Экономика
Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады 10.02.2026
Астана, 2026 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстандағы Түркия Республикасының Елшісі Мұстафа Капуджуды қабылдады.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Кездесу барысында екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың дайындық барысына ерекше назар аударылды.Сонымен қатар тараптар Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының 14-ші отырысын ұйымдастыру мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық салалардағы практикалық өзара іс-қимылды күшейту мен бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қатынастардың жоғары деңгейін растай отырып, тараптар Түркі мемлекеттері ұйымы аясында тығыз ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға өзара мүдделілігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1158114?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады 10.02.2026
Астана, 2026 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Үндістан Республикасының Елшісі Сайлас Тангалды қабылдады.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК-ті қоса алғанда, көпжақты алаңдар аясында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.«Орталық Азия – Үндістан» диалогын өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды платформа ретінде одан әрі ілгерілетудің маңыздылығы аталып өтті.Министр Үндістанды Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктес ретінде атап өтіп, Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты дамытудың ерекше маңыздылығын айтты. Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың басымдығына, көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен туризмді нығайтуға ерекше назар аударды.Өз кезегінде Елші кездесу үшін алғысын білдіріп, Нью-Делидің Қазақстанмен көпформатты ынтымақтастықты белсендетуге қызығушылығын растады.Кездесу қорытындысы бойынша сұхбатттастар екіжақты және көпжақты өзара қарым-қатынастың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыста болуға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1157958?lang=kk
Қазақстан-Cербия ынтымақтастығының перспективалары ҚР СІМ-де талқыланды 09.02.2026
Астана, 2026 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Сербия Республикасы үкіметінің халықаралық экономика мәселелеріне жауапты министрі Ненад Поповичпен кездесу өткізді.Кездесу барысында саяси ынтымақтастық және сауда-экономикалық ықпалдастықты қоса алғанда кең ауқымды мәселелер талқыланып, 2026 жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен сапарлардың күнтізбесі қарастырылды.«Сербия – Балқан өңіріндегі біздің ең маңызды серіктестеріміздің бірі. Біз аса жоғары және жоғары деңгейлердегі тұрақты саяси диалогты, екі ел парламенттеріндегі достық топтарының өзара іс-қимылын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын қамтитын тиімді институционалдық ынтымақтастық архитектурасын қалыптастырдық», – деп атап өтті Ә.Қуантыров.Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 18-19 қарашада Сербияға жасаған ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ 2025 жылғы 8 тамызда Алматы қаласында өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 4-отырысының шешімдерін іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Астана мен Белград арасындағы тікелей әуе қатынасының іске қосылуына қанағаттанушылық білдіріліп, бұл қадам екі ел халықтары мен бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететіні аталып өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара сенім мен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде қазақ-серб қатынастарын одан әрі дамытуға ниетті екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1157937?lang=kk
Рудный қаласында 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылды 09.02.2026
Рудный қаласында "Келешек мектептері" ұлттық жобасының аясында 900 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын №8 жалпы білім беретін жаңа мектеп ашылды. Осы айтулы күнді оқушылар және олардың ата-аналары асыға күткен болатын. Жаңа мектепте оқушылардың қабілеттерін ашуға барлық жағдайлар жасалған. Кіші, орта және жоғары буын үшін жеке блоктар қарастырылған. Химия, биология, физика, информатика, робототехника пәндік кабинеттері, сондай-ақ STEAM-зертхана оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқу кабинеттері компьютерлік жабдықтармен, интерактивті тақталармен, шет тілдер кабинеттері - лингафондармен жарақталған. Мектепте қажетті құралдарымен 3 спорт залы, хореография залы, жайлы асхана бар. Еңбекке баулу шеберханаларында станоктар және тігін жабдықтары қойылған.Аулада оқушыларды жан-жақты дамыту үшін қозғалыс ойындарға және демалуға арналған алаңдар орнатылған.Мектеп Қостанай облысы бойынша Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының өңірлік үйлестірушісі қызметін атқарып, осы салада халықаралық тәжірибе алмасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Кеншілер қаласы үшін мектепте 62 жаңа жұмыс орнының ашылуы маңызды. Оның 34-і педагогтер, оларға сапалы білім беру және оқушылардың зияткерлік, спорттық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жасалған қолайлы жағдайларды толығымен пайдалану міндеті қойылып отыр.Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық жоба аясында 4500 орындық 6 мектеп ашылды: Арқалық қаласында (300 орын), Қостанай ауданының Заречный ауылында (900 орын), екі мектеп Қостанай қаласында (1200 және 900 орын), Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында (300 орын) және Рудный қаласында (900 орын).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1157603?lang=kk
