Қуқық
Жетісу облысында өткен жылы 7700-ге жуық жас жұмысқа орналастырылды 14.02.2025
Өткен жылы Жетісу облысының жұмыспен қамту органдарының қолдауымен 35 жасқа дейінгі 7 695 жас жұмысқа орналастырылды. Солардың арасында қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өтіп, жұмысқа тұрған, грант алып, кәсіп ашқан жастар да бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, былтыр жастар арасынан қоғамдық жұмыстарға 1 322 адам, жастар практикасына 1 150 түлек, әлеуметтік жұмыс орындарына 125 адам, «Алғашқы жұмыс орны» бойынша 575 адам, «Ұрпақтар келісім-шартымен» 31 адам жұмысқа тұрғызылған. Бұдан бөлек, грант алғандар да, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғандар да бар.Мәселен, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілген облыстағы 318 жастың бірі – талдықорғандық Айгерім Төребаева. Бала күтімі демалысынан кейін Айгерім журналистік дипломын ысырып қойып, өзін басқа салада сынап көргісі келді. Сөйтіп Талдықорған қаласының Мансап орталығы арқылы қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жолдама алып, «Ташенова» ЖК оқу орталығында кірпік өсірудің қыр-сырын меңгерді. Үш айлық курстың мерзімі аяқталған соң аталған шағын кәсіпкерлік нысанына жұмысқа қабылданды. - Өзім көп балалы анамын. Балаларым жас болғандықтан, солардың күтімімен біршама уақыт үйде отырдым. Кейін сұлулық әліміне бет бұрып, жаңа кәсіп үйренсем деп жұмыспен қамту органына жүгіндім. Соның арқасында өткен жылдың тамыз айында отқыту курсынан өтіп, сертификатымды алдым. Маған жоғары білікті мамандар кірпік өсу ісін егжей-тегжейлі үйретті. Сұлулық салонында аз ғана уақыттың ішінде өзімнің жақсы маман екенімді көрсете алдым, қазір өзімнің тұрақты келушілерім бар. Кез келген уақытта адам өзі қалаған жаңа кәсіпті меңгере алады екен, оған ешқашан кеш емес. Соған көзім жетті. Осындай мүмкіндіктерге жол ашып отырған мемлекеттік бағдарламалардың бар болғаны қуантады, - дейді көп балалы ана Айгерім Төребаева.Облыстық қоғамдық даму басқармасының мәліметіне қарағанда, өткен жылы жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттандыру бағытында өңірде өткізілген кездесулер мен түсіндіру жұмыстарына 3 мыңнан астам жас тартылған. Осы орайда түрлі гранттарға қатысып, өз ісін ашуға талпынған жастар да аз емес. Мысалы, психолог және логопед-дефектолог мамандықтары бойынша жоғары білім алған Айым Сайлаубекова мамандығына сай жұмыс іздеп жүрген кезінде жастарға арналған гранттар бар екенін естіп-білген.- Бір күні әлеуметтік желіден жастарға конкурс негізінде гранттар берілетіні туралы ақпаратты көзім шалды. Осы конкурсқа халыққа пайдасы тиетін жоба ұсынып, бақ сынап көрсем деген ой келді. Сөйтіп ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған коррекциялық орталық ашу жобасын ұсынып, 3 млн. теңге грант ұтып алдым. Бірден Талдықорған қаласынан осындай орталық аштым. Орталыққа керек жабдықтардың бәрін гранттың қаржысына сатып алдым. Қазір орталықта бейімделген дене шынықтыру, сенсорлық интеграция, логомассаж қызмет түрлері жасалып, логопед, дефектолог, психолог, нейропсихолог мамандар сабақ жүргізеді. Қазір орталықта 12 адам жұмыс істейді, - дейді «Сана» орталығының жетекшісі Айым Сайлаубекова.Жалпы өткен жылы жастар бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша 3 млн. теңгеден 10 грант берілген. Гранттар «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша ұсынылып, жастардың өз ісін ашуға жәрдем етті.Осы ретте өңірде жастардың, әсіресе NEET санатындағы жастардың өмірден өз орындарын табуына ерекше көңіл бөлінеді. Облыстық қоғамдық даму басқармасының деректеріне сәйкес өткен жылы жастарды маусымдық жұмыспен қамту мақсатындағы «Жасыл ел» еңбек жасақтарында 635 адам жұмыс атқарды. Жоба аясында барлық аудан-қалаларда «Экодесант», «Тазалық тыңшысы», «Жайқалсын жас терек», «Жасыл бақ – таза қала» атты акциялар ұйымдастырып, тазалық шаралары жүргізілді.Сонымен қатар 83 «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, 4 081 адам тұрақты жұмысқа орналасты.Бұған қоса, облыс мектептеріндегі әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлар жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауға, алдағы үлкен өмірге дұрыс қадам жасауға жәрдемдесуде. Бұл да жастар саясатына өзінің оң ықпалын тигізіп отыр. Атап өтсек, бүгінде облыстағы менторлық жоба аясында 126 адам еңбек етеді. Олар балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, нашақорлық пен лудоманияның, суицидтің, буллинг пен кибербуллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу, жыныстық қол сұғылмаушылықты қалыптастыру, салауатты өмір салты, мамандық таңдау және кәсіптік бағдарлау, креативті ойлау, қаржылық сауаттылық сияқты 9 бағытта жұмыс істейді.