Қуқық
Cырдарияның жағалауы қауіпсіз әрі таза болуы керек 04.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы бірқатар нысанды аралап шықты. Алдымен Президент саябағындағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын көрді. Заманауи демалыс аймағында субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол мен футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орналасқан.Мұнда 15 түрлі 2018 түп ағаш көшеті, 16 түрлі 53 189 түп бұта және 17 түрлі 54 546 көпжылдық гүл көшеті отырғызылып, 2,7 гектарға газон төселген. Жасыл желек спринклерлік және тамшылату жүйелері арқылы суарылады.Жалпы аумағы 30,94 гектар саябақтың 32,07 пайызы абаттандырылған, 64,8 пайызы көгалдандырылған, 1,66 пайызында қосымша ғимараттар мен құрылыстар, 1,47 пайызында субұрқақтар орналасқан.Одан кейін аймақ басшысы тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттік жер қорына қайтарылатын учаскелерге барып, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстарымен танысты. Жобаны «Қаратас Майнинг», авторлық қадағалауды «Geopsd kzo», техникалық қадағалауды «Орда-S» серіктестіктері жүзеге асыруда. Оған 2 млрд 996 млн теңге бөлінген, 2756 метр екі жолақты жаяу жүргінші және велосипед жолы салынып, асфальтбетон жабындысы төселеді. Сонымен бірге, 2928 метрлік қорғаныс бөгетінің еңісі нығайтылады. Бұл жағалауды су тасқыны мен шайылудан қорғайды.Сыртқы жарықтандыру жүйесі, 2848 метр электр желісі тартылады және 110 жарықтандыру тірегі орнатылады.Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2670 метр металл қоршау, демалыс аймақтарына орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242728?lang=ru
Қарулы күштерде құқық бұзушылықтар туралы өтініш берудің цифрлық жүйесі енгізілді 04.07.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Цифрлық профилактика» ведомствоаралық бағдарламасы аясында әскери қызметшілерге арналған өтініштерді қабылдаудың цифрлық жүйесін енгізді.Жаңа сервис әскери қызметшілердің құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери ұжымдарда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.Цифрлық жүйенің көмегімен әскери қызметшілер күш қолдану, заңсыз ақша жинау, психологиялық қысым көрсету және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер туралы жедел түрде хабарлай алады.Келіп түскен өтініштерге қатысты уақтылы әрекет ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясы бас басқармасында бірыңғай «Жедел желі» Call-орталығы жұмыс істейді.Әрбір келіп түскен хабарлама белгіленген тәртіппен қаралып, тиісті шаралар қабылданады.– Профилактиканың цифрлық құралдарын енгізу әскери тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери қызметті қауіпсіз өткеруге жағдай жасайды, – деді ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының профилактика басқармасының бастығы подполковник Әділхан Қалиев.Сондай-ақ ол әскери қызметшілер заң бұзушылық фактілеріне бейжай қарамауы және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уәкілетті органдарға дер кезінде хабарлауы тиіс екенін атап өтті.Өтініштерге жедел әрекет ету құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың бастапқы кезеңде жолын кесуге және әскери ұжымдарда заңдылық пен құқықтық тәртіптің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Өтініштер келесі нөмір бойынша қабылданады: +7 700 081 11 19.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1242496?lang=ru
ҰЭМ отандық өндіріс үшін импортталатын тауарлардың тізімін жаңартуды жоспарлап отыр 04.07.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі отандық кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін импортталатын шикізат тізбесін кеңейтетін түзетулер әзірледі, яғни импортқа ҚҚС төлеуді кезінде кейінге қалдыру беріледі. Өзгерістер елдің өңдеу және химия өнеркәсібін қолдауға бағытталған.Бұйрық жобасы қазақстандық өнімді, оның ішінде пестицидтерді шығару үшін қажетті шикізат пен компоненттердің қосымша позицияларының тізіміне енгізуді көздейді. Сонымен қатар, ҰЭМ осы шараға құқығы бар салық төлеушілердің тізімін өзектендіреді.Бұл ретте өндірісі ел ішінде толығымен жолға қойылған тауарларды қолданыстағы тізбелерден алып тастау жоспарлануда. Түзетулер «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 126 бұйрығына енгізіледі.Жобаны қабылдау қайта өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ қолданыстағы тауарлар мен салық төлеушілердің тізбелерінің өзектілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін келесі сілтеме бойынша орналастырылды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15851138Талқылау 2026 жылғы 2 шілдеге дейін жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1242468?lang=ru
Қостанай облысы – Қазақстанның индустриялық дамуының негізгі драйверлерінің бірі 04.07.2026
Қостанай облысы бүгінде еліміздің жетекші индустриялық өңірлерінің бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Өңір экономикасының негізін өңдеу өнеркәсібі құрайды. Оның үлесіне жалпы өнеркәсіп өндірісінің 70 пайыздан астамы тиесілі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі бойынша республикада төртінші орынға ие болды.Өңір экономикасының негізгі қозғаушы күштері – машина жасау және металлургия салалары. Бүгінде машина жасау өндірісі облыстың өңдеу өнеркәсібінің жартысына жуығын құрайды. Қостанай облысы еліміздің автомобиль жасау орталығына айналып келеді. Қазақстанда шығарылатын барлық автокөліктің 55 пайыздан астамы дәл осы өңірде өндіріледі. Өткен жылы облыс кәсіпорындары 95 мыңға жуық автокөлік шығарса, биыл бұл көрсеткішті 116 мыңнан астам бірлікке жеткізу жоспарланып отыр.Автомобиль жасау саласының көшбасшылары қатарында «СарыарқаАвтоПром» және «KIA Qazaqstan» зауыттары бар. Сонымен қатар облыста ауыл шаруашылығы машина жасау саласы да қарқынды дамуда. Өңірде әлемге танымал LOVOL, Deutz-Fahr, AMAZONE брендтерінің техникалары, сондай-ақ «Кировец» және «Белорус» тракторлары құрастырылуда. Маңызды жобалардың бірі – Қостанайдағы локализациялық орталық базасында John Deere техникасын өнеркәсіптік құрастыру жөніндегі келісімнің жасалуы.