Әулиекөл тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды 09.02.2026
Әулиекөл ауданына барған жұмыс сапары барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға жаңа пәтер кілттерін табыстады.Әулиекөлде өрттен кейін салынған тұрғын үйлерді есептемегенде, ұзақ жылдардан кейін алғаш рет жаңа көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.Баспаналар мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру аясында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілді. Осылайша, барлығы 24 пәтер жаңа қоныстанушыларға табысталып отыр. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған жобаның жалпы құны 356,3 млн теңгені құрады. Мердігер – «Елорда Инвест Строй» ЖШС.Облыс әкімі тұрғын үй құрылысының дамуы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ баспаналар салу тек қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қарқынды дамып келе жатқанын, бұл олардың өмір сүруі мен еңбек етуіне қолайлы жағдай екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысы саласына ерекше көңіл бөлуде. Қостанай облысында бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді, баспана тапсыру көлемі жыл сайын артып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 63,7 мың шаршы метрі – ауылдық жерге тиесілі. Бұл 5,4 мыңнан астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деді өңір басшысы.Жаңа пәтерлердің жалпы ауданы 1 228,8 шаршы метрді құрайды. Үш қабатты тұрғын үйде ауданы 37-ден 64 шаршы метрге дейінгі 9 бір бөлмелі және 15 екі бөлмелі пәтер бар. Дайын күйінде тапсырылған пәтерлерде барлық инженерлік коммуникациялар тартылған.Салтанатты рәсімді қорытындылай келе, облыс әкімі жаңа қоныстанушыларды құттықтап, оларға амандық пен береке тіледі.Өңірде жастарды қолдауға да ерекше назар аударылып жатқанын айта кету керек. «Қостанай жастары» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда 340-тан астам жас отбасы баспаналы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1157583?lang=kk
Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр 09.02.2026
Күрделі жөндеуден кейін Әулиекөл ауданы Аманқарағай станциясының вокзалы қайта пайдалануға берілді.Президенттің тапсырмасы бойынша республикада теміржол вокзалдарын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда. Қостанай облысында Қостанай, Арқалық, Рудный қалалары, Тобыл, Аманқарағай және Құсмұрын елді мекендеріндегі алты вокзал қайта жаңартылуда.Аманқарағай станциясының вокзалы күрделі жөндеуден кейін өз жұмысын қайта бастады. Ғимаратты жаңарту жұмыстары «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Бас мердігер – «СЕРВИССТАЛЬ» ЖШС.Әулиекөл ауданына жұмыс сапары барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Аманқарағай теміржол вокзалы маңызды көлік қатынасы нысандарының бірі екенін атап өтті.«Вокзал ғимараты жаңартылып, оның аумағы 403 шаршы метрден 435 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Инженерлік желілер, күту залдары мен касса аймақтары, санитарлық тораптар толықтай жаңғыртылды, сондай-ақ заманауи қауіпсіздік жүйелері орнатылған. Реконструкция барысында кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға және балалары бар жолаушыларға барлық қажетті жағдай жасалды. Жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен жайлылық деңгейі едәуір артты», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Реконструкция кезеңінде жолаушылар мен қызметкерлер электрлік орталықтандыру постының ғимаратына уақытша орналастырылды. Бұл ғимарат 40 орындық күту залы және жылыту жүйесімен жабдықталып, күзгі-қысқы кезеңде қолайлы жағдай қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1157568?lang=kk
Қазақстан республикасының жаңа конституциясының жобасын талқылау бойынша кеңес отырысы өтті 09.02.2026
