Жаңалықтар
«English for success» жобасын жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою шарасы өтті 14.04.2025
2019 жылдың 18 қаңтары күні Маңғыстау облысының әкімдігі мен «British Council» (Британдық Кеңес) ұйымы «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен «English for success» жобасын жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою шарасы өтті. Құжатқа облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеев және Қазақстан мен Орта Азиядағы Британ Кеңесінің директоры Джим Буттери қол қойды.Шараға Лестер университетінің Ұлыбританиядағы кеңесшісі, «Теңізшевройл» ЖШС –нің үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімі бас менеджерінің орынбасары, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.«English for success» жобасының мақсаты облыстағы ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері мұғалімдерін ағылшын тіліне оқыту. Жоба аясында 172 ағылшын тілі және жаратылыстану пәні мұғалімдеріне тіл клубтары, тренингтер ұйымдастырылып, мұғалімдер мен студенттер ағылшын тілінде араласу машықтарына 2 жыл оқытылатын болады.Нәтижесінде, түлектер жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеріп, өлкеміздің мәртебесін арттыруға септігін тигізетін болады.Сонымен қатар, білім басқармасы алдағы уақытта «British Council» (Британдық Кеңес) ұйымымен бірлестікте ІТ-орталықтар, құзыреттілік орталықтары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту бағытындағы біріккен жобаларды іске асыруды жоспарлауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35478?lang=kk
Байтақ елдің Балпық биі 14.04.2025
Байтақ елдің Балпық биіАлматы облысы әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Текелі қалалық әкімдігі, Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облыстық бөлімшесі мен «Үш бәйтерек» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Байтақ елдің Балпық биі» атты жазба ақындардың республикалық жыр мүшәйрасы қалалық Мәдениет үйінде өтті.Өз заманында ел бастаған көсемдер, батыр һәм ақылды данагөйлер халқын берекеге ұйытып, ерлікке жетеледі. Ел іргесін бекемдеп, өсіп-өркендеуге жол ашты. Солардың ішінде Балпық бидің ерлігі мен әулиелікгі жайында ел арасында таралған аңыздар аз емес. Балпықтың жаугершілік заманда сонау Сыр бойынан бір қауым елді бастап, Жетісу жеріне келуі және елін осындағы шұрайлы мекендерге қоныстандыруы, жерімізге көз алартып, шапқыншылық жасаған жауларға ерлікпен тойтарыс берген ерлігі, елін бейбіт заманға кенелдіріп, шаруашылыққа бастаған көреген көшбасшылығы халық ауыз әдебиеті арқылы бізге жеткен. Міне, аты аңызға айналған тарихи тұлғаның елге сіңірген еңбегін, өр рухын, ақылгөй көсемдігін өлеңмен өрнектеп, бүгінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жыр мүшәйрасына республикамыздың жер-жерінен жолданған шығармалар аз болған жоқ. Соның ішінен іріктеліп, үздік деп танылған авторлар қаламызда өткен жыр мүшәйрасының финалына қатысып, өлеңдерін текеліліктердің алдында сарапқа салды.Алдымен сөз алған қала әкімі Бахтияр Өнербаев халық үшін оның тарихының бейне, алып ағаштың тереңге тартқан тамырындай маңызды рөл атқара-тынын, кеңестер кезінде ата-бабаларымыздың мың-даған жылғы ерліктері мен адамзат өркениетіне қосқан жасампаз еңбектері қақпайға ұшырап, жоққа шығарылғанын тілге тиек етіп, тарлан тарихымызбен өзегімізді қайта жалғаған тәуелсіздігіміздің қадір- қасиетін бағалай білудің қаншалықты маңыздылығын алға тартты. Балпық би бабамыздың елшілдік рухы еңсемізді асқақтата түсетінін айтып, тарихтағы ұлы тұлғаларымызды ұлықтау, оны ұрпақ санасына сіңіру қажеттілігін еске салды. Баба рухын өлеңдеріне арқау еткен ақындарға сәттілік тіледі.Мүшәйраға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері, көрнекті ақын Ғалым Жайлыбайұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облысы филиалы төрағасы, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, тілдердідамыту бөлімінің басшысы Туғанай Сламғалиқызы төрелік етті.Мүшәйра шарты бойынша ақындар Балпық бидің өмірі, ел амандығы, жер бүтіндігі жолындағы ерен еңбегі жайында бір өлең, оған қоса еркін тақырыпта бір өлең оқыды. Көпшілік әрбір ақынды құлықпен тыңдап, қол соғып құрмет көрсетті. Қала өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, мүшәйраның салтанатын асыра түсті.Мүшәйрада ақындардың жас санаты ескерілмей, ақындық дарынға маңыз берілді. Қазылар алқасының шешімімен жыр мүшәйрасының бас жүлдесі – 500 мың теңгені Талдықорған қаласынан Нүсіпбай Әбді-рахым қанжығасына байлады. Көкшетаудан келген, мүшайрадағы жалғыз ақын қыз Майра Тоқанова 1-орынды иеленіп, 350 мың теңге сыйақыны еншіледі. 2-орынды жеңіп алған өскемендік ақын Әскерхан Ақтай 200 мың теңгеге ие болды. 3-орынды талдықорғандық Мұхтар Күмісбек пен түркістандық Кәдірбай Ғалымнұр алып, әрқайсысы 125 мың теңгеден бөлісті. 50 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы талдықорғандық Әли Ысқабай, сарқандық Жомарт Игіман және түркістандық Нұрбол Құдайбергенге бұйырды.Еліміздің әр өңірінен келген келген ақындар мүшәйрадан соң қаламыздың көрікті жерлерін аралап, көркем табиғатмызға тәнті болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35476?lang=kk
