Қуқық
Азаматтарды қабылдау орталығында СҚО әкімі солтүстікқазақстандықтардың мәселелерін тыңдады 09.02.2025
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, оның барысында тұрғындар ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру, жер учаскелерін бөлу және баспана мәселелерін көтерді.Облыс әкімі мемлекеттік органдарға аталған мәселелерді шешуді және олардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/929962
ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖДЕР МЕН КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫНА МАМАНДАРДЫ БІРЛЕСЕ ДАЯРЛАУ БАСТАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ 09.02.2025
Мемлекет басшысы биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылында» еңбек адамдарының имиджін ілгерілетумен қатар, маман даярлау ісіне басымдық беруді тапсырды. Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен маңызды жиын өтті.
Оған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жауапты өкілдері, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылхан Ибадуллаев, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова, өңірдің кәсіпкерлері, кәсіпорындардың басшылары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілері, бизнес қауымдастығының мүшелері онлайн-офлайн форматта қатысты.
– Президенттің игілікті бастамасын іске асыру жолында әрбіріңіздің рөлдеріңіз ерекше. Бұған дейін ынтымақтастықпен жұмыс атқарып келдік. Білім беру мен өндіріс саласындағы серіктестік пен байланысты одан әрі нығайту қажет. Сонда ғана сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, жаңа технологияларды меңгерген, тәжірибе алмасуға бейім кадрлар арқылы бірнеше мәселені шеше аламыз. Мамандарды тәжірибе алмасуға жолдап ғана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасуына дейін бірлесіп жұмыс жүргізу керек. Жастардың талабын, ынтасын ояту үшін дуалдық оқыту жүйесін дамыту өзекті болып отыр. Студенттер теориялық біліммен шектелмей, өндірістік тәжірибе алып, сол өндіріс орындарына жұмысқа орналасулары тиіс. Қазіргі таңда кәсіпорындардың колледжерге қамқорлық көрсетуі деген ұғым пайда болуда. Өзіне қажетті мамандарды даярлауға көмектеседі. Бұдан бөлек электронды еңбек биржасының мүмкіндігін ұтымды пайдаланыңыздар. Проблемаларды жасырмай ашық талқылауға және ұсыныстарды ескеруге әрдайым дайын екенімізді ескерткім келеді, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Жиында Айгүл Ерғалиқызы «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу және жаңа мамандарды даярлау жүйесі бойынша атқарылатын жұмыстар мен жоспарларды таныстырды. Ал «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК директоры Айдос Апбазов «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында сөз алып, пікірін жеткізді. Сонымен қатар кәсіпорын жетекшілері де үлес қосуға ынталы екендерін білдіріп, пікір алмасты.
Өңірде өндіріс орындарына қажетті нақты мамандықтарды анықтап, соған сай жұмыс жүргізу көзделіп отыр. Аймақта ашылып жатқан зауыттарда жергілікті жастар жұмыспен қамтылуы қажет.