Облыс әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысуымен жаңа Конституция жобасы талқыланды. Аталған алқалы отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары және қоғамдық құрылымдардың жетекшілері қатысты.Кеңес барысында Марат Әзілханов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның жұмысына жан-жақты тоқталып, жаңа заң жобасының ел дамуындағы маңыздылығын атап өтті.- «Ынтымақ пен бірегейлік – мемлекеттілікті қалыптастырып, нығайтудың, дамытудың маңызды тетігі. Мұны татулық пен келісім саясаты дәлелдеді. Ассамблея құрылғаннан кейінгі алғашқы жылдарда ел этностарының мүдделерін білдіруді көздесе, қазір ол мақсат пен міндет тұтастығын көздейтін азаматтық қағидатында, сондай-ақ ортақ біріктіруші құндылықтар негізінде этностарды біртұтас халық ретінде одан әрі интеграциялау жұмысын жалғастырып келеді. Жалпы, елімізде татулық пен келісім саясатын іске асыруға Ассамблеямен қатар барлық орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес бірлестіктер тартылған. Осы жылдар ішінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың заңнамалық, мемлекеттік-басқарушылық, қоғамдық және басқа да институционалдық тетіктері құрылды. Бұл тұрғыда Алматы облысы өте өнімді жұмыс атқарды. Ал жаңа Конституциялық жобадағы «Халық кеңесі» секілді алаңның құрылуы қоғамдағы өзекті мәселелерді кең ауқымда талқылауға, консенсусқа негізделген шешімдер қабылдауға және түрлі этностар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін институционалдық деңгейде ескеруге мүмкіндік береді» – деді Марат Алмасұлы.Кеңес отырысында жаңа Конституция жобасын өңірдегі этномәдени бірлестіктер бірлесе талқылап, қоғамдық ұйым өкілдері өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қоса қатысушылар жаңа Конституция жобасындағы Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы бойынша бірқатар ұсыныстар және қоғамдық келісімді нығайтуда ел азаматтарының ортақ жауапкершілігі екенін айтысты. Кеңеске қатысқан өңіріміздің этномәдени бірлестік жетекшілері жаңа заң жобасын қолдайтындықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1157407?lang=kk
Еңбекшіқазақ ауданында отбасылық күн электр станциясы іске қосылды 09.02.2026
Еңбекшіқазақ ауданында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың сәтті үлгісі жүзеге асырылып отыр. Қайназар ауылында Жаңабаевтар әулеті күн энергиясын пайдалану арқылы тұрғын үйін толықтай электр қуатымен және ыстық сумен қамтамасыз етіп, артық өндірілген электр энергиясын ортақ желіге өткізуде.«Жасыл» технологияларды қолдану жарықтандыру және ыстық сумен қамту жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Елді мекенде электр қуаты уақытша өшірілген жағдайларда да Жаңабаевтар отбасының үйі автономды режимде қалыпты жұмысын жалғастырады.Отбасылық күн электр станциясын құру жобасын кәсіпкер Темірхан Жаңабаев екі жыл бұрын бастап, өз үйінің шатырына күн панельдерін орнатқан. Алғашқы кезеңде 24 панель қойылып, бұл жалпы желіден тұтынылатын электр энергиясының көлемін 90 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берген.Кәсіпкердің айтуынша, күн панельдерінің қызмет ету мерзімі 25 жылға дейін жетеді.Оның сөзінше, бастапқыда белгілі бір көлемде инвестиция қажет болғанымен, панельдер жоғары сенімділігімен ерекшеленеді. Олар шыңдалған берік әйнектен жасалған және бұршаққа, қар мен жаңбырға төзімді.Қазіргі таңда шаруашылықта әрқайсысының қуаты 670 ватт болатын 42 күн панелі орнатылған. Жалпы өндірілетін электр энергиясының көлемі сағатына шамамен 30 киловаттқа жетеді. Сонымен қатар үйде тек күн энергиясымен жұмыс істейтін су жылытқыш қондырғы қолданылады. Оның сыйымдылығы 250 литрді құрайды, ал күндіз қыздырылған су арнайы жылу оқшаулау жүйесінің арқасында тәулік бойы жылуын сақтайды.Отбасының таулы аймақ етегінде орналасуы да энергиямен тұрақты қамтылуына оң әсерін тигізіп отыр.Темірхан Жаңабаев күн панельдері қосымша табыс көзіне айналғанын да атап өтті. Күніне шамамен 25 киловатт артық электр энергиясы «Алатау Жарық Компаниясына» сатылып, нәтижесінде жобаға салынған 5 миллион теңгенің жартысына жуығы қайтарылған.Кәсіпкердің айтуынша, жаз мезгілінде күн сәулесі мол болғандықтан, ай сайынғы табыс 200 мың теңгеге дейін жетеді. Ал қыс айларында күннің қысқа әрі бұлтты болуына байланысты кіріс 50–60 мың теңге шамасында болады.Алдағы уақытта Темірхан Жаңабаев бұрын алма бағы орналасқан 1,5 гектар жер теліміне қосымша күн панельдерін орнатуды жоспарлап отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тәулігіне 200 киловаттқа дейін электр энергиясын сатуға мүмкіндік бар, бұл жобаны кеңейтуге жол ашады.Мұндай жобалардың жүзеге асырылуы Еңбекшіқазақ ауданында «жасыл» энергетиканы дамытуға және ауылдық елді мекендердегі энергия тиімділігін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1157353?lang=kk
Денисов ауданында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді 07.02.2026
Денисов ауданының орталығында жаңа екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.Жаңа тұрғын үй Чапаев көшесі, 11А мекенжайында орналасқан. Екі қабатты көппәтерлі үй сапалы әрі төзімді құрылыс материалдарымен салынған. Ғимарат заманауи талаптарға сай инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген: су, газ және жылу желілері толық тартылған. Пәтерлер таза әрлеумен пайдалануға берілді.Нәтижесінде 11 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Олардың қатарында көп балалы отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер және мүгедектігі бар азаматтар бар.Пәтерлерді бөлу «Отбасы банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылды. Тұрғын үй мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында салынды және азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.Өңірде халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1156968?lang=kk
