Enbekshi QazaQ

Қуқық

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті 15.04.2025
Қазақ ұлттық хореография академиясында Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық жас хореографтар фестиваль-конкурсы өтті. Байқауға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстанның ұжымдары қатысты.Фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен өтті. Аталған қордың арқасында ТМД елдерінің шығармашыл жастарын біріктіретін осындай бірегей халықаралық жобалар ұйымдастырылуда.Фестивальдің жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов министр Аида Балаеваның құттықтау сөзін оқыды.«Бүгінгі байқау тек шығармашылық жарыс емес, жас әртістердің өнер арқылы ата-бабаларының ерлігіне құрмет пен ризашылық білдіруге мүмкіндік беретін маңызды оқиға», – делінген құттықтау хатта.Гала-концерт барысында фестиваль жеңімпаздарының есімдері жарияланды:- Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанованың жүлдесін Анастасия Третьякова (Қазан, Ресей) иеленді.- «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриеваның жүлдесі – Абай Юсуповқа (Астана, Қазақстан) берілді.- «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың жүлдесі – Елизавета Трашковаға (Ташкент, Өзбекстан) табысталды.- Қазақстан халқы Ассамблеясының жүлдесі – Давид Компанецке (Астана, Қазақстан) берілді.- «Astana Tourism» Туризмді Дамыту Орталығының жүлдесі — Ирина Капустинаға (Минск, Беларусь) табысталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/974492?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА ЕКІ ТҮРЛІ ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫ ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ 15.04.2025
Сонымен қатар, Қазақстан аймағының климаттық жағдайларын ескере отырып, автомобиль жолдарына түсетін салмақ шарттарын анықтауға болады.Өнертабыс эксперименттік механика түріне жатады. Эксперимент қорытындыларын жол саласымен қатар басқа салаларға да қолдануға болады. Ұсынылған құрылғылар материалдардың созылу кезіндегі механикалық сипаттамасын анықтауға арналған. Сондықтан, осы тектес циклды, үнемі немесе сатылап түсетін салмақтан болатын сырғығыштыққа және ұдайы жылдамдық салмағынан болатын өзгерістерге қатысты да зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.Құрылғылардың айырмашылығы тек қана зерттелетін үлгінің жұмыс температурасына байланысты, яғни ҚҰРЫЛҒЫ-1 зерттеулерді -30 ±1ºС  до +20 ±1ºС температурасында жүргізсе, ҚҰРЫЛҒЫ-2 +20 ±1ºС до +60 ±1ºС температураларында жүргізеді. Басқа айырмашылығы жоқ, сынақтардың жүргізілуі бірдей.Себебі, сырғығыштық пен релаксацияға сынақ жүргізу — тұтқыр серпімді материалдардың механикалық сипатын анықтаудың негізгі әдістемесі екендігі баршаға мәлім.Асфальтбетон автомобиль жол жамылғысы құрылымының негізгі материалдарының бірі болып келеді. Асфальтбетонның механикалық сипаты оған түскен күштің әсеріне, жылдамдығы, ұзақтығы, көлемі мен температурасына қатты тәуелді. Нақты жол жағдайында жол жамылғысының асфальтбетонды қабаттарындағы температура қоршаған орта температурасының өзгеруіне, автокөлік доңғалақтарынан түскен салмаққа, олардың ұзақтығы мен жылдамдығына байланысты көлемді шамада өзгеріп тұрады. Cондықтан, асфальтбетонның механикалық сипатын анықтау барысында жоғарыда аталған факторлар өзгерістерін ескерудің практикалық маңызы зор.Осы жаңа құрылғылар негізінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдарының  жұмыс жағдайының шарттарын жасауға септігін тигізеді.Аталмыш құрылғы өзіндік бастама негізінде құрастырылып, іске қосылды.  Осы өнертабысқа тапсырыс 06.10.2017 жылы  жіберіліп, бүгінгі күні аталған тапсырысқа оң нәтиже берілетіндігі туралы хабарландыру алынды.Қазіргі кезде «ҚазжолҒЗИ» АҚ-да осы аталған жаңа құрылғылардың  көмегімен экспериментті зерттеулер жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/24546?lang=kk
Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады 15.04.2025