Мәжіліс соңында облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлер мен колледж басшыларын көтерілген мәселелерге белсене араласып, жанашырлықпен жұмыс істеуге шақырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929671
ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЗАҢНАМАСЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ 09.02.2025
Бүгін Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер бойынша құқықтық оқыту өтті. Семинарға облыстық басқармалардың қызметкерлері мен онлайн байланыс арқылы аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұлов заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы кеңінен тоқталып, заңбұзушылықтардың алдын алу мен біліктікті көтеру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жауапты тұлғаларға мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.Сонымен қатар жиында «Тауарларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Дастан Байдалиев 2025 жылы күшіне енген Заңда сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды және бәсекелестікті дамыту бойынша талаптары туралы толық ақпарат берді.Жиынға қатысушылар сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929678
ТҮРКІСТАН: ТӨРЕАРЫҚ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ 09.02.2025
Түркістан облысындағы Ордабасы ауданы, Қараспан ауыл округіне қарасты Төреарық елді мекенінде газ құбырынның құрылысы аяқталып, іске қосылды.«Компания ГазСтрой» мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын 2021 жылы бастап, биыл пайдалануға тапсырды. Жалпы ұзындығы 10,059 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 220-дан астам абонетке «көгілдір отын» жеткізілді.Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков арнайы келіп, ізгі ниеттерін жеткізді.– Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауылдарда қаладағыдай жағдай жасалуда. Алдағы уақытта ауыл тұрғындары қатты отын тұтынудан арылып, табиғи газ тұтынады. Осы орайда баршаңызды газ құрылысының іске қосылуымен құттықтаймын, – деді аудан әкімі.Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары мен халық қалаулылары «көгілдір отынның» алауын жағып, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті.Айта кетейік, аудан бойынша 57 елді мекен болса, оның ішінде 35 елді мекен табиғи газбен қамтылған. (61,4 %). Қазіргі уақытта аудандағы Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы 4 кезеңмен іске асырылуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929680
ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖДЕР МЕН КӘСІПКЕРЛЕР МЕНЕДЖЕРЛЕРІНЕ МАМАНДАРДЫ БІРГЕ ДАЙЫНДАУ ҰСЫНЫЛДЫ 09.02.2025
Елбасы жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Түркістан облысында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Оған Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің өкілдері, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылхан Ибадуллаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова, кәсіпкерлер, кәсіпорындардың, колледждердің басшылары, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты жұмыс берушілер. Облыс әкімінің орынбасары колледждер мен кәсіпорындар арасында тиімді өзара іс-қимыл орнатудың маңыздылығын атап өтті. Студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, кейін жұмысқа орналаса отырып, өндірістік оқытудан өтуі үшін дуальды оқытуды енгізу қажет. Компаниялар колледждерді қадағалап, олардың қажеттіліктеріне сай мамандарды дайындауға көмектесе алады. Электронды еңбек биржасын белсенді пайдалану қажет.Жұмысшы мамандықтары жылын жүзеге асыру жоспарларымен таныстырған Айгүл Қасымбекова «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің директоры Айдос Апбазов баяндама жасады сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, өңірдегі жаңа зауыттар мен фабрикаларға жергілікті жастарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлер мен колледж директорларын осы үдеріске белсене араласып, алға қойылған міндеттерді бірлесіп шешуге шақырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929670
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 09.02.2025
Төлеби ауданында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Адал әрі табанды еңбек етіп, уақытпен санаспай қызмет етіп жүрген «Ленгір тазалық» КММ қызметкерлері «Тау самалы» шаңғы базасында бір күндік демалысын өткізді.Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен ұйымдастырылған шарада еңбек адамдарына арнайы дастархан жайылып, сый-сияпат берілді.Сондай-ақ кәсібін жетік меңгерген мамандарға ауданның тумасы жеке кәсіпкер «Біркөлік шипажайының» басшысы Асанбай Мыңбаев арнайы келіп, шипажайға жолдама табыс етті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929682
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 100 МЫҢ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ 09.02.2025
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жалғасуда. Өңір басшысының тапсырмасымен Түлкібас ауданында да жобалар жоспарлануда.«Қарқын Трейд» ЖШС биылғы жылдың күз айларында Жабағылы ауылының маңынан жылына 100 мың тонна құс етін өндейтін өндірістің құрылысын бастауды жоспарлап отыр.Бүгін аталған кәсіпкерлер аудан әкімі Асқар Естібаевтың қабылдауында болып, жобаны іске асыру барысын талқылады. Ауданның басты даму жоспарына енген жалпы құны 28 млрд. теңгені құрайтын жоба 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Бұл жерде өндіріс ошағы негізгі төрт бөліктен яғни, құс ұстау орны, жем шығаратын цех, балапан ашатын орын (инкубатор) және қасапханасынан тұрмақ. Кәсіпорын толық іске қосылған жағдайда 268 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.Кәсіпкелермен жобаны егжей-тегжейлі талқылаған аудан басшысы ол жердегі ашылатын жаңа жұмыс орындарының 95 пайызына жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды ескертті. Жауапты мамандармен осы бастан қажетті инфрақұрылыммен (су, электр желісі) қамту жағын пысықтауды тапсырды.Жоба иелерінің қосымша жер телімін қарастырып беру мәселесін назарға алып, бүгінгі таңда бөлінген 104 гектар жерге құрылыс жұмыстарын бастай беру керектігін атап өтті. Қажеттілігіне қарай қосымша жер телімі қарастырылатындығын жеткізді.Айта кетейік, өндіріс орны іске қосылған жағдайда ол жерде жұмысқа қабылданған азаматтар сол мекеме тарапынан мамандығына қарай арнайы курстардан өтеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929685
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕР ЖАЛҒАСУДА 09.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен бүгін аудан аумағындағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді.
