Қуқық
Филармония ғимараты жаңғыртылады 16.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияға барып, өнер ұжымының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 80 жылдық тарихы бар филармония 2020 жылдан бері бұрынғы «Еңлік-Кебек» кинотеатрының ғимаратында орналасқан. Алайда, кинотеатрды 2019 жылға дейін сенімгерлік басқаруға алған серіктестік ешқандай жөндеу жүргізбеген.Филармония өз қарамағына алысымен ғимараттың шатыры, кіші залы, су желісіне ағымдағы жөндеу жүргізген. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған жылу жүйесі іске қосылды. Ғимаратта 259 адамға арналған үлкен, 180 адамға арналған кіші зал бар.Ғимараттың іші-сыртын аралаған аймақ басшысы филармония директорының өтінішін тыңдады. Филармония директоры өнер ұжымының әртістеріне жеке дайындық залы керектігін айтты.«Бұл қаламыздағы өзіндік архитектуралық үлгісі бар тарихи ғимараттардың бірі. Біз оның негізгі қалпын сақтай отырып, көптің көңілінен шығатындай жаңғырту жұмысын жүргізгеніміз дұрыс. Сонымен қатар, ауласын абаттандыруды да ұмытпағанымыз жөн. Ал, мекеме ауласына қосымша жаңа ғимарат салу мәселесін жан-жақты ойластырып, шешуіміз қажет», -деді облыс әкімі.Аймақ басшысы осы мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/918337
Семей әуежайы амбулаториялық лифтке ие болды 16.01.2025
Семей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қатынауы үшін амбулаториялық лифт сатып алынды.«Амбулаториялық лифт жай ғана құрал емес, кешенді техника. Мұндай техника еліміздің басқа қалаларында қолданыста бар. Бірақ олар шетелде шығарылған. Ал, біздегі амбу-лифт отандық өнім. «STAHLBAU» ЖШС құрастырған техника облыстық әкімдіктің қолдауымен сатып алынды. Бүгін алғаш рет «Алматы-Семей» бағытындағы жолаушылар үшін сынақтан өткізіп көрдік. Енді күнделікті жұмыс істейтін болады», - дейді әуежай директоры Ғазизбек Саматов.Амбулаториялық лифт – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әуе кемесінің бортына отырғызуға және түсіруге арналған. ҚР заңнамасының талаптары және халықаралық стандарт бойынша барлық әуежайларда міндетті түрде осындай мамандандырылған арнайы техника болуы тиіс.Өткен жылдың соңында әуежай облыс әкімдігінің қолдауымен 110 адамды тасымалдауға арналған заманауи автобусқа қол жеткізген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/918340
Қазақстан мен Италия кәсіпкерлері биыл Астанада өтетін бизнес-форумда бас қосады 16.01.2025
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен қазақ-италия сауда қауымдастығының президенті Марко Береттаның екі жақты кездесуі өтті. Астанадағы бұл кездесу қазақ министрінің 2024 жылы қазан айында Италияда өткен сауда-экономикалық миссиясының жалғасы болып табылады.Тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты сауда көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Италия, сондай-ақ басқа да елдер арасындағы экспорттық-импорттық жеткізілімдер тізбегін бір жолға қою қажеттілігі айтылды.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 18,2 млрд, АҚШ долларын құрады. Осы кезеңде Қазақстаннан Италияға экспорт 27,3% -ға өсіп, 17 млрд АҚШ долларын құрады.Министр Арман Шаққалиев авиатасымалының сенімді логистиканы қамтамасыз етудегі негізгі рөлін атап өтті. Қазақстан өзінің стратегиялық географиялық орналасуының және әуежай инфрақұрылымының серпінді дамуының арқасында жүктерді тиімді жеткізу мүмкіндіктерін ұсына алады. Бүгінде Қазақстанға жүк рейстерін итальяндық «Neos» авиакарго-компаниясы жеткізіп жатыр.Сондай-ақ кездесуде «Ansaldo» итальяндық өнеркәсіптік компаниясының Қазақстан аумағында электр турбиналары өндірісін орналастыруға мүдделі екендігі айтылды. Бұл жоба Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуда және Италиямен экономикалық серіктестікті тереңдетуде маңызды қадам болуы мүмкін.Кездесу соңында биылға жоспарланып отырған Қазақстан-Италия бизнес-форумын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Форумға екі елдің 100-ге жуық компаниясы мен 200-ден астам бизнес өкілі қатысады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/918639
Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асыруда 15.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылы еліміздің су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асыруды бастады. Сондай-ақ, 201 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.Атап айтқанда, 700 мың гектардан астам суармалы жерді қалпына келтіру және жақсарту, сондай-ақ жалпы ұзындығы 7000 шақырым канал салу және реконструкциялау жұмысы жүргізілуде.«Бұл жұмыстар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сай жүргізілуде. Бұдан бөлек, аталған құжаттарда өнімсіз шығындарды азайту және қосымша су көлемін жинау бойынша да көптеген іс-шаралар қарастырылған. Мысалы, 2024 жылы Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Түркістан облысындағы Бәйдібек-ата және Қарақуыс су қоймаларының құрылысы, сондай-ақ Қапшағай және Киров су қоймаларын реконструкциялау басталды»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/918080
Коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды 15.01.2025
Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті ҚР АШМ ЖҚҚК тексеру барысында ауданы 2,8895 га жер учаскесінің пайдаланылмағаны анықталды. Бұл учаске Орал қаласында орналасып, акционерлік қоғамға ғимарат салу үшін бөлінген болатын.Тексеру нәтижесінде жер пайдаланушыға бір жыл ішінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда, нұсқамада көрсетілген талаптар орындалған жоқ.Департамент тарапынан ӘҚБтК 462-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сот шешімімен жер пайдаланушыға айыппұл салынып, учаске мемлекеттік меншікке қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/918577
1,8 млн дана балық шабағы Атырау облысында құтқарылды 15.01.2025
Атырау облысындағы Бақсай каналында балық шабақтарының жиналу фактісі анықталды.2025 жылғы 15 қаңтар сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 1,8 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Тірі шабақтар аталған каналдан 55 шақырым жерде орналасқан Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқару жұмыстарына 60 адам қатысуда, олардың қатарында әкімдік өкілдері, әскери қызметшілер, еріктілер және балық шаруашылығы субъектілері бар. Сондай-ақ, 12 бірлік техника жұмылдырылған.Құтқару кезінде балықтардың мұзданудың салдарынан суда еріген оттегінің төмен болуына байланысты жартылай әлсіреген күйде болғаны анықталды. Жайық өзеніне жіберілгеннен кейін балықтардың қалпына келуі және белсенділігі байқалады.Сонымен қатар, өлген шабақтарды жинау жұмыстары қатар жүргізілуде.Жағдай ерекше бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/918611
Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай? 15.01.2025
2024 жылдан бастап Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда ваучерлік қаржыландыру Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында жүзеге асуда. Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жобасы белгіленген талаптарға сай болған жағдайда барлық мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде жаңадан ашылған ұйымдарға да мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мүмкіндік береді. Негізгі артықшылықтары: ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі, бұл жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында дұрыс бәсекелестікті ынталандырады. Жүйе, ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, мұнда «ақша ұйымға емес, балаға беріледі». Жаңа жүйе балабақшаға кезекке тұру процедурасын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар мұндағы түрлі заңсыз факторларды жояды. Ваучерлік қаржыландыру қағидаттарының бірі — серпінді бәсекелестік құру және тиісінше қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылатынын атап өткен жөн. 2025 жылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/917959
ТҮРКІСТАН: «ҰСТАЗ» ФИЛЬМІНІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ 15.01.2025
Бүгін түркістандық педагогтар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Ұстаз» фильмін тамашалады. Кинотуындының өңірдегі таныстырылымында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, фильм директоры Думан Алтынбекұлы, продюсері Әбіл Әділбек пен басты рөлді сомдаған актерлері сөз сөйлеп, ұлағатты ұстаздардың қоғамдағы беделі жоғары екенін алға тартты.– Бүгінгі таңда жаңа заманның талабы да күшейіп, әлем елдерімен бәсекелестікке қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, білім беру жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Мақтанатын да тұстарымыз жоқ емес. «Ұстаз» фильмі осы ұлы мамандықтың қиындығы мен қызығы мол әр сәтіне терең үңілдіреді. Ұстаз есімінің ең ұлағатты, ең қадірлі мамандық екенін бүгінгі «Ұстаз» фильмі тағы да дәлелдеп өткендей. Шәкірт алдындағы аса жауапкершілік пен оларға білім мен тәрбие беру жолындағы маңызды қадамдардан тұратын мұғалім қызметін айна-қатесіз сипаттаған фильм облыстың барлық аудандарындағы педагогтарға көрсетілуде, – деді Ертай Кенжебекұлы.Белгілі журналист Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген фильмнің сценарийін марқұмның жары Гүлмира Зербай жазған. Туындыда өз ауылына қайтып ұстаздық ете бастаған мұғалімнің бастан кешкен оқиғалары баяндалды. Жас маман балалардың білімге деген құштарлығын ояту үшін түрлі тәсіл қолданады. Оқушыларды арман-мақсатқа жетуіне шабыттандырады.Айта кетейік, фильмнің мақсаты – қоғамдағы педагог мәртебесін көтеру. Толықметражды кино бір айға жуық уақыт ішінде Жетісу облысында түсірілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918325
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ 15.01.2025
Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, газбен қамту жұмысы қарқынды. Бұл ретте Сайрам ауданында да жүйелі іс атқарылуда. Қазіргі таңда аудандағы 42 елді мекеннің 37-сі табиғи газбен қамтылған. Ақарыс және Оймауыт елді мекендерінің табиғи газ жүйелерінің құрылысы аяқталған. Бұл елді мекендер Құтарыс пен Қызалжар елді мекендерінің құбырына тәуелді болуына байланысты құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қосылады. Өткен жылы аудандағы елді мекендерді табиғи газбен жабдықтау саласы бойынша облыстық бюджет есебінен тиісті қаражат бөлініп, Көлкент, Құтарыс және Қызылжар елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Аталған ауылдардағы құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда аудан бойынша газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Айта кетейік, барлық елді мекендерге газ тарататын 3 дана газ таратушы станция бар. Нақтырақ айтсақ, Ақбұлақ ауылында орналасқан «Самсоновка», Жібек жолы ауылында орналасқан «Свердлов», Нұржанқорған ауылында орналасқан №20 «Жаңақоғам» газ тарату станциялары бар.