Ауыл алыста емес! 14.04.2025
Ауыл алыста емес! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог мамандардың тапшылығы. Сондықтан, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет» дей келіп, игілігі мол бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Бұл жас мамандарды ауылды жерлерде қызмет істеуге көптеп тарту арқылы, шалғайдағы елді мекендердің экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуын ілгерілетуде, сонымен бірге, жұмыссыздық мәселесін шешу, жас мамандарды баспанамен қамту тұрғысынан да маңызды мәнге ие. Оған дәлел, Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылындағы орта мектепке аталған бағдарлама аясында жыл басынан бері 3 жас маман қызметке орналасты. Солардың бірі – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айжан Барманбекова. – Талдықорған қаласында туып-өсіпсің, мамандығың да сұранысқа ие екен.Ауылда қызмет істеуге не түрткі болды? – Иә, қалада өстім. Алматы-дағы шет тілдері және іскерлік карьера университетін бітірдім. Ағылшын тілін жақсы меңгердім. Қалада лайықты жұмыс табуға мүмкіндігім болды, әрине! Десе де, жаныма ауыл өмірі де өте жақын. Шешем Кербұлақ ауданына қарасты Беріктас ауылының қызы. Бала күнімде нағашыларыма, ауылға көп баратынмын. Ушусыз, қарбалас қала өмірінен өзгеше таза табиғаттың кең тынысты еркін құшағы мені өзіне тартып тұрады. Содан ба екен, ауылдың жігітіне тұрмысқа шықтым. «Үйлену оңай, үй болу қиын» дегендей, баспана мәселесін шешу, балаларымызды өсіру, олардың білім алуына, қарым-қабілетін дамытуына, ұлттық салт-дәстүрлерді бойына сіңіріп өсуіне мүмкіндіктер жасау үшін біз бір жерде табан тіреп, ірге бекітуді, балаларымызбен бірге болуды шештік. Осы мақсатымыздың іске асуына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы көмектесті.– Сол жайында тарқатып айтсаңыз?– Өз баспанамыз болса, мамандығымызға сай еңбек етіп, ұрпақ өсірсек деген арман мені «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасын жан-жақты оқып, түсінуге жетеледі. Бағдарламада ауыдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары нақты көрсетіліпті. Ойға алған мақсатымыздың орындалар жолы осы жерден табылғанына қатты қуандым. Жолдасым екеуіміз ақылдасып, Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылына баруды шештік.Сонымен, қажетті құжаттарды дайындап өткіздім. Комиссия қарап, өтінішімді мақұлдады. Бағдарламаға сай Рудничный ауылынан баспана алуға 0,01 пайыздық өсіммен 15 жылға 1500 еселік айлық есептік көрсеткіш көлемінде кредит және 70 айлық есептік көрсеткішке тең көтерме жәрдемақы алу мүмкіндігіне ие болдым. Мемлекеттің қаржылай қолдауымен ауылдан 2 бөлмелі пәтер сатып алдық. Жолдасым ауылдық әкімдікте жүргізуші болып істейді, мен ауылдағы №7 орта мектебіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызметке орналастым. Келісімшарт бойынша қолдауға ие болған жас мамандар ауылда кем дегенде 3 жыл еңбек етуі керек. Біздің бұл жөніндігі шешіміміз айқын – ауылға ірге теуіп, тамыр тарту.– Қазіргі жағдайларың?– Жасыратыны жоқ, бүгінде көптеген шалғай елді мекендердің жағдайын қаламен салыстыруға келмейді. Десе де, заманауи инфрақұрылымдар жеткізу, үйлерді салу, білікті мамандарды тарту арқылы шағын ауылдардан жақсы мекен жасауға болады. Себебі, егін, мал шаруашылығы, жеміс-жидек, тау-кен өндірісі секілді сан-салалы кәсіптің көзі де, өрісі де ауылды жерлерде. Әрине, оны бізге біреу жасап бермейді, өз байлығымызды өзіміз игеруіміз кәдеге жарата білуіміз керек-ақ! Бұл тұрғыда біз, жастар белсенді, еңбекқор болуымыз, алған білімімізбен ауылды гүлдендіруге атсалысуымыз керек.Қаладан 60-70 шақырым іргеде жатса да Рудничный ауылының бір кездегі жағдайы мәз емес-тұғын, қазір мүлде басқаша. Ауылға дейінгі жол да, ауылдың көшелері де жөнделген. Халықтың тіршілігіне қажетті әлуеметтік нысандар, телефон, интернет жұмыс істеп тұр. Орта мектеп мектепке дейінгі тәрбие орталығымен қамтылған. Екі бүлдіршініміз сол орталықта. Биыл аталған бағдарлама арқылы тағы 2 жас маман мем-лекеттің қолдауымен ауылдан үй алып, мектепке жұмысқа орналасты. Қатарымыз көбейіп, сеніміміз еселене түсуде. Енді, тек еңбек етіп, ұстаздық борышымызды адал орындауға, ауылдағы балалардың білім сапасын жақсарта беруге күш саламыз. Кейде адамдар ауылды алыста деп ойлайды. Жоқ, ауыл бізбен бірге!– Демек, «Дипломмен ауыл-ға» – он өлшеп, бір кесілген, халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайына, ұлттық мүддемізге негізделген кешенді бағдарлама. Кеше әке-шешелеріміз төрт түлік малды мыңғыртып, алтын дәннен өзен ағызған құтты ауылдарымыз бізді ешқашан жерге қаратпайды! Құнарлы топыраққа тамыр тартқан көшет секілді, ауылға ірге тепкен сендер секілді жас отбасыларының жемісті күндері алда. Беталыстарың баянды болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35474?lang=kk
Сапарбаев Солтүстiк Қазақстан облысында қоныс аударушыларға арналған үйлердi аралады 14.04.2025
ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев бастаған үкiметтiк жұмыс тобы Солтүстiк Қазақстан облысына келдi. Оның құрамында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов, Бiлiм және ғылым вице-министрi Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау министрi Камалжан Надыров, мәдениет және спорт министрi Елдос Рамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрi Данияр Есин бар.Астаналықтардың жұмыс сапары Қызылжар ауданындағы еңбек күшi мол өңiрлерден қоныс аударушыларға арналған тұрғын үйлердi аралаудан басталды. Бұл үйлер өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасы аясында салынуда. Биыл облысымызға 688 отбасы қоныс аударды. Ондағы 2060 адамның 1031-i жұмысқа қабiлеттi жаста, 935 — жеткiншек, 57 — студент, 37 — зейнеткер. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының кешендi жоспары негiзiнде 2142 үйдiң құрылысы қарастырылған. 428 үй биыл салынды. Екi жатын бөлме, зал және ас үй 120 шаршы метрдi құрайды.Бердiбек Сапарбаев Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында тұрғызылған үйлердi аралап, қоныстанушылармен емен-жарқын әңгiмелестi. «Жылу үйге кiрiп, өмiр сүре беруге болады», — дейдi Руслан Насыров. Ол бұл ауылға мамыр айында әйелi және екi баласымен Түркiстан облысы Қазығұрт ауданынан қоныс аударып келген. Өз шешiмiнiң дұрыс екендiгiне көзi жеткен отағасы осы ауылды тұрақтап қалмақ.«Бұл өңiрдiң топырағын алғаш досыма қонаққа келiп басқан болатынмын. Менi көшуге көндiрген сол. Жұмыспен қамту орталығына барып, қандай бос жұмыс орындары бар екенiн сұрадым. Ондағы мамандар барлығын түсiндiрдi, шарттарға құлағдар еттi. Бiрнеше жұмыс орнын ұсынып, таңдау жасауға мүмкiндiк жасады. Баспана мәселесi оңай шешiлетiнiн айтты. Бiз — жас отбасымыз. Қол жеткiзуге тиiстi жоспарымыз да көп. Бәйтерек бiзге ұнады. Адамдары кеңпейiлдi, көмек қолын созға қашанда дайын, — дейдi Руслан Насыров.Жаңа үйлер жылы, жарық, қолайлы. Тұрғындардың көңiлiнен шығып отыр.Жұмыс тобы атбасын тiреген келесi нысан — жергiлiктi мектеп болды. Қонақтар Бәйтерек ауылының тұрғындарымен кездесiп, жылы сөздер естiдi. Тұрғындар ауылының бiр орында тұрмай дамып, көркейiп келе жатқандығын мақтанышпен айтты. Су, коммуникация мәселесiнде еш қиындық жоқ. Тұрғындар үкiмет басшысының орынбасарына тек балабақшаның жiтiспейтiндiгiн айтып, осы мәселеге қолғабыс жасауды өтiндi.Вице-премьер Бескөл ауылында да болды. Аудан әкiмдiгiнде жұмыс тобының халықпен кездесуi ұйымдастырылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бiржан Нұрымбетов көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдаудың жаңа тәсiлдерi туралы егжей-тегжейлi айтып бердi.Бердiбек Сапарбаев жұмыс тобының басты мiндетi халықтың өмiр сүру сапасын бағалау және проблемалық мәселелердi шешуге жәрдемдесу деп атап көрсеттi. Әсiресе, бiлiм және денсаулық сақтау сияқты маңызды әлеуметтiк салаларға ерекше тоқталды.«12 жылдық бiлiм беруге көшуге келетiн болсақ, қазiр арнайы топ жұмыс iстеуде. Президент ең бастысы мектептердiң, мұғалiмдердiң, оқулықтардың дайындығын шешiп барып, асықпай орындауға тапсырма берген болатын, — деген вице-премьер сөзiн жалғап — Ауылдық жерлерде мұғалiмдердiң жетiспеушiлiгi болмаса, бұл салада басқа өзектi мәселе жоқ. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бiз жергiлiктi атқарушы органдармен жұмысты ширатып, мұғалiмдерге тиiстi жағдайды қамтамасыз етуiмiз керек. Мектептердi зертханалармен, кабинеттермен жабдықтау бойынша жұмыстар қарқынды жалғасын табады».Сондай-ақ Бердiбек Сапарбаев азаматтарды мемлекет беретiн мүмкiндiктердi пайдалануға және мемлекеттiк бағдарламаларға қатысуға шақырды. «Түрлi салада 14 мемлекеттiк бағдарлама бар. Олар арқылы 500 мың теңгеге тегiн грант алу мүмкiндiгi бар, сондай-ақ жеңiлдiкпен микрокредит алуға да болады. Бiрақ, өкiнiшке орай, көпшiлiк қолжетiмдi механизмдердi пайдаланбайды. Бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi. Ең бастысы — адамның өз iсiн ашуға деген ниетi. Бiз бұл тетiктердiң халық үшiн жұмыс iстеуiн көздеймiз. Тұрғындар бұл көмектердi пайдаланып, жұмыс iстеп, ақша тауып, отбасыларын асырай алуы үшiн бағдарламаларды одан әрi жетiлдiре түсемiз, — деп атап өттi Бердiбек Сапарбаев.Кездесу соңында жұмыс тобының мүшелерi халықтың сұрақтарына жауап бердi. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/35439?lang=kk
"Ұлы даланың жеті қыры" облыстық семинар 14.04.2025
Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 30 қаңтар күні Ақтау қаласы №11 МФММ базасында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтай отырып, ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлерімізді қайта жаңғырту. Елбасының мақаласының мәні мен маңыздылығын және қазақ қоғамының руханияты мен мәдениеттің көкжиегін ашқан тарихи мақала екенін Бертлеуова Анастасия Ермековна айтып өтті. Ол жас мамандарға туған жерінің тарихын терең білуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеп, оқушылардың жан-жақты дағдыларын қалыптастыруға, отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу ұстаздарға жүктелетін міндет екенін айтты. Оқушылардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарта білу керектігін түсіндірді.Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тренері Жалгасбаева Салтанат Турарбековна, №11 МФММ мұғалімдері Нурманова Жанар Танжарыковна, Конбаева Лиза Ораловна, Рысгалиева Жанат Ондыевна, Алпысбаев Бахтияр Серикович, Оралбаева Акмарал Аманкосовна, Рахимова Сауле Ракышевна, Рахова Гульмира Зиноллаевна, Асылбаева Маржан Мурзагалиевна, Максетова Гүлнұр Кадирбаевна, Озганова Райхан Туржановна өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында ашық сабақтар, шебер-сыныптар көрсетіліп, іс-тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге сертификаттар берілді.Семинарға аудандық, қалалық мектептерден 70-ке жуық мұғалім қатысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35436?lang=kk
Контрабандалық есірткі арнасын жою туралы 14.04.2025
ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының аумағында өткізу мақсатында Қазақстан Республикасына Еуроодақ елдерінен пошталық жөнелтілімдер арқылы синтетикалық есірткі жеткізудің контрабандалық арнасын ұйымдастырған есірткі тобы әрекетінің жолын кесті.Сонымен, 2019 жылғы 6 қарашада пошта бөлімшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 968 психотроптық таблетка алумен Қазақстан Республикасына Германия арқылы Нидерландыдан контрабандалық есірткі жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны «К» және «Д» ұсталды.Ұсталған «К»-ның тұрғылықты жері бойынша шамамен 1.5 кг «гашиш» есірткі құралы мен 30 г мефедрон алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды.Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу Интернет-дүкен арқылы жүзеге асырылған.Осы факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-б. бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адамдарАлматы қ. Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/35412?lang=kk
Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған республикалық турнир мәресіне жетті 14.04.2025
Қармақшы ауданында жасындай жарқ еткен жұлдыз, жаста болса ауданның спорт әлеміне өзіндік үлесін қосқан Нысанбаев Ерлан Бақытжанұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында алтыншы мәрте ұйымдастырылған республикалық турнир өз мәресіне жетті. Жарыс қортындысы бойынша 2004-2005 жылы туылғандар арасында 32 кг салмақта І орын Бердібеков Серік (Қармақшы), ІІ орын Абдрахманов Ерасыл (Қармақшы), ІІІ орын Назымбеков Нурперзент (Қармақшы), ІІІ орын Мүсірбеков Бекзат (Төретам кенті), 44 кг. салмақта І орын Ефенов Бейбарыс (Қармақшы), ІІ орын Сансызбаев Өміржан (Атырау), ІІІ орын Нұрбақыт Нұрманжан (Алматы облысы), ІІІ орын Жансеріков Қанат (Қармақшы); 46 кг. салмақта І орын Наурызбекұлы Айдын (Қармақшы), ІІ орын Үбайдаев Нағи (Сырдария), ІІІ орын Қуанышбек Мақсат (Қармақшы), ІІІ орын Амангелдиев Акылжан (Қармақшы); 48 кг салмақ бойынша І орын Болатов Арсен (Қармақшы), ІІ орын Жеткерген Абдулхамит(Қармақшы), ІІІ орын Төрша Нурсултан (Қармақшы), ІІІ орын Абдіқадыров Данил (Қармақшы); 50 кг салмақта І орын Мамырбекұлы Рамазан (Қызылорда), ІІ орын Пірманбаев Диас (Қармақшы), ІІІ орын Құсайынов Мұрат (Атырау), ІІІ орын Мыңжасаров Жасұлан (Сырдария); 52 кг салмақта І орын Дәулетов Алихан (Атырау), ІІ орын Исаев Нурасыл (Қармақшы), ІІІ орын Қорғанбек Мирас (Қармақшы), ІІІ орын Нурмашов Нуржан (Байконыр); 54 кг салмақта І орын Муратов Досымжан (Қармақшы), ІІ орын Есенбаев Ахметали (Байкоңыр), ІІІ орын Маратов Дамир (Атырау), ІІІ орын Жайшылықов Әділ (Қармақшы), 57 кг салмақта І орын Нағашыбаев Өркен (Қармақшы), ІІ орын Рахатов Тимур (Қызылорда), ІІІ орын Бақтығали Арсен (Алматы), ІІІ орын Айжарық Даниял (Қызылорда); 60 кг салмақта І орын Ахметбеков Айбек (Қармақшы), ІІ орын Қожабай Нүриман (Сырдария), ІІІ орын Темірбаев Диас (Байкоңыр), ІІІ орын Оразалиев Арсен (Төретам кенті), 63 кг салмақта І орын Нұрзақ Алихан (Алматы), ІІ орын Жеткеров Шерхан (Қармақшы), ІІІ орын Тұсынбеков Еркебұлан (Қармақшы), 66 кг салмақта І орын Туретай Диас (Атырау), ІІ орын Қалмаханов Ақниет (Қармақшы), ІІІ орын Қаржауов Ержол (Байқоңыр), 70 кг салмақта І орын Садуақасов Біржан (Сырдария), ІІ орын Жолдасбаев Серікболсын (Жосалы кенті), ІІІ орын Кажденбек Қолғанат (Жосалы кенті), ІІІ орын Орман Шыңғысхан (Алматы), 80 кг салмақ бойынша І орын Аманжолов Асылхан (Қармақшы), ІІ орын Самалбеков Ерасыл (Қармақшы), ІІІ орын Өтеген Асылжан (Атырау), ІІІ орын Серіков Дархан (Атырау). Сонымен бірге «Үздік боксшы» номинациясы бойынша Ефенов Бейбарыс (Қармақшы), «Белсенді жігерлігі үшін» номнациясымен Самалбеков Ерасыл (Қармақшы) боксшылары марапатталды. Спорттық шараның негізгі мақсаты Ерлан Нысанбаевты еске ала отырып, жасөспірімдер арасында бокс спорт түрін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау болып табылады. Ашық турнир соңында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н. Мырзабев және Ерлан Нысанбаевтың бауырлары мен достары жарыс жеңімпаздарын марапаттап, сый-сияпат жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/35394?lang=kk
