Қуқық
Алматыда 2024 жылы 118 көппәтерлі үй және 54 ғимараттың лифтісі жаңартылды 01.02.2025
2011-2024 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2266 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) қамтылды, оның ішінде 1188 үй шатырды, қасбеттерді, кіреберістерді қалпына келтіруді, сондай-ақ инженерлік желілер мен электрмен жабдықтауды жаңартуды қоса алғанда, күрделі жөндеуден өтті.Сонымен қатар, 1078 үйде 2257 лифт ауыстырылды, бұл тұрғындар үшін жайлылық пен қауіпсіздікті едәуір арттырды. Бұл өзгерістер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға ықпал етіп, оларды жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайымен қамтамасыз етті.Өткен жылы бағдарлама аясында 118 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 54 үйде 100 бірлік лифт жабдығы ауыстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/924915
Анкарада Қазақстан мен Түркияның 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновтың басшылығымен Қазақстан делегациясы Түркия Республикасына барды.Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының өкілдері кезекті штабтық келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары қабылданды.Қазақстан тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов, түрік тарапынан бригадалық генерал Чатал Ердоған қол қойды.Полковник О. Құсайыновтың айтуынша, екіжақты кездесу барысында әскери білім және ғылым, бітімгерлік қызмет, жауынгерлік және медициналық дайындық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жоспарда жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу да қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924689
Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру жоспарлануда 01.02.2025
Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының "Әскери міндеттілерді 2025 жылы әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығының жобасын дайындады. Нормативтік құқықтық акт "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.Іс-шараларды әскери басқару органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.Әскери жиындардың негізгі мақсаты - бейбіт уақытта қысқартылған санда ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, жұмылдыру кезінде ҚР Қарулы күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарын орналастыру үшін қажетті әскери-оқытылған ресурстарды дайындау және запаста жинақтау.Әскери жиындар жыл сайын 30 күнге дейін өткізіледі. Осы кезеңде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен лауазымы сақталады, оларға орташа жалақы төленеді. Жұмыс істемейтіндер ең төменгі жалақыны мемлекет есебінен алады.Әскери міндеттілерді жиындарға және кері тасымалдау теміржол немесе автомобиль көлігімен жүргізіледі. Азық-түлік Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, әскери жиындарға шақырылған барлық әскери міндеттілер әскери міндеттілердің тиісті санаттары үшін белгіленген нормалар бойынша заттай мүлікпен және қызметтегі әскери қызметшілермен тең дәрежеде ұйымдастырылатын медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.Жиынға шақырылған әскери міндеттілер казармада тұрады. Оларды бөлімнің орналасқан жерінен босатуды ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен жиын бастықтары жүргізеді.Әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны, қылмыс жасағаны, сондай-ақ мемлекетке келтірілген материалдық залал үшін әскери міндеттілер Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.Әскери міндеттілер әскери жиындардан жалтарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде 2025 жылғы 7 ақпанға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1541213Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924695
Арнайы операциялар күштерінде қоян-қолтық ұрысының мықтылары анықталды 01.02.2025
Елорданың «Абырой» спорт кешенінде ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогына армиялық қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті. Аталған кубокты иелену үшін алты команда құрамында елуден аса әскери қызметші бағын сынады. Халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорт шеберлері тоғыз салмақ дәрежесінде күресті. Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Айдос Мырзахметов арнайы жасақтардың жауынгерлік дағдыларын арттыруда, олардың дене шынықтыруын жетілдіруде және моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтуда армиялық қоян-қолтық ұрыстың маңыздылығын атап өтті.Татамидегі жекпе-жекті ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов, ҚР Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының бас хатшысы Әділ Қайырбаев, Қазақстанның еркін күрес балуаны, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Мемлекеттік күзет қызметі жауынгерлік және арнайы даярлық штабының бастығы Антон Аманбаев, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы полковник Сәтжан Әбішев. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші командалық орынды 22750 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, екінші орынды 36814 әскери бөлімінің спортшылары, үшінші орынды 20709 әскери бөлімінің барлаушылары иеленді. Келісімшарт бойынша әскери қызметші сержант Бауыржан Сұлтановқа «Үздік спортшы» арнайы номинациясы берілді, «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясын аға сержант Асқар Асқаров еншіледі. Турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлеріне ақшалай жүлделер мен сыйлықтар табыс етілді. Қоян-қолтық ұрысының ең мықтылары ел Қарулы күштердің спартакиадасына жолдама алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924730
Әскери қызметшілер майдангер Рахымжан Мамырәлиевті ғасырлық мерейтойымен құттықтады 01.02.2025
Жамбыл облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Рахымжан Сатыпалдыұлы Мамырәлиев жүз жылдық мерейтойын атап өтті. Қарияны ғасырлық мерейтойымен құттықтау үшін Байзақ ауданы Жетібай ауылындағы ардагердің үйіне балалары, немере-шөберелері, ауылдастары, жергілікті атқарушы органдар мен әскери басқару органдарының өкілдері жиналды. Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері майдангерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан құттықтау хат жолдады. Хатта еліміздің қорғаныс ведомствосының басшысы Рахымжан Мамырәлиевке майданда көрсеткен жанқиярлығы мен ерлігі үшін алғысын білдірген. Құттықтауда қазіргі Отан қорғаушылар үшін ардагер әскери борышын адал атқарған жанның үлгісі болып табылатыны атап өтілді. Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев облыс басшылығының атынан соғыстан кейінгі жылдардағы жеңіске қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін майдангерге алғыс айтты.Жетібай ауылында майдангердің жүз жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі жалғастырды. Рахымжан Сатыпалдыұлы таныс марш әуендері мен композицияларды естіп, әскери музыканттарға қошемет көрсетті. Байзақ ауданында тұратын запастағы әскери қызметшілер мен қызметтегі офицерлер құрамының әскери қызметшілері ардагер мен оның қонақтарының құрметіне салтанатты маршпен сап түзеп жүріп өтті. Рахымжан Мамырәлиев он сегіз жасында әскер қатарына шақырылды. 1943 жылы ол Қиыр Шығысқа сапар шегіп, Жапон басқыншыларына қарсы шайқасты. Артиллерия взводының командирі аға сержант Рахымжан Мамырәлиев Приморск, Ворошилов, Маньчжурия және Корей түбегін жапондардан азат етуге қатысты. Майдангер 1951 жылы ғана әскер қатарынан босап, Жамбыл облысына оралды, қазір ол жақындарының жанында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/925032
Қазақстан ТЖМ академиясының курсанттары аумақтық бөлімшелерге бөлінді 01.02.2025
Төтенше жағдайлар министрлігінің М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында 2025 жылғы түлектерді бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына ТЖ вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев, Академия бастығы полковник Жұмабек Хасенов, ТЖМ Кадр жұмысы және тәрбие жұмысы департаментінің бастығы Анаргүл Әбуева қатысты. М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында 2025 жылғы түлектерді бөлу жөніндегі комиссияның отырысында 173 түлекті ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне жіберу туралы шешім қабылданды. Оның ішінде 144 курсант – бұл академияның күндізгі оқу факультетінің студенттері, ал 29-Ресей және Беларусь ТЖМ бейінді жоғары оқу орындарының курсанттары. Отырыстан кейін курсанттармен кездесулер өтті, Кеген Тұрсынбаев ақпан-мамыр айлары аралығында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтетін, диплом қорғайтын және мемлекеттік емтихан тапсыратын төртінші курс студенттерімен әңгімелесті. «Сіздердің академияда алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз төтенше жағдайлар жүйесінде табысты жұмыс істеуге негіз болады. Сіздердің әрқайсыларыңыз тек жоғары білікті маман ғана емес, өз еліңіздің нағыз қорғаушысы болатынына сенімдіміз»,-деп вице-министр атап өтті. Сонымен қатар Анаргүл Әбуева екінші курс курсанттарымен әңгімелесіп, бұл академия тарихындағы оқып жатқан алғашқы қыздар екенін атап өтті. Мұндай өзгерістер, соның ішінде қыздардың білім беру процесіне қатысуы, мүмкіндіктерді кеңейту және ТЖМ жүйесіне әртүрлі кадрларды тарту туралы айтады. Түлектерді аумақтық бөлімшелерге бөлу-қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешу жолындағы маңызды қадам. Курсанттардың әрқайсысы еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына кепілдік бере отырып, азаматтық қорғау органдарының қатарында қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/924877
