Enbekshi QazaQ

Қуқық

Германияның Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 13.08.2026
Астана, 2026 жылғы 13 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов жаңадан тағайындалған Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ренате Пайчтың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен әлеуетін талқылады.Сонымен қатар, алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар кестесі, сондай-ақ Астана мен Берлин арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді үйлестіру мәселелері қарастырылды.Дипломаттар көпжақты форматта, әсіресе «Орталық Азия – Германия» форматы және басқа да халықаралық алаңдар шеңберінде тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Германия Елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1273947?lang=ru
Ақмола облысындағы «Амандық» полигонында Shaiqas-2026 чемпионатына қатысатын 18 команда арасында жеребе тасталды 13.08.2026
Қазақстан Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған алғашқы ұлттық әскери-инженерлік Shaiqas-2026 чемпионатының финалдық кезеңіне еліміздің әр өңірінен келген 18 команда қатысады.Қатысушылар «Әуе жүйелері», «Жерүсті жүйелері», «Киберқауіпсіздік» және «Тактика» деп аталатын төрт бағытта өз шеберліктерін сынайды.Байқауға студенттер, инженерлік мектептердің өкілдері, өнеркәсіптік кәсіпорындардың мамандары мен күштік құрылымдардың қызметкерлері қатысуда.Қарулы күштердің атынан сайысқа Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының, Құрлық әскерлері әскери институтының және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командалары қатысады.Азаматтық жоғары оқу орындары арасында чемпионатқа Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Назарбаев Университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Woodson University, META University, Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ALT University командалары қатысуда. Одан бөлек отандық кәсіпорындар да өз командаларын ұсынып отыр.– Қазір біз орналасып, жарыс өтетін алаңмен танысып үлгердік. Командамыз ұзақ уақыт бойы «Әуе жүйелері» және «Тактика» бағыттары бойынша дайындалды. Бұл біз үшін теориялық білімімізді тәжірибеде қолдануға, әсіресе ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды басқару дағдыларымызды жетілдіруге тамаша мүмкіндік. Жас инженерлер мен әскери мамандардың бірлесіп қатысуы тәжірибе алмасуға жақсы жағдай жасайды. Мақсатымыз – жай ғана қатысу емес, жеңіс үшін күресу, – деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Нұрасыл Шаңбай.Чемпионатты Defence Tech Center инновациялық хабы, WSE, Barys Dynamics, Ақмола облысының әкімдігі, USTEM Foundation, Ashyq Aspan Foundation, Cyberlabs қоғамдық қорлары, Astana Hub, Tensor Engineering және Barys Dynamics School ұйымдары ұйымдастырып, қолдау көрсеткенін айта кеткен жөн.Қазіргі кезде жеребе тастау рәсімі өтіп, оның қорытындысы бойынша командалардың жарыс кезеңдеріндегі өнер көрсету кезегі анықталды.Чемпионаттың жүлде қоры – 20 млн теңге. Ертең жарыстың негізгі кезеңі басталады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 15 тамызда өтеді.Shaiqas-2026 әскери-инженерлік чемпионатының финалдық сайыстарын тікелей эфирде мына https://youtube.com/live/iCARq5w4sUU сілтеме арқылы тамашалауға болады⁠.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1273952?lang=ru
Астана мен Брюссель телефон арқылы сөйлесті 13.08.2026
Астана, 2026 жылғы 12 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен телефон арқылы сөйлесті.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. 23 маусымда Брюссельге жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылау аясында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ алдағы екіжақты және көпжақты байланыстардың кестесін талқылады.Сұхбаттасушылар энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және энергия ресурстарын жеткізудің халықаралық инфрақұрылымын, оның ішінде Каспий құбыр консорциумы шеңберіндегі инфрақұрылымды одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударды.Әңгіме барысында тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделілігін растап, перспективалы ынтымақтастық бағыттарын кеңейтуге өзара бейілділігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1273471?lang=ru
Алматы облысының әкімі жұмысшы жастармен жүздесті 12.08.2026
