Enbekshi QazaQ

Экономика

Қазақстан СІМ басшысы Оман Елшісін қабылдады 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 4 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оман Сұлтандығының Елшісі Мұхаммад Әл-Бахраниді қабылдады.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Оман ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сұхбаттастар Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидидің жақында Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапарының қорытындыларын қанағаттанушылықпен атап өтіп, сапар аясында қол қойылған Жол картасын іске асыру үшін бар күш-жігерін салуға келісті.Сондай-ақ қолданыстағы құрлық және теңіз маршруттарын кеңейту арқылы сауда және логистикалық байланыстарды нығайтуды қоса алғанда, маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар мүдделі тараптармен логистикалық мүмкіндіктерді бірлесіп дамыту үшін жұмыс топтарын құру туралы келіссөздерді бастауға дайын екені айтылды. Сондай-ақ Оманның Қазақстан мен көрші елдер үшін тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі бастамасы қолдау тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/950699
Қостанай облысында туризмді дамыту туралы 04.03.2025
Соңғы уақытта елімізге туристік бағыт ретінде қызығушылық айтарлықтай артты. Осыған байланысты отандық және шетелдік туристерді көбірек тарту мақсатында ұсынылатын қызметтер аясы кеңеюде. Қазақстан бұл тұрғыда өте алуан түрлі – қар басқан тау шыңдарынан бастап құмды бархандар мен кең жазықтарға дейінгі табиғи көріністерімен ерекшеленеді.Біздің облыс та бұл үрдістен қалыс қалмай, экологиялық, сауықтыру және қажылық туризмін дамытуға әлеуеті бар аймақ ретінде танылуда. Өңір аумағында мәдени-танымдық туризмнің негізі болатын құнды тарихи және рухани ескерткіштер сақталған.2024 жылдың 9 айында облысымызға 160 мыңнан астам отандық және 9 мыңнан аса шетелдік турист келді. Орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 2,6 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға өсті. Туризм саласына 12 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.Саладағы маңызды инвестициялық жобалардың бірі – Амангелді ауданында салынып жатқан туристік кешен. Бұл жерде қонақүй, сақ саунасы, субұрқақты бассейн, балалар алаңдары, сондай-ақ Тәж-Махал, Мысыр пирамидалары және Эйфель мұнарасы сынды әйгілі сәулет ескерткіштерінің көшірмелері орналаспақ.Сонымен қатар, Қазақстанның тарихи құндылықтарын сақтау мақсатында Ұлттық жады қабырғасы мен музей салу жоспарлануда.Облыстағы экологиялық туризмнің орталығы – ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандары тізіміне енген Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы. 1931 жылы құрылған бұл қорықтың флорасы мен фаунасы 687 өсімдік түрін, 318 құс және 45 сүтқоректі түрін қамтиды.Экотуристер үшін ұзындығы 185 шақырымды құрайтын 6 экскурсиялық соқпақ пен маршрут жұмыс істейді.Сонымен қатар, өңірде туризмді одан әрі дамыту мақсатында қызмет көрсету саласын, соның ішінде әуе көлігі инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.«Қостанай» халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы мен терминалы халықаралық стандарттарға сай жаңғыртылды. Енді әуежай 200 тоннаға дейінгі салмақтағы әуе кемелерін қабылдай алады. Сондай-ақ, терминал аумағы кеңейтіліп, жолаушыларды өткізу қабілеті артты, ұшып кету және келу аймақтарына телескопиялық трап орнатылды.Алдағы уақытта Арқалық қаласының әуежайын қалпына келтіру жоспарланған. Ұшу-қону жолағын жөндеу, жаңа терминал салу, метеорологиялық және радиотехникалық құрал-жабдықтар, арнайы техникалар сатып алу көзделіп отыр.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Чехия Республикасы арасындағы халықаралық келісім аясында Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде – тарихи табиғи мекенінде – Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.2024 жылдың маусым айында Амангелді және Жангелдин аудандарында орналасқан «Әлиби» реинтродукция орталығына алғашқы 7 Пржевальский жылқысы жеткізілді. Жалпы саны 40 жылқыны жерсіндіру жоспарланған.Осылайша, өңірде көлік инфрақұрылымын дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл шаралар аймақтың туристік әлеуетімен ұштасып, тек отандық қана емес, шетелдік туристерді де тартуға мүмкіндік береді. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман ӘБЕНОВ-тың,«Костанайские новости» газетіне берген сұхбатынанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/950391
Алматы облысындағы аграрлық маусым 04.03.2025
Биыл аймақтағы егістік алқаптарының көлемі 427,7 мың гектарға жеткізілетін болады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға көп. Негізгі өсім дәнді және жем-шөп дақылдарына тиесілі. Көктемгі жер жырту және ылғал жабу жұмыстары 357,2 мың гектар аумақта жоспарланған. Өсімдік шаруашылығы саласын қолдауға биыл жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Қаражат тұқым шаруашылығын дамытуға, басым дақылдарды қолдауға және тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталады. Суармалы су құнын арзандатуға 750 млн теңге бөлінді.Сонымен қатар, «Кең дала» бағдарламасы аясында аграршыларға 15,7 млрд теңге жеңілдетілген несие бөлінді, бүгінде «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ-на 1,3 млрд. теңгеге 36 шаруашылық өтінімін өткізген. Қазіргі уақытта Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр, фермерлер қажетті тұқым қорымен қамтылған. Жеңілдетілген бағамен, яғни литрі 250 теңгеден 4 650 тонна дизель отыны бөлінді, мұнай базаларынан алу 20 наурызда басталады.-«Облыста 16,0 мың тонна минералды тыңайтқыш алынып, қосымша 77 шаруашылық «ҚазАзот» АҚ-мен 1334 тонна тыңайтқышқа келісім-шартқа отырған (Еңбекшіқазақ – 53 шаруашылық 1097 тонннаға, Ұйғыр – 22 шаруашылық 164 тоннаға, Іле – 2 шаруашылық 73 тоннаға). Жалпы биыл минералды тыңайтқышты қолдану көлемі 25%-ға ұлғайып, 60,8 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. Біз ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға күш салудамыз. Бұл топырақ құнарлылығын сақтай отырып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту маңызды мәселе болып қала бермек. Қазіргі таңда облыстағы техниканың 58%-ы 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Осыған байланысты, биыл 665 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу көзделуде. Фермерлер үшін қолайлы жағдай жасау басты мақсаттардың бірі болып табылады.