200-ге жуық тұрғындар мен 300-ден аса қызметкерлер және жергілікті кәсіпкерлер, 16 техника жұмылдырылған сенбілік барысында саябақтар мен гүлзарлардың, тарихи ескерткіштердің аумағы шөптерден, қураған ағаштардан тазартылып, көшелер мен арық-атыздардан 20 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар ағаштардың түптері әктеліп, көшеттер отырғызылды.
– Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Осы орайда, ауданның барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Сенбілік тек белгіленген күндері ғана емес, әрбір тұрғын өз ауласын, үйіргелік жерлеріне тазалық жұмыстарын жүргізуі арқылы жыл бойы жалғасатын болады, – дейді аудан әкімі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929687
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒАТҚА ЗИЯН КЕЛТІРГЕН 10 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ КЕЛІСІМШАРТЫ ТОҚТАТЫЛДЫ 09.02.2025
Түркістан облысының ірі өзендері мен көлдерінің су қорғауы белдеуіндегі және ауылдар мен елді-мекен аумақтарына жақын орналасқан кен орындарының жұмыстары тоқтатылуда. Қазіргі таңға дейін міндеттемелерін орындамаған 10 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттары мерзімінен бұрын тоқтатылса, 2023-2024 жылдар аралығында 16 кен орнының жұмысы заң аясында тоқтатылған. Одан бөлек, 2020-2024 жылдар аралығында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан тоқтатылған 14 кен орнының жерлері құзырлы органдармен комиссия құрылып, мемлекетке қайтарылған.Міндеттемелерін толық орындамаған 38 жер қойнауын пайдаланушының келісімшартын мерзімінен бұрын тоқтату ұсынысы Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына прокурорлық сүзгіден өткізу үшін жолданды. Прокуратура тарапынан келісім берілген жағдайда аталған келісімшарттар мен лицензиялар тоқтатылмақ.Түркістан облысында карьерлерді заңсыз немесе ережені сақтамай пайдаланатындарға қарсы күрес бұрынғыдан да күшейтіле түседі. Аталған мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров табиғатқа зиянын тигізіп жатқан компанияларға қарсы заң аясында күресті күшейтуді тапсырды.– Жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларды анықтау мақсатында осы салаға жауапты құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылған. Олар мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Бірақ нақты шешім қабылдар сәтте жауапты мекемелер өз міндетін толық орындамай отыр. Сондықтан әр мекеме өзіне жүктелген міндетті айқындап әрі сапалы атқарып, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға қарсы нақты әрі батыл шешімдер қабылдануы тиіс. Табиғат зиян шекпеуі керек. Карьерлерге тұрақты түрде рейд жүргізуді тапсырамын. Заң талаптары сақталуы қажет. Мобильді топтардың жұмысын күшейтіңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.Мәжілісте Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов пен Түркістан облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов карьерлерге қатысты кемшіліктерді жою бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарына бақылау жүргізу барысында 65 кен орны аумағынан кемшіліктер анықталып, Экология департаменті тарапынан келтірілген залалы есептелді. Нәтижесінде 20 жер қойнауын пайдаланушы өз еркімен облыстық бюджетке 24,2 млн. теңге залал шығындарын төледі. Сондай-ақ 4 жер қойнауын пайдаланушыға қатысты келісімшарттағы аумақтың тереңдігін мөлшерден асыра қазуына байланысты 37,6 млн. теңге қаржыны өндірту бойынша сотқа талап арыз жолданды. Қалған 41 жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақтан тыс қазғаны бойынша құзырлы органдарға тиісті ұсыныс берілген. 2024 жылы аудан және қала әкімдіктері, полиция тарапынан жалпы 495 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 246 ауыр жүк көлігі, 47 арнайы техника айыптұраққа қойылып, 31,1 млн. теңге айыппұл салынды. Заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасын табады.Айта кетейік, бүгінгі таңда, облысымызда кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 193 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 80 келісімшарт және 113 лицензия негізінде жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929867
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗЫҚ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА. 09.02.2025