Өңір экономикасына металлургия саласы да қомақты үлес қосуда. Қостанай облысында болат прокаты мен «Доре» қорытпасын өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша металлургиялық өндіріс көлемі 416 млрд теңгеден асты.Өнеркәсіптің тұрақты дамуы өндіріс көлемінің артуына, экспорттық әлеуеттің кеңеюіне және жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашуда. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының тұрақтылығын арттырып, оның бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.Соңғы жылдардағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі – Мемлекет басшысының қатысуымен іске қосылған Қостанайдағы KIA Qazaqstan автозауыты. Жобаның жалпы құны 131,5 млрд теңгені құрады, оның 90 пайызы – тікелей шетелдік инвестициялар. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлік шығаруға мүмкіндік береді. Жоба аясында 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады.Бүгінде зауыт төңірегінде автокомпоненттер өндірісінің тұтас кластері қалыптасуда. Соның бірі – құны 17,8 млрд теңгені құрайтын TEHNOPARK KZ жобасы. Жоба аясында 800 жаңа жұмыс орны құрылып, KIA автокөліктеріне арналған бамперлер, салон элементтері, орындықтар, электр сымдары және басқа да бөлшектер өндіріледі. Сонымен қатар технологиялық жабдықтарды дамытуға қосымша 49,4 млрд теңге инвестиция салу жоспарланған.Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда KamLit KZ компаниясының жобалары да ерекше орын алады. Өткен жылы жалпы құны 160,5 млрд теңгені құрайтын екі жаңа кәсіпорын іске қосылды. Нәтижесінде 650 жұмыс орны ашылды. Кәсіпорындар жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіруге және жетекші көпір арқалықтарын локализациялауға маманданған.Жалпы алғанда, 2025 жылы Қостанай облысында құны 322 млрд теңгені құрайтын жеті ірі индустриялық жоба іске асырылып, 3,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Ал 2026 жылы жалпы құны шамамен 100 млрд теңгені құрайтын тағы 13 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Қостанай ауданында форель өсіретін және балық өңдейтін кешен салу жоспарланған. Бұл жоба облыс тұрғындарының балық өнімдеріне деген сұранысының шамамен 30 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыйымдылығы 5,2 мың тонналық заманауи көкөніс қоймасы салынбақ.Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында да ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында Рудный қаласында жылына 200 мың тонна өнім өндіретін қант зауытының, Лисаков қаласында қуаттылығы 174 мың тонна болатын май экстракциялау зауытының және дәнді және майлы дақылдарды өңдеу кешенінің құрылысы бар.Өңірдің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтуде Қостанай қаласында жүзеге асырылатын «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің маңызы зор. Жобаның инвестициялық көлемі 63,8 млрд теңгені құрайды. Кешен іске қосылғаннан кейін 500 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 400 мың контейнерге дейін өңдеу мүмкіндігіне ие болады.Индустриялық, аграрлық және инфрақұрылымдық жобаларды жүйелі түрде іске асыру Қостанай облысының еліміздің экономикалық өсімінің негізгі тіректерінің бірі ретіндегі рөлін күшейтіп келеді. Жаңа өндірістердің ашылуы, инвестициялардың тартылуы және мыңдаған жұмыс орындарының құрылуы өңірдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға берік негіз қалыптастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1242285?lang=ru
Қазақстан мен Түркия халықаралық құқық мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілігін растады 04.07.2026
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы халықаралық-құқықтық мәселелер бойынша консультациялардың кезекті раунды өтті.Қазақстан тарапынан ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінің директоры Дастан Сүлейменов, түрік тарапынан Түркия Республикасы СІМ Халықаралық құқық және шарттар департаментінің бас директоры Фират Сүнел қатысты.Екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасының қазіргі жай-күйі және оны одан әрі жетілдіру перспективалары талқыланды.Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың құқықтық аспектілерін талқылап, халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Консультациялар конструктивті ахуалда өтіп, екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының құқықтық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілікті растады.Тараптардың келісімі бойынша консультациялардың келесі раунды Қазақстан Республикасында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1242264?lang=ru
Алғашқы Қазақстан-Испания форумы серіктестікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашты 04.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов және Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің Сыртқы және жаһандық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диего Мартинес Астана қаласында өткен Қазақстан-Испания форумына қатысты.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары екі ел арасындағы белсенді экономикалық ынтымақтастықты атап өтті. Airbus, Maxam, Talgo, Técnicas Reunidas, Glovo, Roca және Inditex сияқты көптеген жетекші испан компаниялары ел нарығында қызмет етуде.А.Исетов көлік пен логистикадан бастап жаңартылатын энергия көздеріне, цифрлық технологияларға, су ресурстарын басқаруға, озық өндіріске және агробизнеске дейінгі ынтымақтастықтың перспективалы салаларын атап өтті. «Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық көпір, ал Испания инфрақұрылым, инновация, тұрақты даму, туризм және өнеркәсіпті жаңғырту салаларында халықаралық деңгейде танылған тәжірибеге ие», – деді министрдің орынбасары.Іс-шараға «Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған стратегиясы: Қазақстан мен Испанияның рөлі», «Қазақстан мен Испания арасындағы тұрақты қалалық инфрақұрылым, логистика және іскерлік ынтымақтастық» және «Туризм және спорт: Қазақстан мен Испаниядағы озық тәжірибелер мен қазіргі қиындықтар» тақырыптарында үш панельдік сессия өтті.Форум туризм, спорт және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың болашағына бағытталды. Іс-шара қорытындысы бойынша екіжақты серіктестікті дамыту үшін белсенді диалогты жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.Өткен жылы Қазақстан мен Испания арасындағы сауда айналымы 1,93 миллиард АҚШ долларын құрағанын атап өткен жөн. 2005 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Испаниядан шамамен 345 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартты. Қазақстанда 35 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1242259?lang=ru