Су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны төмен. 2024 жылы жоспарланған 70,5 мың гектардың орнына тек 43,6 мың гектарға ғана енгізілді. 2025 жылы бұл көрсеткішті 93,6 мың гектарға жеткізу және жобалардың орындалуын қатаң бақылау жоспарланып отыр. Бақылауды күшейтіп, аграршыларға судың тапшылығын еңсеруге көмектесу үшін қосымша қаражат бөлінді.2024 жылы облыстың ауыл шаруашылығына құйылған инвестициялар көлемі 25,1 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 41,2%-ға артты.Азық-түлік өндірісіне салынған қаржы 19,2 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың өсуі аграрлық сектордың тартымдылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Жергілікті билік фермерлерді ресурстармен, қаржыландырумен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етті, енді ұсынылған қолдауды тиімді пайдаланып, егіс науқанын табысты өткізу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/950132
Еңбекмині МӘС рәсімін жетілдіру бойынша пилоттық жобаны іске қосады 04.03.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бұйрық әзірледі. Бұл бірнеше нозология бойынша осы процедураны жеңілдетеді.Сырттай проактивті форматта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің ерекше тетігі медициналық құжаттарды аумақтан тыс бір ғана сарапшыға жіберу арқылы мүгедектікті белгілеу рәсімін оңайлатуды көздейді. Бұған дейін бұл рәсім үш сарапшының қатысуымен өткізілген еді.Сондай-ақ сырттай проактивті куәландыру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері үш жұмыс күннен бір жұмыс күніне дейін қысқартылады.Бұл механизм пилоттық жобада ауруларға, жарақаттар мен ақауларға байланысты дене функцияларының қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары кезінде үш нозологиялық нысан бойынша қолданылады:– аяқтың ампутациясы және (немесе) болмауы;– Даун ауруы (синдром);– балалардағы мукополисахаридоз.Құжатпен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15472789Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/949894
Қазақстан СІМ жанындағы диалог алаңында азаптаудың алдын алу мәселелері талқыланды 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлованың төрағалығымен «Адами өлшем бойынша диалогтық алаң» консультативтік-кеңесші органының кіші тобының отырысы өтті.Күн тәртібінде азаптау мен қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынастан қорғаудағы алдын алу шараларын жетілдіру бойынша негізгі мәселелер қаралды.Отырыс Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеу қызметі бастығының орынбасары Владимир Малаховтың баяндамасымен ашылды. Өз сөзінде ол қылмыстық заңнаманы Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізу саласында елімізде жүргізіліп жатқан маңызды реформалар туралы хабардар етті. Толық оңалту және азаптау құрбандарына өтемақы төлеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда зиянды өтеу мөлшерін ұлғайту және оның механизмін жетілдіру бөлігінде түзетулер енгізу мәселесі қарастырылуда.Отырыстың екінші мәселесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бөлім меңгерушісі Жанар Бигалиева азаптаудың алдын алудағы Ұлттық алдын алу тетігінің (бұдан әрі – ҰААТ) рөлі туралы баяндама ұсынды. Бүгінгі күні кеңсенің жұмысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақпараттық жүйесінің функционалын жетілдіруге және оны сотталғандардың шағым беру терминалдарымен интеграциялауды аяқтауға, ҰААТ қатысушыларының есептер жасау жөніндегі жұмысының цифрлық форматына көшуді аяқтауға, сондай-ақ ҰААТ қаржыландыруды ұлғайтуға шоғырланған.Үшінші мәселені қарау барысында Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнара Сәрсенбаева қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Ол ағымдағы жылы нормативтік актілерге тәулік бойы төсек-орындарды енгізу, медициналық тексеру кезінде зерттеулер тізбесін өзгерту, жарақтандыруды, штаттық нормативтерді және скрининг тексерулер тізбесін қайта қарау, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік қызметтер мен цифрландыруды енгізу бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарларымен бөлісті.Күн тәртібінің төртінші мәселесін талқылау шеңберінде Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Сәдібеков азаптауды болдырмау мақсатында барлық мекемелерде 39000-нан астам камера жұмыс істейтін, оларға прокуратура органдары үшін онлайн қолжетімділігі бар үздіксіз бейнебақылау енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар ол Әлеуметтік кодексті қабылдай отырып, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде ұсталатын бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандарға күтім бойынша жәрдемақы түріндегі әлеуметтік төлемдерді тағайындай отырып, сол мекемелердегі сотталғандар қатарынан адамдар күтім жасай алатынына назар аударды.Отырыстың бесінші мәселесі бойынша Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың орта білім алуға құқығы бар екенін және оларға жұмысшы мамандығын тегін алуға ұсынылатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жанындағы колледждерде 2522 студент оқиды.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер сындарлы және ашық форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері тікелей пікір алмасу және әзірленген ұсынымдармен бөлісу үшін мүмкіндік алды.«Адами өлшем бойынша диалогтық алаң» консультативтік-кеңесші органы 2013 жылы ҚР СІМ бастамасымен құрылды. Алаң Үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты ілгерілетудің тиімді құралы ретінде қызмет атқаруда. Алаңда халықаралық ұйымдардың (БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен адам құқықтарын қорғаудың әртүрлі өзекті мәселелері талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/949526
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 49 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 04.03.2025