Еске салсақ, жалпы өткен жылы Жетісу облысы бойынша 35 643 жұмыс орны құрылды, оның 22 719-ы – тұрақты жұмыс орны. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 27 794 адам қамтылды, 23 286 адам жұмысқа орналастырылды, оның 13 261-і тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды және «Вестник Жетісу» газеті мен «Сана» балалар орталығынан ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/934869
Петропавл маңында айналма каналдың құрылысы басталды 14.02.2025
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды. Жиында ТЖД, «Қазгидромет» басшыларының және селекторлық режимде аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды."Су тасқыны – өңір үшін өте маңызды мәселе. Былтырғы жағдайдың қайталануына жол бермеу қажет. Дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде: жөндеу және инженерлік жұмыстар бір күнге де тоқтаған жоқ, тіпті қыста да жалғасты", - деді облыс әкімі. Инженерлік жұмыстар жоспары аясында 109 іс-шара қарастырылған, оның ішінде келесі жұмыстар атқарылды: ✅ 8 қорғаныс бөгеті нығайтылды✅ Облыста 80 км бөгеттер мен үйінділер салынып, күшейтілді✅ Автожолдарға 108 су өткізу құбыры мен тюбингтер орнатылды✅ 10 км су ағызу арықтары мен каналдары тереңдетілді✅ 4 км шағын өзен арналары тазартылды✅ 214 км нөсерлік кәріз жүйесі тазартылып, жөнделді✅ Бірінші көтергіш сорғы станциясын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын Өткен жылғы су тасқынының ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша шаралар жүзеге асуда: 🔹 Петропавл су торабы маңында айналма канал құрылысы басталды. Бұл Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Су тасқынын ерте кезеңде бақылап, облыс орталығының шағын аудандарының су басуын болдырмау үшін артық суды алдын ала ағызу қарастырылған. 🔹 Соколовка және Большая Малышка ауылдары маңында өзен арналарының түбін тереңдету және жағалауды тазарту жұмыстары жүргізілуде. 🔹 Профилактикалық жару жұмыстары жүргізіледі. Петропавл қаласы мен 8 аудандағы Есіл өзені мен шағын өзендердің 49 учаскесінде мұз кептелісінің алдын алу және еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету үшін жарылыс жұмыстары жасалады."Қазір бүкіл облыс үшін жауапты кезең. Мемлекеттік органдар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Дайындық жұмыстары мұқият жүргізілуі тиіс, әсіресе инертті материалдарды, қаптарды және арнайы техниканы алдын ала дайындау маңызды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын ескеру қажет", - деп атап өтті өңір басшысы.Алдағы уақытта аудандарда кеңестер өткізіліп, негізгі міндеттер мен басым жұмыстар нақтыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/934416
Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесінің жыл сайынғы отырысы 14.02.2025
Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жыл сайынғы жалпы отырысы өтті.Энергетика, экология, мұнай және газ мәселелері жөніндегі Бірлескен жұмыс тобының тең төрағасы ретінде ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Бірлескен жұмыс тобының 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын іске асыру бойынша аралық қорытындылар жасады.Газды алауда жағу мәселелерін реттеу жөнінде жұмыс тобы құрылды.Қазақстан 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясы аясында мұнай-газ секторын декарбонизациялау бағытын жалғастыруда. Вице-министр 2023 жылы Қазақстан жаһандық метан міндеттемесіне қосылғанын және бұл қадам елдің климаттың өзгеруіне қарсы халықаралық күш-жігерге бейілділігін білдіретінін атап өтті.Газды алауда жағуды азайту бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде алауда жағылатын газ көлемі 2006 жылғы 3,1 млрд м³-ден 2024 жылы 0,3 млрд м³-ге дейін төмендеді.Сонымен қатар Каспий теңізі мен Жайық өзені деңгейінің төмендеуіне байланысты тәуекелдерді басқару мәселелері қарастырылды. Ғылыми институттар мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен инфрақұрылым мен өндіруші кәсіпорындарға теріс әсерді барынша азайтуға бағытталған шаралар әзірленуде. Сондай-ақ су ресурстарын сақтау үшін тиімді шешімдерді енгізуге арналған бейімделу стратегиясы жасалып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/934657
