Enbekshi QazaQ

Қуқық

SATBAYEV UNIVERSITY-ДЕ LENOVO АУДИТОРИЯСЫ АШЫЛДЫ 27.12.2024
SATBAYEV UNIVERSITY-ДЕ LENOVO АУДИТОРИЯСЫ АШЫЛДЫ24 желтоқсанда Алматыда дербес компьютерлер өндірісі саласындағы әлемдік көшбасшы Lenovo компаниясы заманауи цифрлық шешімдерімен жабдықталған Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өз аудиториясын ашты. Lenovo аудиториясының ашылуы – компания мен университет арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі. Бұл озық технологиялардың білім беру процесіне әсерін және инновацияларды дамытудағы маңызын көрсетеді.Lenovo аудиториясы университеттің FabLab SU жобасы аясында ашылды. FabLab SU – бұл инженерлік мамандық және технологиядық стартаптар студенттерінің инновациялық идеяларын жүзеге асыруға арналған зертхана. Ол FabLab Massachusetts Institute of Technology зертханаларының Дүниежүзілік желісінің бөлігі, бүкіл әлем бойынша 1500-ден астам зертханаларды біріктіреді, олар студенттер мен зерттеушілерге озық технологияларға қол жеткізуге және әртүрлі елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.Lenovo аудиториясы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Қазақстан-Корея АТ-орталығында орналасқан, Lenovo-ның ең заманауи құрылғылармен жабдықталған: мониторлар, ноутбуктер және 3D-модельдеу, инженерлік талдау және қосымшаларды әзірлеу сияқты ресурстарды көп қажет ететін міндеттерді шешу үшін ең жоғары өнімділікке ие жұмыс станциялары, жасанды интеллект базасы.«Осы маңызды жобаның бір бөлігі болу біз үшін үлкен мәртебе. Lenovo смарт технологияны мүмкіндігінше көп адамға қолжетімді ету миссиясын алға тартады», - деді Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы Lenovo Intelligent Device Group Корпоративтік сату жөніндегі директоры Ғазиз Абдрасилов. «Жас кәсіпкерлер мен зерттеушілерді дамытуды университетпен бірлесіп қолдау мақсатында ашылған бұл аудитория Қазақстанның түрлі салаларының дамуына ықпал ететін көптеген инновациялық шешімдер мен жобалардың шығар жері болады деп үміттенеміз».Lenovo аудиториясының кеңістігі бірнеше аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысының өзіндік функционалды мақсаты ғана емес, сонымен қатар тиісті жабдықтары бар. Сонымен CAD/CAM/CAE мамандандырылған бағдарламасымен жұмыс істеу және жасанды интеллект бойынша зерттеулер жүргізу, модельдеу және прототиптер жасау үшін аудиторияда ThinkStation жұмыс станциялары мен ThinkVision мониторлары бар ыңғайлы үстелдер орнатылған. Дәріс аудиториялары ThinkPad ноутбуктерімен және презентация материалдарын таратуға арналған үлкен сандық дисплеймен жабдықталған, ал стартап-жобаларды келіссөздер мен талқылау үшін ыңғайлы кеңістік ұйымдастырылған.Зертхана жоғары технологиялық білімдерін тереңдеткісі келетін студенттер үшін, сондай-ақ өз жобаларын жүзеге асыруға ұмтылатын зерттеушілер үшін маңызды орталық болады. Студенттер модельдеу үшін Lenovo аудиториясын пайдалана алады. Оқытушылар жасанды интеллект бойынша сабақтар мен зерттеулер жүргізе алады. Стартаптар өнеркәсіпте қолдануға болатын өз өнімдерінің прототиптерін жасау үшін сыныпты жалға ала алады. Lenovo сондай-ақ аудиторияны серіктестермен кездесулер, презентациялар және деректерді өңдеуге арналған воркшоптар өткізу үшін пайдалануды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/909045
Әскери қызметшілер мен жасұландықтар Бауыржан Момышұлының мұрасын зерделеуде 27.12.2024
24 желтоқсанда талантты әскери қолбасшы, көрнекті жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл толды.Осыған орай Астананың әскери-тарихи мұражайында 44813 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне Бауыржан Момышұлының «Мәскеу үшін шайқас» – «За нами Москва» кітаптарын табыстауға арналған салтанатты рәсім өтті.Жиында сөз алған «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов Б. Момышұлының өмірінде өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу маңызды орын алғанына тоқталды.– Даңқты қолбасшы, көрнекті ғалым, талантты жазушы, танымал педагог Б. Момышұлының қалдырған мұрасына баға жетпейді. Ол көзі тірісінде аңызға айналған адам. Батырдың есімі еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылған, – деп атап өтті М. Нағұманов.Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов Бауыржан Момышұлының кітаптары бірнеше ұрпақты тәрбиелегенін атап өтті.