Халықаралық жастар күніне орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданындағы «SAN Tyres Kazakhstan» компаниясының логистикалық орталығына барып, ондағы мүмкіндіктермен танысты. Кәсіпорын еңбек жолын енді бастаған жастарға қолдау білдіріп, жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда мұнда 170-ке жуық адам еңбек етеді. Оның жартысынан көбі – жастар. Сондай-ақ алдағы уақытта өңірдің NEET санатындағы 100 азаматын еңбекке тартуды жоспарлауда. Осыған орай бүгін Алматы облысының әкімдігі мен аталмыш компания арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жүздесу барысында аймақ басшысы қатысушыларды 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен құттықтады. Бүгінде Алматы облысындағы жастардың саны 432 мыңнан асады. Бұл – өңір халқының 28%-ы. Марат Елеусізұлының айтуынша, соңғы жылдары жастар саясатын ілгерілетуге ерекше көңіл бөлінген. Оның ішінде шалғай ауылдардағы жас буын да назардан тыс қалмаған. Атап айтқанда, соңғы 3 жылда Кеген, Балқаш, Райымбек және Қарасай аудандарында жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараттары пайдалануға берілді. Қонаев қаласында заманауи коворкинг-орталық ашылды. Іле, Ұйғыр және Талғар аудандарында жастарға арналған коворкинг кеңістіктер құрылды. Мемлекет басшысы белгілеген «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттары аясындағы жобаларға да ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда облыста 3 мыңнан астам белсенді ерікті бар. Олар қайырымдылық акцияларына, экологиялық жұмыстарға, қоғамдық бастамаларға тұрақты қатысып келеді.Марат Елеусізұлы өз сөзінде «SAN Tyres Kazakhstan» компаниясы жас мамандардың кәсіби дамуына жан-жақты жағдай жасап отырғанын ерекше атап өтіп, кәсіпорын ұжымына алғыс айтты. «Жастарға жағдай жасау – біздің басты бағыттарымыздың бірі. Ал кәсіпкерлердің жас мамандардың әлеуетін ашатын бастамаларға қолдау білдіруі – үлкен әлеуметтік жауапкершілік. Біз мұндай серіктестікті алдағы уақытта да нығайта түсуге мүдделіміз. Себебі жастарды жұмыспен қамту мәселесін тек мемлекеттік бағдарламалар арқылы шешу мүмкін емес. Өндіріс, бизнес, білім беру ұйымдары және мемлекеттік органдар бір бағытта жұмыс істегенде ғана нақты нәтиже болады», – деді аймақ басшысы.«SAN Tyres» компаниясы Қазақстан нарығында 20 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Жыл сайын мемлекет бюджетіне 10 млрд теңгеден астам салық төлейді. Талғар ауданында орналасқан «SAN Baiserke» логистикалық қоймасы – ТМД-дағы ең ірі кешен. Мұнда жылына 3,5 миллионға дейін шина қабылдап, сақтап және жөнелтуге болады. Яғни Алматы облысынан еліміздің түкпір-түкпіріне, Орта Азия елдері мен алыс-жақын шетелдерге көлік дөңгелегі үздіксіз жіберіледі.Логистикалық хабтың жалпы аумағы – 23 гектар. Мұнда заманауи қоймалармен қатар кеңселер, дөңгелек ауыстыру және сервис орталығы бар. Қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына да ерекше көңіл бөлінген. Қойманың жанында 200 орынды жатақхана, асхана, демалыс бөлмелері, кітапхана мен спорт алаңы бар. Жұмысшылардың денсаулығы мен жайлы демалысы үшін 130 сотық жерге саябақ та қарастырылған. Болашақта қызметкерлер мен олардың отбасына арналған SAN Village тұрғын үй кешені салынып, балабақша ашу көзделіп отыр.«Алматы облысында бұған дейін де жұмыс істегенбіз. Дәл Талғар ауданында алғаш рет іске кірістік. «SAN Tyres»-те 300-ден астам адам еңбек етеді. 2028 жылға қарай олардың санын 1000-нан асырамыз деп жоспарлап отырмыз. Компаниямыз жастардан құралған. Еліміздің көркеюі мен дамуы жас ұрпақтың қолында. Сондықтан оларға арналған әлеуметтік қолдау шаралары көп. Соның бірі – «Менің арманым» жобасы. Бұл бастама бойынша жастар өз арманын жазып, бізге жолдайды. Қазірге дейін 150-ден астам жастың арманы орындалды», – дейді «SAN Tyres Kazakhstan» кәсіпорнының басшысы Сырымбек Тау.Шара барысында кәсіпорынның үздік қызметкерлері мен өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген жас мамандар марапатталды. Сондай-ақ олар облыс әкімімен және компания басшысымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кәсіпорын аумағындағы саябаққа ағаш көшеттерін отырғызды. Осылайша, айтулы күн қарсаңында жұмысшы жастардың еңбегі дәріптеліп, айтулы күннің мән-маңызы да айқындала түсті.Айта кетейік, Халықаралық жастар күні Алматы облысында кең ауқымда аталып өтуде. Өңірдің түкпір-түкпірінде жас буынның бастамалары мен жетістіктерін қолдап, зияткерлік әлеуеті мен экологиялық мәдениетін арттыруға арналған 30-дан астам шара өтуде. Оған 20 мыңға жуық жас қатысуда. Шаралар легі тамыз айының соңына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1273091?lang=ru
Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі 12.08.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті.Екі ел арасындағы достық қарым- қатынас пен стратегиялық серіктестік өңіраралық байланыстарды дамытуға оң әсерін тигізді. Әсіресе, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, озық технологияларды қолданысқа енгізу бағытында өз нәтижесін беріп келеді. Өткен жылы Қызылорда облысы мен Корея Республикасы арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 1,2 млн АҚШ долларына жетіп, өсім көрсеткіші артқан. Мемлекет басшысы елімізде шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырма бергені белгілі. Осыған сәйкес, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Оңтүстік Кореяның SeoulTech университетінің Жасанды интеллект мектебі ашылды.Бүгінде еліміздегі алғашқы жасанды интеллект мектебінде 225 студент білім алуда. Алдағы оқу жылында тағы 128 студент қабылданады. Сонымен қатар, шикізат өндірісін ұлғайту мақсатында кореялық компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.Атап айтқанда, витражды терезе өндірісін жолға қою және сауда-логистикалық орталық құру туралы бірқатар ұсыныс қарастырылып жатыр. Аталған жобаларды инвестициялық әлеуеті жоғары Қорқыт Ата арнайы экономикалық аймағында орналастыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1273077?lang=ru