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНІҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІНЕ 400 ҚАТЫСУШЫ ӨТТІ 14.04.2025
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құзыреттерді бағалау орталығының басшысы Динара Дәуренбекова қатысуымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңА.Н. Жаилғанованың сөз сөйлеу тезистеріЕлбасы ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруды әрқашан басты назарда ұстайды. 2019 жылдың – Жастар жылы болып жариялануы, осының тағы бір дәлелі.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып өткендей, «Жастар Қазақстанның даму жолында шешуші рөлді атқарады. Прогрестің қозғаушы күші де біздің жастарымыз».Мемлекеттік қызметке заманауи ойлайтын, құзіретті, қазіргі заманғы трендтерді білетін жастарды тарту мақсатында Агенттік тарапынан Президенттік жастар кадр резервін жасақтау жалғасуда.Өздеріңіз байқап жүргендей іріктеу процессі толығымен ашық түрде жүргізілуде. Іріктеудің басым бөлігі онлайн режимде өтті. Мұндағы ең басты мақсат – қатысушыларға ыңғайлылық жасау және қоғамға қолжетімді болу. Аталған жобаны жүргізу үшін арнайы онлайн-платформа әзірленгендігін жақсы білесіздер.Қазіргі уақытта іріктеудің алғашқы төрт кезеңі өз мәресіне жетті. Өз кезегінде қатысушылардың пікірі бойынша іріктеудің үшінші кезеңі өте қызықты өтті. Бұл кезеңде үміткерлер өздерінің жобаларын қорғады, эссе жазды және құзіреттерін бағалаудан өтті.Тестілеуді верификациялаудан кейін «Әлеуетті бағалау» кезеңіне 549 адам жіберілді.«Әлеуетті бағалау» - Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезеңдерінің ең маңызды кезеңі екенін атап өту керек. 100 ең жоғары мүмкін балдан оның үлесіне 60 бал келеді (жобаны таныстыру - 9%, эссе - 15%, құзыреттілікті бағалау - 36%).Осы кезеңде қатысушылар міндетті түрде pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйесінде бейне және аудиофиксация арқылы қашықтықтан эссе жазып, өз презентацияларын ұсынды, одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында өз құзыреттіліктерін бағалаудан өтті.Эссе мен жеке жобалық жұмыстарды академиялық ортаның өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен зерттеу мекемелерінің өкілдері бағалағанын атап өтемін.Ассессментте бағалауды халықаралық сертификациясы бар, тиісті оқудан және дайындықтан өткен асессорлар жүргізді. Барлық процесті SHL компаниясының тәжірибелі супервайзерлері сүйемелдеді. Барлық нәтижелер бағалаушылар мен қоса супервайзерлермен де талданды.Құрметті журналистер, қатысушылар құрамы бойынша кішігірім статистиканы келтіргім келеді.«Әлеуетті бағалау» кезеңіне қатысушылардың жалпы санынан 36% квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін тұлғалар, 33% - жеке сектордан және 31% - мемлекеттік қызметшілер.Алдыңғы қатарлы шетелдік білімі бар үміткерлердің үлесі 47,3% (250 адам) құрайды, 52,7% (278 адам) - бұл қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері.Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысушылардың экономиканың түрлі салаларында үлкен тәжірибесі бар. Олардың көпшілігі ірі шетелдік және трансұлттық компанияларда жұмыс істейді немесе жұмыс істеген.Кең өңірлік құрылымды бөлек атап өтейін. Қатысушылар арасында еліміздің барлық аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден (Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай, Ресей, Түркия және Әзірбайжан) өкілдер бар. Ұлттық әр алуандықты да атап өтуге болады: олар қазақтар, немістер, орыстар, татарлар, әзірбайжандар және армяндар.*Кеше ғана «Әлеуетті бағалау» кезеңін қорытындысы шықты.Өткен кезеңнің нәтижелері бойынша келесі кезеңге «Сарапшылық комиссиясында әңгімелесуге» 400 қатысушы жіберілді. Келесі кезеңге өткен қатысушылардың толық тізімі Pkrezerv.kz сайтында жарияланған.*Келесі кезең - Сарапшылық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу, ол а.ж. 27 қараша-13 желтоқсан аралығында өтеді. Әңгімелесу процесінің ашықтығы үшін Сарапшылық комиссияға жұртшылық өкілдерімен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілгенін атап өткім келеді.Осы әңгімелесудің қорытындысы бойынша кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылған 330 үміткерден аспайтын тізім қалыптастырылады. Ұлттық комиссияның отырысын ағымдағы жылдың соңына дейін өткізу жоспарланып отыр.Кейіннен резервке енген 300 жас маман салалар бойынша және олардың жоғары мемлекеттік лауазымдарға ұсынуға дайындық дәрежесі бойынша сараланатын болады.Қажет болған жағдайда, олар Мемлекеттік басқару академиясы базасында, сондай-ақ үздік әлемдік білім беру орталықтарында қажетті құзыреттер мен дағдыларды арттыру үшін қысқа мерзімді курстардан немесе ұзақ мерзімді оқудан өтеді.Әрбір резервші үшін оның тобына байланысты жеке мансаптық жоспар жасалады. Жоспардың түпкі мақсаты дәйекті мансаптық өсу жолымен мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың жоғары лауазымдарына резервшіні тағайындау болады. Бұл ретте, резервшілердің мансаптық жоспарлары нәтижелеріне қол жеткізу мониторингін Агенттік жүзеге асырады.