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен СҚО-ға келді 04.07.2026
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары аясында, өңірдегі өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, энергетикалық және агроөнеркәсіптік жобалардың іске асырылу барысымен танысты.✔️ «Петропавл электротехникалық зауыты» трансформаторлар мен олардың құрамдас бөлшектерін өндіруге маманданған. Жобаның жалпы құны 10 млрд теңгені құрайды.✔️ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары сондай-ақ өңірдегі ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі – «ЗИКСТО» ЖШС-нің қызметімен танысты. Кәсіпорын теміржол жылжымалы құрамын өндіреді. 2025 жылы жалпы аумағы 12 мың шаршы метр болатын жаңа зауыттың құрылысы аяқталып, заманауи роботтандырылған технологиялық желі іске қосылды. Жобаның құны 25 млрд теңгені құрайды, 300 жаңа жұмыс орны ашылды.✔️ Сапар барысында Нұрлыбек Нәлібаев CLAAS ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауытының, «Масло-Дел» ЖШС май экстракциялау зауытының, «Зелёный Север» жылыжай кешенінің және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның жұмысымен танысты. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, шикізатты терең өңдеуге және жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге бағытталған.✔️ Энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Петропавл ЖЭО-2-де 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы, сондай-ақ жөндеу және инвестициялық бағдарламалардың іске асырылуы таныстырылды. 2025 жылы инвестициялық бағдарлама көлемі 15 млрд теңгені құраса, ағымдағы жылы 16,2 млрд теңге қарастырылған.✔️ Сонымен қатар Петропавл қаласында Универсальная көшесі бойындағы жол өтпесі жобасы таныстырылды. Жобаны іске асыру қала аудандары арасындағы көлік және жаяу жүргіншілер байланысын жақсартып, көлік ағындарын азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде нысанның дайындық деңгейі 90%-ды құрайды, аяқталуы ағымдағы жылдың тамызына жоспарланған.✔️ Бұдан бөлек, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «Qyzyljar» экопаркі мен «Зенченко және К» КТ-нің заманауи сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты. 8 мың басқа арналған, «Карусель» қондырғысымен жабдықталатын ферма Орталық Азиядағы ең ірі кешендердің біріне айналмақ.Премьер-Министрдің бірінші орынбасары сондай-ақ Новоникольское ауылының әлеуметтік инфрақұрылымын аралап көрді. «Зенченко және К» КТ әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнестің үлгісін көрсетіп отыр: кәсіпорын есебінен Новоникольск ауылында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынған. Соңғы бес жылда әлеуметтік жауапты бизнес ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға 3,2 млрд теңгеден астам инвестиция салған.✔️ Аталған жобалардың іске асырылуы Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1242167?lang=ru
Тұрғындар жеке қабылдауда әлеуметтік мәселелерді көтерді 04.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев азаматтарды кезектілік тәртібімен жеке қабылдады. Бүгінгі қабылдауға 12 адам тіркелсе, олардың екеуі онлайн қосылды.Келушілердің басым бөлігі әлеуметтік қолдау, баспана, көшелерді асфальттау және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.Арал ауданы Сексеуіл кентінің тұрғыны Ақтан батыр және Тәжібаев көшелерін асфальттау туралы айтты. Бұл көшелердің жобалық құжатын әзірлеу 2028 жылға жоспарланған. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 2023 жылы Сексеуіл кентіндегі Ақорда тұйығы орташа жөнделген. Енді тұйықтың балабақшаға дейінгі бөлігін жөндеу алдағы кезеңге межеленген.Қабылдауда «Базис-А» мекемесінің теміржолшыларға арнап салған тұрғын үйлер құрылысын аяқтау мәселесі де көтерілді. Қазір екі пәтерлі 38 тұрғын үйдің 8-і толық бітіп, белгіленген тәртіппен пайдалануға берілген. Қызылорда қаласындағы Әл-Фараби шағын ауданының тұрғыны балалар ойын алаңын салу, жол жөндеу және қоғамдық көлікке қатысты мәселелерді көтерді.Осыған байланысты аталған аумақта балалар ойын алаңын салуға арналған бос жер телімі анықталып, жобаны «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асыру жоспарына енгізу көзделуде.Сондай-ақ бұған дейін Қызылжарма-3 тұйық көшесінің тұрғындары №27 қоғамдық көліктің С. Бәйсейітова көшесінен Қарауылтөбе ауылына жетпей, бұрылыс тұсында аялдауын сұраған еді. Тұрғындардың өтініші қаралып, мәселе оң шешімін тапты.Инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар да жүйелі жүргізілуде. Әл-Фараби шағын ауданынан Қарауылтөбе ауылының шекарасына дейінгі аумақтағы жеті көшенің бесеуінде «Әлем Транс Жол» ЖШС жол жөндеді.Қазір Аралбаева көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жалғасады.Ақжарма ауылының тұрғыны мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мәселесімен келген. Аймақ басшысы жұмыспен қамту назардан тыс қалмайтынын және заңнама аясында қарастырылатынын атап өтті.Қабылдауда көтерілген мәселелердің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бұл жолы да әрбір тұрғынның өтініші бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін тұрғындар eGov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы немесе әкімдікке жазбаша өтініш беру жолымен өтініш қалдыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242063?lang=ru
Қазақстан мен Иран көлік дәлізін, порт инфрақұрылымын және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге келісті 04.07.2026
ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран Ислам Республикасы Жол және қаланы дамыту министрі Фарзане Садек бастаған делегациямен екіжақты кездесу өткізді.Тараптар Иран президентінің 2025 жылғы желтоқсандағы Қазақстанға ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықты іске асыруды, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуды, порт инфрақұрылымын кеңейтуді, өзара сауда көлемін ұлғайтып, екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланысты жетілдіруді талқылады.Кездесуді аша отырып, Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин Иран Қазақстанның аймақтағы маңызды сауда-экономикалық әріптесінің бірі екенін атап өтті.«Ынтымақтастықты нығайту – мемлекет басшылары алға қойған стратегиялық міндет. 2025 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 26,4%-ға артып, $430,2 млн-ға жеткен. Бұл одан арғы дамуды, оның ішінде Өзара сауданы $3 млрд-қа жеткізу жөніндегі жол картасы шеңберіндегі және Иран мен ЕАЭО арасында қол қойылған Еркін сауда туралы келісімнің арқасындағы жоғары әлеуетті көрсетеді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Фарзане Садек өз кезегінде бұл сапардың бұрын қол жеткізілген уағдаластықты іс жүзінде орындауға, қазіргі геосаяси процесс кезінде екі ел үшін де ерекше маңызға ие болып отырған көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға арналғанын атап өтті.Тараптар «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударды. Қазақстан мен Иран «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағытының қиылысында орналасуымен бірегей географиялық жағдайға ие болып отыр. Бұл транзиттік тасымалдың өсуі үшін едәуір әлеует.2025 жылы «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 12%-ға артып, 3,5 млн тоннаға жетті. Екі ел арасындағы теміржол тасымалы 69%-ға өскен.Серік Жұманғарин маршрут әлеуетін одан әрі арттыру үшін Көлік инфрақұрылымын жаңғыртудың бірлескен жол картасын әзірлеуді ұсынды. Кешенді шараны іске асыру дәліздің өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек.Тараптар сондай-ақ Қытай, Қазақстан, Түркіменстан, Иран мен Түркия арасында қол қойылған бесжақты теміржол келісімінің, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Түркіменстан мен Иран арасында алдағы уақытта сауда мен транзиттің өсуіне қосымша жағдай туғызатын төртжақты тарифтік келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.Келіссөздердің негізгі тақырыбының бірі порт инфрақұрылымын дамыту болды. Иран тарапы Шахид Раджаи (Бендер-Аббас) портында Қазақстанға жер телімін бөлу мәселесін келісу аяқталғанын хабарлады. Қажетті рәсімнен кейін аумақ Қазақстан тарапына беріледі.Сонымен қатар Иран Қазақстанға Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына тікелей шығуды қамтамасыз ететін Чабахар портында жұмыс істеу үшін мүмкіндік беруге дайын екенін хабарлады. Фарзане Садектің айтуынша, Захедан-Чабахар теміржол желісі құрылысының 90%-дан астамы аяқталған. Нысанды іске қосу алдағы айларға жоспарланып отыр. Желі іске қосылғаннан кейін Чабахар порты Үнді мұхитын, Орталық Азия мен Еуропаны байланыстыратын халықаралық теміржол желісіне біріктіріледі.Бұған жауап ретінде Қазақстан Иран тарапына Каспийдегі ирандық компаниялардың логистикалық қызметін дамыту үшін Ақтау мен Құрық порттарындағы алаңдарды, айлақтар мен терминалдарды ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді.Кездесу қорытындысында тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықты іске асыруды тездетіп, инвестор тарту жұмысын жедел үйлестіруді қамтамасыз ету мен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды жандандыру ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1242038?lang=ru
Алматы облысында Sarbaz+ жобасының 89 қатысушысы Әскери ант қабылдады 04.07.2026
78460 әскери бөлімінің базасында жүзеге асырылып жатқан Sarbaz+ жобасы сұранысқа ие технологиялық бағыттар бойынша мамандар даярлауға бағытталған. Әскери дайындықпен қатар, жоба қатысушылары бағдарламалау, киберқауіпсіздік, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, байланыс жүйелеріне қызмет көрсету және деректерді талдау салалары бойынша білім алады.Оқу барысында заманауи цифрлық платформалар, VR-тренажерлер мен арнайы симуляторлар қолданылады. Дайындықты аяқтағаннан кейін қатысушылар меңгерген білімдері мен дағдыларын растайтын сертификаттарға ие болады. Бұл олардың мерзімді әскери қызметтен кейінгі кәсіби дамуына қосымша мүмкіндік береді.Салтанатты рәсімге Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Кенжегүл Мұратбекқызы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Sagadat Batyr спорт клубының негізін қалаушы Нұрсұлтан Орынбасаров, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскери қызметшілердің ата-аналары мен жақындары қатысты.Әскери антты мерзімді әскери қызметтің 89 сарбазы қабылдады. Салтанатты рәсім әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Сарбаздар домбырада қазақтың көрнекті күйшілері Құрманғазы мен Дина Нұрпейісованың шығармаларын орындап, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті. Іс-шара жеке құрамның салтанатты маршымен аяқталды.– Бүгін – менің өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі. Біз бұл күнге үлкен жауапкершілікпен келдік. Sarbaz+ жобасына қатысу бізге тек әскери машықтарды меңгеруге ғана емес, сонымен қатар болашақта сұранысқа ие болатын заманауи білім мен құзыреттерді игеруге мүмкіндік береді деп сенемін, – деді мерзімді әскери қызметші Дәурен Жақай.Ресми бөлім аяқталғаннан кейін ата-аналар үшін әскери бөлім аумағына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар әскери қызмет өткеру жағдайларымен танысып, казармаларды, асхананы және әскери инфрақұрылым нысандарын аралап көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1242040?lang=ru
