Қуқық
Туризм саласының 2025 жылға қойылған негізгі міндеттеріне арналған кеңейтілген Алқа мәжілісі 01.02.2025
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928648
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары - Ержан Еркінбаев: 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалады 01.02.2025
«2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туризм саласының негізгі көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Қонақүйлерде тұратын ішкі туристер саны шамамен 6 млн адамды құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 600 мыңға өсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрайды деп күтілуде. Жалпы, жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендерді есепке алмағанда, әртүрлі туристік мақсаттармен елге 15,3 миллион шетелдік қонақ келді. Оның ішінде 10,4 млн адам бізде 1 күннен астам уақыт өткізді, біз оларды шетелдік туристер ретінде қарастырамыз».«Орналастыру орындарының саны 4 315-ке жетті, біржолғы сыйымдылық 226 мыңнан астам төсек-орынды құрады. Қонақ үйлерді, демалыс базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің жиынтық табысы 224 млрд теңгені құрады.2024 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына инвестициялар көлемінің 2023 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсуі тіркелді, бұл абсолютті көрсеткіштерде 947,5 млрд теңгені құрады. Туристік салада 538 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға жоғары».«Шетелдік туристерді тарту экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Шетелдік туристер 2024 жылы еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады, бұл экономикаға жақсы үлес. 2024 жылғы 9 айда шетелдік келушілердің саны 968 мың адамды құрады.Келуші туристер санының едәуір өсуі Алматы (+146%), Қызылорда (+101%) және Жетісу (+62,1%) облыстарында тіркелді. Шетелдік туристерді тарту бойынша аймақтар бөлінісінде кейбір аймақтарда өткен жылмен салыстырғанда теріс динамика бар».«Шетелдік туристерді тарту экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Шетелдік туристер 2024 жылы еліміздің аумағында 1,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсады, бұл экономикаға жақсы үлес. 2024 жылғы 9 айда шетелдік келушілердің саны 968 мың адамды құрады.Келуші туристер санының едәуір өсуі Алматы (+146%), Қызылорда (+101%) және Жетісу (+62,1%) облыстарында тіркелді. Шетелдік туристерді тарту бойынша аймақтар бөлінісінде кейбір аймақтарда өткен жылмен салыстырғанда теріс динамика бар».«2024 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестицияда оң серпін байқалады. Жоғарыда айтылғандай, инвестиция көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ 15 облыста инвестиция тартуда өсуі байқалады.Ең үлкен өсім Батыс Қазақстан облысында – 196,2%, Ұлытау облысында – 84,2%, Қызылорда облысында –63% тіркелді. 5 аймақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда теріс өсу қарқынын көрсетеді. Сонымен қатар 2024 жылы жоспарлы көрсеткіші 9 облысқа жеткен жоқ».«Былтырдан бастап Қазақстанда туризмді дамыту мақсатында Travel Map интерактивті платформасы жұмыс істей бастады. Онда өңірлер бойынша инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізіледі.Биылдан бастап министрлік аталған платформа негізінде әкімдіктердің рейтингін қалыптастыруды бастауды жоспарлап отыр. Рейтингті сапалы өткізу үшін өңірлерге өзекті және талдамалық материалдарды жүйелі түрде жариялау ұсынылады».«2025 жылы министрлік туристік саланы дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады.Бірінші. Салаға қатысты заңға өзгерістер енгізу жоспарлануда. Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылымды салу құқығы беріледі. Инфрақұрылымдық объектілерді қаржыландыру үшін жеке бюджет бағдарламасы құрылатын болады. Екінші. Негізгі бағыт үш басым дестинацияны, Щучье-Бурабай курорттық аймағын, Маңғыстау курорттық аймағын және Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарларды бекіту және іске асыру.Үшінші. Биыл ел бойынша туристік инфрақұрылымды түгендеуді аяқтаймыз. Қорытындысы бойынша бюджеттік мүмкіндіктерге сүйене отырып, нақты басымдығы бар инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі және оларды іске асыру кестесі жаңартылады.Төртінші. Экотуризмді одан әрі дамыту мақсатында ұлттық парктерде туристік инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді.Бесінші. Туризм саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жергілікті қауымдастықтардың туристік өнімдер мен қызметтерді дамытуына мүмкіндік беретін жеңілдетілген несие беру механизмін әзірлеу жоспарланып отыр.Алтыншы. Туристік өнімдерді әртараптандыру мақсатында медициналық, сауықтыру-курорттық, балалар-жасөспірімдер және астрофизикалық туризм сияқты тақырыптық бағыттарды дамыту жөніндегі шаралар әзірленеді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928779
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың алқа отырысындағы қорытынды баяндамасы 01.02.2025
