Қуқық
Алматы облысының өнімдері жаңа сауда орнында 20-30% төмен бағада сатылады 15.08.2026
Алматы қаласында Райымбек ауданының ауылшаруашылық өнімдерін сатуға арналған сауда орны ашылды. Мұнда тұтынушылар таза әрі табиғи өнімді ешқандай делдалсыз тиімді бағада сатып алады. Яғни аудан шаруалары мен қала тұрғындары арасындағы тікелей байланыс орнады. Бұл ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл шаруашылығы саласын ілгерілетуге оң ықпалын тигізбек. Сауда орны Рысқұлов пен Шемякин көшелерінің қиылысында орналасқан, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Кәсіпкерлер үшін өз еңбегінің нәтижесін тиімді бағада өткізу және оны тікелей тұтынушыға жеткізу мәселесі маңызды. Осыған байланысты облыс әкімдігінің қолдауымен және Райымбек ауданы мен Алматы қаласы әкімдігі арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде шаруалар мен малшылар осындай таптырмас мүмкіндікке қол жеткізіп отыр. Олар алғашқы күннің өзінде 3,5 тонна ет, 1 тоннадан астам сүт өнімін, одан бөлек табиғи бал, ысталған балық, жұмыртқа мен көкөністер және басқа да тауарларын таныстырып, халыққа ұсынды.Сауда орнының ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, жәрмеңкені аралап көрді.«Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау мен сату оңай жұмыс емес. Оған қажырлы еңбек пен төзімділік қажет. Көп жағдайда бұл саламен айналысатын азаматтардың базарға шығып, тауарын ұсынуға мүмкіндігі бола бермейді. Соның кесірінен кейде делдалдарға жем болып жатады. Бұл сауда орны оларға үлкен қолдау болғалы тұр. Ең бастысы өнім сапасына ерекше көңіл бөлу керек», – деді аймақ басшысы.Жәрмеңкеге қатысқан жандардың бірі Қақпақ ауылының тұрғыны – Ұлжан Ауғанбайқызы. Ол сүттен дайындаған 7 түрлі өнімін алып келіпті.«Бұған дейін өзіміз дайындаған құрт-май, айран-қымызымыз бен ірімшігімізді ауылға келген қонақтарға ғана сата алатынбыз. Енді өнімдеріміздің барлығын арнайы базарға әкеліп, өткізуге мүмкіндік туды. Бұл өте құптарлық іс әрі біздің жұмысымызды одан әрі дамытуға септігін тигізеді», – дейді ол.Қазіргі таңда шатырлардан құралған жәрмеңке жұмысы жанданып тұр. Алдағы уақытта жабық сауда павильонының құрылысы басталмақ. Яғни қыс мезгілінде де базардың қайнаған тіршілігі тоқтамайды. Сатылатын өнімдердің сапасы мен бағасын бақылайтын арнайы мамандар да бар. Мұндағы баға орташа көрсеткіштен 20-30 пайызға төмен.Бүгінде Райымбек ауданында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Аймақта 3400 кәсіпкер тіркелген. Оның 1200-і өсімдік шаруашылығымен, 1100-ге жуығы ет өндірумен айналысады, ал қалғаны ауыл шаруашылығының түрлі бағыты бойынша жұмыс істейді. Жылына 16 мың тонна ет, 18 мың тонна сүт, 500 мың данаға жуық жұмыртқа мен 55 мың тонна картоп өндіріледі. Жаңадан ашылған сауда орнының арқасында бұл көрсеткіштің бірнеше есе өсетіні сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1274698?lang=ru
“Lotus Fest-2026”: 94 адам Run марафонына қатысты 15.08.2026
“Lotus Fest-2026” фестивалі аясында Run марафоны өтті. Жарысқа 94 адам қатысып, 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Қатысушылар арасында ең үлкені - 82 жастағы қария. Жарысқа әр жастағы тұрғындардың қатысуы бұқаралық спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.Финалға бірінші боп жеткен қатысушы Диар Куспанов марафоннан алған әсерімен бөлісті.- Мен марафонды бірінші боп аяқтадым. Сәл қиын болды, бірақ әсері өте керемет. Марафонды жүгіріп өткен әрқайсысы ерекше әсер алды деп ойлаймын. Алғашқы Run марафоны құтты болсын,- деді ол.Қатысушылар үшін бұл тек спорттық сайыс емес, табиғат аясында уақыт өткізіп, жақсы көңіл-күй сыйлаған ерекше шара болды. Марафон соңында барлық қатысушы өз межесін бағындырып, фестивальдің мерекелік атмосферасын жалғастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1274689?lang=ru
Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды 15.08.2026
Атырау облысының Құрманғазы ауданында табиғаттың ерекше көркі – лотос гүлінің гүлдеу кезеңіне арналған Lotus Fest – 2026 фестивалі өз жұмысын бастады.Екі күнге жоспарланған фестивальге аудан тұрғындарымен қатар, еліміздің әр өңірінен келген қонақтар мен шетелдік туристер қатысуда. Фестиваль алаңына алғашқы сағаттардың өзінде 2 мыңға жуық адам жиналды.Мерекелік шара аясында қонақтарға мәдени-көпшілік бағдарламалар, ұлттық спорт жарыстары, қолөнер жәрмеңкесі, ұлттық тағамдар, балаларға арналған ойын-сауықтар мен концерттік бағдарлама ұсынылады. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде танымал қазақстандық әнші Қуандық Рахым өнер көрсететін болады.Фестивальдің басты ерекшелігі – қонақтардың Қиғаш өзені бойымен қайықпен серуендеп, табиғи жағдайда гүлдеген әсем лотос алқабын тамашалау мүмкіндігі.Lotus Fest – 2026 Атырау облысының туристік әлеуетін танытып, Құрманғазы ауданының бірегей табиғи мұрасын насихаттауға және экотуризмді дамытуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1274687?lang=ru
Қиғаш өзенінің бойындағы «Lotus Fest» фестивалі басталды 15.08.2026
15–16 тамыз күндері Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округінде ерекше табиғат аясында өтетін «Lotus Fest» фестивалі өз жұмысые бастады.Фестиваль қонақтарын туристік сайыстар, «Lоtus Run» марафоны, балалар ойын алаңы, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама,фотозоналар,сауда саттық павилиондары, қолөнер жәрмеңкесі, фуд корттар күтеді.Ең бастысы – Қиғаш өзенімен қайықпен серуендеп, табиғаттың сирек кездесетін ғажайыбы – әсем лотос гүлдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болады. «Lotus Fest» – табиғат, мәдениет және ұмытылмас әсерлер тоғысқан ерекше фестиваль болады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1274679?lang=ru