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 95,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 49 мыңнан астам адам пайдаланды.Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/949692
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті 04.03.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Қалада білім алып жүрген тәрбиеленушілер өздеріне үйреншікті ортада оқуын жалғастырады, ал жаңадан қабылданатын балалар Қонаев қаласына орналастырылады. Жағдайды жан-жақты зерттеу мақсатында облыс әкімі балалар үйінің өкілдерімен, оның ішінде директор Роза Бекішева, педагогтар және тәрбиеленушілермен кездесу өткізді. Талқылауға Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева, Қонаев қаласының әкімі және тиісті ведомство өкілдері қатысты. Бұған дейін білім басқармасының басшысы Салтанат Дауысбекқызы мекемеге барып, ондағы жағдаймен танысып, қызметкерлердің көшу және жұмыс орындарын сақтау мәселелері бойынша пікірлерін тыңдаған болатын. «Балалар Алматыда қалғысы келетіндерін айтты, өйткені жаңа ортаға бейімделу және әлеуметтік ортадан ажырау олардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Бұл фактор шешім қабылдауда басты назарға алынды», — деп атап өтті өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев. Сонымен қатар, облыста жаңа балалар үйінің құрылысы жалғасуда. Жалпы ауданы 4000 шаршы метрді құрайтын заманауи ғимарат 240 орынға есептелген. Онда жайлы тұрғын бөлмелер, оқу сыныптары және демалыс аймақтары қарастырылған. Жақын маңда 900 орындық мектеп орналасқан, ал балаларды тасымалдау үшін арнайы автобус бөлінеді. Кешеннің ашылуы жаз айларына жоспарланған. Бұдан бөлек, жаңа ғимараттың бір бөлігі инфрақұрылымдық мәселелерге тап болған Нүсіпбаев атындағы интернатқа беріледі. Сондай-ақ, ғимараттың бір корпусы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (КТБО) қажеттіліктеріне жұмсалады, бұл облыстың әртүрлі аймақтарынан келген балаларды басқа қалаларға ауыстырмай, бір жерде орналастыруға мүмкіндік береді. Билік өкілдері жетім балаларға қатысты барлық шешімдер олардың мүддесін, өмір сүру жағдайының жайлылығын және сапалы білім алуын басты орынға қоя отырып қабылданатынын ерекше атап өтті. «Біздің мақсатымыз – балалар өзін қауіпсіз сезініп, жан-жақты дамуы үшін қолайлы орта қалыптастыру. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалады, ал жаңадан келетін балалар Қонаев қаласындағы заманауи кешенге орналастырылады», — деп түйіндеді Марат Сұлтанғазиев. Кездесу аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері білім беру орталығына және туристік-спорттық кешенге барды. Бұл бағдарлама олардың болашақ мүмкіндіктерімен және даму перспективаларымен таныстырды. «Құрылыс нысанын аралап, болашақ балалар үйінің паспортын таныстырғаннан кейін, біз үшін өте жақсы жағдай жасалып жатқанын және маңында ешқандай түрме жоқ екенін көрдік», — деп бөлісті балалар үйінің тәрбиеленушісі Кирилл Капранов.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/949537
ҚХА-ның 30 жылдығы: Қонаев қаласында Алғыс айту күні игі істермен атап өтілді 04.03.2025
Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті.Мерекелік кездесу барысында өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған құттықтау сөзін оқыды.Президент еліміздегі бірлікті нығайту, барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамыту, сондай-ақ қазақ тілінің мәртебесін арттыру ісіндегі ҚХА-ның маңызды үлесін атап өтті. Ол Ассамблеяның ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда, патриотизм, ынтымақ және жауапкершілік сияқты негізгі құндылықтарды ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын айтты.Маңызды шара аясында облыстық әкімдікте этносаралық келісім туралы маңызды пікірталастар өтіп, мерекенің шарықтау шегі қалалық Мәдениет үйіндегі концерттік бағдарлама болды.Дөңгелек үстелде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ҚХА-ның 30 жыл бойы елдегі тұрақтылық пен толеранттылықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.– “Қазақстан халқы Ассамблеясы әртүрлі этнос пен діни топтардың үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Оның қызметінің арқасында Қазақстан мәдениетаралық диалог саласындағы жүйелі саясаттың үлгісіне айналды”, – деді әкім.Халықтар достығының маңыздылығы туралы ҚХА депутаты, әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Осман Аслы мен Қапшағай қаласының алғашқы құрылысшыларының бірі Чжен Александр өз пікірлерін білдірді.Салтанатты бөлім барысында түрлі кәсіп иелері өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.– “2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Елдің өркендеуінің негізін қалаған әрбір еңбек адамына құрмет пен алғыс білдіру өте маңызды”, – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.Мереке өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Көрермендер ұлттық билер мен халық әндерін тамашалап, дәстүрлі аспаптарда орындалған әуендерден ләззат алды.Елеулі сәттердің бірі – көпбалалы анаға “Қарекет” қайырымдылық қорының қолдауымен пәтер кілтін табыстау болды.Кештің соңында қазақстандықтардың бірлігі мен өзара құрметі – елдің басты күші екені тағы бір мәрте еске салынды.*Алматы облысындағы қайырымдылық: 2025 жылдың басым бағыттары*ҚХА-ның мерейтойлық жылында Алматы облысында әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жалғасады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің қайырымдылық бағдарламаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.Негізгі жобалар:•“Жүректен жүрекке” акциясы – табиғи апаттардан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету;•“Мектепке жол” бастамасы – өткен жылы 2100 бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілсе, 2025 жылы қамтылатын оқушылар саны артпақ;•“Вайнах” шешен-ингуш орталығы – мұқтаж жандарға медициналық көмек көрсету бағдарламасы;•“Ахыска” түрік орталығы – қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау;•“Барбанг” күрд орталығы – зейнеткерлер мен жетім балаларға арналған әлеуметтік экскурсиялар мен көмек көрсету;•Беларусь этномәдени бірлестігі – жаңажылдық қайырымдылық акциясын кеңейтіп, аз қамтылған отбасылардың балаларын қамту аясын ұлғайту.2025 жылы өңір мейірімділік пен өзара көмектің берік дәстүрлерін нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады. Қайырымдылық жобалары қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастықтың нақты көрінісі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/948900