Астанада соғыс ардагері Рзағұл Байкешевті ақтық сапарға шығарып салды 12.08.2026
Ұлы Отан соғысының қатысушысы, елорданың соңғы майдангері Рзағұл Байкешев 103 жаста дүниеден өтті.Ардагермен қоштасуға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Астана қаласы мәслихатының хатшысы Зейнұлқабден Табиғат, Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Рүстембек Тәуекелов, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ардагердің туған-туыстары мен жақындары қатысты.Майдангердің отбасына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі атынан көңіл айтуды Астана қаласы Алматы ауданының қорғаныс істері басқармасының бастығы подполковник Серік Қасенов жеткізді.Іс-шара Құрмет қарауыл ротасы мен Әскери оркестрдің қатысуымен өтті. Ардагерді ақтық сапарға шығарып салу барысында жаназа намазы оқылды.Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Кеңес әскері құрамында Ржев түбіндегі шайқастарға, Великолукск шабуыл операциясына, Польша мен Венгрияны азат етуге қатысып, Жеңісті Берлинде қарсы алды.Рзағұл Байкешевтің ерлігі мен батылдығы Отан соғысы ордендерінің I және II дәрежелерімен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік наградалармен атап өтілді.Рзағұл Байкешевтің соңғы сапары Ақмола облысының Қабанбай батыр ауылында (бұрынғы Рождественка) өтті. Ардагер осы жерде ұзақ жылдар бойы совхозда экспедитор болып еңбек еткен. Жеңіс сарбазының құрметіне салют командасы қарудан үш дүркін салют атты.Майдангердің ерлігі мен өнегелі өмір жолы жайлы жарқын естелік тарихта және ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1273019?lang=ru
Қазақстандық әскери қызметші Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде жеңіске жетті 12.08.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі, кіші сержант Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC турнирінде кезекті рет жеңіске жетті.Жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Бруно Лопеспен кездесті. Дияр Нұрғожай қарсыласын жекпе-жектің бірінші раундында-ақ техникалық нокаутпен жеңді.Жекпе-жектің шешуші сәті алғашқы бес минуттың соңғы секундтарында болды. Раунд соңына дейін жоғары қарқын мен жинақылықты сақтаған қазақстандық спортшы нәтижелі шабуыл жасап, қарсыласына қысымды күшейте түсті. Төреші жекпе-жекті алғашқы раундтың аяқталуына небәрі бір секунд қалғанда, яғни 4 минут 59 секундта тоқтатты. Осылайша, Дияр Нұрғожай жоғары физикалық төзімділігін, психологиялық тұрақтылығын және барынша шиеленісті жағдайда да кәсіби шеберлігін сақтай алатынын дәлелдеп шықты.Мұндай қасиеттер арнайы мақсаттағы бөлімшелердегі әскери қызмет үшін аса маңызды. Өйткені әскери қызметшіден жоғары кәсіби дайындық, тәртіп, ұстамдылық және ерекше қауіпті жағдайларда сенімді әрекет ету қабілеті талап етіледі.Бұған дейін қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Рафаэль Тобиасты жеңіп, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Жалпы, әлемдегі аралас жекпе-жек бойынша ең ірі ұйымның турнирлерінде өнер көрсетіп жүрген Дияр Нұрғожай 12 рет жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліс тапқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1273008?lang=ru
ДШӘ оқу орталығында жауынгерлік көліктерді жүргізу мамандарын даярлауда 12.08.2026
Десанттық-шабуылдау әскерлері оқу орталығының «Жағалау» полигонында әскери қызметшілер жауынгерлік машиналарды жүргізудің практикалық дағдыларын пысықтауда. Бұл – кіші мамандарды үш айлық даярлау курсының маңызды кезеңдерінің бірі.Оқу орталығында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдері үшін білікті механик-жүргізушілер даярланады. Даярлықтың алғашқы кезеңінде әскери қызметшілер БТР-80, КамАЗ және «Арлан» БКМ әскери техникасының құрылысын, техникалық сипаттамаларын, пайдалану және техникалық қызмет көрсету тәртібін меңгереді.Теориялық дайындықтан кейін әскери қызметшілер практикалық сабақтарға көшеді. Полигонында олар ойлы-қырлы жерлерде жауынгерлік машиналарды басқаруды, түрлі кедергілерден өтуді, оңтайлы жылдамдықты таңдауды және жол жағдайын бағалауды үйренеді. Нұсқаушылар әр әскери қызметшінің іс-әрекетін бақылап, қажет болған жағдайда көлік жүргізу тәсілдерін реттеп отырады.