658 млн теңге, 200 орын: Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды 15.08.2026
Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек жолы ауылында 200 көрерменге арналған жаңа Мәдениет үйі ашылды. Заманауи нысан ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастырып, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Мәдениет үйінде көрермендер залы, сахна және шығармашылық үйірмелерге арналған кабинеттер бар. Мұнда концерттер, театрландырылған қойылымдар, мерекелік және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар домбыра, жыр-терме, ән, би, қолөнер үйірмелері, ақындар мен «Шежіре» тәлім орталығы, ата-әжелер ансамблі жұмысын бастайды.Бес гектар аумақта орналасқан нысанның құрылысына 658,7 млн теңге бөлінді. Ауыл тұрғындары жаңа Мәдениет үйінің ашылғанына ризашылықтарын білдірді. Айтуларынша, елді мекенде балалар мен жастардың шығармашылықпен айналысып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін осындай орын көптен қажет болған. Жаңа нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев ауылдағы мәдениет ошақтарының маңызына тоқталды.«Бұл – жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – ауылдың мәдени өмірін жандандыратын, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашатын орта. Мұнда ұлттық өнеріміз бен дәстүріміз дәріптеліп, түрлі буын өкілдері бас қосатын болады. Мемлекет басшысы мәдениет пен өнердің ел өміріндегі маңызын үнемі айтып келеді. Сондықтан облыста мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы төрт жылда бұл салаға 52,6 млрд теңге бағытталып, 10 жаңа мәдениет нысаны салынды, 19 мәдениет үйі жөндеуден өтті. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады», – деді Ғани Майлыбаев.Жібек жолы ауылындағы жаңа мәдениет үйі – соңғы жылдары облыста пайдалануға берілген мәдени нысандардың бірі. Былтыр Кеген ауданындағы Жалағаш және Жылысай, Іле ауданындағы Өтеген батыр, Жамбыл ауданындағы Мәтібұлақ ауылдарында жаңа мәдениет үйлері ашылды. Биыл Жамбыл ауданындағы Шиен ауылында Мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.Қазір облыста Жамбыл ауданының Қарғалы және Іле ауданының Боралдай ауылдарында жаңа мәдени нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта да мәдениет үйлері мен басқа да мәдени нысандарды жаңғырту және салу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ.Былтыр Кеген ауданындағы Жалағаш және Жылысай, Іле ауданындағы Өтеген батыр, Жамбыл ауданындағы Мәтібұлақ ауылдарында жаңа мәдениет үйлері ашылды. Биыл Жамбыл ауданындағы Шиен ауылында Мәдениет үйінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Қазір облыста Қарасай ауданының Әйтей, Жамбыл ауданының Қарғалы және Іле ауданының Боралдай ауылдарында жаңа мәдени нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта да мәдениет үйлері мен басқа да мәдени нысандарды жаңғырту және салу жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаспақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1274665?lang=ru
Алматы облысында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді 14.08.2026
Апаттық ажырату салдарынан электр энергиясы өшірілген облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы тұтынушылар 19:30-дағы жағдай бойынша электрмен жабдықтау жүйесіне толық қосылып, электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Балқаш, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Қарасай, Ұйғыр, Райымбек және Кеген аудандарында электр энергиясын беру штаттық режимде жүргізілуде.Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген уақыт ішінде барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері және режимдік-стратегиялық нысандар резервтік электр қуаты көздерімен қамтамасыз етіліп, үздіксіз әрі штаттық режимде жұмыс істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1274640?lang=ru
Басты мақсат – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру! 14.08.2026
2026 жылдың 14–16 тамыз аралығында Лисаковск қаласындағы «Алый парус» демалыс базасында жастар мен еріктілер арасында Қостанай облыстық экологиялық слеті өткізіліп жатыр.Іс-шараны «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қоры Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық даму басқармасы» ММ қолдауымен «Таза Қазақстан» қағидаты аясында жүзеге асырылатын «EcoZhas» жобасы шеңберінде жастар мен еріктілер арасында экологиялық идеяларды ілгерілету» жобасы аясында ұйымдастырды.Слетке Қостанай облысының 18–35 жас аралығындағы 80-ге дейін белсенді жастары мен волонтерлік қоғамдастық өкілдері, оның ішінде облыстың аудандары мен қалаларындағы жастар ресурстық орталықтарының өкілдері қатысты.Слеттің негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық волонтерлікті, көшбасшылық құзыреттер мен жобалық ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ жастардың өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге қатысу деңгейін арттыру.Іс-шара слет қатысушыларына арналып ұйымдастырылған Эко кәсіпорындар мен ұйымдарды аралаумен басталды. Экскурсия барысында жас эковолонтерлер экокабинет, мемлекеттік питомник, жеке питомник, "Атамекен 4+", "АгроЭкоХаб" сияқты ұйымдарды аралады. Соңынан ұйымдасқан түрде слет болатын Лисаковск қаласының «Алый парус» демалыс базасына бет алды.Үш күндік бағдарлама аясында қатысушылар бірінші күні экологиялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметімен танысты, екінші күні білім беру тренингтері жоспарланған, сонымен қатар үшінші күні шеберлік сабақтары, командалық және жобалық жұмыстарға қатысу ұйымдастырылады.Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – экологиялық стратегиялар мен практикалық шешімдерді әзірлеуге үйрету. Қатысушылар командаларға бөлініп, өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді анықтайды, өздерінің стратегияларын осы үш күнде әзірлейді және оларды қорғайды.Білім беру бағдарламасы экологиялық волонтерлік, ұқыпты тұтыну, зооволонтерлік, қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану, көгалдандыру, жаңартылатын энергия көздері, экологиялық және климаттық жобалар, сондай-ақ экология мен волонтерлік саласындағы халықаралық тәжірибелер сияқты бағыттарды қамтиды.Спикерлер мен сарапшылар ретінде республикалық және өңірлік деңгейдегі мамандар бар – Окапова Асыл, Евженкова Людмила, Соловьева Ольга, Шадрина Динара, Генадий Ипатов, Жанбуршинов Азим, Жұмат Бауыржан Киікбайұлы және Татьяна Миронюк.Слет аясында командалық өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ қатысушылар арасындағы кәсіби және тұлғааралық байланыстарды нығайтуға бағытталған тимбилдингтер, спорттық және мәдени-демалыс іс-шаралары да ұйымдастырылады.Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар әзірлеген экологиялық стратегияларын таныстырады. Үздік стратегияны іске асыруға кемінде 1 000 000 теңге көлемінде қаржыландыру беріледі. Слеттің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.Іс-шараның үшінші күні «Нас тут не было!» экологиялық акциясымен қорытындыланады. Акция барысында қатысушылар аумақты тазалау жұмыстарын жүргізеді.Слетті өткізу Қостанай облысындағы жастардың экологиялық қозғалысын дамытуға, волонтерлік бастамаларды қолдауға және «Таза Қазақстан» қағидаттарына сәйкес жастардың өңірдің экологиялық күн тәртібін іске асыруға қатысуының практикалық тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1274627?lang=ru
Жасанды интеллект, білім сапасы және болашақ дағдылары: Қостанайда білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі өтті 14.08.2026
14 тамызда Қостанай облысының әкімі Құмар Иргибаевич Ақсақаловтың қатысуымен «Адами капитал – өңір дамуының стратегиялық негізі: білім сапасы және жаңа оқу жылының басымдықтары» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесі өтті.Пленарлық отырыс кәсіби диалог форматында ұйымдастырылып, білім сапасы, заманауи білім беру технологиялары мен жасанды интеллект, ауыл мектептерін дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттері және болашақ ұрпаққа қажетті дағдылар талқыланды.Іс-шараның ең әсерлі жаңалықтарының бірі – Ұмай атты цифрлық виртуалды жүргізушінің алғаш рет сахнаға пленарлық отырыстың дәстүрлі модераторымен бірге шығуы болды. Жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген Ұмай кеңестің ең жарқын ерекшеліктерінің біріне айналды.Өзінің бейнеүндеуінде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарына тоқталып, білім сапасын арттыру, цифрландыру, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті.Қостанай облысының білім басқармасының басшысы Ардақ Бегатаров өңірлік білім беру жүйесінің басымдықтарын таныстырды. Оның ішінде білім сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау мәселелеріне ерекше мән берілді.ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен жаңа оқу жылына қойылған міндеттер туралы баяндады.Мұхаммад Әли Джавед, Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университетінің (Абу-Даби) жасанды интеллект және деректерді талдау жөніндегі сарапшысы, мектептерді жасанды интеллект дәуіріне дайындау, технологияларды жауапкершілікпен пайдалану және педагогтің негізгі рөлін сақтау мәселелерін қозғады.«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының бірінші вице-президенті Ержан Аубакиров «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында ауылдық және шағын жинақты мектептерді қолдаудың тиімді тәжірибелерімен бөлісті.Семей қаласындағы «Білім-инновация» лицейінің мұғалімі Марат Айткалиев Альфа ұрпағы және болашақ құзыреттері тақырыбына тоқталып, педагогтің тәлімгер әрі көшбасшы ретіндегі рөліне назар аударды.Кеңес қорытындысын шығарған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім беру мен жас ұрпақ мәселелеріне ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Бұл бағыттардың жаңа Халық Конституциясында да көрініс тапқанын жеткізді.«Білім беру – біз үшін де басты басымдықтардың бірі. Өйткені бұл – әр отбасының өміріне тікелей қатысты сала», – деді өңір басшысы.Бүгінде облыстың білім беру жүйесі шамамен 150 мың баланы қамтиды, салада 36 мыңнан астам қызметкер еңбек етеді. Биыл білім беру саласына 227,1 млрд теңге бөлінді. Бұл облыстық бюджеттің шамамен үштен бірін құрайды. 2023 жылы бұл көрсеткіш 176,8 млрд теңге болған.Соңғы үш жылда облыста 15 балабақша мен 10 мектеп салынды, 457 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 30 нысанға күрделі жөндеу жасалды. Осы кезеңде өңірдің 83 түлегі әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттарға ие болды.«Біздің міндетіміз – мұндай мысалдардың жекелеген жағдай болып қалмауын, тұрғылықты жеріне қарамастан әр балаға бірдей мүмкіндік берілуін қамтамасыз ету. Ал педагогтердің міндеті – баланың қабілетін дер кезінде байқап, қолдау көрсетіп, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау», – деді Құмар Ақсақалов.«Жастар сарайының» холында білім берудің заманауи шешімдері, цифрлық құралдар мен практикалық әзірлемелер ұсынылған тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар педагогтер жаңа тәсілдермен танысып қана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алған шеберлік сабақтары өтті.Кеңес білім беру қызметкерлерін марапаттау рәсімімен қорытындыланды. Облыс әкімі 25 педагогке ведомстволық және өңірлік марапаттарды табыстады.3 педагог «Еңбек ардагері» медалімен, 4 педагог Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен, 2 педагог «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен, 2 педагог «Орта білім беру ісінің үздігі» құрметті дипломымен, тағы 2 педагог «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрметті дипломымен марапатталды.