Әскер спортшысы Азия ойындарының шаңғы жарысында қола еншіледі 14.02.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкері Олжас Климин Қытайдың Харбинінде өтіп жатқан Азиада-2025 ойындарының шаңғы жарысында қола жүлдеге ие болды. 10 шақырым қашықтықта еркін стильде жарысқа 46 спортшы қатысты. Ең үздік уақыт көрсеткішін жапондық Харуки Ямасита көрсетті. Оның жерлесі Такацугу Уда мәреге екінші болып жетті. Үшінші орынды Қазақстан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Олжас Климин олжалады.Азиаданың шаңғы жарысы бағдарламасында 12 ақпанға жоспарланған ерлер мен әйелдер эстафетасы өтеді. 11 ақпанда биатлоншылар жарысқа шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934742
«Қыс-2025» оқу-жаттығуы: қазақстандық әскерилер жауынгерлік іс-қимылдарды қысқы жағдайда пысықтады 14.02.2025
Түркияның Карс провинциясында жауынгерлік дайындықты нығайтуға және оған жұмылдырылған күш-құралдардың үйлесімділігін арттыруға бағытталған «Қыс-2025» халықаралық оқу-жаттығуы аяқталды. Әскери маневрлерге Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Италия, Пәкістан, АҚШ, Түркия және т.б. әскери контингенттер қатысты. Әскери қызметшілер асулар мен қарлы алқаптарды еңсеріп, елдімекендерде «ұрыс қимылдарын» жүргізді. Қалың қардан жолдың анық көрінбеуі мен күннің суықтығы бөлімшелердің қозғалысын қиындатты. Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің жедел тобы корпус пен бригаданың командалық пунктерінде шешім қабылдауға тартылған болатын. Офицерлердің миссиясы практикалық әрекеттерді жоспарлау және қыстағы төтенше жағдайларды ескере отырып, сақтық шараларын жасау болды. Офицерлер логистика мәселелерін пысықтап, бұйрықтар мен түскен есеп-қисапқа баға берді. «Ақбаба» полигонындағы маневрлерге барлығы екі мыңға тарта сарбаз бен офицер, майдан және армия авиациясы, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар, танктер мен сауытты транспортерлермен қоса ондаған техника жұмылдырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934743
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА «ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫМЕН ЖӘНЕ «UMC» КҚ-МЕН ӨҢІРДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 14.02.2025
ҚР Денсаулық сақтау вице – министрі Ержан Нұрлыбаев Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлытау облысының әкімдігі, «Қазақмыс» корпорациясы және «UMC» КҚ арасында ынтымақтастық туралы төрт жақты Меморандумға қол қойылды.Меморандум жасасудың мақсаты - әдістемелік және консультациялық медициналық көмекті ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру курстарында, мастер кластарда және қосымша білім берудің басқа да түрлерінде UMC қызметінің клиникалық бағыттары бойынша Ұлытау облысының денсаулық сақтау мамандарын оқыту болып табылады.UMC тікелей көмек көрсету үшін Ұлытау саласындағы өз мамандарының (дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың) ай сайын 2-ден 4 аптаға дейінгі мерзімге 12 ай бойы тұрақты болуын қамтамасыз етеді.Олар диагностикада, пациенттерді емдеуде және хирургиялық араласуда практикалық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда UMC клиникаларына жіберіледі. Бұл ретте жергілікті дәрігерлер, орта медициналық персонал республикалық клиника мамандарының мастер кластарда кәсіби деңгейін арттыратын болады.Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы алған білімдері мен дағдыларын бекіту үшін Ұлытау облысынан Астана қаласындағы «UMC»-ке мамандардың кетуін ұйымдастыруға міндеттеме алды.«Қазақмыс» корпорациясы меморандум шеңберінде іс-шаралар бойынша шығыстарды қаржыландыруға жәрдемдесетін әлеуметтік жауапты серіктес рөлін атқарады.Меморандумға ҚР Денсаулық сақтау вице – министрі Е.Ш. Нұрлыбаев, облыс әкімінің орынбасары А. С. Ыдырысов, «Қазақмыс»корпорациясы» ЖШС сенімхатының негізінде «Өркен Ассистанс» ЖШС директоры А. К. Боранбаева, «UMC» ҚҚ директорының медициналық орынбасары В. Х. Алтынова қол қойды.«UMC» КҚ мамандары мен технологиялық мүмкіндіктерінің жоғары әлеуеті Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласын дамытуда қуатты серпін болмақ. Высокий потенциал специалистов и технологических возможностей КФ «UMC» станет мощным импульсом в развитии здравоохранения области Ұлытау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/934767
ШЫМКЕНТТЕ 1130 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРІ ОҚУДАН ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТТІ 14.02.2025