– Қазіргі жастарға да бұл кітапты оқуға керемет мүмкіндік туып отыр. Ережелердің жарғыда жазылуы бір басқа. Соғыстың сынағынан өткен адам ол туралы өз шығармасында жазғанда мүлдем басқаша болады екен. Бұл кітап сіздердің жүректеріңізде туған жерге деген сүйіспеншілік отын жақсын. Бейбіт өміріміз үшін бастарын өлімге тіккен ата-бабалар туралы естелік мәңгілік болғай, – деді Ғ. Артықов.Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықов Қарулы күштер ардагерлеріне көрсеткен бастамасы үшін алғысын білдірді. Осының арқасында әскери қызметшілер Мәскеу маңындағы шайқастарға қатысушының баға жетпес естелігін тағы бір қайталап оқуға мүмкіндік алып отыр.Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде атақты қолбасшыны еске алуға арналған апталық өтті.Әскери-патриоттық іс-шараларға Қарулы күштер мен Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен өткен «Ерлік сабақтары», Б. Момышұлының «Соғыс психологиясы» кітабын талқылау, «Бауыржан Момышұлы» және «Артымызда Москва» фильмдерін көруге арналған тәрбие сағаттары кірді.Дөңгелек үстел барысында мектеп тәрбиеленушілері аты аңызға айналған қолбасшының ерлік жолы туралы көптеген жаңа әрі танымдық мәліметтермен таныса алды. Мәскеу үшін болған шайқастағы Бауыржан Момышұлының стратегиясы, Александр Бектің «Волоколамское тас жолы» кітабындағы «Момышұлы спиралы» тактикалық операциясының құпиялары қай кезеңде де маңызыын жоймақ емес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/908799
Әскери және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері бақылауда 27.12.2024
Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, облыс басшылығымен кездесіп, бірқатар әскери нысандарды тексерді.Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен келіссөздер барысында армия бөлімшелері орналасқан жерлерде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы гарнизон инфрақұрылымын одан әрі жаңартуға және әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Министрдің орынбасары әскери бөлімдерде мерзімді қызмет сарбаздарын киім-кешекпен қамтамасыз етудің, медициналық қызмет көрсету және тамақтандырудың ұйымдастырылуын көрді. Әсіресе казармалар мен әскери нысандарды жылыту, сумен және электрмен жабдықтау мәселелеріне ерекше назар аударды. Ақтаудағы әскери-теңіз базасына барған кезде генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров әкімшілік модульдік ғимаратты, казарманы, пирстер мен дивизион корабльдерін қарап шықты. Әскери госпитальда ол ағымдағы жұмыстардың барысын тексеріп, жеке құрамға көрсетілетін медициналық қызметтің ахуалын бағалады.Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскерлері бригадасында өткен қорытынды кеңесте генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров мемлекеттік мүлікке ұқыпты ұстауға және әскери объектілердің тиімді жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін коммуналдық ресурстарды үнемдеп тұтынуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Бұдан өзге ол әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды одан әрі жақсартуға және мерзімді қызмет сарбаздарының тамақтануына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/909022
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесті 27.12.2024
2024 жылғы 20 желтоқсанда Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Серікұлы Олжабековтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.Кездесу барысында Мәлік Серікұлы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электрондық форматта ұсынылады, оның 90,8%-ы eGov Mobile платформасында қолжетімді.Қазақстан онлайн қызметтерді дамыту бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді. Сандық құжаттарды танымал ету қағаз құжаттарды пайдалануды азайтып, азаматтардың өмірін жеңілдетуде. Қазірдің өзінде 34 сандық құжат қолжетімді.«Invisible Government» тұжырымдамасы аясында бюрократиялық процестер айтарлықтай қысқартылды: рәсімдер саны 605-тен 175-ке, ал мемлекеттік органдарға бару саны 119-дан 21-ге дейін азайды.Вице-министр цифрландырудың азаматтарға ыңғайлы болуын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бастамаларды ерекше атап өтті:800 мыңнан астам әлеуметтік маңызды қызмет цифрландырудың көмегімен көрсетілді;«Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілуде. Қазіргі уақытта пилоттық режимде екі қызмет іске қосылды: тегін дәрі-дәрмек пен мектеп оқушыларына тегін тамақтану;Азаматтардың медициналық деректері енді e-Densaulyq сервисі арқылы қолжетімді.