Сонымен қатар 3 білім беру қызметкеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталары, 4 қызметкерге министрліктің Алғыс хаттары, тағы 5 педагогке Қостанай облысы әкімінің грамоталары табысталды.Сондай-ақ өңірлік байқаулардың жеңімпаздарына сертификаттар берілді. Арқалық қаласының білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясы 2026 жылғы орта білім берудің үздік ұйымы деп танылса, Рудный тау-кен технологиялық колледжі техникалық және кәсіптік білім берудің 2026 жылғы үздік ұйымы атанды. Оларға 68 миллион теңге көлемінде сертификаттар табысталды.Рудный қаласының білім бөлімі облыс қалалары арасында рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі аудандар арасындағы рейтингтік бағалауда үздік деп танылды.Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясындағы «Үздік мектеп ауласы» байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталды.Облыстық тамыз кеңесі білім берудің стратегиялық міндеттерін нақты шешімдермен және педагогтердің озық тәжірибесімен ұштастырып, жаңа оқу жылында жүзеге асырылатын негізгі бағыттарды айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1274618?lang=ru
Тамыз кеңесі: Алматы облысындағы 5 мектеп еліміздің ең үздік 100 білім ошағының қатарына кірді 14.08.2026
Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын тамыз конференциясы биыл Алматы облысында «Конституциялық құндылықтар: кәсібилік, сапа, нәтиже» тақырыбына арналды. Жиында білім беру саласында өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар сараланып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттар айқындалды. Конференцияға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Айқожа Әбсадықов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, аудан-қала әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері және педагогтер қатысты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Конференция барысында білім сапасы мен педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, инфрақұрылымды дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту, цифрландыру және тәрбие жұмысы сияқты маңызды мәселелер талқыланды.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде білім беру саласын дамытудың үш негізгі бағыты бар екенін айтты. Біріншіден, жаңа конституциялық талаптарға сай үш ауысымды мектептерді жою, заманауи мектептер салу және цифрлық сауаттылықты дамыту. Екінші бағыт – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын көтеріп, жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Үшінші бағыт – еңбек нарығына қажетті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.Сондай-ақ Марат Елеусізұлы білім саласына көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау жылдан-жылға артып келе жатқанын жеткізді. Мәселен, биыл облыста білім саласын қаржыландыру 458,2 млрд теңгеге жетті. Оқушылар санының жыл сайын 7-10 мыңға артуына байланысты педагогтерге де сұраныс өсіп отыр. Осыған байланысты жалақы қорына жыл сайын қосымша 7 млрд теңге бөлінуде.Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Қайрат Жұмановтың айтуынша, мектепке дейінгі білім беру бағыты бойынша өткен жылғы маусымнан бастап Қонаев қаласында 24 мектепке дейінгі ұйымда 2 951 орынға ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы іске қосылды. Нәтижесінде балабақша кезегіндегі балалар саны 963-тен 470-ке дейін азайды. Сонымен қатар ата-аналарға қолдау көрсету үшін 365 кеңес беру орталығы жұмыс істеп, «Балақайлар мектебі» жобасы аясында 7 223 бала мектепке дейінгі даярлықтан өтті.Бүгінде өңірдегі 5 мектеп Қазақстанның ең үздік 100 мектебінің қатарына енген. Ал дарынды балалардың 3 жылдағы жүлделі орындарға ие болудағы сапа көрсеткіші 54 пайызға артты. 2025-2026 оқу жылында пәндік олимпиадаларға 541 оқушы қатысып, 303 жүлделі орын иеленді. Халықаралық байқауларда 29 оқушы жеңімпаз атанды. Екі жыл қатарынан облыс түлектері ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинады. Ал өткен оқу жылының қорытындысы бойынша облыста білім сапасы 68,9 пайыздан 69,5 пайызға өсті.Өңірде 34767 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде біліктілік санаты бар педагогтардың үлесі – 74,8%. Ал жаңа форматтағы біліктілік санатына ие мұғалімдер саны биыл 28,2%-ды құрап 7,1%-ға өскен.Білім ошақтарында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. Биыл 350 мың оқушының қатысуымен «Болашақты бірге отырғызайық» акциясы, мектеп түлектері мен танымал тұлғалардың қатысуымен «Бүгінгі күн – ертеңгінің өркені» және «Жайна, туған өлкем!» челлендждері ұйымдастырылған.Биыл өңірде еңбек нарығына қажетті жаңа мамандықтарды ашуға 500 млн теңге бөлінді. Колледждердің материалдық-техникалық базасы да жаңартылуда. Студенттер түрлі сайыстарда топ жарып, үздік нәтиже көрсетуде. Мысалы, «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионатында облысымыздың 12 студенті жүлделі орындарға ие болған. Колледждердің Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия және басқа да мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен халықаралық байланыс орнатуы студенттер мен педагогтердің тәжірибе алмасуына жаңа мүмкіндік беріп отыр.Облыста жастардың білімін жетілдіру – маңызды бағыттарының бірі. Соңғы төрт жылда жергілікті бюджет есебінен 239 грант бөлінді. Биыл тағы 35 грант қарастырылған. Сонымен қатар ҚХР ұсынған білім гранттары арқылы 2024 жылдан бері 65 түлек Қытайда оқып жатыр.