Сонымен қатар ауыз сумен қамтуда да ілкімді іс бар. Елді мекендерге тұрақты ауыз су беру үшін өткен жылы Сайрам ауданындағы 14 нысанға аудандық бюджет есебінен қаржы қарастырылып, бүгінгі таңда нысандардың құрылысы аяқталған. Облыстық бюджет есебінен Жібек жолы ауылының ауыз су құрылысы аяқталса, 2 нысан құрылысы биылға өтпелі. Жібек жолы ауылындағы су құбыры желісін күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы жүзеге асуда.Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, тұрғындарға ауыз су тұрақты берілуде. Сондай-ақ Қарабұлақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Биыл Арыс ауылдық округіне қарасты Нұржанқорған және Қожақорған ауылдарында ауыз су құбырларын салу жұмыстары аяқталмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918334
ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚТЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салыну жоспарланған. Осы ретте Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен жиын өтті. Оған тұрғын үй саласына жауапты басшылар, бейне-селекторлық байланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты. Мәжілісте өңір халқын тұрғын үймен қамту, ипотека бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру, әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтарды пәтермен қамту, тұрғын үй мәселелерін шешу, оның ішінде жалдау ақысын субсидиялау тетіктерін енгізу, заңдағы жаңа өзгерістерді жүзеге асу барысы қаралып, қазіргі жай-күйі талқыланды.– Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Жаңа заңға сәйкес, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Президент тұрғын үй салуға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағытта жоба әзірлеңіздер, – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.Өткен жылы 1 174 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ал биыл жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 578 арендалық пәтер және 2 078 ипотекалық пәтер беру жоспарлануда. Жалпы Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 7 567 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтылған. Сонымен қатар тұрғын үй құрылысын белсенді жүргізу және инвесторлар тарту керектігі айтылды. Жиналыста көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, орындалу барысы басшылық назарында болады. Мемлекет тарапынан жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру бойынша қолдау көрсету жалғасады.Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойды. Жаңа Заңға сәйкес, осы жылдың 24 мамырынан бастап санатына қарамастан, соңғы 5 жылда атында тұрғын үйі жоқ азаматтар тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігіне ие бола алады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918603
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕР ЖАЛҒАСУДА 15.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен бүгін аудан аумағындағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді.500-ге жуық тұрғын мен жергілікті кәсіпкерлер, 15 техника жұмылдырылған сенбілік барысында саябақтар мен гүлзарлардың, тарихи ескерткіштердің аумағы шөптерден, қураған ағаштардан тазартылып, көшелер мен арық-атыздардан тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Ағаштардың түптері әктеліп, көшеттер отырғызылды.– Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Осы орайда, ауданның барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Сенбілік тек белгіленген күндері ғана емес, әрбір тұрғын өз ауласын, үйіргелік жерлеріне тазалық жұмыстарын жүргізуі арқылы жыл бойы жалғасатын болады, – дейді аудан әкімі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918605
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ 15.01.2025
Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бүгін кезекті рет облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға Түркістан қаласының және Жетісай, Сауран, Келес, Отырар аудандарының тұрғындары келді. Олардың басым бөлігі әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, несие жабу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру жайын қозғады. Сонымен қатар денсаулық, білім салаларына қатысты мәселелер көтеріліп, қысқа мерзімді оқыту жұмыстарын қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Қоғамдық жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу сияқты бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты. Бейсенбай Тәжібаев көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, заңдылығын түсіндірді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауға алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/918607
«Ерекше бақ»: Теміртау тарихи-өлкетану музейі Юрий Варыгиннің көрмесінің ашылуына шақырады 15.01.2025
«Қарағанды» фотоклубы биыл алғашқы көрме ұйымдастырды. Онда әйгілі қарағандылық фотошебер Юрий Варыгиннің абстракционизм және субреализм стиліндегі жұмыстары ұсынылады. Ашылу салтанаты 16 қаңтарда сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында өтеді. Кіру тегін.