Су саласын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесінің II отырысы аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ислам даму банкінің Қазақстандағы өңірлік өкілдігі басшысының міндетін атқарушы Али Хан және БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.Тараптар «Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасын іске асыру бойынша бірлескен жұмысты талқылады. Жобада Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жобаны қоса алғанда, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген. Жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Астана қаласында жүзеге асырылады.Сондай-ақ Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына еліміздің су және өзен бассейндерін зерттеуге, Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы үшін ерте ден қою жүйелерін енгізуді бағалауға және «Қазсушар» кәсіпорнын техникалық жарақтандыруға Ислам даму банкінің грантын бөлу көзделген.Қазіргі уақытта барлық қажетті құжатты әзірлеу және оларды басқа мемлекеттік органдармен келісу жүргізіліп жатыр.«Қысқа мерзім ішінде Үйлестіру кеңесі аясында үлкен жұмыс атқарылды. Ислам даму банкінің инвестициялары Қазақстанның су инфрақұрылымын жетілдіруге көмектеседі. Сонымен қатар біз еліміздің су саласын дамыту жобаларына жаңа серіктестер тарту үшін БҰҰ Даму бағдарламасымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», - деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/974256?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ПАВЛОВНИЯ АҒАШЫНЫҢ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҒЫ АШЫЛДЫ 15.04.2025
Түркістан облысы, Жетісай ауданында 1 гектар аумақ тұқымбаққа павловния ағашын дән арқылы өсіру ісі қолға алынып отыр.Биыл Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен өңірдегі аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар көше бойларына және қала, кент, ауылдық округтерде 40 мыңнан астам тал отырғызылды. Соның 1 мыңға жуығынпавловния көшеттері құрап отыр.Жалпы павловния ағашы Шығыс Азияның тропиктік аймағында көптеп кездеседі.Табиғи жағдайда Қытайда өсіріледі. Күншығыс елінде бүгінде бұл ағаштың 10-ға жуық түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 метерге жуықтайды.Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді гүлшоғыры гүлдейді. Гүлдері күлгін-қызғылт түсті болады.Бұдан басқа, алдағы жылы ауданда 1 гектар жерге зәйтүн ағашын отырғызу жұмыстары басталмақ. Қазіргі таңда 1 гектар аумаққақажетті зәйтүн көшеттері жылыжайдағы құтыларға отырғызылып, арнайы күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда. Мамандар бұл зәйтүн көшеттерін көршілес Өзбекстан Республикасынан алып келген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/24350?lang=kk
Министрлік Милан Олимпиадасына дайындық аясында үздік спортшылармен кездесу өткізді 15.04.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов еліміздің қысқы спорт түрлеріндегі үздік өкілдерінің бірі – шорт-трекші Денис Никиша мен мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровпен кездесті. Кездесуде 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға дайындық мәселелері пысықталып, Қазақстан құрамасының әлеуетін күшейтуге бағытталған арнайы жұмыс жоспары талқыланды.Әңгіме барысында Ербол Мырзабосынов Милан Олимпиадасына 303 күн қалғанын, 2024/25 жылғы қысқы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінген кейбір спорт түрлерінің спортшылары қысқы Олимпиада лицензиясына үміткер ретінде іріктеліп алынғанын атап өтті.Денис Никиша мен Михаил Шайдоров – соңғы маусымда әлемдік аренада жоғары нәтиже көрсетіп жүрген спортшылар. Денис биыл шорт-тректен екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Михаил мәнерлеп сырғанауда төрт құрлық чемпионатында – алтын, әлем чемпионатында күміс медаль олжалап, ел абыройын асқақтатты.Министрлік алдағы қысқы Олимпия ойындарына үміткер спортшылардың дайындығын жан-жақты қолдауға ниетті. Бұл қолдау – тек спорттық базалармен қамтамасыз ету немесе оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырумен шектелмейді. Әрбір спортшының жеке ерекшелігі, спорттық күнтізбесі мен қалпына келу процесі ескеріліп, жеке бағдарлама бойынша кешенді қолдау көрсетіледі. Оған медициналық, психологиялық, аналитикалық және әдістемелік сүйемелдеу де кіреді.Кездесу соңында министр екі спортшының маусымдағы жоғары нәтижесін ерекше атап өтіп, алда тұрған басты мақсат – Милан Олимпиадасында табысты өнер көрсету екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974083?lang=kk
Былтыр туристік сала тұрақты өсім көрсетті – туризм министрлігінің өкілі 15.04.2025
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, өткен жылы ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 900 мыңға артқан.«Жалпы, елімізге әртүрлі мақсатта 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Бұл жерде жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендер есепке алынбаған. Оның ішінде 10,4 млн адам елімізде 1 күннен астам уақыт өткізді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Жалпы статистика жүйесін жетілдіру үшін келешекте ұялы байланыс операторларының деректерін, банк карталарының транзакциялары негізіндегі туристердің шығындары туралы ақпаратты пайдалану жоспарлануда. Бұл туризмді дамыту, сондай-ақ туристердің шығындарының көлеміне сәйкес мақсатты нарықтарды анықтап, ілгерілету бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974077?lang=kk