– Басты назарды жауынгерлік машинаны дұрыс басқаруға, кедергілерден өтуге, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және техникалық қызмет көрсетуге аударамыз. Біздің міндетіміз – әскери бөлімге барғаннан кейін механик-жүргізуші міндеттерін сенімді атқара алатын маман даярлау, – деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлері оқу орталығы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмысы жөніндегі орынбасары капитан Мадияр Райымбердиев.Мерзімді әскери қызметшілер үшін практикалық жүргізу сабақтары жауынгерлік техниканы өз бетінше басқарудағы алғашқы тәжірибе болды.– Алғашында мұндай техниканы басқару оңай болмады. Алайда әр сабақ сайын өзіңе деген сенім арта түседі. Теорияны меңгердік, енді ең бастысы – мүмкіндігінше көп тәжірибе жинақтап, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйрену, – деді қатардағы жауынгер Рахат Жаппар.Айта кетейік, механик-жүргізушінің дайындық деңгейі бөлімшенің ұтқырлығына, техниканың жарамдылығына және экипаждың қойылған жауынгерлік міндеттерді тиімді орындау қабілетіне тікелей әсер етеді. Оқу орталығында алынған білім мен практикалық дағдылар әскери қызметшілердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдеріндегі алдағы атқаратын қызметінің берік негізіне айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1272746?lang=ru
Еліміздің бес өңірінде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары ашылады 12.08.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтарын құру тұжырымдамасы таныстырылды. Пилоттық жоба «Даму» қорының өңірлік филиалдарының базасында жүзеге асырылады.«Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев атап өткендей, бүгінде кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдарына қол жеткізе алады. Сонымен бірге олар бизнесте қиындықтар туындаған кезде көбінесе қайда жүгіну керектігін білмейді. Өйткені бұл мәселені шешу әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыретіне кіруі мүмкін. Мәселені анықтаудан бастап, оны реттеуге дейінгі бизнесті кешенді сүйемелдеудің бірыңғай тетігін әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.«Қолдау орталықтарын құру кезінде «Атамекен» ҰКП проблемалық мәселелер тізілімінен 2,4 мыңнан астам ШОБ өтінішіне талдау жасалды. Оның 600-ден астамы пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған өңірлерден келіп түскен. Бизнес өтініштерінің негізгі бөлігі қаржыландыруға қол жеткізу, берешекті қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларын алу, салық, өнімді өткізу, кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту бойынша консультациялар туралы. Сондай-ақ сұраныстардың едәуір бөлігі АӨК секторына қатысты. БҚСО дәл осы бағытта жұмыс істейді. Бұл ретте орталықтардың тиімділігінің негізгі көрсеткіші өткізілген консультацияның саны емес, кәсіпкерлердің реттелген мәселелерінің үлесі болады», — деп атап өтті Фархат Сәрсекеев.Күрделі жағдайға тап болған және мәселесін шешу үшін қайда жүгіну керектігін білмейтін кәсіпкер үшін ерекше ыңғайлы орталықтардың жұмысы «бір терезе» қағидаты бойынша құрылады. Онда «Даму» қорының филиалдары базасында барлық толғандырған мәселе бойынша кеңес алуға болады. Пилоттық жоба аясында БҚСО бес өңірде – Астана, Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ұйымдастырылады. Қыркүйектен желтоқсанға дейін созылатын пилоттың қорытындысы бойынша жаңа тетіктің тиімділігін бағалау жүргізіліп, жобаны еліміздің барлық өңіріне тарату туралы шешім қабылданады.Кеңесте орталықтарды іске қосу және жұмыс істеу тетігін пысықтау үшін мүдделі мемлекеттік, құқық қорғау органдары, қаржы реттеушілері мен «Даму» қоры өкілдері қатысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1272608?lang=ru
Бас штаб бастығы елордадағы әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігін тексерді 12.08.2026
Ақмола өңірлік гарнизонына қарасты 68665 әскери бөлімін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров тексерді.Ол әскери бөлімде қызметті ұйымдастыру барысымен танысып, жеке құрамның дайындық деңгейін, қару-жарақ пен әскери техниканың, сондай-ақ әскери киім-кешек пен жабдықтардың жай-күйін тексерді. Сонымен қатар қызметтік құжаттаманың жүргізілуіне назар аударды.Әсіресе жаңа бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік деңгейіне, олардың жасақталуына, әскери қызметшілердің іс-қимыл үйлесімділігіне және қойылған міндеттерді жедел орындау қабілетіне ерекше көңіл бөлінді.– Тексеру барысында жеке құрамның дайындық деңгейі, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, сондай-ақ қызметті ұйымдастыру барысы бағаланды. Әскери қызметшілердің жақсы дайындықтан өтіп, үйлесімді әрекет етуі және қойылған міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауға дайын болуы маңызды, – деді генерал-лейтенант Қ. Әбубәкіров.Тексеру қорытындысы бойынша Бас штаб бастығы әскери бөлімнің басшылығына жеке құрамның даярлығын одан әрі жетілдіру, қару-жарақ пен әскери техниканы тұрақты жауынгерлік әзірлікте ұстау, сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстарын аяқтау бойынша басым міндеттерді белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1272576?lang=ru