Былтыр Түркістан облысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру жұмыстары бойынша республикада бірінші орынға шықты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру арқылы өңірдегі инфляция көрсеткіші төмен деңгейде сақталып келеді. Өткен жылдың қорытындысымен инфляция көрсеткіші 7,5%-ды құраған. Бұл аппарат мәжілісінде қаралып, Түркістан облысының әкімі жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды.– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын назарда ұстаңыздар. Бағаны тұрақтандыруға қатысты іс-шаралар жүйелі, сапалы әрі тұрақты жүргізілуі тиіс. Өңірдегі әлеуметтік дүкендерге азық-түліктің уақтылы жеткізілуі қадағаланып, жәрмеңкелер тұрақты өткізілсін, – деді Нұралхан Көшеров.Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша, Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияда 281 факті қаралып, әкімшілік айыппұл салу үшін тиісті органдарға жолданған. Жыл басынан бері картоптың сауда үстемесін асырудың 7 фактісі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.Жалпы алғанда, «Айналым схемасы», форвардтық келісімшарттар, қоймадағы қорларды есептегенде тұрақтандыру қорында 32 мың тонна азық-түлік бар. Маусымаралық кезеңде, бағаның тұрақсыздығы тіркелген жағдайда, жинақталған қор бағаны 6 айға дейін тұрақтандыруға жетеді.Көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақтандыру үшін тауар өндірушілермен алдын ала форвардтық келісімдер жасалынды. Оның ішінде картоп бойынша қала тұрғындарының 3 айлық қажеттілігі 3 992 тонна болса, форвардтық келісім 4 309 тоннаға түзіліп (100 теңге), қамтамасыз ету 108%-ды құрап отыр. Аймақта бағаны тұрақтандыру үшін көкөніс қорын нарыққа шығару жұмыстары жалғасуда. 10 желтоқсаннан бастап 960 тонна картоп, 219 тонна қырыққабат, 250 тонна пияз, 318 тонна сәбіз нарыққа шығарылды.Түркістан, Кентау және Арыс қалаларында 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар барлық аудан және қала орталықтарынан 2 әлеуметтік дүкеннен орналастыру пысықталуда. Жалпы, әлеуметтік дүкендер және әлеуметтік бұрыштардағы азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан орташа есеппен 20-30% төмен сатылуда. Жыл басынан бері Түркістан қаласының тұрғындарына 17 жәрмеңке өткізілді.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлібек Плаловтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 37 мың гектарға ұлғайтылып, оны 896 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіретін және ерте пісетін дақылдар (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) 31,5 мың гектарға орналастырылып, одан 736 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929887
Қазақстан мен Иран жоғары деңгейдегі кездесулерде ынтымақтастықты нығайтуда 09.02.2025
Тегеран, 2025 жылғы 2 ақпан – Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Жоғары деңгейдегі комитетінің 1-ші отырысының аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының (ИИР) Сыртқы істер министрі Аббас Арагчимен, сондай-ақ ИИР Сыртқы істер министрінің құқықтық пен халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары Казем Гарибабади және экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Саид Абдол Расул Мохаджермен екіжақты кездесулер өткізді.Иран Сыртқы істер министрімен кездесуде тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өңірлік қауіпсіздікке, экономикалық әріптестікке және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударды. Сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі алдағы ресми екіжақты сапарлардың егжей-тегжейлері қарастырылды.Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Мохаджермен өткен кездесуде сауда-экономикалық серіктестік мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Иран 2023 жылғы желтоқсанда қол қойылған екіжақты тауар айналымын арттыру, көлік-логистикалық және инвестициялық мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыруға дайын екенін растады.Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары К. Гарибабадимен кездесуде тараптар БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, әлемдік саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі серіктестікке қатысты пікір алмасты.Барлық екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар белсенді саяси диалогты жалғастыруға және екіжақты әрі көпжақты өзара мүдделі барлық мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/929917
Университет пен медианың байланысын нығайту: «UniMediaX25» республикалық семинар-тренингі өтті 09.02.2025