Қостанайда Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аталып өтті 04.03.2025
1 наурыз күні Қостанайда Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам белсенділері, ардагерлер, жастар және шақырылған қонақтар бас қосты.Алғыс айту күні – бейбітшілік, келісім және өзара құрметтің жарқын символы. Бұл күн – әртүрлі этнос өкілдерінің бір-біріне қолдау көрсеткені, қонақжайлылығы мен ел дамуына қосқан ортақ үлесі үшін алғыс білдіретін ерекше мейрам. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – еліміздің тарихындағы маңызды белес. Бұл институт үш онжылдық бойы халықтың бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп келеді.Қазақстан халқы Ассамблеясы: 30 жылдық бірлік пен тұрақтылық1995 жылы Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған Ассамблея этномәдени бірлестіктердің өзара әрекеттесуіне, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыруға арналған бірегей алаңға айналды. Оның жұмысының нәтижесінде елімізде барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасалып, қазақ тілі этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде нығайды.Осы 30 жыл ішінде Ассамблея қуатты қоғамдық институтқа айналып, ел бірлігін нығайтып қана қоймай, өз өкілдері арқылы Парламенттің заң шығару қызметіне де белсенді қатысып келеді. Оның қызметі білім беру, мәдениет, қоғамдық дипломатия және қайырымдылық салаларын қамтиды, осылайша елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасын қалыптастырады.Салтанатты жиын: құттықтаулар, марапаттар, ерен еңбекті бағалауЖиналған қауымға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөзін арнап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды. Ол Ассамблеяның этносаралық диалог пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.– Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жыл бойы еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарып келеді. Барлық этнос өкілдерінің еңбегінің арқасында Қазақстан өзара түсіністік пен келісім орнаған елге айналды. Алғыс айту күні – бізге бір-бірімізді қолдаудың, жанашырлық пен сыйластықтың маңыздылығын еске салатын мереке. Дәл осы құндылықтар – қазақстандық бірегейліктің негізі, – деді өңір басшысы.Іс-шара барысында өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып, халықтар достастығы мен ынтымағын нығайтуға үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталды.Жұмысшы кәсіптері жылы: еңбек адамдарына құрметБиылғы жылы басты назар қарапайым еңбек адамдарына аударылып отыр. Олардың еңбегі үнемі көпшіліктің назарына түсе бермегенімен, ел дамуының негізгі тірегі болып табылады. 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы кәсіптері жылы деп жарияланды. Бұл – еліміздің дамуына орасан үлес қосып жүрген механизаторлар, құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқа да еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі.Салтанатты жиында мемлекеттік тілді еркін меңгерген жұмысшы мамандық иелері сөз сөйлеп, өз оқиғаларымен бөлісті. Олар үшін қазақ тілі – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ел бірлігін нығайтудың маңызды факторы екенін атап өтті.Бірлік – Қазақстанның басты байлығыКездесу соңында қатысушылар Алғыс айту күні мен Ассамблеяның 30 жылдығы – тек мерекелік дата ғана емес, қазақстандықтарды біріктіретін ортақ құндылықтарды еске салатын ерекше күн екенін атап өтті. Өзара түсіністік пен келісім арқылы ғана тұрақты даму мен гүлденуге қол жеткізуге болады.Қазақстан – біздің ортақ үйіміз! Елде бейбітшілік, татулық пен достық мәңгі жасай берсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/948860
Қазақстан мен Аустрия шарттық-құқықтық базаны кеңейтуде 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 28 ақпан – Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату және заңсыз жүрген тұлғаларды реадмиссиялау жөніндегі үкіметаралық келісімдерге қол қойды.Қазақстан тарапынан құжаттарға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қол қойды. Аустриялық тарапынан рәсімге Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Андреа Бахер қатысты.Жасалған келісімдер Қазақстан мен Аустрия арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, ресми сапарларды жеңілдетуге және көші-қон саясаты саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Бұл қадам екі мемлекет арасындағы жоғары деңгейдегі өзара сенімділікті көрсетеді және олардың саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға дайындығын айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/948532
А. Биахметов Қазақстанда халықты жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады 04.03.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру туралы айтты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 979 мың азамат жұмысқа орналастырылды.Асқар Биахметов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтарды сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 млн бірлікке дейін ұлғайту көзделеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2,5 млн-ға жетті.«2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 979 мың азамат жұмыспен қамтылды, оның 714 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Ұлттық жобалар мен салалық тұжырымдамалар аясында 65 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға шаққанда 100 жұмыс орны» бастамасы аясында – 314 мыңнан астам адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына – 359 мың адам және тағы 241 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында жұмысқа орналасты», – деді вице-министр.Сондай-ақ Асқар Биахметов ай сайын Еңбекминінің ақпараттық жүйелері арқылы жұмысқа орналасқандардың міндетті зейнетақы жарналарының бар-жоғын тексеру және олармен электрондық еңбек шарттарын жасасу арқылы жұмысқа орналасуға мониторинг жүзеге асырылатынын айтты.Жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері бойынша зейнетақы жарналары жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санының 85%-на түскені, шамамен 60%-да электрондық еңбек шарттарының болғаны анықталды.2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 325 мың азамат тартылды.67,5 мың адам үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары ұйымдастырылды, оның ішінде: білім беру ұйымдарында – 7,8 мың адам, жұмыс берушіде – 1,9 мың адам, Skills Enbek платформасында онлайн-оқытумен 57,7 мың адам қамтылды. Оқудан кейін барлығы 14,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.«Онлайн курстардан өткен азаматтардың жалпы санының 52 мыңнан астамы немесе 91%-ы оқуды сәтті аяқтап, тиісті сертификаттар алды.Бүгінде Skills Enbek-те жаңа дағдыларды игеруге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдіретін кез келген азамат үшін 858 курс бар, оның ішінде 311-і тегін. Осы жылы VR және AR-технологияларды пайдалана отырып, жаңа практикалық курстар да қолжетімді болады», – деді Асқар Биахметов.«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытумен 60 мың адам қамтылды.Субсидияланатын жұмыс орындарына 188 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға – 110 мың адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 15,5 мың адам, жастар практикасына – 33 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобалары шеңберінде – 9,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» – 420 адам, «Күміс жас» – 19,1 мың адам.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралардың тағы бір бағыты азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарына мемлекеттік гранттар беру болып табылады.«2024 жылы гранттар екі ағынмен берілді, жоспарланған 9 мың адамның 8 941-і қамтылды. Бұл ретте грант алушылардың 64%-дан астамы ауылдық жерлердің тұрғындары болып табылады», – деп толықтырды Асқар Биахметов.Грант алушылардың негізгі үлесі технологиялық жабдықты сатып алуға ақшалай қаражатты пайдаланды (44%), мұнда қатысушылардың ең көп саны Түркістан (923 адам) және Қызылорда (602 адам) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (211 адам) байқалды.«Грантқа өтініш берген кезде үміткер міндетті түрде бизнес-жобаны іске асыру нәтижелері бойынша жұмыс орындарын құрудың жоспарлы көрсеткішін көрсетеді. Осылайша, грант алған тұлғалар өздерін жұмыспен қамтамасыз ете отырып, қосымша 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құрды. Жұмыс орындарының көбі Жамбыл (941 бірлік), Қызылорда (920 бірлік) және Түркістан (482 бірлік) облыстарында құрылды», – деп атап өтті вице-министр.Ол сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саласында іске асырылған цифрлық жобалар туралы егжей-тегжейлі айтты.Еңбекмині «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасын құрды, ол кадрларға қажеттілікті талдау мен болжауды және барлық іске асырылатын жобалардың тиімділігіне уақтылы мониторингті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жүйеде 168 мың жұмыс орнын құру жоспарымен 906 инвестициялық жоба бойынша мониторинг жүргізілуде.Оқушыларға болашақ кәсіпті таңдауға мүмкіндік беретін «Мансап компасы» платформасы енгізілді. Платформада сұранысқа ие 400-ден астам кәсіп туралы ақпарат бар.«ТжКБ және ЖОО студенттері үшін Электрондық еңбек биржасында өндірістік практикадан өту орнын таңдауға мүмкіндік беретін функционал іске асырылды. Студенттер нақты дағдыларды игеріп қана қоймай, кейін практикадан өткен кәсіпорында жұмыс қарастыра алады. Бүгінде 610 жұмыс беруші практикадан өту үшін 3,8 мың бос орын орналастырды, 130 ТжКБ ұйымдары тартылды, студенттерден 15 мың сауалнама алынды», – деді Асқар Биахметов.Бұдан басқа, брифинг барысында вице-министр Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар кешені туралы айтып берді.«Алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс 1,6 млн адам санында бағаланады, оның ішінде кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге шамамен 900 мың және жұмысшы мамандықтары бар мамандарға 400 мыңнан астам. Жұмысшы кадрлар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау салаларында сұранысқа ие. Бұл салаларда жұмысшы мамандықтарға сұраныс 56%-ды құрайды», – деді Асқар Биахметов.Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жұмысшы кәсіптер жылын өткізу шеңберінде іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бірлескен жұмысты бастады. Мемлекеттік органдардың салалық жоспарлары жаңа кәсіпорындар ашу және жаңа жұмыс орындарын құру (тұрақты және уақытша) бойынша негізгі көрсеткіштерді қамтиды.«Жастар практикасы» жобасы аясында жас мамандарды даярлау үшін кемінде 35 мың тәлімгерді тарту, сондай-ақ тәлімгермен жұмыс орнында кәсіптік оқыту жоспарланған. Жұмыс берушіде жұмыссыздарды жұмыс орындарында ұзақтығы 6 айдан аспайтын кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.Осы жылы 100 кәсіптік стандарт әзірленіп, жаңартылатын болады. Біліктілікті тануды бағалау 4 тәуелсіз орталықтың базасында басталды, тағы 5-інші орталықты ашу жоспарлануда, оның ішінде халықаралық стандарттар бойынша 2 орталық болады.«Жыл ішінде кемінде 500 мың оқушы мен ТжКБ студенттері «Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру дағдыларына оқытумен қамтылатын болады. ТжКБ-ның үздік 1 мың түлегін елдің жетекші компанияларына жұмысқа орналастыру жоспарланған. «Мансап компасы» платформасының базасында 100 мың адамды қамти отырып, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілетін болады.Жоғарыда аталған шараларды қабылдау кірістерді арттыруға, іскерлік белсенділікті жандандыруға, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/948129
Дохада Қазақстан мен Қатар арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды 04.03.2025