Қазақстан мен Швеция сауда, өнеркәсіптік кооперация және жаңа инвестициялық жобаларды кеңейту мәселелерін талқылады 04.07.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Швеция Сыртқы істер министрлігінің Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диана Янсемен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, өзара тауар айналымын ұлғайту, инвестициялар тарту және екі елдің іскерлік топтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын қарастырды. Сауданы дамытуға жәрдемдесу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Швеция нарықтарына өнімдердің қолжетімділігін жеңілдету, техникалық кедергілерді жою, логистикалық және кедендік рәсімдерді жетілдіру, сондай-ақ экспорттық-импорттық операцияларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. Қазақстан тарапы отандық шикізаттық емес өнімдердің Швеция және Еуропалық Одақ нарықтарына экспортын кеңейтуге мүдделі екенін растады. Осыған байланысты экспорттаушыларды қолдау және тікелей іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында QazTrade, Швецияның Ұлттық сауда кеңесі және Business Sweden ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды. Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік кооперация мәселелеріне де ерекше назар аударды. Тараптар Hyundai Trans Almaty мен Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуын құптады. Жобаны іске асыру отандық машина жасау саласын дамытуға, жаңа өндірістік қуаттарды құруға, инвестициялар тартуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Келіссөздер барысында швед бизнесінің Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейту перспективалары да қарастырылды. Қазақстан жетекші швед компанияларымен ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде елімізде IKEA дүкендерін ашу мүмкіндігіне қызығушылық білдірді. Тараптар бірлескен жобаларды ілгерілету және бизнестің өзекті мәселелерін шешу үшін тиімді алаңға айналатын Қазақстан–Швеция сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі комиссияны құрудың маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Швецияның сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілігі расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1241993?lang=ru
Сауда министрлігінде азық-түлік базардарындағы тиімсіз делдалдарды қысқарту жұмысының алдын ала қорытындылары шықты 04.07.2026
15 маусым күні ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен азық-түлік базарларында тәртіп орнату және тауар өткізу тізбектеріндегі тиімсіз делдалдарды қысқарту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Кеңеске облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты. Жиында сауда саласының ашықтығын арттыруға, көлеңкелі схемаларды жоюға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауда ұстап, халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс мәселесі талқыланды. Негізгі міндет – өндіруші мен тұтынушы арасындағы артық алып-сатарларды қысқартып, баға қалыптастыру үдерісін барынша түсінікті әрі бақылауға болатын деңгейге жеткізу. Қазіргі таңда бұл жұмыс тәжірибелік кезеңге көшті. Өңірлердегі баға жағдайына елеулі ықпал ететін 63 негізгі базар айқындалды. Аталған нысандарда көшпелі тексерулер, мониторинг және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Соңғы кезеңде ғана «Алтын Орда» мен «Барыс-4» секілді ірі сауда орындарын қоса алғанда, 18 базар қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 486-ға жуық заңбұзушылық анықталып, олардың әрқайсысы бойынша тиісті шаралар қабылдануда. «Сонымен қатар тауар өткізу тізбектеріндегі тәртіпті күшейту жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан 150 тиімсіз делдал шығарылды. Тексеру нәтижесінде контрафактілік және таңбаланбаған өнімдер, көлеңкелі айналым, кассалық тәртіптің бұзылуы, еңбек қатынастарының рәсімделмеуі және сауда орындарын бірнеше мәрте қосалқы жалға беру фактілері анықталды», – деді ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев. Кеңесте заңсыз өнім айналымы мәселесі де талқыланды. Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, бірқатар өңірлерде қажетті құжаттары мен таңбалауы жоқ импорттық тауық жұмыртқаларын сату фактілері анықталған. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан шамамен 32,5 мың дана жұмыртқа тәркіленді. Сондай-ақ тәркіленген өнімдерді жою кезінде міндетті түрде бейнефиксация жүргізу және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігі атап өтілді. Кеңес барысында ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтері де ұсынылды. Ведомство өкілдері 38 ірі азық-түлік базарына тексеру жүргізіп, олардың аумағында қызмет ететін сауда субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау жасаған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мониторинг пен бақылау шаралары үшін 67 азық-түлік базары іріктелді. Бұл базардарда жалпы саны 16 640 сауда субъектісі қызмет атқарады. Талдау нәтижесінде 4 843 кәсіпкердің бақылау-касса машиналарын тіркемей бөлшек саудамен айналысқаны, ал 5 846 субъектінің тіркелген POS-терминалдары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар табысын төмендетіп көрсетуге әрекет жасаған 247 кәсіпкер анықталып, оларға қатысты қосымша талдау мен хронометраждық тексерулер тағайындалды. Бұдан бөлек, 109 кәсіпкерге тыңдауға келу туралы хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта олардың 74-іне қатысты тыңдау өткізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге қосымша жиынтық табыс декларациялары тапсырылды. Жұмысқа ішкі істер органдары да тартылған. Олардың мәліметінше, базарлар мен оған іргелес аумақтарда заңсыз көше саудасының 2 345 фактісі, заңсыз сауданың 37 дерегі және заңсыз кәсіпкерліктің 201 жағдайы анықталған.Алдағы уақытта жұмыс мемлекеттік органдар мен әкімдіктер арасындағы жауапкершілікті нақты бөлуді көздейтін бірыңғай алгоритм негізінде жалғасады. Өңірлерге базарларды бақылауды күшейту, бейнебақылау жүйелерін орнату және тиімсіз делдалдарды анықтап, оларды осы жүйеден шығару жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Сонымен қатар сауда үстемақыларына бақылау күшейтілуде. «Тәуекел факторларын ескере отырып, заңсыз қызметтен бастап көлеңкелі жұмыспен қамтуға дейінгі, сондай-ақ санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы тіркелген 63 азық-түлік базары анықталды. Бұл нысандардың барлығы ерекше бақылауға алынды. Біз барлық қажетті профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Барлық ескертулер берілді. Енді тек түсіндірумен шектелмейміз. Қажет болған жағдайда осы базарлардың жұмыс форматын қайта қарауға дейін баратын қатаң шаралар қабылданады. Құқықтық алаңнан тыс жұмыс істейтін тұлғалар сауда жүйесінде қалмауы тиіс», – деді Арман Шаққалиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1241997?lang=ru
Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды 04.07.2026
Астанада Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Қытай (Цзянсу провинциясы) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті. Іс-шара екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды. Форум аясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чжансин инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылап, Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясы орталығының ашылғанын ресми түрде жариялады. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Мемлекеттер басшылары айқындаған стратегиялық бағыттың нәтижесінде Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі ретінде өз орнын нығайтып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетіп, 49 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы басты экономикалық серіктесі саналады. Қазіргі таңда Қытайдың өңір елдерімен жалпы сауда көлемінің шамамен 60 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. «Мемлекеттеріміз басшыларының стратегиялық көзқарасы мен өзара сенімге негізделген саясатының арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тұрақты экономикалық өсімнің және өңірлік өзара байланыстарды дамытудың маңызды факторы болып отыр. Бүгінде біз Цзянсу провинциясының кәсіпкерлерін өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік өңдеу, мұнай-газ химиясы және цифрлық технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамыз. Астанадағы Цзянсу орталығының ашылуы өзара тиімді серіктестіктің заңды жалғасы әрі жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастырудың тиімді құралы болады деп сенемін», – деді форум барысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. Форумда қазақстандық тарап еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, Цзянсу провинциясының компанияларын жаңартылатын энергия көздері, электрондық сауда және көлік-логистика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім болды. Атап айтқанда, Ақтау портында жаңа контейнерлік жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жоба «есіктен шекараға дейін» қағидаты бойынша құрылатын бірыңғай логистикалық тізбектің құрамдас бөлігіне айналады. Сондай-ақ тараптар Қазақстан экспортының құрылымын әртараптандыру жөнінде уағдаласты. Алдағы кезеңде Цзянсу провинциясына қазақстандық бидай, ет және бал өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайту көзделіп отыр. Форум барысында әлемдегі жетекші индустриялық өңірлердің бірі саналатын Цзянсу провинциясының әлеуетіне ерекше назар аударылды. Оның өнеркәсіптік өндіріс көлемі әлемдік өндірістің шамамен 4 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта Цзянсу компаниялары Қазақстанда 63 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл көрсеткіш провинцияның Орталық Азия елдеріне салған инвестицияларының жалпы көлемінің 47 пайызына тең. «Қытай мен Қазақстан – ортақ болашаққа ұмтылған жақын достар әрі сенімді серіктестер. Екі ел арасында бірегей стратегиялық әріптестік қалыптасқан. Экономикаларымыз бірін-бірі толықтырып отыр, сондықтан өзара сауда көлемін екі есеге арттыруға толық мүмкіндік бар деп есептеймін. Біз жасанды интеллект, жасыл экономика және электрондық коммерция сияқты жаңа бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға және екіжақты инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға ниеттіміз», – деді Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чжансин. Астанада ашылған Орталық Азиядағы Цзянсу орталығы қытайлық компанияларға арналған бірыңғай сервистік хаб қызметін атқарады. Орталық консалтингтік қолдау көрсетіп, көрме қызметін ұйымдастыруға және «Жібек жолы» электрондық коммерциясын дамытуға жәрдемдеседі. Форум қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен өндірістер құруға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1241991?lang=ru
Таразда әскери міндеттілер Әскери ант қабылдады 04.07.2026
Әскери ант қабылдаудың салтанатты рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің 14157 әскери бөлімінің саптық алаңында өтті.Әскери жиындарға шақырылған 120 әскери міндеттінің 65-і ант қабылдады. Олардың қатарында оқуына, жұмысына немесе басқа себептерге байланысты әскерге бармаған және жоғары оқу орнында әскери кафедрада оқымаған азаматтар бар.– Әскери ант қабылдау әскери міндеттілердің жауапкершілік сезімін, жауынгерлік рухын және отансүйгіштік қасиетін күшейтеді. Бұл қасиеттер, әсіресе ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы сияқты қазіргі заман талабына сай, жоғары сұранысқа ие әскери мамандықты игеру барысында ерекше маңызға ие, – деді 14157 әскери бөлімінің командирі подполковник Алмат Хайрушев.Ант беру рәсімі жоғары деңгейде өтті. Ант қабылдауға әскери міндеттілердің туған-туыстары мен жақындары қатысты. Іс-шараның салтанатты өтуіне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі ерекше үлес қосты.Ант қабылдағандардың қатарында Байзақ аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Сәтенов те бар.– Бұл жиындарға қатысып, Әскери ант қабылдау мен үшін үлкен мәртебе. Әр ер азаматтың қасиетті борышы – Отанға адал қызмет ету, – деді ол.Жиынға қатысушылардың ішінде Жуалы ауданынан шақырылған 38 жастағы электромонтер Абзал Абдалиев те бар. Ол шақырту жасында әртүрлі себептермен әскерде болмағанымен, әрқашан азаматтық борышын өтеуге дайын болғанын айтады.– Бұрын әскерде болмадым, енді әскери дайындықтан өтіп, жаңа мамандық игеруге мүмкіндік туып жатыр. Бүгін Әскери ант қабылдағаныма қуаныштымын, – деді ол.Жиын аяқталғаннан кейін әскери міндеттілер қазіргі заманғы армияның ең өзекті мамандықтарының бірі – ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруды меңгерген резервтегі дайын маман ретінде үйлеріне оралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1241981?lang=ru
Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды 04.07.2026