Қазақстан мен Қырғызстан ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуда 11.08.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Құдайберген Базарбаевпен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қырғыз қатынастарының өзекті мәселелерін, сондай-ақ көпжақты алаңдарда ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.2026 жылғы 1 қыркүйекте Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитіне дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар экономикалық байланыстарды нығайтуды, көліктік өзара байланысты дамытуды, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуді және көпжақты өзара іс-қимыл тетіктерінің тиімділігін арттырумен қоса, ШЫҰ аясында практикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Қырғыз Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығын қолдайтынын және оның басым бағыттарын табысты іске асыруға жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1272491?lang=ru
Бизнестің цифрлық картасы кәсіпкерлер туралы деректерді және мемлекеттік қолдау шараларын біріктіреді 11.08.2026
Қазақстанда бизнестің цифрлық картасы құрылмақ, ол атаулы мемлекеттік қолдау мен деректер негізінде шешімдер қабылдау үшін жаңа құралға айналады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді.Бұл тұста жаңадан жүйе құрып емес, оны бірыңғай цифрлық платформаның өзегіне айналдыра отыра, қолданыстағы Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін дамыту ұсынылуда. Онда мемлекеттік деректер, бизнестің цифрлық бейіні, талдамалық сервистер, жасанды интеллект құралдары және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну процестері біріктірілетін болады.Бизнестің цифрлық картасы мемлекет, бизнес және қолдау шараларының операторлары үшін бірыңғай экожүйеге айналады. Жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін бірыңғай жеке кабинетпен, Қаржы министрлігінің жүйелерімен, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және мемлекеттік қолдау шараларының операторларымен интеграциялау көзделген.Нәтижесінде әрбір кәсіпкерлік субъектісінің бірыңғай цифрлық бейіні қалыптастырылатын болады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын, даму әлеуетін және тәуекел деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдаудың атаулы шараларын ұсынуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, нақты уақыттағы экономикалық көрсеткіштерді бағалау, салық реформасы мен басқа да мемлекеттік шешімдердің бизнестің мінез-құлқына әсерін талдау және ұсынылатын қолдау шараларының тиімділігін анықтау үшін аналитикалық панельдер қол жетімді болады.«Осылайша, мемлекеттік қолдау саласындағы шешімдер жекелеген статистикалық деректер негізінде емес, кешенді талдау және объективті көрсеткіштер негізінде қабылданатын болады»,— деді Бекболат Молдабеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1272456?lang=ru
Мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді қысқартуға мүмкіндік береді 11.08.2026
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бекболат Молдабеков Үкімет отырысында мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Вице-министр цифрлық трансформацияның екі негізгі бағыты туралы айтты, олар: eGov Business порталы арқылы мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру және атаулы мемлекеттік қолдау мен деректер негізінде шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде қолданылатын Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін дамыту.Бүгінде елімізде 150 мемлекеттік қолдау шарасы бекітілген. Оның ішінде 63 шара электронды форматта қол жетімді, ал 87 шара әзірге қағаз түрінде және цифрландыруды талап етеді. Бұл ретте қағаз процестерді электрондық форматқа ауыстырып қана қоймай, артық іс-әрекеттер мен әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін оларға алдын ала реинжиниринг жасау ұсынылып отыр.eGov Business-ке шығару үшін цифрландырудың бірінші кезеңі ретінде «Байтерек» ұлттық инвестициялық холдингі ұсынатын мемлекеттік қолдау шаралары таңдалды. Бұл осы шаралардың цифрлық жетілуінің жоғары деңгейіне және Холдингтің процестерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жүргізген елеулі жұмыстарына байланысты мүмкін болып отыр.2024-2025 жылдары Холдинг еншілес ұйымдармен бірлесіп мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну процестеріне реинжиниринг жүргізді. Оған «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның бір қатысушысы бар шаруа қожалығының өтінім беруіне байланысты «5% жеңілдікті лизинг» бағдарламасы айқын мысал.