Алматы облысы сапалы өсім көрсетіп, дамудан көшбасшылар қатарына енді 06.02.2026
Алматы облысы өздігінен өсім көрсеткен өңірлердің алғашқы тобына кірді. Бұл — өңірлердің бюджеттік өсім сапасы бойынша жарияланған жаңа рейтингтің басты қорытындысы деуге болады. 2026 жылғы жағдайда, яғни республикалық бюджеттен берілетін трансферттер айтарлықтай қысқарып, Ұлттық қордан мақсатты қаржыландыру болмаған кезде, өңірдің өз кірістерін өзі қалыптастыру қабілеті тұрақтылықтың негізгі өлшеміне айналып отыр.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері негізінде әзірленген жаңартылған рейтинг өңірлік бюджеттер қандай факторлардың есебінен өсіп жатыр — салық түсімдері арқылы ма, әлде орталықтың көмегімен бе? деген сұраққа жауап береді.Осы тұрғыдан алғанда Алматы облысының ұстанымы айрықша сенімді көрінеді. 2023 жылдан бері салық түсімдерінің өсімі 153,5 пайызды құрап, елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Ал трансферттердің өсімі әлдеқайда төмен — 89,1 пайыз. Дәл осы салықтар мен трансферттер арасындағы айырма өсім сапасының негізгі индикаторы саналады. Өңір бюджетін сыртқы қолдауды арттыру арқылы емес, өз экономикалық базасын күшейту есебінен нығайтып отыр.Аталған үрдісті табыстар құрылымындағы трансферттердің үлесі де толықтыра түседі — 33,5 пайыз. Бұл көрсеткіш тек көшбасшы өңірлер арасында ғана емес, жалпы республика бойынша да ең үздіктердің бірі. Салыстыру үшін айтсақ, Ақтөбе облысында трансферттердің үлесі кірістің 54,4 пайызын, Қарағанды облысында — 48,2 пайызын, Қостанай облысында шамамен 60 пайызын құрайды. Өздігінен өсім көрсеткен өңірлердің өз ішінде де Алматы облысы қаржылық тұрғыдан ең тұрақтылардың бірі болып отыр.Айта кету керек, Алматы облысының салықтық базасы Астана мен Алматы сияқты мегаполистермен салыстыруға келмейді. Алайда қозғалыс траекториясының өзі — трансферттерге тәуелділіктің біртіндеп азаюы мен салық түсімдерінің жоғары қарқынмен өсуі — оны анағұрлым жетілген бюджеттік модельдерге жақындата түсуде.Сыртқы қолдау көлемі қысқарған жағдайда, тек кірістері өскен өңірлер емес, өз салықтық базасын ұлғайта алатын және дамуын тұрақты бюджеттік қайта бөлумен байланыстырмайтын аймақтар ұтады. Бүгінде Алматы облысы салықтардың қарқынды өсімі мен трансферттердің азаюы және олардың кірістердегі салыстырмалы түрде аз үлесі арқылы өз дамуының жаңа сапалы кезеңіне өткенін дәлелдеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156673?lang=kk
Іле ауданында 1000-нан астам үй орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды 06.02.2026
Іле ауданы Мұхаметжан Түймебаев ауылындағы 1000-нан астам үй орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Жоба құны – 1,4 млрд теңге. Нәтижесінде 21,5 шақырым су құбыры тартылып, 2 резервуар мен 220 метр тереңдікке жететін 2 артезиандық ұңғыма, лаборатория салынған.Су 2025 жылдың тамыз айынан беріле бастап, құрылыс-монтаждау жұмысы қараша айында толығымен аяқталған. Болашақта тұрғындар саны 30 пайызға дейін өскен жағдайда да сумен қамтамасыз етуге қуаты жетеді. Осы уақытқа дейін әр үйде 35 метрге жететін ұңғыма болған. Бірақ ол су ішуге жарамсыз болғандықтан тұрғындар ауыссуды үйлеріне тасып, әкеліп жүрген.Іле аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғазиз Алтайұлының айтуынша, өткен жылы Іле ауданында ауызсу жүйесінің 55,2 шақырымы жаңадан салынып, 10 шақырымы жаңартылған.Сонымен қатар Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында да ауызсу жүйелерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаға сәйкес 22 шақырым су құбыры жүргізіліп, 1100-ден астам үй орталықтандырылған сумен қамтылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156749?lang=kk
Алматы облысы жастарының шетелде жұмыс істеуге мүмкіндіктері артты 06.02.2026
Қонаев қаласында жастарға бағытталған көші-қон мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынды Мансап орталығы мен Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM / UN Migration) ұйымдастырды. Мұндағы негізгі мақсат - азаматтардың шетелге шығуына заңды түрде дайындығы мен саладағы маңызды ақпараттармен бөлісу.Кездесу барысында қатысушыларға қолжетімді бағдарламалар, виза талаптары, еңбек көші-қонының кезеңдері, сондай-ақ адам құқықтар мен міндеттер талқыланды. Мамандар заңсыз жұмысқа орналасудың қауіптері мен адам саудасының алдын алу жолдарына да ерекше тоқталды. Шара аясында Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық бағдарлама қызметкері Светлана Бекмамбетова сөз сөйлеп, IOM-ның Қазақстандағы қызметі туралы баяндады.Аталған кездесу екі сессиядан тұрады. Бірінші сессияда шетелге шығу алдындағы дайындықтың негізгі аспектілері қарастырылды. Қатысушылар құжаттарды рәсімдеу, жұмыс берушіні тексеру жәнк еңбек шартын оқу бойынша кеңес алды. Екінші сессия интерактивті ойынға негізделген тренинг түрінде өтті. Онда нақты өмірлік жағдайлар талқыланып, қауіпсіз шешім қабылдау дағдылары пысықталды.