Қуқық
Астанада Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті 2026 өтті 12.09.2026
Астанада «Тұрақты болашаққа арналғанәлеуметтік инвестициялар» тақырыбында Халықаралық әлеуметтік кәсіпкерлердің саммиті2026 өтті. Іс-шара мемлекеттік органдардың, бизнестің, халықаралық ұйымдардың, сарапшыларқоғамдастығы мен әлеуметтік кәсіпкерлер өкілдерінбіріктірді.Саммитті ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Social Innovation Hubжәне ҚР Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығыұйымдастырды.Саммитте сөйлеген сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев тәжірибеалмасудың және әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрідамыту бойынша нақты ұсыныстардыталқылаудың маңыздылығын атап өтті. Оныңайтуынша, мемлекет бизнеске қолайлы жағдай жасаужұмысын жалғастыруда. Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілертізілімінде 1 776 субъект тіркелген. Бір жылдаолардың саны екі есе өсті. Мемлекеттік қолдау шеңберінде 31 тамызданбастап әлеуметтік кәсіпкерлер «Іскер аймақ» бағдарламасына салалық шектеулерсіз қатысады. Үшжылға дейін 200 млн теңгеге дейінгі кредит бойыншаноминалды мөлшерлеменің 50%-ын субсидиялаукөзделген. Сондай-ақ, 5 млн теңгеге дейін гранттар, жеңілдікті үй-жайлар және қаржылық емес қолдаушаралары беріледі.Саммитте цифрлық құралдарға ерекше назараударылды. Атап айтқанда, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Кәсіпкерлік саласындағыміндетті талаптар тізілімі ұсынылды. Сервис бизнеске қойылатын заңнаманың талаптарынжүйелеп, кәсіпкерлерге өз қызметінің түрі бойыншаөзекті ақпаратты бірыңғай көзден алуға мүмкіндікбереді.«Сервис бизнеске арналған цифрлықAI-платформада қолжетімді. Жақын арада eGovBusiness порталында да іске қосылады. Әлеуметтіккәсіпкерлер үшін бұл өте маңызды. Әдетте, штаттажеке заңгер жоқ болғандықтан бұрын реттеушіталаптарды зерделеуге кететін уақытты енді тікелейжобаларды дамытуға және әлеуметтік міндеттердішешуге бағыттауға болады», - деп атап өтті ЕрланСағынаев.Қолдау шараларын одан әрі жетілдіру үшінҰлттық экономика министрлігінде әлеуметтіккәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі жұмыстобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттікоргандардың, «Атамекен» ҰКП, бейінді ұйымдар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері кірді. Топ жұмысының негізгі бағыттары-құқық қолданупрактикасын жетілдіру, Тізілімге енгізудің бірыңғайтәсілдерін әзірлеу және Кәсіпкерлік кодексі мен қолдау құралдарына өзгерістер енгізу бойыншаұсыныстар дайындау.Саммиттің халықаралық сессиясы шетелдіктәжірибеге, әлеуметтік инвестицияларға жәнехалықаралық әріптестік мүмкіндіктеріне арналды. Оған БҰҰ, БҰҰДБ, Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, Канада мен Жапония елшіліктерінің, TIKA, CatalystNow, Impact Hub Network, Senior Expert Service жәнебасқа ұйымдардың өкілдері қатысты.Information Fair аясында әлеуметтік кәсіпкерлергеқаржылық, білім беру және консультациялық қолдауқұралдары ұсынылды. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры, ЕҚДБ, QazInnovations, SES, AstanaHub, «Kazakh Export» АҚ және басқа да ұйымдарқатысты.Саммиттің басты оқиғаларының бірі Best SocialEntrepreneur 2026 Awards болды. Инновация саласында Дәурен Бекғожаев (ITMLab), инклюзия саласында Гүлбақыт Балмағамбетова (Neurolink), экология саласында Андрей Зелевский(«Пластикалық қоқысты қайта өңдеу»), білім беру саласында Алексей Кирюхов («Барлығына арналғанVALEO») жеңімпаз атанды. «Елеулі әлеуметтікимпакт» арнайы номинациясын Ирина Ким (ISTINAби және спорт академиясы) иеленді.Сонымен қатар, 10 әлеуметтік кәсіпкергеәлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және қоғамдықмаңызы бар бастамаларды іске асыруға қосқан үлесіүшін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алғысхаттары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1290612?lang=ru
Лисаковта ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр 12.09.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Лисаковқа барған жұмыс сапарында қалада жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасына қатысушылармен кездесті.Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамытуға жаңа серпін беру жөнінде міндеттер қойған болатын.Осы тұрғыда Лисаков қаласының Октябрь кентінде полимерлі пленка өндіретін зауыттың инвестициялық жобасы іске асырылып жатыр. 20 жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестиция тарту арқылы бос тұрған коммуналдық нысандардың жаңа тынысы ашылуда.Сондай-ақ, қалада металлургиялық зауытты қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Кәсіпорында титан шлагы, рутил және циркон концентраттары өндірілетін болады.Ел Президентінің үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ке ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Лисаковта жылына 350 мың тонна шикізатты қайта өңдеу қуаттылығы бар май экстракциялау зауытының құрылысы жүргізілуде. Инвестиция көлемі 39,1 млрд теңге. 200 жұмыс орны құрылады.Бұдан бөлек, облыс әкімі іске қосылған минералды ұнтақ өндіру кәсіп орнында болды. Бұған дейін аймақтың жол ұйымдары асфальт-бетон қоспасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын минералды ұнтақты еліміздің басқа өңірлерінен тасымалдауға мәжбүр болатын.«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында биыл Лисаков қаласында 1700 ағаш отырғызылды, 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Волонтерлердің қатысуымен өткен экологиялық акция барысында 76 мың шаршы метр жағалау аумағы тазартылды. Абаттандыру, инфрақұрылым, сәулеттік келбет, жарықтандыру, жол жөндеу мен төсеу жұмыстары тиісті деңгейде атқарылуда. Қазіргі таңда жағалау аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Аймақ басшысы қала халқымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1290611?lang=ru
