Enbekshi QazaQ

Қуқық

ТАЗА ҚАЛА - ЖАЙЛЫ ӨМІР: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 18.05.2025
2025 жылғы 23 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.Аталған іс-шараға аудан әкімдігі мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындардан құралған 150-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника тартылды.Акция барысында 5 ауланың шөбі орылып, 14 текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пен күл-қоқыс арнайы полигонға шығарылды.«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, санитарлық жағдайды жақсартуға және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.Қаратау ауданы әкімдігі алдағы уақытта да осындай экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/982083?lang=kk
ШЫМКЕНТТІ БІРГЕ ТАЗАРТАЙЫҚ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 18.05.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту, экологиялық білім мен мәдениетті дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.Шымкент қаласындағы 150 мектепте «Табиғатты аялайық» атты экологиялық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалық сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Экологияға қатысты білімдерін шығармашылық жобалар арқылы көрсетті. «ЖАС ЭКОЛОГТАР» тобы мүшелері өз ойларын суреттер, акциялар, экослеттер арқылы бейнелеп, табиғатты қорғауға қатысты белсенді ұстанымдарын танытты.«Табиғатты аялайық» атты жоба – экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама арқылы жас буын табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиеленіп, жасыл болашақтың кепілі бола алатынын көрсетті,-дейді мамандар.Айта кетейік, «Табиғатты аялайық» жобасы Шымкент қаласындағы барлық орта білім беру ұйымдарында тұрақты түрде өткізілуде. Экологиялық тәрбие беру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/983145?lang=kk
“КІТАП ОҚЫМАЙ ӨМІРДІ БІЛУ МҮМКІН ЕМЕС” 18.05.2025
Стористі емес, кітапты ашОсыдан он шақты күн бұрын Лаура Тастанбек әріптесімнің кішкентай оқушы қызын кітап оқуға үйреткенін көріп, балалық шағым есіме түсті. Менің анам мен апам(нағашы әжем бізбен тұратын) да кітапты дауыстап оқығанымды қалайтын. «Біз де тыңдаймыз, сенің де есіңде қалады», дейтін. Рас. Күрделілеу сөйлемдерді қайта оқимын, мамам мен апам жарыса түсіндіреді. Апам ғой, өміріндегі ұқсас сәттер есіне түсіп кетсе, «өз кітабын» ақтаратын... Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасын» осылай бір жылап, бір күліп отырып, бірнеше рет бірге оқығанбыз. Бұрыңғы жылдардың қиямет кезеңдеріндегі оқиғаларды еріксіз еске түсіретін «Құпия қойма» кітабын да талай қайталап оқыдық. Кітаптың қызығына батқанымызда апам жарықтықтың иіріп отырған ұршығы жайында қалатын. Ашаршылық жылдары, одан кейінгі қуғын-сүргін азабын ағасымен бірге тартқан кезін айтып беруші еді...Сіз жылайсыз, енді оқымаймын дейм. Оқи бер, енді жыламаймын деп қояды. Мені кітап оқысын дегені екен ғой...Ал, Шара Жиенқұлованың «Өнерім-өмірім» кітабы мамама қатты ұнайтын. Алғаш рет биші қыздың өмірі туралы повестің үзінділерін Жұлдыз журналынан оқыған екен. Кейіннен кітап болып шыққанда кітапханадан жаздырып алып бірге оқыдық(Сол 7 сыныпта биші болғым келіп, Мәдениет үйіндегі би үйірмесіне жазылғам. Бірақ екі ай ғана бардым). Кейіннен «Биші Шара» туралы фильмді көргенде, ол эпизодтарды мен бұрын көріп қойғандай мәз болып отырғаным есімде.Кітап оқу, оқыған шығарманы талдау - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Манат Әлиева апайымыздың сүйікті ісі еді. Раушан коммунист пен Шұғаның белгісін класста дауыстап кезекпен оқытатын. Сол әдіс дұрыс негізі! Алғашқыда тыңдағысы келмей, сөйлеп отыратын ұлдардың өзі бір кезде ұйып тыңдап, қоңырауға да шықпаушы еді.