*Ел Президенті айтып өткендей, «Жастар Қазақстанның даму жолында шешуші рөлді атқарады. Прогрестің қозғаушы күші де біздің жастарымыз.».Құрметті журналистер, Ел Президентімен жарияланған Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу – бұл жас қазақстандықтар үшін жаңа деңгейге көтерілудің бірегей мүмкіндігі және қуатты әлеуметтік лифт.Қазіргі уақытта «Президенттік жастар кадр резерві» жобасы шетелде де қызығушылық тудыруда. Ағымдағы жылдың қазан айында Агенттік жобаны Сингапурда ұсынды. Өткен аптада біз оны Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару комитетінің 60-шы отырысы аясында таныстырдық.Мен Қазақстанды жоғары деңгейге көтере алатын үздік әлеуетті басқарушылар пулын қалыптастыра алатынымызға сенімдімін.Президентіміздің бастамасына сәйкес жүргізіліп жатқан бұл жұмыс қолданыстағы жоспарларға сәйкес жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/35291?lang=kk
«Театрдың ғажайып əлемі» фестиваль-байқауы 14.04.2025
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы орта жəне қосымша білім беру ұйымдарындағы театр үйірмелеріне қолдау көрсету, шығармашылықтарын дамыту мақсатында наурыз айының 25-26 күндері Атырау қаласында өткізілген республикалық «Театрдың ғажайып əлемі» фестиваль-байқауында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Мекерия Атымов атындағы орта мектебінің «Атымов өрендері» ұжымы қатысып, белсенді қатысқаны үшін дипломымен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35289?lang=kk
"Бес меірімді" акциясы 14.04.2025
"Бес жақсы" акциясы аясында Станционный ауылдық округінде ауыл шаруашылығының жетекші мамандарына құрмет көрсетілді.Олар ең алдымен тұрып, жұмыстан кетеді. Олардың қолында күш өмір сүреді, алдымен-жоспардың орындалуы мен ауа райы туралы орнықты ой. Олардың жұмыс аяқ киімі-резеңке етік емес, аяқ киім немесе өкшедегі тесік аяқ киім. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері оларды құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттау кезінде оңай ұстаған. "АГРО-ТОРО" ЖШС директоры Д. К. Сұлтанов жерде тұратын және еңбек ететін барлық азаматтарды мерекемен құттықтап, табыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/35281?lang=kk
51-й республиканский конкурс юных музыкантов 14.04.2025
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 26-29 наурызда Алматы қаласында өткен 51-ші республикалық Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың байқауында Маңғыстау облысының оқушылары жеңіспен оралды!Қобыз сыныбы бойынша:Орта топтанБас жүлде - Базарбаева Аружан (Ақтау қаласы, А.Тарақұлы ат. балалар өнер мектебінің оқушысы).Домбыра аспабы бойынша:Ересек топтанБас жүлде - Бүркіт Қадірәлі (Ақтау қаласы, А.Тарақұлы ат. балалар өнер мектебінің оқушысы).Орта топтанБас жүлде - Мұғалім Әліби (Ақтау қаласы, А.Тарақұлы ат. балалар өнер мектебінің оқушысы);І орын – Бекқали Төремұрат (Ақтау қаласы, А.Тарақұлы ат. балалар өнер мектебінің оқушысы).Кіші топтанІІ орын – Дутбаев Алдияр (Жаңаөзен қаласы, М. Өскенбаев ат.Балалар Саз мектебінің оқушысы);ІІІ орын – Меңдіжан Айтеке (Ақтау қаласы, А.Тарақұлы ат. балалар өнер мектебінің оқушысы).Ансамбльдер немесе оркестрлер бойынша:ІІ орын – «Алтын ұя» ансамблі (Ақтау қаласы, А.Тарақұлы ат. балалар өнер мектебі). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35277?lang=kk
Облыстық қашықтық сабақ 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының ұйымдастырумен Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығында «Өлкетану» оқулығы бойынша саяхат жұмыстары» тақырыбында онлайн режиміндегі облыстық деңгейде қашықтық сабағы өткізілді.Онлайн сабаққа Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандары мен Ақтау қаласынан барлығы 60-тай адам қатысты.Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығының директоры Бусаханова Сәуле Төрткілбайқызы «Өлкетану» оқулығының үш бөліміне терең тоқталып, берілген 20 сағаттың бесеуінің мектептен тыс жерлерде аудан бойынша қалай ұйымдастырылып отырғандығы туралы айтып өтті. Аудан мектептеріне үйлестіру орталығы арқылы арнайы 20 жерге саяхат кестесі жасақталып, оқушылардың тарихи мәдени орындарға барып сабақ өтулері қадағаланып отыр. Әр мектептің «Өлкетану» оқулығына іс-қимыл жоспары жасақталып, мұғалімдерден олардың уақытылы орындалысы талап етіледі.