Enbekshi QazaQ

Қуқық

Дұрыс тамақтану үшін төлеген ақша дауға айналды: ШҚО-дағы 21 тұрғын 3,6 млн теңгесін қайтарып алады 19.08.2026
Шығыс Қазақстан тұрғындары денсаулығына көңіл бөліп, уақыт үнемдеп, тамақ дайындауды кәсіби мамандарға сеніп тапсырмақ болған. Олар жеке кәсіпкермен дұрыс тамақтану рационын жеткізу туралы келісімшарттар жасап, адал клиенттер ретінде қызмет ақысын толықтай алдын ала төлеген. Алайда кәсіпкер тамақты жеткізуді себепсіз тоқтатқан.Уәде етілген рациондар жеткізілмесе де, тұтынушылардың төлеп қойған ақшасын кәсіпкер қайтаруға асықпаған. Біреуге бұл сома аса үлкен болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ жапа шеккен адамдардың саны көбейгенде, мәселе жекелеген тұрмыстық дау емес, тұтынушылардың құқықтарын жаппай бұзуға фактісіне ұласады.Өңір тұрғындары көмек сұрап, жаппай ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Нәтижесінде бұл оқиғаға бір ғана наразы клиент емес, дәл осындай жағдайға тап болған бірден 21 тұтынушы қатысты.Департамент тұтынушылардың мүддесін қорғауға кірісті. Алдымен мәселені сотқа жеткізбей шешуге әрекет жасалған. Тұтынушылар кәсіпкердің өзіне тікелей жүгініп, Департамент кәсіпкерлік субъектісіне сотқа дейінгі талап та жолдады. Алайда бұл өтініштер де, ақшаны қайтару туралы талаптар да нәтиже бермеді. Осыдан кейін іс сотқа жетті.Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңы азаматтардың қызметтердің тиісті сапасын талап етуге құқылы екенін тікелей қарастырады. Ал қызмет тиісті деңгейде көрсетілмеген немесе орындаушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушы шартты бұзып, төлеген ақшасын қайтаруды талап ете алады. Сонымен қатар заңнама уәкілетті органға бірдей құқық бұзушылық оннан астам адамның құқықтарына қатысты болған жағдайда, тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда олардың саны 21 адам болды.Департамент зардап шеккен клиенттердің құқықтарын қорғауды және көрсетілмеген қызметтер үшін ақшаларын қайтаруды талап етіп, Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына ұжымдық талап-арыз берді. 2026 жылдың 16 шілдесінде сот Департаменттің талап-арызын қанағаттандырып, бұл іске нүкте қойды.Енді кәсіпкер 21 тұтынушыға көрсетілмеген қызметтердің ақшасын ғана емес, талаптарды орындау мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын да төлеуге міндетті. Негізгі материалдық залал 3 055 138 теңгені құрады, тағы 611 028 теңге тұрақсыздық айыбы ретінде өндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1276780?lang=ru
Қарағанды облысында азық-түлік бағасын қалыптастырудағы заң бұзушылықтар анықталды 19.08.2026
Қарағанды қаласындағы дүкендердің бірі күріштің келісін 205 теңгеден сатып алып, оны тұтынушыларға 556 теңгеден сатқан. Яғни тауарға 160%-дық сауда үстемесі қосылған. ҚР СИМ Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мемлекеттік бақылауы барысында бұл жағдай анықталып, кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде күріштің бағасы 235 теңгеге дейін төмендетілді.Бұл – Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына жүргізілген бақылау кезінде анықталған жағдайлардың бірі ғана.Мәселен, қатты ірімшіктің сатып алу бағасы 3 353 теңге болғанымен, сауда желілеріне ол 5 517 теңгеден жеткізілген. Осылайша сауда үстемесі 64%-ды құраған. Тексеру нәтижесінде тауардың бағасы 3 855 теңгеге дейін төмендетіліп, айырмашылық 1 662 теңгені құрады.Қара шай бойынша да айтарлықтай айырмашылық анықталды. Сатып алу бағасы 472 теңге болған өнім 1 079 теңгеден сатылған. Сауда үстемесі 130%-ға жеткен. Әкімшілік жауапкершілік қолданылғаннан кейін оның бағасы 496 теңгеге дейін төмендетіліп, 583 теңгеге арзандады.Тауық фаршының бағасы да сәйкестендірілді. Әу баста кәсіпкер 1 655 теңгеге сатып алып, 45 пайызға дейін сауда үстемесін заңсыз арттырып, 2 400 теңгеден сатқан. Бақылау шараларынан кейін тауардың бағасы 1 903 теңгеге дейін төмендетілді.Жыл басынан бері Қарағанды облысында сауда саласындағы заңнаманың сақталуына қатысты 170 кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізіліп, оның 155-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Жауапкершілікке тартылғандардың қатарында сауда базарларында қызметін жүзеге асыратын 44 көтерме жеткізуші және 11 көтерме-бөлшек сауда дүкені бар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,6%-ға көп. 2025 жылы осы кезеңде 111 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал биыл салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.Бақылау шаралары барысында мәселе тек азық-түлікке белгіленетін сауда үстемесімен шектелген жоқ. Көтерме-бөлшек сауда базарларында сауда саласына қатысты 11 және салық заңнамасына қатысты 11 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан 2 жедел әрекет ету шарасы қабылданды.Тексеру кезінде бақылау-касса машиналарын қолдану, тауарларда баға белгілерінің болуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін сақтау, сондай-ақ тамақ өнімдерін таңбалау және өткізу талаптары қаралды. Анықталған бұзушылықтар жойылып, заңнама талаптарына сәйкестік қамтамасыз етілді.Жүргізілген бақылау нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша баға төмендетілді. Бұл ретте департаменттің жұмысы тек анықталған бұзушылықтарды жоюмен шектелмейді.Қарағанды облысында баға мониторингі, негізсіз делдалдық буындарды анықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыт Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1276768?lang=ru
Алматыда әскери қызметшілер 100-ге келген соғыс ардагерін құттықтады 19.08.2026
Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Леонид Никитович Подколзинді 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.Қорғаныс министрінің атынан ардагерге зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілеген құттықтау хаты табысталды.Мерейтой иесіне ерекше сый – музыкалық құттықтау болды. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Алматы филиалының әскери оркестрі ардагер үйінің алдында соғыс жылдарындағы әндерді орындады.Леонид Подколзин Новосібір облысының Тула ауылында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында Беларусь майданында артиллериялық бөлімше құрамында шайқасқан. Ерлігі мен батылдығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Георгий Жуков медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.Жеңістен кейін ардагер Кенигсбергте әскери қызметін жалғастырып, жас сарбаздарды даярлаумен айналысты. 1952 жылы Алматыға қоныс аударды. Мұнда ұзақ жылдар бойы теміржол саласында еңбек етіп, машинист көмекшісі, жүргізуші және депо шеберханасының басшысы қызметтерін атқарды.Бүгінде ардагердің жанында балалары, немерелері мен шөберелері бар. Леонид Никитович соғыс туралы естеліктері мен өмір, Отан және адамзаттық құндылықтар жайлы толғаныстарын өлеңдері мен прозалық шығармаларында сақтап келеді.Ардагердің 100 жылдық мерейтойы – ел тарихымен тығыз байланысты ғұмыр иесіне және Ұлы Жеңіске үлес қосқан аға буынға деген құрмет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1276722?lang=ru
Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді 19.08.2026
Алматы облысында соңғы үш жылда 50-ге жуық ауылдың көшелеріне алғаш рет асфальт төселді. Жаңарған көшелердің жалпы ұзындығы 66,5 шақырымды құрайды. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 1,64 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жаңа жолдар Еңбекшіқазақ ауданындағы Саймасай, Ақтоған, Амангелді, Алмалы, Қорам және Сатай ауылдарында, Ұйғыр ауданындағы Шонжы, Рахат, Ақтам ауылдарында, Талғар ауданындағы Береке, Тұздыбастау, Төңкеріс, Қызылту, Жаңалық және Түзусай ауылдарында, Жамбыл ауданындағы Қарғалы, Үлкен, Шиен, Беріктас, Шолаққарғалы, Үңгіртас және Ынтымақ ауылдарында, Іле ауданындағы Байкент, Жәпек батыр, Казцик, Ақсай, Әли ауылдарында, сондай-ақ Балқаш, Кеген, Райымбек және Қарасай аудандарындағы ауылдардың бірқатар көшесіне төселді. Бұл елді мекендердің кейбірінде тұрғындар асфальт жолды 30 жылдан астам уақыт күткен. Жолдың жаңаруы аталған елді мекендердегі 50 мыңнан астам тұрғынның күнделікті қатынасын жақсартты.«Биыл ауылымызға алғаш рет асфальт төселіп, көптен күткен мәселеміз шешілді. Жаңбыр жауса, жолдың жағдайы қиындап, көлікпен жүру де, жаяу жүріп-тұру да оңай болмайтын. Енді міне, көптен күткен жолымызға асфальт төселді. Бұл – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Осы мәселені шешуге атсалысқан азаматтарға алғысымызды айтамыз», – деді Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының тұрғыны Бейбіт Есімбеков.Жол мәселесі әсіресе халқы көп елді мекендер үшін маңызды. Мәселен, Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында 20 мыңнан астам тұрғын бар. Биыл мұнда бұрын асфальт болмаған тағы алты көшеге алғаш рет жол төселеді. Жалпы, облыстағы елді мекендердің басым бөлігінде көшелер асфальтталған. Дегенмен, кейбір ауылдарда қиыршық тас пен шағал төселген жолдар әлі де жеткілікті. Оларды да асфальттау жұмыстары жалғасады.«2026-2027 жылдары облыста тағы 100 шақырымнан астам көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Жоспарға Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле, Жамбыл, Қарасай, Кеген, Райымбек, Балқаш және басқа да аудандардағы елді мекендердің көшелері енгізілген. Яғни алдағы кезеңде де бұған дейін асфальт төселмеген көшелерге жол салу жалғасын табады. Бұл жұмыстарға қарастырылған қаржы көлемі 4,67 млрд теңгеге жуық», – деді Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамбетов.Жолдардың жаңаруы ауыл тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетті. Бұған дейін көлік жүруі қиындаған көшелерде қатынас жақсарып, мектептерге, медициналық мекемелерге және аудан орталықтарына жету уақыты орта есеппен 10 - 20 минутқа қысқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1276644?lang=ru
Қостанай кейсі: Сауда департаменті әлеуметтік маңызы бар 20 тауардың бағасын төмендетті 19.08.2026
Қостанай облысында сөре мен кассадағы бағаның сәйкес келмеу фактісі анықталды. «А-Маркет» супермаркетінде шоколад плиткасы сөреде 445 теңге деп көрсетілген. Алайда кассада тауардың бағасы 460 теңге болған.Тексеру нәтижесінде сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс қысқартылған тәртіппен қаралып, 140 562,5 теңге көлемінде айыппұл салынды.Бұл – сауда орындарында бағаның дұрыс көрсетілуі қаншалықты маңызды екенін көрсететін мысал. ҚР СИМ Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жыл басынан бері 141 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартқан.Олардың 135-і «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағын, яғни сауда үстемесінің белгіленген мөлшерден асып кетуіне жол берген. Тағы 6 кәсіпкер сөрелерде баға белгілерінің болмауына байланысты жауапкершілікке тартылды.Мемлекеттік бақылау жұмысының нәтижесінде Департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендетті: картоп 235 тг/кг-нан 170 тг/кг-ға дейін немесе 38,2%, пияз 330 тг/кг-нан 200 тг/кг-ға дейін немесе 65%, қырыққабат 230 тг/кг-нан 195 тг/кг-ға дейін немесе 17,9%, сәбіз 420 тг-дан 360 тг/кг дейін немесе 16,7%, "Рава" қияры 1900 тг/кг-нан 1380 тг/кг-ға дейін немесе 37,7%, "Миринда" қияры 650 тг/кг-нан 550 тг / кг-ға дейін немесе 18,2%, қызанақ 1560 тг/кг-нан 1260 тг/кг-ға дейін немесе 23,8%, алма 850 тг/кг-нан 840 тг/кг-ға дейін немесе 1,2% - ға дейін, ұн бірінші сорт 165 тг/кг-нан 144 тг/кг-ға дейін немесе 14,6% - ға дейін, жұмыртқа с-1 65 тг/данадан 60 тг/данаға дейін немесе 8,3% - ға дейін, қант 530 тг/кг-нан 490 тг/кг-ға дейін немесе 8,2%, қарақұмық 370 тг/кг-нан 310 тг/кг-ға дейін немесе 19,4%, күріш 470 тг/кг-нан 460 тг/кг-ға дейін немесе 2,2%, рожки 450 тг/кг-нан 370 тг/кг-ға дейін немесе 21,6%, күнбағыс майы 799 тг/дана 776 тг/дана дейін немесе 3%, шай 1350 тг/дана 1265 тг/дана дейін немесе 6,7%, ірімшік 4655 тг/кг бастап 4490 тг/кг дейін немесе 3,7%, айран 1 кг 2,5% май 470 тг/дана дейін 380 немесе 23,7%, тауық еті 1241 тг/кг-нан 921 тг/кг-ға дейін немесе 34,7%.Департамент әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына сауда үстемесінің заңнамада белгіленген мөлшерден асып кетуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1276507?lang=ru
Әскери-инженерлік институт кіші мамандарды даярлап шығарды 19.08.2026
