Enbekshi QazaQ

Қуқық

Ет бағасын тұрақтандыру бойынша үш жақты меморандум жасалды 16.04.2026
15 сәуірде Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстанның Мал шаруашылығы одағымен бірлесіп, сиыр еті бағасын тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.Меморандумның негізгі мақсаты – тараптардың ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік шиеленістің алдын алуға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға өзара мүдделілігі болып табылады.Келісілген меморандум аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы мынадай міндеттемелерді өзіне алды:- ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуді және тапшылықтың туындауына жол бермеуді;- сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15%-ын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыруды;– ресми статистикалық деректерге сәйкес айқындалатын орташа республикалық бағадан аспайтын өндірушілердің белгіленген өткізу бағасы бойынша ішкі нарыққа сиыр етін жеткізуді қамтамасыз ету;- ет өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіруді.Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы меморандум шеңберінде салалық ұсыныстарды мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде қарастырады, сондай-ақ ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады.Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтағы баға мониторингін қамтамасыз етеді, сауда желілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді және өндірушілер мен сауда объектілері арасында тікелей жеткізу шарттарын жасасуға ықпал етеді, сондай-ақ сауда үстемесінің рұқсат етілген деңгейінің сақталуын бақылайды.Меморандум ашық әрі болжамды нарық қалыптастыруға, баға құбылмалылығын төмендетуге және халықты қолжетімді ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру саланың экспорттық әлеуетін дамыту мен ішкі нарықты қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1202499?lang=kk
Банк пен кәсіпкерліктің әріптестігі 16.04.2026
Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова өңірдің бизнес қауымдастығымен және серіктестерімен кездесті. Онда кәсіпкерлермен әріптестікті нығайту, бизнестің жаңа нарықтарға шығуына қолдау көрсету және өңірдің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін заманауи қаржы құралдарын дамыту мәселесі талқыланды.Кездесуде Қостанай облысының әкімі тек биылғы жылдың бірінші тоқсанында өңіріміздің қаржы нарығында екінші деңгейлі банктердің экономика салаларына берген несиелік салымдары 119,1 млрд теңгені құрағанын жеткізді.Берілген несиелердің ең көп үлесі сауда саласына тиесілі – жалпы соманың 16,1%-і, өнеркәсіпке – 15,9%, құрылыс саласына – 2,7%. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға 30,4 млрд теңге несие берілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ке көп.«Облыстың банктік депозиттік базасы бір жыл ішінде 20,7%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. Оның ішінде депозиттік нарықтың 80%-і халықтың салымдарына тиесілі. Депозиттерді долларландыру деңгейі 8,3%-ті құрап, 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайыздық үлеске төмендеді. Бұл теңгеге деген сенімнің артқанын көрсетеді» — деп атап өтті аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1202519?lang=kk
Сыртқы істер министрі Иран Елшісін қабылдады 15.04.2026
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшісі Әли Акбар Джоукарды қабылдады.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қаралды. Таяу Шығыстағы деэскалацияның маңыздылығы және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Қазақстан тарапы БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге берік бейілділігін атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына сәйкес Түркістан қаласында келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуды және тиісті халықаралық күш-жігерге жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201748?lang=kk
Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастың басым бағыттары мен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады 15.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен және Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесті.Кездесу қазақстандық делегацияның АҚШ-қа сапары шеңберінде жоспарланған Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің тұсаукесеріне дайындық аясында өтті.Кездесу барысында Қазақстанның сенім, кәсіпқойлық және тұрақты дамудың ортақ міндеттемесіне негізделген қалыптасқан стратегиялық әріптестікті жоғары бағалайтыны атап өтілді. 1993-2026 жылдар аралығындағы ынтымақтастық шеңберінде көлік, білім беру, экология, «жасыл» технология мен цифрландыру саласында $8 млрд-тан аса сомаға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.