-ның гуманитарлық миссиясын жүзеге асыруға көрсетіліп жатқан тұрақты қолдауы үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Ол еліміздің Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ілгерілетудегі жұмысын, сондай-ақ гуманизм құндылықтарын қорғауға, орнықты даму мақсаттарын, өңірлік және халықаралық алаңдарда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Е.Ашықбаев Қазақстанның ХҚКК-мен тығыз ынтымақтастыққа бейілдігін және халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының толық сақталуын қамтамасыз етуге, ұжымдық этикалық және заңдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жаһандық күш-жігерге одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Сұхбаттастар Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманының аясындағы одан әрі болатын іс-қимылдарды, сондай-ақ 2026 жылдың соңында Иорданияның Амман қаласында өтетін Соғыс кезіндегі гуманизм мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға дайындық мәселелерін талқылады.Тараптар Қазақстан мен ХҚКК арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екендіктерін растады.ХҚКК – соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апаттар құрбандарына көмек көрсетуді негізгі мақсаты еткен тәуелсіз үкіметтік емес ұйым. ХҚКК 1992 жылдан бері Орталық Азияда жұмыс істеп келеді, Өңірлік өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан. 2019 жылы ХҚКК Миссиясы Астана қаласында өз өкілдігін ашты.Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілдікті күшейту жөніндегі жаһандық бастама 2024 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында Қазақстан, Бразилия, Иордания, Қытай, Франция және Оңтүстік Африка тарапынан Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен бірлесіп іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1150373?lang=kk
Қостанайда 2026 жылға арналған студент жастармен тәрбие жұмысының басымдықтары айқындалды 29.01.2026
Студент жастар арасында «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» бастамаларын іске асыру және оларды кеңінен насихаттау алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Аталған бастамалар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға, адал еңбек пен қоғам алдындағы жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.Қостанай облысында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі бағытта жұмыс істейтін 33 білім беру ұйымы бар. Аталған оқу орындарында бүгінде шамамен 22 мың студент білім алуда. Бұл білім беру мекемелері өңірдің кадрлық әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.2025–2026 оқу жылында колледждердегі тәрбие жұмысы еңбекқорлықты, кәсібилікті, патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және заңға құрметті қалыптастыруға басымдық беріп отыр. «Заң мен тәртіп» жобасы аясында 5 мыңнан астам студентті қамтыған 120-дан аса профилактикалық және ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, бірінші жартыжылдықта криминалистердің қатысуымен өткен кейс-коворкингтер, пікірталас клубтарының отырыстары, буллингтің алдын алу бойынша тренингтер мен ашық диалог алаңдары өткізілді.Сонымен қатар, студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында облыс колледждерінде 230 үйірме жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге 6 мыңнан астам студент тартылған. Дәстүрлі шығармашылық және спорттық бағыттармен қатар, қазіргі заман талаптарына сай робототехника мен 3D-модельдеу секілді инновациялық бағыттар да белсенді дамып келеді.Жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мен сыни ойлауын қалыптастыруда дебаттық қозғалыстың маңызы ерекше. «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубтары өңірдегі барлық колледждерде жұмыс істеп, шамамен 900 студентті біріктіруде.2026 жылға жоспарланған маңызды іс-шаралардың қатарында Studentvision шығармашылық жобасының 10 жылдығын атап өту, сондай-ақ халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға және ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған үш халықаралық студенттік конференция өткізу көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1150276?lang=kk
Қонаевта нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды 29.01.2026