Вице-министр Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды 01.02.2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмыс сапарымен барып, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының материалдық-техникалық базасының жай-күйімен, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен және жеке құрамның жақсартылып жатқан қызмет ету жағдайларымен танысты. Сапар аясында вице-министр академияның оқу-жаттықтыру орталығында болып, курсанттармен және оқу орнының басшылығымен кездесу өткізіп, ағымдағы мәселелер мен оларды шешудің мүмкін жолдарын талқылады. Вице-министр ТЖМ бейінді департаменттеріне академияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар Кеген Тұрсынбаев Ақмола облысындағы өрт сөндіру бекеттерінің, оның ішінде Красный Яр ауылындағы бекеттің жұмысымен танысып, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Қазіргі уақытта Зеренді ауданы Садовое ауылының өрт сөндіру бекетінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысына сапар барысында қорғаныс бөгендері мен су тораптарын нығайту процесі қаралды, онда су тасқыны қаупін азайту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Петропавл қ., Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарында қорғаныс бөгендерін, Большая Малышка ауылындағы қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстардың нәтижелері қаралды. Сонымен қатар вице-министр Петропавл және Сергеев су тораптарының жұмысымен, Есіл ауданындағы Есіл өзенінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарымен танысты, «Қызылжар Су» ЖШС бірінші көтеру станциясын нығайту және жаңғырту барысын бағалады, бөгендер салуға арналған полипропилен материалы өндірілетін «SMB group Family» ЖШС кәсіпорнына барды. «Біздің міндетіміз - ТЖМ қызметкерлерінің жұмысы мен қызметі үшін барынша қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты ықтимал табиғи апаттардан қорғау. Инфрақұрылымды нығайтуға, сондай-ақ біздің мамандардың еңбек жағдайларын жақсартуға байланысты бірқатар өзекті мәселелер зерделенді. ТЖМ олардың тиімділігі мен төтенше жағдайларға дайындығын арттыру үшін барлық оқу және жедел бөлімшелерді қолдауды және дамытуды жалғастырады»,-деп вице-министр атап өтті. Сапар соңында халықты және аумақты ықтимал су тасқынынан қорғау мақсатында алдын алу іс-шараларын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді, құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттыру, материалдық-техникалық базаны және жеке құрамның қызмет өткеру жағдайларын жақсарту жөніндегі Төтенше жағдайлар министрінің талаптары жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/924932
Өңірлерде су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда 01.02.2025
Өңірлерде су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шаралары бар республикалық және өңірлік кешенді жоспарлар іске асырылуда. Су тасқыны қаупі бар жерлер мен елді мекендер анықталды. Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инфрақұрылымды нығайтуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Негізгі іс-шаралар - қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру каналдары мен арықтарды орнату, сондай-ақ су өткізу құрылыстары мен нөсерлі кәріз жүйесін жөндеу.
Шымкент қаласында жол картасын іске асыру шеңберінде 6 елді мекенде Бадам өзенінің арнасының 9 шақырымын түзету және жағалауды нығайту жүргізілді. Инженерлік жұмыстар жоспары аясында 34 шақырымнан астам ирригациялық жүйе орнатылды. Төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті әкімдіктердің мамандары су басу қаупі жоғары аймақтарда мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыруда. Бұл шаралар өзендердегі су деңгейін бақылау және қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін аса маңызды. Сондай-ақ қала тұрғындарына су тасқыны кезінде қажетті әрекеттер туралы нұсқаулықтар беріліп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Суды қауіпсіз өткізу үшін 26 шақырым канал мен 340 шақырым арықты қоқыс пен өсімдіктерден тазарту жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін әкімдік тарапынан 10 мың қап және 18 мың тонна инертті материалдар дайындалды.
Қостанай облысы ТЖД жұмыс тобы Рудный қаласына барып қайтты. Жұмыс сапары барысында су тасқыны қаупі бар бірқатар объектілерге тексеру жүргізілді. Перцев кентінде кент бойында тұрғызылған ұзындығы 1,5 км уақытша жер білігі және Сергеевский көпірінің жағдайы тексерілді. ФЗО ауылында инженерлік техниканың көмегімен еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін арна қосымша ұлғайтылды. «Рудный Су Арнасы» ЖШС аумағында су тасқыны кезінде пайдаланылуы мүмкін техниканы қарап тексеру ұйымдастырылды.