Дүниежүзілік банк экономикалық реформаларды ілгерілетуде, инфрақұрылымды дамытуда, сондай-ақ елдің макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.Серік Жұманғарин Қазақстанның соңғы шешуші реформаларының бірі – бюджет-салық реформасы болғанын, оның тиімділігі биылғы бірінші тоқсанның қорытындысымен расталғанын атап өтті.Әріптестіктің 2026-2030 жылдарға арналған жаңа негіздемелік стратегиясында айқындалған ынтымақтастықтың басым бағыттары Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетіні қаперге берілді. Олардың қатарында көлік және цифрлық байланыстарды дамыту, су және энергетика секторын жаңғырту, қаржы нарығын дамыту, жеке инвестиция тарту, климаттық күн тәртібін нығайту және жаңартылатын энергия көзін пайдалануды кеңейту бар.Ағымдағы портфель шеңберінде екі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Олар:– құны 1 182,5 млрд теңге болатын Қарағанды-Жезқазған автожолын қайта жаңарту (жүзеге асыру кезеңі 2025-2028 жылдар);– қаржыландыруы шамамен $84 млн көлеміндегі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы.Сонымен қатар, көлік, энергетика, су ресурсы және цифрландыру саласындағы тағы сегіз жоба пысықталуда. Перспективалық бастама қатарында Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру, «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолын салу, Қазақстандағы теміржол қатынасы мен көлік байланысын трансформациялау және тағы да басқа жобалар қарастырылуда.Табиғи монополиялардың 200-ден астам субъектісін жаңартуды көздейтін «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына ерекше назар аударылды. Бұл еліміздің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі маңызды жобаның бірі.Қазақстан экономиканы әртараптандыру, цифрлық трансформациялау және «жасыл» өсуге көшу күн тәртібін дәйекті түрде жүзеге асыруда. Осыған байланысты Дүниежүзілік банкпен, оның ішінде тұрақты энергетика, су ресурсын басқару, көлік логистикасы және инновациялық шешімдер енгізу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүдделілік білдірілді.Антонелла Бассани Дүниежүзілік банк әріптестіктің негіздемелік стратегиясына енген барлық талқыланған жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.«Теңізге шығатын жол жоқ болуына қарамастан, Қазақстан айтарлықтай әлеуетке ие бола отырып, тұрақты өсу қарқынын көрсетуде. Сонымен қатар, жаһандық өзгеріс бейімделу мен өнімділікті арттыруды талап етіп отыр. Біз елді инфрақұрылымға инвестиция салу арқылы да, реформаларды жүзеге асыру арқылы да қолдауға дайынбыз», — деді ол.Сондай-ақ, энергетика мен су секторын жаңғырту бағдарламасының ынтымақтастықтың неғұрлым капиталды қажетсінетін бағытының бірі ретіндегі маңыздылығы атап өтілді. Бұл ретте Дүниежүзілік банк мемлекеттік қаржыландыруға ғана емес, жеке инвестиция тартуға да жәрдемдесуге ниетті.Тараптар ағымдағы жылғы мамырда жоспарланған инфрақұрылымдық саладағы инвестициялық бағдарламаны талқылауды қосқанда, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге әзірлігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1201743?lang=kk
Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды 15.04.2026
Қазақстандық делегацияның Вашингтонға ресми сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды-Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды.Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысын жақсартуға арналған. Жаңа жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді.Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер соңғы сатысында тұр. Жолдың ұзындығы – 457 шақырым. Қарыз сомасы – 650 млрд теңге. Биыл автожолды жобалау жұмыстары және құрылысы бастау алады.Жоба сонымен қатар логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Жұмыстар жақын уақытта басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1201740?lang=kk
Монако Князьдігінің Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 15.04.2026
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан Республикасындағы Монако Князьдігінің жаңадан тағайындалған Елшісі Мирей Мартиниден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастығының саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзекті мәселелерін талқылады.А.Исетов Қазақстанның Монакомен қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретінін және өзара тиімді әріптестікті, соның ішінде, туризм, қаржы және экология салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.Осыған байланысты Қазақстан мен Монако арасындағы байланыстарды нығайтудың және ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын айқындаудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу соңында Министрдің орынбасары Монако Елшісіне Қазақстандағы миссиясына табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201731?lang=kk