Жалпы елімізде шетелде жұмыс істеуге дайындық орталықтары ашылып, көші-қон қызметтері кезең-кезеңімен цифрландырылып жатыр. Бұл азаматтарға құжат рәсімдеу мен кеңес алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұндай ақпараттық кездесулер жастардың саналы шешім қабылдауына, заңсыз көші-қонның алдын алуға және шетелге шығу кезінде өз құқықтарын қорғауға ықпал етеді.Аталған кездесу — жастар мен тұрғындардың қауіпсіз еңбек көші-қоны туралы білімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ақпараттанған азамат - қорғалған азамат. Сондықтан мұндай бастамалар қоғам үшін аса өзекті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156518?lang=kk
Алматы облысы АӨК-ке инвестиция көлемі бойынша көшбасшылар қатарында 06.02.2026
2025 жылы Алматы облысы агроөнеркәсіптік кешенге (АӨК) тартылған инвестициялар көлемі бойынша елдегі жетекші өңірлердің қатарына енді. Сараптамалық деректерге сәйкес, өңірге шамамен 190 миллиард теңге инвестиция тартылған.Сараптамалық деректерге сәйкес, 2025 жылы АӨК секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар жедел өсу кезеңіне өтті. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында инвестициялардың нақты көлем индексі 153 пайызды құрап, қаржы көлемі 1,2 триллион теңгеге жеткен. Тамақ өнімдері өндірісінде бұл көрсеткіш 208 пайызға (389,4 миллиард теңге), ал сусындар өндірісінде 240 пайызға (124,4 миллиард теңге) артқан.Сонымен қатар, ел бойынша АӨК-ке бағытталған инвестициялардың 69 пайызы ауыл шаруашылығына, ал 31 пайызы ғана қайта өңдеу саласына тиесілі. Бұл жағдай Ауыл шаруашылығы министрлігі қайта өңдеу мен қосылған құнды арттыруды басымдық ретінде атап өткенімен, инвестициялық циклдің әзірге шикізаттық базаны кеңейтуге көбірек бағытталғанын көрсетеді.АӨК-ке салынған инвестициялардың жиынтық көлемі бойынша Павлодар және Түркістан облыстары көш бастап тұр. Әр өңірге шамамен 246–247 миллиард теңгеден инвестиция тартылған. Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан облысы (192 миллиард теңге) мен Алматы облысы (190 миллиард теңге) орналасқан.Алайда өңірлер арасындағы инвестициялық құрылым әркелкі. Солтүстік өңірлерде капитал салымдарының басым бөлігі ауыл шаруашылығына бағытталса, Алматы облысы қайта өңдеу саласына, атап айтқанда тамақ өнімдері мен сусындар өндірісіне басымдық беріп отыр.Екінші деңгейдегі өңірлер қатарына Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстары кіреді. Бұл аймақтарда инвестиция көлемі бар болғанымен, қайта өңдеу бағытына айқын бетбұрыс байқалмайды. Ал Жамбыл облысында қайта өңдеу саласына салынған инвестиция үлесі ауыл шаруашылығы өндірісінен асып түскенімен ерекшеленеді.АӨК-ке ең аз инвестициялар Ұлытау және Маңғыстау облыстарында тіркелген. Бұл көбіне табиғи-климаттық шектеулерге және азық-түлік жеткізіліміне жоғары тәуелділікке байланысты. Сарапшылардың айтуынша, аталған өңірлер ел бойынша ең жоғары жалақы көрсеткіштеріне ие болғанымен, бұл ауыл шаруашылығы емес, шикізаттық салалардың есебінен қалыптасқан. Сонымен қатар, дәл осы өңірлерде азық-түлік бағасының жоғары болуы логистикалық шығындар мен жергілікті өндірістің жеткіліксіздігімен байланысты.Жалпы алғанда, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық белсенділік артқанымен, өңірлер арасында теңгерімсіздік сақталып отыр. Мамандардың пікірінше, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласы бірін-бірі толықтырып, қатар дамуы тиіс. Бұл инвестицияларды тұрақты өндіріс көлеміне, жұмыспен қамтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне айналдырудың басты шарты болып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156416?lang=kk
Мемлекеттік аппараттың парасаттылығы 06.02.2026
Мемлекеттік аппараттың парасаттылығыАғымдағы жылдың 5 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Е.А. Салықбаевтың, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы М.М. Сандыбаевтың, облыстық басқармалардың басшылары мен мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Өз сөзінде Е.А. Салықбаев Мемлекет басшысының Қызылорда қаласындағы Ұлттық құрылтайда айтқан басымдықтарын атап өтті. Шенеуніктердің адалдығына қойылатын талап жалпы мемлекеттік сипаттағы өзекті міндет болып қала береді. Бұл мемлекеттік қызметтің бүкіл жүйесі үшін -бірінші басшылардан бастап әр орындаушыға дейін тікелей және біржақты бағдар. БАҚ және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет туралы жағымсыз жарияланымдардың саны едәуір өсті, сын тек қарапайым қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар бірінші басшыларға да қатысты. Бұл алаңдатарлық жағдай, өйткені қоғам мемлекетті белгілі бір шенеуніктердің мінез-құлқы мен шешімдері бойынша бағалайды. Спикер көбінесе жанжалдарға, тәртіптік салдарға және беделді түсіруге әкелетін негізгі тәуекелдерді атап өтті: декларациялар мен қаржылық бақылау, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, отбасылық бағыну, шетелдегі шоттар, құмар ойындар және ставкалар. Міндет - бұзушылыққа жол беру қиын, ал адал мінез-құлық норма болып табылатын жүйені құру. Е.