Шымкентте жедел жәрдем станцияларының 1130 қызметкері диспетчерлік қызмет жұмысының алгоритмі, шақыртуларды өңдеу, науқастардың әртүрлі санаттарына сапалы медициналық көмек көрсету, сыни жағдайларда балалар мен ана өлімінің алдын алу бойынша білім мен дағдыларды қамтитын модульдер бойынша оқудан өтті.Денсаулық сақтау министрі тапсырмасының шеңберінде оқыту қорытындысы бойынша шұғыл қызмет мамандары үшін алынған білім мен дағдыларды аттестаттау өткізілді.Бейінді мамандардан тұратын сарапшылар тобы арнайы әзірленген бақылау парақтары бойынша сұрақтар қойды, әртүрлі жағдайларда симуляциялық құрылғыларды пайдалана отырып, фельдшерлердің біліктілік деңгейін тексерді.Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды, сондай-ақ пациенттерге шұғыл көмек көрсету барысында туындауы мүмкін штаттан тыс жағдайларға талдау жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/934771
Қазақстанда ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді 14.02.2025
Ішкі істер министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс қорытындысы қаралды.Ведомство басшысы Ержан Саденов қоғамдық кеңес мүшелеріне еліміздегі криминогендік жағдай туралы хабарлады. Ішкі істер министрі соңғы жылдары қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде ахуалдың едәуір жақсарғанын атап өтті.- Қылмыс деңгейі 102 мыңға дейін немесе 11%-ға төмендеді. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 12 700 қылмысқа аз тіркелді. 90-шы жылдарды қарайтын болсақ, ол кезде қылмыс саны 200 мыңнан асатын. Бірақ біз мұнымен тоқтамаймыз. Нөлдік межеге жетуді мақсат етіп отырмыз, - деді министр.Тәуелсіздік жылдары ішінде қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендегені байқалады. Статистикалық деректер осы тенденцияны растап, криминогендік жағдайдағы елеулі өзгерістерді көрсетіп отыр.Төмендеу ауыр қылмыстар, оның ішінде тонау, ұрлық, зорлау және адам өлтіру сияқты қылмыстарға да қатысты. Мысалы, 1997 жылы адам өлтірудің 2594 фактісі тіркелсе, өткен жылы 565 факті болды.Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар қоғам қауіпсіздігіне ерекше қауіп тудырады. Егер 30 жыл бұрын бір жыл ішінде тіркелген осындай қылмыс саны 1,5 мыңға жетіп отырса, былтыр бұл көрсеткіш 118-ге дейін төмендеді.Топтасып жасалған қылмыстар бойынша да оң динамика байқалады. 1992 жылы Қазақстанда 18928 осындай қылмыс тіркелсе, 1994 жылы олардың саны 24712-ге жеткен. Бұл кезең құқық қорғау органдары үшін ең қиын уақыттардың бірі болды. Қылмыстық топтар белсенді әрекет етіп, оларға қарсы күрес көп күш талап етті. Алайда соңғы жылдары олардың саны айтарлықтай азайды. 2024 жылы топпен жасалған қылмыстар саны 5588-ді құрап, 4,5 есе төмендеді.Сонымен қатар министр қылмыс түрлерінің өзгергенін және заманауи технологияларға бейімделгенін атап өтті.- Алаяқтық кең таралуда. Бұл барлық қылмыстардың 42%-ын құрайды. Адамдар пайда табуды көздеп, күмәнді инвестициялар мен пирамидаларға ақша салады. Негізгі себептер — халықтың қаржылық сауаттылығының төмендігі және азаматтардың полицияға кеш хабарласуы. Бұл көптеген елдерге тән құбылыс, - деді Ішкі істер министрі.Ержан Саденов министрлік осы қауіппен белсенді күресіп, алдын алу шараларын жақсарту және халықтың киберқылмыстар бойынша хабардарлығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы қаралды. Қазіргі құрамдағы кеңес үш жыл бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде ішкі істер органдарының қызметін жақсарту бойынша көптеген маңызды қадамдар жасалды.Айта кету керек, жалпы құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуі елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық тәртібін нығайтуда шешуші рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/934546
Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жеке тасымалдаушы вагондарда арнайы бейнебақылау жүйесін орнатып жатыр 14.02.2025
Жеке тасымалдаушы жолаушы вагондарында бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, «Сары-арка компани» ЖШС жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен пойыз бригадалары жұмысының тиімділігін арттыру үшін «Орал-Астана» бағытында қатынайтын 10 вагонда қосымша бейнебақылау жүйесін орнатуда.Бұдан басқа 2024 жылы компания қосымша тағы 10 жолаушы вагонында бейнебақылау жүйесін орнатты.Компания вагондардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орнатумен қатар жолаушы вагондарының паркін жаңарту жұмыстарын да жүргізуде.Жалпы тасымалдаушыда "Орал-Астана" бағытында қатынайтын сыйымдылығы 600 орындық 30-ға жуық вагон бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/934643