Конференцияда баланың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Талғар ауданы прокуратурасының аға прокуроры Диас Сұлтанның мәлімдеуінше, Талғар ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» азаматтық тәлімгерлік пилоттық жобасы іске асырылған.«Жобаға 10 мектеп пен 3 колледж қатысып, прокуратура, полиция және адвокатура органдарының 13 ардагері тәлімгер ретінде тартылды. Олар 7-10 сынып оқушылары мен колледж студенттерімен құқықтық тақырыптарда пікірталас, тренинг және профилактикалық кездесулер өткізді. Нәтижесінде оқушылардың құқықтық білімді меңгеру деңгейі 90 пайыздан асты», – деді аға прокурор.Биыл бұл бастамаға тағы 35 ұйым қосылмақ. Жоба сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың және басқа да келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Осыған байланысты Марат Елеусізұлы білім, полиция және денсаулық сақтау салалары бірігіп әрекет ету керегін айтып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.Цифрландыру тақырыбы да күн тәртібінен тыс қалған жоқ. Білім саласындағы қаржының ашық әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында «Есеп» бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу көзделіп отыр.Жиын барысында Айқожа Әбсадықов еліміздегі білім саласында енгізілген өзгерістер жайлы баяндады. Айтуынша, балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, оқу бағдарламалары кешенді түрде қайта қаралған. Биылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады. 5-9 сыныптарда іргелі ғылымдарды тереңдетіп оқытуға басымдық беріліп, 8-9 сыныптарға «Қазақстан географиясы» пәнін аптасына 2 сағат көлемінде енгізу қарастырылуда.Жиын соңында өткен оқу жылының қорытындылары мен жаңа оқу жылына арналған міндеттер сараланып, конференцияның қарары қабылданды. Сондай-ақ білім беру саласында еселі еңбек етіп, өз ісіне адалдығымен дараланған ұстаздар «Еңбек ардагері», «Ы.Алтынсарин», «Білім беру саласының үздігі» төсбелгілерімен және Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1274578?lang=ru
Қамыстыда 5 отбасы баспаналы болды 14.08.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қамысты ауданына барған жұмыс сапарында 5 отбасыға таза әрленген, әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырды.Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік қорғауға, әсіресе аға буын өкілдеріне лайықты жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі.«Ауданда соңғы үш жылда 120 отбасы баспаналы болды. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларға арналып тағы 36 пәтер салынуда», – деді аймақ басшысы салтанатты шарада.Айта кету керек, аудандағы бизнес субъектілері тұрғын үй құрылысын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. 2023 жылдан бастап жеке инвестициялар есебінен жалпы құны 840 млн теңге болатын 34 тұрғын үй салынды.Жалпы, соңғы 3,5 жылда облысымызда шамамен 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 18 мыңнан астам отбасы өз жағдайын жақсартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1274567?lang=ru
Қазақстан мен Аустрияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті 14.08.2026
Астана, 2026 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Аустрия Республикасының Еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингермен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) жұмысына байланысты ахуал, халықаралық теңіз қатынасының қауіпсіздігі және қазақстандық мұнайды Еуропа нарықтарына тұрақты жеткізу мәселелерін талқылады.Аталған мұнай тасымалдау бағытының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңыздылығы аталып өтті. Қазақстан Аустрияның шикі мұнай импортының шамамен 56 пайызын қамтамасыз етеді, оның едәуір бөлігі КҚК арқылы жеткізіледі.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. ҚР Сыртқы істер министрі Аустрияны 2027-2028 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтап, Ұйым аясындағы одан әрі сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін білдірді.Тараптар тұрақты байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, қол жеткізілген уағдаластықтар, оның ішінде Федералдық министр Беате Майнль-Райзингердің Қазақстанға бұған дейінгі сапарының қорытындылары бойынша уағдаластықтар аясында іс-жүзіндегі өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1274502?lang=ru
Қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды 14.08.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады.Кездесуде өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтау және діни ахуалды одан әрі жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.«Сыр өңірі – тарихы терең, қазақы болмысы сақталған қасиетті өлке. Бүгінде елімізге адал қызмет етіп жүрген дін қызметкерлерінің нәтижелі жұмысының арқасында аймақтағы діни ахуал тұрақты.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өңірде небәрі 14 мешіт болса, бүгінде олардың саны 195-ке жетіп, тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Бұдан бөлек, облыста 6 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Олардың үшеуі бір мезетте 1000-ға жуық адамды қабылдай алады.Кәсіпкерлердің демеушілігімен бой көтеріп, бүгін ресми түрде ашылған Тасбөгет кентіндегі мешіт те осы қатарда. Сонымен бірге Арал мен Байқоңыр қалаларында салынып жатқан екі ғибадат үйі де жуық арада ел игілігіне берілмек.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесіне ерекше мән беріп келеді. Бүгінде өкілдік қызметкерлерінің басым бөлігі – жас әрі жоғары білімді мамандар. Бұл – аймақ жастарының сапалы әрі дұрыс діни ақпарат алуға деген сұранысының артып келе жатқанын көрсетеді.Бүгінде әкімдік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қала, аудан және шалғай елді мекендердегі тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Жат ағымдардың алдын алу және олармен күресуде тиісті шаралар ұйымдастырады. Бұл жұмыстарды одан әрі жандандыруда Сіздердің қолдауларыңыздың маңызы зор.Екі тараптың бірлескен оң бастамалары қоғамдық тұрақтылықты нығайтып, егемен еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтауға берік негіз болады деп сенемін», – деді аймақ басшысы.Өз кезегінде Бас мүфти діни тұрақтылықты сақтаудағы жұмыстарға оң бағасын беріп, бірлескен бастамалар үшін ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1274400?lang=ru