Қостанай облысының құтқарушылары Қарасу ауданындағы Новоселовка ауылы маңындағы су ағызу арнасына жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауды жалғастыруда. Арнаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы кезекшілік ұйымдастырылған. Судың деңгейін бақылау үшін үш гидробекет орнатылған. Іс-шараларды бақылау мен үйлестіруге жауапты жедел штаб гидробекеттерді үнемі тексеріп отырады және аумақты айналып өтеді. Жағдайды дәлірек бағалау үшін ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдана отырып, аэровизуалды бақылау қолданылады, бұл жағдайдағы кез келген өзгерістерді биіктіктен жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құрылғылар судың деңгейін үнемі тексеріп отырады. Жағдайды бақылау үшін әуеден ұшатын дрон да пайдаланылады, сондықтан өзгерістер тез байқалады. Су ағызу арнасының ұзындығы 14 шақырым. Каналдың өткізу мүмкіндігін арттыру үшін оны кеңейту жоспарлануда.
Қостанай облысында су тасқыны қауіпті учаскелердің белсенді мониторингі жалғасуда. Өңірдің ТЖД жұмыс тобы көктемгі су тасқынына дайындыққа ерекше назар аудара отырып, облыс аудандары бойынша жұмыс сапарларын жалғастыруда. Жұмыс тобы Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылындағы су тасқыны қауіпті учаскелерді, оның ішінде су өткізгіш құбырларды тазалағаннан кейін гидробекеттер мен учаскелерді аралап көрді. Қарабалық кентінде жүйенің өткізу қабілетін жақсарту үшін қосымша су өткізу құбырлары орнатылды. Сондай-ақ, Тоғызақ ауылында еріген қар суын тиімді ағызуға көмектесетін арық жүйесін құру жұмыстары аяқталды. Федоров ауданында жұмыс тобы су тасқыны қаупі бар учаскелердің жай-күйімен танысты. Мамандар гидротехникалық құрылыстардың дайындығын тексеріп, елді мекендерде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу шараларын бағалады.
Жамбыл облысында Талас өзеніне тексеру жүргізілді. Су нысандарының жағдайын бағалау және су тасқыны қаупін азайту бойынша шаралар қабылдау мақсатында бұл шараға жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД және бейінді ұйымдардың, салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мониторинг барысында Талас өзенінің ең қауіпті учаскелері, соның ішінде Тараз қаласы, Байзақ және Жамбыл аудандарының аумақтары тексерілді. Жағалауды нығайту жұмыстары қарастырылып, жоспарланды. Халықты қорғау және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тиісті ұйымдарға тапсырмалар берілді. Су нысандарының жағдайын бақылау және нығайту шараларын іске асыру жұмыстары жалғасады.
Шығыс Қазақстан облысында ТЖД бастығы Рашид Блялов пен облыс әкімі Ермек Көшербаев, сондай-ақ басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері жұмыс сапарымен Зайсан ауданына барды. Ауданда әдеттен тыс жылы ауа-райына байланысты қардың белсенді еруі басталды. Әкім жолдарды тазалауды, қарды шығаруды және жол жиектеріндегі тюбингтарды тазалауды, сондай-ақ барлық су өткізу құрылыстарын тексеруді тапсырды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің күштері жұмылдырылды. Облыста көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік беретін жер асты және еріген қар суын бөлу әдістері сәтті қолданылуда.
«Шығыс Қазақстанда су тасқыны қауіптері картасын жаңарту жоспарланған, оған әрбір ауыл енгізіліп, ТЖ басталған кездегі іс - қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмі ойластырылатын болады», - деп ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов атап өтті.
Астана қаласы аумағында қар шығару бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде. Бүгінгі таңда елді мекендерден қыстың басынан бастап 3,4 млн.куб.м. астам қар шығарылды. ТЖД қызметкерлері 500-ге жуық адамды қамти отырып, 10-нан астам рейд жүргізді.