ТЖ вице-министрі Ақмола облысының су тасқыны қаупі бар учаскелерін тексерді 14.02.2025
Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Ақмола облысында орналасқан елордалық агломерацияны инспекциялады. Жұмыс сапары барысында ол Аршалы және Целиноград аудандарында болып, негізгі гидротехникалық құрылыстарды аралап, ықтимал су тасқынына дайындық деңгейін бағалады. Атап айтқанда Жібек Жолы ауылының 7 шағын ауданында Астана су қоймасына, су өткізу құрылыстарына, сондай-ақ қорғаныш жер білігінің құрылысын инспекциялады. Жыл сайын бұл елді мекенді су басу қаупі туындайды, сондықтан қосымша қорғаныш шаралары қабылдануда. Сонымен қатар вице-министр Тайтөбе ауылы мен Қосшы қаласындағы инженерлік жұмыстардың барысын тексерді, Целиноград ауданының бірқатар елді мекендеріндегі инженерлік құрылыстарды да қарады. «Су тасқынына қарсы іс-шаралар барлық қызметтердің уақтылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстардың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің – жедел ден қоюға дайын болуы маңызды. Біз жағдайды мониторингілеуді жалғастырамыз және жергілікті жерлерде іс-қимылды үйлестіреміз», - деп Кеген Тұрсынбаев атап өтті. Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов алдағы су тасқыны қаупі бар кезеңге күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады. Өз кезегінде Целиноград, Аршалы аудандары мен Қосшы қаласының әкімдері су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/934590
Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді 14.02.2025
«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 миллион текшее метрге артық. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді.Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізіндегі судың жалпы көлемі - 22,1 млрд текше метр. 2022 жылдың басында 18,9 млрд текше метр болды. 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текшее метрге дейін жетеді деп күтілуде.Солтүстік Арал теңізінің ауданы да ұлғаюда. Бүгінгі таңда ол 3065 шаршы шақырымға жетті. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 111 шаршы шақырымға көп.Солтүстік Арал теңізінің ауданы мен көлемінің ұлғаюы судың минералдануың азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті.«Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру» жобасы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда «Тәуір» қорғаныс бөгетін салу, Қарашаланкөлі мен Сырдария өзені арасындағы екі учаскедегі бөгеттер мен «Қарашалан-1» каналын және оның бас құрылысын реконструкциялау жұмысы аяқталды. Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөлетін Көкарал бөгетін қайта жаңарту жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру Солтүстік Аралдың сақталуына және судың тұздылығын төмендетуге ықпал етеді.Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану шамамен 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Аралға жіберуге мүмкіндік берді. 55 мың гектар күріш алқабы лазерлік жоспарлаушының көмегімен тегістелді, бұл орташа өнімділікті гектарынан 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін арттыруға септігін тигізді.Су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру үшін шаруалардың инфрақұрылым жүргізу, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Су үнемдеу жүйелерін пайдаланатын дихандар үшін су армалысуға субсидия мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды.Арал теңізі бассейніндегі аймақты оңалту мақсатында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағында 4,4 млн көшет отырғызылды.2021-2024 жылдар аралығында 475 мың гектар жерге тұқым мен көшет отырғызылды. Биыл 428 мың гектарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осының нәтижесінде 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуі тиіс.Айта кету керек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастапа Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Қазақстанның 2024-2026 жылдар аралығындағы төрағалығы кезеңінде ХАҚҚ Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді. Құжат 10 түрлі бағыт бойынша 40-қа жуық іс-шараны қамтиды.Президенттің тапсырмаларын іске асыру 2000 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Солтүстік Арал теңізінің су көлемі мен ауданының ұлғаюы судың минералдануын азайтады, бұл оның биологиялық әралуандығын сақтауға көмектеседі және Қызылорда облысының балық шаруашылығының дамуытуға ықпал етеді.Су үнемдеу технологияларын енгізу және су инфрақұрылымын дамыту Солтүстік Аралға қосымша су көлемін жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға көмектеседі.Арал теңізінің тартылған аумағын көгалдандыру топырақ эрозиясының алдын алады және құмды, тұзды дауылдармен күресуге көмектеседі.Бұл аймақтың экологиялық жағдайын жақсартып, жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/934374