Сонымен бірге, 2024 жылы іске асырылған цифрлық сервистерге тоқталып, IT саласына шолужасады. Маңғыстау облысы бойынша байланыс сапасына тоқталып, алдағы жылдардың жоспарымен бөлісті.Министрліктің маңызды бағыттарының бірі – өңірлерді цифрландыру. Ақтау қаласында азаматтармен жедел байланыс орнату үшін 109 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, жыл басынан бері орталыққа 40 мыңнан астам өтініш түскен. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында бейнебақылау жүйелері кеңейтілуде: облыс аумағында 46 мың камера орнатылған.Сонымен қатар, вице-министр өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Маңғыстау облысы үшін өзекті мәселелердің бірі – сапалы байланыс пен Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету және байланыс саласы бойынша сұрақтар қойылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/909103
Бейбіт Исабаев: Талдықорған тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналуы керек 27.12.2024
Соңғы екі жылда облыс бюджетінің басым бөлігі аудандардағы ауыл халқының тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Енді алдағы екі жылда облыс орталығын дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Осыған байланысты 2025-2026 жылдарға қала бюджетін орта есеппен 30%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыс әкімі өз баяндамасында қала басшылығына қысқа мерзімде алдағы екі жылға арналған кешенді даму жоспарын бекітуді тапсырды.- Ең алдымен тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға, соның ішінде жылу, сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау желілеріне және жол құрылысына басты назар аударылуы тиіс. Сондай-ақ, аулаларды абаттандыру, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңарту, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру қажет. Жалпы Талдықорғанды тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналдыруымыз керек. Әсіресе қаланың шеткі аймақтарында тұратын азаматтар заманға сай, жайлы тұрмыс жағдайларын сезінуі тиіс, - деді Б. Исабаев. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Жеңіс Ысқабай Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/909010
Бокстан Ақмола облысының құрамасы Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті 27.12.2024
2024 жылғы 16-24 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ақмола облысының құрамасы 3 алтын және 3 қола медаль жеңіп алып, жақсы нәтиже көрсетті.Ерлер арасында әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов нағыз жеңімпаз атанды, ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сегізінші рет Қазақстанның чемпионы атанып, өзінің мықтылығын тағы да дәлелдеді. 54 келіге дейінгі салмақта Тимур Қабдешов алғаш рет ел чемпионы атанып, алтыннан алқа тағынды. Ересектер чемпионатында алғаш рет қатысқан Шыңғыс Мусинов (60 кг) пен ұлттық деңгейдегі бірінші жетістігіне жеткен Бекзат Мағжан (63,5 кг) команда қоржынына қола жүлделерін салды.Әйелдер арасындағы жарыста Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы атанды. Ұлттық құраманың қоржынына тағы бір медальді қола жүлдегер Валерия Аксенова алып келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/908852
Жыл қорытындысы: табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу 27.12.2024
Мемлекет басшысының бастамасымен сәуір айында бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Ақтөбе облысы бойынша 418 643 тұрғын қатысып, 105 845 аула тазартылды. Аумақтарды жинау үшін 6 203 бірлік техника тартылып, ҚТҚ полигондарына 74 270 тонна қалдық шығарылды. Елді мекендер аумағында 356 111 ағаш көшеті және 6 415 бұта отырғызылды.Ағымдағы жылы орман мекемелерінің өртке қарсы материалдық техникалық жағдайын арттыру үшін 474 млн теңге қаржы бөлініп, оған: 4 өрт сөндіру техникалары, 3 шағын патрульдік кешендегі автокөліктер, 3 су сорғы станциясы, 2 мотопомпа сатып алынды.Ақтөбе қаласы мен аудандардың 180 елдімекендерінің 135 дендрологиялық жоспары әзірленген.Облыс бойынша 7 мемлекеттік орман тәлімбағы (215 га) бар. Орман мекемелері тәлімбақтарында 2024 жылы 14 млн. түп екпе материалдар өсірілді. 2025 жылы 15 млн. түп екпе материалдарды өсіріп шығару жоспарлануда.Мемлекеттік экологиялық сараптаманың 167 қорытындысы берілді. Алдағы жобалардың экологиялық аспектілерін талқылау үшін 403 қоғамдық тыңдау өткізілді. Жоспарланған қызмет туралы 410 хабарландыру жарияланды. Шаруашылық субъектілерінен әсер етуге 109 декларация қабылданды.Облыс аумағында жалпы 206 ГТҚ бар, олардың 611,8 млн.