Әскери-техникалық мектепте қазақ батырларына арналған әдеби байқау өтті 15.04.2026
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Әскери-техникалық мектеп филиалдары арасында «Қазақ деген халқынан, Батыр шыққан даңқынан» атты жыр сайысы өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ батырларының ерлік жолын кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.Онлайн форматта ұйымдастырылған байқауда курсанттар өзара бақ сынап, тақырып таңдау шеберлігі, жырды мәнерлеп оқу деңгейі және сахна мәдениеті бойынша бағаланды. Қатысушылар ел тарихындағы даңқты батырлардың ерлігі туралы жыр-дастандардан үзінді оқып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді.Сайыстың қазылар алқасына Әскери-техникалық мектептің бас директоры генерал-майор Әділбек Алдабергенов төрағалық етті. Қазылар құрамында бас директордың әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әбубәкір Смайылов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұхарбек Жәкейұлы және «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев болды.Жыр оқу сайысын ашқан генерал-майор Әділбек Алдабергенов әскери-патриоттық тәрбиенің маңыздылығына ерекше тоқталды. – Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – ел тарихына, мәдениетіне, дәстүріне құрмет және Отан қорғауға деген жауапкершілікті ояту. Сол себепті бүгінгі жыр сайысы – тек өнер додасы ғана емес, бұл – ұлттық рухты жаңғыртудың маңызды алаңы.Қазақ батырларының ерлігі – жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі. Осындай тағылымды шаралар арқылы біз курсанттардың бойында отансүйгіштік қасиетті нығайтып, олардың ел алдындағы жауапкершілігін арттырамыз. Болашақта Отан қорғайтын азаматтар дәл осындай рухани құндылықтармен қалыптасуы тиіс, – деді ол.Тартысты өткен жыр сайысының қорытындысы бойынша бірінші орынды Әскери-техникалық мектептің Қызылорда филиалының курсанты Абылайхан Бәйділдаев иеленді. Екінші орын Тараз филиалының курсанты Жәнібек Ермұхамбетке бұйырса, үшінші орынды Қарағанды филиалының курсанты Жанболат Қадырбай алды.Жеңімпаздар Әскери-техникалық мектеп бас директорының грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары табысталы.Аталған іс-шара курсанттардың шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың тарихи сана-сезімін нығайтып, Отанға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1201703?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп оқыту семинарын өткізді 15.04.2026
2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп оқыту семинарын өткізді.Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелеріне байланысты заңнама талаптары және қызметтік мінез-құлық нормалары түсіндірілді.Мемлекеттік мүлікті тиісінше пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілердің сеніп тапсырылған ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік жабдықты, көлікті және өзге де материалдық құралдарды тек қызметтік мақсаттарда пайдалану міндеті, сондай-ақ әкімшілік ресурстарды жеке мүдделерде пайдалануға жол бермеу қажеттігі атап өтілді.Жеке блокта мүдделер қақтығысы мәселелері, оның ықтимал алғышарттары мен алдын алу тетіктері қарастырылды. Осыған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оны уақтылы хабарлау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Семинар аясында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары қосымша түсіндірілді, оның ішінде іскерлік әдеп пен іскерлік қарым-қатынас нормаларын сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына нөлдік төзімділік қағидаты.Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге заңнамамен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттілігі еске салынды, оның ішінде темекі шегуге, ойын-сауық (құмар ойын) орындарына баруға тыйым салу, діни бейтараптық қағидатын сақтау, еңбек тәртібі мен жұмыс режимі талаптарын сақтау.Іс-шара қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастырудың, қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1201596?lang=kk
Өңір басымдығы — қуатты бизнес, тұрақты даму 15.04.2026