Қаңтар айында ЭЕБ-да білім беру саласының қызметкерлеріне жоғары сұраныс байқалды 14.02.2025
Қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) жұмыс берушілер мен ізденушілердің белсенділігі әртүрлі болды: егер бос орындар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға қысқарып, 98,9 мың бірлікті құраса, ал түйіндемелер саны 2,5 есе, яғни 191,9 мың бірлікке дейін ұлғайды.Ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындары орналастырды.Бұл ретте қаңтар айында жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті – жұмыс берушілер желтоқсанға қарағанда 16 мың бос орынға (+70%) көбірек орналастырды. Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне сұраныс 45,7 мыңнан 18,8 мың бос орынға дейінқысқарып, екі еседен астам төмендеді.Сонымен қатар ұсыныс тарапынан түйіндеме санының өсуін барлық біліктілік топтары көрсетеді, ал біліктілігі жоқ жұмысшылар желтоқсанға қарағанда 60,4 мың түйіндемені (+338%) көбірек орналастырды.Желтоқсан айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының оң сальдосы 11 өңірде байқалады. Жұмыскерлерге сұраныстың ең көп өсуі Шымкент қаласында (2,6 мың бос орынға немесе +86%), Ақмола (1,5 мыңға немесе +50%) және Батыс Қазақстан (1,5 мыңға немесе +46%) облыстарында тіркелді. Сұраныстың ең көп төмендеуі Түркістан (11,2 мың бос орынға немесе -63%), Ақтөбе (-2,3 мың, немесе -36%) және Жамбыл (-1,7 мың, немесе -30%) облыстарында болды.Қаңтар айындағы еңбек нарығындағы ұсыныстардың өсуі нәтижесінде елдің барлық дерлік аймақтарында түйіндеме профициті қалыптасты. Ол Түркістан (6,5 мың бос жұмыс орны және 25 мың түйіндеме), Қызылорда (2,3 мың бос жұмыс орны және 14,3 мың түйіндеме), Жамбыл (4 мың бос жұмыс орны және 10,3 мың түйіндеме) және Маңғыстау (3,4 мың бос жұмыс орны және 12,7 мың түйіндеме) облыстарында ерекше байқалды.Білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер (2,1 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері және математика мұғалімдері (1,9 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие болды. Әлеуметтік қызметкер (+1,1 мың бос жұмыс орны) және білім берудегі әлеуметтік педагог (+625 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтарға сұраныс артты.Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімдері толықтырды, олар жалпы 529 түйіндеме орналастырды, сондай-ақ әлеуметтік педагогтар (173 түйіндеме) мен мектеп психологтары да (262 түйіндемемен 1 мың бос жұмыс орны) тапшы мамандар қатарынан көрінді.Жұмыс берушілер орташа жалақының ең жоғары мөлшерін ізденушілер арасынан өндіруші өнеркәсіптегі учаске бастығы (741 мың теңгеден бастап), авиациядағы инженер (~693 мың теңге) және бас құрылысшы (~605 мың теңге) лауазымдарына ұсынды, ал жүмыс іздеушілер арасынан ең жоғары жалақыны өндіруші өнеркәсіпте бөлім бастығының орынбасары (орта есеппен 1,1 млн теңге), ұшқыш (~1,1 млн теңге), сондай-ақ материалдық-өндірістік құндылықтарды есепке алу бөлімінің басшысы (~1 млн теңге) лауазымына үміткерлер сұрады.Осылайша, қаңтар айында ЭЕБ-да бос орындардың азаюы кезінде түйіндемелер санының айтарлықтай өсуі байқалды. Бұл жыл басында жұмыс берушілер жалдау процесін әлі күшейтпегендіктен болуы мүмкін, ал көптеген жұмыс іздеушілер, керісінше, қаңтардан бастап жаңа жұмыс іздей бастайды. Көптеген мамандықтар бойынша түйіндеменің профицитіне қарамастан, кейбір лауазымдарда кадрлар тапшылығы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/934072
Жеке медициналық кітапшалар енді HR Enbek порталында онлайн режимінде қолжетімді 14.02.2025