Петропавл қаласында су тасқынына дайындық бойынша инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес 6 іс-шара қарастырылған, олардың барлығы толық көлемде орындалды. Заречный кенті мен «Подгора» шағын ауданында жалпы ұзындығы 6 260 метр болатын қорғаныс біліктері мен бөгендерді нығайту жұмыстары жүргізілді. «Ущева» қорғаныс бөгенінің еңістерін темір бетон плиталарын төсеу әдісімен нығайту жұмыстары жүргізілуде. 214 нөсер кәрізі дайындалды. «Қызылжар су» ЖШС-нің 1-көтеру су тартқыш станциясын қайта құру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылы Атырау облысында ұзындығы 250 км жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Жағалаудың осал жерлерін бекіту және Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылының ауданында, «Сарыөзек» каналының бойында, Қайыршақты ауылдық округінің Талқайран шағын ауданының және Талғайран-2, Бесікті және Ақжар ауылдарында сумен жабдықтау және кәріз сорғы станцияларының айналасында Жайық өзенінде қосымша бөгеттер салу және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Алматы облысының Іле ауданында Жармұхамбет ауылы мен ауылдық округ ауданындағы Жармұхамбет өзенінің арнасы зерттелді. Үйлерді су басу қаупінің алдын алу мақсатында өзен арнасын тазарту және тереңдету, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/924511
Мәулен Әшімбаев СҚО кәсіпорындары мен креативті орталықты аралады 27.01.2025
Өңірімізде жұмыс сапарымен болған ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев облыс орталығындағы кәсіпорындарды, атап айтқанда «Nord Panels» ағаш өңдеу зауыты мен «Зеленый Север» жылыжай кешенін аралады. Жаңа зауыт ағаш өнеркәсібін дамытып жатса, ал жылыжай тұрғындарды жергілікті көкөніспен қамтамасыз етуде. Мәулен Әшімбаев креативті индустрия орталығында SKO Hub-тың резиденттерімен кездесіп, олардың бастамалары мен жобаларымен танысты. «Sensitive» би ансамблімен кездесу ерекше болды: ансамбль мүшелері өз өнерлерін көрсетті, ал жобаның жетекшісі Ольга Ростовщикова инклюзияның балалардың шығармашылық дамуына маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/924778
Қарағанды туристік клубы белсенді туризмге тегін оқытуға шақырады 27.01.2025
Қарағанды облыстық туристік клубы белсенді туризмге үйрету және бірінші күрделілік санатындағы жаяу жүргіншілер сапарының жетекшілерін даярлау үшін топ жинауда.Оқытуды тәжірибелі нұсқаушылар жүргізеді. Сабақтар тегін. Таныстыру сабағы 28 қаңтар күні сағат 18:00-де өтеді.Сондай-ақ, туристік клуб спелеотуризмді оқыту тобына (саяхат және үңгірлерді зерттеу) қабылдау туралы хабарлайды. Оқыту тегін.Таныстыру сабағы 31 қаңтарда сағат 18:00 өтеді.Сұрақтармен WhatsApp: +7-705-587-24-34.Оқыту Қарағанды қаласы, Пассажирская көшесі, 12 үй, бірінші қабат (оңға) мекенжайы бойынша жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/924683
27 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 27.01.2025
🔹27 қаңтар – 3 ақпан – Фристайл могулдан халықаралық жарысҚазақстан құрамасы сапынан 7 спортшы қатысады.Өтетін орны: Финляндия, Юваскюля қ.🔹27 қаңтар – 3 ақпан – Тау шаңғысынан халықаралық турнир (FIS)Жарыста 4 отандасымыз өнер көрсетеді.Өтетін орны: Қырғызстан, Қашқұлак қ.🔹27 қаңтар – 2 ақпан – Пара шаңғыдан Әлем кубогіБұл сында ел намысын 7 спортшы қорғайды.Өтетін орны: Италия, Валь-ди-Фьямме қ.🔹28 қаңтар – 6 ақпан – Семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер)Халықаралық жарыста 3 жерлесіміз бақ сынайды.Өтетін орны: Испания, Ампоста қ.🔹30 қаңтар – 4 ақпан – Шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогіҚазақстан құрамасынан 3 спортшы сынға түседі.Өтетін орны: Польша, Щирк қ.🔹1 ақпан – 10 ақпан – Шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатыӘлем біріншілігіне ел құрамасынан 8 спортшы қатысады.Өтетін орны: Италия, Скильпарио қ.🔹1 – 3 ақпан – Қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионатыЕл біріншілігінде 16 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді (12-13 жас аралығындағы ұлдар).Өтетін орны: Алматы қ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/924656
ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 26.01.2025
Шымкентте №15 Жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.Мегаполис басшысы жаңа ғимаратты аралап, спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар осындай маңызды жобаларды жүзеге асыру жастар арасында спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Айта кету керек, спорт мектебі республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген майталман спортшыларды тәрбиеледі. Олардың арасында Елена Шалыгина мен Софья Берульцева бар.2400 шаршы метрден асатын жаңа төрт қабатты спорт кешеніне грек-рим және еркін күрес, дзюдо, кикбоксинг, каратэ, самбо және фитнес сабақтарына арналған алты мамандандырылған зал кіреді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/924652
«Прииртышье» өлкетану қоғамы мерейтойын атап өтті 26.01.2025
Абай атындағы кітапханада «Прииртышье» өлкетану қоғамының 20 жылдығына арналған шара өтті. Өлкетану қоғамы осы жылдар аралығында туған өлкенің тарихын зерттеп, оны насихаттауда тынбай еңбек етіп жүрген жиырмадан астам өлкетанушының басын біріктірді.Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, өлкетанушыларды атаулы датамен құттықтады. Естелік сыйлық табыс етті. Шара аясында ұйымдастырылған көрме қатысушыларға соңғы 20 жылда табылған жәдігерлер және зерттеу жұмыстарымен танысуға мүмкіндік берді.«Сіздерді айтулы мерейтоймен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық тілеймін. Біз мәдени және тарихи мұрамызды сақтауға қатысты барлық іс шараларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Сіздердің тараптарыңыздан сарқылмас күш, ынта-жігер қажет. Атқарған жұмыстарыңыз бен қаланың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын», — деді облыс әкімі.Өлкетану - бұл тарихты ғана емес, сонымен қатар археология, ботаника, зоология, климаттық зерттеулерді, мәдени және өндірістік мұраны қамтитын ауқымды қызмет саласы. Қоғам мүшелерінің әрқайсысы Ертіс өңірінің бай тарихын зерттеуге және насихаттауға өз үлесін қосады. Осыдан жиырма жыл бұрын олар Семейдегі өлкетану қозғалысын дамыту үшін бірікті.Қоғам жұмысының негізгі бағыттарының бірі — қаланың көне ғимараттарын сақтау. Өлкетанушылар күш-жігерінің арқасында Семейде бірқатар тарихи ғимараттар сақталып, біріне сәулет ескерткіші мәртебесі берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924654
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ АШЫЛДЫ 26.01.2025
Тұран шағын ауданындағы Оқушылар сарайы қолданысқа берілді. Жалпы ауданы 9 881,9 шаршы метр құрайтын үш қабатты ғимарат 1 аусымда 500 орынға лайықталған.Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа нысанды аралап көрген қала әкімі өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жауаптыларға жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.Айта кету керек, жаңа қосымша білім беру мекемесінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың қосымша білім алуына барлық жағдайлар жасалған.Оқушылар үшін бассейн, интерактивті кітапхана, керамика үйірмесі, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері қарастырылған. Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін фотостудия, бейне студия және журналистика үйірмелері орналасқан.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/924650
Азық-түлік бағасы бақылауда 26.01.2025
Абай облысында азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында тиісті шаралар атқарылуда. Мәселен, апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Қаламыздағы «Северный» сауда-логистикалық орталығында бұл жолы Жаңасемей ауданының шаруалары өз өнімдерін саудалады.Жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов аралап, сөредегі бағаларды қадағалады.Жәрмеңкедегі өнімдер нарық бағасынан әдеттегідей төмен бағада сатылды. Мәселен, сиыр еті 2500, жылқы еті 2500-2700, картоп 240, қырыққабат 140, сәбіз 100 теңгеден саудаланды.Облыс әкімінің орынбасары жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасатынын, тұтынушыларға сапалы әрі табиғи өнімдердің ешбір делдалсыз сатылатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/924643
