Экономика
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді 14.03.2025
2025 жылғы 14 наурызда Қостанай облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан ауызашар берілді, оған еңбек ардагерлері, үлкен әулетке ұйытқы болып отырған ақсақалдар мен көпбалалы аналар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, дін және еңбек салалары мамандары, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды.Облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов жиналғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Мемлекет басшысының атынан беріліп отырған ауызашардың зор мәнін және туған елдің мәдениеті мен тарихын, ана тілі мен ата-баба дәстүрін құрметтейтін еліміздің нағыз патриот азаматтарын тәрбиелеуде ерекше орын алатынын, атап өтті.Биыл Наурыз мейрамы Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Наурызнама онкүндігі аясында бүгін облысымызда «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап өтілді және осы күнде ниет етіп ораза ұстаған жандарға ауызашар өткізіліп отырғанын, сонымен қатар Рамазан айы - рухани жетілу, ел бірлігін нығайту, ынтымақ, ізгілік пен мейірімділік мерекесі екенін атап өтті!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/957533
Арқалықтың дамуы: жаңа жобалар мен перспективалар 14.03.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Арқалыққа барып, құрылыс және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан негізгі нысандарды аралап, сондай-ақ қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының өңірлердің теңгерімді дамуы жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Арқалықта экономика, инфрақұрылым, медицина, білім беру, спорт және мәдениет салаларын дамытуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бизнес пен өнеркәсіпті қолдау Қостанай облысының оңтүстік аудандары үшін «Бизнес-Көмек» өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді, оның аясында кәсіпкерлер 1 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 574 миллион теңгеге 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың ішінде екі жаңа асфальт-бетон зауытының (жалпы саны үшке жетеді) және екі жаңа қиыршық тас зауытының (жалпы саны төртке жетеді) құрылысы бар. Бұл кәсіпорындар жол жабыны мен құрылыс материалдарының сапасын арттырып, қосымша жұмыс орындарын ашады. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту Көлік желілерін дамыту қаланың экономикалық өсуінде маңызды рөл атқарады. 2023 жылы Арқалықтан Ақмола облысының шекарасына дейінгі 38 шақырым жол жөнделді. 2024 жылы Арқалықтан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі 87 шақырым жолды жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жалпы, 125 шақырым жол жаңартылады. Арқалық әуежайы 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемеді. Оны қайта жаңғырту бағдарламасы аясында терминалды, ұшу-қону жолағын және перронды жаңарту жоспарланған. Әуежайдың қайта ашылуы қаланың көлік қолжетімділігін жақсартып, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасайды. Медицинаны дамыту Денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту аясында перзентхана мен ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Денсаулық сақтау мекемелері заманауи МРТ аппаратымен және ангиографпен жабдықталады, бұл диагностика мен емдеу деңгейін едәуір арттырады. Болашақта бұл Арқалық, Амангелді және Жангелдин аудандарының шамамен 77 мың тұрғынын медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді. Жаңа спорт нысандары Қаладағы заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыру маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Арқалықта бес жаңа спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр, олардың ішінде:•ауылдық жерлерден шыққан дарынды балаларға арналған спорт интернаты•екі жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені•күрес залы•бұрынғы «Қазақстан» кинотеатрының ғимаратын спорт кешені ретінде қалпына келтіру Бұл жобалар жастарды спортпен шұғылдануға көптеп тартуға және болашақ чемпиондарды дайындауға мүмкіндік береді. Ғылым және мәдениет Бұрынғы ауыл шаруашылығы басқармасының ғимараты педагогикалық институттың жаңа корпусына айналдыру үшін қайта жөндеуден өтуде. Жыл соңына дейін 15 жыл бойы жұмыс істемеген «Горняк» мәдениет сарайын және Ашутас ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл өзгерістер қала мен облыс тұрғындары үшін заманауи білім беру және мәдени орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Су тасқынына дайындық Көктемгі су тасқыны қаупін азайту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Солтүстік ауылында 600 метрлік топырақ үйіндісі салынды, үш су өткізу құбыры орнатылды, ұзындығы 3,1 шақырым болатын арналар қазылды, жолдар нығайтылып, нөсерлі кәріздер тазартылды. Дачный ауылында Амангелді көшесінің 1,8 шақырымына орташа жөндеу жүргізілді. Аулаларды қардан тазарту және шығару жұмыстары жалғасуда. Арқалық дамып келеді Арқалықты кешенді дамыту оны өмір сүруге, жұмыс істеуге және демалуға қолайлы қалаға айналдыруда. Жаңа жобаларды енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту экономикалық өсуді ынталандырып, өмір сүру сапасын жақсартып, өңірдің инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, алда – жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/957225
Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы Бейбіт келісім бойынша келіссөздердің аяқталуына байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі 14.03.2025
Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Армения Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасында Бейбітшілік және мемлекетаралық қатынастар орнату туралы келісім жобасының мәтіні бойынша келіссөздерді аяқтау жөнінде мәлімдемелерін құптайды.Қол жеткізілген уағдаластықтар мен осы тарихи құжатқа қол қою Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру, сондай-ақ бүкіл Оңтүстік Кавказ өңірінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдіреміз.Қазақстан Республикасы берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мақсатында екі ел арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға бағытталған күш-жігерге өзінің табанды қолдауын тағы да растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/956993
Қазақстан мен Словакия екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 14.03.2025
Астана, 2025 жылғы 14 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы Словакия Республикасының Елшісі Роберт Кирнагпен екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар бойынша кездесу өткізді.Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Словакия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ энергетика саласындағы серіктестікті нығайтуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мұнай мен газ жеткізу саласындағы ынтымақтастық талқыланды және Словакияның саладағы бай тәжірибесін ескере отырып, атом энергетикасын дамыту бойынша өзара іс-қимыл перспективалы бағыт ретінде қарастырылуда. Бұдан бөлек әскери-техникалық, ауыл шаруашылығы және IT салаларындағы өзара тиімді ықпалдастықтың әлеуеті дәстүрлі түрде жоғары екені аталып өтті.2024 жылы Астанада өткен Қазақстан-Словакия экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды (ҮАК тең төрағалары: қазақ тарапынан – Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірінші вице-министрі Нұркен Шәрбиев, словак тарапынан – Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Владимир Шимоняк).Тараптар биылғы жылы биік және жоғары деңгейдегі өзара сапарларды жандандыру арқылы серіктестікке қосымша серпін берудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты қатынастардың толық әлеуетін іске асыру үшін тараптар жұмыс байланыстарын қолдауға дайын екенін растады.Анықтама: отандық статистика бойынша Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара сауда көлемі 2024 жылы 140,3 млн АҚШ долларын құрады (+1,3%), соның ішінде экспорт – 2,9 млн долл., импорт – 137,4 млн долл. көлемінде. 2005 жылдан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанға Словакиядан 22 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция салынды. Қазақстанда словак капиталының қатысуымен 34 кәсіпорын қызмет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/957304
Қазақстан мен Ұлыбритания консулдық консультацияларды өткізді 13.03.2025
Астана, 2025 жылғы 12 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасында консулдық консультациялар өтті.Кездесу барысында ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков және Ұлыбритания СІМ Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша жаңадан тағайындалған Өңірлік консулдық директоры Луиза Эллис екі мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, визалық және көші-қон рәсімдерін жетілдіруді қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді талқылады.Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде уақытша жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.А. Аубеков британдық әріптесін Қазақстанға жоғары білікті мамандар мен цифрлық көшпенділерді тарту мақсатында жасалған шаралар туралы хабарландырды. Осы тұрғыда шетелдік азаматтар үшін Қазақстанда ұзақ мерзімді болу және жұмыс істеу үшін жаңа мүмкіндіктер беретін «Neo Nomad Visa» және «Digital Nomad Visa» туралы ақпарат берілді.Тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, әріптестікті одан әрі нығайтуға дайындығын білдірді. Консультациялар нәтижесінде күн тәртібіндегі ағымдағы және өзекті мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/956378
Өңірде 7,5 мыңнан астам қаңғыбас ит ұсталды: мәселе қалай шешілуде 13.03.2025