А. Салықбаев Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер үшін өзгерістер туралы да хабардар етті. Бұл кадрлық процестерді цифрландыру, қаржылық бақылау. Заң декларацияның екі түрін және лауазымды тұлғалардың жекелеген санаттары үшін декларациялардың жариялылығын белгілейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, оның ішінде жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының, егер олардың арасында бағыныштылық туындаса, бірлескен қызметін (жұмысын), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ақша қаражаттары мен құндылықтарды сақтауға байланысты шектеулерді сақтау маңызды. М.М. Сандыбаев қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының барлық уәкілетті мемлекеттік органдарға - өз жұмысын идеологиялық платформаға сәйкес қайта қарау және үндестіру туралы үндеуіне аударды. Қоғамның трансформациясы жағдайында тиімді кері байланыс арналарының, оның ішінде БАҚ пен әлеуметтік аккаунттардың болуы маңызды. Көшбасшылардың шеберлігі - азаматтық қоғаммен, БАҚ-пен байланыс орнату. Әдеп жөніндегі уәкіл К.Ж. Сюндиков практикалық кейстер мысалында мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары мен жауапкершілігін сақтамау мысалдары туралы хабардар етті. Кеңесте қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін, оның ішінде телекоммуникация желілері мен Интернет желісін ставкаларға, бәс тігулерге қатысу арқылы пайдаланғаны үшін жауапкершілігі жеке мәселе ретінде айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1156361?lang=kk
Жұмыссыздықты төмендету – әлеуметтік саясаттың басым бағыты 06.02.2026
Райымбек ауданында тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы сұранысты реттеу, жұмыссыз азаматтарды тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарды қолдау болып табылады.Жәрмеңкені «Алматы облысы еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Райымбек ауданы бойынша мансап орталығы ұйымдастырды. Жәрменке аясында 28 жұмыс беруші тарапынан 56 бос жұмыс орны ұсынылды. Барлығы 58 азамат қатысты, оның ішінде пробация есебінде тұрған 20 адам қамтылды.Шара қорытындысы бойынша 6 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды, 30 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, ал 3 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.Сонымен қатар 2 азамат «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.Айтулы жиын еңбек нарығындағы теңгерімді қамтамасыз етуге, азаматтарды тұрақты табыс көзімен қамтуға және олардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған тиімді алаң болып табылады.Айта кету керек, мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1156014?lang=kk
Қазақстан мен Португалия ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 05.02.2026
Астана, 2026 жылғы 5 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Португалия Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Жозе Атаиде Амаралдан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында А.Исетов португалиялық дипломатты жылы қабылдап, оның тағайындалуы Қазақстан мен Португалия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатынына сенім білдірді.Дипломаттар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі ахуалы мен перспективаларын жан-жақты талқылап, шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығына назар аударды. Бұл елдер арасындағы өзара тиімді байланыстарды едәуір жандандыруға мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-португал ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытындағы жұмысты жандандыруға өзара дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1155960?lang=kk
Қазақстан СІМ-де қазақ-грек ынтымақтастығының перспективалары талқыланды 05.02.2026
Астана, 2026 жылғы 5 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Грек Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Антония Кацурудан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.А.Исетов Грекияның Қазақстан үшін Жерорта теңізі өңіріндегі маңызды серіктестердің бірі екенін атап өтіп, Астана мен Афины арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударды.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1155961?lang=kk
Лисаковск қаласында «Қарлы десант» акциясы өтті 05.02.2026
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Лисаковск қаласының Октябрьское кентінде республикалық «Қарлы десант» акциясы өтті.Іс-шараға Лисаковск техникалық колледжінің студенттері, еріктілер, Жастар ресурстық орталығының белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Лисаковск қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысып, барлығы 30-ға жуық адам жұмылдырылды.Акция барысында қатысушылар жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсетіп, олардың ауласы мен үй маңындағы аумақтарды қардан тазалады. Мұндай бастамалар өңір жастары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, еріктілер қозғалысын дамытуға және әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қар десанты» акциясы қыс мезгілінде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға нақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.Аталған акциялар «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1155362?lang=kk