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте мәселелер жан-жақты талқыланды.Аймақ басшысы теміржол вокзалдарын коммуналдық меншікке қабылдауды заңнама талаптарына сәйкес уақытылы аяқтауды тапсырды.–Теміржол вокзалдарының сыртқы келбеті ғана емес, жолаушыларға қызмет көрсетуі де жаңа сапаға көшуі тиіс. Қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, вокзалдар аумағының абаттандырылуын, көгалдандырылуын, санитарлық тазалығын күнделікті қамтамасыз етіңіздер, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Облыс аумағынан 1051 шақырым теміржол желісі өтеді. Оның 83,4 шақырымын күрделі жөндеу басталды. Бүгінгі күнге дейін 50,4 шақырымы жөндеуден өткен, қалған 33 шақырымы жыл соңына дейін бітеді. Сексеуіл станциясында 18,7 шақырым теміржол салынып, 77 жиынтық бағыттамалы бұрма орнатылуда.Қызылорда облысынан 15 жұп, облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей, Түркістан қалаларына 6 жұп жолаушы пойызы қатынайды.Осыдан екі жыл бұрын Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы күрделі жөнделіп, іргелес аумағы абаттандырылды. Бүгінде өңірдегі 7, атап айтқанда Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал теңізі, Сексеуіл вокзалдарында, Тереңөзек пен Жалағаштағы қызмет көрсету пункттерінде, Жаңақорған ауданы Талап бекетіндегі жолаушылар платформасында күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазалы, Шиелі, Жаңақорған вокзалдары мен Талап бекетінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.Сондай-ақ мәжілісте жауапты басшыларға бір апта ішінде өндірістің жаңа бағыттарын дамыту және іске қосуға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеу міндеттелді. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталуы тиіс.Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстарын сапалы әрі бекітілген кестеге сәйкес жүргізу мәселесі де талқыланды.Облыс әкімі кенеге қарсы өңдеу шараларын ветеринариялық талаптарға сай ұйымдастырып, орындалуын қатаң бақылауды тапсырды. Аурудың алдын алудың және алғашқы белгілері байқалған бойда медициналық көмекке жүгінудің маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1241912?lang=ru
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпионат жеңімпаздары анықталды 03.07.2026
Алматыда Армияның орталық спорт клубында армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша Қарулы күштердің чемпионаты өтті.Жарысқа Қарулы күштердің түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен жоғары әскери оқу орындарының намысын қорғаған 17 команданың құрамындағы 115 спортшы қатысты.Чемпионаттың ашылу салтанатында ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары полковник Еркебұлан Түсіпханов армиялық қоян-қолтық ұрыстың әскери қызметшілерді даярлауда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.– Армиялық қоян-қолтық ұрыс жауынгердің күш-қуатын арттырып, төзімділігін шыңдайды, өзіне деген сенімділігін нығайтады және кез келген тапсырманы орындауға әзір болуға тәрбиелейді. Қорғаныс пен шабуылдың осы әмбебап тәсілін әрбір әскери қызметші жетік меңгеруі тиіс, – деді ол.Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте 32039 әскери бөлімінің құрамасы топ жарды. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің спортшылары күміс жүлдеге ие болса, үшінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы командасы еншіледі.Жекелей сын нәтижесінде 32039 әскери бөлімінің өкілдері лейтенант Ержан Олжас (70 келіге дейін), майор Вадим Федосеев (75 келіге дейін), сержант Азамат Асылбекұлы (90 келіге дейін) және сержант Еламан Қуатов (90 келіден жоғары) чемпион атанды.Сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері лейтенант Айдын Нұридинов (55 келіге дейін), қатардағы жауынгер Қасымбай Мұхит (65 келіге дейін), ефрейтор Дархан Дабылбек (80 келіге дейін) және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық құрамасының спортшысы ефрейтор Досқали Аширов (85 келіге дейін) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.«Үздік техника үшін» номинациясы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты Арлан Мейірбекке табысталса, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының өкілі кіші сержант Мадхат Олжабаев иеленді.Биылғы чемпионат Армиялық қоян-қолтық ұрыс халықаралық федерациясының жаңа ережелеріне сәйкес жаңартылған форматта өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, берік командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысын паш етті.Айта кетейік, Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті барлық командаларды қажетті спорттық жабдықтармен толық қамтамасыз етіп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1241408?lang=ru
Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді 03.07.2026
21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтпек.Биыл еліміздегі әскери-патриоттық тәрбиенің ең ауқымды ордасы 53 команда құрамында 14-17 жас аралығындағы 900-ден астам қатысушыны қабылдайды. Олардың қатарында Қазақстан әр өңірінен іріктелген құрамалар, Қарулы күштердің және өзге де күштік құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары, әскери колледждер мен мамандандырылған лицейлер бар. Бұған қоса Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысатынын растады.Халықаралық деңгейде ел намысын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің кадеттері қорғайды. Әзербайжан атынан Гейдар Әлиев пен Жәмшид Нахчыванский атындағы әскери лицейлердің курсанттары келеді. Беларусь елдегі ең көне әскери оқу орындарының бірі – Минскідегі Суворов әскери училищесінің командасын жібереді. Қырғыз елінен Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Дайыр Асанов атындағы Ұлттық әскери лицейдің тәрбиеленушілері қатысады. Ресейден 1,7 миллионнан астам бала мен жасөспірімді біріктіретін «ЮНАРМИЯ» бүкілресейлік әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері келеді. Өзбекстан намысын «Ватан таянчи» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қорғайды.«Айбын-2026» бағдарламасына әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық сайыстар енгізілген. Қатысушылар әскери кросс пен эстафета, «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны, ату сайыстары, АК-74 автоматын толық емес шашып жинау, белтемірге тартылу, робототехника жарыстары мен «Айбын дарыны» зияткерлік ойынында сынға түседі.