Авторлық фотокөрме «Ерекше бақ» деп аталды.
"Қалайша ойлау және талдау, армандау, қиялдау, шығармашылықпен айналысу арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтпауға болады? Біздің керемет планетамызды қалай сақтап қалуға болады? Бұл мәселелердің барлығы көпшілікті алаңдатады. Олар фотокөрменің авторы Юрий Варыгинді де толғандырып отыр", – делінген аннотацияда.
Экспозиция 5 ақпанға дейін жалғасады.
Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы келесі мекен-жайда орналасқан: Металлургтер даңғылы, 28/4.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918304
«Болашақтың ойындары» турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Дирекция құрылды 15.01.2025
«Болашақтың ойындарын» дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің тапсырмасына сәйкес, «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы базасында мамандандырылған Дирекция құрылды. Дирекцияның міндеті – 2026 жылы Астанада өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирін ұйымдастыру және өткізу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын іс-шара ел спортындағы маңызды оқиға болмақ.
Айта кетейік, 2024 жылғы 13 қазанда Дубайда (БАӘ) өткен ресми рәсімде Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future жарысын өткізу құқығына ие болған еді. 2026 жылғы жарысты ұйымдастыруға Қазақстаннан бөлек, Перу және Чили мемлекеттері де үміткер болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/918091
Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды 15.01.2025
ҚР Ұлттық кітапханасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдығына арналған «Шуағын төккен өрнектер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты оқырмандарға Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының тарихы мен даму кезеңін көрсетіп таныстыру.Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан 200 басылым, соның ішінде кітаптар, журналдар, күйтабақтар мен CD-дисклер қойылған.Көрме екі бөлімнен тұрады.«Филармонияның өсу жолы» атты бірінші бөлімде Қазақ филармониясының өмірбаяндық ақпараты мен тарихын қамтитын әдебиеттер ұсынылған.«Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы – бүгін» атты екінші бөлімде музыкалық шығармашылығы, көрнекті музыканттар мен ұжымдар, сондай-ақ филармонияның қазіргі жетістіктері туралы әдебиеттер бар.Кітап көрмесі 28 ақпанға дейін жалғасады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/917628
ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды 15.01.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі бірыңғай грант операторымен бірлесіп 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беруге арналған конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.Байқаудың мақсаты-азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саланың негізгі мәселелерін шешуге тарту.Байқау аясында ҮЕҰ екі негізгі бағыт бойынша жобаларды ұсына алады: "жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау" және "отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу".Барлығы тоғыз басым бағыт қарастырылған:- Құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттау.- Қаржылық сауаттылықты арттыру және жастарды несиелендірудің алдын алу.- Қылмыстық жазасын өтеген жастарды оңалту және бейімдеу.- Лудоманияның алдын алу (ойынға тәуелділік).- Жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес.-Жас ұрпақты азаматтық-патриоттық тәрбиелеу.- Отбасын қолдау орталықтары үшін онлайн-психологиялық қызметті ұйымдастыру.- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.- Отбасылық және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру.Конкурс туралы толық ақпарат пен құжаттама ресми сайтта қолжетімді: cisc.kz. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/917765
Қызылорда облысында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда 15.01.2025
Бағдарламаның маңыздылығы аудандық, ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары мен студенттер арасында кеңінен насихатталуда. Мысалы, Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінде аудан студенттері үшін «Туған жерімізді таза ұстайық!» атты экологиялық сағат ұйымдастырылды. Оқу орнының директоры Бауыржан Сейдулланың айтуынша, мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор.Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылдан бастап «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда. Оған Қармақшы ауданының жастары да белсене қатысуда. Біздің жігіттер мен қыздарымыз қоғамдық орындарды қоқыстан тазалап, ардагерлердің ауласын жинауға көмектеседі, ағаштар отырғызады. Бағдарлама арқылы біз жас ұрпаққа экологиялық мәдениет, туған жерімізге деген жауапкершілікті қалыптастырудамыз”- деп атап өтті колледж директоры С.Сейдулла.Бүгін Қармақшы аудандық мектептерде де «Экология балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауы өтуде. Ең үздік жұмыстар мектеп көрмелерінде ұсынылады.«Мұндай іс-шаралар балаларда табиғатқа деген қамқорлық, еңбекқорлық, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді» - дейді Т.Комекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің директоры Гүлзира Еркебаева – «Балалар сыныптарды жинауға, қоқысты тазалауға және мектеп ауласында ағаштар отырғызуға қуана қатысады. Экологиялық тәрбиеге бағытталған ашық сабақтар мен сынып сағаттары біздің балалармен жұмыс істеуде маңызды бағыттардың бірі болып табылады». Бүгін «Біз - таза аймақ үшін» бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының орталығында да орталық алаң мен «Тағзым» аллеясын санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оған мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысуда. Сонымен қатар, Жалағаш кентінде «Ардагерлерді ардақтайық» кезекті акциясын жастар ресурстық орталығының белсенділері ұйымдастырды.«Біз үшін ауыл тұрғындарына, оның ішінде тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге, жалғызбасты қарттарға көмек көрсету дәстүрге айналды, Біз олардың аулаларын қоқыстардан тазартамыз, ағаштарды ағартамыз, үйлерін тазалаймыз. Ақсақалдар әрдайым біздің жақсы істерімізге алғысын айтып, ақ баталарын береді. Бұл біз үшін ең жоғары марапат. Өйткені, «Таза Қазақстан» - бұл біздің көшелеріміз бен аулаларымыздың тазалығы ғана емес, ең алдымен бұл біздің жүрегіміз бен іс-әрекеттеріміздің тазалығы мен мейірімділігі» - дейді орталық басшысы Асхат Ахметжанов.Айта кету керек, облыс бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы басталғаннан бері облыстың 730 000-ға жуық тұрғыны қатысты. 27 000 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 505 сквер мен саябақ, 225 тарихи мәдениет ескерткішінің аумағы, 791 әлеуметтік нысан, 4596 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су нысаны, 47 451 аула мен көше тазартылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/917385
Елордада коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратылды 15.01.2025
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еңбек ұжымы елорда көшелерін қардан тазалау жұмысына жұмылдырылған коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты., деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Игі іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты.«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы етіп жариялады. Осыған орай біз, яғни «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қызметкерлері күн сайын кез келген ауа райында қалада жайлылық пен тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген жандарға алғысымызды білдірдік. Игі іс-шараға 20-ға жуық адам қатысты. Осылайша 60-70 адамға ыстық шай мен бауырсақ тараттық. Жалпы мұндай акцияларды біз жиі ұйымдастырып тұрамыз», - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қаласы бойынша тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған орталығының бағыттар бойынша аға диспетчері Санат Жүрсін.Ал өз кезегінде елордалық коммуналдық қызметкерлер ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.«Уақыт тауып, осындай игі іс-шараны өткізген ұйымдастырушыларға рақмет. Қолға алған әрбір істеріңізге береке тілеймін. Халқымыз әрдайым ауызбіршілікте, татулықта болсын. Еліміз өсіп-өркендей берсін», - деді коммуналдық қызметкерлер. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917177
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді 15.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Астана мен Алматыда аталған қызмет 207,2 мың рет көрсетілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 53,9 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.
Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметінің сапасы мен көрсету жылдамдығын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.
Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.
Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.
Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.
Пилоттық жобаның бірінші кезеңінде Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысты.
Биыл жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасады, еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/917110
Ақмола облысында құрылысы ұзаққа созылған мектеп пайдалануға берілді 15.01.2025
Біржан сал ауданының Бұланды ауылындағы мектеп оқушылары үшінші тоқсаннан бастап жаңа мектепте оқуды бастады. Бүгін Бұланды мектебінің 80 орындық жаңа ғимаратына 56 оқушы мен мектеп ұжымы қадам басты.
Жаңа мектеп заманауи стильде салынған және барлық қажетті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Әр кабинетке интерактивті тақталар орнатылған. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзия кабинеті бар.
«Мектеп ғимараты жарық әрі кең. Мұнда білім алатын оқушылар заманауи талаптарға сай жақсы, терең білім алады деп сенеміз», – деп атап өтті ата-аналар.
Айта кетейік, Бұланды ауылының мектебі 2019 жылы апатты деп танылып, 2021 жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталған. Құрылыс кезеңінде мектеп оқушылары орман шаруашылығы ғимаратында оқыған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/917762