Радиоэлектроника және байланыс әскери - инженерлік институтының оқу орталығында әскери мамандықтар бойынша үш айлық даярлық курсынан өткен мерзімді әскери қызметшілердің оқу бітіру рәсімі өтті.Күзгі шақырылымнан 75-тен астам әскери қызметші әскери мамандықтарды меңгергені туралы куәлік алды. Алдағы уақытта олар Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдерінде қызметін жалғастырады.Оқу-жаттығу курсын сәтті аяқтаған әскери қызметшілерді РЭБӘИИ бастығының орынбасары полковник Жолшыбек Нұрлыбеков құттықтап, алдағы әскери қызметтеріне табыс және Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқаруды тіледі.Үш ай бойы әскери қызметшілер жауынгерлік, арнайы және техникалық пәндер бойынша теориялық және практикалық даярлықтан қарқынды өтті. Курс аяқталған соң олар сынақ тапсырып, таңдаған әскери мамандықтарын меңгеру деңгейін растады. Оқу барысында үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге әскери институт басшылығының атынан алғысхаттар табысталды.Даярлықтан радиотехникалық әскерлер мен арнайы байланыс мамандары, радиолокациялық станциялар мен зениттік-зымырандық кешендердің операторлары, сондай-ақ дизельші-электриктер өтті. Биылдан бастап оқу бағдарламасына ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару курсы да енгізілді.– Үш ай ішінде көптеген жаңа білім алып, практикалық дағдыларды меңгердік. Мен С-300 зениттік-зымырандық кешеніне қатысты мамандықты игердім. Алған біліміміз алдағы уақытта қызметімізді жалғастырып, еліміздің әуе шебін қорғау міндеттерін орындайтын әскери бөлімдерде қажетімізге жарайтынына сенімдімін, – деді мерзімді әскери қызметші Едіге Есімханов.Биылғы түлектерді есепке алғанда РЭБӘИИ оқу орталығы мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан 300-ге жуық кіші маман даярлап шығарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1276476?lang=ru
Сыртқы істер министрінің орынбасары Корея Елшісін қабылдады 19.08.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Кихонды қабылдады.Кездесу барысында қазақ-корей ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың және тұрақты саяси диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.Тараптар ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейлерде жоспарланған өзара сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беруге бағытталған «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы Саммитін өткізуге дайындыққа ерекше назар аударды.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар сындарлы диалогты және Қазақстан мен Корея арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1276463?lang=ru
Жобалық кеңсе: шаруалар үшін ПҚӨС бойынша жеңілдіктер және есептен шығарылған қарыздарды ЖТС-дан босату 19.08.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық Кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 25-ші отырысында жер асты суларын пайдалану кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жүктемені азайту мәселесі, жеке тұлғалардың несиесін есептен шығару кезіндегі салық салу қағидаты және борыштық бағалы қағаз бойынша дисконтты есепке алу тәртібі қаралды.Су ресурстары және ирригация министрлігі 2027-2040 жылдарға арналған жер асты суларын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасы шеңберінде жер асты көздерін шаруашылық айналымға тарту үшін салық тетіктерін оңтайландыруды ұсынды. Қазір еліміздің жер асты суларының әлеуеті 3,5%-дан аз, ал суару саласында 2%-дан аз пайдаланылады.Бұл ретте, СРИМ ақпараты бойынша, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың (ПҚӨС) қолданыстағы ставкалары  және жазылу бонусы аграрлық шығындар құрылымында маңызды құрамдас болып қала береді. Осы міндеттерді шешу және су пайдаланушыларды заңды алаңға ауыстыру үшін министрлік 1 текше метр үшін 0,0006 АЕК (2,6 теңге) мөлшерінде жерасты суларын өндіруге арналған жеке төмендетілген ПҚӨС мөлшерлемесін белгілеуді және жер асты суларын тек суару үшін пайдаланатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жазылу бонусын төлеуден босатуды ұсынады.СРИМ бағалауы бойынша жер асты суларының бекітілген қорларының кемінде 10%-ын тарту айналымға шамамен 116,7 мың га суармалы жерді енгізуге, агроиндустриялық кластерлерге инвестиция тартуға және жоғары қайта өңдеу өндірісінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.Вице-премьер Серік Жұманғарин жер асты су көздерін пайдалануды ынталандыруды қолдап, кешенді және теңдестірілген тәсіл қажет екенін атап өтті.«Біз жер асты суларын пайдалануды ынталандыру тәсілін қолдаймыз. Ол әсіресе жер үсті су көздері тапшы өңірлерде қажет. Дегенмен, түпкілікті шешімдер судың құнына ғана емес, сонымен қатар өнімділікті, инвестиция көлемін және жұмыс орындарын құруды қосқанда, барлық экономикалық әсерге негізделуі керек. Су шектеулі ресурс, сондықтан оны ұтымды есепке алу өте маңызды. Үкімет суаруды дамыту жөніндегі жол картасын құрып, онда су көздерінің барлық түрі ескерілетін болады. Бұл механизмді алдымен сараптамалық және ғылыми қоғамдастықпен талқылау қажет. Ғалымдар экономикалық өсім экологияға зиян келтірмеуі үшін қорлардың қайта толуы мен өндірудің қауіпсіз деңгейіне нақты баға беруі керек», — деп атап өтті вице-премьер.Талқылау қорытындысы бойынша мәселені пысықтау, оны ғалымдардың есептеуімен және бағалауымен нығайту, содан кейін ғана суаруды дамыту жөніндегі Жол картасына енгізу тапсырылды. Екінші мәселе жеке табыс салығын (ЖТС) банктер кешірген кезде азаматтардың несиелік берешегі сомасына салық салу туралы болды. Қолданыстағы Салық кодексі бойынша есептен шығарылған борыш сомасы қарыз алушының табысы болып саналып, бұл ЖТС төлеу міндетіне алып келеді. Бұл ретте босату 368-бап бойынша кейбір жағдайларда ғана қарастырылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп, алаяқтық қарыздарды қоса алғанда, үмітсіз кредиттерді есептен шығару кезінде азаматтарды ЖТС-тан толық босатуды ұсынды.Серік Жұманғарин банктердің коммерциялық тәуекелдері мен қарыз алушылардың қиын өмірлік жағдайларын саралау қажеттігін атап өтті. Мұндағы әңгіме адамға тәуелсіз себептермен несиеге қызмет көрсету мүмкіндігін объективті түрде жоғалтқан жағдайлар туралы болып отыр.«Алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтар, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған қарыз алушылар қарызын есептен шығарту кезінде ЖТС төлеуден толық босатылуы тиіс. Мұндағы мемлекеттің ұстанымы айқын. Алайда, егер банк өзінің балансын оңтайландыру және провизияларды тарату үшін коммерциялық несиені есептен шығарса, бюджет салық түсімдерін автоматты түрде жоғалтпауы керек. Тәсіл теңдестірілген болуы керек», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Отырысқа қатысушылар банктерді сауықтыру және берешекті өндіріп алу рәсімдерін белсенді қолдануға ынталандыру қажеттігін атап өтті. Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер уәкілетті мемлекеттік органдарға ҚНРДА-мен бірлесіп егжей-тегжейлі есептеу жүргізуді, «өмірлік қиын жағдай» (мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінен айырылу, мүлік пен кірістің болмауы) өлшемдерінің толық тізбесін заңнамалық тұрғыдан бекітуді және келесі отырысқа келісілген ұстанымды ұсынуды тапсырды.