Алматыда Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері соғыс ардагерлерімен кездесті 26.01.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев бастаған бір топ офицер майдангерлердің үйіне барды.Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Поповпен кездесуде әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев майдангерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хатын табыс етті.Осыдан бірнеше күн бұрын Анатолий Назарович 99 жасқа толған туған күнін атап өткен болатын. Алматы облысының Қаскелең қаласында туған Анатолий Назарович әскери байланысшы мамандығын алып, 1943 жылдан бастап Балтық майданында соғысты.Бүгінде майдангердің кеудесінде II дәрежелі Отан соғысы ордені мен "Риганы азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдары және көптеген мерейтойлық наградалар жарқырайды.– Сіздің буынның үлесіне тым қатал сынақ түсті. Бірақ сіздер жауды жеңіп, жеңімпаз атандыңыздар. Сіздің ерлігіңіз бен табандылығыңыздың арқасында жер бетінде бейбітшілік орнады, – деді полковник Т. Басқожаев.Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагері Тамара Максимованы да құттықтап барды.Тамара Александровна Максимова алдағы 23 сәуірде 101 жасқа толады. Соғыс кезінде ол Волоколамск тас жолындағы госпитальде жұмыс істеді. Алдымен тіркеуде, кейін медбике болды. Ол ауыр жараланған жауынгерлерге қамқорлық жасап, өз бетімен хат жаза алмайтын қызыл әскерлерге көмектесті. Осы госпитальде 2007 жылға дейін бақытты ғұмыр кешкен болашақ жары Константинмен кездесті.Тамара Александровна 1943 жылы ауыр жарақат салдарынан денсаулығына байланысты жұмыстан шығарылды. Соғыстан соң 10-сыныпты жеделдетілген бағдарламамен бітіріп, Мәскеу институтының тарих және филология факультетіне оқуға түсті. Ғылым кандидаты дәрежесін алып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді.Тамара Александровна II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Мәскеуді қорғағаны үшін" медалімен және басқа да наградалармен марапатталған.Әскери ведомство өкілдері соғыс ардагерлеріне өміршеңдігі үшін алғыс айтып, оларға ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924639
Жанкүйерлер Астанада өткен халықаралық турнирден кейін стадионнан қоқысты алып тастады 26.01.2025
Астаналық Qazaqstan спорт кешенінде Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирінен кейін жанкүйерлер трибуналарда қалған қоқыстарды жинады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Мұндай тазалық акциялары елорда тұрғындары арасында жақсы дәстүрге айналуда."Мен жеңіл атлетикадан әлем жұлдыздарын өз көзіммен көргеніме қуаныштымын. Шетелдік БАҚ-та стадионды жанкүйерлер тазартқаны туралы ақпаратты жиі оқи отырып, мен таң қалдым. Бүгін мен де қаланың тазалығына өз үлесімді қосамын", - деді акцияға қатысқан жанкүйерлердің бірі.Естеріңізге сала кетейік, бүгін елорда тарихта екінші рет Astana Indoor meet for Amin Tuyakov prizes халықаралық турнирін өткізді. Жарыста 42 елден 150-ге жуық спортшы 13 пән бойынша ең мықтысын анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/924625
Облыс әкімі Ақтөбедегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысын тексерді 26.01.2025
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңір басшысы Асхат Шахаров облыс орталығының негізгі су объектілері мен су тасқыны қауіпті учаскелерін бағамдады. ТЖ департаментінің командалық-штабтық машинасы мен пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен өңір басшысы Елек және Қарғалы өзендерінің бойындағы ықтимал қауіпті учаскелерді, сондай-ақ Сазды су қоймасын қарап шықты.Қазіргі уақытта ұзындығы 1300 метрді құрайтын Елек өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, тәуекел аймағына түскен Ақтөберентген-14, 16, Урожайный, Зеленстрой бау-бақша ұжымдарында еріген қар суын бұру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жерлерде Заречный көпірінен Кірпішті көпіріне дейін Елек өзенінің бойымен үйінді жасалады. Жұмыстарды «ZNS Group» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді, жобаның құны – 117,55 млн теңге.Асхат Шахаров Сазды су қоймасының ағымдағы жөндеу барысын да тексерді. Мұнда су жинақтаушы орынның түбін бөлшектеу, екі қатарлы арматурамен бетон құю және мұздан қорғайтын қабырғаны орнату жұмыстары аяқталған.Қаланы жұмыс бабымен аралау қорытындысы бойынша әкім жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуын жеделдетуді және неғұрлым осал аумақтарда қорғаныс бөгеттерін салуға кірісуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924627