Жыл басынан бері өңірде 7 558 ит пен 29 мысық ұсталды. Алайда олардың ішінде тек 82 ит қана иелеріне қайтарылды, бұл жануарларды қараусыз ұстаудың кең таралғанын көрсетеді. Жануарларды ұстау ережелерін бұзғандарға 3,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды – әкімшілік шаралар 133 иеге қолданылды.Соңғы оқиғалардың бірі – Құмтоған ауылында болған жағдай. Мұнда қаңғыбас иттер үй жануарына шабуыл жасаған. Ветеринариялық қызметтер жедел жетіп, 9 итті ұстады. Жараланған жануарға көмек көрсетілді, ал бұл аумақ бақылауға алынды. Мұндай жоспарлы рейдтер өңірдің басқа елді мекендерінде де жалғасады.Мамандар тек айыппұлмен мәселені шешу мүмкін еместігін атап өтеді. Өңірде иттерді міндетті түрде чиптеу, стерилизациялау және үй жануарларын ұстау талаптарын қатаңдату шаралары қарастырылуда. Жануар иелерін жауапкершілікке шақырады, өйткені қаңғыбас иттер тек қауіп төндіріп қана қоймай, оларды ұстау мен жоюға миллиондаған қаржы жұмсалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/955983
Қазақстан мен ЕО практикалық серіктестікті әртараптандыруда 13.03.2025
Астана, 2025 жылғы 13 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеламен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында көлік және логистика, стратегиялық шикізат материалдары, жасыл энергетика, цифрландыру, климаттың өзгеруі, ғарыш және басқа да екіжақты әрі өңірлік ынтымақтастықтың басым бағыттарында нақты жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы 29 өзара іс-қимыл саласын қамтитын Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азияға қатысты стратегиясын іске асыруды қолдады.Келіссөздер ҚР СІМ басшысының төрағалығымен және Қазақстанның түрлі мемлекеттік органдары мен ведомстволарының басшылығының қатысуымен Еуроодақтың «Global Gateway» бастамасы аясында өзара тиімді жобаларды талқылау үшін «дөңгелек үстел» форматында өтті. 300 миллиард еуро бюджеті бар бұл бастама орнықты даму мен өзара байланыстылық талаптарына сәйкес келетін инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілетуге бағытталған.«Қазақстан Еуропалық одақпен серіктестікті одан әрі дамытуға бейілді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Астана мен Брюссель тығыз саяси диалог орнатты, атқарушы билік органдары арасында қарқынды ынтымақтастықты жолға қойды, ал біздің халықтарымыз мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуда», – деп атап өтті министр.Мемлекеттік органдардың өкілдері еуропалық делегацияның назарына екі тарап арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ цифрлық трансформация мен жасыл экономиканы дамыту бастамаларын ілгерілетуге ықпал ететін әлеуетті салалар мен жобаларды ұсынды.Келіссөздер барысында Қазақстан, Орталық Азия және ЕО арасындағы өзара байланыстылықты күшейтуге арналған көлік дәліздерін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әсіресе, Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту басым бағыт ретінде қарастырылды.«Қазақстанның стратегиялық серіктесіміз ретіндегі рөлі біз үшін өте маңызды. Біз екі өңір үшін де жаңа мүмкіндіктер ашатын, тұрақты өсуді, экономикалық қауіпсіздікті және орнықты болашақты қамтамасыз ететін өзара тиімді нәтижелерге ұмтыламыз», – деп атап өтті Еурокомиссар.Тараптар инклюзивті әрі орнықты экономикалық өсуді, инновациялық дамуды нығайтуға және жаһандық сын-қатерлерді бірлесіп шешуге ықпал ететін ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен сындарлы диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін білдірді.Келіссөздердің маңызды нәтижелерінің бірі екі құжатқа – Еуропалық инвестициялық банк тарапынан Қазақстан даму банкіне 200 млн еуро көлемінде несие кепілдіктерін беру туралы келісімге және Еуропалық одақ пен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы Қазақстан мен Орталық Азиядағы стратегиялық шикізат материалдары саласындағы жобаларды дамытуға 3 млн еуро бөлу туралы келісімге қол қойылуы болды.Сонымен қатар Й.Сикела іскерлік қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізіп, Еуропалық одақтың экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және инвестициялық серіктестікті нығайтуға дайын екенін растады.Еуропалық одақ – Қазақстан Республикасының негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. 2024 жылы екіжақты сауда көлемі 49,7 млрд АҚШ долларын құрады (+16,9%), оның ішінде Қазақстанның экспорты – 38,6 млрд долл., импорты – 11,1 млрд долл. 2005 жылдан бастап 2024 жылдың 9 айына дейін ЕО елдерінен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 200,7 млрд доллар құрады, бұл Қазақстанға тартылған барлық тікелей инвестициялардың 47,8%-ына тең (419,5 млрд долл.). 2024 жылдың 9 айында Қазақстанға тартылған ЕО елдерінің тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 6,4 млрд доллар немесе жалпы көрсеткіштің 50,4%-ын құрады. Бүгінгі таңда Қазақстанда еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/956104