м3 су сақтап қалу мүмкіншілігі бар, оның ішінде 10 республикалық, 174 коммуналдық және 22 жеке меншікте.Облыс бойынша 2024-2028 жылдарға арналған су саласын дамытудың Кешенді жоспарының жобасы аясында елді мекендер мен басқа да құрылыстарды су басудан сақтау, ауыл шаруашылығы өндірушілерін сумен қамтамасыз ету үшін 2 су қоймаларының құрылысы басталады. Су қоймалары көлемі 93,8 млн. текше метр артық суды сақтауға мүмкіндік беріп, су тасқыны қаупін азайтады.Көктемгі су тасқыны кезеңінде 15 гидротехникалық құрылыс бұзылды, оның 9-ы қалпына келтірілді, 2 бөгет бойынша кепілдік мерзімі бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде (аяқталу мерзімі 2025 жылғы шілде), қалған 4 құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін қосымша 7 қорғаныс құрылыстары бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталады.Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы №120 қаулысымен «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ құрамында құрылған «Ақтөбе облысының гидротехникалық құрылғыларға қызмет көрсету мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/908844
Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңажылдық шыршасы өтті 27.12.2024
Бүгін Өскеменде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты президенттік шырша ұйымдастырылды. Жарқын да көңілді шараға облыстың 13 аудан, қалаларынан 250-ден астам бала қатысты.Оларға арнап қызықты сайыстар, интерактивті ойындар және сүйікті ертегі кейіпкерлерімен кездесу өтті. Ертеңгілікте балалар көңілді сайыстарға белсене қатысып, би билеп, ән айтты. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев балақайларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.- Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен ұйымдастырылып отыр. Мұндай жаңажылдық ертеңгіліктер бүгін Қазақстанның барлық қалаларында өтіп жатыр. Бірақ біздегі мереке бәрінен ерекше деуге болады. Ел Президентінің әрқайсыңыз үшін арнайы дайындаған сыйлығы да бүгін табысталады, – деді аймақ басшысы.Балаларға таяуда ғана облыста өткен «Аяз Ата, Ақшақар - 2024» фестивалі туралы айтылды. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 150-ден астам ертегі кейіпкері келген еді. Мереке барысында қатысушылар бір-бірімен танысып, тез тіл табысып кетті. Биыл облыста 9-13 жас аралығындағы 450-ден астам балаға жаңажылдық шырша өткізіліп жатыр. Оның ішінде жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, ерекше білім алуды қажет ететін оқушылар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық өмірде жоғары жетістіктерге жетіп жүрген балалар бар. Бұдан бөлек, президенттік шыршаға қатысушыларға 150 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат, жұмсақ ойыншық пен тәтті сыйлық табысталды.- Мен Черемшанка ауылынан келдім. Бүгінгі мереке үшін көп рахмет! Маған барлығы да ұнады. Президентімізге берілген сыйлықтар үшін алғыс айтамын, - деді Черемшанка мектебінің 6 сынып оқушысы Алена Чернова.Мерекелік бағдарлама екі күнге жоспарланған. Бұған дейін балалар Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрына барып, «Алтын балапан» атты қойылымды тамашалап қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/908911
Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында «Халық арасында діни экстремизм көріністеріне қарсы тұру бойынша мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өзара әрекеттесуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 27.12.2024
Дөңгелек үстелге ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Мекеева Жанат Жұмағазықызы, құқық қорғау органдарының басшылары мен орынбасарлары, ШҚО жергілікті діни бірлестіктерінің жетекшілері, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары қатысты.Дөңгелек үстел барысында ШҚО бас имамы Мұхатай Ермек Қасболатұлының «Қоғамдағы дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттаудағы ҚМДБ-ның рөлі», философия ғылымдарының кандидаты, теология Phd докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға оқытушысы, республикалық деңгейдегі теолог Тышхан Кеңшіліктін «Діни фундаменталистік түсініктер діни-саяси экстермизмнің бастауы ретінде», «Родни» Евангелдік христиан баптистерінің шіркеуінің басшысы Вольф Владимир Филипповичтын «Халық арасында радикализмнің алдын алу мен оған қарсы тұрудағы конфессияаралық қатынастардың рөлі», ШҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Туткушев Қуанышбек Токтағұлының «Діни экстремизмнің алдын алу бойынша діни бірлестіктермен бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру шаралары туралы», «Хасеки» жоғары дінтану академиясының түлегі, Казань қаласының Ислам институтінің теология магистрі, республикалық деңгейдегі теолог Қанапиянов Ернұр Болатбекұлының «Деструктивті діни ағымдардың құрбандарын оңалту мәселелерінде жергілікті атқарушы органдар мен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы және өзара іс-қимылы» атты баяндамалары тындалды.