Shaiqas-2026 чемпионаты: «Амандық» полигонында цифрлық майданның бәсекесі басталды 14.08.2026
Ақмола облысындағы «Амандық» полигонында ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған алғашқы ұлттық әскери-инженерлік Shaiqas-2026 чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Инженерлер мен бағдарлама жасақтаушылар арасындағы сайысқа күштік құрылымдардың, азаматтық жоғары оқу орындарының, инженерлік мектептердің, технопарктер мен отандық кәсіпорындардың атынан 18 команда қатысып жатыр. Қарулы күштер сапынан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Қорғаныс министрлігінің үш әскери институтының командалары сайысқа түсуде.Чемпионат финалистерін Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев құттықтады.– Shaiqas чемпионатының басты мақсаты – отандық инженерлер мен робототехника және ұшқышсыз басқарылатын жүйелер саласындағы мамандарды бір алаңға біріктіріп, олардың әзірлемелерін Қарулы күштерде іс жүзінде қолдану. Чемпионат перспективалы мамандарды анықтауға, олардың жобаларын қолдауға және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді, – деді ол.Сайыс «Әуе жүйелері», «Жерүсті жүйелері», «Киберқауіпсіздік» және «Тактика» атты төрт бағыт бойынша өтуде. Мәселен, «Қайсар» командасының құрамына Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары бірікті. Чемпионатта болашақ офицерлер барлау жүргізуге, мина макеттерін орнатуға және шартты түрде жараланғандарды эвакуациялауға арналған робототехникалық кешенді, сондай-ақ өздері жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар желісін таныстыруда.– Барлық әзірлемелер институтымыздың базасында жасалды. Техниканы барынша практикалық әрі әмбебап етуге тырыстық. Робототехникалық кешен бірден бірнеше міндетті орындай алады, ал ұшқышсыз басқарылатын жүйелер барлау және басқа да қолданбалы мақсаттарға арналған, – деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Мейірбек Оралұлы.Осы сәттерде «Амандық» полигонында қызу жұмыс жүріп жатыр. Қатысушылар отандық робототехникалық және ұшқышсыз ұшатын жүйелердің мүмкіндіктерін көрсетіп, оларды түрлі сценарийлерде қолдануды пысықтап, цифрлық шайқастың көшбасшысы атану үшін бар күш-жігерін салуда. Инженерлік шешімдер тек дәлдігі мен технологиясы тұрғысынан ғана емес, шынайы жағдайда жұмыс істеу қабілетіне қарай да сыналуда.Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Батыл Тойтарыс-2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына тартылып, ұшқышсыз басқарылатын жүйелер операторларымен бірлесіп робототехниканы нақты жағдайға жақын ортада қолдану тәсілдерін пысықтайды.Алғашқы ұлттық әскери-инженерлік Shaiqas-2026 чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 15 тамызда өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1274401?lang=ru
Әзербайжанның елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 14.08.2026
Астана, 2026 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Алимирзамин Алескеровтен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ алдағы екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.Сондай-ақ, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасылды.Кездесуді қорытындылай келе, Әзербайжан Елшісі жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, стратегиялық әріптестік пен одақтастық байланыс рухында мемлекетаралық қарым-қатынастарды тұрақты дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1274398?lang=ru
Қазақстан Сыртқы істер министрі орынбасарының Израиль Елшісімен кездесуі 14.08.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады.Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жайлы пікір алмасып, екіжақты саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың кеңейту жолдарын талқылады.Сонымен бірге, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері қарастырылып, алдағы жоспарланған іс-шаралар кестесі келісілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1274144?lang=ru
Бүгін – Жауынгерлік даярлық маманы күні 14.08.2026
Қарулы күштердің Жауынгерлік даярлық жөніндегі орталық органының тарихы 1992 жылғы 14 тамыздан басталады. Осы күні Қорғаныс министрлігінің құрылымында тиісті бөлімше құрылып, Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – басқарма бастығы лауазымы енгізілді. Жауынгерлік даярлық департаментінің құзыретіне әскери оқыту процесін ұйымдастыру, әскери қызметшілердің қажетті даярлық деңгейіне қол жеткізу және оны жетілдіру кіреді. Бұл жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі – бөлімшелер мен әскери басқару органдарының өз міндеттерін табысты орындауы үшін қажетті үйлесімділігін қамтамасыз ету.Қазіргі жағдайда қарулы күрестің сипаты мен оны жүргізу тәсілдерінің өзгеруін ескере отырып, департамент жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру тәсілдерін жаңартуға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырып келеді.2026 жылы Қарулы күштер жазғы оқу кезеңінен бір жылдық оқу цикліне көшті. Жаңа тәртіп Қарулы күштердің барлық түрлерінде, әскер түрлері мен тектерінде, әскери бөлімдер мен мекемелерде енгізілді.