Қостанай облысында су тасқынының алдын алу шаралары жүзеге асырылуда 13.03.2025
Қостанай облысының әкімі Кумар Аксақалов Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық еткен республикалық штабтың су тасқынына қарсы іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі отырысында сөз сөйледі. Ол өңірде көктемгі су тасқынына белсенді дайындық жүргізіліп жатқанын және ықтимал тәуекелдерге әзірлік бар екенін мәлімдеді.«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 13-18 наурыз аралығында облыста жауын-шашын түсіп, ауа температурасы +7 °С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Су басу қаупі жоғары 92 елді мекенде қажетті жұмыстар атқарылды. 168 су өткізу құбыры салынды, 20 шақырым нөсерлі кәріз жүйесі жүргізілді, 860 млн теңгеге су сору құралдары мен су толтырылған бөгеттер сатып алынды. Су тасқынының алдын алу шараларына 7,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде 27 гидротехникалық құрылысты жөндеуге қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек, шұғыл іс-шараларға қосымша 1,5 млрд теңге резервте сақталған.«Біз өткен жылғы жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін барлық ықтимал тәуекелдерді алдын ала ескердік. Барлық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, техника мен мамандар кез келген жағдайға дайын. Елді мекендерді қорғап қана қоймай, ауыл шаруашылығы алқаптары мен инфрақұрылымға келетін шығынды азайту маңызды», – деп атап өтті Кумар Аксақалов.Қажет болған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін 20 мың адамға арналған орындар әзірленді. Амангелді, Жангелдин аудандарында және Арқалық қаласында қорғаныс біліктері нығайтылып, жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді. 15 наурыздан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын қауіпсіз аймақтарға ұйымдасқан түрде көшіру басталады. Мал азығының қоры дайындалды, оның ішінде 644 мың тонна шөп, 217 мың тонна сабан, 84 мың тонна сүрлем және 243 мың тонна құрама жем бар.Өңірде өзендер мен су қоймаларындағы су деңгейіне тұрақты бақылау жүргізілуде. Ірі су қоймаларындағы жалпы су көлемі 881 млн текше метрді құрайды, бұл олардың жалпы сыйымдылығының 61%-ына тең. Мұз кептелісінің алдын алу мақсатында 15 наурыздан бастап су айдындарында жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа 193 млн теңге бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.«Біз өзен арналарын тазарту, бөгеттер мен жағалауларды нығайту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз, көршілес өңірлермен үйлестіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық қажетті қызметтер жұмылдырылған. Жағдай бақылауда, және біз халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деп атап өтті облыс әкімі.Су тасқынының салдарын жою үшін 3 мың маманнан тұратын арнайы күштер жасақталды. Сондай-ақ, 400-ге жуық техника, 120 жүзу құралы және 330 мотопомпа дайындыққа қойылған. Су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде, сонымен қатар көршілес өңірлермен, соның ішінде Ресей Федерациясымен байланыс қамтамасыз етілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/955799
Қостанайда қаланың су тасқынына дайындығы тексерілді 12.03.2025
Қостанайда облыс әкімі Құмар Ақсақалов, қала әкімі Марат Жүндібаев, профильді қызметтер, ТЖД, полиция және мердігерлік ұйымдардың қатысуымен жұмыс сапары өтті. Мақсат – қар тазалау жұмыстарының барысын және су тасқыны кезеңіне дайындықты бақылау.Маршрутқа Юбилейный шағын ауданы, Абай Құнанбаев атындағы мектеп, Екінші Қостанай ауданы, №122 мектеп, Аэропорт шағын ауданы, Дружба тұрғын алабындағы су бұру арнасы, Абай көшесі және Дөңгелек қатарлар ауданы кірді. Ерекше назар су өткізу құрылыстарының жай-күйі мен тұрғын алаптарындағы қарды тазарту жұмыстарына аударылды.Жұмыс қорытындысы бойынша Қостанай қаласының әкімдігіне, ТЖД, полицияға және мердігерлік ұйымдарға бірқатар тапсырмалар берілді:• Көше, аула аумақтары мен су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстарын жеделдету.• Басқарушы компаниялар мен МИБ-ті қар тазалау жұмыстарына тарту, жеке сектор тұрғындарын қар шығару қажеттілігі туралы ақпараттандыруды күшейту.• Қозғалысы шектеулі азаматтар мен әлеуметтік осал топтарға мекенжайлық көмек көрсету – волонтерлік ұйымдарды тарту маңызды.Су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасады. Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау жедел түрде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/955529
Әзербайжан СІМ басшысы Астанаға ресми сапармен келді 11.03.2025