Бір кітап талай естелікті еске түсірді... Мектептерде кітап оқу, талдау немесе оқырмандар клубын жандандыру керек. Қаладағы кітапханаларда ондай клубтар бар. Жастар барады, 2-3 рет мен де бардым кездесуге. Бірақ сол әдемі сабақты мектепте қажеттілікке айналдырса деген ойым бар. Балалар бірге оқитын кітабын өздері таңдасын. Бастаса, жүйеленетіні анық. Бұған бірінші кезекте мұғалімі құмбыл болса, ұл-қыздар қызыға түсер еді. Ең маңыздысы, әрине, кітап оқу отбасында қалыптасса құба-құп. Бір емес бірнеше сағатын ұялы телефонға ысырап ететіндер сол уақыттың 40-60 минутын кітап оқуға қиса ұтылмас еді. Болмайтынды айтып...дерсіз. Дей беріңіз. Қараңызшы, мысалы, Исландия елінде әр 10-шы адам өмірінде бір кітап жазып шығарады екен (соңғы кезде кітап жазатындар бізде де көбейген). Ал халқының шамамен 93%-ы жылына кемінде бір кітап оқиды екен.Үндістандықтар жылына орта есеппен 16 кітап оқиды, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қытайда тұрғындар аптасына орта есеппен 8 сағат кітап оқиды екен. Күніне 1-1 жарым сағат деген сөз. Біздің де оқуға мүмкіндігіміз бар!Ұлттық кітап күні деп сәуірдің әдемі күнін белгіледік. Қалған күндері кітапты елемеуге болады деген сөз емес. Керісінше, жыл бойы өзіңізге дос болар кітапты оқып, қарап, осы күні есеп беретін күн сияқты. Әрі, бұл тек оқырмандарға емес, жазатын жандарға да шабыт сыйлайтын күн. Кешегі күні орталық қалаларда кітап көрме-жәрмеікелері ұйымдастырылды. Соны жылына бір рет емес, тоқсан сайын өткізсе де болады. Әлеуметтік желіге суретін салып, есеп беру үшін ғана емес. Оқырман ағылып келіп, жазушысын, ақынын, баспагерін іздейтіндей қылып. Кітап оқу марафондары да қызып жатса...Мемлекет елдегі кітапхана қорын толтыру үшін соңғы 10 жылда 10 миллионға жуық шығарманы басып, таратты. Енді сол шығармаларды оқып. оқуға баулу керек. Үйде, мектепте, барлық ортада.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/983150?lang=kk
ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ - ВОЛОДАРСКИЙ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ 18.05.2025
Қонаев даңғылы - Володарский көшелерінің қиылысы көлік қозғалысы үшін ашылды.Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аясында Володарский көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында автомобиль жолы өткелінің құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты Володарский және Рашидов көшелері көлік қозғалысы үшін ашық екенін хабарлаймыз.2025 жылғы 2 мамырдан бастап жолдың ашылуына байланысты №6, №27, №57, №60, №84, №147 бағыттарындағы қоғамдық көлік маршруттары бұрынғы бағытымен қайта жүре бастайды.Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988646?lang=kk
ШЫМКЕНТ-ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ВЕЛОМАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ 18.05.2025
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында Шымкент-Ташкент веломарафонның ашылу салтанаты өтті. Жыл сайын көктемде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан велошеруге биыл еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен ҚР велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов сөз сөйлеп, веломарафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. — Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл үрдіс Шымкент қаласында да жалғасын тауып келеді. Бүгінде қала тұрғындарының бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасалып, қажетті инфрақұрылым желісі дамып келеді, — деген Сәрсен Абайұлы веломарафонға қатысушыларға ақ жол тіледі. Айта кетейік, Шымкент пен Ташкент қалаларының арақашықтығы 125 шақырымды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988801?lang=kk
№1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН 18.05.2025