Инвестициялар және инфрақұрылым: Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді 05.02.2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті.Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды. Отырысты ашқан Премьер-министр Президенттің Alatau City-ді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.«Мемлекет басшысы Алатау қаласын ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа орталығы ретінде белгілеп, жұмыс барысын тікелей өзі қадағалап отыр. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында қала дамуының негізгі қағидаттары да қамтылды. Елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық мүдделеріне сай әрі инвестиция тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Алатау қаласын дамыту – бұл ерекше мәртебеге ие, жеделдетілген дамудың заманауи цифрлық қаласын құруға бағытталған инновациялық шешім», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Бұл ретте елімізде арнайы құқықтық режимдердің пайда болуы елдің әкімшілік-аумақтық құрылымына әсер етпейтіні баса айтылды. Аумақтың тұрақтылық принципі сақталады әрі маңызды болып қала береді, бұл оның жаңа Конституция жобасының бірінші бөлімінде – «Конституциялық құрылым негіздерінде» бекітілуімен дәлелденеді.Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі уақытта Парламентте «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралуда.Институционалдық база құрумен қатар инвесторлар үшін тартымды орта қалыптастыратын және қала экономикасының өсуіне жаңа серпін беретін жүйе құраушы жобаларды іске қосу бойынша практикалық жұмыс жүргізілуде. Басым бағыттар қатарында қаланың сәулеттік-іскерлік өзегі ретінде Iconic Complex көпфункционалды кешенін және жоғары білікті мамандар даярлайтын әрі озық технологияларды дамыту орталығы ретінде KAIST Kazakhstan технологиялық университетін салу жобалары бар.Жалпы инвестициялық портфель өнеркәсіп, логистика, агроөңдеу, қызмет көрсету және креативті индустрия салаларындағы жалпы көлемі шамамен 1,8 трлн теңге болатын 44 жобадан тұрады. Оларды жүзеге асыру 30 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және Alatau City тұрақты экономикалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.Инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылды. Бірқатар бағыт бойынша жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда:энергиямен қамтамасыз ету — «Арна» қосалқы стансасының құрылысы 220/110 кВ, 6 қосалқы стансаны жобалау;сумен жабдықтау және су бұру – «Ынтымақ» су тоғанының қуатын кеңейту, үш су тоғанының құрылысы, ағын суды тазарту стансасы және су таратушы коллекторлар салу;газбен қамту – «Gate City-1» жаңа автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысын жобалау, Жетіген АГТС құрылысын аяқтау;жол инфрақұрылымы – Growing және Gate District-ке жол өтпесін салу бойынша құжаттама әзірленуде және EPC-F келісімшарттары шеңберінде Golden District-те жол өтпесін және инженерлік желілері бар жол салу көзделген.Alatau City Authority мемлекеттік қорының бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров Алатау қаласын дамыту бойынша тұжырымдамалық және қала құрылысы жоспарлары, даму стратегиясы сияқты іргелі құжаттардың әзірленгені туралы баяндады.Тұжырымдамалық жоспарды енгізу қаланың стратегиялық және кеңістіктік дамуын айқындайды. Қала құрылысы жоспары мен даму стратегиясы аймақтарға бөлуді және құрылыс параметрлерін, сондай-ақ тұрғын үйдің өмір сүру ортасының сапасына қойылатын талаптарды, оның ішінде ғимараттардың биіктігі бойынша шектеулерді, көгалдандыру және абаттандыру нормаларын, аумақтың желдетілуін және жеке көліктер мен автотұрақтардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Даму стратегиясы салалық актілер мен инвестициялық жоспарды бекітуге, сондай-ақ Алатау қаласының жедел дамуын қамтамасыз ету үшін преференциялар беруге негіз болады.Сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері жеке қарастырылды. Шэньчжэнь, Дубай және Сингапурдың табысты тәжірибесін ескере отырып, Алатауда адами капиталды қалыптастырудың кезеңдік моделі ұсынылады. Бұл модель сапа басымдығы бар еңбек ресурстарының басқарылатын және селективті ағыны принциптеріне негізделген. Негізгі бағдарлардың қатарында көші-қон саясатын экономиканың қажеттіліктерімен байланыстыру, жұмыспен қамтуды институционалдық реттеу және ел ішінде дағдылар мен құзыреттерді жүйелі жаңғырту есебінен еңбек нарығының жоғары білікті және басқарушылық сегменттеріндегі қазақстандық мамандардың барынша жоғары үлесін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау көрсетілген.