Астана, 2025 жылғы 11 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен келіссөздер жүргізді.Әзербайжан министрінің сапары Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың 20 жылдығы (2005 жылғы 24 мамыр) аясында өтті, бұл мемлекетаралық ынтымақтастықтың берік және ұзақ мерзімді сипатын көрсетеді.Кездесу барысында саясат, сауда, экономика, энергетика, көлік, транзит, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.Қазақстанның Сыртқы істер министрі екіжақты қарым-қатынастардың серпінді дамуын атап өтіп, мемлекет басшыларының стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі саяси ерік-жігерінің рөлін атап өтті.«Қазақстан мен Әзербайжан өзара түсіністік пен сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді, бұл біздің барлық салалардағы ынтымақтастығымызды дәйекті түрде дамытуға мүмкіндік береді. Біз өзара іс-қимылды, әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда одан әрі кеңейтуге бағытталғанбыз», – деді М.Нұртілеу.Тараптар соңғы бес жылда қабылданған шаралардың арқасында бес есеге ұлғайып, 2024 жылы 533,4 млн АҚШ долларына жеткен тауар айналымының айтарлықтай өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті. Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында бұл көрсеткішті 1 млрд долларға дейін жеткізу ниетін растады.Келіссөздердің маңызды тақырыбы энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Министрлер Әзербайжан аумағы арқылы қазақстандық энергоресурстардың транзиті саласындағы табысты өзара іс-қимылды құптады. Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы мұнайды тасымалдау көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млн тоннаны құрады, ал орта мерзімді перспективада жылына 2,2 млн тонна деңгейіне жету күтілуде.«Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес ретінде қарастырамыз. Бүгінгі келіссөздер көлік, инвестициялар, энергетика және білім беруді қоса алғанда, түрлі бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген өзара ұмтылысты растады», – деп мәлімдеді Д.Байрамов.Тараптар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, ғарыш және телекоммуникация саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті. Ынтымақтастықты нығайтуға 2024 жылы құрылған Қазақстан-Әзербайжан тікелей инвестициялардың инвестициялық қоры ықпал етеді.Келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа баса назар аударылды. Соңғы екі жылда елдерде Қазақстан мен Әзербайжанның мәдениет күндері өтті. 2025 жылғы наурызда Бакуде Қазақстанның 23 университетінің қатысуымен қазақстандық жоғары білім беру күндері өтті, оның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы 40 меморандумға қол қойылды.Министрлер сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, БҰҰ, ТМҰ, АӨСШК, ТМД, ИЫҰ және Каспий саммиті шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын растады.Келіссөздер қорытындысы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған сімаралық өзара іс-қимыл жоспарына қол қойылды.Ресми сапар аясында Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Д.Байрамов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында да болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/954348
Қазақстандық делегация ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің шұғыл отырысына қатысты 08.03.2025
Джидда, 2025 жылғы 7 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің Палестина мен Сириядағы жағдайға арналған төтенше сессиясына қатысты.Іс-шараға қатысушылар қазіргі геосаяси жағдайды, ислам әлемі бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер мен қауіптерді талқылады, сондай-ақ Газа секторын тез арада қалпына келтіру және Сириядағы жағдайды тұрақтандыру қажеттігін атап өтті.ҚР СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстан Сирия дағдарысына басынан-ақ жіті назар аударып, Астана процесі аясында келіссөздер алаңын қамтамасыз еткеніне назар аударды. «Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді Сирия халқының мүдделерін ескере отырып, Сириядағы жағдайды тұрақтандыру үшін белсенді қадамдар жасауға шақырамыз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Палестина мәселесіне қатысты ең өзекті мәселенің ХАМАС пен Израиль арасында тұрақты атысты тоқтатуды қамтамасыз ету екені баса айтылды. Қазақстан екінші кезең бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздер бейбітшілікке, қауіпсіздікке, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларының негізінде Палестина мемлекетін құруға жол ашады деп үміттенеді.Іс-шара мұсылман елдерінің Палестина және Сирия халықтарымен ынтымақтастығын, сондай-ақ өңірдегі жағдайды тез арада реттеу үшін белсенді әрекетке ұмтылуын көрсетті.ИЫҰ СІМК отырысының нәтижесінде тиісті қарарлар қабылданып, Сирияның Ұйымға мүшелігі қалпына келтірілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/953595
Қазақстан СІМ басшысы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен бірқатар кездесулер өткізді 08.03.2025