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда, аурухананың А, Б және С корпустары мен жылу қазандығы, сондай-ақ, зертханасы күрделі жөндеуден өтуде.Бүгінде жөндеу жұмыстары тек Б корпусында жалғасып жатыр. Аурухананың басқа бөліктерінде жұмыс аяқталып, олар пайдалануға берілген.Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.«Шымкент келбеті»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/988874?lang=kk
Ұлы Жеңіске 80 жыл: бала жүректен туған бейнелер 18.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабырғасында ерекше мазмұндағы іс-шара өтті.6-13 жас аралығындағы қызметкерлердің балалары арасында "Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.Байқаудың басты мақсаты — бала қиялы мен сезімі арқылы тарихқа тағзым етіп, жеңістің қадір-қасиетін ұғындыру, ұлт рухын дәріптеу. Әр сурет — соғыстың зардабын жүрекпен сезініп, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге деген шынайы алғыс пен құрметтің көрінісі.Барлығы 28 бала қатысқан бұл байқауда жас суретшілер өздерінің әсерлі туындылары арқылы көрермен көңілінен шықты.Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды:І орын — Құлымбетова ДанельІІ орын — Таткенова Таифа және Амангелді АлауІІІ орын — Жақсылықова Алина, Тлектес Темірлан АйдосұлыЖүлдегерлер академия бастығының алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Бұл байқау — өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда, бейбіт өмірдің бағасын ұғындыруда маңызды қадам болды. Бала жүректен шыққан суреттер — өткен мен бүгінді жалғаған руханиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/990573?lang=kk
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА 18.05.2025
Бүгінде Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарға арналған бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.Бозарық шағынауданында 150 орынға лайықталған оңалту орталығының құрылысы басталды. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағынан қосымша 50 орындық ғимарат салынуда. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда.№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.Биыл 3-18 жас аралығындағы психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 150 орындық жаңа орталық ашу көзделіп отыр.18-35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған 50 орындық арнайы мекеме де биыл ашылады. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.Бұл бастамалар мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болары сөзсіз.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/990597?lang=kk
ТҮРКІСТАННАН ШЫҚҚАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: АНАРБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ 18.05.2025
Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады. Ол 1926 жылы Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 жасқа толғанда әскер қатарына шақыртылып, Семей қаласында әскери дайындықтан өтіп, Белорусь майданына жөнелтілген. Батыр жауынгер 1-пулеметшілер құрамында, атақты маршал Г.Жуков басқарған әскердің сапында шайқасқан. Ол - Анарбай Мырзахметов.Майдангер алғашқы ұрысын Польша жерінде бастап, Варшаваны азат ету операцияларына қатысқан. 1945 жылдың мамырында Беларусь фронтының жауынгері ретінде Эльба өзеніне жетіп, Магдебург пен Бланкенбург қалаларын азат етудегі ауыр шайқастарда ерлік көрсеткен. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған Анарбай ақсақал 1946 жылға дейін Германияда әскери міндетін атқарған. Кейін 1948 жылы Иванов қаласында әскери борышын толық аяқтап, 1950 жылы елге оралады.Соғыстан кейін бейбіт өмірге араласып, жүргізуші, кейін ферма меңгерушісі қызметін атқарған. Жұбайы Шәман Мырзахметовамен бірге 10 ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде 47 немере, 93 шөбере және 2 шөпшек сүйіп отыр.Анарбай Мырзахметов - «Берлинді алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/991296?lang=kk