Жергілікті әскери басқару органдарына – 35 жыл 12.09.2026
Жергілікті әскери басқару органдарының кәсіби мерекесінің тарихы 1991 жылғы 12 қыркүйектен басталады. Дәл осы күні Әскери комиссариатқа республикалық орган мәртебесін берген Президент Жарлығы күшіне еніп, оның қарамағына барлық облыстық бөлімшелер берілді.Жергілікті әскери басқару органдарының қызметі ауқымды міндеттерді қамтиды. Олар мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілердің есебін жүргізеді, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мен жөнелтуді ұйымдастырады, сондай-ақ дайындалған жұмылдыру резервін қалыптастыруға қатысады.Мәселен, жергілікті әскери басқару органдары запастағы әскери қызметшілерді хабардар ету, жинау және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне жөнелту жұмыстарын ұйымдастырды. Онда 25 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында әскери міндеттілердің қатысуымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Іс-шаралар әскери даярлықтан өткен резервті қайта даярлауға, білімдерін жаңартуға және әскери-есептік мамандығы бойынша дағдыларын жетілдіруге бағытталған.Цифрландыру және жасанды интеллект жылында Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті «Smart военкомат» жобасының негізгі бағыттары бойынша жұмысты күшейтті. Оның басты элементі – мемлекеттік органдардың 20-дан астам ақпараттық ресурсымен ықпалдастырылған әскери есепті жүргізудің бірыңғай цифрлық жүйесі.Азаматтардың әскери қызметке қатысты барлық қажетті мәліметтері Egov, Mgov ресурстарындағы және Kaspi Bank қосымшасындағы «жеке кабинетте» көрсетіледі. Сондай-ақ 17 жастағы ер азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарына проактивті түрде тіркеу жүйесі енгізілді. Әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру рәсімі де цифрлық форматқа көшірілді.Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату автоматты түрде жүзеге асырылады. Сонымен қатар ішкі көші-қон кезінде азаматтың тіркелген жері бойынша жергілікті әскери басқару органына тіркелуі де автоматтандырылған.Азаматтардың әскери қызмет өткергені туралы мәліметтері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілуі әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы рәсімдеу үшін анықтама алуға жүгіну қажеттілігін жойды.Әскери қызметті өткерген азаматтарға білім алуға жеңілдіктер қарастырылған. Ал мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздарға несие демалысы автоматты түрде беріледі.Биыл күзде әскери қызметшілерді ынталандыру жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі. Қарулы күштерде Sarbaz + пилоттық жобасы іске қосылады. Әрбір әскери қызметшінің жеке цифрлық профилі болады. Онда оның қызмет нәтижелері, жетістіктері мен жеке рейтингі көрсетіледі.35 жыл ішінде жергілікті әскери басқару органдары азаматтар, мемлекет және Қарулы күштер арасындағы өзара тиімді байланысты қамтамасыз ететін заманауи институт ретінде қалыптасты. Олар еліміздің қорғаныс қабілеті мен қазіргі сын-қатерлерге дайындық деңгейін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1290604?lang=ru
Қостанайда әскери қызметшілер майдангер Қасымхан Алдабергеновті құттықтады 11.09.2026
11 қыркүйекте Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергенов 101 жасқа толды. Майдангерді туған күнімен Қостанай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері құттықтады.Қорғаныс министрінің атынан әскери қызметшілер Қасымхан Алдабергеновке құттықтау хатын табыстап, оның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесіне, тарихи жадыны сақтауға және жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге сіңірген еңбегіне алғыс білдірді.– Сіз соғыстың ауыр сынақтарынан өтіп, ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеттіңіз. Сіздің өмір жолыңыз – табандылықтың, батылдықтың және Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан тыныштығын, амандық-саулық, туған-туыстарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз, – деді департамент бастығының бірінші орынбасары полковник Тимур Сәтбаев.Қасымхан Алдабергенов 1925 жылдың 11 қыркүйегінде Қостанай облысы Қамысты ауданының Талдысай ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Жітіқара аудандық әскери комиссариаты арқылы қызыл әскер қатарына шақырылды. 1944 жылы Златоустовский пулеметшілер училищесін тәмамдап, майданға аттанды. Венгрия, Австрия және Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысты. Көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін ардагер ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.Қасымхан Алдабергенов 1950 жылы соғыстан елге оралды. Мектепте мұғалім болып еңбек етті. Ал 1971 жылдан бастап облыстық «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарды.Өз кезегінде ардагер әскери қызметшілерге көңіл бөліп, жылы лебіздерін білдіргендері үшін алғысын айтты. Ардагер соғыс жылдарындағы естеліктерін әңгімелеп, әскери қызметшілерге зор денсаулық, бейбіт аспан және қызметтеріне табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1290559?lang=ru
Облыстық тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толды 11.09.2026