«Бүгін Министрлік, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, бірқатар әкімдіктер қызметінің қорытындылары бойынша баяндамалар тыңдалды, инвестор туризмді дамыту бойынша өз тәжірибесін және көзқарасын ортаға салды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ортақ күш салу қажет.Әкімдіктер өңірлерге туристерді тартуға және бұл үшін жағдай жасауға назар аударуы керек. Осыған байланысты қызметтердің сапасын арттыру, жаңа ұсыныстар жасау және белсенді ілгерілетуге міндетті. Өңірлерде жаңа туристік өнімдерді құру шеңберінде этнотуризм объектілерін, қолөнершілер орталықтарын, этноауылдарды, ұлттық тағамдары бар қоғамдық тамақтану пункттерін дамытуға ерекше назар аударуға тиіс».«Туризм көрсеткіштері бойынша нақты көріністі көру мақсатында әкімдік Ұлттық статистика бюросымен өзара іс-қимыл жасау арқылы туристік ағын бойынша мониторинг жүргізуді ұйымдастыру талап етіледі. Саланы цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Өңірлерде е-qonaq жүйесін одан әрі енгізуге назар аудару, жүйеге қосылудың маңыздылығы мен артықшылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Сондай-ақ гидтердің қызметін цифрландыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырамын».«Мемлекет басшысы жақында ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамыту мәселелеріне баса назар аударған болатын. Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет деп айрықша атап өтті. Жеке инвесторларды тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау маңыздылығына аса мән берді. Осы орайда, Президент қойған міндеттер мен тапсырмаларды мүдделі тараптармен бірлесіп іске асырамыз», - деді Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928946
Астанада әскери топографтар мен топографиялық қызмет ардагерлеріне құрмет көрсетілді 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде әскери топографтардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.Оған департаменттің әскери қызметшілері, басқа да күштік ведомстволар топографиялық қызметтерінің, отандық IT-компаниялардың өкілдері, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың оқытушылары және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Әріптестерін әскери топограф күнімен құттықтаған Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев оларға технологияларды дамытуға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.– Біз әлемнің барлық дамыған елдері нақты уақыт режимінде мақсаттарды анықтауды, ақпарат алмасуды және мақсатты көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірыңғай басқару жүйесі – «цифрлық ұрыс алаңын» құру үшін жұмыс істеп жатқан жағдайда тұрмыз. Сондықтан геоақпараттық технологияларды дамыту түрлі саладағы әскери және азаматтық сарапшылардың күш-жігерін біріктіруді көздейді, – деді ол.Серік Жолдыбаев сондай-ақ бүгінде әскери топографтардың күш-жігері әскери мақсаттағы геоақпараттық жүйелерді Қарулы күштердің әскерлер мен қаруды басқару жөніндегі автоматтандырылған жүйелерімен біріктіруге бағытталғанын атап өтті.– Функционалдық сұранысқа ие технологияларды енгізу командирлерді жергілікті жер туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде олар қабылдайтын шешімдердің жеделдігі мен тиімділігін арттырады, – деп полковник С. Жолдыбаев инновациялардың маңыздылығын атап өтті.Кәсіби мерекеге орай геоақпараттық технологиялардың дамуына үлес қосқан мамандарға грамоталар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/928403
Астана әскери мұражайында қазақ партизандары туралы «Олар Еуропаны шарлап өтті» атты көрме ашылды. 01.02.2025
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінің «ХХ ғасыр» залына қойылған материалдар Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан қатысқан партизандарға арналды. Экспозицияның салтанатты ашылуына Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы әскери атташесі полковник Робер Аземанн, «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов қатысты.– Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 80 жыл толуы мерекелік күн ғана емес, сіздердің арқаларыңызда бұл Францияның азат болған күні. Елімізді азат етуге көптеген елдер мен халықтар өз үлестерін қосты. Олардың қатарында француз жерінде соғысқан 300-ге жуық қазақ та бар. Атап айтқанда даңқты жауынгерлер Қабыш Омаров пен Қәдем Жұманиязов. Біз елден жырақта соғысып, ерліктен қаза тапқандарды жадымызда сақтауымыз керек, – деп атап өтті Франция елшісі.Қазақстандықтар партизан жасақтарының құрамында француз жауынгер жолдастарымен бірге Тулуза мен оңтүстік Францияның басқа да қалаларын азат етті. Жерлестеріміздің осы қаланы азат ету құрметіне арналған парадқа қатысқанын растайтын фотосуреттер сақталған. Оның қатарында бесінші республиканың бірінші президенті, әйгілі генерал Шарль де Голль болды.