HR Enbek еңбек ресурстары порталында «Қызметкердің жеке ісі» сервисінде жұмысқа орналасу үшін қажетті медициналық кітапша қолжетімді болды. Құжат азаматтар үшін «Жеке медициналық кітапшалар» бөлімінде, сондай-ақ жұмыс берушілер үшін қызметкерлердің келісімін ала отырып, сұрау салу арқылы қол жетімді.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық кітапшалардың (санитарлық кітапшалардың) электрондық форматын енгізді.Электрондық жүйе қызметкерлердің 15 санатын қамтиды, оның ішінде қоғамдық тамақтану, дәріханалар, санаторий қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету саласының жұмыскерлері мен медициналық персонал бар. Бұл санаттар үшін тұрақты физикалық тексерулер жылына бір рет немесе алты айда бір рет өткізіледі.Бұдан кейін санитарлық кітапшаның электрондық нұсқасы HR Enbek порталына енгізілді, бұл жұмыс істеу үшін тұрақты медициналық тексеруден өтуді қажет ететін азаматтардың жұмысқа орналасуын жеңілдетуге тиіс.Жеке тұлғаның үшінші тұлғаларға беру үшін дербес деректерді өңдеуге келісімі мобильді азаматтар базасында тіркелген қызметкердің нөміріне SMS жіберу арқылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дербес деректеріне қол жеткізуді бақылау сервисімен жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Сондай-ақ, бұл келісу HR Enbek порталында немесе AppStore және GooglePlay арқылы жүктеуге болатын мобильді қосымшасында ЭЦҚ көмегімен беріледі.Кадрлық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйелері бар жұмыс берушілерге Smart Bridge арқылы «Қызметкердің жеке ісі» тегін сервисіне қосылу мүмкіндігі беріледі.Естеріңізге сала кетейік, «Қызметкердің жеке ісі» сервисі HR Enbek порталында 2022 жылы іске қосылған және жұмыс берушіге қызметкердің келісімімен жеке куәліктен, білімі, жұмыс тәжірибесі, фото, медициналық анықтамалар және т. б. ақпарат сияқты дербес деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беру арқылы әңгімелесу және жұмысқа орналастыру процестерін жеңілдетуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/934491
Кёрлингтен әйелдер құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті 14.02.2025
Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қытайдың Тайпейінен басым түсті. Есеп: 14-0.Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.Айта кетейік, әйелдер құрамасы осыған дейін Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берген.Бүгін Астана уақытымен 16:00-де еліміздің әйелдер құрамасы мен жарыс қожайыны Қытай 7-сессияда кездеседі. Ал ертең Филиппин және Қатар құрамасы қарсылас болады.Қатар өткен матчта Қытай Қатардан, ал Жапония Филиппиннен басым түсті.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934342
Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама күміс медаль жеңіп алды 14.02.2025
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы IX қысқы Азия ойындарында 2-орын алды.Командамыздағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова жалпы алғанда 235.39 балл жинады.Үздіксіз үштікті Жапония акробаттары түйіндеді.Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934352
Олжас Климин - Харбиндегі Азиаданың қола жүлдегері 14.02.2025
Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.Ұлттық құрама спортшысы Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/934357
КЕСКІНДЕМЕ ЖӘНЕ БИ ӨНЕРІ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ 14.02.2025
Шымкент қаласында 7-20 ақпан аралығында А. Пушкин атындағы кітапханада «Кескіндеме және би өнері – Шымкент тарихынан» атты көрме өтеді.Көрме аясында өмірлері Шымкент қаласымен тығыз байланысты болған суретші Григорий Пономаренко мен балет әртісі, педагог Ұлан Мирсеидовтың шығармашылығы таныстырылатын болады.Көрмеде суретші Григорий Пономаренконың соғыстан кейін соңғы кеңестік кезеңге дейінгі негізгі жанрлардағы туындылары ұсынылады. Оның картиналарында 1950-1990 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанның қалыптасуы зор сүйіспеншілікпен, шеберлікпен және тарихи шынайылықпен бейнеленген.Ұлан Мирсеидов (1952–2013), Шымкент қаласының тумасы, қазақстандық студенттер мен балет әртістеріне халықаралық байқауларға жол ашқан көрнекті педагог. Ұлан Мирсеидовты «чемпиондар ұстазы» деп атайды, өйткені оның шәкірттері халықаралық аренада алғаш рет жүлделі орындарға ие болды, ал қазақ балет мектебін әлемдік балет қауымдастығы мойындады. Ұлан Мирсеидов ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ерлер классикалық биінің стилін қалыптастырды.Көрме Шымкент қаласы әкімдігінің, Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Бейнелеу өнері мүзейі» МКҚК, А. Пушкин атындағы кітапхананың, «QazElles» Франциядағы қазақстандық әйелдер ассоциациясының, «MPL» компаниясының және жеке коллекционерлердің қолдауымен өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/931732
ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН НЫСАНДАР БҰЗЫЛУДА 14.02.2025