Ал Шетпе мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі Елеуова Ақбала «Өлкетану» оқулығы бойынша гимназияда атқарлып отырған жұмыстарға тоқталды. Саяхат сабақтарға барушы оқушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, мектептің өлкетану бұрышы картасы толықтырылуда. Картаға Маңғыстау өлкесінің жеті кереметі белгіленіп, олар туралы оқушыларға мәліметтер беріледі. Б. Жұмалиев атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі Ізтұрғанов Куаныш оқулықтағы маңғыстау өнерпаздары, сазгерлері туралы тақырыптар тек шолу түрінде ұйымдастырылатыны, сағат санының жетімсіздігі қиындық беретіндігі, көп жағдайда үйірмеге келетін оқушылармен жұмыс жүргізетіндігі туралы ортаға ой тастады. Сабақ:-Өлкетану оқулығы бойынша әр аудан/қала мектептерінде арнайы саяхат сабақтарының кестесін жасақтап, бекіту;- Саяхат сабақтардан басқа қалған 15 сағат бойынша мұғалімдердің күнтізбелік жоспарын жасауға әдістемелік көмек ұйымдастыру;- «Өлкетану» оқулығы негізінде әр аудан/қала бойынша оқушылар арасында танымдық бағытта байқаулар мен сайыстар өткізу;- Мектептерді «Өлкетану» оқулығымен жеткілікті қамтамасыз ету;- Оқулықтағы Музыка сабағы материалдары бойынша жекелеген өнер қайраткерлерінің кездесулерін және сол өнер адамдарының атындағы байқауларын ұйымдастыру;- Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығының «Өлкетану» оқулығы бойынша атқарып жатырған іс-шараларын облыс мектептеріне ұсыну деген мұғалімдердің пікірлерімен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35252?lang=kk
Облыстық комиссияның кезекті отырысы 14.04.2025
2019 жылдың 19 сәуірі күні Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.Облыс әкімі орынбасары Р. К. Сәкеевтің төрағалығымен өткен отырысқа Комиссия мүшелері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.Отырыс барысында Ақтау, Жаңаөзен қалалық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының жұмысы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар, үкіметтік емес ұйымдарының балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы әлеуметтік тапсырыстардың орындалысы туралы мәселелер қаралды.Нәтижесінде, бір қатар тапсырмалар, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту, Жаңаөзен қаласының білім беру ұйымдарына облыстық басқармаларды бекіту, оқушылар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын іске асыру бағытындағы жұмыстарды іске асыру туралы тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35205?lang=kk
«Үздік мектеп музейі» облыстық байқауы 14.04.2025
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығында 2019 жылы 14 мамыр күні жалпы білім беру ұйымдарының музей қызметкерлері арасында өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде және ұлт құндылықтарымен жәдігерлерін насихаттау мақсатында «Үздік мектеп музейі» атты облыстық байқауы өткізілді.Байқауға әр аудан қалалардан қамтылған қатысушылар саны-12.Байқау бағдарламасында «Ұлы даланың ұлы тұлғалары», «Музейдің жұмысын сипаттайтын бейнеролик», «Музей кабинеті» номинациялары қарастырылды.Қатысушылар байқау барысында облыс мектеп музейлері жайлы ақпараттармен бөлісіп, нәтижесінде қазылар алқасы музей жетекшілеріне музей кеңесінің құрамын кеңейту, дөңгелек үстелдер өткізу, музей жәдігерлері және ережелері бойынша нұсқаулықтар дайындау жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.Жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35124?lang=kk
«Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі 14.04.2025
Ағымдағы жылдың маусым айының 1 жұлдызында Ақтау қаласында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі өткізілді. Аталған шараға Корей этномәдени бірлестігі, облыстық кәсіподақ қоғамдық бірлестігі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен ата -аналар және БАҚ өкілдері қатысты. Фестиваль барысында қонақтар балалар шығармашылығынан ұйымдастырылған «Біз - Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты көрмені тамашалады.Фестивальда 150 бала өз өнерлерін көрсетті. Әрбір қатысқан бүлдіршінге мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35091?lang=kk
ХІV «Жұлдызай» балалар шығармашылығының жеңімпаздары 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 26 мамыры мен 1 маусым аралығында Нұр- Сұлтан қаласында өткен ХІV «Жұлдызай» балалар шығармашылығының халықаралық кезеңіне облыстан «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп –интернатынан» «Ым-ишаратпен ән айту» номинациясы бойынша Аманов Айбек, Үкібай Гүлнәр және «№2 арнайы жалпы білім беру мектебінен» «Хореография» номинациясы бойынша Көңілқос Меруерт, Зұлфухар Тұрсынай, Қонысбаева Гүлдана қатысып қайтты.1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Барыс» аренасында өткізілген фестивалдің гала-концертінде «ХІV «Жұлдызай» Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде жоғары денгейде өнер көрсеткені үшін» дипломдарымен марапатталып, демалыс күндерін жақсы өткізіп, қуанышты көңіл-күймен оралды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35090?lang=kk
Туристік шатырлы лагерь 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 03-04 маусым күндері аралығында білім басқармасының 2019 жылғы 14 наурыздағы №25 нқ бұйрығымен бекітілген балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы «Ақмыш» демалыс орнында алғаш рет 2 күндік туристік шатырлы лагерь ұйымдастырды. Шатырлы лагерьге Мұнайлы ауданының 45оқушысы қатысты.Қатысушылар шатырлы лагерьдің ашылу салтанаты барысында қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай гимнді орындап және «Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау» күніне арналған тазалық жұмыстарын жүргізді. Шатырлы лагерь бағдарламасына сәйкес, оқушыларға экологиялық квест, туристік-спорттық ойындар ұйымдастырылып және кешкі алау жанында бард әндері орындалды.Келесі күні Шерқала, Айрақты, Самал шатқалдарына саяхаттар жасалынып, табиғат көріністерін тамашалады. Шатырлы лагерьге барлығы 56 адам қамтылды. Қатысушылар тарапынан туристік шатырлы лагерьдің жұмысы жоғары деңгейде бағаланып, осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35087?lang=kk