Отставкадағы ардагер генерал-майор Марат Нағұманов оны білетінін айтты. Ол Шарль де Голль жұбайымен бірге Сталинград шайқасының 80 жылдығына келгенін еске салды. М. Нағұмановтың жеке мұрағатында Мамаев қорғанында бірге түскен суреті бар екен. Көрмеге партизан жасақтары құрамында соғысқан қазақ жауынгерлерінің жеке заттары, құжаттары мен фотосуреттері қойылған. Жәдігерлер қатарында Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы американдық радио таратқышы, трофейлік далалық телефон және телеграф кілті бар. Одан өзге бірінші кеңестік партизандық полк құрамында Францияның оңтүстігін азат ету үшін шайқастарға қатысқан Әбибулла Қойшыбаевтың куәлігінің көшірмесі және «Defence de la France» газетінен үзінді сақталған. Стендтердің бірінде партизан қозғалысы ардагерлерінің естеліктері жарияланған «Франция ормандарында», «Француз командирінің қарсы іс-қимылы», «Парижде түсіме ылғи дала кіретін» деген тақырыптарда қазақстандық баспа басылымдарының беттерін көруге болады.Биыл Қазақстан 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Бұл күннің маңыздылығы туралы Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Майдангерлердің қаһармандығы мен қайсарлығының, тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз» деді.Көрмеге келушілер фашизмге қарсы жорықтардың қаншалықты ауқымды болғанын және оған қатысқан қазақстандықтар жайлы көбірек біле алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/928426
Еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының студенттері Қарулы күштермен келісімшартқа отырды 01.02.2025
«Астана медицина университетінің» 43 студенті келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдіріп отыр.ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл өз тағдырын армиямен байланыстыруды жоспарлап отырған жастармен кездесті.Оған Қарулы күштер түрлері мен әскер тектері медицина қызметтерінің бастықтары және кадр органдарының офицерлері қатысты. Әскери дәрігерлер студенттерге әскери-медициналық лауазымдарда қызмет өткеру ерекшеліктерін, нормативтік құқықтық актілерге әскери дәрігерлердің әлеуметтік пакетін жақсарту мақсатында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жеткізді.Бас әскери-медициналық басқарма мамандары жыл сайын мектептер мен медициналық колледждердің түлектерімен, мерзімді қызмет сарбаздарымен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен, сондай-ақ әскери кафедралардың толық курсынан өткен медициналық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесіп тұруды әдетке айналдырған. Ондағы мақсат азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке тарту және Әуе қорғанысы күштері әскери институтының интернатурасына қабылдауды жүзеге асыру болып табылады.Бүгінде «Астана медицина университеті», С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» және «Семей медицина университетінің» студенттері арасынан 24 адам биылғы жылы әскери институт интернатурасына түсуге ниет білдіргенін айта кету керек. Ал «Астана медицина университетінің» 43 студенті келісімшарт бойынша әскери қызметті таңдаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/928823
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды 01.02.2025
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды.Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның ер жеткеніне дейін мемлекеттің қолдауына сенімді бола алады. Айталық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жас азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылдан бастап жылма-жыл қазақстандық балаларға 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық табысты қоса алғанда, Ұлттық қордан қаражат аударылып келеді.«Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартып, балаларымызға кемел келешекті құрудың негізін қалап жатырмыз»,- Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.«Ұлттық қор – балаларға» жобасының басты миссиясы – келер ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу жолымен әр балаға ұлттық байлықтан тиесілі үлесті беруді көздейді.2024 жылы аталған бағдарламаға 6 919 131 адам қатысып (2006-2023 ж.ж. туған балаларды қоса алғанда), олардың әрбірінің шотына 100,52 доллар жіберілді. Аударылған ақшаның жалпы сомасы – 695,5 млн доллар. Тұтастай алғанда, осы бағдарламамен қамтылғандардың жалпы санынан 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға жалпы сомасы 30,6 млн доллар аударылды.2025 жылы әр балаға жаплы 129,38 доллар аударылды.Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың (инвестициялық кірісті қоса алғанда) жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды.«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 2025 ж. 1 ақпанда көрсетіледі.Төлем тетігі барынша қарапайым. Баланың бағдарламаға қатысуы мен есептелген ақша туралы ақпаратты баланың ЖСН енгізе отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, сол секілді өзекті сұрақтардың жауаптарын ала аласыз. Бұдан бөлек балаға арналған аударымдар туралы деректерді eGov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы да көруге болады.Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – білім мен баспана алуға баршаға тең мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы жас қазақстандықтар үшін айтарлықтай қолдауға айналды.