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ТҮРКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ 18.05.2025
Түркияда 20 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен “VICTORY CUP” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар қатарында Түркістан облысының өрендері де ерекше көзге түсіп, ел қоржынына үш бірдей медаль салды.Атап айтқанда, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Махдия Усманова тамаша шеберлік пен табандылық танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал 76 келі салмақта бозкілемге шыққан Меруерт Назарбаева күміс жүлдеге қол жеткізсе, 59 келіде сынға түскен Балнұр Нұрлан қола жүлдені еншіледі.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/993647?lang=kk
"Women ICT Frontier Initiative (WIFI) DX" бағдарламасы Алматыда сәтті аяқталды 13.05.2025
Алматыда үш күнге созылған "Women ICT Frontier Initiative (WIFI) DX" оқыту тренингі өз мәресіне жетті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Азия-Тынық мұхиты өңірінің АКТ бойынша оқу орталығы (APCICT), Women in Tech Kazakhstan, She Business Community, Women in Business қауымдастықтары және Банк ЦентрКредиттің Business Aru бағдарламасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.Бағдарлама әйел-кәсіпкерлерді өз бизнесіне технологияларды, автоматтандыруды және басқа да цифрлық үдерістерді енгізу үшін қажетті цифрлық дағдыларға үйретеді. Бұл мақсатта Алматыға БҰҰ өкілдері мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан APCICT тренерлері келді.Іс-шараға өз ісін цифрлық трансформациялауды жоспарлап жүрген кәсіпкер әйелдерден 50-ге жуық өтінім түсті. Қатысушылар электрондық коммерция, цифрлық маркетинг және деректерді талдау бойынша білім алды. Олардың көпшілігі тренер сертификаттарын алып, алған білімдерін басқаларға тегін түрде тарата алады. Осылайша бағдарлама Қазақстан бойынша кеңінен таралып, жылына бірнеше мың кәсіпкер әйелді қамтиды деп күтілуде.Бағдарлама Банк ЦентрКредиттің қолдауымен орыс және қазақ тілдеріне аударылып, бейімделетін болады. Оқу барлық қатысушылар үшін тегін өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/993508?lang=kk
Канадада Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі UFC 315 жекпе-жегінде жеңіске жетті 12.05.2025
Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі аға лейтенант Бекзат Алмахан сәтті өнер көрсетті.Канадалық спортшымен болған жекпе-жекте Бекзат Алмахан 33 жастағы Брэд Катонды техникалық нокаутпен жеңді. Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы кездесу небәрі 64 секундта Алмаханның пайдасына  шешілді.Бекзат Алмахан өзіне сеніп артып, қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғысын жеткізді. Спорт және туризм академиясының түлегі, 27 жастағы Бекзат Алмахан — ұлттық жекпе-жек түрлерінен Азия және әлем чемпионы. Қазір оның есебінде 12 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992910?lang=kk
Ақтауда жас теңізшілер Отанға адал болуға ант берді 12.05.2025
       Теңізшілердің қаласында Әскери ант беру рәсімі өтті.       Әскери-теңіз күштерінің 169 жас матросы үшін бұл рәсім – өмірлеріндегі маңызды оқиғаға айналып, олардың Отанға қызмет етуге және оның теңіз шекараларын қорғауға дайындығын білдіретін нышан болды.       Салтанатты шара Мәңгілік алау ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Рәсімге қатысушылар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, оларға құрмет көрсетті.Іс-шараға ҚР Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Серік Борамбаев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің Ақтау және Маңғыстау облысы бойынша төрайымы Гүлмира Жанысбаева, сондай-ақ ата-аналар қатысты.       – Әскери ант – бұл жай ғана сөз емес, бұл – жауапкершілік пен жауынгерлік ерліктің жолы. Сіздерге ел шекарасын қорғауда батылдық пен табандылық тілеймін. Халық сенімін абыроймен ақтайтындарыңызға сенемін, – деді ҚР Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Серік Борамбаев.       Шараға әскери-теңіз күштері оркестрі орындаған патриоттық шығармалар мен матростар дайындаған концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қонақтарға ерекше әсер қалдырған – қарумен саптық жүріс және жауынгерлік өнер элементтері көрсетілген көрнекі өнер көрсетулер болды.       – Сіздердің жетістіктеріңіз – ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Отан қорғау жолыңыз жарқын болсын, қызметтеріңіз абыройлы болсын, – деп Атырау қаласынан келген матростың анасы Армангүл Қыдырбаева ұлын мақтан тұтатындығын айтты.Бұл салтанатты рәсім жас матростардың әскери қызметтегі алғашқы маңызды қадамы болып, олардың патриоттық рухын күшейтіп, сенім сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992916?lang=kk
Көңіл толқытар қуаныш пен жүрек жылуы: Ақтауда Аналар күніне арналған концерттік бағдарлама өтті 12.05.2025
    Аналар күні қарсаңында Ақтау қаласындағы Мұрат Өскенбаев атындағы облыстық филармонияда «Ана жүрегі – сарбаз рухы» атты мазмұнды мерекелік шара өтті.        Іс-шараны ұйымдастырушы – «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті, ал қатысушылар – Ақтау гарнизонының түрлі бөлімшелерінен келген әскери қызметшілер болды.       Мереке Әскери-теңіз күштері мен Шекара қызметінің матростарын, теңіз жаяу әскерінің мерзімді қызметтегі сарбаздарын, авиациялық база мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының және Ұлттық ұланның сарбаздарын біріктірді. Залда жүздеген ана мен сарбаздың жақындары жиналды. Көпшілігі үшін бұл – ұлдарымен қауышқан көптен күткен кездесу болды. Қуаныш жасы, құшақтасу мен жүректен шыққан жылы лебіздер ерекше мейірім мен ризашылыққа толы атмосфераны қалыптастырды.       Жиналғандарды Ақтау гарнизонының бастығы, әскери прокурор, қорғаныс істері және әскери полиция департаменттерінің басшылары, әскери бөлім командирлері мен «Аналар жүрегі» комитетінің төрайымы Гүлмира Жанысбаева құттықтады.       «Ана жүрегі – мейірім мен махаббаттың нышаны, ал сарбаз рухы – Отанға деген адалдықтың белгісі. Бұл күн қос ұлы құндылықты біріктірді», – деді ол өз сөзінде.       Мерекелік көңіл-күйді әскери қызметшілердің өздері дайындаған концерттік бағдарлама одан әрі жандандыра түсті. Сарбаздар орындаған патриоттық өлеңдер, музыкалық нөмірлер мен театрландырылған қойылымдар көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.       Аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Әскери бөлім командирлері ұлдарын лайықты тәрбиелегендері үшін ата-аналарға алғыс хаттар табыс етті. Бұл – барша көрерменнің көңілін толқытқан, жүректі тебіренткен сәт болды.«Ана жүрегі – сарбаз рухы» іс-шарасы ананың күш-жігері, төзімі мен махаббатына деген зор құрметтің жарқын үлгісі болып, отбасы мен әскери қызметтің, бейбітшілік пен парыздың ажырамас байланысын айқын көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992918?lang=kk
Армия спортшысы Үндістандағы армрестлингтен Азия чемпионатында жеңіске жетті 12.05.2025
Үндістан астанасы - Делиде өткен армрестлингтен Азия чемпионатында Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі құрлық біріншілігінің «алтын» жүлдесін жеңіп алды.55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сандуғаш Сейдіш қырғызстандық спортшы Молмол Акимқожоқызын жеңді.Чемпион өз жеңісінде шешуші рөлді қарқынды жаттығулар және жағымды көңіл-күй ойнағанын атап өтті. Ол Арнайы операциялар күштері қолбасшылығына баға жетпес қолдау мен көмегі үшін алғысын білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992921?lang=kk
Десанттық-шабуылдау әскерінің 1600-ден астам жауынгері Отанға адал болуға ант берді 12.05.2025