Қонаев қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың ведомствоаралық штаб отырысы өтті. Жиынға өңір басшылығы, аудан әкімдері және салалық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Отырыста 2025 жылдың қорытындылары қаралып, жастар арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу және алдын алу шараларын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда есірткі заттарын тарату көбіне интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты заңсыз онлайн контентке және күмәнді қаржылық операцияларға бақылау күшейтілген.Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жылы облыс аумағында 11 тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленіп, синтетикалық есірткі дайындайтын екі жасырын зертхана жойылған. Сонымен қатар есірткі қылмысына қатысы бар төрт кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.Жиын барысында өңір басшысы бұл мәселені шешу үшін барлық сала өкілдерінің бірлескен жұмысы қажет екенін атап өтті.Марат Сұлтанғазиев,Алматы облысының әкімі:«Полиция департаменті, прокуратура, білім басқармасы, жастар саясаты саласы – бәрі бірлесе жұмыс істемесе, бұл проблема жойылмайды. Біз көбіне тек сатушылармен айналысып келеміз, ал тұтынушылармен жүйелі жұмыс жеткіліксіз. Бұл – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мектептердің, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналардың ортақ міндеті».Әкімнің айтуынша, әсіресе білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмысты күшейту маңызды. Осы орайда мектептер мен колледждерде түсіндіру шараларын тұрақты өткізу, жастар мен жасөспірімдерді кеңінен қамту, сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілердегі есірткі жарнамаларына қарсы бақылауды арттыру тапсырылды.Штаб отырысының қорытындысы бойынша нашақорлықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, ата-аналар мен қоғамдық бірлестіктердің бірлескен жұмысы күшейтіліп, жастарды зиянды әдеттерден қорғауға бағытталған кешенді шаралар жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1150213?lang=kk
41 колледж және 22 мың студент: Алматы облысында Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы шығарылды 28.01.2026
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысына арналған «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ – ТАБЫСТЫ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – еңбек адамына құрмет көрсету, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби шеберлігімен, адал еңбегімен көзге түскен азаматтарды марапаттау.Бүгінде Алматы облысындағы әрбір бесінші оқушы жұмысшы мамандығын тұрақты жұмыспен қамтылу мен кәсіби дамудың саналы таңдауы ретінде қарастырады. Бұған ауқымды кәсіби бағдар беру бағдарламалары мен мектеп–колледж–еңбек нарығы арасындағы жүйелі байланыстың қалыптасуы ықпал етті.Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат депутаттары, білім беру ұйымдарының басшылары, колледж директорлары, еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер, халықаралық грант иегері атанған студенттер, сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының жүлдегерлері қатысты.Құттықтау сөз сөйлеген өңір басшысы еңбек адамына қолдау көрсету тақырыптық жыл аяқталғаннан кейін де өңірлік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.«Білікті маман мен еңбекқор азамат экономиканың стратегиялық маңызы бар тірегі болып табылады. Сондықтан еңбек адамына қолдау жүйелі түрде жалғасын табады», – деді Марат Сұлтанғазиев.Өңірде бүгінде 41 колледж жұмыс істейді, онда шамамен 22 мың студент білім алуда. Кадр даярлау еңбек нарығының сұранысына бағытталған: 950 студент жұмыс берушілердің өтінімі бойынша оқиды, 60 оқушы аттестатымен қатар колледж дипломын қатар алуда. 19 колледж дуальды оқыту жүйесі бойынша 238 кәсіпорынмен ынтымақтастықта жұмыс жасайды, 23-тен астам компания колледждерге шефтік қамқорлық көрсетуде.«Гидротехникалық мелиорация», «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар», «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Жиһаз өндірісі» сынды жаңа мамандықтар ашылды.Халықаралық ынтымақтастық та дамып келеді: 32 бірлескен іс-шараның нәтижесінде 35 студент пен 14 педагогты Қытай еліне тағылымдамадан өткізу жоспарлануда.Студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда облыста 16 жатақхана жұмыс жасайды, ал биыл жалпы құны 6 млрд теңге болатын, 711 орынға арналған тағы 4 жатақхананы пайдалануға беру көзделген.Жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі республикалық деңгейде де расталды: WorldSkills Kazakhstan X чемпионатында Алматы облысының өкілдері 12 жүлделі орынға ие болды.Іс-шара аясында марапаттау рәсімі өтті. Атап айтқанда:– «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен 2 адам;– Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен 11 адам;– Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен 9 адам;– WorldSkills Kazakhstan чемпионатының 13 жүлдегер студенті марапатталды.Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысы еңбек адамына жасалған қолдаудың нақты нәтижелер беріп отырғанын және жұмысшы кәсіптердің Алматы облысы жастары үшін болашағы зор, сұранысқа ие таңдау екенін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1150124?lang=kk