«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаевтың өңірге жұмыс сапары аясында жергілікті кәсіпкерлікті дамыту перспективалары талқыланып, жетекші кәсіпорындарға бару жоспарланды. Бизнес өкілдерімен диалог, өңірлік кеңеспен кездесу және «Бір ауыл – бір өнім» көрмесін аралау секілді шаралар басты тезисті айқындап берді: Қостанай облысы Қазақстанның негізгі индустриялық-аграрлық аймақтарының бірі мәртебесін нықтап отыр.Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір үшін ірі өндірістерді дамыту және шағын және орта бизнес үшін барынша қолайлы орта қалыптастыру бүгінгі күннің басым бағыттары екенін атап өтті.«Бүгінгі таңда Қостанай облысы – еліміздің тұрақты дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Облысымыз өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі жағынан республикада төртінші орында тұр. Аймағымыз – машина жасау орталығы, республика бойынша жалпы өндірістің 25%-і Қостанай облысына тиесілі. Өңіріміз ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп экспорттау және азық-түлік өндіру жағынан еліміз бойынша жетекші орында. Әрбір инвестициялық жоба тұрақты жұмыс орындарын ашумен және жергілікті инфрақұрылымды дамытумен ұштасуы маңызды. "Атамекен" ҰКП-мен өзара іс-қимыл кәсіпкерлерден жедел кері байланыс алуға мүмкіндік береді», — деді аймақ басшысы.Өз кезегінде Қанат Шарлапаев Ұлттық палатаның биылғы жылға арналған негізгі басымдықтарын белгіледі. Оның айтуынша, басты назар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және отандық бизнестің әлеуетін ашуға бағытталған.Палата төрағасы аймақтағы бірқатар жетекші кәсіпорындармен, ірі инвестициялық жобалармен танысты. Бизнес өкілдерімен кездесу барысында негізгі сұрақтар құрылыс, аграрлық сала, отандық өндірушілерді қолдау және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне қатысты болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1201335?lang=kk
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – жауапты міндет 15.04.2026
Аймақ әкімдігінде облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық тақырыбында отырыс өтті. 6 сәуірден бастап ресми түрде өрт қаупі кезеңі басталды, бұл кезең қазан айына дейін жалғасады.Қазіргі уақытта орман күзетінің кадрлық құрамы күшейтілді. Үш жыл бұрын 825 адам болған, қазір 1 242 адамға дейін немесе 51%-ке өсті. Орман мекемелерінің техникамен қамтамасыз етілуі 76%-тен 90%-ке дейін артты. Үш жыл ішінде 51 өрт сөндіру машинасы, 86 трактор, 36 шағын орман өртін сөндіру кешені және 65 автокөлік сатып алынды. Жыл сайын тәулік бойы бақылау жүргізетін камералардың саны артып келеді. Орман өртінің орташа аумағы 11,4 гектардан 4,6 гектарға дейін төмендеп, 2,5 есеге азайды.«Қазір жаңа өрт қаупі кезеңі басталып келеді. Мамыр айынан бастап дәстүрлі түрде ормандарға барушылар саны да артады. Орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын есте ұстаған жөн. Тәуекелді азайтып, өрттің туындауына жол бермеу – ортақ міндетіміз. Әрқайсымыздың үнемі үйде, көшеде, орманда өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтағанымыз маңызды», – деді аймақ басшысы.Жиында Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Назарали Селимов, облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Гүлжанат Керібаева,  Әулиекөл ауданының әкім Жансұлтан Тәукенов, Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев өрт қаупі кезеңіне әзірлік жұмыстарына қатысты баяндама жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1201344?lang=kk
Гвардейск гарнизонында 600 сарбаз әскери-есептік мамандықты меңгерді 15.04.2026
Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында 600 әскери қызметшіге экономиканың нақты секторында талап етілетін әскери-есептік мамандықтар алғаны жөнінде сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.Оқу орнында Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Орал, Қостанай және Өскемен қалаларынан әскерге алынғандар жас жауынгер курсынан өтіп, әскери ант берді.Бес айдың ішінде сарбаздар Т-72 танкінің механик-жүргізушісі, жаяу әскердің жауынгерлік машинасы, КамАЗ-43114, «Орал-4320» жүргізушісі және аспаз мамандықтарын игерді. – Бүгін сендер дайындықтың маңызды кезеңін аяқтап, қажетті мамандықтарды алдыңдар. Осында алған білім мен дағдыларды әскери қызметті өткеру кезінде ғана емес, сонымен қатар азаматтық өмірде де барынша қолданады деп сенемін. Сендерге өз қабілеттеріңе деген сенімділік, кәсіби өсу, әскери борышқа адалдық және Отан игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін, – деді 30212 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Тұрапбаев.Жүргізуші курсын оқыған сарбаздар С және С1 санатындағы жүргізуші куәлігін алды. Олар әскери көлік техникасын басқарады, жеке құрам мен жүктерді тасымалдау жөніндегі міндеттерді орындайды, ал мерзімді әскери қызметін аяқтағаннан кейін – көлік, логистика және жүк тасымалдау саласына жұмысқа кіре алады. – Мен Шымкенттен келдім. Мұнда «Орал» автокөлігінің жүргізушісі курсын оқып, куәлігін алдым. Бұл тәжірибе қызмет барысында ғана емес, болашақта да пайдалы болатын мамандық алуға берілген мүмкіндік, – деді қатардағы жауынгер Тахир Әбдіразақов.Оқу аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын растай отырып, біліктілік емтихандарын сәтті тапсырды. Бір жыл ішінде Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығы Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне қызмет етуге 1200 кіші маман даярлап шығаратынын айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1201271?lang=kk