Отырыс барысында, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконтқа салық салу тәртібі қаралды. Салық кодексінің жалпы анықтамасы бойынша дисконт сыйақыны білдіреді. Бірақ бағалы қағазды өтеу кезінде ол сату фактісінің жоқтығына қарамастан, шын мәнінде құн өсімі ретінде қарастырылады. Бұл экономикалық жағынан бірдей табыс алу үшін салық салдарының айырмашылығын тудырады. Құқықтық қайшылықты жою үшін Салық кодексінің 378-бабының редакциясын пысықтау және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы құрамында өтеу кезінде дисконтты сақтау ұсынылды. Бұл купон мен дисконттан түсетін табыстарға салық салудың бірыңғай ашық тәсілін, сондай-ақ қазақстандық биржалық алаңдардағы инвесторлар үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар борыштық құралдар бойынша табыстарға салық салудың бірыңғай тәсілінің қажеттілігін қолдап, Салық кодексі жобасының тиісті нормаларын нақтылауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1276279?lang=ru
Мектептердегі орын тапшылығы 3 есеге азайды 18.08.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2026-2027 жаңа оқу жылына дайындық тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы білім мен жас ұрпаққа ерекше көңіл бөліп келеді. Облысымызда соңғы үш жылда 10 мектеп салынды, оның алтауы – «Келешек мектептері». Келешек мектептер әлемдік талаптарға сай толық жабдықталған. Ғылыми жобалар мен зерттеулерде жасанды интеллект пайдаланады.«Мектептердегі орын тапшылығы 7 500-ден 2 500-ге дейін 3 есеге азайды. Қалған 2,5 мың тапшылықты шешу үшін 2 мектеп салынады», – деді аймақ басшысы.2023 жылдан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Сапалы тамақтануды қамтамасыз ету үшін бірде-бір білім беру нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ асхана болмауы тиіс.«Мектепке жол» акциясын сапалы әрі ашық түрде өткізіп, көмекке мұқтаж балаларды толық қамтуды қамтамасыз ету қажет. Бизнес өкілдерін аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамын. Мұның барлығы балалардың жайлы білім алуына, жан-жақты дамуына және жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне жасалып отырған жағдай», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Соңғы екі жылда облыс экономикасының өсу қарқыны орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Бұл тек инвестиция тартудың, жаңа зауыттар мен фабрикаларды іске қосудың нәтижесі ғана емес, білікті мамандардың – білім беру ұйымдары түлектерінің де еңбегінің жемісі.Айта кетейік, қазіргі таңда жаңа өндірістердегі жұмысшылардың 50-70%-ін 35 жасқа дейінгі жастар құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1276174?lang=ru
Биыл Алматы облысында білім беру саласына 458 млрд теңге қаржы бөлінді 18.08.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы баяндады. Айтуынша, үш ауысымды оқытуды жою мақсатында соңғы төрт жылда 75 жаңа мектеп ашылып, 6 қосымша жапсаржай салынған. Соның ішінде мемлекет қолдауының нәтижесінде 24 900 орынды 26 «Келешек мектеп» есігін айқара ашты. Қазіргі таңда жоспарға сәйкес он мектептің күрделі жөндеуі аяқталды, тағы екі нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жаңа оқу жылында 502 мектепте 385 мыңға жуық бала білім алады. Ал бірінші сыныпқа 32 мыңнан астам оқушы қабылданды. Олардың саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан жаңа мектеп салу – басты міндеттердің бірі. Осыған орай өңірде ЕРС+F тетігі арқылы 5 100 оқушыға арналған бес жалпы білім беретін мектептің тізімі бекітілді. Алматы агломерациясы ауылдарында Алматы қаласының бюджеті есебінен бес білім ошағын салу бойынша келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ биыл 200 орынды бір жатақхананың құрылысы тәмамдалса, жыл аяқталғанға дейін 500 орынға шақталған үш жатақхана ашылады.Марат Елеусізұлы өз сөзінде биыл білім беру саласына 458 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтты. Әсіресе оқулық қорының жеткілікті болуына ерекше назар аударылған. Оған бөлінген қаражат – 3,3 млрд теңге. Жаңа оқу жылында жекелеген санаттағы 63 мың оқушыға мектеп формасы және оқу құралдары беріледі. «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 18 мың балаға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ 185 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Шалғай елді мекендердегі оқушыларды тасымалдау үшін үш млрд теңге бөлінген. Мұның игілігін 29 мыңнан астам бала көрейін деп тұр.Бүгінде облыстағы барлық мектеп интернет желісіне қосылған. Олардың 87,9%-ында жаңа модификациялы оқу кабинеттері бар. Биыл 78 мектепте 203 заманауи кабинет ашылады. Сондай-ақ 2020 педагог біліктілігін арттыру курсынан өтеді.Оқушылардың қауіпсіздігі үшін білім беру ұйымдарында жедел басқару орталығына қосылған 27 мың бейнебақылау камерасы орнатылған. 213 мектепке арнайы күзет қызметі ұйымдастырылған.Сөз соңында облыс әкімі жаңа оқу жылына дайындық жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын және тұрақты бақылауда екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1276117?lang=ru
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты жеті жылда екі есеге өсті 18.08.2026
Қазақстанның барлық әлем елдерімен шикізаттық емес тауарлар бойынша тауар айналымы 2026 жылдың  қаңтар–маусым айларының  қорытындысы бойынша $43,9 млрд-қа жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 7,6%-ға немесе $3,1 млрд-қа өсті. Бұл ретте экспорт айтарлықтай жоғары қарқын көрсетті. 2026 жылдың алғашқы алты айында қазақстандық кәсіпорындар сыртқы нарықтарға $15,2 млрд сомасына өңделген тауар жөнелтті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,6%-ға көп.2026 жылдың алғашқы алты айы Қазақстанның шикізаттық емес және өңделген тауарлар сыртқы саудасының өсуі жалғасқан кезекті кезең болды. Импорттың қалыпты өсуі аясында оң динамиканың негізгі көзі экспорт болды. Бір жыл ішінде экспорттық жеткізілімдер $2,3 млрд-қа өсіп, $12,9 млрд-тан $15,2 млрд-қа жетті, ал импорт 3%-ға, $27,9 млрд-тан $28,7 млрд-қа дейін өсті.Осылайша, 2026 жылдың қаңтар–маусымда шикізаттық емес және өңделген тауарлар экспорты импортқа қарағанда алты есеге жуық жылдам өсті. Сонымен қатар сауда балансының теріс сальдосы $14,9 млрд-тан $13,5 млрд-қа дейін қысқарып, $1,4 млрд-қа жақсарды.Әсіресе, соңғы 7 жылдағы динамика айқын көрінеді. 2019 жылдың қаңтар–маусымда шикізаттық емес және өңделген тауарлардың тауар айналымы $23,6 млрд,  ал экспорт $7,72 млрд болды. 