Бүгін «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 15 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев, Жоғары аудиторлық палатасы жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті директорының орынбасары Ақбаян Әлімбаева, еліміздің барлық өңірінен келген тексеру комиссияларының төрағалары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы мемлекеттік аудит саласының бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында қаржы тәртібі мен бюджет қаражатының ашықтығы қоғам сенімінің негізі екенін айтып, қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қатаң тапсырып келеді. Әрбір теңге халықтың игілігіне бағытталып, тұрақты бақылауда болуы тиіс.Бүгінде мемлекеттік аудит органдары жазалаушы емес, бюджет қаражатын тиімді жоспарлауға ықпал етіп, тәуекелдерді алдын ала анықтап, әріптестік қызмет атқаруда. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы өңірде мемлекеттік ресурстардың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуына зор үлес қосып келеді.Мерейлі мерекеге орай салада қызмет атқарған ардагерлер мен мамандарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат тілеймін!» – деді облыс әкімі.Шарада бірқатар азамат Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.Мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев сөз сөйлеп, әріптестерін құттықтады. Өңірде мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 2025 жылы 2 трлн теңгеден асып, 2012 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Тексеру комиссиясы заң бұзушылықтарды анықтаумен қатар, оның алдын алуға басымдық береді. Әдістемелік және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде бюджеттік ұйымдардың қаржылық сауаттылығы артып, кемшіліктер азайған.Тексеру комиссиясының 15 жылдығы – өңірдің қаржылық бақылау жүйесінің дамуындағы маңызды белес. Осы уақыт ішінде комиссия кәсібилік пен жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп, ауқымды жұмыс атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1290493?lang=ru
Денисов ауданының жетістіктері 11.09.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Денисов ауданына барған жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, денсаулық сақтау салаларындағы және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Аймақ басшысы аудан халқымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді.Денисов ауданында биыл дәнді және бұршақты дақылдардың егіс алқабы 233 мың гектарға жетті. Күзгі орақ науқанында 178,1 мың га немесе 76,2% өнім жиналды. Майлы дақылдар алқабы 46%-ке артты. 2023 жылмен салыстырғанда мал азығы дақылдары 8 мың га ұлғайып, 3 есеге, картоп пен көкөніс 436 га жетіп, 2,7 есеге өсті.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенге цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары енгізілуде. «Eurasia Farm Innovations» ЖШС 11 мың га аумақта смарт-егіншілік, топырақты жедел талдау және тыңайтқыштарды саралап енгізу технологияларын қолдануда. Жұмысшыларға жағдай жасау үшін жалпы құны 150 млн теңге болатын 7 заманауи капсулалық үй салынды.Ауданда соңғы 3 жылда 4,7 мың шаршы метр 70 пәтер – 5 көпқабатты және 1 екі пәтерлі тұрғын үй салынып, қайта жөнделді. Биыл 27 пәтер сатып алу жоспарлануда.Аудан орталығындағы 667,5 шаршы метрлік 21 пәтерден тұратын тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріледі.Перелески ауылында ашылған жаңа дәрігерлік амбулатория заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2,4 мың тұрғын аудан мен қалаларға бармай-ақ, медициналық көмек ала алады.«Таза Қазақстан» акциясы аясында 2,1 мыңнан астам көшет пен ағаш отырғызылды, 25 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, 43 саябақ пен сквер абаттандырылды. 800 мың шаршы метр аумақ тазартылды, 26 ескі ғимарат сүріліп, 32 заңсыз қоқыс орны жойылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1290499?lang=ru
Қазақстандағы климаттық жобаларды іске асыруға $4 млн-нан астам қаржы тартылуы мүмкін 11.09.2026
Қазақстанда жоспарланып отырған климаттық жобаларды іске асыруға $4 млн-нан астам қаржы бағытталуы мүмкін. Климаттық технологияларды енгізу және экологиялық жобаларды қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (IGTIC) Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) және БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) өкілдерімен Баку климаттық іс-қимыл апталығы аясында талқылады.UNEP сарапшыларымен өткен кездесуде IGTIC-тің Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен бірлесіп іске асырып жатқан Технологиялық қажеттіліктерді бағалау (TNA) жобасын іске асыру нәтижелері талқыланды. Қазіргі уақытта жобаның қорытынды компоненті – Технологиялар жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Сондай-ақ тараптар CCAC қаржыландыратын метан жобасын талқылады. Бұған дейін IGTIC Климаттың өзгеруі жөніндегі үйлестіру орталығымен бірлесіп, аграрлық сектордағы, атап айтқанда, мал шаруашылығындағы метан шығарындыларын азайтуға бағытталған жобаны гранттық қаржыландыруға өтінім берген болатын. Сонымен қатар Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде орман-климаттық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Талқылаулар тараптардың серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін көрсетті.ЮНИДО сарапшысы Томаш Павелецпен өткен кездесуде тараптар Жасыл климат қорының қолдауымен Readiness III бағдарламасы аясында ұлттық климаттық инвестициялық платформаны құру мәселесін талқылады. ЮНИДО платформаның практикалық жұмыс істеу тетіктерін дамытуда Орталыққа техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Readiness IV бағдарламасының келесі кезеңі аясында ынтымақтастық орнату перспективалары қарастырылды.Платформаны құру климаттық инвестицияларды ұлттық деңгейде үйлестіруге мүмкіндік беріп, жасыл акселерация жөніндегі өңірлік хаб арқылы тәжірибені Орталық Азия елдеріне таратуға негіз қалайды. Бұл бастама IGTIC-тің ЮНИДО-мен бірлесіп соңғы үш жылда жүзеге асырып келе жатқан GCIP жобасының жалғасы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1290400?lang=ru
Лисаков жастары «Таза Қазақстан» бастамасына қосылды 11.09.2026