Туризм министрлігі әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынып отыр 15.04.2025
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжановтың айтуынша, оқиғалық туризмді дамыту үшін Қазақстан.трэвел туристік порталында іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Оған туристерді қызықтыратын әр түрлі форматтағы іс-шаралар кіреді.«2024 жылы осы күнтізбеге 137 іс-шара енгізіліп, оның 80%-ы Астана мен Алматыда өтті. Министрлік бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдармен бірге одан әрі жалғастырады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.Оның айтуынша, іс-шаралар дәстүрге айналған әрі жұртшылық асыға күтетіндей болуы керек.«Осыған орай әр аймақта туристерді тартатын жылына кем дегенде бір ауқымды іс-шара өткізуді ұсынды. Бұл әр өңірдің туризмін ілгерілетуге оң әсер береді», - деді ТСМ өкілі. @ortcom_kz #CCSАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/974072?lang=kk
АСТАНАДА 500 STARTUPS ЖӘНЕ INNOPOLIS UNIVERSITY-ДЕ ЖЕТЕКШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР МЕН АКСЕЛЕРАТОРЛАР МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗДІ 15.04.2025
Шақырылған спикерлер табысты кейстердің тәжірибесімен бөлісті және стартаптарды құрудың ең инновациялық тәсілдерін айтып берді.Мастер-класс спикерлері табысты кәсіпкерге басшылыққа алуға қажетті құралдар туралы, стартаптың табысты дамуы үшін Индустрия 4.0 технологиясын қалай қолдану туралы, стартаптар үшін маркетингтің қандай стратегиялары және сатылымдары ең тиімді екендігін және 500 Startups акселераторына қалай кіру керектігін және Силикон алқабында инвестицияларды қалай тарту екендігі туралы айтып берді.Спикерлердің бірі - әлемнің 60 елінде 500-ден астам компанияны инвестициялаған 500 Startups акслераторының серіктесі Марвин Лиао айтқандай, табысты стартап-жобасының дамуында негізгі сәт-қызметтерді тұтынушылардан кері байланыстыалу болып табылады.«Сіздің әлеуетті клиентіңіз бен үнемі сөйлесіп, кері байланыс іздеңіз. Осының арқасында Сіз сіздің бизнесіңіз қандай кезеңде екенін, кемшіліктерді уақытында жою үшін жобада қандай қиыншылықтар бар екендігін әрдайым біле аласыз», - деп атап өтті Марвин Лиао.Сондай-ақ, Yahoo-ның бұрынғы коммерциялық директоры өз бизнесі саласында беталыстар мен трендтерді бақылау қажеттілігін атап өтті. Мұндай тәсіл клиенттер үшін дұрыс өнім таңдауға, оны уақытында жақсартуға көмектеседі және өз жобаңыздың қызметтерін қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы нақты түсінік береді.Health IT- да ең ықпалды әйелдер рейтингісінің 10-дығына кіретін Татьяна Канзавеллидің пікірі бойынша, стартап жобасын жасау кезінде әріптестердің не үшін қажет екенін анық білу керек.«Мен әрдайымсіз әріптесіз деген кезде, сізде үш слайд болуы керек деп айтамын. Біріншіде серіктеспен ынтымақтастықтың сізге әкелетін пайдасы туралы ақпарат. Екіншіде – сіз осы серіктестерге қандай пайда әкелесіз, оларға сіз не үшін қажетсіз. Үшінші слайд - сіздің серіктесіңізбен ынтымақтастығыңыз ортақ клиенттерге не береді. Егер сіздің компанияңызда осы үш сұраққа жауап болмаса, онда ынтымақтастық туралы ешқандай мәселе болмайды, өйткені табысты бизнес дәл осылай жұмыс істейді»,-  деп есептейді 500 Startups акселераторының тәлімгері, Кремний алқабының инвесторы, Open Health Network IT-стартабының негізін қалаушы.Сондай-ақ, мастер-класста өзінің стартап-идеяларымен тәжірибе жүргізу маңыздылығы туралы айтылды. Innopolis University тәлімгері, e-commerce және B2B саласындағы көптеген сәтті ғаламтор-стартаптардың негізін қалаушыМихаил Свердлов атап өткендей, тәжірибе неғұрлым көп болса, соғұрлым сәттілікке мүмкіндік көп болады. Бұдан басқа, спикер барлық стартаптардың мақсаты үздіксіз қозғалыс екенін айтады, «идея табысты бизнеске айналу  үшін дамуы керек».Мастер-класс технологиялық кәсіпкерліктің құзыреттілігін арттыру, технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылықты ынталандыру және инновациялық стартаптарды дамыту мақсатында өткізілді.Іс-шараның көрсетілімінің жазылуын Агенттіктің Youtube каналында көруге болады (https://www.youtube.com/watch?v=y9waVhvuTu0).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23928?lang=kk