Жеке даярлық барысында алғашқы кезеңде әскери қызметші базалық жалпыәскери даярлықтан, одан кейін әскери-есептік мамандығы бойынша даярлықтан өтеді. Келесі кезең – бөлімшелерді үйлестіру. Ол бөлімше мен взводтан бастап рота мен батальонға дейінгі деңгейлерді қамтиды. Жаңа тәртіпке сәйкес жас жауынгерлер жалпыәскери даярлық курсынан өткеннен кейін жауынгерлік даярлық апталығы басталады. Мұндай тәсіл олардың базалық білім мен дағдыларды меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.Жаңа оқу цикліне көшу аясында жауынгерлік даярлық бағдарламасының мазмұны да қайта қаралды. Жалпыәскери пәндер бойынша жаңа нормативтер мен бірыңғай атыс даярлығы курсы әзірленді, командирлік даярлықтың форматы жаңартылды. Сонымен қатар жауынгерлік даярлық іс-шараларын электрондық форматта жоспарлауға және есепке алуға мүмкіндік беретін «Бес қару» бағдарламалық модулі енгізіліп жатыр.Биыл дене даярлығы басқармасы Жауынгерлік даярлық департаментінің қарамағына берілді. Бұл әскери қызметшілердің дене және жауынгерлік даярлығын бірыңғай оқу процесіне біріктіруге мүмкіндік берді.Жауынгерлік даярлықты дамытудың маңызды бағыттарының бірі – полигон инфрақұрылымы мен жаттығу базасын жетілдіру. Заманауи техникалық құралдар түрлі тактикалық сценарийлерді құруға және әскери қызметшілердің іс-қимылдарын нақты ұрыс жағдайына барынша жақын ортада пысықтауға мүмкіндік береді.Жауынгерлік даярлық жүйесін ұйымдастыру мен дамыту бағытында командирлер мен тиісті органдардың мамандары күнделікті жұмыс атқарады. Олар даярлықты жоспарлап үйлестіреді, сабақтардың мазмұнын жетілдіріп, оқытудың заманауи әдістерін енгізеді және әскери қызметшілердің даярлық деңгейін бақылайды.Әскери қызметшілердің сенімді әрекет етіп, қойылған міндеттерді орындауға әзірлігі көп жағдайда тиісті мамандардың кәсібилігіне, тәжірибесі мен жауапкершілігіне байланысты. Олар жауынгерлік дайындықты қамтамасыз етіп, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлкен үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1274062?lang=ru
Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдеріне маңызды міндеттер жүктеді 14.08.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысы жөнінде жиын өткізді. Онда ауылдық округ әкімдері атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Аймақ басшысы бірқатар салалардағы кемшіліктерге ескерту жасап, нақты тапсырмалар берді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жиында инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, жерді тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді. Кейбір елдімекендерде шешімін таппаған мәселелер бар.Мәселен, Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылдық округінің туристік әлеуеті жоғары болғанына қарамастан, инвестициялық жобалар саны аз. Мұндай жағдай Еңбекшіқазақ ауданында да байқалып отыр. Мәселен, Есік қаласында жыл басынан бері 4 млрд 355 млн теңге инвестиция тартылған, дегенмен іске асырылып жатқан жобалар саны көңілге қонымсыз.Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып отырған елдімекендер де бар. Мысалы, Тескенсу ауылдық округінің инвестиция көлемі 11,2 млрд теңгеге жетті. Олардың қатарында жеміс-жидек пен көкөніс өңдеу зауыты, балық өсіру және әмбебап базар құрылысы жобалары бар.Рахат ауылдық округінде 2 млрд теңгеге нан өнімдерін шығаратын зауыт салынып, 300-ге жуық жұмыс орны құрылды. Азат ауылында жалпы құны 1,7 млрд теңге болатын чипсы өндіретін цех іске қосылып, 150 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар мұнда көкөніс сақтайтын қойма, картоп өндіретін зауыт пен маринадталған қияр дайындайтын кәсіпорын салу көзделген.Бәйдібек би ауылдық округінде кірпіш өндіретін зауыт ашылған. Инвестиция көлемі – шамамен 300-350 млн теңге. Алдағы уақытта құны 147 млн теңге болатын балық шаруашылығын іске қосу жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы саласында да оң көрсеткіштер бар. Мәселен, Бәйтерек ауылдық округінде былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара мал саны 160%-ға, ұсақ мал 196%-ға, ал жылқы саны 143%-ға артты.Бірқатар елдімекендерде су үнемдеу технологиясы орнатылып, ауыл шаруашылығын дамытуға оң ықпал етіп отыр. Мәселен, Қырбалтабай ауылдық округінде аталған технология 1200 гектар жерге енгізілген. Түрген елдімекендерінде 1210 гектар бақ пен жеміс-жидек алқабының 751 гектарында тамшылатып суару жүйесі қолданылады.Аталған шараларға қарамастан, су үнемдеу жүйелерін орнату бағытындағы көрсеткіштер төмен. Себебі кейбір ауылдарда бұл бағыттағы жұмыстар мүлде атқарылмаған немесе нәтижесі нашар. Олардың қатарында Сөгеті, Бәйдібек би, Рахат және өзге де ауылдық округтер бар. Аймақ басшысы мемлекеттен бөлінетін 80 пайыз субсидияны тиімді пайдаланып, түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды.Пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша Сөгеті ауылдық округі көш бастап тұр. Мұнда 2700 гектарға жуық жер кері қайтарылған. Ал өзге елдімекендердің жұмысына қарқын қажет.Әлеуметтік инфрақұрылым бағытында да маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Тескенсу ауылында 125 орынды «Көркем – 2022» балабақшасының және 50 орынды дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталған. Одан бөлек мұнда 50 орынды спорт кешенінің құрылысы басталды.Ащысай және Сатай ауылдарында «Келешек мектептері» бағдарламасы аясындағы мектептердің құрылысы аяқталған.Бәйдібек би ауылдық округінде 50 шақырым су жүйесі жаңартылып, елдімекендер 100 пайыз ауызсумен қамтылды. Балтабайдағы Ақбастау ауылында электр желілері мен бағандар толық жаңартылған. Округтегі 55 көшенің 90 пайызына асфальт төселіп, қалған 10 пайызына тапсырыс берілген.Облыс әкімі «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарға ерекше назар аударды.«Елді мекендерді таза ұстау тек сенбілік өткізумен шектелмейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұрғындар өз үйінің іргелес 5 метр аумағын күтіп ұстауға міндетті. Талаптарды бұзғандар тиісті жауапкершілікке тартылуы қажет. Жерді мемлекет меншігіне қайтару және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды прокуратурамен бірлесіп жүргізу керек», – деді Марат Елеусізұлы.Жиында Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысы кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда ауылдық округтерде сайлау учаскелері заң талаптарына сәйкес дайындалып, ақпараттық-түсіндіру шаралары атқарылуда. Аймақ басшысы бұл жұмысты бәсеңдетпей, тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1274043?lang=ru