Лисаков қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Таза аумақ - баршамызға ортақ міндет!» атты экоквест өтті. Іс-шара қаланың 11-шағынауданында ұйымдастырылып, оған 40-қа жуық жас қатысты.Квестің негізгі мақсаты - жастарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған қаланың тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.Қатысушылар командаларға бөлініп, тақырыптық станциялардан өтті. Олар экологияға қатысты сұрақтарға жауап беріп, қалдықтарды дұрыс сұрыптауға байланысты тапсырмаларды орындады, экологиялық белгілерді іздеп, табиғатқа ұқыпты қарау жөніндегі білімдерін көрсетті.Іс-шараның практикалық бөлігі аумақты тазалауға арналды. Жастар бірлесіп қоқыс жинап, бекітілген учаскелерді ретке келтірді. Осылайша қатысушылар жаңа білім алып қана қоймай, қаланы абаттандыруға нақты үлес қосты.«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымызға байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан жастарға табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын айтып қана қоймай, нақты іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беру біз үшін маңызды. Бүгін жастар өздерінің белсенділігі арқылы қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілікпен қарап, туған қаласының дамуы мен абаттандырылуына үлес қосуға дайын екенін көрсетті», – деді Лисаков қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Ділдә Хайрат.Квест барысында жауапты тұтыну және қалдықтарды дұрыс басқару мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Ойын форматында ұйымдастырылған тапсырмалар экологиялық тақырыптарды жастарға түсінікті әрі қызықты түрде жеткізуге мүмкіндік берді.Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді командалар мен қатысушылар анықталды. Жеңімпаздар мен белсенділік танытқан қатысушыларға ақшалай сертификаттар табысталды.«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, жас ұрпақтың бойында тұрақты экологиялық әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Квестің негізгі идеясы – қала тазалығына қамқорлық жасау әр адамның қарапайым күнделікті әрекетінен басталатынын көрсету.#ТазаҚазақстан Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1290374?lang=ru
Каспийде Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы жаттығулары басталды 11.09.2026
Қазақстанның Каспий теңізі секторында Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Әскери теңізшілер Қазақстан секторына тиесілі теңіз айдынын толық жүріп өтіп, түрлі жағдайдағы іс-қимылдарды пысықтап, практикалық атыс жүргізеді.Әскери теңізшілер үшін бұл жаттығулар өз дағдыларын тікелей теңізде тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда экипаждың үйлесімді іс-қимылы, навигацияның дәлдігі мен қабылданған шешімдердің жеделдігі қойылған міндеттің орындалуына тікелей әсер етеді.Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрады. Әскери теңізшілер кемелер арасындағы өзара іс-қимылды, навигация мен байланысты, кемені басқаруды және қару-жарақты қолдануды пысықтайды. Жағалаудан едәуір қашықтықта орналасқан экипаждардың іс-қимылына ерекше назар аударылады.Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары 1-ші дәрежелі капитан Арман Сатқановтың айтуынша, оқу-жаттығу барысында экипаждардың тәжірибелік дағдыларын одан әрі жетілдіруге баса мән беріледі.– Ең бастысы – әрбір экипаж мүшесі өз міндетін нақты білуі және қажетті сәтте жедел әрі үйлесімді әрекет етуі керек. Қазір теңізде осы дағдыны тексеріп жатырмыз, – деді 1-ші дәрежелі капитан Арман Сатқанов.Жаттығу барысында экипаждар кеме қару-жарағынан практикалық атыс жүргізіп, бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды. Жаттығудың әр кезеңінен өткен сайын тапсырмалар күрделене түседі. Оған қосымша бөлімшелер де тартылды.Оқу-жаттығу кеме экипаждарының түрлі жағдайларда міндеттерді орындауға дайындығын тексеруге және Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1289669?lang=ru
Astana International Exchange биржасында тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының листингі рәсімі өтті 10.09.2026
Astana Finance Days шеңберінде AIX биржасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз панда-облигациялардың екінші шығарылымының салтанатты листингі рәсімі өтті.Қазақстанның Қытай капитал нарығында болуының табысты тарихын жалғастыра отырып, жалпы көлемі 6,6 млрд. юань болатын панда облигацияларының екінші шығарылымы жүзеге асырылды.Тәуелсіз панда облигациялардың екінші шығарылымы екі траншпен сәтті орналастырылды: 1,82% мөлшерлемемен 3 жылға 5 млрд. юань және жылдық 1,95% мөлшерлемемен 5 жылға 1,6 млрд. юань.Панда облигациялары нарығында тәуелсіз шығарылымдар арасында рекордтық төмен болған қол жеткізілген кірістілік деңгейі ерекше маңызға ие. Бұл ретте өтінімдер кітабындағы сұраныстың жалпы көлемі ұсыныстан 2,5 есеге асып түсті.Сәтті орналастырылуы және жоғары қызығушылық танытылуы Қазақстанға деген сенімнің нығаюын және елдің кредиттік сапасына жоғары бағаны растайды.Орналастырылған үш жылдық және бес жылдық транштар Қазақстанның Қытай юаніндегі тәуелсіз кірістілік қисығын кеңейтті және Қазақстандық эмитенттердің болашақ шығарылымдары үшін кірістіліктің жаңа бағдарларын қалыптастырды.Салтанатты рәсімге Қаржы министрлігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО), AIX биржасының басшылығы, сондай-ақ China International Capital Corporation Limited (CICC) қоса алғанда, мәміленің жетекші андеррайтерлері мен серіктестерінің өкілдері қатысты. Бірлескен жетекші ұйымдастырушылар China Construction Bank Limited (CCB), Industrial and Commercial Bank of China Limited (ICBC), The Export-Import Bank of China и Bank of China Limited (BOC), «Teniz Capital Investment Banking» АҚ болды.Қазақстан және Қытай тараптарының өкілдері қаржы нарықтарындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің және ынтымақтастықтың жаңа құралдарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.Салтанатты рәсімнің өткізілуі Astana International Exchange алаңында сауда-саттықтың іске қосылуын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1289588?lang=ru