Бұрын мұндай өтінімді беру және қарау процесі 80-нен астам қадам жасауды қажет ететін еді, ақпараттың едәуір көлемі қолмен толтырылатын, ал қарау мерзімі екі жұмыс күніне дейін созылатын. Ал жүргізілген реинжинирингтен кейін қадамдар саны шамамен 30-ға дейін азайды, ал «Қазагроқаржы» порталында өтінімді қарау мерзімі 5-10 минутқа дейін қысқартылды.«Келесі кезең – процесті eGov Business порталымен интеграциялау және өрістерді автоматты түрде толтыру үшін қолда бар мемлекеттік деректерді пайдалану. Бұл қосымша цифрлық өтінім беру арнасын құруға, кәсіпкердің іс-қимыл санын қысқартуға және өтінім беруді іс жүзінде бірнеше ғана қадаммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,— деді Бекболат Молдабеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1272435?lang=ru
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Палестина Елшісімен кездесті 11.08.2026
Астана, 2026 жылғы 11 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі, дипломатиялық корпус дуайені Монтасер Абу Зейдпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Палестина ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастардың қарқынын және оларды одан әрі дамытуға деген өзара мүдделілікті атап өтті. Саяси, гуманитарлық және өзара қызығушылық тудыратын өзге де салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде мазмұнды пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды тиімді ілгерілетуге бағытталған тұрақты әрі сенімді диалогты жалғастыруға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1272221?lang=ru
Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде 11.08.2026
15-16 тамыз күндері Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUSFEST-2026» фестивалі өтеді. Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге 5 мыңға жуық турист келген. Биыл олардың саны екі есеге артып, 10 мыңға жуық қонақтың қатысуы күтілуде, - - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Екі күнге жоспарланған фестиваль аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары өтеді.Фестивальдің алғашқы күнінде облыстық туристік жарыс ұйымдастырылады. Қатысушылар фестиваль аумағында түнеп, келесі күнгі бағдарламаға қатысады.15 тамызда «LOTUS FLOTILLA» қайықтар шеруі өтіп, «LotusRUN» марафоны ұйымдастырылады. Марафоншылар Жамбыл ауылынан фестиваль өтетін аумаққа дейін жүгіреді. Одан кейін фестивальдің ресми ашылу салтанаты өтеді.Ашылу бағдарламасында театрландырылған композиция, этно-фольклорлық және хореографиялық ұжымдар мен қазақ эстрадасының әншісі Қуандық Рахым өнер көрсетеді.Ал кешкі гала-концертте «MELOMEN» тобы, BYTANAT, АЛХАМ, TURAR және Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.* Фестивальдің екінші күнінде де мерекелік бағдарлама жалғасады. Онда Еркебұлан Құмар, Ғаділбек Жанай, НҰРЛАН мен МҰРАТ және «Заман» тобының өнерін тамашалауға болады, - деді Теңіз ауылының әкімі Мұрадым Мұзафар.Фестиваль аумағында фотозоналар, балаларға арналған ойын алаңы, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, сауда павильондары мен фуд-корт жұмыс істейді. Қонақтар қайықпен серуендеп, табиғат аясында демала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1272205?lang=ru
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қытай Халық Республикасының Елшісімен кездесу өткізді 11.08.2026
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хань Чунлиньді қабылдады.Кездесу барысында тараптар көпжақты форматтар шеңберіндегі Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты.Е. Ашықбаев ядролық қарусыздану мен таратпау күн тәртібіне ерекше назар аударып, 2026 жыл аталған салада бірқатар атаулы күндермен белгіленгенін атап өтті. 29 тамызда Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл, 8 қыркүйекте Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа (Семей шарты) қол қойылғанына 20 жыл, ал 24 қыркүйекте Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың қол қою үшін ашылғанына 30 жыл толады.ҚХР Елшісі Хань Чунлинь қытай тарапының өзара мүдделі барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайындығын растады.Кездесу соңында тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға және қазақ-қытай серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1272202?lang=ru
Отанға қызмет – абыройлы міндет 11.08.2026