Іске және адамдарға қызмет ету 15.04.2026
Әрбір мемлекеттік институттың артында өз жұмысын күн сайын адал әрі жауапкершілікпен атқаратын адамдар тұрады. Көпшілікке көріне бермейтін осындай мамандар мемлекеттік қызметтің шынайы бейнесін қалыптастырады. Солардың бірі — Екатерина Михайловна Паршина, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы, мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор.Екатерина Михайловна мемлекеттік қызмет жүйесінде 17 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол жауапкершілік, принципшілдік және жұмыстың сапасы тек қызметтік талап емес, өзінің жеке ұстанымы екенін көрсете білді. Әріптестері оның ұқыптылығын, тапсырмаларды сапалы орындауын және күрделі жағдайларда да тиімді шешім таба білетінін ерекше атап өтеді.Мемлекеттік инспектордың жұмысы тек заңнаманы жақсы білуді ғана емес, сонымен қатар үлкен жеке жауапкершілікті де талап етеді. Екатерина Михайловна еліміздің әртүрлі өңірлерінде мемлекеттік бақылау жұмыстарын жүргізуге бірнеше рет қатысқан. Сондай-ақ тауарлардың шығу елін айқындау және тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру қағидаларын жетілдіру жұмыстарына да атсалысқан. Оның кәсіби тәжірибесі «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» сияқты беделді сапа конкурстарының комиссияларының жұмысына қатысу кезінде де қажет.Алайда лауазым мен кәсіби жетістіктердің артында қарапайым өмірлік құндылықтарды жоғары бағалайтын адам тұр.Жұмыстан тыс уақытта Екатерина Михайловна қарапайым әрі белсенді өмір салтын ұстанады. Ол спортты жақсы көреді — жаяу серуендеу, жүру және фитнеспен айналысады. Бос уақытында кітап оқуды ұнатады, әсіресе тарихи шығармалар мен романдарды оқығанды жөн көреді, олар адамдардың тағдырын және дәуірлердің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.Оның өмірінде волонтерлік қызметтің де орны ерекше. Ол көмекке мұқтаж жандарға бейжай қарамайды: панасыз жануарларға көмектесуге қатысады, сондай-ақ қарт адамдарға қолдау көрсетіп, оларға мүмкіндігінше көмек беруге тырысады.Ал Екатерина Михайловна үшін ең басты құндылық — отбасы. Ол туған-туыстарына, әсіресе ата-анасына ерекше құрметпен қарайды: оларды сыйлайды, қамқорлық жасайды және әрдайым қолдап, қорғап жүруге тырысады.Мұндай адамдардың өмір жолы көп жағдайда көпшілік назарында бола бермейді, өйткені олар жариялылықты мақсат етпейді. Алайда дәл осындай адал әрі жауапты еңбектің арқасында қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімі нығая түседі. Осындай мамандар мемлекеттік қызметтің ең алдымен адамдарға қызмет ету екенін дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1201213?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда 15.04.2026
Алматы облысы Іле ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акция өтті. Өтеген батыр ауылында ұйымдастырылған шараға тұрғындар, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар белсене қатысты. Тазалық жұмыстары барысында қоғамдық орындар, аулалар мен жол жиектері тазаланып, ағаш көшеттері отырғызылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін нығайту және абаттандыру жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту.Тазалық шарасына Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов те өз үлесін қосты. «Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы – елдің экологиялық мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Бұл әр тұрғынның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Тазалықты сақтау – жоғары мәдениет пен  туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Бірлескен еңбектің арқасында өңірімізді одан әрі көркейте түсеміз», – деді ол.Акцияға қатысқан тұрғын Гамзи Бадриұлы: «Экологиялық шара тек тазалық жұмыстары емес. Мұның астарында үлкен тәрбие жатыр. Бұл адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, таза ниетпен қарым-қатынас жасауына әсер етеді. Жас ұрпақ бойына елге деген сүйіспеншілік сезімін дарытады. Мұндай игі шараларға апта сайын атсалысамыз және әрқашан қолдаймыз», – деген лебізін білдірді.Айта кетейік, Алматы облысында экологиялық шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. Ал Іле ауданында жыл басынан бері 10 мыңға жуық адам сенбілікке қатысып, 127 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 642 тонна қоқыс шығарылып, 21 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1201165?lang=kk