Жинақталған соманы кез келген жас азамат 18 жасқа толғанда пайдалана алады. Жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға аударылады және жобаның ресонденттері уәкілетті операторлардың (Отбасы банкі және Халық банкі) қосымшасы арқылы өтініш бере отырып, тиісті соманы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға жұмсай алады.2025 жылдың 1 қаңтарында бұл мақсатқа 66 571 өтінім беріліп, оның ішінде жалпы сомасы 5 316,7 мың долларға 53 001 өтінім орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім берілді, оның ішінде 29 542-сі орындалып, 2 964 мың доллары төленді. Білім беру бойынша 32 183 өтінім жолданып, оның ішінде 23 459 өтінім қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.Биыл бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр (2007 жылдан 2024 жылға дейін туған балалар). Олардың ішінде 324 430 азамат 2025 жылы 18 жасқа толады.Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Аталған бастама өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпаққа болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді.ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/928270
Иран ЕАЭО-дағы төртінші бақылаушы болды 01.02.2025
Бұл шешімді Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мемлекет басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қабылдады.Иранның бақылаушы мемлекет мәртебесін беру туралы өтініші өткен жылдың мамыр айында берілген.< br>Еуразиялық экономикалық ЕАЭО-дағы бақылаушы мемлекет мәртебесі туралы ережеге сәйкес комиссия ЕАЭО мен Иран арасындағы өзара іс-қимылдың экономикалық орындылығына талдау жүргізді, сондай-ақ Одақ өкілдерінің қатысуымен консультациялар өткізді. мүше мемлекеттер мен мүдделі тараптар.Айта кетейік, ЕАЭО Иранның сыртқы саудасында маңызды орын алады. 2023 жылы ЕАЭО-ның Иран экспортындағы үлесі 10,1%-ды құрап, оны Қытайдан (30,4%) және Түркиядан (14,5%) кейінгі үшінші маңызды сауда әріптесі болды. ЕАЭО туралы шартқа сәйкес бақылаушы мемлекет шақыру бойынша Одақ органдарының отырыстарына қатысуға және ЕАЭО шеңберінде әзірленген құжаттармен (құпия құжаттарды қоспағанда) танысуға құқылы екенін атап өтеміз. . Иранға бақылаушы мемлекет мәртебесін беру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту және экономикалық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады.Еске салайық, 2018 жылы ЕАЭО арасында уақытша келісімге қол қойылған болатын. және Иран еркін сауда аймағын құруға әкелді. 2023 жылғы 25 желтоқсанда ЕАЭО елдері мен Иран толыққанды еркін сауда туралы келісімге қол қойды, ол тауар ассортиментінің 90%-ы үшін бажсыз сауда режимін қамтамасыз етеді, бұл өзара сауданың 95%-дан астамын қамтиды. тараптар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/929120
«Жасыл даму» АҚ жанынан сараптамалық кеңес пен сараптамалық топтар құру туралы хабарландыру 01.02.2025
«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қалдықтарды басқару, орнықты даму және біздің компанияның басқа да бағыттары саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін сараптамалық кеңес пен сараптамалық топтар (бұдан әрі - топтар) құруды жоспарлап отыр.Топтарды құрудың мақсаты – қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу саласындағы (EcoQolday) бастамаларды және өндірушілердің немесе импорттаушылардың қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдануы арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуын растау процестерін талқылау және тиімді шешімдер әзірлеу, тәжірибе алмасу үшін мамандарды, бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды біріктіру.Мүдделі тараптарды топтардың жұмысына қатысуға шақырамыз. Өтінім беру және қосымша ақпарат алу үшін 8 7172 62 06 60 телефоны немесе ecoqolday@recycle.kz электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.Өтінімде жауапты тұлғаның аты-жөні, жұмыс орны, қызмет саласы және байланыс деректері көрсетілуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/928425
Қосшы қаласында бір күнде 2000 текше метр қар шығарылды 01.02.2025
Қосшы қаласында қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Тәулік бойы екі ауысыммен жұмыс істейтін бригада күніне 120 рейс жасап, 2000 текше метр қар шығарады.Бұл жұмыстарға 30 бірлік техника мен 40-тан астам қызметкер жұмылдырылған. Қаланың тазалығын қамтамасыз етуге «Астана СпецТехНС KZ» және «Элит Строй Комплект» компаниялары жауапты. Қыс мезгілі басталғалы шығарылған қар көлемі 72 мың текше метрге жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928949
«Жастар практикасы»: Қарағанды облысының кәсіпорындарында 400-ден астам жас маман тәжірибе жинақтауда 01.02.2025