Жас сарбаз курсынан өтіп, Алматы, Жетісу және Қонаев гарнизондарындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарын толықтырған жас сарбаздар әскери ант берді.Бұл салтанатты сәтке жас жауынгерлермен бірге Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, атқарушы билік өкілдері, Қарулы күштер мен Ауған соғысының ардагерлері, сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.Ант бергенге дейін жас сарбаздар әскери бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысып, қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, мемлекеттік-құқықтық, саптық және атыс дайындығының негіздерін меңгерді.Биыл көктемде еліміздің әр өңірінен келген жас десантшылар Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілік мүдделерін қорғауға ант берді.– Әскери ант – Отан қорғаушысы үшін бұзылмас заң. Ант берген сәттен бастап сіздер әскери істі адал меңгеріп, жауынгерлік қызметтің қиындығына төтеп беруге міндеттісіздер. Біздің бригада – Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бесігі. Бұл әскерлер – асқан ерліктің, батырлықтың және әрқашан дайын болудың үлгісі. Қызмет барысында алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз сіздерге пайдасын тигізіп, мінездеріңізді шыңдап, денелеріңізді нығайтады деп сенемін. Осы маңызды жолда табандылық пен сәттілік тілеймін, – деді 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасының командирі гвардия полковнигі Бейбіт Аманқалиев.Қонақтар үшін әскери бөлімде қарумен және қарусыз жауынгерлік әдістер көрсетілген арнайы көрсетілімдер ұйымдастырылды.– Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер адамның қасиетті парызы. Армиядағы қызмет менің болашағымды айқындауға және тұлғалық қалыптасуыма негіз болады деп ойлаймын, – деді Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Мирас Ескендір.Ант қабылданған соң әскери бөлімдерде экскурсиялар өтті. Қонақтарға казармалар, оқу сыныптары, асханалар мен спорт залдары көрсетілді. Әскери бөлім командирлері ата-аналар қойған күн тәртібі, оқыту, тамақтану, медициналық қызмет көрсету және өзге де мәселелерге жауап берді. Сол күні сарбаздар алғашқы сейілге шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992875?lang=kk
Әскери парадқа қатысқан жауынгерлер Мәскеуден оралды 12.05.2025
Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 37-ші бригадасының 80 әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшағымен Талдықорған қаласына оралды.Тоғызыншы мамыр күні қазақстандық десантшылар Қызыл алаңмен салтанатты шерумен өтіп, бүкіл адамзаттың бейбітшілігі мен азаттығы жолында күресіп, қаза тапқан жауынгерлер мен көзі тірі ардагерлерге тағзым етті.Жеңіс парадына қатысқан аға лейтенант Ерзат Қосын өз әсерімен бөлісті:– Мәскеудегі салтанатты шеруге қатысу – мен үшін зор мәртебе. Бұрынғы жылдары Қызыл алаңнан сарбаздар майданға аттанған. Ең ауыр соғыста олар рухының күші мен отансүйгіштігінің арқасында жеңіске жетті. Жеңіс үшін өмірін қиған жандардың рухына тағзым ету мүмкіндігі бұйырғанына мақтанамын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992845?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Минскідегі әскери парадқа қатысты 12.05.2025
Беларусь еліне Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың басшылығымен барған қазақстандық делегация Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.  Маңызды оқиға – "Минск – батыр қала" ескерткіш бағанасының маңында өткен әскери шеру болды.Сапар аясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Беларусь Республикасының Әскери академиясында, Беларусь мемлекеттік авиация академиясында оқитын қазақстандық курсанттармен және әскери шеруге қатысатын ҚР Қарулы күштерінің ту ұстаушыларымен кездесті.Бұдан өзге, қазақстандық әскери қызметшілер "Дукорский Маентак", "Дудудки" этноауылдарына, Беларусь Қарулы күштері Офицерлерінің орталық үйіне, Ұлы Отан соғысы тарихы мұражайына және "Хатынь" мемориалдық кешеніне барды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992795?lang=kk