Джидда, 2025 жылғы 7 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясы аясында Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен, Малайзияның Сыртқы істер министрі Мохамад Хаджи Хасанмен, Индонезияның Сыртқы істер министрі Сугиономен, Пәкістанның Сыртқы істер министрі Мухаммад Исхак Дармен, Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен және Бахрейннің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф Әл-Заянимен кездесулер өткізді.Кездесулер барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі талқыланды.Транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.Сонымен қатар министрлер жаһандық күн тәртібін талқылап, халықаралық ұйымдар аясындағы белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.Кездесулердің нәтижелері тараптардың серіктестікті нығайтуға және өзекті мәселелер бойынша шешімдерді бірлесіп іздеуге өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/953596
Алматы облысында еңбегімен танылған арулар марапатталды 07.03.2025
Алматы облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға құрмет көрсетілді.Салтанатты жиында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ел дамуына үлес қосып жүрген әйелдердің қоғамдағы маңызын атап өтті. “Бұл күн – сіздердің мейірімдеріңіз бен ақыл-парасаттарыңызға, қажырлы еңбектеріңіз бен қайсарлықтарыңызға деген ерекше құрметтің белгісі. Сіздер – отбасының тірегі ғана емес, елдің өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген белсенді мамандарсыздар. Бүгінде облыста басқару саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі – 27 пайыз, ал мемлекеттік қызметтегі нәзік жандылар – 58 пайызды құрайды. Сонымен қатар, 52 мыңнан астам көпбалалы аналарымыздың 18 мыңы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері.Аналарымыз бен әжелеріміз жас ұрпаққа ізгілік пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп, еңбекқорлық пен білімге құштарлыққа тәрбиелеуде”, – деді облыс әкімі. Мерекелік жиында әртүрлі салада үздік жетістікке жеткен әйелдер «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Шапағат» медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хатымен, Алматы облысының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.Қарапайым еңбек – үлкен құрмет Марапатталғандардың қатарында энергетика, әлеуметтік қызмет, денсаулық сақтау, білім беру, өндіріс, спорт және төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп жүрген жандар бар. Олардың арасында кітапхана директоры, өрт сөндіруші, киім фабрикасының технологы, наубайшы, электромонтер, мұғалім және жаттықтырушы секілді түрлі мамандық иелері бар. Бұл – қарапайым еңбектің елеусіз қалмайтынын және олардың еңбегі лайықты бағаланатынын білдіреді. Алматы облысында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, еңбек адамының мәртебесін көтеру бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.“Еңбек ер атандырады” демекші, қажырлы еңбегімен елге үлгі болған арулар әрдайым құрметке лайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/953374
Қостанай облысының Инвестициялық штабы: инвесторларды жедел қолдау 07.03.2025
Қостанай облысында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында инвестиция тарту және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінен құралған Инвестициялық штаб құрылды.Басты мақсат – инвесторлармен тиімді өзара әрекеттесуИнвестициялық штаб жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерді қажетсіз бюрократиясыз жедел шешуге бағытталған. Негізгі міндет – қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, өңір экономикасына капитал тарту үшін жағдай жасау.Бүгінгі штаб отырысында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және энергетика салаларындағы 16 инвестициялық жоба қаралды.Инвесторлардың барлық сұрақтары жан-жақты талданып, оларды шешу жолдары айқындалды, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары белгіленді.Қостанай облысы – инвестиция үшін перспективалы алаңӨңір қарқынды дамып, жаңа инвесторларды тартып отыр. Жоғары қосылған құнды өнім өндіруге, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және өндірісті жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.Инвестициялық штабтың жұмысы бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау және инвестициялық бастамаларды табысты іске асыруға жәрдемдесу мақсатында тұрақты түрде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/953281
Қостанай облысында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 07.03.2025