Қарағанды облысында биыл колледждер мен жоғары оқу орындарының 429 түлегі «Жастар практикасы» жобасы бойынша жұмысқа жолдама алды. Бюджет қаражаты есебінен бар-жоғы 872 адамды қамту жоспарланған.Жастар практикасына Еңбек ұтқырлығы орталығында немесе Мансап орталықтарында ресми тіркелген жұмыссыздар жұмысқа орналастырылады. Мемлекет қолдауын 35 жастан аспаған, бес жыл бұрын диплом алған мамандар пайдалана алады.Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мөлшері кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш (117 960 теңге). Жолдама алу үшін тұрғылықты жері бойынша Мансап орталыққа жүгіну қажет.Жобаны пайдаланғандардың бірі – 23 жасар Хансұлтан Мақсатұлы. Ол Әбілқас Сағынов атындағы КарТУ 2023 жылы бітірген.– Менің мамандығым тау-кен және пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты, – дейді ол. – Бірақ жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, өкінішке қарай, мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Ата-анамның мойнында отырмау үшін азық-түлік дүкеніне орналастым. Онда бір жылға жуық жұмыс істедім. Бірақ мен әрдайым мамандығымды жүзеге асырғым келді. Қанша жыл бекер оқыдым ба? «Жастар тәжірибесі» жобасы жайлы білген бетте өз мүмкіндігімді жіберіп алмауға бел будым.Жас жігіттің айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ол «QazaqGaz Aimaq» АҚ ҚӨФ өндірістік-техникалық бөлімінде жұмыс істейді.– Маған бұл жер өте ұнайды, ұжымым жақсы, – дейді Хансұлтан. – Егер менде қандай да бір сұрақтар туындаса, онда аға әріптестерім көмектеседі. Жалақымды уақытында аламын, барлық әлеуметтік аударымдар бар. Өзімді жақсы көрсетіп, үлкен команданың бір бөлігі боламын деп үміттенемін.Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928266
Шекарасыз жоғары білім: Қарағанды мектебінің түлектері шетел университеттерінің филиалдарымен танысты 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды Орталық Азияның білім беру хабына айналдыру үшін елде шетелдік университеттердің филиалдарын құрудың маңыздылығын атап өтті.Осы бастаманың аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Қарағанды қаласында шетелдік университеттердің филиалдары өтті. Ол мектеп бітірушілерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге көмектесуге арналған.Аймақтардың белгілі бір мамандарға қажеттілігін ескере отырып, шетел университеттерінің филиалдары ашылады.— Қазіргі уақытта 23 шетелдік университетпен стратегиялық серіктестік орнатылған, және тағы 11 университетпен келіссөздер жүргізілуде, — деді ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев. — Бұл қазақстандық жастар үшін жаңа перспективалар ашады. Өйткені, мұндай университеттерде білім алу халықаралық стандарттарға сай және мемлекеттік гранттар есебінен де қолдау табады. Бұл университеттердің ҰБТ және түсу емтихандарын тапсыру арқылы сіз сұранысқа ие мамандықты тегін ала аласыз. Биыл филиалдарда оқытуға 2000 грант бөлінді. Бұл тәжірибе келесі оқу жылында да жалғасын табады.Талапкерлер арасында ең танымалы Ақтөбе қаласындағы Жұбанов университетінің базасында 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шотландияның Гериот-Уатт университеті болды. Қазіргі уақытта университетте 600-ге жуық студент бар және университеттің өзі жоғары рейтингі және қол жетімді қабылдау шарттарымен түлектерді тартады.— Гериот-Ватт университетіне түсу үшін ҰБТ нәтижелері жеткілікті, ал ағылшын тілін білу ішкі емтиханмен расталады. IELTS орнына емтихан. Бұл қазақстандық талапкерлер үшін қабылдау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, студенттерімізге университеттің Малайзия, Дубай және Эдинбург филиалдарында білім алу мүмкіндігі бар, бұл тәжірибе алмасуға кең мүмкіндіктер ашады, дейді Жұбанов университетінің өкілі Асқарбек Иманшеев.Үшінші жыл филиал. Быдгощ қаласындағы (Польша) Шәкәрім атындағы университетте Экономика университетінің профессоры жұмыс істейді, онда спорт және демалыс менеджерлерін дайындайды.«Бүгінде бұл өте танымал мамандық», - дейді университет өкілі Мәдина Жылгелдинова. — Оқудың бірінші жылы қашықтықтан оқыту форматында өтеді. Ал екінші курста Польшаға барып, оффлайн режимде оқу жоспарлануда. Ал үшінші жыл тағы да Қазақстанда. Түлектер бір мезгілде екі диплом алады, оның бірі еуропалық стандартты. Көрме мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында үлкен қызығушылық тудырды.«Мен қос диплом бағдарламасы және бұрын естімеген мүмкіндіктер туралы білдім», - деді 11-сынып оқушысы Анар Әлжаппар. — Физика және математика бойынша бағдарламалар ұсынатын университеттермен танысу әсіресе пайдалы болды. Енді мен бұдан әрі қандай жолмен жүру керектігін жақсы түсіндім.Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928268
Қарағанды облысында Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру талқыланды 01.02.2025