Университет пен медианың байланысын нығайту: «UniMediaX25» республикалық семинар-тренингі өттіҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен ғылым және жоғары білім саласындағы баспасөз хатшыларына арналған екі күндік «UniMediaX25» республикалық семинар-тренингі өтті. Бұл шараның басты мақсаты – ғылым және білім саласындағы баспасөз қызметінің өкілдеріне медиа мен коммуникация саласындағы заманауи әдіс-тәсілдерді үйрету, тәжірибе алмасу және олардың кәсіби біліктілігін арттыру.Іс-шараның ресми ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, баспасөз хатшыларының кәсіби деңгейін көтеру мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бұл жиынның маңызды алаң екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, баспасөз хатшылары қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ғылым мен білім саласындағы маңызды реформаларды халыққа дұрыс әрі түсінікті түрде жеткізуге үлкен үлес қосады.«Баспасөз хатшыларының жұмысы мемлекеттік саясаттың ашықтығын арттыруға және қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді күшейтуге ықпал етеді», – деді С.Нұрбек.Министр сондай-ақ семинарға қатысушыларға ведомствоның жұмысы, еліміздің жоғары білім және ғылым саласындағы жетістіктері, алдағы жоспарлары мен келешегі туралы айтып өтті.Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов, сондай-ақ «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталықтары мен мектептер желісінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуіт сөз сөйледі.Семинарға 35 жоғары оқу орны мен ғылыми зерттеу институттарының баспасөз қызметкерлері қатысты.PR және коммуникация саласындағы тәжірибелі маман Әсел Серікпаева «Медиаға табысты қадам: медиа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Сонымен қатар «Әскер медиа» ЖШС директоры Дамир Аспан экстремалды жағдайда журналистермен тиімді қарым-қатынас жасау саласындағы PR құпияларымен бөлісті.Семинар-тренингтің бірінші күні Еуразия ұлттық университетінің театрландырылған қойылымымен қорытындыланды.Іс-шараның екінші күні ҚР ҒЖБМ Қоғаммен байланыс департаменті қызметкерлері PR саласындағы тұлға тақырыбы және аудиториямен жұмыс істеу тәсілдері, жоғары сапалы медиаконтент құру, ғылым мен жоғары білім саласындағы жаңалықтарды халыққа жеткізу, ақпаратқа қолжетімділікті үйлестіру және ресми сайтпен жұмыс жасауға қатысты оқыту семинарлары жүргізді. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасарлары Ақерке Абылайхан мен Жанна Есинбаева жоғары білім саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістерге тоқталды.Тренинг барысында қатысушылар пікір алмасып, интерактивті сессияларға қатысты. Сондай-ақ ең үлкен ЕҰУ-дың студенттер үйі, Coventry University кампусы, Maqsut Narikbayev University-ді аралады. Шара соңында сертификатты табыстау рәсімі өтті.Бұл іс-шара – Қазақстандағы ғылым және білім саласындағы медиа-коммуникациялық қатынастарды жақсартуға, сондай-ақ осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/929610
АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 150 ТАЛАПКЕР 130 БАЛДАН ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАДЫ 09.02.2025
АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 150 ТАЛАПКЕР 130 БАЛДАН ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАДЫҚаңтар айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 126 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 67 балды құрады. Ең жоғары балл – 138, оны Шымкент қ. оқушысы жинады. 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинады.Тестке қатысушылардың 78,7%-ы қазақ тілінде, 21,2%-ы орыс тілінде, 62 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.Талапкерлердің басым бөлігі, 17,8%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 17,2%-ы «Математика-Физика» және 10,4%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 149 адам тапсырған.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 295 талапкер қатысты.Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.Қазіргі таңда 142 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 89 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 53 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.Естеріңізге сала кетсек, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген. ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/929702
ЕЭК-ке үміткерлердің біліктілік іріктеуіне құжаттарды қабылдау басталды 09.02.2025