2026 жылдың  қаңтар–маусымда бұл көрсеткіштер тиісінше $43,9 млрд және $15,2 млрд-қа жетті. Осылайша, 7 жыл ішінде тауар айналымы 1,9 есеге жуық, ал экспорт іс жүзінде екі есеге өсіп, шамамен 97%-ға артты. Бұл ретте $15,2 млрд көлеміндегі қазіргі экспорт көлемі осы жылдар ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.Жеткізілімдердің өсуі қазақстандық өнімнің бірден бірнеше ірі әрі перспективалы нарықтарға шығуының себібененболды. Ең елеулі өсім Түркия бойынша тіркелді: 2026 жылдың қаңтар–маусымда бұл елге экспорт екі есеге өсіп, $950 млн-нан $1,91 млрд-қа жетті. Осылайша, тек түрік бағыты бойынша Қазақстан қосымша шамамен $960 млн экспорттық түсім алды.Ұлыбритания бойынша одан да айқын динамика байқалды. Мәселен, экспорт 2,7 есеге өсіп, $248,9 млн-нан $671,8 млн-ға жетті. Қытайға жеткізілімдер 12,1%-ға өсіп, $3,67 млрд болды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен $400 млн қосымша экспортты қамтамасыз етті.Өзбекстан, Франция, Ауғанстан және Гонконг нарықтарында да айтарлықтай өсім байқалды. Өзбекстанға экспорт 23,5%-ға өсіп, $1,39 млрд-қа, Францияға 2,4 есеге өсіп, $385,4 млн-ға, Ауғанстанға 2,1 есеге өсіп, $344,9 млн-ға, ал Гонконгқа 2,9 есеге өсіп, $220 млн-ға жетті.Әсіресе маңыздысы, тек Түркия, Ұлыбритания және Қытай өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда шамамен $1,8 млрд қосымша экспортты қамтамасыз етті. Бұл жеткізілімдердің физикалық көлемінің өскенін ғана емес, қазақстандық компаниялардың ірі халықаралық нарықтардағы мүмкіндіктерінің кеңейгенін де көрсетеді.Бүгінде экспорттық себеттің негізін мыс және мыс катодтары  $2,84 млрд, уран  $1,51 млрд, ферроқорытпалар  $1,1 млрд, күміс  $781,3 млн, күнбағыс майы  $533 млн, жануарларға арналған азық өнімдері  $438 млн сияқты тауарлар құрайды.Өсу қарқындарының арақатынасы да маңызды нәтиже болып отыр. Экспорт 17,6%-ға артқан кезде, шикізаттық емес және өңделген тауарлар импорты небәрі 3%-ға өсті. Нәтижесінде экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық біртіндеп қысқарып, сауда балансы бір жыл ішінде $1,4 млрд-қа жақсарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1275987?lang=ru
Қарағанды әуе базасына – 25 жыл 18.08.2026
Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиациялық базасының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерейтойлық шараға әскери бөлімнің жеке құрамымен қатар Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов, әскери бөлімнің бұрынғы командирлері, Қарулы күштердің ардагерлері және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.Жеке құрам алдында сөз сөйлеген Асқар Ізбасов авиабазаның еліміздің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосып отырған елеулі үлесін атап өтті.– 25 жыл ішінде әуе базасы қалыптасу мен даму жолынан өтті. Оның тарихында ұшқыштардың, инженерлік-техникалық құрамның және ұшуды қамтамасыз ету мамандарының бірнеше буынының кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы жатыр. Бүгінде жеке құрам әскери бөлімнің дәстүрін жалғастырып, заманауи авиациялық техниканы меңгеріп, кәсіби шеберлігін жетілдіріп келеді, – деді қолбасшы.Мерекелік бағдарламаның ерекше бөлігі әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне арналған ашық есік күні болды. Балалар әскери ұшақтарды тамашалап, кабиналарына отырып, әуе қырандарының шлемдерін киіп көрді. Көптеген бала үшін бұл әскери авиация әлемімен алғашқы танысу болды.Мерекелік шара әрі қарай Достық үйінде жалғасты. Мұнда әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар табысталып, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған әскери қызметшілерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді. Әуе базасының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагерлер мен бұрынғы командирлерге де алғыс айтылды.Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Ол әскери бөлімнің бастауында тұрған ардагерлерден бастап, бүгінде оның тарихын жалғастырып келе жатқан әскери қызметшілерге дейінгі бірнеше буын авиация мамандарын бір ортаға тоғыстырды.Әуе базасының тарихы 2001 жылғы 16 тамыздан басталады. Сол күні алғашқы ұшақтар «Жаңа Семей» әуе айлағынан Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуе айлағына ұшып келді. Ал сол жылдың 18 қыркүйегінде жеке құрам еліміздің әуе шебін күзету бойынша тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаруға кірісті. 2002 жылы әуе базасына жерлесіміз, аты аңызға айналған ұшқыш Нұркен Әбдіровтің есімі берілді.Ширек ғасыр ішінде Қарағанды авиациялық базасы Қазақстанның әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің маңызды буынына айналды. Әскери бөлім өзінің басты дәстүрлерін – кәсібилік, әскери борышқа адалдық және ұрпақтар сабақтастығын берік сақтап келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1275714?lang=ru
Отандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында органикалық тыңайтқыштар өндірісіне жаңа ұлттық стандарт енгізіледі 18.08.2026
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ресми бекітілген «Органикалық тыңайтқыштар. Өнеркәсіптік өндіріске қойылатын жалпы техникалық талаптар» ҚР СТ стандарты қолданысқа енгізіледі. Құжат өндірушілер үшін бірыңғай ережелерді қалыптастырып, отандық өнімдердің жалпы сапасын арттыруға және елдегі органикалық егіншілік экожүйесін дамытуға негізгі бағыт-бағдар береді.Жаңа стандарт аясында мал шаруашылығы қалдықтарын, атап айтқанда мал қиын, құс саңғырығын, компосттарды, биогумусты және өзге де шикізат түрлерін өнеркәсіптік қайта өңдеу процестері жүйелі түрде регламенттелді.Құжатта биогаз қондырғыларынан алынатын дигестатты қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлініп, аэробты және вермикомпосттау, метантенктердегі анаэробты ферменттеу, сондай-ақ кептіру және түйіршіктеу процестері үшін нақты технологиялық нормалар бекітілді. Бұл отандық кәсіпорындарға өндірістік қуаттарды тиімді пайдаланып, халықаралық талаптарға сай жоғары сапалы тыңайтқыштар шығаруға мүмкіндік береді.Өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында стандартта қатаң ветеринариялық-санитариялық көрсеткіштер қарастырылған. Дайын органикалық тыңайтқыштарда патогенді микрофлораның, соның ішінде сальмонеллалардың және гельминт жұмыртқаларының болуына толықтай тыйым салынады.Сонымен қатар, қорғасын, кадмий, сынап және күшәла сияқты ауыр металдардың шекті рұқсат етілген концентрациялары мен өнімнің радиациялық фонына қойылатын талаптар гигиеналық нормативтерге сәйкестендірілді. Белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын өнімнің табиғи және жасанды радиациялық фоны да нормаланады. Құжат өндірістік алаңдарды, биореакторларды, вентиляция жүйелерін жабдықтауға және қоршаған ортаның ластануын болдырмауға қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі түсіндіреді. Бұдан бөлек, стандарт тыңайтқыштарды өлшеп-орау, таңбалау, тасымалдау және сақтау тәртібін айқындайды.Құжатты әзірлеу «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің № 26 бұйрығы) нормаларын тікелей іске асыру шеңберінде орындалды. Бұл ретте экологиялық заңнаманың талаптары, өрт және санитариялық-гигиеналық қауіпсіздік нормалары ескерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1275715?lang=ru