Мемлекет басшысы Көлік министрі Марат Қарабаевты қабылдады 15.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.Марат Қарабаевтың айтуынша, былтыр көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6 пайызға өскен. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдау 62 пайызға ұлғайып, 4,5 миллион тоннаны құрады. Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды. 12 мың шақырым жол жөнделді. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталды.Министрдің мәліметінше, отандық әуе компаниялары 14,7 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл сектордағы көрсеткіш 10 пайызға ұлғайған. Әуежайларда 29,7 миллион адамға қызмет көрсетілген, яғни 14 пайызға артқан. Теміржол көлігімен 21 миллион жолаушы тасымалданып, өсім 3,9 пайызды құраған.Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл ведомствоның Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отырғаны жөнінде баяндалды. Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды. Сонымен қатар 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Достық – Мойынты, Алматы айналма теміржолы, Дарбаза – Мақтаарал, Аягөз – Бақты және Қызылжар – Мойынты секілді 5 ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр.Кездесу соңында Президент қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.Мемлекет басшысы Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдету, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейту, көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді.Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызына ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/973677?lang=kk
Шығыс Қазақстан облыстық Әуесқой бокс федерациясының президенті тағайындалды 15.04.2025
ШҚО-да облыстық Әуесқой бокс федерациясының президентін сайлау рәсімі өттіСайлаушылардың басым дауысымен бұл қызметке Өскемен қаласының тумасы, «VK development group» ЖШС директоры Бахтыбаев Айдос Кабдуллович лайық деп танылды. Қазіргі уақытта «VK Development group» компаниясы құрылыс материалдарын өндіру, ішкі туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру сияқты салаларды белсенді дамытуда.Кәсіпкерлік қызметтегі жетістіктері үшін Айдос Бахтыбаев бірнеше рет ШҚО құрылысшылар қауымдастығы мен облыс әкімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Ол «Құрмет» және «Құрмет құрылыс» төсбелгілерінің иегері. 2022 жылы «Сала мақтанышы» номинациясы бойынша Ұлттық бизнес-рейтингтің көшбасшысы атанды, 2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қайырымдылық саласындағы «Қайырымдылық үшін» сыйлығын алды.ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Айдос Бахтыбаевты құттықтап, жаңа салада жемісті қызмет, толағай табыстар тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/973672?lang=kk
Алматының Түрксіб ауданында биыл 37 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі 15.04.2025
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жол және көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтты.Қала басшысы 2024 жылы ауданның 38 көшесінде жалпы ұзындығы 39,6 км жолға орташа жөндеу жүргізілгенін, ал 2025 жылы 37 көшеде тағы 51 км жолды орташа жөндеу жоспарланғанын хабарлады.Сонымен қатар, былтыр 40 мың шаршы метр жол жабыны қалпына келтіріліп, 200 «қалқымалы» люк орнатылды. Биыл тағы 30 мың шаршы метр жолды жөндеп, 200 люк орнату жоспарланған. Бұған қоса, 2024 жылы Әлмерек және Қайрат шағын аудандарында 13 көшеде тротуар мен арық жүйесін толық орната отырып, 13 км жаңа жол салынды. Ал Жас Қанат шағын ауданында 19 көшеде 3,5 км жаңа жол құрылысы мамыр айында басталады.«Биыл 90 жер учаскесін сатып алғаннан кейін Қайрат шағын ауданынан Талғар тас жолына дейін Хмельницкий көшесін ұзарту жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, биылғы тамызда Ержанов көшесі бойымен теміржол арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтауды көздеп отырмыз», - деді Ерболат Досаев.Алматы әкімі қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында 2024 жылы Түрксіб ауданына қызмет көрсететін 10 маршрутта (№27, 34, 47, 50, 79, 86, 92, 113, 120, 129) 195 жаңа автобустың жаңартылғанын да хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973660?lang=kk
2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 54 км-ден астам электр желілері жаңғыртылады 15.04.2025