Дөңгелек үстел барысында халық арасында діни экстремизмге қарсы тұруға қатысты маңызды және өзекті мәселелер көтерілді. Талқылауға осы саладағы ынтымақтастықты жақсарту бойынша мәселелер мен бастамалар көтерілді.Шара барысында айтылған барлық ұсыныстар алдағы бірлескен жұмыста ескерілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/908917
КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді 27.12.2024
КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА!Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат ҚалиақпаровАстана қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді2024 жылғы 27 желтоқсан күні ҚР Көлік вице-министрі Қалиақпаров Мақсат Қайыржанұлы Астана қаласының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.Кездесу сағат 09:00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекен-жайы бойынша орналасқан «Транспорт Тауэр» ғимаратында өтеді.Қала тұрғындарын кездесуге шақырамыз. Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет СәмбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/908899
Қарағанды облысында жұмыс берушілердің өтініші бойынша кадр даярлау ұлғайтылады 27.12.2024
Қарағанды облысында еңбек нарығын қанағаттандыру үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылмақ. Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік курстарда оқыту жүргізіледі. Колледждер дуальды оқытуды дамытады және жаңа сұранысқа ие мамандықтарды енгізе түседі. Тұрғындарды жаңа мамандықтарға оқыту үшін биыл Jumys Tap пилоттық әлеуметтік жобасы іске қосылды.Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің кезекті отырысында кадрларды даярлаумәселелері көтерілді.– Биыл жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес 506 адам оқытылды. Бүгінгі таңда 87%-ы жұмысқа тұрды. Сондай-ақ, кәсіптік оқыту Skills Enbek платформасы арқылы жүзеге асырылады. Биыл 2489 адам тегін онлайн курстардан өтті. Сонымен қатар, Jumys Tap жобасы бойынша білім басқармасымен бірлесіп бес колледж базасында 28 мамандық бойынша оқыту ұйымдастырылды, – деп хабарлады жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.2025 жылға арналған жоспарда әртүрлі бағыттар бойынша 3 400-ге жуық адамды оқыту көзделген.Білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісованың айтуынша, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту жоспарлануда. Еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес колледждерде "полимерлік өндіріс технологиясы", "газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау және пайдалану", "гидротехник" және т. б. сияқты жаңа мамандықтар оқытылуы тиіс.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бизнес-қоғамдастықпен өңірдің дамуы мен экономиканың нығаюына байланысты басқа да өзекті мәселелерді талқылады.– Біз бизнеспен ашық диалогқа ұмтыламыз. Сараптамалық кеңес барлық проблемаларға жедел жауап беру, бірлесіп шешу жолдарын табу үшін құрылған, – деп атап өтті өңір басшысы. – Жыл қорытындысы бойынша облыс экономикасының барлық салаларында оң серпінге қол жеткізілді. Біріншіден, бұл біздің өңірдегі бизнестің тұрақты жұмысының нәтижесі.Алдыңғы тапсырмалардың орындалуы туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов баяндады.Кәсіпкерлерге инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды.Сарапшылар кеңесінің мүшелері өз ұсыныстары мен ескертулерін білдірді. Қаржыландырудың қолжетімділігіне, отандық өндірушілерді, сондай-ақ экспорттаушыларды қолдауға қатысты мәселелер көтерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/908776
Қарағанды облысында су тасқынына қарсы алдын ала дайындық жұмыстары жүріп жатыр 27.12.2024
Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық жалғасуда. Биыл инженерлік жұмыстар жоспары бойынша 180-ге жуық іс-шара орындалды. 15 қаңтардан бастап ТЖД қызметкерлері өңірлердің дайындығын бағалау үшін су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралауды бастайды.Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша атқарылған жұмыстар туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жауапты ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандардың басшылары баяндады. Олар проблемалық мәселелерді белгіледі.– Қазіргі уақытта облыста материалдық-техникалық және қаржылық қаражат резерві қалыптасып жатыр. 3073 тонна ЖЖМ, 15 тонна азық-түлік, 48 мың тонна инертті материал, 99 мың дана қаптар дайындалды, – деді ТЖД басшысы Марғұлан Аманбаев.Облыста 65 км қорғаныс бөгеттері мен қорғандары тұрғызылып, нығайтылды, өзен арналарының 18 км-ден астам су тасқыны қауіпті учаскелеріне санация жүргізілді, 26 км дренаждық және су бұру жүйелері тазартылды. Автомобиль жолдарының 75 учаскесінде су өткізу қабілеті артты.ТЖД облыс өзендерінде жарылыс жұмыстарына шарттар жасасу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізеді. 1 наурыздан бастап азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің барлық күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілетін болады.Ведомствоның қарамағында 4 мыңнан астам адам және 1754 бірлік жоғары өтімді, инженерлік және арнайы техника бар.Гидротехникалық құрылыстардың астында және өзен арналарының бойында орналасқан 150 елді мекен ерекше бақылауда. Мұнда еріген қар су тасуы мүмкін деген қауіп бар.Ермағанбет Бөлекпаев атқарылған жұмыстарға қарамастан, босаңсуға болмайтынын атап өтті.– Ең бастысы – жұмысты дұрыс ұйымдастыру. Біз өткен жылғы қателіктерді ескеріп, су тасқынына тыңғылықты дайындалуымыз керек, – деп атап өтті өңір басшысы. – Адамдар мен ресурстар қажет. Жергілікті тұрғындар дұрыс бағдарлануы керек. Жарылыс жұмыстарына конкурсты уақтылы өткізу, су өткізу құбырларын ашу және басқа да маңызды жұмыстарды орындау қажет. Қазір елді мекендерден қар шығаруға қаражат бөлуді ұмытпаңыз. Жауапкершілікті нақты бөлу үшін әр ауылда және әр қалада штаб болуы керек. Барлығы үйлесімді және жедел жұмыс істеуі тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/908809
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады 25.12.2024
Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2024 жыл отандық спорт үшін ерекше жыл болғанын атап өтті. Қазақстандық спортшылар биыл халықаралық ірі жарыстарда табысты нәтиже көрсетсе, елімізде ірі жарыстар ұйымдастырылды.«Биылғы жылдың басты додасы Париж Олимпиадасы мен Паралимпиада болғаны анық. Біздің құрама тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихында дзюдодан бұйырған алғашқы алтын медаль. Гимнастикадан алғаш рет Олимпиада медалін жеңіп алдық. Ол жүлде Нариман Құрбановқа бұйырды. Давид Дегтярев пара-пауэрлифтингтен екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Пара-дзюдошы Ақмарал Науатбек Олимпиада шыңын бағындырды», – деді министр.Сонымен қатар биыл Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ұйымдастырылды. Көшпенділер додасына 89 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен спорт саласында оң өзгерістер басталды. Келесі жылы отандық спортшыларды бірнеше байрақты бәсеке күтіп тұр. 2025 жылдың ақпан айында спортшыларымыз Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатысып, қысқы Олимпиада лицензиясы үшін сынға түседі. Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2024 жылы спортшыларымыз жаман нәтиже көрсеткен жоқ, жаңа жылдан одан да үлкен жеңістер күтеміз», – деді Ербол Мырзабосынов.Жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылғандар:🔹 Елдос Сметов, Давид Дегтярев – «Жылдың үздік спортшысы»;🔹 Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»;🔹 Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы»;🔹Қуанышбек Есекеев, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясының президенті»;🔹Еркебұлан Ілиясов, «Жамбы ату федерациясы» РҚБ президенті – «Үздік спорт меценаты»;🔹Kaz Minerals - «Үздік спорт меценаты»;🔹Ғизат Түсіпаев – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»;🔹Ерлан Тасболатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері»;🔹Дархан Шариғатов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы»;🔹Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі»;🔹Алматы қаласындағы «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» – «Жылдың үздік спорт ұйымы»;🔹Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы – «Үздік спорттық өңір»;🔹Илья Мизерных – «Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы»;🔹Сергей Сергеев – «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»;🔹Надежда Ким – «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»;🔹Ақмарал Науатбек – «Спортта үздік серпін»;🔹Жандос Айтбайұлы («Хабар» телеарнасы), Қуаныш Нұрданбекұлы («Егемен Қазақстан» газеті), Назерке Сұлтанбек («Sport+» сайты) – Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаттары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/908749