Қазақстан мен Лихтенштейн екіжақты ынтымақтастықты дамытуда 10.09.2026
Вадуц, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Лихтенштейн Князьдігіне жұмыс сапарымен барды.Лихтенштейн Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер, қоршаған орта және мәдениет министрі Сабине Монаунимен кездесуде тараптар екіжақты саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетін атап өтіп, басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды сындарлы негізде одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.Қазақстандық дипломат сондай-ақ Лихтенштейннің Сыртқы істер басқармасының директоры Мартин Фрикпен келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды нығайту жолдарын, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және негізгі өңірлік алаңдардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және өзара мүддеге сай ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1289570?lang=ru
Астанада жас сарбаздарды ҰҚК-нің Шекара қызметіне шығарып салды 10.09.2026
«Ел қорғау – ерлердің ісі» акциясы аясында елордадағы «Жастар» сарайында медициналық комиссиядан және психологиялық тестілеуден сәтті өткен 15 астаналықты әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, ҰҚК Шекара қызметінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, ардагерлер, әскерге шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары, сондай-ақ әскери кафедралардың 700-ден астам студенті мен мектеп оқушылары қатысты.– Әскер жас азаматтардың мінезін шыңдап, дене төзімділігін арттырады. Сонымен қатар жастарды достыққа, бір-біріне қолдау көрсетуге үйретеді. Жігіттер барлық сынақтан абыроймен өтіп, заманауи техника мен әскери мамандықтарды меңгеретініне сенімдіміз. Ұлдарын туған жерін, отбасын және Отанын қорғауға даяр азамат етіп тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айтамын, – деді Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров.Іс-шара барысында әскерге шақырылушылар, мектеп оқушылары мен студенттер заманауи қару-жарақ түрлерімен, байланыс құралдарымен және ҰҚК Шекара қызметінің әскери киім үлгілерімен танысты. Қатысушылар алдында қызметтік ит те өз өнерін көрсетті. Кинологтың жетекшілігімен ол әр түрлі иіс үлгілері салынған заттарды тез әрі қателеспей тауып, көпшілікті тәнті етті. Әскерге шақырылушылар үшін Абай облысы Мақаншы ауданындағы Шекара қызметі бөлімшесінде абыроймен әскери борышын өтеген сарбаздармен кездесу де тағылымды болды. Салтанатты шара барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов үш күн бұрын үйлеріне оралған әскери қызметшілерге «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісін табыстады. Жаңа шақырылым Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшесінде әскери борышын өтейді.– Бүгін шекараны қорғауға бірден екі немерем – Әлтайыр мен Жомартты шығарып салып тұрмын. Олармен мақтанамын. Әскерде шыңдалып, жауапкершілігі артып, нағыз достықтың қадірін түсінеді деп сенемін. Барлық жігіттерге Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, аман-есен үйлеріне оралуын тілеймін, – деді Өмірзақ Жолмағамбетов.Айта кетейік, биылғы күзгі әскерге шақыру науқаны барысында еліміз бойынша шамамен 23 мың азамат әскери қызметке шақырылады. Астанадан әскер қатарына 1400 жас аттанады. Оның 190-ы ҰҚК Шекара қызметінде әскери борышын өтейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1289549?lang=ru
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді инвестиция тарту саласындағы негізгі міндеттерді айқындады 10.09.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестиция тарту және елдің инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығымен жұмыс бабындағы кездесу өткізіп, инвестиция тарту бағытындағы жұмысты одан әрі күшейтудің негізгі басымдықтары мен міндеттерін айқындады.Кездесуге ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжекұлов, басқарма төрағаларының орынбасарлары, басқарушы директорлар және ұйымдардың негізгі бағыттарына жетекшілік ететін басшылар қатысты.Кездесу барысында Министрге тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, инвестициялық жобаларды іске асыру, әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл, ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны дамыту, сондай-ақ халықаралық инвестициялық іс-шараларды дайындау және өткізу бағыттарындағы жұмыстың қазіргі барысы таныстырылды.Кездесу қорытындысы бойынша Министр алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды айқындады. Инвесторлармен жұмыстың нәтижелілігін арттыруға, инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге және Қазақстан экономикасына капитал тартуда үйлестірілген тәсілді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.Белгіленген бағыттар бойынша жұмыс Қазақстанның инвестициялық саясатын іске асыруға бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және елдің халықаралық капитал үшін тартымды бағыт ретіндегі ұстанымын нығайту шеңберінде жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1289150?lang=ru
Голан жоталарында қазақстандық саперлер 2 мыңнан астам жарылғыш зат пен оқ-дәріні жойды 10.09.2026
Қазақстанның Голан жоталарындағы БҰҰ-ның бөліну аймағын бақылау жөніндегі миссиясы құрамындағы үшінші ұлттық контингентінің инженерлік-саперлік тобы жарылғыш заттарды анықтау, залалсыздандыру және жою жұмыстарын жүргізіп келеді.Бітімгерлік миссияны атқару кезеңінде биылғы мамыр айынан бастап 15-тен астам іс-шара өткізіліп, әскери қызметшілер 350-ден астам жарылғыш затты жойды. Сонымен қатар 1800-ден астам оқ-дәрі де залалсыздандырылды.Инженерлік-саперлік топтың кәсіби шеберлігі, іс-қимылдарының үйлесімділігі және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы саперлерге қойылған міндеттерді орындап, жауапкершілік аймағындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1289101?lang=ru
«ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында семинар өткізілді 10.09.2026
2026 жылғы 09 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі –Комитет) Аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп «ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан семинар өткізді. Аталған семинардың мақсаты - ЕАЭО шекарасы арқылы арнайы тауарлардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жұмыстың принциптері, негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру. Семинарға тыңдаушылар ретінде 99 аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. Дәріскер ретінде Комитеттің Аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС Әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы - Карисов Берик Канатович сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1289057?lang=ru
Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады 10.09.2026
Мұндай шешім онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында қабылданды. Комиссияның Қазақстан тарапын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.Атап айтқанда, Мәскеу облысында АКРУС лак-бояу өнімдерін өндіретін кәсіпорын салу жөніндегі кооперациялық жоба сөз болды. Мұнда қолданыстағы аналогтармен салыстырғанда коррозия мен от әсерінен қорғау сипаттамалары жоғары лак-бояу материалдарын шығару жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру бес жылға есептелген және оның жұмысы биыл басталады.Жобаға Беларусьтің «Орион-ВК» ғылыми-өндірістік кәсіпорны, материалдар мен технологиялық жабдықтардың бір бөлігін жеткізуді қамтамасыз ететін қазақстандық «ASYL CONSTRUCTION» ЖШС және ресейлік «АКЗ покрытия» ЖШҚ қатысады.Тағы бір жаңа кооперациялық жоба Самара гипс комбинаты базасында жаңа араластыру желісін салуды көздейді. Жоба барысында құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісін жылына 75,5 мың тоннаға ұлғайту қарастырылған. Қазақстан тарапынан жобаға инженерлік және құрылыс қызметтерін көрсететін «Элита» ЖШС, ал Беларусь тарапынан «Ремеза» ЖАҚ қатысады. Осы жобаны іске асырудан түсетін салық түсімдері есебінен Қазақстан бюджеті үшін болжамды экономикалық тиімділік шамамен 180 млн теңгені құрамақ.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша кооперациялық жоба мақұлданды.ЕАЭО-дағы кооперациялық жобалар жобаны іске асыруға берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау есебінен төмендетілген мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру алады. Бұл жобалар технологиялық дамуға және өндірістің жаңа модельдерін қалыптастыруға, сондай-ақ экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге бағытталған. Кеңес отырысында аграрлық салаға қатысты бірқатар құжаттарға да түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістіктерін далалық апробациялау әдісіне өзгерістер енгізу туралы сөз болды. Бұдан бөлек, ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантинге жатқызылатын өнімдер мен объектілерге қойылатын Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Олар қызанақ, бұрыш және баклажан бейім келетін пепино мозаикасы вирусына қатысты карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды оңтайландыруға бағытталған.Елдегі карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету шартымен аталған өнімдерде осы вирустың болмауы туралы талапты алып тастау көзделіп отыр. Сондай-ақ ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға жататын карантинге қойылатын өнімдер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Бірыңғай талаптарда көзделген таңбасы болған жағдайда, ағаштан жасалған қаптама және бекіту материалдарына фитосанитариялық сертификатты міндетті түрде ресімдеу талабы жойылады.Бұл өзгерістер ЕАЭО елдерінің аумағында тиісті өнімдерді өндіру және саудалау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Кеңес отырысында Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне де өзгерістер қабылданды. Түзетулер 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді және тұтынушыларды өнім туралы дәйексіз ақпараттан қорғауға, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін ойыншықтардың айналымға шығарылуына жол бермеуді қарастырады.Тараптар сондай-ақ басқа да салалар мен Комиссияның қызметіне қатысты бірқатар өзге де рәсімдік мәселелерді талқылап, олар бойынша шешімдер қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1288962?lang=ru
Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» 11-саммитінде жаңа сауда дәліздерін дамыту жөніндегі өз көзқарасын таныстырды 10.09.2026
2026 жыл 9 қыркүйек, Гонконг. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаккалиев Гонконгте өткен «Бір белдеу, бір жол» 11-саммитіне қатысты. Саммит сауда, инвестиция және көлік байланысын дамыту мәселелері талқыланатын халықаралық маңызды алаңдардың бірі.Саммит аясында Сауда және интеграция министрі «Building Resilient Trade and Investment Frameworks in a Diverse Global Landscape» атты жоғары деңгейдегі Policy Dialogue сессиясында сөз сөйлеп, әлемдік экономиканың өзгеруі жағдайында тұрақты сауда және инвестициялық байланыстарды қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.Арман Шаккалиев «Бір белдеу, бір жол» бастамасының Қазақстан үшін тарихи маңызына ерекше тоқталды. 2013 жылы дәл Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Жібек жолының экономикалық белдеуін құру идеясын ұсынған болатын.