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев электр желілерін салу және жаңғырту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады. Бұл шаралар электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және тұрғын алаптарында жиі болатын апаттарды жоюға бағытталған.2024 жылы Қайрат шағын ауданында 55,5 км кабель желілері тартылып, 22 трансформаторлық қосалқы станция мен 1 тарату пункті орнатылды. Бұл шаралар ауданның электрмен қамту сапасын айтарлықтай жақсартып, апаттық жағдайда өшудің санын азайтуға мүмкіндік берді.Бұған қоса, 2025 жылдың мамырына дейін Әлмерек және Нұршашқан шағын аудандарында 54,5 км электр желілері мен 16 трансформаторлық қосалқы станцияны жаңғырту жұмыстары аяқталады.Қайрат және Нұршашқан шағын аудандары тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы жаңа «Тұздыбастау» қосалқы станциясы салынды. Нысанды пайдалануға беру биыл мамыр айына жоспарланған. Қазір «Тұздыбастау» қосалқы станциясын «Бесағаш» қосалқы станциясымен байланыстыратын 7,8 км кабель желілерін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы аудан тұрғындарын тұрақты электрмен қамтамасыз етеді және болашақта инфрақұрылымды дамытуға негіз болады.Жалпы, қалада инженерлік желілерді жаңғырту және қайта құру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуы 52,9%-ға, су бұру желілерінің тозуы 53,9%-ға, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 63,3%-ға дейін төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973649?lang=kk
2025 жылы Алматының Түрксіб ауданында 8 км жылу желілері жаңғыртылады 15.04.2025
Түрксіб ауданында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқын алған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, аудандағы жылу желілерінің тозу деңгейі шамамен 80%, сондықтан оларды жаңарту басты міндеттің бірі.2024 жылы екі негізгі учаскеде 2,1 км жылу желісінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды: Спасск көшесінде (Нұрсая көшесінен Урицкий көшесіне дейін) және Сүйінбай көшесінде (Бекмаханов көшесінен Гаршин көшесіне дейін). Бұл жұмыстар осы аумақтардағы жылумен қамту сенімділігін айтарлықтай арттырып, жылу шығынын азайтуға мүмкіндік берді.2025 жылы тағы 8,1 км жылу желілерін ауқымды түрде жаңарту жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, жұмыс Майлин көшесінде – Наманганская көшесінен Монтажная көшесіне дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жаңғырту жұмыстары Сейфуллин даңғылы бойында – Ақан сері көшесінен Котельников көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту қарастырылған.Айта кетейік, жылу желілерін жаңарту Алматы қаласындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973613?lang=kk
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды 15.04.2025
Қызылорда қаласының сол жағалауында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қолдауымен бой көтеретін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланып, капсуласы салынды. Рәсімге «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, қала әкімі, жауапты сала басшылары, тұрғындар қатысты. Жалпы ауданы 3300 шаршы метрлік ғимарат құрылысына жауапты бас мердігер «РиА Сервис ЛТД», техникалық қадағалаушы «Құрылыс контроль» серіктестіктері нысанды қыркүйек айында пайдалануға беруді жоспарлаған.Мұнда тұрғындар дене шынықтырып, спорт резерві даярланады және жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу процесі ұйымдастырылады. Кешеннің басты ерекшелігі – мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалатындығында. Жобаның мақсаты – тек дене шынықтыру мен сауықтыру ғана емес, тұрғындар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973611?lang=kk
Реновация бағдарламасы: Алматыдағы ескі үйлердің 40%-дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан 15.04.2025
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы ескі тұрғын үйлерді реновациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Бүгінде Алматыда 1 366 ескі үй бар, оның 40% - дан астамы Түрксіб ауданында орналасқан.«Өткен жылы Кассин және Сауранбаев көшелерінде 13 жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Алтай - 2 шағын ауданында 6 бұзылған үйдің орнына тоғыз қабатты 3 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Сауранбаев көшесінде 3 үйді бұзу жоспарланып отыр, одан кейін 8 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынады», - деді Ерболат Досаев.Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігі 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарламада 676 ескі үйді реновациялау қарастырылған. Тектоникалық ақауларда орналасқан қаңқалы-қамысты үйлер мен ғимараттарды бұзуға баса назар аударылады.Бағдарламаның негізгі қағидаты-құрылысты тоқсандық жүргізу. Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық ескі тұрғын үй иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте меншік иелеріне «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша айырбастау немесе нарықтық құны бойынша ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/973608?lang=kk