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылдың 5 ақпанынан бастап біліктілік іріктеуіне үміткерлерден құжаттар мен өтінімдерді қабылдау басталатынын хабарлайды. Құжаттар мен өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады.Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – ЕЭК) қызметкерлерінің бос лауазымдарына кандидаттарды біліктілік іріктеу Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ Жарлығымен).Біліктілік іріктеу ЕЭК өткізетін бос лауазымдарға конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жүргізіледі.Конкурсқа 18 жасқа толған азаматтар қатысуға құқылы:1 ) толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген кез келген нысандағы өтініш; (-лары) бос лауазымдарға орналасуға үміткер ЕЭК бөлімшелерінің (бөлімдерінің), пошталық мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы, телефон нөмірі;2) төлқұжаттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;3) біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (нотариуспен немесе оқу орны бойынша ғылыми дәрежені тағайындау туралы құжаттар); , ғылыми атағы (бар болса); еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын құжаттар;4) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;5) ЕЭК ресми сайтында жарияланған форматқа және талаптарға сәйкес 2 (екі) фотосуреті бар үміткердің өтініші (1-қосымша).Қатысушылар құжаттар пакетін a.argyn@mti.gov.kz, the a.argyn@mti.gov.kz, the e-mail мекенжайларына жіберуі қажет іріктеуде».Бос лауазымдар туралы ақпарат ұйымның ресми сайтында https://eec.eaunion.org/comission/vacancies/ бөлімінде орналастырылған.Үміткерлерді бағалаудың нысаны әңгімелесу болып табылады.Оң нәтиже болған жағдайда кандидатқа осы ЕҰ-ға ұсыным жіберіледі.Б уәкілетті орган ЕЭК бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысудың міндетті рәсімі болып табылмайды; бірақ конкурстан өткен кезде ұсынымдары бар үміткерлерге артықшылық беріледі.ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына біліктілік іріктеу нәтижелері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің веб-сайтында жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/929468
Астанадан өткен түнде 45 мыңнан Астам текше метр қар шығарылды 09.02.2025
Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы, тоқтаусыз жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.3 ақпан күні таңертең елордада қар тазалауға 2 642 жол жұмысшысы мен 1 811 арнайы техника жұмылдырылды.Ал 2 ақпаннан 3 ақпанға қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 49 211 текше метр қарды 3 351 ауыр жүк рейсімен шығарды.Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан полигондарға 4 млн 811 мың 952 текше метр қар 377 089 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929627
Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанды 09.02.2025
Астана қаласының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ол 1000 метр қашықтықта нео-сеньорлар санатында бірінші орын алып, 1:21.74 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигл (1:22.77) иеленсе, қола норвегиялық Айне Наккенге бұйырды (1:23.50).Осыған дейін Алина Дауранова командалық спринтте алтын, 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929661
Астанада мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында ерекше спорттық сайыс өтті 09.02.2025
Астанадағы №73 мектеп-лицейінде «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Жылда дәстүрлі түрде өтетін спорттық сайыс аталған мектептің 3-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында ұйымдастырылды. Сайысқа жалпы 100-ден аса мектеп оқушысы қатысты.«Сайыс мектебімізде жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұлттық құндылықтарымызды және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шараны оқушы, ұстаз, ата-ана арасында үшжақты ынтымақтыстықта жұмыс істеудің тамаша үлгісі деп есептейміз. Жалпы бұл – 3-5 сыныптар аралығында өтетін сайыс. Бұл сайыстың бір қызығы – аналар күш сынасса, әкелер бауырсақ пісірді. Барлық қатысушы ойын арасында ошақта піскен ыстық бауырсақ пен шоқ самаурында қайнаған шайдан ауыз тиді. Мұндай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы балалар және ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс істеуге өзіндік ықпалын тигізеді», - деді №73 мектеп-лицейі директоры Гүлшат Қалтаева.Сайыс қатысушылары эстафеталық таяқшамен жүгіру, шанамен жарыс, арқан тартыс, қол күресі және «Бауырсақ-Fest» жарысында бақ сынасты.Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, Алғысхаттар мен арнайы сыйлық берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929686