Бұдан басқа Action Air спорттық ату бойынша көрсетілімдер, «Біртұтас ел – біртұтас жер» кәсіби бағдар беру кездесуі және заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылады.– Биыл біз бағдарламаны жаңа білім беру және спорт бағыттарымен толықтырдық. Алғаш рет жүзуден жарыстар өтеді. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жас өнертапқыштар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін таныстырады. Сонымен қатар Smart Sarbaz үйірмесінің тәрбиеленушілері FPV-дрондарды басқару бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетеді. Робототехника, ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік салаларындағы инновациялық жобалардың таныстырылымы да өтеді, – деді «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев.Іс-шаралармен қатар қатысушылар үшін мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама дайындалған. Оның аясында танымал спортшылармен, қоғам қайраткерлерімен және әскери қызметшілермен кездесулер, ашық аспан астындағы Aibyn Cinema кино көрсетілімдері, дәстүрлі «Айбын жалыны» алау кеші, әсерлі дрондар шоуы, Бурабай курортының көрікті жерлеріне экскурсиялар және этноауылдағы ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар да өткізілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1241373?lang=ru
Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттырады 03.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат хатшысы Мұрат Тлеумбетовтың Жаңақорған ауданына жұмыс сапары Сунақата ауылындағы «Әмір» шаруа қожалығының егіс алқаптарын аралаумен жалғасты. Сондай-ақ аймақ басшысы осы сапарда «Сығанақ» қалашығын зерттеу жұмыстарының барысын да бағамдады.Шаруашылық орта есеппен жылына 200 тонна күріш және 400 тонна көкөніс-бақша өнімдерін өндіреді. Өнімдері Қызылорда және Түркістан облыстарының ішкі нарығына жеткізіледі. Заманауи агротехнологиялармен және техникамен жабдықталған. Атап айтқанда, «Беларус 1221» тракторы, «Class» комбайны, ХТЗ техникасы, жүк тиегіштер, лазерлі тегістегіштер, КамАЗ көліктері және агродрондар қолданылады. Бұл егін шаруашылығын цифрландыру мен өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.Биыл аймақта 89,7 мың гектарға дәнді дақылдар, 6,1 мың гектарға майлы дақылдар, 73,2 мың гектарға малазықтық дақылдар, 16,8 мың гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылып, 70 мың гектар болды. Бұл қадам су ресурстарын тиімді пайдалану және егіс құрылымын әртараптандыруға бағытталған.Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері қолда бар 3975 техниканы толық жөндеуден өткізді. Қажетті минералдық тыңайтқыштардың жалпы көлемі 65,6 мың тонна, оның 11 мың тоннасы отандық өнімдер есебінен қамтамасыз етілуде.Аймақ басшысы барған келесі нысан ортағасырлық Сығанақ қалашығы еліміздегі ең маңызды археологиялық ескерткіштердің бірі саналады. Қыпшақ хандығының, кейін Ақ Орданың және Қазақ хандығының астанасы болған тарихи қала орны. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылған маңызды тарихи ескерткіштер қатарына кіреді.Қазір мұнда ежелгі қамал дуалдарының іздері, төбешікке айналған құрылыс қалдықтары және археологиялық қазба жұмыстары барысында анықталған нысандар сақталған. Қалашық толық қалпына келтірілмегенімен, оның тарихи келбетін зерттеу, сақтау және қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1241317?lang=ru
Жаңақорғанда медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды 03.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары барысында көпбейінді орталық ауруханаға жапсарлас салынған жаңа қосымша ғимаратты аралап көрді.Медициналық қызмет сапасын арттыру және тұрғындардың заманауи диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту мақсатындағы құрылысты «Дәнекер құрылыс компаниясы» жүргізген. Оған 792 млн теңге қаржы бөлінген.Жалпы ауданы 1212,06 шаршы метр, екі қабатты, цокольдік қабаты да бар, 9 төсек-орынға арналған. Заманауи магниттік-резонанстық томография аппараты орнатылатын болады.Жаңа ғимарат аудан тұрғындарының жоғары технологиялық-диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, ауруды ерте анықтау мен сапалы медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтеді.Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасы 245 төсек-орынға есептелген, ғимараттың жалпы көлемі 5852,4 шаршы метр, үш қабатты, бес блоктан тұрады.Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қабылдау бөлімшесі, хирургия, терапия, перзентхана және гинекология бөлімшелері, зертхана, нейрореабилитация, жұқпалы аурулар, реанимация бөлімшелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, күндізгі емдеу бөлімі, сәулемен емдеу, рентген, трансфузиология, ультрадыбыстық зерттеу, жүкті әйелдерге арналған УДЗ аппараты және компьютерлік томография қызметтері көрсетіледі.Бүгінде ауруханада 1520 қызметкер аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Медициналық мекеме жеке қазандық арқылы сұйытылған газбен жылытылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1241323?lang=ru
Тарбағатай - табиғаттың аманаты, болашақтың байлығы! 03.07.2026
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - ғасырлар бойы табиғат пен тарихтың үнсіз сырын сақтап келе жатқан ерекше мекен.Қазақстан Республикасы Президентінің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде табиғатты қорғауға бағытталған маңызды экологиялық шаралар жүзеге асырылды.Туристік маршруттар бойына қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды;Табиғат аясында демалушыларға қоршаған ортаға зиянсыз арнайы биопакеттер таратылуда;Табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға және экожауапкершілікті арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.Тарбағатайдың қайталанбас табиғаты – еліміздің баға жетпес байлығы. Оны сақтау - әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.Табиғатты таза ұстайық! Болашаққа бірге қамқор болайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1241306?lang=ru