Әскери парадқа қатысушылар тұрақты қызмет орнына оралып жатыр 12.05.2025
Жеңіс парадына қатысушыларды Ақтау қаласында салтанатты жағдайда қарсы алды.Маңғыстау теміржол вокзалында Астанада өткен әскери парадқа Ақтау гарнизонының атынан қатысқан әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.Таңның ертесіне қарамастан, бұл кездесу мерекелік көңіл-күйде өтті. Жүздеген әскери қызметші, олардың отбасы мүшелері мен әскери оркестр музыканттары парадқа қатысушыларды қарсы алуға жиналды.Теңіз жаяу әскерлері бригадасының, Әскери-теңіз күштерінің, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасының, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының және әскери полицияның жеке құрамы өз әріптестерін құрметпен қарсы алды.Каспий жағалауынан келген  500-ге жуық әскери қызметші бір айдан астам уақыт бойы Астанада саптық машықтарын жетілдіріп, парадта Маңғыстау облысының намысын лайықты қорғады.Платформада әскери оркестрдің көңілді марштары ойналып, ауада күлкі мен шаттық лебі есті.Жиналғандарды Ақтау гарнизонының бастығы подполковник Азамат Сүлейменов құттықтады:– Сіздермен қайта қауышқанымызға қуаныштымыз, – деді ол. – Сіздер тарихқа ендіңіздер. Екі айдан астам уақыт бойы сарбаздар үлкен дайындықтан өтіп, маңызды іс-шарада өзін лайықты көрсете білді. Біз сіздермен мақтанамыз. Әрқайсыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт пен ашық аспан тілеймін!Кейін салтанатты іс-шаралар әскери бөлімдерде жалғасты. Теңіз жаяу әскерлері бригадасының саптық алаңында келгендерді ұрандармен, әскери тәртіппен қарсы алды.Мерзімді қызметтегі теңіз жаяу әскері жауынгері қатардағы Алмас Дәулетбек парадқа қатысқанын мақтаныш етеді. Барлық әскери қызметші саптық дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетіп, жақсы баға алды. Ол министр атынан он күндік демалысқа жіберілді.Алда сарбаздарды жауынгерлік атыстар, полигондағы оқу-жаттығулар және басқа да әскери міндеттер күтіп тұр. Дегенмен бұл – жылдың басты саптық шеруіне қатысу олардың жадында мәңгі сақталмақ.Айта кетейік, Ақтау гарнизоны атынан әскери парадқа екі саптық есептоп – теңіз жаяу әскерлері бригадасы мен Әскери-теңіз күштері қатысып, өңірді абыроймен танытып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992806?lang=kk
Әскери қызметшілер қарт майдангер Рзағұл Байкешевті құттықтады 12.05.2025
Астанада Тыл бастығы басқармасының әскери қызметшілері, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері және Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық оркестрінің музыканттары Рзағұл Байкешевті Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.Тыл бастығы басқармасының өкілі ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізіп, бағалы сыйлық табыс етті.Майдангер әскери қызметшілерге табысты қызмет, отбасылық амандық және ашық аспан тіледі.Ардагерге сыйлық ретінде әскери оркестрдің музыканттары соғыс жылдарындағы шығармаларды орындады.Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Ол 1933 жылы мектепке барып, 1939 жылы бітірді. Соғысқа дейін совхозда жұмыс істеген.Майданға 1943 жылы шақырылды. Кеңес әскерлерінің құрамында Ржев қаласы маңындағы шайқастарға, Великте Луки шабуыл операциясына қатысты. Польша, Румыния және Венгрия нв жаудан азат етті. Отанына ефрейтор шенімен оралды.Ырзағұл Байкешев I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.Рзағұл Байкешев екі ұл тәрбиелеп, олардан бірнеше немере-шөбере сүйді. Қазір немересі Талғатпен тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/992713?lang=kk