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында вице-адмирал Серік Борамбаев пен генерал-майор Фазылолла Бәденовтің әскери қызметтен запасқа шығуына байланысты Жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.– Серік Жақсығалиұлы мен Фазылолла Жұмағазыұлы саналы ғұмырын Отанға қызмет етуге арнады. Олар ұзақ жылдар бойы жауапты басшылық қызметтер атқарып, жауынгерлік даярлықты жетілдіруге, әскери басқару жүйесін дамытуға және жас офицерлерді тәрбиелеуге елеулі үлес қосты. Олардың қалыптастырған дәстүрлері Отан қорғаушылардың кейінгі буыны үшін де алдағы уақытта бағыт-бағдар болады деп сенемін, – деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.Қорғаныс министрінің атынан Бас штаб бастығы офицерлерге алғыс хаттар табыстады. Салтанатты рәсім барысында Қарулы күштердің ардагерлері де сөз сөйлеп, офицерлердің мол тәжірибесі жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісінде және ардагерлер қозғалысын дамытуда әлі де қажет болатынына сенім білдірді.Серік Борамбаевтың Қазақстан Қарулы күштеріндегі әскери қызмет жолы Атырау облыстық әскери комиссариаты бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметінен басталды. Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін тәмамдаған ол Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Әртүрлі деңгейдегі басшылық қызметтерден өтіп, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшылығына дейін көтерілді.Серік Борамбаевтың мол білімі мен көп жылғы қызметтік тәжірибесі өзге де жауапты бағыттарда кәдеге жарады. Әр жылдары Ақпарат және коммуникациялар, Тәрбие және идеологиялық жұмыс, Аумақтық қорғаныс департаменттерін басқарды. Сонымен қатар Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды. Мемлекет пен Қарулы күштер алдындағы еңбегі үшін II дәрежелі «Айбын» және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.Генерал-майор Фазылолла Бәденовтің әскери жолы авиациямен тығыз байланысты. Кәсіби қызметін ұшқыш-нұсқаушы ретінде бастап, авиациялық буын командирінен Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы – Бас қолбасшының бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Қызмет жылдарында әскери басқару, жауынгерлік даярлық және стратегиялық жоспарлау салаларында мол тәжірибе жинақтап, Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға елеулі үлес қосты. Көп жылғы мінсіз қызметіне II дәрежелі «Даңқ» ордені табыс етілді.Жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі вице-адмирал Серік Борамбаев пен генерал-майор Фазылолла Бәденовтің көп жылғы әскери қызметіне қорытынды жасаған айрықша сәт болды. Бұл офицерлердің есімдері Қазақстан Қарулы күштерінің тарихында лайықты орын аладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1272127?lang=ru
Алматы облысында жоңышқа жинау науқыны қызу жүргізілуде 11.08.2026
Биыл Алматы облысында 206,6 мың гектар алқапқа мал азығы дақылы егілді. Оның ішінде 77 мың гектарға жуығы – көпжылдық жоңышқа. Алғашқы орымның өзінде 374 мың тонна жоңышқа жиналып, орташа өнімділік әр гектарына 48,6 центнерді құрады. Бүгінде екінші рет шабу жұмысы аяқталуға жақын. Ал жиналған өнім көлемі 658 мың тоннаға жетті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылдық округі аумағындағы «Жанашар» шаруақожалығы 200 гектарға жуық аумаққа дәнді және мал азығы дақылын сепкен. Оның 61 гектары – жоңышқа. Бұдан бөлек, жүгері, күздік бидай мен арпа және сұлы дақылдары бар. Сондай-ақ кәсіпорын аумағында мал шаруашылығы кешені жұмыс істейді. Егін алқабында дайындалған өнім фермаға әкелініп, малға құнарлы азық болады.«Қазіргі таңда 300 бас ірі қара ұстаймыз. Сонымен қатар аздаған жылқы мен қойымыз бар. Негізгі бағытымыз – сүт және ет өндіру. Қазір күн сайын ірі компанияларға шамамен 600 литр сүт өткіземіз. 100 литрін балалар лагері тұтынады, тағы 100 литрін бұзауларға қалдырамыз. Яғни тәулігіне 800 литрдей сүт әзірлейміз. Қазір алдымызға осы көлемді екі есеге арттыру міндетін қойып отырмыз. Осы мақсатта көршілес облыстардан жас мал сатып алдық. Өзіміздің де төлдеріміз бар. Жоспар бойынша, 2027 жылдың соңына қарай тәулігіне шамамен 1,5 тонна сүт өндіретін боламыз», – дейді шаруақожалық басшысы Александр Гардт.Мұндай шағын кәсіпорындар облыстағы ауыл шаруашылығының дамуына мол үлес қосып келеді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, таза әрі сапалы өнімді халыққа ұсынып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1271923?lang=ru
Қазақстан мен Оңтүстік Корея инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде 10.08.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев бастаған Қазақстан делегациясы Корея Республикасына жұмыс сапарымен барып, оның аясында ірі компаниялардың, мемлекеттік институттар мен іскерлік қауымдастықтардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.Кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, корей капиталын және озық технологияларды тартуға, сондай-ақ Қазақстан экономикасының басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға негізгі назар аударылды.