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні 14.04.2025
Облыс көлемінде мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беру ұйымдарында, колледждерде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды.Ақтау қаласында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы өнер фестивалі өткізілді. Аталған шараға Корей этномәдени бірлестігі, облыстық кәсіподақ қоғамдық бірлестігі, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері мен ата -аналар және БАҚ өкілдері қатысты. Фестиваль барысында қонақтар балалар шығармашылығынан ұйымдастырылған «Біз - Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты көрмені тамашалады. Фестивалде 150 бала өз өнерлерін көрсетті. Әрбір қатысқан бүлдіршінге мерекелік сыйлықтар табыс етілді.«Tree of life» жазғы демалыс базасында 300-ден астам аз қамтылған отбасы мен мүмкіндігі шектеулі балаларға , облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мерекелік шара ұйымдастырылды.Шараға арнайы келіп қатысқан облыс әкімінің орынбасары Р.Сәкеев балалар мен ата-аналарға облыс әкімі Е.Тоғжановтың құттықтауын жеткізді. «Балбөбек» балалар театрының ұйымдастыруымен түрлі ойындар өткізілді. Балаларға демеушілердің тарапынан сыйлықтар тарту етіліп, мерекелік дастархан жайылып, ата-аналар мен балалар өз ризашылықтарын білдірді.Сонымен қатар Ақтау-Құрық жолындағы экзотикалық құстар саябағына саяхат, «Мы люди, мы вместе» ҚҚ денсаулық сақтау басқармасы және Форте банк ұжымының бірлескен облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен «Папа, мама және мен» атты спорттық жарысы, «Луара» ҚҚ жанындағы инклюзивтік би студиясының қорытынды концерті өткізілді.Аз қамтылған отбасы балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында, «Ақтау», «Бәйтерек» ойын-сауық орталықтарында, кинотеатрларда «Маугли» , «Алладин», «Аңқау аю» атты (мектепке дейінгі балалар) қойылым тегін кино, мультфильмдер көрсетілді.Жалпы білім беру ұйымдарында «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.Оқушылар орталығының ұйымдастыруымен «Ақбота» ойын-сауық орталығында «Бақытты балалық» асфальтқа сурет салу байқауы, аула клубтары үйірмелеріне қатысушылар арасында шахмат, тоғызқұмалақтан жарыс, «Біз спортты таңдаймыз!» атты спорттық шаралар,мектепке дейінгі ұйымдарда «Сиқырлы қылқалам» асфальтқа сурет салу байқауы, бастауыш сыныптар арасында «Толағай»- жанұялық сайысы өткізілді. 1 маусым күні аудандар мен қалаларда балалар шығармашылық фестивалдері, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, флешмобтар, асфальтқа суреттер салу конкурстары т.б бойынша 30-дан астам негізгі іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 30000-нан астам бала қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35083?lang=kk
Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы 14.04.2025
«Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» номинациясының жеңімпазы болып Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Серік Батырұлы Темірғалиев танылды.2019 жылдың 1 қараша күні Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік сарайында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік жұмысшы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Конкурсты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мамандардың беделін арттыру және осы саладағы озық тәжірибені тарату мақсатында ұйымдастырды.9 номинация бойынша өткен байқауға қатысу үшін барлығы 76 өтінім келіп түсті Номинациялар бойынша жеңімпаздарды республикалық конкурстық комиссия анықтады, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында өткен онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша 3 номинант анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/35052?lang=kk
ҮЕҰ-мен кездесу 14.04.2025
Ағымдағы жылы 13 маусым күні Маңғыстау облысының білім басқармасының 2019 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды жүзеге асырушы ҮЕҰ-мен кездесу өтті. Аталған кездесуге Маңғыстау облысы білім басқармасының бас маманы О.Мамутова, бөлім басшысы Ш.Байдуллаева, облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы директорының орынбасарлары Ж.Жумабаева, А.Мамаева және ҮЕҰ-дың директорлары қатысты. Кездесу барысында жобаларды жүзеге асырушы ҮЕҰ директорлары іс-шара жоспарларымен және атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Шара соңында жобалар аясында қарастырылған іс-шараларды уақытылы әрі сапалы орындау қажет екендігі айтылып, бірқатар тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35047?lang=kk