Отырыс қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар Алатау қаласын дамыту бойынша ұсынылған тәсілдер мен жұмыс бағыттарын қолдады. Қаланың экожүйесін толыққанды қалыптастыру үшін дербес актілерді әзірлеу басым міндет болып саналатыны атап өтілді. Осы жұмысты үйлестіру және сүйемелдеу мақсатында қажетті мәселелерді уақтылы қарап әрі жедел шешімдер қабылдау үшін Жедел комитет құрылды.Барлық нормативтік актілерді әзірлеу олардың инвесторлар үшін айқындылығы мен ашықтығына бағдарлануы тиіс екендігі атап өтілді. Осыған байланысты Алатау актілерін әзірлеуге және сараптауға отандық сарапшылармен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерін тарту тапсырылды.Премьер-министр табысты проактивті инвестициялық саясатты жүргізу үшін инженерлік инфрақұрылымды, әсіресе ірі зәкірлік жобаларды қарқынды дамыту талап етілетінін атап өтті. Алатау қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша министрліктерге Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп бірқатар тапсырма берілді.Сондай-ақ ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы бірқатар шешім қабылданды. primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1155264?lang=kk
Алматы облысында ірі құс кешені дамып келеді: Chickodelli бренді ішкі нарық пен экспортты қатар күшейтуде 04.02.2026
Алматы облысы Ұйғыр ауданында орналасқан «Прима Құс» ЖШС — Қазақстандағы тұйық циклді бройлер етін өндіру және өңдеу бағытындағы ірі агроөнеркәсіптік кешендердің бірі. Chickodelli брендімен танылған кәсіпорын сапа, қауіпсіздік және тұрақты даму қағидаттарын басты орынға қойып келеді.Компания 2019 жылы Алматы қаласында құрылған. Ал құс кешенінің құрылысы 2021 жылдың мамыр айында Алматы облысында басталған. Бүгінде өндірістік алаңның жалпы аумағы 547,5 гектарды құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорында 750-ден астам адам еңбек етеді. Үшінші құрылыс кезеңі толық аяқталған соң, жұмысшылар саны 1200 адамға дейін артады деп жоспарлануда.Өндіріс көлемі ұлғайып, экспорт үлесі артып келедіКомпания кезең-кезеңімен іске асырылып жатқан инвестициялық жоба аясында өндірістік қуатын тұрақты түрде арттыруда. Алғашқы құрылыс кезеңі 2022 жылы жүзеге асырылып, оған 33,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл кезеңде жылына 17 500 тонна құс еті (тірі салмақта) және айына 200 тоннаға дейін шұжық өнімдерін өндіру мүмкіндігі іске қосылды.Ал екінші кезең 2025 жылы аяқталып, өндірістік қуат 50 пайызға артып, жылына 26 500 тонна құс етін өндіруге жетті. Сонымен қатар, шұжық өнімдерінің жылдық көлемі 400 мың тоннаға дейін ұлғайды.Компанияның маркетинг және жарнама бөлімінің өкілі Анастасия Покатовичтің айтуынша, «Прима Құс» өнімдеріне сұраныс жыл сайын артып келеді.- «Компания тұрақты түрде дамып, өндіріс көлемін ұлғайтып келеді. Барлық өнімдер мұсылман дәстүріне сай, “Халал” стандарты бойынша өндіріледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өніміміздің 38 пайыздан астамы экспортқа шығарылды. Бүгінде біз Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Әзербайжан нарықтарына өнім жеткіземіз. Алдағы уақытта Қытай мен Моңғолия бағытындағы экспортты жолға қоюды көздеп отырмыз», - дейді ол.Экспортқа құс етімен қатар, шұжық өнімдері мен түрлі жартылай фабрикаттар шығарылады. Компанияның барлық өнімі халықаралық талаптарға сай, ISO 22000 және HACCP сапа және тағам қауіпсіздігі жүйелерімен сертификатталған.Кәсіпорындағы өндірістік процестің қалай ұйымдастырылғанын цех басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Тлеген Нұржанов тарқатып берді.- «Өндіріс таңертең ерте басталады. Құстар алдымен кәсіпорын аумағына жеткізіледі. Сою цехында ветеринар дәрігерлер олардың жағдайын толық тексеріп шығады. Содан кейін “Халал” стандартына сай дұға оқылып, бауыздау процесі басталады. Тауықтар бірнеше технологиялық кезеңнен өтеді: қанын ағызу, қауырсынын жұлу. Одан соң құстар ауа-тамшылы салқындату бөлімінде 2 сағат 45 минут айналдырылады. Бұл - еттің температурасын барынша төмендету үшін қажет», - дейді ол.Температура қажетті деңгейге түскеннен кейін, сойылған құстар өндірістік цехқа жіберіледі. Мұнда салқындатылған және мұздатылған құс еті дайындалады. Сонымен қатар, бауыр, жүрек, асқазан секілді ішкі ағзалар да мұздатылған күйде өңделіп, Қазақстанның барлық өңіріне жөнелтіледі.Өнімді қаптауға да қатаң талап қойылған: көтерме қаптаманың салмағы 13 500 килограмнан кем болмауы, ал бөлшек саудаға арналған жеке қаптамадағы құс еті 800 грамнан төмен болмауы тиіс.Қазіргі уақытта, компания үшінші құрылыс кезеңін іске асыруда. 2026 жылға қарай өндіріс көлемі жылына 35 мың тоннаға дейін жетіп, 12 200 тоннаға арналған элеватор салу жоспарланған. Жоба Қазақстан Даму Банкі мен KazakhExport қолдауымен жүзеге асырылуда.Chickodelli бренді тек өндірісті ғана емес, фирмалық дүкендер мен франчайзинг желісін де белсенді дамытып келеді. Жаңа өнім түрлері ұсынылып, қаптама дизайны жаңартылуда.Осылайша, «Прима Құс» ЖШС отандық нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға да елеулі үлес қосып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1154644?lang=kk