Қарағанды облысының әкімдігінде ел Президентінің 28 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын қалай орындалатыны туралы айтылды. Өңір активінің қатысуымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы жариялаған сегіз магистральдық бағыттың барлығы қозғалды.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев экономикаға инвестиция тарту бірінші орында екенін атап өтті.– Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы біздің облыс алға қойған көрсеткіштерге қол жеткізді. Экономиканың 13,7%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2023 жылға қарай 61% -ға өсе отырып, 1,4 трлн теңгені құрады. 200 млрд теңгеге 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, 2,5 мың жұмыс орны құрылды, Алайда біз даму әлеуетіміз әлі де зор екенін түсінеміз, – деді өңір басшысы. – Салалық басқармалар, қалалар мен аудандар әкiмдерi шетелдiк инвесторларды тарту жөнiндегi жұмысты күшейтсiн және жобалау кезеңiнен бастап өндiрiстi толық iске қосуға дейiн iске асырылатын жобаларды сүйемелдеудi қамтамасыз етсiн. Бұл біздің KPI, әкімдер жеке жауапкершілікте. Инвесторлардың барлық мәселелерін шешу керек!Облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов 2025 жылы 1,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отырғанын, бұл соманың 90% -ға жуығы – жеке капитал екенін атап өтті.Экономиканың өсу нүктелерінің бірі туризм болуы тиіс екендігі атап өтілді. Ермағанбет Бөлекпаев Балқаш және Қарқаралы аудандарындағы туристік инфрақұрылымға, сондай-ақ қала маңындағы туризмді дамыту үшін бос жер учаскелеріне ревизия жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып, ірі жобалардың тізбесін қалыптастыру қажет.Логистиканы, электрондық сауданы дамыту – бұл да әлеуетті бағыттар. Мемлекет басшысы халықаралық аэрохаб құру қажеттігін атап өтті. Мұнда Қарағанды әуежайы өз рөлін атқаруы мүмкін: инвесторлар жыл сайын 50 мың тоннаға дейін жүк тасымалдау үшін жүк-терминал құрмақшы. Әуежай қазірдің өзінде Эквадор, Нидерланды, Бельгия және Оңтүстік-Шығыс Азиядан жүк рейстеріне қызмет көрсетеді. Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша әуе кемелерінің техникалық қонуын ұлғайту жоспарланып отыр.Жасанды интеллектіні енгізуге келетін болсақ, мемлекеттік органдардың қызметтері бойынша азаматтарға кеңес беру үшін электрондық көмекшілерді пайдалану ұсынылды.ТКШ саласында жаңа желілерді жаңғырту және салу жалғасады. Биыл тұрғындарды жылумен жабдықтауды жақсарту үшін алты жоба және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру бойынша 33 жоба жоспарланған. 3,2 км жылу желілері, 98,9 км су құбыры және кәріз желілері салынатын және жаңартылатын болады.Энергия тапшылығын шешу үшін 2028 жылға дейін облыстың үш энергия көзінде ірі жобаларды іске асыру жоспарланған: Қарағанды ЖЭО-3, «Топар» МАЭС және Балқаш ЖЭО. Қуаттылықты арттыру үшін екі жаңа қазандық пен төрт турбина іске қосылады.Кеңесте сондай-ақ бюджеттік тәртіпті күшейту, «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» одан әрі дамыту туралы айтылды.– Мен кәсіпорындарға шыға отырып, жаңа форматта кездесулер өткіздім. Біздің жыл сайынғы халықпен кездесулерімізге жұмыс істейтіндер әрдайым келе бермейді. Өз орынбасарларыма, әкімдерге осы жұмысты жалғастыруды және еңбек ұжымдарымен, бизнес, агроөнеркәсіп кешені, жастар және басқа да салалардың өкілдерімен кездесулер өткізуді тапсырамын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928267
Саран қаласы салық түсімдерін шоғырландыра бастады 01.02.2025
Қарағанды облысындағы Саран қаласының экономиканы әртараптандыру жөніндегі табысты тәжірибесі үлгі ретінде мысалға келтірілді. Бұрынғы моноқала айтарлықтай салық түсімдерін жинай бастады. Бұл индустриялық аймақты дамытудың арқасында мүмкін болды.– Қалалар мен аудандар әкімдері бейінді басқармалармен бірлесіп, салық салу базасын ұлғайту, бизнесті дамыту, жаңа инвестициялар тарту және инфрақұрылымдағы алшақтықтарды азайту үшін ұдайы жұмыс істеуі қажет. Мысалы, Саран қаласындағы жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістерді қолдау есебінен экономика толығымен әртараптандырылған. Өткен жылы мемлекеттік бюджетке 21,4 млрд теңге салық пен төлем түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке – 7,2 млрд, жергілікті бюджетке – 14,2 млрд, оның жартысы негізгі проблемаларды шешуге қала бюджетіне түсті, – деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының қойған тапсырмаларын іске асыруды талқылау бойынша өңір активінің кеңесінде.Ол облыста өсу нүктелерінің бірі Теміртау маңында металлургиялық кластер құру болатынын атап өтті. ШОБ-тің жаңа жобаларын мемлекеттік қолдау, оның ішінде жергілікті бюджеттен субсидиялау қарастырылған.Ал «Сарыарқа» АЭА-да кремний кластерін құруға болады.Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ шағын өнеркәсіптік аймақтарды дамыту туралы айтты. Бұл жергілікті тауар өндірушілер өз цехтарын жеңілдікті шарттармен орналастыра алатын алаң. Биыл Қарағандыда екі және Саранда бір шағын өнеркәсіптік аймақ ашу жоспарлануда. Теміртауда - «Кармет Сервис» базасында және Шахтинскіде – ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған синтетикалық жуғыш заттар зауытының базасында осындай алаңдар құру пысықталуда.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев басқа қалалар мен аудандарда да шағын өнеркәсіп аймақтарын құру және тоқтап тұрған өндірістерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928287