«Орталық Азия – Германия» форматының аға лауазымды тұлғалары одан арғы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады 28.01.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов «Орталық Азия – Германия» форматы аға лауазымды тұлғаларының отырысына қатысты. Іс-шараға Германия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан СІМ басшылары қатысты.Отырысқа қатысушылар сауда-экономикалық, көлік, экологиялық және гуманитарлық салалардағы өңірлік қарым-қатынастардың жай-күйін және оларды одан ары күшейту әлеуетін нақты талқыға салды.А.Исетов өз сөзінде «Соңғы жылдары Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта орнықты даму мен елдердің өзара байланыстылығын арттыру шеңберіндегі ынтымақтастықтың жаңа бастамаларға арналған басым бағыттары айқындалды», – деп атап өтті.Отырыс соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс қарым-қатынастарын жалғастыруға келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1150029?lang=kk
Өңірдегі көлік-логистикалық инфрақұрылым 27.01.2026
Өңірде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты жүк тасымалы, соның ішінде контейнерлік тасымалдар көлемі жыл сайын артып келеді. Облыста контейнер тапшылығы байқалып, Қостанай қаласындағы жүк станциясының өткізу қабілеті жеткіліксіз болып отыр.Әсіресе, астық пен ұн тасымалы өзекті мәселе болып қала береді. 2025 жылдың қыркүйек-қараша айларында 1,1 млн. тонна астық экспортталып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 306 мың тоннаға артты. Экспорттың басым бөлігі Өзбекстанға бағытталған.Қостанайда «Тобыл» халықаралық көлік-логистикалық кешені салынуда. Жылына 400 мың контейнерге дейін өңдеуге қабілетті «құрғақ порт» 63,8 млрд. теңге инвестиция тартып, 500 жаңа жұмыс орнын ашады. Жоба іске қосылғаннан кейін өңірдегі жүк тасымалы 20 пайызға артып, экспортқа тың серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1149181?lang=kk
Тоғызбұлақ ауылында Қапес Байғабылұлының 130 жылдығына орай жаңа кітапхана ашылды 27.01.2026
Кеген ауданына қарасты Тоғызбұлақ ауылында Қапес Байғабылұлының туғанына 130 жыл толуына орай жаңа ауылдық кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мәдени нысанның жұмысын бастау дәстүрлі түрде қызыл лентаны қию рәсімімен айшықталды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, қоғам өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты.Ашылу салтанатына Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұғман Алмасбек, Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Галина Тоқабаева қатысты. Сонымен қатар белгілі жазушы, педагог Сағатбек Мәдібекұлы, облыстық филармония директоры Нұрлан Сағынбай және шығармашылық зиялы қауым өкілдері де арнайы келді. Қонақтар оқырмандарға жасалған жағдай, кітап қоры және техникалық жабдықталуымен танысып, ауыл үшін жаңа мәдени нысанның ашылуының маңыздылығын атап өтті. Жаңа кітапхана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда кітап қорын есепке алуға және оқырмандарға қажетті әдебиеттерді жылдам табуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ИРБИС кітапханалық жүйесі енгізілген. Кітапхана екі бөлімнен – кітап қоры мен оқу залынан тұрады. Қазіргі таңда кітап қоры шамамен 3 мың данаға жетеді. Барлық бөлмелер компьютерлермен, принтерлермен, кітап сөрелерімен, үстел және орындықтармен толық жабдықталған. Бұл оқуға және білім алуға қолайлы жағдай жасайды. 2026 жылға қарай кітапхананың қызметін 689 ауыл тұрғыны пайдалануы жоспарланып отыр.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев: «Бүгінде ауданымызда 13 кітапхана жұмыс істейді, ал бұл – он төртіншісі. Қазіргі таңда кітапханалар тек кітап сақтайтын орын ғана емес, білім мен мәдениеттің, шығармашылық пен қарым-қатынастың орталығына айналып отыр. Олар барлық жастағы тұрғындарды біріктіріп, ауылдың мәдени өмірін нығайтып, рухани дамуына үлес қосады», – деді.Сондай-ақ ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірген Сағатбек Мәдібекұлы:«Бұл – елімізде оқитын, білімді ұлт қалыптастыру жолындағы аса игі әрі маңызды бастама. Кітапханаға жастар көптеп келіп, білімге ұмтылсын. Өскелең ұрпақ саналы, тәрбиелі, парасатты болып қалыптассын. Бұл білім ордасы елді біріктіріп, шабыт беретін рухани орталыққа айналсын, кітап қоры жыл сайын толыға берсін», – деп атап өтті.Тоғызбұлақ ауылында жаңа кітапхананың ашылуы мәдениет пен білім саласындағы жалпыұлттық басымдықтарға толық сәйкес келеді. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи кітапханаларды дамыту мен кітаптың қолжетімділігін арттырудың маңызын ерекше атап өткен болатын. Жаңа мәдени нысан ауыл тұрғындары мен жас ұрпақ үшін білім мен рухани дамудың орталығына айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1149065?lang=kk