8 наурыз қарсаңында Қостанай облысында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Бұл күні қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген әйелдерге құрмет көрсетілді.Іс-шара аясында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің үздік әйелдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Кәсіби еңбегі мен адалдығы үшін «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, мәдениет және бизнес салаларының өкілдеріне тапсырылды. Ал көпбалалы аналар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларымен марапатталды.Салтанатты жиында сөз сөйлеген Құмар Ақсақалов өңір әйелдерінің тек өз салаларында жетістікке жетіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол нәзік жандыларға еңбектері, даналығы мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, отбасылық береке және көктемгі көтеріңкі көңіл-күй тіледі.Мерекелік концерт шынайы құрмет пен алғысқа толы әсерлі шараға айналды. Өңір өнерпаздарының музыкалық және шығармашылық нөмірлері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әйелдер қауымының қоғамдағы рөліне тағы бір мәрте назар аудартты.Халықаралық әйелдер күні – бұл жай ғана мереке емес, сондай-ақ әйелдердің жанкештілігіне, рухани мықтылығына және әлемге сыйлайтын махаббатына шынайы ризашылық білдіру мүмкіндігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/953291
Қазақстан мен Кипр ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 06.03.2025
Никосия, 2025 жылғы 6 наурыз – Кипр Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесу өткізді.Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы тұрақты кездесулер екі елдің қарым-қатынастарының қарқынды дамуына, сондай-ақ тиісті шарттық-құқықтық базаны нығайтуға елеулі серпін бергені аталды.ҚР СІМ басшысы елдер арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2023 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайғанын, ал 2024 жылы Кипр инвестицияларының көлемі 227 млн АҚШ долларын құрағанын атап өтті. Инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту және өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында іскерлік байланыстарды жандандыру ұсынылды.Өз кезегінде Кипр сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Никосияның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті. Түрлі халықаралық алаңдар шеңберінде, оның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ желісі бойынша екі елдің өзара іс-қимылына жоғары баға берілді.Тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия құру мүмкіндігін қарастыру, «Кипр-Қазақстан» Іскерлік қауымдастығының қызметін жандандыру, екі ел арасында тікелей рейстер ашу туралы мәселені пысықтау уағдаластығына қол жеткізді.Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер тығыз және жемісті ынтымақтастыққа және басым салаларда, оның ішінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Кипрдің ЕО Кеңесіне алдағы төрағалығы шеңберінде жаңа бастамаларды әзірлеуге өздерінің дайындығын растады.Сапар барысында ҚР СІМ басшысы «Кипр-Қазақстан» Іскерлік қауымдастығының президенті Костас Маркидеспен кездесіп, экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, Қазақстанға кипрлық инвестицияларды тарту, сондай-ақ түрлі салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Екі елдің іскер топтары арасындағы серіктестікті тереңдету өзара сауданың одан әрі өсуінің және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңызды факторы болатыны аталып өтті.2024 жылы Қазақстан мен Кипр арасындағы тауар айналымы 7,1 млн АҚШ долларын (экспорт – 6,2 млн доллары, импорт – 949 мың доллары) құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5 есе жоғары. 2005 жылдан 2024 жылдың II тоқсанына дейін Кипрдің Қазақстан экономикасына құйған инвестиция көлемі 4,8 млрд долларынан асты. 2024 жылы Кипрден тікелей инвестициялар ағыны 227,6 млн долларын құрады. Қазақстанда кипрлік капиталдың қатысуымен 367 компания тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/952500
Қазақстан СІМ басшысы Кипрге ресми сапармен барды 05.03.2025
Никосия, 2025 жылғы 6 наурыз – Кипр тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасына алғашқы ресми сапармен барды.ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидистің қабылдауында болды. Кездесу барысында соңғы уақытта қол жеткізілген екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейі және оны одан әрі нығайтуға деген көзқарас аталып өтті.Н.Христодулидис 2019 жылы Кипрдің Сыртқы істер министрі бола отырып, Қазақстанға сапармен барды және сол сапар арқылы саяси диалогты дамытуға әрі сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруға елеулі серпін берілді.Қазақстан Үндістанмен қатар Кипр тарапымен Азия бағытындағы басым мемлекет ретінде белгіленді.Өз кезегінде М.Нұртілеу Кипр көшбасшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Кипр еліміздің Еуропалық одақ пен Жерорта теңізіндегі сенімді серіктесі екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Кипр 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 4,8 млрд доллар инвестиция салғаны айтылды.Сұхбаттастар екі елдің астаналарында елшіліктердің өзара ашылуын құптады, бұл түрлі салаларда серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін құру үшін маңызды қадам болды.Тараптар сондай-ақ сауда, көлік, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларының бар екенін растады. Сонымен қатар жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.Қазақ делегациясының Кипрде болуы барысында М.Нұртілеудің Кипр Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен және іскер топтарымен кездесулері жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/951700