Ермағанбет Бөлекпаев: «Монополистер тұрғындарға ақшаның қайда жұмсалатынын түсіндіруі тиіс» 01.02.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев монополистерге тұтынушылар алдында есеп беру қажеттігін еске салды. Тұрғындар «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасының іске асырылуы туралы хабардар болуы тиіс.– Уәкілетті органдармен желілерді жаңғырту, оған «ұзақ ақша» деп аталатын жеке қаражатты тарту бойынша нақты ұсыныстарды қарастыруды және беруді сұраймын. Сондай-ақ, «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасына қатаң бақылау жүргізіңіздер. Монополистер тұрғындарға қаражатты қайда бағыттайтынын түсіндіруі тиіс. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті мұны бақылауы қажет. Тарифтер көтерілуде, бірақ біз барлығымыз оң өзгерістерді көруіміз керек, – деді Ермағанбет Бөлекпаев Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыруды талқылау жөніндегі өңір активінің кеңесінде.Биыл қалалар мен аудандарда орталықтандырылған сумен жабдықтауға 100 пайыз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті ол.Сондай-ақ, инженерлік желілердің тозуын азайту жұмыстары жалғасады.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжанов биыл 81,1 км су құбыры желісін салу және қайта жаңарту жоспарланып отырғанын баяндады. Тұрғындары аз елді мекендерде 25 блок су орнатылуы тиіс.Бұдан басқа, 2025 жылға арналған жоспарда 85 шақырымнан астам электр беру желілерін реконструкциялау, жаңғырту және күрделі құрылыс көзделген.Жылумен жабдықтауды жақсарту үшін 24,5 км желіні қайта құру және салу жоспарлануда. Жобалар бюджет қаражатына және инвестициялық бағдарламалар есебінен іске асырылады. Бұдан басқа, 68 км жылу желісін ағымдағы жөндеу көзделген. Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында қазандық салу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928289
Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Бах және Равель шығармаларын орындайды 01.02.2025
Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 2 ақпанда сағат 12:00 фортепиано музыкасының концертіне шақырады. «Шалқыма» концерт залында Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрі Бах пен Равельдің тамаша шығармаларын орындайды.Бағдарламада № 1 d-moll Иоганн Себастьян Бах фортепианоға арналған концерт пен Морис Равельдің № 1 G-dur оркестріне арналған концерт бар.Солистер – Нұргүл Төлеуова (Алматы) және Мақпал Кабден (Париж).Пианиношы Макпал Кабден Қытайда дүниеге келген. А. Корто атындағы Париж жоғары музыка мектебінің аспирантурасын белгілі педагог және орындаушы Гигла Кацарава сыныбында бітірген. Көптеген беделді конкурстардың лауреаты. Табысты концерттік қызмет жүргізуде.Дирижерлік пультте – халықаралық конкурстардың лауреаты композитор Әбілқайыр Сағымбаев.41-13-14, 41-22-36 телефондары бойынша анықтама алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928292
Қарағандыда салынып жатқан рұқсат құжаттары бар тұрғын үй кешендерінің тізімі 01.02.2025
Бүгінгі таңда Қарағандыда 57 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның ішінде 48 – барлық рұқсат құжаттары бар, 4 КТҮК-де құжаттардың толық пакеті бар, бірақ құрылыс жұмыстары тоқтатылды, 3-еуінде рұқсаты жоқ және 2-еуінде ұзақ құрылыс.Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін барлық рұқсат құжаттары бар салынып жатқан үйлердің тізімі.Алайда салынып жатқан КТҮ тізбесінде пайдалануға берілген, әкімдік беретін үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендері жоқ.Сонымен қатар, үлескерлердің қаражатын тарту үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативтері (ТҮҚК) құрылады, бұл заңмен тыйым салынбаған, бірақ КТҮ құрылысының аяқталу мерзімдері туралы 100% кепілдік бермейді. Мұндай «Жилой фонд» ТҮҚК (барлық нысандар) және «Comfortniy Gorod» («Новый Город-2» ТК, «Новый Город-3» ТК, «Британский Комфортный Квартал» ТК) құрылыс компанияларында құрылған.Құрметті қарағандылықтар жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын өте мұқият болыңыз. Үлестік құрылыс туралы қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер жарамсыз болып табылады. Оларға алдын ала брондау шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын беру шарты жатады.Барлық толық ақпаратты Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан, сондай-ақ Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінен (42-11-76, 42-12-65) білуге болады.Құрылыс салушылардың назарына – Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнамасында тиісті рұқсатсыз үлескерлердің қаражатын тартуға тыйым салынады, бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928674
Балқашта техникалық селеннің бірінші партиясы жөнелтілді 01.02.2025