Қайратбек Бершімбеков: өмірін ауыл шаруашылығына арнаған жан 15.04.2025
Қайратбек Сембіұлы Бершімбеков — еңбексүйгіштік, табандылық және туған жерге деген шексіз махаббатпен тығыз байланысты есім.Ол 1961 жылы Талдықорған облысы, Покатиловка ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін Талғар ауыл шаруашылығы техникумына түсіп, агроном мамандығын иеленді. Еңбек жолын «Қызыл Октябрь» совхозында агроном болып бастады. Екі жылдан кейін көкөніс шаруашылығы бригадасының бригадирінің көмекшісі қызметіне көтерілді, ал 1987 жылы «Көкөніс өсіруші» кооперативінің төрағасы болып тағайындалды.1999 жылдан бастап ол «Арлан» шаруа қожалығын басқарып келеді. Қожалық егін және мал шаруашылығын қатар дамытып, екі бағытта да елеулі табыстарға қол жеткізді. Әсіресе, асыл тұқымды мал өсіруге ерекше көңіл бөледі — шаруашылықта қазақтың ақбас ірі қара тұқымы өсіріледі.Қайратбек Сембіұлы Германия мен АҚШ елдерінде оқып, тәжірибеден өтіп, заманауи аграрлық технологиялар мен басқару тәсілдерін меңгерді. Шетелдік тәжірибені шаруашылығында сәтті қолданып, өндірістің тиімділігін арттырып, бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етті.Отбасы — әрқашан оның басты тірегі. Жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеп өсірді, бүгінде олар немере сүйіп, ардақты ата мен әже ретінде өмірден ләззат алып отыр.Қайратбек Сембіұлы ауылдастары мен әріптестері арасында зор құрметке ие. Оның адал еңбегімен, кәсібіне деген шынайы сүйіспеншілігімен, туған жерге деген жанашырлығымен өрілген өмір жолы — жас ұрпаққа үлгі, шынайы еңбек құндылықтарына сенетін әрбір жанға бағыт-бағдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/973491?lang=kk
Алматының жоғары оқу орындарында гранттар бойынша білім алу үшін құжаттар қабылдау басталды 15.04.2025
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана беріледі.Білім грантын алу жөніндегі байқауға қатысу үшін құжаттарды Алматы қаласындағы таңдаған оқу орындарының қабылдау комиссияларына өткізу қажет.Білім грантын иеленгендердің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Алматы қаласы Білім басқармасының интернет-ресурсында жарияланады.ЖОО-ның және мамандықтардың тізіміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/23566?lang=kk
Жүргізуші куәліктері туралы 15.04.2025
Әлеуметтік желілерде 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажет екені, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат таралуда. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.- Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат. Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді.Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы ескертеміз, - деді ІІМ әкімішілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/973359?lang=kk
Шығыс Қазақстанда салынып жатқан Гематология орталығына Денсаулық сақтау министрі келді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі медициналық нысандарды аралап, болашақ мамандарды дайындайтын оқу орындарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар елімізде баламасы жоқ гематологиялық орталықтың құрылыс барысын бағалады.Өскемендегі медициналық колледжде министр оқу кабинеттерін, практикалық дайындыққа арналған құрал-жабдықтарды қарап шықты. Оқытушылар және студенттермен кездесуде Ақмарал Әлназарова медицина білімінде болатын алдағы өзгерістерге тоқталды. Кездесуде оқу бағдарламаларын жаңарту, тәжірибеге негізделген оқытуды күшейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру, өңірдегі медициналық мекемелермен өзара іс-қимыл және білім беру процесін жетілдіру ұсыныстары талқыланды. Студенттер интернатурадан өту жағдайларын жақсарту мен жас мамандардың жалақысы туралы сұрақтар қойды.Өскемен қалалық №2 емханасында министр алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасымен танысып, жалпы практика дәрігерлерінің кабинеттерін аралады. Пациенттермен және медицина қызметкерлерімен тілдесіп, алғашқы медициналық буынның маңыздылығын атап өтті.