Қазақстанда Shaiqas-2026 әскери-инженерлік чемпионатының финалдық сайыстары басталды 14.08.2026
Ақмола облысының «Амандық» полигонында алғашқы ұлттық әскери-инженерлік Shaiqas-2026 чемпионатының шешуші кезеңі басталды. Жарыстың тікелей көрсетілімін https://youtube.com/live/iCARq5w4sUU сілтемесі арқылы көре аласыздар.Еліміздің әр өңірінен келген 18 команда чемпионаттың жеңімпазы атану үшін сайысқа түседі. Қарулы күштер атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының, Құрлық әскерлері әскери институтының, сондай-ақ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрама командалары қатысады.«Әуе жүйелері» номинациясында қатысушылар FPV-дрондарды құрастыру және басқару, барлау жүргізу, сондай-ақ шартты жүкті жеткізу дағдыларын көрсетеді. «Жерүсті жүйелері» бағыты бойынша командалар робототехникалық кешендерді басқара отырып, эвакуациялау, жабдықтарды жеткізу және инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындайды. Цифрлық қорғаныс саласының мамандары «Киберқауіпсіздік» бағытында модельденген кибершабуылдарды анықтау және оларға тойтарыс беру бойынша өз күштерін сынап көреді. Ал «Тактика» сайысында командалар уақытқа кешенді тапсырмаларды орындайды. Атап айтқанда, атыс дайындығы, тактикалық медицина элементтері және командалық үйлесімді іс-әрекетке арналған жаттығулар бар.Чемпионатты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Defence Tech Center инновациялық хабы, WSE, Barys Dynamics, Ақмола облысының әкімдігі, USTEM Foundation, Ashyq Aspan Foundation, Cyberlabs қоғамдық қорлары, Astana Hub, Tensor Engineering және Barys Dynamics School ұйымдары ұйымдастырып, қолдау көрсеткенін айта кетелік. Чемпионаттың жүлде қоры – 20 млн теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1274027?lang=ru
Қазақстанда ОДМ мәселелері бойынша азаматтық қоғаммен жүйелі диалог қалыптасуда 13.08.2026
12 тамызда Астана қаласында Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі Үйлестіру кеңесі аясында мемлекет, азаматтық қоғам және даму жөніндегі әріптестердің қатысуымен өзара іс-қимылды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шара азаматтық қоғам ұйымдарының ОДМ-дыіске асырудағы, мониторингі мен локализациялаурөліне арналды. Оған мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Кездесуде мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, «ЭЗИ» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Бәткеев және «Атамекен» ҰКП жанындағы Орнықты даму жөніндегі кеңестің төрайымы Юлия Якупбаева сәлемдесу сөз сөйледі.Арман Қасенов ОДМ-ды ілгерілетудегі азаматтық қоғамның ерекше рөлін атап өтті.«Азаматтық қоғам институттарына ерекше рөл тиесілі. Олар мемлекеттің маңызды серіктестері ретінде орнықты даму мәселелерін ілгерілетуге белсенді қатысады және азаматтардың мүдделерін білдіреді», – деді вице-министр.Ол сондай-ақ БҰҰ Волонтерлер бағдарламасының деректеріне сәйкес, 2025 жылы Орнықты даму жөніндегі Ерікті ұлттық шолуларын ұсынған 37 елдіңарасында тек 14-і ғана, оның ішінде Қазақстанның волонтерлік қызметті мемлекеттік саясат пен даму стратегияларында ескергенін хабарлады.Бірінші сессия барысында Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова Қазақстанның ұлттық архитектурасы мен ОДМ-ге қол жеткізудегі прогресін таныстырды.«Министрлік азаматтық қоғаммен, халықаралық ұйымдармен және тәуелсіз сарапшылармен ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтып келеді. Барлық мүдделі тараптардың өкілдері ұлттық басымдықтарды талқылауға, ОДМ мониторингіне және Орнықты даму жөніндегі Ерікті ұлттық шолуларды дайындауға тартылады», – деп атап өтті ол.Дөңгелек үстел аясында қатысушылар мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы одан әрі өзара іс-қимылдың практикалық тетіктерін, оның ішінде ҮЕҰ-лардың саясат қалыптастыруға, ОДМ-ге қол жеткізу мониторингіне және кері байланыс жинауға неғұрлым жүйелі түрде қатысу мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, олар ОДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесі аясындағы одан әрі құрылымдалған диалогтың негізіне айналады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1273999?lang=ru
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Иордания Елшісін қабылдады 13.08.2026
Астана, 2026 жылғы 12 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Әл-Омаримен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-иордан ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен оны одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Саяси диалогтың тұрақты қарқынын сақтауға, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірілді.Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалға ерекше назар аударды.Сонымен қатар қазақ-иордан қатынастарының дамуына қосымша серпін беруге бағытталған түрлі деңгейлердегі алдағы екіжақты байланыстар мен іс-шаралардың кестесі қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1273989?lang=ru