Министрдің айтуынша, бүгінде бұл бастама дамудың жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Енді физикалық инфрақұрылыммен қатар цифрлық байланыс, трансшекаралық деректер алмасу және өзара үйлесімді цифрлық платформалардың маңызы артып келеді.2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 32,4 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,1%-ға өсті.Гонконгпен саудада да оң динамика байқалады. 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы 250,6 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге артты.Саммитте Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне де ерекше назар аударылды. Ел теміржол және автомобиль инфрақұрылымын, шекаралық өткізу бекеттерін, логистикалық орталықтарды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын – Орта дәлізді жүйелі түрде дамытып келеді.Қазір Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы өтетін теміржол жүк тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.Арман Шаккалиев атап өткендей, Қазақстанның мақсаты – транзит көлемін арттырумен ғана шектелмей, жаңа өндірістер мен инвестицияларға, сондай-ақ өңірлік жеткізу тізбектерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін толыққанды экономикалық дәліз құру.Осы ретте «қатты» және «жұмсақ» инфрақұрылымды қатар дамытуға басымдық беріліп отыр. Яғни көлік нысандарын дамыту цифрлық рәсімдерді енгізумен, стандарттарды үйлестірумен, кедендік және логистикалық процестерді жеңілдетумен қатар жүреді.Қазақстан сондай-ақ шетелдегі терминалдар желісін кеңейтіп, жүктерді рәсімдеу мен олардың қозғалысын бақылауды жеделдететін цифрлық шешімдерді енгізуде.Министр Гонконгпен ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті зор екенін атап өтті. Гонконг – әлемдегі жетекші қаржы және іскерлік орталықтардың бірі. Оның қаржылық тәжірибесін, Қазақстанның инвестициялық әлеуетін және Орталық Азияның өсіп келе жатқан нарығын біріктіру бірлескен жаңа жобаларды іске қосуға негіз бола алады.Жұмыс сапары аясында Арман Шаккалиев Гонконгтің Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен де кездесті.Тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықтың оң қарқынын атап өтіп, Джон Лидің биыл маусым айында Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру мәселелерін талқылады.Гонконг әкімшілігінің басшысы Қазақстан басшылығына жылы лебізін жеткізіп, бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.Арман Шаккалиев Қазақстан мен Гонконгтің бірін-бірі толықтыратын артықшылықтары бар екенін атап өтті. Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды көлік-логистикалық буын ретіндегі орнын нығайтып келеді. Ал Гонконг қаржы, инвестиция, басқару және кәсіби сараптама салаларындағы мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.Кездесу барысында көлік және логистика, өнеркәсіп, тау-кен секторы, қаржы, цифрландыру және инвестиция салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қаралды.Министр Қазақстандағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтып, жаңа бағыттарды қалыптастыру тек транзит көлемін арттырумен шектелмеуі керектігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл үдеріс өнеркәсіптік кооперацияны дамытумен қатар жүруі тиіс.Қазақстан шетелдік серіктестердің қатысуымен жаңа өндірістер ашуға және өңірлік өндірістік-өткізу тізбектерін қалыптастыруға мүдделі.Өз кезегінде Джон Ли Гонконгтің нарықтарды байланыстыратын буын ғана емес, ірі жобаларды іске асыру кезінде инвесторларды, қаржы институттарын, технологиялық және кәсіби компанияларды біріктіретін кешенді серіктес бола алатынын атап өтті.Гонконг тарапы қазақстандық жобалар мен әлеуетті инвесторлар арасында тікелей байланыс орнатуға, оның ішінде тау-кен және өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін компанияларды тартуға дайын екенін білдірді.Кездесуде қаржылық ынтымақтастыққа да ерекше көңіл бөлінді. Тараптар Гонконг капиталын қазақстандық жобаларға тарту, қаржы институттарының өзара іс-қимылы, жаңа қаржы құралдарын дамыту және шикізат тауарлары саудасы саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Арман Шаккалиев «Қазақстан және Орталық Азия – Қытайдың құрлықтық бөлігі – Гонконг» форматындағы өзіндік үшжақты ынтымақтастықты дамытуды ұсынды. Бұл ретте Қазақстанның инфрақұрылымдық және ресурстық әлеуетін Қытайдың өндірістік мүмкіндіктерімен және Гонконгтің қаржылық әрі басқарушылық тәжірибесімен біріктіру көзделеді.Джон Ли бұл тәсілді қолдап, Қазақстанды Гонконг компанияларының Орталық Азия нарығына шығуы үшін ең перспективалы бағыттардың бірі ретінде атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша нақты жобаларды бірлесіп пысықтауды жалғастыру және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде ілгерілету туралы келісімге қол жеткізілді.Жұмыс сапарының қорытынды бөлімінде Арман Шаккалиев Гонконг пен Қытайдың құрлықтық бөлігіндегі компанияларды бірлескен жобаларды іске асыру және Орталық Азия нарығына шығу үшін Қазақстанның мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға шақырды.«Қазақстан серіктестікке ашық және бірлескен іс-қимылға дайын. Біздің міндетіміз – Еуразиядағы көлік байланысының артып келе жатқан мүмкіндіктерін жаңа өндірістерге, инвестицияларға және тұрақты сауда байланыстарына айналдыру», – деді Министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1288947?lang=ru
Бүгін – Әскери-техникалық саясат саласы мамандарының күні 10.09.2026