Құрылыс жүріп жатқан Гематологиялық орталыққа барған Ақмарал Әлназарова жобаның бірегейлігі мен ауқымын ерекше атап өтті. Бұл нысан қан ауруларын анықтау мен емдеудің мүмкіндіктерін өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша кеңейтеді. Құрылыс алаңында Денсаулық сақтау министрі мен ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жобаның негізгі параметрлерін талқылады.– Министрлік өз міндеттемелерін толық орындады: қаржыландыру көлемі қажетті деңгейге жеткізілді, арнайы мемлекеттік қор есебінен қаражат бөлінді. Ендігі міндет – мердігер компанияның құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтауы, – деді министр.Жаңа жоғары технологиялы гематологиялық орталық бірнеше корпустан тұрып, түрлі бағытта қызмет көрсететін болады. Нысан іске қосылған соң өңірде ғана емес, республика бойынша медициналық көмектің сапасы едәуір артады.– Бұл орталық өңірдің медициналық инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналады. Енді тұрғындар арнайы, жоғары білікті көмекті алу үшін елордаға немесе ірі қалаларға баруға мәжбүр болмайды. Құрылыс барысы – менің жеке бақылауымда, – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/973345?lang=kk
«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ АСТАНАДА ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Форум екі елдің басшылары – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бейнеүндеуімен басталды.Бизнес-форумда ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қытай Халық Республикасының Коммерция вице-министрі Жэнь Хунбин, екі елдің ұлттық компанияларының, сыртқы сауда палаталарының басшылары және ірі бизнес өкілдері баяндама жасады.Жеңіс Қасымбек атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр еуразиялық көлік дәлізін дамыту мен тасымалдар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолының экономикалық белдеуін» құру туралы ынтымақтастық Жоспарына қол қойылды.Бұл жоспарды іске асыру біздің елдеріміздің географиялық орналасуының артықшылықтарын толығымен пайдалануды, ескі және жаңа автожолдар мен теміржолдарды реконструкциялауды, Қытайдан ЕО-ға дейінгі аумақта халықаралық логистикалық орталықтардың және хабтардың заманауи желісін құруды және сауда-саттықты арттыруды қамтамасыз етеді.«5 жылда біз Ляньюньган портын, Қытай шекарасындағы Қорғас құрғақ портын, Каспий теңізіндегі Ақтау портын, Орталық Азия елдерін Парсы шығанағымен және Иранның оңтүстігіндегі Бендер Аббас портымен байланыстыратын жалпы ұзақтығы 900 шақырым болатын «Қазақстан - Түрікменстан - Иран» теміржол дәлізін, бір бөлігі Қазақстанның аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі сияқты бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды пайдалануға бердік», - деді министр Жеңіс Қасымбек.Сонымен қатар, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық аясындағы жалпы Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын жүзеге асыру белсенді түрде іске асырылуда. Оған жалпы құны 27 млрд. АҚШ долларынан асатын 51 жоба кіреді. Бұл жобаларды іске асыру арқылы 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.ҚР Инвестициялар және даму министрі сәтті іске асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы да айтты.«2017 жылы әлемдегі ең ірі логистикалық компания «COSCO Shipping» Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА-дағы «Құрғақ порттың» 49% үлесін сатып алды. Қостанай облысында JAC автомобильдерін шығару жобасы жүзеге асырылды, Павлодар облысындағы полипропилен ұнтағын өндіру, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында рапс майын өндіру жобалары сәтті жүзеге асты», - деді министр.Қазіргі уақытта Қытай Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестиция құю жөнінен көшбасшылардың бірі. Соңғы 10 жылда көрші мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларға 15 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды. Қытай компаниялары еліміздегі индустрия саласына және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді түрде атсалысуда.2017 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналым 30%-дан асып, 10,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Айта кету керек, «Бір белдеу – бір жол» Ұлы Жібек Жолын  дамыту идеясын алғаш рет Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин айтқан болатын.Сонымен қатар, бизнес-форум аясында Қазақстан мен ҚХР арасындағы нақты инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірқатар екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23462?lang=kk