Әуе қорғанысы күштері: бейбіт аспан күзетінде – 28 жыл 18.08.2026
18 тамыз – Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғап, әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге отыз жылға таяу сенімді үлес қосып келе жатқан Әуе қорғанысы күштерінің күні.Әуе қорғанысы күштерінің құрамына Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері кіреді. Олардың басты міндеті елдің әуе кеңістігін тәулік бойы қорғау, стратегиялық маңызды нысандар мен әскери топтарды бүркемелеу, сондай-ақ Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектеріне, басқа да әскерлеріне авиациялық қолдау көрсету болып табылады.Қару-жарақ құрамында заманауи авиациялық және зениттік-зымырандық кешендер, радиолокациялық станциялар, ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер бар. Автоматтандырылған басқару жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп, жауынгерлік даярлық әдістері жетілдірілуде, қару-жарақ пен әскери техника паркі жаңартылуда.Кәсіби кадрларды даярлау басты назарда. Ұшу және инженерлік-техникалық құрамды Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты даярлайды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен байланысқа арналған инженерлік кадрлар Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында оқытылады.Әскери қызметшілер өздерінің жоғары шеберлігін әскер түрлері арасындағы және халықаралық оқу-жаттығулар барысында дәлелдеп, кез келген жағдайда міндеттерді орындауға дайындығын ұдайы көрсетіп келеді. Армия авиациясының экипаждары бірнеше рет халыққа көмек көрсетуге және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жұмылды. Сонымен қатар Абай облысындағы ауқымды орман өрттерін сөндіруге де қатысты.Бүгінде Әуе қорғанысы күштері – заманауи қару-жарақпен жабдықталған, жоғары технологиялы, аса ұтқыр әрі білікті мамандармен жасақталған Қарулы күштердің маңызды құрамдас бөлігі. Олар жауынгерлік кезекшілікте, практикалық сабақтар мен оқу-жаттығулар барысында өздерінің кәсіби шеберлігі жоғары екенін дәлелдеп жүр.Әрбір ұшудың, жауынгерлік кезекшіліктің және оқу-жаттығудың артында әуе кеңістігін қорғауға және ел қауіпсіздігін көздің қарашығындай сақтауға әркез дайын әскери қызметшілердің күнделікті еңбегі тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1275532?lang=ru
Словения Республикасының Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 17.08.2026
Астана, 2026 жылғы 17 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Словения Республикасының Қазақстанға  жаңадан тағайындалған Елшісі Бранко Раковецтен (резиденциясы Люблянада) сенім грамотасының көшірмеcін қабылдады.А. Исетов Елшіні жаңа қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы Астана мен Любляна арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Тараптар Қазақстанның  Люблянадағы Елшілігінің 2024 жылы ашылуы және Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың 2025 жылы Қазақстанға жасаған ресми сапары екіжақты байланыстардың нығая түскенін және екі елдің өзара қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ ұмтылысын айқын көрсеткенін атап өтті.Ең жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия қызметінің маңызына жеке назар аударылды.Елші Б. Раковец жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға күш-жігерін салатынын жеткізді.Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1275461?lang=ru
Қазақстан құрамасы самбодан әскери қызметшілер арасындағы халықаралық турнирде екінші орын алды 17.08.2026
Мәскеу қаласында 18 елдің өкілдерін біріктірген әскери қызметшілер арасындағы самбодан алғашқы халықаралық турнир мәресіне жетті.Қазақстан құрамасы сапында 11 спортшы өнер көрсетті. Олардың жетеуі – ерлер, төртеуі – әйелдер. Құрама сапына Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен Ұлттық ұланның спортшысы кірді.Жарыстың командалық есебінде бірінші орынды Ресей, екінші орынды Қазақстан құрамасы, үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері өз салмақ дәрежелерінде алтын медальдарға ие болды:58 келіге дейін – қатардағы жауынгер Жасұлан Нариманов;64 келіге дейін – кіші сержант Жандос Бейсенбаев;71 келіге дейін – ефрейтор Арнұр Қуатай.Күміс жүлдегер атанғандар:79 келіге дейін – ефрейтор Нұрсейіт Санжар;88 келіге дейін – қатардағы жауынгер Мұхаметжан Жұман;98 келіден жоғары – қатардағы жауынгер Болат Сапар;әйелдер арасында 50 келіге дейін – лейтенант Айжан Жылқыбаева;әйелдер арасында 54 келіге дейін – лейтенант Санат Байғараева;әйелдер арасында 72 келіге дейін – лейтенант Роза Нысантайқызы;әйелдер арасында 80 келіге дейін – капитан Зәмзәгүл Файзолланова.Қазақстан құрамасының өнер көрсетуі әскери қызметшілер арасындағы самбодан өткен алғашқы халықаралық турнирдегі лайықты нәтиже болды. Спортшылар жоғары деңгейдегі даярлығын көрсетіп, үш алтын және жеті күміс медаль жеңіп алды.Қазақстандық самбошыларды сәтті өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік спорттық жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1275347?lang=ru
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері туының желбірегеніне – 30 жыл 17.08.2026