Атырауда алғаш рет «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогына самбодан чемпионат өтті 26.01.2025
№ 4 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде өткен жарысқа Ақтөбе, Ақтау, Бейнеу, Орал және Атырау гарнизондарынан 70-ке жуық әскери қызметші қатысты.Жеті салмақ дәрежесінде өткен чемпионатты ашқан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Бағылан Өсербаев спорттың бұл түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт түрін дамытудың маңыздылығын атап өтті. – Самбо төзімділік пен ерік-жігерді дамытып, жауынгерлік дағдыларды жетілдіруге көмектеседі. Бұл сайыс та сіздерге спорттық шеберліктеріңізді көрсетуге мүмкіндік берді. Техникалық және тактикалық тәсілдерді кеңейтуде де алға жылжу бар, – деді полковник Б. Өсербаев.Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте алтын медальді Ақтөбе гарнизоны 30238 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды. Күміс медальді Орал гарнизоны аумақтық қорғаныс бригадасының балуандары иеленді. Атырау гарнизоны барлау полкінің әскери қызметшілері қоланы місе тұтты.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Чемпионат әскери қызметшілердің дене шынықтыру және моральдық дайындығын нығайтудағы маңызды қадам болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924558
Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерінің әскери бөліміне Жауынгерлік ту табыстады 26.01.2025
Шымкент гарнизонында Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Арнайы операциялар күштерінің бөлімшесіне барып, жауынгерлердің мызғымас рухының символы – монументтің ашылуына қатысты.Тұғырға бас қаруы сай арнайы жасақ жауынгері қонған. Оның қолында қуат-күшін, еркіндік пен жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейтін қанаттары жайылған құдіретті қыран бүркіт. Ескерткіштің тұғырына «Біздің күшіміз – бірлікте» ұраны жазылған.Саптық плацта Жауынгерлік туды табыстауға арналған салтанатты рәсім өтті. Оны Қорғаныс министрінің қолынан 36814 әскери бөлімінің командирі полковник Ұлықбек Сақ қабылдады.– Бұл әскери жәдігер өткен, қазіргі және болашақ жауынгерлердің ар-намысын, абыройын, даңқы мен жауынгерлік дәстүрлерін бейнелейді. Бүгін сізддердің бөлімнің жауынгерлік қызметінің жаңа беті басталды. Ата-бабаларымыздың өсиетіне адал болып, Арнайы операциялар күштерінің жауынгері атағын мақтанышпен алып жүріңіздер, – деді министр. Жауынгерлік туды тапсыру рәсімі бөлімнің басқару органының жаңа модульдік ғимаратының ашылуына жалғасты. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов штабтың орналасуы үшін жасалған жағдайды тексеріп, жаңартылған тұрғын үй қорымен танысты.Ведомство басшысы тактикалық қалашықта және арнайы жасақтардың практикалық сабақтары өтетін оқу-жаттығу кешенінде болды. Әскери қызметшілер ғимаратты тазарту, автокөлікке, автобусқа шабуыл жасау, сауытты машинамен «жаралыларды» эвакуациялау секілді іс-қимылдарды көрсетті. Сондай-ақ, әуе-десанттық дайындық элементтері көрсетіліп, жұмылдыру резервіне сабақ өтті. Психологиялық кедергілерді еңсеру барысында офицерлер көрінуі шектеулі және күрт өзгеретін жағдайда жедел шешімдер қабылдады.Бөлімнің әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау шарттарын зерделеген Қорғаныс министрі мемлекеттің мүдделерін қорғау мен оның қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі неғұрлым күрделі тапсырмаларды орындауға арналған бөлімшенің жауынгерлік әлеуетін арттыруды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924588