Доха, 2025 жылғы 27 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Дохаға сапары барысында Қатар Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан Әл-Мурейхимен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, жоғары деңгейде саяси диалогты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.Осы орайда былтыр Доха және Астана қалаларында екі мемлекет басшылары арасында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған келісімдердің орындалу барысы талқыланды.Сапар аясында қазақстандық делегация Қатар Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Мұхаммед Хасан Әлзақскимен де келіссөздер жүргізді.Сұхбаттастар екі ел басшыларының нұсқауына сәйкес өзара сауда айналымын арттыру және экономикалық серіктестікті нығайту бойынша ортақ іс-қимылды күшейту бағыттары жөнінде пікір алмасты.Биыл Астанада жоғары деңгейдегі бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу және Іскерлік кеңестің жұмысын жандандырудың маңыздығына назар аударылды.Қатарлық «UCC Holding» компаниясының жобалар жөніндегі атқарушы директоры Мехмед Өзозанмен өткен кездесуде 2024 жылғы 20 наурызда екі ел үкіметтері қол қойған Негізгі салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік орнату туралы келісім аясындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/947584
Ұйғыр ауданында асыл тұқымды мал басын көбейту жоспарлануда 04.03.2025
Ұйғыр ауданда ұйымдастырылған пресс-тур барысында журналистер «М.Илхам» мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Қазір мұнда 100-ге жуық ірі қара мал басы бар. Мүйізділердің барлығы ангус тұқымды. Жылына 600 бас мал бордақыланып, ет өндіруші компанияға жөнелтіледі. Сонымен қатар шаруашылық басшысы сиырлардың санын көбейту жоспарланып отырғанын айтты. «Шаруашылықтың негізі 2001 жылы қаланған. Кейіннен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-дан лизингке техника алдық. Қазір 4 жұмысшы, 7 техникамыз бар. Алдағы уақытта аналық малды көбейтуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін мемлекеттен субсидия алуға мүмкіндік ашылады. Ангус тұқымды малды басқа ауданнан сатып алғанша, осы амалды жүзеге асырсақ деп отырмыз», - дейді Марс Идрисов. Айта кетерлігі, қожалық мал асын да өздері дайындайды. Мұнда өсірілетін дақылдар арасында жоңышқа басты орын алады, жыл сайын оның 200 тоннасы жиналадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/946940
Мендіқара ауданында жаңа өндірістік және инфрақұрылымдық нысандар ашылды 04.03.2025
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін, инфрақұрылымды және бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып келеді. Осы бағытта Костанай облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін Мендіқара ауданында бірден бірнеше маңызды нысан іске қосылып, құрылыс алаңдары тексерілді.«Шығыс-1» сүт-тауарлы фермасының ашылуыАуданда агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында «Шығыс-1» сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. Бұл – 1 200 бас сиырға арналған заманауи кешен. Жыл сайын фермада 9,7 мың тонна сүт өндірілетін болады. Қазіргі уақытта мұнда 50 жаңа жұмыс орны құрылды.Жобаның жалпы құны – 6,2 млрд теңге. Өндірілген сүт өңдеуге ТОО «Милх» кәсіпорнына жөнелтіледі. Ферма өз жұмысын кеңейтіп, 2025 жылы екінші сиыр қорасы мен бұзау қорасын салу жоспарланған.Каменскуральское ауылында жаңа ферма құрылысыСонымен қатар, Каменскуральское ауылында 1 200 бас малға арналған жаңа сүт-тауарлы ферманың құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, бұл кәсіпорын жылына 6,7 мың тонна сүт өндіреді.Жобаның құны – 4,3 млрд теңге, ал жаңа өндіріс орны 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын 2025 жылдың желтоқсанында іске қосылады.Айта кету керек, 2028 жылға дейін өңірде 30 жаңа сүт-тауарлы ферма салу жоспарланған, бұл жылына 43 мың тоннаға дейін қосымша сүт өндіруге мүмкіндік береді. Осылайша, облыстың сүт өнімдеріне деген сұранысын жергілікті өндірушілер толық қамтамасыз ете алады.Степановка ауылында су құбыры іске қосылдыАуылдық инфрақұрылымды дамыту – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта Степановка ауылында ұзындығы 38 км болатын жаңа су құбыры іске қосылды.1,9 млрд теңге көлеміндегі инвестицияның арқасында Степановка, Ивановка және Лесное ауылдарының 1,5 мың тұрғыны таза ауыз сумен қамтылды. Су жүйесінің іске қосылуы ауылдық аймақтарда өмір сүру сапасын жақсартумен қатар, шағын және орта бизнестің дамуына да серпін береді.Харьковское ауылында жаңа хоккей корты ашылдыБалалар мен жастардың спортпен айналысуына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда, Харьковское ауылында жаңа хоккей корты ашылды.2 мың шаршы метр аумақта орналасқан бұл нысан «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 253 млн теңге қаржыға салынды. Мұнда 60 бала хоккей және мәнерлеп сырғанаумен айналыса алады. Ал жаз мезгілінде бұл алаң футбол, баскетбол және волейбол ойындарына пайдаланылады.Аймақтың дамуы жалғасудаМендіқара ауданында іске қосылған бұл жобалар – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды қадам. Ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдық инфрақұрылымды жақсарту және бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/946857
Өткен жылы әлеуметтік-еңбек саласында 1,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілді 04.03.2025
2024 жылы қазақстандықтарға әлеуметтік-еңбек саласында проактивті форматта 1,5 млн-нан астам түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 200 мыңға өсті.Проактивті формат белгілі бір өмірлік жағдай туындаған кезде қандай да бір қызмет көрсетудің өтінішсіз тәртібін көздейді. Барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік деректер қорынан электронды түрде жиналады. Ол үшін азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ, тек SMS-хабарламаға жауап берсе жеткілікті.Проактивті қызметтердің бір бөлігі Отбасының цифрлық картасы арқылы көрсетіледі, ол автоматты режимде әл-ауқат деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын айқындайды. Оны енгізудің арқасында 2024 жылы 642 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS алды. Бұл ретте өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 263 мың адам пайдаланды.2024 жылғы ақпанда тағы бір мемлекеттік қызмет, атап айтқанда «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметі проактивті форматқа ауыстырылды.