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 25.12.2024
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 2024 жылы 263 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны (МСАК) аяқталып, пайдалануға берілді.Оның ішінде өңірлердің картасында 47 дәрігерлік амбулатория, 101 фельдшерлік-акушерлік пункт, 115 медициналық пункт пайда болды.Биылғы жылы ұлттық жобаны іске асыру бойынша көшбасшылардың қатарында: 38 нысан салынған Солтүстік Қазақстан облысы, 37 нысан салынған Түркістан облысы, 18 нысан салынған Жамбыл облысы, 19 нысан салынған Қостанай облысы, 24 нысан салынған Ақмола облысы бар.Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдық елді мекендерде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарланған, оған 257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулатория салу кіреді.Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру мақсатында 32 заманауи көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту жоспарланған.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын ауылдық аурухананың инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ұлттық жоба ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын салу ауылдағы медициналық қызметтердің, оның ішінде профилактикалық қарап-тексерулердің, скринингтердің, жүкті әйелдер мен балаларды патронаждаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, диспансерлік науқастарды байқауға, амбулаториялық оңалтуға және медициналық көмектің басқа да түрлеріне мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/908725
Жамбыл облысында Президенттік шырша мерекесі өтті 24.12.2024
Таразда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кешке Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, балаларды құттықтады.Аталған шараға 200 бала жиналды, оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары, ерекше білім беруді қажет ететін балалар бар.Барлық қатысушыларға жаңа жылдық базарлықтар, құттықтау хаттары, Мемлекет басшысының атынан 120 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.Шара барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады.Сондай-ақ шыршаға қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылды. Олар «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде, Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында, үстел теннисі және көркем гимнастика орталығында болып, облыстық драма театрында жаңа жылдық театрландырылған қойылымды тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/908687
Үкімет бітімгерлік қызмет саласындағы заң жобасын Парламент Мәжілісіне қарауға ұсынады 24.12.2024
ҚР Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады.Келісімді ратификациялау UNDOF миссиясында Қазақстан Республикасының бітімгерлік контингентін өрістету жөніндегі қаржылық мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді.«Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰҰ-ға Қазақстан Республикасының бітімгерлік операцияға жұмсаған шығындарын толық немесе ішінара өтеу тәртібімен бөлінетін қаражат Республикалық бюджеттің кірісіне түседі.ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің бітімгерлік миссияларға қатысуын ынталандыру және сапалы қызмет өткеруін қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ-ның персонал үшін төлемдерін (ай сайын 1 448 АҚШ долларынан) әскери қызметшілердің өздері тікелей жүзеге асыруы орынды.Сондықтан келісімде Қорғаныс министрлігі персоналға және Қаржы министрлігіне төлемдер үшін негізгі жабдықтар мен өзін-өзі қамтамасыз ету құралдары үшін екі банктік шот қарастырылған.Қорғаныс Үкіметі қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 8 қаңтарға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15368169 сілтемеге кіріп, танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/908667
Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті 24.12.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимова Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.Жоспарға театр фестивальдері, кино көрсетілімдері, конференциялар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сияқты түрлі мәдени іс-шаралар енгізілді.Сонымен қатар, келесі жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді.«Жоспарға енгізілген мәдени іс-шаралар соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің ерліктерін еске алуға бағытталған. Бірлескен бастамалар елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін», – деді Аида Балаева.Кездесу барысында тараптар кинематография және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ музей ісі мен театр өнері бойынша шеберлік сабақтары мен біліктілікті арттыру курстарын өткізуге келісті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/908682
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр 24.12.2024
Қазақстандық делегация Өзбекстан астанасында өтіп жатқан халықаралық волонтерлер форумына қатысуда. Биыл ТМД-ның жастар астанасы болған Ташкент өз жұмысын осы іс-шарамен қорытындылады.Іс-шараға еріктілер қозғалысының көшбасшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің тәлімгерлері қатысты. Форум волонтерлік мәдениетті дамытуға және өңірдегі, әлемдегі волонтерлер күшін біріктіруге бағытталған.Форум аясында ТМД елдеріндегі волонтерлік қызметке арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азиядағы волонтерлік қызметке алғашқы шолуы жасалды.Сонымен қатар, форумға қатысушылар 2024 жылды қорытындылап, алдағы ынтымақтастықты талқылады.Айта кетейік, 2025 жылғы ТМД-ның жастар астанасы ретінде Әзірбайжанның ең көне қалаларының бірі – Габала таңдалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/908714
ШЫМКЕНТТЕ “ШАХМАТШЫЛАР ҮЙІ” ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 24.12.2024
Шымкентте ардагерлер мен қарияларға арналған «Шахматшылар үйі» пайдалануға берілді. Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қабылдауы мен көшпелі кездесулерінде шахматқа арналған арнайы орын салып беру туралы өтінішін білдірген болатын. Халықтың пікірін ескерген мегаполис басшысы жайлы ортаны дамыту басқармасына нақты тапсырма берді.Бүгін Әл-Фараби ауданындағы Орталық саябақ аумағында шахматшыларға арналған жаңа заманауи ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі, жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен қариялар және БАҚ өкілдері қатысты.Жаңа нысанда бір уақытта 40 адам шахмат ойнай алатын 20 шахмат үстелі орнатылды. Бұдан бөлек қариялардың тиімді уақыт өткізіп, спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимарат толық жылу жүйесімен және электр желісімен қамтамасыз етіліп, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.Айта кетейік, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілер есебінен салынды.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/908677
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПРЕЗИДЕНТТІК ШЫРША ӨТТІ 24.12.2024
Шымкент қаласында дәстүрге айналған Президенттік жаңа жылдық шырша мерекесі ерекше сән-салтанатпен атап өтілді. Шараға қала мектептерінен 9 бен 13 жас аралығындағы 300 бала қатысты. Балалар қатарында белсенділігімен және оқу үлгерімімен ерекшеленген оқушылар, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балалар болды. Мереке Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларға арнаған құттықтауымен басталды. Президенттің жылы лебізін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жеткізді. Әкім өз сөзінде балаларға жарқын болашақ пен көтеріңкі көңіл күй тіледі.«Сүйікті балақайлар, сіздер – біздің болашағымызсыздар. Әрқайсыңыздың армандарыңыз орындалып, алда жарқын жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін,» – деп атап өтті Ғабит Әбдімәжитұлы. Мерекелік кеш барысында Шымкент циркі, Шанин театры, қуыршақ театры мен өзбек театрының өнерпаздары балаларға ерекше әсер қалдырған түрлі қойылымдар көрсетті. Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, шығармашылық өнердің ғажайып сәттерін тамашалады. Шырша тойының сәнін келтірген әсем безендірілген шырша мен балаларға таратылған сыйлықтар олардың мерекелік көңіл күйін арттыра түсті. Балғындардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық бұл кештің ерекше екенін көрсетті.Президенттік жаңа жылдық шырша – балалардың армандарына қанат бітірген игі шара болды.Еліміздің барлық қаласында бір мезетте өтіп жатқан шараның бас сыйлығы әр балаға Президент атынан 120000 теңгелік сертификат болды. Жаңа жыл қарсаңындағы бұл мереке балалардың жүрегіне қуаныш сыйлап, олар үшін ұмытылмас естелікке айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/908704