Балқашта «Қазақмыс прогресс» кәсіпорны СТ-1 маркалы техникалық селен шығарды. Бірінші партия – 100 тонна өнім жөнелтілді. Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік мақсатта вакуумдық дистилляцияның бірегей әдісі қолданылды. Технологияны Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Металлургия және байыту институтының ғалымдары әзірледі. Бірегей қондырғы әлемдік түсті металдар нарығының талаптарына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Әдіс реагенттерді пайдаланбай селенді тазартудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді, бұл процесті экологиялық қауіпсіз етеді."Бүгінгі таңда селен күн батареялары, көшіру аппараттары, шыны, керамика өндірісінде, сондай-ақ медицина мен химия өнеркәсібінде қолданылады. Балқашта жаңа өндірісті іске қосу Қазақстан мен Қазақмыстың әлемдік түсті металдар нарығындағы экономикалық позицияларын нығайту үшін жаңа көкжиектер ашады", – делінген хабарламада.Балқаш өнеркәсіптік алаңында 2020 жылы бағалы металдарды өндіру кезінде ілеспе өнім ретінде шығарылатын қара селенді тазарту жобасын іске асыру басталды. 2022 жылы жаңа өндірістік учаске іске қосылды, ал 2023 жылы ол өнеркәсіптік тұрғыда пайдаланыла бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928680
Маңғыстау студенттері Жоғарғы Агротехникалық Колледж Шағалалы ауылында сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруде 01.02.2025
1968 жылдан бастау алған, Жоғарғы Агротехникалық Колледжі мемлекетіміздегі мамандарылған кәсіби жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі таңда, «Жарқын болашақ» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысынан 150-ге жуық студент Ақмола облысының колледждерінде тегін білім алуда. Бұл жоба сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, сапалы білім алуға ұмтылатын жастар үшін маңызды қолдау болды.Бағдарлама 10 жұмысшы мамандықты қамтиды, олардың ішінде агрономия, механика, ақпараттық жүйелер, жерге орналастыру және электрмен жабдықтау бар. Студенттер тек тегін білім алып қана қоймай, жатақхана, үш мезгіл тамақтану және жергілікті білім беру мемлекеттік тапсырысы аясында қосымша стипендиямен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап жоғарғы агротехникалық колледж халықаралық WorldSkills байқауының қатысушысы. Білім алушылар облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері атануда. Халықаралық WorldSkills Lyon байқауында «Электрмонтаж жүйесі» бойынша қатысып, республикалық жарыс «Өнеркәсіптік автоматтандыру» байқауында жүлделі ІІІ орын алды.Бағдарламаның қатысушысы, бірінші курс студенті Асадбек Голбаев, Ақтаудан Шагалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжінде бағдарламалау мамандығын оқуға келген. Ол бағдарламалауға ерте жастан қызығып, болашақта «ҚазМұнайГаз» компаниясында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.«Мен жатақханада тегін тұрып, тамақтанумен қамтамасыз етілдім. Бұл бағдарлама – үлкен мүмкіндік», – дейді Асадбек Голбаев.Колледж директоры Арман Оспановтың айтуынша, 2024 жылы оқу орнына «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 48 студент қабылданған. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен қаржыландырылып, 12-22 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Сонымен қатар, өз Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет кадрлық әлеуетті жүйелі түрде арттыруы керек», — деп атап өтті. Білікті кадрларды тек жоғары оқу орындарында ғана емес, сондай-ақ еліміздегі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында да дайындау қажет. Бұл колледж түлектеріне өздерінің жоғары нәтижелерін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органдарда жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау деген сөз. Жоғары агротехникалық колледж студенттері халықаралық, республикалық және облыстық байқауларға белсенді қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болады. Бұл біздің оқушыларымыздың жоғары деңгейде дайындалғанын және кәсібилігін көрсетеді. Қазіргі мақсатымыз, өңірдің ауыл шаруашылығы саласы үшін кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігі жоғары, үздіксіз жетілдіруге дайын, заманауи өндірістік технологияларды меңгеруге және дамытуға қабілетті, ғылымды қажетсінетін экономика жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928864
Әкім азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 01.02.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды кезекті мәрте қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аймақ басшысына өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Қабылдауда жерлестеріміз тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық және материалдық қолдау туралы өтініштерін жеткізді.Қабылдауға жазылғандардың арасында тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұраушыларға лайықты жауап қайтарылды. Облыс әкімі тұрғын үйді бөлу процесі белгіленген мемлекеттік нормаларға сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Баспана кезегінде тұрғандар кезекке сәйкес қана пәтерге ие болатындығы айтылды.«Әлеуметтік мәселелерді шешу - біздің міндетіміз. Облыстың әрбір тұрғыны мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс. Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды қолдау шараларын кеңейту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деді өңір басшысы.Жеке қабылдау соңында облыс әкімі жауапты ведомство басшыларына азаматтардың өтініштеріне мұқият мән беріп, оларды тезірек шешу үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Көтерілген әр сұрақ бақылауға алынатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/928678