Ақтау қаласында Қазақстанның Әскери-теңіз туының алғаш көтерілгеніне 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. 1996 жылғы 17 тамызда Әскери-теңіз туы әскери кемелерде алғаш рет көтерілді. Ал Қазақстанның Әскери-теңіз күштері 1993 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды.Салтанатты рәсімге Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің ардагерлері және қоғам өкілдері қатысты. Әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық элементтерін көрсетті. Қонақтар заманауи теңіз техникасымен, қару-жарақпен және жарақтандыру құралдарымен танысты.«Бүгін біз Қазақстанның Каспий теңізі секторында ұлттық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ететін Әскери-теңіз күштерінің қалыптасуына негіз болған маңызды оқиғаны атап өтіп жатырмыз. Әскери қызметшілердің қазіргі буыны алғашқы теңізшілер қалыптастырған дәстүрлерді бағалайды, Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әлеуетін нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді», – деді Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы, 1-сыныпты капитан Қанат Ниязбеков.Бүгінде Әскери-теңіз күштері – Қазақстан Қарулы күштерінің дербес әскері. Ол Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауап береді. Қазақстанның әскери-теңіз күштерінің кемелері теңіз шекарасын, порттарды, аса маңызды инфрақұрылым нысандарын күзетіп, суасты диверсияларына қарсы іс-қимыл жүргізеді.Әскери-теңіз күштерінің судағы құрамының негізін «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымырандық-артиллериялық кемелері құрайды. Олардың барлығы Қазақстанда Орал қаласындағы «Зенит» зауытында жасалған.Кемелер теңізүсті нысандарын жоюға арналған және Каспий теңізінде дербес түрде 10 тәулікке дейін әрекет ете алады.Флот құрамында миналарды және басқа да суасты қауіптерін анықтап, залалсыздандыру міндеттерін орындайтын «Алатау» рейдтік тралы да бар. Навигациялық және гидрографиялық қамтамасыз ету үшін арнайы кемелер, оның ішінде «Жайық» кемесі пайдаланылады.Қазақстан өз әскери корабльдерін жасауды одан әрі дамытып келеді. Негізгі өндірістік алаң – Орал қаласындағы «Зенит» зауыты. Мұнда 1990 жылдардан бері патрульдік және жауынгерлік катерлер мен кемелер жасалады.Әскери-теңіз күштері Каспий маңы мемлекеттерімен бірлесіп халықаралық оқу-жаттығуларға қатысады. Оның негізгі мақсаты – қауіп-қатерлерге бірлесіп ден қою, теңіз инфрақұрылымын қорғау және жауынгерлік әзірлікті арттыру.Соңғы отыз жылда Қазақстанның әскери флоты алғашқы бөлімшелердің қалыптасу кезеңінен бастап Қарулы күштердің дербес әскер түріне дейінгі даму жолынан өтті. Бүгінде ол Каспий теңізінің акваториясы мен Қазақстанның теңіз шекарасын сенімді қорғауға қабілетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1275277?lang=ru
Қорғаныс министрінің орынбасары елдің оңтүстігіндегі әскери инфрақұрылымның жай-күйін тексерді 17.08.2026
Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің басшылығымен жұмыс тобы Арыс, Шымкент, Тараз және Луговой гарнизондарындағы әскери нысандардың жай-күйін, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және әскери қызметшілердің қызмет өткеру жағдайын тексерді.Кешенді бағалау полигондар мен әскери қалашықтарды ұстау және дамыту, казарма қорының жай-күйі, сондай-ақ жеке құрамның тұрмыстық жағдайы, тамақтану сапасы, медициналық және киім-кешекпен қамтамасыз етілуі сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтыды.Шымкент гарнизонында күрделі жөндеуді немесе бұзуды қажет ететін апатты ғимараттардың техникалық жағдайы бағаланды. Әр нысан бойынша нақты шаралар айқындалып, оларды орындау мерзімдері белгіленді.Тараз гарнизонында Қорғаныс министрінің орынбасары күрделі жөндеуден кейін ашылған монша-кір жуу кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұдан кейін полигондар, әскери инфрақұрылым нысандары мен казармаларды аралап, атты әскер бөлімшелеріндегі қызметтік жылқыларды ұстау және күтіп-баптау жұмыстарын тексерді.91678 әскери бөлімінің аумағында ол парк шаруашылығының, мәдени-демалыс орталығы мен спорт залының жай-күйімен танысты. Оқу-жаттығу базасын дамытуға және әскери қызметшілерді даярлауға қажетті жағдай жасауға жіті аударылды.Сонымен қатар генерал-майор А. Жұмакеев жаңа модульдік ғимараттардың құрылысы мен әскери нысандардағы күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Гарнизон басшылығымен казарма қорын одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.«Қаратау» полигонындағы құрылыс жұмыстарымен танысу барысында Қорғаныс министрінің орынбасары оның инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Полигонды жаңғырту әскери қызметшілердің жауынгерлік, тактикалық және арнайы даярлығы бойынша практикалық сабақтар өткізуге қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл оқу мүмкіндіктерін кеңейтіп, «Айша бибі» полигонына түсетін жүктемені азайтады.Арыс гарнизонында Қорғаныс министрінің орынбасары бүркемелеу торлары мен габиондар өндіретін цехтардың жұмысымен танысты. Гарнизон басшылығы тұрғын үй қорының жай-күйіне, сондай-ақ қызметтік кабинеттер, оқу сыныптары, қоймалар мен зертханаларға арналған алаңдарды кеңейту қажеттігіне қатысты мәселелерді көтерді.Луговой гарнизонында генерал-майор Алмаз Жұмакеев қазандықтың жұмысын қамтамасыз етіп, оның тиісті жағдайда ұсталуына жауапты аудандық пайдалану бөлімінің мамандарының жұмысын жоғары бағалады. Ол қызметкерлерге адал еңбегі мен жабдықтарды үлгілі жағдайда ұстағаны үшін жеке алғысын білдірді. Соның арқасында қазандық жүйесі 26 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді.Әскери бөлімдерге барған кезде жұмыс тобы материалдық құралдар, киім-кешек мүлкі және жанар-жағармай материалдарының есебін жүргізуге жауапты қызмет мамандарына да әдістемелік көмек көрсетті. Бөлінген қаражатты ұтымды пайдалану, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды басым бағыттарға қайта бөлу қажеттігіне назар аударылды.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары әскери нысандарды салу және күрделі жөндеу жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды уақтылы іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұдан бөлек әскери қызметшілердің материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, тамақтануды ұйымдастыруға және медициналық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1274791?lang=ru
Көкке көз тіккен күн: Байсеркеде авиациялық мереке өтіп жатыр 16.08.2026