Биыл Шымкентте заңсыз салынған 10 бизнес нысаны бұзылады. Олардың ішінде “қызыл сызықта” бой көтерген және құрылыс талаптары ескерілмей, рұқсат құжаттарынсыз салынған ғимараттар бар.Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Ж.Адырбеков көшесі, 18 шағын ауданы мекен-жайдағы жеке кәсіпкер К.А.Егембердиеваға тиесілі құрылыс нысанына тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижесінде, кәсіпкердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысты заңнама талаптарын бұзғаны анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316 бабы 1-бөлігі, 321-бабы және 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен аталған нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы талап арыз қанағаттандырылып, бүгін 2 қабатты ғимарат бұзылуда.Қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 115 құрылыс нысаны бойынша 286 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, тиісті тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Былтырғы жылы сот шешімімен 4 құрылыс нысаны бұзылған. Биыл 8 құрылыс нысанын бұзу туралы сот шешімі қабылданған, сот шешімдерінің орындалуы сот орындаушылардың қарауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/931991
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ 14.02.2025
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Шымкенттегі энергиямен қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды аралап, қаланың активімен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жоспарын іске асыру бойынша кеңес өткізді.Әкімдіктің мәліметі бойынша, бүгінде 29 км жылу желісі және 330 км электр желісі реконструкцияланды. Қазандықтар жөнделіп, 50 электр трансформаторлары ауыстырылды. Кеңес барысында тек желілердің ғана емес, электр подстанцияларының құрылысы да Ұлттық жобаға енгізілуі ұсынылып, мақұлданды. Осылайша, Шымкентте 400 км-ден астам ескірген электр желілерін ауыстыру және қуаты 125 МВт болатын жаңа «Қызылсу» электр подстанциясының құрылысы қарастырылып жатыр.Кейін Вице-премьерге әкімшілік-іскерлік орталықтағы қазандықтың жұмысын көрсетіп, қазіргі таңда ол қаланың 10%-ын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырғаны жеткізілді. Жергілікті билік 2027 жылға дейін қолданыстағы 5 қазандыққа қоса жалпы қуаты 120 Гкал болатын 4 қазандық орнатуды жоспарлап отыр, бұл қалаға жылу беру көлемін 20%-ға арттырады (150-ден 530 үйге дейін).Сонымен қатар, Канат Бозумбаев өңірдегі жалғыз ТЭЦ-3 станциясын аралап, ол қалаға 70% жылу және 30% электр энергиямен қамтамасыз ететінін атап өтті. ТЭЦ-3-тің қалаға дейінгі жылу желісінің жалпы ұзындығы 60 км-ге жуық, ал олардың тозуы 90%-ды құрайды. Осыған байланысты, Ұлттық жобаға осы жылу желілерінің 17 км реконструкциялауын қосу туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/933090
ҚАЛА ӘКІМІ ФРАНЦУЗ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ 14.02.2025
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен кездесті. EDF, Veolia, AZ Syndicat, C3Medical, Dualest, СП ALMGT, Richel Group сынды жетекші француз компаниялары мен Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIFK) өкілдері Шымкентте бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.Қала әкімі мегаполиске көрсетілген ықылас үшін француз делегациясына алғысын білдіріп, бизнес-форум аясында өткен B2B және G2B кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.Кездесу барысында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған Жол картасына қол қойылды. Құжатта мәдени және білім алмасуды дамыту, қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және қала инфрақұрылымы салаларында озық француз технологияларын енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау, ғылым және білім беру салаларындағы әріптестікті арттыру қарастырылған.Бұдан бөлек, келісім туризмді дамытуға ықпал етеді. Оның ішінде Шымкентте Франция мәдениеті күндерін және Францияда Шымкент күндерін өткізу, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту мен іскерлік байланыстарды кеңейту шаралары бар. Жол картасын іске асыру қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, оның тұрақты дамуына маңызды қадам болмақ.Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент әкімі Қазақстандағы Франция Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізген болатын. Келіссөздер нәтижесінде Франция мен Шымкент компаниялары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілген.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/934249