Кувейттің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 14.04.2026
Астана, 2026 жылғы 14 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Кувейт Мемлекетінің Қазақстан Республикасына жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділ Ахмед Сүләйман әл-Ғұнайманмен кездесті.Кездесу аясында Кувейт Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыстап, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылды тереңдетуге бейілдігін растады.Өз кезегінде Ә. Бақаев Елшіні жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның миссиясы Қазақстан мен Кувейттің дәстүрлі достық пен сенімге негізделген қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Тараптар саяси диалогты жандандыру, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті арттыру, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде пікір алмасылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1200864?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрі Астанада ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді 14.04.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Таалатбек Масадыковпен кездесуі өтті.Кездесуде тараптар ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Қорғаныс министрі Ұйымның Қазақстанда ғана емес, тұтастай алғанда, өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер жағдайында ұжымдық ден қою тетіктерінің өзектілігін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200270?lang=kk
Жас ғалымдар форумында Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орнының офицерлері үздік атанды 14.04.2026
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқытушылары әскери-арнайы оқу орындары арасындағы жас ғалымдар форумында бірінші орынды иеленді.Іс-шара ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында өтті. Форумға қатысушылар комиссия назарына елдің инновациялық және қорғаныс әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми жобаларын ұсынды.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Радиоэлектрондық барлау және радиоэлектрондық күрес кафедрасының оқытушылары подполковник Александр Кушнарев пен капитан Бауыржан Жұмаділла байқау жеңімпазы атанды. Әскери қызметшілер байқауда шағын габаритті кедергі таратқыштың авторлық әзірлемесін таныстырды.Сараптамалық комиссия мүшелері құрылғының жоғары технологиялылығын және қазіргі радиоэлектрондық күрес жағдайында аса қажетті практикалық маңызын ерекше атап өтті.– Мұндай байқауларға қатысу – тек жобаны қорғау ғана емес, сонымен қатар басқа ведомстволардағы әріптестермен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы. Біздің әзірлемемізге берілген жоғары баға таңдаған ғылыми бағытымыздың дұрыстығын көрсетіп, әрі қарай зерттеулер жүргізуге ынталандырады, – деді подполковник А. Кушнарев.Форумға еліміздің барлық күштік құрылымдарынан 20-дан астам зерттеу тобы қатысқанын айта кету керек. Байқау нәтижесінде әскери оқу орнының оқытушылары I дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200309?lang=kk
Еліміздің жоғары оқу орындары ОДМ іске асыруға белсенді қатысуда 14.04.2026
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі БҰҰ Елдік командасының қолдауымен Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел шеңберінде жоғары оқу орындарының Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға қатысу мәселесі, сондай-ақ ЖОО-лардың елдің орнықты дамуына қосқан үлесін күшейту бойынша ұсынымдар әзірлеу талқыланды.БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, жоғары оқу орындарының басшылары қатысқан талқылау барысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев кіріспе сөз сөйледі.Вице-министр өз сөзінде жоғары білім саласында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін және қазақстандық ЖОО-лардың халықаралық деңгейдегі жетістіктерін атап өтті. Халықаралық тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, спикер сонымен қатар университеттер ОДМ-ны өңірлік деңгейде жергіліктендірудің негізгі драйверлері бола алатынын атап өтті.Дөңгелек үстел шеңберінде Орнықты даму қағидаттарын білім беру процесіне интеграциялау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамудың өзекті міндеттерін шешуге бағытталған ғылыми және әлеуметтік бастамаларды іске асыру бойынша ЖОО-лардың практикалық тәсілдері мен тәжірибесі ұсынылды. Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекет пен ЖОО арасындағы үйлестіруді күшейту, ОДМ-ға қол жеткізуге бағытталған ғылыми зерттеулерді қолдау, орнықты даму саласындағы білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірленді.Жүргізілген диалог жоғары оқу орындарының Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін күшейту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және студенттердің сұранысқа ие құзыретін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1200612?lang=kk