Алматы облысының Іле ауданына қарасты Байсерке ауылында «Байсерке аспаны – 2026» авиациялық мерекесі басталды. Ашық аспан астындағы шара авиация әуесқойларын, сала мамандарын, өңір тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинады.Авиациялық мереке аясында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстандағы шағын авиацияны дамыту, жастарды техникалық мамандықтарға тарту, авиациялық мәдениетті қалыптастыру және Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.Жиынға «СП «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасы, Қазақстанның Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов, «Отан» аэроклубы қоғамдық бірлестігінің басшысы Юрий Ельцов, «Тянь-Шань» авиациялық ұшу орталығының бас директоры Владимир Анцупов және Қазақстандық шағын авиация қауымдастығының президенті Өмірбек Кеңесбаев қатысты.Баспасөз мәжілісінде мамандар авиацияны тек кәсіби саламен шектеп қарауға болмайтынын атап өтті. Олардың пікірінше, авиация – жастардың техника мен инженерияға қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауға ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі.Осы орайда көпшілікке арналған авиациялық шаралардың рөліне ерекше назар аударылды. Мұндай алаңдар тұрғындарға авиацияның мүмкіндіктерін жақыннан танып қана қоймай, осы салада еңбек ететін мамандармен тікелей жүздесуге мүмкіндік береді.Сала өкілдері әсіресе балалар мен жасөспірімдердің ұшқыш, инженер, техник секілді мамандықтарға қызығушылығын арттыру маңызды екенін айтты. Авиациялық техниканы өз көзімен көру, кәсіби мамандармен сөйлесу және әуе кемелерінің жұмысымен танысу жастардың болашақ кәсіби бағдарын айқындауына ықпал етуі мүмкін.Сонымен қатар, жиында шағын авиацияны дамыту мәселесі көтерілді. Мамандар бұл бағытты ілгерілету үшін инфрақұрылыммен қатар қоғамда авиациялық мәдениетті қалыптастыру, әуе кеңістігінің мүмкіндіктері туралы ақпаратты кеңінен тарату және бұқаралық іс-шараларды жүйелі өткізу маңызды екенін атап өтті.Баспасөз мәжілісінен кейін «Байсерке аспаны – 2026» мерекесінің негізгі бағдарламасы басталды. Байсерке аспанында әуе кемелері қалықтап, алаңда авиациялық техника көпшілік назарына ұсынылды. Түрлі көрсетілімдер мен танымдық бағдарламалар мерекенің негізгі бөлігіне айналды.Шараға келген қонақтар әуе техникасын жақыннан тамашалап, авиация саласының тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алды. Мамандар келушілерге әуе кемелерінің ерекшеліктері мен авиациялық мамандықтар туралы ақпарат берді.Мерекеге балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығы да жоғары болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі міндеттерінің бірі – жас буынның аспан әлеміне деген қызығушылығын нақты білім мен кәсіби бағдарға ұластыру.«Байсерке аспаны – 2026» авиацияны насихаттаумен қатар, Алматы облысының туристік мүмкіндіктерін таныстыруды да көздейді. Ұйымдастырушылар авиация мен туризмді байланыстыру арқылы өңірге деген қызығушылықты арттыруға болатынын атап өтті.Алматы облысының табиғи ерекшеліктері мен ашық кеңістігі авиациялық туризм бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, Байсеркедегі мереке әуе техникасының көрсетілімі ғана емес, өңірдің туристік тартымдылығын жаңа қырынан танытатын алаң ретінде де қарастырылып отыр.Шара барысында кәсіби мамандардың тәжірибесі, авиациялық техниканың көрсетілімі мен көпшілікке арналған бағдарламалар өзара үйлесім тапты. Келушілер үшін бұл авиация әлемін жақыннан танып, жаңа әсер алуға мүмкіндік берсе, жастар үшін болашақ мамандығы туралы ойлануға себеп болатын танымдық шараға айналды.«Байсерке аспаны – 2026» мерекесінің басты идеясы да осы – авиацияны көпшілікке жақындатып, оның мүмкіндіктерін көрсету. Өйткені бүгін аспандағы ұшаққа қызыға қараған баланың ертең ұшқыш, авиация инженері немесе техник болуы әбден мүмкін.Осылайша, Байсеркеде өтіп жатқан авиациялық мереке әуе кемелерінің әсерлі көрсетілімімен ғана шектелмей, шағын авиацияны дамыту, жастарды техникалық мамандықтарға бағыттау және Алматы облысының туристік әлеуетін танытуға арналған мазмұнды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1274728?lang=ru
Қорғаныс министрі Shaiqas-2026 инженерлік чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады 15.08.2026
Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Амандық» полигонында Shaiqas-2026 алғашқы ұлттық инженерлік чемпионаты қорытындыланды.Ауқымды шараға 17 команда қатысты. Олардың қатарында студенттер, инженерлік мектептердің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және күштік құрылымдар бөлімшелерінің өкілдері бар.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов чемпионатты ұйымдастыруға атсалысқан Ақмола облысының басшылығына, Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Defence Tech Center инновациялық хабына, отандық Barys Dynamics және Saiman компанияларына, сондай-ақ Әскери колледждің басшылығына алғысын білдірді.Сонымен қатар министр төрешілер алқасына қатысушыларды бағалаудағы объективтілігі мен кәсібилігі үшін ризашылығын жеткізді. Байқау барысында бірегей технологиялық шешімдерге ерекше назар аударылды. Алайда басты бағалау түрі қатысушылардың техниканы, бағдарламалық қамтамасыз етуді және команданың іс-әрекетін біртұтас жүйеге біріктіре білу қабілеті болды.Министрдің айтуынша, чемпионаттың практикалық маңызы – тапсырмалары Қазақстан Қарулы күштерінің нақты қызмет бағыттарын қамтығанында. Атап айтқанда, әуеден барлау жүргізу, жерүсті роботтандырылған кешендерді пайдалану, киберқауіпсіздік, тактикалық және инженерлік даярлық бағыттары бойынша сынақтар ұйымдастырылды.– Бүгінде ұрыстың нәтижесін сол алаңды кімнің бірінші көретіні, қарсыластың барлауынан өз әрекетін жасыра алатыны, байланысты сақтап, әскерлердің маневрін қамтамасыз етуі айқындайды. Сондықтан заманауи армия жауынгердің әскери даярлығымен ғана емес, оның ұрыс алаңындағы басымдығын қамтамасыз ететін технологиялық шешімдерімен де мықты, – деді Қорғаныс министрі инженерлік бағыттың стратегиялық маңызын атап өтіп.Shaiqas-2026 чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші орын мен чемпион атағын «Қазақстан инжиниринг» компаниясының R&D орталығының командасы жеңіп алды. Күміс жүлдені ҚР ҚК «Қайсар» командасы (Qaisar VS RK) иеленсе, қола жүлде Saiman командасына бұйырды. Чемпионат жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орын иегеріне – 10 млн теңге, екінші орынға – 5 млн теңге, үшінші орынға – 3 млн теңге табысталды.«Үздік жерүсті жүйелері» номинациясында Sunqar Engineering Team командасы, «Үздік әуе жүйелері» номинациясында Visvo командасы, ал «Үздік киберқауіпсіздік» номинациясында «Бүркіт» командасы жеңімпаз атанды. Әр номинацияның жеңімпаздары 600 мың теңгеден ақшалай сыйлық алды. Қорғаныс министрі чемпионатқа қатысқан барлық командаларға олардың жарысқа қатысқанын растайтын сертификаттарды табыс етті.Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, үздік әзірлемелер прототип деңгейінде қалып қоймайды. Олар өнеркәсіптік серіктестермен бірлесіп сынақтан өткізіліп, қажетті сүйемелдеумен қамтамасыз етіледі. Одан әрі әзірлемелерді сериялық өндіріске шығару және Қазақстан Қарулы күштерінің мүддесіне енгізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1274699?lang=ru