Корей халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Ли Сан Чжунмен кездесуде корей компанияларының Қазақстандағы өнеркәсіп, жасанды интеллект, «жасыл» энергетика және электр көліктерін өндіру салаларындағы инвестициялық жобаларын іске асыруға жәрдемдесу шаралары қарастырылды.Korea Overseas Infrastructure & Urban Development Corporation (KIND) басшылығымен кездесуде Alatau City-ді дамыту, Орта дәлізді және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалды.YPP Corporation компаниясымен «жасыл» энергетика саласындағы, оның ішінде «жасыл» сутегі мен аммиак өндіру жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.Hyundai Engineering және LX International компанияларының басшылығымен инфрақұрылым, энергетика және мұнай-газ химиясы, стратегиялық маңызды минералдар, логистика және жоғары технологиялар салаларындағы жобалар қаралды.Корей компанияларын индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.Сапар қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және Қазақстан экономикасының басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделіліктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1271687?lang=ru
Күш-жігер, мықты мінез және саналы таңдау: Алматы маңында өткен Race Nation жарысына 1800 адам қатысты 10.08.2026
Алматы облысында өткен Basqaru Race Nation Kazakhstan 2026 жарысына елімізден және басқа да мемлекеттерден келген шамамен 1800 адам қатысты. Олар арқанмен өрмелеп, биік қабырғалардан асып, лай мен суды еңсеріп, күш-жігерді талап ететін түрлі кедергілерден өтті. Сайыс биік өрлері бар таулы жерде ұйымдастырылды.Алматы облысының еріктілері мен белсенді жастары трассаның жекелеген учаскелерінде кезекшілік етіп, күрделі кедергілерден өткен спортшыларға көмектесті. Қажет болған жағдайда қатысушылардың жағдайы туралы ақпаратты медицина қызметкерлеріне хабарлап, оларды ауыз сумен қамтамасыз етті.Айта кетейік, ауыз су бөтелкелерінде 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетіні туралы ақпарат орналастырылған. Еріктілер жарысқа қатысушылар мен іс-шара қонақтардың сайлауға қатысты сұрақтарына да жауап берді. Осылайша, ауқымды спорттық шара тұрғындарды Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы ақпараттандыруға арналған қосымша алаңға айналды.Жарыс барысында қатысушылар мен қонақтарға 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы ақпарат басылған ауызсу таратылды. Осылайша бұқаралық спорттық іс-шара өңір тұрғындары мен қонақтарын дауыс беру күнінен хабардар етті.Жарыс 5 және 10 шақырымдық қашықтықтар бойынша ұйымдастырылды. Ең күрделі сынақтар 10 шақырымдық трассада жалғасты, мұнда спортшылар 50-ге жуық түрлі кедергіден өтуге тиіс болды.Балалар үшін де жеке кедергілер жолағы ұйымдастырылды. 7-10 жас аралығындағы қатысушылар 1 шақырым, ал 11-14 жастағылар күрделірек элементтері бар 2 шақырымдық қашықтықты еңсерді. 15 жастан асқан жасөспірімдер 3 шақырымдық ересектерге арналған дистанцияға шыға алды. Ұйымдастырушылар ата-алалардың келісімімен дайындығы жақсы бүлдіршіндердің де жарысқа қатысуына мүмкіндік берді. Осылайша, ең жас қатысушысы шамамен бес жаста болды.Бұл жарыс өңірдің туризм саласы үшін де маңызды оқиғаға айналды. Алматы облысының Туризм басқармасы мұндай ауқымды спорттық іс-шаралар өңірдегі спорттық және оқиғалық туризмнің дамуына серпін беретінін атап өтті. Өйткені жарысқа спортшылармен бірге олардың отбасы мүшелері мен жанкүйерлері де турист ретінде келеді.Жарыста 5 және 10 шақырымдық қашықтықтар бойынша жеңімпаздар анықталды. «Elite 10» санатында 18-39 жас аралығындағы ерлер арасында бірінші болып 1:16:39 уақытта Ресейден келген Дмитрий Горев мәреге жетті. Одан қазақстандық Алмас Рахымбаев небәрі 59 секундқа қалып, 1:17:38 нәтижесімен екінші орын алды. Үшінші орынға Әли Рахметов ие болды, ол 1:19:54 уақытта келді. Әйелдер арасында ең үздік нәтижені Анастасия Алексеева көрсетті, ол 2:10:25 уақытта жарыс мәресін сызды.«Elite 5» санатында ерлер арасында Қырғызстан өкілі Арсений Шашичев 59:55 нәтижесімен жеңіске жетті. Қазақстандық Дархан Сүйімбаев 1:00:53 нәтижесімен екінші орын алса, Әшім Жұмабеков 1:03:20 нәтижесімен үшінші орыннан көрінді. Әйелдер арасында қашықтықты ең жылдам бағындырған қазақстандық Олеся Грязнова болды, ол 2:17:25 уақытта келді.«Elite 10 (40+)» санатында ерлер арасында жеңісті Ильназ Басыров 1:25:31 нәтижесімен жеңіп алды. Әйелдер арасында Анастасия Цехотская 2:34:37 нәтижесімен үздік атанды. 5 шақырымдық командалық жарыста Sprint Club Almaty, ал 10 шақырымдық командалық сайыста Jaubasar Almaty жеңімпаз болды.Basqaru Race Nation Kazakhstan 2026 жарысының жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құрады. Іс-шараны «Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.Жалпы Race Nation жарысы Қазақстанда 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде кейбір қатысушылар балалар арасындағы жарыстардан бастап, толыққанды ересектер арасындағы бәсекелі қашықтықтарға дейінгі жолдан өтті.Еске салайық, 23 тамызда Қазақстанда еліміздің жаңа Парламенті — Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1271530?lang=ru