Шымкентте Ақтаудағы теңіз жаяу әскерінде қызмет еткен сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды 14.04.2026
Шымкенттің теміржол вокзалында Ақтау гарнизонының теңіз жаяу әскерлері бригадасында мерзімді әскери қызметін аяқтаған әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.Көптен күткендерді күтіп алу үшін қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, «Оңтүстік» ӨңҚ 35748 әскери бөлімінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары келді.Ата-аналарға борышын осылай лайықты өтеген азаматтар тәрбиелегені үшін, ал сарбаздарға әскери борышын адал және абыроймен орындағаны үшін алғыс сөздер айтылды.Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев жерлестерді салтанатты түрде шығарып салу және қарсы алу рәсімдері дәстүрге айналғанын айтты.– Бүгін жиырмадан астам азамат үйлеріне оралды. Олар өздерінің әскери міндеттерін абыроймен атқарды. Теңіз жаяу әскерлеріндегі қызмет мінезді ғана шыңдап қоймай, ерік-жігерді қатайтатын және жауапкершілікке үйрететін сынақ. Біз олардың өздеріне сенімді және шымыр болып оралғандарын көріп отырмыз, – деді ол.Жастар үшін қызықты әрі күрделі болған әскердегі жыл артта қалды. Шынығулар, қарқынды жаттығулар, марш жүгіру және дабылмен көтерілу олар үшін нағыз батылдық пен тұлға болып қалыптасу мектебіне айналды.Әскери қызметшілердің өздері армия оларға кей нәрселерге жаңа көзқараспен қарауға ықпал еткенін тілге тиек етті.– Әскерде сен үйіңнің, отбасыңның және жақындарыңның қолдауын шынымен бағалай бастайсың. Бұл жыл маған көп нәрсе үйретті. Теңіз жаяу әскерінде қызмет етіп, осы команданың құрамына кіргенімді мақтан етемін, – деді қатардағы жауынгер Жансерік Қасымханұлы.Әскери қызметшілердің туған-туыстарымен кездескен сәтінде перрон маңы жылы эмоцияларға толды.– Інімді шығарып салған кезде, әрине, алаңдадық. Бүгін біз оның қалай өзгергенін көрдік. Шымыр, байсалды, өзіне сенімді бола түскен. Осы уақыт ішінде онымен сөйлесіп тұрдық. Енді көріп, құшағымызға алғанымызға қуаныштымыз, – деді әпкелері Арайлым мен Назерке.Қызмет барысында жастар әскери істі игерді, қару-жарақ пен техниканы үйренді. Өзеріне азаматтық өмірде қажет болатын әскери-есептік мамандық алды.Салтанатты кездесу гүлдермен, түрлі-түсті шарлармен және ыстық құшақтармен көмкеріліп, жүректерге ерекше жылулық сыйлап, ұлдары мен бауырларына деген мақтаныш сезімін арттырған ұмытылмас сәтке айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200681?lang=kk
Алматы облысында алма бақтар гүлдеді 14.04.2026
Алматы облысында алма өсіру және одан түрлі өнім шығару ісі жүйелі жолға қойылған. Жеміс ағашын күтіп-баптау машақаты көп жұмыс. Соған қарамастан, өңірде алма бақтарының аумағы мен өнім көлемі жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Бүгінде өңір бойынша 7 мың гектар аумақта алма өсіріледі. Оның 2,2 мыңы – интенсивті бақтар. Қазіргі таңда алманың отаны саналатын Алатау баурайында алма бақтар гүлдеп, көздің жауын алатын әдемі көрініс тұрғындардың да туристердің де назарын аударуда. Осынау сұлулықты тамашалау үшін арнайы келетін адамдар саны да жыл сайын артып келеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңірдің климаттық ерекшелігіне орай алма ағашының сұрыптары да арнайы таңдалған. Сондай-ақ жоғары технологиялы аграрлық әдістер кеңінен қолданылады. Автоматтандырылған тамшылатып суару жүйесі іске қосылған. Бұл технология ерте өнім алуға, топырақ эрозиясының алдын алуға, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу қаупін азайтуға, сондай-ақ тыңайтқыштар мен минералдарды әр көшеттің тамырына дәл жеткізуге мүмкіндік береді.Алматы облысында бұл бағыттағы көшбасшы кәсіпорындардың бірі – Талғар ауданындағы «Баймене» ЖШС. Кәсіпорында алманы өсіруден бастап, жинау, өңдеу және дайын өнімді ұзақ мерзімге сақтау жұмыстары түгел жолға қойылған.  Компания 2016 жылы интенсивті бақ отырғызу жұмысын бастаған. Бастапқыда 30 гектар аумаққа алма көшеті егілсе, қазіргі таңда жалпы аумағы 110 гектар жерде жеміс ағашы жайқалып тұр. Алдағы уақытта алқап көлемін  кеңейтуді жоспарлап отыр. Бақта су үнемдеуге септігін тигізетін тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Оған минералды тыңайтқыштар қосылады. Бұл топырақ құнарын арттыра түседі.  