Осылайша, бүгінгі таңда проактивті форматта әлеуметтік-еңбек саласында 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олардың ішіндегі ең сұранысқа иелері:- жұмыссыз азаматтарды тіркеу (771 мың);- бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау (218 мың);- бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау (172 мың);- инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы (мемлекеттік кепілдік) арасындағы айырманы төлеу (177 мың);- мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау (97 мың).Сонымен бірге жекелеген қызметтерді түрлендіру және жеңілдету бойынша да жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.Атап айтқанда, 30 нозология бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. 2024 жылы осындай форматта 97 мыңға жуық өтінім қаралды.Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдау мүмкіндігі қолжетімді. 2024 жылы 1,1 миллионнан астам тапсырыс орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/945770
Қазақстан мен Оман: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр бен Хамад Әл-Бусаидимен келіссөздер өткізді.Бұл Оман сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алғашқы ресми келуі, ол түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға серпін беруге бағытталған.Кездесу барысында министрлер саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Ерекше назар энергетика, көлік, логистика, қаржы және ауыл шаруашылығы сияқты негізгі салалардағы өзара іс-қимыл перспективаларына аударылды.Тараптар Қазақстан мен Оманның өңірлік логистикалық хаб ретіндегі стратегиялық әлеуетін ескере отырып, транзиттік дәліздерді дамыту маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда алғашқы отырысы ағымдағы жылдың екінші жартысында жоспарланған Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссияның маңызды үйлестіруші рөлі аталды.«Оман – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі. Елдеріміз екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі мүмкіндіктерге ие», – деп атап өтті М.Нұртілеу.Өз кезегінде Б.Әл-Бусаиди Астананың Орталық Азиядағы Оманның жетекші экономикалық серіктесі ретіндегі рөлін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге берік бейілділігін растады және елдер арасында тікелей әуе қатынасын орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Осы тұрғыда Оманның сауда-экономикалық өзара іс-қимыл әлеуетін іске асыру үшін Қазақстан мен көрші елдер үшін Тікелей инвестициялар қорын құру жөніндегі бастамасы аталып өтіп, қолдау тапты.Министрлер экономикалық байланыстарды нығайту мәдени және адами алмасуды кеңейтуге мүмкіндік беретінімен келісті. Мәселен, өткен жылы Оманға келген қазақстандық азаматтардың саны 37%-ға өсіп, 21 мың адамға дейін жетті.Осыған байланысты қазақ тарапы Оман Үкіметінің ҚР азаматтары үшін визасыз режимді 30 күнге дейін ұзарту туралы шешімін құптады, бұл туристік ағынның ұлғаюына және өзара сапарлардың жеңілдетуіне ықпал етіп, түрлі салалардағы өзара іс-қимыл үшін қосымша перспективалар ашады.Сондай-ақ сұхбаттастар өңірлік және жаһандық күн тәртібін талқылап, өзара тиімді байланысты одан әрі тереңдетудің перспективалары туралы пікір алмасып, екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Келіссөздер қорытындысы бойынша ықпалдастықтың одан әрі перспективалық бағыттарын айқындайтын Қазақстан мен Оман сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастығының жол картасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/945590
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында саяси консультациялар өтті 04.03.2025
Ар-Рияд, 2025 жылғы 24 ақпан – Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Ас-Сатыйдың тең төрағалығымен Қазақстан-Сауд Арабиясы саяси консультацияларының 2-ші отырысы өтті.Саяси консультациялар барысында тараптар достық пен өзара тиімді серіктестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Сауд Арабиясы қарым-қатынасының оң серпіні мен табысты дамуын жоғары бағалады.Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар сауда және инвестиция, көлік-логистика, туризм, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастықты орнату және кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды.Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тараптар сапарлармен алмасу тәжірибесін жалғастыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге ниетті екенін растады.Отырыс барысында күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, ОПЕК+ және т.б. көпжақты құрылымдар аясындағы өзара тиімді серіктестік туралы пікір алмасу болды. Көпжақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі ретінде 2023 жылдың шілде айында Жидда қаласында алғашқы саммиті өткен «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі» Диалогтық платформасын одан әрі дамыту мәселесі аталып өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыртқы істер министрліктері арасында тығыз диалогты жалғастыруға келісті және екіжақты консультацияларды тұрақты өткізудің қажеттілігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/945212
Қазақстан СІМ-де Испаниямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Луис Франсиско Мартинеспен кездесті.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері мен көпжақты форматтағы байланыстарды талқылады.А.Рахметуллин Испанияның Қазақстан үшін Еуропалық одақтағы сенімді стратегиялық серіктес екенін атап өтіп, биылғы наурыз айында Мадридте өтетін Үкіметаралық комиссия мен Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесі отырыстарының жемісті өтуіне тілегін білдірді.Испандық дипломат екіжақты қатынастардың барлық саласы бойынша ынтымақтастықты нығайту ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/944600
Балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматы облысының әкімімен кездесіп, жаңа ғимаратты аралайды 02.03.2025
Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Қонаев қаласына барып, жаңа ғимараттың құрылысымен танысады. Бұл туралы Алматы облысының білім басқармасы хабарлады.2 наурызда балалар үйіне Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева барып, мекеме ұжымы және тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлер қоныс аудару және жұмыс орындарын сақтау мәселелерін көтерді.3 наурызда балалар жаңа мекемені қарап, ондағы тұрмыс жағдайымен танысып облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездеседі. Жаңа ғимаратты көретін тәрбиеленушілер қатарында Кирилл Капранов, Алексей Некрасов және Денис Узлов бар.“Балалар үйі мен оның тәрбиеленушілеріне қатысты барлық мәселелер біздің бақылауымызда. Жаңа ғимаратты қажетті жабдықтармен, көлікпен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету ғана емес, балалардың қауіпсіздігін сақтай отырып, қолайлы жағдай жасау да маңызды”, — деп атап өтті Салтанат Беспаева.Сондай-ақ, басқарма әлеуметтік желілерде тараған жер учаскесінің аффилиирленген тұлғаларға сатылуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды.Жаңа кешен 240 орынға есептелген және аумағы 4000 шаршы метрды құрайды. Құрылыс 1963 жылы салынған ескі ғимараттың апатты жағдайына байланысты жүргізілуде. Жаңа мекеме құрамында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы да жұмыс істейді. Ғимарат 900 орындық мектептің жанында орналасады. Балалардың қатынауы үшін 14 орындық автобус бөлінді. Алматыға дейінгі қашықтық – 65 км.Бұдан бөлек, тәрбиеленушілер 21 наурызда Қонаев қаласында өтетін Наурыз мейрамына шақырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/948954
Қазақстан СІМ басшысы Мароккоға алғашқы ресми сапармен барды 01.03.2025
Рабат, 2025 жылғы 28 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Марокко Корольдігінің Сыртқы істер, Африка ынтымақтастығы және шетелде тұратын марокколықтар істері министрі Насер Буританың шақыруымен Рабатқа екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапармен келді.Сұхбат барысында саяси диалогты жандандыруды, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды кеңейтуді қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары талқыланды.Энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, инновациялар, білім беру және туризм сияқты салаларда серіктестікті тереңдету үшін елеулі әлеует аталып өтті. Осыған байланысты тараптар шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдіруге және әртүрлі деңгейдегі сапарлармен алмасу тәжірибесін жалғастыруға дайындықтарын білдірді.«Қазақстан Марокконы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңірінде маңызды және жақын серіктес ретінде таниды. 30 жылдан астам дипломатиялық қарым-қатынастар барысында біз ортақ құндылықтарға негізделген мазмұнды саяси диалог құра алдық, сондай-ақ сындарлы парламентаралық өзара іс-қимылды жолға қоя алдық», – деп мәлімдеді ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы.Өз кезегінде Н.Бурита Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылық рөлін ерекше атап өтіп, елінің кең ауқымды мәселелер бойынша көпжоспарлы өзара іс-қимылды сапалы нығайтуға деген берік ниеті туралы сендірді. Атап айтқанда, ол Марокко мен Қазақстанды Солтүстік Африка мен Орталық Азияға қақпа ретінде қарастыратынын атап өтті.Сұхбаттастар өткен жылы 70%-ға өсіп, 274 млн АҚШ долларына жеткен екі ел арасындағы тауар айналымының айтарлықтай өскенін атап өтті. Бұл ретте ҚР СІМ басшысы Қазақстанның Мароккоға қосылған құны жоғары өнімдерді жеткізуді ұлғайту үшін жақсы мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Атап айтқанда, еліміз дайын мұнай-химия өнімдерін, металлургия өнімдерін және азық-түлік тауарларын қоса алғанда, 130 млн АҚШ доллары сомасына 25 негізгі тауар позициясы бойынша экспортты кеңейтуге дайын.М.Нұртілеу сондай-ақ жақын арада визасыз режим туралы келісім күшіне енетінін және Марокко екіжақты визасыз режим орнатылған Африкадағы алғашқы ел болатынын атап өтті, бұл іскерлік байланыстарды дамыту және азаматтар арасындағы байланыстарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ делегациясының басшысы Мароккоға Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) қызметіне қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, оның Жарғысын жаңын арада ратификациялаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ биыл Астанада өтетін АҚИҰ-ның 7-ші Бас ассамблеясына жоғары деңгейде қатысуға шақырды.Сондай-ақ тараптар мамыр айында өтетін Астана халықаралық форумын талқылады, ол әлемдік қоғамдастықтың өзекті сын-қатерлерді шешудегі күш-жігерін біріктіреді. Сонымен қатар ағымдағы жылы өтуі жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 8-ші съезіне дайындық талқыланды, онда Қазақстан Марокконың жоғары деңгейде қатысуын күтеді.Цифрландыру тақырыбы да талқылауда маңызды орынға ие болды. Қазақстан СІМ басшысы цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған «Digital Morocco 2030» бағдарламасы шеңберінде Мароккомен ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді және қазақстандық IT-компаниялардың электрондық үкімет, инновациялық IT-шешімдер және киберқауіпсіздік саласындағы пилоттық жобаларды ұсынуға дайындығы туралы хабардар етті.Министрлер Марокко жұртшылығының үлкен қызығушылығын тудырған Астана академиялық филармониясы мен Рабаттың бас оркестрі концертінің сәтті өтуіне назар аударып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Туризм саласында айтарлықтай әлеует аталып өтті және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тараптар 2025 жылы әуе қатынасы туралы келісім бойынша жұмысты аяқтауға және тікелей әуе рейстерін іске қосу мүмкіндігін қарастыруға келісті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Марокко қатынастарын одан әрі нығайтуға деген өзара ұмтылысын растады. Министрлер сонымен қатар негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту үшін жұмыс топтарын құру туралы шешімді көрсететін Бірлескен коммюнике қабылдады.Сапар аясында М.Нұртілеу бастаған қазақ делегациясы сұлтан мен тұңғыш король Мұхаммед V (1909-1961) кесенесіне барды. Рабаттың орталығында монарх пен оның екі ұлының қабірі бар керемет ғимарат әйгілі Хасан мұнарасының жанында орналасқан. ҚР СІМ басшысы гүл шоқтарын қойып, құрметті қонақтардың жазбалар кітабына жазба қалдырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/948872