10 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-техникалық саясат саласындағы мамандары кәсіби мерекесін атап өтеді. 2009 жылы дәл осы күні Қорғаныс министрлігінде Әскери-техникалық саясат департаменті құрылған болатын. Бұл бағыттағы мамандар әскердің техникалық әлеуетін дамытуға байланысты кешенді міндеттерді атқарады. Мамандар қару-жарақ пен әскери техника саласындағы жаһандық үрдістерді зерделеп, заманауи әскери технологияларды талдайды және оларды Қарулы күштердің қажеттіліктері мен мемлекеттің мүмкіндіктерін ескере отырып қолдану әлеуетін бағалайды.Осындай жұмыстардың негізінде армияны әрі қарай техникалық дамыту бағыттары айқындалып, әскерлерді қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жабдықтау, оларды жеткізу көздерін әртараптандыру жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Басым бағыттардың бірі – отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту.Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру кезінде қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктері, өндірісті жергіліктендіру және жаңа технологияларды игеру перспективалары да ескеріледі. Қазіргі кезде отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген түрлерін, радиобайланыс жүйелері мен автоматтандырылған кешендерді шығарады. Әскерлерге отандық өндірістегі дөңгелекті сауытты машиналар, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар мен заманауи байланыс құралдары жеткізіліп жатыр. Жаңа үлгілерді сатып алумен қатар, қолданыстағы әскери техниканы жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде.Бұл саладағы жұмыстың бір маңызды бағыты – халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастық. Қазақстан бұл салада 40-тан астам мемлекетпен және бейінді халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты дамытып келеді. 18 елмен екіжақты шарттар мен келісімдер жасалған. Халықаралық комиссиялар мен жұмыс топтары тәжірибе алмасуға, заманауи шешімдерді зерделеуге және бірлескен жобаларды пысықтауға арналған маңызды алаңға айналып отыр.Әскери-техникалық саясат қазіргі таңда әскердің техникалық әлеуетін арттыруды, қорғаныс өнеркәсібін дамытуды, жаңа технологияларды енгізуді және халықаралық әскери-техникалық байланыстарды нығайтуды көздейді.Бұл жұмыстардың артында кәсібилігі мен біліктілігі Қазақстан Қарулы күштерінің техникалық әлеуетін жүйелі түрде дамытуға және еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген мамандар тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1288817?lang=ru
Қазақстан мен Швейцария сыртқы саясат ведомстволары арасындағы 7-ші кеңес алмасу раундын өткізді 09.09.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан мен Швейцарияның сыртқы саяси ведомстволары арасындағы консультациялардың 7-раундына қатысты. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың бағыттары талқыланды.А.Исетов швейцариялық тарапты Қазақстандағы ішкі саяси реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, Құрылтайды қалыптастыру процесіне ерекше тоқталды. Осыған байланысты екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудағы парламентаралық ынтымақтастықтың маңызды рөлі атап өтілді.Қазақстандық дипломат сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларына назар аударып, бірлескен жобаларды, оның ішінде көлік және логистика, цифрландыру, су ресурстарын басқару, сирек жер металдары, «жасыл» энергетика және атом өнеркәсібі салаларындағы жобаларды іске асыруға озық технологиялар мен инвестициялар тартуға мүдделілігін білдірді.Швейцария Федералдық сыртқы істер департаментінің Еуразия дивизионының директоры Пьер-Ив Фукс су ресурстарын басқару және көші-қон салаларындағы Швейцарияның өңірлік жобалары мен бастамаларын таныстырды. Сонымен қатар экология, даму мақсаттарындағы ресми көмек және құқықтық ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына тоқталып, Қазақстан-Швейцария қатынастарының шарттық-құқықтық базасын кеңейту мүмкіндіктерін атап өтті.Тараптар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ортақ ұстанымдарды ілгерілету мәселелерін талқылады. Алдағы саяси байланыстар кестесі қаралып, олардың мазмұндық тұрғыдан толықтырылуға өзара мүдделілік расталды.Сапар аясында А.Исетов Швейцария Федералдық сыртқы істер департаментінің Мемлекеттік хатшысы Александр Фазельмен жеке кездесу өткізді. Басқосу барысында тараптар геосаяси күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Швейцария әріптестігін одан әрі нығайтуға және басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1288727?lang=ru
Алтынсарин ауданының шаруа қожалығы гектарынан 45 центнер өнім алып отыр 09.09.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Алтынсарин ауданына барды. Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Тұрғын үй бағдарламасының орындалуын, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді.Биыл Алтынсарин ауданында 260,2 мың га жерге егін егілді. Оның ішінде 112,7 мың га дәнді дақыл жиналды, бұл – 71,9%.«Снегирёв Ю.А.» шаруа қожалығы жыл сайын дәнді дақылдардан мол өнім алып келеді. Биыл минералды тыңайтқыштар қолданылған алқаптардан орта есеппен 45 ц/га өнім жинады. Ал Лариса Стороженко басқаратын «Айдала» ЖШС де жақсы нәтиже көрсетіп, биыл 30 ц/га өнім алды.Мемлекет басшысы: «Қолжетімді баспана – бұл арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деп атап өтті. Өткен жылы Алтынсарин ауданында 46 пәтер салынды. Биыл жалпы аумағы 3 840 шаршы метр болатын 32 үй салынады.Оның ішінде:- Обаган ауылында – 15 үй немесе 30 пәтер, жалпы аумағы 1 800 шаршы метр;- Большая Чураковка ауылында – 15 үй немесе 30 пәтер, жалпы аумағы 1 800 шаршы метр;- Силантьев ауылында – 2 үй немесе 4 пәтер, жалпы аумағы 240 шаршы метр.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жайлау» сауықтыру-ойын-сауық кешенінің иесі өз қаражатына инфрақұрылымды жаңартып, демалушыларға барынша қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлген. Жобаға 156 млн теңге инвестиция салынды.«Таза Қазақстан» – бұл тек тазалық сақтау мен аумақтарды жинастыру ғана емес. Ең бастысы – елді мекендерді абаттандырып, халыққа қолайлы жағдай жасау», – деді Құмар Ақсақалов.Аймақ басшысы аудан халқымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1288698?lang=ru