Қазақстан мен Таиландтың өзара іс-қимылы дамуын жалғастыруда 05.03.2025
Астана, 2025 жылғы 5 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Әлібек Бақаев Таиланд Корольдігінің жаңа тағайындалған Елшісі Пияпин Нийомреркстің сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.Ә. Бақаев тай дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.Сонымен қатар сұхбаттастар БҰҰ, АӨСШК және басқа халықаралық алаңдар шеңберінде көпжақты форматтағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындықтарын білдірді.Өз тарапынан Елші П. Нийомреркс Қазақстан мен Таиланд арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады.Кездесудің соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша байланыстарды сақтауға және ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/951670
Алматыда БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті 05.03.2025
Алматы, 2025 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі және БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілдігі «UN Plaza» ғимаратында «Бейбітшілік пен даму жолындағы ынтымақтастық: Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл» атты БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізді.Іс-шара аясында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қ. ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов, ҚР бұрынғы Сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұнғыш Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова және Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек сөз сөйледі. Қытай, Франция және Ресей бас консулдары да сөз сөйледі.Іс-шараға дипломатиялық корпустың өкілдері, БҰҰ агенттіктерінің басшылары, ғылыми орта өкілдері және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері қатысты.Өз сөзінде Ж.Әбдрашов қатысушыларды Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толуымен құттықтады. Биыл бұл дата БҰҰ-ның 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондай-ақ Ұйымның халықаралық қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастығы аясында күрделі жаһандық сын-қатерлерді шешудегі жетістіктерін атап өтіп, Қазақстанның осы жылдар ішінде жүзеге асырған сыртқы саяси бастамаларына назар аударды.Конференция барысында қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, адам құқықтары мен тұрақты дамуды ілгерілетудегі рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/951209
Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттер конференциясына төрағалық етуде 04.03.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің үшінші конференциясында төрағалық етуді бастады.Өз сөзінде конференция төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин халықаралық жағдайдың күрделілігіне қарамастан, әлемде ядролық арсеналдарды толық жоюды және ядролық қауіп-қатерден азат әлем құруды қолдайтындардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Осы жылы Хиросима мен Нагасакиге жасалған ядролық бомбалауға 80 жыл толатынын еске сала отырып, ол мұндай қайғылы оқиғаның енді қайталанбауы үшін қажетті шараларды қабылдау маңызды деген ортақ сенімді білдірді.Шарт аясында еліміз ядролық сынақтардан зардап шеккендерге тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемнің басқа өңірлерінде де көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударады. Осыған байланысты зардап шеккендерге көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру мақсатында Халықаралық қор құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс ерекше аталып өтті.БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Изуми Накамицу Қазақстанның төрағалығын құптап, еліміздің ядролық қарусыздану процесіне қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.Апта барысында конференция аясында ядролық қарусыздану саласындағы жетекші әлемдік сарапшылардың қатысуымен тақырыптық пікірталастар өтеді, сондай-ақ жұмыстың алдағы бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасу жоспарланған. Пікірталастарға ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері, ядролық сынақтардан зардап шеккендер және Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің көптеген елдерінің өкілдері қатысады.Форум қорытындысы бойынша қатысушылар антиядролық шартты іске асырудың ең өзекті мәселелері бойынша саяси декларация мен бірқатар шешімдер қабылдауды жоспарлап отыр. Конференция жұмысына Шартқа қатысушы мемлекеттер мен бақылаушы елдердің 75 делегациясы, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген 150-ден астам азаматтық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/950549