Компанияның бас агрономы Георгий Чернышевтың айтуынша, көшет өскен сайын су да көбірек керек болады. Оны бақылау үшін танзиометр құрылғысы орнатылған. Ағаштар 30 минут, кейде 1-2 сағат сайын суарылады. «Әуелде алманың 7-8 сортын егіп көрдік. Кейін «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала», «Фуджи» сияқты негізгі 4 түрін қалдырдық. Себебі оларға сұраныс жоғары әрі табиғат ерекшелігіне де сай келеді. Бақша жұмыстарының көбі арнайы техника мен заманауи құрылғылардың көмегімен атқарылады. Қазір жаңа сорттарды сынақтан өткізіп жатырмыз. Олардың қалай өсіп, өнім беретінін және тұтынушылардың пікірін бақылап, зерттейміз. Бұл сұрыптар 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Интенсивті бақтың артықшылығы да сол – өнімге тез қол жеткізесің. Зиянкестер мен түрлі өсімдік ауруларынан ағаштарды сақтау үшін пестицид, фунгицид, инсектицид сияқты дәрілер қолданылады. Сонымен қатар бақылау жүйесі де бар. Ол феромонды тұзақ арқылы зиянкестердің таралуына жол бермейді», - дейді агроном.«Баймене» ЖШС директоры Евгений Камбаров кәсіпорында алманы сұрыптап, көлеміне қарай іріктеп, буып-түюге арналған арнайы желі жұмыс істейтінін айтты. Мұнда алмадан 100 пайыз табиғи шырын өндіріледі. 3 литр шырын алу үшін  6 келі алма пайдаланылады. Қосарланған пастерлеу тәсілі өнімнің барлық пайдалы қасиеттерін консервантсыз сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның заманауи жеміс сақтау қоймаса да бар.  Онда 5100 тоннаға дейін өнімді сақтауға болады.  «Қазіргі таңда көшет отырғызу, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Өнімді тамыз айында жинаймыз. Кейін қоймаға сақтауға жіберіледі. Біз жемісті ішкі нарыққа өткіземіз, сондай-ақ шетелдерге де экспорттаймыз. Өткен жылы 1500 тонна алма жинадық. Ал биыл екі мың тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Кәсіпорында 18 техника жұмыс істейді. Олардың қатарында тракторлар, түрлі культиваторлар, дәрі немесе тыңайтқыш шашатын, ағаштарды кесіп, арасын сирететін техникалар бар. Көшеттер Голландия мен Италиядан әкелінеді. Ал биыл 30 гектарға жергілікті тұқымбақтан алынған көшеттерді отырғызуды жоспарлап отырмыз», – дейді компания директоры.Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді. Қызу еңбек кезінде жұмысшылардың да саны көбейеді. Оларға мамандар техникалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп, кеңес береді.Бүгінде аумағы 1600 шаршы метр болатын кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Онда шырын, пюре, джем, смузи және балалар тағамын өндіру жоспарланған.Облыста бұдан өзге де алма бағын баптап, өсіретін кәсіпорындар көп. Оларға мемлекет тарапынан қолдау зор. Сондықтан болашақта Алматы облысының болмысын айшықтайтын алма бақтары бұдан да жандана түспек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1200739?lang=kk
Бақылау тексерісі: Қарулы күштерде қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылуда 14.04.2026
Қарулы күштердің түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің басқару органдары, құрамалар мен әскери бөлімдер жауынгерлік әзірлік бойынша емтихан тапсырып жатыр.Бақылау тексерісі әскерлердің жауынгерлік және жедел дайындығы деңгейін арттыруға бағытталған. Оқу полигондарында тактикалық оқу-жаттығулар, бақылау жаттығулары, сондай-ақ күндізгі және түнгі уақыттардағы атыстар өткізіледі. Қарумен оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады.Сабақтар мен жаттығулар барысында бөлімшелердің үйлесімділігі, белгіленген мерзімде тапсырмаларды орындау қабілеті тексеріліп, жеке құрамның дайындық деңгейі бағаланады.Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, дене дайындығы, мемлекеттік-құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да пәндер бойынша сынақтар тапсырады. Сондай-ақ тактикалық буын командирлерінің штаттық және қосымша бөлімшелерді ұрыс атыстары мен тактикалық оқу-жаттығулар кезінде басқару қабілеті бағаланатын болады. Бақылау тексерісі нәтижелеріне сәйкес әскери бөлімдердің қолбасшылығына жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталған практикалық көмек көрсетіледі.Бұдан бөлек, әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайы, техника мен қару-жарақтың қойылған міндеттерді орындауға дайындығы тексеріледі. Тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру деңгейі, бөлімшелердің күнделікті қызметі және әскери тәртіптің жай-күйі бағаланады.Бақылау тексерісінің қорытындысы бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қызметіне кешенді баға беріліп, жауынгерлік дайындық сапасын одан әрі арттыру бағыттары айқындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1200127?lang=kk