Астанада ерекше қажеттілігі бар жандарға қандай көмек көрсетіледі 09.02.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сүруіне қолайлы болуы үшін қандай жағдай жасалып жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп тұрамын. Бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаймыз. Кездесу барысында инватакси, медициналық көмек, пандустар, инфрақұрылым және т.б. мәселелер талқыланды.Маңызды мәселе – инватакси. Жыл сайын біз арнайы техниканың санын да, қызметтерді сатып алу көлемін де арттырамыз. Сол сияқты биыл оңалтуға қажетті техникалық құралдарды (ОТК) жеке сатып алуға арналған соманы арттырамыз.Сондай-ақ, биыл тағы үш оқушылар сарайын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Олардың бәрінде бассейн болады. Аталмыш әлеуметтік нысандарға ерекше қажеттілігі бар балалар да бара алады.Былтыр жол жұмысы кезінде мүгедектер арбасына арналған 150 пандус орнатылды, сонымен қатар Тұран даңғылының бойындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне («Хан Шатыр» СОО-ға қарама-қарсы) пандустар қойылды, Бараев және т.б. көшелердің бойында орналасқан жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі лифтпен жабдықталды.Бұл жұмыстың барлығы ары қарай да жалғасады. Кездесуде көтерілген мәселелер де назарға алынды», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929731
Су шаруашылығы және суару министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу 09.02.2025
30.01.ДУШАНБЕОрталық Азия елдерімен жасалған келісімдер нәтижесінде Қазақстан биылғы көктемде 11 миллиард текше метр су аладыБұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Душанбеде өткен Орталық су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 88-ші отырысында келісті. Түркістан облысының Сырдария өзені арқылы өтетін су қоймасы. Оның 1,6 миллиард текше метрі Арал теңізіне жөнелтіледі.28.01.АСТАНАНұржан Нұржігітов израильдік Dan Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы Шимон Бен Хамомен кездесті. Тараптар Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Бүгінге дейін израильдік инженерлер 4 су қоймасын тексеріп, оларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берді.31/ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫСу ресурстары және ирригация министрлігі 5 жыл бұрын тоқтап тұрған Қызылорда су электр кешенін қайта құру жобасын аяқтады. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін гидроагрегаттың бұзылған бөліктері жөнделді және басқа да ақаулар жойылды.МАҢЫЗДЫ: Гидроагрегат Сырдарияның сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және 2 миллион гектарға жуық шөлейтті жерлерді ылғалдандыруға арналған ирригация су ресурстары бойынша ақпараттық жүйені әзірлеуді жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Қазақстан аумағындағы 17 736 өзендер мен 2 949 шағын көлдер, Каспий және Арал теңіздерінің шекаралары, 8 су шаруашылығы бассейндері мен 77 су шаруашылығы учаскелері, 377 магистральдық каналдар, 56 тоғандар, 297 су қоймалары және 548 бөгеттер цифрландырылып, жүйеге енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929587
Каналда 19 сорғы қондырғысы ауыстырылады. Қ.Сәтпаева 09.02.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы 4 жылда Қ.Сәтбаев атындағы каналдың 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын ауыстыруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік әлемде теңдесі жоқ гидротехникалық құрылысты кешенді реконструкциялаудың Жол картасын әзірледі.Қ.Сәтбаев атындағы канал Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Аталған үш өңірдегі өндіріс ошақтары мен шаруа қожалықтары да каналдың суын пайдаланады. Гидротехникалық нысанның жалпы ұзындығы - 458 шақырым.«Халық санының артуы және өндірістік кәсіпорындардың көбеюіне байланысты каналдың су ресурстарына сұраныс ұлғаюда. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биыл министрлік Қ.Сәтбаев атындағы каналды кешенді жаңғырту жұмысын бастайды. Жол картасына сай, 2028 жылға дейін 19 сусорғы агрегаты мен электр жабдықтарын жаңартамыз. Осының нәтижесіне сумен қамту сапасын арттырып, каналды ұзақ мерзім бойы және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз еткіміз келеді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929593